Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 178.66 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.05.2017
өлшемі178.66 Kb.

Ф СО ПГУ  7.18.4/19

                

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География кафедрасы

 СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)



Халықаралық туризм географиясы 

                                                 

                                                              

Павлодар, 2013 ж.

Пән бағдарламасын бекіту

парағы (Syllabus)

Форма


Ф СО ПГУ 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН  

                                                              ХТжЖФ  деканы

                                                                          _______

 

Қ.Қ. Ахметов



 

   «___»_____________20   ж.

  Құрастырушы: аға-оқытушы Ш.К. Какежанова_______________

География және туризм кафедрасы

ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Халықаралық туризм географиясы пәні бойынша

5В090200-География мамандығының студенттері үшін

Бағдарлама     «____»   ___________20     ж.   бекітілген   жұмыс   оқу   бағдарламасы

негізінде құрастырылды

«___» __________ 20  ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды

Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды 

 «___» ________20  ж. Хаттама № _______

ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая

КЕЛІСІЛДІ

ОӘҚ бастығы__________________ Е.Н. Жуманкулова  «____»_______201__ж.



1. Оқу пәнінің паспорты

Халықаралық туризм географиясы

Пән  элективті компонент



Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат       

Дәріс  – 22,5  сағат 

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат                                   

              СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135  сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 6 семестр



Пререквизиттер:  Туризмология   негіздері,   Халықаралық   туризмнің

тарихы, Туризм инфрақұрылымы, Қонақ үй шаруашылығы



Постреквизиттер: Діни туризм, Рекреациялық география

2. 

Оқытушы жөнінде ақпарат:

География магистрі,  аға оқытушы 

Ерубаева Ләззат Жанибековна

География және туризм кафедрасы

 

Тел. (ішкі 1277)



Қабылдау уақыты:    жұма   –     10

00

-ден 12



00

-ге дейін,

     

  ауд. №


313а

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты   – Халықаралық туризм және оның жеке елдер

мен   аймақтардағы   дамуы   туралы   түсінігін   студенттерге   біртіндей

қалыптастыру.   Студентті   халықаралық   туризмнің   салалық   және   кеңістік

құрылысы,   оның   территориялық   даму   тенденциялары   мен   ерекшеліктері

туралы хабары болуы керек. 

Пәнді оқытудың міндеттері:

-   ғылыми   анализ   әдістерін,   әр   түрлі   процесстер   мен   құбылыстарды

болжауды   үйрену, өз мамандығына пайдалана білу;жайлы ақпарат беру;


- рекреациялық  іс әрекеттің әлеуметтік экономикалық  құбылысы, оның

мазмұны, құрылымы және классификациясы жөнінде түсінікті қалыптастыру;

- территориялық рекреациялық жүйенің мағынасын анықтау;

- рекреациялық қажеттіліктер мен рекреациялық іс әрекеттің факторлары

мен әрекеттерінің нәтижелерін көрсету; 

-   туризмнің   эволюциясының   барысын   бақылап,   туристік   карталармен

танысу. 

4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар 

Студент білу керек:

- халықаралық туризмнің генезисін, эволюциясын және механизімін; 

- туристік   қызметтің   табиғи   және   әлеуметтік-экономикалық   ресурстарын

және оларды тиімді пайдалану қағидаларын; 

- халықаралық туризмнің тұрақты дамуын бағалау әдістерін; 

- туризмология саласындағы статистикалық мәліметтер мен жұмыс істеу;

- әлемнің туристік орталықтарын;

- туристік ағымдардың негізгі бағыттарын; 

-   туристік   рекреациялық   ресурстарға   және   олар   орналасқан

территорияларға рекреациялық баға беру  әдістемесің меңгеру;

-   туристік   аудандардың   қалыптасуының   негізгі   алғышарттары   мен

олардың классификациясы мен бағасы беру;

- туризмнің әлеуметтік экономикалық түпкі мәні мен нгізгі функциялары

білу


Студент істей білу керек:

- туристік ағымдарға талдау жасау;

- туристік ағымдарға болжам жасау;

- жеке   елдер   мен   аудандардың   халыаралық   туризмнің   геоэкономикасына

талдау жасау;

- рекреациялық   іс   әрекеттерге   арналған   рекреациялық   ресурстарға

сипаттама беру негізінде олардың түрлерін анықтай білу;

- туристік   территориялардың     тиімді   пайдаланудың   шараларын   біліп

анықтау;

- рекреациялық аудандары және дүние жүзі бөліктерінің басты туристік 

орталықтарын біліп анықтау.

5.

 

Пәннің тақырыптық жоспары





р/с

Тақырыптың атауы

Сабақ   түрлері

бойынша

аудиториялық

сағаттар саны 

СӨЖ

Дәріс


Тәж Зерт

Жал


пы

соның


ішінде

СОӨЖ 


1

Кіріспе. Халықаралық туризм 

географиясының зертеу облысы

2

1



-

10

2



Халықаралық туризмнің 

2

2



1

2


дамуының негізгі факторлары мен 

шарттары


10

3

Туристік сұраныс және ұсыныс

оның арнайы ерекшеліктері

3

2



1

10

3



4

Рекреациялық және іскерлік 

туризмнің географиясы

3

2



1

10

3



Діни туризмнің географиясы

3

2



1

10

3



Емдік туризмнің географиясы

3

2



1

10

3



7

Халықаралық туристік ұйымдар 

және олардың туризм дамуында 

атқаратын ролі

3

2

1



10

3

8

Еуропанының, Американың, Азия,

Африканың, Австралия және 

Мұхит аралдарының негізгі 

туристік аймақтары

3,5

2

1,5



20

3,5


БАРЛЫҒЫ:

22,5


15

7,5


90

22,5


Пән бойынша барлығы

135


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып Кіріспе. Халықаралық туризм географиясының зертеу облысы

Жоспар 

1.

Әлем   халықтарының   арасындағы   географиялық   ортадағы   байланыстар   және



олардың қарқынды дамуының кеңеюі.

2.

 Халықаралық туристік байланыстар.



Халықаралық  туризм  -   халықаралық  экономикалық  байланыстардың  айрықша   түрі

болып   табылады,  қазіргі   кезде   жедел   дамып   келеді.   Оған   жеке  аймақтар   мен   елдердегі

рекреациялық  ресурстар   алғышарт   болады.  Халықаралық  туризм  үлесіне   шамамен

дүниежүзілік жиынтық  ішкі  өнімнің  және жалпы жұмыс істейтін халықтың  10%-ы тиесілі;

туризм   күшті   дамыған  кейбір   елдерде   бұл   көрсеткіш   одан   да   жоғары.   Мальдив

Республикасында  туризм   мен   оған   бағдарланған   салалар   жиынтық  ішкі  өнімнің  25%-ын

береді;  Кубада   мемлекет  қазынасына   түсіретін   пайдасы   жағынан   халықаралық  туризм  1-

орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның

үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы,

Азияға 10%-ы келеді



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

2 Тақырып Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен шарттары

Жоспар 

1.

Халықаралық   туризмнің   статистикалық   және   динамикалық   (табиғи-

географиялық,   демографиялық,   әлеуметтік-экономикалық,   материалдық-техникалық,   сяси)

даму факторлары. Табиғи-географиялық, факторлардың ерекше ролі. 



2.

Демографиялық факторлар және урбандалу үрдісі. 



3.

Әлеуметтік-экономикалық   факторлар   (бос   уақыт,   қоғамның   материалдық

игілікті  жағдайы,  қоғамның әлеуметтік-кәсіптік  құрылымы, қоғамдық және  экономикалық

байланыстың   кеңеюі,   мемлекеттік-саяси   тұрақтылық,   туристік   нарықтағы   бағалардың

деңгейі). 

4.

Материалдық-техникалық   факторлар   (орналасу   орындарының,   көліктің,

қоғамдық тамақтану мекемелерінің, жеке саудаларының дамуы). 

5.

Туризмнің дамуының саяси факторлары. Туристік нарықтың бөлінуі. 

БТҰ-ның эксперттерінің болжамдары бойынша, 2010 жылға қарай әлемдегі сапарлар

саны  2 есеге өседі және миллиардтаған туристік келулерге жетеді, оның  146 млн Орталық

және Шығыс Еуропаға келеді (ТМД және Балтия елдерін қоса алғанда).

БТҰ бағалауы бойынша, халықаралық туристер саны 2010 жылға қарай 1 млрд 18 млн

адамға жетеді.

КСРО   Ғылым   Академиясында   жұмыс   істейтін   кеңес   географтарының   мәліметтері

бойынша, 1950 жылы әлемнің барлық елдерінде 25,3 млн шетелдік келуші тіркелген, ал 1968

жылы олардың саны 141 млн жетіп, бұл жер шары халқының 4%-ін құраған.

Батыс   Еуропа   елдерінде   ХХ   ғасырдың   50-60   жж.   –   бұл   жаппай   қонақүйлерді,

мотельдерді,   көңіл   көтеру   мекемелерін   салу   кезеңі.   Еуропалық   туризм   американдық

туристерді қабылдауға басым бағытталды және қабылдаушы ел үшін долларлық түсімдердің

көзі   болып   табылды.   60-шы   жылдар   мен   70-ші   жылдар   ортасына   дейін   кіру   және   шығу

туризмінің өсімі байқалды және туристік кәсіпорындар саны мен олардың өндіріс көлемінің

өсуі де байқалды.



Халықаралық туризм көшбасшылары

1950 жылы туристердің келу саны бойынша жетекші ел – АҚШ болды. 1970 жылы

туристік келу саны бойынша біріншілікке Италия шықты. 1990 жылдан бастап,   шетелдік

туристерді қабылдау бойынша көшбасшы Франция болды. Франция ХХ ғасыр соңына дейін

халықаралық туризмде көшбасшы болды.

Тура   ХХ   ғасырдың   соңында   туристік   қызметтер   экспортынан   түскен   жалпы

әлеуметтік   түсімдер   салыстырмалы   жоғары   көрсеткіштерге   жетті.   1998   жылы   туристік

қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560 млрд АҚШ долларын құрады.

ХХ   ғасырдың   соңында   АҚШ   халықаралық   туризмнен   түскен   табыс   бойынша

көшбасшы болды. 1999 жылғы түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2000 жылы – 95,2

млрд доллар болды.

2000   жылдан   бастап,   шетелдік   туристерді   қабылдау   бойынша   көшбасшы   10   елдің

қатарына РФ кірді. Онда 1999 жылы 18,5 млн адам келген. 2000 жылы бұл цифр 21,2 млн

адамға жетті.

БТҰ-ның   статистикалық   мәліметтері   2000   жылы   халықаралық   туризмдегі   келу

бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық туризмнен түскен түсімдер үлесі

тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік туристерге қызмет көрсетудің тиімдірек жүйесі

АҚШ-та екенін көрсетеді.

БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері

круиздер,   конгрестік   туризм,   тематикалық   парктер,   қала   туризмі,   мәдени   туризм,   қызық

оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын анықтады. 2020 жылға қарай

әлемде туристік келу саны 1561,1   млн адамды құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан үшін

бұл кезде  әлемдік туристік нарықтың маңызды  сегменттері  қызықты оқиғалы  және спорт

туризмі болып табылады.

2020   жылға   қарай   жалпы   келу   көлемімен   арақатынастағы   аймақаралық   туризмнің

үлесін бөлу былай анықталады: Оңтүстік Азия – 85%; Таяу Шығыс – 63%; Африка – 43%;

Америка – 38%; Еуропа – 15%.

2020 жылға қарай туристік нарықтың маңызды сегменттері мыналар болады: күн және

жағажай; спорт туризмі; қызық оқиғалы туризм; табиғи туризм; мәдени туризм; қала туризмі;

круиздер;   ауыл   туризмі;   тематикалық   парктер;   конгрестік   туризм;   ұзақ   сапарлар;   арнайы

сегменттер; аралас сапарлар; спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.


 

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

3 Тақырып Туристік сұраныс және ұсыныс, оның арнайы ерекшеліктері

Жоспар          

1. Туристік сүраныстың мәні. Рекреациялық қажеттіліктердің иерархиясы. 

2. Туризмдегі түтынушылық тандау. Туристік сүраныстың динамикасы қоғамдағы саяси

және экономикалық процестермен бейнеленеді. 

3. Бүкіл әлемдік туристік сүраныстың мезгілділігі. 

4. Туристік   сүранысқа   қозғалыс     туғызатын   факторлар:   климат   және   мотивациялық;

экономикалық;   әлеуметтік;   сән   факторлары.   Туристік   экономикаға   мезгілдіктің

тигізетін кері әсері

Белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта тұтынушылар сатып алғысы келетін және

сатып   алатын   туристік  қызметтер   мен   тауарлардың  саны  туристік   сұраныс   деп   аталады.

Туристік   сұраныстың  өзіндік  сипаты   болады:   динамизмі,   көптүрлілігі   мен   кешенділігі,

икемділігі,   кеңістік   пен   уақыт   жағынан   біркелкі   еместігі   және   т.б.   Оның  қалыптасуына

көптеген

факторлар

әсер

етеді.


Туристік  сұраныс –  динамикалық  категория.  Туристік  қажеттіліктер,  яғни, сұраныс

қоғамның  дамуымен бірге  өзгеріп тұрады. Кейбіреулері  мүлдем жойылады, ескілері түрін

өзгертеді, жаңалары пайда болады. Олардың шеңбері  үнемі кеңейіп отырады, ал қажеттілік

ұлғая түседі.  Соғыстан  кейінгі  уақытта туристік  қызметтерді  қолдануда  саны  мен сапасы

жағынан едәуір ілгері жылжу болды,  яғни  ғылым мен техниканың  алға басуы  мен саяси,

әлеуметтік   және  экономикалық  сферадағы  өзгерістердің  әсері   тиді.   Ол   халықтың  жалпы

қозғалысынан   көрініс

 

тауып,



 

туризмді


 қазіргі

 

кейпіне



 

жеткізді.

Туристік қозғалыс жылдам, бірақ біркелкісіз дамыды. Кейбір жылдары саяси шиеленістердің

ұлғаюы немесе экономикалық конъюктураның нашарлағандығынан, халықаралық туризмнің

төмендегені байқалды.

Туристік сұраныс көптүрлі және кешенді түрде болады. Саяхат кезінде,  турист  өзіне

көрсетілетін әр түрлі қызметтерді пайдаланады – жалпы, арнайы туристік және қосалқы. Ең

адымен,   оған   тіршілігі  үшін  қажетті  қызметтер   керек   –  үй,   тамақ,   сонымен  қатар   көлік.

Туристің  бұл  сұранысының  жергілікті   тұрғындардың  сұранысынан   айырмашылығы   жоқ. 

Туристік  қозғалысты   оятқан   басқа   бір   бөлігі   –   соған   жетелеген  мотивтер,   таза   туристік

сұраныс.   Демалу  үшін,   көңіл   көтеріп   жаңа  әсерлер   алу  үшін  адам   рекреациялық  турға

қатысады; кәсіптік ынтасын  қанағаттандару  үшін  іскерлік сапарға барады және т.б. Көңіл

көтеру,   кәсіптік   ынтасын  қанағаттандыру,   емделу,   оқу   және   басқа  да   мақсаттармен   бару

туристік  сапардың  мотивтері  қосымша  туристік  қызметтерге  сұраныс туғызады.  Мысалы,

пленум мен конгрестерге қатысушылар қосымша туристік қызметке сұраныс жасайды. Олар

конгрестен кейінгі турларға баруға тілек  білдіреді, көрмеге немесе  концертке барады, яғни

айтқанда   кәсіптік 

іс-әрекетін   мәдени   танып-білу   демалысымен   бірлестіреді.

Туристік сұраныстың әртүрлілігі мен кешенділігі жиынды туристік қызметке – турға ұсыныс

туғызады.

 

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

4 Тақырып Рекреациялық және іскерлік туризмнің географиясы

Жоспар

1. Рекреациялық   туризм   географиясының   ерекшеліктері.   Рекреациялық   туристерді

«жеткізуші» елдер. 

2. Халықаралық   рекреациялық   туризмнің   меридионалдық   бағыты.   Еуропадағы

рекреациялық туризм. 


3. Америкадағы рекреациялық туризм. 

4. Азия-Тынық мұхиттық аймағындағы рекреациялық туризм. 

5. Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африкадағы рекреациялық туризм.

6. Іскерлік   туризмнің   ағымдары.   Іскерлік   туристерді   негізгі   «жеткізуші»   және

«қабылдаушы» елдер. Бизнес сапарлардың географиясы. Конгресті-көрме туризмнің

географиясы.



Рекреациялық  география  - адамдардың  жұмыстан  тыс  уақыттағы  іс-қимылдарын

ұйымдастырудың  аумақтық  жүйелерінің  қызмет   етуі   мен   дамуының  географиялық

заңдылықтарын   зерттейтін  ғылыми  бағыт.  Еуропа  мен  Американың  көптеген   елдерінде

pекреациялық географияның  ұқсас түрлері — туризм мен  демалыс  географиясы, бос уақыт

географиясы.   Рекреациялық  географияның  негізгі  зерттейтін   нысаны   —   аумақтық

рекреациялық  жүйе (АРЖ). Рекреациялық  география АРЖ-дің  басқа аумақтық  жүйелермен

байланысын,   оның  қасиеттері  мен   жеке   жүйешіктерін,   рекреациялық  ресурстарды,

рекреациялық аудандарды, АРЖ-ді басқару мен болжау жолдарын зерттейді.

Кейiнгi   жылдары   халықаралық   туризмде   маңызды   рөлдi   iскерлiк   туризм   алады,

өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған байланысты iскерлiк

туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған әлемдiк экономиканың басты және

қозғалыстағы   салаларының   бiрi.   Iскерлiк   туризм   өркениеттi   әлемiнде   келешегi   бар   және

табысты бизнес болып танылған. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-

да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда  бүгiн қалыптасты десек болады.

Бүгiнгi   күнi,   мамандар   арасында   ортақ   “iскерлiк   туризм”   түсiнiгi   жоқ.   Бiреулердiң

ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен

бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу;ал үшiншi бiреулер —

“iскерлiк туризм” деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi.

Бiрақ,   барлық   осы   түсiнiктер   мен   анықтамаларға   қарамастан,   iскерлiк   туризм   ұғымы   бар

және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

5 Тақырып Діни туризмнің географиясы

Жоспар

1.

Қажылықтың тарихы. Иерусалим- әлемнің ең ірі діни орталығы.



2.

  Христиан  діннің қажылық орталықтары. Мұсылман дінінің қажылық

орталықтары. 

3.

Буддизм дінінің қажылық орталықтары. 



4.

Дінтану мақсаттары  бар ғылыми  туризмнің  географиясы.  Туристік  іс-

әрекеттерді ұйымдастыру үшін діни туризм дамуының әсері.

Қажылық  амалдары   зул-хижжа   айының  сегізі   күні   басталады.   Бұл   күнді  «тәруия

күні»деп атайды. Бұл күні тәмәттуғ қажылығын жасаушы қажылыққа қайтадан ихрам киеді.

Ихрам киюден бұрын умраға ихрам киген кездегі амалдарды орындайды, ғұсыл алады, иіссу

себінеді.  Одан кейін  қонақ  үйден  ихрам киеді. «Аллаһумма ләббәйкә  хажжан», - деп ниет

етіп ихрам халіне кіреді. Ихрамға кіргеннен кейін тәлбия айтуды бастайды. Сосын қажылар

түске дейін Минаға жол жүреді. Минаға келгеннен кейін төрт ракағат  намазды екі ракағат

қылып, қысқартып, әр намазды өз уақытында оқиды.

Зул-хижжа айының  тоғызы күні таң  намазын оқып болғаннан кейін, күннің  шығуын

күтеді.   Күн   шыққаннан   кейін   асықпай,   тәлбия   оқып,   Аллаһқа   мадақ,  Пайғамбарымызға

(с.ғ.с.) салауат айтып және Құран оқып, ақырындап Арафатқа жылжиды. Жолда Аллаһқа көп

мадақ, зікір айту абзал. Арафатқа бесін намазының уақыты кіргенге дейін жету керек.



Арафатта  тұру -  қажылықтың  негізгі  парызы,онсыз  қажылық  қабыл  болмайды.Пайғамбар

(с.ғ.с.):   «Қажылық  (дегеніміз)   -   Арафат»,   -   деген  (Әбу   Дауд,  әт-Тирмизи).   Арафа   күні   -

күндердің  ең  абзалы.   Бұл   күні  барлық  қажылар   Арафатта   жиналып,   күн   батқанға   дейін

Аллаһтан   кешірім,  мейірім,   рақым   және   басқа   да  қалаған   нәрселерінсұрайды.   Аллаһқа

сансыз мадақтар, Оның елшісіМұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар айтылады. Айша анамыз риуаят

еткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.): «Аллаһ басқа күндері тозақ отынан дәл Арафа күніндегідей

көп   адамды  құтқармайды.   Аллаһ  тағала  жақындайды   да,   періштелеріне   сендермен

мақтанады. Одан кейінАллаһ тағала: «Олар нені қалайды?» - дейді», - деген (Муслим).

Аллаһтың  мейірімі   мен   жақсылығын   шын   жүрекпен   сұраймыз...   Шамасы   келген,

мүмкіндігі   болған   адамға   бесін   намазының  уақыты   кірген   кезде   Намира  мешітіне   бару   -

сүннет.   Осы   күні   Намира   мешітінде   имам   адамдарға  құтпа  оқып,  қажылық  амалдарын

орындау жолдарын  және абзалдығын түсіндіріп  береді.  Құтпадан  кейін  бесін  және  екінті

намаздарын   бір   азан   және   екі  қамат   айтып,  қысқартып,  қосып   оқиды.   Осы   екі   намаздан

бұрында, кейін де басқа ешқандай намаз оқылмайды. Бұл - Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен

сүннет. Намира мешітінің бір бөлігі Арафат аймағына кірмейтіндіктен намаз оқып болғаннан

кейін  қажы  өзінің  Арафат аймағында екендігін  нақтылап алуы  қажет.  Өйткені Арафаттың

сыртында қалу дұрыс емес.

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)

6 Тақырып Емдік туризмнің географиясы

Жоспар

1. Емдік туризм географиясының ерекшеліктері. 

2. Курортардың негізгі түрлері. Еуропадағы емдік туризм. 

3. Америкадағы емдік туризм. Азия, Мұхит аралдары мен Африкадағы емдік туризм.

Туристік-рекреациялық  ресурстар  –  туристердің  рухани,  рекреациялық  қажеттілігін

қанағаттандыратын,   күш-жігерін  қалпына  келтіріп,   сергітетін   табиғи   (теңіз,   көл,  өзен

жағалауы) және антропогендік (тарихи-архитектуралық көрікті жерлер) нысандар. Туристік-

рекреациялық  ресурстар  қатарына:   курортты   немесе   емдік   демалыс  (минералды   су,   тау

баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат  жағдайлары,  қолайлы

жыл   мезгілдері,   суға   түсу   маусымы),  спорттық-альпинистік   (тау   тізбегі,  қия   жарлар,

шатқалдар   немесе  шөлді-шөлейтті,   халық  сирек   орналасқан   жерлерге)   және  экскурссия-

туристік   (тарихи,   мәдени,   археологиялық  ескерткіштер,  табиғаттың  көрікті   орындары,

этнографиялық  нысандар,   мұражайлар,   бірегей  таңқаларлық  техникалық  құрылыстар)

нысандар жатады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)

7   Тақырып  Халықаралық   туристік   ұйымдар   және   олардың   туризм   дамуында

атқаратын ролі



Жоспар

1.

Халықаралық   туристік   ұйымдар   халықаралық   туризмнің   территориялық



ұйымдастыруының және оның даму мәселелерін шешуші қүралы ретінде. 

2.

Көпжақты негізіндегі халықаралық туризмнің құқықтық реттеуі. 



3.

Экономикалық   және   әлеуметтік-мәдени   байланыстардың   қарқынды   дамуына

байланысты әртүрлі мемлекеттер арасындағы туристік және көліктік мекемелердің

біріктірілген іс-әрекеттерін келістіру қажет. 

4.

1947ж   Париждегі   халықаралық   ресми   туристік   ұйымдардың   одағының   (ХРТҰО)



құрылуы. Үкметтік емес ХРТҰО ұйымының үкметаралық Дүниежүзілік Туристік

Ұйымына (ДТҰ) қайта құрылуы. 



Дүниежүзілік   туристік   ұйым  (ДТҰ)   —   халықаралық  ұйым.   1970   жылы   ресми

туристік  ұйымдардың  үкіметаралық  одағы  ретінде  құрылды. Дүниежүзілік  туристік  ұйым

мүшелері:   толық,   қауымдасқан   және   біріккен   мүшелерге   бөлінеді.   Туристік   ұйымның

мақсаты   —  экономика  дамуға,   халықаралық   өзара   қарым-қатынасқа,   бейбітшілікке,

гүлденуге,  адам  құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға

жәрдемдесу.  Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері — Мадрид

қаласы (Испания).

[1]


Дүниежүзілік   Туристік   Ұйым   (World   Tourism   Organization)  -  Біріккен   Ұлттар

Ұйымының  мекемесі  болып   табылады.  Туризм  сферасындағы   бас   халықаралық   ұйым

болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ -

ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations)

қосылды. Мекеменің  штаб-пәтері  Мадрид  (Испания) қаласында  орналасқан.  Дүниежүзілік

Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға колжетімді туризмді дамытумен айналысады.

Бас хатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)

8 Тақырып  Еуропанының, Американың, Азия, Африканың, Австралия және Мұхит

аралдарының негізгі туристік аймақтары



Жоспар

1. Шетел Еуропаның негізгі туристік аудандары мен орталықтардың сипаттамасы.

2.  Солтүстік және Латын Америкасының туристік орталықтары мен аймақтарының

негізгі сипаттамасы. Азия , Африка, Австралия және Мұхит аралдарының негізгі

туристік аймақтары мен орталықтарының сипаттамасы

БҰ ДТҰ-ның жергілікті уәкілдіктері жергілікті туристік ұлттық ұйымдардың қызметін

дамыту мен қолдау мақсатында тікелей акцияларды жүргізеді. Дүниежүзінің кез-келген 

аймағы - Африка, Америка аймағы, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс 

пен Оңтүстік Азия - осы жергілікті йұымдардың көз алдында, Дүниежүзілік Туристік 

Ұйымның штаб-пәтері Мадрид қаласында базаға тіркеліп енген болатын. Жергікті 

уәкілдіктер БҰ ДТҰ-ның қызметін осы жерлерде тікелей жүзеге асырады. Олар әрдайым сан 

қилы, жердің түкпір-түкпіріне іссапарлар шегеді.

Олар барлық ердердің туризм индустриясының басшыларымен жайдайларды 



талқылап және қажетті шешімдерді қабылдау үшін кездеседі.

Олар туристік ұйымдармен, әкімшіліктермен қажетті байланысты қамтамасыз 



етіп отырады. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен қажетті қаражатты бөліп отыруын 

қадағалар отырады.

Олар БҰ ДТҰ-ның көптеген халықаралық және жергілікті іс-шараларында 



уәкілдік қызметін атқарып отырады.

Олар белгілі бір елде қызығушылық тудыратын тақырыпшаға сәйкес 



семинарлар мен конференциялар өткізеді.

Олар көптеген елдерде қазіргі таңда актуалды болып келетін тақарыптарға 



презентациялар өткізеді. Осыған дейін, Таяу Шығыстағы Жаһандандыру мәселесі, Шығыс 

Азия мен Тынық мұхиты аймағында адам ресурстарын дамыту, Европадағы Евро мен 

туризм , Америка аймағындағы сапа стандарттары, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты 

аймағында дағдарыстық мәселелерді шешу сияқты және т.б. жағдайларды қарастырды.

Олар көбінесе президенттік деңгейде туристік өнім туралы мәселелер мен 



туындаған жағдайларды шешуге көмектеседі. БҰ ДТҰ жылына бір рет өзінің 6 жергілікті 

комиссияларына конференция өткізіп тұрады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 15 сағат 

1 Тақырып Кіріспе. Халықаралық туризм географиясының зертеу облысы

Жоспар:

1. Саяхаттаушылар мен уақытша келушілер  туралы түсінік

2. Халықаралық туризмнің классификациясы 

3. Кіру және шығу туризм-халықаралық туризмнің екі түрі. 

4. Шетелдік туризм 

Тапсырмалар:

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу.

2. Қазіргі нарықтағы халықаралық туризмнің алатын орнын анықтап, ауызша сипаттама беру

Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). 

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

2 Тақырып

 

Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен шарттары



Жоспар

1.

Халықаралық   туризмнің   статистикалық   және   динамикалық   (табиғи-



географиялық,   демографиялық,   әлеуметтік-экономикалық,   материалдық-техникалық,   сяси)

даму факторлары

2.

Табиғи-географиялық, факторлардың ерекше ролі



3.

Әлеуметтік-экономикалық   факторлар   (бос   уақыт,   қоғамның   материалдық

игілікті жағдайы, қоғамның әлеуметтік-кәсіптік құрылымы

Тапсырмалар:

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу.

2.

Халықаралық   туризмнің   статистикалық   және   динамикалық   (табиғи-



географиялық,   демографиялық,   әлеуметтік-экономикалық,   материалдық-

техникалық, сяси) факторларын анықтап сызба нұсқа түрінде көрсету

  

Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). 

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

3 Тақырып

 

Туристік сұраныс және ұсыныс, оның арнайы ерекшеліктері



Жоспар

1. Туристік сүраныстың мәні

2. Рекреациялық қажеттіліктердің иерархиясы.

3. Туристік сүраныстың динамикасы қоғамдағы саяси және экономикалық 

процестермен бейнеленеді


Тапсырмалар:

1.

Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу



2.

Туристік сұраныстың болуының негізгі талаптарын кесте түрінде көрсету

  

Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). 

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

4 Тақырып Рекреациялық және іскерлік туризмнің географиясы

Жоспар 

1. Іскерлік туризмнің ағымдары

2. Іскерлік туристерді негізгі «жеткізуші» және «қабылдаушы» елдер

3. Бизнес сапарлардың географиясы

4. Конгресті-көрме туризмнің географиясы

Тапсырмалар:

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу

2. Іскерлік туризм дамыған аймақтарды картадан көрсетіп сипаттау

  

Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).



Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

5 Тақырып Діни туризмнің географиясы

Жоспар 

1. Қажылықтың тарихы

2. Иерусалим-   әлемнің   ең   ірі   діни   орталығы.  Христиан   діннің   қажылық

орталықтары

3. Буддизм дінінің қажылық орталықтары

4. Туристік іс-әрекеттерді ұйымдастыру үшін діни туризм дамуының әсері



Тапсырмалар:

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу

2. Діни туризм дамыған аймақтарды картадан көрсетіп сипаттау

Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

6 тақырып Емдік туризмнің географиясы

Жоспар

1. Емдік туризмнің даму тарихы



2. Емдік туризмнің дамыған аймақтары

3. Емдік туризмнің қазіргі кездегі даму жағдайы

 

Тапсырмалар: 

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу

2. Емдік туризм дамыған аймақтарды картадан көрсетіп сипаттау

Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

7   тақырып 

Халықаралық   туристік   ұйымдар   және   олардың   туризм   дамуында

атқаратын ролі 

Жоспар

1 Халықаралық туристік ұйымдар

2 Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуында атқаратын ролі

Тапсырмалар: 

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу

2. Негізгі   халықаралық   туристік   ұйымдардың   сипаттамасын   беру   және   олардың

туризм саласының дамуындағы рөлін анықтау



Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

8  Тақырып  Еуропанының,Американың   Азия,  Африканың,  Австралия  және  Мұхит

аралдарының негізгі туристік аймақтары



Жоспар

1. Шетел Еуропаның негізгі туристік аудандары мен орталықтардың сипаттамасы

2. Солтүстік және Латын Америкасының туристік орталықтары мен аймақтарының

негізгі сипаттамасы

3. Азия , Африка, Австралия және Мұхит аралдарының негізгі туристік аймақтары

мен орталықтарының сипаттамасы



Тапсырмалар: 

1.

Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп,  жауаптарын дәптерге жазу



2. Негізгі   туристік   аймақтарға   сипаттамасын   беру   және   картадан   географиялық

орналасуын көрсету



Әдістемелік нұсқаулар:  Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті,

дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе

жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық

жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен

толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).


Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)

8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар

 



Өздік жұмыстың

тақырыбы

Өздік жұмыстың

атауы

Өздік жұмыстың мазмұны

1

Кіріспе. Халықаралық туризм



географиясының

 

зертеу



облысы 

Өздік жұмыс № 1

Халықаралық   туризмнәі   географиясы

пәні   бойынша   әдебиет   қорымен

танысу.

2

Халықаралық



 

туризм:


анықтамасы,

 

негізгі



түсініктері, атау сөздері. 

Өздік жұмыс № 2

Негізгі терминдер бойынша глоссарий

құрастырып, жатқа білу

3

Халықаралық туризм сыртқы



экономикалық   қатынастың

турі ретінде.

 

Өздік жұмыс № 3



Карта бойынша жұмыс. Кескін картаға

Қазақстанның   туризм   саласына

байланысты   сыртқы   экономикалық

қатынастарын белгілеу.

4

Халықаралық



 

туризмнің

дамуының негізгі факторлары

мен шарттары.

Өздік жұмыс № 4

Өз   бетімен   жинаған   мәліметтерге

негізделген   «Халықаралық   туризмнің

дамуының   негізгі   факторлары   мен

шарттары» деген кесте құрастыру.

5

Туристік сұраныс және оның



арнайы ерекшеліктері.

Өздік жұмыс № 5

«Туристік   сұраныс»   деген   диаграмма

құрастыру.

6

Туристік   ұсыныс.   Туристік



сұраныстың географиясы. 

 

 



Өздік жұмыс № 6

«Туристік   ұсыныс»   деген   диаграмма

құрастыру.

7

Рекреациялық



 

туризмнің

географиясы.

Өздік жұмыс № 7

Дерілген   бір   елдің   рекреациялық

әлуетін сипаттау.

8

Іскерлік


 

туризмнің

географиясы.

Өздік жұмыс № 8 

Іскерлік туризмнің ерекшеліктері.

9

Діни туризмнің географиясы.



 

Өздік жұмыс № 9

Діни   туризмнің   дамуына   байланысты

мемлекеттерді топтастыру.

10

Емдік туризмнің географиясы Өздік жұмыс № 



10

Емдік туризмнің дамуына байланысты

мемлекеттерді топтастыру.

11

Халықаралық



 

туризмнің

статистикасы. Туризмдегі сан

көрсеткіштері.

Өздік жұмыс № 

11

XX  және  XXI  ғғ.   туризмнің   дамуын



салыстырмалы сипаттама беру.

12

Туризмдегі   статистикалык



есептің әдістері

Өздік жұмыс № 

12

2000-2010 жж. аралығында туризмдегі



статистикалық өзгерістерді анықтау.

13

Халықаралық



 

туризмнің

қазіргі даму тенденциясы.

Өздік жұмыс № 

13

Қазіргі кездегі халықаралық туризмнің



жаңа бағыттары

14

Халықаралық

 

туристік


ұйымдар   және   олардың

туризм   дамуында   атқаратын

ролі

Өздік жұмыс № 



14

Халықаралық   туристік   ұйымдар

тақырыбы

 

бойынша



 

тест


тапсырмаларын құрастыру

15

Еуропанының,Американың



Азия, Африканың, Австралия

және   Мұхит   аралдарының

негізгі туристік аймақтары.

Өздік жұмыс №15

Еуропанының, Американың Азияның,

Африканың,   Австралия   және   Мұхит

аралдарының   негізгі   туристік

аймақтарын сипаттау



9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)

№ Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі


сәрсенбі

бейсенбі


жұма

сенбі


1.

Дәріс   сабақтарының

сұрақтары   бойынша

кеңес беру

12.35

13.25


2.

Семинар   сабақтары

бойынша кеңес

12.35


13.25

3.

СӨЖ бойынша кеңес



12.35

13.25


4.

Тест   тапсырмаларының

сұрақтары   бойынша

кеңес


12.35

13.25


11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі 

Жұмыс түрі



Тапсырма   тақырыбы,

мақсаты және мазмұны

Ұсынылған

әдебиет


Орында

у

ұзақтығ



ы

Бақылау


формасы

Тапсыру


уақыты

1

2



3

4

5



6

7

1



Реферат

Планетаға

 

дейінгі


материядан   Жер   мен

Күн   жүйесінің   пайда

болуы

 

туралы



гипотезалар.

2 жұма


 

2-ші жұма

2

Картамен


жұмыс

Географиялық 

атауларды 

(номенклатураны) 

жатқа айту.

Атлас мира

Семестр

бойы


семестр

бойы


3

Аралық


бақылау

Жоспар


 

бойынша


алғашқы 4 тақырып 

коллоквиум

8-ші жұма

4

Реферат



Ішкі сулар. 

Дүниежүзілік мұхиттың 

құрылымы

2 жұма


9-шы жұма

5

Реферат 



Ноосфера

2 жұма


14-ші жұма

6

Аралық



бақылау

Жоспар   бойынша   5-8

тақырыптар

коллоквиум

15-ші жұма


Ескерту: 

1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс. 



12. Студенттердің білімін бағалау критериилері 

Пәнді   оқуту   жыл   бойы   алған   білімдері   бойынша,   тестілеу   формасындағы   емтиханмен   аяқталады.

Бағдарламада   берілген     барлық   тапсырмаларды   орындау,   емтиханға   жіберудің   міндетті   критерииі   болып

табылады. 

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

 

14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. С.Ә. Әбілмәжінова Жалпы жертану. Алматы 2012 ж.



2. Савцова Т.М. Общее землеведение. Москва: Академия, 2011 г.

3. Құсайнов С.А. Жалпы геоморфология: оқулық. Алматы: Дәуір, 2012. -365 б.

4. Достай Ж.Д. Жалпы гидрология. Алматы: Қарасай, 2011. – 278 б.

5. Мильков Ф.Н. Общее землеведение. Москва: Высшая школа 1990 г.

Қосымша

6. Галант Т.Г., Гурвич Е.М. Практические занятия по землеведению и краеведению. 



Москва: Просвешение, 1988 г. 

7. Григорьев А.А., Кондратьев К.Я. Космическое землеведение. Москва: Наука, 1985 г. 

8. Брукс С. География Земли. Москва: РОСМЭН, 2000г.

9. Неклюкова Н.П. Задания для лабароторных работ по общему землеведению. Москва: 



Просвещение, 1969 г.

                               

Document Outline

  • Ф СО ПГУ 7.18.4/19
  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  • География кафедрасы
  • ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
  • Халықаралық туризм географиясы
  • Павлодар, 2013 ж.
  • 2. Оқытушы жөнінде ақпарат:
  • География және туризм кафедрасы
  • Тел. (ішкі 1277)
  • Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а
  • 6. Дәріс сабақтарының мазмұны
  • 7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 15 сағат
    • Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен шарттары.
      • Өз бетімен жинаған мәліметтерге негізделген «Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен шарттары» деген кесте құрастыру.
        • Туристік сұраныс және оның арнайы ерекшеліктері.
    • Туристік ұсыныс. Туристік сұраныстың географиясы.
    • Рекреациялық туризмнің географиясы.
    • Діни туризмнің географиясы.
    • Емдік туризмнің географиясы
    • Халықаралық туризмнің статистикасы. Туризмдегі сан көрсеткіштері.
    • Туризмдегі статистикалык есептің әдістері
    • Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы.
    • Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуында атқаратын ролі
    • Еуропанының,Американың Азия, Африканың, Австралия және Мұхит аралдарының негізгі туристік аймақтары.
  • Ескерту:
  • 1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.
  • 12. Студенттердің білімін бағалау критериилері

Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Мамандық бойынша
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины
umk pdf -> БАҒдарламасы павлодар Мамандықтың элективті пәндер
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев 2010 ж
umk pdf -> Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 178.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет