Ғылым таппай мақтанба ●


Университет ректорының 2015 жылғы 02 ақпандағы № 151 бұйрығымен 8 Наурыз халықаралық әйелдер



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

Университет ректорының 2015 жылғы 02 ақпандағы № 151 бұйрығымен 8 Наурыз халықаралық әйелдер 

күні  мерекесіне орай жас  ұрпақты  оқыту, тәрбиелеу    ісіндегі    елеулі   табыстарымен   кәсіптік маман-

дар даярлауда сіңірген еңбектері үшін  және университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін  

төмендегі  қызметкерлер университет әкімшілігі тарапынан марапатталды:

(Соңы. Басы 1-бетте)

МАРАПАТТАУ РӘСІМІ



«ҮЗДІК ҰСТАЗ» 

ТӨСБЕЛГІСІМЕН:

Оразбекова Күләш Айтмолдақызы 

–  Жалпы  педагогика  және  психология 

кафедрасының профессоры;

Савельева  Вера  Владимировна  – 

Орыс  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының 

профессоры; 

Балахметова  Гүлнәр  Қажахмет-

қызы  –  Тарих  және  шетелдік  студент-

термен  жұмыс  факультеті  деканының 

оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Кенжебаева  Зара  Сағындыққызы 

– Ботаника және зоология кафедрасының 

университет профессоры;

Абдреимова  Күлмесхан  Әуелхан-

қызы  –  Дене  мәдениеті  және  спорт 

педагог тарын даярлаудың теориясы мен 

әдістемесі  кафедрасының  доценті  мара-

пататталады.



«ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР»  

ТӨСБЕЛГІСІМЕН:

Акмурзина  Рита  Сарсенқызы  – 

Білімгерлерді қабылдау мен маман даяр-

лауды  бақылау  орталығының  қабылдау 

комис сиясы пунктінің жетекшісі;



Раймахунова Оразхан Тоқанқызы 

–  Сауықтыру  дене  мәдениеті  кафедра-

сының аға лаборанты;

Мушканова Нина Қазкенқызы - № 

1 оқу ғимаратының меңгерушісі;



Құтмағанбетова  Клара  Кәрім-

қызы  -  №  2  жатақхананың  қызметкері 

мара пататталады.



УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫНЫҢ  

«ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН»:

Сәлғожа  Индира  Тойшыбекқызы 

–  Пәндерді  оқытудың  әдістемесі  (ма-

тематика,  физика,  информатика)  кафе-

драсының аға оқытушысы; 



Талдыбаева  Айгерім    Қожақмет-

қызы  –  Көптілді  білім  беру  институ-

ты  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасары;

Қасымбекова  Айнұр  Талғарбек-

қызы – Кәсіби шетел тілі коммуникаци-

ясы  кафедрасының аға оқытушысы;



Молдахметова Жанар Еспайқызы 

– Азаматтық-құқықтық пәндер кафедра-

сының аға оқытушысы;

Сайдинова  Анара  Байұзаққызы  – 

Мектепке  дейінгі  бастауыш  білім  беру 

теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының 

аға оқытушысы;



Дагирова  Құрманкүл  Сабырхан-

қызы – Студенттік бөлімінің бастығы;

Терехина  Людмила  Николаевна  – 

Кітапхананың сектор меңгерушісі;



Исабекова  Төлеш  Шәкетайқызы 

–  Психология  ғылыми-зерттеу  инсти ту-

тының инспекторы;

Карбаева  Бибігүл  Мұхаметқали-

қызы  –  Қаржы-экономика  басқарма сы-

ның экономисті марапататталады.



УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫНЫҢ  

«ГРАМОТАСЫМЕН»:

Айбергенова Мөлдір Ақтанқызы – 

Кадр бөлімінің инспекторы; 



Асанова  Меруерт  Нұрланқызы 

–  Тір кеу  басқармасының  әдіскер-тір кеу-

шісі;

Бакетова Мақпал Әленқызы – Оқу 

бөлімінің инспекторы;



Қыстауова  Гүлбағдат  Ерментай-

қызы  –  «Ұлағат»  баспасының  техноло-

гы. 


наурыз

март

№ 2-3 (138-139)

2015

2


Жақында университетіміздің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанатбек 

Ішпекбаевтың  төрағалығымен  Ардагерлер  кеңесінің  отырысы  болып  өтіп, 

профессор Жұмаділ Шілдебаев кеңестің төрағасы болып сайланды.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор әуелі бұған дейін Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

болған Саяқбай Жұмабайұлының өмірінің соңына дейін осы қызметті абыроймен 

атқарғандығын  сөз  ете  келіп,  күн  тәртібіндегі  жаңадан  төраға  сайлау  мәселесіне 

тоқталды. «Оқу ордамыздағы іргелі шаралардың ұйытқысы болған қадірлі ағамыз 

Саяқбай Жұмабайұлының дүниеден озып кеткені барлығымыздың қабырғамызды 

қайыстырады.  Үлкен  жүректі  ұстазымыздың  жетекшілігімен  жүзеге  асқан  игі 

істерді  одан  әрі  жандандыру  үшін  бүгін  біз  университет  Ардагерлер  кеңесінің 

төрағасын сайлауға жиналып отырмыз. Жауапкершілігі мол үлкен тәжірбиені талап 

ететін бұл қызметке университетіміздің құрметті кафедра меңгерушісі, педагоги-

ка  ғылымдарының  докторы,  профессор  Жұмаділ  Шілдебаевтың  кандидатурасын 

ұсынамын» деді ол.

Одан  кейін  университет  Ардагерлер  кеңесінің  мүшелері  сөз  алды.  Атап 

айтқанда филология ғылымдарының докторы профессор Темірхан Тебегенов, тарих 

ғылымдарының  докторлары  профессорлар  Бақытжан  Аққсов  пен  Е.А.  Кузнецов, 

тағы басқалар профессор Ж. Шілдебаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын 

жеткізді және ардагерлер көңілінен шығатынына сенімдерін білдірді.

Дауысқа салу барысында Жұмаділ Шілдебаев Абай атындағы Каз-ҰПУ-нің Ар-

дагерлер кеңесінің төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Жұмаділ Шілдебаевтың қысқаша өмірбаяны:

 1972 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің Жаратылыстану–география факультетін, 

1978  жылы  ҚР  Ғылым  академиясы  зоология  институтының  аспирантурасын 

бітірген. Доцент, профессор. 2007 жылдан педагогика ғылымдарының докторы.

Зоология және Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми 

қызметкер  (1985-1990  жыл).  Абай  атындағы  ҚазПИ-дің  доценті,  профессоры 

(1991), «Ландшафттар экологиясы және қоршаған ортаны қорғау»- оқу-әдістемелік 

зертхананың  жетекшісі  (1993-2003).  Химия  және  биология,  география-экология 

факультетінің деканы (2008-2011). Соңғы жылдары Магистратура және PhD док-

торанутра институты, жаратылыстану мамандықтары кафедрасының меңгерушісі 

(2011-2013).  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  мемлекеттік  гранттың 

иегері  (2007).  Қазақстан  халықтық  «Экология»  академиясының  академигі.  2013 

жылдан бастап құрметті кафедра меңгерушісі, профессор.

«Қазақстанның жануарлар дүниесінің экологиясы және оны қорғау»-мәселелері 

бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. 10-нан астам жыл ғылыми 

экспедицияларды  басқарып,  Қазақстанның  барлық  аймақтарында  ТМД  елдерінің 

белгілі  ғылымдары  мен  бірлесе  отырып,  зерттеулер  жүргізген.  3  іргелі  ғылыми 

жобалардың жауапты орындаушысы (оның 3-і Абай атындағы ҚазҰПУ-де).



Кандидаттық  диссертация  тақырыбы:  «Оңтүстік  Қазақстанның  ауыл 

шаруашылығына зиянкес жәндіктердің экологиясы» (1982).



Докторлық диссертация тақырыбы: «Оқушыларға экологиялық білім беру 

теориясы  мен  әдістемесі»  (2007)  (130001-Педагогика;  130002-  Оқыту  әдістемесі 

шифрлары бойынша).

5  ғылым  кандидатын,  2  PhD  докторларын  даярлаған.  170-тен  астам  ғылыми 

әдістемелік мақаланың авторы, 3 монографиясы, 13 оқулық пен 27 оқу-әдістемелік 

оқу құралдары жарық көрген. Оның ішінде мектепке арналған «Экология» (9-сы-

нып) «Биология» (11-сынып) және т.б. жаңа буын оқулықтарының авторы.

ҚР  Білім  және  Ғылым  Министрлігі  бекіткен  ЖОО-на  арналған  «Биогео-

графия»,  «Жалпы  экология»,  «Экология  және  табиғатты  тиімді  пайдалану», 

«Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлік», «Эколо-

гия және тұрақты даму» және т.б. жоғары мектепке арналған оқулықтардың негізгі 

авторларының бірі. Панфилов ауданының құрметті азаматы.



Б.ЖҰМЫНҰЛЫ

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 

САЙЛАНДЫ

Абай  Университетінің  тарихында 

ай тарлықтай  орны  бар  Жаратылыста-

ну  және  география  институтында  на-

урыз  айының  3-6  күндері  ара лығында 

Халықаралық  ASIIN  (Германия)  ак-

кредитациялау  комиссиясының  тексе-

рі сінен  өтті.Аталмыш  комиссия  құра-

мында  төмен дегідей  профессор,  ға лым-

дар  қызмет  атқарып,  Жаратылыстану 

және  география  институтының  тек-

се  ріс тен  өтуіне  септігін  тигізді.  Вюц-

бург  университеті  Герман  География 

қауым  дастығының  1-ші  президенті 

про  фессор,  доктор  Дитер  Бон,Бремен 

уни верситеті,  Бремен  биопроцесстерді 

да мыту  бөлімінің  директоры,  профес-

сор,  доктор  Инго  Эйлкс,Нойбрандербур 

қолданбалы  ғылымдар  инженерлік  ғы-

лым дарының  докторы,  профессор  То-

биас  Хиллмен,  Бремен  қолданбалы 

ғы   лымдар  университеті,  Кельн  уни вер -

ситеті,  биоорталық  директоры,  халы қа-

ралық  ірі  химиялық  концерн  Диетрих 

Шерцер,  Дрезден  технологиялық  ғы-

лым дар  университеті,  профессор,  док-

тор Марина Фогел, Халықаралық ASIIN 

аккредитациялау  комиссия  төрағасы, 

доктор  Георг  Эбертсхаузер,техника 

ғы лым дарының  магистрі  Астафева 

Ека терина  ғалымдардың  бастауымен 

инсти тутымыздың  география,  химия, 

био логия,  бакалавр  және  магистратура 

маман дықтарына  қойылған  талаптарда 

келе сідегідей  мәселелер  қарастырылды.

Уни верситетіміздің болашақта даму мүм-

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ-НІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

БІЛІМ КӨКЖИЕГІНЕ ЖЕТЕР БІР БЕЛЕС

кіндіктері  әріптестік  орнатудағы  алғы 

шарттары,жаңа  замандағы  технология-

лармен жабдықтарды қолдану, оқу және 

білім  беру  саласын  ұтымды  басқару 

мен  тиімді  ұйымдастыру.  Институтта 

жұмыс істеп жатқан лабораториялармен 

сту дент терге  арналған  кітапханамен  та-

нысу;  институтымыздың  құрамында 

жұ  мыс істейтін жеті кафедраның жетек-

шілерімен  қызметтерін  әрі  модулді 

бағ дарламалармен  танысу;  бітіруші 

түлек тердің  емтихан  материалдарының 

меңгеру  аясын  анықтау  болып  табыл-

ды.  Сарапшылардың  тарапынан  инс-

титутымызда  білім  алып  жатқан  түр лі 

курстағы  студенттермен  еркін  пікір-

алмасуы  үлкен  қызығушылықты  тудыр-

са,  аталмыш  аккредитациядан  өткізу 

шарасы,  институтымыздың  өз  мүм кін-

діктерін  барынша  пайдаланып,  қазіргі 

жаһандық  заманда  көшбасшы  әрі  озық 

ғылымға  ерекше  мән  берілетін  Еуро-

па  елдерінің  үздік  үлгілерінен  үйрене 

отырып,  отандық  білім  жүйесінің  ерек-

шеліктерін  дамыта  түсу.  Жаратылыста-

ну  және  география  институтының  бас-

шылығы,  ПОҚ  және  студенттері  мен 

магистранттары пікір алмасу  барысын-

да біздің студенттердің ағылшын тілінде 

салмақты  ой  бөлісіп  тәжірибелермен 

ал масуына  ризашылығын  білдіріп  жат-

ты. Біздің жас болса да, берік қарқынды 

дамып  келе  жатқан  еліміздегі  тұңғыш 

білім  ордасындағы  институттың  ал-

дына  қойылған  нақты  міндеттер  мен 

мақсаттар дүниежүзілік  білім көкжиегі 

атты асуы биік шыңдарды бағындырып, 

білім жарыстыратын заманға аяғымызды 

нық  басып,халқымыздың  ғылымы  үшін 

маңызды  жаңалықтар  мен  үздік  жоба-

лардың  ашылуына  кең  ашылатын  мүм-

кіндіктердің  игі    бастамасы    болары  

анық.

                    



Х.Н. ЖАНБЕКОВ, 

Жаратылыстану  және  

география  институтының 

директоры профессор

Бүгінгі  таңда  сыбайлас  жемқорлық 

қоғамымызды қатты алаңдатып отырған 

келеңсіз  көріністердің  бірі  екені  еш 

жа сырын  емес.  Бұл  қылмыс  түрімен 

қо ғам  болып  күресу  мақсатында  көп 

іс-шаралар  қолға  алынуда.    Өйткені, 

Елбасы  Н.Назарбаев  «Сыбайлас  жем-

қорлыққа қарсы күрес – Қазақстан Рес-

пу бликасындағы  мемлекеттік  саясат-

тың  басым  бағыттарының  бірі»  деп 

атап  көрсеткен  болатын.  Қолға  алыған 

қатаң  іс-шаралар  кешенінің  арқасында 

мемлекеттік  деңгейде  күшейген  сыбай-

ластыққа  қарсы  күрес  біздің  уни вер-

ситетімізде де жолға қойылған. 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педа-

го гикалық  университетінде  сыбайлас 

жем  қорлыққа  жол  бермеу  және  оның 

алдын  алу  мәселесіне,  сонымен  бірге 

қыз меткерлердің  қызметтік  этиканы 

сақ тау  мәселелесіне  ерекше  назар  ау-

дарылады.  Аталған  келеңсіздікпен  кү-

рес  жұмыстарын  ұйымдастыру  мақ-

са тын да 

Университет 

ректорының 

2015  ж.  10  ақпандағы  №01-05-28  бұй-

ры  ғы на  сәйкес  Бірінші  проректор 

М.Е.  Ерма ғанбетоватың  төрағалығымен 

Сы байлас жемқорлыққа қарсы комиссия 

құра мы жаңартылып, қайта құрылды.

Оқу ғимараттарында, жатақхана лар-

да жемқорлықтың алдын алу мақсатында 

жарнамалық  плакттар  ілініп,  әр  оқу  ғи-

маратында Ректордың сенім жәшігі мен 

Студенттердің  жеке  кодтары  арқылы 

жұмыс  істейтін  баға  терминалдары  қо-

йыл ған. Бұл өз кезегінде сыбайлас жем-

қорлықтың алдын алуға тікелей ықпалын 

тигізетін механизм болып табылады. 

Емтихан  өткен  күні  тіркелген  балл 

шамасын студент кез келген уақытта тер-

миналдар  арқылы  біле  алады,  сондай-

ақ  қойылған  балды  ешкімнің  өзгертуге 

мүмкіндігі болмайды. Сессия уақытында 

«Сыбайлас  жемқорлыққа  жол  жоқ!»  та-

қырыбында  акция  өткізілді.  Әр  сессия 

сайын Жастар ісі жөніндегі комитет сту-

денттер  арасында  әлеуметтік  сауална-



ма жүргізіліп тұрады. 

Тәрбие  жұмысы,  жастар  саясаты 

және  мемлекеттік  тілді  дамыту  бас қар-

ма сымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

комиссия, Жастар ісі жөніндегі комитет-

пен  бірлесе  отырып  жұмыс  жоспарына 

сәй кес жемқорлықпен күрес мақсатында 

акциялар,  лекциялар,  әңгімелер,  пікір 

та  ластар,  дөңгелек  үстелдер  өткізді 

және  осы  шараларды  өткізу  барысын-

да  «НұрОтан»  партиясының  басатауыш 

ұйы мы ның бюро мүшелері, құқық қорғау 

органдарының  өкілдері  шақырылып 

қатыстырылды.  Атап  айтқанда,    17  на-



урыз  күні  «Жемқорлық  –  індет,  оны 

жою - міндет» тақырыбында ішкі істер 

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

басқармасы  қызметкерінің қатысуымен 

дөңгелек үстел өткізіп, Тәрбие ісі жө нін-

дегі проректор, профессор Ж.Е.Ішпекба-

ев  университетімізде сыбайлас жемқор-

лықтың  алдын  алу  және  онымен  күрес 

жүргізу  бойынша  арнайы  комиссия  құ-

рылғандығын,  құқық  қорғау  органда-

ры,  Ұлттық  Қауіпсіздік  комитеті  өкіл-

дерінің  қатысуымен  дөңгелек  үстелдер, 

семинарлар,  кездесулер  т.б.  шаралар 

өткі зілетіндігін  туралы  айтып  өтті.  

Дөңгелек  үстелге    Медеу  аудандық 

Ішкі  істер  басқармасының  әйелдерді 

зорлық-зомбылықтан  қорғау  тобының 

инс пекторы, 

полиция 


лейтенанты 

Л.М.Сламджанова өз ойларымен бөлісті.

Дәл  осындай  шара  31  наурыз 

күні    ұйымдастырылды.  ҚР  Мем ле  кет-

тік  қызмет  істері  агенттігімен  бір лесе 

Қазақстан  Республикасы  Прези ден-

ті нің  2014  жылғы  11  қара шадағы 

«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» 

атты  жолдауының  аясында  сыбай-

лас  жемқорлықтың  алдын  алу  және 

Қазақстан  Республикасының  2015-

2025  жылдарға  арналған  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  стратегиясын 

талқылау бойынша кездесу болды.

Аталған  кездесуге  ҚР  Мемлекеттік 

қызмет  істері  агенттігінің  –  Алма-

ты  қаласы  бойынша  Тәртіптік  Кеңес 

төрағасы  Бақтияр  Камалов  және  Ал-

маты  қаласы  Жастар  саясатын  дамыту 

мемлекеттік қорының директоры Сеитов 

Совет шақырылды. 

Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақ-

ты,  ашық  әрі  әділетті  түрде  жүргізілуі 

тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақ-

саттарға қол жеткізе аламыз.



Қазына БЕКПЕНБЕТОВА

Жамбыл  облыстық  әкімдігі  іш-

кі  саясат  басқармасының  ұйтқы  бо-

луы мен  Тараз  инновациялық-гума-

нитарлық  университетінде  Қазақ 

хан  дығының  550  жылдығына,  Ұлы 

Же ңіс тің  70  жылдығына  арналған 

«Тәуел сіздік-тарихтан  жеткен  ұлы 

сый»  атты  ақындар  айтысында 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педа-

гогикалық  университетінің  «Ақпа-

рат тық жүйелер» мамандығы бойын-

ша  1-курс  магистранты  Қанат  Мыр-

заханұлы Бас бәйгені жеңіп алды.

Қанат Мырзаханұлы өзінің таланты-

мен ерте танылған ақын. Жас ақындардың республикалық, облыстық айтыстарында 

топ жарып жүрген Қанат «Хабар» телеарнасы ұйымдастырған «Жастар жырлайды» 

айтысының екі дүркін жеңімпазы. Алматыда, Астанада, Семейде, Шымкентте, Тараз-

да, Ақтауда, Талдықорғанда өткен әр деңгейлі айтыстарда мерейі үстем болды.

«Қазақста»  ұлттық  телеарнасы  ұйымдастырған  «Сөзмерген»  бағдарламасына 

қатысып, «Сөз мергені» атанды.

Қанат –таэквондо спортынан үш дүркін республика чемпионы,  Ідан «Қара бел-

беу» иегері, спорт шебері.

Біз  университетіміздің  мақтанышы  Қанат  Мырзаханұлына  әрдайым  табыс 

тілейміз.

ЖАС АҚЫН БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

наурыз

март

№ 2-3 (138-139)

2015

3


Аллаға тәубе дедік. Бүгінде тәуелсіздіктің туы 

желбіреген еңсесі биік ел болып, өзгелермен тере-

земізді  теңестірдік.  Өшкеніміз  жанып,  өлгеніміз 

тірілді.  Жауға  шапса  –  батыр  болған,  жай  жүріп-

ақ  ақын  болған,  сөз  бастаса  –  шешен  болған, 

қол  бастаса  –  көсем  болған  біздің  халық    бұл 

күнге  оңай  жеткен  жоқ.  Әрине,  «жетер  жерімізге 

жеттік,болдым, толдым» деу ағаттық. Хакім Абай 

айтқандай,  «Болған  адам  болдым  демес,  болдым 

десе,  болғаны  емес».  Батырдың  қанымен,  ару-

дың  жасымен,  баланың  зарымен  өткен  зобалаң 

жылдардың  есесіне  келген  Ұлы  Тәуелсіздігімізді 

түбегейлі  орнықтыру  бүгінгі  ұрпақтың  бабалар 

алдындағы, болашақ алдындағы қасиетті борышы. 

Тәуелсіздік жолында отан  үшін отқа түсуден тай-

салмай,  біздерге  бейбітшілік  сыйлағанҰлы  Отан 

соғысы    ардагерлеріне  құрмет  көрсетіп,  олардың 

ерен  ерліктерін  дәріптеп  отыру  –  ұрпаққа  өнеге.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері жыл санап азайып 

барады.  Әр  өңірлерде  саусақпен  санарлық  қана 

майдангер қарттар бар. Солардың бірі – Оңтүстік 

Қазақстан  облысы,  Төле  би  ауданы,  Қасқасу 

ауылының  тумасы,  Жанша  Түктібайұлы.  «Атадан 

бала туса игі, ата жолын қуса игі». Бүгінде үлкен 

әулеттің ел сыйлаған данасы болып отырған Жан-

ша қария сонау XVII-XVIII ғасырлар аралығында 

қазақтың  ірі  қоғам  қайраткері,  қара  қылды  қақ 

жарған әділдігімен елге сыйлы болған Төле бидің 

бесінші  ұрпағы  екен.  Расында  Жанша  қария 

асылдың  сынығы,  көпті  көрген  көнекөз  қарт  тірі 

шежіре ғой. 

Жанша Түктібайұлы 1923 жылы Кеңес өкіметі 

бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында 

толығымен орнағаннан кейінгі қазақ даласы үшін 

отарлық езгінің жаңа серпілісі басталған аумалы-

төкпелі заманда туыпты.Шаңырақта 2 қыз, 6 ұлдың 

кенжесі болған Жанша ата әкесі Түктібайдың ор-

тасына сыйлы ірі бай, ауқатты адам болғанын ай-

тады.  Ырыс-несібесін  табиғаттан  тауып  отырған 

біздің халық төрт түлік малмен бай болса, қазақты 

отарлық  қанаудың  езгісіне  алуды  көздеген  Кеңес 

өкіметі  малдан  мал  қалдырмаған  ғой.  Малы 

тонауға  ұшырап,  белең  алған  ашаршылықтан 

әбден титықтаған халық күштеп ұжымдастырудан 

берекесі кетеді. Содан 1930 жылы Жанша ата 7 жа-

сында  оның  отбасы  туыстарымен  бірге  Ташкент 

маңына көшіп кетеді. Елдің малынан айырылғаны 

әкесі  Түктібайдың  жанына  қатты  батқан  екен. 

Мал-мүлкі  орынсыз  талан-таражға  түскеніне 

әбден құсаланса керек, содан ауырып жүріп, Жан-

ша атаның 8 жасқа толған кезінде қайтыс болады.

Артынша  келесі  жылдың  көктемінде  анасы  көз 

жұмады.  Әке-шешесіне  тағдырдың  тауқыметімен 

туған елдің топырағы бұйырмаған. Жанша қарттың 

анасының,  әкесі  мен  оның  бауырларының  сүйегі 

өзге  елде  жатыр.  Жанша  ата  жастайынан  жетім 

қалғанына  жасқанбай,  арқа  сүйер  ағаларрымен 

бірге  қара  шаңырақты  шайқалтпай,  1936  жылы 

туған елге оралады. 1942 жылы Жанша ата 19 жа-

сар  бозбала  кезінде  ағаларымен  бірге  ел  қатарлы 

соғысқа аттанады. Қазыналы қарт сұм соғыс жай-

лы былай деп толғайды:

«Сұрапыл  соғыс  жайлы  әркез  еске  алсам  тек 

қана  Аллаға  шүкір  деген  сөзді  айтам.  Бес  жыл 

бойы елден жырақта «туған жердің топырағын бір 

иіскер  ме  екенмін...»  деген  сағынышпен  жүрдім. 

Төбемізден  жауған  оқтың  астында  Отанға  қауіп 

төндірген  жаумен,  басымызға  төнген  өліммен 

арпалысып,  қасық  қанымыз  қалғанша  өліспей 

беріспедік.  Болашақ  ұрпақтарымыз  үшін,  бүгінгі 

күн  үшін,  бейбітшіліктің  алдағы  атар  таңы  үшін 

бар жанымызбен күрестік. Бұл соғыс кімге де бол-

са  оңайға  соқпады.  Бір  жағы  аштық  қысады,  бір 

жағы елді, тыныштықты сағынып іш құса болады 

екенсің. Кейде бойды билеп алатын үрей тағы бар. 

Адам  жас  кезінде  ештеңеден  қорықпайды  екен, 

иә,  мен  18-20-дағы  жас  жігітпін  ғой,  алып  бара 

жатқан үрей жоқ, ештеңеден қорықпадым, жастық 

шақтың  жігері  болса  керек.  Жауға  деген  іштегі 

ЖАНША АТАНЫҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ

ыза-кектен  қаным  қайнап,  аянбай  соғыстым.  Сол 

үшін  қандай  ауыртпалық  болса  да  мойымадым. 

Тіпті бір апта бойы нәр татпай соғысқан кездеріміз 

болды.  Ол  аз  ба,  аштық  пен  қақаған  аяз  қатар 

қысқанда құр жылқы терісін суға қайнатып ішкен 

кездерді де бастан кештік. Мен жас болғандықтан 

бұл  қиындықтардың  бәріне  шыдас  бердім.  40-50 

жастардағы  үлкен  кісілерді  бұл  ауыртпалықтар 

қатты  қинады.  Бірде  жейтін  ешқандай  азығымыз 

қалмай, бізге шошқаның етін, салоны әкеліп тара-

тып берді. Мұсылман адамға шошқа етін, арамды 

жеуге  болмайды  ғой,  мұны  қалай  аузыма  алам? 

Ата-бабам  аузына  алмаған  нәрсе  ғой.  Жемесем 

аштан өлетінімді білем. Жеңіс туын көкке көтеріп 

елге оралар күнді көргім келеді. Өлмеу үшін оны 

да жеуге мәжбүр болдым. 

Құдайға шүкір, ол заман артта қалды ғой. Сен-

дер бақыттысыңдар! Балалық шақтарың мынадай 

тыныш,  тоқшылық  заманда  өтіп  жатыр.  Мұндай 

заман болған емес!»

Адал жүректі қарияның бұл сөздері мені терең 

ойға қалдырды. Бабалардың жанкешті ерліктерінің 

арқасында бақытты өмір сүріп жүрміз. Ұлы Отан 

соғысында  минометші  мерген  болып  шайқас 

басталғаннан  совет  армиясы  жеңіс  туын  тіккен 

соғыстың соңғы күніне дейін ерлікпен шайқасқан 

Жанша  атаны  4  жыл  бойы  оттың  үстінде,  оқтың 

астында Құдайдың өзі  аман сақтап жүріпті. 1944 

жылы  Днепр  қаласын  алғанда,  көпірмен  Днепр 

өзенінің арғы жағына бір топ әскер ішінде өтіп бара 

жатқанда  жау  жағынан  қарша  бораған  қорғасын 

оқтың  жанындағы  суға  түсіп  жатқанын  айтып, 

Құдайға  тәубе  етіп  қояды.  Жанша  Түктібайұлы 

Украина,  Белоруссия,  Польша,  Прибалтика,  Фин-

ляндия  елдерінде,  Днепр  маңында,  Воронеж,  Ка-

лининград,  Волгоград  қалаларындағы  шайқасты 

болып,  соңында  Берлинге  дейін  жетіпті.  Соғыста 

көрсеткен ерліктері үшін 16 рет Сталиннен алғыс 

хат  алған.  Соғыс  аяқталғаннан  кейін    біршама 

уақыт соғыстан қираған Ресей қалаларын қалпына 

келтіру  жұмыстарымен  айналысады.  1946  жылы 

Жанша  ата  елге  оралады.  Түктібайдың  6  ұлының 

3-еуі  қайтып  оралмады.  Жанша  атаның  3  ағасы 

уақыта шейіт болды. 

Соғыстан  қайтқан  ерлерін  қазақ  ауылдары 

қуанышпен  қарсы  алды.  Соғыстың  бар  салмағын 

еңбекпен  өтеген  халық  әлі  ес  жия  қоймаған 

қысылтаяң  кездер  болатын.  Бес-алты  жыл  елдің 

бетін көрмеген жауынгер елге қалжырап оралса да, 

колхоз ісіне белсене араласып, аянбай еңбектеніпті. 

Колхоздағы жұмысын сүт таситын арбакеш болып 

бастаған  Жанша  ата  одан  кейін  тракторшы,  бри-

гадир,  бухгалтер  болып  жұмыс  істеген.  Жұмыс 

талғамай  кезіккен  істің  бәрін  адал  орындап,  тер 

төккен. Еңбексүйгіштігінің арқасында сүрінсе де, 

құламапты.

Жақсының  жақсылығын  айтудан  жалтар-

май  тын  қария  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 

Комитетінің  бірінші  хатшысы  болған  Жұмабай 

Шаяхметоовтың  бір  кездері  өзіне  көмек  қолын 

созғанын айтып, ол кісіге дұға етіп отырады. 1942 

жылы  әскер  қатарында  жүріп  партия  құрамына 

алынады. Колхозда еңбек етіп жүргенде әлдекімдер 

оның  әкесі  ірі  бай  болғанын  алға  тартып,  түрлі 

сылтаулармен  үстінен  шағым  түсіріп,  партия-

дан  шығартып,  колхоз  ісінен  шеттетіледі.  Сонда 

Жұмабай Шаяхметов араға түсіп партия құрамына 

қайта алғызған екен.

Дана  қарияның  еңбектің  арқасында  көтерген 

шаңырағының түтіні қашан да түзу шыққан. 

«Арамның  берекесі  таудай,  түбі  қылдай, 

адалдың берекесі тарыдай, түбі таудай» деп Төле 

би  айтқандай,  біреудің  ала  жібін  аттап  көрмеген 

Жанша ата үшін өмірдің берген сыйы да аз емес. 

Тоқсан екі жастағы Жанша қарт 7 қыз бен 5 ұлдың 

асқаралы әкесі. Ұлын ұяға, қызын қияға  қондырып, 

олардан 43 немере мен 15 шөбере сүйіп отыр. 

Жеңіске 70 жыл толып, көптеген достас халық-

тардың  қуанышын  тойлатқан    бүгінгі  Тәуелсіз 

Қазақстанның,  иісі  қазақтың  тату-тәтті,  бейбіт, 

берекелі  өмірін  Құдайым  Жанша  атаға  көруді 

нәсіп  етіпті.  Жанша  қарияның  балалық  шағын 

жалмап жұтқан жалмауыз жылдыр, ерте есейткен 

жылдар  тарихтың  еншісінде  қалды.  Баталы  сөзге 

құлақ  түрген  текті  ұрпақтың  Тәуелсіздік  таңы 

атқан бақытты күнін Жанша атамен жастылардың 

көргендері  некен-саяқ.  Бабалардың  ғасырларға 

созылған қантөгісті күрестерімен келген біздің ең 

қымбат, ең ұлы байлығымыз, Тәуелсіздігіміз мәңгі 

болғай!


Гүлжамал ХАЛИДУЛЛАЕВА

Старейший  вуз  Казахстана,  ныне  -  КазНПУ 

имени Абая, в течение 80 лет является «кузницей» 

педагогических  кадров    для  нашего  государства. 

Среди  его  выпускников    -  целая  плеяда  ученых, 

государственных деятелей, писателей и поэтов. Од-

ним  из них является выпускница КазПИ 1966 года, 

Элеонора Дюсеновна Сулейменова, которая на каж-

дом этапе своей жизни подтверждает высокий уро-

вень знаний, полученных в своей alma-mater. 

Сегодня доктор филологических наук, профес-

сор  Э.Д.  Сулейменова–крупнейший  ученый,  сфор-

мировавший большую научную школу: 19 докторов 

филологических  наук,  40  кандидатов  филологиче-

ских наук, а также 7 докторов философии Ph.D. (в 

их числе гражданин США, 2003), защитивших дис-

сертации в Москве, Вашингтоне, Алматы, Астане.  

В  Республике  Казахстан  трудно  представить 

лингвиста,  который  не  был  бы  знаком  с  трудами 

выдающегося  ученого  казахстанской  русистики, 

ведущего  ученого-социолингвиста  Э.Д.  Сулейме-

новой. В нашем государстве нет ни одного высшего 

учебного  заведения,  где  бы  ни  работал  представи-

тель научной школы Сулейменовой Э.Д. Благодаря 

ее теоретическим исследованиям за последние два 

десятилетия  самым  активно  разрабатываемым  на-

правлением  в  казахстанской  русистике  является 

социолингвистика, «визитная карточка»  которой  - 

Сулейменова Э.Д. 

Сулейменова  Э.Д.  является  знаковой  лично-

стью, чье имя широко известно в мировой лингви-

стике.  Она  уже  несколько  десятилетий  достойно 

представляет  Казахстан  в  Президиуме  МАПРЯЛа, 

через  ее  личность  русистика  Казахстана  «узнавае-

ма» на международном уровне. Большое количество 

работ  Э.Д.Сулейменовой  опубликовано  в  изданиях 

дальнего  зарубежья  в  рамках  различных  междуна-

родных проектов.     

Лингвистической  общественности  широко  из-

вестны  монографии  Э.Д.Сулейменовой,  в  которых 

анализируются крупномасштабные процессы и от-

ношения в языке, в той или иной степени обуслов-

ленные  социальными  факторами  и  характеризую-

щие  казахстанское  общество  в  целом.  В  условиях 

многонационального  государства  язык  становится 

символом национальной солидарности, объединяю-

щим  ту  или  иную  этническую  группу  в  ее  борьбе 

за  собственные  интересы,  в  противостоянии  дру-

гим группам или центральной власти. В этом пла-

не следует отметить, что труды Э.Д.Сулейменовой 

имеют также большую  общественно-политическую 

значимость,  поскольку    представленные  в  них  ма-

териалы беспристрастно освещают очень важные в 

социальном плане проблемы, связанные с анализом 

языковой  ситуации  и  этнодемографических  про-

цессов, характеризующих казахстанское  общество 

в  последние  два  десятилетия.  В  них  дается  обсто-

ВЫПУСКНИКАМИ ГОРДИТСЯ ВУЗ

ятельный  анализ  проблем  полиязычия,  языковой 

компетенции и языкового сдвига, языкового плани-

рования, витальности казахского и русского языков, 

идентичности и толерантности.      Очевидно, что ис-

следование проблем макросоциолингвистики явля-

ется залогом правильно сбалансированной языковой 

политики, соответственно – залогом стабильности и 

динамичного  развития  казахстанского  общества.  В 

этом процессе огромен вклад Э.Д.Сулейменовой.

Как  известно,  современное  языкознание  пред-

ставляет собой конгломерат новых научных направ-

лений и школ, понятийный аппарат большинства из 

которых находится на стадии формирования, что ак-

туализирует  проблему  нормализации,  унификации 

и стандартизации метаязыка языковедческой науки. 

В этой связи нельзя не упомянуть о терминографи-

ческой деятельности Э.Д.Сулейменовой, результаты 

которой  нашли  отражение  в  одно-  и  двуязычных 

терминологических  словарях,  как  по  общему  язы-

кознанию,  так  и  в  словарях  по  социолингвистике.  

Как известно, одним из  условий, обеспечивающих 

качество словаря, является личность лексикографа, 

сквозь призму эрудиции и интеллекта которого пре-

зентуется словарный материал. Так, макро- и микро-

структура терминологических словарей, созданных 

под руководством  Э.Д.Сулейменовой, безупречны.

Сулейменова  Э.Д.    уделяет  большое  внимание 

воспитанию и формированию  молодого поколения 

ученых.  Ее  научные  труды  являются  «настольной 

книгой» для магистрантов и докторантов PhD, а ее 

концепции являются надежной базой теоретических 

изысканий  нового  поколения  лингвистов.    В  под-

готовке  специалистов,  помимо  фундаментальных 

научных трудов, изучаемых обучающимися, трудно 

переоценить  роль  мастер-классов  Сулейменовой 

Э.Д. Так, в 2011 году ею был проведен незабывае-

мый цикл мастер-классов для магистрантов нашего 

университета,   которые позволили    в  процессе не-

посредственного  общения  с  ученым  разобраться  в 

сложнейших проблемах современного языкознания, 

обмениваться вопросами и получать квалифициро-

ванные ответы из «первых уст».

Мастер-классы    Сулейменовой  Э.Д.  играют  и 

большую воспитательную роль: «живой» ум, креа-

тивное мышление, демократичное общение, глубо-

кое уважение к аудитории, безупречная внешность 

– формируют в магистрантах и докторантах PhD об-

раз ученого нового поколения, позитивное желание 

соответствовать ему, и глубокую веру в то, что они, 

выпускники КазНПУ имени Абая, тоже в будущем 

могут достичь таких высот в науке.

М.Ш. МУСАТАЕВА, 

доктор филологических наук,

профессор КазНПУ имени Абая

Соғыс  жылдарында  майдан  шебінде  Отанымыз 

үшін қанын төккен аталарымызға сый – құрмет жасау 

– баршамыздың парызымыз. Ел болашағы үшін қасық 

қандары қалғанша жаумен арпалысып, Ұлы жеңіске қол 

жеткізген ардагерлердің ерліктерін ұмыту мүмкін емес. 

Елбасына  күн  туғанда  қолдарына  қару  алып,  отанды 

қорғауға  Қазақстаннан    1  миллион  700  мыңнан  астам 

жауынгер аттанды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай  Кәсіби шетел 

тілі  коммуникациясы  және  аударма  ісі  кафедрасының 

аға  оқытушысы,  тәрбие  жетекшісі  Чойкиева  Рая  209-

шы топ 2-курс 2 шет тілі студенттерімен ашық тәрбие 

сағатын  өткізді.Тәрбие  сағатының  тақырыбы:«Ер 

есі мі  -  ел  есінде».  Жастарға  ұлтжандылық  және  пат-

риоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген бұл кешке 

Көптілді білім беру институтының тәрбие ісі жөніндегі 

директорының  орынбасары  Талдыбаева  Айгерім, 

Кәсіби  шетел  тілі  коммуникациясы  және  аударма  ісі 

кафедрасының  меңгерушісі  ф.ғ.к.,  доцент  Зада  Ке-

мелбекова, кафедра оқытушылары және институт сту-

денттері қатысты.

Тәрбие  жетекшісі  салтанатты  түрде  кешті  ашты. 

Ол өз сөзінде әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат ме-

реке  Жеңіс  күнінің  де  жақын  қалғанын,  жеңіске  жету 

жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери 

жанқиярлығы  Отан  соғысы  тарихындағы  жарқын 

бет терге  айналғанына  тоқталды.  Жеңіс  үшін  шыбын 

жандарын  құрбан  еткен  бірнеше  миллиондаған  адам-

дардың  есімдерін  есте  сақтап,  1418  азапты  күн  мен 

түнді  болашақ  үшін  ерен  еңбекпен,  қайсар  ерлікпен 

өткізгендерін ұмытуға болмайтындығын айтып өтті.Өз 

кезегінде студентер  осы соғыста ерекше қаһармандық 

танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Б.Момышұлының 

соғыс  кезінде  207  рет  шайқасқа  қатысып,  2  рет  ауыр 

жараланғанын,  оның  37  дәптер  күнделік  жазғанына, 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ ҰЛЫ ЖЕҢІС 

КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

бейбіт өмірде қалам алып қазақ және орыс тілдерінде 

көптеген  кітаптар  жазғанын,  «Артымызда  Мускеу» 

кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель 

Кастроның  сүйіп  оқитын  кітабына  айналғаны,  Бауыр-

жан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу 

әдістері  үлгі  ретінде  қабылданып,  Кубаның  әскери 

академиясында  оқытылғанын  қызықтыра  әңгімеледі. 

Қазақстандықтардың Брест қамалын қорғағанын, Мәс-

кеу  түбінде  де  өлімге  бастарын  байлағандарын,  Ста-

линград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге 

түсіп,  Берлинге  шабуыл  жасағандарын,  Рейхстагқа 

қазақ  жігіті  Рақымжан  Қошқарбаевтың  Жеңіс  туын 

1945 жылдың 30 сәуірде тіккенін мақтанышпен айтып 

өтті.Сонымен  қатар  шығыстың  қос  шынары  -  біздің 

халқымыздың    батыр  қыздары  Әлия  Молдағұлова 

мен  Мәншүк  Мәметованың  өмірбаяндары  мен  аянбай 

көрсетілген  ерліктері туралы шолу жасады.

Кеш барысында Бауыржан Момышұлы, Рақымжан 

Қошқарбаев, Мәншүк, Әлия туралы бейнематериалдар, 

фотосуреттер, слайдтар көрсетілді, Левитанның жеңісті 

жариялаған дауысы тыңдалды, «Әрқашан күн сөнбесін» 

әні үш тілде орындалды, соғыс тақырыбындағы өлеңдер 

оқылды,  «Синий  платочек»  биі  биленді,тақырыпқа 

байланысты  көрініс  қойылды.  2-курс  студенттері 

қонақтарға деген деген құрметтерін аямай, өз өнерлерін 

ортаға  салды.  Көріністегі  соғыстың  ащы  зардабының 

шынайылығын  сезінген  көрермендер  көздеріне  жас 

алды.Тақырып мазмұны жан-жақты қамтылып,соғыста 

қаза  тапқандар  мен  із-түссіз  жоғалып  кеткендерді 

үнсіздікпен  еске  алып,  ҚР  әнұранымен  аяқталған 

тәрбие сағатының берері мол болды.

  

Гүлжан  ЖАҚАНОВА,



аға оқытушы 


жүктеу 0.51 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет