Ғылым таппай мақтанба ●



жүктеу 0.51 Mb.

бет1/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5

Ғылым таппай мақтанба                    



                     Не гордись без знаний

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті

№ 2-3 (138-139)

наурыз

март

2002 жылдың тамыз

айынан бастап шығады

2015

Көктеммен бірге көңілге қуныш сыйлай келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер 

күні  мерейлі  мерекелердің  бірі  де  бірегейі.  Биыл  да  атаулы  күнге  орай  бір  қолымен 

әлемді,  екінші  қолымен  бесікті  тербеткен  ардақты  аналар,  ақ  жаулықты  әжелер, 

әдемі  де  аяулы  қыз-келіншектер  асқан  құрметке  бөленіп,  құшақтары  гүлге  толуда. 

Дәстүрден жаңылмай біздің университеттің ұжымы да үлкен мәжіліс залында рек-

тор Серік Пірәлиевтің қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанат-

ты шара өтті.

–  Қымбатты  ханымдар!  Қадірлі  көпшілік!  Бүгін  Сіздер  мен  біздер  8  наурыз  – 

Халықаралық  әйелдер күнін салтанатты жағдайда, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алғалы 

отырмыз.

«Бүкіл әлем күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған», - деп орыстың ұлы жа-

зушысы Максим Горький айтқандай, біздің тіршілігімізді тірілтіп, өмірімізді нәрлендіріп 

тұрған ана-әйелдер екені белгілі. Қай заманда да олар тек от-басы, ошақ қасында қалып 

қоймай, ерлермен бірдей ел тағдырына, жер тағдырына, мемлекет ісіне араласып келеді. 

Көне  тарихтың  қатпарларына  көз  жіберіпқарасаңыз  сонау  ықылым  замандарда  Ұмай 

ананың, Тұмар патшалардың ел мен жердің тұтастығы, халықтың ынтымағы мен бірлігі 

үшін толарсақтан қан кешіп, тобығымен саз илеп, аса көрнекті тұлғаларға айналғанын көрер 

едіңіз. Арадан сан мыңдаған жылдар өтсе де олардың есімі тарихтың төрінде, ұрпақтардың 

жүрегінде мәңгі өшпестей болып жарқырап тұрғаны тегін емес. Өзінің ақылдылығымен, 

даналығымен дараланып, қазақ әйелдерінің шоқтығын биіктеткен Домалақ ана – Нұрила 

апамыздың ұлылығы да сан жылдар бойы темірқазықтай айналаға жарық сәулесін шашып 

келеді. Ел басына күн туып, «ат ауыздығымен су ішкен» қилы-қилы кезеңдерде Қобланды 

батырдың жан серігі Қыз Құртқа, Алпамыс батырдың жан жары Гүлбаршын, Ертарғынның 

жұбайы  Ақжүніс  сияқты  апаларымыз  еріне  ғана  емес,  еліне  де  қорған  болып,  тарихта 

қалуы – тағы да сол аналарымыздың асқақтығын, каһармандығын паш етсе керек. 

Басқаны  былай  қойғанда,  кешегі  өт-

кен  Ұлы  Отан  соғысында  неміс-фашист 

бас қыншыларына  қарсы  алапат  шайқаста 

«Шы ғыс тың  қос  шынары»  атанған  Кеңес 

Одағының  Батырлары  Әлия  Молдағұлова 

мен Мәншүк Мәметованың, қазақтың жау-

жүрек  ұшқыш  қызы,  Халық  Каһарманы 

Хиуаз  Доспанованың  зұлым  жауды  баудай 

түсіріп,  қайталанбас  ерліктің  үлгісін  көр-

сетуі қазақ қыздарының ғана емес, иісі қазақ 

халқының  абыройын  асқақтата  түкенін  біз 

бүгін мақтанышпен айта аламыз. 

Тарихтың небір қилы кезеңдерінде біз-

дің  аналарымыз  бен  апаларымыз  барлық 

қиын шылықты  еңсеруге  ерлермен  бірдей  атсалысып  келеді.  Ұлтымызды  ұлықтап,  ар-

намы сымызды  асқақтатып,  ұрпағымызды 

өрбітіп,  елдігімізді  сақтап  келе  жатқан  да 

солар.  Бейбіт  еңбек  майданында  да  ерлік 

көрсетіп,  ер  атанған  Кәмшат  Дөненбаева, 

Наталья Геллерт, Зылиқа Тамшыбаева сын-

ды  апаларымыздың  ерен  істері  де  бүгінгі 

және  келешек  ұрпаққа  өнеге  болып  қала 

беретіні сөзсіз.

Қазіргі  таңда  да  әйел-аналарымыздың 

тәуелсіз  еліміздің  қоғамдық  өміріндегі 

орны  мен  ролі  ерекше.  Бүгінде  әйелдер 

от  ба сының  ұйытқысы  ғана  емес,  ол  –  ең беккер,  ол  –  ғалым,  ол  –  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері, ол – тіршілігіміздің тірегі. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым, 

өнер салалары қызметкерлерінің басым көпшілігі әйелдер.

Елбасымыз  бен  Үкіметіміз  әйелдер  ісі  және  гендерлік  саясат,  әйелдердің  құқығын 

қорғау,  денсаулығын жақсарту, әлеуметтік қолдау мәселесіне айрықша көңіл бөліп келе-

ді.    Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  жыл  сайынғы  Жолдаулары  әйел-аналарға  деген 

қамқорлыққа  толы.  Бүгінгі  аса  күрделі  кезеңде  әйелдер  тіршілігіне  қатысты  қилы-қилы 

проблемалар туындауда. Әрине, оның бәрі  Мемлекет басшысын толғандырмай отырған 

жоқ.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бүгінде мыңнан астам 



апаларымыз, қарындастарымыз қызмет істейді. Көпшілігі ғылым докторлары, профессор-

лар, ғылым кандидаттары, доценттер.

Олардың бәрі де өздеріне тапсырылған жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, уни-

верситет ұжымында сый-құрметке бөленіп жүрген жандар.

Баршаңызды  көктемнің  көрікті  мерекесі  –  Халықаралық  әйелдер  күнімен  шын  жү-

рек тен  құттықтаймын.  «Әйелдер-ай,  әйелдер-ай,  қандайсың,  әдемі  боп  кетіпсіңдер 

әрқайсың!»,  -  деп  ақын  Мұқағали  Мақатаев  жырлағандай,  бәріңіз  де  көктемнің  шуақты 

күніндей күлімдеп, әдемі боп жүрулеріңізге, бақыт пен шаттықтың нұрына бөленулеріңізге 

тілектеспін,-деген Серік Жайлауұлы барша әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады. 

Мерекелік кеш барысында елімізге танымал әншілер мен бишілер бірінен соң бірі сахнаға 

шығып, ақ тілектерін жолдап, әсем ән мен мың бұралған билерімен шашу шашты.

(Басы. Соңы 2-бетте)

Елдар БОЛАТҰЛЫ

АРУЛАР АСЫЛ ЖАНДАР, ШУАҚ БОП 

ШАШЫЛҒАНДАР

Наурыз  мереке  дегеніміз,  жыл  қайырудың  бір  тәсіліндегі  Жаңа  жыл.  Қазір  кең  тарап,  қалыптасқан  жыл 

қайырудың үш тәсілі бар. Оның бірі – календарлық жыл қайыру тәсілі. Бұл тәсілде, Жаңа жыл – 1 қаңтар болсын деп 

Петр патша тағайындаған. Тағы бір жыл қайыру тәсілі – өндірістік жыл қайыру. Бұл тәсілде Жаңа жыл,өндірістің 

ерекшілігіне байланысты календарлық жыл қайырудың кез келген мезетінде бола береді. Мысалы, бізде – білім орда-

сында оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

Ал, Наурыз мерекесі – ғылыми жыл қайырудағы Жаңа жыл және  21, 22, 23 – наурызды қамтып, 3 тәулікке созылады. 

Ғылыми жыл қайыру – астрономиялық тәсілге, жұлдыздардың қозғалысы мен уақытты анықтауға негізделген. Біздің Күн 

жүйесіндегі жұлдызымыз – Күн. Күніміздің  жыл бойында 4 ерекше орналасуы бар: олар – көктемгі мен күзгі теңестіктері 

және жазғы мен қысқы тоқырулары. Осылардың  арасындағы тек көктемгі наурыз айындағы күн мен түннің теңесуінде 

ғана  Күннің нүктесі (орталығы) Тоқтылар жұлдыз шоғырындағы бір жұлдызбен дәл түйіседі екен. Екі түйісу аралығы 

астрономия ғылымында  Тропикалық жыл деп аталып, жыл мерізімің ұзақтығы анықталады. Жыл ұзақтығы 365 тәулік 5 

сағат 48 минут 46 секунд. Күн нүктесінің аталған жұлдызбен түйісуі 2013 және 2014 жылдары 22 – ші наурызға келді. Ал, 

биыл 2015 – ші жылы осы түйісу  22- ден 23 -ші наурызға қараған түнге дәл келеді. Сондықтан осы күндердің екеуінде де 

күн мен түн тең болады. Ақпан айы 29–ға толатын жылдары (2012, 2016, 2020...жж ) осы түйісу  21-ден 22–ші наурызға 

қараған түнге келеді. Осы екі күнде де күн мен түн тең түседі. Наурыз мерекесінің үш күнге созылатыны осыдан.

Ата – бабаларымыз осы жағдайды көне заманнан білген. «Алла мінсіз, әуелде Пайғамбар – хақ. Мүмүн болсаң, үйреніп, 

сен-де ұқсап бақ» – деп ұлы Абай бабамыз айтқан еді.

Жарық жылдамымен ұшатын,

Замандасың болса әлемде,

Қимылсыздық емес-пе екен

Дыбыспен жарысқан кезіңде 

                                                  -деп ұлы Энштейн айтқан.

Осы  бір  қасиетті  сөзге  сәйкес  және  ұлы  сөздерді  бетке  ұстап,  бар  Алла  берген  мүмкіндігімізбен  білім  үйреніп, 

еңбектеніп, бабаларымыздың жетістіктерін жалғастырып, ғылымның да, өмірдің басқа саласының да шыңынан көрінелік.

Бабаларымыз  тағайындап  кеткен  Наурыз  мерекесі  –  өзіміздің  төл  Жаңа  жылымыз  құтты  болсын!    Қой  жылымыз 

баршамызға зор денсаулеқ,молшылық, береке, қуаныш әкелсін! Еліміздегі бейбіт – тыныштық нығая берсін!



Болатбек ҚАЛИЕВ

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!



НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕМЕСІ

«Атадан  жақсы  ұл  туса,  елінің  туы 

болады...»  деп  бабаларымыз  өсиет  ет-

кен.  Өзі  үшін  де,  өзі  өнген  елі  үшін  де 

сарқылмас өмір аңсаған Қорқыт, құбыла 

көшкен  байтақтың  ордасындай,  темір 

жұмсап оқ атқан қорғасындай Бөгенбай, 

Ќабанбай, Наурызбай мен Қарасай, хал-

қын еміреніп сүйіп өткен, зар за манның 

өртіне  күйіп  өткен  Әлихан  мен  Ахмет, 

бәрі  азаттықты  аңсады.  «  Мәңілік  ел  « 

еді арманы!

Міне осындай қиын-қыстау кезеңде 

дүниеге келген, ата жұртының егемендік 

алуына ат салысқан, сонымен қатар ғы-

лым мен  айналысып  артынан  көптеген 

шә кірт  тәрбиелеген  және  еңбектер  жаз-

ған  атамыздың  бірі  –  Әбдуәлі  Қай дар. 

ҚР  ҒА  академигі,  филология  ғылым-

АТАДАН ЖАҚСЫ ҰЛ ТУСА, ЕЛІНІҢ ТУЫ БОЛАДЫ...

да  рының  докторы,  профессор,  атақты 

түрколог  Әбдуәлі  Қайдар  атамыз  90 

жас қа  толды.  Осындай  қуанышты  сәт ті 

бөлісу  үшін,  Көптілді  білім  беру  инс-

титутының студенттері мен « Кәсіби ше-

тел  тілі  коммуникациясы  және  аударма 

ісі»  кафедрасының  ұйымдастыруымен 

кездесу  өтті.  Кездесуге  Әбдуәлі  Қайдар 

атамызбен  бірге  жұбайы  Алтынбеко-

ва  Шекер  Исақызы  да  қатысты.  ¦Ұлы 

Отан соғысының ардагері,  Башқұртстан 

Республикасының  құрметті  академигі, 

көптеген  монографиялардың  авторы, 

қазақ тілімен бірге ұйғыр тілін де зерт-

теген атамыз  өзінің соғыстағы кездерін, 

ғылыммен  қалай  айналысқанын,  өткен 

өмірінің  қалай  болғанын,  жұбайымен 

қалай  кездесіп  танысқанын  әңгімелеп 

берді.  Кездесу  барысында  студенттер 

өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, 

сұрақтар  қазақ  тілі  мен  қоса  ұйғыр  ті-

лінде де қойылды. Атамыз ұйғыр тілінде 

оқып,  зерттеп  жақсы  меңгерген  екен. 

Көптеген  тілектер  мен  атамызға  арна-

лып өлең шұмақтары оқылды. Сонымен 

қатар « Қазақстан « телеарнасы арнайы 

келіп  Әбдуәлі  Қайдар  атамызбен  сыр-

сұхбат  жүргізді.  Атамызға  арнап  әндер 

айтылып, күй шырқалып, би де биленді.

Кездесу  соңында,  Көптілді  білім 

бе  ру  институтының  директоры  Танат 

Тә ңір бердіқызы  Аяпова  сөз  сөйлеп  ата-

мызға өз қошеметін білдірді. 

Туған  халқын,  ұлан-ғайыр  қазақ 

да  ла сының  иесі  –  қалың  елін  бүкіл  бі-

тім-болмысымен  құлай  сүйген,  сол 

бай  тақтың  киесіне  айналған  Әбдуәлі 

Қай дардай қайраткер де туа бермес деп 

ой лаймыз.  Әбдуәлі  Қайдармен  кездесу 

көп теген  студенттердің  болашақта  ғы-

лым мен айналысуына зор үлесін қосты.

Бізше,  адам  өмірін  түзеуге,  бар-

лық  адамдар  тату  тұруға  –  адал  ең-

бек,  ақ  жүрек,  арлы  ақыл  болу  керек. 

Әрине, адам біліп үйренуі қажет. Бі лім-

сіз  -  ғылымсыз  өнер  табылмайды.  Сол 

алған  білімін,  өнерлерін  адал  ең бек пен 

жаратылыстың  мол  байлығын  пай да-

ла нуға  салып  жүрген  Әбдуәлі  Қайдар 

атамыздың  еңбектері  де  көбейіп,  жасы 

да ұзақ болсын демекпіз!  

     

Сахибам ХАМРАЕВА, 

студент


УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ

Б.СМАНОВ – ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ 

СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ

ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жыршы, ақын, Жамбыл Жабаевтың тағылымы 

мол бай мұрасын жаңғыртып, халық арасында насихаттап, таратуға сіңірген еңбегі 

үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Аппарат жетекшісі, 

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының акдемигі, 

педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан  Жазушылар  одағының 

мүшесі  Бақтияр  Өрісбайұлы  Сманов  Халықаралық  Жамбыл  атындағы  сыйлықтың 

лауреаты атанды.

Бақтияр Сманов Жамбыл шығармашылығын насихаттаумен және оны орта мек-

тепте оқыту әдістемесін жасаумен 1978 жылдан бері үзбей айналысып келеді. Осы 

мәселелер  бойынша  теле  және  радио  хабарлар,  арнаулы  бағдарламалар  жүргізуге 

қатысты, ондаған ғылыми мақалалары жарық көрді. Осы жылдарда ғалым Бақтияр 

Сманов бірнеше дүркін қайта басылған қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-

математикалық  бағыттарға  арналған  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін  оқытудың  әдістемелік 

нұсқаулық кітабында арнайы тарау ретінде Ж.Жабаев шығармашылығын оқытудың 

нақтылы әдістемесін жасап берді. Бүгінде орта мектептер жыр алыбы шығармаларын 

оқытуда осы әдістемені пайдаланып келеді. 

Сондай-ақ  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  рек-

торы,  академик Серік Жайлауұлы  Пірәлиевтің  тікелей  басшылығымен осы  оқу  ор-

нында 2011 жылы «Жамбылтану және халық ақындары» ғылыми-зерттеу институты 

ашылса, бұл ғылыми-зерттеу мекемесінің қалыптасуына профессор Бақтияр Сманов 

та айтарлықтай үлес қосты. «Жамбылтану және халық ақындары» ғылыми-зерттеу 

институты (директоры – филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Ыбырай-

ым) аз уақытта Жамбыл Жабаевтың 4 томдық шығармалар жинағын және 1 томдық 

библиографиялық көрсеткіштерін баспадан шығарып үлгерді. Бұл жинаққа Жәкеңнің 

бұрынғы  жинақтарында  жарияланған  өлең-жырларымен  қатар,  бұрын  еш  жерде 

жарық көрмеген көптеген шығармалары енгізілген. Сондай-ақ жыр алыбының әндері 

мен күйлері нотасымен тұңғыш рет жарияланып отыр.

Б.Смановқа  сыйлықты  Жамбыл  атындағы  Қордың  директоры  жазушы 

Н.Қапалбеков табыс етті.

Профессор Б.Смановты лауреаттығымен құттықтай отырып, оған жаңа шығар-

машылық табыстар тілейміз.



АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

12 наурыз күні Тәрбие басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе  

ұйымдастырылған    Ұлы  Отан  соғысының  70-жылдығына  орай  Алматы  қаласы 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  ардагерлерімен  кездесу  өткізілді.  Шара  барысында 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әзірленген деректі фильм «Чекисты Алматы – без-



опасный город. Антитерростическая операция»  атты бейнеролигін көруді ұсынды. 

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»

  27  наурыздаТәрбие  жұмысы,  жастар  саясаты  және  мемлекеттік  тілді  да-

мыту  басқармасы  Тәжірибе  және  жұмыспен  қамтамасыз  ету  бөлімімен  бірлесе 

ұйымдастыруымен  «Дипломмен  ауылға»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 

мақсатында университетіміздің бітіруші түлектерімен  кездесті. 

Дөңгелек үстел жұмысына Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының 

бірінші орынбасары Ғ.А.Майлыбаев, Медеу аудандық жұмыспен қамту орталығының 

бастығы М.Д. Малғараева қатысты.  

Дөңгелек үстел жұмысы барысында жастарды жұмыспен қамту, оларды ауылдық 

елді мекендерге барып еңбек етуге шақыру,  дипломы бар жас мамандар үшін жаса-

лып жатқан жағдайлар мен ауылдардың даму болашағы туралы тұжырымды ойлар 

талқыланды. 



Өз тілшімізден

ЕРМАХАН БЕКМАХАНОВҚА 

АРНАЛДЫ

Наурыздың  11-і  күні  университетіміздің 

үлкен  мәжіліс  залында  «Қазақ  хандығы  (Х  ІІ 

– ХҮІІІ ғ.ғ.): ұлт тарихының  маңыз ды кезеңі» 

атты  ұлы  ғалым  Ермахан  Бекма хан овтың 

100-жылдығына және Халима Бекмұхан ованың 

90-жылдығына  арналған  Респу бли ка лық  ғы-

лыми практикалық конференция болып өтті.

Конференциясының  ашылу  рәсімінде  универ-

ситет ректоры, академик Серік Пірәлиев, профес-

сорлар  Бейімбет  Ермұханов,  Мәмбет  Қойгелдиев, 

Бағлан  Әбдіғұлова,  Лаззат  Жаналина,  Ұлтай 

Жанпейісова  сөз  сөйледі,  сонымен  бірге  универ-

ситет  оқытушылары  мен  студенттері  де  белсене 

қатысты.


Наурыздың  16  мен  31  күндері  ара-

лы  ғында  университеттегі  жастарды 

тәр   биелеуде  тәрбие  жетекшілерінің  бі-

лік  тілігін көтеру, тәрбие жетекшісі жүйе-

сінің жұмысын жандандыру, тәр бие же-

тек шілеріне  әдістемелік  көмек  көр сету, 

мақсатында  Тәрбие  жұмысы,  жас тар 

саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамы-

ту  басқармасының  ұйымдастыруымен 

тәр бие  жетекшілеріне  арналған  мастер-

клас тар  мен  семинар-тренингтер  өтті. 

Аталған  мастер-кластар  мен  семинар-

тренингтерді«Тәрбие  жұмысы,  жастар 

саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамы-

ту»  басқармасының,«Педагогика»  және 

«Мәңгілік ел және өзін-өзі тану», «Ана-

томия,  физиология,  гигиена  және  тір-

шілік  қауіпсіздігі»  кафедраларының, 

«Пси  хология»  ҒЗИ,  «Абайтану»  ҒЗО, 

«Ал дын  алу  суицидологияның  ғылыми-

тех никалық»  зертханасының  білікті  ма-

мандары жүргізді. Атап айтқанда, 16 нау-

рыз күні«Анатомия, физиология, гигиена 

және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының 

меңгерушісі,  медицина  ғылымдарының 

докторы, профессор Балғымбеков Шам-

шидин, Қонақбаев Амантай «Саламат ты 

тамақтанудың  қағидалары  және  тағам-

ды  құнарландыру»  тақырыбында  мас-

тер-класс  өтткізді.  Мастер-класс  бары-

сында  денсаулықтың  адам  өміріндегі 

маңыз дылығы  мен  салауатты  өмір  сал-

тын  ұстануға,  дұрыс  тамақтану  ар қы-

лы  әртүрлі  ауру  түрлеріне  қарсы  тұру 

жолдары  түсіндірілді.Әлем  халқы ның 

та мақтануы  мен  қазақ  халқының  та-

мақ тануын  салыстырып,  диаграмма-

сын  сызып  көрсетті  және  де  артық 

сал мақ  бойынша  да  кеңестер  бере  оты-

рып  дәріске  қатысушыларға  өздерінің 

салмақ  көрсеткіштерін  есептеп  көрсет-

ті.  Дәріс  соңында    «Азық-түлікті  қа уіп-

сіз дендірудің  негізгі  ережелері»,  «Қа-

лыпты  салмақты  бақылау»,  «Салауат-

ты  тамақтану  және  тағам  өнімдерінің 

қауіпсіздігі»,  «Жүрек-қантамыр  аурула-

ры ның алдын алудағы тамақтану», «Та-

ғам  өнімдерінің  қауіпсіздігі»  және  тағы 

да  басқа  тақырып  бойынша  қажетті  де, 

қызықты нұсқаулықтар таратылды.

Мазмұнды да мағыналы өткен тақы-

рып бойынша дәріске қатысушылар жақ-

сы әсер алып, өздерінің ойларымен бөлі-

сіп, пікірлерімен алмасты.

17 наурыз күні химия ғылымдарының 

кандидаты, профессор Сейтжанов Әзім-

хан  «Жемқорлық  қоғам  міндеті»  тақы-

рыбында  семинар  өткізді.  Семинар 

ба  ры сында  Елбасы  Н.Назарбаевтың 

жа рия лаған  жемқорлықпен  күрестің 

жал  пы ұлттық  жоспары  әңгіме  тиегіне 

айналды. «Ғасыр дертіне» айналып бара 

жатқан  мәселені  дер  кезінде  қолға  алу 

шаралары  туралы  айтылды.  Сонымен 

қатар, Қазақстан Республикасының «Сы-

байлас  жем қорлыққа  қарсы  күрес  және 

мемлекеттік  қызмет»  туралы  Заңы  тал-

қы ланды.

18  наурызында  Суицидологияның 

ал дын алу ғылыми-техникалық зертха на-

сының  директоры,  психол.ғ.д.,  профес-

сор  Каримова  Раушан    «Превентив ная 

профилактика  психологического  здо-

ро вья  современной  молодежи»  тақы-

ры бында  мастер-класс  өткізілді.  Мас-

тер-класс  барысында  суицид  ұғымы 

мен суицидальді синдромға түсінік беру 

арқылы  негізгі  проблемалар  айтылды. 

ТӘРБИЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БЕЛСЕНДІЛІК 

ТАНЫТТЫ


Бұл  проблеманы  әлеуметтік  –  фило-

со фиялық  және  психотерапиялық  тұр-

ғыдан сараптап, жасөспірімдердің өзіне-

өзі  қол  жұмсау  әрекетіне  баруға  әсер 

ететін  қоғамдық  факторларды  анық тау 

маңызды  екндігін  айтып,  қазіргі  таң да 

психолог  мамандардың  алдында  тұр ған 

басты  мақсаттың  бірі  екендігін  түсін-

дірді.  Суицидальді  әрекеттің  түрлерін, 

суи цид  себептерін  3  топқа  бөліп  қа рас-

тырып,  суицидальді  әрекеттің  ал дын 

алу  мәселелеріне  тоқталды.  Ғалам тор 

желілеріндегі  суицидке  байланысты  ма-

териалдардың  жастарға  кері  әсерін  ти-

гізетіндігін назардан тыс қалдырмады.

19  наурызда  Психология  ҒЗИ  инс-

титут  директоры,  психологя  ғылым да-

рының  докторы,  профессор  Намазбаева 

Жәмилә    «Психологические  проблемы 

этно культурных  основ  учебно-воспита-

тельного  процесса» деген  тақырыбында 

семинар-тренинг жүргізді. Семинар-тре-

нинг  барысында  психологияның  адам 

мәденитіне  әсер  ету  жолдары  тү сін -

дірілді.  Білікті  маманның  қоғамда  өзін-

өзі қалай ұстауы жөнінде, студенттер мен 

қалай  жұмыс  істей  алуы  керек  жөнінде 

бағыт  бағдар  берді.Семинар  соңында 

семинарға  қатысқан  тәрбие  жетек ші ле-

ріне өздерінің біліктілігін тексеру жайлы 

тап сырма беріліп, талқыланды.

20  наурыз  күні  «Жалпы  педагоги-

ка  және  психология»  кафедра сының   

мең  герушісі,  педагогика  ғы лым да ры-

ның  докторы,  профессор  Баймол даев 

Тұрсынбек  менпедагогика  ғылым да ры -

ның  кандидаты,  доцент  Қиясова  Бақыт 

«Психолого-педагогические 

ос новы» 

та  қырыбында  мастер-класс  өткіз ді. 

Мас  тер-класс  барысында  Б.Т.  Молда-

ханұлы  басқарудың  әлеуметтік  бағыт-

тары жөнінде, басқарудағы қазақ мента-

ли  тетінің  алатын  орны  және  оқыту  мен 

тәрбие  барысындағы  басқарудың  педа-

гогикалық-психолгиялық  алатын  орны 

туралы айтып өтті.

26  наурыз  күні  Жалпы  педагогика 

және  психология  кафедрасының  доцен-

ті,  п.ғ.к.  Әбішева  Жеңіскүл  «Телесно 

–  орентированная  психотерапия  «Типы 

сту дентов»  тақырыбында  пси хо ло гия-

лық  тренинг  өткізді.  Тренинг  бары-

сында  В.Райхтың  және  В.Басковтың 

«Денеге  бағытталған  терапия»  бағы-

ты на  тоқталып,  қазақ  елінің  этно пси-

холо гиясының  дене  мәдениетінің  тәр-

бие  лік  мәні  мен  маңызы  жайлы  ай-

тылды.  Бала  мен  ананың  арасындағы 

қарым-қатынасына  мысалдар  келтіріп, 

жағ дайларға  бөлді.  Студенттердің  ішкі 

дүниесін  түсінуге  қандай  жұмыстар 

жүргізуге  болатындығын  айтып  өтті. 

Студент  жастардың  мінез-құлқын,  жан-

дүниесін  түсінуге  қажетті  жасалына-

тын  шаралар  көрсетілді.  Кішігірім  тест 

арқылы қатысушылардың  мінез құлқын 

анықтап,  сипаттауға  мүмкіндік  берді. 

Сондай  ақ  сұрақтар  қойылып,  тәрбие 

жетекшілері өз ойларымен бөлісті.

27  наурыз  күні  «Абайтану»  ҒЗО 

орта лығының  директоры,  филология 

ғы лым дарының  кандидаты  Шойынбет 

Жабал  «Абай–абсолютті  жырлаушы» 

та қы рыбында  мастер-класс  жүргізді. 

Абайдың  қарасөздері  арқылы  адамта-

ну  мәселесіндегі  еңбек,  ақыл-ой  та-

қы  рыбына  байланысты  айтылған  ой-

пікір лерін  қарастырып,  өз  жерінен 

шық қан  ұлы  адамдар  өмірі  мен  шығар-

ма  шылығын сүюге, бағалай білуге, өнер-

бі лім ге,  инабаттылыққа,  адамгершілікке 

тәрбиелеу керек екенін айтыпөтті.

30  наурыз  күні  Мәңгілік  ел  және 

өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі, 

п.ғ.д.,  профессор  Жампейсова  Қорлан  

«Современные  аспекты  формирование 

национального  самосознании  буду щих 

специалистов»  тақырыбында  мас тер-

класс  өткізді.  Дәріс  барысында  бі лім 

алу шы  жастардың  ұлттық  сана-сезі мін 

қалыптастыру,  болашақ  маман  тұлға-

сының зияткерлік әлеуетін дамыту мәсе-

лелері талқыланды.

31  наурыз  күні  Тәрбие  жұмысы, 

жас тар  саясаты  және  мемлекеттік  тілді 

дамы тубасқармасы  бастығының  орын-

басары  Бекбенбетова  Қазына    «Студент 

жастардың  жазғы  маусымда  бос  уақыт-

тарын  тиімді  ұйымдастыру»  тақы ры-

бын да  мастер-класс  өткізді.  Мастер-

класс  барысында  жастарды  жазғы  ма-

усымда  жұмыспен  қамту  және  оларға 

материалдық  қолдау  көрсету  бойынша 

нұқсаулар берілді. 

Шолпан ШЫНЫБЕКОВА



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал