Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



жүктеу 15.37 Kb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата25.04.2017
өлшемі15.37 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: 
«Химия-
технологиялық үдерістерге арналған көміртек 
құрамды наноқұрылымданған материалдардың 
тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін жасау»  
(жоба жетекшісі – М.К. Наурызбаев. 
Қаржыландыру сомасы – 1 500 000 $).
Жобаның іске асырылу жай-күйі: 2014 жылғы 
23 қазанда Шығыс Қазақстан облысының 
(Өскемен қаласынан 60 шақырым жерде) 
«Әуезов» кентіндегі  «Бақыршық тау-кен 
өндіру кәсіпорны» ЖШС «Бақыршық» және 
«Большевик» кенорындарының түйіспе кенінен 
және үйіндісінен тұратын, өнімділігі жылына 
2000 тонна болатын көміртек-минералды 
шунгит жыныстарды қайта өңдеу бойынша 
тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірістік телім 
ашылып, іске қосылды.
Жобаның тиімділігі: Жобаға кен орындарының 
үйінділерінен шунгит алуға мүмкіндік беретін 
нанотехнология негіз болады. Шығарылатын 
өнім (белсендерілген көмір, шунгит негізіндегі 
көміртек-минералды сорбент және т.б.) халық 
шаруашылығында суды, түрлі-түсті металлургия 
қалдықтарын тазартуға, арнаулы резеңкелер, 
техникалық резеңкелер алуға,               дөңгелек 
өндірісінде пайдалануға болады; сондай-ақ 
шунгит сорбенттері алтын, күміс және басқа да 
бағалы металдар алуға қажет. Сондықтан жоба 
экология және импорт алмастыру мәселелерін 
де шешуге септігін тигізеді және қазірдің өзінде 
дайын өнімге тапсырыс берушілер пайда 
болды. Зауыттың ашылуы 10 адамды жұмысқа 
орналастыруға мүмкіндік берді, толық қуатпен 
жұмыс істей бастағанда, тағы да 20 адамды 
жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жоба 
жылына 2000 тонна көлемінде дайын өнім 
шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс 
сатысында (болашақта оны 50 мың тоннаға 
дейін жеткізу жоспарлануда).
7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА
: «Табиғи кератин 
құрамды шикізатты (жүнді) көбіктүзгіштерге 
қайта өңдеу технологиясын әзірлеу».
Жобаның іске асырылу жай-күйі: Қазіргі 
кезде көбіктүзгіштер алудың мұндай 
технологиялары әзірленген және сан алуан 
кератинді шикізатты – ет өнеркәсібінің 
қалдықтарын (мүйіз, тұяқ, тотыққан қан, 
тауық қауырсыны, балық қабыршағы) қайта 
өңдеуге негізделеді. Алынған көбіктүзгіштер, 
негізінен, құрылыс материалдарын дайындауда 
қолданыс табуда. Мұндай көбіктүзгіштерді өрт 
сөндіруде қолдануға олардың ұзақ сақтауға 
төзімсіздігінен шектеу қойылған.
ҚР ТЖМ «Арнаулы өрт қауіпсіздігі және 
азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу 
орталығы» РМК-да алынған көбіктүзгіш 
үлгісінің ҚР СТ 1609-2006 «Өрт сөндіруге 
арналған көбіктүзгіштер» стандартына 
сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізілді.
Жобаның тиімділігі: Республикамызда 
кератин құрамды шикізаттың (қылшықты 
жүн) және басқа да құрауышардың 
(химиялық реактивтердің) кең мөлшерде 
қолжетімді болуы, көбіктүзгішті 
жүннен синтездеудің оңайлығы жаңа 
көбіктүзгіштердің салыстырмалы түрде 
(шетелдік көбіктүзгіштермен салыстырғанда) 
жаңа құнының төмен болуын қамтамасыз 
етеді. Сонымен бірге кератинді көбіктүзгіш 
табиғи шикізат ретінде экологиялық жағынан 
қауіпсіз өнім болып табылады. Мұның бәрі, 
Республикамыздағы көбіктүзгіштерге деген 
қажеттілікті қоса алғанда, осы зерттеудің 
болашағы зор екендігін айғақтайды.
Жоба бойынша зерттеулер орындалғанымен, 
оларды өндіріске енгізу үшін қосымша 
қаржыландыру талап етіледі.
8) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Қазандықтарды 
мазутсыз жағуға, ЖЭС-терде шаң-көмірлі 
алауды тұтандырып жіберуге және жануын 
тұрақтандыруға арналған плазмалық-отын 
жүйесі».
Жобаның іске асырылу жай-күйі: Алматы 
ТЭЦ-2БКЗ-420 қазандығында плазмалық-отын 
жүйесіне (ПОЖ) жүргізілген сынақтар күлділігі 
40% және жану жылулығы 3800-4000 ккал/
кг Екібастұз жоғары күлді көмірінің мазутсыз 
тұтану мүмкіндігін растады. Мұнда суық 
оттықта алау температурасы 1050-1070°С жетті, 
бұл ауаны 1,5 0/мин дейінгі жылдамдықпен 
жылытуға мүмкіндік берді. Аталған соңғы 
параметрді оттықты мазутпен тұтату 
жылдамдығымен салыстыруға болады.
Жобаның тиімділігі: Қазіргі кезде тозаң-
көмірлік қазандықтарды мазутсыз жағудың 
плазмалық технологиясына  Астаналық ТЭЦ-1 
және ТЭЦ-2, Ақсу ГРЭС, HighIndustrialLubri-
cants&Liquids (HILL) Corporation компаниясы 
(Алматы), «Корпорация «Ордабасы» АҚ (ORDB) 
(Алматы), Қазақстандағы Өскемен ТЭЦ және 
Семей ТЭЦ, Ресейдегі Гусиноозерская ГРЭС 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
99
және Красноярская ТЭЦ-2 қызығушылық 
танытты.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық 
университеті
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қазақстан 
ғылымын дамытудың төрт басым бағыты 
бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп 
келеді: елдің зияткерлік әлеуеті, мәшине 
жасау және энергетика, ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялар, табиғи 
ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат 
пен өнімді қайта өңдеу.  2014 жылы Қ.И. 
Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ құрылымында 10 
ғылыми-білім беру институты, ақпараттық 
технологиялар бойынша ұжымдық пайдалану 
инженерлік зертханасы, технопарк, ғарыш 
аппараттарының ұшуын басқару орталығы 
жұмыс істеді.
2014 жылы ҒЗТКЖ жалпы қаржыландыру 
көлемі – 2247,8 млн. тг. құрады, соның ішінде 
147,5  млн. тг. – бюджеттен тыс қаражат.
2014 ж. шетелдік журналдарда 240 ғылыми 
жұмыс жарияланды, соның ішінде рейтингі 
жоғары журналдарда – 72, алынған патенттер 
мен алдын ала патенттер саны – 89.
Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:
1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Қабаттардың 
мұнай бөлуін арттыруға арналған полимерлі 
суландыру технологиясы». Жоба авторы: 
Құдайбергенов  С.Е.- хим.ғыл. д., профессор, 
ҚарКСР және ҚР Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты. Жобаның орындалу деңгейі:  
Қабаттардың мұнай бөлуін арттыруға 
арналған полимерлі суландыру технологиясы 
жасалды. ҚР инновациялық патенті алынды: 
«Қабаттардағы мұнай бөлуін арттыру тәсілі» 
Құмкөл кен орнында тәжірибелік-өндірістік 
сынақтар өткізілді, «Востокневтегаз-2050» 
Ғылыми-техникалық орталығы ЖШС-мен 
лицензиялық келісім жасалды. Жобаның 
тиімділігі: 1тонна мұнай алу үшін жұмсалатын 
полимерлі реагент шығыны қазіргі 
қолданыстағы гелеполимерлі суландыру 
технологиясымен салыстырғанда 10-15 есеге 
дейн аз, 1 тонна құрғақ реагентті қабатқа 
сіңдіру мұнай дебитін 2000 тоннаға арттыруға 
мүмкіндік береді, қосымша өндірілген 
мұнай есебінен пайда мөлшері 500 000 АҚШ 
долларын құрайды (1 баррель мұнайға 50АҚШ 
доллары бағасымен санағанда).
2) ИННОВАЦИЛЫҚ ЖОБА:
 «Энергия 
жинақтайтын заттардың көмегімен қабаттардан 
мұнай бөлінуін арттыру». Жоба авторлары: 
Бойко Г.И. – хим. ғыл. д., профессор, 
Сармурзина Р.Г. - хим. ғыл. д., профессор. 
Жобаның орындалу деңгейі: ұңғылар дебитін 
арттыру және күрделі сумұнай эмульсияларын 
сусыздандыру үшін қабаттарға термохимиялық 
әсер ету технологиясы мен жаңа химиялық 
реагенттер әзірленді. Еуразиялық патент 
және ҚР инновациялық патентімен 
қорғалған: № 29035, № 29036. Қарсақ МГӨБ 
«Доссормұнайгаз» АҚ «Эмбамунайгаз», 
ұңғыларында № 228, 254 тәжірибелік-өндірістік 
сынақтар өткізілді. Жобаның тиімділігі: 
жасалған Rau-85 химиялық реагентінің құны 
сілтілі металлдар мен қазір қолданылатын 
көптеген гидроәсерлі құрамдардың, жағар-
қышқылдандыру қоспаларының құнынан 
әлдеқайда төмен.
3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Қолданыстағы 
штангілі ұңғылық сорғыш құрылғылардың 
жоғарғы жетегін ұзақ жүрісті құрылғылар 
ретінде жаңғырту». Жоба авторы: Мырзахметов 
Б.А. – т.ғ.к., доцент. Жобаның орындалу деңгейі: 
тербелме станоктың іске қосылған макеті 
жасалды, ҚР инновациялық патенті № 26175, 
ҚР  патенті алынды, Еуразиялық патентті 
алуға тапсырыс берілді, «Волковгеология» АҚ, 
«Қаз МұнайГаз» АҚ қызығушылық танытып 
отыр. Жобаның тиімділігі: сорғыштың 
толу коэффициенті және ПӘК 20-25 %-ға 
арттырылды, тербелме станоктардың 
жаңартылуы штангінің жүріс ұзындығын 2 есе 
және одан жоғары аттырып, эксплуатациялық 
шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 
4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Халыққа жаппай 
және индивидуалды психологиялық, әлеуметтік 
зерттеулер жүргізудің бірінші еуразиялық 
порталы». Жоба авторлары: Ахметов Д.Ш., 
Иманов Т.С., Иванова Н.В., Глебова Н.В., 
Төлебаева З.У. Жобаның орындалу деңгейі: 
«Ақсұңқар» әмбебап психодиагностикалық 
кешенінің бағдарламалық қамсыздардырылуы 
дайындалды, патент пен авторлық 
куәлік алынды, өндірістік түптұлға жасау 
жоспарланған, бұл бастама отандық 
тәжірибеде тұңғыш рет қолға алынбақ. 
Жобаның тиімділігі: шетелдік аналогтарының 
құны айтарлықтай жоғары; әзірленген 
технологиялардың мәліметтері негізінде 
құрылған Портал көпшілік қауымның тұлғаның 
қабілет-дағдыларының даму деңгейін зерттеуге, 
сондай-ақ оқушылардың тиісті дағды-
машықтарының даму деңгейін бақылауға, 
ықтимал проблемалардың (оқу үдерісіне, 
тұлғааралық әрекеттестікке бейімделу, 
тұлғалық дамудың беталысына түзету жасау, 
кәсіптік бағдар мәселелері және т.б.) алдын 
алу мақсатында түрлі «қатер топтарын»  

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
100
анықтауға және тұлға дамуының бағыты мен 
басым аймақтарын, болашақ қызметкерлердің 
болжамды кәсіптік бағдарын анықтауға 
мүмкіндік беретін әдістемелерді қашықтықтан 
пайдалануы есебінен айрықша әлеуметтік 
мультипликативті эффектке ие болады.
5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Конструкциялық 
болат өндірісінің Тараз-үдерісі». Жоба авторы: 
Тлеуғабылов С.М.–т.ғ.д., профессор. Жобаның 
орындалу деңгейі: аралық бөлініссіз «Руда-
болат» үздіксіз қалпына келтіру балқытпасы 
негізінде сапалы конструкциялық болат алуға 
арналған технология мен құрылғы әзірленді. 
Ол импортталатын конструкциялық болатты 
алмастырады; тәжірибелік-өндірістік кешен 
құрылғысы үшін жұмыс алаңы дайындалды; 
4 патент алынды, «Шымкент инновация» - 
ОҚО Индустриалды аумағы, Санкт-Петербург 
құю зауыты; «Урал » ҒӨБ – Нижний Тагил қ. 
Қызығушылық танытты. Жобаның тиімділігі: 
балқытылатын болаттың өзіндік құны бірнеше 
есе төмен, ал қолданыстағы технологиядан 
сапасы жоғары. Жаңа технология газдардың 
атмосфераға шашырауын 4 есе қысқарта 
отырып, металл балқытуды толыққанды тікелей 
қалпына келтіруге мүмкіндік береді; жобаның 
жүзеге асуы еңбек өнімділігін екі есеге 
арттырады және 200-1000 бірлік мөлшерінде 
жұмыс орындарын ашады. Бұл 500-2500 т/
тәулік шамасындағы тәуліктік өндіріске 
байланысты.
6) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Фосфор өндірісінің 
техногенді қалдықтарын кешенді өңдеу». 
Жоба авторы: Тургумбаева Х.Х. – техника 
ғылымының докторы, профессор. Жобаның 
орындалу деңгейі: Техногенді қалдықтардан 
гипстік тұтқыр материалдар алу технологиясы 
жасалған, фосфор өндірісінің қалдықтарын 
құрылыс материалдарын алу арқылы іске 
асыру  үшін диірмен тәжірибелі-өнеркәсіп 
жабдығы дайындалды.өндірістік сынақтар 
өткізілді, ҚР инновациялық патенті алынды, 
Болжамды тұтынушы: «Қазфосфат» ЖШС, 
Тараз қ. Жобаның тиімділігі: жылдар бойы 
жиналған қалдықтарды жою экономиқалық 
тиімді, сонымен қатар, фосфогипсті шикізат 
ретінде қолдану арқылы пайда табуға болады. 
Жаңа өндіріс салу арқылы қосымша жұмыс 
орындарын құру, сонымен қатар, Жамбыл 
облысының инфрақұрылымын түскен салық 
арқылы жақсатруға болады. 
7) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: 
«Күн ғарыштық 
электростансасы». Жоба авторлары: 
Сүйменбаев Б.Т. – техн.ғыл.д., профессор, 
Сысоев В.К.- техн.ғыл.д., Пичхадзе К.М. –техн.
ғыл.д.(С.А. Лавочкин ат. Аэроғарыштық 
компания ҒӨБ, Ресей). Жобаның орындалу 
деңгейі: электр энергиясының жаңа типтегі 
баламалы көзінің – күн электростансасының 
макеті әзірленді, әзірлемені «ЭКСПО-2017» 
Халықаралық көрмесіне ұсыну жоспарланған; 
жоба әлемдегі жетекші Аэроғарыштық 
компания С.А.Лавочкин ат. ҒӨБ-пен бірлестікте 
жүзеге асырылады, жобаның 60%-ы 
орындалған. Жобаның тиімділігі: жерүстілік 
жартылай табиғи эксперименттерді пайдалану 
негізінде жоба аясындағы эксперименталды 
жұмыстардың орындалу мерзімі 2 есеге 
қысқарады, жоба Жапония, Германия, АҚШ 
аналогтарынан едәуір ерекшеленеді, ірі 
құрылғыларды геостационарлы орбитаға 
жеткізуде және оларды құруға жаңаша 
принцип қолданылады, лазерлік шоғырдың 
турбулентті атмосфераға өтуін зерттеудің жаңа 
бағыты назарға алынған.
8) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Күн батареясының 
энергиясың түрлендіретін инвертор және 
оны энергожүйеге қосу». Жоба авторы: 
Исембергенов Н.Т. - техника ғылымдарының 
докторы, профессор. Жобаның орындалу 
деңгейі: Бірфазалы инвертордың тәжірибелік 
үлгісі жасалды. 4 патент  алынды, соның 
ішінде 1 Еуразиялық патент бар. «ЭКСПО 
- 2017» көрмесіне ұсыну жоспарланған. 
Жоба әлемдегі жетекші аэроғарыштық 
компания – С.А.Лавочкин ат. ҒӨБ-мен 
бірлестікте жүзеге асырылады. Жобаның 
60%-ы орындалған. Жобаның тиімділігі: 
жерүстілік жартылай табиғи эксперименттерді 
пайдалану арқылы эксперименталдық 
жұмыстарды орындау мерзімін 2 есеге 
жылдамдатуға болады. Жобаның Жапония, 
Германия, АҚШ аналогтарынан айтарлықтай 
айырмашылықтары бар. Үлкен құрылғыларды 
геостационарлық орбитаға жеткізу, құру 
принципі жаңаша сипатқа ие, турбулентті 
атмосферада лазерлік шоғырды өткізу 
бойынша зерттеудің жаңа бағыты бар.
9) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Шағын 
деривациялық гидроэлектростанция». 
Жоба авторы: Қасымбеков Ж.Қ., техн.ғ.д., 
профессор. Жобаның орындалу деңгейі: шағын 
ГЭС технологиялық схемасы жетілдірілді. 
Ол қолданыстағы стансалардан аса ірі 
тұндырғының шағын ГЭС гидротурбинасына 
тазартылған судың тұрақты берілуін 
қамтамасыз ететін гидроциклондық 
құмелеуішпен ауыстырылуымен ерекшеленеді. 
Өнімнің су тазартқыш құрылғылардың 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
101
тәжірибелік үлгілері № 25130 KZ, (2011 ж.) 
инновациялық патентімен расталды, Қапшағай 
ГЭС-інде сынақтан өткізілді, «ЭКСПО-2017» 
Халықаралық көрмесіне ұсыну жоспарланған. 
Жобаның тиімділігі: гидроциклондық құм 
елеуішті қолдану су тазарту желілерінің 
құрылысына кететін шығындардың үлесін 30%-
дан 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді 
және еленген құм тұнбаларын шаюды қажет 
етпейді.
10) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Көміртекті 
нанотүтік қолданумен энергияны түрлендіру 
және тасымалдау үшін жаңа наноқұрылымды 
материалдарды және құрылғыларды құру». 
Жоба авторы: Смағұлов Д.У. – техника 
ғылымдарының докторы, профессор. Жобаның 
орындалу деңгейі: ҚазҰТУ-да көміртекті 
нанотүтікшелерді синтездеу бойынша зертхана 
құрылды. Оргникалық және полимерлік 
материалдар негізінде күндік элементтер 
алынды. Күн ұяшықтарының электрофизикалық 
қасиеттері зерттелуде. PCT Patent Pend-
ing, Solarno Serial Number 61333327 патенті 
алынды (2010 ж.), «ЭКСПО-2017» халықаралық 
көрмесіне ұсыну жоспарланған. Жобаның 
тиімділігі: 1 Вт өндірілген электрэнергия 
кремнийлік технология пайдалануымен 
жасалған энергиядан 4–5 есе арзан болады; 
жаңа органикалық ұяшықтар коммерциялық 
тұрғыда тиімді: салмағы жеңіл, жұмсақ, қол 
жетімді отандық шикізат пайдаланылады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
техникалық университетінің перспективалы 
инновациялық жобалары
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан 
ғылымы дамуының бес басымдығы бойынша 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді: 
елдің зияткерлік әлеуеті, мәшине жасау және 
энергетика, өмір туралы ғылым, ақпараттық 
және телекоммуникациялық технологиялар, 
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат 
пен өнімді қайта өңдеу. Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ құрылымында 16 ғылыми институт пен 
орталық, ұжымдық қолданыстағы инженерлік 
зертхана, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық 
бағыттағы 16 институт пен орталық жұмыс 
жасайды.
2014 жылғы ҒЗТКЖ қаржыландырылуының 
жалпы көлемі – 1 млрд. 434 млн. 794 мың 200 
теңгені құраса, оның ішінде 105 млн. 770 мың 
800 теңге – бюджеттен тыс қаражат.  
2014 ж. шетелдік журналдарда 926 ғылыми 
жұмыс жарияланды, оның ішінде жоғары 
рейтингті журналдарда – 359 (Scopus 
дерекқорында – 217, Thomson Reuters 
дерекқорында – 142), сонымен қатар алынған 
патенттер мен алдын ала патенттер – 4 ҚР 
патенті және 29 инновациялық патент.
Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:
1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Қазақстан 
Республикасында әлеуметтік сала нысандары 
мен ТКШ жылумен қамтамасыз ету жүйесінің 
тиімділігін арттыруға арналған дәстүрлі емес 
және жаңаратын энергия көздерін (ДеЖЭК) 
пайдалана отырып, энергия үнемдейтін 
жылу сорғыш технологияның жаңа буынын 
қолдану». Жоба авторлары: Алимгазин 
А.Ш.,т.ғ.д., профессор (Қазақстан), академик 
Петин Ю.М. (Ресей). Жобаның орындалу 
деңгейі: ДеЖЭК-ді пайдалана отырып, 
Қазақстан мен Ресейдің қатаң климаттық 
жағдайларында (-50°С-ге дейін) жұмыс істеуге 
барынша лайықтандырылған технологиялар 
мен жаңа заманғы ЖС түрлі схемалары 
жасалды. Қазақстан Республикасында Астана 
қаласындағы нысандардың бірінде жылу беру 
маусымында сынақтық жобасы іске қосылды.
2)  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Көмірсутекті 
жанармайды жағуға арналған құйын 
жанарғысы». Жоба авторы: Баубек А.А. 
Жобаның іске асырылу жай-күйі: Әуеотындық 
қоспалар жану камерасында турбулент 
ағысының қысымымен жүзеге асырылады. 
Осы арқылы химиялық реакциялардың және 
жанатын өнімдердің  температурасының 
жылдамдылығы артады.Жобаның мақсаты: 
инновациялық жанарғыны өндіріске енгізу. 
Жобаның жаңалығы: әуеотындық қоспа 
қысымға қарсы жану камерасына тангенсиалды 
түрде беріледі. 
Жобаның тиімділігі (соның ішінде 
экономикалылық тиімділік): жанарғы мазутты 
және сулы-мазутты деңгейлес майшыттан 
жасалған сұйық жанармайды жағады. 
Тиімділігі: жанарғы жалынының температурасы 
1900˚С жоғары, бұл шырақты жанарғы 
температурасынан 22% жоғары, бұған қоса 
атмосфераға толық жанбаған қалдықтар 
бөлінбейді (СН, СО).
Жылу қарқынын реттеп отырудың көлемі 
40-тан 100 %-ға дейін; жанарғыдан шығатын 
температура – 1850 С, бұл жану өнімдерінің 
теориялық температурасына (2000 С) 
жуықтайды; жанарғы сұйық, газ тәрізді және 
сулы-мазутты майшыттың, өңделген мотор 
майларының жануын жүзеге асырады; жанбай 
қалған өнім қалдықтары (көмірсулардың 
тотыққан заттары, көмірсулар) атмосфераға 
бөлінбейді.
3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Төмен сұрыпты 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
102
және қоңыр көмірден сұйық синтетикалық 
отынды өндірудің экологиялық таза 
технологиясын әзірлеумен қатар ілеспе 
электрқуатын және қосымша мақсатты тауар 
өнімін алу, тәжірибелік өнеркәсіп құру». 
Жоба авторы: Кутербеков К.А. Жобаның 
іске асырылу жай-күйі: көмірді газификация 
жолымен технологиялық қайта өңдеу үдерісі 
электрэнергиясын және синтетикалық сұйық 
отын алу мақсатымен мына кезеңдерді іске 
асырады – отын дайындау, газ генераторлары, 
газды тазарту, бу алмасу (көмірқышқыл булы), 
көмірқышқыл газының сіңуі және Фишер- 
Тропш әдісі бойынша синтетикалық сұйық 
отынды синтездеу. Жобаның тиімділігі(оның 
ішінде экономикалық):Негізгі мақсатты өнім 
ретінде бензин фракцияларын алу үшін 
физикалық бензин фракцияларын қайта 
өңдеуге пайдаланыпжәне су конденсатын 
бөлуде асатиімді құрылғы. Мақсатты өнімнің 
жоғары меншікті шығуы – бензинді және 
дизельді фракциялар.
4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Нормативті-
техникалық құжаттамаларды отандық өсімдік 
шикізатынан, гепатопротекторлы белсенділікке 
ие  табиғи дәрілік препаратөңдеу» Жоба 
авторы:  Рахмадиева С.В. Жүзеге асырудың жай-
күйі:«Химфарм» АО  және «Аромат» ТОО-на 
(Шымкент қ.)зауыттық және лабороториялық 
тексеру негізінде  Суттиген фитопрепаратын 
өндіруге өндірістік технологиялық жасау 
уақыты құрылды Зауыт шарттарымен өңделген 
технологияларды пайдаланып «Капсуладағы 
Суттиген» препаратының дәрілік формасы 1000 
капсуласы гепатопротекторлық және қабынуға 
қарсы дәрі ретінде сынауға «Химфарм» 
АҚ-ндажасалды. Жобаның тиімділігі (оның 
ішінде экономикалық):«Суттиген» дәрілік 
формасының капсулада жасалу технологиясы 
қалдықсыз ресурс үнемдеу технологиясын 
пайдалан отырып іске асады –көмірқышқыл 
экстракциясымен сұйытылған, түпкілікті 
өнімнің шығуын 15-20 %-ға ұлғайтуы, жоғары 
экономикалық тиімділігімен ерекшеленуі 
сапасы мен бағасы бойынша препараттың 
бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз етеді 
(қаптамасы 240 тенгеден).
5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: 
«Адамтамыр-дала 
цистанхэсі қазақстандық өнімінің шығуы». 
Автор проекта: Сарсенбаев К.Н. Жүзеге 
асырудың жай-күйі:Цистанхэ – жергілікті 
флора өсімдігінің белсенді қосындысының 
физиологиялық негізінде өнімнің жаңа түрін 
жасау жобаның жаңашылдығына қатысты. 
Оның құрамында цистанхэден бөлек 14 
шөп бар. С.F.T. сергітетін дәрінің құрамында 
15 шөптің түрі бар. Қаптамада 240 дәрі 
бар, жалпы салмағы 600 грамм. Пайыздық 
арақатынаста жалпы қоспа құрамының 3 
% ғана цистанхэ болып келеді. Жобаның 
тиімділігі (оның ішінде экономикалық):Этанол 
мөлшері бойынша біздің тұнбамыз 70%, жапон 
бальзамының қауттылығы 40 % болғанынан 
ерекшеленеді. Крем, сусабын құрамы бойынша 
физиологиялық белсенді фенилэтаноидтық 
гликозидтер 10 есе жоғары болады.
Қазақ-Британ техникалық университеті
ҚБТУ Қазақстан ғылымы дамуының бес 
басымдығы бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізеді: елдің зияткерлік 
әлеуеті, мәшине жасау және энергетика, 
өмір туралы ғылым, ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялар, табиғи 
ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен 
өнімді қайта өңдеу. ҚБТУ құрылымында 
Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ 
және электрхимия институты, Ә.Б.Бектұров 
атындағы Химия институты, Инжиниринг 
және ақпараттық технологиялар институты, 
сондай-ақ нанотехнологиялар зертханасы, 
«Болашақты материалдар мен технологиялар» 
сынақ зертханасы, Байқау зертханасы, 
Коллоидтік және мұнай кәсіпшіліктік химияның 
ғылыми-зерттеу зертханасы (бұдан әрі – 
ҒЗЗ), мұнай-газ мәшине жасау және құбыр 
жүргізу көлігінің ғылыми-зерттеу орталығы, 
«Мұнай-газ саласындағы технологиялық 
үдерістерді математикалық модельдеу» 
ҒЗЗ, «Бағдарламалық жасақтама және 
суперкомпьютерлік технологиялар» ҒЗЗ жұмыс 
істейді. 
2014 жылғы ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі 
900 млн. тг. құрады, оның ішінде 150 млн. тг. – 
бюджеттен тыс.
2014 ж. шетел журналдарында 349 ғылыми 
жұмыс жарияланды, оның ішінде 74 – жоғары 
рейтингті журналдарда. Алынған патенттер мен 
алдын ала патенттер саны – 6.
Келешегі бар, өндіріске енгізуге үмітті жобалар:
Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 15.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет