Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.

бет9/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«...Ақын өз дәуірінің қолтығына 
қойылған градусник...»
Қадыр Мырза Әлі,
Қазақстанның халық жазушысы
Қалай айтсақ екен, негізінде 
философиялық тұрғыдан 
қарағанда Арман мен Азап бір-
біріне қарама- қайшы ұғымдар. 
Оның адам санасында (нақтылар 
болсақ Ақын жүрегінде делікші) 
етене араласып бір ұғымға ай-
налып кететін кездері де бола-
ды екен-ау! Арман адамды алға 
жетелеуші, ынтықтырушы, ойға 
алғаның орындалғанға дейін 
тыншытпайтын ғаламат күш. 
Арманың жүзеге асуы үшін 
белгілі дәрежеде азап шегесің. 
Сол азабың сені асыл мұратқа 
жеткізеді. Ақын Ғалымның ар-
маны – тағдырлы халқының 
өзінің сән-салтанатты, бақытты 
да баянды Болашағын құра 
білгенін көксеу, бөгдеге есе 

255
жібермей, Елі, Жері, Тілі, Өзен-Көлі, Орман-
Тоғайы, байтақ Даласына ие болу. Ата-ба-
балар аманаттаған осынау қазынаны көздің 
қарашығындай сақтай отырып, бейнетқор 
Қазақтың игілігіне жарату. Егер қысқаша 
түйіндер болсақ осы!.
Ақынның қыран жанары тек жетістіктерді 
ғана емес, кейбір кемшін тұстарды да қиядан 
шалады, ойға қалады, ащы айтқысы, ұлттық 
мұралар мен қадір-қасиеттерге шаң жуытқысы 
келмейді... Армандай отырып азапқа түсетіні, 
мұң мен шерге оранатыны да сондықтан.
Біз жоғарыда сөзінен эпиграф алған 
қадірменді Қадыр аға (бұл сонау заманда 
оқырманы ең көп бақытты ақын болған, біздің 
кезіміздің студент жастары оның өлеңдерін 
басқосуларда жатқа оқитын) Ғалым інісінің 
творчествосымен әуелден жақсы таныс екен, 
кітапқа ( «Ақын арманы», Алматы, «Нұрлы 
әлем», 2010 ) әдемі алғысөз жазыпты. Онда бы-
лай дейді: «...Ғалым Әріптің шығармаларынан 
шынайы арда көңілге құрылған нұрлы сезім 
шуағын, ұлттық рух қуатын аңғаруға болады. 
Ол қуат энергиясы, ойлы да өршіл пафос туған 
жерінің тектілік тұнба бұлақ қайнарынан
ата-бабаларының аруақ-айбатынан та-
мыр тартатын тәрізді. Өзегін өртеп шыққан 
өлеңдерінде дән де, тілді үйіріп әкететін дәм 
де, түйсіне түйін түйердей нәр мен мән де бар. 
Жан жүрегін жарып шыққан кестелі жыр 
өрнектері өмірге байыппен қарайтын сырбаз 
жігіттің өз ішкі жан дүниесінің сыры да, мұңы 
да екендігі айна қатесіз...». Қадыр ағамыз 
Ғалым жырларындағы мәселелерді «...ішкі 

256
жан дүниесінің сыры да, мұңы да...» деп тап 
басып айтып тұр. 
 Сонымен... кітаптың атымен аталатын екі 
актілі поэтикалық драманың басты кейіпкері 
Ақын. Досы оны:
Адалсың дос, әрдәйым ар алдында,
Туған жерден бойыңа нәр алдың да.
Туралықтан таймайтын кесек мінез,
Адал сөйле ақын боп жаралдың ба?! –деп 
қайрайды. Оқиғаға қатысушылар: Баба үні, 
Жер -Ана, Тіл -Ана, Батырлар рухы, Аруақтар, 
сонымен бірге Елбасы, студенттер, т.б. Елін 
аралап, халқымен қоян-қолтық жиі жүздесіп, 
хал-ахуалын біліп тұратын Елбасымызға 
сондай бір кездесуде ақын халық атынан тіл 
қатады:
Сөз сөйлейік ендеше Патшамызға,
Ұлық кісі бас сұқса ортамызға.
Сын мен мінді кім жақсы көрер дейсің,
Шамшыл болса қақпайды-ау арқамыздан...- 
Ақын осылай дегенде Елбасымыз:
...Айта бер, айтарыңды азулы ақын,
Бұқар да Абылайды қайрай білген...
деп сын-ескертпелерді де тыңдауға дайын 
екенін білдіріп, мәрттік танытады. Сонда 
ақын:
Ежелден иген елміз Ханына бас,
Ешқашан тілемейтін досына қас...
Қалса да кейбір шақта бас мәңгіріп,
Қазақты кім көріп ед жасқандырып?!
Ұлан жер, Ұлы Дала –Баба мұра,

257
Көк сүңгі, қайқы қылыш, асқақ Рух!..-деп 
алып, Ақын Елбасыға жеріміздің, тіліміздің, 
діліміздің, дініміздің кейбір қағажу тұстарын 
баяндайды. 
Сізді халқым сайлады ел етсін деп,
Көсегесін қазақтың көгертсін деп.
Қор болған қазағымның ана тілін,
Көкке өрлетіп, өзгемен тең етсін деп...
...Боп көрмеген жан едім адамға араз,
Айтатұғын жан едім ғаламға наз.
Кәрі Каспий кетпегей ғайып болып,
Кен байлығым болмағай талан-тараж...
          
Сонда Елбасымыз:
Ақыным көп жайттарды жөн айтасың,
Үміт пен сенімімді молайтасың... 
...Демеймін бәрін-бәрін мен істедім,
Бар шығар тегістерім, еңістерім.
Бар шығыр табыстарым, кемістерім,
Әйткенмен тағу оңай жеңіске мін...
Әр сөзде болу керек бай мағына,
Ешкімнің ермеу керек айтағына.
Топырақ шашқан жандар не ұта алмақ,
Қазақтың қара нардай қаймағына...
– деп ақын сауалдарына қарапайым тілмен жа-
уап беру арқылы халқының алдында есеп беріп 
тұрғандай сезіледі. Осы кезде Баба үні естіледі:
Бар әлемге білемін шашқан аңыз,
Аман болғай тіл-көзден Астанамыз.
Аман болғай тіл көзден Қазақ Елі,
Ұлан ұрпақ, өскелең жас баламыз... 
Сахнаға Төбе би шығады:

258
...Ұлы өмірдің жүгініп сабағына, 
Болсын дедік ләйім қазағыма.
Өз ішінен жік шығып ырылдасқан,
Қалары анық өзгенің мазағына...
Соңында Жер -Ананың да, Тіл -Ананың 
да, Рухтардың да пікір, тілектері Елбасымен 
үндесіп, еліміздің жетістіктерін дәріптеп, 
оны өркендетудің жолдарын меңзейді. Оған 
Елбасының «...Ал, қане, Ел өкілі ақын жігіт, 
өзіңше аңғартып көр ұлы жолды» деуі қамшы 
болғандай. Ақын кей тұстарында нағыз қанына 
тартқан шынайы елжандылық қасиетімен 
ерекше шабыттана, зор пафоспен тебірене 
төгеді дерсің. Мәселенки, бір мысал:
            
Әулие-әмбие, әруақтар(!):
О-о-о-о-оу!
Тәңірге тағзым еткен тұл болмайды,
Алласы аян берген құл болмайды.
Құдайын танымаған кесір елдің
Қуат ап Күннен көзі нұрланбайды.
Десеңіз ел боламын алып шынар,
Кез туды Уақыт пенен Бақытты ұғар.
Ізгілік, инабат пен имандылық
Гүл сынды қара тасты жарып шығар.
Тарихтың тылсым сырын шеккен білер,
Қазаққа дос па қара шекпенділер?
Қашанда Ел мен Жерін қорғай білген –
Көсілген кең Далада көшпенділер.
Демеңдер құлпытастар текке жатыр,
Есіл ер, неше дүлдүл өтті батыр,

259
Хан-төре, бай менен би, ақын-жырау,
Неше асыл, жақсы-жайсаң, текті жатыр.
Олардың еді-ау бәрі мұратты ерлер,
Қорымын сәулет-тарих – мұра еттіңдер.
Жаңғыртып қазағымның жазирасын,
Қала сап, гүлге орантып, түлеттіңдер.
Көңілмен көл-дария шалқып аққан,
Аумайды Қазақстан арғымақтан.
Қасиетті киелер аунап-қунап,
Ақ тілегін арнайды халқына ақ таң,
Ей, бауырым, арқалан, аруақтан!
     
Жалпы бұл көркем поэтикалық шығарманы 
бүгінгі қазақ әдебиетінде осы Заман-Уақыт 
бедері-белесіндегі тың дүниелердің бірі деп ба-
тыл айтуға әбден болады. Шығарма театрлар-
да сахналануға сұранып-ақ тұр.  «Поэтикалық 
тұрғыда қарымды, терең сарынды бұл күрделі 
пьесаны еліміздің үлкен театр сахналарына 
да шығаруға әбден болады» деп Н. Жантөрин 
атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық 
драма театрының директоры Н. Мұқановтың 
өзі айтқандай, бұл туынды драма театрлардың 
репертуарына енгізілсе, Тәуелсіздігіміздің 
20 жылдығына арналған  тамаша тартуы бо-
лар еді. Әрине білікті режиссер мен автордың 
пьесаның кейбір тұстарын бірлесе отырып 
сахнаға лайықтап қайта қарайтыны, қырнап, 
әрлейтіні, сірә, белгілі ғой.  
Айтуар Өтегенов,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі . 

260
ҚАНҒА ТАРТҚАН 
ҚАЛАМГЕР
Жаңадан құрылу үстіндегі 
«Маңғыстау-Медиа» ЖШС 
басшылығына Ғалымжан Мел-
дешов сынды белгілі азамат ди-
ректор болып келіпті деген хабар 
естілісімен, оның кабинетінде 
жылыұшырай жүздестік. Бұл, 
сірә, қайда жүрсе де тілеулес 
әрі ниеттес, сырттай бір-бірін 
қадағалап һәм бағалап жүретін 
ҚазҰУ-дің журфагы төлдерінің 
бойына сіңген бір әдеті. Тегінде 
журналист үшін шекара жоқ. 
Қай аймақта жүрсе де қара сөздің 
қасиетін қастерлеп, көкейінде 
елдік мүдде жүрсе болғаны. 
Екі облыстық, екі қалалық, 
бес аудандық басылымның 
басын тоғыстырған холдинг 
ұжымының алғашқы жина-
лысында әп дегеннен екі тілде 
таза сөйлеп қана қоймай, газет 
жұмысының бесаспап кәнігі 
шебері екендігін әңгіме аужайы-
нан аңғартып үлгерді. Оңашада 
ішкі ойын әсте бүкпей, облыстың 

261
бас басылымы «Маңғыстау» газеті тек қана 
қоғамдық-саяси ғана емес, ұлттық тұрғыдан 
және техникалық-көркемдік безендірілуі 
жағынан республикалық басылымдармен 
текетіресуге сай келетіндей көрнекті басылым 
болуы керектігі жөніндегі келелі ойын ашық 
айтты. Газеттің келесі нөмірінің әзірленуі 
барысына тікелей араласқан ол, бірқатар 
беттердің макеттерін өз қолымен кестелей сы-
зып, бұл ретте өзіміздің ардақты ұстазымыз 
Ә.Ыдырысов ағамыздың тәлімінен терең су-
сындап қана қоймай, орталық басылымдар-
да секретариаттың әбден шыңдалған тарланы 
екендігін қапысыз дәлелдеді.
«Бірінші бет көрнекі болсыншы, суреттерді 
айқын әрі үлкейтіп берелік. Елдегі, жердегі 
әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-
мұқтажын көтеруді басты орынға қоялық. 
Осы бірінші беттен бірнеше өзекті де өткір 
тақырыптарды бастап жіберіп, келесі беттерде 
жалғасын берсек», – деген   ол, қалың оқырманды 
газетке тартып қана қоймай, олардың сана-
сезімін тәрбиелеуге, өзекті елдік мәселелер 
бойынша қоғамдық пікірлерді өрбітуге, батыл 
түрде сын жазуға, кемшіліктермен күресуге 
ашық үндеді. Өз пікірі, алдына қойған 
мақсаты, көзқарасынан айнымайтынын 
айқын аңғартты. Ел, жер, қоғам, ұлт мәселесін 
бірінші кезекке қоятынын, қазақ тіліндегі 
облыстық басылымды биік деңгейге көтеру 
қажеттігін шегелей айтты. Республиканың 
мемлекеттік тіркеуге алынған ұлттық 
мәдени-тарихи ескерткіштерінің үштен екісі 
шоғырланған киелі Маңғыстау өлкесінің ру-

262
хани мұраларын ел игілігіне айналдыру үшін, 
«Шерқала» танымдық журналын шығаруға 
бел шеше кіріскен Ғалымжан Сәрсенбайұлы 
сол санда жарық көрген менің «Түбі бір түркі 
жұрты» деген толғауымды оқыған соң, «Оу, 
«Мәңгілік елді», сіз бұрын айтыпсыз ғой» 
деп риза кейіп танытқаны бар. Мен оның бұл 
сөзінен жаңалық атаулыны, ұлтқа, ұлттық 
рухқа қажеттіні көре, зерделей білетін ғана 
емес, ешкімге іштарлығы жоқ, адал пейілді 
азамат екендігін бағамдадым.
Тегінде оның ұлттық һәм прогрессивтік 
ойлардың жетегінде жүруінің заңдылығы да 
бар екені өмір өткелдерінен өрнек тауыпты. Ең 
бастысы, әкесі Сәрсенбай мен шешесі Мәнсия 
екеуі Алматы мемлекеттік медицина инсти-
тутында оқып жүріп үйленіп, өмірге келген 
бес баланы адалдық пен еңбекқорлыққа ба-
улып өсірді. Сол студенттік шақтарының 
өзінде тырбанып жүріп Фурманов көшесінің 
бойынан жер сатып алып, баспана жағын 
ойластырған ардақты ата-ананың арқасында 
бала-шаға пәтер таршылығын көрген жоқ. Сол 
кездегі алма бағы апорттарының дәмі әлі ауыз-
дан кетпейді. Біздің кейіпкеріміз Ғалекең де 
«Ваня, Саня, Маня» десіп орыс балаларымен 
ойнап, тартысып өсіп, керек болса үш сынып-
ты орысша бітіргені өз алдына бір тарих...
Бірақ әңгіме онда емес, әңгіме түсінік-
түйсікте, тәлім-тәрбиеде. Қазақша мектебі 
болыңқырамаған астанадан түлеп ұшқан жас 
өреннің тіл майданына, қасиетті қазақ журна-
листикасына бет бұруы жәйдан-жәй болмас, 

263
бұл-дағы бір қанға сіңген қасиет, тектіліктің 
төркіні.
Кәсіби еңбек жолында аудандық газет-
тен бастап, облыстық, республикалық «Жас 
Алаш» пен «Түркістан» сынды ұлт мүддесін 
ұран еткен әйгілі басылымдарда қатардағы 
тілшіден бастап, бөлім меңгерушісі, жауап-
ты хатшы, бас редактордың бірінші орынба-
сары, Қазақ радиосының Бас директоры, ҚР 
Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, осы 
министрліктің «Ғылым» қоры АҚ әкімшілік 
департаментінің директоры тәрізді биік 
баспалдақтардан өткен Ғ.Мелдешов өзінің 
өмірлік ұстанымында кәсіби журналистика 
мен ұлтжандылық мәселесін күн тәртібінен бір 
сәт те түсірген емес.
Оңтайы келіп бір сырласа қалғанда, өткенге 
тереңдей бір шегініс жасағаны бар...
Сонау өткен ғасырдың 1988-інші жылдары 
Арменияда 7-9, тіпті кейбір дереккөздеріне 
қарағанда 11 балдық жер сілкінісі болғаны 
мәлім. Сонда 25 мың адам қаза тауып, 514 
мың адам баспанасыз қалған екен. Спитак 
қаласы жер бетінен мүлде жойылып кетті. 
Міне, осынау адамзаттық қасіретті ахуал 
балаң Ғалымжанның жүрегіне ауыр әсер етті. 
Аудандық газеттің редакторы Н.Бегалиевке 
жедел барып, өзін сол елге іссапарға жіберуін 
сұрады. Нәкең мықты ақын, сезімтал жан 
емес пе, барлық қолдау-көмекті аяған жоқ. 
Ереванға тіке ұшуға олардың әуежайы бос 
емес. Неде болса тәуекел деп Мәскеуге ұшты. 
Сол жерден Москва–Ереван пойызына отырып 
бір қиырға жол тартты. Сөйтіп, 2,5 тәулікте 

264
жететін жерге зілзала зардаптарының 
әсерінен пойыз 5 тәулік дегенде әрең жетті. 
Жолда көрген қиындықтары өз алдына бір 
төбе. «Сен кімсің? Қайда барасың?» деген 
көлденең көк аттыларды қалай тоқтатқаны 
өз алдына бір хикая. Бәлкім, туа өжеттігі, 
күрес секциясында шыңдалғаны, мүмкін, 
адамдармен тіл тапқыштығы септігін тигізген 
болар. Жолшыбай Кировакан, Степонаван, 
Спитак қалаларының төбе құйқаны шымыр-
латар сұмдық жағдайларын көзімен көрді. 
Үйінділер астынан өлітірілі адамдарды ар-
шып алып жатты... Талай елдер көмек қолын 
созды... Бозторғай жүрегі күңірене боздаған 
жас Ғалымжан да бауырлас елдің қайғысына 
ортақтасып, аудандық газетке 5 циклдан 
тұратын «Зілзала: жүрек-терді жаралаған зар-
дап» жолсапар очерктер сериясын жариялады. 
Ол ол ма, сол Ереванда жүріп бір жапырақ сары 
қағазға жазып жолдаған шағын хабарламасын 
республикалық «Лениншіл жас» газеті өңдеп, 
жөндеп, толықтырып, қосымша материалдар 
қосып, газеттің тұтастай бір бетіне «Лениншіл 
жастың» тілшісі Армениядан хабарлайды» деп 
тартып келіп жіберіпті... Сөйтіп, ол көп ұзамай 
облыстық газетке, артынша бас редактор 
Уәлихан Қалижанның арнайы шақыртуымен 
«Лениншіл жастан», өз Алматысынан бір-ақ 
шыққан... Жас тілшіден танымал журналиске 
айналды.
Екінші бір қызықты оқиға. Осы басылымда 
жүргенінде бір күні телефоны шырылдады. 
– Алло!..
– Қайда телефон соғып тұр екенмін?

265
– «Лениншіл жас» газеті редакциясына...
– Білмейді екенмін, ол қандай газет?
– Кешіріңіз, 370 мың тиражбен тарайтын 
газетті белмейтін кімсіз өзіңіз?
Осы сәтте қазақша сайраған қарындас сәл 
іркіліп кешірім сұрайды да, өзінің елде ұзақ 
жылдар болмағанын, Финляндиядан теле-
фон шалып тұрғанын айтады. Сөйлесе келе, 
ол Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының 
Шолпан есімді тумасы болып шығады. Санкт-
Петербург қаласында білім жетілдіріп жүрген 
Шолпанға фин жігіті Сеппо Хейнонен кездесіп, 
тағдырлары жарасқан екен. Өмір деген де 
ғажап дүние ғой, алыстағы аяулы қарындаспен 
бір сағаттық әңгіме соңы арудың елге деген 
сағынышы, қазақтың дәстүрі мен мәдениетіне 
ұласып, Ғалымжанды қонаққа шақырады. 
Оқиғаның ары қарай өрбуі де таңқаларлықтай. 
Көп ұзамай «Лениншіл жасқа» екі жігіт келіп
Ғалымжанның қолына үлкен конверт та-
быстайды. Ашып қараса, Шолпаннан екен. 
Финляндияның Сыртқы істер министрлігі 
арқылы шақырту жіберіпті. Бұл жолы ұжым 
басшысы – «Жас Алаштың» бас редакторы 
Нұртөре Жүсіптің алдына маңдай тіреп барып 
шаруасын айтты. Нұртөре де нағыз ер-азамат 
емес пе, «ұрыста – тұрыс жоқ» деп дем беріп, 
жол қаражатын толық қарастырып, ақжол 
тілеп аттандырады. Сөйтіп, Мәскеудегі Фин-
ляндия Елшілігіне барып виза алып, Москва–
Хельсинки пойызымен сапарға шықты...
Бұл шетелге бірінші қадам басуы еді. Таңғы 
бір алакеуім шақта Хамина дейтін қаласының 
вокзалынан келіп түсіп, жан-жағына қараса, 

266
жан баласы көрінбейді. Жат жер, тіл де білмейді 
дегендей, қорықпағанмен сәл-пәл қобалжу 
болғанын жасыра алмайды. Сөйткенше, со-
надайдан, қараңғы бір тұстан кішкентай бір 
қыз баланы еріткен қазақ аруының сұлбасы 
көрінді. Сол жерде... Шолпан, айналайын, 
қаншыл, аршыл бала екен өзі, елге деген шексіз 
са-ғыныштың зары ма, көз жасына ерік берсін 
дейсің бір! «Мен қонақүйге баратынымды ай-
тып едім, «Біз қазақ емеспіз бе, үйге жүр?!», 
– деп болмай үйіне алып барды, күйеуімен та-
ныстырды, жақсы дос болдық, келесі күні таң 
ата бәріміз бірге қалны араладық, бұл жай-
лы да кезінде тебірене қалам тербегенмін», – 
дейді Ғалымжан досымыз. Бұл екі мысал да 
шығармашылық адамының қасаң қалып, тар 
шеңберге сыймайтындығының, еркіндікке, 
романтикаға құштарлығының, қаламгерлік 
тың ізденістерге баруға деген құлшынысының 
айқын айғағы. Ал мұндай жарқын мысалдар 
оның өзіндік өмір жолы, тәжірибесінде аз емес.
Ал досымыз дейтініміз, «Атың барда жер 
таны желіп жүріп» деп ата-бабалар айтқандай
соңғы кезде әлгі романтикасын болмыс-бітімі 
мүлде бөлек Маңғыстау өңірінде жалғастыруға 
бел буған Ғалымжан Сәрсенбайұлының іс-
қимыл харекетінде, кісілік болмысында, 
азаматтық ажарында, ер мінезділік қадір-
қасиетінде үйлесім табар ортақ тұстарымыз да 
аз болмағандықтан шығар, сірә.
Өзін-өзі парасатты ой мен пайымға, 
принципшіл мақсат пен жан-жақты 
білімділікке, біліктілікке, тек журналистика 
мен рухани өмір ғана емес, заманға сай қаржы-

267
менеджмент, іс тетігін таба білуге, озық 
ойшылдыққа жетелеген саналы азаматтың са-
ралы жолы, жасандылыққа жаны қас жайсаң 
мінезі, жымия сөйлейтін нұрлы келбеті мен 
тауып айтар әзіл-қалжыңы азамат ажарын 
айшықтай түседі. Осындайда Луи Пастердің: 
«Жан-жақты даярланған адамға ғана қолайлы 
жағдай туып, бақ қонады» деген сөзі еріксіз 
еске түседі. Мейлі бақ болсын, тақ болсын, 
Ғалымжан Сәрсенбайұлы сынды ұлт келешегін 
ойлаған сауатты да саналы азаматтар егемен 
елі-міздің идеология майданында қырандар 
қонар биіктерге лайық!..

268
Жұмат Тілепов-70
ҒЫЛЫМ МЕН 
ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕЛ 
ТҰЛҒАСЫ
  Жуырда оңтүстік астанамыз 
Алматыда, Әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетіндегі 
Әуезов аудиториясында 
жерлесіміз, Қазақстанның 
еңбек сіңірген қайраткері, 
Халықаралық ақпараттандыру 
академиясының академигі, 
филология ғылымдарының 
докторы, профессор Жұмат 
Тілеповтің 70 жылдығына орай 
«Ж.Тілепов және қазақ әдебиеті 
тарихының келелі мәселелері» 
атты республикалық ғылыми-
теориялық конференция өтті.
  Конференцияны 
университеттің филология 
факультетінің деканы, профес-
сор Қансейіт Әбдезұлы жүргізіп 
отырды. Ол өзінің кіріспе сөзінде 
Ж.Тілеповті  өз буындарының 
ішіндегі  ғылым көшбасшылары 
санатында айрықша атап өтті. 
Ұлы М.Әуезовтің жарқын 

269
бейнесі төрде ілінген аудитория ішінде Жұмат 
Жұмалыұлының да портреті мен оған арналған 
кітап көрмесі көз тартады. Бұл, әрине, 
жиналған зал іші қаншама тарлық еткенімен 
де, даңқты жерлесіміз үшін көңілімізге 
мақтаныш сезімін ұялатты.
 ҚазҰУ-нің ректоры, техника ғылымдарының 
докторы, ҚР ҰҒА академигі Ғ.Мұтановтың 
құттықтау лебізін осы оқу ордасының про-
ректоры Д.Ахмет-Заки оқып берді. Онда 
«Сізді, қазақтың аса көрнекті ғалымын, қазақ 
топырағында ғана емес, ТМД мен Азияның 
біраз елдерінде жақсы таниды. Отыз жылдан 
астам уақыт бойы жоғары білікті әдебиет ма-
мандарын даярлау  ісіне өз күш-қуатыңызды, 
біліміңізді аямай жұмсап келесіз» деген тәрізді 
өрнект і жолдар баршылық.
Мерейтой иесінің ғылыми шығармашылық 
ізденістері турасында аталған университеттің 
қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы 
 
кафедрасының доценті М.Үмбетаев баяндады.
  – Меніңше, осы күнгі қалам ұстағандарға: 
«Олай жазба, былай жаз! Олай айтпа, былай 
айт!» деуге академик Ж.Тілеповтің толық 
хақысы бар.  Бұлай деуімнің себебі, Жұмекең 
әрі ақын әрі жазушы, ал оның қолынан шыққан 
мақалалардың санының өзінен жаңылысып 
қалдық. Ал жазған оқу құралдары мен 
монографиялық кітаптарының өзі бірқыдыру. 
Әдебиетіміздің көнеден бермен қарайғы 
 
өркендеу жолын, тарихи тағдырын, қазақ 
адамының көркем шығармашылықта бейне-
лену амал-тәсілдерін жете игерген салиқалы, 
ұстамды ой айта алған зерттеушілер осы күні 

270
анда-санда ұшырасады. Жоқ емес, бар, деген-
мен де дәл Жұмекең секілділер сирек-ақ!» деп 
пайымдайды.
Ал филология ғылымдарының докторы, 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педуниверситеті 
қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі 
Т.Тебегенов ҚазГУ-ді бітірген соң, «Лениншіл 
жас» газеті, «Қазақстан коммунисі» журна-
лы, «Қазақстан» , «Жалын, «Ғылым» баспа-
ларында әдеби қызметкерден бас редакторға 
дейінгі, ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институтында кіші, 
аға, жетекші, ғылыми қызметкер, бөлім 
меңгерушісі,сонымен бірге осы институт 
директорының орынбасары, «Қолжазба және 
мәтінтану» ғылыми орталығының басшысы, 
Халықаралық журналистика институтының 
проректоры болған, «Таң шапағы» жыр 
жинағы мен «Ерекше күн» прозалық 
кітаптарының, бірнеше кітаптардың аудар-
машысы болған, 300-ден аса ғылыми-зерттеу 
мақалалары мен монографиялық еңбектердің
оқу құралдарының авторы Ж.Тілеповтің баға 
жетпес еңбегіне баға бере келіп: «Ғылымның 
зерттеу еңбектерінде қазақ тарихы мен сөз 
өнері шығармалары біртұтас қарастырылады. 
Зерттеуші ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардағы Орхон-
Енисей жазба ескерткіштерінің қазақ 
әдебиеті мұраларына тарихилықтың негізін 
салған болмысында өзіндік тың байыптау-
лар жасайды. Алтын Орда-Қыпшақ, Қазақ 
хандығы дәуірлеріндегі (ХІІ-ХҮІІ ғ.ғ.)  ақын-
жыраулар(Сыпыра, Асан Қайғы, Қыдан тай-
шы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жием-

271
бет, Марғасқа, т.б.)  шығармаларын ұлттық 
тарихымыздың айқындалған кезеңімен 
ғылыми тұрғыда байланыстыра тұжырымдаған 
ғалымның пікірі айрықша маңызды. Зерттеуші 
ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар(Үмбетбай, 
Бұқар, Ақтамберді, Көтеш, Шал, Тәтіқара, 
Қобылан, Абыл, Есет, Түбек, Өске, Махам-
бет, Шернияз, Нысанбай, Жанұзақ, Байтоқ, 
Мұсабай, т.б.) шығармаларына арқау болған та-
рихи оқиғалардың, тұлғалардың тарихи-әдеби 
тұрғыда жырлануына байланысты байыпты 
ғылыми талдаулар, тиянақты қорытындылар 
жасайды» деп түйіндейді.
«Егемен Қазақстан» газетіне арнайы мақала 
жазып, тойға құттықтау жолдаған академик 
С.Қирабаев Жұмекең туралы «Шын мәнісінде, 
ол бір кезде М.Мағауин қолға алған хандық 
дәуір әдебиетін дәуір жағынан кеңейте оты-
рып кеңінен зерттеп шыққан. Бұл тұрғыда 
оның ХІҮ-ХХ ғасыр басындағы әдебеиетті 
нақтылы тарихилық бойынша тереңдей зер-
теген алғашқы ғалым болып саналатындығы 
да сондықтан»  деп атап өтсе, Қазақстанның 
Халық жазушысы Ә.Кекілбайұлы:  «Қадірлі 
Жұмат інім! Жетпіске толған мерейлі мерекең 
құтты болсын. «Мен нелерді көрмедім, мен қай 
жерде жүрмедім»  деп Сыпара жырау бабамыз 
айтқандай, қолыңызға қалам алып көркем 
сөзге енді бауыр баса бергеніңізде сүйікті 
кәсібіңізден ойда-жоқта қол үзіп, иығыңызға 
автомат асынып, мұздай темір құрсанған 
қарулы қалың нөпірге қарсы  кезенген кесапат 
күндерді де бастан өткеруіңізге тура келді. Он-
дай-ондай алмағайып аласапырандарда  жол-

272
жөнекей тағдыр тозаңына айнапып кетпей, бұл 
күндерге де аман-есен жетіп отырғаныңызға 
қуанамын.
Енді, міне, халықтық болмысымызды 
қайта түгендеп, ұлттық рухымызды қайта 
тірілтіп, тарихи санамызды қайтадан қалпына 
келтіріп жатқан  өрелі үдерістерімізде 
атан нардай үлес қосып жүрген абыройлы 
қызметіңізді, зерттеушілік зердеңіз бен атпал 
азаматтығыңызды зор мақтаныш тұтамын. 
Халқыңызбен қатар адымдап, еліңіз жетер 
еңселі биіктерді ойдағыдай еңсере беруіңізге 
шын жүректен тілектестік білдіремін» деп 
 
ағалық әрі әріптестік сәлем жолдапты.
Көп адамдар біле бермейді ғой, «Лениншіл 
жаста» жүрген кезінде шұғыл әскерге 
шақырылып, Забайкалье округінде, Қытаймен 
шекаралас аудандарда қиын күндерде екі жыл 
әскерде болғаны да бар...
Қатал өмір көрсе де, мойыған жоқ, қайта 
керісінше бидай өңінен бекзаттық болмыс, 
жылылық мейірім кетпеді. «Маңғыстауды 
 
сүйіп аралаған кез келген сұлу жан ол өңірдің 
кең жазығын, таңғы мезгілде арайлаған 
күн сәулесін көріп, Алла тағаланың 
табиғатымызды әсем етіп жаратқанына 
таңданбай қалмайды. Кешкісін күн батар сәтте  
күннің өзі Маңғыстаудың бойындағы сиқырлы 
көркін қимай бара жатқанын көргеніңізде 
жүрегіңізге ойлы бір мұң ұялайды. Бұл әсемдк 
пен асқан сұлулықтың артқы қабатында қандай 
арамандар үшін әуенге қоса алмай, көміліп 
қалған екен дейсің! Маңғыстаудың кең жази-
расы тып-тыныш, таулы-жазық мекен. Ондағы 

273
таулар өз жазығына сай биік, қарағаныңызда 
кеудені асқақтық кернейді. Жұмат аға өз 
болмысына Маңғыстаудың тыныш мезеттері 
мен әсем көрінісін таңдап алғандай болып 
көрінеді. Яки, Жұмат ағаға Маңғыстаудың 
мың құбылған табиғатының ерекшеліктерінен 
сабыр мен байсалдылыққа үндескен желсіз, 
қоңыр самал өпкен күндерінің сипаты үлесіне 
тиген» деп туған өлкесімен етене бейнелейді.
Салтанатты жиында республикалық арпда-
герлер кеңесінің төрағасы Ө.Озғамбаев, Ал-
маты қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, 
академик  Е.Омаров, баталы тілектерін ай-
тып, қатарларына кірген «жас» ардагердің 
иығына шапан жапты, «жетпіске келіп сыйлы, 
қажетті болу оңай емес екендігін» айта келіп
жазғы демалыс орнына екі адамдық жолдама 
ұсынды. Құрамы үш мың адамдық универ-
ситет кәсіподақ ұәымының құттықтауы да 
жеткізілді.
Маңғыстаудың атжалман ару қызы, 
Түпқараған аудандық мәслихатының хат-
шысы  А.Досанова өзі де оқыған ҚазҰУ 80 
жылдығымен, сыйлық табыс еткен соң, той 
иесін облыс әкімі А.Айдарбаевтың және 
 
Түпқараған ауданының әкімі Т.Асауовтың 
және өлке жұртшылығы атынан құттықтап, 
темір тұлпарды қаржылай  тарту етті. Сондай-
ақ Ж.Тілеповке Түпқараған ауданының 
құрметті азаматы атағын беру туралы 
шешімге сай куәлікті тапрсырды. Додалы 
жиында сондай-ақ «Маңғыстаумұнайгаз» 
өкілі С.Керелбаев сөйлеп, ағайындар аты-
нан қомақты тартулар ұсынды. Сөйлеушілер, 

274
тілек айтушылар сейілмеді. Олардың арасын-
да, белгілі ақындар Ш.Сариев пен Е.Раушанов 
және осы жолдардың авторы арнау өлеңдер 
оқыса, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редак-
торы Ж.Шаштайұлы Қазақстан Жазушылар 
одағы хатшылығының құттықтауын жеткізіп, 
шапан жапты. «Қазақ энциклопедиясының» 
бас директоры Б:Жақып, Алматыдағы 
көптеген оқу ордаларының, ҰҒА Әдебиет ин-
ституты басшыларының, Атырау, Жамбыл, 
 
университеттерінің өкілдері, Жұмекеңнің 
әр шалғайдағы шәкіртерінің ізгі лебіздері 
тыңдалды. Маңғыстау ауданы, Ақтау қаласы 
әкімдерінің тарту-таралғылары да табыстал-
ды.
Конференция соңында Жұмат Жұмалыұлы 
сөз алып, жиналған зиялы қауым, алыстан-
жақынан келген қонақтар мен студенттерге 
ризашылығын жеткізіп, ілтипат білдірді.
Мереке кешкілік сәнді мейрамханалардың 
бірінде жалғасын тапты. Онда көптеген 
ғалымдар, ақын-жазушылар және Алма-
тыда тұратын маңғыстаулықтар, тойға ар-
найы келген Жұмекеңнің тумаластары мен 
құрбы-құрдастары естелік әңгімелер мен 
құттықтау тілектер айтты. Маңғыстаулық 
өнер жұлдыздары Тамара Асар мен Айгүл 
Қосанова тамаша тойдың сәнін келтірді. Басқа 
да өнерпаздар шалқыта ән шырқап, мың 
бұрала би биледі.
Бұл жерлесіміз, өзінің ақ адал  еңбегінің 
жемісін жеп отырған Жұмат Жұмалыұлының 
шын мәніндегі абыройы асқан, мерейі тасқан 
күндерінің бірі болды деуге болады. Жиналған 

275
қауым оның әдеби және ғылыми жетістіктері 
ғана емес, адами-азаматтық өресінің 
биіктігіне, кісілігіне деген сый-құрметін ағыл-
тегіл ақтарған, ақ түйенің қарны жарылған 
күн болды. Маңғыстаулық делегация да елге 
арқаланып, марқайып оралды. Өйткені, 
азаматтың абыройы – елдің абыройы емес пе?!

276
«ӘДЕБИЕТКЕ, 
КІТАП ОҚУҒА 
ҚҰШТАРЛЫҚ 
ҚАЙТА ҚАУЛАП 
ӨСІП КЕЛЕДІ, БҰЛ 
ІЗГІ НЫШАН»
– дейді Қазақстан Жазушылар 
одағы(ҚЖО) облыстық 
филиалының төрағасы, Қазақстан 
Республикасының мәдениет 
қайраткері Ғалым Әріп
– Ғалым Бисембіұлы, киелі 
өлкеміздің рухани дүниесінде соңғы 
кездері елеулі бір жаңалықтар, 
жақсылықтар болып жатқан 
тәрізді. Атап айтқанда, ҚЖО-
ның облыстық филиалының 
құрылуы, өңір қаламгерлерінің 
республикалық ауқымдағы түрлі 
айтулы шараларға атсалыса 
бастауы дегендей. Осынау өрелі 
істерден сана-сезімі сергек, рухани 
жан дүниесі бай оқырмандарымыз 
хабардар болса деген тілек бар?
– Өте орынды әңгіме қозғап отыр-
сыз. Ендеше, әңгіме төркінін осы 

277
республика Жазушылар одағының кешегі-бүгінгі 
ахуалы және біздің филиалымыздың тырнақалды 
тірліктері турасында өрбітелік.
Өткен ғасырдың 90-жылдарында ата-бабалар 
аңсаған Ұлы Тәуелсіздікке қол жеткізіп, қалай 
көңілдің көкке самғағаны әлі есімізде. Алай-
да, бұрынғы Кеңестер одағы құрамындағы елдер 
арасындағы экономикалық байланыстар тіні ажы-
рап кетті. Бірді бірге жалғап, халықтың әлеуметтік 
ахуалын көтеру жас мемлекет үшін оңай болған жоқ. 
Елбасымыз осынау өтпелі кезеңде «әуелі экономика» 
деген табанды ұстанымда болғаны белгілі. Эконо-
мика өрлемей, елдің әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы 
түзелмейтіні де ақиқат еді. Әйткенмен, ұлттық иде-
ология, мораль, руханият арналары қағажу көріп, 
өгей баланың күйін кешті. Ұлт руханиятының, ұлт 
рухының алтын ордасы, талай ұлы жазушылары-
мыз, «алыптар шоғырының», Алаш көсемдерінің 
қасиетті шаңырағы саналған Қазақстан Жазушы-
лар одағы мен ҚР Ұлттық Ғылым академиясы  осы 
мезгілдерде қатты қиыншылық көрді. Бір жағынан 
нарықтық қатынастар адымды аштырмаса, екінші 
жағынан солақай жекешелендіру саясаты  Одақтың 
киелі ғимараты, шығармашылық үйінен бастап, 
көлігі, жиһазы, ұсақ-түйек мүліктеріне дейін талан-
таражға ұшыратты. «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», 
«Простор», «Сын», «Әдебиет айдыны» басылымдары 
«Қазақ газеттерінің» құрығында кетіп, Жазушылар 
одағының уысынан сусып шығып кетті.
  Осынау олқының орнын толтыру, жыртықты 
жамап-жасқап, «бағы тайған» ғимараттарды 
қалпына келтіру, аталып өткен басылымдарды ҚЖО 
еншілігіне кері қайтару, Одақтың әр жанрлар бойын-
ша жұмыс жасайтын ұжымын сақтап қалу көрнекті 
ақын, кең танымал қоғам қайраткері, іскер азамат 
Нұрлан Оразалин бастаған команданың  мойнындағы 
ауыр жүк болды. 

278
Ауыртпалықты кезде  қамытты киген азамат-
тар намысты қолдан бермей, талай текетірестер, 
соттасулар, айтысу-тартысулар арқылы, бір жағы 
Елбасының қолдауына ие бола отырып, жоғалғанның 
орнын толтырды, болмайтынды болдырды. Ұзақ 
жылдарғы тырбаныстың, алақан жая жүріп атқарған 
алуан істердің арқасында  Қазақстан Жазушылар 
одағы еңсесін түзеп, бәз-баяғы қалпына келді де-
уге болады. Ал бұл орайда өзге республикаларда 
Жазушылар одағының мүлде жабылып қалғанын, 
кейбіреулерінде бірнешеге бөлініп, бөлшектеніп 
кеткенін ескерсек, қаны таза қазағымыздың 
асылдығы, тектілігі, бірлігі мен ынтымағын тағы да 
тани түсер едік.
– Нұрлан Оразалиннің үш кезеңде 15 жыл 
отырғаны турасында көптеген басылымдар 
сынап жазып келеді ғой. Шынында да одан басқа 
басшы болуға лайықты қаламгерлер жоқ па ?
– Бұл, әрине, мен жауап беретін сұрақ болма-
уы да мүмкін. Әйткенмен, Қазақстан Жазушылар 
одағының жуырда өткен соңғы сьезінде басқарма 
мүшесі болып сайлануыма байланысты, неліктен осы 
Оразалинге дауыс бергенімді дәйектеп айтайын.
Мен ол кісімен бір-екі рет қана кездесіп
қарапайымдылығын, бауырмалдығын, 
мәдениеттілігін, зиялылығын байқағаным болмаса, 
әсте таныс-білістігім жоқ. Соған қарамастан екі-үш 
жылдықта Ақтаудағы «Нұр Плаза» ғимаратында 
аталып өткен заманымыздың заңғар жазушысы 
Әбіш Кекілбаев ағамыздың 70 жылдығы орайында 
ол кісімен ұшырасып қалғанымда, салған жерден: 
« Әбекеңдей ұлт феномені атанған тұлғаның туған 
топырағына келіп тұрып қазір қатты қысылып 
тұрмын. Мұндай таланттарға бай құйқалы, қазыналы 
өңірде біздің Жазушылар одағының филиалы бол-
мауы үлкен қателік. Сондықтан сол филиалды 
құралық, сен басшылық жаса» дегені. Мен өзімнің 

279
мамандығым бойынша атқаратын қызметім бар 
екенін айтып, «қоғамдық негізде болмаса» деп жау-
ап бердім. Ол кісі одан сайын қуанғандай сыңай та-
нытты. Себебі, қысылтаяң жылдардың теперішінен 
қасиетті Одақты оңайлықпен алып шықпаған ғой. 
Жазушылар одағы Үкімет тарапынан бюджеттен 
қаржыландыралытын ұйым емес, еліміздегі жүздеген 
қоғамдық бірлестіктердің бірі ғана болғандықтан, 
қаржы табудың түрлі көздері ізделетіндігін, әр тиын-
тебеннің есепте тұратындығын да байқадым. Келесіде 
бір Алматыға жолым түскенінде Одақ басынан өткен 
тауқыметтерді бастан-аяқ тізіп айтып берді, ол өз ал-
дына ұзақ әңгіме. Ал мен атқарған ісім үшін  жалақы 
дәметпейтінімді жеткіздім.
Жалпы әңгіме ақшада емес қой, моральдық 
тұрғыда біздің қаламгерлеріміз де еңсе түзей баста-
ды. Алдыңғы жылы өткен Қазақстан Жазушылар 
одағының 75 жылдығына төрт  адам(Айтуар Өтегенов, 
Темір Мыңжас, Анар Шамшадинова және осы 
жолдардың авторы) қатысып келсе, күні кешегі өткен 
ҚЖО ХІҮ Құрылтай сьезіне біздің өлкемізден облыс 
әкімінің кеңесшісі, ұлт руханиятының үлкен жана-
шыры, өңірдегі рухани саладағы өркенді істердің ба-
стамашысы әрі қолдаушысы Бекет Тұрғараев, ақын-
жазушылар – Бектұр Төлеуғалиев, Айтуар Өтегенов, 
Темір Мыңжас, Рахат Қосбармақов, Көмек Ыбыра-
ев, Отыншы Көшбайұлы, Серікбай Бердияров және 
осы жолдардың авторы қатысып, абыроймен, зор 
серпіліспен оралды.
Нұрлан Оразалин туралы пікірімізді ары қарай 
сабақтайын. Бұл, біріншіден, үлкен ақын, қазақ 
поэзиясының шоқтығы биік өкілдерінің бірі. Оның 
образға, мөлдір де тұнық лирикаға толы ойлы өлеңдері 
оқыған жанның жан сарайын рахатқа бөлейді, ойлан-
дырады, толғандырады. Екіншіден, ол республикалық 
ауқымда жастай ірі басшылық қыметтер атқарған 
лауазым иесі әрі қоғам қайраткері. Мен бұл кісінің 

280
нағыз ақындық шалқуын жоғарыда айтқандай Әбіш 
ағамыздың 70 жылдығында ағыл-тегіл түйдектеткен 
шешендік сөз саптасынан аңғардым. Ал парасат-
ты, пайымды, сабырлы да салихалы, бекзат бітімін 
осыдан бірнеше жыл бұрын Астана қаласында өткен 
«Диалог Еуразия» платформасының(біздің облыстан 
Ақтау университетінің проректоры Біржан Сәуірбаев 
екеуміз мүшесі едік) кезекті жиынына төрағалық 
жасаған кезінде байқадым. Жиырма мемлекеттің 
шәуімбас ғалымдары мен қалам қайраткерлері бас 
қосқан жиында және одан кейінгі берілген ас дастар-
ханында Нұрекең екі тілде бірдей қалай шешіле, 
көсіле сөйледі дейсің! Іштей «міне, нағыз дара 
тұлға, қазақтың әрбір азаматы осындай бойлы да 
сойлы,ойлы болса!»  деп тіледім.
Әрине, қаламгер деген өз көзқарасын, пікірін айт-
пай тұра алмайтын, бұл ретте ешкімнен, ештеңеден 
ықпайтын еркін қауым. Хас  таланттар тасты жа-
рып шығатын гүл секілді, олардың әрбіреуі арқалы, 
бір-бір қасиет иесі. Бірақ, олар хас талант болса да, 
қайраткерлікке келгенде ондай басшылық қызметті 
алып жүруге қабілет-қарымы, мінезі, ұстамдылығы, 
шешендігі мен көсемдігі, қазақшамен бірге орысша 
әдеби тілде шешен сөйлеуі  жетіспей жатады. 
Ал олардың Н.Оразалин атына сын айтуы теріс 
емес. Сын болмаса, көш ілгері жүрмейді ғой. Деген-
мен, Жазушылар одағы енді-енді есін жиып,  бойын 
түзеген кезінде «біткен істің міні жоқ, бітірген ердің 
кемі жоқ» деп, сардар азаматқа тағы бір сенім арты-
лып отыр, бұл өте орынды деп ойлаймын. Менің жасы 
92-ге келген әкем айтады: сын болуы керек, бірақ сы-
наушылар мен қорғаушылар тең жарылғанның өзінде 
Ол адам әрі жеңімпаз әрі мықты болып есептеледі 
дейді. Бұл - өмірдің түйіні.
Енді біздің жуырда ғана заңды негізде тіркеліп, 
құрылған филиалымыз не тындырып жатыр десек, 
ауызды қу шөппен сүрте алмаймыз. Біздер күні кеше 

281
сьезден оралған соң, іле сол аптада белгілі ақын Темір 
Мыңжастың 60 жылдығын облыстық музыкалық-
драма театрында атап өтуге атсалыстық. Алдағы 
уақытта ақынның шығармашылық есебін өңір бой-
ынша жалғастырып, Мұнайлы ауданында, Жаңаөзен 
қаласында да атап өтсек па деген ниет бар. 
Сол сияқты Алматыға арнайы қоныс аударып, 
 
табандап шығармашылықпен айналысып жатқан 
әріптесіміз, «Алаш» сыйлығының лауреаты Мір 
Шайыр-Мырзағали Іңірбаетың осы айдың 25-і күні 
Алматыда Жазушылар одағының Әдебиетшілер 
үйінде аталып өтпекші 60 жылдық мерейтойына да 
облыс басшылығы өкілдерімен бірге облыстық фи-
лиал атынан қатысып, құттықтап қайтсақ па деген 
ниет бар. Бұл арада әңгіме елден шыққан дарынды 
азаматтарымыздың тірлікте  бағасын біліп, оларға 
қолдау білдіру, көңіл бөлу баршамыздың азаматтық 
парызымыз деп ойлаймын. Үйкүшіктеніп, үндемей 
қалсақ, немесе қолды бір сілтеп мән бермесек, 
әлде іштарлық жасасақ, сол дұрыс болар ма еді?! 
Біз кеңінен толғайтын, азаматтарын қолдайтын, 
қорғайтын, шалқар кеңістікті сүйетін Дала перзенті 
емес пе едік?!
–«Ел құлағы – елу» демекші, елу  том таңдамалы 
жинақ шыққалы жатқаны жөнінде әңгіме қоздай 
түскен сыңайлы. Бұл мәселе қалай шешілуде?
– Бұл менің көптен бергі арманым, көздеген бір 
нысанам еді. Көршілес Атырау облысында әкім 
болған кезінде И.Тасмағанбетов сол өңір ақын-
жазушыларының 100 томдығын, күні кешегі Жазу-
шылар сьезінде Елбасының құттықтауын оқып, өзі 
тартымды сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы, 
менің курстасым Мұхтар Құл-Мұхаммед Қызылорда 
облысының әкімі болып тұрған кезінде 200 
томдық Сыр өңірі жазушыларының кітапханасын 
шығарғанынан құлағдар едім. Ал қазір Оңтүстік 

282
Қазақстан(Шымкент) өңірі қаламгерлерінің 300 
томдығы басылуда.
Филиал құрылу үстіндегі алғашқы күндерде 
 
ардақты ағамыз Бекет Тұрғараұлына осы жәйттерді 
баяндай келіп, осынау қомақты дүние өмірге кел-
се, абырой болар еді деген ойымды айттым. Ол кісі 
көп ұзамай бұл мәселе бойынша облыс басшысы Ба-
уыржан Мұхаметжановпен пікірлесіп, оның жан-
ды шешім тапқанын, аталған таңдамалы томдарды 
алдағы жылы аталып өтілетін Ақтаудың 50 жылдығы 
және облыстың 40 жылдығына арнау қажеттігін 
қуанышпен айтты. Бүгінгі таңда 50 томдықты 
шығару алқасы құрылып, жұмыс басталу сәтін күтіп 
тұр. Бұл жерде айтпағым, талантты қаламгерлер өз 
шығармаларын іріктеп-сұрыптап, өңдеп-жөндеп де-
гендей, көркемдік сапаға сай дайындай бергені аб-
зал. Мұнда арғы-бергідегі ақын-жыраулармыздан ба-
стап, өлкеден шыққан Ә.Кекілбаев, М.Әбдіхалықов, 
Ж.Тілепов, А.Құдайбергенов сынды және Жа-
зушылар одағының 15 мүшесі, тағы басқа да та-
лантты қалам иелері қамтылатын болады. Жас 
дарындардың топтамаларынан өз алдына екі-үш 
жинақ құрастырылмақ.
– Шынында да бүгінгідей күрделі 
дәуірде жас дарындар қамқорлықтан 
тыс қалып отырған жоқ па? 
– Өте дұрыс айтасыз. Жаңадан жазып, қалыптасып 
келе жатқан жастарды баулып, баптау аға буынның 
міндеті екендігі сөзсіз. Бұл ретте газетімізге күнделікті 
келіп түсіп жататын балауса өлең-жырларды қадеге 
жаратуда да біраз жұмыстар жасалып келеді. 
Жуырда маған осындай жас толқын өкілдерінің 
бірінен хат келді. Онда жастардың басын қосатын 
республикалық шаралардың мардымсыздығы, жас 
қаламгерлердің республикалық баспасөз беттеріне 
шыға алмайтындығы, республикалық мүшәйраларды   

283
атағы елге әбден танымал болған ақындардың алып 
кететіндігіне көңіл толмастық рәуішін білдіріпті.
Иә, шынында да бір кездегі, яғни Кеңестер одағы 
кезіндегідей дәстүрлі түрде жастардың басын қосып, 
таланттарын ұштауға, өзара тәжірибе алмасуға, 
таланттарды ашып, тануға сеп болатын «Жігер» 
фестивалі секілді кең ауқымды шаралар өткізіліп 
жатпағаны рас. Әйткенмен, аймақтарда, мәселен 
Павлодар облысында жас ақындардың мүшәйрасы 
екі рет өткізілді. Сол сияқты Өскеменде де «Шығыс 
шынары» конкурсы дәстүрлі сипат алып жүр. Ба-
тыс облыстардың (бізден өзге)үлкенді-кішілі да-
рындары республикалық баспасөзде жиі көрініп 
жүргені байқалады. Біздің өңірде бұрын филиал 
болмағасын көп нәрседен сырторай да, олжасыз 
да қалып келгеніміз өз алдына. Енді-енді есімізді 
жиып, еліміздің әдеби өміріне атсалысуға мүмкіндік 
ауқымы кеңеюде. Аруақты ата-бабалар қолдап, сәтін 
салғай.
Менің бір қатты қуанатыным, соңғы мезгілде біздің 
маңғыстаулық жазармандардың кітаптары түрлі ба-
спалардан көптеп шығуда, тіпті шығармашылық 
бәсекелестік етек алған тәрізді. Оның ішінде көркем 
шығармалар да, тарихи-танымдық дүниелер де, ата-
тек шежіресі де, тағы басқалай кітаптар да аз емес. Не 
болғанда да осының барлығы ұлттық мұра, ұлттық 
мұрағат. Қағазға түскеннің барлығы ұрпаққа мирас 
болып, тарих болып хатталып қалады. Оның үстіне, 
өлкемізде кітап оқуға деген құштарлық қайтадан 
қаулай өсуде. Бұрынғы заманның адамдарын 
айтпағанда қазіргі жастардың өзі белгілі авторлардың 
және жергілікті қаламгерлердің кітаптарын іздеп 
жүріп оқиды. Біздің өлкедегі кітапханалар, оқу 
орындары бұл бағытта үлкен жұмыстар тындыруда. 
Түбі ғаламтордан гөрі әдебетке құштарлық өсе түседі 
деген сенім бар.

284
«Әдебиет –халықтың ақыл-ойы, рухани өмірінің 
ұрығы» дейді В.Г.Белинский. Алдыңғы буын, яғни 
Кеңестік қоғамның «қолтығынан шыққандар» 
нағыз кітапқұмарлар. Ендеше, бүгінгі ұрпақты кітап 
оқуға тарту, сол арқылы ұлттық тіл мен ділдің, әдет-
ғұрып пен игі салт-дәстүрлердің, ең бастысы ұлттық 
болмыстың тіріліп, ұлттық рухтың оянуына күш 
салу – бүгіні мен келешегін ойлаған зерделі, зейінді 
елдің  түбегейлі мақсат-мұраты болуға тиіс.
– Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің шерін 
тарқатып,  шоғын қозғаған әңгімеңіз үшін рахмет.
Сұхбаттасқан Әбдіғалым Сәркенов

285
Мазмұны
Тәуелсіздік шұғыласы...............................3
Ұлт тірегі – Елбасы...................................10
Ел тәуелсіздігі үшін күрес.........................17
Дүрбелеңді дәуір дауылпазы.....................24
Аруақты ел, қасиетті жер.........................36
«Қазақ зиялылары және қазақ жерінің 
 
 
     тұтастығы мәселесі».................................47
«Еуразия: мәдениеттер мен ұрпақтар 
 
     үнқатысуы»............................................68
Қазақстан тұғырын биіктеткен 
 
     айтулы оқиға..........................................77
Той салтанаты талайды толғандырды.........87
Шағаладай шарықтай бер ақ шаһарым.......93
Мемлекеттік баспасөз және уақыт............100
Кім шаршайды? Кім шаршамайды?..........111
Түгін тартсаң майы шыққан тынысты да 
 
     ырысты өлке Түмен................................117
Тәжірибе алмасу және сыйластық пейіл....127
«Тюмен-стальмост» кәсіпорнында............132
Тобольск-тарихы бай өлке.......................134
Білім беру: инновациялық серпін.............137
Денсаулық сақтау: озық үлгілер...............141
Мәдениет, әдебиет, спорт.........................144
Түмендік қазақтар.................................147
«Қашаған» - әлем назарында...................156
Ұстаз ұлағаты........................................164
Ошақ отын маздатқан отанасы.................171
Мәрт болмыс иесі еді..............................180
Жыраулар тілімен үн қатып....................184
Ғылым мен білім: ізденістер 
мен іргелі істер......................................196
Ұлттық мектептер – ұрпақ игілігі.............207

Өз денсаулығың - өз қолыңда...................213
Жас та болса, бас – оташы.......................218
Жазушылардың рухани серпілісі.............223
Кеудесі күмбірлеген қоңыр күй-ді............229
Күте-күте таусылды ғой тағатым..............236
Қара нардай қайыспас Қыдырғали...........242
Лүп-лүп еткен ақын жүрек......................248
Арман мен азап......................................254
Қанға тартқан қаламгер..........................260
Ғылым мен әдебиеттің тел тұлғасы...........268
«Әдебиетке, кітап оқуға құштарлық қайта 
қаулап өсіп келеді, бұл ізгі нышан»..........276
Ғалым ӘРІП
ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ
Редакторы Әлсейіт ОСПАН 
Қате түзеуші Қазына НҰРМАХАНОВА 
Көркемдеуші редакторы Айкерім ЖЕКСЕНБИЕВА
Техникалық сарапшы Нүркен СҮЙЕУБЕКҰЛЫ
ИБ №14
Басуға 30.07.2014 ж. қол  қойылды. 
Пішімі 84х108 
1
/
32
. Офсеттік басылым. 
Қаріп түрі “MM Academy”.  Көлем 15,0 шартты баспа табақ. 
Таралымы 2000 дана. 
Тапсырыс №14
“ҚАЗақпарат“ баспа корпорациясының баспаханасы


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал