Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.

бет6/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
немесе әйел мұраты жайында
Қаншама ғарасат заманалар-
ды бастан кешірсе де, тағдыры 
талайлы біздің қазақ өзінің 
тарихи дәстүр, ата салтынан 
ажырамаған текті халық. Бұл 
қазақ деген халықтың сан та-
рам тарих тоғыстары, аласапы-
ран дүниеде жойылып кетпеуіне  
осынау өміршең ділі, ана тілі, ата 
тегі, халықтық қадір-қасиеттері 
әркез дем беріп, ата-бабалардың 
өшпес рухы қолдап отырғаны 
ақиқат дүние. Қазақ қазақ 
болғалы ең бірінші кезекте Отан, 
отбасы, отағасы, отанасы тәрізді 
ұғымдарға тереңнен мән берген. 
Үйдің қариясы отағасы атан-
са, оның бәйбішесі отанасы, ал 
үрім бұтағы ошақтың үш бұты 
саналған. Қасиетті ошақ көшіп-
қонған қазақтың киіз үйінің қақ 
ортасынан орын алып, ешқашан 
жалыны сөнбеген, сойылған мал

172
берілген қаделер сол ошақтың басында болған. 
От басы, ошақ қасы адамдардың бір тармақтан 
шығатынын, ажырамас бірлігін танытқан. 
Екеу-екеуден енші алып, іргесін бөлектесе де, 
бір желіге байланған тай-құлындардай ара-
лары бөлінбеген. Жау шапса да, қайсы бір 
қиындықтарда да бір-біріне сүйенген. Сөз 
жоқ, үш бұты шатқаяқтамаған ошаққа, яғни 
шаңыраққа жасы үлкен ер адамның көрегенді 
басшылық жасап, көбіне-көп түз тірлігін 
тындырғаны,  ал шаңырақтың бүтіндігі мен 
тыныштығы, бала-шағаның амандығы мен 
саулығы, олардың ат жалынан тартып мініп, 
ширап-шыңдала өсуі, ата жолын қууында 
көбіне-көп ақ жаулық-ты әжелер мен аналар 
жауапкершілік жүгін арқалаған.
Міне, осынау әріден тамыр  тартып келе 
жатқан үрдістің бүгінгімен жалғасқанын 
көріп, көңіліміз тояттар болса, қуанбасқа не 
шара?! Өйткені, сол ата –бабаларымыз қан 
төгіп, найзаның ұшы, ата намыс рухымен 
қорғаған мынау сайын далада егемен мем-
лекет болғанымызда, осындай оңды үлгіні 
көре қалсақ, тамаша ғой. Діңі мен ділі мықты 
қазағымыздың шаттығы ұйыған шаңырақтары 
елімізге тірек бола алары бек белгілі. Тәуелсіз 
елдің, ұлы Отанымыздың қабырғасы қатайған, 
уықтары шаншылған, шаңырағының шалқақ 
болуы үшін әрбір отбасының құрыш болат-
тай беріктігі, өс-келең ұрпақтың ұлттық һәм 
азаматтық сана-сезімінің жоғарылығы ерекше 
мәнге ие. 
Қанатын кеңге жая түсіп, қырандайын 
көк зеңгірге  қалықтауға бет бұрған Қа-
зақстанның алтын күн аймалаған ша-ңырағы 

173
аясында өзіндік қолтаңбасы бар отбасылары аз 
емес. Сондай көпке мәлім әулеттің бірі – Ма-
рабай ақсақалдың үрім-бұтағы. Бүгінгі әңгіме 
арқауына айналып отырған оның бір баласы 
Әбуғалидан өрбіген Нәсіпқали Марабаевтың 
есімі елге жақсы таныс. Еңбек жолын 
қатардағы бұр-ғышыдан бастаған Нәсекеңнің 
еліміздің мұнай өндірісінің корифейлері са-
натына ілігіп, Атырау мен Маңғыстаудың 
«қара алтын» дариясын тасытудағы, облысты 
бас-қарудағы еңбегі өз алдына бір қайырым 
әңгіме. Республикалық ауқымда да жоғары 
лауазымды қызметтерді атқара білген бі-лікті 
басшы, үлкен парасат иесі. Ең бастысы, өмірін 
халқына қалтқысыз қызмет етуге арнаған 
елі мен жерінің ерек патриоты. Н.Марабаев 
туралы халқымыздың даныш-пан перзенті 
Ә.Кекілбаевтың: «Ол өзгенің артықшылығын 
айтуда құлашты тым кеңге салады да, ал 
кемшілігіне келгенде жұм-ған аузын ашпайды» 
деген сөзіне тәнтілік құлатамын. Орайы кел-
генде өзім білетін бір мысалды жария қылудың 
артықтығы болмас. Нәсіпқали Әбуғалиұлы об-
лыс әкімінің кеңесшісі болып қызмет жасап 
жүрген кезінде бір күні «Ана тілі» газетінен Ра-
ушан Әріп есімді маңғыстаулық бойжеткеннің 
«Ана тілі аруы» атағын жеңіп алғанын оқиды. 
Осы басылымның қиындысын алған ол сол 
күні вертолетпен облысты аралаған сапарын-
да оны облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа 
мақтанышпен айтады. Былайынша айтқанда, 
бұл жерде ұлтжанды ағамыз маңғыстаулық, 
түп төркіндеп келгенде  нағыз қазақ қызы үшін 
мақтанып тұр ғой!Ал зиялы азамат Қырымбек 
Елеуұлы ол кісімен болған әрбір әңгімеден 

174
кейін халқы үшін жан аямай қызмет еткен өз 
әкесін көргендей, әкесінің даусы мен ұлағатын 
қайта естігендей  әсерде қалатынын ірікпей 
ашық жазады.
«Жақсының жақсылығын айт...» демекші, 
Нәкең ағамыз нағыз жақсы-жайсаңның өзі 
еді-ау. Үнемі елдік мақсат жолында тынымсыз 
тер төккен жоғары мәдениетті, өрелі, еңбекқор 
да адал азаматтың ұлы өмірдің белестерінде 
осынау алға қойған межелеріне қол жеткізуіне 
жанындағы құдай қосқан қосағының  да 
еңбегі аз болмасы өмір тәжірибесінен белгілі. 
Біз Ләйлі Оқанқызының кім екендігін оның 
жуырда жарық көрген «Дерево до небес» 
 
(«Тамыры терең бәйтерек») атты  кітабын 
асықпай оқып шыққаннан кейін барып ұқтық.  
Қасиетті Абай елінің қызы. Тағдыр айдап 
қасиетті Адай елінің келіні болды. Елу жыл 
бойы тату-тәтті тіршілік кешкен Нәсіпқалиы 
екеуі Мәскеуде, ол Губкин атындағы мұнай 
институтында, ал бұл ет-сүт өнеркәсібі хи-
мия-технология институтында оқып жүрген 
кездерінде тағдыр тоғыстырды. Алғаусыз 
сезім мен асыл арманмен астасқан жас-тық 
махаббаты өмір ағыстарында кездескен неше 
алуан қиындықтарды жеңіп шығуға қуатты 
болды.  Әкесі Оқан 1941 жылы қанды майданға 
аттанып, сол жылы Ленинград түбіндегі қиян-
кескі шайқаста  көз жұмды деп қаралы хабар 
келген, сөйтіп әке қадірін ерте ойлаған бала-
уса қыздың жүрегінде сол кезде бүр жарған 
бір арманы - болашақта бір жақсы, білімді 
адамға күйеуге шықсам, ер-азаматтың оры-
нын бөлекше бағаласам, бала-шағаларымды 
қандайма жағдайда да әкесіз қалдырма-сам де-

175
ген ізгі үміт мазалаған-ды. Ойлағанын Құдайы 
берді. Тәңірі тәуір азаматты, қайырымды да 
мейірбан, кішіпейіл де ұяң, білімді де табан-
ды тұлғалы жанды сый етіпті. Екеуі алғаш 
институт бітіріп келген соң Атырауда қызмет 
жасаған жылдарда әуелден де алғыр да батыл, 
аса сауатты ару Ләйлі Оқанқызы қалалық 
ет комбинатына жұмысқа алынғаннан ба-
стап жедел қызмет баспалдағымен көтеріле 
бастаған-ды. Өз ісіне бекем, беделді, адал жан-
ды ұжым басшылары оң бағалап,  қалалық 
кеңес депутаттығына да ұсынып, халық оны 
бірауыздан сайлады.  Кейін Нәсекеңмен бірге 
Қаратон, Прорва, Өзен, Жетібайдың мұнай 
кеніштерінің маңында-ғы мехнатты жұмыс 
пен ауыр тұрмыстың тауқыметін де, кейін оның 
рахатын да бір кісідей көре білді. Ақылды қыз 
дәп-дәстүрді қатты ұстанатын еліміздің батыс 
өңіріне келін болып түскен соң, үлкендердің 
алдынан қияс өтпей, жөн-жоба, салт-сана, 
имандылық пен ибаға көбірек иек артты, 
әсіресе ер кісілердің жолын кес-кестеуге бой 
ұрған жоқ. Табиғатында көбіне-көп орысша 
тәрбие алғанымен де жан дүниесі таза қазақ, 
ақылды да мәдениетті болмыс иесі өзінің 
өмірлік жол тарабындағы жүктелер міндетін 
пайымдай білді. Барлық ғұмырын күйеуі мен 
балаларын сүюге, солардың жағдайын жасауға, 
қабақтарына кірбің түспеуі үшін күресуге ар-
най білді. Екі қошқардың басы бір арнаға сый-
майтынын да ерте ұғынды. Ерінің елі, жері, 
қоғам үшін қапысыз  қызмет жасап, арты-
на алаңдамауы үшін тыл тірлігін толықтай 
өз мойнына алды. Мұнай кәсіпшілігінің, не-
месе басшылық қызметтің жауапкершілігін 

176
арқалап, күйеуі талай түнделетіп келгендерінде 
қабағын шытпай, алдынан күліп қарсы алды. 
Таңертең көйлегінің жағасын түзеп, жымиып 
шығарып салды. Бүкіл өмір бойына осынау 
өзара ықылас, ішкі жарастықты сезім, ауыз-
бен айтпай-ақ ишарамен, жанармен ұғысатын 
сүйіспеншілік сезімі бұл екеуін өмір-бесігінде 
тербетіп, асау айдындардың төскейінде тай-
салмай жүзе білуге бастады. 
Ұлы Жаратушы жақсылығын аямады. 
Бірінен соң бірі Ермек пен Жақып сынды нар 
тұлғалы ұлдары дүние есігін ашты. Светла-
на мен Сәуле сынды еліктің лағындай, көздің 
ңұр-шырағындай егіз қыздары өмірге келді. 
Бұл балалар бір-біріне бауыр басып өсті, біріне-
бірі қорғаушы, қолдаушы болды. Ең бастысы, 
ата-ананың үміті мен сенімін ақтады. Мектеп-
те жүрген кездерінен-ақ төртеуі де өнерге және 
спортқа құлшыныс танытты. Төртеуі де пиани-
но кластарында оқып, бітірді. Ермегі қосымша 
аккордеонды үйренсе, Жақып  мықты пианист 
болумен қатар, гитараны да «қағындыра» тар-
та білді. Төртеуі де әке жолын жалғастырып, 
Мәскеудің Губкин атындағы мұнай институ-
тын абыройлы тәмамдады. Араларында үздік 
оқып, топ жарғандары да бар. Қанша деген-
мен, көп қолы тие бермейтін Нәсекең «түздің» 
адамы болғандықтан, үй шаруашылығы мен 
бала тәрбиесінің зілбатпан салмағы Ләйлі 
ханымның иығына түсті. Ол отбасының 
амандығы мен жетістігі, бағы мен берекесі 
үшін әсте аянып қалмады. Ең жақын адам-
дарын қуантуға, олардың көңілінен шығуға 
үнемі ұмтылыс жасап отырды. Отбасында 
болсын, мейлі өмірде болсын, адам баласы ақ 

177
адал ғұмыр кешумен қатар әркез тіл тапқыш, 
ақылман, аңғарымпаз әрі талдампаз болуы 
керек екендігін бір сәт жадынан шығармады. 
Отбасында болмай тұрмайтын сәл ғана бір 
түсініспестік-тер, пікірлер қайшылығына 
бола, жылдар бойы жинақталған жылы 
қарым-қатынас, ішкі ынтымақты, алтын 
ұяның алынбас қамалын  бұзбауды нысана 
етіп ұстана білуді жақтады. Отбасында әкенің 
орыны ерекше екендігін балаларға ұдайы ай-
тып саналарына сіңіріп, оны құрмет тұту, 
әкеңмен мақтанудың мәнісін үйрете білді. 
Осындай отбасы, ошақ қасындағы ұйыған 
тіршілік, бір-біріңізге деген шына-йы сезімнің 
тек қана игілікке бастайтынын келіндеріне де, 
қыздарына да өнеге тетігі етіп ұсынды.
Ер-азаматының орынын ойсыратпай 
«Мұнайшы» қоғамдық қорына жетекшілік 
жасап отырған Ләйлі Оқанқызының сонымен 
қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, қомақты 
еңбекті жазып бітіріп, ұрпағына аманат етуі 
құптарлық. Бүгінгідей заманда «ел боламын 
десең, бесігіңді түзе» деген ұлы Мұхаңның 
(Әуезов) қанатты қағидасын қайталай берудің  
тіптен артықтығы жоқ. Ал жарының  заңғар 
биікке өрлеуіне сүйеу бола білген, балаларының 
қыран көгіне самғауына аналық ақ сүтімен 
бірге толымды тәрбие, ақ жол таба білген, Ма-
рабаевтар мен өз төркіні - Күзембаевтар тегінің 
бүкіл ата тарихын жатқыза өргізіп, мол тарихи-
тағлымдық, мәдени-танымдық мұраны мирас 
етіп қалдырып отырған, аталған екі әулеттің 
қанат жайып қатаюына жан-жақты көмектесіп 
ықпал ете білген Нәсіпқали шаңырағының 
 
жан жылуын шашқан От-Анасы – Ләйлі 

178
жеңгемізге шынайы ри-зашылық көңілден 
сүйсіне қараймыз. Қа-зақ деген қаншыл 
халықтың кім екендігін, елге қалай қызмет 
ету керектігін елу жыл отасып алтын ғұмыр  
кешкен Нәсіпқали- Ләйлі жұбының өмірінен 
үлгі ете аламыз. Өздерінен өнген Ермек пен 
Жақып, Светлана мен Сәуле бұл күндері егемен 
еліміздің мұнай дариясын тасытып, абырой-
ын аспандатуда да, елдіктің жалауын керіп, 
ұр-пақ өсіруде де қазақ қоғамының алдыңғы 
көшінде келеді. Ал олардан өрбіген ұр-пақтың 
өзі аталар жолын жалғастырып, қызу еңбектің 
ащы дәмін тата білуде. Бұл күндері он немере 
мен бес жасар шөбересі Самираның қызығына 
тоймаған Ләйлі ханым ақжал толқындары 
аспанға атқыған баба Каспийдің жағасынан бой 
көтерген, тыным таппай  жүріп өзі салдырған 
зәулім ғимараттан өткен өмір белестеріне шола 
қарайды. Ол әйел мұраты, әйел бақыты деген 
көпшіліктің көп уысына түсе бермейтін  асқар 
биікті бағындырғанын іштей жақсы сезінеді. 
Адам алдына асқаралы мақсат қойып, ты-
нымсыз тер төккенде, кездескен неше алуан 
кедергілермен күресе біліп, тау толқындардан 
тайсалмай, келешектің кемеріне қол созғанда 
ғана артына ай-тарлықтай соны із қалдыра 
алатынын терең түйсінеді.
... Ол бүгін тағы да ертемен тұрып, өз қолымен 
өсіріп жатқан саялы бағын аралады. Сонау 
студенттік жылдарда, қай-ран жастықтың ала-
уы сөнбес жалынды шақтарында сүйген жігіті 
Нәсіпқалиының өзіне нешебір әдемі гүлдерді 
әкеліп сыйлайтындығын есіне алады. Сәл-пәл 
толқи түскен жүрегін ұстаған Ләйлі-апа, баяғы 

179
Мәжнүніне асыққан Ләйлідей, Нә-секеңді ой-
лап кетеді бір сәт...
Жанарына іркілген жасты іркіп, асау теңізге 
көз салады. «Апырай, адамдар да толқындар 
сияқты екен-ау. Ұрпаққа ұрпақ жалғасып, 
балалар бақытты болса, одан асқан арман 
қандай!» деп толқиды. Көңілдің көлкіген 
аңсарлы да, мұңлы сәттерінде, баянды болған 
өміріне ой бойлатып, өлең жолдары да өзегін 
жарып шығатын тәрізді:
 Көл болса ұлы өмірге махаббатың,
 Мол етер ұлы Тәңір шапағатын..

180
МӘРТ БОЛМЫС 
ИЕСІ ЕДІ...
Бұрынғы заманның адам-
дары жолшыбай ұшырасып 
қалғанда әуелі ата тегін сұрау 
әріден келе жатқан халықтық 
дағды емес пе. «Тектіден текті 
туады, тектілік жолын қуады» 
деп жататыны да сондықтан. 
Отаршылдық өктемдікке 
қарсы 1870-1873 жылдардағы 
Маңғыстау өңірінде  болған 
Иса-Досан бастаған ұлт-азаттық 
көтерілісінде сол жанкешті 
майданның ақ туын көтеріп 
шыққан есіл ер Дәулеталы Дихан 
Өтепұлы екендігі мұрағаттық 
құжаттарда болса да, кітаптарда 
жазылса да насихат назарына 
ілікпей  жүр. Тәуелсіздіктің са-
мала жарығы нұрын шашқан 
өткен бір жылдардың белес-
бедерінде сонау Қаратөбе-
Мәстекте Адайдың асылдары 
–Шотан батыр, Абыл ақын мен 
Досан батырға үлкен ауқымдағы  
ас беріліп, ел мерейі тасқан 
күндер әлі есімізде. Сонда До-

181
сан ұрпақтарының бір қатарында қақ ортада 
«Дихан ауылы» деген қаз-қатар ағаш үйлер 
сән түзеген-ді. Өзінің ереуілшіл серіктерімен 
бірге жапа шеккен Дихан батыр ату жазасынан 
аман қалып, 13 жылға итжеккенге(Сібірге) ай-
далады. Ердің ері ғана төзер азап пен қинаудан  
аман өтіп, еліне қайта оралады. Ұрпақтары та-
мыр жайып мәуелеп өседі. Диханнан Теңізбай, 
Теңізбайдан Шохарбай болса, одан Қуаналы, 
Бүркітәлі, Қалау өмірге келіп, үшеуі де оқып, 
тоқып,  білімді-білікті  болып  өлкеміздегі іргелі 
істерге атсалысады. Қуаналы ақсақал өңірдегі 
Нәдір Нұрғалиев, Ысқақ Шәкіратұлы, Тұрар 
Жалғасбаев сынды оқу-ағарту саласының 
алғашқы қарлығаштары сапында болса, 
Бүркітәлі ақсақалдың Маңғыстау ауданының 
қоғамдық-саяси өмірінде жауапты қызметтер 
атқарғанын көпшілік жақсы біледі. 
Ал осы әулеттің кенжесі,1922 жылы дүние 
есігін ашқан Қалау Шохарбайұлына кел-
сек,  ол қанды майданға туған өлкемізден 
шақырылған алдыңғы лектің ішінде болады. 
Алғашқы ұрыстарға Сталинград майданы, 
2-Армия, 1150 атқыштар полкінің құрамында 
1942-жылдың сұрапыл күндерінде катысады. 
Өткір жанарлы, қою қара шашты, қайсар жігіт 
алғы шепте батыл қимыл, ерлік үлгісін таны-
тады. 1943 жылдың қарлы бораны күндерінде 
неміс-фашистерімен болған шайқастардың 
бірінде ауыр жараланған ол майдан даласынан 
елге оралады.
Тұлабойы, сыртқы келбет-кескіні қаталдау, 
теректей тіп-тік, екі тілде сауатты жасты 
аймақ басшылығы назарға алып, келген бой-
ында Ташкенттегі КГБ училищесіне жібереді. 

182
1943-1947 жылдарда  Гурьев(Атырау) 
облыстық  КГБ басқармасында әскери қызмет 
атқарған Қалекең Атырау аймағынан Форт-
Шевченкоға қоныс аударғаннан кейін, 1948 
жылдан бастап аудандық ауқымдағы жауап-
ты қызметтерді атқара бастайды. Бастапқыда 
аудандық әскери комиссариатта еңбек етеді. 
Семейдегі технологиялық техникумды үздік 
тәмамдағаннан кейін аудандық тұтынушылар 
одағы тері дайындау кеңсесінің директоры, 
Шевченко аудандық атқару комитеті  бақылау 
комиссиясының төрағасы, 1955 жылдан бастап 
Маңғыстау аудандық атқару комитеті жалпы 
бөлімінің меңгерушісі болды. Кейінгі жылдар-
да өлке шаруашылықтарын қалпына келтіруде 
әртүрлі басшы-жауапты қызметтер атқарды. 
Бейнеу ауданы өз алдына шаңырақ көтергеннен 
кейін аудандық  тұтынушылар одағында
аудандық орман шаруашылығы мекемесінде 
де жауапты қызметтер атқарып, өлкенің да-
муына өзіндік үлесін қосты. Аудандық арда-
герлер кеңесі төрағасының орынбасары тәрізді 
қоғамдық міндетті де қоса атқарып, аудандағы 
елдік шаралардың мазмұнды өтуіне, жастар 
тәрбиесіне бір кісідей еңбек сіңірді.
Қашанда қара қылды қақ жарып турасын 
айтатын, ешкімнің ығына жығылмай әділдік 
пен ақиқаттың жалауын желбіретіп жүретін 
ер мінезді ақсақалды бұқара халық жоғары 
бағалап, құрмет тұтты. Қайсыбір ісінде де 
сындарлылық пен мәрттіктің берен болмы-
сын аңғартып тұратын ақсақал әрқашан 
халықтың сөзін сөйлеп, адамдарға қамқор 
қолын соза білді. Өз бойындағы қадір-қасиетін 
бала-шағаларына да сіңіруге бар күш-жігерін 

183
жұмсады. Құдай қосқан қосағы Хадиша 
екеуінің құтты шаңырағынан өрбіген 7-8 ұл-
қыздарының жапырақтары жайылып, ұлан-
ұрпақтары өсіп келеді. Ең бастысы, арғы-
бергі ата-бабалардан тамыр тартатын тектілік 
дәстүрлер қалыс қалған жоқ. Адамгершілік 
пен кісілікті, туралық пен адалдықты, 
адамгершілік пен қайырымдылықты туғып 
көтерген бала-шағалары елмен бірге көктеп-
көгеріп келеді.
Бүгінгідей бүтіндей елдің мерейленіп жатқан 
тұсында екінші дәрежелі Отан соғысы ордені, 
«Г.К.Жуков медалі», КСРО Қарулы күштерінің 
медальдері, Еңбек ардагері медалінің иегері 
Қ.Шохарбаевтың жарқын бейнесін еске 
алудың оңды орайы бар. Бейнеудің алғашқы 
кірпіші қалана бастаған күннен бастап осында 
еселі еңбек етіп, халқына қалтқысыз қызмет 
қылған соғыс және еңбек ардагеріне дәулеті 
мен сәулеті өскен кенттегі көшелердің бірінің 
атын беру өте орынды іс болмақ.

184
ЖЫРАУЛАР  
ТІЛІМЕН ҮН ҚАТЫП
ТАРИХИ САНАҒА ТЫҢ 
СЕРПІЛІС ТУҒЫЗАДЫ.
Түпсіз терең шыңырауларға 
қауға салып, тұңғиық ғылым-
білім дариясымен сусындап, қай 
кезде де тоқтаусыз төгілдіре, 
төкпектете, шалқи сөйлеп, ша-
быттана қалам сілтейтін кең 
құлашты, шалқар тынысты абыз 
кісілерді «академиялық білімі 
бар нағыз ғалым екен» деп, да-
рын иесінің шексіз біліктілігін 
бағалау өркениетті елдердің 
барлығында да бар қағида. 
Өйткені, академиялық білім 
– академиктің, былайынша 
айтқанда ғұламалардың еншісі. 
Халқымыздың арғы-бергі бары-
жоғын түгендеп, түп-тұқияннан 
тін тартатын тарихын, ауыз 
әдебиеті мен мәдениеті, ұлттық 
салт-санасы мен әдет-ғұрпын, 
тарихи ескерткіштерін, басқа 
да құндылықтарын жалпақ 
дүниеге жария етіп, жадымызды 

185
жаңғырту сол сорпаның бетіне шыққан  озық 
ойлы ғалымдарымыздың батыл ізденістері мен 
ұлттық қаны мен ары, елдік қам-қарекетіне 
тікелей байланысты. Әрісі Ш.Уәлиханов, 
берісі Қ.Сәтпаев, М.Әуезовтермен сабақталып, 
кешегі-бүгінгі  тұлғалы ғылыми әлеуетіміздің  
ерен еңбегінің нәтижесінде ұлттық ғылымымыз 
еңселі биіктерді бағындырып келеді. Күні өткен 
кеңестік қасаң қоғамның өзінде «Бес ғасыр 
жырлайды» атты қос томдықты шығарып, 
ұлт әдебиетінің қайнар бастауын біреулер 
әдейі ХҮІІІ ғасырға теліп, қазақтың рухани 
өрісін қаншама тарылтқысы келгенімен де, 
М.Мағауин сынды бірегей тұлғаларымыздың 
батыл ізденістері нәтижесінде әдебиетіміздің 
тарихы ХҮ ғасырдан басталатын болып дау-да-
майсыз қайта қарала бастағаны белгілі.
Міне, осынау М.Мағауиннің  ұлт келешегі 
үшін жасаған теңдессіз еңбегінен кейін осы 
мәселеге екінші қырынан келіп, яғни жыра-
улар поэзиясындағы тарихилық тақырыбын 
көтере отырып, біздің ата тарихымызды 
танып-білуге де, оның күні бүгін ғана пай-
да болмағанын, яғни қазақтардың көне 
дәуірлерден ғұмыр кешкен халық екендігін, 
әрі әдебиетіміздің де түп қайнары Сыпыра жы-
рау, Асанқайғы, Шалкиіз бен Доспанбеттерден 
арна тартатынын нақты дәлелдермен дәйектей 
отырып, өзінің филология ғылымының док-
торы атағын әлдеқашан қорғаған жерлесіміз 
Жұмат Тілеповтің еңбегі де ерлікке пара-пар 
іс.
Жуырда Жұмекең ағамыз өзінің Алматы ба-
спасынан биыл жарық көрген қос томдығын - 
«Таным мен тағылым» және «Ел мүддесі – ер-

186
лер еншісі» кітаптарын ықыласпен сыйлаған 
еді. Мұндай ғылыми-танымдық кітаптарды 
оқып шығуға құлшынысың артады, та-
ным көкжиегің кеңейіп сала береді, қазақ 
тілінің құнарлы мәйегімен төгіле жырлаған 
поэтикалық туындыларды оқығанда аруағың 
аспандап, етің қызады. Ұзақ-сонар тарих 
сорабындағы бағзы жұртымыздың тағдырлы-
талайлы тарихи сүрлеулері, елдікті қолдан 
шығармау жолындағы жанкешті күрестер, 
қара жерді тітіреткен хандар мен батыр-
лар, қызыл тілден бал тамызған нешебір сөз 
сүлейлерінің тұлғалары көз алдымыздан жалт 
етіп елес беріп өтетіндей.
Міне, бірінші кітапты қолыма алып, 
әуелі алғысөзіне үңілдім. «Қазақ 
әдебиетінің көрнекті маманы, Халықаралық 
ақпараттандыру академиясының академигі, 
филология ғылымдарының докторы, про-
фессор Жұмат Тілеповтің бұл оқу құралына 
ақындық поэзияның бастауында тұрған 
Шал ақын Құлекеұлынан бастап, ХҮІІІ-
ХХ ғасырлардағы қазақ өлеңінің Қобылан, 
Түбек, Өске, Шернияз, Жамбыл, Иманжүсіп, 
Байбатыр секілді біртуар тұлғалары, қазіргі 
қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының 
З.Қабдолов, Ә.Кекілбаев, С.Қирабаев, 
Ш.Сәтбаева, З.Ахметов, Ә.Дербісәлин, 
Т.Кәкішев, Х.Сүйіншәлиев, А.Қыраубаева 
сынды майталмандары һәм өткен ғасырдың 
жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы 
қазақ фольклористикасының хал-жайы 
(Қ.И.Сәтбаев, М.О.Әуезов, А.Байтұр-сынов, 
Х.Досмұхамедұлы, Ә.Диваев, А.В.Затаевич, 
А.Жұбанов, т.б. халық-тық мұраны елге 

187
танытудағы ролі) туралы жазылған елеулі 
еңбектері жинақталып беріліп отыр», деп жа-
зылыпты.
Бұл алғысөзді алға тартуымыздың да себебі 
бар. Өйткені, бұл кітаптағы барлық жаңалықты 
тегіс айтып шыға алмаймыз. Ал еңбектегі әрбір 
туындыны оқыған сайын көңіл көкжиегіңіз 
кеңейіп, ұлылардың айтқан даналықты 
сөздерін еш жерден іздемей-ақ нобайлап осы 
кітаптардан тауып ала бересіз. Мәселенки, 
«М.Әуезов және ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті 


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал