Ғылым таппай мақтанба ●



жүктеу 222.11 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата11.02.2017
өлшемі222.11 Kb.
  1   2   3

Ғылым таппай мақтанба                    



                     Не гордись без знаний

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті

№ 10 (137)

желтоқстан 

декабрь

2002 жылдың тамыз

айынан бастап шығады

2014

ңейт­ті.­ Алайда,­ 1791­ жылы­ Француз­

төң­ке­рісінен­ кейін­ ол­ жабы­лып­ қалды­

да,­ тек­ 1821­ жы­лы­ өз­ жұмысын­ қайта­

бас­тады.­Әр­жылдары­мұнда­Жозеф­Гей­

Люссак,­ Луи­ Пастер,­ Антуан­ Лавуазье,­

Пьер­ және­ Мари­ Кюри­ және­ тағы­ бас­

қа­ әйгілі­ ғалымдар­ дәріс­ оқыды.­ Бүгін­

де­ Еуропадағы­ беделді­ жоғары­ оқу­

орын­дарының­ бірі­ саналатын­ Сорбонна­

универ­си­тетінде­ 120­ мың­ студент­ білім­

алады.­Француз­тілін­үйрету­және­түрлі­

өркениеттерді­ танып­ білу­ –­ Сорбонна­

университетінің­негізгі­бағыты.

Айтылған­оқиғаның­негізгі­бөліміне­

кіріспес­ бұрын,­ мына­ бір­ жайды­ айтып­

кетудің­ реті­ келіп­ тұр.­ Бұл­ игі­ шараны­

жүзеге­ асыруды­ екі­ оқу­ орнының­ бас­

шылары­–­Абай­атындағы­Қаз­ҰПУ­ның­

ректоры,­ профессор­ Серік­ Жайлауұлы­

Прәлиев­ пен­ Париждегі­ Сорбонна­ инс­

ти­тутының­ сол­ кездегі­ президенті­ Жан­

–­ Франсуа­ Жирар­ 2003­ жылы­ 17­ қыр­

күйекте­ Сорбонна­ –­ Қазақстан­ француз­

институтын­ ашу­ туралы­ мемарандумға­

қол­ қоюдан­ бастаған­ болатын.­ Сондағы­

рәсімге­Францияның­Франкофония­істе­

рі­ жөнііндегі­ министрі­ Ямина­ Бенгиги­

ханым,­ аталған­ жобаның­ дем­ берушісі,­

белгілі­ публицист­ –­ жазушы,­ қоғам­

қай­­раткері­ Марек­ Халтер,­ тағы­ басқа­

ресми­ өкілдер­ мен­ қоғам­ қайраткерлері­

қатысып,­бұл­мемарандум­Қазақстан­мен­

Франция­ сияқты­ алып­ елдердің­ арасы­

на­ алтын­ көпір­ болады­ деген­ ниеттерін­

жеткізген­еді­және­Жан­–­Франсуа­Жи­

рар­ Алматыдағы­ жаңа­ оқу­ орнында­

Сорбонна­ оқытушыларының­ құрамына­

кіретін­ университет­ профессорлары­

дәріс­беретінін­мәлімдеген.

–­ Әрине,­ сабақтар­ француз­ тілінде­

ілеспе­ аударма­ түрінде­ жүретін­ бола­

ды.­ Студенттерге­ французтілі­ тегін­

үйретіледі­де,­оның­есесіне­олар­екі­жыл­

дан­кейін­осы­тілде­бітіру­эмтихандарын­

тапсыруы­тиіс.­Сондай­ақ,­институттың­

Орталық­Азиядағы­бөлімшесінің­түлек­

тері­халықаралық­дәрежедегі­қос­бірдей­



Желтоқсанның 12-күні университетіміздің үлкен мәжіліс залында Тәуелсіздік 

күніне  23  жыл  толуына  орай  салтанатты  жиын  өтті.  Мерекелік  басқосуға 

барлық институттар мен факультеттен профессор-оқытушылар мен студенттер, 

қызметкерлер,жалпы  қонақтар  қатысты.  Ұлтымыздың  ең  қастерлі  де  қасиетті 

ұлық  мерекесін  университеттің  Бірінші  проректоры,  профессор  Мүбарак 

Ермағанбетов ашып, ел еркіндігіне қол жеткен еңселі істерді тілге тиек етті.

«Халқымыз­үшін­ғасырлар­бойы­арман­болған­тәуелсіздікке­қол­жеткен,­еркін­де­

егеменді­ел­болған­бұл­күн­–­Отанымыздың­әрбір­азаматы­үшін­аса­қастерлі­мереке.­

Бүгінгі­Қазақстан­Республикасы­өз­мемлекеттілігін­осыдан­23­жыл­бұрын­жаһанға­

жария­еткен­болатын.­Осы­күн­мемлекеттік­мереке­болып­1991­жылы­16­желтоқсанда­

Тұңғыш­Президентіміз­Нұрсұлтан­Әбішұлы­Назарбаев­қол­қойған­Кониституциялық­

Заңда­ бекітілді.­ Біздің­ бәріміз­ үшін­ ұлыстың­ ұлы­ күні­ болып­ саналатын,­ барлық­

басқа­ мерекелерге­ бастау­ болып­ тұрған­ Тәуелсіздік­ күнімен­ Сіздерді,­ құрметті­

әріптестер,­ қадірлі­ студенттер­ қауымы,­ шын­ жүректен­ құттықтаймын!»­деген­

Мүбарак­Ермағанбетұлы­ата­бабаларымыздың­арманы­орындалып,­өз­тізгінімізді­өз­

қолымызға­алған­бұл­күнге­халқымыз­қилы­қилы­қиын­замандарды­бастан­өткеріп­

барып­жеткенін­әрқайсымыз­білеміз.­Сондықтан­да­Тәуелсіздік­–­біз­үшін­ең­басты­

байлық,­қасиетті­ұғым,­қастерлі­қазына­екенін­атап­өте­келе,­сөзін­былай­өрбітті.

«Тарихқа­көз­жіберетін­болсақ,­Тәуелсіздік­–­1986­жылғы­Желтоқсан­оқиғасында­

алаңға­ шыққан­ жастардың­ ерік­жігері,­ ең­ алдымен­ барша­ қазақстандықтардың­

арман­мұратының­ салтанат­ құруы.­ Патшалық­ Ресей­ дәуірінде­ де,­ Қеңес­ Одағы­

кезінде­де­тәуелсіздікке­деген­ұмтылыс­халықтың­едәуір­бөлігінде­қалыптасты.­Біз­

–­ бірнеше­ жүз­ жылғы­ бодандықтан­ кейін­ ХХ­ ғасырдың­ аяғында­ қайта­ жаңғырған­

мемлекетпіз.­ Тәуелсіздік­ –­ бұл­ азап­ пен­ төзімнің,­ халықтың­ сан­ ғасырлар­ бойы­

еркіндікті­ аңсаған­ шыдамының­ өтеуі.­ Тәуелсіздік­ сияқты­ ұлттық­ мерекені­ бүгінгі­

таңда­ қазақ­ халқы­ жүрегімен­ сезінуі­ керек.­ Тәуелсіз­ елдің­ ең­ басты­ тұғыры­ –сол­

мемлекеттегі­жергілікті­ұлттың­рухы,­жігері,­қоғамдық­санасы.Негізгі­Заңымыз­Кон­

ституцияда:­ «Қазақстан­ өзін­ демократиялық­ зайырлы,­ құқықтық­ және­ әлеуметтік­

мемлекет­ ретінде­ орнықтырады:­ оның­ ең­ қымбат­ қазынасы­ –­ адам­ мен­ адамның­

өмірі,­ құқықтары­ мен­ бостандықтары»,­­ делінген.­ Демек,­ қоғамда­ тұрақтылықты,­

татулықты­ қалыптастырып,­ елдің­ тұрмыстық­ әл­ауқатын­ жақсарту­ басты­ мәселе­

болып­табылады.­Біз­қазір­шын­мәнінде­дербестігімізге­даңғыл­жол­ашып,­азат­ой­

лауды­ қалыптастыру­ жолындамыз.­ Ата­ Заңымыздың­ арқасында­ еліміз­ либералды­

демократиялық­ даму­ жолына­ түсті.­ Сонымен­ қатар,­ ұлтаралық­ келісім­ мен­ саяси­

тұрақтылыққа­негізделген­сенімнің­биік­деңгейі­сақталып­отыр.

Тәуелсіздік­–­ол­ұлттық­мемлекеттілік,­оның­тамыры­–­жасампаздық­рух,­ұраны­–­

ел­мен­халық.­Олай­болса,­өміршеңдік­пен­кемелділік­аясында­өмір­сүріп,­бейбітшілік,­

татулық­туын­биікке­көтерген­Қазақстан­халқы­қашан­да­өз­тәуелсіздігін­бойтұмардай­

сақтап,­еркіндік­жолында­биіктен­биікке­ұмтыла­бермек.

Бізді­ бұл­ күнге­ дейін­ жеткізген­ ұмытылмас­ оқиғалар­ –­ ел­ қорғау­ соғыстары,­

ұлт­азаттық­ көтерілістері,­ халқымыздың­ қандай­ ауыртпалықты­ да­ көтере­ білген,­

жасымайтын­ асқақ­ жігерлі­ рухы,­ қайтпайтын­ табандылығы­ өшпес­ өнеге,­ өлмес­

мұра­ ретінде­ жадымызда­ сақталуға­ тиіс.­ Бұл­ еркіндік­ сүйгіш,­ патриоттық­ дәстүр­

1986­ жылғы­ 16­желтоқсан­ көтерілісіне­ дейін­ жалғасты.­ Осылайша­ бұл­ тәуелсіздік­

күнінің­ оңайлықпен­ келмегенін­ білеміз.­ Елбасымыз­ өткен­ дәуірдегі­ қаһармандық­

оқиғаларды­ кезінде­ «Ұлы­ далада­ бірінен­ соң­ бірі­ толас­ таппай­ жүріп­ жатқан­ 200­

ге­тарта­көтерілістер­эстафетасы,­біздің­бүгінгі­тәуелсіздігіміздің­бастау­көздері»,­–­

депбағалаған­болатын.­­Елдің­біртұтастығы­мен­тыныштығын­сақтауға­бар­өмірін­сарп­

еткен­хан­сұлтандары­мен­батырларын­қазақ­халқы­тарихқа­өлшеусіз­үлес­қосқан­ірі­

тұлғалар­ретінде­ардақтап,­олардың­өлмес­рухын­ұлт­мақтанышы­ретінде­күні­бүгінге­

дейін­жеткізді.­Бұл­қасиетті­шежіре­–­бүгінгі­буын­арқылы­келер­ұрпақтың­бойына­

жастайынан­сіңірілетін­баға­жетпес­игілік.­Осы­өнегені,­елжандылық,­отансүйгіштік­

дәстүрді­жастардың­бойына­дарыту,­патриоттық­рухта­тәрбиелеу­–­бүгінгі­таңда­әрбір­

қазақстандықтың­қасиетті­борышы­болып­табылады.

Тәуелсіздігімізді­жариялағаннан­бергі­мезгіл­ішінде­көптеген­елеулі­табыстарға­

қол­жеткіздік.­Бұл­Президентіміздің­жүргізіп­отырған­парасатты,­көреген­саясатының­

нәтижесі­–­Еліміздің­тыныштығы­мен­қауіпсіздігінің,­көп­ұлтты­Қазақстан­халқының­

жарастығы­мен­ынтымақтастығының­арқасында­болып­отыр.­Еліміздің­тәуелсіздігі­

мен­ мемлекеттілігінің­ орныға­ түсуі,­ ұлттық­ қауіпсіздігі,­ экономикамыздың­ жедел­

қарқынмен­ дами­ беруі,­ Қазақстан­ халықтарының­ өз­ болашақтарына­ деген­ берік­

сенімі,­ ­ қазіргі­ замандағы­ өркениетті­ қауымдастық­ ортасында­ іргелі­ елге­ айналуы­

–­стратегиялық­негізгі­мақсаттарды­Елбасымыз­Нұрсұлтан­Әбішұлы­Назарбаевтың­

сарабдал­саясатының­арқасында­жедел­жүзеге­асырудың­нәтижесі.­­

Президент­Нұрсұлтан­Назарбаев­елі­­

міз­ тәуелсіздік­ алған­ алғашқы­ күннен­

бас­тап­ Қазақстан­ әлемдік­ білім­ беру­

кеңістігіне­ шықпайынша,­ білім­ берудің­

әлемге­ танылған­ озық­ технологияла­

рын­ терең­ меңгеріммейінше,­ білімге­

не­­­гіздеген­ жаңа­ экономиканы­ құра­ ал­

майтынымызды­ қадап­ ­ айтып­ келеді.­

Ел­­басының­ нұсқаулары­ мен­ тапсырма­

ларын­ басшылыққа­ алған­ абайлықтар­

бү­гінде­педагогикалық­білім­беру,­эконо­

мика,­ бизнес,­ құқық­ және­ халықаралық­

қатынастар,­ әлеуметтік­ және­ саяси­ ғы­

лым­дар­ салалары­ бойынша­ ғылыми­пе­

да­гогикалық­ мамандар­ даярлайтын­ көп­

салалы­оқу­тәрбие­және­ғылыми­зерттеу­

орталығына­ айналып­ үлгерді.­ Сондай­

ақ,­ еліміздегі­ жоғары­ оқу­ орындарының­

қарашаңырағы­ атанған­ білім­ ордасының­

халықаралық­ байланыстардағы­ басты­

бағыттарының­ бірі­ –­ шетелдік­ ұлттық,­

мемлекеттік­ және­ ғылымды­ қолдау­ бағ­

дарламалармен­тығыз­ынтымақта­жұмыс­

істеп­келе­жатқанын­атап­өту­керек.­Бұл­

бағытта­әлемдік­білім­берудің­стандартта­

рын­игеруге­талпынып­отырған­оқу­орны­

өзінің­ осы­ саладағы­ қызметін­ жылдан­

жылға­жедел­қарқынмен­да­мы­­тып­келеді.­

Университет­ базасын­да­ «Сорбонна­ –­

Қазақстан­француз­инсти­ту­тының»­ашы­

луы­да­осы­сала­дағы­ір­ге­лі­істердің­бірі.­

Париждегі­Сорбонна­институтының­

тарихы­ сонау­ 1253­ жылдан­ бастау­ ала­

ды.­ Ол­ Франциядағы­ тегін­ жоғары­ бі­

лім­ беретінең­ ежелгі­ мемлекеттік­ оқу­

орны­ болып­ табылады.­ Сенаның­ сол­

жа­­ға­ла­уындағы­ Құдай­ана­ Соборының­

ма­ңындағы­ шіркеу­ колледждері­ сол­

жыл­дары­ Па­риж­ университеті­ болып­

бі­рік­кен­ болатын.­ Шамамен­ 40­ жылдан­

кейін­ діни­ монарх­ Людовик­ ІХ­ Роберт­

де­ Сорбонның­ бастама­сымен­ жоғары­

оқу­орны­жанынан­кедей­отбасыларынан­

шық­қан­ студенттерге­ діни­ білім­ беруге­

арналған­ колледж­ ашылады.­ Кейіннен­

колледж­ университеттің­ Сорбонна­ деп­

аталған­дін­факуль­тетіне­айналады.

ХVІІІ­ ғасырда­ кардинал­ Ри­шелье­

Сор­боннаны­ жаңартып,­ мейілінше­ ке­

«Ұстаз­ …­ жаратылысынан­ өзіне­ ай­

ты­лғанның­ бәрін­ жете­ түсінген,­ көрген,­

естіген­ және­ аңғарған­ нәрселердің­ бәрін­

жадында­ жақсы­ сақтайтын,­ бұлардың­

ешнәрсесін­ ұмытпайтын,­ алғыр­ да­ аңға­

рым­паз­ақыл­иесі,­мейлінше­шешен,­өнер­

білімге­ құштар,­ аса­ қанағатшыл,­ жаны­

асқақ­және­ар­намысын­ардақтайтын,­жа­

қын­дарына­ да,­ жат­ адамдарына­ да­ әділ,­

жұрттың­ бәріне,­ жақсылық­ пен­ із­гілік­

көрсетіп,­қорқыныш­пен­жасқану­дегенді­

білмейтін­батыл,­ержүрек­жан»­деп­қазақ­

ғұламасы­әл­Фараби­айтқан­екен.­Шығыс­

данасының­ осы­ сөзін­ жадына­ сақтаған,­

ұстаздық­ қызмет­ пен­ ғалымдықты­ қатар­

ұстаған,­ең­алдымен­шәкірттеріне­сыйлы,­

адалдық­пен­адамгершілікті­биік­тұғырға­

қойған­ ұлағатты­ ұстаз,­ рухани­ әке­ бола­

білген­Ромсейіт­Мұхамеджанұлы­туралы­



  Көрнекті  ғалым-ұстаз  Ромсейіт  Қоянбаевтың  туғанына  75  жылдығы  аясында  1  және  10  желтоқсан 

аралығында «Өмірі өнегелі алып тұлға» деп аталатын онкүндік іс-шара болып өтті. Республикалық деңгейде 

аталып өткен бұл іс-шараны Педагогика-психология институты мектепке дейінгі және бастауыш білім беру 

теориясы мен әдістемесі кафедрасының(кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профес-

сор А.Е. Жұмабаева) ұжымы ұйымдастырды. 

ізгілік­ниетпен­лебіз­білдіруді­мен­өз­па­

рызым­деп­санаймын.

Кішіпейілділігі­ мен­ қарапайым­ды­

лы­ғы,­ парасаттылығы­ мен­ бекзаттығы­

«ұстаз­дық»­ деп­ аталатын­ ұлылықтың­

өл­ше­міне­ айналған­ ұстазым­ Ромсейіт­

Мұха­мед­жанұлы­ Қоянбаев­ өмірден­ өт­

ке­німен,­есімі­шәкірттерінің­есінде­мәң­

гі­лікке­қалған­тұлға.­Шынында­да,­қа­зақ­

ұлтының­ білімі­ мен­ ғылымының­ бас­

тау­арналарына­ жіті­ көз­ жіберсек,­ дара­

дарын­ мен­ тума­ таланттар,­ айқын­ көз­

қарас­пен­бедерлі­қолтаңбалар,­мың­сан­

ізденіс­ пен­ парасаттылықтың­ пар­қына­

өшпес­із­қалдырған­Ромсейіт­Мұхамед­

жан­ұлындай­ тау­ тұлғалар­ ұлттық­ білім­

мен­ ғылым­ кеңістігінің­ негізін­ қалып­

тас­тырғаны­сөзсіз.

(Басы. Соңы 2-бетте)

Желтоқсанның 7-күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өмірінде 

айта жүрерліктей тарихи оқиға болды. Тарихы сегіз ғасырлық шежірені қамтитын Париждегі 

әйгілі Сорбонна институты Қазақстандағы бөлімшесінің біздің университетіміздің базасындағы 

салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы тұсаукесер рәсімге екі мемлекеттің – Қазақстан және Фран-

ция Президенттері қатысты. 

СОРБОННА – ҚАЗАҚСТАН 

институтының ашылуы еліміздегі ірі мәдени – рухани жоба

• 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМІЗДІҢ 

ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

(Басы. Соңы 2-бетте)

(Басы. Соңы 3-бетте)

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК...


желтоқсан

декабрь

№ 10 (137)

2014

2

диплом­ ала­ алады.­ Яғни,­ түлектер­ қа­

зақ­стандық­ және­ француздық­ үлгідегі­

бі­лім­ құжаттарына­ ие­ болады.–­ Қазір­

біз­де­ білім­ беру­ бағ­дар­ламасы­ жасалу­

да.­ Біз­ Қазақстан­ тарабы­ мүдделі­ бо­

лып­ отырған­ бағыттарды­ қазақстандық­

тараппен­ талқылап­ отырмыз.­ Сорбонна­

білім­берудің­кез­келген­саласын­ұсынуға­

қабілетті.­ Оның­ әлемнің­ көптеген­ мем­

лекеттеріндегі­ университеттерінен­ ең­

басты­ артықшылығы­ да­ осында,­ –­ де­

ген­ болатын­ былтыр­ қыркүйекте­ Жан­

Франсуа­Жирар.

Сонымен,­ желтоқсанның­ 7­күні­ Қа­

зақстан­ мен­ Франция­ Призиденттері­

Абай­ атындағы­ Қазақ­ ұлттық­ педагоги­

калық­университетінің­жанынан­құ­рыл­­

ған­ «Сорбонна­ –­ Қазақстан»­ фран­цуз­

институтының­ салтанатты­ ашылу­ рә­

сі­міне­ қатысты.­ Елбасы­ Н.Назарба­ев­

бұл­ айтулы­ шараға­ француз­ көш­бас­

шысының­ қатысуы­ білім­ беру­ сала­сын­

дағы­осы­бірлескен­жобаның­екі­ел­үшін­

де­маңызы­жоғары­екенін­көрсететіндігін­

айтты.


«Біздің­ еліміз­ әлемдік­ білім­ беру­

кеңістігіне­ кіріспейінше,­ инновациялар­

мен­ білімге­ негізделген­ жаңа­ экономи­

каны­ құра­ алмаймыз.­ Біздің­ елімізде­

бі­лім­ –­ дамудың­ басты­ шарты­ болып­

са­­на­лады.Қазақстан­ оны­ әлемдік­ озық­

стан­дарттарға­ жақындатуды­ көздейді.­

Біз­­дің­жастарымыздың­болашаққа­батыл­

қарауына­мүмкіндік­беретін­барлық­білім­

мен­машықты­өз­елінде­игере­алатындай­

болуын­ мақсат­ етіп­ отырмыз.­ Әлемдегі­

аты­танымал­университеттердің­елімізге­

келуі­ біздің­ таңдаған­ бағытымыздың­

дұрыстығын­көрсетеді»,­деді­Елбасы.­

Аталған­шара­аясында­Франсуа­Ол­

ланд­ «Ғылым­ ордасында»­ дәріс­ оқы­

ды.­ Ол­ өз­ сөзінде­ мәдениет­ пен­ білім­

беру­ саласындағы­ қазақ­ –­ француз­

ын­­­ты­мақтастығы­ бұдан­ әрі­ де­ кеңейе­

бере­­тініне­ ­ тоқталады.­ Сонымен­ бірге,­

Фран­­ция­Президенті­өз­сөзінде­Алматы­

қаласына­ сапарына­ арқау­ болған­ басты­

мақсаттарының­ бірі­ –­ Абай­ атындағы­

ҚазҰПУ­ жанынан­ Францияның­ ірі­

және­ мәртебелі­ университеттері­ болып­

та­­бы­латын­ Сорбонна­ филиалын­ ашу­

деп­мәлімдеп,­жаңа­ЖОО­түлектері­Қа­­

зақ­станның­ инновациялық­ дамуына­

елеулі­ үлес­ қоса­ алатындығына­ се­­нім­

біл­­дірді.­ «Біздің­ мақсатымыз­ –­ Қа­зақ­

стандағы­ Сорбонна­ институ­тын­ Абай­

атындағы­ ҚазҰПУ­дегі­ ғылы­ми­ зерт­

теу­ және­ кәсіби­ даярлауды­ жүр­гі­зудің­

же­текші­ орталығы­ еткіміз­ келеді.­ Біз­

мұнда­ мейлінше­ көбірек­ маман­дықты­

ен­гізгіміз­ келеді.­ Біз­ әр­ түрлі­ ғима­рат­­

тардың­ құрылысына­ ғана­ емес,­ сон­

дай­ақ,­білім,­ғылым­саласында­жоға­ры­

квалификациялы­ мамандарды­ даяр­лау­

ға­ инвестиция­ са­л­уы­мыз­ қажет.­ Бұл­

жұмыс­пен­ Франция­ мен­ Қазақстан­ ара­

сын­дағы­ серіктестіктің­ екінші­ кезе­ңін­

де­ шұғыл­дана­тын­ боламыз.­ Президент­

Нұрсұлтан­ Назарбаев­ мырзамен­ біз­

келесі­ басым­ бағыттар­ бойынша­ жұ­

мыс­ жасауды­ ұйғардық.­ Бұл­ ең­ алды­

мен,­ «Болашақ»­ бағдар­ламасы­ арқылы­

Францияға­ қазақстандық­ студенттерді­

қабылдау­мәселесі.­Біз­бұл­жобаға­қосы­

луға­ және­ көбірек­ қазақстандық­ сту­

дент­терді­қабылдауға­дайынбыз.­Бүгінгі­

таңда­жыл­сайын­Францияда­білім­ала­

тын­ қазақстандық­ студенттердің­ саны­

400­ге­ жетті.­ Біз­ ортақ­ маман­ даярлау­

мәселесінде­серіктестігімізді­кеңейтуіміз­

қажет.­ Біліммен­ бөлісуге,­ жоғары­ оқу­

орындарының­ студенттерімен­ алмасуға­

және­ең­жоғары­халықаралық­деңгейдегі­

оқу­ ордасын­ құруға­ мүмкіндік­ беретін­

көптеген­ алғышарт­тарды­ табуға­ бола­

ды»,­–­деді­Франция­Президенті.

Кездесуаясында­Франция­Прези­ден­

ті­ мәдениет­ мәселесін­ де­ тілге­ тиек­ ете­

кет­ті.


–­­Қазақстанда­мәдениет­ерекше­ма­

ңыз­ды­ рөлге­ ие.­ Оның­ тарихи­ тамыры­

тереңде.­ Көшпелілер­ мәдениеті­ әлем­

дік­ мұрағамаңызды­ үлесқосты.­ Әйгілі­

Әбу­ Насыр­ әл­Фараби­ атақты­ Аристо­

тельден­кейінгі­білімнің­негізін­қалаған­

дүние­жүзін­де­ «Екінші­ ұстаз»­ атанған.­

Көпшілік­ ұлы­ Абайды­ француз­ ақыны­

Виктор­ Гюгомен­ салыс­тырады.­ Сіздер­

өз­ мәдениеттеріңізді­ сақтап,­ мақтан­

тұ­тула­рыңыз­ қажет.­ Қазақстанның­ мә­

де­ни­ мұрасы­ Францияда­ кең­ таралуы­

тиіс.­Қазіргі­таңда­бұл­мәселе­бойынша­

әріптестікке­ біздің­ мемлекетіміз­ дайын,­

–­ деп­ мәлімдеді­ Франция­ Президенті­

Франсуа­Олланд.

Франция­мемлекеті­бұдан­басқа­Қа­

зақ­­станда­ француз­ тілінің­ аясын­ кеңей­

туге­ мүдделі­ екендігін­ мәлімдей­ ке­ліп,­

былай­деді:

–­ Мен­ Қазақстанның­ франкофо­

ния­ кеңістігін­ ашқанын­ қалаймын.­ Бұл­

болашақта­ Қазақстанды­ франко­фония­

ның­ Халықаралық­ ұйымына­ кір­гізу­

ге­ мүмкіндік­ береді.­ Сонда­ Қа­зақ­стан­

Орталық­ Азиядағы­ франко­фо­ния­ның­

ор­талығы­ болатын­ еді.­ Фран­ция­дағы­

–­ Қазақстан­ Франциядан­ 5­ есе­ үлкен.­

Сіздердің­ мемле­кет­те­ріңіз­ әртүрлі­ пей­

з­­аждар­ мен­ лан­дшафт­тарға­ бай,­ сол­

себептен­туризм­ді­кең­дамытуға­­әлеуе­

тіжоғары.­ Бүгін­ біз­ Алматыдағы­ ту­рис­

тік­кластер­құрудың­алғашқы­ірге­тасын­

қалаудамыз.­Бұл­қалаларыңыз­үшін­және­

күллі­ Қазақстан­ үшін­ де­ туристерлегін­

молайтатын­ ғажайып­ инфра­құрылым.­

Тілге­тиек­етіп­отыр­ғанымыз­–­тау­шаң­

ғысы­ курорты­ құрылыстарына­ қатысты­

әңгіме.

Сондай­ақ,­Франция­Президенті­өз­



сөзінде­Қазақстан­дүниежүзінде­ерекше­

географиялық­орынға­ие­екендігін­және­

Еуропа­мен­Азияның­арасын­дағы­көпір­

болып­табы­латын­ды­ғын­мәлімдеді.

–­ Сіздердің­ мемлекеттеріңіз­ Еуро­

па­ мен­ Азия­ ара­сын­дағы­ дәнекер­ көпір­

болғандықтан,­ Қазақстанды­ инвести­

циялауда­ Франция­ барлық­ мүмкіндікті­

пайдалан­уы­қажет.­Қазақстан­Еуропаның­

Азиялық­ аймақпен­ диалог­ орна­туына­

септігін­тигізеді,­–­деді­Франсуа­Олланд.­

Франция­ Республикасының­ Прези­

ден­ті­өз­лекциясын­қазақтың­ұлы­ақыны­

Абай­ Құнанбайұлының­ сөздерімен­

қоры­тындылады.

–­ Әлемге­ әйгілі­ қазақтың­ ұлы­ ой­

шылы­Абай:­«Адамда­құлшыныс­қасиеті­

болмаса,­оның­мақсаты­да­бұлыңғыр­бо­

лады»­деген­жоқ­па?­Сондықтан,­біз­де­

бүгінгі­ ұстаным­дарымыздан­ айнымай,­

алдымыздағы­ айқын­ межеге­ ұмтыла­

берейік,­–­деді­ол.

Сонымен,­ «Париж­ қала­сы­ның­ Сор­

боннасы»­ (PRES­ Sorbonne­ Paris­ Cité)­

атанған­«Сорбонна­Қазақстан»­институ­

ты­Жоғары­білім­ғылыми­орталығының­

әлемдегі­екінші­және­Орталық­Азиядағы­

бірден­бір­филиалы­болып­отыр.­Ондағы­

білім­беру­үдерісі­Болон­конвенциясына­

сәйкес­ жүргізіледі.­ Институтта­ Қазақ­

стан­ мен­ Францияның­ профессорлары­

са­бақ­бермек.

Ең­маңыздысы,­бірлескен­инс­титут­

тың­ ашылуы­ отандық­ білім­ беру­ сала­

сын­ елдің­ жоғары­ білікті­ маман­дарға­

деген­ сұранысын­ қам­та­масыз­ етуге­

бағыттаудың­ негіз­гі­ қадамдарының­ бірі­

болып­отыр.Осы­арада­институттың­дай­

ын­дық­ курстары­ жыл­ басында­ ашыл­

ғанын,­ 1­курсқа­ қабылданған­ 60­шақты­

студент­ енді­ білімге­ бас­ қойғанын­ айта­

кету­керек.

Сөйтіп,­Абай­атындағы­Қаз­ҰПУ­нің­

базасында­ жұмысын­ бастаған­ «Сорбон­

на­–­Қазақстан­француз­инсти­туты»­бес­

факультет­бойынша­мамандар­даярлауға­

білек­ сыбана­ кірісіп­ кетті.­ Студенттер­

сатылай­әлеуметтану,­саясаттану,­сәулет,­

дизайн,­ медецина,­ ауыл­ шаруашылығы,­

маркетинг,­ әдебиет­ мамандықтары­ бой­

ынша­дайындалады.

­

Шолпан ШЫНЫБЕКОВА

Сондықтан­ бұл­ күн­ мемлекетіміз­

үшін­–­біртұтас­елдіктің,­ынтымақтастық­

пен­татулықтың,­сонымен­қатар­өткенге­

деген­ тағзымды­ салауат­ пен­ болашаққа­

деген­сенімді­үміттің­мерекесі­болып­та­

былады.­Еліміздің­ұлы­тарихына,­ата­ба­

ба­рухына,­аға­ұрпақтардың­қаһармандық­

өмір­ жолына­ құрметпен­ басымызды­ ие­

тұрып,­ тәуелсіздік­ қадірін­ терең­ сезі­

нуі­міз­ керек.­ Ата­бабаларымыздың­ ал­

дында­ тәуелсіздік­ үшін­ күресу­ мақ­саты­

тұрған­болса,­біздің­алдымызда­оны­ны­

ғай­та­түсу­міндеті­тұр.­

Елбасы­ тәуелсіздігіміздің­ тұғыры­

ел­­дің­

бірлігі,­

берекесі,­

татулық,­

тұрақтылық­ екенін­ әрдайым­ айтып­

келеді.


«Біз­ тұрақтылықты­ бағалай­ білге­

ні­міздің­ арқасында­ бүгінгі­ табыстарға­

жет­тік,­­­дейді­Нұрсұлтан­Әбішұлы­өзі­

нің­ «Нұрлы­ жол­ –­ болашаққа­ бастар­

жол»­атты­халыққа­Жолдауында.­–­...­Біз­

дің­ кейінгі­ ұрпаққа­ аманаттар­ ең­ басты­

бай­лы­ғымыз­–­Ел­бірлігі­болуы­керек.­Осынау­жалпыұлттық­құндылықты­біз­әрбір­жастың­бойына­сіңіре­білуге­тиіс­піз».

Жолдауда­айтылған­осы­бір­терең­мағынасы­бар­сөздер­біздің­оқу­тәр­бие­міздің,­алдағы­өміріміздің­темір­қазығы­болуға­тиіс­

деп­ойлаймын.

Қадірлі­қауым!­Сіздерді­осы­бір­жарқын­мерекемен­тағы­да­шын­пейіл­мен­құттықтауға­рұқсат­етіңіздер.­Барша­ңызға­мықты­

денсаулық,­отбасыларыңызға­амандық,­тәуелсіз­ел­игілігі­жолындағы­еңбекте­табыс­тілеймін!»­деді­ол.

Салтанатты­шара­барысында­білім­беру­жүйесін­дамыту­мен­өскелең­ұрпақты­тәрбиелеуге­қосқан­үлесі­мен­тәрбиелеу­ісіндегі­

жеткен­жетістіктері­үшін­университеттің­бір­топ­профессор­оқытушылары­мен­қызметкерлеріне­марапаттар­табыс­етілді.­Атап­

айтқанда­«Білім­беру­ісінің­құрметті­қызметкері»­төсбелгісі­оқу­орнының­2­өкіліне­берілсе,­«Ғылымды­дамытуға­сіңірген­еңбегі­

үшін»­төсбелгісіне­1­қызметкер,­«Ы.Алтынсарин»­төсбелгісіне­3­білім­үздігі­ие­болды.­Ал,­университетіміздің­жоғарғы­наградасы­

болып­табылатын­«Айрықша­еңбегі­үшін»­төсбелгісімен­3,­«Құрметті­қызметкер»­төсбелгісімен­4,­«Үздік­ұстаз»­төсбелгісімен­

2,­«Үздік­қызметкер»­төсбелгісімен­4­адам­атап­өтілсе,­университет­ректорының­«Құрмет­грамотасымен»­10,­Алғыс­хатымен­4­

қызметкер­марапатталды.

Кеш­соңы­үлкен­мерекелік­концертке­ұласты.

Назгүл ОТАРОВА



жүктеу 222.11 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет