Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ



жүктеу 15.37 Kb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата25.04.2017
өлшемі15.37 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ 
МИНИСТРЛІГІ
Қазақстанның аграрлық ғылымының 2014 жылғы 
жетістіктеріне талдау 
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық 
министрлігі 2012-2014жж. арналған 
агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы 
ғылыми зерттеулер бағдарламасының әкімшісі 
болып табылады.
2012-2014 жж. аралығында бағдарламаны 
қаржыландыру – 11436,408 млн. теңгені құрады, 
оның ішінде: 2012ж. -3326,643млн. теңге, 2013ж. 
-3315,387 млн. теңге, 2014ж. -4794,378 млн. теңге.
Ғылыми-техникалық бағдарлама 50 қосалқы 
атқарушы ұйыммен бірлестіктеіске асырылды, 
оның ішінде 23 ғылыми-зерттеу институттары 
және олардың 26 филиалы, 14 тәжірибелік-
өндірістік шаруашылықтары, еліміздің алдыңғы 
қатарлы ЖОО: ҚазҰАУ, Қ.Сәтпаев атындағы 
ҚазҰТУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 
Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, Көкшетау аграрлық 
университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз МУ, 
Ғарыштық зерттеулер мен технологиялардың 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
87
ұлттық орталығы (ҒЗТҰО), Ғарыш Сапары және 
т.б.
«2012-2014жж. арналған АӨК саласындағы 
ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» 212 
бюджеттік бағдарламасын іске асырумен 
айланысқан ғылыми қызметкерлердің саны 
2072-ден астам адамды құрады, олардың 1 315 
ғылыми қызметкерлер, оның ішінде 185 ғылым 
докторлары, 472 ғылым кандидаттары және Ph.D 
философия докторлары, сонымен қатар, 30 жасқа 
дейінгі жас шамасындағы жас мамандар ғылыми 
қызметкерлердің жалпы санының 35% құрайды. 
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы 
саласы бойынша Австралия, Франция, ЖБЖХО 
халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары 
қатыстырылды. Бағдарламаны жүзеге асыруда 
Қазақстанның барлық аймақтарынан фермерлік 
және шаруа қожалықтары тікелей қатыстырылды. 
Агроөнеркәсіптік кешені саласы бойынша 
қолданбалы ғылыми зерттеулер аграрлық 
ғылымның 5 басым бағыты шеңберінде жүзеге 
асырылды, оларды орындаудың қорытындысы 
бойынша келесі нәтижелер алынды:
Агротехнология саласында дәнді, дәнді-
бұршақты, мал жемі дақылдары, жарма, бақша 
көкөністерінің және картоптың, зәйтүн, қант 
қызылшасының, жеміс-жидек дақылдары 
және жүзімнің, жем-шөп дақылдарының 110 
сұрыбы мен гибридтері жасалып, мемлекеттік 
сұрып сынағына жіберілді. 3 жылдық 
сынақтан өткізудің нәтижесінде Қазақстан 
Республикасында қолдануға рұқсат етілген, 
селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 
ауылшаруашылық дақылдарының  жаңа 
қазақстандық 50 сұрыбы енгізілді. 
Жаздық бидайдың 10 сұрыбына 8000 зерттелген 
маркерлерді геномдық тарату жұмыстары 
жүргізілді. Шаруашылық-құндылықты 
белгілерімен (құрғақшылыққа, тұзға төзімді, 
өнімділігі, сапасы) байланыстырылған 200 SNP 
маркері бойынша ДНҚ ақпараты алынды. Дәнінің 
фенологиялық көрсеткіштері және сапасы 
бойынша бидайдың 21 дигаплоидті линиясы 
өсірілді және талдауға алынды. 
Дауылға және сабағының тотықтануына қарсы 
тұра алатын 8 гені бойынша бидайдың 157 түріне 
гендік жинақтау жұмыстары жүргізілді. 
Картоптың түйнектеріне термотерапия және 
18 сұрыбы бойынша 180 түйнектің апикальды 
меристемасын өсіру жұмыстары жүргізілді. 
Арпа тұқымының 7 хромосомасында 
ғана шектелген қосымша 14 полиморфты 
микросателлитті ДНҚ-маркерлерін қолдану 
арқылы 96 сұрыбынан арпаның топтамасы 
зерттелді.    
Өсімдікті қорғау және карантині саласында 
жергілікті саңырауқұлақтар штаммасы 
және бактерия штаммасы негізінде 
биопрепараттардың 2 препаративтік түрі 
жасалынды.Таралуы мен көбеюіне мониторинг 
жүргізу үшін ГАЖ-де марокколық шегірткенің 
құрамы, құрылымы жасалынды және 
деректер қоры құрылды. Жылыжайдың негізгі 
зиянкестеріне (аққанат, өсімдік биті және 
өрмекші кене) қарсы биоагенттер әдістемелік 
тұрғыда негізделіп, енгізілді. 
Биоагенттердің (алтынкөз, трихограмма, бракон) 
өндірістік тиімділіктері көрсетілді. Кедендік 
одақ елдерінің аймақтарында кездеспейтін 
және өте аз таралған, ауышаруашылығы 
және орман дақылдарына зиянын тигізетін 
карантиндік зиянды ағзалардың пайда болуының 
және таралуының алдын алу үшін, Қазақстан 
Республикасының аймағы үшін карантиндік 
статустағы зиянкестердің 28 түріне, нематодтың 
4 түріне, аурудың 22 түріне және арамшөптің 10 
түріне ғылыми негіздеме берілді.
Егін шаруашылығында ГАЖ-технологияларын, 
егін шаруашылығының қор үнемдейтін 
технологиясын (топырақты өңдеудің минималды 
және нөлдік технологиялары бойынша тұқымы 
ауыспалы егіс айналымы, бірқатар дақылдарды 
жоталы-бораздалап себу, соя мен жүгеріге 
арналған жабынды пленканы қолдану арқылы 
себелеп суару, картоп және көкөніс дақылдарын 
және т.б. себелеп және спринклерлік суару 
жүйесі); топырақ құнарлығын арттырудың және 
эрозиядан қорғау, оның ішінде ауыспалы егіс 
және т.с.с. топырақ диагностикасы негізінде 
минералды және органикалық тыңайтқыштарды 
дифференциалды енгізу әдістері мен амалдарын 
қолданудың негізінде нақты және органикалық 
егін шаруашылығы элементтерінің әдістемелік 
негіздерін анықтау бойынша жүргізілген 
зерттеулер аяқталды. Суарудың 3 түрі (себелеп 
суару, спринклерлік және топырақ астынан 
жіберу), көкөніс дақылдарының 8 түрін суғаруда 
суды, электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз 
ететіндігі айқындалды, тау етегіндегі қоңыр-
қызғылт топырақтың сулы-физикалық қасиетін 
жақсартатыны байқалды.   
Жеміс шаруашылығында көшеттерді 
органоминералды тыңайтқыштарды, өсіру 
регуляторларын қолдану және топырақ 
құнарлылығын сақтау арқылы аналықта ағаш 
бұтақтары мен саптарында өсіру технологиясы 
әзірленді. Қарқынды шикізат және органикалық 
бау-бақшаға арналған жинақы крондарымен 
және жоғары өнімділігімен ерекшеленетін 
сүйекті дақылдардың сұрыбы іріктелді. 
Қазақстанның Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс 
арнайы мамандандырылған 748 бау-бақша 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
88
шаруашылығы бойынша деректер қоры 
құрылды. Апорт алма сұрыбын заманауи 
техникалық және биологиялық инновация 
бойынша өсіру технологиясы әзірленді. 
«Қазақстан Республикасының түрлі 
аймақтарында ауылшарушылық жануарларын, 
құстарды, балықтарды және араларды 
өсіру, азықтандыру және шаруашылықта 
ұстау технологиясын жетілдіру, өнімділігінің 
генетикалық әлеуетін арттыру» бағыты бойынша. 
Ауылшаруашылығы жануарларының 
генетикалық әлеуетінің айтарлықтай өсуі жаңа 
селекциялық жетістіктердің туындауымен 
расталады. 2014 жылы ұзақ жүргізілген 
селекциялық-тұқымды жұмыстың нәтижесінде 
5 селекциялық жетістіктерді әзірлеу жұмыстары 
аяқталды, селекциялық жетістіктерге 31 өтінім 
берілді, 53 инновациялық патенттер және 5 
ұлттық патенттер алынды.
Жалпы мал шаруашылығы саласын ғылыми 
қамсыздандыру өнімнің саны мен өндірісі 
бойынша мал мен құстың барлық түрлері 
бойынша мал шаруашылығын дамытудың 
негізгі көрсеткіштеріне, сонымен қатар, 2014 ж. 
тұқымды мал басының өсіміне оң әсерін тигізді: 
мүйізді ірі қара мал 9% (510,6 мың бас), қой 2,1 
млн. бас (2013 ж. деңгейінде), жылқы 8,6% (115 
мың. бастан 125,8 мың басқа дейін), түйелер 
17,6% (17 мыңнан 20 мың басқа дейін). Сондай-
ақ, ауылшаруашылығы кәсіпорындарында 
өнімді көрсеткіштер бойынша да оң өзгерістер 
айқындалды. Қазақстан Республикасының 
Статистика жөніндегі агенттігінің болжамды 
мәліметтері бойынша сүт сауу 2014 жылы 1 
сиырға ауылшаруашылығы кәсіпорындарында 
4,3 мың. кг (2013 ж. 3,9 мың. кг) құрады.
Құйрықты қой шаруашылығында: қазақтың 
құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарының 
ақбастау зауыттық түрі (1756 қой басы) және 
қарқынды тез өсуімен ерекшеленетін ордабасы 
қой тұқымының бадамдық ішкі табиғи зауыттық 
түрі (3210 қой басы) құрылды. Көрсетілген 
селекциялық жетістіктер шаруашылыққа енгізілді 
(Қазығұрт ауданы, «Ақбастау» ш/қ – 5826 қой 
басы, Ордабасы ауданы, «Сералы» ш/қ – 5258 
қой басы).
Сүт шаруашылығы саласында сүт бағытындағы 
мал табындарының селекциялық жетістіктерін 
пайдаланумен республиканың түрлі 
аймақтарында: қоңыр типі бойынша 25 мыңнан 
астам мал басы; қызғылт-тарғыл – 12 мың және 
қара-шұбар мал басы бойынша 8 мыңнан 
астам мал басы қамтылған. ҒЗЖ зерттеулерінің 
нәтижелері Республиканың 9 облысының 106 
шаруашылығына жалпы санмен алғанда ет 
бағытындағы ірі қара малдың өнімділігі 100, қой 
- 500,0, астам, ешкінің 4,62 мыңнан астам басы 
енгізілді. 
Ет бағытындағы мал шаруашылығы саласында 
Қазақстанның 5 облысында арнайы ет 
бағытындағы мал өсіретін 52 шаруашылық 
ғылыми қамсыздандырумен қамтылды. 
26 мыңнан астам ет бағытындағы мал 
басы сұрыпталды, оның ішінде отандық 
22,4 мың, импортталған 3,6 мың мал басы.  
Зерттеулерде саны 20 мыңнан асатын 4 
тұқымды мал зауытында және 14 тұқымды мал 
шаруашылығында отандық ет бағытындағы 
мал тұқымы табындары қамтылды, 12 мың 
мал басы сұрыпталды, оның ішінде 7,8 мың 
сиыр, 2,2 мың аналық мал басының санымен 
герефорд, абердин-ангустық, шаролез, обрак 
және симментальдік импорттық сиыр малы 
тұқымдарының 8 тұқымдық табындарына баға 
берілді. Импорттық тұқымды шетелден алып 
келінген малдардың өнімділігі және бейімделу 
қасиеттері зерттелінді. 
Мал дәрігерлігі саласында аусыл ауруының 
пайда болу қаупі жоғары аймақтар бойынша 
аусыл ауруына қарсы шаралар жүргізу жоспары 
әзірленді. Қазақстан Республикасының қаупі 
жоғары аймақтарында аусыл ауруының пайда 
болуы және таралуы қауіптеріне баға беру 
белгілерінің тізімдемесі бекітілді. 
Зерттеудің нәтижесінде Қазақстан 
Республикасында аусыл ауруымен күресудің 
Ұлттық стратегиясы әзірленді. Қазақстан 
Республикасының аусыл ауруынан еркін 
аймақ деген ресми мәртебесін алуы үшін 
аусыл ауруынан еркін аймақ Халықаралық 
эпизоотикалық бюросына (МЭБ) құжаттама 
әзірленіп және Халықаралық эпизоотикалық 
бюросына (МЭБ) жіберілді. Бұл еліміздің 
мал шараушылығы өнімдерін ЕО және ДСҰ 
экспортқа шығаруға мүмкіндік береді, және 
сәйкесінше, қазақстандық ауыл шаруашылығын 
өндірушілеріне әлемдік нарыққа жол ашады. 
19.12.2014 ж. мәлімет бойынша ет және ет 
өнімдерінің 11 908,33 т. экспортқа шығарды.
РВЗ және ВҰРО орындалған серологиялық 
мониторинг нәтижесінің, ветеринарлық 
есептерінің статистикалық мәліметтерінің, 
сондай-ақ жеке зерттеу жүргізудің негізінде 
құтыру, блютанг ауруларын және Шмалленберг 
ауруын қоздырғыш циркуляциясының болуына, 
аурудың пайда болу қаупі жоғары ауыл 
шаруашылығындағы мал жайылатын аймақтарға 
эпизоотологиялық мониторинг жүргізілді, 
бағаланды және аймақтары аудандастырылды. 
Аурулардың пайда болу қаупі бар аймақтары 
тұрғысында құтыру ауруымен күресу, блютанг 
және Шмалленберг ауруларының алдын алу 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
89
бойынша эпизоотологияға қарсы шаралар 
жоспарының жобасы әзірленді. 
7 диагностикум әзірленді, оның ішінде 
«Серологиялық сынақтан өткізу үшін 
жылқының ринопневмониясы вирусының 
антигені», «Тікелей емес гемагглютинация 
реакциясында (ТГАР) жануарларға бруцеллез 
және инфекциялы эпидидимит жұқтырылғанын 
анықтау арналған эритроцитарлы антигенді 
R - диагностикумы», «Агглютинация реакциясы 
(АР) және Комплементтің ұзақ байланысының 
реакциясында (КҰБР) жануарларға бруцеллез 
және  инфекциялы эпидидимит жұқтырылғанын 
анықтау арналған бруцелл формасының – S- 
және R антигені», «ПРАтаза қанды, жаңа сауылған 
сүтті, қан және сүт сарысуын зерттеуге арналған 
бруцеллез антигені», «Полимеразді-тізбектік 
реакциясы (ПТР) әдісімен жануарлар туберклезы 
диагностикасына арналған сынақ-жүйесі», «M. 
Bovis-ке антителді Иммунохроматографиялық 
талдауда (ИХТ) анықтауға арналған сынақ-
жүйесі», ««Полимеразді-тізбектік реакциясы 
(ПТР) әдісімен сальмонеллді анықтауға арналған 
сынақ-жүйесі», 7 вакцина («Жылқының 
сақаулығына, пастереллез және сальмонеллезге 
қарсы біріктірілген вакцина», «Жануардың 
некробактериоз және тұяқтың іріңдеуіне 
қарсы біріктірілген вакцина», «Ньюкасл 
ауруына және тауықтың инфекциялы 
бурсальді ауруына қарсы тірі біріктірілген 
вакцина», «Ауылшаруашылығындағы 
жануарлардың құтыруына қарсы вакцина», 
«Ньюкасл ауруына және құс тұмауына 
қарсы біріктірілген өлі вакцина», «Бруцеллез 
диагностикасына және профилактикасына 
арналған аллерген-вакцинасы», «Жылқының 
трихофитиясы мен микроспориясына қарсы 
өлі бивалентті вакцинасы»), 4 емдік препарат, 
яғни ауылшаруашылығындағы жануарлардың 
бруцеллезіне қарсы, қойлардың аралас 
гельминтоздарына қарсы, жануарлар маститіне 
қарсы препараттар және ірі қара малдың көбею 
қызметін және ағзаның жалпы резистенттігін 
арттыру үшін плацент экстрактынан алынған 
тіндік препарат, сонымен қатар 2 дезоқұрал. 
Әзірленді: жануарларға арналған 
азықтар мен жем-шөптерде генетикалық 
модифицияланған идентификациясы әдісі; 
ет өнімдерінің шикізаттық құрамының түрлік 
идентификациясының әдісі. 
«Ауылшаруашылығы шикізатын бастапқы 
және тереңінен қайта өңдеу және оны сақтау 
техникасын және технологиясын жетілдіру» 
бағыты бойынша
Ұйыған сүттегі бактериялардың 20 өнеркәсіптік 
дақылдарынан алынған, нан пісіру және құрама 
жемдерге қосылатын азықтық қоспаларға 
арналған пробиотикалық әсеріне қарсы 
биопрепараттар және қара бидай ашытқысын 
жасау үшін микроағзалардың егжей-тегжейлі 
молекулярлы-генетикалық және биохимиялық 
сипаттамалары берілген, сөрелік дақылдардың 
арнайы мамандандырылған топтамасы 
жасалынды. 
17 технология әзірленді, оның ішінде: дәнді 
қайта өңдейтін өндірістердің құрамында 
пентосы бар қалдықтарынан ксилоза алу 
бойынша, резистентті крахмал алумен нативті 
дәнді крахмалды модифициялау бойынша, 
майсыз фосфатидтерден тағамдық лецитин 
алу, майлы өнімдерді пайдалана отырып, нан 
пісіру және кондитерлік өнімдер өндірісінің 2 
технологиясы, қант алмастырғыш, дәруменді-
минералды кешендер, ет өнімдерін өндіруге 
арналған тағамдық ингредиенттерді қолданудың 
4 технологиясы, полифенол концентратын алу 
мақсатында жүзімді тереңінен қайта өңдеу 
технологиясы, фосфатидтерді максималды 
түрде бөліп шығару арқылы соя және күнбағыс 
майының ферментті гидратациясының 
технологиясы, өнеркәсіп жағдайларында 
жартылай қатты шикізатты өндірудің 2 
технологиясы, көкөніс (ас қызылшасы және сәбіз) 
сығындысынан құрамында пектин бар экстракт 
алу, араласқан өсімдік дақылдарын сүрлеуге 
арналған ашытқы технологиясы, ет өңдейтін 
қуаттылығы аз кәсіпорындардың ағынды суларды 
тазалау технологиясы. 
Жылқы етінен алынған ет өнімдерін, жем-
шөптік қоспалар, бидай ұрығынан алынатын 
майлар, дәнді кептіруді автоматтандыру 
бойынша, жартылай қатты шикізаттар, екінші 
ет қалдықтарынан құрамында метионині бар 
концентрат, полифенол концентраттарын, 
көкөніс сығындыларынан пектинді экстракт 
өндіру бойынша 12 стандартты ұйымдар 
құрылды.
Дәнді бастапқы өңдеу және сақтау бойынша 
технологиялық үдерістер мен жабдықтарды 
автоматтандырудың заманауи құралдарының 
каталогы әзірленді. 
Май, ет, жеміс-көкөніс өнімдерінің дұрыстығын 
бағалау және жасандылығын айқындау бойынша 
3 әдістемелік көрсеткіштер; жоғары сапалы 
бал жүгеріден жасалған шәрбатын алу үдерісін 
оңтайландыру бойынша ұсынымдар; нан-тоқаш 
және ұн кондитерлік өнімдерін дайындаудың 
4 нұсқаулығы; ксилозадан ксилита алу тәсілі; 
климат камерасының экспериментальді үлгісіне 
конструкторлық құжат; өнеркәсіп жағдайларында 
жартылай қатты шикізатты өндірудің 2 рецепті; 
нан-тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
90
дайындаудың 4 рецептурасы әзірленді. 
Микробиологиялық мониторинг негізінде 
қайта бөлінген 15 штамм арқылы қолдағы бар 
топтаманы толықтыру жұмыстары жүргізілді. 
Түгендеу жүргізілді және топтамалардың 
электронды тізімі ресімделді және 15 штамм 
сақтауға берілді, 15 штамм генотиптендірілді. 
«Ауылшаруашылығы қызметі үдерісіндегі табиғи 
ресурстарды өндіру және сақтауды қамтамасыз 
ету» бағыты бойынша
2014 ж.: 15 технология, 24 ұсыным, 5 нұсқаулық, 
2 басшылық, 3 экспериментальді үлгі, 1 
технологиялық регламент, 1 әдістеме, 1 болжам, 
1 АТУ кешені, 4 электронды карта әзірленді, 
инновациялық патентке 10 өтінім берілді. 
Өнертабысқа 1 патент және ҚР 4 инновациялық 
патент алынды. 
Мелиорация бойынша ирригационды жүйелерді 
модернизациялау кезінде су ресурстарын 
ұтымды басқару және пайдалану, Қазақстанның 
негізгі орманды алқаптарында ормандылықты 
және орманның тұрақтылығын арттыру үшін 
технологияларды жетілдіру мәселелері, топырақ 
құнарлығын сақтау және тиімді жетілдіру 
технологиялары және оның параметрлерінің 
бағалау критерийлері бойынша 7 ұсыным 
(технология) әзірленді. 
5 облыс бойынша су құрылымдарының (1707 
дана) техникалық жағдайлары бойынша 
тексерулер жүргізілді. Тексерудің нәтижесі 
облыстық сандық картасына және жер асты 
сулары мен т.б. су бөгеттерін қайта орнына келтіру 
және пайдалануға беру бойынша ұсынымдар 
және тұтынушының нұсқаулығы жасалған 
ақпараттық-кеңестік жүйесінің деректер қорына 
енгізілді. 
Орман шаруашылығы саласында елді мекендерді 
орман өртінен қорғау бойынша шаралар, орман 
алқаптарын өрт шалуына қарсы құрылғының 
сұлбасы әзірленіп, ұсынылды. Арал теңізінің 
кепкен түбінің топырақ картасының заманауи 
электрондық нұсқасы және оны 150 мың га. 
аумақты қолдануға (сексеуіл және жайылымдар 
ұйымдастыру) мүмкін болатын картаның нұсқасы 
жасалынды. 
Органикалық көміртекті тарату бойынша 
ақпараттық деректер қоры және оның 
ормандарда жылдық сақталуы құрылды (мысалы, 
Қарағанды, Шығыс-Қазақстан және Алматы 
облыстарында). 
Кенді Алтайдың қоңыр-қарағайлы ормандарында 
болатын шабудың  негізгі пайдалану жүйесін 
бағалау бойынша тұжырымдама берілді. 
Қарағай көшеттеріне селекциялық және 
генетикалық тұрғысынан баға беру бойынша 
ұсынымдар әзірленді. Солтүстік Қазақстанда 
интродуценттер топтамасын қайта қалпына 
келтіру, сақтау және ұлғайту бойынша ғылыми-
негізделген ұсыныстар әзірленді. 
Агрохимия және топырақ зерттеу саласында 
Арал маңындағы трансформацияланған 
топырақты қалпына келтіру және Павлодар 
облысы және өзгелері жағдайларында жер 
шаруашылығын биологизациялау негізі бойынша, 
дала дақылдарының өнімділігін арттыру және 
топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар, 
мелиоранттар және биогумусты қолдану 
бойынша, олардың биоөнімділігін арттыру 
бойынша 13 ұсынымдар даярланды. 
Сынамалы жер телімдерін суландыру және 
геоботаникалық мелиоративті гидрологиялық 
сипаттамасын беретін жайылымдардың 
экологиялық-мелиоративті жағдайының 
картографиялық материалы әзірленді. 
ПА-2-1, С-1-1 кіші көлемді препараттар-
адаптогендерді қолдануға бағытталған жолмен 
құнарсыз жерге егілген дақылдардың өнімділігін 
арттырудың ұтымды аграрлық амал-тәсілдері 
белгіленді. 
«Топырақты нөлдік өңдеу тәсілі» инновациялық 
патентіне оң шешімдер қабылданды. 
«Ауылшаруашылық өндірісінің тиімді 
факторларын және ауылдық аймақтарды дамытуға 
зерттеу жүргізу» бағыты бойынша: келесі негізгі 
амалдарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін 14 
ұсыныс пен ұсынымдар әзірленді: 
Экспорттық әлеуеттің жай-күйіне баға беру 
кезінде, ішкі нарықта республикада өндірілетін 
көптеген өнімдерге әлеуетті сұраныстың 
жеткізіліксіз (бидай, күріш, ұн, көкөністен басқа) 
екендігі байқалды. Экспортқа шығару үшін түрлі 
өнімдерді өсіріп, өндіру шаралары қарастырылды, 
олардың БЭК елдерінің нарығына енуін дамыту 
мүмкіндіктері есептелінді. Күріш-жармаларды 
жеткізу 2 есеге, сиыр етін жеткізу - 0,3-тен 100 
мың. т. дейін, көкөністер - 9,3-тен 250 мың. т. дейін 
және жеміс-жидектер - 70 тоннадан 20 мың т. 
дейін өсетін болады. Әр азық-түлік нарығы үшін 
оның экспорттық әлеуетін алға ілгерілету және 
дамыту амал-тәсілдері анықталып карастырылған. 
Интеграцияланған және интеграцияланбаған 
құрылымдар қызметінде жер телімі-мүліктік 
қатынастардың жетілдірілмеген механизмдеріне 
баға берілді: қаржылық және материалдық-
техникалық ресурстарды, несиелеу, лизингтік 
қызметтерді пайдалануда жеке дербестіктің 
болмауы, интеграцияланған құрылымдардың 
негізгі ұйымдарына толықтай тәуелді болу; ішкі 
шаруашылық құрылымдарында қатал түрде 
басқару қызметтерін орталықтандыру, жер 
үлестерінің және мүліктік пай иегерлерінің 
құқығына шек қою, жер телімі үлесінің айналымын 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
91
ішкі шаруашылық есепке алмау. 
Ет және сүт өнімдерінің нарығын дамыту үшін, 
келешекте сүттің жалпы өнімін 87% дейін 
жеткізетін отбасылық фермаларды дамытудың 
қажет екендігі экономикалық тұрғыдан 
негізделген. Өндіріс инфрақұрылымын және оны 
іске асыру механизмдерін дамытуға мүмкіндік 
жасайтын, сиыр малының 24, 50, 100 және 200 
басына минисүт-тауарлық ферманың үлгісі 
әзірленді. 
Ауылдық аймақтарды бұдан әрі де дамыту және 
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, сақтау 
және қайта өңдеу бойынша орта және ірі 
кәсіпорындары дамуы қажет болып табылатын, 
ауылдық елді мекенді пункттері негізінде 
агроқалашықтарды құру бойынша ұсынымдар 
әзірленді. Келешектегі агроқалашықтың 
әлеуметтік-экономикалық мәртебесін 
трансформациялау бағыттары анықталды. 
Аграрлық ғылымның ғылыми нәтижелерін енгізу
Ауыл шаруашылығында ғылыми жетістіктерді 
ендіріп отыру өндірістің тиімділігін, аграрлық 
нарықта ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. 
Өндіріске енгізілген озық технологиялардың 
нәтижелілігінің нақты мысалы болып озық 
тәжірибені зерттеуде де таратуда да бірдей 
жүргізіп келе жатқан егін шаруашылығында 
ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу 
болып табылады. 
2014 жылы АӨК-те ресурс үнемдейтін 
технологиялардың аумағы 12,9 млн. га. 
ұлғайды. Мысалға, А.И.Бараев атындағы астық 
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 
(бұдан әрі - А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ) 
селекциясы «Ақмола 2» бидайының сұрыбын 
ендіру аумағы 1 664 мың.га. дейін жеткізілді. 
Бұдан экономикалық тиімділік 1 га 3 000 теңгені 
немесе 5 млрд.теңгені құрайды. Нәтижесінде 
Ақмола облысы бойынша отандық ғалымдардың 
бидай селекциясының сұрыптарының үлесі 74%, 
ал А.И.Бараев атындағы  АШҒЗИ селекциясының 
«Ақмола 2» және «Астана» жаздық бидай 
сұрыптарын ендіру аумағы 2,1 млн.га дейін жетті. 
Зияткерлік меншік институтында тіркелген 
ауылшаруашылық дақылдарының (астық, жем-
шөптік, майлы) отандық сұрыптарын тарату 
бойынша фермерлермен 20 астам лицензиялық 
келісімдер жасалынды. 
Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» 
ЖШС 3000 га астам аумақта «Қазақстанның 
оңтүстік-шығыс аймақтарында жем-шөптік 
дақылдарды егудің инновациялық энергия-ылғал 
үнемдейтін агротехнологиялар мен қорғаудың 
интеграцияланған жүйелері» жобасы бойынша 
шаралар қарастырылды. Шаруашылықта өте 
жоғары, болмаса әлемдік жетістік деңгейіндегі егін 
өнімі алынды. Сонымен, соя 52 ц/га астам өнімді 
құрады, салыстыру үшін Қазақстан Республикасы 
бойынша - 19,7 ц/га; сүрлеуде жүгері өнімі 1200 ц/
га, (576 ц/га); суармалы күздік бидай өнімі – 84,56 
ц/га; суармалы күздік тритикал өнімі – 116 ц/г 
құрады, бұл Қазақстан Республикасы бойынша егін 
өнімімен салыстырғанда 1,56 - 3,08 есе көп. 
Туберкулинге тез берілетін ірі қара 
мал және түйе туберкулезінің 
дифференциальды диагностикасына арналған 
иммунохромотографиялық әдісі енгізілді. Батыс-
Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл 
және Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы 
шаруашылықтағы жануарларға бруцеллез 
диагностикасы және профилактикасы бойынша 
эпизоотикаға қарсы шаралардың ғылыми 
негізделген бағдарламалары әзірленіп, енгізілді. 
Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу 
саласында Шығыс Қазақстан облысындағы «ШҚ 
Зайтенов Е.» ЖШС жартылай қатты шикізаттарды 
өндіру технологиясы енгізілген; Шығыс Қазақстан 
облысындағы «Сагинкумаров М.» ЖК етті қайта 
өңдеу кәсіпорнында – ұлттық ет өнімдерін 
өндіру арналған технологиясы және жабдықтар, 
Ақмола облысындағы «КазГер» ЖШС – астықты 
полиэтиленді сақтау орындарында сақтау 
технологиясы; Шығыс-Қазақстан облысындағы 
«МПК-Технология» ЖШС – етті қайта өңдейтін 
кәсіпорындарында ағын суларды тазалау 
технологиясы. 
Мелиорация саласында Қызылордалық су 
торабында судың ағуын басқару, бақылау және 
есепке алу бойынша автомандантырудың 
техникалық құрамы және жүйесінің кестесі; 
минералды су асты суларын ұңғыманың 
колоннасына кері осматикалық әдісімен тұщыту 
бойынша технологиялық жабдықтар (№ 23118 
ҚР патенті) –Жамбыл облысындағы «А. Сағынтаев 
атындағы» ЖШС (енгізу тиімділігі: 80 мм диаметрлі 
металлді құбырын 50 м үнемдеу) су бөгетінде; 
төмен қысымды себелеп суару технологиясы – 
Жамбыл облысында (ш/қ «Нөсер», ш/қ «Самғау» 
жалпы аумағы 80 га); мақта және күріш егіс 
айналымындағы суармалы жерді мелиоративті 
режіммен басқару технологиясы – Сырдария су 
қойнауында енгізілген, оның ішінде:
- Оңтүстік Қазақстан облысында аумағы 2,5 
мың га тұзды топырақты тұщыту технологиясы 
(ПК «Кетебай» -1083 га, ПК «Али» - 300 га, ш/қ 
«Нұралы-Жол» - 537 га, ш/қ «Бағдат» - 500 га, ш/қ 
«Валишев» - 80 га) енгізілген – бұл бірлігіне тұздың 
массасын 15-25% дейін су шығынын төмендетуге 
ықпал етті, алғашқы суғаруға дейін тамыр жататын 
қабаттың жоғары ылғалдылығын (73-82% НВ-тен) 
қамтамасыз етті;

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
92
- Старый Икан а. 150 га аумағында сортаң 
жерлерді құнарлануын арттыру технологиясы;
- Қызылорда күріш жүйесінің2,5 мың га аумағына 
субирригациясына жер асты суы (Шиелі ауданы 
-1600 га, Жаңақорған ауданы -900 га);
- Оңтүстік Қазақстан облысында (ш/қ «Қанат»-50 
га, «Кетебай» ЖШС -150га) 200 га аумағын 
суаруға коллекторлы-дренажды суды қолдану 
технологиясы, бұл суармалы судың шығынын 30-
35% дейін төмендетті;
- Қызылорда массивінің 400 га аумағында аз 
минералды жер асты суларын қолданумен 
күріш егіс айналымындағы дақылдарды суару 
технологиясы (Шиелі ауданы– 250 га, Жаңақорған 
ауданы – 150 га).
«Ақылбай» ЖШС-неалқаптың 75 га аумағына 
аролесомелиоративті қорғау құрылғысына 
байланысты топырақтың қалыңдығына ылғалды 
толтыру бойынша ұсынымдар әзірленіп, 
тапсырылды; органикалық егін шаруашылығының 
элементтері Павлодар облысының 300 мың га 
аумағына енгізілді; күздік бидайды айдауда ресурс 
үнемдейтін тарақты технологиясы – Жамбыл 
облысының шаруашылығында (43,8 ц/га егін өнімі 
алынды). 
Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 15.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет