Ғалым Әріп қасиетті парыз алматы 2014 ббк 84 (5 каз) Ә 72 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әріп Ғ



жүктеу 6.61 Kb.

бет2/9
Дата09.01.2017
өлшемі6.61 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
             Қожаберген жырау-350
                                       
   ДҮРБЕЛЕҢДІ 
ДӘУІР  
ДАУЫЛПАЗЫ 
Баһадүр баба рухына арналған 
республикалық шаралар Астана, 
Петропавл өңірінде кең ауқымда 
аталып өтті
«Бағзыдан баян тарт-
пай бақ қонбайды, Бабалар 
өсиеті ақталмайды. Жазайық 
Қазақстан – ел тарихын, 
Жазайық арғықазақ- сақтар 
жайлы... Жазайық ғұн мен 
түркі шежіресін, Өткенді тани 
білу несіне мін?! Тарихтың 
толқынында туған халық, Беу, 
Қазақ, текті тану - өзіңе сын!»
Бүгінгі таңда  әр қазақтың 
бойында  осындай кең Дала-
ны тұлпарларының дүбірі 
дүрсілдеткен ата-баба тарихын 
білсем, танысам, қай заманда 
да Қазақ сынды қайсар да қаны 
таза текті халықтың ешкімнен 
де осал болмағанын, Ұлы Да-
ланы еншілеу ұлылардың 
маңдайына ғана қонар бақ бола-

25
рын пайымдар кез туды. Елбасымыз Нұрсұлтан 
Назарбаевтың осыдан он жыл бұрын жарық 
көрген «Тарих толқынында» атты кітабында 
ұлттық тарихқа деген стратегиялық көзқарас 
қалыптастыру турасында терең тамырлы әңгіме 
қозғалса, «Қазақстан -2050» стратегиясында 
да баба-тарихқа деген ұлттық құлшынысты 
ояту, тарихи жадты жаңғырту, сол арқылы 
қазақстандық патриотизмге жол ашу ұлттық 
идеологияның басты ұстанымдарының бірі  бо-
луы қажеттігі айқын айтылған-ды.
Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік хатшысы 
Марат Тажиннің еліміздің ұлттық тарихын 
зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс 
тобымен кеңейтілген отырысында жасаған 
баяндамасында Елбасы алға қойып отырған 
ұлттық стратегиядан туындайтын міндеттер, 
ел тарихын жазудағы тарихшылардың 
арқалар жүгі, егемен Қазақстанның 
мемлекеттік құрылысының  қазақстандық 
моделін лайықты түсіндіре білу жөнінде келелі 
әңгімелер қозғалып, орамды ой-пікірлер 
сараланды. Міне, құрметті ағайын, киелі 
Маңғыстауымыздан бастап бүкіл исі қазаққа, 
Қазақстан тарихына қатысты тарихи тың де-
ректер мен шежірелер турасында тұрақты 
мақалалалар жариялау – басты нысанамыз.
Егемен ел болудың  бір қамы – бүтіндей 
біртұтас халықтың өткен жолын өрелі ой, 
терең парасат-пайыммен зерделей білу, за-
манында елінің панасы, халқының қалқаны 
бола білген даңқты тұлғалардың есімін, 
ерлігін санада жаңғырта отырып, ұлтжанды 
ұрпақ тәрбиелеудің маңызы ерекше болмақ. 
Кең-байтақ шалқар жазираны иеленген 

26
атам қазақтың басына іс түсіп, «ақтабан 
шұбырынды, алқакөл сұлама» - зар заманға 
тап болғанда, «Елім-айдай» жырымен қайрай 
жұбатып, халқының басын біріктіруге, на-
мысын қайрауға бар күш-жігері, шабытын 
арнаған, арғымаққа мініп, алдаспанын ой-
натып, қатігез хас дұшпанға қарсы шапқан 
Қожаберген Толыбайұлының  350 жылдығына 
арналған мерекелік мәнді шаралар Астана 
қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия 
университетінде «Ел тұтастығы үшін күрескен 
қаһарман тұлға» атты ғылыми-практикалық 
конференциямен басталды. 
Университеттің киелі ғылыми шаңырағына 
бұл күні ұлтымыздың нешебір «елім!», «жерім!» 
деген көкірегі сара зиялы азаматтары,белгілі 
қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақындар 
мен жазушылар, ҚР Парламентінің депутатта-
ры, Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
рәміздерінің авторлары, көрнекті ғалымдар, 
студент-жастар, үкіметтік емес ұйымдардың, 
ардагерлер ұйымдарының өкілдері, әскери 
қызметкерлер және Қазақстанның түкпір-
түкпірінен және бірқатар шетелдерден ат ары-
тып жеткен ағайындар жиналып, конферен-
ция жұмысына  белсене  атсалысты. 
Қатысушылар еліміздің 14 облысы мен 
республикалық маңызы бар 2 қаласынан 
келді.  Делегаттардың жалпы саны 600 адам-
ды құрады. Олардың арасында 5  ҚР ҰҒА 
 
академигі, 239  ғылым докторы мен кандидаты, 
12  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 
көптеген ҚР Мәдениет қайраткерлері, ҚР Білім 
беру ісінің үздіктері және Конституциялық 
кеңестің мүшелері мен аудандық, облыстық, 

27
сондай-ақ Жоғарғы соттың судьялары және 
түрлі деңгейдегі әкімдер болды.          
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы 25 желтоқсандағы арнайы қаулысына 
сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігі, 
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университеті, Республикалық ардагерлер 
ұйымының Орталық кеңесі, Халықаралық 
«Жеті жарғы» және Қожаберген жырау» 
қоғамдық қайырымдылық қоры бірлесіп 
ұйымдастырған  конференцияны атал-
мыш оқу орнының проректоры, филоло-
гия ғылымдарының докторы, профессор 
Дихан Қамзабекұлы ашып, ректор Ерлан 
Сыздықовтың құттықтауын жеткізді: «Елба-
сымыз Н.Назарбаев «Қазақстан -2050» стра-
тегиясында «Дәстүр мен мәдениет –ұлттың 
генетикалық коды» деп атап көрсетті. Біз 
тарихтың көбін алашапқын сүргінде өткізген, 
сондықтан да тарихтан сабақ алған халықпыз. 
Дәстүр мен тарих, ел басқару мен руханият, 
сөзге ұста болудың ел билігіне араласудағы 
маңызы, халқымыздың түп тамырын да, 
Қожабергендей бір атаның емес, бүтіндей 
ұлттың рухани көсемдерінің бірі болған 
бірегей тұлғаларды да асқақтау – елдің баянды 
болашағының кепілі» ,-деді ол.
Алғашқы болып  құттықтаулар тиегі 
ағытылды. Білім және ғылым министрлігінен 
Е.Сүлейменов, Мәдениет және ақпарат 
министрлігінен М.Ысқақов, Солтүстік 
Қазақстан облысы әкімінің орынбасары 
Ф.Қуанғанов, Қазақстан Жазушылар Одағы 
басқарма төрағасының бірінші орынбаса-

28
ры, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 
ақын Ғ.Жайлыбай, Қытай елінен келген 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі 
жазушы Ш.Құмарұлының тебіреністі сөздері  
ойлы әсер қалдырды.
Кешегі өткен заманаларда қазақ 
жұртының көптеген тарих сүрлеулері көмескі 
тартқанымен оның құпия сырлары қайтадан 
жарқырап ашыла бастағанына мысалдар 
келтіре сөйлеген ҚР ҰҒА акдемигі Серік 
Қирабаев бүгінгідей Тәуелсіздік заманын-
да «қайта оянған» Қожаберген бабамыздың 
да және басқа да мәдени мұраларымыздың 
баршылық екендігін, оны жас ұрпақ тәрбиесіне 
кеңінен пайдалану үшін ғылыми тұрғыда зерт-
тей түсуді жетілдіру қажеттігіне тоқталды.
Осындай ізгі құттықтаулардың бірі, 
Маңғыстау облысының әкімі Алик 
Айдарбаевтың ұлы тойға арналған лебізін 
маңғыстаулық ресми делегацияның басшы-
сы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы 
төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек 
Жұмашев оқып берді. Онда мынадай өрнекті 
сөздер бар еді: «Өткеннің ащы сабағынан 
өрелі ой түйіп, ғасырлар қойнауында жіберген 
өлшеусіз есеміздің орынын еселеп толтыру, 
тәуелсіз Қазақ мемлекеттігін қалыптастыруда 
қапы жібермей, ұпайымызды түгендеп, әркез 
ұтысқа шығу, ақыл мен парасат, білім мен 
білік, өршіл ұлттық рухпен баянды болашаққа 
бағыт ұстану – басты мұрат.  Халқымыздың 
басынан қаншама ауыр күндер өтсе де, ел ба-
сына күн туған аласапыран кезеңдерден аман 
өттік. Әрине, ер етігімен, ат ауыздығымен су 
ішіп ,ел үшін, жер үшін болған қанды қырқыс, 

29
жаугершіліктерде талайлаған қаһарман 
ерлеріміз халқына қалқан болып, қанды май-
дандарда шейіт кетті. Қара басының қамымен 
күйгелектемей, елдіктің туын тіктеген, мойы-
нына ел қамытын жүктеген, ата намыс жолында 
атан нардай іс қылып, атам қазақтың азаттығы 
мен бостандығы үшін  қаһармандықпен құрбан 
болған арыстарын халқымыз ұдайы жадында 
жаңғыртып, есімдерін зор құрметпен еске ала-
ды.
Осындай тар жол, тайғақ кешу, ел басына 
қара бұлт үйірілген «ақтабан шұбырынды, 
алқакөл сұлама» атанған дүрбелеңді  дүниеде 
біріккен қазақ қолының бас қолбасшысы, 
әрі дәуір жырын толғаған дауылпаз жыра-
уы атанған Қожаберген Толыбайұлының 
 
ғұмыр дастаны ұрпақтан-ұрпаққа кеңінен 
жария етерліктей даңқ пен үлгі-өнегеге толы. 
Бүгінгідей  өз алдымызға дербес ел болып, 
ұйқымыздан дүр сілкініп жатқан тұғырлы 
шақта, ғасырлар бойы зарыға аңсап жеткен 
Тәуелсіздігіміз қандай қымбат, ұлы Отанымыз 
қандай қасиетті  болса, Ұлы Даланың қарыс 
сүйем киелі пұшпағы үшін қасарыса қан 
төккен қайсар тұлғаларымыз қандай аяулы 
десеңізші! Тайбурылдай асау тұлпардың ай-
нымас ізіндей тарих сорабында мәңгі өшпес те 
өлмес ересен ерлік, қайталанбас даңқ дәстүрін 
қалдырған баһадүр бабалардың  біртуар бол-
мысын  ұлықтау – парызымыз да, қарызымыз 
да. Бүгінгі заманда егемен еліміздің кең-
байтақ, шалқар жазирасы көлемі жөнінен 
әлемде тоғызыншы орынды иеленсе, көңіл 
марқайтардай бұл өлшеусіз игілік, шадыман 
қуанышта қарыс сүйем жер үшін арғымағын 

30
ойнатып, қас-дұшпанға көк сүңгісін бойлатқан 
жаужүрек ерлеріміздің , елді біріктерген, 
ынтымаққа ұйытқан хан-сұлтандарымыздың, 
батырлар мен билеріміздің,  ақындар мен 
ғұламаларымыздың алар орны айрықша.
Міне, осындай қилы да қатерлі, тарихи 
сәтте елін, халқын қатыгез жаумен ымы-
расыз күреске үндеп, «Елім-ай!» жырын 
толғаған, қазақ даласын кеудесінен шыбын 
жаны шыққанша өліспей-беріспей қорғаған 
Қожаберген жырау – ұлы данамыз да, ұлы ба-
бамыз да. 
Ұлағатты ұлан-тойың құтты, 
ауызбіршілігіміз мықты, елдігіміздің 
қабырғасы бекем, тәуелсіз Қазақстанымыз 
ырыс пен құтқа, берекеге толы атамекен 
болғай!
Өсер, өнер ұлыс пен ұрпақтың бойы-
на аруақты  бабалар рухы қонғай, елдік 
жасампаздық істерімізді қолдай бергей!». 
Осынау әсерлі сөздерден кейін іле Қаныбек 
Бекболатұлы маңғыстаулықтар атынан Ұлт 
Рухының Ұлы Абызы, Пір Бекеттің мәңгілік 
мекені – Оғыланды бейнеленген келісті карти-
наны табыс етті. Орайы келгенде айта кетелік, 
келесі күндері Қызылжарда(Петропавл) 
болған думан-тойдың салтанатты жалғасында 
маңғыстаулықтар  жуырда ғана жарық 
көрген «Маңғыстау ақын-жазушылары 
кітапханасының»  50 томдық рухани мұраларын 
алыстан жеткізіп, тарту еткенде таңданбаған, 
риза болып, ду қол шапалақтамаған пенде ба-
ласы болған жоқ.
Жалпы, осындай бір аймақтың емес, 
дүйім қазақ елінің абыройын асқақтатып, 

31
біртұтастығына себепші болатын игілікті 
іске Маңғыстау өңірінен беделді топ, белгілі 
азаматтардың барып қатысуына ұйытқы 
болған облыс басшысына жиналған қауым тегіс 
ризашылық білдірді. Делегация құрамында  - 
Маңғыстау облысының құрметті азаматы, ел 
ақсақалы  Дүйсембі Әріпов, ел басқарған аза-
мат ағалардың бірі, «Қазақстанның құрметті 
құрылысшысы» Киікбай Рзаханов, Қазақстан 
Жазушылар Одағының мүшелері, ақындар 
Айтуар Өтегенов, Серік Бердияров,  дүлдүл 
жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Амандық 
Көмеков және осы жолдардың авторы сапар-
лас болған еді.
Алқалы жиында көптеген тартымды баян-
дамалар тыңдалды, ел рухын көтеретін асыл 
сөздерге құлақ түрген есті қауым дуылдата 
қол соғып, қанаттанып отырды. ҚР БҒМ Мем-
лекет тарихы институтының директоры, та-
рих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған 
«Бүгінде қазақ елі адамзат көшіне ілесіп, 
әлемдік өркениетке бағыт алды. Міне, осы-
нау ұлы сапарда елін өрге сүйреген тарихи 
тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ парызы. «Қалай 
болғанда да «Елім-ай» дастанын шығарған 
Қожаберген жырау ұлттық сананың биік 
шыңы екендігін ешкім жоққа шығара алмай-
ды деген сенімдемін», деп атап өтті.
Халықаралық «Қаныш Сәтбаев» қорының 
президенті, мемлекет және қоғам қайраткері, 
ақын Кәкімбек Салықов «көрнекі ойшыл, 
ұлы дана, Әз-Тәукенің қасындағы ақылманы, 
тәлімгер, сол кездегі дәуірдің барлық білімімен 
қаруланған дана Қожабергеннің ұлт намы-
сын қыздырып, бостандыққа ұмтылу жолын-

32
да қазақ халқына үш ғасырдай ұран болған 
«Елім-ай» әнін бала күнімізден естіп, айтып 
жүрдік. Мен бұл әнді ұлтымыздың ұлы намыс 
жыры дер едім»  дей келіп, ұлы бабаға арналған 
өз өлеңін күңіренте оқыды.
– Халқымыздың аса көрнекті ғалымы 
Ермұхан Бекмаханов  бұл дастан туралы: 
«Қожаберген жыраудың «Елім-ай» даста-
ны элопеялық жыр, 1723 жылғы «Ақтабан 
шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған ірі 
апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір 
тарихи құжат» деп баға берген. Сонымен бірге 
шығарма дәл сол кезде жазылғандықтан оның 
өне бойы азаттық күреске шақырған ұрандар 
мен үндеулерге толы. «Кеудеңде шыбын жаның 
болса егер, Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын. 
Би мен бек, бір-біріңді сынамаңдар, Дауласып 
ел арасын былғамаңдар» деген Қожаберген 
бабамыз,-деді өзінің тартымды баяндамасын-
ды жерлесіміз, тарих ғылымдарының докто-
ры, профессор Өмірзақ Озғамбаев.
Ақтөбе мемлекеттік педагогика 
институтының профессоры, филоло-
гия ғылымдарының докторы Амангелді 
Айталының, ҚР Парламенті Мәжілісінің 
депутаты, генерал-лейтенат, тарих 
ғылымдарының докторы, профессор Абай 
Тасболатовтың, Абай атындағы ұлттық педа-
гогика университетінің  кафедра меңгерушісі, 
заң ғылымдарының докторы, профессор Томас 
Айтмұхамедовтің, Мемлекеттік сыйлықтың 
лауреаты, Абайтанушы, белгілі ғалым Ме-
кемтас Мырзахметовтың  және секциялық 
отырыстардағы талқылаулардың қай-қайсысы 

33
да Қожабергентануға қосылған айшықты үлес 
болды деуге болады.
 Жиындағы қорытынды сөзді «Жеті жарғы» 
және Қожаберген жырау» қорының төрағасы, 
заң ғылымдарының докторы, ұлт зиялы-
сы Бекет Тұрағараев алып, осынау айтулы 
шаралардың өтуіне ынта-ықылас білдірген 
азаматтарға шынайы алғысын жеткізіп, 
Қожаберген мұраларына қатысты жарық 
көрген кітаптар мен төсбелгіні тарту етті. 
Бірқатар белгілі азаматтарға осы жерде батыр 
рухына арнап шығарылған медаль дар табыс 
етілді.
    Ұлы думан, елдік мерекеге жиналғандар 
конференциядан кейін 300 адамға арнап 
әзірленген ас мәзірінен дәм татып, қасиетті 
Бабалар рухына арнап Құран бағышталды. 
Ұйымдастырушылар осынау ас шарасының 
да Тәуелсіздік сарайында өтіп,  ата-бабалар 
арман еткен қастерлі ұғымның мәңгі салта-
нат құруында тәрбиелік роль атқаратынына 
тәнтілік құлатты. Өткен мен бүгінді 
байланыстарған жәдігерлер мен суреттер, 
кітаптар көрмесі, сонау Алматыдан ат са-
былтып арнайы жетіп Қазақстанның халық 
әртісі Е.Хасанғалиевтің ұлы Біржанмен бірге 
атақты «Атамекенді» шарықтата орындауы, 
белгілі күйші С.Тұрысбековтің «Ақ жауын» 
фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуі – бәрі-
бәрі де ақылмен ойластырылған істің пара-
сатын паш еткендей еді. Бір атап айтарлығы
осы жерде жыршы А.Көмеков ақын Ғ.Әріптің 
«Ана тілі» басылымында жарық көрген «Түбі 
бір түркі жұрты» толғауын толғай жырлап, 

34
жиналған көпшіліктің назарын өзіне аударған 
еді.
«Көппен көрген – ұлы той» демекші, 
маңғыстаулықтар ұлы жырау, даңқты бабаның 
дүниеге келген Қызылжар өңіріндегі өткен 
іргелі шараларға да қатысты. М.Қозыбаев 
атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік 
университетінде өткен кеңейтілген «дөңгелек 
үстелде» Маңғыстау облысының құрметті 
азаматы Д.Әріпов те сөз сөйлеп, мәністі ойла-
рын ортаға салды. Кешкілік өткен Солтүстік 
Қазақстан облысы әкімінің қабылдауында осы 
облыстың кітапханасына маңғыстаулықтар 
жоғарыда айтқандай, елу томдық қып-
қызыл кітаптарды сыйға тартты. Бұл жер-
де маңғыстаулықтар атынан К.Рзаханов пен 
Қ.Жұмашев сөз сөйлеп, Амандық жырау 
термелерімен тербеткен еді.
С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма 
театрында өткен мүшайраның Бас жүлдесін 
белгілі ақын Абзал Бөкенов еншіледі.  Осы 
жерде Қ.Толыбайұлының 350 жылдығына 
арналған «Елім-ай» спектаклі сахналанып, 
Бескөл ипподромында сахналық көрсетілімдер 
мен ұлттық спорт ойындары қызу тартыста 
өтті.
Келесі күні бағдарламада көрсетілгендей, 
Жамбыл ауданындағы Қожаберген жырау 
кесенесіне дүйім халық біркісідей тағзым етті 
Аудан орталығы Пресновка селосында батыр 
ескерткішіне алқызыл гүл шоқтары қойылды. 
Мұнда да Қожаберген жырауға арналған көрме 
салтанат құрып, «Салтанат» мейрамханасын-
да Қожаберген жырауды еске алу асы беріліп, 
рухына Құран бағышталды.

35
Заманында қазақтың нешебір 
зиялыларының атамекені болған, алайда, 
кешегі бір жылдарға дейін орысы басым өңірде 
қазақ тілі мен ділі, әдебиеті мен мәдениеті, 
ұлттық рухтың қайта түлегеніне көзіміз 
жетіп, көңіліміз марқая түсті. Бұл заманда да 
қара басының қамы емес, елдіктің зілбатпан 
жүгін арқалап жүрген атпал азаматтар 
баршылық екендігіне күмәнсіз сендік. Сондай 
нар тұлғалардың көшбасында осы шаруаның  
бастамашысы, Маңғыстау өңірінде де өзіндік 
қолтаңбасын қалдырған Бекет Тұрғараев сынды 
азаматтың алар орны айрықша деген пайымға 
келдік. Тегінде жартылай маңғыстаулық бо-
лып кеткен Б.Тұрғараев пен Әбдімүтәліп 
Әбжаппаров осы бір жолсапарымызда барлық 
кезде біздің қасымызда болып,  күтіп алып, 
қонағасылап шығарып салғанын айтпай кету-
ге де болмайтын тәрізді. «Өзі жақсыға қайда 
да бір орын бар» демекші, пейіл кеңдігі, көңіл 
шалқарлығы, елдік ойлау кеңістігі тек қана 
адами абыройға, бақ-берекеге бастайтыны-
на тағы бір тәнті болып, бүкіл қазақ еліне 
амандық пен саулық, мәңгілік ғұмыр тілеп 
туған өлкемізге сағынышпен оралдық.
Ғалым Әріп,
ҚР Мәдениет қайраткері.
Ақтау-Астана-Петропавл-Ақтау.

36
АРУАҚТЫ ЕЛ, 
ҚАСИЕТТІ ЖЕР 
Маңғыстаудың Астанадағы күндері 
тарихи, тағылымды оқиғаларға 
толы болды.
Қия-көкте қалықтай шалқып, 
қиял қанатында тербеткен әуе 
лайнері шарықтай самғап, әп-
сәтте тәуелсіз еліміздің бас 
қаласына маңдай тірегенде, 
 
әуежай аэровокзалында келген 
қонақтарды қарсы алу рәсімі бол-
ды. Қарсы алушылардың ішінде 
өзіміздің халық қалаулылары, 
астаналық әкімдіктің, мәдениет 
саласының азаматтары бар. 
Қастерлі домбыра шанағынан 
күй сорғалап, тербетіп, тер-
беп  бір өткеннен кейін алы-
стан келген ағайынға алғашқы 
сөзді Астана қаласы Алматы 
ауданының әкімі С.Ахметов 
«хош келдіңіздер» рәсімімен ба-
стады.
– Тәуелсіз Қазақстанның та-
яуда кеңінен аталып өтпекші 
20 жылдық мерейлі мерекесі 
орайындағы мұнайлы әрі шы-

37
райлы өлке Маңғыстау облысының күндері 
Ақордада табысты өтеріне ешкімнің шүбәсі 
жоқ. Басты байлық – рухани байлық екендігін 
ескерсек, бұл ретте Маңғыстау жұртының 
өзіндік ұлттық дара болмысымен айшық таны-
тарына сенімдіміз,-деді Сапар Қайратұлы.
Маңғыстаулықтарды қарсы алушылардың 
бірі, республика Жер ресурстарын басқару 
жөніндегі  агенттігінің «МемНПЦжер» 
РМК бас директоры: «Еуразия төріне хош 
келдіңіздер. Қадамдарыңызға гүл бітсін. 
Маңғыстаулықтардың жетістіктері, өркенді 
өңір екендігі әркез қуантады», деді.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары 
Қ.Жұмашев өз сөзінде сапардың мәнісіне, де-
легация құрамындағы өлке мақтаныштарына 
қысқаша тоқталып, ел мәртебесінің өсе 
беруіне тілектестігін білдірді. Жуырда өңірде 
үлкен ұйымшылдықпен өткізілген Маңғыстау 
мұнайының 50 жылдығы, Қ.Күржіманұлының 
170 жылдығы, «Каспий – достық теңізі» 
фестиваліне тоқталып өтті. Қаныбек 
Бекболатұлы сонымен қатар Астанадағы 
күндерді өткізудің бірнеше нұсқасы болғанын, 
атап айтқанда оның біреуі маңғыстаулық 
зергерлік бұйымдар мен сүт тағамдарының 
жәрмеңкесі және үш ағаш үй тігіп, Аспан 
астындағы мұражайда өлкенің рухани 
құндылықтарын паш ету қарастырылғанын, 
тағы бір жоспарда қазірде әлемге әйгілі бола 
бастаған Адай жылқыларын әкелу көзделгенін 
де көпшілік назарына берді.
Содан кейін маңғыстаулықтардың сый-
сияпат рәсімін жасады. Бір қызығы, Астана 
ауданының әкімі дәл осы күнмен сәйкес келіп 

38
отырған туған күнімен Қаныбек Бекболатұлын 
құттықтауы да жарасымды болды.
Қайсыбір сапардың, саяхаттың да елдік, 
халықтық мазмұнға толы болғанына не жетсін! 
Әп дегенде жылы шырай, жарқын жүз, ыстық 
ілтипатпен басталған төрт күндік сапардың 
 
барлық күндері де кереметтей маңызды 
оқиғаларға толы болды. 
Облыс әкімінің бірінші орынбасары 
А.Айтқұлов бастаған бір топ азаматтар «Хабар» 
агенттігінде болып, Астанадағы Маңғыстау 
күндерінің мән-мақсаты бойынша әр қырынан 
келелі әңгіме өрбітті. Аманкелді Бердаманұлы 
Қазақстанның  «қара алтын» қазынасы, 
еліміздің бірден-бір теңіз қақпасы санала-
тын Маңғыстау облысының Қазақстандағы 
саусақпен санарлықтай донор аймақтардың 
бірегейі екендігін айрықша атап өтті.
Маңғыстаулық ресми делегация сапар бары-
сында ҚР Бірінші Президентінің мұражайын, 
Қазақстан Президентінің Мәдени орталығын 
және «Атамекен» этно-мемориалдық кешенін 
асықпай аралап, бағзы бабалардан, сонау 
сақ,ғұн, көне көктүріктер, Қыпшақ , Алтын 
орда билігі тұсындағы дүрбелеңді дәуірлер, әз-
Жәнібек, Керей хандардың қазақ мемлекеттігін 
қалыптастырудағы, Алаш арыстарының 
тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық ерлік 
істері туралы тарихи тағылымы мол мағлұмат 
алды.
Егер қысқаша ғана шолу жасар болсақ, 
ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы 
2005 жылы ашылған. Мұражай Мемлекет 
басшысының алғашқы резиденциясында 
орналасқан.  Мұражай экспозициялары еге-

39
мен Қазақстанның қалыптасу тарихының 
маңызды кезеңдерін аша отырып, біздің 
еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірі мен 
қызметі туралы, сондай-ақ мемлекеттігімізді 
қалыптастырудағы елдік тұлғалардың 
қызметі туралы  баяндайды. Мұражайдың15 
тақырыптық экспозиялық залдары  бар(оның 
ішінде алтын және күміс залдар), олардың 
атаулары – «Тәуелсіздік – ерлік пен елдіктің 
белгісі», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», 
«Қазақстан және әлемдік қоғамдастық», 
«Қару-жарақтар коллекциясы», «Қазақстан 
Республикасы Президентіне тарту етілген 
сыйлықтар», «Н.Назарбаевтың ұлттық, 
аймақтық, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз 
етудегі ролі» тәрізді аса мәнді болып келеді. 
Экскурсия жүргізуші жоғары деңгейлі маман 
Жанат Жұмахметованың  табиғи көркі мен 
инабаты да, бүкіл экспонатты жатқа танысты-
рып біліктілік танытуы да қайран қалдырды.
Президенттің мәдени орталығында жол 
бастаушы Сапа Қайыржан ханымның ана 
тілінде ұлттық құндылықтарымыздың тігісін 
жатқыза баяндай білуі де айызды қандыра 
түскендей. Ол орталықтағы этнография залы, 
Қасиет залы, И.Тасмағанбетовтің зергерлік 
бұйымдар залын аралатып, баға жеткісіз 
ұлттық жәдігерлерімізді жеріне жеткізе та-
ныстырды. Бір ғажабы, осында атақты Абы-
лай ханның реставрациядан өткен шапаны-
нан бастап, неше алуан рухани, қолөнері, сән-
салтанат жәдігерліктері жетілікті. Жолбасшы 
Орталықтың төрінде қоныс тепкен ағаш(киіз) 
үйді мұнда маңғыстаулық хас шебер Тәжік 
Назарұлы сыйлыққа тарту еткендігін атап 

40
өтті. Шынын айту керек, осынау киеге толы 
шаңырақта қазаққа керек ұлттық бұйым мен 
қару-жарақ, киім-кешек -жасаудың бәрі де 
бар. «Ортада ошақ тұр, «ошақтың үш бұтындай 
басымыз бір болсын» дегенді білдіреді» деді 
жолбасшы. «Абылай хан заманында: қайран 
қазағымды отырықшылыққа үйрете алмай, 
жер емшегін емізе алмай, қала салып бере алмай 
кетіп барамын» деген екен, ол арманның бәріне 
тәуелсіз еліміздің Елбасы бастаған халқы, 
ұлан-ұрпағы қол жеткізіп отыр», деді. Мұнда 
атам қазақтың бар асыл, жақсы-жайсаңдары, 
қазақтың тегін халық емес екендігін танытатын 
үш бірдей Алтын адам, көне тарихтың мінсіз 
жауһарлары, айқын іздері мен қолтаңбалары, 
200-ден астам музыкалық аспаптар, ұлттық 
кәсіп -балық аулау мен саятшылыққа қатысты 
дүниелер, тағы басқа ғажайыптар орын алған. 
Мәселен, Есік қорғанынан алтын адаммен 
бірге 4 мыңнан астам әшекейлер табылса, 
Батыс Қазақстанның Аралтөбе қорғанынан 
400-ден астам әшекейлер табылған, ғасырлар 
бойы алтын сақталған. Шығыс Қазақстандағы 
Берел қорғанынан біздің дәуірімізге дейінгі 
3-4 ғасырларда өмір сүрген адамның(Сақ 
көсемінің) және алтын өндірушілердің іздері 
табылған. Бір таңғаларлығы, табылған 
адамның да, жылқының да терісі, сүйегі ғана 
емес, еті де жақсы сақталған. Бабаларымыз 
мәңгілік мұздатқыш және бальзамдау жолын 
білген.
«Атамекен» - Қазақстан картасын 
таныстырған Үмітхан Мұңалбаева өзінің 
Кіші жүздің,  Адайдың келіні екендігін айт-
ты. Ол педагогика ғылымдарының докто-

41
ры, «Мұражай педагогикасы» деген тұңғыш 
кітаптың авторы екен. Маңғыстаулықтарды 
этно-мемориалдық кешенмен толыққанды та-
ныстырды. Мұнда еліміздің Астана, Алматы 
қалалары мен 14 облысы және әлемнің 400-ден 
астам кереметінің макеттері көрініс тапқан. 
Олардың ішінде ең ауқымды да айшықты 
орынды Маңғыстау облысы иелініп отыр, 360 
әулиелі киелі өлкедегі Бекет ата, Шопан ата, 
Шақпақ ата, Отпантау, Ақмыштау, Тамшалы, 
тағы басқа да қайталанбас өлке ғажайыптары 
орналасқан. Бұл шаруаның ойдағыдай бітуіне 
облыс басшысы Қ.Көшербаевтың тікелей 
ұйтқы болғанын, жан-жақты көмектескенін, 
Елбасы өзі келіп тамашалап, ризашылық 
танытқанын атап өткен жолбасшы Үмітхан 
ханым іргелі істерге Еңбек ері, Халық жазу-
шысы Ә.Кекілбаев ғылыми жетекшілік жасап 
отырғанын да мақтанышпен жеткізді. 
Маңғыстаулықтар өздері келген кезде бұл 
мезгілде ақырған қарасуық, аласапыран бо-
лып тұратын Арқа мінезінің күрт өзгеріп, ауа 
райының жылып кеткенін, Астана қаласының 
әкімі И.Тасмағанбетовтің қонақасысынан 
кейін сәті түсіп футболдан Қазақстан-Австрия 
құрама 
командаларының 
«Еуропа-2012»   
чемпионатының іріктеу турында кездесіп, тең 
ойнағанының куәсі болғанын да сәттілікке жо-
рыды.
Мәдениет күндерінің шешуші шағы да туды. 
Елбасы Н.Назарбаев осы күні өздерінің жан-
жақты жетістіктерін паш еткен Маңғыстау, 
Қарағанды және Солтүстік Қазақтан 
облыстарының көрмелерін тамашалады. 
Маңғыстау облысының әкімі Қ. Көшербаев 

42
Мемлекет басшысына киелі өңірдің респу-
бликамыз бойынша алғанда әлеуметтік-
экономикалық даму жағынан бірінші, 
тұрғындар санының өсімі жағынан Астана-
дан кейінгі екінші, адам басына шаққандағы 
жалпы аймақтық өнім аймақтағы ең жоғарғы 
көрсеткіштердің бірі екендігін, экономи-
ка, әлеуметтік және мәдени салалардағы 
жасампаздық жобалар, жетістіктер туралы 
қысқаша баян етті.
– Мәдени мұраны сақтау үшін де көптеген 
игілікті істер тындырылуда. Маңғыстау жері 
ашық  аспан астындағы мұражай екендігі 
белгілі, мемлекеттің қорғауындағы тарихи 
ескерткіштердің 70 пайыздан астамы біздің 
аймақта орналасқан. ЮНЕСКО-ның қорғауға 
алынған ескерткіштер тізіміне «Сисем-ата» 
қасиетті қорымы да енгізілген,-деді Қырымбек 
Елеуұлы.
Шынында да «Мәдени мұра» аясында 
атқарылған барлық жұмыстардың айқын 
нәтижелері осында көрініс тапқан еді.
Облыстық өлкетану мұражайының директоры 
Т.Жұмалиеваны осы жерде сөзге тарттық.
– Қазір көптеген жерлерде Маңғыстаудың 
киіз үйін тігуге құмар. Алайда, оның ішін 
ерекше сәнге бөлеп тұратын ата-бабалардан 
келе жатқан ұлттық қолөнерінің теңдессіз 
үлгілері -бау-басқұрлары мен, құрлары на-
сихатталмай, мән берілмей келе жатыр еді. 
Тек зергерлік бұйымдарға ғана назар аудары-
лып келген. Енді, міне, орайы келіп, «Мәдени 
мұра» бойынша халықтан сатып алынған 
шашақты ақ басқұрлар, қызыл баулардан 
көрме жасап, ол көздің жауын алып тұр. Жал-

43
пы біздің мұражайға мұнда 6 бірдей көрнекілік 
сөресі бөлінген.
Бейбітшілік және келісім сарайын-
да Елбасының, Үкіметтің, Президент ап-
параты басшыларының, Сенат, Мәжіліс 
төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, 
мәдениет министрінің және үш аймақтың 
облыс басшыларының қатысуымен өткен 
Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік 
Қазақстан облыстарының бірлескен концерті 
халқымыздың музыка мәдениетінің ұлы 
тұлғасы Құрманғазының аруақты «Адай» 
күйімен басталуы кім-кімді де арқаландырмай 
қойған жоқ. Шынын айтуымыз керек, 
аталған екі облыстың репертуарынан көбіне-
көп классикалық және орыс тіліндегі 
шығармалар, опера,балет, би нөмірлері 
орын алса, маңғыстаулықтар халқымыздың 
ұлттық туындыларын тамсандыра орындап, 
өздерінің биік кәсіби шеберлігін  паш ете білді. 
Жерлестеріміз Сержан Шәкірат, Тамара Асар, 
Ақмарал Ерімбетова, «Алау» тобы, «Мирас» ер 
балалар хоры талантына тәнті етпей қоймады. 
Тартымды концерт Н.Назарбаев пен 
Б.Тілеуханның «Жерім менің» ән-
толғауын Тамара Асар(Маңғыстау), 
Рамзат Балакишиев(СҚО), Сержан 
Мұсайынның(Қарағанды) және барлық 
қатысушылардың қосылып орындауы-
мен, үлкен толғанысты, тебіреністі ахуалда 
аяқталды.
Біз сапар барысында бір топ азаматтардың 
пікірлерін жариялауды орынды санадық.
Лепес қажы Исаев: 360 әулиелі, Пір Бекет 
ата жатқан қасиетті Маңғыстау жерінен облыс 

44
басшысы Қ.Көшербаевтың басшылығымен 
осында келіп жатырмыз ғой. Елбасының сара 
басшылығымен еліміздің, жеріміздің көркейе 
беруіне тілектеспіз. Қазақстанымыздың, 
Астанамыздың көркейгенін көріп қуандық, 
шаттандық. Ертең осы көргендерімізді ел ара-
сында мақтанышпен айтатын боламыз. Ел-
басымыз Н.Назарбаев бүкіл жер шарын шар-
лап, барлық мемлекеттермен байланыс жа-
сап, тыныштық орнату, елдің ауызбіршілігін 
қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін жұмсап 
жүр». 
Орын Құлсариев, ҚР еңбегі сіңген мәдениет 
қызметкері: «Мен 62 жыл шәкірт тәрбиеледім. 
Осынау шараға қатысып отырған ардагерлер 
баршамыз да ризамыз, бақыттымыз. Кеше 
Маңғыстау өнерінің дайындығына қатыстым, 
министр М.Құл-Мұхамед жоғары баға берді, 
риза болдық. 
Жалпы бәрі де тәуелсіздіктің арқасы. 
Маңғыстау қарыштап ілгері қарай дами түсуде.  
Жақында Жетібайда өнер мектебі ашылды, оны 
облыс басшысы Қ.Көшербаев өзі арнайы келіп 
ашты. Қазір мұнда 280-дей бала оқиды. Жу-
ырда балабақша да ашылды. Осының барлығы 
тыныштықтың,бейбітшіліктің арқасы. 
Астана да қатты өсуде. Мынау 
Пирамида(Бейбітшілік пен келісім сарайы) 
Мәскеудегі үлкен театрдан кем емес екен. 
Елбасымыздың Қазақстанды дереу қарқынмен 
дамыту турасында талап қойып отырғаны 
мерейімізді өсіреді!»
Е.Сыздықов, Еуразия университетінің 
ректоры: «Астананың авторы да, архитекто-
ры да Елбасының өзі болса, оны әрлеушінің 

45
бірі – маңғыстаулықтар. Бұл қалада 
маңғыстаулықтардың қолтаңбасы сайрап жа-
тыр. Маңғыстау – еліміздің құты. Еуразия 
унверситетінде де нешебір жас дүлдүлдер оқып 
жатыр, олардың арасында маңғыстаулықтар 
өте көп, олардың білімі, жігерлілігі, 
отансүйгіштігі жоғары».
Оразгүл Асанғазы, Астана қаласының 
тілдерді дамыту басқармасының бастығы : 
«Біздің бас қаламыздың әрбір көшесі, үйінде, 
мекемесінде Маңғыстаудың үлесі бар. Қазақ 
мектептері зәулім ғимараттарда орналасу-
да. Маңғыстау – құт дарыған ел. Сіздердің 
жерлестеріңіз, жас жеткіншектер ылғи да 
тіл сайыстарында бас бәйгілерді иеленіп 
жүреді. Қазақтың тектілігін, мәдениетін, ауыз 
әдебиетін жақсы меңгерген. Астана - өз үйіңіз, 
Маңғыстаудың маңдай терімен табылған 
қаржысы да, еңбегі де, адамдары да бар».
Зейнолла Алшымбаев, ҚР Мәжілісінің де-
путаты: «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы таяп 
келеді. Ел жүрегі Астанаға аймақ-аймақтан 
келіп, жетістіктерін паш етуде. Мысалы, ЕҚЫҰ 
саммитінің өтуі  бір қарағанда таңғаларлықтай, 
ақылға сыймайтындай дүние. Сөз жоқ, 
 
Елбасының сарабдал саясаты, халқымыздың  
ауызбіршілігі мен тектілігінің арқасында ба-
рымызды баянды етіп, ұлтымыздың қадір-
қасиеттерін паш етудеміз».
Осылайша, Маңғыстау облысының 
Астанадағы күндері ойдағыдай жағдайда, 
ата-баба тарихы, ділі мен діні, ата дәстүр, 
атасалт, ата кәсіп, қолөнері, рухани ұлттық 
құндылықтарын паш етіп, тану мен таныту 
ахуалында өтті. Әрқашанда өзіндік болмыс-

46
бітімімен ерекшеленетін  Маңғыстау өрнегі 
көпшілікті тәнті етті.
Маңғыстау облысының әр саладағы 
жетістіктері туралы сол күндердің 
қорытындысы бойынша «Қазақстан» теле-
арнасынан Маңғыстау облысының әкімі 
Қырымбек Көшербаев арнайы сұхбат беріп, 
өлкеге қатысты көптеген өзекті мәселелерге 
орай толымды жауап қайтарды.
Маңғыстаулық бір қауым ел туған жерге 
үлкен рухани серпіліс жағдайында көңілді 
оралды.

47
«ҚАЗАҚ  
ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ 
ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ 
ТҰТАСТЫҒЫ 
МӘСЕЛЕСІ»


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал