Ғылым таппай мақтанба ●



жүктеу 0.51 Mb.

бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

наурыз

март

№ 2-3 (138-139)

2015

5


Әділбек  Смағұлұлы  Смағұлов  1949  жылы  2  наурызда    Шығыс 

Қазақстан  облысы,  Самар  ауданы  Жаңажол  ауылында  дүниеге 

келді.  1966  жылы  Семей  облысының  Көкпекті  ауданы  Көкпекті 

ауылындағы  М.Горький  атындағы  қазақ  орта  мектебін  бітірді. 

1969  жылы  Алматы  халық  шаруашылығы  институтының  жоспар-

лау-экономика  факультетінетүсіп,  оны  1973  жылы  «Материалдық-

техникалық жабдықтау экономикасы және жоспарлау»  мамандығы 

бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.

Ә.С.Смағұловтың  ғылыми  бағытының  қалыптасуына  әсер  ет-

кендер  Қазақстанның  белгілі  экономист-ғалымдары  болды:  ҚР 

ҰҒА  академиктері  Т.А.Әшімбаев,  К.Ә.Сағадиев,  О.Б.Баймұратов, 

С.С.Сатыбалдин,  А.Қ.Қошанов,  К.Н.Нәрібаев,  Р.Р.Аутов,  Ұлттық 

ин женерлік  академияның  академигі  О.С.Сәбден,  экономи-

ка  ғылымдарының  докторлары,  профессорлар  Д.Қ.Қабдиев, 

А.Есентүгелов,  М.Б.Кенжеғозин,  Р.А.Алшанов,  Қ.Т.Тұрысов, 

Ә.Ә.Әбішев, А.Ш.Нұрсейіт, сонымен қатар белгілі заңгер-ғалымдар 

ҚР  ҰҒА  академиктері  С.З.Зиманов,  С.С.Сартаев,  М.К.Сүлейменов 

және тағы басқалар. Ұлттық философия мектебінің өкілдерінен ол 

ұлы Абайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, философия ғылымдарының 

докторы,  профессор,  ҚР  ҰҒА  академигі  Ғ.Есімнің,  философия 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Т.Х.Ғабитовтың  еңбектеріне 

сүйенді.


Кандидаттық диссертациясын (1998) Қазақ мемлекеттік басқару 

академиясында, ал докторлық диссертациясын (2010) Халықаралық 

Бизнес университетінде қорғады. 

1997-2014  жылдары  ол  алты  отандық  және  алты  халықаралық 

жобаларды жүзеге асыруға белсенді түрде араласты, кейбір жобалар-

да ол жоба жетекшісі немесе үйлестіруші ретінде, ал басқаларында 

орындаушы ретінде қатысты. Халықаралық жобаларды жүзеге асыру 

кезінде Смағұлов Ә.С. Германияда (1998 ж.) және Канадада (2002 ж.) 

бір айлық біліктілігін көтеру тәжірибесінен өтті.

1995-1998  жылдарда  ол  бірнеше  бюджеттік  және  келісімшарт 

негізінде  орындалып  жатқан  ғылыми-зерттеу  тақырыптарының 

орындаушысы,  мемлекеттік  және  аймақтық  бағдарламаларды  дай-

ындаушы ретінде, соның ішінде 1995 жылы «Маркетинг және ком-

мерция» мамандығы бойынша негізгі жоғары білім берудің алғашқы 

Мемлекеттік стандартын жасауға қатысты.

1999  жылдан  2014  жылға  дейін  Смағұлов  Ә.С.  лизинг  идеяла-

рын  насихаттай  отырып,  Алматы  қаласының,  Астананың,  Семей 

қаласының және Бішкекқаласының (Қырғызстан) жоғары оқу орын-

дарында  оқытушылардың, фермерлік және шаруа қожалықтарының 

басшыларының  біліктілігін  көтеру  курстарын  ұйымдастырды,  со-

нымен қатар жоғары оқу орындарында семинарлар, бизнес-курстар, 

семинар-консультация, мастер-кластар, мұғалімдер, студенттер мен 

магистранттарға арналған тренингтер өткізді.

1997-2011 жылдары өзінің жазбаша ұсыныстарын министрліктер 

мен  ведомстволардың  басшыларына,  Үкімет  басшыларына,  Қазақ-

стан  Республикасының  Мәжілісі  мен  Сенатының  басшылары-

на,  Қаржы  және  бюджет  Комитетінің,  аграрлық  мәселелер  бой-

ынша  Комитеттің,  экономикалық  реформа  және  аймақтық  даму 

Комитетінің  төрағаларына  жібере  отырып,  ол  лизинг  бойынша 

нормативтік-құқықтық  актілерді  дайындауға  және  оны  жетілдіруге 

белсене араласты.

Ә.С.Смағұловтың  бүкіл  ғылыми-педагогтік  қызметі  Қазақ стан-

ның жетекші жоғарғы оқу орындарымен - әл-Фараби атындағы Қазақ 

Ұлттық университетімен, Қазақ Ұлттық аграрлық университетімен, 

Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетімен, 

Халықаралық  Бизнес  университетімен,  және  де  айырықша 

Т.Рысқұлов  атындағы  Жаңа  экономикалық  университетімен  байла-

нысты болды, соңғы оқу орнында ол 30 жылдан астам жұмыс істеді. 

Осы оқу орнының қабырғасында ол студенттен, аспиранттан, асси-

стенттен профессорға дейінгі жолды жүріп өтті. 

1982-1987  жылдары  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  астық 

жинау  науқанына  ол  студенттік  ауылшаруашылық  отрядтарының 

облыстық  штабының  комиссары  ретінде  қатысты.  1987  жылы  Ал-

маты  халық  шаруашылығы  институтының  отрядтары  Солтүстік 

Қазақстан  облысының  7  ауданында  және  15  шаруашылықтарында 

орналасты.  Одан  кейінгі  жылдары  (16  жыл  бойы)  Смағұлов  Ә.С. 

жоғары оқу орындарын басқарудың орта буынында басқарушылық 

жұмыстың  қыр-сырымен  танысып,  құнды  тәжірибе  жинақтады. 

1992  жылы  Әділбек  Смағұлұлы  Қазақ  мемлекеттік  экономикалық 

университетінің Коммерциялық факультеті деканының орынбасары 

болып тағайындалды. 

1992-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының 

«Маркетинг»  оқу-ғылыми  кешенінің  жетекшісінің-проректордың 

(директордың)  орынбасары  лауазымында  жұмыс  істей  жүріп,  ол 

ҚазМБА-ның  ректоры,  академик  К.Ә.Сағадиевтің  басшылығымен 

Қазақстанның  жоғарғы  экономикалық  білім  жүйесінде  жүргізілген 

реформаға  белсенді  түрде  қатысты.  Ол  нарыққа  бейімделген  жаңа 

мамандықтардың  оқу  жоспарларын,  пән  бағдарламаларын  дайын-

дайтын, оқытудың жаңа мазмұны мен мағынасын анықтайтын, көп 

сатылы білім беру жүйесіне (бакалавр-магистр-РhD докторы) қиын 

да қызғылықты, тың мазмұнды жұмыстарына, оқытудың кредиттік 

технологиясына  көшудің  сан-салалы  істерінетолығымен  өзінің  бар 

қажыр-қайратын жұмсап, кірісіп кетті. Нәтижесінде, ҚазМБА маман-

дары даярлаған алғашқы Мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары, 

пән  бағдарламалары  Қазақстанның  басқа  жоғары  оқу  орындарына 

кеңінен тарап, қолданысқа енді.

1998-1999  жылдары  ол  Қазақ  мемлекеттік  аграрлық  уни вер-

ситетінің  «Экономика  және  бизнес»  оқу-ғылыми-өндірістік  кеше-

нінің жетекшісінің орынбасары болып жұмыс істеді;

1999-2002  жылдары ол Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті 

жанында  «Лизинг»  оқу-консалтингтік  Орталығын  ұйымдастырып, 

өзі  осы  Орталықтың  жетекшісі  болды.  2002-2003  жылдары  ол 

Алматыдағы  Халықаралық  Бизнес  университетінің  іскерлік  әкім-

шілік  факультеті  деканы  қызметін  атқарды.  2011-2014  жылдары 

ол  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дің  «Маркетинг  және  менеджмент» 

кафедрасының меңгерушісі болды.

Өзінің  40  жылдан  астам  ғылыми-педагогтік  қызметінің  соңғы 

25 жылын экономика ғылымдарының докторы, профессор Смағұлов 

Ә.С.  Қазақстан  экономикасында  жаңадан  пайда  болған  лизинг 

феноменін зерттеуге арнап, бұрын зерттелмеген бұл салада көптеген 

нәтижелерге жетті.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

Арендалық    және  лизингтік 

қа  тынастардың 

теориялық-әдіс-

на малық  тұрғыдан  жете  зерт тел-

ме уінің  себебі  «нарық»,  «аренда», 

«арендалық қатынастар» тақырыбы 

ХХ  ғасырдың  30-шы  жылдары-

нан  бастап  80-ші  жылдардың  ая-

ғына  дейін,  яғни  1989  жылдың  7 

сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің 

Президиумы  «КСРО-дағы  аренда 

және  арендалық  қатынастар  ту-

ралы»  Жарғы  қабылдағанға  дейін 

«Генетика»,  «Кибернетика»  сала-

лары, ұлттық тарих пен әдебиеттің 

кейбір  шығармалары  сияқты  зерт-

теулерге  тыйым  салынған  тақы-

рып тарға жатты. Бұл бірінші сырт-

қы  себеп,  ал  екінші  себеп  –  бір 

ғы лы ми  мамандықтың  аумағына 

сый майтын  лизингтің    өзінің  сан 

қырлылығы,  көп  аспектілігі,  күр-

де лілігі еді. Лизинг саласын қазір-

гі  кезде  8  ғылыми  мамандық 

зерттейді.

Смағұлов  Ә.С.  1998  жылы 

Қазақстанда  бірінші  болып  канди-

даттық  диссертациясын,  ал  2010  жылы  елдегі  лизинг  тақырыбы 

бойынша  алғашқы  және  жалғыз  докторлық  диссертацияны  қорғап 

шықты.  Қазақстанда  лизинг  бойынша  кандидаттық  диссертация-

ларды бар жоғы 10 ізденуші қорғады – СмағұловӘ.С. (1998 ж.), Де-

меуова Г.Т. (2002 ж.), Тағашев И.Е. (2004 ж.), Оралбаева Ж.З. (2005 

ж.), Асқарова З.Б. (2005 ж.), Бейсекова Ж.Ы. (2006 ж.), Бирюков В.П. 

(2007 ж.), Таипов Т.А. (2007 ж.), Шаукерова З.М. (2008 ж.), Искалиев 

Е.С. (2009 ж.). СмағұловӘ.С. бес ізденуші кандидаттық диссертация 

қорғағанда оларға оппонент болды.

Қорыта  айтқанда,  Қазақстандағы  лизингтік  қатынастардың 

қалыптасуы  мен  дамуы  оның  есімімен  және  еңбектерімен  тығыз 

байланысты.  Ол    Қазақстанда  ғылымның  осы  бағытының  негізін 

қалаушы десе болды. 

Смағұлов Ә.С. Қазақстандағы лизинг бойынша фундаментальді 

зерттеулердің  және  алғашқы  кітаптардың  авторы.  Өзінің  ғылыми-

педагогтік  қызметінің  бүкіл  кезеңінде  ол  жалпы  көлемі  457  баспа 

табақ болатын 175 еңбекті жазып, жариялады, оның ішінде жалпы 

көлемі 365 баспа табақ лизинг тақырыбы бойынша 145 еңбекті, ли-

зинг  бойынша  17  монографияны,  оқу  құралын,  кітаптар  мен  бро-

шюраларды  жарыққа  шығарды.  Оның  ішіндегі  ірілері:  «Лизинг 

және  техникалық  құралдар  прокатының  экономикасы».  Есептер 

жинағы. Алматы, ҚазМЭУ, 1992. – 9.5 б.т., «Лизинг». Алматы: Ба-

лауса, 1976. – 11,0 б.т., «Лизинг және рентинг». Практикум. Алматы: 

Агроуниверситет, 2000. – 10,4 б.т., «Қазақстандағы лизинг: теориясы 

мен тәжірибесі». Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 12,6 б.т.,  «Ли-

зинг» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Бакалавриат. Кредиттік 

технология.  -  Алматы:  Экономика,  2006.  –  6,9  б.т.,  «Лизинг»  пәні 

бойынша  жоғарғы  оқу  орындарының  05.05.11  «Маркетинг»  және 

басқа  да  экономикалық  мамандықтарына  арналған  оқу-әдістемелік 

кешен. Бакалавриат. Кредиттік технология. – Алматы: «Экономика», 

2007. – 6.9. б.т., «Қазақстандағы лизинг: тәжірибесі, мәселелері, даму 

болашағы». Алматы: Экономика, 2008. – 26,0 б.т., «Жаңа қалыптасып 

келе  жатқан  нарықтардағы  лизинг».  Алматы:  Экономика,  2009.  – 

65,0  б.т.,  «Ұлттық  экономиканы  модернизациялау  жағдайындағы 

Қазақстанның лизингтік нарығы». Алматы: Елтаным, 2014. – 26,25 

б.т.


Оның  ғылыми  зерттеулерінің  негізгі  бағыты  лизинг  тақырыбы 

болып табылады, өйткені еңбектерінің 80% осы тақырыпқа арналған.

«Экономика  және  халық  шаруашылығын  басқару»  мамандығы 

бойынша  «Қазақстандағы  лизингтің  ұйымдастырушылық-эко-

но микалық  механизмі  мен  даму  мәселелері»  тақырыбындағы 

кандидаттық  диссертациясында  ғылыми  әдебиетте  алғашқы  бо-

лып  мемлекеттік  және  коммерциялық  (жеке  кәсіпкерлік)  лизингтің 

тұжырымдамасын  негіздеп  ұсынды,  сонымен  бірге  лизингтің 

теориялық негіздерін, ерекшеліктерін және қызмет ету механизмдерін 

аша отырып, теориялық үрдісіне, заңнамалық реттеу және лизингтік 

қызмет  тәжірибесіне  әсер  ететін  лизингтің  тар,  аралық  және  кең 

мағынадағы  түсініктерін  енгізді.  Лизингтік  операциялардың  жаңа 

қағидаттарын, белгілері және жіктеу түрлерін ұсынды. 

«Экономика  және  халық  шаруашылығын  басқару»  (қызмет  ету 

салалары мен сфералары бойынша) және «Қаржы, ақша айналымы 

және несие» мамандықтары бойынша «Лизинг: теориясы, тәжірибесі, 

реттеу және ынталандыру механизмдері» тақырыбындағы докторлық 

диссертациясында  ізденуші  қазіргі  заманғы  лизингтің  ғылыми 

тұжырымдамасын негіздеді. 

Бұл  жұмыс  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  нарықтардағы  ли-

зингтік қатынастардың теориясы мен тұжырымдамалық негіз дерін, 

Қазақстан  экономикасы  және  оның  жеке  салалары  мен  сектор-

ларындағы лизингтік қызметтің даму тәжірибесін қорытуда алғашқы 

кешенді зерттеулердің бірі болып табылды.

Қазіргі заманғы лизингтің біртұтас тұжырымдамасы теориялық-

әдіснамалық негізгі қағидалардан, лизингтің дамыған, дамушы және 

жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтарда өсу кезеңдері туралы, 

лизингтік индустрияның даму стадиялары туралы, лизингтік өнімнің 

күрделі және көпаспектілі сипаты туралы, Қазақстан экономикасын-

да лизингтік қатынастарды реттеу мен ынталандыру механизмдерін 

жетілдіру  туралы  нақты  тәжірибелік  ұсыныстардан  тұрады.  Ғылы-

ми  зерттеулердің  бұл  ережелері  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан 

нарықтардағы қазіргі заманғы лизингтің теориясы мен тәжірибесінің 

ары қарай дамуына әсер етеді. Ол түсінік мынада:

- қазіргі заманғы лизингті:

а) қазіргі заманғы лизинг тұжырымдамасының қаржылық аренда 

(лизинг) тұжырымдамасынанөзгешелілігі, оны үш жақты негіздегі – 

арендалық, кредиттік және сауда-саттық - инвестициялық қызметтің 

бір түрі және нарықтық экономиканың күрделі өнімі ретінде түсіну; 

б)  оны  1.  экономикалық  үрдісті;  2.  келісімшарт  түрін  (немесе 

келісімшарттық  қатынастардың  жиынтығын);  3.  қызметтің  (биз-

нестің, кәсіпкерліктің) түрін; 4. экономика саласын (лизингтік инду-

стрияны); 5. білім мен ғылымның дербес саласын өзінің құрамына 

енгізетін көпвариантты ұғым ретінде түсіну;

-  лизингтік  қызметтің  4  тобы  мен  24  нақты  аспектілерін  бөліп 

қарастыру  арқылы  қазіргі  заманғы  лизингтің  аспектілеріне  жүйелі 

түрдегі көзқарас қалыптастыру;

- автор ұсынған лизингтің функциялары жүйесін нақтылау және 

реттеу арқылы олардың жаңа интерпретациясын беру;

- автор ұсынған лизингтік қатынастардың 12 қосарланған және 

үштағанды тұжырымдамалары туралы және олардың қазіргі заманғы 

нарықтық экономикада өзгеру бағыттары туралы идеялар;

- қаржылық лизингті нарықтық және мемлекеттік реттеу мен ын-

таландыру механизмдерін жетілдіру туралы ұсыныстар.

Жүргізілген зерттеудің тәжірибелік маңызы мынада: автор жет-

кен  нәтижелерді  Қазақстанның  лизингтік  бизнес  тәжірибесінде 

және  жоғарғы  оқу  орындарындағы  оқу  үрдісінде,  шағын  және 

орта  кәсіпкерлік  секторларындағы  менеджерлердің  біліктілігін 

жоғарылату жүйесінде, әсіресе, қаржыландыру көздерін кеңейту ту-

ралы ұсыныстары, ислам қағидаттарына негізделген жаңа дәстүрлі 

емес  қаржыландыру  көздерін  қолдануда,  заңдық-нормативтік 

актілерді  жетілдіруде  –  ҚР-ның  «Қаржылық  лизинг  туралы» 

Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу,  салықтық,  кедендік, 

инвестициялық  реттеу  мен  ынталандыруда,  статистикалық  есепті, 

бухгалтерлік  есепті  және  МСФО  №17  қағидаттарына  негізделген 

лизингтік операциялар бойынша қаржылық есеп беруде пайдаланыл-

ды.

«Маркетинг»  мамандығының  және  басқа  да  экономикалық 



мамандықтарға  арналған  «Лизинг»  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік 

кешенді  жасағанда,  «Лизинг  және  рентинг»,  «Лизинг  негіздері», 

«Агроөнеркәсіптік  кешендегі  лизинг»,  «Лизинг»  курстары  бойын-

ша дәріс және тәжірибелік сабақтарды Қазақстанның 12 жоғары оқу 

орындарында өткізгенде оқу үрдісіне енгізілді. Зерттеу материалда-

ры  Қазақстан  Республикасының  Ауылшаруашылығы  министрлігі, 

Сауда және индустрия, Экономика және бюджетті жоспарлау минис-

трліктерінде қолданыс тапты.

Қазақстанның  алғашқы  лизингтік  компаниясының  «Агро-

ли зинг»  АҚ  –  Бас  директорының  кеңесшісі  (1997-1999ж.ж.), 

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  консультанты  (1999-2001ж.ж.),  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасының  Ауылшаруашылығы  министрлігінің 

мем лекеттік лизингтік бағдарламасы бойынша консультанты болды. 

Оның  Үкіметке  жасаған  ұсыныстары  негізінде  2005  жылы  ірі 

лизингтік  индустриалды  және  инфрақұрылымдық  инвестициялық 

жобаларды  жүзеге  асыру  үшін  Қазақстан  Даму  Банкінің  еншілес 

лизингтік компаниясы- «ҚДБ-лизинг» АҚ құрылды.

1997,  2000,  2004,  2008  және  2011  жылдардағызаң  жобалары-

на  қорытынды  дайындау  үшін  құрылған  Парламенттік  жұмыс 

топ та рының  мүшесі  бола  отырып,  ол  «Қаржылық  лизинг  тура-

лы»,  «Лизинг  мәселелері  бойынша  Қазақстан  Республикасының 

кейбір  заңдық  актілеріне  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  ту-

ралы»,  «Салық  кодексінің  жер  қойнауын  пайдаланушыларға  са-

лық  салу  мен  амортизациялық  саясат  бөліміне  өзгертулер  мен 

толық тырулар  енгізу  туралы»,  «Салықтар  мен  бюджетке  төле не-

тін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  (Салық  кодексі),  «Индус-

триялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы» 

заңдарындайындауғажәнеоларды  қабылдауға  белсенді  түрде 

қатысты.

«Лизинг туралы» заң жобасы бойынша автордың келесідей ұсы-

ныстары қабылданды:

1. 


Заң  жобасының  атауын  өзгерту  туралы.  Ұсынылып 

отырған редакцияда ол Қазақстан Республикасының «Қаржылық ли-

зинг туралы» Заңы деп аталды.

2. 


Заңның 10-бабы бойынша «Лизингтік қызметті лицензия-

лау туралы» тұжырымдауға өзгертулер мен толықтырулар енгізу.

3. 

Лизингтік  келісімдеміндетті  түрде  болуы  тиіс  маңызды 



шарттарды  белгілейтінЗаң  жобасының  16-бабының  редакциясы 

жақсартылды.

Ә.С.Смағұлов  лизингтік  жобалар  бойынша  «Сорос-Қазақстан» 

қорының  (1995),  ЮСАИД/«Евразия»  қорының  (1999),  Қазақстан 

Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің 

менеджерлерді  оқыту  жөніндегі  қазақ-неміс  жобасының  (2005-

2007),  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

«Қазақстандағы  қазіргі  заманғы  лизингтің  жағдайын,  мәселелері 

мен  даму  болашағын,  әлемдік  тәжірибе  мен  Ұлттық  экономиканы 

жеделдетіп модернизациялау контекстінде зерттеу» ғылыми жобасы 

бойынша 2012-2014 жылдарға арналған гранттарының иегері. Оның 

«Лизинг»  атты  кітабы  «Сорос-Қазақстан»  қоры  мен  Қазақстан  Ре-

спубликасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  «Гуманитарлық  білімді 

жаңарту»  бағдарламасы  аясында  жариялаған  оқулықтар  және  оқу 

құралдары бойынша конкурстың жеңімпазы атанды. Ә.С.Смағұлұлы 

2008 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік 

грантының  және  төсбелгісінің  (2009),  білім  беру  саласындағы 

ерекше  еңбегі  үшін  «Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің 

құрметті  қызметкері»  (2009),  «ҚазЭУ-ге  50  жыл»  (2013)  алтын 

медальдарының,  Қазақстанның  ғылым  және  тезника  саласына 

көрнекті үлес қосқан ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми сти-

пендияны (2014) иеленді.



М.ҚАНАБЕКОВА,

құқық және экономика институты 

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

экономика ғылымдарының кандитады

Наурыздың  4-і  күні  университеттің  үлкен  мәжіліс  залында  «Ұлттық  экономиканы 

модернизациялау  жағдайындағы  қазақстанның  лизингтік  нарығы»  атты  Қазақстан  Республикасы 

білім беру ісінің Құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әділбек Смағұл ұлы 

Смағұловтың ғылыми-педагогтік қызметінің 40-жылдығына және 65 жасқа толуына арналған дөңгелек үстел 

болып өтті.

Дөңгелек үстел барысында Құқық және экономика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, эко-

номика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ә. Қанабекова кеш иесінің өмірімен қызмет жайлы баяндама жасаса, 

Қазақстан генералдары Кеңесінің төрағасы, генерал-майор Р.Е. Хайдаров, Білім және ғылым министрлігі Экономи-

ка институтының директоры, профессор С.С. Еспаев, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры

тарих ғылымдарының докторы, профессор Сабри Хизметли, педагогика ғылымдарының докторы, профессор 

Б.Ө. Сманов тағы басқалар өз ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстелді университеттің ғылыми ісі жөніндегі проректоры В.Н. Косов жүргізіп отырды.

наурыз

март

№ 2-3 (138-139)

2015

6


Бүгінде  бүкіл  қазақ  елі  ұлы  ақын  Мұқағали 

мақатаевтың есімін ардақтап, оның туған күнін той-

лауда. Осындай игі шара Абай атындағы ҚазҰПУ-

інде де жүзеге асырылды. Ақпанның 12-20 күндері 

аралығында  Тәрбие  жұмысы,  жастар  саясаты 

және  мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасы    және 

Жара тылыстану-география  институтының  бір-

лесе  ұйымдастыруымен  ақиық  ақын  Мұқағали 

Мақа таевтың  туылғанына  84  жыл  толуына  орай 

өрнекті  өлеңдерімен  халықтың  қадір-қасиетін 

айта  алған  мұзбалақ  ақынның  шығармаларын  ке-

ңі  нен  насихаттап,  ақынның  сөзіне  жазылған  ән-

дері  арқылы  жастардың  шығармашылыққа  де-

ген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында 



«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!» атты поэзия-ән сай-

ысы өткізді. Сайыс 2 кезеңге бөлінді. Байқау ережесі 

бойын ша  әр  институттан    М.Мақатаевтың  шығар-

ма шылығына  қызығушылық  танытқан,  өлеңдері 

мен ақынның сөзіне жазылған әндерін жатқа білетін 

студенттер  қатысты.  Байқау  Мұқағалидың  поэзия-

сы; Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер және жас 

ақындардың  жеке  шығармашылығы  номинацияла-

ры  бойынша  жүргізілді.  Бірінші  кезеңде  өнерімен 

ерекшеленген  24  студент  екінші  кезеңге  жолдама 

алды.

  20  ақпаны  күні  №5  оқу  ғимаратының  акт-



залында сайыстың ақтық кезеңі болып өтті. Ақтық 

кезеңге өткен дарынды студенттеріміз өнер майда-

нында күш сынасып, өнерлерін көрсетті. Сайысты 

Тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев 

сөз  сөйлеп,  ашып  берді.  Әділқазы  алқасының 

құрамында,  «Абай  университеті»  газетінің  бас  ре-

дакторы Болат Шарахымбай, ақынның туған келіні 

М.Мақатаев  атындағы  Халықаралық  қоғамдық 

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯ-ӘН 

БАЙҚАУЫ


«Мен  -  таулықпын,  таудан  мен  жаратылғам». 

Хантәңірден шабыт шақырып, қара өлеңнің күпісін 

жамылатын мұзбалақ ақынның сөзі бұл. «Поэзия - 

азабы мол, ауыр жол». Бұл да Мұқаңның айтқаны. 

Ауыр  болса  да,  азапқа  толы  болса  да  сол  жолдан 

қасқайып  жүріп  өтті  ол.  «Ақын  сыры  қауымнан 

жасырылмақ  емес;  сырын  жасыруға  ақынның  ша-

масы да келмейді. Ол жылай отырып күлгенін, күле 

отырып  жылап  алғанын  өзі  де  аңғармайды».    Бұл 

Мұқаңның  «Сезім  найзағайы»  атты  мақаласынан 

алынған  үзінділер.  Қарап  отырсаң  шабыт  иесі 

ақындық көзқараспен, өзінің ешнәрсені де халқынан 

жасырмағанын, бүкпесіз, шынайы, ашық әрі айқын  

болғанын  және  солай  болу  керек  екенін  жеткізіп, 

өзінің  сезінген  сырлы  сезімімен  бөлісіп  отыр  ма 

дейсің.  Мұқаң  бір  сөзінде:  «Мен  үшін  дүниенің 

ең  қорлығы  -  адамның  айыбын  бетіне  басу,  оның 

нашарлығын  дәлелдеу»,  -  дейді.  Байқасаңыз  бұл 

сөздерінен  жан  дүниесі  мейірім мен  имандылыққа 

толы, табиғатынан жомарт, пенденің көңілін бағып 

сөйлейтін адам екенін аңғарамыз. Қашанда өткір әрі 

өр ақынның жүрегі кейде осынша нәзік болды деп 

кім ойлаған?.. 

Сөз  жоқ,  Мұқаң  ғасыр  адамы.  Мен  үшін 

Хантәңірі! Заманынан ерте туған өр тұлға! Сөздері  

өзі  туған  жердің  аязындай  қатты,  ойлары  таудың 

таңғы  ауасындай  тап-таза.  Сенің  ауаңмен  дем 

алғандар қандай бақытты десеңізші! 

Мұқаңның бір өлеңі – бір ғұмыр. Ол мына ала-

сапыран  уақытқа,  заманға,  адамдарға    қабақ  шыта 

қарап  тұрғандай  көрінеді  маған.  Қапалы  сияқты. 

Қапалы дегеннен шығады, Мұқаңның күнделіктерін 

ақтарып  отырып  мына  бір  жазбасы  көзіме  түсті: 

«Не көрінді?! Не жетпейді?! Сволочи!!!» (21-апрель 

1972-жыл).    Қарап  отырсаң  бұл  миына  қара  өлең 

мен поэзия деп аталатын алтын қапты қос кітапты 

сақтап жүрген адамның өткінші, өмірде іші жылы-

май, көңілі қалып, қапа боп өткен адамдары аз емес 

екеніне дәлел секелді. Жұмыр басты пенде болғасын 

шалыс  басып,  сүрінетінің,  қателікке  бой  алдырып, 

ар аттап қоятының сияқты, өмір парағын ақ күйде 

сақтап  өткен  адамдар  санаулы  болар.  Айтқым 

келгені, адам сәл де болса шалыс басып, тура жолдан 

тайқып кетсе де, жасағанын һәм істегенін ұғынып, 

саралап, өзіне есеп берген сәтінде өкініп жатса, ол 

да бір адами жақсы қасиеттің дарығанынан. Бұған 

дәлел  Мұқаңның  мына  бір  жазбасы:  «1973-жыл. 

Бетбұрыс??? Не істеу керек? Ішпеу керек! Ішпеу ке-

рек!».  Кейде  осылай  өзіне  есеп  беріп  отырса,  енді 

бірде істеген ісі мен айтқан сөздерін ауыр мінезбен 

сынап та алатын.

Ақын  жаны  неткен  нәзік  десеңізші!  Кейбір 

жандарға  бұл  бір  ақсаусақ,  маңдайын  күнге 

көрсетпей,  қолдарын  суыққа  шалдырмай  өсірген 

ертедегі ақсүйектердің баласындай елестер, бәлкім. 

Жоқ,  бұл  бір  дүниеге  құмартып,  соның  соңына 

түскен    адам  мен  туған  елі  мен  жеріне  құмартқан 

адамның  сезіміндей  мүлдем  бөлекше  көзқарастар. 

Махаббат  пен  ғадауат  секілді  бұл  да  бір  екі  әлем. 

Ақынның  сыртқы  көрінісі  алдамшы.  Сыртынан 

бағалап кететіндер оның ішіндегі алапатты қайдан 

сезсін. Сезбек түгілі, ұғына алмағандары қаншама... 

Ақын жаны кейде біреуге барып егіліп жылап оты-

рып шер тарқатқанды , енді біреулерге барып жай 

ған сырласып, мұңдасып қайтқанды жаны қалайды. 

Бірақ ондай адамдар аз болса, қайтпек?  «Бұл күні 

менің  қатын-баламнан  басқа  жақыным  қалмаған 

сияқты. Күні-түні келгенде, олардан да шошқа мінез 

көрем... Мүлде бір жат ортаға душар болған жандай-

мын. Ешкімге залал істемеп едім ғой, неге бәрі сырт 

тебеді?!».  Жазбаларының  ішінен  осындай  жанына 

сүйеніш  іздеген,  мұңын  шаққысы  келген  сәттерін 

ТАУЛЫҚТАР...

оқып  отырсаң,  еріксіз  өзекке  өксік  келіп,  тамаққа 

тығыла қалады. 

Уақытты қанша қусаң да, шаң жұтып қаларың 

анық. Бірақ уақыттан да ұлы, одан да күштірек, одан 

да жанды, одан да өміршең, Сезім деген дүние бар. 

Ол да өзгеге ұқсамайтын өзгеше бір әлем. Ол әлемде 

уақыт басты рөлді сомдамайды. Тіпті, оған уақыттың 

өзі дәрменсіз. Ол жерде ақын мен періште, махаббат 

пен рух сөйлейді. Осындай өзіндік әлімінде өзгеше 

тербетіліп, өмір сүріп жатқан жандар қаншама?! 

Бастағы қайғым жайлы,

Мұңым жайлы,

Өткерген өксуменен күнім жайлы,

Кестелеп қуанышты сәттерімді,

Бозторғай-өлеңдерім шырылдайды.

Мұқаңның  туысқан  інісі  ғана  емес,  рухани 

інісі  де  бола  білген  белгілі  ақын  Еркін  Ібітанов 

ағамыз осылайша жан толғанысын білдірсе. Белгілі 

ақын  ағамыз  Болат  Шарахымбай    жүрегінің  жыр 

пернесін нәзік тербетіп, тұтас бір табиғаттың тыл-

сым  сыйқырын  төрт-ақ  жолға  сыйдырып  «салған» 

суретті образына қайран қаласың!

Аспантаудың басынан есіп өлең,

Елшең бүйрек, Лабасы төсіменен-

Албан көшіп барады тауға қарай

Керуен-керуен бұлттардың көшіменен, -

дейді  ол.Қарап  отырсаңыз  Мұқаңның  соңында 

- қаншама айтылмаған әңгіме, қаншама жазылмаған 

жыр, толғанбаған ой қалды. Өзгелерден озық туған 

өршіл  ақынның  орны  халқымыз  үшін  әрқашан 

ерекше болары сөзсіз. Белгілі актер Бекжан Тұрыс 

ағамыздың  орындауындағы  Мұқаңның  сөзіне 

жазылған  «Арыз  жазып  кетейін»  әні  кім-кімді 

болмасын  бей-жай  қалдырмайды.  Сол  себепті  мен 

әңгіме соңын осы бір әннің сөзімен аяқтағым келіп 

отыр.

Тіршілікте не жетеді көргенге?!



Тек өмірім өтпесе екен шермеңде,

Не жыны бар бақыт мені көргенде

Кетеді үркіп енді жете бергенде.

Түсінбеймін не пәлемнің барлығын?

Қайран басым қаңғыдың-ау, қаңғыдым!

Менің де бір болар шағым болды ғой,

Қайда кетіп барасың сен тағдырым.

Абылай  САЙЛАУХАН,

филология институтыныңң 2-курс студенті 

қордың  төрайымы  Бақыткүл  Айдарова,  Тәрбие 

жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді да-

мыту басқармасының бастығы Арман Абдықалықов, 

университетіміздің  мәдениет  бөлімінің  бастығы, 

актер  Тасболат  Омаров,  студенттік  кәсіподақ  ұйы-

мының  төрайымы  Гүлдана  Ынтыбаева  төрешілік 

етті. Сайыс қорытындысы бойынша шешім қабыл-

данып,  өнерімен  ерекшеленіген  қатысушылар  тө-

мен дегіше  номинациялар  бойынша  марапатталды. 

Атап  айтқанда  «Аққудың  қанатымен  жазылған 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал