Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.

бет4/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ата тарихымызға алтын 
әріптермен жазылмақ.
Сөйтіп, көптен аңсай күткен, 
арман-мақсаттың ақиқатқа ай-
налатын шағы да келіп жетті. 
Бүтіндей елімізге, біздің 
қасиетті Қазақстанымызға, 
туған халқымызға зор атақ-
абырой үстеген айтулы шара – 
ҮІІ Қысқы Азиаданың тұсауын 
кесер тамашаға куә болуға 
Маңғыстау облысының әкімі 
Қырымбек Көшербаев және 
облысымыздың әр саласын-
да жемісті еңбек етіп жатқан 
белгілі өндіріс басшылары, 
кәсіпкерлер, облыстық мәслихат 
депутаттары, қоғамдық 
ұйымдардың өкілдері, негізінен 
танымал спортшыларымыз бен 
мәдениет саласының майтал-
мандары және осы жолдардың 

78
авторы да(барлығы 30 адам) қатысқан еді. 
Көзбен көрген кереметтерді тілмен баяндап 
жеріне жеткізе жазудың өзі оңай емес тәрізді. 
Өйткені, біз бір қиял-ғажайыптар әлеміне еніп 
кеткендей болдық.
Тарих төріне даңқты дата болып енетін 2011 
жылдың 30 қаңтары күні Арқаның төсіндегі бас 
қаламыз –Астанамыз аппақ нұрға малынып, 
күміс қар жапалақтап, ұйтқи соққанымен, 
«Қазақ елі» алаңы маңына жиналған дүйім 
халықты сескендіре алмады. Көкіректеріне 
елжандылық, өр рух ұялаған қазақстандықтар 
үдей соққан боранды жүрек жалынымен жы-
лытып жібергендей. Бойды билеген қуаныш 
пен шаттықтан ел мерейі өсе түсті. Дегенмен, 
жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұған 
дейін Елордадағы ауа райы 30 градустан асып, 
мектептер жабылып, шұнақ аяз шыдатпайтын-
дай жағдайда болған екен. Соған қарағанда бұл 
күнгі ауа райының сипаты Табиғат-ананың аз-
дап сынық мінез танытқан сыңайы сықылды.
Қаңтардың 11-күні Азия Олимпиада-лық 
кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Әл-Куәйт 
қаласындағы «Куәйт Тауэрс» мұнараларының 
алдындағы алаңда тұтандырылған Азиада 
Алауы еліміздің барлық шартарабын шар-
лап,  эстафета Елордамыз - Астана қаласында 
жалғасты. Алаңда осынау мерекелік шараға 
арнап әзірленген әндер екпінді  шырқалып, 
қиял құсы көкке шарықтай-ды. Осы жерде 
Президенттік мәде-ниет орталығының дирек-
торы, көрнекті көсемсөзші-ғалым Мырзатай 
Жолдасбеков Төбе билік тұғырда елімізге келіп 
жатқан Ақ Азиадаға ақ жол тілегін арнап, ба-
тасын берді.

79
– Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет 
қолға алынып отырған Алау эстафетасы кең-
байтақ еліміздің бүкіл аймақтарын аралап, 
алшаң – алшаң басып, міне, Астанаға да келді.
Бұл тәуелсіз еліміздің тарихында жаңа беттерді 
ашып отыр. Азаттықтың астанасы жайнап, 
жарқырай берсін. Елбасымыз Нұрсұлтан 
Әбішұлы бастаған көш-керуеніміз болашаққа 
нық қадам баса бергей. Басталғалы отырған жа-
рыстарда жастарымыздың бағы жана берсін!-
деді ол. Мырзатай ағаның қолынан Алау 
эстафетасының факелін қабылдап ал-ған Аста-
на қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов 
салтанатты жүгіру көшін бастады. Эстафетаға 
қатысушы алау-герлердің қай-қайсысы да 
еліміздің мақтаныштары. 
Жиналғандар Тәуелсіздік сарайында 
ұйымдастырылған Мәдени Азиаданы тамаша-
лады. Әрине, Мәдени Азиада – бұл сайыс емес. 
Азияның 30-ға жуық мемлекеті қатысып, 
спорттың 11 түрінен(бұрын тек 7 түрінен өтіп 
келген) өткізіліп, 69 медальдар жиынтығы 
сарапқа салынатын 7-Қысқы Азиада ойын-
дары Қазақстанды, оның спорт  саласындағы 
жетістіктерін төрткүл дүниеге танытатын 
оқиға десек, ал Мәдени Азиаданың ойласты-
рылуы қазақ халқының мол мәдени мұрасын 
және еліміздің заманауи мәдениетін паш етуге 
арналған. Бұл бір жағы алыс-жақыннан кел-
ген қонақтар мен туристердің бос уақыттарын 
мазмұнды өткізуіне де септігін тигізері сөзсіз. 
Жас та болса жалпақ әлемді жалт қаратып, 
нешебір адамзаттық ауқымдағы гуманистік 
ізгі шараларға ұйытқы болып келе жатқан 
Қазақ елінің 7-Қысқы Азия ойындарына 

80
«Мақсаты бірдің – рухы бір!» деген ұстанымды 
ұран етуінің өзі  әлем халықтарын бірлік пен 
ынтымаққа шақыруды көздейді. Аталмыш 
ұран спорттық Азияның біртұтас рухын, 
мемлекеттер мен халықтардың бір мақсатқа 
жету жолындағы ауызбірлігі мен достығын 
бейнелейді. 
Мерекеге келген меймандарға Бейбітшілік 
пен Келісім сарайы жәнеТәуелсіздік сарай-
ына ұйымдастырылған саяхаттар  үнемі өсу, 
өркендеу үстіндегі біздің еліміздің  жоғарыда 
айтылғандай ізгі идеяларға беріктігіне 
көпшілікті иландыра түседі.
Қысқы Азиадаға шет елдерден 10 мың-нан 
астам турист, 1500-ге  жуық  спортшы, 500-ден 
астам жаттықтырушы, 1000-ға тарта журна-
листер келді. Жиналған меймандарды Астана 
қаласының ерекше сәні ғана емес, тәртібі мен 
тазалығы, адамдарының қонақжайлығы мен 
кішіпейілділігі, көліктермен тасымалдаудың 
жоғары үлгісі тәнті етті. Астана қаласы әкімінің 
атынан берілген қонақасы тек дәмділігімен 
ғана емес, көңіл көкжиегінің кеңдігімен де зор 
әсер қалдырды. Бір қызығы, осы дастархан-
да жан-жақтан келген барша меймандардың 
атынан Елбасыға және қала әкіміне алғыс ай-
тып, бата қайыру еліміздің белгілі азаматы, 
облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің 
төрағасы, академик Өмірзақ Озғанбайұлының 
пешенесіне жазылғанын да мақтанышпен атап 
өтер реті келіп тұр.
Көрген де арманда, көрмеген де арманда 
дегендейін, қызықтың көкесі осы күні кешкі 
сағат 19.00-де атышулы «Астана-Арена» 
жабық стадионында басталған 7-Қысқы Азия 

81
ойындарының ашылу салтанатында болды. 
Астана қаласының әкімі И.Тасмағанбетовтің 
дауысы саңқылдап естілді.
– Бүгін ерекше күн. Біз әрқайсымыз да 
айрықша сәтті бастан кешіп отырмыз. Азиа-
да Елбасымыздың төл туындысы –Елорданың 
төріне озды. Бұл саяси мәні бар маңызды 
спорттық шара Президент Нұрсұлтан 
Назарбаевтың тікелей бастауымен жалау-
ын керіп отыр. Азиаданы өткізуіміз бұл Азия 
елдерінің Қазақстанға деген сенімін білдіреді. 
Азиада ойындарының арқасында елімізде 
қысқы спорт түрлері бұрынғыдан да гөрі да-
мытылып, көптеген жаңа ғимараттар бой 
көтерді,-деді Иманғали Нұрғалиұлы.
Мереке салтанатын ашқан Елбасы 
Н.Назарбаев баршаны құттықтап сөз сөйледі. 
– Бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының 
беташар оқиғасы, жасампаздық шара. 
Әлем халқының жартысын құрайтын Азия 
мемлекеттерінің елімізге көрсетіп отырған 
құрметі. Бүгінгі таңда Қазақстан Еуразиялық 
кеңістікте бейбітшілік пен ізгіліктің ай-
насына айналып отыр. Осынау шараның 
нәтижесінде Астанада көптеген халықаралық 
спорт кешендері пайдалануға берілді. Мынау 
жаңа стадион 30 мың адамға арналған. Ал 
Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақта талай ре-
кордтар дүниеге келгенін білесіздер,-дей келіп 
Елбасы сый меймандарға да ыстық ықыласын 
жеткізді.
Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті 
шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах өз сөзінде Пре-
зидент Н.Назарбаев бастаған Қазақ елінің Азия 
спортын көтеруге көп шаруа тындырғанын, іске 

82
адалдығын, мәдени өресінің жоғарылығын, 
Азия мен Еуропа арасына тартылған көпір 
екендігін, жыл маусымының суықтығына 
қарамастан адамдарының жүрегі жылы, мей-
мандос екендігін атап айтты.
Арғымақ мінген азамат Көкбайрағымызды 
желбіретіп, оны ел қорғаны - әскерилер қолына 
сеніммен тапсырды, еліміздің Әнұранын бүкіл 
ел болып қолымызды жүрек тұсымызға қоя 
тұрып, әуелете шырқадық.  Одан кейін бір 
ғажайып көріністер басталды да кетті. Сах-
на төрінде Нұржамал Үсенбаева, Роза Рым-
баева, Талғат Мусабаев, Еділ Құсайынов 
сынды бұлбұлдарымыз сайрады. Азиаданың 
Әнұраны орындалды(сөзін жазған Өтеген 
Оралбаев, ән авторы Ескендір Хасанғалиев), 
Театрландырылған қойылымның өзегінде 
тамырын сонау бағзы сақ дәуіренен ала-
тын баба-тарихымыз арна тартады. Көне сақ 
елінің жауынгер қыз-жігіттері  ежелгі ерлік 
дәстүрлерді қайтадан еске салып, жадымыз-
ды жаңғырта түседі. Естен тандырарлықтай 
таңғалдырар нешебір тамашалар көзді 
қарықтырады. Сақ жауынгерлерінің және 
стадион ортасынан шыққан бишілердің ки-
ген киімдерінен көз сүрінеді. Кілең бір алтын-
мен апталған, күміспен қапталған қымбат та 
құнды дүниелер. От шашулар мен су шашу-
лар.Көкте қалықтаған қырандар. Жалт-жұлт 
еткен түрлі-түсті кереметтер. Арғы дәуірлерде 
сәбиін әлпештеген әзиз ана бейнесі. Шамасы, 
бүгінгі тіршілікке нәр берген арғықазағымыз 
сол. Өмір жалғасып жатыр. Атам Қазақтың 
аты шығып келеді...

83
Стадионның қақ төріне қойылған бас 
қазандықтағы Алау отын елімізге танымал 
спорт саңалақтары жақты. Дүбірлі доданың 
осы жердегі шараларында біздің жерлестеріміз 
Әмин Тұяқов, Сержан Шәкіраттың 
атсалысқанын да мақтанышпен айта кетуіміз 
орынды.
Бұл шараны ұйымдастыруға ҚР еңбек 
сіңірген қайраткері, ақын, кинорежиссер 
Бақыт Қайырбеков басқаратын топ үлкен 
шығармашылық күш-жігер жұмсапты. Топ 
құрамында бас режиссер Станислав Михлин, 
бас балетмейстр Меңтай Тілеубаев, бас суретші-
конструктор Вадим Гостев және композитор, 
музыкалық редактор Рахметжан Шамұратов 
бар. Олардың жұмысына Австралияның 
халықаралық консалтингтік компаниясының 
сарапшылары көмектескен. Бұған дейін олар 
Сидней, Афина, Бейжің Олимпиадаларының 
ұйымдастыру комитеттеріне кеңес бер-
ген екен. Сондай-ақ Мәскеудегі «Еврови-
дение-2009» конкурсының техникалық 
ұйымдастырушыларының бірі - неміс-белгия 
компаниясы мен әйгілі композитор Игорь Кру-
той және режиссер-сценографист Борис Крас-
нов өз қолтаңбаларын қалдырды.
  Бір айта кетерлігі, қысқы Азия ойындарының 
тұмары ретінде  қар барысы таңдалған. 
Бұл, мамандардың айтуынша, заманауи 
ақпараттық кеңістікте тәуелсіз Қазақстанның 
қуаттылығы мен алыптығын көрсетеді. Әрі 
барыс – сақтардың мифологиялық түсінігінде 
әділетті жақтаушы, күш, батылдық, төзімділік 
пен тектіліктің символы.

84
Спорттың 11 түрінен, атап айтқанда, коньки 
спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, 
«бенди» добымен хоккей, шаңғымен жарыс, 
биатлон, трамплиннен шаңғымен секіру, тау 
шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғымен 
қысқы спорттық бағдарлау еніп отыр. Ендеше, 
еліміздің намысын қорғайтын спортшыларға 
зор жетістіктер тілейміз!
Біз орайлы сәтінде өзіміздің облысымыздан 
барған делегация мүшелерінің бірқатарынан 
өз ой-пікірлерін білдіруді сұраған едік.
Нұрбек Қарасаев, облыстық  жастар саясаты 
орталығының директоры(делегация басшы-
сы): «Қысқы Азиадаға келіп отырған спортшы-
ларымыз көзбен көріп, жүрекпен сезгендерін 
жастарға үлгі ретінде жеткізеді деп ойлаймын.  
Ақтау ойын-сауда кешеніндегі мұз айдынын-
да осы Азиаданы қолдауға арналған шаралар 
өткізгенбіз.  Соның барлығы жастарымыз-
ды спортқа баулу үшін қолға алынып отыр. 
Мұндай дүбірлі додалар Маңғыстауда да өтіп 
тұрса, үлкен пайда әкелмек!».
Жәңгірхан Сарбасов, кәсіпкер, облыстық 
мәслихаттың депутаты: «Негізінде дені сау 
ұлт - өсетін ұлт. Қазір салауаттылық өмір 
қағидасына айналып келеді. Спортты да-
мыту үшін жақсы база керек. Қазақстанда 
мұндай бағдарламалар қолға алынып жатыр. 
Елбасының Жолдауында да көрініс тапты. Біз 
мәселен, жуырда Түпқараған ауданында об-
лысымызда бірінші рет көкпар өткіздік. Бұл 
ептілікті, күштілікті, аттың құлағында ойна-
уды қажет етеді. Осы шаруаны алдыма мақсат 
етіп қойып, көкпардан Қазақстанның 12 

85
дүркін  жеңімпазы Ораз Сейдахметовті Шым-
кенттен арнайы шақырдым. 
Әділмаханбет Жаңбыров, Жаңаөзен 
қаласындағы №8 орта мектептің дене тәрбиесі 
пәнінің мұғалімі: «Елімізде спорт жақсы да-
мып келеді. Жаңаөзенде Р.Өтесінов атындағы 
спорт кешені, Ә.Тұяқов атындағы стадион бар. 
Қаладағы спортты дамытуға арналған оңды 
ахуал жергілікті жерден әлем жүлдегеріне 
дейінгі мықты спортшыларды шығаруға 
мүмкіндік туғызады!».
Нұрсапа Ахметов, Ш.Есенов атындағы 
Ақтау мемлекеттік университетінің доценті: 
«Елдің туы екі жағдайда көтеріледі. Біріншісі, 
Президенті келгенде, екіншісі, спортшысы 
жеңіс тұғырына көтерілгенде. Азиада бұған 
дейін үш рет Жапонияда, екі рет Қытайда, 
бір рет Оңтүстік Кореяда өткен еді. Бұл 
мемлекеттердің қай-қайсысы да экономикасы 
мықты дамыған спорттық державалар. 
Мен Студенттер арасында салуатты өмір 
салтын қалыптастыру бойынша сауалнама 
жүргіздім. Біздің 11-шағын аудандағы коллед-
жде заманауи спорт залы салынды. Универси-
тетте жүзу бассейні, күрес, гимнастика, ауыр 
атлетика залдары бар. 
Қысқы спортты Маңғыстауда қолға алуға 
болады. Арнайы төсеніштерді төсеп жібереді 
де, токқа қосқанда, мұз болып қатып қалады. 
Бұл дайын мұз айдыны деген сөз. Мәнерлеп 
сырғанауды дамытуға болады. Спорт интер-
наттарын ашса, жақсы болар еді. Илья Ильин 
Қызылордадағы сондай интернаттан баулы-
нып шыққан жас қой».

86
Халид Халидов, каратэ-додан 
Гуанжоуда(Қытай) өткен Азия ойындарының 
қола жүлдегері: «Жазғы Азия ойындарын-
да бесінші орынға табан тіредік. Иранды 
алға жіберіп алдық. Енді өз қабырғамыз 
да көмектеседі, алдыңғы орындарға табан 
тіреуіміз керек. Қысқы спортты Ақтауда да 
қолға алуға болады, қаржы табылады, тек қана 
онымен шындап айналысу керек!».
Иә, осынау өз елімізде өтіп жатқан шараға 
маңғыстаулық спортшылардың қатыспағаны 
жанымызға батады. Бұл облыс спортының ал-
дына үлкен міндеттер жүктейді деген ойдамыз.

87
ТОЙ   
САЛТАНА-
ТЫ  ТАЛАЙДЫ  
ТОЛҒАНДЫРДЫ
туған жердің даңқты перзенті 
Әбіш аға Кекілбаев «Маңғыстау 
облысының құрметті азаматы». 
«Ұлттық ғылым Академиясының 
құрметті академигі» атақтарына ие 
болды.
Халық деген қастерлі ұғым. 
Ел дегеніміз де сол халық емес 
пе. Ал дүйім халық, қалың 
еліміз «елім!» «жерім!», «қайран 
қазағым!» деп еңіреген, бойын-
да бар бүкіл қажыр-қайраты 
мен талант құдіретін танытқан 
есіл ерлерін қай кезде де 
лайықты бағалап, елдіктің жа-
лауын желбірете білген. Ұлысын 
ұлықтап, ұлан-тойында ортасын 
алып қызықтап, бүкіл халық бо-
лып төбесіне көтерген, еліне ет-
кен ересен еңбегін ешқашан да 
елеусіз қалдырмаған.
Қасиетті Маңғыстаудың Онды 
өңірінде дүние есігін ашқан бала 

88
Әбіштің туған жердің құнарлы топырағынан 
нәр алып, қанаттанып ұшып, қиядан-
қияларға самғап, енді, міне жетпіс атты заңғар 
биігінде атакүлдігімен қауышуға оралған беті 
нешебір тағлымды да тартымды шаралармен 
айшықталуда. Талай топ жарған тарландар-
ды дүреткен қарт Маңғыстау осынау мерейлі 
жасының құрметіне абыз ұлын ардақтап, 
тойдың сән-салтанатын қай жағынан да асыра, 
той иесінің де, тілеулес халқының да мерейін 
тасыта түсті.
Сөз өнерінде алдына жан салмас сәйгүліктей 
суырыла озатын нағыз дүлдел суреткер
Қазақстанның халық жазушысы, ойшыл-да-
на, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш 
Кекілбайұлының есімі бүгінде шартарапқа 
кеңінен мәшһүр. Ел мақтанышының туған 
күні негізінде осы жылдың желтоқсан айының 
6-ы болғанымен де, облыс басшысы Қырымбек 
Елеуұлының тікелей бастамасы және облыс 
ақсақалдарының ұйғарымымен той салтанаты 
тұғырлы тұлғаның өз атамекенінде сәл ерте-
рек бастау алды, бұл тойдың жалғасы алдағы 
уақытта Алматы, Астана қалаларында да 
өтетіні сірә де белгілі болып отыр.
Әрине, алдағы уақытта ел астанасында Аға 
тойының республика деңгейінде аталып өтілуі 
көзделіп отырғанымен де, Маңғыстаудағы 
дүбірлі мерекеге де Қазақстанның атақты 
ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері 
мен Парламент депутаттары ғана емес, алыс-
жақын шетелдерден келген құрметті мейман-
дар да аз болған жоқ. Ал облысымыздың аудан-
қалаларынан келген қонақтар өз алдына.

89
Тойға жиналғандар әуелі осынау ұлағатты 
перзентті дүниеге әкелген қасиетті дала, сол 
даланың бар қадір-қасиетін бойына сіңірген 
туасы бөлек болмыс иесі, айтулы азамат Әбіш 
Кекілбайұлы туралы «Ұланғайыр» атты 
фильмді тамашалады. 
Облыс орталығындағы «Нұр плаза» мейрам-
ханасында жайылған кең дастархан басындағы 
той салтанатын облыс әкімі Қырымбек 
Көшербаев кең тынысты баяндама жасай оты-
рып ашты. Бүгінгі өтіп отырған мерекенің 
қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ғана емес, 
бүгіндей қазақ елінің, ұлт руханиятының 
ұлағатты тойы екендігін бедерлеп-безбендеп 
жеткізді.
– Өздеріңіз білесіздер, біз «Маңғыстау 
облысының құрметті азаматы» атағын 
белгілеген болатынбыз. Ал осынау абырой-
лы атаққа бұған дейін еліміздің ғана емес, 
облысымыздың да қарыштап алға басуы-
на ұдайы қамқорлық-қолдау жасап отырған 
Елбасымыз лайық деп табылса, енді екінші 
болып осынау дәрежені Елбасының кемел 
кеңесшісі, сенімді серіктесі, қазақ халқының 
біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлына беру-
ге облыс басшылығы мен облыстық мәслихат 
депутаттары бірауыздан ұйғарым жасады,-
деді Қырымбек Елеуұлы.- Сонымен қатар мы-
нау сыртта сән түзеген, әйгілі шебер Бақыт 
Бозжігітовтің жаңа туындысы-ақ орда киіз 
үйді де Сізге тарту етеміз.
– Айналайын, халқым, деді Әбекең 
тебіреніп,- мен кешіп тұрған қазіргі сезім-
күйді барлығыңыз де түсінетін боларсыз-
дар. Өз орталарыңда өстім. Сіздерден ірге 

90
ажыратқаным жоқ. Тағдыр айдауымен алы-
ста жүрсем де. Жаныммен сіздермен біргемін. 
Елдігімізге еттім... Осынау істерге мұрындық 
болып отырған Қырымбек Көшербаевқа 
алғысымды білдіремін. Басым жерге жеткен-
ше сіздерге, халқыма тағзым етемін. Ал мынау 
тоғыз қанат ақ үйдің қайда болғаны дұрыс, осы-
ны ойлап толғандым. Туынды иесі Бақыттың 
жеті атасы зергер, керемет шеберлер. Атақты 
Жалау Мыңбаевтың туысы. Мынау үй сол 
жетпістегі Бақыт екеумізден сый болсын, үй 
сіздердікі. Бұл облыстық тарихи-өлке тану 
мұражайының төрінде тұруы керек, сырттан 
келгендер біздің қазақтың заманында да қалай 
сән-салтанатты ғұмыр кешкенін білсін...
– Қазақстанның зиялы ортасында, қоғамда, 
ел ішінде биылғы жылды «Кекілбаев жылы» 
деп атау турасында оңды пікірлер айтылу-
да. «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде 
М.Жолдасбеков бұл пікірді бас болып айтып, ол 
ойды С.Қирабаев, Т.Медетбек, С.Абдрахманов 
жалғастырды. Еліміздің бүкіл БАҚ-ы 
Ә.Кекілбаев туралы толғақты мақалалар 
ұсынуда. Мұның барлығы Ә.Кекілбаевтың 
қазақ санасына, жүрегіне ұялағанының 
белгісі іспетті. Нағыз нар туғандар елін, жерін 
өркениет өріне өрістетеді. Рух керуенін ба-
стайды. Абай мен Құрманғазы, Махамбет пен 
Шоқан, М.Әуезов пен М.Жұмабаевтардан 
жол тартатын ұлттық рух қазынасын бай-
ытып, мазмұн-мәртебесін өсіре түскен 
«Кекілбаев әлемі», «Кекілбаев кеңістігі», 
«Кекілбаев феномені» дүниежүзілік өркениет 
мәдениеті мұхитына барып құйылды...,-деді 
ҚР Парламенті депутаттарының атынан сөз 
сөйлеген депутат Қ.Сұлтанов.

91
– Кешегі заманда ұлыларымызды өлтіріп 
алып едік. Олар ести алмаған жылы сөзді, Әбіш, 
бірінші болып естіп отырсың. Әрине, еңбегің, 
азаматтығың, қайраткерлігің бұған лайық,-
дей келіп академик Серік Қирабаев ҰҒА 
алқасының шешімімен Әбіш Кекілбаевқа «ҚР 
ҰҒА академигі» атағы беріліп отырғандығын 
паш етіп, төсбелгіні және алтын сағат тар-
ту етті. «Өз қатарымызға жаңа әріптес келіп 
қосылып жатқанда қуанбасқа болмас» деп өз 
отбасы атынан ұлттық дәстүрмен Әбекеңе ша-
пан жауып, оның жар-қосағы Клара ханымға 
да құрмет көрсетті. Академик С.Қирабаев 
бұрынғы КСРО Академиясында көптеген жа-
зушылар мұндай атақтарға ие болса да, біздің 
қазақта бұған дейін тек қана М.Әуезовтің, 
онда да Қ.Сәтпаевтың үлкен күш-жігері 
нәтижесінде мұндай абырой биігіне қол 
жеткізе алғандығын жасырмады.
Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші 
хатшысы, белгілі ақын Н.Оразалин тебірене, 
толғай қайырды.
– Қирабаев ағамыз бір ақиқаттың шетін 
қылтитып кетті. Абай 59-ында, Мұхаң 64-інде 
кетті, оларды қазақтың қасиетті қара шалын-
дай көруші едік. Ал бүгінгі бақытты күнге жетіп 
отырған Әбекең ағамыз, Әбіш Кекілбаев ХХ, 
ХХІ ғасырлардағы ең ірі тұлғалардың бірі әрі 
бірегейі, оған өз шығармаларының қуатымен, 
парасат бигінің өлшемімін жетті. Қаламынан 
балдай тамған әрбір қасиетті, киелі сөзімен 
кез-келген кеңістікті әдемі бағындырып келе 
жатқан Ә.Кекілбаев пешенесіне жазылған 
бақ бұл. Оған осынау қадір-қасиет ата-
бабаның қанымен, асыл ананың сүтімен 
дарығаны анық. Сонау алпысыншы жылдарда 
әдебиетке ұлы жаңалықтар әкелген буынның 

92
маңдайы жарқыраған, тамыры тереңге кет-
кен көшбасында келе жатқан Әбеке, Сіз де 
бір анау жылдары өлкенің барлық тарихи 
ескерткіштерін ұлт зиялыларына танытқандай 
табиғаттың төл перзентісіз, халқымыздың 
Қаратауысыз!-деді шынайы ақындық көңілден 
ақтарыла сөз тиегін ағытып. Киелі Жазушы-
лар одағы атынан Әбекеңе оқалы киім-шапан 
кигізілді.
Халықаралық Пен-клубтың мүшесі, 
мәскеулік мейман, Әбіш Кекілбаев 
шығармаларының шебер аудармашыларының 
бірі А.А.Ким: «Сіздер қуаныңыздар, мұндай 
сирек тұлға-дарынды жазушыны дүниеге 
әкелген сіздер – қазақ халқы бақытты»-деді.
Биылғы жылы республика көлемінде 
кеңінен аталып өтілмекші Ә.Кекілбаев ме-
рейтойына жан-жақтан көптеген жеделхат-
тар келіп түскен екен. Солардың бірі Астана 
қаласының әкімі И.Тасмағанбетовтің лебізі 
оқылды.
Ақиық айтыскер ақын М.Қосымбаев Әбекең 
ағасына арнаған жыр-толғауында оның 
болмыс-бітімін, қаламгерлік қуатын жеріне 
жеткізе дәріптей, мадақтай түсті. «Пір-әулие 
жайында сол кітапты, Тірі әулие жазғаны 
дұрыс шығар», деп әулиелік әлеміне де сапар-
лап қайтты.
Ақ дастархан басындағы ағыл-тегіл тілек 
облыстық филармонияның «Ақжарма» 
ансамблі мен облысымыздың шебер 
орындаушыларының және Астанадан, Ми-
ланнан арнайы шақырылған дүлдүл өнер 
тарландарының концертімен әдіптелді.

93
ШАҒАЛАДАЙ 
ШАРЫҚТАЙ БЕР, 
АҚ ШАҺАРЫМ!
Үш жүз алпыс әулиелі киелі 
Маңғыстауымызда тектілік 
қадір-қасиет жетіп артылады. 
Маңғыстау деген үш қиян: Бо-
зашы түп, Қараған түп, Исан 
түп болса, оның қай аймағы 
да құнарлы, асыл болмысты 
ата-бабаларымыздың маңдай 
тері сіңіп, қаһармандық рухы 
қалған, тұлпарларының тұяғы 
тиген, елдік рухы бекем өңірлер. 
Ал осы үш қиянның қақ ортасы
нақ жүрегі осы Ақтау болса ке-
рек. Баяғы замандарда теңізден 
қайықпен келе жатқанда бұл 
жер ақ мәрмәр тау, бағыт ұстар  
бағдаршам болып сонадай-
дан «мен мұндалайды»  екен. 
Ақтау – Маңғыстаудың басқа 
жерлеріне қарағанда өзінше 
бір тылсым сырға толы. Бұл 
жердің жұмақтай болып көзді 
арбап, қонысқа, өмір сүруге 
де жайлы, әрі үнемі жылы бо-

94
лып тұратындығының да себебі бар секілді. 
Өйткені, бұл жердің негізгі атауы – Ақтау-
Қолтық немесе жай Аққолтық деп те аталады. 
Қолтық дегенді қосып айтатын себебі де сол, 
оның орналасу бедерінде қолтыққа тығылып 
тұрғандай, теңіз жартастарына сұғынып, 
сүйеніп тұрғанына байланысты болса керек 
деп топшылаймыз.Табиғаты  қатал, шөлейт 
 
Маңғыстаудың басқа өңірлеріне қарағанда 
климатының айрықша жылы болатындығын 
жақын маңайында уран кені қорының 
молдығымен де сабақтастырып жатады. Бұл 
ара Ақтау-Қолтық аталса,  онымен иіндесе, 
сабақтаса жатқан Ұйқылы-Ұшқи-Боржақты 
да талай сырды бойына бүгіп жатыр. Осындағы 
Ұйқылы деген сөзге назар аударыңыз. Жер 
атауларын қоярда ешқашан қателеспейтін 
бабалардың осылай атауында терең мән 
бар. Баяғы кезде атпен шауып келе жатқан  
аталарымыздың осы маңға келгенде қалғып 
кететіндігі жөнінде де қызықты әңгімелер ай-
тылады. Уран, тағы басқа да сирек кездесетін 
неше алуан жерасты қазба байлықтары 
оның үстіңгі беткейін де қыздырып  тұратын 
көрінеді. Мұндағы айтпағымыз не? 
Осынау ыстық ұяның аурасы адамдар бой-
ына да дем беретін секілді. Жалпы Маңғыстау 
байтағы қандай құшағы шалқар, мейірлі ме-
кен болса, ал Ақтау-Қолтығы адамдардың ба-
уыр басуы жағынан таң қалдырмай қоймайды. 
Маңғыстауға, оның ішінде Ақтауға қоныс 
теуіп, мұнда еңбек еткен, бала-шаға өсірген 
адамдардың киелі өңірден қайтып кеткісі кел-
мей қалатыны да сондықтан. Облысымыздағы 
неміс ұлттық-мәдени орталығының төрағасы 

95
С.Б.Мартын айтады бірде: «Мен талай 
Германияға кеткім келіп еді, Ақтаудың 
магниті тартып жібермеді». Ал мұндай сөздерді 
Қазақстанның қай тарабынан келген азамат-
тар да  жиі қайталайды және мақтанышпен 
айтады. Елбасы өлкемізге келген сапарының 
бірінде Маңғыстау – бұл пенде баласының , 
оның ішінде әрбір қазақстандықтың өмірде бір 
аяғым тисе деп армандайтын қасиетті мекені  
екендігін ашық айтқан болатын. 
Ал Маңғыстау десе, оның астанасы, 
бас қаласы – Ақтау аузымызға алдымен 
ілінетіндігі белгілі. Ақтау Кеңес заманын-
да  П.Амберкромби атындағы халықаралық 
сыйлықты иеленген болса, бұл күндері қайта 
жаңғырып, жаңаша түлеп,  аққудай тарана, 
сылана түсуде. Соңғы жылдарда шөлейт өңірде 
тал-терек өсіру әрі міндет, әрі парызға айна-
лып, көк-жасыл реңкке де көмкеріле бастадық.  
Қалада рухани орталықтар көп демесек те, 
Алланың үйі – Бекет ата мешіті мен облыстық 
музыкалық-драма театры, Абай атындағы 
мәдениет сарайы, тағы басқа да мәдениет 
ошақтары көңілді орнықтыра түседі. Әрине, 
көңіл көкжиегінде сол рухани кеңістігімізді 
толтыратын мәдениет ошақтары, білім 
ошақтары көбейе берсе деген тілек бар. Бұл 
Ақтауға енді шаһарбасы болып жатқан білікті 
ініміз Еділ Жаңбыршиннің «құлағына алтын 
сырға» ретінде айтылып отырғаны белгілі. 
Шынында да жуырда керемет қазақ-түрік 
лицейі бой көтеріп, бұл елеулі жаңалыққа ай-
налып отырған жоқ па? Мәселен, өткен жылы 
Ресейдің Тюмень облысында болдық. Онда 
аймақ жазушыларының да, журналистерінің 

96
де өздерінің дербес  шығармашылық үйлері 
бар екен. Бұл да құптарлық үрдіс. Қалада 
соңғы кезде мұқият қолға алынып жатқан 
іргелі істердің бірі- балаларға арналған ойын 
алаңдарының көбейе түскендігі. Әйткенмен, 
қаланың кейбір жерлерінде мұндай ойын 
алаңдарының ескерусіз қалып жатқандығын 
да жасыра алмаймыз.
Қала, оның ішінде Ақтау сияқты келесі 
жылы бар болғаны елу жасын толтырғалы 
отырған жайсаң қалаға тек қана сәнділік, 
сұлулық  жарасады деп ойлаймыз. Керемет га-
лерея түзеген Таңшолпан, Оазис, Грин-парк, 
Өркен, тағы басқа да тұрғын үй кешендері, 
түнгі көшелер бойындағы жарқыраған бал-бал 
шамдар, әр-жер-әр жерден  пайда болып келе 
жатқан жаңа скверлер мен гүлзарлар, тротуар-
лар көңілді жайлылығымен баурайды.
Барлық іске де баға беретін – халық, 
тұрғындар, қала берді сырттан келген мей-
мандар болса керек. Ал облыс басшылығына 
Б.Мұхаметжанов келгелі бері көзге түсер 
қандай іргелі шаруа тындырылды деген-
де, барша жұрт бірінші кезекте Тәңіріден 
бұйырған төл теңізіміздің өз еншімізге, халық 
игілігіне айнала бастағандығына қол көтеріп,  
құптай айтар еді. Теңіз жағалауларын «ебі 
барлардың екі асап» дегендей әкесінің 
меншігіндей иеленіп алуы халық көңілінде 
наразылық болып кептеліп жатыр еді. Бауыр-
жан Әлімұлының заңды, ұйымдастырушылық 
және шаруашылық тұрғыдағы қарымды іс-
әрекетінің арқасында  халық, әсіресе балалы-
шағалы әйел адамдардың, қарт кісілердің, 
кешкілік жастардың да теңіз жағалауындағы  

97
ақ мәрмәр қима тастармен өрілген тротуар-
лар, балалардың ойын алаңдары, скамей-
каларда жанға жайлы, рахат дүние кешіп 
отырғанының күнде куәсі болып жүрміз. 
Көңілімізге қаяу түсірген бір жағдай болып еді, 
ол да біршама түзелген тәрізді. Осы жолдардың 
авторы қаланың ен бойында, оның ішінде ел 
демалатын, серуендейтін 14,15, 9,7-шағын ау-
дандарында бұралқы итттердің тым көбейіп 
кеткендігін және  қарапайым тұрғындардың 
емін-еркін жүріп-тұру қауіпсіздігіне нұқсан 
келтіре бастағандығын  мәселе етіп көтерген 
еді. Бұл өзекті мәселе ақырында біршама 
шешім тауып, бұралқыларды «аластау» шара-
лары алына бастады. Дегенмен, адамдардың, 
әсіресе сәбилерін көтерген жас аналардың, 
жүкті арулардың қауіпсіз жүріп-тұруын 
нығайтуды әлі де жүргізе беру керек.
Баяғы «Солдат пляжі», «Нұр плаза» теңіз 
жағалауларында да қыруар шаруа тындыры-
лып, халықтың  баба-теңізге барып суға шомы-
лып, рахаттануына жол ашылды. Мұндай оңды 
ахуалды көріп, білген ақтаулықтардың келе-
шекке деген сенімі артып, еңбекте де, өмірде де 
шабытты үстей түсуде, ел, жер болашағының 
бұдан да жарқын болатынына сенімді.
Қаладағы екінші бір айтарлықтай  қолға 
алынып жатқан шаруа – тазалық. Тазалықсыз 
өмір жоқ, тазалықсыз мықты денсаулық та 
болмайды. Онсыз да шөлейт, шаңды өлкені 
күнделікті тіршілікте күл-қоқысқа толтыра 
берсек не болмақ? Бой көтеріп келе жатқан 
жаңа үйлер, коттедждер маңында қоқыс-
қалдықтарды уақтылы қала сыртына шығару, 
қаланы көгалдандыру ғана емес, «қыздың 

98
жиған жүгіндей» етіп тап-таза, сәнді  күйде 
ұстау, шемішке мен темекі тұқылына дейін 
шашпауға шақырған, қоғамдық орындарды 
бүлдіруге бейім тұратын азаматтарды, жол 
ережесін бұзушыларды теледидар мен газет-
тер нысанасына алу, бүлдіру мен қиратуға жол 
бермеу, тәртіп пен реттілік, заң талаптарын 
бұзбауды талап еткен облыс басшылығының 
ілкі бастамасын қалың ел болып қолдауымыз 
керек. Өйткені, қала баршамызға ортақ 
шаңырағымыз. Ал шаңырақтың киесі де, 
берекеті де бұлжымас ережелер мен тәртіпке, 
өзара түсіністік пен бірлескен күш-жігерге 
байланысты екендігін әрбір салауатты сана 
жақсы түсінеді. 
Олай болса, көсілген кең жазира даламыз-
ды, ақ шағаласы шаңқылдап, аққу-құсы 
сыңқылдаған, адамдарының жүзінен Күн 
нұрының шұғыласы төгілген ақ шаңқан 
Ақтауымызды, оның қоршаған ортасын  көздің 
қарашығындай күтіп, баптау – баршамыздың 
еншімізде, ағайын!
Әлемде күмбездері көк тіреген нешебір 
көрікті де зәулім шаһарлар баршылық. Алай-
да, ол қалалардың қай-қайсысы да біздің 
Ақтауымыздан артық емес. Алматыдағы бір 
корпорацияның президенті болып қызмет жа-
сайтын досым осында келіп, теңіз портына 
дейін барып танысқаннан кейін таң-тамаша 
қалып: «Мен Қазақстанда әсіресе екі қаланы 
- Алматы мен Шымкентті(өзі Шымкенттен) 
ерекше әдемі санаушы едім, бірақ олардың 
өзі Ақтауға қарағанда алға шыға алса жа-
рар еді» дегені бар. Шынайы көңілден «сырт 
көз-сыншының» айтқаны. Өйткені, Ақтау 
 
 

99
Қазақстанның бірден-бір теңіз қақпасы, 
мұнайлы өңірдің астанасы! Әрі тұнып тұрған 
экзотика! Жаса, қалам, жаңғыра бер! Сенің 
сыртқы келбетің де,. адамдарыңның жан 
дүниесі де рухани бай, кемел, имандылыққа 
бейіл. Ендеше, болашағыңа аршындап жол 
тарта бер, айдыны арқыраған, жұлдызы 
жарқыраған Ақтауым менің!
                       
   

100
                
МЕМЛЕКЕТТІК  
БАСПАСӨЗ 
ЖӘНЕ УАҚЫТ
  Қабырғалы  еліміз, қаны таза 
текті халқымыз ата-бабалар сан 
ғасырлар бойы аңсаған қасиетті 
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі 
бері де,міне, жиырма жылдың 
үстінде уақыт зымырап өтіпті. 
Сол Тәуелсіздікті берік уыста 
ұстап, біртұтас ұлт болып ұйысу, 
ол үшін Қазақстан халқының 
ынтымағы мен бірлігін сақтай 
отырып, Мемлекеттік тілдің 
мәртебесін көтеру, оны келешек-
те бүкілқазақстандықтардың 
ұлтаралық қатынас тіліне ай-
налдыру, ділімізді, дәстүрлі 
дін-иманымызды, елдік қадір-
қасиетімізді, рухымызды 
күшейту, елді, жерді, шекара 
шептерімізді, қоршаған орта-
мызды көздің қарашығындай 
қорғап, нағыз Қазақ  Елі, Қазақ 
Қоғамына бетбұрыс жасау сынды 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 

101
Назарбаевтың  елдік түбегейлі сындарлы сая-
сатын, соған сәйкес облыс басшылығының осы 
бағытта жүргізіп жатқан неше алуан іргелі 
істері, сан қырлы реформалар, тың бастама-
лар, аймақтың экономикалық-әлеуметтік, 
қоғамдық-саяси және рухани ахуалын 
айшықтап, кейбір аяққа оралғы болған кемшін 
тұстарымызды сын садағына ілу, сөйтіп, Билік 
пен  Халық (Оқырман) арасындағы алтын 
көпір - дәнекер ролін атқаратын Маңғыстау 
аймағының бас басылымы, аймақ айнасы - 
«Маңғыстау» газетінің жариялылық туын 
асқақтатып жарық көре бастағанына да таба-
ны күректей 40 жыл толыпты.
Бұл, сөз жоқ, тек қара шаңырақ - облыстық 
«Маңғыстау» газеті ұжымының ғана емес, 
бүкіл өлке жұртшылығының қоғамдық-саяси, 
рухани өміріндегі елеулі оқиға. Өйткені, га-
зет – әрі саяси биліктің, әрі халықтың мінбері. 
Еліміздегі сөз, баспасөз бостандығына сай 
әрбір азаматтың өзінің қоғамдық пікірін, 
көзқарасын білдіріп сол мінбер арқылы 
 
қоғамдық белсенділігін таныту құқы бар. 
Ендеше, ортақ мерекеміз құтты болсын 
зерделі оқырман, қадірменді әлеумет!
Иә,биылғы жыл біздің қасиетті өлкеміз 
үшін аса бір мерекелі де берекелі асуларымен 
өрнектелгелі отыр. Қазыналы аймақтың басты 
орталығы, һәм астанасы саналатын ақ шаңқан 
қала - Ақтау-арудың айдындағы аққудай 
сылаңдай сән түзегеніне де, міне, ердің жасы 
- 50 жыл! Жылдан-жылға кемелді келешекке, 
қанатын қияға керген  Ақтаудың ажары толы-
сып, шаттыққа, бақыт пен байлыққа ұйыған 
шаһарға айналды. Қалада көкпен таласқан 

102
нешебір зәулім үйлер мен сәнді ғимараттар, 
бақтар мен скверлер көз тартады. Ал теңіз 
жағасының шын мәнінде  әсіресе кішкентай 
балдырғандарын жетектеген жас аналар мен 
әкелердің, аталар мен әжелердің, жалпы бар-
ша халықтың серуен құратын, нешебір кере-
мет мерекелер мен көңілді сауық шараларын 
өткізетін демалыс орнына айналғанына көз 
сүйсінеді. Халықаралық Ақтау әуежайы мен 
Қазақстанның бірден-бір теңіз қақпасы сана-
латын Ақтау теңіз порты өз алдына бір аңыз. 
Бас шаһар төріндегі руханият ошақтары – Бе-
кет ата мешіті, Абай атындағы мәдени-сауық 
кешені, облыстық сазды-драма театры, арда-
герлер үйі, қуыршақ театры, Неке сарайы – 
біздің елдігіміздің уығын беркітіп, шаңырағын 
тіктеуге, жас ұрпақққа патриоттық һәм имани 
тәрбие беруге қызмет етуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-
баев киелі Маңғыстау өңірін адам баласы 
тіршілікке жаралғанда ең болмаса бір рет те 
болса табаным тисе деп армандайтын ғажайып 
өңір ретінде айрықша атап өткені белгілі. 
Тіпті қадым замандардың өзінде алғашқы 
адамдар мекендеген өңірлердің бірі болуы да 
ғажап еместігі  табиғи және археологиялық 
болмысынан айқын аңғарылатын абыз 
Маңғыстаудың әр тасы, тіпті шөлейт өңірдің 
сор даласы мен шөп-шөңгесі, ызыңдаған 
желіне  дейін  түпсіз тереңдерден сыр шертеді. 
Әсіресе, мұнда елімізде мемлекеттік қорғауға, 
күтімге алынған  жиырма мыңға тарта тари-
хи -мәдени ескерткіштердің үштен екісінен 
астамының  шоғырлануының, таңғажайып 
табиғат дүниесінің  өзі бір жұмбақ әлем. 

103
Сонымен қатар осынау аңызақты, 
аңызға толы  өңірде ұлттық мол руха-
ни құндылықтармен қатар кен-қазына 
көздері де жетіп артылады, тіпті Менде-
леев таблицасындағы ең сирек кездесетін 
металдардың өзі көптеп кездеседі. 
Маңғыстау шартарабының мұнай мен газ 
кенорындарының игеріле бастағаны да сол 
елу жылдың еншісінде. Осындай жан-жақты 
құнарлылық, жан-жақты байлық көздері, 
оның ішінде айрықша атап айтуға тұрарлығы 
– елдік тектілік болмыстың, ұлттық рухтың 
өнеге-өлшемдері кезінде мұнда өз алдына дер-
бес облыс құруға негіз қалаған болатын.
Осылайша үш жүз алпыс әулиенің дем 
беруімен 1973 жылы жаңадан облыс шаңырақ 
көтеріп, аймақ қарыштап дамуға аяқ басты. 
Облыс басшылығымен бірге оның барлық 
құрылымдары бірінен соң бірі дүниеге келіп 
жатты. Олардың қай-қайсысы да бұл күндері 
өздерінің облыспен бірге ірге көтеріп, еңсе 
тіктеген қырық жылдық торқалы тойларын өз 
ұжымдарында үлкенді-кішілі деңгейде атап 
өтуде. Әрине, үлкен елдік той, аймақтың айту-
лы мерекесі - 50 жылдық пен 40 жылдықтың 
лайығынша аталып өту шаралары күзге қарай 
жемісін берері сөзсіз.
Осынау үлкен елеулі жылда облыстық 
қоғамдық-саяси «Маңғыстау» газетінің 
алғашқы санының жарық көргеніне де, 
жоғарыда атап өткеніміздей, бүгін аттай 
40 жыл толады екен. Ол кезде сол кезеңнің 
партиялық талабымен «Коммунистік жол» 
атанған облыстық газет беттерінде мектеп 
қабырғасында жүрген кездерімнен менің 

104
де шағын хабар-ошар, заметка, суретте-
ме, өлеңдер, новеллаларым жарық көріп 
тұратын-ды. Алдыңғы буын аға-апаларымыз 
қаламымыздың қатаюына, ширауымызға 
септігін тигізгені сірә белгілі. «Өзім болдым-
толдымнан без» демекші, оны ұмытуға болмаса 
керек. Ұрпақ сабақтастығы болып, жастардың 
жетіліп өсе бергені қай кезде де жақсы емес 
пе? Бүгінгі орайлы сәтті пайдаланып, аз-кем 
шегініс жасап өтейінші өткенге...
1976-жылы Жыңғылды аулынан 
онжылдықты тәмәмдаған соң, асқақ арман 
қуалап ҚазГУ-дің филология факультетіне 
 
түсуге талап қылған менің барлық сабақтарды 
жақсы тапсырғаныммен конкурстан өте алмай 
Алматыда дағдарып қалғаным бар. Көп ұзамай 
елге оралып, осы облыстық газетте алғашқы 
еңбек жолымды корректорлықтан бастап 
маңдай тер төгуіме  мүмкіндік туды.  Коррек-
тор әрі әдеби қызметкер санатында жүріп, 
облыстық басылымның шығармашылық 
у-дуының додасына қосылуыма, ерте 
шыңдалуыма жарқын жол ашылды. Жаңадан 
ашылған облыста кілең жан-жақтан жиналған, 
шетінен жазғыш, «сен тұр, мен атайын» 
мықты қаламгерлер тоқайласыпты. Бірін-бірі 
бірінші кезекте жазған дүниесімен бағалайды, 
шығармашылық бәсеке де, талап та, жазылған 
дәмді дүниелерді орынды бағалау да басым. 
Қысқасы, шығармашылық орта, рухани аура 
масқара күшті болды.
Әлі есімде, газетіміздің алғашқы бас редак-
торы, оған дейін атақты  «Лениншіл жастың» 
әйгілі тілшісі болған, аржағы Абай елінің аза-
маты Рысхан Мусин ағамыз(жуырда қайтты) 

105
сол кезде Индияға сапарлап келгені бар.  Сонда 
іштегі жігіттер «Қалай жазар екен?» деп сырт-
тай   байқастап, ойқастап жүрген-ді. Рахаң 
әжептәуір жазды, екі-үш циклдың шамасын-
да, бірақ уақыты жетпеді ме, әлде партиялық 
басылым болғасын ба, тартыныңқырап, еркін 
көсіле алмаған сыңайлы, жігіттер мұны «ор-
таша» деп бағалады. Өйткені, ол кезде сын бар 
болатын, әрі сын шын айтылатын. Бұрынғы 
«Лениншіл жастың»  «алыстан тербеп, 
құлашты сермеп» жазатын мықты тілшісінің ол 
кезде таңсық келетін шетел сапарынан көркем 
очерктер туындата алмағанын дәл осылай сөз 
еткені құлағымда. Бірақ, ол кісі, қымбатты 
Рахаң мықты әдебиетші-жазушы да, парасат-
ты тұлға  да болатын. Бұл жерде айтпағымыз, 
газет тілшілерінің жазуға, бір-бірінен асырып 
жазуға деген құштарлығы, құлшынысы тым 
жоғары еді. Шығармашылық ұжым болған 
соң, бас редактордың да бейнелі, образға 
құрылған, тілі жатық   көркем дүниелер мен 
суреттемелер, тартымды танымдық және тал-
дау мақалаларын жазып тұрғанын көңілдері 
қалаған-ды. 
Сол кездегі идеологияның, үгіт-насихаттың, 
партия пәрменінің  күштілігі болар, 
облыстық басылымда он екі-он үш бөлім 
болса, әр бөлімде екі-үшеуден журналистер 
жарыса қалам тартты. Қысқасы, отыздың 
үстінде журналист қауымы  «бұрқытып» жа-
зып, шығармашылық белсенділіктің кере-
мет үлгісін танытты. Сол кездегі талантты 
да өнікті қаламгерлерден газетімізде осы-
нау мерзімде үздіксіз талмай тер төккен 
 
М.Қибасов, З.Исағұлов сынды ардагерлерді 

106
атап өтер едім. Басқа да нешебір «сұрапыл» 
журналистерді айтпағанда, бүгінде Қазақстан 
Жазушылар одағының облысымыздағы 15 
мүшесінің ішінде Г.Сейітжан, М.Іңірбаев, 
Т.Мыңжас, Ы.Сүйінұлы – осы басылымнан 
түлеп ұшқандар.  Газеттің секретариатының, 
яғни техникалық қабырғасының қатаюына 
айтарлықтай үлес қосқан алғашқы жауап-
ты хатшы Н.Қыдыров ақсақалдан бастап 
А.Сүйеров, А.Аймағанбетов, А.Бектұрғанов, 
А.Тасаров,  С.Әжімұратов,т.б. азаматтардың 
еңбегі ересен. Бәріміз осы «қазаннан» 
қайнап шықтық. Біздің газетте әр жылдарда 
Т.Медетбек, Ж.Ахметов, Э.Төреханов, Ә.Спан, 
А.Нәріков, Ә.Бейсебаев, Қ.Тұрмағанбетұлы, 
Ш.Жұбатова сынды ақын-жазушылар да
О.Ізбасарұлы, М.Сухамбердиев, Л.Садуақасов,  
Т.Шадықұлов, С.Әділханов, Б.Дінәсілов, 
М.Қосымбай, Б.Байекеев, Ж.Нұрмаханова 
, А.Қыдыр, А.Есет сынды қаламының желі 
бар дүлдүл журналистер де аз болған жоқ. 
Олардың бірқатары республикалық басы-
лымдарда да абыройлы қызмет жасады. 
Ұшқыр ойлы, танымал публицист бауыры-
мыз Мұрат Әбуов жуырда ойламаған жер-
ден арамыздан озды...Жас та болса дарынды 
қарындасымыз Гүлайым Дәуітбаева біздің 
газеттен ел газеті - «Егемен Қазақстанның» 
Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі бо-
лып, толғақты тақырыптарда өндірте жазып 
жүр.
Әр жылдарда газетте бас редактор бо-
лып қызмет жасаған Р.Мусин, Ж.Оспанов, 
К.Мырзағұлов, С.Есімов, М.Қибасов, 
Ж.Бошалақ, М.Қосымбай – бұл басшы азамат-

107
тар облыстық басылымды қалың оқырманның 
көңіл қалауынан табылатындай етіп мазмұнды 
шығаруға барынша күш-қайрат жұмсады. Әр 
кезеңнің өз талабы бар, сұранысы бар деген-
дей, бәрі де ұлы Уақытқа қызмет етті. Қазақ 
газетінің оқырман санының артып, сапалық 
жағынан жан-жақты жаңғыра түсуіне жан 
аямай еңбектенді. Осы қара шаңырақта табан-
дап жиырма сегіз жыл жұмыс жасап, аталған 
жеті редактордың бәрімен де жұмыстас болып, 
мол тәжірибе жинақтап, олардың қолға алған 
істерін алға қарай жалғастыру біздің еншімізге 
тиіпті енді.
Мейлі, басшы болайық, қосшы болайық, 
әңгіме онда емес, біз – журналиспіз. Жур-
налист – қоғамдық тұлға, қоғам қайраткері. 
Журналистің өткір қаламы және қоғамда 
болып жатқан құбылыстарға деген өмірлік 
азаматтық ұстанымы, батыл көзқарасы  болуға 
тиіс. Өзінің қалам-қайратына, оқу-тоқуы мен 
білім-білігіне, ұлтжандылық ұстанымына 
сүйенген қаламгер елдікті, қайран 
қазағымыздың ертеңгі баянды болашағын 
бағамдай ойлайды. Именшектемейді, бірақ 
қияс та баспайды, елдік саясаттың тамырын 
дөп басып, қай тақырыпта жазса да, кәсіби 
шеберліктің шырқауынан көрінеді. Сөз мар-
жанын, сөз сарасын тауып, ана тілдің аруағын 
аспандата түседі.
«Маңғыстау» газетінің бүгінгі тіршілік-
тынысында да өзіндік жаңалық, ілгеріге 
құлшыныс, ерекше екпін бар деуге болады. Бұл 
күндері тоғыз басылымның басын тоғыстырған 
«Маңғыстау-Медиа» ЖШС аясында заманауи 
жаңа талаптарға сай шығармашылық жұмыс 

108
ұйымдастыруды діттеп, мемлекеттік тапсы-
рысты орындау мен оқырманның өткір тала-
бынан табылуға деген талпыныс басым.Қалай 
болғанда да  журналистика мұраттарына адал 
болу, облыстың маңдайалды басылымының 
абыройын аласартпау  тәрізді ортақ істе 
Р.Оңғарбай, Ә.Сәркенов, Г.Науырша, 
М.Жетекбай, Е.Нәрембаева ,В. Қозыбақова 
тәрізді тәжірибелі, Х.Қуат, Ф.Мұңалқызы 
сынды жас журналистердің, бас есепші 
Н.Жұмашева, жауапты хатшы Л.Мұратова 
және замана талабына сай компьютер 
құлағында ойнаған Ж.Абыланова, Ә.Рабаева, 
корректорлар мен терімші-мамандар Б.Рабаева, 
А.Жакен, Б.Қосымбаева, Ж.Көшербаева, жар-
нама менеджері Қ.Жәрденғалиева, «тыңкөз»-
журналист Б.Үмбетов, бірден-бір жүргізуші 
Ж.Сабақбаев,т.б. әрбіреуінің еңбегі атап 
айтуға тұрарлықтай. 
Елбасының бүгінгі таңда алға қойып 
отырған басты талабы – адам факторы, еңбек 
адамын оның қызмет лауазымына қарап емес, 
адал да тынымсыз атқарған еңбегіне, кәсіби 
шеберлігіне қарай бағалау, құрмет көрсету. Ал 
Мемлекеттік хатшы М.Тажин жуырда өткізген 
келелі мәжілісінде бүкіл Қазақстан бойын-
ша журналист кадрлардың тапшылығын 
мемлекеттік деңгейде шешу мәселесін сүбелі 
әңгіме етті. Өйткені, біз тұғыры мықты, 
шын мәніндегі егемен ел болуымыз үшін 
республикалық қана емес, ғаламдық ақпарат 
кеңістігінде жеңілмеуіміз, ішкі-сыртқы саяса-
тымызды идеология майданында осалсытпау-
ымыз  керек. Яғни, біздің ұлттық, мемлекеттік 
идеологиямыз көп жағдайда осы БАҚ арқылы 

109
көрініс беретіні белгілі. Аталған жиналы-
ста ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, 
ұлт қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің 
мемлекеттік баспасөздің беделін көтеру үшін 
оның бетін нормативтік актілер жариялау-
мен толтыру, сөйтіп, оқырманның орынды 
ренішін туғызудан азат етудің, ұлтын, халқын 
сүюге тәрбиелейтін танымдық мақалалардың 
айрықша  маңызын атап өткені жәйдан-жәй 
емес.
Бүгінгі мерейлі күні аймағымыздағы 
көптеген белсенді авторларымызды, штат-
тан тыс тілшілерімізді де құттықтағымыз 
келеді. Қаламгерлер- Ө.Озғамбай, Д.Әріпов, 
А.Өтегенов, Ә.Спан, О.Көшбайұлы, 
М.Ақмырзаев, Ә.Қонарбаев,Қ.Саты-
балды, Ү.Жәлеке, белсенді авторла-
рымыз - сонау Қызандағы тоқсаннан 
асқан қария Ықсан Жұмасатов ақсақал, 
Ж.Көңілімқосұлы, Б.Ербақы, Ш.Аконова, т.б. 
толып жатқан «Маңғыстаумен» тыныстай-
тын авторларымызға, газетіміздің он мыңға 
тарта таралымының үнемі тең жартысынан 
астамына жазылып  келе жатқан Жаңаөзен 
мұнайшыларына, әкімдігіне, пошта қызметіне 
шынайы алғысымызды жеткізгіміз келеді.Ел 
ішінде, жер-жерде болып жатқан жаңалықтар 
мен оқиғалар, немесе түйткілді жәйттер, та-
рихымыз бен ұлттық болмысымызға қатысты 
тақырыптар хақында хат жолдап, немесе 
редацияның электрондық мекенжайына жиі 
мақалалар жолдап тұрыңыздар дегіміз келеді 
баршаға. Біздің ендігі мақсатымыз – келіп 
түскен әрбір хат-хабарға, әрбір мақалаға сер-

110
гек қарау, оны шама келгенінше газет қажетіне 
жарату. 
Сонымен қатар заман талабына қарай ақылы 
материалдарға газет бетінен лайығынша орын 
беріледі, ұлттық өндірістік компаниялар, бан-
ктер, өндірістік кәсіпорындар мен бизнес зия-
лылары қолдау-көмек көрсетіп жатса, олардың  
имиджі-беделін көтеруге мүмкіндіктер 
бар. Бұл – газеттің және «Маңғыстау-
Медианың» келешектегі бәсекелестікті ортаға 
бейімделуге бағытталған коммерциялық басты 
бағдарларының бірі.
Бүгін –мереке, 40 жылдық той. «Қырық» 
деген сөзге де тереңнен ой бойлатып көрдім. 
Қасиетті сан екен! «Нәрестенің қырықынан 
шығуы», «Қазаның қырықын өткізу», 
«Қырықта қамал алу», «Әйелдің қырық 
жаны», немесе «қырық пышақ болу», «үйден 
қырық қадам шыққаннан кейін...», «қырық 
шілтен», «қырықмылтық», «қырықкез», 
«қырықтық», «қырыққабат», айта берсе 
тіптен көп... 
Сол «қырықтың» құрметіне  орай біраз «шер 
тарқатылды». Ендігі күтетініміз – толассыз 
оқырман хаттары...
Құрметті әріптестер және киелі өңірдің 
есімін иеленген облыстық басылымның жа-
нашырлары, оқырмандары! Көңіліміздің 
көкжиегі кең болсын, Ырыс пен несібе, 
бақыт пен береке мол болсын, Қолға алған 
барлық ісіміз оң болсын, Қазақ Елі тектілігін 
жоймаған, мәңгілігін тойлаған, ертеңін дәйім 
ойлаған, Асыл Текті Ел болсын!
Мерекеміз құтты болсын, ағайын!

111
Еңбек қоғамы
«КІМ ШАРШАЙДЫ? 
КІМ  
ШАРШАМАЙДЫ?..»
Облыстық қоғамдық-саяси 
«Маңғыстау» газеті алдағы 
уақытта елде, жерде, қоғамда, 
қалалар мен ауылдардағы 
өткір проблемаларға, ұлт пен 
ұрпақтың бойында ата-бабалар-
дан келе жатқан асыл қасиеттерді 
қалыптастыру секілді өзекті 
мәселелерге көпшілік наза-
рын аударып, кейбір көлеңкелі 
жәйттерді сын садағына ілуді 
назарға  ұстап отыр. Бұл рет-
те өңірдің елді мекендеріндегі 
көкірегі ояу, көңілі сергек аза-
маттар да селт етіп, көкейтесті 
ойларын, пікірлерін,  ұлттың 
рухын, сана-сезімін оятатын не-
месе сын дүниелерін редакцияға 
жолдай алады.
  Бұл реттегі алғашқы мақаланы 
Елбасымыз Н.Назарбаевтың 
«Қазақстанның әлеуметтік 
жаңғыртылуы: жалпыға ортақ 
еңбек қоғамына қарай 20 қадам» 

112
атты мақаласының түп-төркінінен өрбіткенді 
жөн санадық.
Жалпы адамзат баласын тек еңбек қана 
жасампаздық пен ізгілікке жеткізеді. Еселі 
еңбек, талмас талап, қайтпас қайсарлық, 
шексіз құлшыныс, батыл қадам, оң баста-
ма, ілкі ізденістер нәтиже бермей қоймайды. 
Егемендігін енді еншілеген, жаңа-жаңа 
түндігін түзеп, ел болудың қамындағы қазақ 
қауымы үшін республика тұрғындарының 
жанкешті еңбегі, тынымсыз  тер төгуі, мейлі 
қандай жұмыс болмасын әркімнің өз ісіне адал, 
кәсібін жете меңгерген маман болғаны мақұл. 
Өмірдің, өнердің, бизнестің қай саласында 
болмасын қазақ баласының аты озып жатса, 
одан артық қуаныш бар ма?І Ал мемлекеттік 
басқару, ішкі және сыртқы саясат, инновация, 
менеджмент, өнерде, ғылым-білімде, спортта 
өзгеден оқ бойы озық болу үшін бір пайыз да-
рын мен, тоқсан тоғыз пайыз еңбек қажеттігін 
ғұламалар әлдеқашан айтып кеткен.
Үш-төрт жылдықта Астанада 90-ның үшеу-
төртеуіндегі кейуана келініне үйге келген 
қонақтарға «қаланы қыдырып шаршаған 
жоқсыңдар ма?» деген бірауыз сауал қойғаны 
үшін едәуір  ұрсып тастағаны әлі есімізде.
– Не айтып отырсың,-деді қарт әже,- дені сау 
адам шаршайтын ба еді?І
– Сонда кім шаршайды?-деп қалыппыз біз.
– Жүріп тұрған адам ешқашан шаршамай-
ды, айналайындар. Тек қана төсек тартып 
жатқан адам ғана шаршайды! «Шаршадың 
ба?» деп сұрау да, «шаршадым» деп айту да 
мүлде дұрыс емес! Шаршау – өз бойын би-

113
лей алмайтын, өмірмен күресуге дайын емес, 
бойкүйез адамдардың іс-әрекеті!
Жас шыбықтай бұралған балауса күнінен ел 
басындағы тауқыметтің бәрін тартып, мал да 
баққан, шөп те шапқан, Таушықта көмір шах-
тасында да бейнет тартқан, бір сөзбен айтқанда 
өмірде көрмегені жоқ, түйгені көп қарияның 
ондай ауыр тұрмысты көрмеген, бейқам да ра-
хатты тұрмыс кешіп жатқан бүгінгі заманның 
өскелең буынына айтып, ескертіп отырған 
сөзінің жаны бар. Бұл сөзді өзін ерте тұрып, 
кеш жату, әркез сергек болуға баулыған, тек 
отбасының қамын  күйттеп ғана қоймай, елдің 
қамын да ойлаған азаматтар жақсы түсінеді. 
Үлкен кісі «шаршау» деген сөзді мүлде айтуға 
болмайтынын, Тәңірім ғұмыр сыйлап тұрған 
кезде оны жалқаулықпен, масылдықпен емес, 
ешқашан ерінбейтін ерік-жігер, ерен еңбекпен 
өткізу керектігін меңзеп отыр.
Шынында да қазіргі жастар барлыққа, 
байлыққа мас тәрізді. Реті келсе, түске дейін 
бас көтермей ұйықтауға да бар. Алға айқын 
мақсат қойып, сол арманның жолында шарша-
май, шалдықпай, әр күн сайын ширыға ғұмыр 
кешу, қандай жұмыс жасасаң да, ұлтыңның 
тілі, ділі, діні, салт-дәстүрін ұстану, кітап 
оқып, рухани кемелдікке ұмтылу, бала-шағаға 
нағыз қазақ болып өсетіндей тәлім-тәрбие 
беруге тырысу  кейбір жастардың бойында 
жетіспей жатыр. Маған бірде белгілі қаламгер, 
орыс жазушысы Раиса Рябцовская телефон 
шалды: «Мынау біздің қазақтар басқа ТМД 
елдеріне қарағанда алға озып барады. Қалалар 
қандай, көліктер қандай, Астана қандай, бәрі 
жақсы ғой,дейді. Бірақ, қазақ жастары тым 

114
семіріп бара жатқан жоқ па? Мен күнде теңіз 
жағалап жүгіремін. Сонда көбіне-көп теңіз 
жағасында суға түсіп жүрген қазақ жігіттерін 
көремін. Олар местей болған қарындарын си-
палап тұрады». Менің тілімнің ұшына бірауыз 
сөз оралған сонда: «Кейбіреулер абыройының 
емес, қарнының өскеніне мәз».
Иә, бұл семіру деген де аса жақсы жағдай 
емес. «Әрбір ойлы адам дертті» деп ұлы Абай 
айтпақшы, уайымсыз, ойсыз адам ғана көбіне-
көп қарын қамын ойлап кететіні жасырын емес. 
Бүгінде өркениетті деген  Америка, Еуропа 
елдері осы гиподинамия ауруына шалдығып, 
енді семіздіктен және одан туындайтын түрлі 
кеселдерден арыла алмай жүргені тағы белгілі. 
Қазіргі жастар көліктен түскісі келмейді, 
қарыс сүйем жерге жаяу баруға енжар. 
Елпілдеген елгезектік, өз басын ғана  емес, от-
басы, ел қамын ойлауға келгенде ұлтжандылық 
пен патриоттық сезімдер жетіспей жатады. 
Мейірімділік пен қайырымдылық, имандылық 
пен ізгілік  тәрізді асыл қасиеттер қазіргі 
жастардың бойында тереңнен ұрық себуі үшін 
ұрпақ тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, 
психологияның маңызы ерекше. Балаларға 
сәби күнінен ертегілер оқып, әділдік пен 
адалдыққа, еңбексүйгіштікке, елжандылыққа 
баулу ғана баянды болашаққа бастайды. 
Таяуда редакциямызға бір қарындас бас 
сұқты. Өзі аржағы Атыраудың , Адайдың 
қызы екен, ҚазГУ-дің филология факультетін 
тәмәмдап, Талдықорғанның жігітіне 
тұрмысқа шығыпты. Бейнеулік ақын Уәйіс 
Қайралаповтың шығармашылығын ғылыми 
жұмысына арқау етіпті. Өткен жылы сол 

115
ақын ағаның кітабын шығарып осында 
әкелген болатын. Сонда да екіқабат жүр еді, 
бұл жолы да екіқабат екен. Сонда да болса, 
осында У.Қайралаповтың Маңғыстау тура-
лы кітабының тұсаукесерін қалайда өткізуге 
жұмыстанып жүр. Ол біздің сұрағымызға күле 
жауап берді: «Бес балам бар, аға. Өткен жылы 
да аман-есен босандым. Тағы да ай-күнім 
жақындап қалды. «Қой да аман,қасқыр да 
тоқ» дегендей, үйдің де, күйеудің де бабын та-
уып, баланың да санып көбейтіп, жұмысымды 
да, халыққа да қызмет жасап жүрген жайым 
бар. Бәріне үлгермесек болмайды ғой, уақыт 
зырғып тез өтіп кетеді» деді. Таң қалмай гөрІ 
  Жалпы байлыққа үш жолмен жетуге бо-
лады екен: еңбекпен, тілемсектікпен және 
ұрлықпен. Соңғы екеуі тұрақсыз, ал еңбек 
қана адамды нұрландыра түседі. Дана Әбіш 
Кекілбаевтың: «Ізгілік дегеніміз - өзің және 
үрім-бұтағыңа игілік болып даритын адал 
еңбек» деуі де сондықтан. Өзінің адал еңбегі, 
іскерлігі, жансебіл еңбегімен талай биіктерді 
бағындырып жүрген кәсіп иелерін көргенде 
көңілдің хошы келетіні де сондықтан.
Мінеки, біздің қазаққа бүгінгі таңда 
ұйқылы-ояу қалғып-мүлгіп жүретін жайба-
сарлар да, «әсіре қызыл тез оңар» демекші, 
тек қана нәпсіні ойлап, қызық қуғанға мәз 
уайымсыз-қамсыздар да, қара басын күйттеген 
тоғышарлар да, аяғын басса ерініп, керенау 
қозғалатын, істі ілгері сүйрегенен гөрі кері 
тартатын кербездерден гөрі, ілкімді іс қылып, 
шаруаның тігісін жатқыза білетін, жемқорлық 
пен жағымпаздықтан ада, жалы биік жайсаң 
азаматтар керек-ақ.  

116
Тағы да ойыма жоғарыда сөз басы еткен 
көнекөз қарияның айтқан бір ауыз ойлы сөзі 
түсіп отыр: «Кім шаршайды? Кім шаршамай-
ды?!» Бұл сөзден тағылым алып, түйін түю – 
ақылдының пешенесіне жазылмақ.
Ойланайық,  ағайын! Бұрын, сонау кеңестік 
кезеңде  белгілі бір қалыптағы тәрізді қасаң 
қоғамда өмір сүріп келдік. Енді Бостандық та, 
Теңдік те, Еркіндік те, Ерік те, Тәуелсіздік те 
өз қолымызда! Ендеше, тыным таппай еңбек 
ету, ешбір істе шаршамау, замана талаптары-
на сай болып білімге, білікке ұмтылу, ғасыр 
азаматы болу өз қолымызда екен. Ол үшін 
тұлпар тұрықты, ер мінезді, алты айшылық 
жол кезсе де алдырмайтын, шалдырмайтын 
қара нардай төзімді, алдаспандай өткір, өр 
рухты, шамырқанған шар болаттай берік бола 
білейік? Қалғуға, мүлгуге, есінеуге, есіруге, 
шаршауға мүлде болмайды!
                                                                        

117
                                                                                                                
ТҮГІН ТАРТСАҢ 
МАЙЫ ШЫҚҚАН 
ТЫНЫСТЫ ДА, 
ЫРЫСТЫ ӨЛКЕ 
ТҮМЕН
Бүгінгідей қиял жетпестей 
жылдамдықпен жүйткіген за-
мана ағысы адамзаттық даму 
көшінің   тек өзара ықпалдастық 
арқылы ғана ілгері дами ала-
тынын дәлелдеп отыр. Өз 
өреңді де өсіре отырып, әрі 
өзгенің де озық қырларын бойға 
сіңіру арқылы әр салада  оң 
жетістіктерге қол жеткізуге 
әбден болатынын әлемдік даму 
үрдісі айқын аңғартты. Ал 
бармен ғана шектеліп, жан-
жақтағы жақсыны, жаңа тех-
нологияны игеруге құлшыныс 
танытпау түптің түбінде аяқты 
матап, тұйыққа тірелуге әкеліп 
соқтырар еді.
Кең-байтақ еліміз, тәуелсіз 
Қазақстанның әлемдік 
интеграцияға екпінді түрде атса-

118
лысуы оның аймақтарының да бұл бағыттағы 
соны ізденістерінен «мен мұндалайды». 
Барлық салалар бойынша қарыштап даму 
қарқынын ұстаған қазыналы Маңғыстаудың 
өткен жылдың соңғы бедерінен басталған 
Ресейдің Түмен(Тюмень)  облысымен байла-
нысы біртіндеп күшейе түсті. Бұған дейін 
екі жақтың ресми делегациялары екі өңірде 
кезекпен-кезек болып, алғашқы таныс-
білістіктен соң, Маңғыстау облысының  әкімі 
Қырымбек Көшербаев пен Түмен облысының 
губернаторы Владимир Якушевтің екі аймақ 
арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдени ынтымақтастық 
жөніндегі келісімге қол қоюымен нақтылана, 
жанды мазмұнға ие бола түскен еді. Осы 
келісімге сәйкес қазыналы аймақтар мұнай-
газ өнеркәсібі, мұнай химиясы, машина жа-
сау, ауыл шаруашылығы, мамандарды бірлесе 
даярлау, ғылыми-техникалық ақпараттар ал-
масу, туризм, тағы да басқа салалар бойынша 
ықпалдаса, тәжірибе алмаса қызметтену ту-
расында екі жақ үшін де тиімді істерді қолға 
алмақшы. 
 Міне, Түмен облысы үкіметінің шақыруымен, 
Маңғыстау облысы басшылығының ар-
найы жіберуімен облысымыздың он төрт 
шығармашылық өкілдерінен құралған  делега-
ция аталған аймақта бірнеше күн болып, өңірдің 
жай-жапсарымен мейлінше танысып қайтты. 
Бұл ретте маңғыстаулық БАҚ құрамында 
республикалық «Қазақстан», «Хабар», «Аста-
на» мемлекеттік (ұлттық) телеарналары, «Каз. 
правда» газетінің тілшісі және облыстық 
«Маңғыстау», «Огни Мангистау», қалалық 

119
«Ақтау-ақпарат», жарнамалық(жекеменшік) 
«Лада»  басылымдарының өкілдері болып, 
бүкіл Қазақстанның атынан жауапкершілік 
жүгін арқалап келгенін атап өтуіміз керек. 
Шығармашылық топты аталмыш өңірге 
Қазақстан Журналистер одағы Маңғыстау 
облыстық филиалының төрағасы Петр Алек-
сеевич Долматов пен облыс әкімі баспасөз 
қызметінің өкілі Әсел Әлиханқызы Қаншірова 
бастап барды.
Әуелі Батыс Сібірдің оңтүстік бетінде 
орналасқан Түмен облысы туралы қысқаша 
мәлімет бере кетелік. Түмен облысы 
күрделірек құрылымнан тұрады, оның 
құрамында үш субъект бар, атап айтқанда, 
Түмен облысы, Ханты-Мансы және Ямала-Не-
нец автономиялық округтері. Автономиялық 
округтер облыс басшылығына бағынғанымен 
де өздерінің губернаторлары бар, толық дерлік 
дербестікке ие. Облыстың басты орталығы 
Түменде 600 мың, ал өңірдің тарихи-рухани 
орталығы саналатын Тобольск қаласында 140 
мың халық тұрады. Көшелерде «Тюмень – 
лучший город земли!» деген патриоттық жазу-
лар жиі кездеседі. Тұрғындардың өз қаласын 
көркейтуге деген құлшынысы, көтеріңкі көңіл 
күйі айқын сезіледі. Қалада онның үстінде 
жоғары және арнаулы оқу орындары болса, 
ондағы жастар мәдениет ошақтары, спорт 
кешендері және Ғашықтар көпірі, Жастар ал-
леясы, Көк-жасыл бульварға, қалалық баққа 
жиі барады.
Аймақта өнеркәсіптің (әсіресе мұнай-газ, 
Түмен бұл жағынан Ресейде алғашқы орынға 
ие) энергетика, машина жасау және металл 

120
өңдеу салалары, орман шаруашылығы, азық-
түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын 
және жиһаз шығару, көлік-логистикасы, са-
уда, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. 
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын 
арттыру үшін  инвесторларға көптеген 
мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. 
Бұл инвестициялар аймақ экономикасының ең 
маңызы зор салаларына құйылады. Тұрғын үй 
құрылысына айрықша мән беріледі. Облыстық 
бюджет қаржысы есебінен инженерлік 
жүйелері мен жолдары дайын етілген аз 
қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы же-
дел екпін алуда. Ертіс, Тобыл, Тұра, басқа да 
өзендердің көптігіне байланысты ірі өзендік, 
порттары бар. Жері, суының құнарлылығы, 
таңғажайып табиғаты «Ағаштар астана-
сы» атанған өңірде туризмді дамытуға және 
емдік санаторийлердің(«Тараскүл», «Сібір», 
мұнда сүйек-буын ауруларын емдеудің табиғи 
үлгісі бар) ел игілігіне жұмыс жасауына 
жол ашып отыр. Медицина, білім-ғылым, 
баспасөз, мәдениет, кадр даярлау, дарынды 
жасөспірімдерді анықтау және қолдау, балалар 
мен педагогтарды көтермелеу жоғары деңгейде. 
Бір атап айтарлығы, облыс өзінде шығарылатын 
ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі 
толық қамтамасыз етіп отыр. Жоғары өнімді 
сүт және етті мал шаруашылығы, шошқа 
және құс шаруашылығы, астық және картоп 
пен овощ шаруашылықтары қарқынды даму 
үстінде. Мал тұқымын асылдандыру шетелдік 
және отандық асыл тұқымдыларды пайдалану 
жолымен жүзеге асуда.

121
Тюмень облысы мен Қазақстанның сыртқы  
сауда байланыстары ұлғая түсуде. Атап 
айтқанда, «Тюменьсудокомплект» ЖАҚ, «Не-
фтемаш» ААҚ, «Завод сварочных электродов 
«СИБЭС», «Тюменьский фанерный комби-
нат» ААҚ, «Тюменский аккумуляторный за-
вод» ААҚ, «Сибнефтемаш» ААҚ, «Ялуторов-
скмолоко» ЖАҚ, «Сибнефтегазмаш» ААҚ, 
«Сибнефтеавтоматика» ИПФ ААҚ, «Красный 
октябрь» ДОК ААҚ, «Газтурбосервис» ААҚ 
және басқа көптеген компаниялардың, орман 
өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының, тағы 
басқаларының Қазақстан аймақтарымен  сау-
да  байланысы  орнықты сипат алуда.
Тюмень облысын ұзақмерзімдік әлеуметтік-
экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінгі 
тұжырымдамасына сәйкес жедел дамытыла-
тын алты аймақ қарастырылып отыр. Олардың 
қатарында Уват  мұнай өндіру аймағы, Тобыл 
мұнайхимиясы аймағы, Түмен инновациялық 
технологиялар аймағы, Түмен агроөнеркәсіп 
аймағы, Түмен көлік-логистикалық аймағы 
және Түмен туристік-рекреациялық аймағы 
бар. 
Осынау жоғарыда сөз етілген және басқа 
да басты бағыттар бойынша  Маңғыстау 
облысының кәсіпорындарымен де  өзара тиімді 
байланыс орнатуға түмендіктер қызығушылық 
танытуда.
...Түменге РФ астанасы - Мәскеудің Домо-
дедово әуежайы арқылы біршама ұзақ жол 
шеккен маңғыстаулық журналистер «де-
сантын» күтіп алып, бүкіл сапар барысын-
да бастап жүрген Александр Геннадьевич 
Дударев Түмен облысы  ақпараттық саясат 

122
департаменті  қоғамдық коммуникациялар 
бөлімінің бастығы болып қызмет жасай-
ды екен. Ол  бізді «Қазақстан делегациясы» 
ретінде қарсы алып отырғанын барлық кезде 
қайталаумен болды. «Республика» көшесінің 
бойына орналасқан «Восток» мейманхана-
сына ат шалдырып орналасып болған соң, 
іркілместен қаладағы көрнекі орындармен 
таныстық басталып та кетті. Келген күннің 
орайлы сәтінде түмендіктердің басты мәдени-
рухани шаңырағы облыстық драма театры-
на апарғаны құптарлық. Тарихи деректерде 
мұнда 1858 жылдардан бастап әуесқойлық 
театрларының спектакльдері пайда болғаны 
турасында айтылады. Онда көпестер, интел-
лигенция өкілдері және қала басшыларының 
әйелі мен қыздары да рольдерде ойнапты. 
Әйгілі көпес әрі меценат А.И.Текутьевтің 
үлкен күш-жігер жұмсауы нәтижесінде 1895 
жылы кәсіби театр өмірге келеді. Өнер орда-
сы қалалықтардың бойына адамгершілік асыл 
қасиеттерді сіңіруде маңызды роль атқарады, 
онда талайлаған Ресейге әйгілі өнер шеберлері 
өсіп шығып, қияға қанат қағыпты. Аумағы да, 
ішкі дизайны-безендірілуі де, материалдық-
техникалық жабдықталуы да көздің жауын 
алардай жаңа театрдың пайдалануға берілуі 
2008 жылдың үлесінде. Драма театрының ди-
ректоры С.В.Осинцевпен болған кездесуде 
ол театрдың бұл жаңа ғимаратының  өздері 
үшін де күтпеген қуаныш болғанын, оның 
сахналары-ның сәнділігі, актерлердің кәсіби 
шеберлігінің де жоғары екендігін атап айт-
ты. Театрға Ресейдің өзге де аймақтарынан 
(Омбы, Краснояр, Новосібір, т.б.)түрлі оқу 

123
орындарынан талантты өнер иелерін шақыру 
дәстүрге енген. Біз барған күні де театрдың 
үлкен залы көрермендерге лық толы болды 
(А.Н.Островский-дің  «Последняя жертва» 
спектаклін тамашалады), олардың қатарында 
тек орта жастағы адамдар ғана емес, жастардың 
өте көп болғаны таңғалдырды әрі риза 
етті. Салыстырмалы түрде алып қарағанда 
олардың театры қайда да ұялмай мақтануға 
лайық, ал біздің әуежайымыз  олардан ғана 
емес, ең мықты деген (тіпті Мәскеу, Алма-
ты секілді ірі мегаполистердің халықаралық 
әуежайларымен салыстыруға да болады) 
басқа да қалалардың әуе-жайларынан   ос-ал 
түспейді. Түмен шаһарындағы Д.И.Менделеев 
атындағы облыстық ғылыми кітапхана және 
ондағы аймақтық орталық– Б.Н.Ельцин 
атындағы Президенттік кітапхана(орталығы 
Санкт-Петербургта) филиалы көз сүріндіреді. 
Біріншіден, оның алып жатқан жер ауқымы, 
екіншіден заманға лайық техникалық 
жарақтандырылуын суреттеуге тіл жетпейді. 
Осынау іргелі мәдени және ақпараттық 
орталықта әлем халықтарының 22 тіліндегі 
2,6 млн. түрлі деңгейдегі құжаттар қоры бар. 
Ресей халықтарының ұлттық тілдерінде де (та-
тар, чуваш, қазақ.т.б. тілдерде) ақпараттық 
әдебиеттер баршылық. Мұндағы сирек 
кездесетін кітаптар, өлкетануға арналған 
 
және мерзімдік басылымдар, өнертапқыштық 
және авторлық куәліктер, нормативтік-
техникалық құжаттар, ау-диовизуалдық 
және электрондық құжаттар ке-ңінен 
жинақталған. Кітапхананың терминалда-
ры мен автоматтандырылған жүйесі осы 

124
заманғы анықтамалық-ақпараттық және 
навигациялық жүйемен жарақтандырылған, 
бұл келушілердің тез арада өздеріне керекті 
мәліметтерді алуына мүмкін-дік береді.  Ви-
део және аудио материалдарды қарап көру 
үшін мультимедиялық кабинеттер, жеке ком-
пьютермен жұмыс жасау үшін интерактивті 
аймақтар жасақталған. Сервистік орталықтар 
материалдарды көшіріп алуға және сканерле-
уге, электрондық тұтқыштарға жазып алуға 
қызмет көрсетеді. Балаларын қалдыратын 
жері болмай келген ата-аналардың өз сәбилерін 
осындағы арнайы бөлмеде қалдырып кетуіне 
жағдай жасалынған, балалар да музыка, радио 
тыңдап, кітапшалар оқуға, ойындар ойнауға 
мүмкіндік алады. Ең бастысы, кітапханадағы 
қызметтің барлығы да тегін көрсетіледі. Біздің 
жедел өсіп келе жатқан Ақтауымызда да осы 
үлгідегі орталық кітапхананың салынуы 
қажеттігі уақыт талабы деп түсінуіміз керек.
Қаладағы Баспа(журналистер) үйінде 
әріптестермен болған алқалы басқосуды 
Тюмень облысы ақпараттық саясат 
департаментінің директоры А.П.Новопашин 
ашты.Оның айтуынша аймақта 800-ге тарта 
БАҚ-ы жұмыс істейді, олардың ішінде теле-
видение, радио, газет-журналдар, Интернетті 
пайдалану көкжиектері кеңейіп келеді. Медиа-
қауымдастықтың жұмысы қауырт жүреді, 
облыстық ақпараттық саясат департаменті, 
облыстық басылымдар, журналистер ұйымы, 
баспа үйі тоқайласқан екі қабатты бұл 
орталықта күнбе-күн дерлік өлкенің белгілі 
адамдары, интеллигенция өкілдері, жас жур-

125
налистермен кездесулер жүреді, Тобольск 
қаласында филиалы ашылуда.
– Жылына мұнда шамамен 650-дей шара 
өткізілсе, соның 300-дейі журналистер-
ге қатысты,-дейді «Тюменские известия» 
парламенттік газетінің директоры-бас ре-
дакторы, Ресей Журналистер одағы Тю-
мень бөлімшесінің төрағасы В.С.Кузнецов.-
Негізінен осындағы аты аңызға айналған сала 
ардагерлерімен кездесулер қызықты, 150 
адамнан тұратын ардагерлер одағы құрылды. 
Журналистердің мерейтойын, журналистер 
спартакиадасын, фестивальдер өткізу дәстүрлі 
сипатта. 
Владимир Сергеевич өзінің Теміртауда 
туғанын, ҚазМУ-ге түсудің сәті  түспей, 
Уралдағы институтта білім алғаны, бірақ 
Қарағандыда өндірістік практикада болғанын 
айта келіп, бірқатар қазақша сөздерді де қосып 
қойды. Қазірде облыста 500, ал оның филиалы 
ашылған Тобольск қаласында 40 Ресей Журна-
листер одағының мүшесі бар екен.
Сөз кезегін алған Маңғыстау облыстық 
«Огни Мангистау» газетінің бас редакторы, 
Қазақстан Журналистер одағы Маңғыстау 
облыстық филиалының төрағасы П.Долматов  
республиканың және аймақтың беделді 
БАҚ-ы өкілдерінен құралған маңғыстаулық 
шығармашылық топты және Маңғыстау 
өңірінің саяси-экономикалық, тарихи, мәдени 
және баспасөз саласындағы хал-ахуалымен 
таныстырды. Тараптар бір-бірімен өзара 
сыйлықтар алмасып, естелікке суретке түсті.
Ең бастысы, Маңғыстау және Тюмень 
облысының жан-жақты даму қырлары, 

126
олардың бір-бірімен ықпалдаса дамуының 
жарқын келешегі, бір-біріндегі озық 
тәжірибені игеруі турасындағы жаңалық атау-
лыны уақтылы жария ету, осы бағытта бірлесе 
шығармашылық қайрат таныту, іс-қимылды 
үйлестіру турасындағы келісімге екі тараптың 
ұйым басшылары Петр Алексеевич Долматов 
пен Владимир Сергеевич Кузнецов қол қойды.

127
МАҢҒЫСТАУ –ТҮМЕН: 
ынтымақтастық 
аясы кеңейе түспек.
ТӘЖІРИБЕ  
АЛМАСУ ЖӘНЕ 
СЫЙЛАСТЫҚ ПЕЙІЛ
Арнайы сапармен   келген 
маңғыстаулық  журналистерді 
Түмен облысы  губернаторының 
бірінші орынбасары 
Н.А.Шевчик ханым (губерна-
тор В.Якушев мырза іссапарда 
екен) қабылдап, алқалы оты-
рыста ыстық ықыласты 
әңгіме өрбітті. Екі аймақтың 
арасындағы іскерлік және 
көршілестік (Түменнің оңтүстік 
бөлігі Қазақстанмен шектеседі), 
достық, терең тамырлы тарихи 
және адами тұрғыдағы жылы 
қарым-қатынастарға дәнекер 
болған  Қырымбек Елеуұлына 
губернатордың және өз аты-
нан шынайы  ризашылығын 
жеткізді. 
– Маңғыстау облысы мен Тю-
мень облысының тығыз байла-
ныс орнатуға құлшынысына өте 
қуаныштымыз,-деді ақжарма 

128
көңілден,-енді осы байланыстың толыққанды 
да жемісті болуына тілекшіміз.  
Наталья Александровна біраз ілтипат 
білдіргеннен кейін, Түмен облысының  жан-
жақты даму әлеуетіне тоқталды. Аймақтың 
мұнай, газ, мұнай өнімдері, геологиялық 
қорлары (оның ішінде минералдары да 
бар), жалпы өнеркәсібі, көлік, қаржы, 
агроөнеркәсіп, орман шаруашылығы, 
құрылыс, энергетика,  ком-муникация, жер 
 
ресурстары, құрылыс, зиялы және ғылыми 
орталықтары мен жобалау институттары, ту-
ризм, металл өңдеу, бизнес, инфрақұрылымы, 
әлеуметтік жағынан өзін-өзі қамтамасыз 
етуге толық қауқарлылығы туралы айтты. 
Мұнда жаңа кенорындары игерілуде, соңғы 
жылдарда мал шаруашылығы (ет, сүт) мен 
егін шаруашылығы(70% -элиталық дәнді-
дақылдар) қарқынды дамуда, ал электр 
энергиясымен басқа да аймақтарды қамтып 
отыр. Бір жағы кедендік одақтың құрылуы 
 
қазақстандық-түмендік бизнесмендердің іс-
керлік байланысын күшейтіп, екі жақтағы 
көрмелерге қатысу,  одан нәтиже шығару 
дәстүрге еніп келеді. Аймақта 5 қала бар, 
тұрғындардың 43%-ы ауылды жерлерде 
тұрады. Түмен қаласының іргетасы қалан-
ғанына 420 жыл болған. Бүгінгі таңда қаланы 
заманға сай жаңғырта салу, абаттандыру, 
спорт пен бос уақыт,  жолдар,  инвестиция 
тарту мәселелеріне ерекше назар аударылып 
отыр.  Тұрғындардың тұрғын-үй жағдайларын 
жақсартуына айтарлықтай көмек көрсетілуде. 
Салынып жатқан жаңа құрылыстардың 60%-
ы жекенің үлесінде. Жоғары және кәсіби 

129
білімді жоғары деңгейге көтеруге, олардың 
материалдық-техникалық базасын замана 
талабына сай етуге басым бағытттардың бірі 
ретінде айрықша мән берілуде. Емдеудің, оның 
ішінде кар-диология(әсіресе балалар кардиоло-
гиясы), нейрохирургия, балалар онкологиясы, 
бас-мойын аурулары, сүйек-буын  аурулары, 
сәулемен емдеу диагностикасы бүтіндей Ресей 
бойынша алдыңғы орындарға шығып отыр. 
Н.А.Шевчик маңғыстаулықтардың білім 
берудегі озық тәжірибесі (ҰБТ бойынша респу-
бликада бірінші орынға шығуы, балалардың 
бойында ұлттық және адамгершілік мінез-
құлықты қалыптастырудағы табыстары), 
ұлттық тілдер мен мәдениеттерді дамыту, 
жаңа қан құю стансасының жетістіктері 
туралы айта келіп, одан өздері үшін үлгі 
алуға болатындығын жасырмады. Ш.Есенов 
атындағы университетпен байланыстың 
келешегі кемелді боларына сенім білдірді. 
Түмен қазақтарына жергілікті үкімет тара-
пынан қолдау-көмектің аз еместігін, «Түмен 
қазақтары автономиясының» жылдан-жылға 
әл жиып келе жатқандығын, Маңғыстауда 
болған кездерінде тарту етілген қазақтың 
тамаша ұлттық костюмдерінің сәнділігіне 
тоқталды.
«Түмен облысы Журналистер одағы» 
Аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы 
В.С.Кузнецовпен Қазақстан Журналистер 
одағы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы 
П.А.Долматов екеуі қол қойып, бекітілген 
бірлескен жоба туралы айтып өтті. Біз оның 
толық нұсқасын жариялағанды жөн көрдік:

130


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал