Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.

бет5/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
КЕЛІСІМ
«Түмен облысының журналистер одағы» 
Аймақтық қоғамдық ұйымы мен Қазақстан 
Журналистер одағының Маңғыстау фили-
алы Тюмень облысының үкіметі (Ресей Фе-
дерациясы) мен Маңғыстау облысының 
(Қазақстан Республикасы) арасындағы 
Келісімді басшылыққа ала отырып, әрі 
аталған Келісімнің Түмен және Маңғыстау 
облыстарының арасындағы жан-жақты және 
әділ ақпарат алмасу турасындағы 12-ба-
бын  жүзеге асыруға мейлінше ықпал ету 
жөніндегі жарғылық мақсаттар, міндеттер 
мен шығармашылық әлеуетке сүйене отырып 
келісімге келді.
Осы мақсаттар үшін:
– аймақтық журналистік ұйымдар арасын-
да, оның ішінде журналистік топтар алмасу да 
бар, заманауи ақпараттық технологиялар мен 
бұқаралық коммуникация құралдарын енгізу 
және бірлесе  зерттеу мақсатында іскер байла-
ныс орнату;
– облыстық газет, журналдар, теле және 
радиоарналар, интернет-басылымдар, ақпа-
раттық агенттіктер арасында тақырыптық ма-
териалдар және ақпараттық бөлімдер алмасу 
бойынша байланыс орнату;
– бұқаралық ақпарат құралдарында эко-
номиканы дамытудың тәжірибелері мен про-
блемалары, әлеуметтік сала қызметі, орыс 
және қазақ ұлттық диаспорасы мен жекелеген 
азаматтардың, ұлттық-мәдени автономиялар 
мен аймақтық азаматтық қауымдастықтар-

131
дың, басқа да құрылымдарының өмірін БАҚ-
да жария ету;
– тәжірибе алмасу, журналистердің 
біліктілігін көтеру, шығармашылық конкур-
стар мен журналистік акциялар өткізу бойын-
ша бірлескен шараларды қолға алу;
– осы Келісім шеңберінде тараптардың ық-
палдастығы мен оның нәтижелілігі бойын-
ша үйлестіру, мониторинг, ақпарат алмасуды 
жүзеге асыру.  
«Регион-Тюмень» газетінің бас редакто-
ры А.К.Омельчук  өзінің Алматыда өткен 
Еуразиялық медиа-форумға, қазақстандық 
әріптестерінің Мәскеуде өткен осы тектес 
шараға қатысқанын айта келіп, өздеріне 
біздің өлкемізде болған кезде тарту етілген 
«Маңғыстау» кітабы(дискісімен) керемет 
екендігін, Түменде де осындай үлгімен дайын-
дау қажеттігін биліктің қаперіне берді.

132
«ТЮМЕН-
СТАЛЬМОСТ» 
КӘСІПОРНЫНДА
Сапар барысында жолы-
мыз түскен бұл кәсіпорын 
 
Ресейдегі  темір жол, авто-жол 
және қосылатын көпірлер салу 
үшін метал-лқұрылғыларын 
шығаратын ірі зауыттардың 
бірі екен. Бір атап айтарлығы, 
зауыттың өзі, Новосібір жоба-
лау институты және ірі «Мо-
стострой-12» құрылымдық 
бөлімшесінің бірлескен 
қызметінен құралатын 
«Тюменстальмост»-тың қуаты, 
материалдық-техникалық ба-
засы айрықша. Тек «Мосто-
строй» холдингі үшін ғана емес, 
Ресейдің  өзге  де өңір-лері, одан 
да сырт аймақтар үшін өнімдер 
шығарылады. Мәселен, өткен 
жылы Ашхабад үшін  5 мың тонна  
дайын көпір құрылғылары жа-
салып, 72 вагон жіберілген, әрі 
бұл жұмыс одан әрі жалғасуда. 
Кәсіпорынның бас директоры 
С.Г.Кушнаренко  бүгінгі таңда 

133
айына 3-3,5 мың тонна металлқұрылғыларын 
шыға-ру қуатына қол жеткізілгенін айтты. 
Оның айтуынша, маңғыстаулық компаниялар-
мен де байланыс тіні жалғанып келе жатқаны 
бай-қалады. Әсіресе, «Ақтау теңіз порты» 
АЭА-да инвестициялық  ахуалдың тәуірлігі 
өздері  үшін де оңтайлы. Сондықтан бұл жер-
де бірлескен кәсіпорын құру екі жақ үшін де 
тиімді болмақ. «Біз теңіз инфрақұрылымының 
қажеті үшін теңіз платфомаларын, эстака-
далар, кез келген күрделі порт және теңіз 
құрылығыларын әзірлей аламыз. Ал кедендік 
одақ оны тиімді тасымалдауға да жол ашады», 
дейді бас директор.
Кәсіпорын басшылығы жылма-жыл 
қуатын үдете түскен сайын мамандарға де-
ген кардерлікті болдырмауға да барынша 
жұмыстануда. Бұл ретте арнайы жатақхана 
(350 орындық), асхана, бос уақыт өткізу, спорт 
орындары бар кешен салынған. Бұл еңбек 
адамдарының вахталық әдіспен келіп жұмыс 
жасауына толық мүмкіндік туғызады. Егерде 
дәнекерлеушілер мен металлқұрылғыларды 
жинаушылардың әрбіреуі 25 адамнан тұра-
тын екі бригадасын жасақтауға қазақстан-
дықтар(маңғыстаулықтар) құлықты бол-
са, білікті мамандарды қарсы алуға әзір 
екендіктерін білдірді. Мұнда Украина, Бело-
руссия, басқа да елдерден келіп, вахталық 
әдіспен еңбек ететіндер саны аз емес екен. Біздің 
«алыстан ат арытып жеткендегі еңбекақы-ның 
мөлшері қалай болар екен» деген сауалымызға, 
кәсіби білікті дәнекерлеушілер айына 700 еуро 
шамасында жалақы алатынын ашық айтты. 
Кәсіпорында жұмыс жасайтын азды-көпті 
қазақтар бар екен.

134
ТОБОЛЬСК –  
ТАРИХЫ БАЙ ҚАЛА
Түменнен 240 шақырым 
жерде орналасқан тарихы да, 
сәулеті де ерекше бұл қаланы 
бізге жергілікті әкімдіктің ту-
ризм комитетінің жетекші мама-
ны Е.А.Кулик есімді қарындас 
жол көрсетуші(гид) ретінде 
таныстырды. Екатерина өзі 
негізі қарағандылық екен, сон-
да мектепте оқыпты, кейінде 
анасы екеуі бұрыннан туыста-
ры тұратын осы қалаға қоныс 
аударыпты. Әкесі Қарағандыда 
қалған көрінеді.
Бұл қала асау Ертіс пен 
Тобылдың түйіскен тұсында тұр. 
Казактардың атаманы әйгілі Ер-
мак пен Сібір ханы Көшімнің 
он алты жылғы тартысынан 
кейін Ресейдің Шығысқа қарай 
жол ашатын отты нүктесі де 
осы. Көшімді Ермак ақырында 
бағындырғаннан кейін, 
Көшімнің қарауындағы тайпа-
лар сол кездегі қанаты қатая 
бастаған Қазақ хандығының 

135
құрамына енетіндігін Нығмет Мыңжанның 
«Қазақтың көне тарихы», Әнес Сарайдың 
«Ноғайлы» деректі кітаптарынан оқи қалдық.
Қаланы аралап көріп көзіміз жетті, мұндағы 
әрбір үйдің, монастырлар, соборлар, храмдар, 
мешіттің әрбіреуінің терең қатпарлы тари-
хы бар. Қай-қайсысына да монумент-белгілер 
қойылған. Тобольск Кремлі атанған(ежелгі Со-
фия-Успенский соборымен) башнялар мен со-
борлар ансамблінен тұратын азаматтық және 
діни бағыттағы мәдени мұраның  құрамына 30 
нысан кіреді. Тобольскіні Мәскеу мен Санкт-
Петербургтен кейінгі үшінші рухани орталық 
санауы да жәйдан-жәй емес. Бұл қала 1590 
жылы Сібірдің астанасы атанып, ал 1708 
жылы 1 Петрдің реформасына сәйкес Урал, 
Сібір және Қиыр Шығыстың басын қосатын 
ұлан-байтақ Сібір губерниясының  әкімшілік 
орталығына айналады. Мұнда талайлаған 
атақты адамдар дүниеге келіп, немесе осын-
да белгілі уақыттарда өмір сүрген. Әлемге 
әйгілі Д.И.Менделеев  балалық, жастық 
шағын осында өткізген, бірқатар декабристер, 
Ф.И.Достоевский, В.Г.Короленко тәрізді жа-
зушылар  осында жер аударылған. Тағы бір 
қызық тарих. 1917 жылдың 19 тамызында 
Уақытша үкіметтің шешімімен бұрынғы им-
ператор (Романовтар әулетінің соңғы тұяғы) 
Николай ІІ және оның отбасы осында келеді, 
халық жақсы қарсы алады, құрмет көрсетіп, 
тамақпен қамтамасыз етеді. Олардың осында 
болған жерлері, үйлері, отырған орындықтары 
мен ұстаған заттары, дүние-мүліктері 
мұражайда көздің қарашығындай сақтаулы. 
Көп ұзамай осында жеткен қызылармияшылар 

136
патшаны Екатеринбургке жеткізіп, әйелі, 
бала-шағасымен(4 қызы, 1 ұлы) бірге атып та-
стайды...
Осындағы бірден-бір мұсылман мешіті   тура-
лы әңгіме қозғаушылар оның қаражатқа емес, 
алтын қазанның есебінен салынғанын айтады. 
ХIХ ғасырдың аяқ шенінде туысы бұхаралық, 
патша отбасының құрметті қонағы Тохта-
сын Сафарұлы Айтмұхаметов аңшылықпен 
айналысып жүріп, ханты-мансылардың ор-
ман ішінде нән қазанға от жағып, тамақ 
пісіріп отырғанының үстінен түседі. Отырған 
аңшылар оны тамаққа шақырады, ал бұл 
кәнігі саудагер ретінде қазаннан көзін алмай-
ды. Сөйтіп, Тохтасын қалтасындағы барлық 
ақшасын әлгілерге беріп, қазанды сатып ала-
ды. Екінші бір әңгімелерге қарағанда, қазанды 
олар сыйлыққа берген. Мешітті салған кез-
де Тохтасын осы маңдағы мұсылмандардан 
ақша да жинады деген деректер бар екен. 
Мешітке осындағы татар, чуваш, өзбек, қазақ, 
әзірбайжан, чешен ағайындар келетін көрінеді.

137
Т Ү М Е Н: даму көкжиектерi
БІЛІМ БЕРУ: 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
СЕРПІН
Қазыналы Маңғыстау да, 
Түмен де құйқалы өңірлер 
болғандықтан бірінші кезек-
те Ш.Есенов атындағы Ка-
спий мемлекеттік техноло-
гиялар және инжиниринг 
университеті (КМТжИУ) мен 
Тюмень мемлекеттік мұнай-газ 
университетінің (ТюмГНГУ) 
байланысының тез арада күшейе 
түсуі заңдылық та. ТюмГНГУ рек-
торы, профессор В.Новоселовтің 
іссапарда болуына байланысты 
маңғыстаулық БАҚ өкілдерімен 
болған кездесуді универси-
тет ректорының бірінші орын-
басары А.А.Серебренников 
ашып,  оқу орнында кешенді 
түрде атқары-лып жатқан 
жұмыстарға тоқталды. Мұнда 
бір ғажабы, бастапқы, орта және 
жоғары кәсіби білім беріледі, 
яғни үздіксіз білім беру, оған 
қоса ЖОО бітіргеннен кейінгі 

138
бі-лім жетілдіру де бар. Ең бастысы, маман 
даярлаудың сапасын арттыру, РФ-ның ең 
үздік инновациялық бағдарламаларын жү-
зеге асыруға үлкен күш-жігер, ғылым қуа-
ты жұмсалуда. Кәсіби даярлықтың нақты 
нәтижесі ТюмГНГУ студенттерінің Ресей-
де білім бәсекелерінде жоғары табыстарға 
жетуінен айқын байқалуда. Студенттер РФ 
Президентінің гранттарына ие болуда. 
ТюмГНГУ ЖЖО, академиялық және 
салалық ғылымдар бойынша ғылыми-
зерттеу қызметін жетілдіруде жоғары оқу 
орындары және бизнес-құрылымдармен 
(оның ішінде шетелдіктері де бар) жанды 
байланысты дамытуға айрықша мән беру-
де.  Мәселен, бұл университеттің біздің Пав-
лодарда бұған дейін филиалы болып келсе, 
Қазақстанның бұл саладағы (шетелдік фили-
алдар бойынша) заңдарының күшеюіне бай-
ланысты жабылып қалған. Соған қарамастан 
ТюмГНГУ-дің  Павлодар инновациялық 
университетімен  байланысы үзілген жоқ, 
ТюмГНГУ кадрларды дистанциялық даяр-
лау жүргізе-ді, методикалық қамтамасыз ету 
жағынан ресурстар алмасу жалғасуда. Бүгінгі 
таңда КМТжИУ-мен де тығыз байланыстың 
тетіктері қарастырылуда. Екі жақ та бұл 
істің өзара тиімді боларына сенімді. Тарихы, 
тә-жірибесі бай Түмен өңірінің ғалымдарын 
біздің университеттің студенттеріне дәріс бе-
руге шақырудың, білікті кадрлар даярлау 
және жұмысшы мамандарын қайта даярлау 
бағдарламалары бойынша ынтымақтасудың 
да мәні зор. Бұл тек күндізгі білім бойын-
ша ғана емес, дистанциялық білім беруде де 

139
өте қажеттілік.  Сондай-ақ А.Серебренни-ков  
қазақстандық әріптестерімен мемлекетаралық 
қатынастар деңгейінде кешенді түрде жұмыс 
жасаудың тиімділігін айтты.  Бұл универси-
тетте Тәжікстан мен Түрік-менстан елдерінің 
студенттері РФ Білім министрлігінің 
бағдарламалары бойынша білім алады екен.
Университеттің техникалық орталығы, ин-
новациялық жаңалықтары мен виртуалдық 
лабораториялары, білім беретін «Еврокана-
лы», информатика, электроника, суперком-
пьютерлер,  ядролық физика, күн батареяла-
ры, жылу насостары, нано-фабрикалар, нано-
нысандар, қолданбалы емес ғылым салаларын 
дамытудағы жетістіктері айта қаларлықтай. 
Ресейдің «Лукойл», «Газпром», «Сургут-не-
фтегаз», «ТНК-ВР» т.б. жетекші  компаниялар-
мен тығыз байланыс жолға қойылған. Бүгінгі 
таңда мұнда Қазақстанның әр түкпірінен 864 
студент білім алуда.
Сол сияқты Түмен мемлекеттік университеті  
тек өңірде ғана емес, бүтіндей Ресей бойын-
ша жоғары бағаға ие. Қазақстанның Аста-
на («Тұран» университеті), Қостанай, Семей, 
Өскемен қалаларындағы білім ордаларымен 
жанды байланыс жасауды жолға қойып отыр. 
Бұл байланысты одан ары қарай кеңейте түсу 
көзделуде. Бұл оқу орнының да оқу-білім 
кешені, заманауи технологиялар бойынша 
материалдық базасы, ғылыми ізденістері тәнті 
етеді. Экономистер мен экологтар да даярлай-
ды екен.
–Біз Тюмень облысының бүкіл аймағындағы 
табиғаттың хал-ахуалына зерттеу жүргізбекпіз. 
Маңайдағы 300 көлдің ластану деңгейін: 

140
флора, фаунасын, топырағын, суын, өрт бо-
луы мүмкін жерлерді, мұнай кенорындары 
айналасының жағдайын тексермекпіз,-дейді 
ТюмГУ ректоры Г.Н.Чеботарев. Бұл өңірдің 
білім беру, ғылым және мәдени орталығы 
болып табылады. ТюмГУ-дің 14 филиалы, 
АҚШ, Франция, Германия, Қытай бастаған 
55 елмен тиімді келісімдері, 97 академиялық 
бағдарламасы бар екендігін айтсақ та жетіп 
жатыр...
Мұнда, біздің байқағанымыз, фило-
логия және журналистика институты, 
дистанциялық білім беру институтының 
құрамында телерадиоорталық және Желілік 
білім бағдарламалары орталығы да бар екен. 
Федералдық және аймақтық билік тарапынан 
қолдауды күшейту үшін ТюмГУ Батыс-Сібір 
федералдық университетіне айналудың қамын 
жасауда.

141
ДЕНСАУЛЫҚ 
САҚТАУ: ОЗЫҚ 
ҮЛГІЛЕР
Медициналық кешенге 
келгенімізде бізді Тюмень об-
лысы әкімшілігі денсаулық 
сақтау департаментінің дирек-
торы А.Ю.Кудряков, облыстық 
клиникалық аурухананың 
бас дәрігері  С.В.Миневцев 
қарсы алып, емдеу орнын 
аралатты. Мұнда емдеудің 
жоғары технологиялық, озық 
үлгідегі әдістері қолданылады. 
М а т е р и а л д ы қ - т е х н и к а л ы қ 
база еуропалық және әлемдік 
денсаулық сақтау стан-
дарттарына  сай келеді. 
Мұнда нейрохирургиялық, 
кардиологиялық оталаудың 
ең жоғары үлгісі көрсетіледі. 
Р е н т г е н х и р у р г и я л ы қ 
тәсілдермен 
балалардың  
жүрек ақауын емдеу ерекше 
жолға қойыл-ған. Бұл әрі қан 
шықпайтын әдіс, баланы келесі 

142
күні-ақ ауруханадан шығаруға болады. Кар-
диохирургия саласында да күрделі опера-
ция түрлері қолға алынды.  Ал терапевтік 
қызметте Батыстағыдай гематологиялық 
емдеу түрі  жақсы жолға қойылған. Соны-
мен қатар мұнда сумен-балшықпен емдеу 
әдістері де қолданылады.  Осындай жо-ғары 
технологиялардың табысты түрде енгізіліп 
жатқанына көз жеткізген атақты академик Ре-
нат Акчурин жоғары технологиялар бойынша 
Мәскеуде өткен алқалы Конгресте «Жұмыс жа-
сауды сібірліктерден үйрену керек» деп әдейі 
айтуы жәйдан-жәй болмаса керек. Ақиқатына 
келгенде осы өңірдегі Новосібір, Омбы, Уфа, 
Томск секілді ірі қалаларда Түмен клиникалық 
ауруханасындағыдай медицина докторлары 
мен кандидаттары көп емес. Аса білгір деген 
профессорларды Ресейдің барлық жерлерінен 
осында шақырып, пәтермен қамтамасыз ету, 
жақсы жалақы төлеу жергілікті жерде шешім 
тауып келеді. Соның да әсері болар, сырқаттар 
кез келген ауруы бойынша мұнда жанына 
дауа табады деуге болады. Бір қазақ әйелі 
Қазақстанда, одан Мәскеуге апарып баласы-
на ем қонбай, ақыр соңында Түменге әкеліп, 
осындағы мықты дәрігерлер оны құлан-таза 
жазып жіберіпті. Өйткені, мұнда нейрохи-
рургия, рентгендік хирургия, кардиология, 
балалар онкологиясы, бас-мойын аурулары, 
торакалдық (кеуде) хирургия, сәулелік диагно-
стика аса жоғары деңгейде дамыған. Көшпелі 
бригадалар жұ-мыс жасайды. Түмендік кар-
диохирургтер Маңғыстауға да келіп, бірнеше 
баланың жү-регіне ота жасаған болатын.

143
Мамандар білігін жетілдіру мәселесі бой-
ынша түмендіктер Мәскеу, Санкт-Петербург, 
Новосібір, Екатеринбург, сондай ақ Канада, 
АҚШ, Испания, Италия, Австрия, Франция, 
Алжир тәрізді елдерде оқып, тәжірибеден өтіп 
келуде. Облыста медицинаның қарқынды да-
муы, заманауи технологиялардың пайдаланы-
луы  өңірдегі адамдардың өмір сүру жасын 4 
жасқа ұзартуға мүмкіндік туғызып отыр.
 

144
МӘДЕНИЕТ, 
ӘДЕБИЕТ, СПОРТ
Біз газетімідің өткен 
сандардағы нөмірінде түмендік 
журналистердің өз баспа үйі бар 
екендігінен хабардар еткен бо-
латынбыз. Ал жазушылардың 
жағдайын сұрағанымызда, 
мұнда қаламгерлердің жағдайы 
жаман емес екенін сезіндік. 
Бір қызығы, мұнда қазірде 
екіге бөлінген «Союз писате-
лей России» және «Союз Рос-
сийских писателей» қоғамдық 
ұйымдарының екеуінің де 
бөлімшесі  жұмыс істейді 
екен. Бір атап ай-тарлығы, 
жазушылардың Әдеби-өлкетану 
орталығында бәрі бар: «Лик» 
атты альманах шығарады, 
Түмен өлкесі жазушыларының 
арнайы кітапханасы (тым тәуір 
әдеби қоры бар), әдеби мұражай 
(4 көрме залымен), «Автограф» 
әдеби салоны, әдеби лицей, 
Түмен жазушыларының кітап 
дүңгіршегі жұмыс жасайды. 
Орталыққа жазушылар, фило-

145
логтар, өнер иелері жиі жиналып, мазмұнды 
да  тартымды шаралар өтеді.
Бір атап айтарлығы, Тюмень мемлекеттік 
университетінде баспа ісі және редакциялау 
кафедрасы ашылған. Ресейде 6000-дай ба-
спа болса, оның дені Мәскеу мен Питерде. Ал 
түмендіктер тапсырыспен ғана кітап әзірлеуді 
қолға алып келген еді.  Енді университет 
студенттері орталықтағы баспа, баспахана, 
кітап дүкендерінде болып, тәжірибе жинауды 
дәстүрге айналдырған.
Аймақтың мәдени өмірі аса бай. 1993 жыл-
дан бері өткізіліп келе жатқан «Российская 
студенческая весна» биыл осында өтпекші. 
Студенттер КВН, өнер сайыстарымен бірге 
журналистикадан да сынға түседі.
Біз болған күндерде  қаладан он-он 
бес шақырым шамасында орналасқан 
халықаралық деңгейдегі «Жемчужина Сиби-
ри» спорт-базасында(спорттың қысқы түр-лері 
бойынша облыстық орталықта) биатлоннан Ре-
сей чемпионаты өтті. Елге қарай жолға шығатын 
күні түске дейін біздер де осында болып, жа-
рысты тамашаладық. Ең бірінші орманды, 
таулы аймақта салынған базаның кереметтігі 
тәнті етті. Екіншіден, ресейлік жастардың 
әрі спортқа құмарлығы, әрі жанкүйерлікке, 
бос уақыттарын осындай мазмұнды өткізуге, 
салауатты өмірге бейімділігі аса риза етті. 
Үлкен стадионға тола жиналған қалың спорт 
жанкүйерлері-нің арасында жасамыс кісілер 
де, әсіресе жастар жағының көп болуы, әрі 
сайыс қызған сайын шапалақ ұрып, дуылда-
тып, мерекелік көңіл күйде болуы өңірдегі 
спорт пен дене шынықтыру, салауаттылыққа 

146
деген ықыластың айрықша екендігін айқын 
аңғартып тұрды. Спорттық шараларды көру 
үшін стадионға кіру тегін екен, жарысты 
ұйымдастыруға көмектесіп жүрген волонтер-
лер қаншама. Жарыстың соңғы күні Тюмень 
облысының командасы бүкіл ресейліктер 
арасында алтынды да, күмісті де, қоланы 
да мейлінше көп иеленіп, алдыңғы орыннан 
көрінді. Спортқа мынадай көңіл бөлінсе, са-
лауатты жұртың, сергек жанкүйерлерің бол-
са, намысты қолдан бермесің анық  емес пе?!. 
Бұл шараны ұйымдастырушылардың тізіміне 
көзіміз түсіп еді: Түмен облысының әкімшілігі, 
РФ  спорт, туризм   және  жастар   саясаты 
министрлігі, Түмен облысының спорт, жастар 
саясаты жөніндегі департаменті,  шаңғы тебу 
және биатлон бойынша  Тюмень облыстық 
 
федерациясы,  Ресей биатлонистер одағы деп 
келетін спорттық ұйымдар бар екен. Бұл күні 
арнайы жасақталған сахна төрінде Ресей өнер 
жұлдыздарының  концерті болып жатты, ша-
раны жүргізeшіні де Мәскеуден шақырыпты... 

147
Ынтымақтастық аясында:
Бармасаң, келмесең - жат боларсың
ТҮМЕНДІК  
ҚАЗАҚТАР
және Түменнің түркі әлеміне 
қатысы хақында
Тәуелсіз мемлекеттер - 
Қазақстан Республикасы  мен 
 
Ресей  Федерациясының  достық, 
тату көршілік қатынастары 
көңілге әркез жылылық 
ұялатады. Ежелден қоңсы 
қонған елдердің арғы-бергі  тари-
хында да көптеген байланысты 
жәйттер бар. Ресейдің бір қуатты 
аймағы - Түмен топырағында 
 
бүгінгі таңда 20 мың шамасын-
да қандастарымыз ақадал еңбек 
етіп, бақуатты өмір сүруде. Осы 
өңірге атбасын тіреп, аз күн са-
парда болған маңғыстаулық БАҚ 
өкілдері «РФ Тюмень(Түмен) 
қазақтары ұлттық-мәдени ав-
тономиясы» деп аталатын 
ағайындарымызға қауышқанда 
өз ауылымызға келгендей бір 
серпіліп қалғанымызды айта 
кетелік. Түмендік бауырлар 

148
қазақстандық делегацияны қос ішек, отыз екі 
пернелі қасиетті домбырадан төгілген қоңыр 
саз, әсем әнмен дуылдата қарсы алды. Қып-
қызыл бауырсақ пен дәмді майдан ауыз тиіп, 
автономияның қонысына көз салдық. Төргі 
бөлмеде қазақтың қолдан тоқылған тұскиіз, 
текемет, көрпе-жастығы, жер үстелі орна-
ласыпты. Бұл осы өлкедегі ақсақалдар мен 
ұйым басшыларының алқалы жиын құрып, 
салихалы елдік әңгіме өрбітер орны екендігі 
айтылды. Одан бергі негізгі бөлме қазақтың 
даңқты тұлғаларының портреттері, ұлттық 
бұйымдар, ана тіліміздегі кітаптар, басқа да 
керек-жарақтармен әрленіпті. Қаракөз бау-
ырлармен әңгіме тиегі ағытылып жүре берді. 
Осы жерде осы жолдардың авторы Түменге 
бармастан әлдеқайда бұрын өзі оқыған деректі 
әдебиеттерден көңілге түйген жәйттарын 
баян етті. Орайы келгенде қытай, араб, пар-
сы жұрттарының жазба деректеріне, түрік, 
монғол шежіре жылнамаларына сүйене 
отырып жазылған, 1987 жылы Шинжаң 
халық баспасынан жарық көрген Нығмет 
Мыңжанның 1994 жылы «Жалын» баспасы-
нан қайта басылған «Қазақтың көне тарихы» 
атты кітабының 11-бетінен басталатын бірер 
парағында айшықталған нақты жазба деректі 
оқырман назарына ұсына кетуді жөн көрдік. 
Бұл тақырып «Батыс Түрік қағандығы» деп 
аталады.
«...Түріктер турасындағы алғашқы дерек 
542-жылдан бастап Жұңғоның жазба дерек-
терінде кездеседі. Түріктер VI-ғасырда Алтай 
тауының күн бетін мекендеген көшпелі тайпа-
лар еді. Олар бұл кезде Маңғолиядағы жожан 

149
(авар) хандығына бағынып, алым-салық төлеп, 
темірден қару-жарақ жасап беріп отырған. Бұл 
мезгілде Орта Азия өңірін мекен еткен теле 
(тірек) тайпалары жожан хандығына қарсы ат-
танады. Бұл хабарды естіген түріктердің ашы-
на (ғалымдардың пайымдауынша бұл Алшын-
Кіші жүздер болса керек. Ғ.Ә.) тайпасының 
бастығы Түмен (Бұмын) теле тайпаларына 
тұтқиылдан шабуыл жасап, елу мың үйлік 
телені өзіне бағындырып алады. Оларды өзінің 
тіректі әскері етіп күшейе түскен Түмен жожан 
қағаны Анағайдың қызын айттыруға кісі сала-
ды. Бұған шамданған Анағай қаған Түменге 
елші жіберіп: «Сен менің темірімді соғатын 
құлымсың, бұл талапты қоюға қайтіп батылың 
барады» деп даттайды. Сонымен бұлардың ара-
сында соғыс туылады, 551-жылы түріктердің 
басшысы Түмен, жожан қағаны Анағайға 
қарсы жорық жасап, жожан хандығының 
әскерлерін талқандайды, жеңіліске ұшыраған 
Анағай өзін өлтіреді, 552-жылы Түмен өзін «ел 
қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының 
іргесін қалап, шаңырағын көтереді.
Түмен қағанның кіші інісі Мұқан қаған 
билік жүргізген кезде түрік қағандығы 
мейлінше күшейеді. Олар жожандардың 
(аварлардың) хандығын біржола жойып, 
шығыста кедендерді, солтүстікте қырғыздарды 
өзіне бағындырады. Батыста ефталиттерді(ақ 
һүндерді) талқандап, Орта  Азия    өңіріндегі  
елдерді қол астына қаратады. Сөйтіп, Шығыста 
Лиаухай теңізінің батыс жағалауынан ба-
стап, батыста Каспий теңізіне дейінгі 10 мың 
шақырымдық өңір, Гоби шөлінің солтүстігінен 
бастап, солтүстікте Байкал көліне дейінгі 5-6 

150
мың шақырымдық жерлер түгелімен Түрік 
қағандығына бағынады. Түрік қағандығының 
ордасы Орхон өзенінің басына көшіп орнала-
сады. Моңғолия мен Орта Азияны мекенде-
ген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар түрік 
қағандығына бағынады. Алтай тауынан Ка-
спий теңізіне дейінгі ұлан-байтақ өңірді мекен-
деген қазақ тайпалары да түрік қағандығының 
қол астына қарайды». Арғы қарайғы тарих-
ты жаза беруге газет мүмкіндігі көтермейді, 
әрі біз оны мақсат тұтпаймыз да. Одан кейін 
Бұмынның(Түменнің) тағы бір інісі, атақты 
Естеми көптеген елдерді бағындырып, ұлы 
қағандардың көшін жалғайды...
Біз бұл әңгімелерді баһадүр бабаларымыздың 
рухы ұрпақ жадында жаңғыру үшін айтып 
отырмыз. Түмен өңіріндегі тарихи жер, су 
атауларының тегіс түркі тілінде болуы да 
көнеден сыр тартады. Түмендік ағайындармен 
етене әңгімелесу барысында олардың 
ата-аналарының негізінен сонау 1928-30 
жылдардағы Қазақстанда Ф.Голощекиннің 
қаніпезерлікпен жүргізген «кіші Октябрі» 
кезінде Ресеймен көршілес Солтүстік 
Қазақстан, Петропавл, Қостанай облыстары-
нан қоныс аударғанын білдік. Бастапқыда 
көшіп келген бір қауым ел өз алдына бір кол-
хозда тұрып, шаруашылықпен айналысады. 
Ресей журналистер одағының мүшесі, Тюмень 
мұсылмандарының мәдени-ағартушылық 
«Муслим-Инфо» газетінің редакторы, «Ислам-
Ньюс» ақпараттық агенттігінің меншікті 
тілшісі Қалил Қабділвахитов осынау қилы 
кезеңдерде Түмен өңіріне келіп, халық 
шаруашылығы салаларында еңбек еткен, ұлы 

151
Отан соғысына қатысқан  ардагер әкелер, ағалар 
және олардың бүгінгі ұрпақтары туралы «От-
кочевники» атты тым тәуір кітап шығарыпты. 
Біздің бұл ағайындар Түмен облысында Ниж-
нетавдинск ауданының Қиыршығыстық 
Қызыл Армия атындағы колхозында елеулі 
еңбек сіңіріп, өнегелі із қалдырған екен. Түмен 
қазақтарының негізін осы солтүстік өңірді 
мекендеген керей, қыпшақ, найман, арғын 
тайпаларының өкілдері құрайды. Облыстағы 
қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясын 
басқаратын Есенғали Қамзеұлы Ибраевты 
әуелгіде Түмен облыстық мемлекеттік Думасы 
жанынан кездейсоқ кездестіріп, сөзге тарттық. 
Сөйтсек, осынау ұзын бойлы, отты жанарлы 
ініміз Думаның депутаты В.С.Тимченко де-
ген азаматтың көмекшісі болып қызмет жа-
сайды екен. Біз Есенғали бауырымызға ке-
лешекте әлі де өсіп, кем дегенде осы Думаға 
мүше болуына тілегімізді білдірдік. Түмендік 
қазақтардың аймақта мемлекеттік қызметте, 
бизнесте, фермерлік қызметте жүргендері 
аз емес болып шықты. Түмен қазақтары ав-
тономиясында қазақ тілінің оқытушысы бо-
лып қызмет жасайтын Зүбәйра Абайқызы 
Қалиеваның әңгімесі  үмітімізді ұштай түсті. 
Оның айтуынша, өзі Солтүстік Қазақстанда 
Петропавл университетін бітірген, филолог. 
Түменге көшіп келгеніне 15 жыл болыпты. 
Зүбәйра қазіргі кезде мұндағы ағайынның 
ана тілін білуге деген құштарлығы артып 
келе жатқандығын, оларды тіл білу деңгейіне 
қарай үш топқа бөліп оқытатындығын, 
әсіресе, жеткіншек балалар, студенттер 
қазақ тілін білгіміз келеді деп осында жиі 

152
келетінін айтты. Бүгінгі таңда 100 шақты 
бала  ана тілін меңгеруге талаптанып жүр 
екен. Оқулықтар жағынан әлі де көмек қажет 
екендігі айқын. Әрине, тілді үйрену бір күннің 
ісі емес екендігін, қалың орыстың ортасында 
жұтылып кетпеу үшін қалай болғанда да бұл 
мәселеге терең мән беру керектігін, Қазақстан 
жағынан бұл ретте көмек бола беретініне 
сенім білдірді. Егемен еліміз үшін тек іштегі 
ғана емес, сырттағы қазақтың да (диаспора) 
мықты болғаны елдігімізге тірек болатынын 
біз де жағымыз талмай айта түстік. Мұндағы 
қандастарымыздың барлығы бірін-бірі біледі 
екен, қолдап жүреді екен, той-садақаларынан 
қалмайды екен, Наурыз бен Айтты атап өтеді 
екен. Мәселен, биылғы Наурыз мерекесінде 
ұлттық-мәдени орталықтардың «Стройтель» 
мәдениет үйінде «Қыз сынын» өткізіп, қазақ 
аурулары айдай сұлу көркін паш еткен.
Бізбен бірге осында келген Түмен облысы 
үкіметінің ұлттар ісі жөніндегі комитетінің 
баспасөз хатшысы Анастасия Блябликова өзі 
жасайтын комитетте бұл мәселе бойынша 16 
адам еңбек ететінін, өңірде 150 этнос, 18 кон-
фессия бар екендігін, халықтың 80 пайызын 
орыстар құрайтынын, одан кейінгі кезекте 
татарлар, украиндар, басқа да ұлттар(соның 
ішінде қазақтар да бар) бар екендігін баян 
етті. Қазақ автономиясына қазіргі мекенжай-
ғимараты 2008 жылы қайтарымсыз біржолата 
беріліпті. Түмен аймағында ұлтаралық және 
діни келісімге айрықша мән берілетіндігі 
аңғарылды.
Түмен облыстық «Достық» қазақ қоғамын 
бұған дейін Қалихан Қасымханұлы Серғазинов 

153
деген алып денелі азамат басқарыпты. Ол 
 
белгілі бизнесмен екен. Негізгі ісі – ағаш 
өндірісі, метиз саудасы, электр зауыты, т.б. 
екен. «Біз Солтүстік Қазақстан облысының 
Преснявск ауданынанбыз, Атымжан ауылы 
деп те аталады. Керейдің Көшөбөсіміз. Атақты 
жазушы Сәбит Мұқанов та осы ауылдан, 
атамыздың үйінде талай болыпты. Атам қажы 
болғандықтан, дінге шабуыл жасалған сонау 
30-жылдардың ойранында осылай қарай ауып 
кеткен. Құдайға шүкір, Гүлнәр деген қызым 
тұрмысқа шықты, Алматыда жақсы қызмет 
жасайды, ұлым Жәнібек осында бір фирманың 
директоры», дейді ол.
Қазақстаннан келген журналистер қауымын 
қарсы алу сәтінде өрелі әңгіме өрбітіп бастаған 
бауырымыз Есімхан Жантасов (әріптесіміз Ар-
манжан Байтасовтың тумаласы екен) Түмен 
облысы қазақтары автономиясы Үйлестіру 
кеңесінің төрағасы болып қоғамдық қызмет 
атқарады.Ол маңғыстаулық журналистерді 
келесі күні өзі тұратын ауыл, өзі басқаратын 
шаруашылыққа шақырды.
Мінеки, Бұмын қолбасшы бастаған 
 
бабаларымыздың тұлпар тұяғының ізі қалған 
Түмен даласында қазақ ауылына да келіп 
жеттік. Есімхан бауырымыз (1957 жылы туған) 
әуелі өзінің үлкен мал фермасымен таныстыр-
ды. Мұнда 17 адам еңбек етеді, құрылғылар 
толық автоматтандырылған. Бағымдағы 
300-ге тарта мүйізді ірі қараның еті, сүті 
біршама өнім береді. Күніне 1,5 мың литр сүт 
сауылып(сауу залына  6 сиырдан кіргізіліп са-
уылады), сүт зауыттарына жөнелтіледі(тендер 
жеңіп алған). Бір литр сүтке мемлекет тарапы-

154
нан 3 рубль субсидия төленеді. Сонымен қатар 
Есекең АҚШ-қа (Вашингтон) арнайы барып, 
овощ шаруашылығының технологиясын алып 
келгенін, осында сәбіз, қызылша, капуста, 
жуа, картоп  өсірілетінінен хабардар етті.
Есімхан Ысқақұлы жүздеген тұлпар бап-
тайды, оны әр жер, әр елдерден сатып алып 
әкеледі. Жылқы көрсе, нағыз қазақы қаны 
ойнайды. Тұлпарлары бәйгілерде топ жа-
рып жүр. Наурыз тойын атап өткенде ағаш 
үйлер тіккізіп, ұлттық киімдер киеді, ат-
шабыс ұйымдастырып, өзі демеушілік жа-
сайды. Қазақтардың да ұлан-байтақ Ресей 
жерінде жоғары деңгейде өмір сүріп, бизне-
спен, атакәсіппен айналысқанын, өзін-өзі 
лайықты ұстай біліп, өзгеден кем болмағанын 
алға мақсат етіп қояды. «Елге қарай көш 
түземейсіздер ме? Арманыңыз қандай?» де-
ген сұрақтарға Есімхан бауырымыз: «1990 
жылдары біздің адамдар Қазақстанға барған, 
бірақ ол жақта жөнді қабылдай алмады, 
мүмкін ол кезде жағдай болмаған да шығар. 
Ал Қазақстанның қазіргі жағдайы жақсы, 
ел дәулеті артып келеді, Нұрсұлтан Әбішұлы 
көрегендік танытуда, қайтадан сайланғанын 
мұндағы қазақтар да, басқалар да құп алды. 
Жалпы біздің құлағымызға «оралман» де-
ген сөз түрпідей тиеді. Бізге «қазағым!» де-
ген сөз ұнайды. Ендігі мақсат – немерелерді 
бағып-қағып, үлкен азамат етіп өсіру. Бала-
ларым менің жолымды қумады, сондықтан 
үш жасар немеремді  ертерек атқа мінуге, 
жылқы мінездес халқымыздың қадір-қасиетін 
сақтауға үйретпекпін.  Сосын осы ауылдан дін-
имандылық үйін – мешіт салмақпын», дейді 

155
ол. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орын-
басары Аманкелді Айтқұловтың да осында бо-
лып кеткенін айтып, сәті түссе киелі өңірімізге 
де, жалпы Қазақстанға-атамекенге, қазақтар 
құрылтайына түмендік қандастардың ба-
рып, келіп, жиі араласып тұруға, іскерлік 
байланыстарға әзір екендігіне назар аударды.
Есекеңнің кең жайылған мол дастарханының 
басында алқақотан отырып, арқайын 
әңгімелесіп, шер тарқатыстық. Алыстан кел-
ген қонақтарға қойдың басы, соғым-сүрден 
сыбаға ұсынылды, ізгі тілектер ақтарылып, 
өлең-жыр оқылды. Облыс әкімінің атынан 
аздаған сыйлығымызды және өзімнің соңғы 
шыққан бірнеше кітаптарымды тарту еттім. 
Түмендік бауырларға «Қазақ болу» атты 
толғауымнан оқылған үзінді қатты әсер еткен 
тәрізді...
Одан кейін Есімхан жиналған меймандар-
ды саунаға, көңілді демалысқа да шақырды. 
Аз күн алыста жүріп ауылды сағына ойлаған 
біздердің көңіліміз бір көтеріліп қалды-ау. Тек 
түмендік  қазақтармен, олардың даладай дар-
хан көңілдерімен сусындап, мерейіміз өсіп, 
кетерде қимай қоштастық. «Тау таумен кезде-
спесе де, адам адаммен кездеседі» ғой, әлі та-
лай кездесерміз, Түмен тарпаңдары, дестік қол 
бұлғап!
                                   
   

156
Халықаралық қатынастар 
                                                                                     
«ҚАШАҒАН» – 
ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА
                                
Коммерциялық ашылуы 
жөнінде осыдан он бір жыл 
бұрын жария етілген Қашаған 
кенорнын игеру жобасы 
әлемдегі ең күрделі жобалардың 
бірі болып табылады. Каспий 
теңізінің солтүстік бөлігі, яғни 
қазақстандық секторы өте 
сезімтал экологиялық аймақ әрі 
сан алуан флора мен фаунаның, 
соның ішінде сирек кездесетін 
түрлерінің мекені. Солтүстік Ка-
спий бойынша Өнім бөлісу тура-
лы келісім(СКӨБК) шеңберіндегі 
мердігерлік учаске 5600 шаршы 
километр құрайтын аймақты 
алып жатыр және әлемдегі 
алыптардың бірінен санала-
тын Қашаған кенорнын соны-
мен қатар Қаламқас, Ақтоты 
және Қайраң кен орындары да 
қамтиды. 2009 жылдан бастап 
бұл жобаның операторы болып 
тағайындалған НКОК(Норт Ка-
спиан Оперейтинг Компани 
 
Н.В.) компаниясы қауіпсіздікті 

157
қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау 
мәселелерін өте маңызды деп есептейді. 
Сондықтан да консорциум іске кіріскен 
жылдардан осы уақытқа дейінгі мезгілде 
 
шексіз шалқар мұхиттармен салыстыруға 
жатпайтын, тұйық теңіз болып санала-
тын Каспийдің мол мұнай қорын игеру ғана 
емес, сонымен қатар теңізді экологиялық 
қауіп-қатерден сақтау ұдайы күн тәртібіне 
қойылып келеді. Теңіз төскейіндегі ұланғайыр 
байлықты игеру өз алдына, оның өнбойындағы 
биоресурстарын(оның ішінде әлемдегі қызыл 
балық қорының 90 пайызы шоғырланған) 
көздің қарашығындай қорғау сынды елдік 
міндет  аса зор жауапкершілік жүктейді. Осы-
нау жауапкершілікті терең сезінген нкоктіктер 
теңізге мұнай төгілетін апатты жағдайға жан-
жақты сай болу үшін дайындықты жыл сай-
ын күшейтумен келеді. Бұл ретте аталған 
мәселемен әлемдік ауқымда әріден айналысып 
келе жатқан ұлыбританиялық халықаралық 
ұйымдар мен теңізге 3- деңгейдегі мұнай төгіле 
қалған жағдайда оны жоюға жұмыстанатын 
Саутгемтон қаласындағы базамен байланыс 
нығая түсті. Қазақстандық  «Қазмұнайгаз» 
ҰК, «Қазэнерджи», «КИНГ» шетелдік 
әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға 
жұмыстанып келеді. Қазіргі уақытта теңізге 
мұнай төгілуі мүмкін жағдайларда әрекет ету 
үшін қажетті шетелдік құрал-жабдықтардың 
бірқатары жеткізіліп, оқу-жаттығу 
жұмыстары, семинарлар мен тренингтер жиі 
өткізілуде. 
Халықаралық қатынастар, теңіз байлығын 
ел игілігіне айналдыру мен асау айдынға 

158
кінәрат келтірмеу тәрізді ортақ мүдде 
жолындағы жұмыстарды жұртшылыққа та-
ныстыру,  жария ету мақсатында көптен 
көкейде жүріп, төрт жылдан кейін жүзеге асы-
рылып отырған алыс сапарға Қазақстаннан 
шақырылған, осы тақырыпқа көптен тереңдеп 
қалам тербеп жүрген он журналистің санатына 
енудің сәті түскен еді. Өзекті мәселенің қыр-
сырына қанығуға арналған осынау сапардағы  
алғашқы кездесу «Oil Spill Respohse Limited» 
аталатын халықаралық ұйымда өткен бола-
тын.
Мұндағы басты баяндамашы ретінде 
танылған Мұнайдың апатты төгілуінің салда-
рын жоюға дайындықты қамтамасыз ету  бой-
ынша өңірлік салалық бастаманың (OSPRI) 
құрылған кезеңінен бергі басшысы Питер 
Тэйлор апатты жағдайда қолданылатын 
құрылғыларды меңгеру үшін мамандар даяр-
лау, төгілу бола қалған күрделі жағдайларда 
апатты жою шараларын жоспарлау, оқулар 
мен жаттығулар өткізу және мұнай төгілуі 
барасында басшылықты қамтамасыз ету 
 
бағдарларына тоқталды.
Орайы келгенде айта кетелік, OSPRI 
 
Қоршаған ортаны қорғау бойынша мұнай 
өнеркәсібі өкілдерінің халықаралық 
қауымдастығының(IPIEKA) аясында қызмет 
атқарады. Ал IPIEKA бүкіл әлемде апаттық 
мұнай төгілуін жою шараларын тиімді жоспар-
лау жүйесін  дамытуға көмектесетін , БҰҰ-ның 
арнайы агенттігі – Ұлттық теңіз ұйымымен 
бірге  ортақ бағдарламаны іске асыруда. Осы-
нау ғаламдық бастамамен бірлесіп қызмет жа-
сайтын OSPRI – салалық қуымдастық.  Би Джи 

159
Груп, БиПИ, Шеврон, КонокоФилипс, ЭНИ, 
ЭксонМобил, ИНПЕКС, ПетроҚазақстан, 
Шелл, Статойл ,Тоталь компаниялары осы 
қауымдастықтың мүшелері. Олар Аймақтық 
бастама негізінде(Каспий теңізі – Қара теңіз-
Орталық Еуразия) апатты мұнай төгілуін 
жоюға атсалысады.
– Каспий теңізін қорғау бойынша Теге-
ран конвенциясының, теңізге мұнай төгілген 
жағдайда оны жою бойынша ынтымақтаса 
әрекет ету, аймақтық әзірлік жөніндегі 
Ақтау  хаттамасының  маңызы өте зор.  Теңіз 
жағалауында орналасқан бес мемлекет  ше-
кара шегіне қарамастан апатты жағдайларда 
бір-біріне көмекке келуге тиіс, өңірлік 
мүмкіндіктерді оңтайландырып, сол арқылы 
теңіздің ортақ бассейнін қорғауға атсалысады. 
Өйткені, тәуекел үшін жауапкершілік ортақ. 
Төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда 
үкімет пен компаниялардың бірлескен 
жұмысын үйлестіру, тиімді ынтымақтастық, 
құрал-жабдықтардың мейлінше шұғыл түрде 
жеткізілуі, операторлардың қолында іс-
әрекеттің нақты жоспарының болуы, тиісті 
министрліктердің атсалысуы, қаржылай 
қолдау мәселелері шешім табуға тиіс. Мұнай 
төгілу апаты бола қалған жағдайдағы әзірлік 
пен оның залалын жою шаралары сенімді болуға 
тиіс,-деді П.Тэйлор. Оның айтуынша,OSPRI 
 
аймақтық ұйымдармен, ұлттық үкіметтермен, 
операторлармен(соның ішінде НКОК және 
ТШО бар), халықаралық ұйымдармен(ОБСЕ, 
OSRC, КИНГ) тығыз байланыс орнатқан. Жал-
пы OSPRI апаттық мұнай төгілуіне өңірлік 
дайындықты қамтамасыз ету үшін техникалық 

160
және қаржылай көмек көрсететін басқа да ме-
кемелермен серіктестіктер құруда маңызды 
роль атқарады. IPIEKA компаниясының 
мүшелер тобы өңірдегі компаниялар мен 
үкіметтердің аймаққа экологиялық және 
әлеуметтік-экономикалық залал келтіретін 
апатты мұнай төгілуін жоюға дайындығының 
деңгейін бағалауды да басты назарға ұстап 
отыр. Әрине, тәуекелді басқару саласын-
да сапалы құрылыстарды жобалау, қауіпсіз 
шаралар қолдану және барлық деңгейдегі 
қызметкерлер үшін жоғары деңгейдегі кәсіби 
білік көтеретін оқулар өткізу, тиімді дайындық 
жоспарының және мұнай төгілген жағдайда 
оны жоюға арналған күштер мен қорлардың 
болуы тәуекелді төмендетуге ықпал етеді.
Арнайы сапардың  бір күні Англияға 
барғандағы басты мақсатымыз –  
Саутгемптон  қаласындағы 3-деңгейдегі 
мұнай төгілуі жағдайында жедел әрекет ету  
және оның зардаптарын жоюға арналған 
өндірістік базаның жұмысымен танысу бол-
ды. Бұл құрамына барлау, өндіру, тренингтер 
өткізумен айналысатын 46 акционер кіретін 
Oul Pabti cipayt Metbers компаниясы  әлемдік 
мұнай өндіру саласындағы(оффшордағы және 
құрлықтағы) түрлі ауытқуларды күні-түні 
бақылап отырады. Алдын ала жасалған келісім-
шарттар негізінде жедел жұмыс жасап көмекке 
келеді. Компанияның аймақтық директоры 
Роберт Чэйнс Макондадағы(АҚШ), Мекси-
ка шығанағындағы апаттарға тоқтала келіп, 
биылғы жылдың өзінде теңізде құбырлардың 
жарылуы, тағы басқа да барлығы 27 мұнай 

161
төгілуі оқиғаларының болғанын және оны жою 
шараларының қолданылғанын айта келіп:
– Біздің көрсететін қыметімізідің сапасы өте 
жоғары. Тынық мұхит, Азия континенттерінде 
апатты жағдайларда диспергенттерді жеткізіп, 
шашу үшін «Геркулес» аталатын Боингтер 
қолданылады, оның жаңа түрлері қолданысқа 
енгізілуде. Бұл, мәселенки, Қазақстан үшін 
де пайдалы, қандай да бір 3-деңгейдегі апатты 
жағдайлар бола қалса, бірер күн толық әзірлік 
жасап алған соң, 7-8 сағаттың ішінде көліктерге 
тиеліп дайын тұрпған диспергенттерді алып 
жеткізуге болады,-дейді.
Операциялық менеджер Крисс Моор: «Біз 
мұнай төгілуі жағдайына ғана байланысты 
емес, ондай қатерге алдын ала дайын болу, 
құрал-жабдықтар мен кәсіби білікті мамандар 
және оларды даярлау бойынша көмек көрсете 
аламыз. Біздің жұмысымыз корпоративтік 
жүргізіледі. Сингапур, Бахрейн, АҚШ, Нор-
вегия, Оңтүстік Африкада базаларымыз бар, 
жуырда Бразилияда ашылмақ. Сол жерлерден 
де құрал-жабдықтар мен мамандарды жеткізе 
аламыз.  Мамандар арнайы қайықпен жүріп 
мұнайды жинау, өртеу және диспергенттер 
шашуды жедел қолға алады. Әрнине, жұмыс 
келісім-шартқа отырған кен орындарымен ғана 
жүргізіледі. Диспергенттер шашуға(қуаты 
400 литрге дейін) және мониторинг жасауға 
арналған Батыс Еуропада самолетіміз бар. 
Біздің кезекші операторларымызға ақаулы 
нүктелерден күнді-түні телефон соғуына бо-
лады. Ал біз құрал-жабдықтарды және адам-
дарды ары кеткенде 48 сағаттың ішінде 
жеткізе аламыз. Осындай жағдайда әбден 

162
тәжірибе жинаған 17 маманды екі апта сай-
ын ауыстырып тұруға мүмкіндігіміз жетеді. 
Әрбір жағдайға қарай карта, схема бойынша 
әрекет етеміз», десе, Х. Никк диспергенттерді 
пайдаланғанда қандай зиян келетінін емес, оны 
пайдаланбағанда теңізге қандай зиян келетінін 
ойлау керек екендігін, диспергенттердің 15-20 
жылға дейін сақталатынын айтты.
НКОК компаниясының Дағдарысты және 
төтенше жағдайларға төтеп беру бойынша 
 
менеджері Ғани Жарикесов  Қазақстаннан 
барған он журналистің сұрақтарына 
біліктілікпен жауап берді. Үш тілде жатық 
сөйлейтін, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция-
да осы мәселе бойынша тренингтен өткен, 
халықаралық  NEBOSH (Ұлыбританияның 
еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық сынақтан 
өткізу кеңесі) дипломының иегері 
Ғ.Жарикесов қазақ жастарының арасынан 
дарындылығымен жарып шыққан, өзін өмір 
мен еңбекте шыңдаған алғыр жас екендігін 
аңғартты. Халқымызға тән адамгершілігі, 
кісілігі де анық байқалып тұрды. 
– Біріншіден, қандай да бір апатты жағдайға 
жол бермеудің барлық шаралары алынып 
отыр. Соынмен қатар мұнай төгілген жағдайда 
оның залалын жоюға арналған кешенді ша-
ралар қарастырылған. Мұнай төгілуінің 1-, 
және 2-ші деңгейдегі апатты жағдайында 
халықаралық IPIEKA(қоршаған ортаны 
қорғау және қауіпсіздік) талаптарына сай 
жұмыс жүргіземіз. Әрине, 3-деңгейдегі апат 
бола қалса, халықаралық қолдау қажет бола-
тыны сөзсіз. 1 деңгей 10 мың тоннаға дейінгі, 
2-деңгей 10-250 тоннаға дейінгі, ал 3-деңгей 250 

163
тоннадан асқан жағдайда қарастырылады.  Бұл 
жұмыстар мұнай төгілуіне байланысты  жүзеге 
асырылатын Қазақстанның ұлттық заңдары 
мен жоспарларына сәйкес жүргізіледі,-
деп атап өткен Ғ.Жарикесов Баутиндегі 
және Атыраудағы теңіз операцияларын 
қолдауға арналған базалардың техникалық 
мүмкіндіктерінің сайлы екендігіне тоқталды. 
Тәуекелді мойындай отырып, еңбек адамдары 
мен қоршаған ортаны қорғау басты мақсат бо-
латынын қаперге берді. 
Кездесулер барысында  сөз сөйлеген 
мамандардың барлығы да айдынға мұнай 
төгілуі жағдайында оның зардабын жоюға 
әзірліктің мықты екендігін, әйткенмен, ең ба-
стысы мұнай төгілуі болмаса деген тілектерін 
айтты.
Іссапарды ұйымдастырып, бастан-аяқ  бірге 
болған НКОК менеджерлері Ханс Венк пен 
Гүлмира Шалабекова   кездесулердің пай-
далы болуы, халыққа нақты ақпарат жетуі, 
ағылшын елінен әсердің мол болуы үшін 
барлық жағдайды жасады. 
 Алынатын мұнай қорлары 7-9 млрд баррель-
ге(0,96-1,23 млрд тонна) бағаланып отырған 
әлемдегі алып кеніш Қашағанды ел игілігіне 
айналдыру, алайда мұнай төгілуіне жол бер-
меу, Каспийдің биоресурс қорларын ұлт пен 
ұрпақ келешегі үшін сақтап қалу – баршаға 
парыз.

164
ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ
  Филология ғылымдарының 
докторы, профессор Тау-
ман Амандосов бұл күндері 
өмірде жоқ. Бақиға озғанына 
да оншақты жыл өтіпті. 
Қалай болғанда да, талай-
лы тағдырымен тартысып, 
сынбаған, тағдыр тартқан 
тауқыметке қыңбаған, мыңқ 
етпеген бірегей тұлға. ҚазГУ-
дың журналистика, филология 
факультеттері студенттерінің  ең 
қадір тұтатын ұстазы бола білген 
тау тұлғалы Таукеңнің есімі 
естілсе, кілт тұра қалмайтын, 
бас иіп тағзым етпейтін шәкірт 
болмасы хақ. Әлі де ол ғазиз 
жүректі парасат иесі анадайдан 
тұлғаланып көрінетін тәрізді. 
Сұрапыл соғыс жылдарында 
балдаққа сүйенген ол Қазақ 
мемлекеттік университетінің ау-
диториясына келіп кіреді. Содан 
білім кәусарына қанбай, жоғары 
оқу орнын үздік тәмәмдаған. 
Ізденісін сол оқу ордасының аспи-
рантурасында жалғастырған 
жас жігіт көп ұзамай ғылым 

165
кандидаттығын қорғап, ілкіде сол ҚазГУ-дің 
филология факультетінің(ол кезде журнали-
стика бөлімі сол филология факультетінің 
құрамында болған) декандығына бекиді. Ал 
ол кезде бұл ғылым мен білім ордасында қазақ 
филологиясының нешебір даңқты перзенттері, 
М.Әуезов сынды ұлы тұлғалар қызмет жасаған, 
дәріс оқыған. Осындай ордалы ортада кесек 
бітім танытып, кісілігі мен мәрттігі, қатал да 
табандылығымен қатар адамгершілігін, па-
расат өлшемінің өрелілігін айқын аңғартқан 
Тауман Салықбайұлы  сол кездегі білім нәріне 
сусаған қазақ қоғамының оқу-ағартушылық 
қызметтегі жетекші тұлғаларының алдыңғы 
легінде болады.
Адамгершілік дегеннің өзі де тегінде ақылдан 
өріс жаятыны белгілі. Студент кезімізде 
естіген мынадай бір қызықты да тағлымды 
әңгіме құлақ құрышында жаңғырыға 
түседі. Сол филология факультетінде өткен 
ғасырдың елуінші жылдарының соңғы 
екі-үш жылдығында оқып бастаған әйгілі 
жерлесіміз, Онды аулынан шыққан қара бала 
Әбіш Кекілбайұлы сынды ағамыз да сабаққа 
қатысуға, лекция тыңдауға оншалықты мыр-
за болмаса керек. Оның екінші бір себебі, сол 
лекцияларда оқылатын әдеби шығармалар мен 
философиялық еңбектерді, ғылыми дүниелерді 
түнімен жатпай-тұрмай оқып, таңғасалым 
кітап жастанып ұйқыға құлайды екен. Сөйтіп 
жүргенде студенттік тайраңдаған өмірдің ең 
бір қысылтаяң тұсы – сессия да келіп қалады 
емес пе? Содан біздің Әбекең сынды нарлар 
да сессияға алшаңдап келеді-мыс. Өзіне кел-
ген билеттегі сұрақтарға көсіле, кеңінен жау-

166
ап береді-мыс. Бұл мізбақпай тыңдап отырған 
шәуімбас докторлар мен профессорларды селт 
еткізбей қоймаса керек. Әйткенмен, ұстаздың 
арғы жағында сақтайтын бір уыты да болады 
ғой. Ол: сабаққа уақтылы қатыспағандарға 
деген іште сақталған бір зіл. Ол ашуды ұстаз 
осындай шешуші сынға келгенде көрсетуі де 
заңдылық. 
Содан сабаққа үнемі қатысып, үлгілі мінез 
танытқан балалардың дені бағасын артын-
ша естіп жатса да, баға қоятын кітапшасы 
Кекілбаевтың қолына тие қоймайды. Іштей аз 
да болса қорағытқан Әбекең ағамыз шамасы 
«елшілікке» курс старостасын жіберетін болса 
керек. 
– Анау мықты Әбіш Кекілбаевыңа айта бар, 
бағасы өте төмен,-дейтін көрінеді Т.Амандосов. 
Старостаның да көңілі қоңылтақсып қалады, 
іле Әбіш досына хабарды жеткізеді.  Артын-
ша барлық балалардың сынақ кітапшасы 
қолына тиіп үлестірмекші болған староста 
Ә.Кекілбаевтың кітапшасына қараса, «бестік» 
бағаға көзі түседі. Бір орайы келгенде ұстаздан 
мұның сырын сұрағанда:
– Бәрін кітаптағыдан да артық біліп тұрған, 
өзі әкесі соғыста мерт болған жетім көкірек ба-
ланы  стипендиядан қағып мені жын ұрып па?-
деген екен Таукең. Өзі де Атырауда дүниеге 
келіп, сонау отызыншы жылдардың ойра-
нында сондағы жетім балалар үйінде өскен 
жарымкөңіл жан адамгершілікті осылай пай-
ымдауы оның терең адами сезімталдығы мен 
бауырмалдығын аңғартса керек-ті.
Профессор Тауман Амандосов бізге оқуға 
түскен алғашқы жылдарымызда «Журна-

167
листика тану», «Журналистикаға кіріспе» 
тәрізді бірқатар  пәндерден тәлім-тәрбие 
берген-ді. Бұл сала бойынша алғашқы орыс 
тіліндегі кітаптарды өзі тәржімалап, қазақ 
журналистикасына кіріспені өз қолымен жа-
зып шыққан адам. Журналистикаға кіріспе, 
бұл- осы мамандықтың әліппесі есеп қой. 
Әліппені оқымай, көзің толық ашық болуы да 
қиынның қиыны. Таукең , міне, осы әліппені 
бүге-шігесіне дейін ежіктей үйретті деуге бола-
ды. Ұстаз әуелі журналист деген өте қастерлі 
мамандық екендігін, журналист болған адам 
бұл атақты абыроймен ұстап жүруі, қолынан 
қағаз, қаламы түспеуі, өмірде, қоғамда болып 
жатқан жәйттерді, ойға келген түйіндерді 
түртіп жүру, ешқандай жағдай талғамай, оқиға 
ортасында болудан тайынбау, қиындықты 
жеңе білу, барлық кезде ойлай да, жаза да, 
толғай да білу, ең бастысы батыл да мәдениетті, 
адамдармен сөйлесе білетіндей шешен болуы
ақиқатты жазуы  қажеттігін қадап айтты.
– Сендер бірінші курсқа енді түсіп 
жатырсыңдар. Мен сендерге ұстаз ретінде де, 
әкелерің ретінде де оң ниетпен ескертпесем 
болмайды. Ойланып, ой түю, тоқтамға келу 
өздеріңнің шаруаларың. Мәселенки, журнали-
стика өте қиын мамандық дедім ғой, өйткені, 
үйде отырмайсың, үнемі сапарда, түзде, ауыл-
аймақтарды кезіп жүресің. Ал қыз балалар, 
сендер ертең тұрмысқа шығасыңдар, балалы-
шағалы боласыңдар, осы ауыртпалықтарды 
қалай көтересіңдер? Ата-енелерің ренжіп, не-
месе күйеулерің қызғанып жібермей қойса 
қайтесіңдер?-деп бір ескертіп алатын. Бір 
тұтығатын жігіт бар еді, оған да алдын-ала 

168
құлағына құйды. «Сен мүмкін дарынды 
бала боларсың. Бірақ, ертең кейіпкеріңмен 
тілдесетін кезде, сен өзің сөйлей алмай тұрсаң, 
ол сенімен сөйлесе ме? Ал факт, материал, 
дерек болмаса, журналист не жаза алмақ?»-
деп әп дегенде ескерткен. Бірақ, солардың 
барлығының да тауын шақпайтын, тек қана 
қаперіне беретін, таудай талабына ақ жол 
тілейтін-ді.
Таукең сөйлескен адамнан жазып алған 
деректердің бәрін мақала жазған кезде тізіп 
түгел баяндаудың, қалайда пайдаланам деудің 
қисынсыздығын, бірақ деталь, дерек  жетпей 
қалмауы үшін материалды алған кезде ұялмай, 
қысылмай дым қалдырмай сұрап алудың 
маңызын, ал жеме-жемге келгенде тақырыпты 
еркін меңгеріп, логикаңа сүйеніп, өзіңнің 
шығармашылық ізденісіңмен еркін көсіле 
жазудың дұрыстығын құлаққа құя беретін. 
Т.Амандосовқа тән бір сипат – сол бұрынғы 
ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық 
қайнарларды негізге ұстау болатын. Әріден 
келе жатқан алтын арқау – ұлттық тінді 
бүгінге жалғаған бұл ақсақалдардың бай-
ыпты сөйлеуі, тек қана ақылға жүгінуі, 
сабырлылығы, төзімділігі таң қалдырмай 
қоймайды-ау. Ашаң жүзді, ат жақты Тауман 
Салықбайұлы маған ақсүйек, бекзат адам 
секілді көрінетін. Бірде үш профессор – жур-
налистика факультетінің деканы Темірбек 
Қожакеев, Қайыржан Бекқожин және Тауман 
Амандосов қатар отырып студенттерден сынақ 
алғаны есімде. Бір мезгілде бір оқытушы 
кіріп: «Бар болғаны екі кітап екен» деп  си-
рек кездесетін бір ғылыми қомақты еңбектің 

169
біреуін Қожакеевтің, біреуін Амандосовтың 
алдына қойды. Қ.Бекқожин жасы бәрінен де 
үлкендеу кісі еді, кітапқа көзі түсті де, өзіне 
жетпей қалғасын, бала құсап томсырайып
әрі біртүрлі қалбалақтап қалған еді, Таукең 
өзінің алдындағы кітапты Қ.Бекқожиннің 
алдына қойып, паң қалпында: «Мен тау-
ып алармын, Қайреке»,-деп өзіне тән жара-
сымымен жымиды. Мұндай кішіпейілділік 
пен парасаттылыққа барлығы да  таң қалды. 
Дүниеқоңыз еместігін де, үлкенді сыйлай 
білетіндігін де байқатты әрі студенттерге өнеге 
көрсетті.
Тауман аға бірде мені өзіне, кафедраға 
шақырып алып, курстық жұмысқа 1920-
25 жылдардағы қазақ журналистикасы 
тақырыбын тапсырғысы келіп отырғандығын 
айтты. «Өзің араб тілін оқып жүрген болсаң, 
ол кездегі газет бетіндегі хабар-ошарларды 
еркін оқи аласың ғой. Бұл болашақта үлкен 
ғылыми, кандидаттық жұмыстың өзегіне 
айналар еді. Ғасырдың 20-жылдарындағы 
Алаш арыстарының өмірі және атқарған 
қызметі, шығармашылығымен таныс-біліс 
болу арқылы бүтіндей қазақ қоғамының сол 
кездегі саяси-мәдени ахуалынан хабардар 
бола аласың», деген еді. Әрине, бізге ғылым 
жолы бұйырмағанмен, сол кезеңдегі қазақ 
зиялыларының дәуір бастауында қандай 
көкейкесті мәселелерді көтеріп, ұлтының ұлы 
мұраттарын көксегеніне көзіміз жете түскен 
болатын-ды.
Айта берсе, бірегей тұлға Тауман Амандо-
сов туралы айтылар әңгіме де, аңыз да көп. 
Аудиториядағы дәрісінің бір арасында өмір 

170
туралы да әңгіме қозғап өтіп: «Адамда дос де-
ген көп болмайды, бірен-саран болмаса. Адам 
өзінің біліміне, білігіне, қабілет-қарымына, 
зейін-зердесіне сүйенуі керек. Өзін-өзі ілгері 
сүйрей білген адам әсте далада қалмайды, ол 
халқына да қалтқысыз қызмет етеді» дегені 
әлі күнге жадымызда. Иә, дара пішімді 
Ұстазымыздың нұрлы жүзі де, ақыл-кеңесі де, 
журналистика даңғылына  бастаған ұлағаты да 
біздің бойымызға әркез күш-қуат құйып, Өмір 
атты ұлы кеңістікте малтықпауға тартады да 
тұрады.

171
ОШАҚ ОТЫН 
МАЗДАТҚАН  
ОТ-АНАСЫ 


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал