Ғылым таппай мақтанба ●



жүктеу 0.51 Mb.

бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

наурыз

март

№ 2-3 (138-139)

2015

4


Отандық тарихнамада қазақ мемлекетінің сыртқы 

саяси  мүдделері,  мемлекетаралық  мәселелерді  шешу 

әдістері  мен  стратегиялық  мақсаттары  біршама 

зерттелді.  Бірақ  бұл  мәселе  жөнінде  қайшылықты 

пікірлер жоқ емес. Кейбір авторлардың көшпелі лер ішкі 

өмірінде  сыртқы  саясатының  сипатын  айқындайтын 

әлеуметтік  текетірестің  орын  алғандығы  жөнінде 

кейбір  мәліметтер  ұшырасып  тұрады.  Дегенмен  қазақ 

даласындағы  өлкетанулық  материалдарды  да  тари-

хи  дерек  ретінде  пайдаланғанның  артықшылықтарын 

ескеру  қажет. Қазақ тарихындағы дау – жанжалдарды 

шешудің жолдары мен демократиялық құндылықтарды  

реттеу  тек  батыстық  үлгіде  қалыптасты  деген  жаңсақ 

пікірден арылып, ежелгі қазақ даласында қалыптасқан 

өзіндік  ерекшеліктері  бар  формасы  болғанына  назар 

аудаған жөн. Жалпы, қазақ тарихының өн бойы, ондағы 

қазақ  хандығы  тұсында  да  түркі  мемлекеттерінің 

дипло матиялық  қатынастар  орнату,  басқа  елдермен 

келіссөздер  жүргізу  жөніндегі  сан  ғасырлық  дәстүрін 

жалғастырды.  Көктүріктерден  бергі  уақыттың  бәрінде 

түркі ел ші лерінің берген антына, одақтастық жөніндегі 

шешім ге  адалдығы  талай  құжаттарда  көрініс  тапқан. 

Ол  ұрпақтар  сабақтастығын  білдіреді.  Ұлы  Даланың 

өзіндік атрибуттарының бірі  дипломатия саласы бол-

са,  осыған  орай  кейініректен    мемлекеттілікке  тән 

дипломатиялық  рәсімдер  мен  ережелер  қалыптасты. 

Мысалы,  Түрік  қағанатының  Византиямен,  Иран 

және  Қытаймен  қарым-қатынастары  жөніндегі  құжат-

тарда  түркі  билеушілерінің  хаттамалық    нормалары-

на  қатысты  мағлұматтар  жиі  ұшырасады.  Шетелдік 

елші  ханның  ордасына  кірерде  табал дырықты  баспай 

аттап  өткеннен  кейін  тізесін  бүге  отырып  сөз  алған, 

сұрақтарға  жауап  берген.  Осындай  ерекшеліктерді 

зерделей келе, зерттеулерде қазақ халқының өзіне тән 

дипломатиялық  ерекшеліктеріне  баса  назар  аударған 

жөн.


  Қазақтардың  көршілес  мемлекеттермен  бейбіт 

тиімді қарым-қатынастар орнатуға өз үлестерін қосқан 

тұлғалар  баршылық.  Сондай  ақ  дипломатияны  жеке 

тұлғалардан  бөліп  қарау  мүмкін  емес.  «Бабаларын 

қалтқысыз  қастерлей  алған  халық  –  балаларының 

болашағын  да  қамдай  алады»  -  деп  Елбасы  Н.Ә.  На-

зарбаев  бекер  айтпаса  керек.  Сондықтан  да  дипло-

матияны  тарихи  тұлғалардың  негізінде  қарастырған 

оңды. Сонымен қатар тарихи тұлғаларды тұлғаландыру 

тұрғысынан жасау керек. Әрі өлке  тарихында өз орны 

бар  тұлғалардың  әқайсысының  кескін  келбеті  болуы 

шарт.  Осындай  тұлғалардың  бірі  көршілес  қырғыз 

халқымен  Алатаудың  күңгейі  мен  теріскейін    қатар  

жайлап,  қыстап  жүрген  албан,  бұғы  рулары    бейбіт 

қатар  өмірмен  бірге  ағайын  арасындағы  кикілжің 

келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешіп ел аузында әлі 

күнге  дейін  сақталған  Жетісудағы  Таушелек  өңірінде 

аса беделді тұлғаның бірі Мақсұт Қожамқұлұлы. Бүгінгі 

дипломатия  тұрғысынан  алып  қарағанда  ол  ұлттық 

салт-дәстүрдің  өзіндік  ерекшеліктерін  өз  қызметі  мен 

өз деңгейінде шебер пайдалана білген тұлға. 

Мақсұт  Қожамқұлұлы  кім,  ол  туралы  біз  не 

білеміз?    Ол  туралы  Қазақстан  Республикасының 

мәдениет  қайраткері  Қанапия  Омарханов  өз 

еңбектерінде  жазып,  ел  ішінде  ауыздан  -  ауызға 

тараған  әңгімелерді  жинақтап,  жүйелеп  баспасөз 

беттеріне  беріп  оқырмандар  назарына  ұсынған 

бірнеше  мақалалардан  басқа  көп  дүние  кездестіре  ал-

маймыз.  Сондықтан  да  Мақсұт  Қожамқұлұлы  жай-

лы  түрлі  деректерді  жинақтап,  салыстырып,  көне 

тарих  қойнауына  енген  тұлғаның  объективті  кескін 

келбетін  болашақ  ұрпаққа  сомдадап  беруіміз  керек. 

Дегенмен осы мәселе төңірегінде сөз болғанда бүгінгі 

халықаралық  қатынастарда  дипломатиялық  өнерді 

жастарға оқытуда дәстүлі қалыптасқан ұлттық тұрғыны 

естен шығармауымыз керек. 

Ханның  кім  боларын  кесіп  айтар,  шешім  жасар 

жастар емес, жасы келген ел ақсақалдары екені белгілі. 

Бидің  биі  кемел  жасқа  толғанда  болары  анық.  Ел  ба-

сына  қиын  заман  туғанда  халқына  қорған  болып,  на-

мысты  қолдан  бермеген,  кемел  сөз,  кесімді  пікірімен 

халық  жүрегінен  орын  алған  зерек  ойлы,  шебер  тілді 

билердің қатарына Мақсұт Қожамқұлұлын да жатқызар 

едік.  Осы  пікірімізді  мына  бір  тарихи  өлең-сөзбен 

дәлелдеуге болады.

Айтыс  өнерінде  ойып  алар  өзіндік  орны  бар 

жел  жетпес  жүйріктерінің  бірі  –  даңқты  Құланаян 

Құлмамбеттің дүние салар алдында бүкіл албан елінің 

жақсыларын еске алып қоштасқан өлеңінде: 

«Сәлем де Қызылбөрік Мақсұт ерге,

  Ажал  шіркін  көнбейді  әсте  жөнге»  -  деп  қимай 

қоштаса отырып, өлеңінің тағы бір жерінде:

«… Абықаға сәлем де,

Асқар таудай бел еді.

Есімбекұлы Қожабек,

Гулеген қызыл жел еді.

Қожамқұлұлы Мақсұттың,

Бұлтпенен басы тең еді…»,

 – деп Мақсұт бидің ел ішіндегі беделін биіктегі қол 

жетпес  бұлтқа  теңеген  екен.  Осындай  абырой  биігіне 

көтерілген бабаның артында қалған шешендік сөздері, 

билік шешімдері, өкінішке қарай, хатқа түспеген. Бірақ, 

өзі туып-өскен өңірдегі халықтың көкейінде жатталып 

қалғаны әлі де баршылық.

Мақсұт би албанның белді тайпасы Қызылбөріктің 

Әжібай  атасының  Жалбысынан  тарайды.  Әжібай  

Найманбайұлы  (1699-1779)  болса  Хангелді,  Рай-

ымбек  батырлармен  үзеңгілес  жүріп,  Жетісу  жерін 

жоңғар  шапқыншылығынан  азат  етуге  зор  еңбек 

сіңірген.  Жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күрескен 

қазақтың  қас  батырларының  бірі.  Абылай  хан  білетін 

батырлардың бірі болғандықтан, көрсеткен ерлігіне сай 

сүйегі Түркістандағы Әзірет сұлтан кесенесі етегіндегі 

қабірстанға жерленген. 

Мақсұт өз заманының әйгілі биі сөзге алғыр, жер 

дауы,  жесір  дауы  сияқты  сол  кездегі  күн  тәртібінде 

тұрған  мәселелерді  тез  де  әділ  шешетін  адам  болған. 

Ол туралы кеңес кезіндегі әдебиеттерде таптық көқарас 

тұрғысынан бағаланып, одан кейінгі кезде де сол жең 

ұшынан жалғасып, объективті бағасын ала алмай келе 

жатқан қайраткер. Тіпті 1998 жылы «Ана тілі» баспа-

сынан  шыққан    Құланаян  Құлмамбеттің  «Сөзімнің 

қыл  сыймайды  арасына...»  -  атты  ел  аузында  әр  түрлі 

себептермен  назардан  тыс  қалып  келген  нұсқаларды 

ғылыми  негізде  жүйелеп,  текстологиялық  сараптама-

мен  бірге  қосымша  түсінік  берілгеннің  өзінде  ол  ту-

– дейді. Жылқышылар судан өтіп барып баланы жағаға 

бесігімен бірге алып шығады.

Содан әйелді атқа мінгестіріп, Пірназар байға алып 

келеді. Қараса әйелдің баласы ер бала екен.

– Қайда кетіп барасың? – деп әйелден жөн сұраса:

–  Күйеуім  күн  көрсетпеген  соң,  төркініме  кетіп 

бара жатырмын, – дейді. Пірназар бай:

– Ендеше мына баланы сен маған бер, өтеуіне мен 

саған қанша дүние-мүлік керек, соны тұтас беремін. Со-

дан соң төркініңе жеткізіп саламын, – дейді.

Сонымен, әйелге күміс ертоқымды ат мінгізіп, бір 

үйір жылқыны алдына салып, нар түйеге жүгін артып, 

әйелді дүние-мүлікке малындырып, төркініне жеткізіп 

тастайды. Содан Пірназар бай тауып алған баласының 

атын  Жылқыайдар  деп  қояды.  «Жылқышыларым 

жылқы жайып жүргенде тауып алған еді», деп ырым-

дайды. Сол Жылқыайдардан Тілахмат туған екен.

Келесі  жылы  Қарқарада  қайтадан  дауды  шешу 

үшін жиын болады. Оған Мақсұт би ерте барып, дай-

ындалады.  Шаршы  алаңның  ортасына  төселген  қалы 

кілемнің  үстінде  төмен  қарап,  еңсесі  түсіп,  көңілсіз 

отырады. Оны көрген Тілахмат бірден:

–  Әй,  Мақсұт,  немене,  өкпелеген  қойшы  құсап, 

басыңды  көтермей  төмен  салбыратып  отырсың  ғой,  – 

дейді. Сонда Мақсұт би кейісті көңілмен:

– Уа-ай, Тілахмат, мен құдайға өкпелеп отырмын, 

– дейді. Тілахмат:

– Неге? – дейді жұлып алғандай. Сонда ол кісі:

–  Мені  құдай  қырғыздың  ең  мықты  манабымен, 

болмаса  атақты  болыс,  елге  жаға  болған  ұлысымен 

айтыстырмай,  сен  сияқты  шыбданға  сатылып  келген 

құлымен  айтыстырғанын  қарашы!  Мен  құдайға  сол 

үшін өкпелеп отырмын! – дегенде Тілахмат:

– Әй, Мақсұт, саған дауа жоқ екен, жеңілдім,– дейді 

де  жиынды  тағы  да  таратып  жібереді.  Шыбдан  деген 

заттың  қазақшасы  –  өреше.  Пірназар  баланы  алып 

қалған соң, әйелдің дүние-мүлкін күмістелген, зерлен-

ген өрешеге орап, түйеге артқан екен. Бұны Мақсұт би 

күнілгері әбден сұрастырып, зерттеп алған ғой. Соны-

мен үш жылға созылған дау, қайтадан тағы көтеріледі.

Қырғыздың  үш  ерін  қазақтардың  өлтіргені  рас 

екен.  Қандастарымыз  қалайда  осы  үш  ердің  құнын 

төлеуі керек. Бұл – шындық. Ол кезде ердің құны үш 

жүз  жылқыға  бағаланған.  Сонда  қазақтар  тоғыз  жүз 

жылқы төлеуі керек. Бұған Мақсұт би бастаған қазақтар 

келіседі.  Енді  жылқыны  санап  алуы  үшін  Тілахматты 

шақырады.  Қырғыз  манабы  дау-шарсыз,  мамыражай 

шешілген келісімге қуанып, Мақсұт биге:

– Қай жерді бел қыламыз, қай жерді бел қыламыз, 

–  деп  қайта-қайта  сұрайды.  Бұл  белгіні  қай  жерден 

қоясың, сол жерден жылқыны санап аламыз дегені екен. 

Сонда Мақсұт би Тілахматқа тіке қарап тұрып:

–  Уа,  Тілеке.  Жылқыайдар  әкемнің  шыбданға  са-

тылып  келген  жерін  белгі  қылмаймыз  ба?  –  дегенде, 

Тілахмат:

– Әй, Мақсұт-ай, саған сөз жүрмейді екен. Үш рет 

келіп,  үшеуінде  де  оңбай  ұтылдым.  Бердім  саған  үш 

ердің құнын. Бәрі де өзіңде қалсын, – деп жөніне жүріп 

кетеді.

Осылайша,  сөз  қадірін  түсінген  Мақсұт  бабамыз 



үш ауыз сөзбен, қырғыздарға үш ердің құнын төлеуден 

осылайша  құтқарған  екен.  Үш  ер  қалай  өлгеніне 

тоқталар болсақ, ол төмендегідей жағдайда орын алып-

ты.


Бірде  көрші  отырған  қырғыз  бен  қазақ  шабысып 

қалады.  Қырғыздың  Борбодай,  Тәстекей  деген  екі  ба-

тыры  бар  екен.  Солар  қазақпен  шабысамыз  деп,  осы 

Ағанастың  жазығына  келіп,  сайыс  жасайды.  Содан 

жекпе-жекке  Борбодай  шығады.    Астында  дәу  сарала 

аты, қолында қылыш, өңгерген ұзын сапты найзасы бар. 

Қазақтар  жекпе-жекке  анау  шықсын,  мынау  шықсын 

десе,  ешкім  батылы  жетіп,  шықпайды.  Борбодай  өте 

дәу кісі екен. Қызылбөрікте Сақау руында Қожбан де-

ген батыр болыпты, оны іздестірсе, ол бір жаққа кетіп 

қалыпты.  Содан  үш  мың  жылқы  біткен  Ерсарының 

баласы Алмабек деген бар екен. Он сегіздегі жас кезі. 

«Бұл қазақта жекпе-жекке шығатын ұл жоқ па» дегенде 

жаңағы Алмабек суырылып ортаға шығады. «Ана атты, 

мына  атты  мініп  шық»  десе,  «жоқ  өзімнің-ақ  атымды 

мініп шығамын» деп, көкбесті аты бар екен, сонымен 

шығады.  Ортада  екеуі  бір-біріне  найзаларын  кезеніп, 

жақын келгенде Алмабек:

– Әй, Борбодай, сен жекпе-жекке шықсаң менімен 

жеке  шық.  Әйтпесе,  осыншама  қырғызыңды  қасыңа 

неменеге қаптатып ертіп алғасың, – дегенде Борбодай 

жайбарақат артына жалт қарайды. Сонда Алмабек най-

заны  өңменіне  қадап  тұрып,  бар  күшімен  толғағанда 

Борбодай  аттан  ұшып  түседі.  Сол  жарақаттан  ақыры 

Борбодай өледі. Осы жолы қырғыздар кері қайтады.

Келесі жылы Борбодайдың құны үшін қазақты ша-

бамыз  деп  қырғыздар  тағы  келеді.  Оларда  «бұл  жолы 

не Мақсұтты өлтіреміз, не Алмабекті өлтіреміз» деген 

байлам болады. Қазақтан осы екеуінен басқа ешкім ке-

рек емес дейді. Бұл жолы Тәстекей деген Борбодайдың 

ағайындас  туысы  сайланып  келеді.  Содан,  қырғыздар 

қазақтармен  шабысады,  қазақтар  жеңіліп,  бас  сау-

ғалайды.  Алмабек  бір  жаққа,  Мақсұт  басқа  жаққа 

қашады. Мақсұт сол қашқаннан Жіңішкеге жақын Бие 

сыймас  шатқалын  өрлеп  келе  жатқанда  алдынан  Ма-

набай деген кісі кезігеді. Өзі өте зор адам екен. Өзінің 

қарала биесінен басқа жылқы көтере алмайтын, бір көзі 

соқыр кісі болыпты.

Манабай Мақсұттарды жедел өткізіп жіберіп:

–  Бие  сыймастың  ішімен,  сендер  жүре  беріңдер, 

Тәстекейді өзім күтіп алып, сазайын беремін, – дейді. 

Манабай бір бұрылысқа жасырынып тұрып, Тәстекейді 

көкжелкеден найзамен шаншып өлтіреді. Сарала атын 

жетектеп, Мақсұттың артынан келеді. Мақсұт:

– Тәстекейді өлтірдің бе, – дейді. Манабай:

– Иә, өлтірдім, – дейді.

– Ендеше мына атын неменеге әкелдің, көз қылып, 

мұны өз бетіне, басқа жаққа айдап жібер. Артынан бізге 

қуғын  түсіп,  пәле  болады,  дау  туады,  –  дейді  би.  Сол 

сайыста қырғыздардың тағы бір жігіті өлген екен.

Қырғыздардың  биі  Тілахматтың  жоғарыдағы  үш 

мәрте Борбодай, Тәстекей, тағы бір жігіттің құнын да-

улап келгендегі мақсаты осы болыпты.

Мақсұт  бидің  шешендігі  мен  тапқырлығы 

арқасында  қазақтар  қырғыздарға  ешқандай  құн 

төлемей даудан аман-есен, осылай құтылыпты. Мұның 

өзі  түйінді  мәселелерді  шешуде  күш  көрсетуге  емес, 

бейбіт жолмен шешуге ұмтылғанын көрсетеді.

Шешендіктің, дипломатия тілінде өз пікірін жеткізе 

білудің бір үлгісі – Қаз дауысты Қазыбек бидің (1667-

1764)  қазақ-қалмақ  келіссөзіндегі  монологы:  «Біз  – 

қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай 

жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, 

жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан 

елміз.  Ешбір  дұшпан  басынбаған  елміз,  басымыздан 

сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, 

дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл 

боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын 

деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын 

елміз».


*   *   *

Ағайын  арасы  бірде  тату  бірдеболмашы  нәрсеге 

өкпелесіп  қалары  сөзсіз.  Бірде  Дәркембай  болыс  пен 

Мақсұт би өкпелесіп қалыпты. Бір-біріне бармайды, не 

келмейді.  Уақыт  өте  келе  Дәркембайдың  бір  қысырақ 

үйірлі  жылқысы  жоғалады.  Оны  қырғыздар  айдап 

әкетеді. Қырғызға Дәркембай неше рет барып, ала ал-

май қайтады. Сөзі өтеді деген  адамдардың ішінен ана-

ны, мынаны қанша жіберсе де, олар құр қол қайтады. 

Қырғыздар теңдік бермейді. Сөйтіп, арада екі-үш жыл 

өтіп кетеді. Үлкен баласы Мейірман ақын екен, соған 

Дәркембай:

– Балам, сен бар да ана шұнаққа айт, қырғыздағы 

жылқымды тауып, сол жылқымды қайтсе де маған алып 

берсін, – дейді. Шұнақ деп отырғаны өзіне ағайындас 

Мақсұт би. Сонда Мейірман:

–  Ой,  әке,  Мақсұт  басыңды  қайтсем  қағамын  деп 

өзіңмен қастасып жүргенде, қырғызға кеткен малыңды 

даулап несі бар? – дейді. Сонда Дәркембай:

– Мақсұт барса, мен үшін бармайды, ол өзі үшін, 

елінің намысы үшін барады. Бар айт, барса барар, бар-

маса сол жылқы қырғыздарда қалар, – дейді.

Содан, Мейірман Күрметідегі отырған Мақсұт биге 

келіп:


– Әкем сізге жіберді, үш-төрт жыл болды қырғыздар 

айдап кетіп, қолды болған бір үйір жылқымызға теңдік 

бермейді, ала алмай жүрміз. Соны алып берсін деп сізге 

жұмсады, – дейді. Мақсұт би ойланып отырыпты да:

– Мақұл, бара бер, мен бұл іске кірісейін, – дейді.

Содан  қасына  Тілен  деген  інісін  ертеді,  ол 

үйленбеген бозбала кезі екен. Қырғыздарға барып, сон-

да бір ай жатып, дауласып жүріп, ақыры он үш байталға 

үш жылғы өнімін, айыбын қостырып, жүз жылқы етіп 

айдап  келеді.  Дәркембай  Далашықта  екен,  Күрметіге 

келген соң Мақсұт би:

–  Мына  малды  Дәркембайға  апарып  беріңдер, 

қырғыздардағы  жылқылары,  –  деп  жүз  жылқыны 

жігіттерінен  айдатып  жібереді.  Дәркембай  жылқы  ай-

дап келген жігіттерге қайдан келдіңдер десе:

–  Бізді  Мақсұт  би  жіберді,  мынау  қырғыздардағы 

қайтпай  жүрген  жылқысы,  алсын  деп  айтты,  –  дейді. 

Далаға шығып қараса, жүз қаралы жылқы. Дәркембай:

Неге көп десе, – жігіттер:

–  Мақсұт  би  қырғыздардан  өсімімен  және 

айыппұлымен қосып өндіріп әкелдім, бәрін де сіз алсын 

деп айтып еді, – дейді. Сонда Дәркембай:

– Ой, мынау артық, қой! Мұны Мақсұтқа қайта ай-

дап барыңдар да, былай деп айтыңдар. Адалын маған 

берсін де, арамын өзі алып қалсын, – дейді.

Айтылған  сөзді  ол  кезде  екі  етпейді.  Жігіттер 

жылқыны қайтадан дүркірете айдап, Мақсұтқа барады. 

Би:


–  Жылқыны  неге  қайта  айдап  келдіңдер,  –  десе, 

жігіттері  Дәркембай  осылай  айтты  деп  манағы  сөзді 

қайталайды. Сонда Мақсұт би:

– Он үш байтал мен бір айғырды айдап апарыңдар 

да,  қалған  жылқыларды  өздерің  таратып  алыңдар, 

–  дейді.  Содан,  қалған  сексен  алты  жылқыны  ауыл 

адамдары бөлісіп алады. Бұл шешім әділ шығарылған 

шешім ретінде қабылданады. 

Мақсұт  би  осындай  адал  шешімімен  әрі  шешен-

дігімен,  тапқырлығымен  елге  талай  жақсылық  жаса-

ған  кісі  екен.  Бүгінгі  қазақтарда  «жүйесіз  сөз  иесін 

табады»  деген  сөз  бар.  Сөйлеу  мәдениетінің  жүйелігі 

де  дәлелділігі,  байқампаздық  пен  білімпаздық  қазақ-

тар  үшін  ежелден  тән  қасиет.  Сондықтан  да,  бүгінгі 

халықаралық қатынастарда дипломатиялық өнерді жас-

тарға оқытуда қалыптасқан ұлттық дәстүлі жүйелілікті 

естен  шығармау  мақсатында    Мақсұт  Қожамқұлұлы 

сияқты тұлғаларымызды ескеріп оның қызметін зерттеп 

білуіміз және оны көпшілікке таныстыруымыз керек.

Жомарт СИМТИКОВ,

саяси ғылымдарының  докторы

ралы:  «Мақсұт  Қожамқұлұлы  –ХIХ  ғасырдағы  Албан 

елінің Қызылбөрік руын билеушілердің бірі. Жетісуда 

батырлығымен  қатар  момындарға  істеген  зорлық-

зомбылықтарымен  де  танылған  дәулет  иесі»  -  деп 

қызыл  империяның  қанға  сіңірген  жолынан  арыла 

алмай  тағы  жаңсақ  пікір  білдірілген.  Сондықтан  да 

әділеттілікті  айту  үшін  сол  Мақсұт  Қожамқұлұлының 

басқа  қырларына  да  тереңірек  үңіліп,  зерттеу 

жүргізгеніміз жөн болар.

Ол  әділ  билік  шешімдері  мен    тапқырлығымен 

ел-жұртына  жасаған  жақсы  істерімен  халық  санасы-

нан  өшкен  емес.  Кеген  –Нарынқол  өңіріндегі  Албан 

жұртының игі жақсылары мен ру басылары құрметтеген, 

шын мәніндегі сескенуді білмеген, мойымас өр мінезді, 

тапқыр  кемеңгер,  тұлға.  Ғибратты  сөздері  жұрттың 

көкейіне  қонып,  зердесіне  ұялаған.  Әсіресе  көршілес 

елдермен  қарым  -  қатынас  саласындағы  мәселеге  ке-

лер болсақ оның алар орны ерекше. Ендеше Мақсұт би 

туралы біршама деректерді мысалға келтірейік. Ол ту-

ралы түрлі қызықты деректерді сол  тұлға өмір кешкен 

бүгінгі Райымбек ауданында тұратын көнекөз қариялар 

мен ел – жұрттан және сол кісінің ұрпақтарының ауыз-

дарынан естуге болады.

*   *   *

 

Мақсұт  өз  уақытында  әуелі  би,  содан  соң  болыс 



болған  адам  екен.  Қырғыздардың  Тілахмат  деген  әрі 

манап,  әрі  биі  қазақтан  үш  кісінің  құнын  даулайды. 

Қазақтармен болған шабыста қандастарымыз олардың 

үш адамын өлтірген екен, осы үш ердің құнын даулап 

қырғыздың атынан Тілахмат би келеді. Ол өте шешен, 

ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін кісі екен. Өзі өте 

кесірлі, әрі тәкәппар, біреудің жалғыз баласы болыпты.

Қазақтардың  игі-жақсылары  бас  қосып,  бұған 

шақ  келетін,  билік  дауында  есе  жібермейтін  кім  бар 

дегенде, бәрі Мақсұт биге тоқтайды. Содан Қарқарада 

өтетін  дауға  арнайы  келуі  үшін  Таушелектегі  оған 

кісі  шаптырады.  Қарқара  Тянь-Шань  тау  сілемдерінің 

Күнгей  мен  Теріскей  Алатаудың  арасындағы  кең  жа-

зиралы байтақ дала. Ортасынан  ағынды, асау Қарқара 

өзені  ағады.  Өзеннің  оң  жағалауында  ХIХ  ғасырдағы 

аты  шулы  Ресей  мен  Қытайдың  және  басқа  да  елдер 

қатысқан  Халықаралық  жәрмеңке  болады.    Онда  16 

болыстан тұратын Ұлы жүздің Албан тайпасы тұрады. 

Сонымен  қатар  Ыстықкөлдік  қырғыздардың  Бұғыдан 

тарайтын    Сарыбағыш  тайпасыда  қатар  жайлайды. 

Мақсұт  би  хабар  алған  соң,  әдейі  үш  күн  кешігіп  ба-

рады.  Ол  кісі  аттың  жақсысын  таңдап  мінеді  екен  де, 

киімді нашар киетін болыпты. Басына көнетоз тақияны 

іле  салып,  жүре  беретін  көрінеді.  Өзінің  бір  құлағы 

шұнақ.  Содан  Қарқарадағы  қалың  жиынға  тіке  бар-

май,  шеткеріде  ат  жайып  жүрген  қырғыздың  шалына 

келеді. Манаптардың атын баққан әлгі кісіден Мақсұт 

би білмегенсіп жөн сұрайды:

– Қария, мына жиын неғылған мәслихат, халық не 

үшін келіп жатыр, – деп сұраса, жаңағы шал:

– Мына маңқа қазақтар Мақсұт деген бір мықтысын 

тосып жатыр. Біздің Тілахмат деген манабымыз соны-

мен сөз сайыстырмақ екен, соған Мақсұт дегенді күтіп 

отыр, ол әлі келген жоқ, – дейді. Мақсұт:

Тілахмат деген кім еді, – десе, шал:

– Төмен атаның баласы, – деп оның ата-тегі туралы 

айтып береді. Сөз ауанына қарағанда ол қырғызға сіңбе 

екен. Содан «жақсы» дейді де Мақсұт би топқа қарай 

жүріп кетеді.

Келсе,  Тілахмат  дегені  бір  керемет.  Үстіне  кигені 

кілең асыл киім. Ары-бері кердеңдей жүріп, төңірегіне 

паңдана қарайды. Қазақтар: «Ой, Мақсұт келді, Мақсұт 

келді», деп жапа-тармағай тұрып, қарсы алады. Мақсұт 

би  Тілахматтың  қасына  таянғанда,  ол  оған  тіксіне 

қарап, менсінбей, бір құлағы шұнақ, үстіндегі киімі на-

шар, өзі кішкентай адамды қораш көреді.

–  Өй,  қазақтар  сендер  жөн  білмейтін  халық 

екенсіңдер  ғой.  Мақсұт,  Мақсұт  дегендерің  осы  ма? 

Киімінің  түрін  қара.  Бұл  сонда  сендер  дәріптеген 

Мақсұт би болғаны ма? Менімен дауласуға қай бетімен 

келді, а? деп кекете, менсінбей қарайды. Шамасы, жеңіп 

кетемін деп ойласа керек. Сонда Мақсұт би:

– Әй Тілахмат, ұзынды ұлым киеді, қызылды қызым 

киеді, немерем киеді, шөберем киеді. Мен байғұсқа не 

тиеді.  Алдыңа  қарасаң  екі  қу  тізең  көрінеді.  Артыңа 

қарасаң  жиған  жүгің  көрінеді.  Сен  кимегенде  киімді 

кім киеді. Сөйле, Тілахмат, сөйле! – дейді іркілместен. 

Сонда Тілахмет:

–  Әй,  Мақсұт,  жеңіп  кеттің.  Бұл  жолы  сөзіңе 

тоқтадым, Дау келесі жылға қалсын, – дейді де жиынды 

дереу  таратады.  Қырғыз  манабының  сөз  сайыстыруға 

одан әрі бармағаны, Мақсұтта он бір бала бар екен де, 

Тілахматта ұрпақ жоқ екен, содан жасқанады.

Келесі  жылы  бұл  дау  қайта  көтеріледі.  Қырғыз-

қазақ  Қарқараға  тағы  да  жиналады.  Мақсұт  би  оған 

дейін  жаңағы  қырғыз  манабы  Тілахматтың  зәузатын 

әбден  тексеріп  біледі.  Сөйтсе,  Тілахматтың  әкесі 

Жылқыайдар деген кісі екен.

Пірназар деген қырғыздың бір байы болыпты. Әлгі 

байдың баласы жоқ екен. Жылқышылары жылқы жай-

ып, бір өзеннің жағасында жүрсе, су жағалап жылаған 

әйелге кезігеді. Ол судан өткенде бесіктегі баласы суға 

ағып кетіп, аралға барып тоқтап қалған екен. Әйел бала-

сына жете алмай жылап жүргенде, қырғыздың Пірназар 

байының жылқышылары жанына келіп:

– Оу, не болды саған? – деп жөн сұраса, әйел:

– Күйеуім ұрып, содан төркініме қашып бара жа-

тыр едім, балам бесігімен суға ағып кетіп, анау аралға 

барып тұрып қалды, соған жете алмай жылап жүрмін, 

МАҚСҰТ  БИДІҢ  ХАЛЫҚТЫҚ 

ДИПЛОМАТИЯНЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН 

ҮЛЕСІ



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал