Ғарышқа тек әубакіров емес, БҮкіл қазақ баласы ұшып бара жатты



жүктеу 66.19 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.02.2017
өлшемі66.19 Kb.

ҒАРЫШҚА ТЕК 

ӘУБАКІРОВ ЕМЕС, БҮКІЛ 

ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ҰШЫП 

БАРА ЖАТТЫ 

- Сізді қазақтың тұңғыш ғарышкері, әрі Кеңес 

Одағының батыры ретінде ғана жақсы білеміз. Ал 

Түркі әлемінің тұңғыш ғарышкері атанып, әлемдегі 

ең мықты он сынақшы ұшқыштың тізімінен үшінші 

орын алғаныңызды жуырда ғана Т.Сүйінбайдың 

«Тұңғыш» атты кітабынан оқып-білдім. Жалпы, сіз 

жайында неге аз білеміз? 

- Мен өзімді-өзім мақтаудан аулақпын. Ондай ой болған 

да емес. Мені халық сіздер арқылы танып-білулері керек. Ғары-

шқа ұшып келгенімнен бері заман қатты өзгерді. Көпшілік 

жылтыраққа, арзан жаңалыққа құмар. Түймедейді түйедей 

етіп көрсететін заман жетті. Қиыншылық кезеңде «мен, мен, 

мен едім» деп, кеуде соққым келмеді. Жер-жаһанға өзімнің 

жетістіктерім жайында жария салып сөз қуғанша, өсіп келе 

жатқан ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөлейік деген ойда бол-

дым. Демократияның жөні осы екен деп сыра мен араққа, 

темекі мен анашаға әуес жастар өсіп келеді. Осы мәселелер 

қабырғама аяздай батады. Сондықтан да мектептер мен уни-

верситеттерге баруды жиілетіп жүрмін. Осы кездесулер ба-

рысында, біраз баланың оң жолға түсуіне септігім тиген шы-

ғар. Бұл жай ғана өзара айтылатын әңгіме емес, ұлттық мәсе-

ле. 


- Жуырда Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жыл-

дығын Юнеско көлемінде атап өтуді ұсынған 

екенсіз... 

- Шәкәрім жөнінде көп айтуға болады. Және көп айтуға 

тиіспіз. Неге десеңіз, ол біраз ұмытылыңқырап қалған тұлға-

мыз. Мен өзім Шәкәрімді құрмет тұтамын. Шәкәрім Абайдан 

кем емес. Абайды танып білуімізге Мұхтар Әуезовтың еңбегі 

ұшан-теңіз. Ал Шәкәрімді лайықты биігіне алып шығатын аза-

мат табылмай тұр. Қытай кітапханасында, Парижде және Ре-

сейде ол кісінің жазбалары бар көрінеді. Меніңше, осы жаз-

балардың барлығын алдыртып, жинақ етіп шығаруға тиіспіз. 

Бір таңғаларлығы, Шәкәрім ғасырды қалай өткіземіз және 

дүниежүзіндегі жағдайдың қалай болатындығын біліп, бол-

жап кеткен. Осындай тұлғаның 150 жылдығын лайықты дең-

гейде атап өтіп, дүниежүзіне паш етуге тиіспіз. Өзімізді-өзіміз 

қадірлеп, өзімізді-өзіміз танытпасақ, сырттан келіп бізді ешкім 

ұлықтамайды. Дүниежүзіне «міне, біздің осындай азаматы-

мыз бар» дейтін уақыт жетті. Тек осыған бәріміз үлес қосуға 

тиіспіз. 

- Жазғыш ағайындар - журналистерді қанша-



лықты жақсы көресіз? 

- Мен өз басым журналистерді өте қатты жақсы көремін. 

Журналистика - ерекше мамандық. Сондықтан оны дұрыс 

пайдалана білген жөн. «Қүдай менің қолыма қалам мен дик-

тофон берді екен» деп барлығын негізсіз мүйіздеудің қажеті 

жоқ. Сіздер бір тыныс белгісімен-ақ бір адамның тағдырын 

шешесіздер. Бір кісіні асқақтатып, біреуді жермен-жексен 

ететін құдіреттеріңіз бар. Жаманды көкке көтеріп, жақсыны 

көрге тығасыздар. Барлықтарыңа құм шашудан аулақпын. 

Ақша билейтін заманда кейбір журналистердің жеке бастық 

мүдде үшін әділеттен тайған жайы бар. Қилы заман екенін 

жақсы білемін. Халықтың қамын күйттеп жүрген нағыз аза-

маттар сіздердің кінәларыңыздан талай таяқ жеді. Осы тұрғы-

да абай болсаңыздар. 

- Осы уақытқа дейін сіз қазақтың мықтылығын 

дәлелдедім деп ойлайсыз ба? 

- Мен қазақ болып туғаннан кейін, мен үшін әлемде қазақ-

тан мықты халық жоқ. Қазақтың өзге ұлттардан несі кем? 

Көшпелі өмір сүрген аталарымыз осынау ұлан-ғайыр жерімізді 

бізге аманат етіп кетті. Қазақтың қолынан келмейтін іс жоқ. 

Барлығын жасай алады. Тек жалқау. 

- Сізге «қазақтың тұңғыш ғарышкері» деген атақ 

не берді? 

- «Маған ол үлкен бақыт берді» десем, ішімдегі сезімімді 

толық жеткізе алмайды. Халықтың батасын берді. 

- Ғарышқа аттанар сапарыңызда Кеңес Одағы 



ыдырағанымен, Қазақ елі Ресейден бөліне қойма-

ған еді. Ресми тілдің салтанат құрған тұсында 

Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақ тілінде рапорт беруге 

сізді қандай күш итермеледі? 

- Ол кезде ғарышқа тек Тоқтар Әубәкіров емес, бүкіл 

қазақ баласы ұшып бара жатты. Сонда мен рапортты басқа 

тілде беруім керек пе еді? Рас, ол уақытта мен қазақ тілін 

жетік білмейтін едім. Себебі 30 жыл ғұмырым орыстар ара-

сында өтті. Сонда да тілімді бұрап: «Мен - қазақпын! Мен 

ұшуға дайынмын. Қазақ халқы үшін!» дедім. 

- Мінген кемеңіз от алып, жерден көтеріліп бара 



жатқанда қандай сезімде болдыңыз? 

- Жалпы, ғарышкерлердің арасында жазылмаған мына-

дай заң бар. Ғарыш кемесі көтерілгенде, командир «поеха-

ли!» деп айтуы керек. Ол сөз Ю.Гагариннен қалған. Бірақ мен 

осы дәстүрді бұзып: «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсу-

ге дайынмын!» дедім. Қазақша айттым, ол сөздерім таспада 

бар. 

- Сіз авиация тарихына алғаш рет реактивті ұшақ-



ты кеме бортына қондырып «Гиннес рекордтары» 

кітабына ендіңіз... 

- Дұрыс айтсақ, мен Гиннестің кітабына ұшақты кеме бор-

тына қондырғаным үшін емес, кеме бортынан ұшырғаным үшін 

ендім. Менен бұрын әлем тарихында трамплиннен ешкім ұшақ 

ұшырған жоқ. 

- Әлем тарихында бірінші рет кеме бортынан 



реактивті ұшақты аспанға көтерген сәтте «атым та-

рихта алтын әріппен жазылатын болды» деген мақ-

таныш сезімі бойыңызда болды ма? 

- Жұмыс... Өзге ой болған жоқ. Егер мақтаныш сезімімен 

ұшсаңыз алысқа бармайсыз. Басыңыз салқын болу керек. Бір 

ұшақты сынақтан өткізу үшін сегіз-он жыл керек. Содан кейін 

ғана жаңа ұшақ әуе флотына қарулануға беріледі. Осы сегіз-

он жылдың аралығында талай-талай жігіттер о дүниелік бо-

лып кетеді. 

- Айтып отырған ұшақты сынақтан өткізер ал-



дында М.Горбачев сіздің конструкторыңызға «мына 

әкеліп отырған фамилияңыз не? Осы сынаққа ұлты 

орыс ұшқыш табылмады ма?» деген екен... 

- Ол кезде екі Политбюро бар еді. Біріншісіне - Кеңес 

Одағындағы барлық республикалардың басшылары жинала-

тын. Екіншісі - Мәскеу бюросының ұжымы. Солар менің кон-

структорымды шақырып: «Кеңес әуе флотының жаңа тарихы 

жазылайын деп жатыр, ал, сіз бізге мынандай фамилияны 

әкеліп отырсыз» депті. Осы әңгімені конструкторым В.Беля-

ковтың өз аузынан естігем. В.Беляков: «Айтып отырған тари-

хыңыздың алғашқы беті қанмен жазылмасын десеңіз, 

Әубәкіров ұшсын» депті. 

- Қазақ елі тәуелсіздік алмағанда қазақтан 

ғарышкер шығар ма еді? 

- Жалпы, қазақ баласын «Ойбай, үйде бол. Ешқайда кет-

пе!» деп тәрбиелейді. Кезінде институт бітіріп қой баққанды 

да көрдік. Ал әке-шешесі жоғары білімді балаларының көз 

алдарында жүргеніне мәз болатын. Ал былай қатерлі маман-

дықтарға жетімдер мен қайсарлар ғана кететін. Мұхтар Ал-

тынбаевпен бір уақытта оқуға түстік. Қарағандыда бірге 

оқыдық. Кейінірек мен сынақшы ұшқыш, ол жай ұшқыш бол-

ды. Мұхтар Қапашұлы өте мықты ұшқыш. 1977 жылы мені 

Димаш ағаның адамдары іздеп келіпті. «Ғарышқа ұшасың, 

сені дайындаймыз» дейді. Сынақшы ұшқыш болғаныма бір-

екі-ақ жыл болған. Әлі өзімді сынақшы ұшқыш ретінде толы-

ғымен қалыптастыра алмаған кезім. Мен кетіп қалсам, бірге 

жүрген әріптестерім «сынақшылықтан қорқып кетіп қалды, 

бір-ақ рет қиналып батыр атанды» дер еді. Мен «олай бол-

майды, мен - қазақпын» дедім. Намыс пен мінез құдайға шүкір, 

бізде баршылық. Бірден «бармаймын» дедім. Сонда да бол-

мады. Қыр соңымнан қалмай қойды. Сол кезде есіме Мұхтар 

Қапашұлы түсті. Димаш ағаның адамдарына оның адресін 

бере қойдым. Мұхаң да намысқой емес пе? Комиссияның әр 

түрлі сылтау тауып, қазақты ғарышқа ұшырмайтынын біліп, 

комиссияға қолын бір сілтеп кетіп қалады. Содан қазақтың 

ғарышқа ұшу тарихы 90-жылдарға шегеріледі. 

- Сіздің ғарышқа ұшу сапарыңыз сыртыңыздан 



кесіліп-пішіліп қойған көрінеді ғой. 

- Нұрекең екі жылдай «ғарышқа ұш» деп үгіттеді. 

Келісімімді бермей жүрдім. Бір күні шаңғы теуіп жүрсем, жол-

дастарым телефон соғып, жаңа ғана «екі қазақ баласы ғары-

шқа ұшу үшін дайындық жасап жатыр. Бірі - Т.Мұсабаев, 

екіншісі - даңқты ұшқыш Т.Әубәкіров» деп хабарлады дейді. 

Ол ақпарат халық арасына тарап та үлгеріпті. Бірден Нұртай 

Әбіқаевқа хабарластым. Ол «ойбай, тезірек кел. Сені іздеп жа-

тырмыз» десімен, ашу шақырып, ұрсысу үшін айдап отырып, 

жетіп бардым. Түйілген қабағымды көрген Нұрекең ұшып 

тұрып сәлем берді. Берген сәлемін алдым да «Нұреке, мұны-

ңыз қалай? Мұндай «приемыңызды» маған қолданбаңыз» 

дедім. Нұрекең «Саған керегі жоқ па, ұшпа. Оның маған да 

керегі жоқ. Бұл қазаққа керек. Міне, Байқоңырдан ғарышқа 

ұшқалы отыз жыл, бірақ ұшқан ғарышкерлер арасында бір 

қазақ жоқ. Жарайды, сен де бармай-ақ қой, таптық басқа-

сын. Дайындаймыз, бес жыл ма, он жыл ма, әйтеуір ұшыра-

мыз. Бірақ қазір империя ыдырап жатыр. Ертең Байқоңыр 

біздікі бола ма, жоқ па?» деді. Сөйтсе, байқоңырдағылар 

«Әубәкіровті жарты жылда дайындап, ұшыра аламыз» деген 

көрінеді. Нұрекеңнің осы сөздерінен кейін бірден «жарайды» 

деп келісімімді бердім. Бірақ Елбасыға «Ғарышқа қазақстан-

дық ғарыш бағдарламасымен ғана ұшамын. Осы күнгі дәре-

жеммен ғарышта Лайка секілді болып қайтқаным ұят емес 

пе?» дедім. Ол кісі идеямды құптады. Ғарышқа жәй барып 

қайтсам да қазағым мені аспанға көтерер еді, Бірақ халық 

мәртебесін көтеру үшін мықты бағдарлама керек. Оны жаса-

дым. Сол бағдарлама жақсы жұмыс атқарды. 

- Осы сапарда Арал теңізін ғарыштан суретке 

түсірдіңіз. «Арал трагедиясына Байқоңыр ғарыш ай-

лағының қатысы бар» деген болжамды естіп 

жүрміз... 

- Кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізбей, кесімді тұжы-

рым жасауға болмайды. Менің болжауымша Арал мен Каспийді 

қосатын жер асты каналдары бар. Кезінде Каспий өз арнасы-

нан кетіп қалған. Кейіннен қайтадан көтеріле бастады. Бірде 

ғарышкерлерді жинап алып «Арал мен Каспийдің орналасқан 

биіктіктері бір деңгейде ме?» деп сұраған болатынмын. Олар 

«Каспий теңізі Аралға қарағанда төменірек тұр» деді. Ал қазір 

екеуінің биіктігі бірдей екен. Қазір Аралдан бейіттердің орны 

табылып жатыр. Меніңше. бір кездері Арал кеуіп қалған. Әйтпе-

се, археологиялық қазбалар қайдан шығып жатыр? Ата-баба 

сүйегін кім су астына көмеді. Және ол кезде ондай мүмкіндік 

қайда? Сондықтан Арал тағдыры туралы бір жақты ғылыми 

теория қабылдау ерте. Қазір Кіші Аралды бөліп алдық. Онда 

құдайға шүкір, балық та бар, қайықтар да жүзіп жүр. Бірақ 

көлемі кішкентай ғана. Бір кездері кемерінен асып-тасып жа-

татын Аралдың осындай күйге түсуі қабырғаға батады. Енді 

Кіші Аралды сақтап қалсақ жөн болар еді. Қазір теңізге жа-

қын маңнан жапа-тармағай үйлер салынып жатыр. Егер ер-

тең Аралдың суы молаятын болса, жаңағы айтқан қоныстар-

дың барлығы су астында қалады. Мемлекет үшін тағы да 

үлкен проблема туындайды. Мен Аралдың қайтадан қалпына 

келетініне сенімдімін. Мейлі, ол үшін он жыл, жиырма жыл. 

жүз жыл өтер. 

- Ұмытшақ халықпыз ғой... Халқымыз қазақтың 

атын әлемге танытқан ұлдарын тез ұмытатын 

секілді... 

- Қазақтан шыққан батыр болсын, чемпион болсын, ба-

сқа да атақты азаматтар ұмытылып қалатыны рас. Меніңше. 

ол да «дұрыс» шығар. Оны «ми тазарту» дейді. Қалай күн 

көремін деп жүрген қоғамнан не сұрайсыз? «Дұрыс шығар» 

дегенді шын жүрегімнен айтып отырған жоқпын. Өз батырын, 

өз ерін, өткен тарихын ұмытқан халық - халық бола алмайды. 

Тарих кешегі күннің сабағынан дәріс алмағанды қатал жаза-

лайды. Өткенді ұмытсақ, бүгінгіні жаңалай алмаймыз. 

- Осы орайда өзіңіздің қазаққа деген назыңыз 



жоқ па? 

- Мен неге қазаққа ренжуім керек? Мені қазағым басына 

көтеріп, алақанында ұстап жүр. Сенбесеңіз менімен кез кел-

ген ауылға жүріңіз. Ауылдың сіңірі шыққан кедейіне дейін 

үйіндегі соңғы тілім нанын менің алдыма қояды. Ол бақыт 

емес пе? Мен қазақ үшін жарылып өлуге даярмын. 

- Ал Үкіметке деген ренішіңіз бар ма? 

- Бұл дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ. Бәрі келеді, кетеді. 

Тек халық қана мәңгілік. Маған қазақтың құрметінен артық 

ештеңе керек емес. Халықтан асатын ешкімнің жоқ екенін де 



ұмытпауымыз керек. 

- Конгресс-Холлда өткен «Қазақстан-Ресей» жы-

лының есеп беру кешінде «Ортаға Қазақстанның 

тұңғыш ғарышкері Т.Мұсабаевты шақырамыз» де-

генде залда отырған екенсіз... 

- Ол сөз айтылғанда мен залда болған жоқпын. Кешке 

ауырып келгенмін. Бірінші бөліміне қатыстым. Ыстығым түспе-

геннен кейін Н.Назарбаев пен В.Путин сөйлеп болысымен кетіп 

қалдым. Халық кімнің кім екенін өзі біледі. Ф.Кастро айтқан-

дай «тарих мені ақтап алады». Бірақ мен ізбасарымның аза-

маттық танытпағанына таңғалдым. Сол жерде «Қазақтың 

тұңғыш ғарышкері мен емес - Тоқаң» десе, оны халық басы-

на көтерер еді. 

- Бірінші ғарыштық сапарыңыздан кейін 



дәрігерлер «Т.Әубәкіров тағы да ұшуға дайын» де-

ген болатын. Бірақ, сіз ұшпадыңыз. Қорықтыңыз ба? 

- Мен ұшып келгеннен кейін Н.Назарбаев: «Т.Әубәкіров 

бұдан былай ұшақ пен басқа да ұшатын аппараттардың штур-

валына отырмасын» деген жарлығын айтты. 

- Бұл қанатыңызды қырыққанмен бірдей емес 

пе? Елбасының мұндай шешім қабылдауына не се-

беп болды? 

- Оның әр түрлі себебі бар. Мысалға, Ю.Гагаринді алайық. 

Ғарыштан қайтып келгеннен кейін не болғанын білесіздер. 

Оның үстіне сол кезде мен де біраз жасқа келіп қалған едім. 

Денсаулығым өте жақсы болды. «Мамандығымды осындай 

биік нотада аяқтайын» деген шешімге келдім. 

- Сіз тура мінезді, тік адам секілдісіз. Мәжіліске 

қалай сыйып жүрсіз? 

- Сұхбат басында қойған екінші сұрағыңыз есіңізде ме? 

Соған берген жауап осы сауалдың да жауабы деп біліңіз. 

- Қазақ елі ғарыштық державаға айналуы мүмкін 



бе? 

- Қазір біз ғарыш державасына айналдық. Қазақ елі үлкен 

ғарыш бағдарламасын дайындап жатыр. Ғарыш саласындағы 

технологиясы мықты елдер ғана ғарыш бағдарламасын дай-

ындай алады. 

- Қазақ елі туралы әңгіме қозғадық қой, қазақ 



қашан толыққанды қазақ болады? Ол үшін сіздіңше 

не істеуіміз керек? 

- Күнде жатардың алдында Абайды оқуымыз керек. 

- Сіз өтірік айта аласыз ба? 

- Айта аламын. 

- Қандай жағдайда? 

- Бірінші рет тұңғышым «мен қайдан пайда болдым?» 

дегенінде «тауып алдым» деп жауап бергенмін. Дегенмен де, 

шындықтың да айтылатын орны бар. Мысалы, өлім алдында 

жатқан адамға «сен жамансың» деуге болмайды. 

- Діндарсыз ба? 

- Жоқ. Бірақ кезінде қып-қызыл коммунист болғандар-

дың бүгінде басын сәждеден көтермейтіндіктеріне қарап, таң-

тамаша қаламын... 

- Дегенмен үстеліңіздің үстінде Құран Кәрім тұр 



ғой? 

- Бәрінен хабардар болып отыруым керек қой. Жалпы, 

әлемде ел мен елді, ұлт пен ұлтты құртатын дін. Жаңалық-

тардан көріп жатырмыз. Таяу Шығыс елдеріне қараңызшы. 

Данияда басылған карикатуралар қаншама толқулар әкелді. 

Күнде қырғын, күнде қантөгіс. Дін мәселесі - өте күрделі мәсе-

ле. Діннің фанаты өзімен қоса балаларды да өлтіруге дайын. 

Ол дұрыс па?! Бейкүнә сәбидің не жазығы бар? Дін әркімнің 

жеке ісі. Фанатизм дәрежесіне жетпеген дін ғана пайдалы. 

Мен Тәңірге сенемін, аруақтарға сенемін. 

- Қасқыр соғуға неге құмарсыз? 

- Маған жекпе-жекке шығуым үшін тек қасқыр керек. Ба-

сқа аңды аң деп санамаймын. Қасқыр өте киелі аң. Ақылды-

лығы сонша, бір күн бойы қуғаныңда ұстатпай кетуі мүмкін. 

Қол созым жерде тұрғаныңда айласын асырып, алдап кетеді. 

Сонда «адамнан айласын асыра білген қандай ақылды жал-

мауыз» деп ойлайсың. 

- Қасқырмен бетпе-бет келген сәттеріңізде 



қорыққан жоқсыз ба? «Қасқырдың көзі өткір келеді» 

деуші еді ғой... 

- Темірден қорықпаған адам қасқырдан қайдан қаймық-

сын! Қасқырдың да жаны бар. Қасқырдың көзі өңменіңнен 

өтердей өткір келетіні рас. Бірақ менің де көзім жай көз емес. 

- Өміріңізге ризасыз ба? 

- Өте ризамын. Кейбіреулер өмірін қайтадан бастағысы 

келеді. Ал менің тағдырға деген ризашылығым сондай, қай-

тадан бастағым келмейді. Өмір мені жасады ма, мен өмірді 

жасадым ба білмеймін. Екеуміз де бір-бірімізді жақсы көріп, 

алға сүйрелеп келеміз. 

- Бүгінгі деңгейге жетуіңізде кімге борыштар-

сыз? 

- Мен әке-шешем алдында мәңгілік қарыздармын. Ол 

кісілерді еске алмай болмайды. Менің жеті айлық кезімде әкем 

дүние салған. Мені өмірге әкеліп, қанат берген адам - анам... 

«Біреуге қиянат қылма, өзіңе тиеді; өмірден қанша таяқ же-

сең де еңкейіп, басыңды име, тік жүр» дегендері әлі құла-

ғымда жаңғырып тұрады. Жалғыз баласын әскери училище-

ге шығарып салғаны - қандай мықтылық десеңізші! Тек «Ба-

лам, ұшқанда ақырын ұш, қатты ұшпа» деп қалғанын 

қайтерсің... 



Сұхбаттасқан Мақпал ҚАРАТАЙҚЫЗЫ 

«Айқын» газетінен. 

Балқантау.-2006.-11 мамыр.-4,5 б. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Garysh -> Aubakirov T
Kraeved -> Марат Әбсеметов 1960 жылы туған, Қазму-дің журналистика
Kraeved -> Орталық Қазақстан. 2001. 23 маусым. 14 б. Ақжолтай Ағыбай батыр
Kraeved -> Ардақты баба күйлерін қалың қауым алдында насихаттап, ел арасына кеңінен тартуда кейінгі
Kraeved -> Саттар туралы сыр
Aubakirov T -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Aubakirov T -> Серік ТҰРҒынбекұлы 1946 жылы бұрынғы Торғай облысының Жанкелдин

жүктеу 66.19 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет