Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
тарихын зерттеудің кейбір мәселелері» 
 
еңбегінде Әуезов ғұламаның «Барлық ақынды 
тарих көлемінде қарастыру керек. Бұларды 
ұғу үшін соларды туғызған ел мен шартты та-
рих бетінен ұғыну керек» деген жолдарын 
алға ұстаным етіп алады да, ары қарай өз 
пайымымен «Құндылығына баға жетпес бұл 
тұжырымның кемелділігі сонда, біріншіден, 
бүге-шігесіне дейін азаматтық тарихты білген 
жағдайда, сол тарихтың елеулі тұлғасы  ақын, 
жырауларды да көзі қарақты қауым қапысыз 
таниды. Екіншіден, керісінше, ғасырлар 
қойнауынан көктей өтіп бүгінге жеткен ақын, 
жыраулар мұрасында кездесетін тарихи де-
ректер тек әдебиет тарихының жасын меже-
леуге ғана емес, сондай-ақ елдік келбетімізді 
танытқан азаматтық тарихымыздың да 
көптеген бұлыңғыр жайларының бет-пердесін 
ашуға қызмет ететіндігіне күмәнсіз иландыра-
ды» деп алады да, тарих қойнауына сүңгиді: 
«Қазақтың аңыз-әпсаналарында халқымыздың 
ақылгөй абызы ретінде суреттелетін 
Асанқайғы негізінен қазақ ұлысының атақты 
билеушілерінің бірі Жәнібек ханның тұсында 

188
өмір сүрген, жасы келген қария  болып сипат-
талады. Шығармаларында да солай. Ал Сыпы-
ра жырау болса, Тоқтамыс ханның Едіге би-
мен араздасып, төңірегіндегілермен кеңескен 
тұста негізгі тоқтамды пікір айтатын ақылман 
қарты ретінде жыр толғайтыны белгілі:
– Мен қартыңмын, қартыңмын,
Не көрмеген қартыңмын?
Бастыққа бастық бастық хан,
Оны көрген кәріңмін.
Онан соңғы Кедейхан...
Онан соңғы ер Шыңғыс
Оны да көрген кәріңмін...
Өзден сұлтан Жәнібек
Оны да көрген кәріңмін
Ұлы бабаң Домбауыл
Соны көрген кәріңмін...
Жүз сексенге келгенде,
Шықпаған жан жүргенде,
Менен дәурен кеткенде...
Сонша хандар өткенде
Кешегі кеткен еңселі
Ерні салпы құбаша ұл
Сонша жасқа келгелі
Осындай ер жігітті
Көре алмаған кәріңмін...
Жыраудың өз сөзіне күдіктенбей сенер 
болсақ, ол біраз жасқа келген кісі. Өзі және 
ел ішіндегі осы бір аласапыран оқиғаны 
көтере алмағандай Тоқтамыс ханға берер 
соңғы кеңесін айтады да көз жұмады. Оның 
1227 жылы өмірден өткен Шыңғыс ханға 
дейінгі, одан кейінгі біраз хандарды ал-

189
дынан өткергендігіне толық сену, сенбеу 
– ол оқырманның өз ісі. Бірақ осы жырау 
Тоқтамыс пен Едіге заманында қанша жасқа 
келсе де, сол уәлаят өкілдерінің арасындағы 
бірден бір аузы уәлі абыз ақсақалы. Жасы 
жағынан да көпті көрген көнесі», дей келе сол 
заманадағы тарихи оқиғаларды сипаттауға 
көшеді. Абыз жырау Сыпыра толғаған «Ер 
Едіге» жырына тоқталады. Осы жырда сипат-
талатын «Қобыланды мен Қарақожа шыққан 
Қыпшақ пен Арғын руларының бүгінгі қазақ 
ұлтының  негізін құрған қабырғалы қауым 
екендігін» атап өте келіп, «...Сондықтан тек 
осы жырда ғана емес, жалпы сол дәуірдің әдеби 
мұраларында ұлыстың аты атала ма, тегінде 
соған да назар аудару керек сияқты. Өйткені, 
1022 жылы орыс князі Мстислав Владими-
ровичпен соғысқан, 1223 жылы монғолдар 
шапқыншылығы кезінде де «косог» атанып 
жүрген жұрттың келесі ғасырда мүлдем жер 
бетінен тегіс сызылып кетуі мүмкін емес қой. 
Ондай жағдайда оның араға жарты ғасыр 
өткенде Жәнібек пен Керейді өзіне хан көтеріп, 
табан астынан іргелі елдікке ие бола қалуының 
өзі күмәнді болған болар еді», деп түйін түйеді.
Одан ары қарай ойшыл ғалым  тақырыпты 
тарата береді, тарата береді, тарих қойнауына 
сүңги, сүйрей береді... Енді келіп Тоқтамыстың 
елімен қоштасар тұсының жырдағы 
суреттелуінен үзінді келтіреді:
– Ей, байтағым, байтағым,
Бастап сені алдырттым.
Ал аман бол менен соң,
Байтағымның ішінде

190
Он сан елім ноғайлы,
Сені тағы алдырттым.
Ал аман бол менен соң...
«Әлбетте, дейді Жұмат Жұмалыұлы, бұл 
үзіндідегі он сан ноғай ішінде, өз алдына жеке 
отау болған қазақты «үш жүз алпыс» деп 
атағанына қарап, оларды 360 үй деп есепте-
уге болмайды. Себебі 360 атанатын сан сонау 
ежелгі Вавилония заманынан бері қасиетті 
ұғымды білдіреді. Кәдімгі 3,7,12,60 деген 
сандардың киелі ұғымдармен байланыстыры-
латыны секілді, 360 саны да қастерлі мағынаға 
ие. Өйткені, әу баста Вавилон абыздары күн 
өзінің күндізгі жүру жолында 180 қадам жа-
сап, шығыс көкжиегінен батыс көкжиегіне 
жетеді, ал сол жолды түнде жүргенде кері 
қарай тағы да 180 қадам жасап, баяғы келген 
жеріне қайта оралады деп есептеген. Сонан 
келіп бүгінгі күнге дейін пайдаланып жүрген 
360 градус, яки 360 «қадам», «адым» деген 
мағына шыққан. 
Вавилон ойшылдарының бұл пікірі ежелгі 
дүниені жайлаған талай халықтарға тараған. 
Мекке маңын қоныстанған күллі араб 
тайпаларының ислам діні қашан аяғынан нық 
тұрып кеткенше 360 балбал тасты әз әулие 
тұтып табынуында да сондай ұғым бар. ...Күні 
кешеге, тіпті бүгінге дейін сол атырапты ме-
кен ететіндер Маңғыстау аймағында 360 әулие 
жерленген деп біледі. Ал шын мәнісінде көне 
заманның ежелгі қойылымдықтары мен мазар-
лары көп мекенінде, бәлкім, қасиетті кісілердің  
моласы одан да көп болуы мүмкін...», деп 
мәністі ой тастайды.

191
  Жалпы Ж.Тілепов ой қорытуға, тың ой 
айтуға, фәлсапалық түйін түюге аса шебер де 
ыждаһатты. Яғни, мұндай көрегенділік си-
паты оның  бір кездегі ақпа-төкпе ақындық 
талантынан басталып, көркем прозадағы 
 
көркемдік-ойшылдық үрдістерінен бастау 
алады деп ойлаймыз. Оның ойлары жалаң, 
жадағай  емес, әрқашан да дәлелді, дәйекті, 
қисынды, бірқатар реттерде ғылми еңбектерге 
жүгінеді, міндетті түрде өз байламын жасап 
отырады. Кейбір ой түйіндеріне назар аударып 
көрелікші.
«Ата жырау Сыпыраны қазақ жұртының 
әзірге есімі белгілі бірінші өкілі деп білуімізден 
тіптен де қисынсыздықтың ізі аңғарылмайды. 
Қайта ол көркем шығарманың тарихилығы 
арқылы шынайы шындықты танудың негізгі 
шарттарына жауап беріп тұр».
«...нақтыландырып Қанжығалы Бөгенбай, 
Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай 
деп атағандығында көп мән жатыр. Бұлайша 
кісі есіміне руын қосып атау, ол кездердегі 
адамның паспорттық мағлұмат- дерегіндей 
болған».
«Бірақ, қазақ аңызы  Астрахань шаһарын 
Жәнібек салдырған деп есептейді. Ал, та-
рихта Астрахань хандығының ХҮ ғасырдың 
ақырында Алтын Орда күйреуімен байланы-
сты өмірге келгендігін ескерер болсақ, тегінде 
бұл аңызды негізсіз деуге келмейді.
...Әз-Жәнібек хан – қазақ халқының та-
рихында есімі ілтипатпен еске алынатын 
хандардың бірі. Оның Әз-Жәнібек атануы да со-
дан. Әбілхайырдан елін бөліп алып шыққанда 
өзіндей еңбек сіңірген деп есептелетін оны-

192
мен бірге туған бауыры Керей хан туралы не 
Асанқайғы, не басқа жыраудың бір ауыз лебіз 
білдірмей, разы болса да, наразы болса да, 
олардың тек қана Жәнібекті жырлауында көп 
мән бар. Өйткені, тарихи тұлға атаулының бәрі 
әдеби кейіпкер бола бермейді. Ауызша жыр-
ланатын әдебиетте бірнеше ғасыр бойы есімі 
жоғалмай жүру үшін де кейіпкер де, автор да 
сол халыққа айырықша еңбегі сіңген үлкен бе-
дел иесі болуы керек...»
«Асылы, белгілі бір халықтың өзге 
жұрттардан қор еместігін біліп жүруі үшін 
оның елдік санасын қалыптастыратын ғылыми 
тұғыры мықты төл тарихы жазылуы шарт. Та-
рихи дәуірлердің беденін қапысыз түсірген 
көркем шығармалары болуы қажет».
«Бірақ, батырлықты, мәрттікті қатты 
қастерлейтін елдің батырлық жырының 
қаһарманының қылықтары қалай болғанда 
да сол елдік салттың дәстүрлік шеңберіне 
сыюы қажет, сөйтіп, өзін жұртқа жексұрын 
көрсететін қылықтан аулақ болуы керек».
«Сөз жоқ, мұның барлығы - әрі эпостық 
дәстүрдің күші, әрі ерлікті, намыстылықты 
бағалайтын, оған үлкен өлшемдермен қарайтын 
халықтық сананың рухының асқақтығының 
белгісі!.»
«Тарих пен оның көрнекті өкілдеріне ша-
масы келгенінше сол тұстың ықпалды адамда-
ры, қоғамы ғана ықпал етпек, не өздері соның 
ырқы мен ықпалында болмақ».
Шағын мақалада бүкіл еңбектер ішінде ба-
яндалатын қазақтың қилы тарихының эпизод-
тарын да мысалға келтіруге мүмкіндік жете 
бермесі,сірә, белгілі. Жыраулық поэзиядағы 

193
озық үлгілерді, олардың ел тарихымен өзектес 
арналарын зерттеген зерделі ғалымның тың 
пікір, орнықты көзқарастарын талдауға да 
мүмкіншілік аз. Орайы келгенде халықтық 
тілдің мәйегін еркін меңгерген жерлесіміз, 
профессор Жұмат аға Тілеповтің мақалалар 
мен зерттеу дүниелеріндегі кестелі тіл өрнегіне 
де тәнтілік құлатамыз. Мысалы:
«Демек, жырау (Мұрын жырау туралы. Ғ.Ә.) 
арқалы, әруақты кісі. Жерді ойып жіберердей 
болып дүсір салып келе жатқан мыңдаған 
тұяқтың дүбірімен, қиқу салған жұрттың 
үнімен делебесі қозып, суырылып озып, ілгері 
шыға беретін нағыз суын тұлпарлар сияқты 
алқалы жиында ғана өнер көрсететін өрен 
жүйрік».
«Күллі адамзат баласы өмір кешіп жатқан 
бес материкке қазақ сөзімен туындаған 
шығармалары мәлім Мұхтар Омарханұлы 
Әуезов сынды ғұлама бастаған данагөйлердің 
дәрісін тыңдады.  ...дағуалы ойларының 
тұңғиығына шомуға мүмкіндік алды.»
«Тілектес жұрт аяғын нық басып, тау суын-
дай тасқындап сөйлеп тұрған дүлдүл жүйріктің 
баяғы қалпын қайта көрсек деп ынтықты» 
(З.Қабдолов туралы).
«Бұл сөздерде халқының тағдырын өз 
өмірінен жоғары қойып, бүкіл саналы ғұмырын 
сол үшін арнаған абзал қандастарының жете 
алмай кеткен арман-мұратын, жасай алмай 
кеткен жасын ойлағанда қамығып кететін аса 
терең ойлы азаматтың бүкіл кісілік болмысы 
жатыр».

194
«...Ол тек ұлының ұрпағы ғана емес, 
ғылымның тұлпары да бола білген жан еді...» 
(Шәмшиябану Қанышқызы туралы).
Ендігі кезекте екінші кітаптың алғысөзіне 
де көз сүзелік:
«Қоғамдасып күн көретін адамзат 
қауымында елдік мүддеден артық қастерлі 
ұғым болған емес. Ал адамзат баласына аламан-
тасыр алмағайып заманаларда сол қастерлісін 
сақтаудан артық қиындық болмаған.  Көрнекті 
ғалымның бұл еңбегіне ел мүддесі жолында 
бүкіл өмірін сарп етіп, қазақ жұртының ар-
палысты тірлігінде қол бастаған батыры, сөз 
ұстаған ақыны бола білген Шотан, Бекет, На-
урызбай, Сүйінғара, Исатай, Махамбет, До-
сан, Иса сияқты ерлері мен Абай, Ыбырай, 
Ығылман, Спандияр, Нарманбет, Мұрын 
жырау сынды «халқыма қорған болсам» деп 
туған жұртының рух туын көтерген біртуар 
перзенттері туралы жазылған зерттеулері 
енгізіліп отыр» .
Кітаптың өнебойы-өзегінде тағы да сол 
тапқыр сөздер, ойлы иірімдер, жаңаша 
ғылыми түйіндер... Әрбір мақала, немесе 
еңбекте сол тақырыпты игеру үшін  қаншама 
күн,түн көздің майын тамызып, құнды, 
деректі, ғылыми дүниелер ақтарылып, са-
рапталып, қорытылып, жүйеленіп, ақыр 
соңында қандай бай материалдар ұсынылады 
десеңізші. Оқып отырып рухани байисың әрі 
көп нәрсені танисың. Бұрын-соңды қолыңа 
көп түсе қоймаған кейбір  тың деректерді оқып, 
көңіл зердесіне түйесің. Тілінің шұрайына 
ынтығасың...

195
«Сөйтіп, бір кездерде жекеге түскен Ұлы 
шапақ нұрдың сәулесі мен қуаты көптің сана-
сын биледі...»
«Дүниедегі тосын құбылыстардың құпиясын 
зерттеушілердің, солардың ішінде ХХ 
ғасырдың басында өмірден өткен атақты Хаз-
рет Инаят ханның пікірінше, Шексіз құдірет 
пен ақыл иесі Жаратушының ерекше мейірі 
түскендердің арасында ұшатындар да, аңдар 
мен құстардың, гүлдер мен ағаштардың лебізін 
ұғынатындар да, космостық саут-е сармат сын-
ды әуез, әуендерді, көз жетпес қашықтықтағы 
сөздер мен тілек-жалбарыныстарды ап-анық 
еститіндер де, жүріп өткен,отырған жерлеріне  
жанға дауа энергия сыйлайтындар да бола-
ды...»
«...Сондықтан оның небір алғаусыз асқақ 
сезімдері адал көкіректе бүр жарғанына 
қарамастан жүзеге аспас арман боп талай-та-
лай тұстарда иелерін жерге қаратқан.
...елдің елдігін сынар ұлы істердің тағдыры 
таразыға тартылып, талай жүйріктер додаға 
кіруге кібіртіктеп тұрған тұста да ат басын тар-
тып көрмеген көреген жан болған...»(Қаныш 
Сәтпаев туралы)
«..ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 
адамзат баласының тарихын баба жыраудың 
жырын айтқандай төгілдіретін, осы дәуірдің 
ұлығ жыршысы Әбеке, Әбіш Кекілбаев...»
Қысқасы, көзі қарақты, зерделі оқырман, 
жоғары оқу орындарының, орта білім беру 
ошақтарының оқушылары мен студенттері де 
бұл кітаптан кез келген өзіне керегін тауып, 
көкейге түйіп аларына шәгім жоқ.

196
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ: 
ІЗДЕНІСТЕР МЕН 
ІРГЕЛІ ІСТЕР
Ғылым мен білім! Қандай 
шексіз де ізгі қасиетті ұғым, тұнба 
бұлақ қайнары десеңізші! Адам 
баласы тіршілікке жаратылғалы 
бері оқып, білуге, үйренуге, 
жетілуге, өркениетке ұмтылып 
келеді. Қай заманаларда да озық 
ойлы азаматтарға, ғалымдарға 
бас иіп, оның қоғамдағы, шәкірт 
тәрбиелеудегі ролін жоғары 
қоя білген. Ал осы ғылым мен 
білімнің түпсіз тұңғиық әлеміне 
құлаш ұру да кез келген пенде 
баласының қолынан келе берме-
се керек. Бұл да үлкен тәуекелдің 
ісі. Ол үшін де туабітті қабілет-
қарым, алғыр ой-сана, талмас 
талап сияқты қасиеттер кісі бой-
ында табиғи сомдалса керек-ті. 
Біздің басты кейіпкеріміз – 
киелі Түркістан топырағының 
перзенті. Ал Түркістан дегенде 
күллі түркі әлемін еске алмасқа 
лаж жоқ. Түркі әлемі үшін 

197
екінші Мекке саналатын, Ахмет Яссауи сынды 
ұлы ойшыл ғана емес, иісі қазақтың нешебір 
жақсы-жайсаң, би, батырлары мәңгілік тыныс 
тапқан осынау өңірде осыдан алпыс жыл ша-
масы бұрын Әбдімүтәліп есімді шарана өмірге 
келген еді. Отбасындағы жеті баланың көшін 
бастаған тұңғышын әкесі Әбжаппар ақсақал 
Әбдімүтәліптің әжесі Анар Пәрімбетқызының 
бауырына салды.Әжесі діни сауаты мол, 
қожаның қызы еді. Оның туған ағасы Әбен 
қожа Пәрімбетұлының атағы бүкіл Түркістан, 
әрісі оңтүстік аймақтарға аян, діни терең 
білімді, алды босамайтын зайырлы кісі еді. 
Осындай әулеттен дүреген жанның баласы бо-
лып, тәрбиесін көруі, қанша дінге қия шабу-
ыл болған қияс қоғам болғанымен де, әжесінің 
түнімен құлағына құйып шығатын Құран 
хадистері мен аяттарын әлі күнге жадынан 
шығара алмай, жатқа айта беретіні  бар. Жаны 
жәннатта болғыр әжесі тоқсанға дейін ғұмыр 
кешіп, шөберелерінің сана-сезіміне  дейін 
имандылық тәрбиесін сеуіп кетті.
Әкесі де көзі қарақты, қалада өз ұстаханасы 
бар, шебер, ағаш ұстасы еді. Домбыра, күбі, 
есік, тағы да басқа дүниелерді өз қолымен жа-
сайтын, елі-жұртына беделді азамат еді. Ол 
кезде Түркістанда екі атақты қазақ мектебі 
болды. Біреуі Ленин атындағы мектеп те, 
екіншісі №386 теміржол мектебі. Әбдімүтәліп  
соңғысын күміс медальмен бітірген соң, Қазақ 
политехникалық институтының металлургия 
факультетіне еркін түсті.Талантты жастың 
таудай талабын қапысыз таныған ұстаздар 
оны ерте бастан ғылымға қарай баулуды қолға 
алды. Үшінші курста оқып жүрген кезінен-ақ 

198
институттағы ғылыми лабораторияға жұмысқа 
кірген ол ғылым-білімге ерте бой үйрете баста-
ды. ҚазПТИ-ді үздік бітірген соң оның алдын-
да екі таңдау тұрды: бірі ғылымның соқпақты 
да күрделі жолы. Екіншісі, осы институтта 
оқып жүрген кезінде өзі араласқан комсо-
мол жұмысы бойынша туып-өскен қаласы – 
Түркістанға барып, қаланың саяси-қоғамдық 
өміріне атсалысу-тұғын.
Қабырғасымен кеңесу, ата-анасымен ақыл-
дасу үшін ауылға әдейі ат басын бұрған. 
Құрылыс бригадасының бригадирі болып 
еңбек етіп жүрген әкесі салған жерден зейінді 
баласының өзін-өзі шыңдап, қатарының 
алды болып, қайралып өсіп қалғанына, үздік 
біліміне қуана тұрып: «Өз болашағыңды, 
бақытыңды білім жолынан ғана таба аласың, 
құлыным» деген сөзінен кейін аттың басын 
Алматыға кері  бұрды.
Әкесінің бұл ақылын тыңдап, арман-мақ-
саттың асқар шыңына құлаш ұрғанына еш 
өкін-бейді. Былайынша қарағанда, оның ал-
дында кесе-көлденең тұра қалатындай кедергі 
де жоқ еді. Әрине, белді шарт буып ғылым 
жолын қуғаныңмен де,  ол кезде диссерта-
ция қорғау да оңайшылықпен болмайты-
нын біледі. Бірақ, ұстаздары да қолдап тұр, 
институттан теориялық және практикалық 
білім мен тәлім-тәжірибе жинағаны өз алды-
на. Бір жақсысы, алтыншы сыныптан бастап 
сынып жетекшісі Моисеева Людмила Карпов-
на деген орыс қызы болды да, әйтеуір орыс 
тіліне тез жетілді. Бұл бір жағы бүкіл өміріне 
азық болды. Жалпы тіл білген, бірнеше тілді 
еркін меңгергенге не жетсін. Түркістаннан 

199
түлеп ұшқанда екі тілде сайрап тұрған жас 
жеткіншектің институт қабырғасындағы 
ғылыми ізденістер, лабораториялық жанды 
жұмыстар, ғылыми-реферативтік журнал-
дарды үзбей оқып ғылыми жаңалықтармен 
уақтылы құлақтануы, әрі өзі де жаңалықтар 
ашуға құлшынысы, Кеңес қоғамындағы 
ғылыми прогрестің қарқынды дамуы оны 
асқаралы асуларға сүйрей берді. Жергілікті 
ұлт өкілдерін, оның ішінде қазақ балала-
рын орталықта оқыту жөнінде мәселелер жиі 
көтеріліп, дарынды жастардың сапында Әб-
дімүтәліп Әбжаппарұлы Ленинградтағы Кали-
нин атындағы политехникалық институтта 
оқуға жолдама алғанымен, әжесі қынжылып, 
жылап-сықтап, жібере қоймады. Одан кейін 
институт проректорлары атақты профессорлар 
– Өмірбек Жолдасбеков пен Мұштай Батырбе-
ков білімді жасты Мәскеудің болат және болат 
қорытпалар институтына (МИСиС) жіберді. 
«Мен онда 2-курсты бітіріп барған едім, ал олар 
екінші курсты қайталап оқисың деді. Шынын 
айтқанда бір курсты екі жыл шиырлап қайта 
оқуды өзіме ар көрдім де, қолды бір сілтеп 
кетіп қалдым», дейді Әбекең сол күндерді жы-
мия еске алып.
Алыс сапарларға бәрібір жолы түсті. 
Ленинградтағы Плеханов атындағы тау-кен 
инс-титутының аспирантурасында екі жыл 
оқып, өте мықты профессорлардан дәріс 
алды. Ғылыми жетекшісі профессор Еремин 
Николай Иванович бұл жігіттің ғылыми та-
ным көкжиегінің кеңдігі-не, зейін-зерде, 
талант тегеурініне қанағаттана қарады. Ал 
Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы болса, мұндай 

200
білімге өзі оқыған Қазақ политехника-лық 
институтындағы ғұлама ғалымдардың терең 
білім беруі, үлгі-өнегесі арқылы ғана қол 
жеткізгендігін мақтан етіп айтатын.
Өмір деген қызық қой. Оның түрлі-түрлі 
соқ-пақтары да, сабақтары да бола береді. 
Ешкімге құлпын аша қоймайтын кеңестік 
идеологияға қарамастан  өткен ғасырдың 
1988-89 жылдарында жас та қайсар қыран 
Әбдімүтәліптің Герман федеративтік респу-
бликасында (ФРГ) ғылыми тәжірибеден өтуге 
мүмкіндігі туды. Сол кезде бір кафедрада бір 
бразилиялық, бір корей, үш қытай және біздің 
кейіпкеріміз оқыпты. Сондағы ғылыми семи-
нарларда профессор И.Одлердің ұзын бойлы 
да, сойлы еңсегей қазақ жігітін оңа-шалап, 
жеке пікірлесуі басқа мамандарға қара-ғанда 
мұның білім деңгейі мен таным өресінің 
биігірек болғанын мойындағаны екендігі дау-
сыз аңғарылып тұрушы еді.
Инженер-металлург мамандығы бойынша 
аспирантураны бітірген бойда кандидаттық 
диссертация қорғауы да сирек құбылыс еді. 
Ғылыми ізденістерін жандандыра отырып, әу 
баста өзі басты тақырып етіп алған глинозем 
(Al2O3)–яғ-ни күлден, топырақтан аллюми-
ний тотығын алу мәселесімен түбегейлеп ай-
налысты, көптеген эксперименттер жасады, он 
шақты авторлық куәлік пен патенттердің иесі 
атанды, 70-тен астам ғылыми мақалалары, 
1 монографиясы және оқулықтары мен 
оқу құралдары ғылыми игілікке айналу-
да. Ә.Әбжаппаровтың жетекші-лігімен 
үш кандидаттық жұмыс қорғалды және 

201
аспиранттардың ғылыми ізденістері 
жүргізілуде.
Осындай ортасынан оқ бойы суырылып шы-
ғып келе жатқан жас ғалымның егемендік 
алған еліміздің алғашқы білім министрі 
Шайсұлтан Шаяхметовтің назарына ілігуі де 
жәйдан-жәй емес деп бағалау орынды. Зиялы 
тұлғаның оны орталық аппаратқа шақыруы, 
«еліміз егемендік алып жатқан кезде оған 
қызмет етуден артық қазақ ұланында қандай 
бақыт болуы мүмкін» деген сыңайдағы ол 
кісінің айтқан сөздері қатты ойландырды әрі 
тебірентті де.
Сөйтіп, табанды түрде алға басқан ғылым 
жолына егемен еліміздің білімін  дамыту 
ісі жалғасты. Сонау ФРГ-де оқып жүрген 
кезінде де бұған ол жақтан тауар әкеліп, сауда-
саттықтан пайда табу жөнінде ұсыныс жасап, 
іскерлікпен айналысуға азғырушыларға да 
ермегені, бірінші кезекте өзінің де, елінің де 
абыройын ойлағаны әсте жадынан шықпады.
1994 жылы  үлкен конкурс өтіп, тілді 
жақсы білетіндігі көмектескен болса керек, 
Германияға екінші рет, «Басқару академи-
ясына» сапар шекті. Бұл біздің еліміздің өз 
тәуелсіздігіне қол жеткізіп, ал ГДР мен ФРГ 
бірігіп, ГДР-де нарықтық экономиканың 
негіздері енгізіліп, жекешелендіру бастау 
алып жатқан тұс еді. Түркістан түлегі, қазақ 
баласының «Білім беру саласындағы құрамды 
басқару» тақырыбында Брюссельде(Евроодақ)  
неміс тілінде дипломдық жұмысын қорғайтын 
уақыты осы кезең.
Елге оралғасын егемен мемлекетіміздегі 
Білім туралы заң, жоғары білім туралы 

202
заңнамалық негіздемелердің қалыптасуына 
бір кісідей атсалысты. Ал 1999 жылы 
Президенттің министрліктің алдына қойған 
тапсырмаларын жедел орындау үшін 
революциялық реформаларға қадам басуға тура 
келді. Кешенді тест арқылы оқуға қабылдау 
моделін жүзеге асыру үшін жоғары білім 
департаменті құрылып, оның алғашқы дирек-
торы болып Әбдімүтәліп Әбжаппаров мырза 
тағайындалды. Әрине, бұл кездегі жанкешті 
жұмысты біліктілікпен ұйымдастыра білген 
азаматтардың есімдері бүгіндері көп ата-
ла бермейтіндігі өкінішті. Бүгіндегі Ұлттық 
бірыңғай тестілеу жүйесі сол Әбекең ағамыз үш 
жыл қатарынан басшылық жасаған  кешенді 
тестілеуден бастау алады.
Бертінде төрт жыл Шығыс Қазақстан 
университетінде ректор болып қызмет атқарған 
Ә.Әбжаппаров тағдыр айдап киелі Маңғыстау 
топырағына келгелі де біраз жылдардың жүзі 

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.61 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет