Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.

бет3/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
атты республикалық ғылыми-
теориялық конференциядан
Қазақ елі тәуелсіздікке 
ие болғаннан кейін ұлттық 
сана-сезім, тарихи жадын 
жаңғыртуға айрықша мән 
беріп, аяулы азаматтарымызды 
ардақтап, өткенді зерделеуге, 
сол арқылы бүгінді баянды етуге 
зор құлшыныс танытып келеді. 
Еліміздің дербестігі, атамекен 
жеріміздің іргесінің бүтіндігі, 
халқымыздың біртұтастығы, 
бірлігіміз бен ынтымағымыздың 
мызғымас баяндылығы жо-
лында жан беріп күрескен 
қаһармандарымыздың есімі 
ешқашан ұмытылмақ емес. 
Сондай ұлтымыздың даңқты 
перзенттерінің бірі, көрнекті 

48
мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтан 
шыққан тұңғыш кәсіби елші-дипломат Нәзір 
Төреқұловтың Кеңестер Одағының  билігі 
Маңғыстау байтағын бөгденің еншісіне беріп 
жіберуі мүмкін болған қатерлі тұстағы қайтпас 
ерлігі мен батылдығы, қайраткерлігі  әрқашан 
да есте болуы тиіс. Қасиетті Маңғыстау қай 
кезде де кең-байтақ Ұлы Даланың бір бөлшегі, 
қазағымыздың киелі, қазыналы өңірі десек, 
оны уыстан шығармай ұстап қалған баһадүр 
бабаларымызға да, тарихтың алмағайып 
тұстарында атжалмандық танытқан ары-
стан тұлғаларымызға да лайығынша құрмет 
көрсету ләзім.
Міне, осындай  бүтіндей түркі әлемі, 
исі мұсылман жұрты, өзінің қазағы үшін 
табандылық танытып, жарық дүниеден 
шейіт кеткен Алаш арыстарының  бірі Нәзір 
ТӨРЕҚҰЛОВтың 120 жылдығына арналған 
«Қазақ зиялылары және қазақ жерінің 
тұтастығы мәселесі» атты республикалық 
ғылыми-теориялық конференция Каспий 
мемлекеттік технологиялар және инжи-
ниринг университетінің мәжіліс залын-
да, республикалық ауқымда, еліміздің 
белгілі ғалымдары мен қаламгерлері, 
нәзіртанушылардың, барлық аудан-
қалалардың өкілдерінің, зиялы қауым мен 
ардагерлердің, студенттердің қатысуымен кең 
көлемде аталып өтті.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің 
төрағасы, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің 
ректоры, техника ғылымдарының докторы, 
профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров кіріспе сөз 
сөйлеп ашты.

49
– Баршаға аян, ХХ ғасырдың басындағы 
қазақ тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік 
және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен 
ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық 
пен демократиялық-ағартушылық идеяларға 
толы бұл кезеңде ұлт зиялыларын ойландырған 
мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, 
жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын 
өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін 
қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-
білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес 
мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы 
дағдарыстан шығудың жолын қарастырған 
қазақ зиялыларының теориялық ізденістері, 
практикалық қызметі бүгін де өз маңызын 
жойған жоқ. Себебі зиялы қауымның, әсіресе, 
ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының 
қазақ тарихындағы рөлі өте жоғары, еңбектері 
ұшан-теңіз.
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры 
сынға түскен тарихи кезеңдерде, әсіресе қазақ 
оқығандары және ұлт зиялылары жанқиярлық 
еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам 
жеген, халқы үшін азап шеккен, тіпті осы 
мақсатта өмірлерін құрбан еткен де ардақты ұлт 
зиялылары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік 
үшін күрестегі олардың ұлан-ғайыр еңбектерін 
ешқашан ұмытуға болмайды.
Алайда, 1937 жылдың қырғынында қазақтың 
бетке ұстарлары болған арыстарымыздың 
барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, ба-
сым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан 
аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында 
ескерусіз қалдырылды.

50
Қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын 
жақындатуға, оның мемлекетінің іргетасын 
қалау үшін ХХ ғасырдың алғашқы жылда-
рында аянбай еңбек еткен А.Байтұрсынов, 
Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, 
М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов, 
тағы басқа да көрнекті мемлекет және 
қоғам қайраткерлерінің бел ортасын-
да Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап 
көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген 
саңлақтарымыздың қоғамдық және са-
яси өміріміздің әр саласында еңбек етіп
сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде 
ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет 
жасағандығын аңғарамыз.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір 
Төреқұлов  та осы идея үшін күресті, аза-
бы мен абыройы қатар түсіп жатқан қатал да 
қатыгез тағдыр кешті. Есімдері аталған өзге 
тұлғалармен қатар Нәзір де өзінің бар ғұмырын 
қазақ ұлтының азаттығы мен еркіндігіне ар-
нады. Оның өмір жолына қарап отырсақ, 
қоғамдық және саяси қызметінің барлық 
белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына 
аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Ке-
рек болса, осы мақсатта қолына қалам алып 
ғылыммен, әдебиетпен және журналистік 
қызметпен де айналысты. Соның арқасында 
қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл 
ғылымы мен баспасөзі үшін, бір сөзбен 
айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты 
үшін қаншама құнды дүниелер жазып, мұра 
етіп қалдырып  кетті.
Қазақ халқы үшін Нәзiр Төреқұлов – 
жеке, дара тұлға. Дара дейтiнiмiз, ол қазақ 

51
дипломатиясының басында тұрған азамат. 
Қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн туған тiлiм деп 
бiлген жан – тамырлас, туыс үш тiлде бiрдей 
сөйлептi, үш тiлде бiрдей жазыпты. Одан 
бөлек ағылшын, француз, немiс тiлдерiн бiлу, 
елшiлiк қызметiне қарай араб тiлiн меңгеруi 
де оның қазақ үшiн қандай тұлға болғандығын 
аңғартады.
Партиялық жауапты қызметте жүрсе де, 
Автономиялық Кеңестік Республикада де-
малыс күндерін бейсенбі, жұмаға ауысты-
рып, құрбан айттың үш күнін мереке деп 
жариялаған. Яғни, туған халқының салт-
дәстүрлерін сақтап отыруына да барынша 
қолдау көрсеткен.
Өзі Түркістан өңірінің тумасы болса да, 
Нәзір Төреқұловтың Маңғыстау жеріне де 
қосқан үлесі ұшан-теңіз. Олай дейтініміз, 
өктем саясаттың озбырлығына қарамастан, 
Түркістан Республикалық Орталық Атқару 
Комитетінде төраға және хатшы болып, 
биліктің қос тізгіні қолында жүрген кезінде 
Красноводск уезін жаптыртып, оның 
қарауындағы Адай болысын, сонымен қатар 
Маңғышлақ уезін Қазақстанға қайтарып бе-
руге декретке қол қойған,-деді Әбдімүтәліп 
Әбжаппарұлы.
Белгілі қоғам қайраткері, дипломат, 
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың 
Бас хатшысы Тайыр Айтмұхаметұлы 
Мансұровтың құттықтауын оның кеңесшісі 
Амангелді Әшірбек Маханбетқұлұлы оқып 
берді.
«Нәзір Төреқұлов» Халықаралық 
қайырымдылық қорының президенті  Аман-

52
жол Найманбай қордың құрылғанына жеті 
жыл болғанын, осынау жылдар ішінде 
біршама жұмыстар тындырылғанын атап 
өтті. Сонымен қатар қайраткердің биылғы 120 
жылдығына байланысты барлық облыстарға 
қайта-қайта хат жолдағанда бірінші болып 
маңғыстаулықтардың үн қосқанына, сөйтіп 
үлкен сеңнің қозғалысқа түскенін, бұрын 
кітап, кинофильм, спектакль –бәрі де өмірге 
келгенімен ғылыми насихаттың алғаш рет 
қанат жайып отырғанын қуана айтты.
«Нәзір Төреқұловтың шығармашылық 
мұрасы» атты тақырыпта баяндама жасаған 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкіметтік 
басылымдарының бас редакторы, жазушы-
драматург, филология ғылымдарының канди-
даты, доцент
Жолтай Әлмашұлы үкіметтік деңгейде 
қолға алынып жатқан мәселелерді санама-
лай айтып өтті. Оның айтуынша,  соңғы үш-
төрт жыл бедерінде үкімет тарапынан арнайы 
қаулы қабылданып, Н.Төреқұлов атындағы 
 
төсбелгі тағайындалған.  Оны халқымыздың 
ауызбіршілігін сақтап, сыртқы саясат сала-
сында жемісті жұмыс жасап жүрген саясат-
керлер мен шолушыларға беру дәстүрге енген.  
Екіншіден, еліміздегі дипломатиялық акаде-
мияда  Нәзіртану бойынша арнайы курстар 
енгізіліпті. Сондай-ақ артында қалған мол 
мұрасын, рухани дүниелері, шығармалары, 
сөйлеген сөздері «Алаш мұрасы» сериясымен 
шығатын кітаптар бойынша 4 томдық болып 
жарық көрген. Бұған дейін Б.Жәмішва шағын 
фильм түсірсе, бүгінгі таңда қайраткердің бүкіл 
өмірі, еңбек жолын қамтитын, А.Байтұрсынов, 

53
Т.Рысқұлов туралы түсіріліп жатқан филь-
мдер сияқты жаңа дүниені әзірлеу қолға алы-
нуда. Сөз жоқ, алда келе жатқан 125 жылдығы 
үкіметтік деңгейде атап өтілмек.
Облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің 
төрағасы, тарих ғылымдарының  докторы, 
профессор Өмірзақ Озғанбаев «Маңғыстау 
өлкесінің тарихындағы Нәзір Төреқұловтың 
алатын орны» тақырыбында баяндама жасады.
– Маңғыстау жері өткен ғасырларда өзінің 
географиялық орналасу қолайлылығы 
мен жерасты байлығының молдығымен 
талайлы тарихтың алаңына айналды. 
Бағзы тарихында «жеті жұрт келіп, жеті 
жұрт кеткен жер» делінетін Маңғыстау 
қашанда жатжұрттықтардың көкейін те-
скен көзқұртына айналып келді,-деп баста-
ды Өмірзақ Озғанбайұлы.-Алдымен пат-
ша өкіметінің айтқанға көнбеген, айдауға 
жүрмеген тентектерді елден жырақтап, оқшау 
қалдыру арқылы азаптайтын меңіреу нүктесі 
ретінде таңдалған Маңғыстауға кейіннен 
қорғаныс мақсатында бекіністер салынып, 
жерасты қазба байлығын зерттеу үшін экспе-
дициялар жіберілді. Патша өкіметінің шек-
тен шыққан оспадарлығы мен өктемдігі киелі 
Маңғыстауды атажұрты санайтын жергілікті 
халықтың ашу-ызасын тудырды. Қажетті 
жерінде жер-су атауларын таныстырып, 
картаға түсіруіне жалдамалы түрде қызмет 
еткен қазақтар патшалық өкіметтің саяси 
ниет-пейіліне қарсы оқтын-оқтын бас көтеріп, 
дала ұлдарының тарпаң мінезін танытып 
қойып жүрді. Бұл баскөтерулер 19-ғасырда 
Маңғыстаудағы әйгілі Иса Тіленбайұлы мен 

54
Досан Тәжіұлы бастаған көтеріліске ұласқаны 
баршаға мәлім. Патша өкіметінің қарулы от-
рядын талқан қылып, оңайлықпен берілмеген 
дала батырларының ерлігі патша өкіметін 
басқаша қимылдап, өзгеше шешім шығаруға 
мәжбүр етті. Бұған дейінгі тарихында әр 
аймаққа телінген Маңғыстау патша өкіметін 
біраз алаңдаушылыққа салған 1870 жылғы 
Иса-Досан көтерілісінен соң Орынбор облы-
сынан бөлініп алынып, Дағыстандағы әскери 
үкіметке, патша ағзамның туысы Романовтың 
қарауына берілді. Кейінірек Закавказьяға, одан 
орталығы Ашхабад қаласы болып саналатын 
Закаспий облысына телінді. Маңғыстаудың 
талайлы тарихындағы ауыр жылдардың бірі 
осы болды. Сыртқы күштердің әсерімен туған 
ел – қалың қазақ ортасынан ажырап, жатқа 
бағынды. Арнасынан ауытқыған адасқақ 
ғұмыр жарты ғасырға, яғни елу жылға тар-
та уақытқа созылды. Киелі де қазыналы 
Маңғыстаудың қазақ картасынан бөлініп алы-
нып, өзге елдерге қосылуы талай елім деген 
ердің  жан жарасына айналғаны сөзсіз.
Қазақ тарихынан белгілі халқымыздың 
арасынан бас көтерген жалынды, білімді, на-
мысты, көзі ашық арыстай азаматтарын бау-
дай түсіріп отап жатырған алмағайып заманда 
Маңғыстауды арашалап қалудың қиындығы 
айтпаса да түсінікті. Бірақ, халқымыздың арлы 
азаматтары өз тағдырлары қыл үстінде тұрса да 
«баспақ түгіл бас қайғы» деп бұқпантайлаған 
жоқ, ақтық демі қалғанша әділет үшін, ел-жер 
бүтіндігі үшін айқасып өтті. Өз елін, жерін 
сүйген халықшылдығы, отаншылдығы үшін 
кінәлі атанып, жазықсыз «Халық жауы» де-

55
ген желеумен қынадай қырылған аға буынның 
жанкештілігі мен қайраткерлігін, күрескерлігі 
мен туған елге деген шексіз сүйіспеншілігін 
қазақ тарихы, қазақ ұрпақтары мәңгі қастер 
тұтып, құрметпен атайтын болады. Тәуелсіздік 
алған елімізде бүгінде Ахмет Байтұрсынов, 
Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, 
Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, 
Сұлтанбек Қожанов, Халел және Жаһанша 
Досмұхаммедовтер, Әлихан Бөкейханов, 
Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл 
Сәдуақасов, Мұхаметжан Тынышпаев, Нәзір 
Төреқұлов секілді жүздеген азаматтардың 
 
есімдері зор ықыласпен аталады. Тәуелсіздік 
заманының жаңа буыны халық үшін 
шейіт кеткен бабалардың рухын мәңгі биік 
ұстайтыны анық. Бұл аталған арыстардың 
қай-қайсысы да ұлт үшін ұмытылмастай 
ұстынды істерімен танылды десек, солардың 
бірі – Нәзір Төреқұлов. Күллі қазақ үшін киелі 
Түркістан топырағында туылған Нәзір өзінің 
білімділігімен, біліктілігімен  небары 45 жа-
сына дейін-ақ көрнекті мемлекет және қоғам 
қайраткері,  ғалым дәрежесіне дейін көтерілді.
Тарихтың ақтаңдақ беттерін аударып 
отырсақ, Нәзір 26 жасында редактор, 27 жа-
сында ревком төрағасы, комиссар, 30 жасын-
да бүкіл Кеңес Одағы бойынша орталық баспа 
төрағасы, Түркістан Коммунистік партия-
сы Орталық комитетінің жауапты хатшысы, 
Түркістан Атқару Комитетінің төрағасы бо-
лып қысқа өмірін ірі қадамдармен аттап өтеді. 
Осы қарқынмен келіп, 36 жасында КСРО-ның 
күрделі, жұмбағын ішіне бүккен Сауд Арабиясы 
Корольдігіндегі бас консуль, осы елдегі төтенше 

56
елші және өкілетті министр болады. Ислам 
дінін берік тұтынуымен Кеңес Одағына мүлдем 
қарама-қарсы ұстанымдағы Сауд Арабиясы 
Корольдігінде елші болудың қиындығы айтпа-
са да түсінікті.  Мүлде екі сенім, екі көзқарас, 
саяси және қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда екі 
бағыттағы елдердің арасына дәнекер болуға 
саяси сұңғылалық, бесаспап білімділік, сыр-
баз іскерлік қажет болатын. Қазақтың алым-
ды азаматы осы қиындықтарды еңсеріп, тіпті 
өзін шебер елші ретінде мойындатты. Өзіне 
жүктелген міндеттерді сарабдалдықпен жүзеге 
асырып, Кеңес Одағының беделін өсірді, екі 
елдің арасында жақсы қарым-қатынастың 
алтын көпіріне айналды. Жер жаһанға аты 
мәшһүр айбынды Кеңес Одағының атынан 
елші болудың міндеті де қат-қабат. Нәзір 
Кеңес Одағының сауда-экономикалық, саяси 
мүдделерін табанды қорғап, екі елдің ымыралы 
қатынасы үшін қажетті ақпараттарды шұғыл 
ыңғайластыра орындау арқылы түрлі кездесу, 
келіссөздерді жетік жүзеге асырып отырды, 
король Әл-Саудтың Кеңес Одағына ресми сапа-
рын ұйымдастырды. Англияның Араб Федера-
циясын құру мақсатында Недж қаласында ше-
кара жағалай бекіністер салып, осы төңіректе 
сауда жасау құқын иеленуге тырысқан Британ 
үкіметінің өктемдігіне Н.Төреқұловтың ханза-
да Фейсалмен Сауд Арабиясы мен Кеңес Одағы 
арасында бензин, керосин, ағаш, ұн, мата, қант, 
күкірт тәрізді тауарлар алмасу секілді маңызды 
құжатқа қол қоюы тежеу болды. Іскерлігі мен 
адалдығы, білімділігі Нәзірді Сауд Арабиясы 
Корольдігінің беделді тұлғаларының алдында 
абыройға бөледі. Король Әбдел Әзиз Әл-Сауд 

57
бастаған Арабияның ірі саяси қайраткерлері, 
ықпалды байлары мен ғалымдары, сондай-
ақ Кеңес Одағының іс басындағылар Нәзір 
Төреқұловтың дипломатиялық іскерлігін 
жоғары бағалады.
Сауд Арабиясында елші болуы Нәзірдің та-
лантын жан-жақты аша түсті, қажылыққа 
да барды, тіл үйренді, халық алдындағы 
азаматтық тұлғасы да еңселене, сомда-
ла түсті. Мұның сыртында елде жүргенде 
атқарған жаңа түрік әліпбиін енгізуге атса-
лысуы, «Еркін дала» атты жасырын ұйым 
құруы, Құрбан айт күндерін мерекелік дема-
лыс күндері деп жариялауы, Владимир Ильич 
Лениннің қабылдауында болып, автономи-
ялы елдердің ана тілдеріне  мемлекеттік тіл 
мәртебесін беру туралы ұсыныс көтеруі, ғылым 
саласында «Жат сөздер», «Ұлт мәселесі және 
мектеп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» 
еңбектерінде, көптеген мақалаларында емле, 
әліпби, терминология  жүйесін ғылыми негізде 
талдауы, әдеби шығармаларға пікір білдіруі, 
ғылыми нақты дерек-дәйектермен суарылған 
ислам діні, Түркістан тарихы, жәдитшілдік ту-
ралы мақалаларының жарық көруі, Орталық 
Баспа басқармасының төрағасы болған жыл-
дары қуғын-сүргінге ұшыраған қандастары 
Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаевты, 
Әлихан Бөкейхановты қамқорлап, олардың 
шығармаларының жинақ боп шығуына 
қолдау көрсетуі Нәзірдің биік болмысын 
қалыптастырумен бірге, Кеңес Одағы билігінің 
үрейін, қызғанышын туғызды. Нәзірдің 
мұсылман елінде зор құрметке бөленуі, 
қажылыққа баруы, қазақ тағдыры сынға түскен 

58
сәттерде ұлтын сүйген жүрекпен батыл үн 
қатуы кеңесшілдердің көзқарасымен ішінара 
кереғар шарпысып қалып жатқан тұстар бол-
ды. Осы көзқарас, осы көреалмаушылық 1937 
жылы Нәзірдей біртуар азаматтың түбіне 
жетті, яғни осы жылы қараша айының 3-де 
ұлы азаматқа кесілген жаза – ату жазасы 
жүзеге асырылды.
Нәзірдің қазақ мемлекеті, қазақ халқы 
үшін жасаған сан алуан ғибратты істерінің 
ішінде Маңғыстау облысы, осы киелі түбектің 
тұрғындары қашанда құрметпен еске алып 
жүретін ерлікке тең үлкен ісі бар. Ол жоғарыда 
айтылғандай елу жылдай арнасынан адасып, 
әркімге бір телінген Маңғыстауды біржолата 
қазақ картасына қосып, қазақ шекарасына 
енгізуге ықпал етуі.
1920 жылы 16 қазанда Түркістан Республи-
касы Орталық Атқару Комитеті Кеңесі төрағасы 
болып тұрған кезінде Нәзір Төреқұлов  №341 
декретке қол қояды. Маңғышлақ уездін және 
Красноводск уездінің №№4-5 Адай болыстарын 
этнографиялық құрамына және шаруашылық 
ерекшеліктеріне байланысты Қырғыз 
Кеңестік Социалистік Республикасына беру 
туралы бұл құжат сыртқы күштердің әсерімен  
атажұрттан, ағайыннан бөлініп, басқалардың 
қарамағында жүрген Маңғыстауды, ондағы 
халықты қазақ еліне, қазақ жеріне қосқан ең 
сәтті, бақытты, жұлдызды және Маңғыстау 
тағдырын шешкен тарихи маңызды құжат 
болды. Талай ел атажұртпен қауышты, талай 
ердің көкірегіндегі шер-шемені жадыраған 
қуанышқа ұласты. Сол кезеңде Нәзір 
Төреқұлов бастаған ел жанашырлары өз баста-

59
рын қатерге тіге отырып, аталмыш құжатқа 
қол қоймағанда Маңғыстау мәңгі жат елдің 
меншігінде кетер ме еді, кім білген?! Одан беріде 
жерінің асты табиғи қазынаға, үсті мәдени 
мұра мен табиғаттың тамаша туындылары-
на толы Маңғыстау даласының басына қара 
бұлт бірнеше рет үйірілді. Оны Қазақстаннан 
бөліп алып, Түрікмен ССР-ына қосу тура-
лы бастамалар болмай қалған жоқ. Бірақ, 
киелі жер төсіндегі әруақты бабалардың, ел 
үшін оққа ұшқан Нәзірдей ағалардың рухы, 
тәуелсіздік таңында желкілдей өскен бүгінгі 
және болашақ буынның бақыты болар, 
Маңғыстау атажұрттан ажыраған жоқ, қалың 
қазақ Маңғыстаудай киелі өлкеден көз жа-
зып, қол үзіп қалған жоқ. Бүгінде мұнайы мол 
Маңғыстау алдына зор мақсаттар қойып, әлем 
жұртына өзін танытқан тәуелсіз Қазақстанның 
іргелі өңірлерінің бірі.
Қазақ халқын айдай әлемге паш етіп, 
әлемдік тұрғыда іскер елші атанған, 
Маңғыстау тарихында алтын әріппен жазуға 
тұрарлық ерен еңбегі бар Нәзір Төреқұловтың 
120 жылдық мерейтойына маңғыстаулықтар 
ықыласпен атсалысып отыр. Оның бір дәлелі 
бүгінгі ғылыми-практикалық конференция де-
сек, мұндай ғибратты істер облыстық тарихи-
өлкетану мұражайынан көрнекті мемлекет 
және қоғам қайраткері, ғалым, елші, қажы, 
репрессия құрбаны Нәзір Төреқұловқа арнап 
арнайы бұрыш жасақтау, тәуелсіздік алған 
елімізде алғаш ашылған аудан – Мұнайлыда 
көше атын беру, облысымыздың аудан, 
қалаларындағы оқу орындарында, мәдениет 
мекемелерінде мәдени-танымдық шаралар 

60
өткізулермен жалғасын таппақ. Кезінде Тай-
ыр Мансұровтың, Темірбек Қожакеевтің 
бастамашылдығымен қолға алынып, іргетасы 
қаланған нәзіртану ғылымы бізді біраз 
жаңалықтарға қанықтырды. Сауд Арабия-
сында «Нәзір Төреқұлов – Совет Одағының 
Сауд Арабиясы Әмірлігіндегі 1-ші Өкілетті 
Елшісі» атты кітаптың жарық көруін қазақ 
ұлын шетелдік саяси сахна мойындағаны деп 
білеміз.
«Қазақстан» баспа үйінің құрылтайшысы, 
«Құрмет», «Парасат» ордендерінің 
иегері,белгілі журналист Нұрмахан Оразбек 
«Н.Төреқұлов – мемлекет қайраткері, публи-
цист» тақырыбында көсіле сөйледі.
– Өткен ғасырдың елуінші жылдарының 
 
аяғына  қарай бір күні үйге   Сырдың  Қызылқұм  
жағынан ел Ақсақтөре деп атайтын атамыз келе 
қалды. Оның маған қойған алғашқы сұрағы 
«Оқуға түстің бе?» болды.  «Түстім, бір жы-
лын  бітірдім»  дедім. «Оқығаның дұрыс, – деді 
ақсақал. – Баяғыда  бір ініміз Мәскеуде оқыған. 
Ташкентте, Мәскеуде ірі қызметтерде болды. 
Мекке, Мәдина жағында елші екен дегенді де 
естігенбіз. «Халық  жауы»  деп атып жіберді 
ғой  бишараны» деді.  Айтып  отырғаны  Нәзір 
Төреқұлов екен. Ал оның жазғанын алғаш 
1961 жылы оқыдым. Диплом жұмысымның 
 
тақырыбы «Правда» және Қазақстан» еді. 
1920-25 жылдар. Нәзір Төрекұловтың есімін 
сол газеттен бірнеше рет кездестірдім. Бір күні 
оның 1925 жылғы 18-сәуірдегі 89-санын қолға 
алсам Ғани Мұратбаевтың қайтыс болуына 
орай бір беттің үштен екісін арнапты. Негізі  
мақаланы  Нәзір Төреқұлов  жазыпты.

61
Нәзір Төреқұлов қызметі 60-жылдардың 
екінші жартысында, Қазан Революциясының 
50 жылдығына байланысты Өзбекстан 
ғалымдары тарапынан едәуір зерттелді. Бірақ 
оның қазақ екені анықталған соң бұл жұмыс 
тоқталды.
Тақырыптың шын мәнінде зерттеле баста-
уы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін. Алғаш 
түркістандық азамат Нұрмахан Назаров «Нәзір 
Төреқұлов» қорын құрды.  Алайда  қор  алдын-
да  тұрған  міндеттер едәуір  қаражатты керек 
ететін еді. Бұл жағынан қолы қысқа Н.Назаров 
өзінің президенттігін инженер-механиза-
тор Ыбырай Исмаиловқа ұсынды да, ол бұл 
үсынысқа ықыласымен келісті. Және алғашқы 
зерттеу жұмыстарына деректер жинау үшін 
жер-жерге іссапарға шығуға, жиналған ма-
териалдарды баспаға дайындауға, тағы  басқа  
толып жатқан жұмысқа керек қаражатты 
қалтасынан  шығарды. Нәзір Төреқұлов 
атына көше, мектеп  аттарын  беруге бар 
беделін, күш-жігерін жұмсады.  Оның тікелей 
ұйымдастыруымен Нәзір атамыздың 105, 110 
жылдықтары  Түркістанда,  Астанада  үлкен 
шара ретінде өткізілді. Бұған  тағы  бір  жәйтті  
қоса  кету керек. Ыбырай өзіне адал көмекші 
Сәрсенбек Алтынбеков секілді табанды, білікті 
азамат таба білді. Осы еңбектің нәтижесінде біз, 
яғни «Қазақстан» баспасы «Тарихи тұлғалар» 
деген  сериямен 1997 жылы «Нәзір Төреқұлов 
– дипломат, шығармалар» атты көлемі 18,4 
баспа табақ кітап шығара алдық. Оның алғы 
сөзін  Рахманқұл  Бердібаевқа  жаздырдық.  
Содан  кейін  «Жұлдыз»  журналы  бас  редак-

62
торы  Мұхтар Мағауиннің бірден қолдауымен, 
жазба ақындар  мүшайрасын  ұйымдастырды.
Нәзір Төреқұловтың  тіл  туралы  алғаш 
 
жарияланған еңбегін біз «Қазақ» газетінің 
164-санынан оқимыз. «Әдебиетімізге көз 
салу» атты мақаласында: «Біздің алдымыз-
да кәзір жаңа тарихымыз майданға қойған 
һәм шешілуі қажет мәселелер – шүбәсіз, тіл 
және әдебиет мәселелері.  Жас буынды  ке-
лер  заманға  даярламақ үшін, ұлт мектебінің 
негізін түзу, елжіреген жас жүрекке биік 
идеяның жарығын салу үшін ұлт әдебиетін 
гүлдендіру  ісінің  уақыты  келер, біз  де тал-
пынармыз. Ол  заман  қазақ тілінде басқа 
тілдердегі  әрбір мағына, айырым сөздерге 
жауап табатын эквиваленттері  (дәлме-дәл 
мағыналары)  болуы  ләзім...  Кәзіргі  қазақ  тілі 
үшін жаңа сөздер, жаңа түрлер, жаңа кестелер 
жетіспейді... Радлов секілді түрікшілдердің 
 
ойынша  қазақ  тілі Еуропа тілдерінен франк 
тілімен тең. Бірақ қошеметке мәз болып, 
тілімізді ескерусіз тастай алмаймыз, әрдайым 
тіліміз үшін бар күшімізді жұмсап,  ажарлан-
дыруымыз, байытуымыз керек» деп  бастай-
ды  да,  тілдің  дәуірлейтін де, тоқырайтын да 
кезеңдері болатынына  мысалдар  келтіріп, 
тіліміздің тоқырауына жол бермеу амалда-
рын  ашып  айтады. Шағатай тіліндегі әдебиет 
араб-парсы мәдениетінен  үлгі, өнеге алып 
өркендегенін,  сөйтіп  сол тілде   Ахмет Ясауаи,  
Әлішер  Науаи,  т.б. классиктер  шыққанын  
мысалға  келтіреді,  заман   ағымына   байла-
нысты   құлдырағанына   даусыз  дәлелдер  ай-
тады.

63
Ұлт мәселесі мен тіл мәселесін бөліп алуға 
болмайды, олар біртұтас мәселе. Осы бірлік 
қалай тұтасатынын  Нәзір Төреқұловтың 
«Ұлт мәселесі жайында» атты  мақаласынан   
аңғарып,  пайымдауға  болады.  «Қазақстанмен  
танысқан  таза  коммунист  кәзіргі  күйінде  
Қазақстан  республикасы ел жоғын таба-
ды дей алмайды. Компартияның ХІІ съезі 
қаулысының «Д» бабында «Республикаларда, 
кеңселерде сол жердің  салтын, әдетін, тілін 
білетін  кісілер болсын» деді... Біздің  Қазақ  
республикасында  жылында ыңқ ете  түскен  
бір  қаулы  болмаса, зор баға беріп, һүкімет 
тілі қылып, іс жүргізуді зерттеп отырған 
бір кісі жоқ. 1921 жылдың басында бірнеше 
түркістандықтар  жолбасшымыз  Владимир 
Ильич Лениннің алдына барғанымызда, ме-
нен Ленин жолдастың ең алдымен сұраған 
сөзі: «Түркістанда  қалай?  Кеңселеріңізді  өз 
тілдеріңізге аударып алдыңыздар ма?» – деді... 
Біздің Қазақ республикасында  партиямыздың 
бұл екпінді қаулысы жүзеге шығарылғанда 
баяғыдай бұрыннан елді жеп келе жатқан 
«читаю, писаю» деген шала тілмаштардан, 
баяғы Николай төрелерінен, болыстарынан 
құтыла алмаймыз. Даладан келген қара қазақ 
екі көзін тілмаш, төреге телміртеді де отыра-
ды. Тілмаш, төреден құтылмай елдің кеңес 
һүкіметіне көзқарасы түзелуі, сенімі зораюы 
қиын. Мұны ойламағанда Орынборда комис-
сар болып, Қазақ республикасына Кеңес нұрын 
шашам деген сөз ойын сөз.
Владимир  Ильич Ленин науқастанар ал-
дында «Правдада» Кеңес кеңсесін  құру 
 
мәселесін ашып, анықтап жазған. Жазғанда 

64
тек оқу үшін жазған  жоқ  еді – іске  асыры-
луын ойлау үшін жазған еді. Ұлт мәселесі ту-
ралы мақаласында   кеңсе туралы сөйлегенінің 
мәнісі – бұл мәселенің бір шеті барып ұлт 
мәселесіне жалғасады.
Кеңсе қазақ жұмыскерлерінің қолында 
болмағанда, тізгін баяғыдай колонизатор-
отаршылардың  қолында  болғанда,  қалың  
қазақтың  мұң-зарын шағатын, түсіндіре ала-
тын кеңсе құрылмағанда, оның үстіне бар 
кеңсе аппаратының  қаражаты  тағы  да  сол 
қазақ  еңбекшілі  үстінен болып тұрғанда – 
кім, қайсы жолменен кең қазақ даласын Кеңсе 
жолына салмақ? Қашан қара қазақ еңбекшілі 
Октябрь төңкерісін танымақ? Қашан өз хақын 
біліп, оянып, ілгері ұмтылмақ?.. »
Нәзір  Төреқұловтың  тағы  бір  мақаласына  
назарларыңызды  аударайын. Ол – «Ұлы ма, 
«ов» па?, деп аталады.  Мақала  мәтіні  былай:  
«Біздің қазақ хат жазып, қол қойса, кісі атын 
жазса орысшалап кетеді: «Жаманбай Аман-
байов»  деп  жазады.  Жаманбай хат жазып, 
қол қойса өзі де «Аманбайов» деп қол қояды.  
Бұл  Иван  Ивановичтің  тәржімасы. Бұл 
 
бізге орысқа  қараған  соң  жұққан  мінездің  
ноғай қотыры. «Ов», «ев» деп жазып отырған 
жігіттердің өздері сөйлегенде Жаманбайдың 
өзін ғана атайды. Біздің тіліміздің салты, заңы 
осы. Бұрынғы атақты  билер бізге өздерінің 
ғана аттарымен  белгілі: Төле би, Қаз дауы-
сты Қазыбек, Едіге, Мамай, Ноғай, Жәнібек,  
Әйтеке...  Бұлардың  кімнің  баласы  екенін  өз  
елі  ғана  біледі. Бізге  жақын  билердің  әкелері 
ғана  мәлім:  Жәнібек  әкесі  Қошқар, Қазыбек  
әкесі  Келдібек.  Ноғайды  Береке  хан  інісінің  

65
баласы дейді тарих жазушылар,  Ноғайдың 
 
 
әкесін  тарих  та  білмей қалған. Бұрынғы ба-
тырлар да өз аттарымен,  не  пәленнің  ұлы  деп  
аталған: Шора батыр, Алпамыс батыр, Орақ  
батыр,  Қарақыпшақ  Қобыланды,  Ақбалтыр  
ұлы  Уақ,  Мәнжүр  ұлы  Шуақ, Кеңес ұлы  Кен-
жебай.
Бізбен  жақын  түрік  –  Стамбүлдағы  түрік.  
Тарих  бұларды  біздің  қаңлы  дейді.  Қазақ  
ішінде  қаңлы  руының  көбі  Жетісуда. Түріктің 
тіл салты дәл біздікі сияқты: бұлардың  атақты  
азаматтары  өз аттарымен  ғана  аталады.
КСРО  халықтарының  Орталық  баспасын  
басқарып,  елуден  астам тілде  кітап  шығарып  
турған  Нәзір Төреқұлұлының  жаңа  үйымның 
басшысы болып тағайындалуына толық негіз 
бар еді. Өйткені ол араб әліппесін де, кирилли-
цинаны да, латиницаны  да жақсы білетін. Түрік 
тілдерінің қайсысын да, орыс, француз тілдерін 
де жақсы білетін. Мұның үстіне ол басқаратын  
баспа  латын  әліппесімен  кітаптар  да шығара  
бастаған-ды.  Сондықтан  бұл жағына уақыт 
оздырмай, латын әліппесін енгізуде оның 
 
ұстанған  позициясына,  келтірген  уәждеріне,  
дәлелдеріне  ғана  қысқаша  тоқталмақпын.
Бүкілодақтық  І  түркологиялық  съезде 
 
1926 жылғы  3-наурызда жасаған  қосымша 
баяндамасын  оның өзі де «менің  міндетім,  
менің  ойымша, баяндамалардан байқалған 
ақтаңдақтарды қысқаша толықтыра түсуге, 
сөйтіп бұл сұрақты барлық көзқарастар 
тұрғысынан бажайлауға тырысудан  тұрады» 
дейді.
Кәзір  көптеген  түрік  республикалары ла-
тынша жазуға көшті. Көшпеген біз. Кезінде 

66
өз басым «60 жыл бойы кәзіргі әрпімізбен 
 
шыққан кітаптарымызды латынша әріпке 
қалай көшіреміз. Бұл дегеніңіз ғаламат шығын 
ғой» деп ойлағам. Кәзір бұл іс бұрынғыдай 
қиындыққа түспейтін секілді.  Демек  түптің-
түбінде  біз  де латын жазуына  көшуіміз  әбден  
мүмкін.  Осы  жерде,  жүртқа  жағар-жақпасын  
білмеймін,  менің  бір  ойым бар: ең  жақсы  
алфавит  тіліміздегі  дыбыстарды  түгел  бере  
алатын  алфавит. Сондықтан, егер латынша 
әліппеге көшер болсақ, ағылшындар секілді  
бір  дыбысты  білдіру  үшін  үш-төрт  әріп жаз-
бай, бір әріппен жазатын  жүйені  жасап  алуы-
мыз керек.
Оны  азамат  ретінде  танытатын  тағы  бір  
мысал. 1927  жылы жазылып, өзбек тілінде 
жарияланған бір пікірі мынадай: «Ис-
лам және коммунизм  пәлсапасын  баршаға  
ұғындырмақта  бір  ғана  өлшем болса керек.   
Имандылық,  имандылық,  Һәм  имандылық.
Мәскеуде тақуа болып күн кешірмектің  жо-
лын  таппай, өзім де қапалымын.  Ахуалым  
әуелгідей  емес,  терең  қиялға  шомып,  мұның  
себебін де тапқандаймын, сол  сәтте  көзіме 
келеұсіз көрініс  іліне  кеткені. Ол немене 
деймісіз?
Ол  иманнан  жұрдай  бола  бастағанымыз».
Ғылыми-теориялық конференцияда 
сондай-ақ  «Нәзір Төреқұлов – КСРО-ның 
Сауд Арабиясындағы өкілетті өкілі қызметін 
атқарған бірінші қазақ» тақырыбында  сенатор, 
дипломат Сәкен Сейдуалиев,  «Нәзір Төреқұлов 
– революциялық дәуірдің аса көрнекті 
қайраткері» тақырыбында Қазақстан «Әділет» 
тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші 

67
орынбасары, жазушы, тарих ғылымдарының 
кандидаты, доцент Бейбіт Қойшыбаев, «Мно-
госторонняя дипломатия в глобализирующем-
ся мире» тақырыбында Ш.Есенов атындағы 
КМТжИУ-нің «Халықаралық қатынастар» 
кафедрасының профессоры, саяси ғылымдар 
докторы, София университетінің профессо-
ры  Дронзина Татьяна Александровна  тар-
тымды баяндамалар жасады.    Облыс әкімінің 
кеңесшісі Бекет Тұрғараев сөз сөйлеп, өткен 
жылы «Зерде» баспасынан жарық көрген 
Т.Мансұровтың «Нәзір Төреқұлов -  Кеңес 
Одағының Сауд Арабиясындағы елшісі» 
атты кітабының осы күні қолға тиіп отырған 
200 данасы конференцияға қатысушыларға 
 
облыс әкімдігінің қолдауымен тегін 
таратылатындағын хабарлады.
Қорыта айтқанда, бұл өмір жолы күреске, 
өнегеге толы, халқын шексіз сүйген білімдар, 
мәмілегер, марқасқа азаматтың елі, жері 
үшін еткен  елеулі еңбегін ұрпақ жадында 
жаңғыртып, тындырған келелі істерін мадақтап 
айтып, есімін ел есінде мәңгілік қалдыруға 
арналған ұлағатты, тағылымды шара болды де-
сек, әсте қателеспейміз. Бүгінгідей тәуелсіздік 
таңы арайлап атқан жағдайда алдыңғы 
асыл текті аталар бойындағы елжандылық 
қасиеттер бүгінгі ұрпақтың өнбойы мен сана-
сезімінде оянып жатса, құба-құп, ағайын.

68
                                      
«ЕУРАЗИЯ: 
МӘДЕНИЕТТЕР 
МЕН ҰРПАҚТАР 
ҮНҚАТЫСУЫ»
 Сәуір айының 28-30 күндері 
аралығында еліміздің бас 
қаласы –Астанада халықаралық 
ауқымдағы заманауи беделді 
ұйым – «Диалог Еуразия»(«ДА») 
Платформасының  кезекті бас 
қосу жиыны өтті. Негізінен Еу-
разия аймағының жиырмаға 
тарта мемлекетінің озық 
ойлы зиялы қауым өкілдері, 
есімдері белгілі жазушыла-
ры, ғалымдары, қоғам және 
мәдениет қайраткерлерінің ба-
сын тоғыстырған аталмыш шара 
Астана қаласының әкімдігі, 
Қазақстан халқы Ассамблеясы 
және Мәдениеттер мен діндердің 
халықаралық орталығының 
қолдауымен ұйымдастырылды.
Бұл Платформа Еуразия 
аумағындағы зиялылардың ба-
стамасымен 1998 жылы Стамбул 
қаласындағы алғашқы кездесу 

69
отырысы барысында құрылған болатын. Табыс 
табуды көздемейтін, мемлекеттердің саяси іс-
әрекеттеріне араласпайтын халықаралық «Ди-
алог Еуразия» Платформасына сол жылдар-
дан бастап Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев 
сынды зиялыларымыз да мүше болған, ал 
Шыңғыс Айтматов  осы Платформаның 
алғашқы төрағасы болған еді.
Бүгінгі таңда бұл халықаралық ұйымға 15 
ел мүше, бірқатар елдер, оның ішінде, Қытай 
мен Индия бар, өздерінің оған алдағы уақытта 
мүше болуға деген ынтасын білдіруде. Ал оған 
мүше болып отырған елдердің қатарында Ресей, 
Әзірбайжан, Қырғызстан, Румыния, Түркия, 
Украина, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, 
Молдова, Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия, 
Армения, Кипр бар. 
Енді «Диалог Еуразия» Платформасының 
басты мақсатына келсек, бұл – Еура-
зия құрлығындағы халықтардың өзара 
тілқатысуы, үнқатысуы, түсінісуіне және 
бейбіт қатар өмір сүруіне ықпал ету болып та-
былады.
Еуразия – Еуропа мен  Азияға кең қанат 
жайған түрлі тілдер, діндер, ұлттар мен 
ұлыстар, мәдениеттердің қарым-қатынасын 
қамтыған, сонау бағзы заманда «Ежелгі 
дүние» деп аталған сансыз өркениеттердің, 
дәстүрлердің ғұмыр кешкен тарихи кеңістігі. 
Сондай-ақ ол тарих пен тұтас әлемнің даму-
ына үлкен үлес қосқан дүниежүзілік тарих 
пен мәдениет қазынасы болып қалыптасты. 
Күн өткен сайын осы байырғы құрлықтың 
әлеуметтік, мәдени, экономикалық және са-
яси маңызы арта түсуде. Әрине, сан алуан 

70
мәдениет ұйысқан осынау өңірлерде замана 
ағымына сай  неше алуан мәселелер өріс жаюы 
да заңдылық. Халықтар мен мәдениеттер 
арасындағы диалогтың болмауы мен 
жетіспеушілігі бағзы замандарда да, бүгінгі 
таңда да көптеген күрделі проблемаларды алға 
тартып келеді. Жаһанданудың даму қарқыны, 
уақыт пен кеңістіктің тарылуы, өзара пікір 
алмасудың жетіспеуі салдарынан жер бетіндегі 
бейбітшілікке қауіп-қатер төнуі мүмкін...
Міне, уақыт талабымен, әлемді шарпыған 
жаһандану үдерісімен  бірге туындап отырған 
күрделі де күрмеулі мәселелерді  Еура-
зия кеңістігінің әріден тамыр тартып келе 
жатқан рухани құндылықтары, елдер мен 
мемлекеттердің, мәдениеттер мен діндердің 
тұғырнамасы негізінде өзара түсіністік пен 
диалог арқылы шешу осынау өңірді ме-
кендеген сан алуан халықтардың бейбіт 
өмір сүруіне септігін тигізері сөзсіз. Осы-
нау көкейтесті мәселеге жауапкершілікпен 
қарап, өркениеттер мен діндер, мәдениеттер 
мен рухани салалардағы ынтымақтастық пен 
үнқатысуды тиісінше жолға қою, Еуразия 
жастары арасындағы түсіністік пен сұхбат, 
сыйластыққа терең мән беру, сол үшін де 
ашық пікірлесуге, дидарласуға, ортақ мақсат-
мұраттарға қадам басу аса маңызды. Жер ша-
рында бірге тіршілік етуді Тәңір жазған адам 
мен қоғам діни наным-сенім , саяси көзқарастар, 
мәдениеттер, идеология қалыптастырған 
қашықтықты жақындастыру мақсатында 
әрекет етіп, бүкілғаламдық үйлесіммен өмір 
сүру үшін лайықты ұстанымдарды ұсына 
білуі күн тәртібіне шығып отыр. Форум идея-

71
сы түрлі мәдениеттерді ұғыныса қабылдауға 
иек артатын диалог арналарын дамыту-
ды көздейді. Басты міндет – ұлтаралық, 
халықаралық қарым-қатынас жолдарын 
жетілдіру, түрлі ел өкілдерінің тіл табысуы 
мен түсінісуіне даңғыл жол ашу, мәдениет 
пен дінді адамзаттық тең құқық шеңберінде 
жолға қою, өзара ақпараттық пікір алмасу, 
әріптестікті қамтамасыз ету болып табылады.
Ауқымды шара негізінен үш бағытта, атап 
айтқанда, «Еуразияның саяси өміріндегі 
диалогтың ролі», «Диалог және Еуразия 
жастарының ғылыми дамуы», «Еуразияның 
болашағы толеранттылықта және бірлесе 
тіршілік етуде» атты тақырыптар аясында 
өрбіді.
«Еуразия: Ұрпақтар мен мәдениеттер 
үнқатысуы» атты халықаралық форумды «Ди-
алог Еуразия» Платформасының 2008-2010 
жылдарға тағайындалған төрағасы, көрнекті 
ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 
Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма 
төрағасы Нұрлан Оразалин қысқаша баянда-
мамен ашты.
– Көздеген басты мақсат - өркениеттер мен 
мәдениеттер арасындағы дәнекерлік көпірінің 
беки түсуіне ықпал ету, Планетада үйлесім 
мен үндесу принциптерінің бел алуына, бейбіт 
қатар өмір сүруді қамтамасыз етер өрісті, 
өркенді ұстанымдардың нығая түсуіне күш 
салу. Ұлы тарихы бар адамзат баласының алу-
ан-алуан даму кезеңдерінің куәсі болып келе 
жатқан Жер атты ұлы қонысымызда парасат 
пен ұстамдылықтың, ақыл мен сабырдың сал-
танат құруына мейлінше көмек көрсету, өз 

72
үлесімізді  қосу,-деді  Нұрлан  Мырқасымұлы.    
Әйтпесе, өткен кезеңдердегі, тіпті ХХ 
 
 
ғасырдағы қанды соғыстарды да жадымыздан 
шығара алмаспыз. 
Ал күні бүгінде де әлемнің сандаған 
аймақ, бұрыш-бұрыштарында болып 
жатқан жантүршігерлік оқиғаларды, күні 
кешегі Қырғызстандағы жағдай мен Мәскеу 
метросындағы жарылыстың төркінінде 
де сол қаталдықтың уыты жатыр, мұндай 
сорақылықтарды еш ақтап алуға болмай-
ды. Мұның барлығы  ой-сананың бірдей 
болмауы, өре мен мәдениеттің, парасат-
пайымның  жетіспеуі адамзат баласын жиі-
жиі жаңылдырып отырғанын аңғартады. 
Сондықтан бәрін де, яки келіспеушіліктің 
себеп-салдарын  адамзат баласының 
дамуындағы, өзара қарым-қатынасындағы, 
ойлау жүйесіндегі үндестіктің бұзылуынан 
іздеуіміз керек.
Адамзатты қырып-жоятын қарулардан 
өз еркімен бас тарту, ұлтаралық және 
конфессияаралық келісім мен гуманистік иде-
яларды мемлекетіміздің басты ұстанымына 
айналдырып отырған Елбасы Н.Назарбаевтың 
кемеңгерлік саясаты еліміздің абыройын арт-
тыра түсуде...
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың Еуразия аймағындағы 
халықтардың ынтымағы мен бірлігі, 
толеранттылық пен ізгілік форумы-
на қатысушыларға арнайы жолдаған 
құттықтауын Президент Әкімшілігі ішкі сая-
сат басқармасының бастығы Дархан Мыңбай 
оқып берді.

73
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы 
О.Мұхамеджанов, Сенат төрағасының орын-
басары М.Көбеев жиналған зиялы қауымға 
ізгі тілектерін білдірді. Олардың сөздерінде 
де  Қазақстан көшбасшысының біртұтас 
Еуразиялық қауымдастық құру идеясының 
жүзеге асып, көпұлтты, көпдінді елімізде 
өзара сенім орнағандығы,130-дың үстінде 
ұлттарды біріктіретін Қазақстан халықтары 
Ассамблеясының  тек біздің елде ғана бар 
екендігі, салтанат құрған  саяси тұрақтылық 
пен келісімнің, бүкілдүниежүзілік  дін 
жетекшілерінің басын қосып өткізілген сая-
си шаралардың нәтижесінде бүгінде ЕҚЫҰ-
на, ал келесі жылы Ислам конференциясы 
ұйымына төрағалық етуіміз турасындағы 
жетістіктер, сөз жоқ, жас та болса жасампаз 
мемлекетіміздің өркениет өресіндегі зор табы-
сы екендігі атап өтілді.
ҚР Премьер-Министрінің құттықтауында 
да адамзат өркениетінің ұлы бесігі саналатын 
Еуразия аймағының өткен тарихы мен бүгінгі 
биік белестері бедерленді.
«Диалог Еуразия» Платформасының 
тең төрағасы Харун Токак(Түркия), 
Платформаның құрметті төрағасы, РҒА 
Шығыстану институтының директоры, про-
фессор Р.Рыбаков(Ресей), Платформаның 
Ұлттық комитетінің төрайымы Гиу-
ли Аласания(Грузия), Парламент де-
путаты Ғ.Есім, ҚР Білім және Ғылым 
министрі Ж.Түймебаев, ҚР Мәдениет вице-
министрі Ғ.Телебаев , М.Қашқари-Барскани 
атындағы университеттің магистранты 
Қ.Ормушев(Қырғызстан), Индиядан келген 

74
мейман Моханти Арун, тағы басқа талайды 
көрген тақ-тақ шешендер- білікті интеллек-
туалдар мен шығармашылық өкілдері  сөз 
сөйлеп, мәдениеттер әртектілігі мен ұрпақтар 
сабақтастығы, азаматтық қоғам, соғыс пен 
қантөгіске, күш көрсетушілікке қарсылық, 
 
экономика, экология, этика, демография, 
бейбітшіліксүйгіш Қазақ елінің әлемдік 
қауымдастықтағы жоғары ролі , Қырғызстанда 
болған қантөгіс оқиғалардың  түп төркініне 
сол өзара диалогтың болмауы, биліктің халық 
үніне құлақ аспауы  себеп болғаны, Алматы-
да өткен Еуразиялық медиа-форумда да осын-
дай әлемнің  қызу нүктелеріндегі саяси аху-
алдар күн тәртібінде талқыға түскені, тағы 
басқа да ғаламдық мәселелер төңірегінде тың 
көзқарас, озық-ой-пікірлер көпшілік назары-
на ұсынылды. 
Тағы да көктем келіп, жерге тұқым себіліп, 
тал-шыбықтар отырғызылуда. Жас ұрпақ 
та осылай қаулап өсіп келеді. Олардың бой-
ына, жан-дүниесіне  адамзат баласына де-
ген сүйіспеншілік пен махаббаттың, достық 
пен татулықтың дәнін сеуіп, ашу-ыза мен 
жеккөрушілік, үстемдік пен озбырлыққа 
жол бермеуге баулу – алдыңғы буынның ба-
сты борышы. Бір атап айтарлығы, төзімділік, 
бейбітшіліксүйгіштік және сыйластық сияқты 
адамгершілік құндылықтарды алға ұстана 
отырып, Қазақстан халқы ілгері қарыштап 
қадам басуда. Қазақстанның тәуелсіздігін 
алғаш болып таныған, өркениет көшінің 
алдыңғы сапында келе жатқан бауырлас Түрік 
елі де біз сөз етіп отырған имандылық шара-
ларына ұдайы ұйтқы, бас-көз болып, «Диалог 

75
Еуразия» Платформасының басты демеушісі 
санатында келеді.
Сөз соңында айтарымыз, осынау айту-
лы шараға біздің облысымыздан Каспий 
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университетінің ғылым жөніндегі прорек-
торы, профессор Біржан Сәуірбаев және осы 
жолдардың авторы қатысып оралды. Көңілдің 
көкжиегінде орныққан ізгілікті ойлар мен 
идеялар аз емес. Неше алуан аумақтық, тіпті 
әлемдік экономикалық мүдделер тоғысқан, 
тоғыз жолдың торабындағы киелі Маңғыстау 
өңірінде де бейбітшіліксүйгіш, гуманистік 
идеяларды арқау еткен қоғамдық, мәдени ша-
раларды өткізу, жастарымызды отансүйгіштік 
пен елжандылыққа ғана емес, сонымен қатар 
Еуразия тарихы мен мәдениетін танып-білуге, 
көрші елдермен тығыз байланыста болуға ба-
улу келешектің келелі міндеттерінің сүбелісі  
деп санаймыз. Бүгінгідей жаһандану дәуірінде 
ешкімнің де томаға-тұйық, өз алдына тіршілік 
кеше алмайтынын ескерсек, жан-жақты 
даму, интеграция, озық жетістіктерге жету 
Еуразия, кеңірек алсақ әлем халықтарымен, 
мемлекеттерімен ынтымақтаса, иықтаса, 
ұғыныса тірлік кешкенде ғана мүмкін болаты-
нын санада саралайтын мезгіл жетті деп пай-
ымдаймыз. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ 
мұны, яки бейбітшілік пен толеранттылық иде-
ясын көкіректеріне берік орнықтыруы қажет. 
«Диалог Еуразия» Платформасы көздеген 
ізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін арнайы 
түрде «DA» журналын шығарады, мәдениет 
және ғылыми тақырыптарға арнап конферен-
циялар, мемлекеттер арасында іссапарлар 

76
ұйымдастырып, аймақтағы елдер арасындағы 
ауызбіршілікті, татулықты нығайта түсуге 
 
парасат биігінен ұйытқы болуға күш салу-
да. Ләйім адамзаттық мазмұндағы оң баста-
ма, игі қадамдар нәтижелі бола бергей де-
ген жүрекжарды тілегімізді арнау –біздің де 
азаматтық парызымыз

77
ҚАЗАҚСТАН 
ТҰҒЫРЫН 
БИІКТЕТКЕН 
АЙТУЛЫ ОҚИҒА 


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал