Ғылым таппай мақтанба ●



жүктеу 476.55 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата15.02.2017
өлшемі476.55 Kb.
1   2   3   4   5

ЖАМБЫЛ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ

ТҰСАУКЕСЕРІ

УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ

• Жолдауға қолдау!

АНАҒА ҚҰРМЕТ, ҚЫЗҒА ІЛТИПАТ



(Соңы. Басы 1-бетте)

наурыз

март

№ 2-3 (129-130)

2014

Бір  дәуірдің  таулары.  Кешегі 

Шыңғыс  Айтматов,  Қадыр  Мырза 

Әлі,  Тұманбай  Молдағалиев,  бүгін 

Фариза  Оңғарсынова.  Келу,  кету 

өмірдің  заңдылығы,  бірақ  көңіл 

шіркін  қимайды  екен.  Қимайды, 

себебі олар сол келу мен кетудің ара-

сында келер ұрпаққа не тастап кетті, 

мәселе сонда жатыр. Бала күнімізден 

оқып,  жаттап  өскен  ақын,  жазушы-

ларымыз біз адам боламын  дегенше 

өмірден  озып  үлгеруде.  Алматыға 

кеше ғана білім қуып келген,келгенде 

де  зор  үмітпен  келген  ,  ақын  апа-

мызды  бір  жолықтырып  қалармыз,  

қолтаңбасын, батасын алармыз  деген 

мен сияқты бір топ жастарға қаралы 

қабар қатты соққы болды. 

    Жатақханада  жүрген  болатынбыз,  кенет  тосыннан  келген  суық  

хабарды естігенде абдырап қалдық. Шын екенін білгенде, әдетте ай-

тылаты  н  «иманы  саламат  болсынды»  айта  алмай,  қатты  қиналдым.  

Кенеттен біреу  тірі екен деп қалатындай. Өлімнің ақиқат екені рас. 

Бәріміздің баратын жеріміздің  сол екені тағы рас. Дегенмен, сол қайғы 

сенің жақын адамыңа қатысты болса, біртүрлі мойынұсыңғың келмейді 

екен.Қалшиған күйі қалдым. Қызынан айрылған, жай ғана қызы емес 

дара, ақын қызынан айрылған қалың қазақ жұртшылығының  жағдайы 

да  мәз емес, құлазып отыр.

Жүрегіме  өксік,  көзіме  жас  келіп  тығылғанда    өзімді-өзім  ұстай 

алмадым,  оңаша  жерге  барып,  бір  жылап  алдым.  Мойынұсынғым 

келмеді ме, әлде өкініш  өзегімді өртеді ме, білмедім, әйтеуір  жаны-

ма жұбаныш табайын деп қойын дәптеріме жазып қойған, өзіме қатты 

жақын,  Фариза  апамның  мақаласынан  үзінді  бар  еді,соны  қайталай 

оқи бердім (тіріліп келеді дедім-ау шамасы):

  «...баяғыда, алғаш өлең жазу «ауруына» шалдыққан кезде, өзім 

кез-келген жерде: көшеде, автобуста, түнде оянып кеткенде – әйтеуір 

ойға  келіп  қалған  жолдарды  іркілмей  жаза  салатынмын  (әрине  ол  

дүниелердің сапасы туралы айтып отырған жоқпын). Соған қарап , «ел 

–жұрт  айтатын шабыт дегенің осы екен, ол мезгіл, мекен таңдамайды 

–  келіп  қалғанда  жаза  саласың  деп  жүрдім.  Шабыт  өзі  келеді  деп 

мықтысынғаныммен  келе-келе  ол  шіркін  қашықтайтынды  шығарды. 

Қағаз, қалам алып отыру «азабы» содан кейін басталды.  Мен қағаз 

алып  ыңғайлансам,  үйдегі  туған  туыстарым,  шуламаңдар  «қағаз 

жазғалы  жатыр»  («өлең  жазғалы  демейті  н)  деп  оңаша  қалдыруға 

тырысатын. Менің бір дос қызым: Сен бір нәрсе  жазып отырғанда, 

білдірмей  келіп  қарасам,  менің  жаным  ашиды:  түсің  бұзылып, 

есалаң  адам  сияқты  көрінесің»,  -    дейтін.  Мен  көбіне  түнде  жаза-

мын, («жалақысы бар жердің жиналысы болмай ма!» дегендей, күндіз 

жазуға қалыптассаң, өлеңмен қоштасуға тура келетін шығар). Жалпы, 

мен  өзімді  барып  тұрған  жалқаумын  деп  есептеймін.  Шындығында 

да  солай.  Ойымдағы  нәрсені  бастап  жазып  кету  үшін    «қияметтің 

қыл көпірінен» өтумен бірдей болады (жоғарыда  айтқанымдай: бұл 

әлі  дұрыс  қалыптаспағанның  белгісі  шығар).  Тек  өлеңді  ғана  емес  , 

мақала, очерк, әңгіме – әйтеуір, нені де болса бастап кету – мен үшін 

ең қиын нәрсе. Ал бастап кетсем, ол дүниені аяқтаймын және түннің 

бір уағына дейін жазып тастаған  дүниемді ертесіне өзім қарап, кейде 

«Осыны мен жаздым ба?» - деп, ішімнен таңданып қалатын кездерім 

болады.  «Мамық  төсекте  керіліп  жатып,    ешқашан  даңққа  жете 

алмайсың»  деген    Дантенің  сөзіне  бар  болмысыммен  қол  көтердім 

де,  өзімнің  жалқаулығымды  әлі  жеңе  алмай  келемін.    Жалпы,  өлең  

дегеннің қиын шаруашылық  екенін ақынның өз де жүре-бара сезеді 

екен...».

   Жай күндері, шынайылықпен, қарапайымдылықпен өрілген бұл 

дүниені оқығанда  Фариза апамның жанына үңілгендей әсер алатын-

мын. Ал бүгін ебіл-дебілім шығып, әрең оқып аяқтадым. Бұрындары 

оқыған  сайын,  міндетті  түрде  жолығамын  деген  алдыма  мақсат 

қоюшы едім, ал бүгін сол қарекетім есіме түсіп, үнсіз қалдып. Маған 

шабыт, мақсат силайтын бұл сөздер, енді «ақындық шабыттың бол-

мысын»  көрсететін бағдарыма айналды. 

  Батыстың қалың қарға орануы сирек кездеседі екен...Табиғат та 

сезді ме, қайдам, бейсенбі куні Атырау қаласы аппақ қарға оранды. 

Бұл биылғы қыс бойы қар көрмеген жұрт үшін  бір леп әкелгендей еді. 

Бұл тек алты алаштың ғана емес, адамзаттың ұлы ақынының  қайтпас 

сапарға дайындалып жатқан кезі екен ғой...

    Көз  жасымыздан  көл  жасап,  жоқтағаннан  басқа,  ендігі  күні  

атыңызды  зор  ілтипатпен  айтып,    сағынып,  дұға  оқығанымыздан 

басқа  ешнәрсе  қолымыздан  келмейді,  ақын  апа.  Болашаққа  артқан 

үмітіңізді келер күннің ұрпағы болып ақтасақ болғаны. Бойыңыздағы 

қайсарлықты  жырыңыз  арқылы    көріп,  қабылдап  жүрміз,  қабылдай 

береміз де, өйткені Фаризаны – Фариза еткен де сол батырлығы. 

Ақын  апамның  жолын  қуған  ізбасарының  бірі  ретінде,  қимас 

көңілдің дәлелі ретінде сөзімнің соңын өлеңмен  түйіндесем: 

Ақын кетті өмірден тағы бүгін,

Тарылды ағысы тамырымның.

Аспан да түнеріп бір тұрып алды,

Бәлкім, мұңы шығар бұл Тәңірімнің.

Дала айрылды талантты баласынан

Мәртебесін ақын қыз көп асырған.

Біз айрылып қалдық-ау көре алмастан,

Қыздың қамын ойлаған жанашырдан.

Аяқталып бір ғұмыр жатыр ұзын,

Жүрек сезіп  езіледі жақындығын.

Халқым бүгін жоғалтты бұл өмірден,

Еркек мінез, ер жүрек ақын қызын.

Біліп тұрып жалған деп тұмшаладым

Қайтейін енді ауырса мұнша жаным.

Фариза тау етегінде тұрып алып,

Мен бүгін қимастықпен мұң шағамын.

Қатты менің тарылды бүгін демім,

Жырынан төзім алдым, алдым емін.

Намазымның артынан  дұға тілеп,

«Өшпейді, өшірмеймін» деп күбірледім.

Адамдықтық тұғырын жайратпаған,

Жан едің болмысыңнан қайратты адам.

Апа, менің арқамнан демеп жүрші,

Мен сенің қылышыңды қайрап қалам.

Алтынай ҚҰЛБЕК,

 студент   

Қол бұлғадық, такси тоқтады да,  ала кетті.  Шопыр ағамның жүзі – мұңды, сөзі – зәрлі. Қайнысына ренжіп келеді:

– Өткенде барсам,  әйелін ұрып тастапты. Аямаған. Тіпті, маңдайы былай шығып кеткен, – деп қолымен көрсетіп қояды. – Әй-әй, ақымақ 

қой, ақымақ!  Ал, кеше әйелін пышақтап тастапты. Тура жүрегінен сұққан дейді. Қазір ауруханада жатыр, әлі операция жасамапты. Басында 

сол  келінге  айттым  ұрып  тастағанда:  «Жүр, 

алып кетейін»,- деп. Көнгендей болған, кейін 

айнып  қалды.  Сөйтсем,  кейін  естідім,  анау 

көк  соққан  қайным  қорқытады  екен.  Екі 

баласы бар еді, соларды бауыздап тастаймын 

деп... Келіншегі сүп-сүикімді  жақсы бала еді. 

Ауылдағы  жалғыз  мейірбике  болатын.  Енді 

ауыл  не  істейді?!  Қаланың  қызы  еді,  ауылға 

барғандағы тапқаны – мынау. Білмеймін тегі, 

не  істерімді...  Екеуі  сүйіп  қосылған  секілді 

еді.  Қайным  я  оқымаған,  я  жұмыс  істемейді. 

Енді  қашып  жүр-міс.  Есалаң  неме  бірде 

картағаотбасын тігіп жіберіпті. Алты жүз мың беріп, әрең құтқарып алғанбыз. Келіннің тапқан бір азырақ дүниесін де құртты, ақыры. 

Мені дегбірім қашып, қатты  мазасыздана бастадым. Ал, ағам сөзін жалғастыра берді: 

– 

Қайным да қызық-ау!? Жүректен пышақ сұғып не қылады, санынан ба, қолынан ба пышақтамай ма!?



Мен аң-таңмын. Шынымды айтсам, қатты шошындым. Ісләм діні пайда болмай тұрып  Араб жазирасында қыз баланы тірідей жерге көметіні  

туралы әңгімені кәрі тарихтан оқып-білгенміз бар еді. Енді қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ болып отырған заманда біздің мынау істеп 

отырғанымыз ешқандай ақылға сыймайды ғой деген ойға келдім. Сонда Хакім Абай айтпақшы «...іздеген жұртымыз осы ма?»   

Осыдан кейін өзіңіз-ақ айтыңызшы, біз қандай күйдеміз қазір?.. Біздің қоғам қандай күйде?!. Бір ағамыздың: «Біздің кезімізде төбелесіп 

қалсақ,  құлағанша  ұрсақ  та,  жерде  жатқанды  теппейтінбіз.  Ал,  қазіргілер  жерде  жатқанды  тепкілемек  түгілі,  пышақтап,  кейде  өлгеніне  де 

қарамастан пысып жоғалады» - деп айтқаны бар еді. Аяқ астынан сол ағамның сөзі есіме түсіп кетті де,өзімнен-өзім қысылып,не істерімді білмей 

терге малшынып шыға келдім. «Біз осы қайда барамыз өзі?» –  деген сауал миымды мүжіп тұрып алды. Мен таксиске ләм деп тіл қатқам жоқ.  

Межелі жерге алып барып тастағанша тықыршып әрең шыдап отырдым.

   Таксиден түсіп бара жатып, терең дем алдым да «Алла тағала, біздің қарындастарымызды осындай қаныпезерлерден өзің сақтағайсың» 

дедім ішімнен...



Маралбек БАЗЫЛБЕКОВ,

студент

Абай  атындағы  ҚазҰПУ-і  әкімшілігінің 

ті келей  қолдауымен,  осы  оқу  орыны  Тәрбие 

жұмысы,  жастар  саясаты  және  мемлекеттік 

тілді дамыту басқармасының мұрындық болу-

ымен өткен 2013 жылы «Абай университеті» 

га зетінің  жанынан  «Жас  қалам»  атты  әде-

би-мәдени  және  өнер  клубы  өмірге  кел-

ген  болатын.  Содан  бергі  уақытта  аталған 

клуб тың  қатарына  көптеген  студент-жа-

стар  мен  оқытушылар  қауымы  мүше  бо-

лып  кіріп,рухани  бағыттағы  игі  шараларды 

ұйымдастыруға  ұйытқы  болып  келеді.  Клуб-

тың мақсаты – университетімізде білім алып 

жүр  ген жас таланттарды іздестіру және жан-

жақты қолдау, әдебиетке, жалпы жазу өне рі не 

бейімі бар жастарға жол көрсетіп, бағдаршам-

болу,шығармашылық іс-әрекетке сыни көз қа-

рас  қалыптастыру,белсенділігін  арттыру  сия-

қты  бүгінгі  күн  талабынан  туындап  отыр ған 

маңызды  міндет  ретінде  студент-жастар  тәр-

биесіне  заманауи  тұрғыдан  қарауға  атсалысу 

болып  табылады.  Сондай-ақ,  университет 

әкімшілігі осы мәселені ерекше назарға алып, 

оң  шешу  үшін  студент-жастардың  шығар ма-

шылық жетістігін көрсетіп, насихаттайтын га-

зет  қошымшасын  шығаруды  міндеттеген  еді. 

Міне,  «Абай  университетінің»  қосымшасы 

ре тін де  өмірге  жолдама  алып  отырған  «Жас 

қа лам»  әдеби-мәдени  басылымы  сол  мін дет-

те менің нәтижесі деуге болады.

Айта  кететін  нәрсе,  егер  сіздің  бойы-

ңыз да  өлең,  шағын  әңгіме,  мақала  жаза 

ала тын  қасиетіңіз  болса,  еліміздің  театр ла-

рын да,кинотеатрларында,  телеарналарында 

назарға  ұсынылып  жүрген  қойылымдар  мен 

көрсетілімдерге,  бағдарламаларға  өз  пікі-

рі ң ізді  білдіргіңіз  келсе  және  басқалардың 

ой-пікірін  тыңдауға  құмартсаңыз,  сонымен 

бірге  биік  белестерді  бағындырамын,  сөйлеу 

мәдениетін игеремін, мемілекеттік тілді мейі-

лін ше  терең  үйренемін  десеңіз  «Жас  қалам» 

клубына  мүше  болуға  шақырамыз  және  да-

рынды шығармалар мен хат-хабарлар күтеміз. 

Болашақтан үміт күтетін барлық талапты жа-

стар мен оқытушыларға біздің клубымыздың 

есігі әрқашаш айқара ашық.

Келіңіздер, бізбен бірге болыңызлар! Қазақ 

елінің болашағын жасауға бірге атсалысайық!

«Жас қалам» клубының мүшелері. 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  басты 

және  негізгі  міндеті  –  іргелі  бі лім  не гіз  дері 

мен  қолданбалы  әдіс тер ді  мең гер ген  бәсе-

келестікке  қабі лет ті,  жо ғары  әлеу мет тік 

және  азамат тық  жауап кершілігі  бар  ма -

ман дар  даярлау.  Осыған  байланысты  біз-

дің  универси теті мізге  еліміздің  түкпір-түк-

пірінен,  алыс–жа қын  шетелдерден  ке ліп, 

білім алып жат қан жастар жетерлік. Солар -

дың  ішін де  физика,  математика  және  ин-

фор матика  институтының  информатика 

мамандығының  2  курс  студенттерінің  төр-

теуі  Ауғанстаннан  келген  азаматтар,  екеуі 

қазақстандық  қыздар.  Олар:  Қасами  Инай-

тулла  мен  Салихи  Манзур  –  Хуссайн  ха зар 

ұлттынан,  ал  Барекзай  Нурулла  пуштун, 

Кохестани  Мозамелдің  ұлты  тәжік,  топ  ста-

ростасы  –  Кенжекей  Мөлдір  Жамбыл  обл., 

Қордай  өңірінен,  үздік  студент,  Баелова  Ал-

тын  –  Алматы  қаласынан,  топ   тың  үздік 

студенті. Ол академиялық ұт қыр  лықпен Гер-

ма нияның  Фрайбург  қала сына  барып,  білі-

мін толықтырып келді.

Ауғанстаннан  келген  жігіттердің  Қа-

зақ     с танда болғанына 3 жылдай уақыт бо лып-

ты.  Үш  жыл  бұрын  Қазақ  ұлттық  уни вер-

ситетіне келіп, сол жерде орыс тілін үй рен ген. 

2012 жылы біздің ҚазҰПУ-не өз қалауларымен 

оқуға түскен. Осы университет қабырғасына 

түскеннен бері жігіт тер қазақ тілін де меңгере 

бастады.  Осы  топ  сту дентерімен  болған 

сұхбатты назарларыңызға ұсы намыз:

№01 (01) 2014

Жас қалам



«Жас қалам» әдеби-мәдени клубының үні

«Жас қалам» әдеби-мәдени клубының үні

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Жас қалам



№01 (01) 2014

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН 

СТУДЕНТТЕР! 

ҚАДІРЛІ «ЖАС ҚАЛАМНЫҢ» 

ОҚЫРМАНДАРЫ!

БІЗ АРМАНДАҒАН  УНИВЕРСИТЕТ

ФАРИЗА АҚЫН



ТАКСИ

(Басы. Соңы 6-бетте)

•Алтын көпір

 24 ақпан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің № 6 

Бас оқу ғимаратының 4-қабатындағы екі дәрісхананың қазақ әдебиеті пәнін оқытуға 

арналған  кабинеттер  болып  жабдықталуының  ашылу  салтанаты  болды.  №407  А 

дәрісхана  (меңгерушісі  –  А.Ы.  Шамахова)  «Қазақ  әдеби  сынының  тарихы»  пәніне 

арналып, онда мынадай көрнекі материалдар жеке стендтер болып ілінген. «Әлемдік 

әдеби-эстетикалық, сыншыл ойлар негізі». Бұнда Аристотельдің «Поэтика», Квинт 

Гораций  Флакктың  «Поэзия  өнері», 

Әбу  Насыр  Әл-Фарабидің  «Музыканың 

ұлы  кітабы»,  Ахмет  Байтұрсынұлының 

«Әдебиет  танытқыш»,  Зейнолла  Қаб-

доловтың «Сөз өнері», т.б. зерт теу шілер 

еңбектері, суреттер қам тыл ған. Сонымен 

бірге, «Қазақ әде би сы нының қалыптасу, 

даму  кезең де рі»  тақырыбымен  ілін  ген 

стенд те  ха лық тық  эстетика  мұрала-

рын дағы,  ағар тушы-демо краттар  шы-

ғар   машы лығындағы  сыншылдық  ой -

лар  берілген.  «ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен 

ХХ  ғасырдың  ба сындағы  қазақ  бас па-

сөз  және  әдеби  сын»,  «ХХ  ғасырдың  20-жылдарындағы  қазақ  әдеби  сы ны  ның  да-

муы»,  «ХХғасырдың  30-жыл  да рындағы  қазақ  әдеби  сыны ның  жанр лық  қалып-

тасуы»,  «ХХ  ға сыр    дың  40-50-жылдарындағы  қа зақ  әдеби  сыны»,  «ХХ  ғасырдың 

50-90-жылдарындағы  қазақ  әдеби  сыны  және  оның  әдебиеттану  зерт  теу   лерімен 

сабақтастығы», «ХХ ға сыр  дың 90-жылдары мен ХХІ ғасыр ба  сын дағы қазақ әдеби 

сын»  бөлік терінде  әдеби  сынның  дамуын дағы  қазақ  баспа сөзінің  тарихы,  сыншы 

мамандар  дәстүрінің  қалыптасуы  тура-

лы  деректер  жүйеленген.  №410  «Қазақ 

әде биеті»  атты  пәнінің  кабинетіндегі 

(мең ге рушісі-  С.Қ.  Сыздықов)  стенд -

терде  ұлттық  әдебиет  тарихын  құ рай-

тын жыраулар, ақын-жазу  шы лар ту ралы 

тарихнамалық-дерек  на ма лық  мол  мате-

риалдар  орна  лас  ты рылған.  Кабинеттегі 

ауыз ша  авторлық  поэзияның  алыбы 

Жамбыл  Жабаев  және  жаңа  жазба  реа-

листік  әдебиетіміздің  әлем  өрке ние ті 

деңгейіндегі классигі хакім Абай Құнан-

байұлы  туралы  материалдар  жинақ тал-

ған стендтер мазмұн дылығымен ерек шеленеді. Аталған пәндік кабинеттерде Тәуелсіз 

Қазақ Елі ұрпақтарын жаңа тарихымыздағы ұлттық-отаншылдық рух пен тәрбие леу-

ге арналған қызметін айқындай түсетін Қазақстан Республикасының Прези денті, Ұлт 

Көшбасшысы - Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың қазақ әдебиеті, қазақ тілі, ұлттық рухани 

құндылық туралы жазылған сөздері ілінген. 

Отанымыздағы жоғары білім берудің тұңғыш ордасында ашылған қазақ әдебиеті 

пәніне арналған  аталған кабинеттер де ең алғашқы болуымен ерекшеленеді. Салта-

натты жиында құттықтау сөз сөйлеген университеттің про рек торы Ғ.Қ. Кенжебаев, 

Сүлейман Демирел атындағы халықаралық қазақ - түрік университетінің профессоры 

Д.Ысқақұлы, М.О. Әуезов атын дағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми 

қызметкері  Г.  Орда,    оқу  бас  қармасының  бастығы  Ғ.З.  Таубаева,  филология  және 

көптілді білім беру инс титутының директоры Т.Т. Аяпова,қазақ әдебиет кафедрасының 

мең ге ру шісі  Т.С.  Тебегенов  шығыс  филология  кафедрасының  меңгерушісі  

К.И. Мирзоев, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Ж. Әбішева, бас-

пасөз орталығының директоры М.Ахметов  және т.б. қатысу шы лар жылы лебіздерін 

білдірді.  Оқу ордасының 85 жылдан асқан тарихында тұңғыш рет ашылып отырған 

қазақ  әдебиеті  пәніне  арнал ған  оқу-әдістемелік  аталған  кабинеттердің  болашақ 

мұғалім мамандарын дайын дауда қазіргі заманғы инновациялық технологиялар ая-

сында ұлт тық сөз өнері мұраларын жан-жақты игеруге зор ықпал ететіні ақиқат.

                                                                                         

             Назгүл  АХМЕТБЕКОВА,  

                                                             Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 

бөлімінің  3- курс студенті

БІР КАФЕДРАДА – ЕКІ ПӘН КАБИНЕТІ

Үстіміздегі  жылдың  17  наурызы  күні  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінде 

танымал  ұстаз-ғалым,  білім  беру  ісінің  үздік  қызметкері    және  ұйымдастырушысы,  Қазақстанның  еңбек 

сіңірген қайраткері, Ұлттық Білім Академиясының академигі, профессор Базар Қабдошұлы Дамитовтың  

70  жасқа  толуына  байланысты  «Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуы  мен  дамуы» 

тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелдің  жұмысын Абай атындағы  ҚазҰПУ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профес-

сор Серік Жайлауұлы Пірәлиев жүргізді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми ісі жөніндегі проректоры В.Н.Косов Базар Дамитовтың өмірі мен 

оның  білім беру саласындағы атқарған жасампаз  қызметі туралы баяндама жасады. 

«Жердің құты – жаңбыр, елдің құты 

–  азамат»  депті  көнеден  жеткен  көр-

кемсөз ұсталары. Жаны бар сөз. Өйткені, 

жаңбырсыз жер – өлген жер, сусыз жер 

еш қашан  құтаймайды.  Тап  сол  секілді 

азаматы  жоқ  елдің  болашағы  жоқ.  Сон-

дықтан,  азамат  ердің  баласын  аитудан 

жалықпаған абзал қашанда.Мінеки, өмір 

жолы  көпшілікке  өнеге  болуға  лайық 

осындай  азамат  ағамыздың  бірі  –  биыл 

жетпіске толып отырған көрнекті ғалым, 

профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері Базар Қабдошұлы Дамитов.

Жақсы  адамның  жанында  жүріп, 

өне гесін  үйрену  бір  басқа,  әріптес, 

пікір лес  болып,  өзің  құрмет  тұтатын 

әріп тесіңнің  ойға  алған  идеяларын,  жо-

спарларын  жүзеге  асыру  жолындағы 

жан  кештілікпен  атқарған  істеріне  куә 

болу екінші басқа дүние екен. Қашанда 

қиын дықтардан  қаймықпайтын  жігерлі, 

іскер, қолынан келсе аянбайтын, қосшы 

болсақ  деп  тырысқан  жылдары  Базар 

Қабдошұлы  тарапынан  көрсетілген 

ұла ғат тылықтың  үлгісі  ұшан-теңіз.  Ол 

кі сінің  тұрғысынан  даналық  дариясы-

на  құйылып  жатқан  салиқалы  да  сал-

мақ ты  ойлары  мен  пікірлер  тасқыны 

ешқашан  таусылмайтындай  көрінетін 

бізге. Ең жақын, ең сырлас деген достар 

да  өмір  бойына  бірге  жүрсе  де  біріне-

бірі  түгел  ашылып  үлгермейді  деседі. 

Осы тұрғыдан келгенде, бір сырлы, сан 

қырлы,    қандай  істе  де  табанды,  әрі  бі-

лімді де білгір азамат туралы  бәрін біліп 

қойдық  десек,  асығыс  айтқандық  болар 

еді.  


Сексенінші  жылдардың  басында 

қа зақтың  барша  жас  түлектері  секілді 

мен де «түсі жылыдан түңілмей» жылы 

шы  райлы кісі көрсем болды жақын жү-

руге тырысушы едім. Сол кезде пе да  го-

гикалық  жоғары  оқу  орындары  бас қар-

ма сының  бастығы  Базар  Қаб дош ұлы 

Дамитовпен жұмыс бабымен Қазақ ССР 

Оқу  министрлігінің  аясында  танысу-

дың  сәті  түсті.  Абай  атындағы  Қазақ 

педагогикалық институтында көркем-су-

рет  факультеті  деканының  орынбасары 

бо лып  жүргенімде  ол  кісімен  жұмыс 

бабы мен  араласып,  қамқорлығын  көп 

көр дім.  Өзінің  өлшеусіз  іскерлігімен, 

тыным сыз да тынышсыз қызметімен, ға-

жайып қабілетімен болашағымызға жол 

ашып,  бағыт  сілтеген  еді.  Ол  сол  кезде 

елі міздің  білім  саласында  жетекшілік 

қыз  метте  жүрген  азаматтар  ішінде  аса 

бір беделді де білімдісі болып танылып 

жүр ген адам болатын. 

Базекең білім-тәрбие саласында көп 

оқып,  көп  ізденетін.  Көп  ізденген  көп 

түртпектейтіні  белгілі  ғой.  Жұмыс  бөл-

месінде  бума-бума  қағаз,  түйдек-түйдек 

кітап,  оған  қоса  будақ-будақ  көк  түтін. 

Асықпай  сөйлеп,  мағыналы  сөздерін 

әзіл-қалжыңмен араластырып өзі сәл езу 

тар тып қана отыратын. Кей-кейде барын-

ша  жұмсақ,  жайдары,  кең  пейіл  болып 

отырады да, аяқ астынан нілдей бұзылып 

сала беретін сәттері де аз болмайтын. Он-

дайда жүзі суып, қабағын түйе қалатыны 

өзіне  сондай  жарасып  тұратын-ды.  Ол 

көп  жағдайда  жұмысқа  байланысты  бо-

ла тындықтан,  біз  де  көңілге  соншалық 

терең  ала  бермейтінбіз.  Өйткені,  Базар 

Қабошұлының тазалығына қоса тұлғасы 

келісті  жан  екендігіне  ешкім  де  шек 

келтірмейтін.

Қайда жүрсе де, қай қызметте болса 

да Базар Қабдошұлы нақтылы істерімен 

бірден  көзге  түсетін.  Оның  бір  айғағы 

Жамбыл  педагогикалық  институтында 

ректор  болғаны,  ҚР  Президенті  және 

Министрлер  кабинетінде  жоғары  лауа-

зымдарда қызметтер атқарғаны дер едік. 

Базар Қабдошұлының, әсіресе, білім 

саласына сіңірген еңбегі орасан зор. 

Тәуелсіздіктің  Ұлы  көші  басталған 

кезде  алпауыт  елдердің  жоғарыдан  қа-

бағы  қарыс  жабылған  әпербақан  әлім -

жеттікпен,  төменнен  жымысқы  әрекет-

пен жас мемлекетті төмпештетіп алмай, 

саяси салиқалы арнаға біртіндей көшіру 

кесте  тоқығандай  шытырман  шаруа  бо-

латын. Сол кезде қолда бар моральдық, 

ру хани,  интеллектуалдық  игіліктерді 

бе кер ге шашып төкпей, рәсуә етпей, де-

мократия  мен  нарық  тетіктерін  ұтымды 

пай даланып адам ресурсының даму қай-

нар көзі білім мен ғылымды тәлкіге сал-

май,  «сары  алтындай»  сақтап  аялаған 

азамат тарға  мыңнан  бір  алғыс  ымызды 

айтсақ, ешкім де артық кетті дей қой мас. 

Соның  ішінде  Жоғары  білім  стандарт-

тарын,  бағдарламаларын  жаңа  қа лып та, 

заман сұрауына сай өңдеген Б.Қ. Дамит-

ов тің еңбегі зор.

1991-1992 жж. ҚР Президенті әкім -

шілігінде  білім  референтурасы  мең ге-

рушісі,  кейіннен  ҚР  Президент  әкім-

ші лігі  мен  ҚР  Министрлер  кабине тінің 

халыққа  білім  беру,  туризм  спорт  жас-

тар  ісі  басқармасының  бастығы  бо-

лып, одан 1992-1994 жж. ҚР Президент 

әкімшілігі  мен  ҚР  Министрлер  каби-

не тінің  ішкі  саясат  бөлімінің  орынба-

сары,  1994-1995  жж.  ҚР  Министрлер 

кабинетінің  әлеуметтік  істер  жөніндегі 

басқарма  орынбасары,    1995-1997  жж. 

ҚР  Білім  министрлігінің  жоғары  және 

орта  білім  Бас  басқармасының  бастығы 

болып  қызмет  атқарды.  1997-2000  жж. 

қайта құрылған ҚР Білім, мәдениет пен 

денсаулық министрлігінің Жоғары және 

орта  білім  департаментінің  директо-

рынан  сол  министрліктің  комитетінің 

орын басары,  кейіннен  ҚР  Ғылым  және 

білім  министрлігінің  вице-министрі, 

одан кейін Батыс Қазақстан мемлекеттік 

уни  верситетінің  ректоры  болып  таға-

йын  далды. 

Б.Қ. Дамитов қазақ біліміне  сіңірген 

еңбегі  оның  қоғамдық  саяси  өміріне, 

әсіресе «Білім заңы» қабылданған кезде 

талайдың  тәуекелі  мен  намысын,  білігі 

мен  жігерімен  санасып,  жақсысын  асы-

рып,  кемшілігін  толтырып  нар  жүгін 

атқарып еңбек еткені баршамызға мәлім. 

Дүниеде бір шындық бар. Ол адам-

ның  рухани  өміріне  үңілу,  сол  арқылы 

қоғамдық  ортаның  қозғаушы  күшін 

табу, әлгі пәрмен арқылы әлеуметтік көз-

қарастың  толқындары  мен  қайшылық-

тары ның  көзге  көрінбейтін  астарын 

бағамдап,  байыбына  жету,  әдібін  сөгу. 

Бұ лай  айтып  отырғанымның  себебі, 

Базар  Қабдошұлының  «Бөбек»  Ұлттық 

ғылыми – практикалық білім беру және 

сауық тыру  орталығында  қызмет  еткен 

кездері  Сара Алпысқызы Назарбаеваның 

жетекшілігімен  «Өзін-өзі  тану»  бағдар-

ламасын  білім  саласына  енгізу  мақса-

тын да  философ  ғалымдарды  айнала-

сына  жинай  біліп,  ғылыми  тұрғыдан 

не гіз деп,  енгізуге,  осы  бағдарлама  бо-

йынша  тұңғыш  оқулықтардың    шығуы-

на,былайша айтқанда пән ретінде қалып-

тасып  өркендеуіне  орасан  зор  еңбек 

сіңір ген. 

«Өзара  сыйластық  пен  ынтымақта 

өмір  сүрер  болсақ,  онда  мұнан  да  қар-

қынды  дами  түсеріміз  хақ  еді»  дейді 

Базар  Қабдошұлы  бізбен  әр  кездескен 

сайын.  Шынында  да  адамның  өз  баға-

сын  білу  үлкен  олжа  емес  пе!..  Осы 

реттен  келгенде  де  оның  өмірдегі  және 

қоғамдағы орнын зерделесек, ойы озық, 

дүниетанымы мол, адамгершілік қасиеті 

жоға ры, өресі биік, зиялы тұлғаның бірі 

саналады.Жаратылысынан  пейілі  таза, 

мінезі жібектей жұмсақ, үні биязы, жүзі 

жылы  үзеңгілес  ағамның  бүкіл  сана лы 

тағдыры менің көз алдымнан өтті. Сон-

дық тан  оның  ұлттық  сипаттағы  қыз ме-

ті не,  ұлттық  мақсаттағы  біліміне  зер 

салып, осы жолдағы қадамының әлеуеті 

мен  ойынфң  арқауы  мейілінше  ширыға 

түскенін  ап-айқын  ажыратып,  аңғарып 

жүргенімізді айтқым келеді. 

Ол  еңбегіне  орай  «Құрмет»  ордені, 

«Қазақстан  Республикасының  еңбек 

сіңірген  қайраткері»  атағына  ие  болды. 

Республиканың  мерей  тойларына  байла-

нысты мерекелік медалдармен, ҚР Білім 

және ғылым минстрлігінің «Ғылым сала-

сына  сіңірген  еңбегі  үшін»,  «Білім  беру 

саласының  құрметті  қызметкері»,  «Ы. 

Алтынсарин медалінің» иегері атанды.

Сыртқы сыпайлылығына ішкі мәде-

ниеті,  біліміне  ғылымы  сай  «ат  тұяғын 

тай басар» демекші артынан ерген жас-

тарға жағасы жайлау бір көл бола біл ді. 

Өскелең  ұрпаққа  ақтарылып  ағып  жат-

қан сел болды. 

Қадірлі Базар Қабдошұлы аға! Өмір-

ді сүру, тағдыр кешу бір бақыт,оны адам 

болып  сезініп  өмір  сүру  басқа  қонған 

екінші бір бақыт екен деседі. Рас болса 

рас шығар, ең бастысы біз сіздібарыншв 

терең  түсінуге тырысып бақтық, сізді пір 

тұттық.  Қанша  жыл  қиянат  пен  қиямет 

болса  да  өз  елінің  қамын,  келешегін 

және  ұлт  тағдырын  ойлаған  сіз  сияқты 

ардақтыларымыздың мәртебесі әрқашан 

биік.  Сіздің  және  сіз  сияқтылардың  ке-

йінгі  ұрпаққа,  жарқын  болашаққа  қал-

дырған  қолтаңбаларыңыз  халық  көке-

йінен өшпей, уақыт алға жылжыған сай-

ын жарқырай түсетіні ақиқат. 

Жабырқар күндер жоқ болсын,  жа-

дырар  күндер  көп  болсын.  Мерейіңіз 

үс тем болсын. Теңіз күрсінбесін, таулар 

сілкінбесін. 



Берікжан ӘЛМҰХАМБЕТОВ,

 педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім...

Мемлекетіміз білім беру саласын дамытуға күш - жігерін барынша көп  жұмсауда.

Соның бір айқын дәлелі ретінде университетіміздің Балон Декларациясының негізгі 

қағидаттарын  жүзеге  асырып  жатқандығын  айтуға  болады.  Мәселен,  тек  біздің 

университетімізде  емес,  сонымен  қатар  Қазақстанның  барлық  Жоғарғы  оқу  орын-

дарында  оқытудың  кредиттік  жүйесі    жолға  қойылған.  Осы  жоғары    білім  беретін 

бағдарламалар  ішінде  академиялық  мобильдік  бағыттағы  бағдарлама  соңғы  кезде 

өз жемісін бере бастағаны белгілі. Аталған жоба бойынша  университетіміздің біраз 

студенттері  шет    мемлекеттерінде    өз  білімдерін  шыңдап  келуде.  Бүгінгі  уақытта 

аталған бағдарлама тиімді жүзеге асып жатқандығын атап өтуге тиіспіз.

Сондай  студенттердің  бірі  ретінде  академиялық  мобильдік  бағыттағы  бағ-

дарламаға  сәйкес  Вильнюс  қаласындағы  Литва  Эдукологиялық  университетіндегі 

«География және туризм» мамандығы бойынша  білімімді жетілдіріп қайтқан едім. 

Қалай дегенде, шет елдің аты – шет ел ғой. Оның үстіне Еуропа, еуропалық білім 

беру стандарты деген түсінік бар емес пе... Міне, Еуропаның ең ежелгі жоғрғы оқу 

орны  болып  табылатын  университетте    үш  айдан  астам  уақыт  бойы  дәріс  тыңдап,  

теориялық және практикалық жағынан білімімді тереңдете түсуге көп күш салдым. 

Оқу барысында екі ел арасындағы білім беру  әдістері мен тәсілдерін салыстырып, 

Литваның  білім  беру  жүйесін,  білім  берудегі  мақсаты,  мазмұны  мен    білім  беру 

технологияларының нәтижесін өз бетімше бағалауға күш салдым.Менің байқағаным, 

мұндағы оқу формасы  ECTS кредиттік  жүйесі  бойынша оқытылады екен. Оқуын 

ойдағыдай  аяқтаған  тыңдаушы  «LITHUANIAN  UNIVERSITY  OF  EDUCATIONAL 

SCIENCES»  сертификатына  ие  болады  екен.  Тағы  бір  мән  бергенім,  мұндағы 

материалдық-техникалық  және  ақпараттық  базалары,  оқу-әдістемелік  құралдары  

талапқа сай, ең бастысы студенттердің өз бетінше білім алу деңгейі жоғары, сабақ 

беру әдісінде  интерактивтік әдістер кеңінен қолданылады, әр студент электрондық  

оқулықтармен қамтамасыз етілген. Оқу тілі ағылшын және литва тілінде жүргізіледі.

Бағалау жүйесі 10 балдық көрсеткіш бойынша есептелінеді. Аталған университетті 

бітіріп шыққан студенттер Европаның кез-келген мемлекетінде сабақ беруге құқылы.

ХХІ ғасыр – білім ғасыры деп жатырмыз, олай болса беру ісін дамыта алмаған 

мемлекеттің  болашағы  бұлдыр,  оның  арты  құрдым  екені  даусыз.  Сондықтан  біз 

болашақта      Қазақстандағы  ЖОО-да  әлемдік  стандартқа  сай  білім  алып,алдыңғы 

қатарлы  жастар тәрбиелеп,техникалық және ақпараттық базаларды меңгерту  арқылы  

жоғарғы  технологиялық,білікті  өнеркәсіп  мамандарының  шоғырын  қалыптастыру 

кезек күттірмейтін ең өзекті мәселе десек,бұл, әрине,  әлемнің әр жерінен іздегені – 

ілім,көздегені – білім болған,еліміздің болашағын жеке бастың пайдасынан жоғары 

қоятын  жалынды  жастардың  қолында.  Бұл  орайда,  біздің  жас  мамандардың  оқу 

жүиесі  бірсыпыра  жолға  қойылған,  мүмкіндігі  жоғары  шетелдік  университеттер-

ден  үйренері  әлі  де  кө  деп  есептейміз.    «Уақыт  адамзатпен  санаспайды,уақытпен 

санасқандар адаспайды» – демекші,   қайта айналып бұрылмайтын  алтын  уақытты  

оқу,білім,ғылым үйренетін сауапты істерге жұмсасақ  нұр үстіне нұр болар еді.

Назерке ШӨПШЕКБАЕВА,

жаратылыстану және география институтының 

3-курс студенті



жүктеу 476.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет