Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



жүктеу 15.37 Kb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата25.04.2017
өлшемі15.37 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Б Б К 72,3
А 12
I S B N 9965-25-129-0
 
«ҚА З АҚС ТА Н Р Е С П У Б Л И К АС Ы 
 
ҰЛ Т Т ЫҚ ҒЫ Л Ы М А К А Д Е М И Я С Ы » РҚБ, 
2015
ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 21 ТАМЫЗДАҒЫ№ 
369 ЖАРЛЫҒЫМЕН2015 ЖЫЛҒЫ 21 МАМЫРДАҒЫ №27 ӨЗГЕРТУЛЕР 
ЕНГІЗІЛУІМЕН ШЫҒАДЫ
2014 жыл бойынша Ғылым туралы ұлттық баяндама. – Астана, 2015. – 164  б.
ISBN 9965-25-129-0
2014 жыл бойынша ғылым туралы ұлттық баяндама әлемдегі және 
Қазақстандағы ғылымның жай-күйі, даму үрдістері мен перспективалары, 
сондай-ақ ғылым дамуының басым бағыттары: «Табиғи ресурстарды 
тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді өңдеу»; «Ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялар»; «Өмір туралы ғылым»; «Елдің 
зияткерлік әлеуеті»; «Энергетика және машина жасау» бойынша отандық 
ғылымның айтарлықтай елеулі жетістіктерін қамтиды.
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуеті келесі негізгі 
көрсеткіштері бойынша қарастырылған: ғылымды қаржыландырудың көлемі 
мен көздері; ғылыми, ғылыми-техникалық кәсіпорындар мен мекемелердің 
саны, олардың материалдық-техникалық базалары; ғылыми кадрлар саны мен 
біліктілігі; орындалған ҒЗТКЖ көлемі.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
3
МАЗМҰНЫ
 
 
 
 
 
 
 
 
1. КІРІСПЕ
(Ұлттық баяндаманың мақсаты).
2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
(соңғы үш жылдың ғылыми-метрикалық талдауы, қазақстандық ғылымның 
жетістіктерін талдау (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің
неғұрлым маңызды нәтижелері, енгізілген әзірлемелер), ғалымдардың зерттеу 
белсенділігінің көрсеткіштері (жарияланымдар саны, дәйексөзге алыну индексі,
журналдардың импакт-факторы, патенттік белсенділік)
3. БАСЫМ БАҒЫТТАҒЫ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ 
ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық
 комиссия айқындаған ғылымның бағыттары бойынша, іске асырылуын талдау)
4. ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
(ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының, ғылыммен айналысатын 
дербес білім беру ұйымдарының сапалық құрамының жай-күйін, отандық ғылыми
кадрларды даярлау сапасын, шетелдік ғалымдарды тартуды, ғылыми зерттеулерді 
жүргізу үшін ғылыми зертханалардың қазіргі заманғы жабдықтармен 
жарақтандырылуына талдау жасау)
5. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫН ТАЛДАУ
(мемлекеттік бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын, ғылымға жекеше сектордан 
қаржы қаражатының тартылуына талдау жасау) 
6. ҒЫЛЫМ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ
(шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен ғылыми техникалық
 келісімдерді іске асыру нәтижесінде алынған қазақстандық ғылымның 
 жаңалықтары мен жетістіктері)
7. ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
(технологиялар мен ғылыми және (немесе)  ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін 
коммерциаландыру тетіктері, ғылымның, өнеркәсіп пен бизнес-қауымдастықтың 
ықпалдасуын талдау, ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі мен 
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жалпы ішкі 
өнімнің өсуіне әсерін бағалау)_
8. САЛАЛЫҚ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
 
(ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті басқару бойынша)
9. ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
(Ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамыту бойынша)
10.  ӘДЕБИЕТ
11.  ГЛОССАРИЙ
114
112
109
80
69
56
50
42
29
7
4

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
4
1. КІРІСПЕ (ҰЛТТЫҚ  БАЯНДАМАНЫҢ  
МАҚСАТЫ)
«Қазақстан-2050» [1,2] даму Стратегиясы мен 
Қазақстан Республикасы Президенті 
Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа 
бастар жол» атты Жолдауында [3] көрініс 
тапқан жаңа экономикалық саясаттың 
қағидаттары мен артықшылығы, ел 
экономикасының жедел өсуіне, осылайша 
қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, 
елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтауға септігін 
тигізуі керек, осылайша елдің өркендеуіне нық 
тірек бола алады. Мемлекет басшысы елдің 
инфрақұрылымдық дамуының кең ауқымды 
жоспарын ұсынды [4].Президент: «Дағдарыс 
жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп 
отырғанындай, экономикалық саясатты 
қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды 
экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда 
аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін 
салалар алуы тиіс», - дейді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан 
Республикасының 2020 жылға дейінгі 
инновациялық даму тұжырымдамасы, екінші 
бесжылдыққа Индустриалды-инновациялық 
даму мемлекеттік бағдарламасы, (2015-2019 
жылдар), Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы [5] және Ұлт жоспары 
– 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі 
заманғы мемлекет Мемлекет басшысының 
тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.
Бұл процесс жоғары білікті ғылыми 
және инженерлік-техникалық кадрларды 
даярлаумен және отандық ғалымдардың 
ғылыми зерттеулерінің жаңа жетістіктерін және 
инновациялық технологияларды өндіріске 
ендірумен байланысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі экономиканың энергетика, 
металлургия, машина жасау, мұнайхимия сынды 
4 саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау 
мен қолданбалы ғылымды дамыту бойынша 
негізгі ЖОО-ларды анықтады. Осы орайда 
жұмыс Швеция, Германия, Ресей, Латвия, Чехия, 
Польша сынды шетелдік жетекші  серіктес ЖОО-
лармен бірлестікте әзірленген инновациялық 
бағыттағы жаңа білім беру бағдарламалары 
бойынша жүргізілетін болады. Қазірдің өзінде 
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму 
бағдарламасы аясында базалық ЖОО-ларды 
бірлестікте дамыту бойынша жобаларды жүзеге 
асыратын кәсіпорындар қатары анықталды. 
Оқу сабақтары жаңа зертханалық құрал-
жабдықтар, заманауи техникалар негізінде 
өткізіледі. Олар студенттердің энергетика, 
металлургия, мұнай химиясы және машина 
жасау салаларындағы жаңа инновациялық 
технологиялармен танысуына мүмкіндік береді.
Ғылымның серпінді дамуы және ғылыми-
зерттеу қызметінің нәтижелерін ендіру және 
коммерцияландыру бойынша қолайлы жағдай 
жасау үшін мыналар іске асатын болады:
- инновацияларды өндіріске ендіру бойынша 
жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар 
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық 
қызмет нәтижелерін коммерциаландыру 
туралы» Заң әзірлеу. Ғылыми гранттар 
мен бағдарламалардың құрылымдарын 
индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік 
бағдарламасының қажеттіліктеріне қайта 
бағдарлау.
 - екі инновациялық кластерді ғылымға 
сүйенетін экономиканың негізі ретінде 
әзірлеу. Назарбаев Университет «Астана 
Бизнес Кампусқа» бірлескен ғылыми-зерттеу 
жобаларын және тәжірибелі-конструкторлық 
жұмыстар жүргізу, сондай-ақ оларды одан әрі 
коммерциаландыру үшін ғылыми орталықтар 
мен зертханалар орналастырылатын болады. 
Нақты өндірістік жобаларды іске асыру үшін 
Инновациялық технологиялар паркі жергілікті 
және шетелдік жоғары технологиялық 
компанияларды тартатын болады.
Осылайша, ғалымдар мен өндірісшілердің 
тығыз ынтымақтастығы ғылым, білім мен 
өндірістің интеграциялану үдерісінің күшеюіне 
қызмет ететін болады. Адамзат капиталына
тәжірибелік білім мен дағды-машықтарға 
салынатын инвестициялар басты басымдықтар 
қатарында болады. Себебі қазіргі маманның білім 
деңгейі, кәсіпқойлығы, креативтілігі мен оқуға 
бейімділігі оның мейлінше бағалы қасиеттері 
болып табылады. Осы бағдарламаның негізінде 
еңбек нарығы мен жұмыс берушілер түлектердің 
дайындық деңгейімен толық қанағаттанатын 
болады. Ал ЖОО-лар өздеріне деген сенімді 
қайтару арқылы олардың арақатынастары шын 
мәніндегі серіктестік дәрежесіне жетеді.
Ғылымды басқарудың жаңа жүйесінің негізгі 
құрылымдары: Қазақстан Республикасының 
Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық 
комиссияның (ЖҒТК), ҚР БҒМ Ғылым комитетінің, 
ғылым дамуының басымдықтары бойынша 
Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК), «Мемлекеттік 
ғылыми-техниклық сараптама ұлттық орталығы» 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
5
АҚ-ның (МҒТС ҰО) жұмыс механизмі жолға 
қойылды.
2013 жылы ЖҒТК мәжілісінде (22.06.2013 ж.) 
ғылым дамуының басым бағыттарына түзетулер 
енгізіліп, ғылым дамуының 2014-2016 жылдарға 
арналған жаңа басымдықтары мақұлданды. Осы 
орайда келесі екі басымдыққа өзгерістер енгізілді:
– табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, 
шикізат пен өнімді қайта өңдеу; 
– энергетика және машина жасау.
Осылайша, Мемлекет басшысының 
«Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгілеген 
тапсырмаларына сәйкес бірінші басымдық 
бүгінгі таңдағы табиғи ресурстарды тиімді 
пайдалану мен геология ғылымдары бойынша 
өзекті зерттеулермен, экология саласындағы 
әзірлемелермен (қоршаған ортаны қорғау), су 
және өзге ресурстармен толықтырылды. Екінші 
басымдық ел экономикасының индустриалды-
инновациялық даму басымдықтарына сәйкес 
машина жасау саласындағы энергияны өзгерту 
(энергетикалық машиналар), зымыран-ғарыштық 
техника, ауыл шаруашылығы машиналары, 
көлік және т.б. бойынша зерттеулермен 
толықтырылды.
Осыған байланысты 2014 жыл бойынша 
Ғылым туралы ұлттық баяндамада ғылыми 
зерттеулердің жүзеге асырылуы ЖҒТК мәжілісінде 
мақұлданған 2014-2016 жылдарға арналған 
ғылым дамуының бес басымдығына сәйкес  
зерделенеді:
• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, 
шикізат пен өнімді қайта өңдеу;
• Энергетика және машина жасау;
• Өмір туралы ғылым; 
• Ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологиялар;
• Елдің зияткерлік әлеуеті.
Басым бағыттарды іріктеудегі негізгі 
критерийлер:
– елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының, 
ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму 
жоспарының, 2010-2014жылдарға ҚР 
индустриалды-инновациялық жедел дамуы 
бойынша Мемлекеттік бағдарламаның 
басымдықтарына сәйкестік;
– ғылым дамуының әлемдік үрдістеріне 
сәйкестік;
– кадрлық және материалдық-техникалық 
әлеуеттің болуы;
– ғылыми зерттеу нәтижелерін әры қарай 
инновациялық дамуда пайдалану үшін 
коммерциаландыру мүмкіндігі.
2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған 
ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыру 
конкурсына ғылым дамуының 5 басымдығы 
бойынша ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардан 
және жеке тұлғалардан 5749 жоба ұсынылды 
(2013 жылы 2744 өтінім ұсынылған болатын). 
5749 жобаның 865-і мақұлданбады, 2702 (47%) 
өтінім ЖОО-дан түсті. Гранттық қаржыландыру 
конкурсының қорытындыларын талдау 
нәтижелерінен ЖОО-дағы ғылымның қарқынды 
даму үрдісі көрініп тұр.
Қазақстанда ғылым дамуына Астана 
қаласында орналасқан Халықаралық ғылыми-
техникалық орталықтың (ХҒТО) Орталық кеңсесі 
айтарлықтай игі әсер етеді деп күтілуде. 
Осы Ғылым туралы ұлттық баяндама 
(бұдан былай – Баяндама) «ҚР Ұлттық ғылым 
академиясы» Республикалық қоғамдық 
бірлестігінде (бұдан былай – ҚР ҰҒА) ҚР «Ғылым 
туралы» Заңының 8-бабына сәйкес дайындалды.
Баяндаманы дайындау қағидалары Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығымен 
бекітілген. 
2014 жыл бойынша Баяндамада 2015 ж. 
21 мамырдағы №27 еңгізілген өзгертулерге 
сәйкес бекітілген құрылым бойынша келесілер 
ұсынылған:
1) кіріспе (Ұлттық баяндаманың мақсаты); 
2) қазақстандық ғылымның соңғы 3 
жылдағы ғылыми-метрикалық талдауы 
ұсынылған жалпы сипаттамасы, қазақстандық 
ғылымның жетістіктерін (ғылыми және (немесе) 
ғылыми-техникалық қызметтің неғұрлым 
маңызды нәтижелері, енгізілген әзірлемелер) 
талдау, ғалымдардың зерттеу белсенділігінің 
көрсеткіштері (жарияланымдар саны, дәйексөзге 
алыну индексі, журналдардың импакт-факторы, 
патенттік белсенділік);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық 
комиссия айқындаған, ғылымның бағыттары 
бойынша іргелі және қолданбалы басым 
зерттеулерді негіздеу және олардың іске 
асырылуын талдау;
4) ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
6
орындарының, ғылыммен айналысатын дербес 
білім беру ұйымдарының ғылыми әлеуетінің, 
сапалық құрамының жай-күйін, отандық 
ғылыми кадрларды даярлау сапасын, шетелдік 
ғалымдарды тартуды, ғылыми зерттеулерді 
жүргізу үшін ғылыми зертханалардың қазіргі 
заманғы жабдықтармен жарақтандырылуын 
талдау;
5) мемлекеттік бюджет қаражатынан 
жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен 
әзірлемелердің қаржыландырылуын, ғылымға 
жекеше сектордан қаржы қаражатының 
тартылуын талдау;
6) ғылым дамуындағы әлемдік үрдістерді, 
шетелдік және халықаралық ғылыми 
ұйымдармен ғылыми техникалық келісімдерді 
іске асыру нәтижесінде алынған қазақстандық 
ғылымның жаңалықтары мен жетістіктерін 
талдау;
7) технологиялар мен ғылыми және (немесе) 
ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін 
коммерцияландыру тетіктері арқылы ұлттық 
инновациялық жүйенің дамуын, ғылымның, 
өнеркәсіп пен бизнес-қауымдастықтың 
ықпалдасуын талдау, ғылымның ел 
экономикасын дамытуға қосқан үлесі мен 
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық 
қызмет нәтижелерінің жалпы ішкі өнімнің өсуіне 
әсерін бағалау;
8) салалық уәкілетті органдардың ғылымды 
және ғылыми-техникалық қызметті басқару 
жөніндегі қызметін талдау;
9) ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамыту 
жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар;
10) әдебиет;
11) глоссарий.
Ғылым бағыттары бойынша іргелі және 
қолданбалы зерттеулерді іске асыру мәселелері 
жөніндегі №3 бөлімде авторлар елдің ғылыми 
мектептерінің өкілдері-танымал ғалымдар болып 
табылады. . 
Қазақстан Республикасының ғылыми-
техникалық әлеуеті келесі негізгі көрсеткіштер 
бойынша қарастырылған: ғылымды 
қаржыландырудың көлемі мен көздері; 
ғылыми, ғылыми-техникалық кәсіпорындар мен 
мекемелердің саны, олардың материалдық-
техникалық базалары; ғылыми кадрлар саны мен 
біліктілігі; орындалған ҒЗТКЖ көлемі.
Осы Баяндамада ғылым дамуының 
басымдықтары жоғарыда көрсетілген талдауға 
сәйкес және Қазақстандағы ғылыми мектептер 
мен ғылыми әлеуетті, сондай-ақ еліміздің 
индустриалды-инновациялық дамуындағы 
басымдықтарды ескере отырып, зерделенді.
 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
7
2. ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
 
(соңғы 3 жылдағы ғылыми-метрикалық талдау негізіндегі ұсынылған қазақстан ғылымының жетістіктерін талдау (ғылыми және 
ғылыми-техникалық қызметтің неғұрлым маңызды нәтижелері, енгізілген зерттемелер), ғалымдардың зерттеу белсенділігінің 
көрсеткіштері (жарияланымдар саны, дәйексөзге алыну индексі, журналдардың импакт-факторы, патенттік белсенділік)
2014 жылы Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізген 392 
ғылыми мекеме тіркелген [6]. Олардың 245-і ҒЗИ болса, 89-ы ЖОО болды. Қалған 58-і әртүрлі мекемелер. 
Өткен жылмен салыстырғанда ҒЗИ саны - 14, ЖОО-лар – 5, басқалары 32б ірлікке көбейді.
2014  жылы  ғылыми-зерттеулермен,  зерттемелермен  айналысатындардың  саны  2013  жылмен 
салыстырғанда  9%-ға  артып,  25  793  адамды  құрады,  оның  18930-ы  зерттеуші-мамандар  (ғылыми-
зерттеулер  және  зерттемелермен  айналысушылардың  жалпы  санының  73,4%-ы);  техникалық 
қызметкерлер - 3882 (15,1%); өзге де жұмыскерлер – 2981 (11,5%).
2014 жылы ғылыми-зерттеулермен және зерттемелермен айналысатын 18930 зерттеуші-мамандардың 
8186-сы ғылыми дәрежеге ие болса, оның ішінде ғылым докторы – 2006 адам, Ph.D докторы – 330 адам, 
бейіні  бойынша  доктор  –  596  адам,  ғылым  кандидаттары  –  5254  адам.  Бұл  көрсеткіштер  2013  жылы 
сәйкесінше 7426, 1688, 218, 605, 4915 адамды құрады. Ғылымға жастар көптеп келе бастады. 35 жасқа 
дейінгі ғалымдардың үлесі 38 % (1,4 есе), 45 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі –  56% артты.
2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы мемлекеттік сектордағы қызметкерлер саны артып 37,9%-ды, 
яғни 7608 адамды құрады; кәсіпкерлік саласында – 14,9% (5786); коммерциялық емес салада 8,0% (1438) 
болды.
2.1 ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ 
Елдің инновациялық дамуына ғылымның үлесін мемлекеттік деңгейде арттыруға бағытталған белсенді 
шаралар қабылдануда. Математика, Плазма және жоғары энергия физикасы, биотехнология, геология, 
металлургия. Химия технологиялары саласында халықаралық деңгейде жеткілікті жоғары нәтижелерге 
қол жетті.
Қазақстан  ғылымының  ынтымақтастық  аясын  тиімді  кеңейтудің  бір  жолы  –  әлемдік  деңгейде 
дамытып, қолға алынған ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру үшін алыс, жақын және алыс 
шетелдердегі жетекші ғылыми басылымдарға қол жетімділікті қамтамасыз ету.
Қазақстан  Республикасы  жетекші  ғылыми  ақпарат  көздеріне  Ұлттық  жазылымды  ұйымдастырып, 
отандық ғалымдардың Thomson Reuters компаниясының Web of Science ресурсына (2011-2015 жылдар 
Сурет 2.1 – Тип бойынша ғылыми-зерттеу және зерттемелер 
жүргізген мекемелер 
Ғылыми зерттеу институттар
Жоғары оқу орындары
 Басқалар

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
8
аралығы), Elsevier компаниясының ScienceDirect және Scopus базасына (2012-2014 жж аралығы) және 
Springer компаниясының  SpringerLink (2015 жылдан бастап) ғылыми мәліметтер қорына қолжетімділігін 
қамтамасыз етіп отыр. 
Қазіргі таңда еліміздегі 300-ден астам оқу орындары мен ҒЗИ жоғарыда атап өткен ғылыми мәліметтер 
қорын  мемлекеттің  еркін  пайдалануда.  Бүгінде  халықаралық  мәліметтер  қорын  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ Ұлттық университеті, Назарбаев университет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 
Ф.М. Мұхамедғалиев атындағы эксприменттік биология институты және Математика және математикалық 
модельдеу институты белсенді түрде пайдаланып жүр. 
Ұлттық  жазылым  іске  қосылған  кезден  бері  отандық  ғалымдардың  Web  of  Science  Core  Collection 
базасында мақалалары 2,9 есеге артса, Scopus ғылыми мәліметтер қорында 3 еседен көп артқан.2011-2014 
жылдар аралығында Web of Science Core Collection және Scopus мәліметтер базасында қазақстандық 
авторлардың ғылыми жарияланымдары 3219 және 5199 болды (2.2-сурет).
2011-2014 жылдарда қайталанған жарияланымдарды алып тастағанда Web of Science Core Collection 
және Scopus базаларында 6382 құжат жарияланған. Бұдан көретініміз, ғалымдарымыздың жариялаған 
әрбір үшінші жарияланымы бір мезетте екі бірдей сілтемелік индексте болады (2.3-сурет). 
 Сурет 2.2 – 2011-2014 жылдардағы Web of Science Core Collection және Scopus 
базаларындағы қазақстандық жарияланымдардың саны (22.05.2015 ж. жағдай бойынша).
Сурет 2.3 – 2011-2014 жылдары Web of Science Core Collection және Scopus мәліметтер 
базасындағы қазақстандық жарияланымдардың нақты саны.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
9
Scopus  мәліметтер  базасында  2011-2014  жылдарда  әлемнің  229  елі  бойынша  барлық  ғылым  саласынан  10638546 
жарияланым (20.07.2015 жылғы жағдай бойынша) ұсынылған. Барлық құжаттың төрттен үш бөлігі 10 елге қатысты, оның 
әрқайсысы 32 мыңнан астам мақала жариялаған (2.1-кесте). 
Web of Science Core Collection базасы бойынша да осындай көрініс байқалады. Зерттелген жылдар 
аралығында базаға жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылым салалары бойынша әлемнің 239 
елінен (15.05.2015 ж. жағдай бойынша) 8625197 жарияланым қосылған. 76%-дан астам жарияланым 10 
елге тиесілі, олардың әрқайсысы 278000-ден астам мақала жариялаған. Екі база бойынша көшбасшылық 
позицияны дамыған 6 ел, атап айтқанда, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Жапония және Францияға 
тиесілі.  Әлемдік  ғылыми  мақалалардың  ширек  бөлігін  америкалық  ғалымдар  аталған  базалардың 
басылымдарына ұсынып отырады (2.1-кесте).
Кесте 2.1 – 2011-2014 жылдары сілтемеге ие шетелдік мәліметтер базасындағы жарияланымдардың саны бойынша 
мемлекеттердің рейтингісі
Сурет 2.4  – 2005-2014 жылдардағы Scopus (а) және Web of Science Core Collection (б) халықаралық сілтемелер 
базасында Орталық Азия Республикасы мемлекеттерінен келіп түскен мақалалардың динамикасы

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
10
Scopus және Web of Science Core Collection базасында жарияланымдардың әлемдік рейтингісі бойынша 
Қазақстан сәйкесінше 77 және 85-ші позицияны иеленеді, осылайша еліміз Орта-Азия Республикаларының 
көпшілігін басып озады. Қалған Орталық Азия Республикалары – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және 
Түркіменстанның үлес салмағы 0,03%-ға жуығын құрайды.
ОАР елдерінің соңғы 10 жылдағы мақала жариялау белсенділігінің салыстырмалы жинағынан Қазақстан 
ғалымдарының соңғы жылдардағы мақала жариялау белсенділігінің  біршама өскендігін көруге болады 
(2.4-сурет).    2011  жылдың  соңынан  бастап  Ұлттық  жазылымның  нәтижесінде  отандық  ғалымдар  мен 
зерттеушілердің мақала жариялау белсенділігі артып келеді. Аталмыш кезеңде қазақстандық еңбектердің 
шетелдік ақпараттық ресурстарға келіп түсуі жыл сайынғы жарияланым санының артып отырғандығын 
көрсетеді, сонымен қатар 2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 3 есе (Web of Science Core Collection) 
және 3,7 есеге (Scopus) артып отырған. Сәйкесінше, осы жылдары әлемдік ғылыми ақпарат ағынында  
қазақтандық жарияланымдар  үлесі 2,9 және 3,6 есе артты (2.2-кесте). 
Біршама  қазақстандық  жарияланымдардың  бір  уақытта  екі  бірдей  мәліметтер  базасында 
сілтемеленетінін ескеріліп, Web of Science Core Collection базасы бойынша әрі қарай зерттеу жүргізілді, 
бұл талдау қондырғысы әлдеқайда толық ғылыми-метрикалық зерттеу жасауға мүмкіндік береді. 
Тұтастай алғанда, зерттелген жылдарда  Web of Science Core Collection базасында 3225 қазақстандық 
жарияланым ұсынылған (25.05.2015 ж. жағдай бойынша), бұл мәліметтер базасындағы жалпы санның 
ширек бөлігінен астамын құрайды (2.5-сурет). 
Әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті арттырудың пайдалы екендігін айғақтайтын жағымды 
фактор – еліміздің зерттеушілерінің әлемдік ғылыми қоғамдастыққа кірігуінің күшеюі. Тұтастай алғанда 
қазақстандық ғалымдардың шетелдік авторлармен бірлесе дайындаған жұмыстарының үлес салмағы 2011 
жылдан 2014 жылдар аралығында екі есеге дейін артып, 42,6%-ды құраған. Осылайша 107 мемлекеттің 
шетелдік ғалымдарының қатысуымен жасалған жарияланымдардың абсолютті көрсеткіші 1366-ға жетті 
(2.6-сурет).
Қазақстан ғалымдарының негізгі әріптестері Ресей мен АҚШ ғалымдары, қазақстандық ғалымдардың 
бірлескен авторлық мақалалары 2011-2014 жылдар аралығында жарияланған мақалалардың 55%-дан 
астамын құраған. Web of Science ғылыми мәліметтер қорына жарияланған. Осы ретте өнімді ғылыми 
байланыс Германия, Англия, Жапония және Италиямен орнағанын айта кетуіміз керек. Бұдан басқа соңғы 
уақыттары  Қазақстан  Азия  елдерімен  де  ғылым  саласындағы  байланысы  жандана  түскенін  байқауға 
болады.
Кесте 2.2 – 2011-2014 жылдардағы халықаралық сілтеме базасындағы әлемдік ағын бойынша  қазақстандық 
жарияланымдардың үлесі (25.05.2015 ж. бойынша).

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
11
Сурет 2.5 – Web of Science Core Collection базасындағы қазақстандық ғалымдар мен 
зерттеушілердің мақала жариялау белсенділігі
Шетелдік басылымдарда жарық көрген қазақстандық ғалымдардың мақалаларының 95%-ы ағылшын 
тілінде, 4,7%-ы орыс тілінде, ал қалған 0,6%-ы түрік, қытай, француз және испан тілдерінде жарық көрген. 
Халықаралық  деңгейде  біріккен  жарияланымдардың  артуы  әлемдік  ғылыми  қоғамдастық  алдында 
Қазақстан ғалымдарының географиялық аумақ пен тілдік мәселелер шектеу қоя алмайтынын байқауға 
болады.
Сурет 2.6  - Web of Science Core Collection бойынша 2011-2014 жылдардағы 
Қазақстанның шетелдік жетекші ғылыми әріптестері 
жылдар

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
12
Қазақстан ғылымның әлсіз және қарқынды дамыған тұстарын айқындау үшін Web of Science Core Col-
lection базасының ғылым саласына арналған индекстік 251 тәртіптік категориясымен айқындауға болады. 
Ғылымның  даму  бағытын  айқындайтын  арнайы  индексте  қандай  да  бір  сала  бойынша  жарияланған 
мақалалардың  үлес  салмағын  әлемдегі  ғылыми  үрдіспен  салыстырып,  анықтауға  болады.  Егер  осы 
есептеу жүйесін пайдаланып, ғылымның қандай да бір түрі кейбір елде жоғары деңгейде дамыған болса, 
сол елдің ғылымы сол салаға маманданғанын аңғаруға болады [7,8].
Web of Science бойынша қазақстандық жарияланымдар 203 пәндік категориясында қалыптасқан. Соның 
ішінде 72 сала бойынша ғылыми мақала жариялаған қазақстандық ғалымдардың жарияланымдары орта 
көрсеткіштен жоғарылағанын аңғаруға болады. Осы бір жайттан-ақ Қазақстанда ғылымның қай саласы 
қарқынды дамып жатқанын байқаймыз. Жоғарыда атап өткен уақыт аралығында елімізде математикалық 
логика, физиканың элементарлы бөлшектері, ядролық физика және технология, тау-кен ісі мен пайдалы 
қазбалар және мұнайкәсіпшілігі ісі бойынша әлемдегі орта деңгейлі бестік көрсеткіштен асып, бұл бағытта 
ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын аңғаруға болады (2.3-кесте).
Сурет 2.7 - 2011-2014 жылдар аралығында Әлемдік корпус (а) және Қазақстанның (б) ғылыми 
басылымдарының құрылымындағы ғылым салаларының үлесі,
Web of Science Core Collection
Web of Science Core Collection жарияланымдары 5 салаға бөлінеді: физика ғылымдары, өмір туралы 
ғылымдар және биомедицина, техникалық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, және өнер мен гуманитарлық 
ғылымдар.
2011-2014 жылдар аралығында дүниежүзі бойынша мақалалар ағынының құрылымында, 43%  еңбек 
өмір туралы ғылымдар және биомедицина саласы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
еншісіне тиіп отыр. Ал физика (21,2%) мен техника және қолданбалы ғылымдар (23,3%) тең келе жатқанын 
байқауға  болады.  Әдеттегідей  әлеуметтік  ғылымдар,  өнер  және  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша 
жарияланған мақалалардың үлесі бар болғаны 12,25%-ды құраған (2.7а-сурет).
Қазақстандық  ғалымдардың  жарияланған  еңбектерінің  әрбір  үшіншісі  физика  ғылымдарының 
еншісіне тиген. Ал техникалық ғылымдар бойынша жариялаған қазақстандық ғалымдардың еңбектері 
әлемдік көрсеткішке жақын. Әлеуметтік ғылымдар бойынша мақала жариялауда Қазақстан ғалымдары 
жоғарғы көрсеткішке ие болса, өнер мен гуманитарлық сала бойынша өте төмен деңгейде (2.7б-сурет).

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
13
Кесте 2.3 - 2011-2014 жылдар аралығында Web of Science Core Collection базасында орташа әлемдік көрсеткіштен асқан 
ғылыми мамандану индексімен анықталған Қазақстанның пәндік категориялары 
Жоғарыдағы  кестеге  көз  салған  адам  пәндік  категория  бойынша  маманданудың  >2  ғылыми 
индексі  физика-техникалық  бағыт  жетекші  орынға  шыққанын  байқауға  болады.  Сол  сияқты  өмір 
туралы ғылымдар және биомедицина бағытына жататын биология, биотехнология және қолданбалы 
микробиология,  аллергия  және  денсаулық  сақтау  саясаты  да  тиісті  деңгейде  дамыған.  Бұған  дейін 
сөз еткеніміздей әлеуметтік ғылымдар саласында қарқынды даму орын алып, экономика мен елтану 
бағыттарында  қарқынды  өрлеу  тіркелген.  Ғаламдық  ғылыми  өлшеммен  алып  қарағанда  Қазақстанда 
өнер мен гуманитарлық ғылымдар өзінің әлсіздігін байқатты. Бірақ осы ретте елімізде фольклор мен 
лингвистика саласы бойынша мамандану жоғары деңгейде.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
14
Біршама  қазақстандық  авторлардың  мақалаларын  жариялаған  аталмыш  журналдардың  импакт-
факторлық  көрсеткіштері  8,035-0,244  аралығына  тең,  сонымен  бірге  алыс  шетелдердегі  өмір  туралы 
ғылымдар  мен  физика  саласы  басылымдарының  импакт-факторлық  көрсеткіші  жоғары.  Ал  қалған 
Ресей мен ТМД елдерінде шығатын ғылыми журналдарға негізінен химия мен математика тақырыбына 
арналған журналдардың импакт-факторлық көрсеткіші <1-ден төмен.
Осы ретте биотехнология және медицина саласы бойынша қазақстандық еңбектердің басым бөлігі 
импакт-факторлық көрсеткіші жоғары Journal of Biotechnology, Faseb Journal және Value in Health ғылыми 
журналдарында жарияланғанын атап айтуға болады. Сонымен қатар бұл еңбектер симпозиумдардың 
рефераттары (Meeting Abstract) ретінде ұсынылғанын ескеруіміз қажет.
Ал  әлеуметтік  және  гуманитарлық  саладағы  қазақстандық  авторлардың  зерттеулері  басым  бөлігін 
конференцияларға  ұсылынған  материалдар  мен  жинақ-кітапшалар  құраған.  Олар  импакт-факторлық 
көрсеткішке ие болмаған (2.5-кесте).
Кесте 2.4 – 2011-2014 жылдар аралығында Web of Science Core Collection базасына енетін ғылыми журналдардағы ең көп 
қазақстандық жарияланымдардың саны
Бүгінгі  таңда  халықаралық  ғылыми  журналдарға  жарияланған  ғылыми  мақалалардың  нольден 
жоғары импакт-факторлық көрсеткішке ие болуына айрықша мән беріліп отыр. Отандық авторлардың 
еңбектері талданған базаға енетін 1255 басылымда, сонымен қатар 931 журналда мақалалары жарық 
көрген (2.4-кесте). 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
15
2011-2014 жылдар аралығында еліміз бойынша ғылыми еңбектер жариялауда еліміз бойынша 250 
ғылыми мекеме белсенді жұмыс жүргізгенін атап айтуға болады. Олардың арасында ЖОО-дың айрықша 
белсенділік танытқанын байқаймыз. Олар – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л. Гумилев 
атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Назарбаев университет. Аталған оқу орындардың ғылыми 
қызметкерлері жариялаған жалпы қазақстандық жарияланымдардың 40%-ын құраған (2.8а-сурет).
Сурет 2.8 – 2011-2014 жылдар аралығындағы Web of Science Core Collection базасында (22.05.2015 ж. жағдай бойынша) 
ең көп мақала жариялаған Қазақстандық ЖОО-лар (а), ҒЗИ және басқа мекемелер (б) 
Кесте 2.5 – 2011-2014 жылдар аралығында Web of Science Core Collection базасындағы қазақстандық мақалалар ең көп 
жарияланған басылымдар

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
16
Ғылыми-зерттеу мекемелері арасында ғылыми мақалалар жариялауда Ұлттық ядролық орталық, Ядролық 
физика институты және Ұлттық биотехнология орталығы мен Физика-техникалық институты ең көп белсенділік 
танытқанын атап айтуға болады (2.8б-сурет).
Web  of  Science  Core  Collection  базасында  Қазақстандық  он  мыңнан  астам  ғалымдардың  авторлардың 
мақалалары  жарық  көрген.    Еліміз  бойынша  жоғарғы  рейтингке  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
университетінің химиктері, Органикалық синтез және көмірхимиясы институты, Л.Гумилев атындағы Еуразия 
Ұлттық университеті РПЦ ғалымдары бар. 
Сурет 2.8 – 2011-2014 жылдар аралығындағы Web of Science Core Collection базасында (22.05.2015 ж. жағдай 
бойынша) ең көп мақала жариялаған Қазақстандық ЖОО-лар (а), ҒЗИ және басқа мекемелер (б) 
Осылайша ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жарияланымдар жасаған қазақстандық авторлар 2011-
2014 жылдар аралығында жоғары сілтемелік көрсеткішке ие Web of Science Core Collection базасында (Thom-
son Reuters) еліміздегі ғылымның даму деңгейі тұрақты тұрде алға басып келе жатқанын іс жүзінде дәлелдеп 
берді. Қазақстан 239 мемлекеттің арасында ғылыми мақалалар жариялауда 85 орынға табан тіреп, Орталық 
Азия Республикалары арасында көш бастап келеді. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми мақалалар жариялау 
ағыны жыл өткен сайын артуда. Айталық, 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,019%-ды құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 
– 0,055%-ға ұлғайғанын байқаймыз. 
Еліміздің ғылыми ынтымақтастық саласындағы қадам жыл өткен сайын жанданып келе жатқаны байқалады. 
Жалпы ғылыми ақпараттар ағынында қазақстандық авторлардың мақалаларының үлес салмағы екі есе артып, 
өткен  жылдың  өзінде  42,6%-ды  құрады.  Сол  сияқты  қазақстандық  ғалымдардың  шетелдік  әріптестерімен 
бірлесіп мақала жариялау үрдісі де артқанын айтуға тиіспіз. Ғалымдарымыз әлемнің 107 елінің ғалымдарымен 
тізе қосып, түрлі тақырыпта ғылыми мақалалар дайындаған. Ресей мен АҚШ ғалымдарымен тығыз әіріптестік 
анағұрлым белсенді дамуда.  Web of Science Core Collection базасында рефератталатын қазақстандық ғылыми 
еңбектерге  сараптама  жасағанда  мақалалардың  басым  бөлігі  физика  және  техника  ғылымдары  бойынша 
жазылғанын  және  медицина  мен  биология  ғылымы  бойынша  жарияланатын  ғылыми  еңбектер  саны  көп. 
Әлеуметтік ғылымдар бойынша ғылыми еңбектер жариялау күрт өскен. Ал өнер мен гуманитарлық ғылымдарға 
қатысты жарияланымдар өте аз. Зерттеген кезең аралығында отандық авторлар еңбектерін 1255 басылымға 
жариялаған, олардың төрттен үш бөлігі ғылыми журналдарда жарық көрген.

Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 15.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет