Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.

бет8/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
болып қалды. Өзінің арман-идеясымен жүзеге 
асқан облыс орталығындағы бүгінгі Каспий 
мемлекеттік технологиялар және инжини-
ринг университетінің жаңа үлгідегі корпу-
сына қарап көңілде үміт оты лаулап жана 
түседі. «Әрине, деп ойлайды ол, материалдық 
база нығайып келеді, Елбасының, облыс бас-
шысы Қ.Көшербаевтың тарапынан ықпалды 
көмек-қолдау жағы бар-шылық. Келешек-
те университет қалашығы одан әрі салынып, 
жатақханалар, ғалымдар үйі, ақпаратты-
есептеу орталығы бар кітапхана, сту-денттердің 
мәдениет сарайы, спорт алаңдары мен ста-
дион, колледж ғимараты, бизнес-орта-лық, 
технопарк, тағы басқалары сән түзей бермек. 

203
Әзірше, біз сандық категорияға көбірек мән 
берудеміз, ал алдағы уақытта сапа алдыңғы 
орынға шығатын болады!.»
Біз білікті ғалым, іскер ұйымдастырушы 
бас-шының көкейіндегі ойын тереңнен 
танығандай болдық.Оның алдына қойған 
бір мақсаты – осы университетте еңбек 
етіп жүрген қызметкерлер-дің жағдайын 
жақсарту, әрі олардың кәсіби білім-білігін 
көтеру. Сол арқылы, яғни мамандардың кәсіби 
біліктілігін өсіру арқылы еліміздегі жоғары 
білім саласының дамуына үлес қосу.Соңғы үш 
жылда бұл университеттің ғылыми әлеуеті екі 
есе өссе, бұған да шүкіршілік етуге болады. 
Барлық шаруаны бірыңғайлап алғаннан кейін  
жоғары білім мен оқытушы-ұстаздардың және 
студенттердің білім сапасын бірінші кезекке 
қою өмірдің, уақыттың ең өзекті талабына ай-
налары сөзсіз. Өйткені, ешкім де жақсысын 
бере қоймас. Ендеше, қолда барды базарлы 
етуге тура келеді. Балаларға да анау-мынау 
деп кінә тағар реті байқалмайды.  Ректор өз 
студенттерінің экономика мәселелері бойын-
ша жуырда өткен республикалық конкурстан 
үшінші орын алып келгенін, бұған дейін де 
білім, өнер, спорт бәсекелерінде талайлаған 
халықаралық, республикалық додалар-
да алдыңғы лектен көрініп келе жатқанын 
қанағаттанғандық сезіммен айтады.  Ұстаздар 
қауымының орташа жалақысы екі есе өсіп, 
80 мыңға жетіпті, бұл республикадағы ең 
жоғарғы көрсеткіш екен.
Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы бізбен әңгімесінде 
университеттің жаңа қалашығының жо-
ба-жоспарын қолына ұстап, маңайды шола, 

204
қолымен нұсқай тұрып, өзінің соңғы кезде 
нағыз құрылысшы бола бастағанын да жа-
сырмады. Әйткенмен, ол кісі өз көзқарасында 
орыстың ұлы педагогы Пироговтың: «Универ-
ситеты – это барометр развития общества» де-
ген ұлағатты сөзін ұстанатынын, қоғамдық-
интеллектуалдық ортаның деңгейін сол 
ел,  жердегі жоғары оқу орындарының даму 
дәрежесімен бағамдау әріден келе жатқан па-
расат-пайым екендігін алға тартты.
Ал отбасындағы тіршілікке келсек, ұлы мен 
екі қызы жоғары білімді, қатардың азаматта-
ры болып келеді. Балалар тәрбиесінде негізінен 
жар-қосағы Алтынай жеңгейдің тәрбиелік 
ролі жоғары болғандығын айрықша атап өтті. 
Өйткені, Әбдімүтәліп ағамыз ел, жер, қоғам, 
ұжым, қызмет деп жүргенде демалыс дегеннің 
де не екенін білген емес. Ал жұбайы болса, 
республикалық бірнеше министрліктерде жау-
апты қызметтерді атқара жүріп, отбасының да 
құт-берекесіне ұйытқы болумен келеді.
Қазақ политехникалық институтында 
кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылыми-
зерттеу зертханасы меңгерушісінің орын-
басары, меңгерушісі, осы институттың 
металлургиялық процестерді физикалық-
химиялық зерттеу кафедрасының оқытушысы 
және аға оқытушысы, деканның оқу ісі 
жөніндегі орынбасары, ҚР Білім министрлігінің 
Жоғары білім және ғылым бас басқармасының  
техникалық және технологиялық білім 
бөлімінің бастығы, Мемлекеттік стандарт және 
білім беру бағдарламасы бөлімінің бастығы, 
Бас басқарма бастығының орынбасары, ҚР 
Премьер-Министрі Кеңсесінің сараптамалық-

205
талдамалық, одан кейін қаржы-экономикалық 
сараптау, одан кейін экономикалық бөлімінің 
кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарды. 
Өз өмірін республикамыздың ғылымы мен 
білімінің қарыштап дамуына арнаған ғалым, 
техника ғылымдарының докторы, профессор  
Әбдімүтәліп Әбжаппаровтың жоғары білім са-
ласына сіңірген еңбегі мемлекеттік деңгейде 
жоғары  бағаланып, ол «ҚР Білім беру ісінің 
үздігі», «Қазақстан Республикасының  еңбек 
сіңірген қайраткері», Мемлекет басшысының 
Алғыс хаты, «Қазақстан Республикасындағы 
инженерлікті дамытуға сіңірген еңбегі 
үшін» белгісі, «ҚР Ұлттық инженерлік 
академиясының академигі», «Халықаралық 
жоғары мектеп академиясының академигі», 
Қазақстан ЖОО қауымдастығының 
А.Байтұрсынов атындағы күміс медалінің 
иегері, тағы басқа да марапаттарға ие бол-
ды. Ал өткен жылы мемлекеттік және 
қоғамдық қызметтегі еңбегі және халықтар 
арасындағы достық пен ынтымақтастықты 
нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік наградасы 
–«Құрмет» орденін өңіріне тақты.
...Аяғын аршындай басқан асқақ ойлы, абы-
ройлы азамат әкімдікте өткен кезекті жиналы-
стан шыққан бойда, күн қарайып қалғанына 
қарамастан он бес қабатты зәулім университет 
қалашығына қарай асықты. Оның бүйрегі сон-
да бұрады. Өйткені, арман да, мұрат та сонда. 
Ол – еліміздің, жеріміздің ғылымы мен білімін 
алға сүйреу, жастарымызды заман талабы-
на, бәсекелестікке сай етіп заңғар биіктерге  
ұшыру...

206
Ендеше, іске сәт демекпіз.
Қалықтаңдар, қырандарым, талмаңдар,
Өміріңді елің үшін арнаңдар.
Ұлағатты ұстаздарың  - көшбасшы,
Шарықтаңдар, қия-көкке самғаңдар!

207
ҰЛТТЫҚ  
МЕКТЕПТЕР – 
ҰРПАҚ ИГІЛІГІ
Бұл жариялылық, демокра-
тия саясаты уақыт талабына 
айналып, бұған дейін іштен 
бұлқынып шыға алмай, бірақ 
 
қынаптағы алмас қылыштай 
әбден қайралып, ұшталып, 
өткірленіп, жанартаудай жары-
лып кете жаздап жүрген ұлттық 
сана-сезімнің буырқанып, 
бұрқанып шыға бастаған 
тұстары еді. Әпербақан кеңестік 
саясат  Одақ құрамындағы 
ұлттық республикалар, олардың 
байырғы жұртының тарихи жа-
дын, ұлттық құндылықтарын 
қаншама көмескілеп, 
шығарғысы келмесе де, ежелден 
еркіндік аңсап, осы жолда жан 
аямай күресе білген халықтар, 
олардың асыл текті тұлғалары 
өз тәуелсіздігіне ұмтылды. 
Демократия самалының 
желпуі кең-байтақ Қазақстанда, 
оның ішінде қасиетті Маңғыстау 

208
өңірінде де айқын көрініс берді. Арғы-
бергі замандарда, ақ патша  билеп-төстеген 
кезеңдерден өзіндік өжет қалпын сақтаған 
Маңғыстау өңірі, оның ержүрек Адай тай-
пасы кеңес өкіметінің де оңтайынан келе 
қоймағаны белгілі. 1870-73 жылдардағы 
Иса-Досан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, 
1931-33 жылдарды шарпыған атақты 
Адай көтерілісі бұл өңір тұрғындарының 
бұғалыққа көне қоймайтындығын айқын 
дәлелдеген болатын. Сондықтан да Адайларға 
өз билігін бермей, көпе-көрінеу көршілес 
Гурьев(Атырау) облысының еншісіне қосу 
тарихи әділетсіздіктің айқын көрінісі еді. 
Осынау үлкен қателік 1988 жылы тағы да 
қайталанған болатын. Міне, осы кезде өлкеде  
қоғамдық-саяси өрлеулер өскелең сипатта 
белең алып, облыс жабылғанымен халықтың 
еңсесі  көтеріле түсті. Жергілікті тұрғындар 
облысты қайта құру, облыс орталығына Ақтау 
есімін қайтарып беру, осында қазақ тіліндегі 
газет пен таза қазақ тілінде оқытатын орта мек-
тептер және өнер мектебін ашу, Абай атындағы 
мәдениет сарайын атына затын сай етіп, онда 
қазақтың өнер ұжымдарын көптеп ашу, осы 
жердің тарихи заңды қожасы – қазақтардың 
ұлттық рухын өсіру мәселелерін күн тәртібіне 
ашық қойды. Бұл өмірдің өзі талап етіп 
отырған өткір талаптар өрши түсіп, жергілікті 
партия, кеңес органдары бұлталақты қойып, 
амалсыздан санасуға көшкен-ді.
Осы мезгілде өлкенің тарих сахнасына Сай-
ын Нәдірұлы Шапағатов есімді атпал аза-
мат шыққан болатын. Сол кездерде тікелей 
Мәскеуге бағынып, шовинистік пиғылы атой-

209
лап тұратын қалада қазақ саны 25-30%-дан 
аспайтын. Әйткенмен, далалықтардың қалаға 
көшуі, жоғары оқу орнын бітірген жастар мен 
аймақта жаңадан ашылған мұнай-газ кено-
рындарында еңбек ететін қазақ жұмысшы тап 
өкілдерінің қалаға жаппай дерлік бетбұрысы 
жиілей түскен кезең-ді. Жігерді жанып, 
ұлттық сана-сезімге серпін беру, ал ол үшін 
қазақтың өткенін тірілтіп, өшкенін жанды-
ру  басты міндет етіп алға қойылды. Сайын 
Нәдірұлының қолға алуымен өңірде тұңғыш 
рет  Наурыз мерекесі ұйымдастырылғаны 
есімізде. Сол Наурыздың алғашқы сценарийін 
өзім жазған едім. Облыс жабылған жыл-
дары Абай атындағы мәдениет сарайына 
нұсқаушы-әдіскер болып орналасқан менің 
Сәкең ағамызбен байланысым күшейе түскен-
ді.  Ол нағыз ұлтжанды, өте білімді, парасат-
ты, қанына тартқан қызба да болса ақылды, 
тереңнен ойлайтын, аса еңбекқор, бесаспап 
 
өнерлі(нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы»))  да-
рынды да жігерлі жайсаң  тұлға болатын.
  Сайын    Нәдірұлымен бірге бүкіл 1989 жылдың 
бойына жиі-жиі қаланың 4-шағын ауданында 
орналасқан «Маяк» сауда орталығының ас-
ханасынан түскі ас ішіп жүрдім. Тамақтанып 
болған соң, бір сағат шамасында сол жер-
де саябақ ішінде отырып әңгімелесеміз. Ол 
кісінің армандары көп еді-ау. Басты арманы – 
Тәуелсіздік. Ал тәуелсіздіктің тамыры неде де-
ген сұраққа, ең бастысы, бодандық құрсауында 
иленген халықтың ұлттық санасын сілкінту, 
жас ұрпақты ана тілімізде тәрбиелеу, ал ол 
үшін  қазақ мектептері мен қазақ тілінде 
тәлім-тәрбие беретін бала бақшалардың са-

210
нын көбейту ең өзекті мәселе ретінде ортаға 
салынатын. Қолға алып бастаған ісін аяғына 
жеткізбей тынбайтын Сайын аға ұлы мақсат-
мұраттар жолында шегінуді білмеді. Қалың 
қазақ басын бағып, ұйқы құшағына шомып 
жатқан тұстарда алған бағытынан таймай ең 
өзекті деген жәйттерді қырандай өткір назары-
на ілді. Елді бір ұйымдастырып, ауызбіршілігін 
арттыру үшін Алты құлаш әулиеге, одан кейін 
Қошқар ата басында алғашқы сенбіліктерді 
өткізді. Оған жиналған қалың қазаққа  бас 
біріктірудің, жергілікті биліктің алды-
на ұлтттық мәселелерді батыл қоя білудің 
маңыздылығын алға тартты. «Мангышлак-
нефть» өндірістік бірлестігінің белді бөліміне 
басшылық жасай отырып, бүкіл ой-сана, күш-
қуатын ұлтына қызмет етуге арнады. Бұрын 
қалада тек қана 9-шағын аудандағы №11 
жалғыз қазақ мектебі болса, енді үлкен айтыс-
тартыс, табанды талап қою арқасында 1989 
жылы жаңадан салынып жатқан, негізінен 
қазақтар мекендеген 28-шағын ауданнан №20 
қазақ орта мектебі шаңырақ көтерді. Оны да 
аралас мектеп қылуға әрекеттенушілер аз 
болған жоқ. Алайда, тәуелсіздікке талпынған 
байырғы жұрттың батыл талаптары қисынды 
болып, жергілікті билік олармен санасуға 
мәжбүр болды. Осындай белсенді іс-қимыл, 
бүкілхалықтық жігер жұмсаудың нәтижесінде 
көптеген түйткілді жәйттер өз шешімін таба 
бастады.
Сол 1989 жылы болған Жаңаөзен 
оқиғасының шарпуы бүкіл Маңғыстау аты-
рабын қамтыды десе де болады. 1986 жылғы 
Алматыдағы қанды желтоқсан оқиғасына 
жалғасқан маңғыстаулықтардың өршіл 

211
әрекеті Кеңес басшыларын сескендірмей 
қоймады. Сөйтіп, қазақтардың емін-
еркіндігіне жол ашылып, біртіндеп бағы жана 
түсті. Бәрі бірдей оңайлықпен шешіле қойған 
жоқ, әрине. Сол бір дүбірлі кезеңдегі болған 
оқиғалардың барлығына өз көзіммен куә бол-
дым деп сеніммен айта аламын. Бірақта бәрін 
түгел қамту бұл мақаланың жүгі емес. Қала 
әкімі Н.И.Баев, қалалық атқару комитетінің 
төрағасы М.Салыхов сынды азаматтар-
мен кездесіп, мәселе қою, жиналыс өткізу 
күнделікті дағдыға айналды. Жабылып қалған 
қазақ тіліндегі газетті қайта ашу турасында 
сонау «Правда» газетіне дейін хат жазылып, 
оңды жауап алынды, мақалалар жариялан-
ды. Қалаға өз атауын қайтару мәселесі еңбек 
ұжымдарында қызу талқыланды. Мұндай 
көкейтесті проблемалардың шешімін табуына 
сол 1990 жылы құрылған «Парасат» қоғамы 
өлшеусіз үлес қосты. Оны көпшілік дауы-
спен сайланған бірден-бір көшбасшы Сайын 
Шапағатов басқарды.
Қалалық атқару комитетінің төрағасы 
М.Салыховтың төрағалығымен өткен бір жи-
налыста, әлі есімде, осынау ұлттық атаулыға 
қатысты жәйттер талқыланды. Бұл бас қосуда 
С.Шапағатов, Т.Медетбек, Г.Сейітжанова 
және осы жолдардың авторы бір-бірін қолдай 
жалынды сөз сөйлеп, қазақ тіліндегі мектептер 
санын көбейту, орыс тіліндегі мектептерден 
қазақ кластарын ашу, қазақтың өнер мектебін 
ашуды талап етті. Игілікті іске қозғау салған 
азаматтар көздеген мақсаттан табандап айрыл-
мады. Ақырында қаланың жаңадан салыну 
үстіндегі №13-шағын ауданында таза қазақ 
тілінде білім беретін орта мектеп және оның 

212
ішінен қазақтың өнер мектебін ашу жөнінде 
шешім алынды. 
Бір шаңырақ астында егіз қозыдай бас 
көтерген қазақтың қос білім-өнер ордасы ұзақ 
жылдар қабырғалас болып, білімді де өнерлі 
шәкірттер тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты. 
Кейінгі жылдарда А.Тарақұлы атындағы қазақ 
өнер мектебі өз алдына қоныс аударып кетті.
Осындай үлкен пікірталас-тартыспен, 
айқаспен жүріп ашылған қаламыздағы №21 
қазақ орта мектебі бұл күндері қанатын кеңге 
жая түскендей. Қазір мұнда тәуелсіз еліміздің, 
халқымыздың һәм ХХІ ғасырдың талантты 
жас өскіндерін тәрбиелеуге деген құлшыныс 
арта түсуде. Шәкірттерінің қатарының алды 
болып, ұлттық тәлім-тәрбие және білім дода-
сында жарып шығуы жолында оқу ошағының 
педагог-ұстаздары зор біліктілік танытуда.
Бүгінгідей мерекелі, берекелі кезде осы 
мектепке  сол кездегі азаттықтың, елдіктің 
жаршысы Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың 
есімін беріп, оның алдына көсем де шешен 
азаматтың тұғырлы бейнесін орнатса, бұл 
ұрпақ тәрбиесінде шынайы елжандылықтың, 
отаншылдықтың  нақты айғағы болар еді-ау 
деп те ойлайсың кейде.  Өйткені, бұғып жүріп 
іс бітпейді, Сайын сынды батыр тұлғалар ғана 
болмайтынды болдырып, толмайтынды толты-
ра алады. Бүгінде де оның орны ойсырап тұр...  
Болашағың жарқын, келешегің кемел 
болғай, №21 орта мектеп – білім ордасы! 
Ұлағатты ұстаздар ұжымының ұлттық рухы 
биік  ұландар мен халқының қадір-қасиетін 
ұстанған қызғалдақтай қыз-қырандар, үлгілі 
шәкірттер тәрбиелей беруіне тілектеспіз 
ләйімда.

213
ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ 
- ӨЗ ҚОЛЫҢДА
Өмір атты ұлы бақыт адам 
баласының еншісіне бір-ақ рет 
беріледі. Сол өмірді өкінбестей 
етіп мазмұнды өткізу әркімнің де 
міндеті болса керек. Ал ол үшін 
салауатты ғұмыр кешіп, сана-
лы тірлік жасау мақұл болмақ. 
Атам қазақтың ежелден «Ба-
сты байлық-денсаулық» дегенді 
қағида етуінің өзі жәйдан-жәй 
емес.
Денсаулықтың қадірін ерте 
бастан білген қазекем «жаны 
саудың тәні сау» болатындығын 
да айнымас фәлсапа ретінде алға 
ұстанады. Ал жаны таза болу де-
ген сөздің де терең мән-мағынасы 
бар. Яғни, өзіңді қоршаған орта, 
он сегіз мың ғалам аталған 
жаратылысқа кіршіксіз де пәк 
көңіл, ізгі ниетпен қарауды 
жан-дүние дағдысына айнал-
дыра білсең, еш қателеспейсің. 
Адам не нәрсені болса да, өзінің 
ниетіне қарай  табады деген 
сөздің де өзіндік мәнісі бар. 

214
Өмірге келгеннен кейін адам баласы қонақ. 
Осынау аз күн тірлікте парасат –пайыммен, 
ақыл-оймен зерделі түрде пәни-жалғанды 
кешу, адамдарға тек қана жақсылық ойлап, 
қолдан келгенінше қайырым жасау, өзгені 
алдау, арбау, екіжүзділік, алаяқтық жасау 
тәрізді жағымсыз харекеттерден аулақ болу 
– нағыз адамшылықтың шынайы белгілері. 
Біреуге жақсылық жасасаң да, жамандық 
жасасаң да алдыңнан шығады дейтін де біздің 
қазақ. Сондықтан қай кезде де  имандылық 
пен адамгершілікке ұмтылу, ізгілікті, инабат-
ты, жоқ-жітікке қамқор әрі қайырымды болу  
тек қана алға басқан жолыңды оңдап, көздеген 
ісіңнің сәтін сала бермек.
Денсаулықтың қадірін ауырмай тұрып 
білу қажеттігі Құран хадистерінде де айқын 
айшықталады. Ауырмай тұрып аурудың 
алдын алу адам баласының бүкіл тіршілік 
арнасының түзу бір сара жолына айналғалы 
қашан! Бұрынғы ата-бабаларымыз ат үстінде, 
табиғатпен етене тіршілік кешкен соң, оның 
түрлі қоқай-соқайларына төстерін кере 
тұрып қарсы тұра білді. Маңғыстау секілді 
қатыгездеу, шөлейт өлкені бағындыру үшін 
мықты денсаулық пен төзімділік, нарке-
скен мінез қажет бола, бұл жерді мекендеген 
ерлердің бойынан осындай қасиеттер табылып 
отырды. Нәтижесінде  шамырқанған шар бо-
лат тәрізді атпал ерлер күн қатып, түн қатып, 
елін, жерін қорғап, соған сай мәрт кескіні, 
жалындай алаулаған өрт кескіндері атойлап 
тұрды!
Жалпы адам өмірі Алланың қолында деп 
айтылса да, Құдайдың өзі «сақтансаң ғана 

215
сақтармын» деп ескерту жасағанын естен 
шығаруға болмайды. Өйткені, бұл арада бала 
күніңнен өзіңнің денсаулығыңа күтіммен қара, 
зиянды нәрселерден, жағымсыз қылықтардан  
сақтанып жүр деген ұғым өзінен-өзі туады. 
Мал екеш мал, аң екеш аңға дейін, әр нәрсенің 
дәмін татып қарап, арам мен адалды ажыра-
та білетінін жадымыздан шығармайық. Ал 
оның қасында адам баласы Алланың шара-
паты дарып, саналы да жанды тіршілік тар-
ту етілген пенделер емес пе?! Ендеше, адамға 
жүктелер міндеттің ең үлкені де сол, адал іс 
істеу, адал нан тауып жеу, өзгенің хақын же-
меу, рухани кемелдікке ұмтылу болып қала 
бермек. Жан мен ар тазалығы адамды ұшпаққа 
алып шығарына сеніміміз кәміл. Арсыз адам 
ақиқаттан аттайды, нахақ сөйлейді, жала жа-
бады, сөйтіп күнәға батады. Ал арлы адам елін, 
жерін, ұлы Отанын қорғап, отбасының бақыты 
мен игілігі жолында күресе біледі.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген 
ұлы Мұхтар Әуезовтың данышпан өсиетін ойға 
алсақ, бәрі-бәрі сол қасиетті бесіктен бастала-
тынын ескеруіміз керек. Сол ағаш бесікте жа-
тып талай ғұламалар тәрбиеленіп шықты. Сол 
бесікте жатқан уыз кезінен сәбиді  әжесі немесе 
анасы ауыз әдебиетінің нешебір қайнарлары- 
ертегі-аңыз, батырлар жырлары, дастандар-
мен , тәрбиелік мәні зор өлеңдермен тербетіп 
өсіреді. Елін қорғайтын, халқына қалтқысыз 
қызмет ететін ұл-қыз етіп өсіруге, туған 
халқын арман—мұратына жеткізуге талпына-
тын ерлердің бейнесіне лайық болуға баулиды. 
Қол-аяғы тоқпақтай, дені-жаны сау, ақылды-
есті, ойлы да бойлы, қатарының алды болуға 

216
жетелейді. Өйткені, дені сау, мықты, табан-
ды жас ұрпақ қана елдің болашағын сеніммен 
қолда ұстай алады. Дені сау, ширыққан шымыр 
адамнан еңбек көрігін қыздырып, ел ырысын 
молайтатын өз ісінің шеберлері -жұмысшылар 
мен инженерлер, атақты әншілер мен спортшы-
лар, басқа да сала мамандары көптеп шығады.
Бала күннен денеңді таза ұстау, мезгілінде 
жуынып-шайынып, тісіңді жуып, кіршіксіз, 
кінәратсыз таза жүру, дене шынықтырумен 
айналысу, үй-ішінің жұмысына араласып, 
ата-анаға қолғанат болу баланы өмір майда-
нында ширатып, дәрменсіз һәм әлжуаз бо-
лудан құтақарады. Сондықтан да баланың 
 
жұмысқа жалқау, білімге енжар болмауы үшін 
оның үйлесімді дамуы, жан-жақты жетіле 
түсуі аса маңызды. Ал мұның өзі отбасындағы  
және мектептегі тәлім-тәрбиемен ұштасып 
келетіндігі белгілі дүние.
Адам денсаулығы өз қолында бола тұра, 
зиянды нәрселерге неліктен үйірсек келеді? 
Мәселен, ересектер арасындағы арақ пен 
темекі, есірткіге үйірлік олардың өздеріне ғана 
залал келтіріп қоймай, ұлан-ұрпақтарының 
да тамырына балта шауып жатқанын осы 
заманның зауалы демеске лаж жоқ. Сол 
сияқты балалардың күні бойы компьютер не-
месе теледидар  алдында отыруы, кез келген 
дүңгіршектердегі ащы-тұщы, тәтті-дәмді, 
шырын-балдарға әуестігі олардың түрлі 
ауруларға ұшырауына, күресушілік қуаты, 
яғни иммунитетінің әлсіреуіне  себепші бо-
лады. Қолдың ұдайы таза болмауынан сары 
ауру(гепатит), инфекциялық аурулар жұқса, 
дұрыс тамақтанбаудан анемия(қан аздығы), 

217
туберкулез, отбасындағы айқай-шу, басқа да 
проблемалардан жүрек-жүйке, гипертония 
аурулары бел алады. Балалар арасындағы 
көз, тіс, невроз аурарының көбейіп келе 
жатқаны, олардың өздерін ұстай білмеуі, өнер-
білімге емес, жаман әдеттерге бейім болуы 
сақтанарлық нәрсе.
Біздің егемен елімізде балалардың 
денсаулығын шыңдап, оқып-білім алуына 
барлық жағдайлар жасалып отыр.  Компью-
тер алдында көп қадалмай, таза ауада көп ой-
нау, уақтылы әрі дұрыс тамақтана білу, үлкен 
кісілердің ақыл-кеңесін тыңдап күтініп жүру, 
айналаңды қоршаған орта, балалар, адам-
дармен жақсы қарым-қатынаста, үйлесімде 
 
болу – денсаулықтың бірден-бір кепілі. Өзіңе 
өзіңнің жігер-күшің жетпесе ұтыласың, 
тағдырыңнан жеңілесің. Кемшіліксіз адам 
болмайды, ал ол кемшіліктерін уақтылы 
түзете білген адам бәрінен де күшті. Өйткені, 
«Ештен кеш жақсы!. Ендеше, осы күннен ба-
стап бойымызды күтіп, денсаулығымызға 
мұқият қарайық, оған қолымызды бір сілтеп 
ағаттық жасамайық! Еліміздің, жеріміздің 
барын базарлап, кемшін тұстарына күйініп, 
жақсылығына сүйіне білсек, қанеки! Тәуелсіз 
Қазақстанның болашағы салауатты да сана-
лы өскелең ұрпақтың қолында екендігін әсте 
естен шығармағанымыз абзал. 

218
ЖАС ТА БОЛСА –  
БАС ОТАШЫ
Астана бетінде қызмет  жасап 
келген бір дарынды жас жігіттің 
облыстық ауруханада тұңғыш 
рет кардиохирургия бөлімшесін 
ашып, жүрекке ота жасауды ба-
тыл қолға алғаны туралы әңгіме 
ел ішіне тез тарады. Артынша 
бірер жылдан кейін сол жігіттің 
осы аурухананың басшылығына 
келгені туралы да хабардар 
болдық. Ал осы жігіттің кәсіби 
маман ретіндегі біліктілігі, 
емдеу орнын алға сүйреп, әрі 
халық денсаулығын нығайтуда 
айтарлықтай жетістіктерге 
қол жеткізе бастағаны ту-
ралы да тек науқастар ғана 
емес, әріптестеріне дейін 
ризашылықпен айта бастады. 
Бүгінгі таңда Елбасы-
мыз ел өмірінің, халық 
шаруашылығының қай саласын-
да болмасын ілгері ұмтылып, 
еңбектің қазанында қайнап, 
соны ізденістерге барып жүрген 
мамандарды, оның ішінде жа-

219
старды қолдау жөнінде «Жалпыға ортақ еңбек 
қоғамына 20 қадам» атты өзекті мақаласында 
атап айтқаны белгілі. Шынында да «Талпынған 
жетер мұратқа», «Еңбек ер атандырады» де-
ген нақыл сөздер бар ғой, ел мақтаған жігітті 
көрмекке  «медицина ғылымдарының канди-
даты, директор Нұрлан Серікұлы Тілепов» де-
ген жазуы бар кабинетке бас сұқтық.
Алғашқы сауалымызға жауап берген Нұрлан 
ініміз өзінің ақтаулық екенін, 15-шағын 
аудандағы экономикалық  лицейді, одан 
кейін Ақтөбе мединститутын үздік бітіргенін 
атап өтті. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң 
осы облыстық ауруханада және Жетібайдағы 
аудандық ауруханада бірер жыл хирург бо-
лып тер төккен. Сонда жүрген кезінде Ақтөбе 
мединститутының хирургия кафедрасына 
жұмысқа шақырылып, дәрігерлердің білімін 
жетілдіру факультетінде ассисент болады. 
Одан кейін Астанадағы кардиохирургиялық 
орталықта жұмыс жасайды.
Ал 2005 жылы еліміздегі президенттік 
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Мәскеудегі 
Ресей медицина ғылымдары академиясының 
А.Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары 
хирургиясы  институтының аспирантурасына 
түсіп, білім алады, еңбек етіп, тәжірибе жи-
найды. Санкт –Петербург жол қатынастары 
университетінің түлегі, жұбайы Шолпанды осы 
Мәскеу қаласында кездестіріп, тағдырлары 
тоғысады. Тұңғышы Алина Мәскеуде дүниеге 
келеді. Ал жақында ғана Олжас есімді азамат 
дүниеге келіпті отбасында.
Нұрлан Серікұлы денсаулық сақтау саласын 
ұйымдастыру жөніндегі клиникалық ордина-

220
тураны да оқып бітіреді. 2009 жылы елге ора-
лып, жолдама бойынша Ақтөбе мединституы-
на кардиохирургия  бөліміне жұмысқа келеді. 
Келесі жылы Ақтауға кардиохирургия 
 
бөлімін ашуға келіп, жүрекке алғашқы опера-
цияны жасайды. Талантты жігіт үнемі ілгері 
ұмтылып, білімін, білігін жетілдіруге, ізденуге 
талаптанады. Ал осы жылдың маусым айынан 
бері шаруашылық жүргізудің жаңа әдісініе 
көшкен емдеу орнының басшысы-директо-
ры болып тағайындалады. Мінеки, санаулы 
жылдар ішінде үлкен өмір мектебінен, кәсіби 
шыңдалудан өткен отыз үш жастағы азамат 
жаңа істі де дүр айналдырып алып кеткен. 
Кардиохирургиямен бірге жуырда кардиоре-
нимация бөлімін ашқан.
Бүгінгі таңда облыстық ауруханада жүрекке 
артокоронарлық шунтирование(жүрек тамыр-
лары бітеліп қалған жағдайда адамның тамы-
рынан алып, жаңа жол салу), жүректегі қан 
жолы тетігін алмастыру, туа ақауды түзеу, ко-
ронорография және стендирование(жүректің 
тамырлары ішінен ашып, жабылып қалмауы 
үшін қалқанша орнату) тәрізді күрделі от-
алар жасалады екен.  Ал соңғы кездегі 
жаңалықтарға назар аударсақ, жүрек соғысы 
бұзылған жағдайда электрокардиостимулятор 
орнатылады. Бұл жүрек дұрыс соқпаса, тоқтап 
қалудан сақтайды.
– Ғылыми медицинаның барлық 
жаңалықтарын тәжірибеге енгізуге ба-
рынша күш салып жатырмыз. Күнделікті 
жұмыс таңғы сағат 8-де реанимациядағы 
науқастардың хал-жағдайын білуден бастала-
ды да, штаттық кесте, кадр, қаржы, жөндеу, 

221
жарақтандыру, оңтайландыру шараларына 
байланысты қызу жұмыстар жалғасын тау-
ып жүре береді. Жоғары дәрежедегі арнаулы 
медициналық көмек көрсетуге барынша мән 
берілуде. Құдайға шүкір, кардиохирургия 
бөлімшесі жемісті жұмыс жасап жатыр, соңғы 
кезде жеті балаға ота жасалды. Бұл бағытта 
Астанадан арнайы шақыртумен келген білікті 
маман жұмыс жасауда. Тағы да бір тәжірибелі 
маман келеді деп күтілеуде. Әрине, бұл саланы 
ілгері сүйреу үшін әлі де мамандар керек. Ко-
ронография мен стендированиені жерігілікті 
мамандар да жасап жатыр. Ал мұндай 
оңды ізденістер жүрек дертінен адам өлімін 
айтарлықтай азайтуға сеп болады.  Бұрын 
жастар инфарктен жиі ажал құшса, бұл 90 
пайызға дейін оңды жағына өзгерді. Дүниеден 
озатын адамдардың жас мөлшері ұлғайды,--
дейді Нұрлан Серікұлы.
Айта берсе, мұнда ауыз толтырып 
айтарлықтай жаңалық деген тым көп екен. 
Жаңаөзеннен бір науқасты алып келіп, кон-
трапульсатор аппараты(американдық) арқылы 
инфарктен – кардиологиялық естен танудан 
аман алып қалған. Заманауи жаңалықтар 
 
тек кардиохирургия саласына ғана емес, 
травматологияға да енгізілуде. Атап айтқанда, 
жетпістен асқан адамдарға жамбас сүйекке 
 
ота жасау арқылы жасанды протез орнаты-
лады. Ал урология бөлімінде алынған лито-
триптор аппараты дәрет жүретін жолдарда тас 
жиналған кезде оны уақтап сындырып, үгітіп, 
пышақсыз-ақ  жазып жіберуге мүмкіндік 
береді. Нейрохирургия саласында да жаңаша 
операциялар қолға алынуда. 

222
Таңертемен жұмысқа келгеннен 
бөлімшелерді аралап,барлық жағдаймен толық 
танысқаннан кейін Нұрлан  не жетіспейді, 
қандай дәрі-дәрмектер керек, Алматы, Аста-
намен телемедицинаға шығу қажет емес пе, 
соны зерттейді. Қажет кезінде еліміз бойын-
ша телемедицинаға жүгінсе, ал интернет-
скайп арқылы әлемдік медицинаның озық 
жетістіктерін меңгеруге, кеңес алып, тәжірибе 
алмасуға барынша күш салады.     Оның арманда-
ры көп. Өзінің ғылым жолындағы ізденістерін 
одан ары қарай дамыта отырып, әрі әлемдік 
медицина жаңалықтарын, жаңа технология-
ларды  Маңғыстауға енгізуді, жерлестерінің 
шетелдерге, немесе басқа аймақтарға бармай-
ақ сапалы ем алуына жағдай жасауды дәрігер 
ретіндегі зор міндеті санайды.
Нұрлан Серікұлы орайы келгенде облыстық 
аурухананы одан ары дамытуға арнайы жұмыс 
тобын құрып, жуырда 45 млн. теңге бөлдірген, 
алда да қаражат жағынан тарықтырмауға 
қол ұшын беріп отырған облыс басшылығына 
алғысын жолдауды да ұмытпады. Әрине, адам 
денсаулығынан, адам өмірінен қымбат не 
бар?! Жаңалық атаулыға талап қылып, кәсіби 
шеберлігін де шыңдап, әрі басшылық қызметті 
абыроймен атқарып келе жатқан «жас та бол-
са – бас» , қабілет-қарымы мол, келешегі зор 
інімізге әрқашанда іске сәт демекпіз.

223
ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ 
РУХАНИ СЕРПІЛІСІ
Оңтүстік астана – күншуақты 
Алматыда Қазақстан Жазу-
шылар одағының және оған 
қарасты «Қазақ әдебиеті» газеті 
мен «Жұлдыз», «Простор» 
журналдарының 75 жылдық 
мерекесі кеңінен аталып өтті.
Бұған дейін күзгі нөсерінен 
арылмай, салқын рай берген 
әсем Алматы ел қаламгерлері 
мен олардың алыс-жақын ше-
телдерден жиналған әріптестері 
– сыйлы меймандар Республи-
ка сарайы алдында жиналған 
таңғы мезгілде арайлы шуағын 
шашып, нұрлана түскен 
еді. Көңіл   сарайына ізгілік 
нұрын сепкен жазушы қауым 
 
мерекенің  алғашқы беташарын 
ұлт әдебиетінің классигі ұлы 
Абайдың еңселі ескерткішіне 
гүл шоқтарын қоюдан бастады.
Ұлттық кітапханада 
өткен кітап көрмесі де та-
ғылымды болды. Мұнда қазақ 
әдебиетінің қарым-ды қаламгер 

224
тұлғаларының шоқтығы биік шығар-
маларының басын құраған кітаптар галереясы 
көз тартады.
Түс ауа Абай атындағы қазақтың 
мемлекеттік опера және балет театрын-
да Қазақстан Жазу-шылар одағының 
құрылғанына 75 жыл толуына арналған сал-
танатты жиын(кеңейтілген мерекелік пле-
нум)  өтті. Оны Алматы қаласының әкімі Ах-
метжан Есімов ашып, ізгі тілектерін білдіріп, 
осынау айтулы шараға орай ел Президенті 
Н.Назарбаевтың жолдаған құттықтауын оқып 
берді. «Қадірлі қаламгерлер, баршаңызды 
ұлттық мүддеге қызмет етіп келе жатқан Жа-
зушылар одағының 75 жылдық мерейтойы-
мен құттықтаймын. Жазушылар одағының 
бүгінгі тойы қазақ әдебиетінің ғана емес, жал-
пы мәде-ниетіміздің айтулы белесі, мерейлі 
қуанышы деп білемін. Одақ осы жылдар 
ішінде әрдайым зиялы қауымды бір мақсатқа 
жұмылдырып, ұдайы халықтың сөзін сөйлеп, 
жоғын жоқтады. Елдің еңсесін көтеріп, рухын 
шыңдады» делінген Елбасы құттықтауында.
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма 
төрағасы Нұрлан Оразалин өзінің мазмұнды 
да толымды баяндамасында әдебиетіміздің 
алтын төрі атанған - қарашаңырақтың өткені 
мен бүгінгі ойы-қыры, бел-белестерін са-
ралады. Егемендікке ие болып, нарықтық 
қатынастарға, жекешелендіруге бой ұрған 
тұстарда Одақ басынан өткен қилы-қилы 
кезеңдерді де назардан тыс қалдырмады. 
Алмағайып шақтарда Жазушылар одағының 
ғимараты да, мүліктері де талан-таражға 
түсіп кете жаздапты, кейбір әріптестердің «үй 

225
ішінен үй тігіп», Одақты екіге бөлмек ниеттері  
де ақыр соңында жеңіліс тапқан. Әділдік 
пен парасат-пайым  салтанат құрды. Әрине, 
белгілі бір уақыттарда жоғарыдан қолдау тап-
пай, әрі ауызбіршілігі әлсіреп, берекесі  кете 
жаздап, дүние-мүлкіне дейін жырымдалған, 
қорғансыз қалған  қасиетті қарашаңырақтың 
еңсесін түзеп, қайта рухының өсуі осы күндері 
дүбірлете атап өтіліп жатқан мереке аужайы-
нан айқын байқалған еді.
Нұрлан Мырқасымұлы өз баяндамасында 
 
 
ешбір әріптесін сын садағына ілмеді, керісінше 
өткеннен сабақ алуға, салихалы болуға 
шақырды.  Бастан өткен қиындықтарды айта 
келіп, атқарылған игі істерге тоқталды. Ендігі 
жерде ел жазушыларының дуалы ауыздары 
бір болып, ұлттық ұлы арман-мақсаттар жо-
лында ұйысу, ұлттық әдебиетті замана көшіне 
ілестіре ілгері сүйреу мәселелеріне ойысты. 
Әрине, кешегі кеңестік дәуірде 
қаламгерлердің қоғамдағы ролі біршама 
жоғары болды. Кеңестік билік оларды 
идеологиялық қару ретінде қажетті жерінде 
оңтайлы пайдалана білсе де, дарынды һәм 
ұлтжанды  ақын-жазушыларымыз өз туын-
дыларында халықтың тарихи  жады, ұлттық 
рухы мен сана-сезімін, елдік, халықтық қадір-
қасиеттерін көтеруге бүкіл шығармашылық 
 
қуатын арнады. Соның нәтижесінде тіпті 
әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған 
классикалық дүниелер де өмірге келді. 
Кеңестер одағы, сөз жоқ, ақын-жазушылардың 
жағдайын жасауға да барынша күш салды...
Кешегі бір күндері алтын қазық – Қазақстан 
Жазушылар одағы әлдебір өгейлік көргендей 

226
күй кешіп еді. Енді қайтадан шаңырақ тіктеле, 
абырой да арта түсті. Н.Оразалин алдағы тұрған 
зор міндеттердің қатарында қазақтың арғы-
бергі   тарихын жүйелейтін, халқымыздың ауыз  
әдебиеті мен жазба әдебиетін жаңғыртуға  бар  
қажыр-қайратын жұмсаған атақты тұлғаларға 
арнап кешенді Әдебиет мұражайын салу, со-
нау 80-жылдардан бері кенжелеп қалған ше-
тел әдебиеті жауһарларынан көркем аударма 
жасау, жас таланттарды жан-жақты қолдау, 
аймақтардағы филиалдардың жұмысын жан-
дандыру мәселелеріне жете назар аударды.
Алқалы жиында Қазақстанның ЮНЕ-
СКО жа-нындағы тұрақты өкілі, ақын Олжас 
Сүлейменов, қазақ әдебиеті ақсақалдарының 
бірі, көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза, ака-
демик Салық Зиманов,  ҰҒА президенті, акаде-
мик Мұрат Жұрынов, Абай атындағы ҚазҰПУ-
дың ректоры Серік Пірәлиев, Д.Қонаев 
атындағы университеттің ректоры Өмірәлі 
Қопабаев, Әзірбайжан Жазушылар одағының 
төрағасы Анар Рызаев, «Еуразия диалогы» 
плат-формасының тең төрағасы, түркиялық 
Харун Тоқақ, башқұрт жазушысы Азамат 
Юлдашбаев, Ресей-Мәскеу делегациясының 
атынан Халықаралық Әдеби қор төрағасының 
орынбасары Иван Сабилло мен әдебиет сыншы-
сы Анна Большакова, Украинаның халық жа-
зушысы Борис Олейник, Беларусь Жазушы-
лар одағының төрағасы З.Чегринец, жастар 
атынан жас ақын, «Айқын» газетінің тілшісі 
Ерлан Жүніс  сөз сөйлеп, ізгі лебіздер арнады.
Алматы қаласының әкімдігі, Мәдениет 
министрлігі, Байланыс және ақпарат 
министрілігі мен «Евразия диалогы» платфор-

227
масы және Қазақстан Жазушылар одағының 
бірлесе ұйымдастыруымен мерекелік шаралар 
аса мерейлі жағдайда өтті.
Келесі күні қасиетті қарашаңырақта 
жоғарыда аталған үш басылымның 75 
жылдығына және Одақтың келелі міндеттерін 
талқылауға арналған үлкен конференция 
өтіп, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Простор» 
басылымдарының  бас редакторлары Жұмабай 
Шаштайұлы, Ұлықбек Есдәулет, Валерий Фе-
дорович Михайлов тартымды баяндамалар 
жасады. Жарыссөзге шығып сөйлеушілер де 
аз болған жоқ. Олардың қатарында белгілі 
қаламгерлер Төлен Әбдіков, Иранбек Оразба-
ев, Ақұштап Бақтыгереева, т.б. болды.
Осы жерде жан-жақтан келген той қонақтары 
тарапынан  ағыл-тегіл ақ тілектермен бірге 
 
сый-сыяпаттар да табыс етілді. Орайы кел-
генде айта кетелік, осынау айтулы да алқалы 
жиынға біздің облысымыздан ақындар - Айту-
ар Өтегенов, Темір Мыңжас, Анар Шамшади-
нова және осы жолдардың авторы да қатысқан 
еді. Қазақстан Жазушылар одағының  енді-енді 
құрылу үстіндегі облыстық филиалы атынан 
сөз сөйлеу мүмкіндігін пайдаланып: «Біздің 
аруақты  ата-бабаларымыз да,  арқалы ақын-
жазушыларымыз да қай кезде де ұлттың ұлы 
мұрат-мүдде-лері жолында жанқиярлықпен 
күресе білді. Одақ төрағасы Нұрлан Ораза-
лин ағамыздың «Қазақ әдебиетінде» жуыр-
да жарық көрген Елбасы туралы мақаласына 
«Үйіңде де, түзде де өз еліңнің Тәңіріне 
құлшылық ет, өз еліңнің батырларын 
құрметте!» деген Анарыс бабамыздың (Сақ 
Анахарсис) аталы сөздерін эпиграф етіп алуы 

228
жәйдан-жәй емес.  Сонау алмағайып дәуірлерде  
аруағы асып, қасарысқан қас дұшпанын мысы 
басқан айбынды баһадүр, жаратылыс ғаламы 
дүниесін терең танып-болжап білген көріпкел-
әулие, қазақ даласының байтағынан бес бірдей 
мешіт салған ұлы ағартушы ұстаз-пірәдар 
Бекет атаның аруағы халқымызды да, Жа-
зушылар одағы мен қаламгерлерді де қолдай 
бергей!» дей отырып, Атаның Оғыландыдағы 
киелі  мекені бейнеленген көрнекі картина-
ны ел-жұрт атынан табыс еттік және облыс 
басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың 
құттықтауын жеткіздік.
 Бұл күннің екінші жартысында «Қазақстан» 
мейманханасының кең залында «Ұлттар 
әдебиетіндегі ықпалдастық дәстүрі» атты 
конференция өтіп, онда заманауи әлем ойшы-
лы атанған, әрі ақын-жазушы түрік азаматы 
Фетхуллаһ Гулен туралы қазақ зиялыларының 
зерттеулері мен ой-пікірлерінен тұратын «Сана 
сәулетшісі» атты жаңа жинақтың тұсаукесері 
өтті.

229
КЕУДЕСІ 
КҮМБІРЛЕГЕН 
ҚОҢЫР КҮЙ-ДІ...
Өмір мен өлімнің арасы 
қарыс сүйем ғана екендігіне таң 
қалудың әсте реті жоқ. Өйткені, 
бұған үлкен философияның 
да қажеттігі шамалы, бұл бар 
болғаны логикалық қисын, 
һәм, табиғи заңдылық қана. 
 
Өмірдің өтпелі екендігіне күні 
кеше ғана өзіміздің арамызда 
жүрген, қайран, жайсаң жан-
ды азаматтардың алыс сапарға 
аттанған сәттерінде тағы да 
көзіміз жете түседі.
Адам жарық ғұмырмен кенет-
тен қоштасып кете барады, ал біз 
оны сарабдал сағыныш сезімімен 
еске аламыз. Көңілің қимас отты 
бейнелер әп-сәтте  сағым сынды 
алдамшы дүние, жұмбақ әлемге 
жалт береді...
Мейлі ғой, мәңгілік жан-
ды тіршілік жоқ шығар. Алла 
ісіне пенденің шарасы қайсы? 
Сағатың келіп соққанда, 

230
жарық-ғаламмен, жақын-бауырмен қоштасып 
үлгерсең де жақсы. Бәрінен де ең жақсысы, 
бұйырған тіршілікте Адалдық аулына қоңсы 
қону, Абырой жүгін қара нардай арқалай білу 
болса керек.
Міне, осы бір орамды ойлардың орайын-
да, сілемінде, менің көз алдыма орта бой-
лы, тығыншықтай шымыр келген, өңінен 
жылылық нұры мен жан-әлем шұғыласы 
төгіліп тұратын, жүзіңе тура қарап, тура 
сөйлейтін текті болмысты, бидай өңді 
азаматтың тұлғасы көлденеңдеп тұра қалар 
еді. Сеніңіз, сенбеңіз, осы азамат, осы 
жігіт ағасы, алдымнан арсалаңдай шығып, 
жымиған жүзіне мейірім күлкісі толып, қазір 
де мені, бәлкім, басқа да ет-жақын, көңіл-
тату дос-жарандарын құшақтап алғысы келіп  
тұрғандай сезіледі. Сонау шаңды қиян, һәм 
майлы қиын Маңғыстаудың, сонау аптабы ала 
дауылымен астаса, үдере, ұйтқи соғатын Өзен 
кеніші аумақтарында дала кезген геолог-бар-
лаушылармен де, айдалада мұнай сорабы жа-
нында қара майға малшынған мұнайшылармен 
де тағдыры үйлескен Болат ағам етжеңді, күс-
күс алақандарын ала ұмтылып, арда көңілінен 
шашу шашып жіберетіндей көрінеді...
Мен де оны құшақтай алар едім, әттең...Со-
дан кейін әңгіме тізгіні де ағытылып жүре берер 
еді-ау... Қазақ мемлекеттік университетінің 
журналистика факультетін бітіріп, «Жалын» 
баспасына алғаш қызметке орналасқан кезімде, 
ең бірінші маңдайымнан сипаған баспа дирек-
торы, ұлт зиялысы Қалдарбек аға Найманба-
ев болса, өзі келіп ағалық ілтипатын білдіріп, 
бірден «бауырына тарта жөнелген» Болат ағам 

231
Қанатбаев шырыл қағып, қанатымен су сепкен 
қарылғаштай жаны жұқа, пейілі кіршіксіз, 
қолы ашық, дархан көңілін танытқан атпал 
азамат еді-ау. 
Ол кезде, шыны керек, жалын атқан 
жүрегімізде Алматыда қалсам, атақты ақын, 
жазушы болсам деген арман алауы маздаса да, 
пәтердің жоқтығы, тұрмыстың қиыншылығы 
байқалмай тұрмайтын. Бірақ, алға қойған 
мақсат жолынан таймай,  көздеген биіктерге 
жету басты нысанамыз болатын. Қаншама 
қазақ елінің астанасы дегенмен де, қолымыз 
қысқа, өгейлеу өмір сүретініміз жасырын 
емес-ті. Осындай өмір баспалдағынан қалт-
құлт, қаз-қаз қадам басқан сәттерімізде қол 
ұшын созып, қолдау білдірген  Болат ағамның 
тұлғасы мен үшін Алатаудай асқақ көрінеді.
Осы Бөкең бауырымыз үйінде ең кішкенесі 
емшек жасындағы, бес бірдей баласы болса да, 
маған жиі-жиі «апаңның қолынан шәй ішіп 
кет» деп шынайы да жайдары  көңілін  ашық 
білдіретін. Апамыз да иманжүзді, жұмсақ 
мінезді жан екен. Дастарханының үстіне ба-
рын шығарып, сарбалақ шәйін құйып, «сары 
майдай сақтаған»  «қыл мойынды»  ортаға 
қойып, көңіліміз желпіне түсуші еді...
Осы   Бөкең былайынша қарағанда мінезге 
бай, сабырлы көрінгенімен де, шамына 
тисең, нағыз шатақтың өзі. Арсыздыққа, 
екіжүзділікке шыдамай, өтірікті шындай са-
пырып тұрған  бір-екі сарыезу жігіттердің 
тұмсығын дал етіп жібергені де есімде. Ол 
кезде бәріміз де жаспыз, мінезіміз тым 
бірбеткейлеу. Баспада Тұрсынғазы Әлпейісов, 
Ғабиден Құлахметов сынды білекті де жүректі 

232
жігіттер қызмет жасады. Нар тұлғалы осынау 
қаламгер азаматтардай Болаттың да ортасында 
сыйы бөлек болатын. Көп жерлерде өзінің өмір 
тәжірибесінің молдығын, мұнай, газ іздеген 
экспедицияларда дала кезіп жүріп, тау-тастар 
мен палаткаларда тұрған күндердің өзінде 
жатпай-тұрмай оқып, ізденіп, кітап кеміріп, 
білімге қаныққаны, қазақ тілінің ғана емес, 
орысшаның да шырайын келтіріп шебер де са-
уатты жаза-сыза білетіндігі әркез аңғарылып 
тұрушы еді. Мейрам Асылғазин, Серік Асыл-
беков – барлығы бірге  проза редакциясында 
қызмет жасады. Баспаға авторлардың роман-
дары мен повесть, әңгімелерін талқылауға 
М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, басқа да көрнекті жа-
зушылар аз келмейтін. Сондайда, әсіресе өзінің 
редакторлығы-нан өткен қолжазбалардың 
тағдырына келгенде Б.Қанатбаев шығарманың 
көркемдік құндылығы,  образдардың сом-
далуы, оқиғалардың ширығуы мен тұтастай 
композициялық түзілімі, қоғамда, әлеуметтік 
салада көтеріп отырған жүгі төңірегінде 
салмақты-салмақты ойларды дәлелдей-
дәйектей ортаға салатын. Кітап редакторының 
осындай қорғасындай пәтуалы уәждері 
үлкен жазушылардың өздерінің  тарапы-
нан қолдау тауып отырғаны олардың бас 
шұлғып қоштағанынан айқын аңғарылатын. 
Б.Қанатбаевтың шын мәнінде өндірісте 
жүріп, әрі қазақ, орыс, шетел классиктерінің 
еңбектерін көзінің майын тамыза отырып 
оқып, білім нәрімен жете қаруланғаны қайран 
қалдыратын. Осындай бір үлкен додалы 
пікірталатастан шыққан соң, «көп оқысаң 
ғана озасың, мұны әрдайым жадыңда ұста» 

233
дегені  әлі күнгідей есімде. Ал өзіне келсек, бұл 
азаматтың көп мәселеден энциклопедиялық 
білімі бар. Өзі тәп-тәуір шығармалар жаз-
ды, оның кейіпкерлері өмірдің өзінен алын-
ды. Сондықтан да оқырман қауым жатып-
жастанып алып, қызыға оқыды. Жазушы 
Б.Қанатбаевтың қаламының желі бар екендігі, 
қыр адамдары мен өндірістегі жұмысшылардың 
қилы тағдырын терең білетіндігіне таңданыс 
білдірді. Болат Қанатбайұлының  әңгімелері 
мен повестерінде мұнайлы алқаптың, теңіздің 
иісі, сайын дала төсінде-гі ауыл адамдарының 
қайталанбас емен-жарқын бейнесі тамаша етіп 
сомдалды.
Кей жерлерде  інісімен мақтанғанды 
қолай көретіні де бар-ды. Мені жан-жақты 
мақтай келіп, «бұл інім әрі ақын, әрі бок-
сер, Серік Қонақбаевтың бір түрі ғой» дейтін. 
Кейбіреулерге осылайша сес көрсетіп те 
бағатын. Біз ақкөңіл де аржайы жақсы 
ағамен мақтан-сақ, ал ол інісін көкке көтеріп, 
аяғын жерге тигізбей-тін. Бөкеңнің мұндай 
бауырмалдық, еркөңілділік қадыр-қасиеттерін 
сол кезде баспада бірге жасаған ағалары 
Е.Өтетілеуов, М.Қаназ, М.Есламғалиев, 
И.Сапарбай, Қ.Қараманұлы, С.Оспановтар 
да, інілері Б.Серікбаев, Сейітқұл Оспанов, 
Т.Тұяқбаев, Нұрғали Ораз т.б. жақсы білетін. 
Баспа ішілік және жұмыстан соңғы «Салют» 
кафесіндегі бас қосу, алақақотан отырыстар-
да да Болат ағамның даусы жасанды емес, өте 
жарқын-жарқын естілуші еді. Жан баласы-
на жаттығы, көкейіне түйген қулық-сомдығы 
жоқ оның шалт мінезінен қаймығатындар 
да аз емес-ті. Өйткені, оның жағымпаздарға, 

234
жандайшаптарға жаны қас. Ал мұндайлар 
қай қоғамда да түлкібұлаңға салып, ақадал 
адамдардың өзін адастырып жүретін жайы бар. 
Біздің Байбота досымызға тиіскен біреулердің 
«қалпағын қайыруға» бірде Болат ағам екеуміз 
өре түрегелген кезімізде Ерекеңнің(Ермек 
Өтетілеуов) бізді сабырға шақырып қалған 
кездері де сонау жастық шақтың еншісіндегі 
дүние. 
Қара майға белшесінен малшынып жүріп, 
облыстық газетке еңбек адамдары, барлаушы-
лар мен мұнайшылар туралы мақалалар мен 
суреттемелер, очерктерді боратады екен... Бас 
редактор Р.Мусин өндіріс бөліміне жұмысқа 
шақырыпты...
Араға екі-үш жыл салып, яғни қаламы 
біршама қалыптасқаннан кейін өз орынын 
астанадағы жазушылар ортасынан іздеуге 
тәуекел етеді. Бұл тәуекелге оны бойына 
ұялаған сенім жүгі сүйрелеген-ді...
Кей-кейде бір күңірене ән салып, қара 
домбыраның шанағынан күй төгілдіретін 
қайран Бөкемнің көкірегі тұнған күмбірлі күй 
секілденетін...
Мен Алматыдан отбасылық жағдайыма 
байланысты елге оралғаннан кейін, бірер 
жылдардың бедерінде кабинетімде телефон 
шылдырлады. Оның даусын айна-қатесіз таны-
дым да, басшылардан сұранбастан-ақ «Ақтау» 
мейманханасына қарай жедел тарттым. Бөкең 
қасында бір тума ағасы бар сол жерде күтіп 
тұр екен.    Красноводск жақта бір тумалары 
қайтып, содан  оралып келе жатқан беті екенін 
айтты. Іркілместен теңіз жағасына барып, 

235
ұзақты күнге сырласып, біраз шер тарқатып 
қалғандай болдық...
Әрине, өте өкінішті, мен Болат ағамды содан 
кейін көре алмадым.
Әрине, сырттай тілекші болып жүрдім...
Ол еліміздің бас қаласы - Астанаға қызметке 
барып, баспана алып та үлгерген екен...
Ол әйдік Астанада ешкімге жалтақтамай 
қызмет жасай алатын еді-ау!..
Тәуелсіздіктің кірпішін қаласар еді!..Соған 
сай мәрт жігіт-ті!
Шейіт кетіпті...
Мазасыз жүрек шыдамапты...
Мүмкін, ел тәуелсіздігінің алып 
құрылыстарын көтерісуге өзінен өнген балала-
ры атсалысар деген үміт қалды көкейде...
Бәрінен де адам баласының өмірге жыл 
құсындай қайтып оралып келмейтіні жаман...
Мен қазір Болат ағам Қанатбаевпен тілдескім 
келіп тұр! Оны өмірде болса шалқыта атап 
өтетін 60 жасымен құттықтағым келеді!
Амал не?!
Асылы, бес күн тіршіліктің бағасын 
бағамдай білейікші, бауырым!..

236
КҮТЕ-КҮТЕ  
ТАУСЫЛДЫ ҒОЙ 
ТАҒАТЫМ...
ҚазМУ-дің журналистика 
факультетінде жоғарғы курстар-
да оқып жүрген кезіміз. Бір груп-
пада оқитын Ләззат Сүйеуова 
қарындасым жетті бөлмемізге: 
«Ғалым, бізге соғып кетесің 
бе?» − деді күлімдеп. Кідірместен 
қыздардың бөлмесіне келіп 
кірдім. Үстерінде көкшіл түсті 
ұшқыштардың формасы бар, 
шаштары қысқа қиылған, 
сыптығар, келісті келген  екі 
жігіт орындарынан ұшып 
тұрып, қолдарын ұсына берді. 
Бақсам, Ләззәт мені оларға 
 
«мықты ақын жерлесіміз» деп 
таныстырып қойған сыңайлы, 
сөз ләмінен сезілді. Шәй үстінде 
шүйіркелесе келе бұл жігіттердің 
есімдері ұқсас: Сағат пен Сағит 
екенін білдік.  Рига авиация 
институтының  төртінші кур-
сында оқитын сайыпқырандар 
болып шықты. Сағат өзіміздің 

237
Маңғыстау ауданынан, колхоз Шетпеден екен, 
сыртта жүргенде ауылдасқа ішің бұрып тұрады 
ғой, салған жерден жылыұшырай кетті. Сағит 
ө те мәдениетті, ұстамды, мәрт жігіт екен. 
Келесі жылы Сағит пен Ләззәт отау құрды.
Жігіт пен қыздың шынайы сыйластығы, 
достығы туралы сөз болғанда, біреулер шо-
шып кетеді ғой. Ал Сағат пен Ләззәт сол 
Шетпеде жүрген кезден бір-бірімен сыйлас 
аға-қарындас, қимас дос болыпты. Қашан 
да дос-жаран десе кіршіксіз бұлақтай аппақ 
көңілі мен  бауырмал жүрегін алып ұшатын 
Сағаттың Ригадан Алматыға келуінде де сол 
романтикалық сарын басым еді. Оның негізгі 
өзегі әсем астананы достармен бірге құмары 
қанғанша қыдыру, жастық шақтан естен кет-
пес әсер қалдыру болатұғын.
Ол әу бастан асқақ арманшыл, қиялшыл бо-
лып туған. Ауылды аймақтан шыққан қаршадай 
баланың Балтық жағалауына жол тартуы да 
оның  қайсарлығын, білімге құштарлығын, 
арманшылдығын айқын аңғартар еді. Ин-
ститутты ойдағыдай тәмамдаған соң, өңірдің 
авиакәсіпорнында еңбек етіп жүрген Сағат 
Сағиұлы Матекеевті  мемлекеттік қауіпсіздік 
комитеті қызметке шақырды. Іріктеу сын-
дарынан сүрінбей өтті. Бүкіл өмірін егемен 
елі, қасиетті жерінің қауіпсіздігін, ұлы От-
анын қорғауға, ағайын-тума, дос-жаран, 
құда-жекжат, көрші-көлеммен, қызметтес 
әріптестерімен жарасты ғұмыр кешуге арнады.
Алматыда отбасын құрып, бірнеше жыл-
дан кейін елге оралған бетім, Сағат және 
оның Құдай қосқан қосағы Анармен жақын 
таныстықтың сәті түсті. Республиканың әр 

238
шалғайынан жоғары оқу орынын бітіріп келіп, 
балалы-шағалы болып, еңбекке араласып 
жатқан жастармыз. Күнделікті бас қосулар, 
дастархан басындағы көңілді отырыстарда 
пікірталастар жиі болады. Еуропалық үлгі, Ба-
тыстан білім алып келген Сағат досымыздың 
да үнемі ізденіп, жатпай-тұрмай оқып, Қоғам 
мен Уақыттың биік талабынан көрінуге тал-
пынысы айқын байқалады. Қандай мәселе, 
айтыс-тартыс, қызу әңгіме туындаса да, 
Сағат досымыз өзінің ешкімге ұқсамайтын 
көзқарастарымен, қызбалығымен дарала-
на түседі. Сағат екеуміздің ылғи да таным-
өреміздің үйлесімді келетіндігіне, бір-бірімізді 
ылғи да қолдап, ел рухын көтеруге тырыса-
тынымыз, қазақтың тілі, ділі, мәдениеті мен 
әдебиеті, өнері төңірегінде айтатын батыл ойла-
рымыз бір жерден шығып жатады. Сондықтан 
да өзге достарымыз  «мыналар екеуі бір-бірінің 
аузына түкіріп қойған ба» деседі.
Өмірге, адамдарға айқара құшағын жай-
ып, таза жақсы көру сезімімен қарайтын 
кішіпейіл де адамгершіл Сағат досымыздың 
жасандылыққа, жағымпаздыққа жаны қас. 
Туған топырағына тән қасиеті − тіке сөйлеуден 
әсте тайынбайды. Бірақ қалай десең де жаны 
сыршыл әрі мұңшыл, арда. Қандай жастағы, 
мейлі қай ұлттың өкілі болса да, әңгімесі 
жарасқыш. «Әрбір ойлы адам дертті» деп Абай 
хакім айтқандай, оймен, терең толғаныспен 
күн кешеді. Күнделікті күйбең тірлік, пен-
деуи ұсақтыққа бой ұрмайды. Түрлі мереке, 
туған күн, басқа да қонақтықтарда үйінің іші 
тумалары мен жора-жолдастарға толы бола-
ды. Көңілі дархан, ойы сергек, жаны жайсаң 

239
Сәкең  қалалы жердің пәтер тарлығына 
қарамастан отбасылық қуаныштарынан 
сыйлас азаматтардың қай-қайсысын да шет 
қалдырғысы келмейді. Көптен көрмеген 
дос-жаранды көріп, шер тарқатып қаласың 
осындайда. Мұндай отырыстардың денінде 
асабалықты ойланбастан менің мойыныма 
артады. Мен қанша шешіле сөйлеп тұрсам 
да, Сағаттың өзі де жарыса  сөйлеп, әзілдеп, 
күлдіріп, жиналған адамдарды жеріне жеткізе 
таныстырып, көңілдерін көтеруге бейім. Ащы-
тұщы сулардан алынып, алғашқы тостар ай-
тылар-айтылмастан сөрелерде орын алған 
кітаптарының арасынан менің кітаптарымды 
алып жетеді. «Менің жан досым Ғалымның 
лирикалық өлеңдерін тыңдаймыз. Екеуміздің 
талай бірге жүрген кездерімізден соң жазылған 
дүниелер, екеуміз бірге жаздық десе де бо-
лады» дейді марқайа сөйлеп. Поэзияны жан 
дүниесімен түсінетін, менің дос ретіндегі 
лирикалық кейіпкерім Сағат бауырымды 
қалай қадір тұтпассың?! 
Жаңа кітабым жарық көргенде  жақын ара-
лас жүрген адамдарға сыйға тартамын. Ал 
менің Сағат пен Болат(Тайшыбаев) деген доста-
рым бірі ҰҚК полковнигі, мамандығы авиация 
инженері, ал екіншісі дәрігер болса да,  менің 
өлең-жырларымның Құдай жіберген жаршы-
лары,   дауылпаздары іспетті. Жалпы поэзия-
ны сүйген адамның жүрегі таза, иманы кәміл. 
Өйткені жыр да періште, Ақын – Алланың 
елшісі болса, оның жүрегінен туындаған дүние 
кіршіксіз пәк. Ал жыр құмар қауым да сол – 
жаны нәзік, өмірге құштар жандар.

240
Ажалға амал не, асыл анасын әлпештеп, 
бауырларын бауырына тартып, дос-жаранға 
сағынышты сәлемін жолдап, кездесуге асық 
болған Сағат Сағиұлы Матекеев ҚР Ұлттық 
қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы  бой-
ынша құпия қызметі басшылығында жүріп, 
жуырда мезгілсіз дүниеден өтті. Төтеннен кел-
ген ауыр сырқат бауырмал досты бауырынан 
алып кетті.
Баяғыда, сонау 1991 жылы Ақтаудан 
Ақтөбеге қызмет ауыстырып көшкенінде 
жылап қоштасқанбыз. Көп ұзамай жазған 
хаттарымның бірінде:
Күте-күте таусылды ғой тағатым,.
Жет еліңе, жетші тездеп, Сағатым.
Туған жерге аунап-қунап қайтсаңшы,
Бар емес пе құс секілді қанатың, −
деп жазған едім. Енді ол тым алысқа ұзап 
кетті... 
Аманат жүгін азаматшылықпен арқалап, 
әріптесі, құрдасы Жұмақожа(Қартбаев) абы-
роймен елге жеткізді. Елі, туған жері аза 
шекті. ҰҚК полковнигін ақтық сапарға ат-
тандыруда азалы марш ойналды, сарбаздар 
оның суреті, марапаттарын кеудеге қойып 
алып жүріп, оның құрметіне бірнеше дүркін 
қоштасу салюті атылды.
Иә, ол кең пейілді, ұлтжанды, тәуелсіз 
елінің  шынайы патриоты, патша-көңілді нар 
азамат еді-ау. Менің ұялы телефоныма соңғы 
жіберген хабарламасында:

241
Жолдастың бәрі жақсы, бәрі дөкей,
Ешқайсысын жаманатқа қимайды екем.
Көңілім кейде оларға қалса-дағы,
Сағынсам –
Қостанайға сыймай кетем, 
− деп сағынышын жолдапты. Ех, қайран дос, 
сені ойлағанда біз де көкірегіміз қарс ай-
рылып, жер-дүниеге сыймай кетеміз-ау!.. 
Жазмышқа не шара?! Артыңда қалған асыл 
жарың Анарың, өзіңнің ізіңді жалғар Елдосың 
мен келін, немере, қыз-күйеу, кенжең Жазира 
бақытты, баянды болғай!
Бақұл бол,  бауырым! Асау айдынның 
жағасында ақтарылған ақ тілек, ағыл-тегіл 
оқылған жырлар, ең бастысы сенің қырандай 
отты жанарың, жарқын жүзің біздің жады-
мыздан ешқашан кетпейді, қайран дос!
                                                                

242
                   
  
                      
ҚАРА  
НАРДАЙ ҚАЙЫСПАС 
ҚЫДЫРҒАЛИ
Кейде өткен күндерге, жастық 
шақтың жалына қол апартпас 
асаудай арынды шақтарына 
ойша да болса анда-санда бір 
оралып, еске алып қойған артық 
емес-ау. Міне, көз алдымнан со-
нау жылдардың сұлбасы кино-
лентадай тізбектеліп бірінен соң 
бірі өтіп жатыр...
О-о-у, анау келе жатқан 
апайтөсің өзіміздің Қыдекең 
ғой!..Сабаздың киім киісі, жүріс-
тұрысына, бойы-сойына қалай 
көңіліңнің хошы келмеске! Нар 
десең нар! Паң десең паң! Бір 
қарасаң  өр Маңғыстауындай 
маңғаз, мізбақпас Қаратаудай 
мұзарт, боз даладай кең де ке-
сек пішін, сол даланың төсінде 
алшаң-алшаң басқан сары атан-
дай мәрт кейіп, 45- размер қара 
бәтіңке мен мұнтаздай қара 
костюм, қоңыр плащ, бәрінен 

243
бұрын көп жас жігіттер басына іле бермейтін 
қоңыр қалпақ. Бұл біздің кейіпкеріміз 
Қыдырғалиға ғана өте жарасады...
Биыл Астана күні мерекесінде болғанымызда 
ұлттық этнографиялық қойылымда қазақтың 
кілең бойшаң, алып, наркескен жігіттерінің ба-
сына дулыға, үстіне сауыт-сайман, қолдарына 
найза ұстатып, баяғы хас батырлардың 
бейнесін сомдаған екен.Өңшең бойлары екі 
метр дерліктей серейген нән сайыпқырандарды 
көргенімізде, «кіл мықтыны қайдан тап-
ты екен» деп тәнті болғанымыз бар. Сол кез-
де менің ойыма өз Маңғыстауымыз оралып, 
«пай, тірі болғанда осылардың қасында біздің 
Қыдекең қасқайып тұрса, қатып кетер еді-ау!» 
деген ой қылаң берген-ді. 
Қаны таза қазақ халқында қара күшке ие 
қайратты да, арыстан жүректі айбатты да аза-
маттар аз емес. Осыншама кесек дене бітім, 
қарсы келгенді имендірердей сұсты сес, алы-
са кеткеннің жауырынын жерге тигізетін 
палуандық, сіңірлі қара жұдырық, ата на-
мыс Қыдырғалидың бойында да бар-тұғын. 
Туған жеріне тартқан нағыз тектінің өзі. 
Ал осыншама ірі денелі, еңсегей, ер мінезді 
жігіттің ақкөңілділігі мен ардалығы, ар-
жайы, адамгершілік, тіпті бала сияқты  аңқау 
пейілін көргеніңде төбең көкке жеткендей 
олжалы боласың. Себебі, бес күн тіршілікте 
адамдар өмірінде осындай кіршіксіз адал, 
сыйласқан сенімді дос, алғаусыз көңілін 
ақтарған сырлас замандас, сіз-біз дескен аға-
ініліктен қымбат ештеңе болмаса керек. Бір 
қарасаң, қанша әзілдессең де көтере білетін 
нар мінез, адамдарға іштартып қарайтын 

244
бауырмалдық, қолынан келген жақсылығын 
бұлдамайтын кісілік, «еңкейгенге еңкейіп, 
шалқайғанға шалқаятын» ірілік, думаны мол 
жастықты дуылдата білетін серілік, кез келген 
нәрсеге күйгелектене бермейтін жайсаңдық, 
салқынқанды сабырға жүгінген салихалылық 
осы Қыдырғалидың бойында бар еді.
Жастықта не болмайды, шіркінің. Кейде ой-
ын-тоймен, қызды-қыздымен отырып артық 
кетіп қалатын да кездер болады ғой. Сол жастық 
дәуреннің бір мысалы күні бүгін ойыма ора-
лып отыр. Менің бұл әңгімелеріме Қыдекеңнің 
жар-қосағы,  облыстық «Маңғыстау» газетінде 
ұзақ жылдар бойы бас есепші болып қызмет жа-
сап келе жатқан жоғары білімді, кәсіби білікті 
экономист-бухгалтер Несібелі Жұмашева куә.
Бірде Маңғыстауға әйгілі айтыскер ақын 
әрі прозаик Баянғали Әлімжанов келді.  Бәкең 
екеуміз Алматыда тізе қосып бірге жүрген, 
бірге сейіл құрған серіктес аға-іні болатын-
быз. Сөйтсем, ол Қыдырғали Әдеков екеуі 
курстас, группалас болып шықты. Сол кездегі 
бірден-бір университет – ҚазГУ-дің филология 
факультетінің күндізгі бөлімінде бірге оқыған, 
бірге тұрған, қара нанды қақ бөліп бірге жеген 
кәнігі қандыбалақ достар болып шықты. Со-
дан бір күні біздің үйде, бір күні Қыдекеңнің 
үйінде болып, түнімен біраз сыр шертісеміз. 
Отырыстар сірә да  бой қыздырусыз болмайты-
ны сірә белгілі. Бірде екеуі алдын-ала келісіп 
алған ғой: «Мынаны қатырайық» деп. Екеуі 
бірігіп алып өтірік ілік іздеп мені қажап, на-
мысыма тиіп, отқа май құюлы. Содан менің де 
жас кезім , мінезім бірбеткейлеу,«шығыңдар 
екеуің де жекпе-жекке!» деп өре түрегелсем 

245
керек. Сөйтсем, бұлар жерден жеті қоян 
тапқандай шек-сілелері қатып күлісіп жатыр. 
Баянғали: «Мынауың өзі біз ойнап әзілдесек, 
қызылкөз екен ғой» деп қояды. Қыдекең: «Тен-
тек қой, тентек» дейді. Несібелі түкке түсінбей 
«бұларға не болды» деп бізге қарайды. Сөйтеді 
де, қайтадан сарбалақ шәйін құя береді. Біз 
болсақ, дым болмағандай қайтадан арқа-жарқа 
әңгіме, айқара құшақ, дархан көңілмен дүние 
дүрмегін кеше береміз...
Сол күндердің бірінде ойламаған жер-
ден көрнекті ақын Кеңшілік Мырзабековтің 
Ақтауға келгенін естіп қалып, Қыдекеңнің ақ 
дастарханында бірге болдық. Арынды да да-
рынды ақын, кеңкілдеген  Кеңшілік ағамыз 
өзінің өлеңдері шыққан «Қазақ әдебиеті» 
газетінің соңғы нөмірін ала келіпті. Со-
дан дастархан басында біраз ағыл-тегіл сыр 
ақтарып, кербезсіне, шалқи күліп, тебірене 
жыр толғады. Абзал ақынның сондағы ша-
бытты шағы, нұрлы жүзі де көз алдымызда 
тұр...Дүние-ғайып, дүние-ғапыл демекші, 
дүние-дәурен – бәрі де көзді ашып-жұмғанша 
тәрізді...
Әлгі айтқанымдай Қ.Әдеков университетті 
ойдағыдай тәмәмдаған соң, облыстық теле-
дидар мен радиода ұзақ жылдар табан ау-
дармастан қызмет жасады. Өңірдің халық 
шаруашылығының барлық салалары бойын-
ша тамаша-тамаша телехабарлар, сұхбаттар, 
шолулар жүргізіп, хабарлар мен жаңалықтар 
тізгінін ағытты. Өлкенің ой-қырын шарлап 
кетті. Қыдырғалидың өзекті мәселелер бой-
ынша телехабарлар жүргізген кездегі өзін 
байсалды ұстап, өткір сұрақтар қоя білетіні, 

246
тележурналистиканың қыр-сырын жете 
меңгерген кәсіби дарыны, білімділігі  әркез 
байқалып тұратын. Тегінде эфирге шығатын 
хабарлардың ғана емес, сол экран арқылы 
халыққа хабар тарататын журналист-
редактордың да, тіпті диктордың да келісті 
де тұлғалы болғанына не жетсін! Міне, осы 
тұрғыдан алып қарағанда да, кәсіби журналист 
Қ.Әдеков облыстық телеэкраннан күнбе-күн 
көрінген кезде, тек қақпақтай  жауырынымен 
ғана емес, өрнекті тілі, сөйлеу шеберлігімен де 
ерекшеленетін. 
Керенау емес, кербездеу қозғалушы еді. 
Іс тетігін жақсы білетін. Қолы боста теледи-
дар қызметкерлері түс ауа шахмат ойнауға 
кірісетін. Мен де анда-санда ол жаққа аттың 
басын бұрып, жігіттермен шахмат ойнап, 
әңгіме-дүкен құратынмын. Кейде бір хабарлар-
ды жүргізе қоятын да кездерім болды. Сонда 
байқағаным, Қыдырғалидың ұжымдағы сыйы 
өте жоғары болатын. Оны мұндағылардың 
үлкен-кішісі -бәрі қатты сыйлайтын. Себебі, 
өтірікке, жасандылыққа , жағымпаздыққа 
жаны қас, жайдары, екі қолын қалтасына са-
лып ақсия күліп тұратын, адамгершіл азамат 
еді. Ол дүниеден озғаннан кейін бірде сол те-
ледидарды басқарған ағамыз Ғ.Теміртасовты 
көшеде көріп қалғанымда Қыдекеңді айтып, 
«ол телевидениені басқаратын мықты жігіт 
 
еді, қап!» деп басын шайқай еске алғаны есімде.
Бұл азаматты онымен бірге қызметтес болған 
Нұрғожа Ізмағанбетов, Күмісбай Әбдешов, 
Нұрлан Бакешовтер жанындай жақсы көретін, 
бәрі бірге жүретін еді, әңгіме-әзілдері  таусыл-
майтын. Тек қана олар емес, газет пен радио-

247
телевидение төңірегіндегі жандардың барлығы 
да Қыдекең есімі естілгенде елең ете қалатын 
да, оны мақтай жөнелетін.
Кейінгі бір жылдарда «Нефтебанкте» 
жемісті қызмет етті. Естіп, білуімше, сол 
банкті басқарған тағы бір нар мінезді ағамыз 
Жаңабай Сүйіндіков пен Қыдырғали Әдековтің 
әкелері кезінде төс түйістіріп, ант ішіскен сый-
лас азаматтар деседі. Жәкең мен Қыдекең де 
алдыңғы буынның дәстүрлі жолын  ары қарай 
жалғастырып, сыйластықта, достықта ғұмыр 
кешіп еді. Амал нешік, бір күндері күтпеген 
жерден жайсыз хабар келді де, бұл көпшілікке 
төбеден түскендей әсер етті. .. 
Әйткенмен, жан серігі Несібелі шаңыраққа 
түскен ауыртпалықты иығымен көтере білді. 
Жан-дүниесі езіліп, іштей қанша егіліп тұрса 
да, тектілік мінез танытты. Балаларды баптап
қияға ұшырды. Қыдекең екеуінен өрбіген ұлы 
Нұрлыбек ержетіп азамат болып, бұл күндері  
іс тетігін ұстап, бала-шаға тәрбиелеп отырса, 
қыздары Жанар мен Гауһар да тұрмыс құрып, 
ұрпақ өсіріп, елге, жерге абыройлы қызмет 
жасауда.
Қыдекеңмен тек әріптес, жолдас-жора 
ғана емес, қимас көрші де едік. Жанымыз 
жақын болғасын жиі көрісетінбіз. Ол арамыз-
дан ұзап кеткелі де жиырма жылдай уақыт 
өтіпті-ау. Әттең, ол тірі болғанда осы күндері 
алпысқа толатын еді, ортамызда болатын 
еді... «Армандарың көп еді ғой жетпеген, Ех, 
тағдыр-ай , ер тынысын шектеген... Көзден тай-
ып, кетсең де ұшып ғарышқа, Беу, Қыдекем, 
көңілімізден кетпеген...» деп еске алғаннан 
басқа не қайыр?!.

248
                                                                                                
                                                                                          
ЛҮП-ЛҮП ЕТКЕН 
АҚЫН ЖҮРЕК...
Ақбұлақтай ақтарылған ақ 
көңілінен маржан жыр тізгінін 
ағыта білген ай жанарлы 
ақынның лирикалық дүниелері 
оқыған адамды бей-жай 
қалдырмайды. Белгілі қаламгер 
Гүлжауһар Сейітжанның әдеби 
орта мен оқырман қауымға шы-
ныдай мөлдір жырларымен та-
ныс болғанына талай ондаған 
жылдар өтті. Өзінің еңбек және 
шығармашылық белестерінде 
бірқыдыру биіктерді бағындыра 
білген  ғазиз жан әркез 
азаматтық қырынан, ақыл-
ой-парасат-пайым өресінен 
көрінумен келеді. Әл-Фараби 
атындағы Қазақ мемлекеттік 
университетінің журналисти-
ка факультетін тәмамдаған 
соң, тағдыры киелі Маңғыстау 
өңірімен тоғыстырған оның 
еңбек белестері қалалық сту-
диядан басталып, облыстық га-
зетте, «Қазақ тілі» қоғамында, 
облыстық әкімшілікте және 

249
ақпарат басқармасында жемісті жалғасын 
тапқан еді. «Тұңғыш», «Ақерке», «Үміт 
жағалауы», «Жол айырық», «Гүлайым», 
«Маңғыстауым – ғұмырымның арна-
сы», «Жаңаөзен оттары», «Маңғыстау 
мұнайшылары», «Жер-Ана перзенттері» 
атты ондаған кітаптары жарық көрді. Кейінгі 
жылдарда біраз сырқаттанып, қиындықтар 
шексе де, сыр мен мұңға толы муза-жаны 
өлең-өзенінен әсте алшақтамай, қолынан 
қаламсабын тастаған жоқ. Әдетте, ақын 
біткеннің рухы үстем, жаны нәзік әрі өр, алған 
бағытынан таймайтын бірбеткей келеді. Бала 
кезінен асыл арман, алғаусыз сезімді діттеген 
Гүлжауһар-ару, Гүлжауһар-ақын да өлең-
өмірден өз дауысын іздеп, жанына дауа тау-
ып, дүниені қоңыр сазбен тербетіп, әлдилеп 
келе жатқаны сезіледі. Кім-кімнің де туған 
топырағынан ыстық ештеңе болмайды деген 
қағидаға сүйенсек, ақын өзінің «Таскескен» 
жырларында:
Ұмытам ба бұл шақты:
Қарасам көз талдырған.
Айқара ашып құшақты,
Далам шығар алдымнан.
...Шықты алдымнан барлығы,
Бағаналар сап құрып.
Туған жердің әр гүлі
Жанға рахат таптырып.
Келем соған мен-дағы
Алып-ұшып,
Асығып.

250
Жетті туған жерге әні,
Сәжде қылдым бас ұрып,-
деп перзенттік сезімге пәктігін, адалдығын 
айғақтайды. Енді бірде:
Жыр тудырсаң көкейде,
Бұрқыраған,
Қалады ылғи,
О, далам, құлпыра маң.
Найзағайдай жарқырап аспаныңда,
Өзен болып төсіңнен күр-күр ағам...
Ақ бұлт болам,
Қалықтап, андыздаған,
Сағым болам,
Еш құрық салғызбаған.
Мұндай шақта тұрады бүкіл әлем
Жанашыр боп,
Жақын боп жалғыз маған...
Алайда, туған жерін қанша аңсай сағынса 
да, өнебойын жарып шыққан өлең-жырларына 
арқау етсе де, өмірінің бүкіл өрнекті кезеңдерін 
өткізген баба-Маңғыстауға бауыр-басқан 
Семей қызы Гүлжауһар жалғыз еместігін 
іштей сезінеді. Осынау киелі өңірмен, оның 
ақжарқын да арда көңілді адамдарымен біте 
қайнасқан ол «Маңғыстау сөзі», «Қара ал-
тыны халқымның», «Маңғыстау көктемі», 
«Маңғыстау теміржолшыларына», «Әбіш 
аға», «Орын аға», «Маңғыстаулық ағалар», 
«Тамшалы сай», «Мұнай-газдың сұлтаны», 
тағы басқа да көптеген өлеңдерінде түлеген 
түбектің жасампаздық, тектілік тынысын 
бейнелейді. «Абыл ақын» өлеңін:

251
Ұя сала алмастан жанына түн, 
Тау суындай тасқындап, ағылатын,
Неше ғасыр өтсе де жер бетінде,
Адайдың бас ақыны – Абыл ақын!-
деп түйіндейді. Сол сияқты «Қашағанға» 
деген өлдеңінде де атышулы шайыр 
Қ.Күржіманұлының жалын биіктете түсе-ді. 
Г.Сейітжан қай кезде де табиғатпен етене-егіз. 
Өзінің жұмбаққа толы жан-дүниесіне сол тұп-
тұнық табиғат әлемінен баян іздейді.
Кінәмшіл көкіректің наз-наласын,
Мұндайда көңіл қайдан қазбаласын.
Жылынған шуағыңды бір мезетке,
Аймалап,
Айналсоқтап,
Мәз боласың...
Манаурап,
Дала жатар керіліп бір,
Құстардың әуеніне беріліп қыр.
Керенау қозғалысқан ауыр бұлттар,
Жаңбырын селдетуге ерініп тұр...
Көңілге асқақ арман ұялатып,
Бір қыран қонды барып
Қияға тік.
Бұлттардан жасырына,
Күн арайын
Барады көкірекке құя батып...
«Күн мен бұлт», «Жаңбырлы кеш», «Күзгі 
жапырақ», «Қыста», «Жер қаны», «Құстар 
қайтқанда», «Ұстатпайды  торғайлар», 
«Егер көктем келмесе қайтер еді», «Алматы 

252
бақтарында» атты өлеңдерінде табиғат пен 
адамның тіні үзілмес  үндестігін паш етеді. 
«Егер көктем келмесе жерімізге, Жете ал-
маймыз жайсаң жаз, сері күзге. Көктемдерің 
сондықтан келсін, жаным, Көктемім келеді 
деп сеніп ізде» деген жолдарда Жер-ана буса-
на түлеп, тіршілік оянатын, сан бояуға бояна-
тын көктем келмесе, самайыңнан самал жел 
желпімесе, өмірдің де қызығы болмас деген- 
дей терең ой қалдырады. Қай кезде де ұлттық 
болмыс пен қадір-қасиетке ерекше мән беріп 
қарайтын ақын өзінің «Бабаларға», «Ана 
тілі», «Текемет» тәрізді бірқатар өлеңдерінде 
ұрпағына өнегелі өсиет қалдырады. Ал «Ана 
жырларында» ару-ана ретіндегі махаббат 
сезімін ақтара түседі. Онда да тіршілік нәрі - 
ана сүті мен көктемнің сәнін ұмытпайды.
Көктем келді,
Жер – кілем, көк те кілем,
Із де жоқ, аласапыран өткенінен.
Тұңғышымды далаға шығарайын,
Жүздестіріп алғашқы көктемімен.
Ауасымен тұп-тұнық тыныстасын,
Бәйшешектен қолына гүл ұстасын.
Бір уыс дән аулаға септірейін,
Алсыншы деп осыдан ырыс басын...
Кемел ой, ізгілікті сезім, өмірге деген 
құштарлық! Көктем-көңілге, адами пейілге 
асығу! Осынау шалқар дүниені сергек 
сезіммен сүйіп, жырға қосу! Міне, Гүлжауһар 
Нұрсапақызы сынды сыршыл ақын, сезімтал 
арудың «Жүректегі жазуларының» түпкі өзегі 
де, жүрек дірілі де осында.

253
Ал кітаптағы «Мұнайшы», «Жамал апа», 
«Тамара» секілді поэмалары мен «Тағдыр тәл-
кегі», «Ана мен бала», «Сенім және адам», 
«Балдақты жігіт», тағы басқа балладалары 
шығармашылық иесінің күрескерлік рухы мен 
шалқар шабыт, кең тыныспен толғай білетін 
поэтикалық қуаты мен қарымын айқын таны-
тады.

254
АРМАН МЕН АЗАП
(Белгілі қаламгер Ғалым Әріптің 
«Ақын арманы (азабы)» кітабын 
оқығандағы бір үзік ой)


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал