Ғ. Е. Имамбаева, филология ғылымдарының докторы, Ж. Ж



жүктеу 97.63 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі97.63 Kb.
#13048

Вестник Инновационного Евразийского университета. 2015. №2 ISSN 1729-536X                  143 

 

 



 

 

 



 

УДК 398. 5: 801. 81 (574) 

Ғ.Е. Имамбаева, филология ғылымдарының докторы,  

Ж.Ж. Алтаева 

Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.) 

E-mail: altaeva-zhanar@mail.ru 

 

Халық ауыз әдебиеті – тал бесіктің тірегі 



 

Аннотация.  Мақалада  халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілері  жинастырылып,  қазіргі  уақыттың 

талабына  сай  олардың  адамға  қатысты  мәселелерді  шешудегі  рөлі  қарастырылған.  Жаңа  ұрпақты 

қалыптастырып,  дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  жан  дүниесі  мен  оның  қыр-сырын  анықтап, 

мүмкіншіліктері  мен  қабілетінің  жетілуіне  жағдай  туғызу  қажет.  Сондықтан  баланы  сәби  кезінен 

бастап халық ауыз әдебиетімен сусындатып, құлағына құйып өсіру алға қойылады. 

Түйін сөздер: халық ауыз әдебиеті, адами мәселе, шешендік өнер, халық мұрасы, әдебиет үлгері. 

 

Жаңа  заман  баласы  -  ертеңгі  еліміздің  болашағы.  Қазіргі  таңда    балаларды  дамыту  мәселесі 



мемлекеттік  саясаттың  ажырамас  бөлігі  болып  отыр.  Сондықтан    балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады. 

Жаңа  ұрпақты  қалыптастырып,  дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  жан  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын 

анықтап,  мүмкіншіліктері  мен  қабілетінің  жетілуіне  жағдай  туғызу  қажет.  Сондықтан  баланы  сәби 

кезінен  бастап  халық  ауыз  әдебиетімен  сусындандырып,  құлағына  құйып  өсіру  алға  қойылады.  Яғни,  

балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. 

Балалар    ауыз  әдебиетінің  үлгілерімен  таныстырып,  олардың  өмірін  байыта  түсу  мұғалімдердің 

міндеті  болып  саналады.  Олар  ертегілер  оқып,  әңгіме  мазмұнын  жүйелі  байланыстыра  отырып 

әңгімелеуге  үйретіп,  ертегі,  әңгімеде  кездескен  кейіпкерлердің  іс-әрекетіне  сай  образды  сөздер  мен 

диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге баулиды. 

Қиял – ғажайып дүниесінен туған сан қилы оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, тоқсан ауыз сөздің 

тобықтай  түйіні  –  мақал-мәтелдер,  ой  қозғайтын  сыр  сандықты  жұмбақтар,  қиыннан  қиыстырылған 

тақпақ жаңылтпаштар балалардың кең қолданылатын дүниелер болып саналады. 

Балалардың ой – өрісін дамытып, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуда ертегінің рөлі зор. 

Ертегі – қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиетінің 

көлемді саласының бірі. Одан бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа 

құмартады.  Адам  өміріне  байланысты  іс-әрекет  өткір  сықақ-мысқылмен  берілсе,  бала  сезімін  селт 

еткізіп,  күлкіге  мәз  етеді.  Ертегі  айтушының  шынайы  шеберлігі  оның  әр  жақты  сырын  қызықты, 

тартымды, бала санасына лайықтай жеткізуі арқылы көрінеді. 

Мұнымен қатар, еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс-

тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. 

Халықтың  адал  еңбекті,  достық-татулықты,  жақсы  шат  өмірді  аңсап  арман  еткендегі  оның  ауыз 

әдебиетінің  негізгі  тақырыбы,  идеялық  нысанасы  болып  келеді  және  бұл  жолда  халыққа  қызмет  еткен 

қарапайым  еңбек  адамдары  ардақталады,  олардың  ісі,  мінезі  сүйкімді  түрде  жырланады,  оларды  үстем 

тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді. Мысалға «Аяз би» ертегісін алайық. Бұл ертегіде халық 

өз  ортасынан  шыққан  қарапайым  шаруа  адамын,  оның  ақылын,  адамгершілігін,  тапқырлық  ісін 

ардақтайды және оны қанаушы тап адамдарына  қарсы қояды. Бүкіл материалдық және рухани байлықты 

жасаушы да, қоғам өмірін алға бастаушы негізгі күш те халықтың өзі екендігін елестетеді.  

Әрине, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығын халық тудырған және оның бәрін 

халықтық  шығармалар  деуге  болмайды.  Олардың  ішінде  үстемдік  еткен  қанаушы  тап  тудырған 

шығармалар  да  бар.  Сол  шығармалары  арқылы  қанаушы  тап  өзінің  таптық  идеясын,  халыққа  жат  іс-

әрекетін,  көзқарасын  білдіріп  отырған.  Үстем  тап  өзінің  ауыз  әдебиетінде:  ел  талауды,  еңбексіз  мал 

табуды,  халықты  езіп  ұстауды,  еңбек  адамдарын  кемітіп  қорлауды  жырлайды  және  бұл  жолда  «ерлік» 

жасаған  адамдарын  үлкен  дәрежеге  көтеріп  ардақтай  суреттейді.  Екіншіден,  үстем  тап  халыққа  жат, 

кертартпа  идеясын  өзінің  шығармалары  арқылы  бейнелесе,  сонымен  қатар,  халықтық  ортада  туған 

әдебиет  үлгілерін  де  өңдеп  пайдаланғандығы  байқалады.  Мұның  мысалын  батырлар  жырынан  көруге 

болады. 

Сондықтан  өткендегі  ауыз  әдебиетін  түгелінен  халықтық  тілектен  туған  және  халықтық  сипаты 

бар  шығармалар  деп  қарауға  болмайды.  Біз  оларды  таптық  тұрғыдан  қарап  бағалауға  тиістіміз.  Бұл 

жөнінде  «...біз  әрбір  ұлттық  мәдениеттен  тек  оның  демократиялық  және  социалистік  тектерін  аламыз, 



Филологические науки

 

 


144                 Вестник Инновационного Евразийского университета. 2015. № 2 ISSN 1729-536X 

оларды  тек  және  сөзсіз  әрбір  ұлттың  буржуазиялық  мәдениетіне,  буржуазиялық  ұлтшылдығына  қарсы 

қою үшін аламыз» деген даналық пікірге сүйене отырып, ауыз әдебиетінің ішінен шын мәнінде халықтық 

сипаты  барларын,  халықтың  бұқарашылдық,  прогрестік  арман-мүддесін  көрсететіндерін  ғана  таңдап 

алуға тиістіміз. 

Халықтық ортада  туған ауыз  әдебиетінің мәні өте  зор. Ез  алдымен ол халықтың өткендегі өмірі, 

тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман-мүддесі, таптық күресі т.б. 

жайлары қандай болғанымен таныстырады, бұл жөнінде көптеген мәлімет береді. Бұларды ол әдебиеттік 

суреттеу  арқылы елестетеді [1, 115 б.].  

Сонымен қатар  балаларды тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын халық ауыз әдебиетінің бір саласы 

мақал-мәтелдер  болып  саналады.  Қазақ  халқының  мақал-мәтелдеріне  мынадай  адамдық  қасиеттер  өзек 

болған:  қайырымдылық,  кішіпейілділік,  адамжандылық,  жақсылық,  ізгілік.  Бұған  мысал  ретінде 

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі – 

көп кешікпей келгені», «Жақсы болсаң – жақын көп», «Ұлық болсаң – кішік бол» т.б. мақал-мәтелдерін 

атап кетуге болады. 

Жас жеткіншектерді Отанын сүюге  тәрбиелеуде,  туған жеріне, еліне  деген сүйіспеншілік сезімін 

оятуда «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы 

болайын»,  «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас»,  «Отансыз адам  – ормансыз бұлбұл» т.б. 

мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор. 

Халықтық  шығармалар  ішінде  баланы  тәрбиелеумен  қатар  дұрыс  айқын  сөйлеуге  үйретіп,  тілін 

дамытатын  жанр  –  жаңылтпаш.  Сәбидің  тілі  шығып,  балдырған  жасында  сөздік  қоры  молая  бастаған 

кезде  кейбір  дыбыстарды  айта  алмаса,  кейде  қинала  айтады.  Бұл  жағдайдың  алдын  алу  үшін  бала 

қиналып  айтатын  дыбыстары  бар  сөздерді  неғұрлым  жиі-жиі  дыбыстап  айтқызып,  жаңылмай 

жаттықтыру  керек.  Сонда  сөйлегенде  де  мүдірмей,  анық,  өз  ойын  толық  жеткізетін  болады. 

Жаңылтпаштарды  жаттап,  жаттыға  айту  арқылы  баланың  ана  тілін  ардақтау,  сөз  қадірін  білу  сезімі 

қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. 

Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  негізгі  міндеттердің  бірі  –  жаңылтпаштар  арқылы 

балаларды тәрбиелеуде олардың жас ерекшеліктеріне сай, сауат ашу сабақтарының мазмұнына лайықты 

етіп, тіл дамыту құралы ретінде дұрыс қолдана білу. Айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытушы 

тарабынан  қазақ  халқы  мен  өзге  халықтардың  көркем  сөзді  қандай  жаңылтпаштары  бар  екенін  жақсы 

білуі  қажет,  бала  жанын  баурап  алатын,  тіл  дамытудың  қисынды  қиюластырған  көркем 

жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт. 

Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы 

ол  –  жұмбақ.  Жұмбақтар  тіл  мәдениетін  тәрбиелеуде  үлкен  рөл  атқарады.  Жұмбақтар  баланы 

байқағыштыққа,  тапқырлыққа  баулып,  ой-қиялын  ұштастыруға  әсер  етеді,  баланың  ойлау  қабілетін 

дамытады.  Ол  баланың  күнделікті  өмірде  көріп  жүрген  жанды-жансыз  заттарына  ұқсас  нәрселерді 

сипаттай  отырып,  сол  нәрсенің  негізгі  белгілері  қандай,  ол  немен  салыстыруға  болады  деген  ой  елегін 

көз  алдына  елестете  отырып,  қоршаған  дүниені  бақылап,  бағалауға  баулиды.  Жұмбақтың  жауаптары, 

көбіне, табиғат жайы, адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші, елдің еңбек процесі, еңбек 

құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады. 

Математикадан  қолданған  ауыз  әдебиетінің  бір  бөлігі  санамақтарда  баланың  ойлау  жүйесін 

жетілдіріп, оның желілі нұсқалары тапқырлықты танытуға құштар етеді. Сандарға сәйкес сөздерді қосып 

айту арқылы сөздік қорын байытады. Мысалы: 

Бір дегенің – білеу, 

Екі дегенің – егеу, 

Үш дегенің – үскі, 

Төрт дегенің – төсек, 

Бес дегенің – бесік. 

Ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  тағы  бір  саласы  –  аңыз  әңгімелер.  Аңыз  негізінде  әңгіме,  кейде  өлең, 

жыр түрінде болуы да мүмкін. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мысалы, 

қазақ аңыздарында  Асан қайғы,  Жиренше шешен,  Алдар Көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б кейіпкерлердің 

ұлағатты істері баяндалады. Аңыз әңгімелер балаларды батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелейді. Ондағы 

кейіпкерлерді өздеріне үлгі тұта отырып, балалардың патриоттық сезімдері оянады [2, 135 б.]. 

Адамзат  өзінің  сонау  балаң  кезінде,  табиғаттың  жұмбақ,  тұңғиық  сырына  ойы  жете  алмаған 

кезінде  сол  табиғаттың  сиқырлы  алуан  жұмбағын  шешсем,  оны  өз  игілігіме  жаратсам,  бағындырсам 

деген  арманын  өзінің  ауыз  әдебиетімен  бейнелеген.  Адамның  табиғаттың  дүлей,  мылқау  күшімен 

арпалысы  да  сол  ауыз  әдебиетінде  өрнектелген.  Қоғамдық,  әлеуметтік,  экономикалық  өмірдің 

ілгерілеуіне,  адамның  ой-санасының  өсуіне,  өзін  қоршаған  табиғаттың  сырына  терең  болауына 

байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Қазақ халқының ауыз 

әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен 

айқын танылады. 

Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-

кепшіктер  арасындағы  күрес,  тартыс  ауыз  әдебиетінің  мұнан  былайғы  даму  өрісінде  кең  қамтылған. 

Халық  ауыз  әдебиетінің  өлең-жыр,  ертегі,  мақал  мәтелдері,  лиро-эпостық  жырларында  қарапайым 



Вестник Инновационного Евразийского университета. 2015. №2 ISSN 1729-536X                  145 

адамдардың,  еңбек  адамдарының  жасампаз  күшіне,  ақыл-парасатпен  сенген,  соларды  мадақтаған. 

Сондықтан,  ауыз  әдебиетіндегі  бұқара  өкілдері  тек  жақсы  жағынан  ғана  суреттеледі,  олар  тамаша 

қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі. 

ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысына  дейін  өз  заманының  рухын,  шындық  өмірін,  идеясын  айқын 

етіп  суреттеген  қазақтың  ақын,  жырау-жыршылары  кім  болғанын  айта  алмаймыз.  ХV-ХVІ  ғасырларда 

өмір  сүріпті  деп  жорамалмен  айтылатын  Сыпыра  жырау,  Асан  қайғы,  Жиреншелер  жайында  толық 

мәліметтер жоқ, тек аңыз-әңгімелер ғана бар. Сондықтан оларды қазақ көркем әдебиетінің негізін салған 

адамдар  деудің  реті  келмейтін  секілді.  Ал  ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бергі  жерде  қазақ 

әдебиетінде  жеке  авторлар  шыға  бастайды.  Бұхар  жырау,  Тәтіқара,  Үмбетей,  Шал,  Көтеш,  Жеңкісі, 

Ақтанберді  секілді  ақын-жыраулар  осы  кезде  көрінеді,  шығармалары  өз  атымен  ел  арасына  тарайды. 

Олар  өз  заманының  жай-жапсарын  жыр  етеді,  халық  өмірін  суреттейді.  Олардың  шығармаларында, 

идеялық көзқарастарында әр түрлі қайшылықтары, халық тілегіне үйлесе қоймайтын пікірлері де бар еді. 

Солай  бола  тұрса  да,  олар  жаңа  туа  бастаған  қазақ  көркем  әдебиетінің  алғашқы  авторлары  еді. 

Сондықтан  да  олардың  өмірі,  творчестолық  қызметі,  әдебиеттік  шығармалары  жайында  азды-көпті 

мәліметтер  ел  арасында  сақталған.  Аталған  кезге  дейін  ауыз  әдебиеті  басым  болып  келсе,  енді  жеке 

авторлардың  шығуына  байланысты  қазақ  көркем  әдебиетінің  негізі  салына  бастайды.  Әрине,  жеке 

авторлардың  шығуы,  көркем  әдебиетінің  қалыптаса  бастауы  ауыз  әдебиетінің  дамуына  бөгет  етпейді, 

қайта екеуі бір-бірімен тығыз байланыса, бір-біріне әсер ете отырып ұлғая береді. 

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықты көрсететін белгінің тағы біреуі 

–  варианттар.  Бір-біріне  жалпы  мазмұны,  оқиға  желісі,  кейіпкерлерінің  атттары  ұқсас    келетін 

шығармаларды бір шығарманың туынды түрі яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. 

Бір  ертегінің  немесе  бір  жырдың  әңгімесі  жалпы  оқиға  желісін  сақтай  отырып,  әр  жерде  әр  түрлі 

айтылады.  Бұлай  болу  сол  шығармаларды  айтушыға  байланысты.  Мәселен,  ертекші  өзінің  ертегін 

көпшіліктің  жиналған  жерінде  айтады.  Тыңдаушы  көпшіліктің  арасынан  жаңағы  ертегінің  мазмұнын, 

оқиғасын ұғып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап 

айтады, алғашқы әңгімелерінің қай жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосады. Сөйтіп ертегінің 

екінші бір туынды  түрі,  варианты  шығады.  Қазақ арасына көбірек тараған  «Қобыланды батыр»,  «Қозы 

Көрпеш  –  Баян  сұлу»  т.б.  жырлардың  бірнеше  вариантта  болуы  осы  айтылғандарға  байланысты  туған 

(бұл  жөнінде  сол  жырларға  берілген  талдауларды  қараңыз).  Бұл  шығарманың  әр  түрлі  вариантта 

айтылуы  көркем  әдебиетте  көп  кездеспейді.  Көркем  әдебиеттің  әрбір  шығармасы  жеке  автордың  өз 

атымен тарайды. Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны  жұртқа  белгілі болып отырады. Мұның өзі 

ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін белгінің бірі болады.  

Көркем әдебиетке қарағанда, ауыз әдебиетінде қалыптасып дәстүрге айналған дағдылы сөздер мен 

сөйлемдер,  тұрақталған  ұқсастық,  ұқсастар  жиі  қолданылады.  Мысалы,  ертегілердің  көпшілігі  «Ертек, 

ертек  ерте  екен,  ешкі  жүні  бөрте  екен...»  деп,  немесе  «баяғыда  бір  кедей  болыпты,  оның  үш  баласы 

болыпты»  деп,  болмаса  «бұрынғы  өткен  заманда»  деп  басталады.  Ертегілердің  бұлай  басталуы  белгілі 

дәстүрге  айналған.  Бірақ  әрбір  ертегінің  басталуы  осындай  ұқсас  болғанымен,  оның  оқиғасы,  әңгіме 

желісі  бір-біріне  қабыса  бермейді,  әр  түрлі  айтылады.  Мұндай  жағдай  көркем  әдебиетте  кездеспейді. 

Белгілі бір тақырыпты жырлаған шығармалардың көркем әдебиетте басталуы да, баяндалуы да бір-біріне 

ұқсас келмейді, әр түрлі болады.  

Ойымызды  түйіндесек,  «халық  айтса  қалт  айтпайды»  демекші  тәрбие  басын  тал  бесіктен 

бастағанның  өзі  де  еліміздің  ертеңін  ойлаған,  яғни,  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  әдет-

ғұрыптарымызды,  салт-дәстүрімізді,  тілімізді,  дінімізді  қадірлеу,  балаға  сәби  кезінен  қалыптастырған 

жөн. 

Жас жеткіншектердің  бойына  халқымыздың  ғасырлар  бойы  қастер тұтып келе  жатқан ар-намыс, 



ождан,  атамекені  мен  ана  тіліне  деген  сүйіспеншілік,  әдет-иба,  қайырымдылық,  үлкенді,  ата-ананы 

құрметтеу  қасиеттерін  дамыту  тәрбиелеудің  негізгі  міндеті  боп  отыр.  Сондықтан  ұрпақ  тәрбиесі 

жайындағы  озық  ұлттық  мұраны  бүгінгі  тәлім-тәрбие  жұмысына  енгізуді  аса  маңызды  міндет  деп 

қарастыруымыз  жөн.

  «Ауыз  әдебиеті  үлгілерін  тарих  ғылымының  қажетіне  қалай  пайдалануға  болады 

және  оның  жолдары  қандай?»  -  деген  заңды  сұрақ  туындары  анық.  Тарихи  ауыз  әдебиеті  үлгілерін 

зерттеудің білгірі В.М. Абаев ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тарихи деректерді пайдалану жолдары туралы 

былай дейді:  «

Для того, чтобы извлечь  из народной песни и легенды историческую правду, надо уметь 

понимать ... бесхитростный язык предания. Особеность этого языка заключается в том, что он передает 

историю  не  в  форме  последовательного  логичского  изложеия  событий,  а  в  хужожественых  образах  и 

обобщениях.  Нужно  эти  образы  расшифровать,  чтобы  увидеть  скрытую  за  ними  историческую 

реальность».

  Демек,  тарихи  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  тарих  ғылымы  қажетіне  жарату  үшін  жоғарыда 

айтылған  шарттарды  меңгеру  керек.  Оны  меңгеру  үшін  аңыздар  мен  батырлар  жыры,  шежірелердің 

шыққан  кезеңі  мен  сол  дәуірдегі  діни,  рухани,  саяси  үдерістерді  анықтау  қажеттігі  туады.  Сонда  ғана 

аңыздар мен батырлар жырларындағы, шежірелердегі тарихи деректер өз құпиясын ашып, тарихи дерек 

ретінде  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Өкінішке  орай,  қазақтың  тарих  ғылымы  мұндай  ауыз  әдебиеті 

үлгілерін  пайдалану  тәсілдерін  әлі  толық  меңгерген  жоқ.  Ауыз  әдебиеті  үлгілеріне  деректанулық 

тұрғыдан  талдау  жасалынбастан  сол  күйінде  пайдалану  мысалдары  бар.  Соңғы  жылдары  қазақ 

тарихшылары  тарапынан  ұлттық  тарихты  қайта  жазуға  ұмтылыс,  жазылған  еңбектерінде  ауыз  әдебиеті 


146                 Вестник Инновационного Евразийского университета. 2015. № 2 ISSN 1729-536X 

үлгілерін  тарихи  дерек  ретінде  пайдалану  мысалдары  бар.  Сол  еңбектердің  біразы  Е.  Масанов, 

Ж. Абылғожин,  И.  Ерофеевалар  тарапынан  қатты  сынға  алынып,  қазақ  тарихшыларының  жіберген 

қателіктері көрсетіліп, арнайы кітап та жазылды. 

М. Тынышпаев болса, қазақ шежірелерін зерттемей тұрып, қазақ халқының тарихын жазу мүмкін 

еместігін алға  тартады.  «Қазақ шежіресі  хақында» атты  зерттеу авторлары;  «Шежіре  рудың, тайпаның, 

халықтың  тарихының  құрамды  бөлігі», 

– 

дейді.  Осы  шежіре  туралы  айтылған  үш  пікір  де  шежіренің 



халықтың тарихымен байланысты екендігін қуаттайды. Ал, қазақ шежірелері туралы сүбелі еңбек жазып 

кеткен  ғалым-этнограф  А.Сейдімбеков  болса,  «Шежірешілдік 

– 

құрғақ  хронология  немесе  адам 



аттарының    жалаң  тізімі  емес.  Қазақ    шежіресінің  тарихи  концепциясы  туыстық  байланыстарды 

саралауға негізделген. Демек, туыстық атауларды белгілі дәрежеде   шежірелік термин десе болады», 

 

деп  шежіренің  және  бір  қырын  ашады.  «Қазақ  шежірелері 



– 

тарихи  дерек  көзі  ретінде»  атты 

диссертациялық еңбек авторы М. Алпысбес: «Шежіре 

– 

қазақ руларының тегі шыққан түркі жұртындағы 



дәстүрлі  мәдениет  тудырған  әлеуметтік,  тарихи  білім,  генеалогиялық  жады  сабақтастығы  болып 

табылады. Шежіре ұғымының астарында «тарихи-әлеуметтік жады» түсінігі сақталған. Шежіре дәстүрлі 

білім  құбылысы  ретінде  табиғи  түрде  қалыптасып,  сан  ғасырлар  бойы  ауыз  екі  айтып,  әңгімелесу 

мәдениеті жағдайында жетіліп, жалпы әлеуметтік, қоғамдық сипат алып, жалғасып, ұрпақтардың рухани 

құндылықтары мен халықтың біртұтас этникалық өмір сүру  жалғастығын баяндап, ұзақ дәуір бойынан  

берідегі    ұлт  тарихының  терең    тамырын  тануға  қызмет  атқарады» 

– 

дейді.  Бұл  жерде  автордың 



шежіренің    қоғамда  атқарар  қызметінің  жан-жақты  екендігін  көрсетеді.    Шежіренің  қоғамда  атқарар 

қызметі мұнымен шектелмейді. Мысалы, белгілі ғалым М. Мырзахметов: «Кез-келген қазақ жеті атасын 

білсе,  айтып  берсе  ешқандай  деректерге  сүйенбей-ақ,  оның  қайсы  ел,  қай  жерден  шыққанын    шежіре 

білген саңлауы бар қазақ баласы дөп басып, тауып бере алады» 

– 

дейді. Демек, әрбір қазақ өз шежіресін 



білуге тиіс болды [3,

 225 б.


]. Сол арқылы халық кімнің кім екенін анық білді. Бұл бір жағынан қоғамның 

әрбір мүшесіне өз шежіресін, тарихын білуді міндеттесе, екінші жағынан қоғамға жат көздің кірмеуін де 

қадағалады. Осыған байланысты халық арасына тараған мынадай мақал да бар: «Тегін не қу жасырады, 

не  сұм  жасырады,  не  құл  жасырады».  Бұл  мақал  шежіренің  қазақ  қоғамында  сан  қилы  қызмет 

атқарғандығына  тағы  бір  дәлел.  Сондай-ақ  қазақта:  «Жеті  атасын  білген  ер  жеті  жұрттың  қамын  жер» 

деген де мақал бар. Шежіре білу кімнің кімнен тарағанын, кімге барып қосылатынын білу ғана емес, сол 

жеті  атаға  дейінгі  ата-бабаларының  басынан  өткерген  тарихты  толық  меңгеру  дегенді  меңзейді 

[4, 120 б.].  

Халық ауыз әдебиетінің өз кезінде, жастарға идеялық ертегілері аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, 

басқыншы  жаудан  ел  қорғау  жолында  ерлік  жасаған  батырлар  жайында  шығарған  жырлары  т.б.  адал 

еңбекті,  халыққа  қызмет  етуді,  халықтың  жауларына  қарсы  күресуді,  езілген  еңбекшіге  болысып 

жәрдемдесуді  жырлайды.  Бұл  жолда  халыққа  адал  ниетімен  қызмет  атқарған  адамдарды  ардақтайды, 

олардың ісін кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге  етеді. Осы идеясын жүзеге асыру үшін ауыз әдебиетін аса зор 

мәні бар құрал ретінде  пайдаланады. Мұнымен қатар жағымссыз мінез-құлық,  іс-әрекеттерді  халықтың 

ауыз әдебиеті жиренішті түрде суреттей отырып, олардан безуді, жек көре білуді үйретеді [5, 200 б.].  

Ауыз  әдебиеті  жалпы  әдебиет  тарихынан  да  елеулі  орын  алады.  Ол  өзінен  кейін  туған  көркем 

әдебиетке  көп  әсер  етті.  Сюжет  құру,  образ  жасау,  тіл  байлығын  пайдалана  білу  т.б.  жөнінде  ауыз 

әдебиеті көркем әдебиетке негіз салды. Бұл ретте де ауыз әдебиетінің мәні өте зор боды. 

Қорыта  айтқанда,  өз  халқының  өткенінен  хабардар  адам,  оның  тағдырына  немқұрайды  қарай 

алмайды.  Құрбанғали    Халидтің  «Қазақ  насабшылары  жүз, екі  жүз  жылғы  істерге таласып отырмайды, 

уақиға мың жылдан бері болса, ішінде жүргендей біле береді» - деуі қазақ шежіресінің халықтың тарихи  

жадын сақтаудағы салмағының қаншалықты ауыр екендігін байқатады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1



 

Белгібаева  Г.Қ.  "Мектепке  дейінгі  мекемелердегі  патриоттық  тәрбие"  пәні  бойынша  лекциялар 

курсы; Қарағанды, Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011. – 115 б.  

2

 



Меңжанова А. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу. – Алматы: 

Мектеп, 1987. – 135 б. 

3

 

Мырзахметов  М.  Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресі  туралы    Құдайбердіұлы  Ш. Түрік-



қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. - Алматы: Қазақстан және Сана, 1991. – 305 б. 

4

 



Нигметжанова  Г.К.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  таным  үрдісінің  дамуы  //  Вестник 

Казахстанско-Американского свободного университета. – 2006. – № 1. 

5

 

Халид Қ. Тауарих хамса. – Алматы: Қазақстан, 1992. –  304 б. 



 

REFERENCES 

 

1 Belgіbaeva  G.Q.  "Mektepke  deyіngі  mekemelerdegі  patri'otty'q  ta'rbi'e"  pa'nі  boyy'nsha  lekci'yalar 

kwrsy'; Qaraghandy', Qaraghandy' memlekettіk wni'versi'tetі, 2011. – 115 b.  

2 Menhzhanova  A.  Mektep  zhasy'na  deyіngі  balalardy'  ko'rkem  a'debi'et  arqy'ly'  ta'rbi'elew.  –  Almaty': 

Mektep, 1987. – 135 b. 


Вестник Инновационного Евразийского университета. 2015. №2 ISSN 1729-536X                  147 

3 My'rzaxmetov  M.  Tu'rіk,  qy'rghy'z-qazaq  ha'm  xandar  shezhіresі  twraly'    Qudayberdіuly'  Sh.  Tu'rіk-

qy'rghy'z-qazaq ha'm xandar shezhіresі. – Almaty': Qazaqstan zha'ne Sana, 1991. – 305 b. 

4 Ni'gmetzhanova  G.K.  Mektep  zhasy'na  deyіngі  balalardy'nh  tany'm  u'rdіsіnіnh  damwy'  //  Vestnik 

Kazahstansko-Amerikanskogo svobodnogo universiteta. – 2006. – № 1. 

5 Xali'd Q. Tawari'x xamsa. – Almaty': Qazaqstan, 1992. –  304 b. 

 

РЕЗЮМЕ 

 

Г.Е. Имамбаева, доктор филологических наук,  

Ж.Ж. Алтаева 

Инновационный Евразийский университет (г. Павлодар) 

 

Устное народное творчество – основа искусства 

 

В  данной  статье  рассматриваются  образцы  устного  народного  творчества  и  актуальные 

проблемы    фольклористики.  Устное  народное  творчество  возникло  в  связи  с  общественной  жизнью: 

трудовой  деятельностью и  борьбой  народа  за  свою  независимость.  Образ  жизни  народа  накладывали 

неизгладимую  печать  на  идейно-художественное  содержание  устного  творчества  казахского  народа. 

С младенческого возраста детям нужно прививать образцы устного народного творчества. 

Ключевые  слова:  устное  народное  творчество,  человеческий  фактор,  ораторское  искусство, 

народное наследие, образцы литературы. 

 

RESUME 

 

G.E. Imambayeva, Doctor of Philological Sciences

Zh.Zh. Altayeva 

Innovative University of Eurasia (Pavlodar) 

 

Folklore is a the of art 

 

 This  article  examines  folklore  patterns  and  current  issues  of  folklore  studies.  Folklore  has  arisen  in 

connection with public life, work and struggle of people for their independence. Lifestyle of a nation imposed an 

indelible mark on the ideological and artistic content of folklore of the Kazakh people. It is necessary to cultivate 

in children folklore patterns since infanthood. 

Key words: folklore, human factor, oratory, folk heritage, literature patterns. 

 

 



 

 

UDC 81’23



A.M. Daurbekov, 

A.R. Beisembayev, Doctor of Philological Sciences 

Innovative University of Eurasia (Pavlodar) 

E-mail: adamdaurbekov@mail.ru 

 

Psycholinguistic experiment as a mean to define communicative adaptation 



 of foreigners in Kazakhstan 

 

Annotation.  Detection  of  communicative  adaptation  of  foreigners  in  Kazakhstan  using  associative 

experiment  of  psycholinguistic  experiment  is  disclosed  in  this  article.  The  run  of  experiment  is  descripted  in 

details. It includes preparatory stage, making the experiment and post-experiment data processing. Conclusion 

about the degree of every respondent’s adaptability in Kazakhstan is given in the end of the article. 

Key words: psycholinguistic experiment, communicative adaptation, foreigners, associative experiment 

 

The issue of cultural identity and cultural differences becomes particularly important nowadays because 



of  increasing  contacts  of  cultures  and  peoples.  It  confirms  a  common  pattern  that  humanity  is  becoming 

increasingly interconnected, and one does not lose its cultural diversity. In the context of these trends of social 

development  becomes  extremely  important  to  determine  the  cultural  peculiarities  of  the  peoples  to  understand 

each other and achieve mutual recognition. 

Kazakhstan is also involved in these processes, and its huge territories became the new house and a place 

of meetings for many ethnicities, where an interaction of various languages and religions takes place. Therefore, 




жүктеу 97.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет