Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА



жүктеу 15.37 Kb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата25.04.2017
өлшемі15.37 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА 
МИНИСТРЛІГІ
Ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың 
құқықтарын қорғау комитетінің мынадай ғылыми 
орталықтарында жүргізілді:
«Масғұт Айқынбаев атындағы Қазақ карантиндік 
және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» 
РМҚК (бұдан әрі - ҚКЗИҒО);
«Хамза Жұматов атындағы гигиена және 
эпидемиология ғылыми орталығы» РМҚК (бұдан 
әрі – ГжЭҒО);
«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 
және мониторинг ғылыми-практикалық 
орталығы» РМҚК (бұдан әрі - СЭСжМҒПО).
СЭСжМҒПО-да 2014 жылы зерттеулер Мақсатты 
ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша 
жүргізілді:
1) «Арал маңы халқының денсаулық жай-күйін 
басқарудағы кешендік тәсілдер»(бас ұйым – 
ЕГжКСҒО, Қарағанды қ.); 
2) «ҚР ауылдық аумақтарында тұратын халықтың 
денсаулығын қорғау және санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз 
ету саласындағы кешендік бағдарламаны 
әзірлеу»(бас ұйым – ГжЭҒО, Алматы қ.); 
3) «Вирустық инфекциялардың (ҚКГҚ, БНҚ) алдын 
алу шараларын әзірлеу» (бас ұйым – ИМВ, Алматы 
қ.). 
Ғылыми өлшемдік көрсеткіштер ретінде 
жарияланымдар, соның ішінде әртүрлі деңгейлер 
бойынша деректер 8.5 кестеде келтіріледі. 
Гигиена, санитария және эпидемиология 
саласында 2014 жылы келесі жетістіктерге қол 
жеткізілді: 
1) аймақтық ерекшеліктерді ескере 
отырып селолық елді мекендер 
тұрғындарының денсаулығын қорғаудың 
аймақтық бағдарламасы, санитариялық-
эпидемиологиялық жағдайға сай, аумақтардағы 
тәуекелділік факторларына барынша азайту 
және аймақтағы денсаулық сақтаудың басым 
бағыттағы мәселелерін шешу жолдары  
әзірленіп ғылыми тұрғыда негіздеме жасалды,  
2) Алматы, Ақмола және Атырау облыстары 
балаларының денсаулығын жақсартудың 
Кесте 8.5 – жарияланымдар туралы деректер

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
93
профилактикалық шаралар жүйесі әзірленді;
3) 2 және 3 жастағы балаларды А гепатитіне 
қарсы вакцинациялау тактикасы және 
«контактіде» болғандарды анықтаудың 
Қазақстан жағдайына байланысты нәтижелі 
жақтары әзірленді және оны республиканың 
барлық облыстарында қолдануға кеңес 
беріледі.
4) аймақтардағы денсаулық сақтау паспортын 
әзірлеуге арналған материалдар жиналды. 
Алынған зерттеулер қорытындылары аймақтың 
әлеуметтік саласын дамыту бағдарламасын 
әзірлеуде әкімдіктерде қолданылуы мүмкін.
Эпидемиология саласында келесі жетістіктерге 
қол жеткізілді:
1) PACS жүйесін қолдана отырып АҚЖ 
(оба, туляремия, күйдіргі, бруцеллез) 
қоздырғыштарының 90 штаммдары 
коллекциясының  республикалық электрондық 
каталогі әзірленді;
2) генетикалық әдіспен вакцина ретінде 
қолдануға болатын күйдіргі микробының 
штаммы анықталды, 
3) күйдіргі қоздырғыштарының индикациясы 
мен идентификациясы әдісі жетілдірілді.
4) бруцеллез ауруының динамикасына қысқа 
және орта мерзімдегі болжамын жасауға 
арналып кеңістіктік-уақыттық болжам моделі 
және тәуекелділік факторын бағалау формасы 
әзірленді
5) «Қазақстан Республикасындағы тырысқақ 
ауруы: кеңістіктік және уақыттық сипаттама» 
анықтамалық- атлас әзірленді: 
6) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 
министрлігіне тіркелу үшін «ПТР әдісімен оба 
микробының caf1генін анықтаға арналған 
реагенттер тобы» нормативтік құжаты 
әзірленді;
7) «Эктопаразиттерді пестицидтердің аз 
көлемдегі мөлшерімен (АКМ) құмды өлкенің 
індерінде аэрозоляциялау арқылы жою 
бойынша әдістемелік нұсқаулығы» бекітіліп 
бағыныстағы мекемелерге жолданды. 
Алынған қорытындылар нәтижесі өз 
кезегінде инфекцияларға эпидемиологиялық 
мониторинг жүргізу нәтижелілігін арттыруға 
және республика халқының биологиялық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз әсерін 
тигізеді.  
2012-2014 жылдары эпидемиология саласында 
жүргізілген ғылыми-техникалық қызмет 
қорытындылары (ҒТҚҚ) бойынша ҒТАҰО-де 
РНГД14 0509 ден РНТД14 0509 дейінгі тіркелу 
номерімен 19 өтінім тіркелді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасы Заң шығарушы 
институтының (әрі қарай Институт) ғылыми 
қызметі мемлекеттік құқықтық саясаттың негізгі 
бағыттарымен ұштасады.
«Конституциялық және әкімшілік құқық 
салаларында ұлттық құқықтық жүйенің 
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің 
ғылыми мәселелері» атты жобаның зерттеулері 
нәтижесінде есептік кезеңде келесі жұмыстар 
атқарылды:
1. Қазақстан Республикасының «Құқықтық 
актілер туралы» заң жобасының 
тұжырымдамасы жасалды. Ол Қазақстан 
Республикасы Үкіметі қасындағы заңнамалық 
жобалар қызметі бойынша ведомствоаралық 
комиссия отырысында қолдау тапты. 
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Мәжілісіне «Құқықтық актілер туралы» және 
«Қазақстан Республикасының құқықтық 
актілер туралы кейбір заңнамалық актілеріне 
өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңдар жобасы 
жасалды және енгізілді. 
Қазіргі кезеңде аталған Заңдар Қазақстан 
Республикасы Парламентінің Мәжілісінде 
талқылануда және қарастырылуда. 
3. Қазақстан Республикасының 5 шілде 2014 
жылғы № 235-V ЗРК жаңа редакциясындағы 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 
жасалды.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 
жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына 
сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту 
Концепциясын іске асырудың бірінші кезеңі 
аяқталды. Аталған Концепцияны іске асыру 
барысында Институттың тікелей қатысуымен 
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 
13 маусымдағы № 101-V «Қазақстан 
Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару 
туралы кейбір заңнамалық актілеріне 
өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» 
Заңы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар 
туралы заңнамасының даму үрдістері мен 
жетілу жолдары» атты жобаның зерттеулері 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
94
нәтижесінде есептік кезеңде келесі жұмыстар 
атқарылды:
1. Қазақстан Республикасының қазіргі заңды 
тұлғалар туралы заңнамасына қатысты 
материалдар мен әдебиеттерге талдау 
жасалынды, аталған тақырыптағы шетелдік 
тәжірибе қарастырылды. 
2. Қазақстан Республикасы Парламент 
Мәжілісіне қарастырылуға берілген «Баға 
қызметі туралы» (жаңа редакция) Қазақстан 
Республикасының Заң жобасы жасалды. 
3. Қазақстан Республикасы Парламент 
Мәжілісіне қарастырылуға берілген Қазақстан 
Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және 
«Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік 
мәселелерге қатысты кейбір заңнамалық 
актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу 
туралы» Қазақстан Республикасының Заң 
жобасы жасалды. 
4. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі 
қарастыруы үшін Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің Канцеляриясына 
берілген берілген «Арбитраж туралы» және 
«Қазақстан Республикасының арбитраж 
мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық 
актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу 
туралы» Қазақстан Республикасының Заң 
жобасы жасалды.
 «Қазақстан Республикасындағы балалар 
құқығын қорғау (қылмыстық-құқықтық және 
криминологиялық аспектілері)» атты жобаның 
зерттеулері нәтижесінде есептік кезеңде келесі 
жұмыстар атқарылды:
1. Қазақстан Республикасының қазіргі 
балалар құқығын қорғау мәселесіне қатысты 
заңнамасына ғылыми-құқықтық талдау 
жүргізілді.
2. Парламент Мәжілісінде қарастырылған және 
талқыланған жаңа ҚК, ҚҚК және УИ жобалары 
барысында заң шығарушы орган есепке алған 
ұсыныстар мен ескертулер енгізілді. 
3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 
шілдеде қабылданған № 226-V ЗРК Қылмыстық 
кодексіне баптық сараптама дайындалды 
(проф. Борчашвили И.Ш.).
«Қазақстан Республикасының қатысуымен 
заманауи интеграциялық бірлестіктердің 
құқықтық аспектілері» атты іргелі ғылыми-
қолданбалы зерттеу аясында 2014 жылы 
бойынша келесі жұмыстар атқарылды: 
1.  Халықаралық КО, БЭК, ЕЭО жобаларына 
нақты ұсыныстар бойынша бірыңғай талдау 
мен бақылау жүргізілді;
2. Мемлекеттік және халықаралық ұйымдар 
арасындағы құпия ақпаратты айырбастау\
табыстау мәселелерін реттейтін, нормаларды 
құрайтын 17 салалық  заңнамалық акттерге 
түгіндеу жүргізілді; 
3. Кедендік Одақ пен ЕЭО тың шартты 
құқықтық базасын құрайтын 53 халықаралық 
келісімшарттарға түгіндеу жүргізілді;
4. Халықаралық келісімшарттар, заңдар мен 
заңға қосымша акт жобаларын ғылыми, 
құқықтық сараптамадан өткізу бойынша 
Әдістемелік ұсынымдар жобасы дайындалды. 
ЕурАзЭО құрамындағы мемлекет-мүшелер 
аталмыш жобаны негізге алып отыр және 
қазіргі уақытта бұл жобаны жетілдіру 
жұмыстары жүргізілуде. Әдістемелік ұсынымдар 
жобасының келесі талқылауы ЕурАзОСтың 
Әділет Министрлігі Кеңесінің кезекті 
отырысында жүргізіледі деп жоспарланып 
отыр;
5. Қазақстан Республикасының интеграциялық 
бірлестіктері шеңберінде, нақты ұсыныстары 
берілген, халықаралық келісімшарттар 
жобаларының 37-і қарастырылған;
6. Халықаралық келісімшарттар жобалары 
бойынша ғылыми құқықтық сараптамалар 
жүргізілді (10 қорытынды);
7. КО пен ЕАОСтың келісім-құқықтық базасын 
дайындау бойынша 8 жұмыс тобының 
жұмысына қатысу (барлығы - 36 отырыс).
Институттың ғылыми зерттеулер нәтижелері 
заң жобалары мен заң шығару жұмыстары 
кезінде қолданылады.  Есепті кезең науқанында 
78 заң жобалары мен 93 заң жобалары 
тұжырымдамаларын дайындау бойынша 
жан-жақты талқыланған, ғылыми-негізделген 
ұсыныстар мен ескертулер берілді. Ғылыми 
жұмыс нәтижелері нақтыланды. 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА 
МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық 
орталығы» РМК қызметін талдау
Атом энергетикасы саласының «ҚР-дағы Атом 
энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
95
бағдарламасы аясында келесі негізгі нәтижелер 
шығарылды.
Зерттеу жүргізуге мынадай зертханалық 
қондырғылар мен жабдықтар құрастырылған:
- Кориумның суынуы мен реактор түбінің 
моделінде жасанды қуат бөлінуін көрсетуге 
арналған Лава-Б қондырғысын орнатуға 
қажетті зертханалық жабдық;            
- сутегі изотоптарының сұйық металлды 
литий жиынтық материалдармен алмасу 
жылдамдығын зерттеуге арналған зертханалық 
жабдық;
- минералды шикізаттардың реакторлы 
сәулелендіруін зерттеуге арналған зертханалық 
жабдық;
- сәулеленген берилийден берилий хлоридін 
алатын дәлорнатпа жабдық;
- сұйық металлды литий жиынтықты үлгілерден 
тритийдің шығуы мен бөлінуін  зерттеуге 
арналған зертханалық жабдық;
- экологиялық зерттеулерге арналған 
тәжірибелік уақыт өткізгіш масс-шоғырметрлі 
(спектрметрлі) зертханалық жабдық;
- мессбауэрлі атом қосындысы 57 Fe бар 
наноөлшемді металды материалдардың 
синтезіне қажетті «А-Қондырғы» ионды-
плазмалық шаңдатқышы;
- шығармалы жұмысы басқарылатын 
нанокристалды жоғары өткізгіш 
ультрадисперсті орталарды пайдалану 
технологияларын жүзеге асыруға арналған 
тәжірибелік кешен; 
Ядролық медицинада пайдаланылатын 
радиоизотоптар құрастырылып, шығарылды:
- «ДТПА-99mТс, 
реагент»радиофармацевтикалық дәрілік 
препараттары мен екпе ерітіндісіне қажетті 
«Натрия о-йодгиппурат131I» клиникалық 
тәжірибе жүргізілді;         
- к 99mТс реагент жиынтықтарына клиникаға 
дейінгі зерттеулер жүргізілген: «МДФ-99mТс, 
реагенті» мен «Фитат- 99mТс,, реагенті». Бұл 
әдістер патенттелген. 
 
Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша 
4 инновациялық патент пен 1 ҚР-ның 1 
петентіне қол жеткізілді.
Термоядерлы энергетика саласында «Қазақстан 
термоядролық энергетикасының материал 
жүргізгіш Токамак реакторын жасау мен 
пайдалануға бағытталған ғылыми-техникалық 
бағдарламаны жүзеге асыру аясында келесі 
негізгі қорытынды нәтижелер алынды:
- жылу эрозиясы әсерінің теориялық және 
тәжірибелік мәліметтері мен сыртында 
импульсті қуат бөлінуі жағдайындағы дивертор 
қорғанысы материалының құрылымдық және 
физикалық-механикалық өзгерісі; 
- сәулеленген және сәулеленбеген нейтрондар 
мен альфа бөлшекті тот баспайтын болаттағы 
төмен температуралы деформацияның 
қаттылық, фазалық және құрылымдық 
өзгерістерге әсері туралы ақпарат;
- жасанды стендтің плазмашоғырлы 
қондырғысына электронды-плазмалы және 
электронды шоғырлы импульсты кернеу беру 
жағдайында вольфрамның беріктігі туралы 
алдын-ала ақпарат (конструкторлы ТЯР 
материалы).
- КТМ аймағындағы диверторлы және 
плазмалық сымның кешенді визуализациялық 
жүйесін эксперименталды жөндеу мен тексеру 
нәтижесі;
- вакумдық камерадағы КТМ-ге айналмалы 
тоқтың әсерін есепке алғандағы полоидалды 
байламдағы тоқ динамикасының теңдік 
шарттарын бағалаудың эксперименталды 
ақпараты;
- КТМ-нің физикалық диагностика ақпаратына 
визуалды және графикалық талдауға 
арналған және КТМ-нің ақпараттық-өлшемдік 
жүйесіндегі эксперименталды ақпараттарды 
графикалық талдау жүйесінің интеграциясы 
үшін жасалған бағдарламалық модуль.  
- Вакуумды токамак камерасында орнатылған 
литийлі КТМ дивертор макетінің жұмыс 
өлшемдеріне әсер етуін анықтаудағы кешенді 
зерттеудің нәтижелері. 
- газодинамикалық көз шүмегінен шығардағы 
жоғары дыбысты газ ағынының параметрлерін 
анықтау нәтижелері мен газ қысымының 
радиустық және молекулярлық шоғыр 
ағымының ұзындығы бойынша таралуының 
эксперименталды мәліметтері;
-  компьютерлік бағдарламаның сандық 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
96
алгоритмі мен блок-сұлбасы түріне айналған 
өзгермелідегі токамақ плазмасының 
1,5-өлшемдік транспорттық теңдеулерін сандық 
шешу процедурасы әзірленді.
Келесі құрылғы, орнатқыш, жүйелер жасалды:
- КТМ плазмасын кешенді көру жүйесі;
- КТМ литийлі дивертор макетінің ішкі 
бөлшегінің жасанды моделі;
Жасалып, пайдалануа берілді:
- Вакуумдық камерадағы КТМ-ге айналмалы 
тоқтың әсерін есепке алғандағы полоидалды 
байламдағы тоқ динамикасының теңдік 
шарттарын бағалаудың эксперименталды 
ақпарат әдістемесі;
- КТМ-нің физикалық диагностика ақпаратына 
визуалды ақпаратына арналған бағдарламалық 
модуль;  
-Реакторлы сәулелену жағдайында сутегі 
изотопы мен литийдің капиллярлы-борпақ 
құрылысты үлгісімен арақатынас үдерісін 
суреттейтін озық модель;
- 150 кэВ-қа дейінгі бомбалаушы иондардың 
энергетикалық диапазонындағы материалдың 
бетін ыдырату коэффициентын есептеудің 
феноменологиялық моделі;
- электрондық-плазмалық және электрондық 
шоғырлардың конструкциялық материал 
үлгілерімен өзара әрекеттестігін имитациялық 
стендтегі плазмалық шоғыр құрылғысының 
көмегімен зерттеу әдістемесі.
ШЖҚ «Ядролық физика институты» РМК 
қызметін талдау
Ядролық реакциялардың қимасы бойынша 
және перспективалы ядролық реакторлардың 
конструкциялық материалдар элементтерінің 
құрамына кіретін 30 МэВ энергиялы 
ядролардағы индуцирленген жедел 
протондарының бөліну сынықтарының 
шығарылымы бойынша жаңа деректер алынды.
Белсенділігі 18 ГБк болатын 99mТс гель-
генераторларының және белсенділігі 140 
ГБкнатрий йодид,131Iбалк-ерітіндісінің он 
бір партиясы дайындалып медициналық 
ұйымдарға берілді. 37 ГБкбалк-ерітінді57Со 
және 7,91 ГБкбалк-ерітінді109Cd қабылданды. 
Тапсырыс берушіге белсенділігі 0,56 ГБк 
радионуклиннің 204Tl жабық көзі дайындалып 
берілді. Белсенділіктері 133 ГБк және 141 ГБк 
болатын изотопты сәулені иондаушы 124Sb екі 
жабық көз дайындалды. 
Қазақ онкология және радиология ғылыми-
зерттеу институтымен бірге мынадай жұмыстар 
атқарылды:
- Клиникаға дейінгі зерттеу РФП«153Sm-
ЭДТМФ, терапияға арналған ерітінді» және 
«Натрия иодид 131I, терапияға арналған 
ерітінді»;
- 99mТс: «99mТс-фитат», «99mТс-МДФ» 
арналған 
реагенттер жиынтықтарын клиникалық зерттеу.
- РФП«99mТс-ДТПА» және «Натрия 
о-йодгиппурат131I, егуге арналған ерітінді» 
арналған тіркеу құжаттамасы дайындалды.
Нитридтер, карбидтер мен германидтер
жоғары өткізгіштігі бар фольга, жеңіл металл 
негізінде жабынғы алу үшін ультрадисперсті 
ортаны пайдалану жасалып, олардың 
құрылымы, физикалық қасиеттері зерттелді.
Жоғары энергиялардың ауыр иондарының 
ғарыштық техникалық конструкциялық 
материалдарымен өзара әсерлестігін 
модельдеу әдістемесі жасалды.
Тазалаудың қосымша әдістерін пайдалана 
отырып, ядролық тректік мембраналарды 
қолдану негізінде ВВР-К реакторының 
сұйық радиоактивті қалдықтарын өңдеудің 
кешенді технологиясы әзірленді. ДЦ-60 
жеделдеткішінде өндірілетін ядролық трек 
мембраналары негізінде ВВР-К атомдық 
реакторының сұйық радиоактивті қалдықтарын 
тазалауға пайдаланылатын құрылғы үлгісі 
жасалды.
2014 жылы РМК ЯФИ ғалымдары138 мақала 
жариялады: 1) алыс шетел басылымдарында 
23 мақала 2) халықаралық конференция 
еңбектерінде 75 мақала 3) ТМД елдерінің 
басылымдарында 22 мақала 4) Қазақстан 
басылымдарында 18 мақала; 4 патент алынды, 
ядролық физика мамандығы бойынша 3 
PhD докторы дайындалды, 3 курста 2 PhD 
доктаранты, 3 докторант 2-курста және 2 
доктарант 1-курста оқуын жалғастыруда.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР 
МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
 
2014 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі 
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің 
«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс 
ғылыми-зерттеу институты» АҚ-нда «Қазақстан 
Республикасы өрт қауіпсіздігін ғылыми-
техникалық жобалау жүйесі бойынша 
зерттеулер жүргізу және әзірлемелер 
жасау» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстары аяқталып,  нәтижелері қолданысқа 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
97
енгізілді
Өрт қатері, аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық дамуы мен географиялық 
ерекшеліктері, т.б. көрсеткіштерді ескере 
отырып, өртке қарсы қызмет бөлімшелерін 
тиімді орналастыруды сандық бағалауға 
мүмкіндік беретін математикалық модель 
әзірленіп, оны жүзеге асыру алгоритмі 
дайындалды.
8.2  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЖЕТЕКШІ  ЖОО-
ЛАРЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 
ПЕРСПЕКТИВАЛЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ЖОБАЛАРЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университетінің перспективалы инновациялық 
жобалары 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университеті Қазақстан ғылымын дамытудың 
барлық бес басым бағыттар бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргізеді. Әл-Фараби атындағы 
ҚазМУ құрылымында 8 жаратылыстану ғылыми 
бағытта ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық 
және нанотехнология бойынша  ұжымдық 
пайдаланудағы инженерлік зертханалар, 
социогуманитарлық бейіндегі 30 ғылыми 
орталық қызмет етеді.
ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі 2014 жылы – 4 
300,1 млн.тг., бюджеттен тыс қаражат – 1 722,3 
млн.тг. құрады.
2014 жылы 6 272 ғылыми жұмыс, оның ішінде 
жоғары рейтингті журналда – 341 жарияланды, 
58 инновациялық патент, өнертабысқа 6 патент, 
пайдалы модельге 1 патент, 1 еуразиялық 
патент, 1 патент РСТ жүйесі бойынша, 2 
Қырғызстан патенті, 23 зияткерлік меншік 
объектілеріне авторлық құқықты тіркеу туралы 
куәлік.
Төменде өндіріске ендіруге перспективалы 
жобалар келтірілген:
1) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ: 
«Сонғы 
плазмалық қондырғыларды қолдана отырып 
монодисперсті нано- және микроұнтақтардың 
синтезделу технологиясы». Жоба авторы: 
– ф.-м.ғ.к. Досболаев М.К. Жобаның 
орындалу деңгейі: монодисперсті ұнтақтар 
алудың аналогы әлемде жоқ өте жаңа 
технологиясы ұсынылған. Ойлап табылған 
технология электрод материалын электро-
доғалық тозаңдану және жоғары жиілікті 
раздаядты плазмадан алынған реакция өнімін 
сеперациялау әдісіне негізделген. Жоба 
кезеңінде. Өзінің мүдделілік айқындалатын 
фирмаларда енгізу ары қарай мүмкіндік бар.
2) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Жоғары эффективті 
өсімдік майын сутектендіруді өндіріске енгізу 
және жетілдіру. Катализаторды тәжірибелі 
өнеркәсіптік ұйымдастыру». Жоба авторы: х.ғ.д., 
проф. Ауезов А.Б. Жобаның орындалу деңгейі: 
жоба бойынша зерттеулер аяқталу кезеңінде. 
Нәтижелер келесі: Айрықша белгілеріне 
байланысты жаңа объект маңызды сипатқа 
ие. Нанокластерлі палладий жоғары 2-10 
нм бөлшекте шашыраңқы затты көрсетеді. 
Таратушы ақпарат нанокластерлі болғандықтан 
катализатордың ұйқастығы нанокластерлі 
палладийдің барлық объектілеріне таратылады. 
Сутектендіру тиімді түрде жүргізіліп, транс-
изомерлердің пайда болуын азайтады, 
йодты өнімнің сапасы артады. Мүдделі 
кәсіпорындарға қолданысқа енгізу мүмкіндігі 
бар.
3) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 «Биотехникалық 
кешен «Вермикультураның» жасалуы». Жоба 
авторы: б.ғ.д., проф. Богусбаев К. К. Жобаның 
орындалу деңгейі: биорезенанс БиУ-2 
құрылғысының көмегімен жоғарысапалы 
биогумус пен ауылшаруашылық өндірісінен 
шығатын қалдықты алудың тиімділігі жоғары 
технологиясы әзірленуде. Жобаны жүзеге асыру 
барысында өнімділігі 3000 т. биотехнологиялық 
кешен салу жоспарланған. 
4) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: 
«Жүнді тазартудан 
жүн майын алу, ланолин және тереңнен жасап 
шығару». Жоба авторы: х.ғ.д., проф. Конысбаев 
С.Р. Жобаның орындалу деңгейі: техникалық 
шайыру нәтижесінде фармокопейды ланолин 
алу, жүнді тазарту әдісі арқылы сандық 
жағынан жүн майын алу технологиясы 
жасалды; тәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғы 
құрылды. Қондырғы Тараз фабрикасында 
тәжірибеден өтті.
5) ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА: 
«Разработка 
гибридной радиационно-плазменной и 
кавитационно-гидрогенизационной технологии 
обработки низкосортных энергетических 
углей». Жоба авторы: х.ғ.д., профессор 
Кайырбеков Ж.К. 
Жобаның орындалу деңгейі: көмірді өңдеудің 
гибридті технологиясы – көмірден сұйық 
отындарды алудың әлемдік тәжірибеде 
қолданылатын екі технологиясы – тура сұйылту 
және газдандыру жасалуда. 
Жобаның тиімділігі: Көмірді газдандыруда 
плазмалық технологияларды қолдану қажетті 
өнімділікті сақтауда газификаторлардың 
габариттерін төмендетуге, алынатын 
энергетикалық газдың сапасын жақсартуға, 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
98
бастапқы көмірдің газдану дәрежесін арттыруға 
және газдандыру үдерісін автоматтандыруға 
мүмкіндік береді.  Көмірді плазмалы-
булы газдандыруда үдерістің меншікті 
энергошығымы 1,5-2,5 кВт ч/кг көмір. Гибридті 
технология көмірді тура каталитикалық сұйылту 
және көмірді газификациялау технологияларын 
жоғары көрсеткіште алдын ала ағынды 
электрондармен сәулелендіру арқылы  жеке, 
бірге қолдануға мүмкіндік береді.
Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 15.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет