Евразийский технологический



жүктеу 222.19 Kb.

Дата25.04.2017
өлшемі222.19 Kb.

 

 



ЕУРАЗИЯ  

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІ  

 

 



ЕВРАЗИЙСКИЙ 

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

         EURA SIA N T E C H NO LO GIC AL  UNI VE RSITY  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушының жол көрсеткіш анықтамасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014 

 

 



 

 

Жол көрсеткіш анықтама 2014-2015 оқу жылының бірінші курс студенттеріне арналған.  

Жол көрсеткіш анықтама - оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың 

негізгі  ережелерін  қамтиды.  Университет  және  оның  құрамдық  бөлімшелері  туралы  ақпараттар, 

студенттерге  жалпы  талаптар,  олардың  құқығы  мен  міндеттері,  бақылау  жүйесі  мен  студенттердің 

білімін бағалау шаралары көрсетілген. 



Құрастырушылар:   Академиялық сұрақтар жөніндегі проректор э.ғ.к., доцент А.Е. Желдибаев, 

 

 



         Оқу – әдістемелік басқармасының бастығы   Г.Д. Абинова, 

 

 

    Бакалавр бағдарламалары департаментінің директоры  т.ғ.к., доцент Е.З. Матеев. 



 

 

 

 

ЕТУ, 2014 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны 



 

1.

 



 Университет туралы жалпы мағлұмат.................................................... 

2.



 

 Глоссарий....................................................................................................... 

3.

 



 Оқу үрдісін ұйымдастыру............................................................................. 

4.



 

 Білім алушының білім траекториясын таңдауы. Білім алушының жеке  

оқу жоспары ...............................................................................................                 

5.



 

 Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау................................... 

6.

 



 Білім алушының білімін бағалау............................................................... 

7.



 

 Практиканы ұйымдастыру және өткізу.............................................. 

10 

8.

 



 Білім алушыларды қорытынды 

аттестаттау...................................................................................................... 

10 

9.

 



 Академиялық транскрипт (Transcript)......................................................... 

11 


10.

 

 Академиялық  ұтқырлық............................................................................... 



11 

11.


 

 Білім алушыны оқудан шығару және академиялық демалыс 

беру................................................................................................................. 

11 


12.

 

 Білім алушыны ауыстыру тәртібі (білім алушының басқа жоғары оқу 



орнынан ауысуы, университет ішінде және курстан курсқа ауысуы)..... 

11 


13.

 

 Білім алушыны оқуға қайта қабылдау тәртібі........................................... 



12 

14.


 

 Оқудың төлем ақысы................................................................................... 

12 

15.


 

 Оқу үрдісін және білім алушының оқуға қатысты басқа да 

мәселелерімен қамтамасыздандыратын бөлімшелер................................ 

13 


16.

 

 Білім алушының  ар-намыс кодексі.............................................................. 



14 

17.


 

 Университеттің ішкі тәртіп ережелері......................................................... 

15 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Университет туралы жалпы мағлұмат 



 

Еуразия  технологиялық  университеті  (ЕТУ)  –  Қазақстан  Республикасында  1948  жылы 

қаланған Алматы индустриалды техникумының базасы негізінде 1998 жылы құрылған еліміздің жас 

дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі. Сонымен қатар, біздің университеттің білім беру 

мекемесі  ретінде  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымынан    жоғары  оқу  орнына  дейін 

дамытылған жарты ғасырдан аса тарихы бар. 

ЕТУ  соңғы  16  жыл  ішінде  еліміздің  экономикасы  саласының  басым  бөлімдерінде  атап  айтсақ, 

машинажасау,  транспорт  техникасы  мен  технологиясы,  логистика,  электроэнергетика,  ағашөңдеу, 

стандарттау,    сертификаттау  және  метрология,  экология,  ақпараттық  жүйелер  мен  технология, 

дизайн, құқық және педагогика, экономика және бизнес салалары бойынша 6000-ға жуық мамандар 

даярлады. 

ЕТУ  2003  жылы  еліміздің  алғашқы  жоғары  оқу  орындарының  бірі  ретінде  үш  деңгейлі 

еуропалық  білім  беру  «бакалавр-магистр-доктор  (PhD)»  жүйесін  енгізді,  2010  жылдың  қыркүйек 

айында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен бірге Ұлы Хартия Университеттерінің құрамына 

енді,  Болон  процесінің  қағидаларын  жүзеге  асыру  міндеттерін  қабылдап,  2013  жылдың  сәуірінде 

кезекті мемелекеттік аттестаттаудан сәтті өтті. 

Университеттің  оқытушы-профессорлар  құрамы  ғылыми  –  педагогикалық    тәжірибесі  мол 

ғалымдар  мен  еліміздің  жетекші  мамандарынан  құралған.  ЕТУ-де  31  доктор  және  93  ғылым 

кандидаты жалпы ОПҚ санының 54% құрайды. 

Ағымдағы  жылдың  қаңтар  айында  Еуразия  технологиялық  университетінің  бастамасы 

бойынша  кәсіби  біліктілігі  жоғары  деңгейдегі  мамандар  даярлау  мақсатында  еліміздің    ірі 

компанияларымен,  атап  айтқанда   

АҚ  «АксайГазСервис»,  автомобильдік  компания  топтары 

«Allur auto», АҚ «АгромашХолдинг», 

АҚ «Товарная биржа «Евразийская Торговая Система» 

және 


«Автодом» компания тобымен бірге

  Ғылыми-білім  беру  және  өндірістік  Консорциум  құру 

шешімі  қабылданған.  Консорциум  тәжірибеге  бағытталған  жоғары  білікті  мамандар  даярлауда 

дуалды  оқыту  бағдарламаларын  өндірістің  белгілі  мамандары  мен шетелдік  профессор-ғалымдарын 

шақырып, ағылшын тілінде оқылатын пәндерді енгізуге негізделген. 

Бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін және меңгерген білімін практикада нәтижелі 

қолдану  мақсатында  Университетпен  100-ден  аса  кәсіпорындар  арасында  ұзақ  мерзімді 

келісімшарттар құрылды.Ерекше атап айтсақ, Консорциум  аясында  2014 жылы ЕТУ студенттеріне 

алғашқы  рет  өндірістік  практиканы 

АҚ  «АгромашХолдинг»  және  «Сарыарка  Автопром» 

өндірістерінде өту мүмкіндіктері берілді.

 

ЕТУ  Интернетке шыгу мүмкіндігі 10 Мбит/сек болатын қуатты сервермен жабдықталған, бұл 



студенттерге  еліміздің  жоғары  оқу  орындары  кітапханаларының    кітапханалық  –  ақпараттық 

ресурстарына және шетелдік оқыту порталдарына шығуға мүмкіндік береді. 

Университет  ішкі  және  сыртқы  академиялық  мобильділікті  іске  асыруда  төмендегі  

Қазақстандық  және  шетелдік  ЖОО    келісімшарттар  құрды:  Германия,  Польша,  Қытай,  Түркия, 

Болгария,  Венгрия,  сонымен  қатар  ТМД  елдері  (Ресей,  Украина,  Белорусь,  Қырғызстан,  Тәжікстан, 

Өзбекстан). 

Еуропа елдерімен академиялық ұтқырлықты дамытуда бірінші курстан төртінші курсқа дейін 

ағылшын тілін меңгерудің күшейтілген бағдарламасы енгізілген. Ағылшын тілін үйретуде қосымша 

курстар  ұйымдастырылған.  Шетелдік  жетекші  ЖОО-мен  екі  диплом  жобасы  бойынша  оқыту 

бағдарламалары ұйымдастырылған.  

Университеттің  материалды-техникалық  базасы  оқытудың  интерактивті  әдістерін,  білім 

алушының салауатты өмір салтын ұстануын, бос уақытын тиімді ұйымдастыруын пайдалана отырып,  

білім беру қызметін  жоғары деңгейде жүзеге асыруға  мүмкіндік береді. 

ЕТУ  ғалымдарының  жетекшілігімен  білім  алушылар  арасындағы    ғылыми  зерттеулер 

жүргізудің  жоғары  мәнділігі    студенттердің  әртүрлі  конкурстардағы  нәтижелі  қорытындыларымен 

дәлелденеді.  Осындай  жұмыстардың  қорытындылары  ретінде  2013  жылғы  жұмыстар:  ең  үздік 

студенттік жұмыс ретінде Тұңғыш Президент-ұлт көшбасшысы фондының алтын медалі, педагогика, 

туризм,  құқықтану  және  техникалық  ғылымдар  бойынша  Республикалық  және  аумақтық 

олимпиадалардың үздік орындары. 

Университет  классикалық  білім  беру  дәстүрін  жалғастыра  отырып,  өзіндік  тұлғаны 

қалыптастыруда азаматтық ұстамдылық, жоғары мәдени толеранттылық, кең көлемді білімдарлықты 

оқу  үдерісімен  қатар  жүргізеді.  Тұлға  дамуының  мүмкіншіліктерін  кеңейте  отырып,  университет 



 

студенттің  сабақтан  тыс  уақытында  салауатты  өмір  салтын  ұстануға,  шығармашылық  мүмкіндігін 



арттыруға,  әлемдік  және  ұлттық  мәдениеттерді  меңгеруге  бағыт  береді.  Университеттің  Жастар 

саясаты жөніндегі бөлімі студенттердің өзіндік басқару органдарында: Жастар ісі жөніндегі комитет, 

Студенттік кеңес, Студенттік омбудсмен, Қазақстан студенттер Альянсында   қоғамдық белсенділігін 

арттыру үшін жұмыс жасайды. 

ЕТУ келешекте Қазақстанда және халықаралық білім беру кеңістігінде энергетика, транспорт 

және машина жасау, өнеркәсіптік технологиялар, экономика, бизнес және басқару салалары бойынша 

жоғары кәсіптік және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. 

 Университет  білім  қызметін  17  мамандық  бойынша  қазақ  және  орыс  тілдерінде  жүзеге 

асырады. 

 



5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 

 



5В012000- Кәсіптік оқыту 

 



5В030100 -  Құқықтану 

 



5В042100 - Дизайн 

 



5В050600 – Экономика 

 



5В050700 - Менеджмент 

 



5В050800 - Есеп және аудит 

 



5В050900 - Финансы 

 



5В060200 - Информатика 

 



5В060800  - Экология 

 



5В071200 -  Машина жасау 

 



5В071300 -  Көлік, көлік техникасы және технологиялар 

 



5В071800- Электроэнергетика 

 



5В072500 - Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау тенологиясы 

 



5В073200  - Стандарттау, сертификаттау және метрология 

 



5В090100- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасмалдауды ұйымдастыру 

 



5В090200  - Туризм 

 

 



Глоссарий 

Академиялық күнтізбе (Academic 

Calendar) 

Оқу  жылы  барысында  демалыс  күндері  көрсетілген 

(демалыстар мен мерекелер) оқу және бақылау шараларын, 

тәжірибелерді  өткізудің  күнтізбесі.  Білім  алушылар  бағдар 

беру аптасының басында келуі керек. 

Академиялық дәреже  

(AcademicDegree) 

Қорытынды  мемлекетті  аттестация  нәтижелері  бойынша 

оқытудың  бағдарламаларын  меңгеруіне  сәйкес  жоғары  оқу 

орнының бітірушісіне берілетін дәреже. 

Академиялық кезең 

(Academic Term) 

Теориялық  оқудың  кезеңі:  ұзақтығы  15  аптаға  созылатын 

семестр. 

Академиялық транскрипт 

(AcademicTranscript) 

Кредиттер  мен  бағалардың  сандық  және  әріптік  белгілері 

көрсетілген,  оқу  кезеңіне  сәйкес  өткізілген  пәндердің 

тізімінен тұратын бекітілген үлгідегі құжат. 

Академиялық ұтқырлық 

(Academic mobility) 

Оқу  немесе  зерттеу  жүргізу  үщін  білім  алушылар  және 

зерттеуші-оқытушыларды  белгілі  бір  академиялық  кезеңге 

ауыстыру:  басқа  жоғары  оқу  орнында    (мемлекет  ішінде 

немесе  шет  елде)  оқу  жылы  немесе  семестр  бойынша 

меңгерген  оқыту  бағдарламасын  міндетті  түрде  өзі  оқитын 

немесе  оқуын  жалғастырған  басқа  жоо  игерген  білім 

көлемін кредит есебінде қайта сынаққа алу. 

Академиялық сағат  

(Academic hour) 

Академиялық  сағат  1  қарым-қатынас  дәрістік  сағатына  (50 

минутқа),  тәжірибелік  (семинарлық)  сабағына,  немесе  1 

қарым-қатынас  сағатына  (100  минутқа)  лабораториялық 

сабаққа  және  дене  тәрбиесі  сабағына,  сонымен  қатар  оқу 

тәжірибесінің  барлық  түрінде  1  қарым-қатынас    сағатына 

(50 минутқа), педагогикалық тәжірибенің барлық түрінде 2 

қарым-қатынас    сағатына  (100  минутқа),  өндірістік 


 

тәжірибенің барлық түрінде 5 қарым-қатынас сағатына (250 



минут) тең. 

Апелляция  

(Appeal) 

Білім  алушылардың  білімін  бағалауға  кері  әсер  ететін 

факторларды  анықтау  мен  жоюға  арналған  іс-шаралар 

өткізу процедурасы. 

Бакалавриат  

(Baccalaureate) 

«Бакалавр»  академиялық  дәрежесін  беретін  жоғары  кәсіби 

білім беру деңгейі. 

Бакалавр (Bachellor) 

Бакалавриат  білім  беру  бағдарламасын  меңгерген  тұлғаға 

берілетін академиялық дәреже. 

Білім алушы 

Бакалавриат, жоғары арнайы білім беру, магистратура, PhD 

доктарантура,  екінші  жоғары  білім  беру  бағдарламалары 

бойынша білім алатын тұлғалар. 

Магистратура  

(Magistracy) 

1-2  жыл  нормативтік  оқу  мерзімінде  сәйкес  мамандығы 

бойынша  «магистр»  академиялық  дәрежесін  беретін, 

ғылыми  және  педагогикалық  кадрларды  дайындауға 

бағытталған  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің 

кәсіби оқыту бағдарламасы. 

Магистр  

(Master) 

Магистратура  кәсіби  оқу  бағдарламасын  меңгерген 

тұлғаларға берілетін академиялық дәреже. 

Докторантура (PhD-Doctoral) 

Жоғары  оқу  орны  мен  ғылыми  ұйымдарда  ғылыми  және 

ғылыми 

жоғары 


кәсіби 

педагогикалық 

кадрларды 

даярлаудың формасы. 

Философия (PhD) докторы, 

профиль бойынша доктор  

(Philosophy Doctor) 

Сәйкес  мамандық  бойынша  доктарантураның  кәсіби  оқу 

бағдарламаларын  меңгерген  тұлғаға  берілетін  жоғары 

академиялық дәреже.   

Шығарушы (бітіруші)  

кафедра 


Өз саласы бойынша мамандар даярлайтын және шығаратын 

кафедра. 

Таңдау бойынша оқытылатын пән      

(Elective Courses) 

Пререквизиттерге  сәйкес  кез  келген    академиялық  кезеңде 

студенттің  өз  таңдауы  бойынша  оқитын  элективтік  оқу 

пәндері. 

Оқу пәніне тіркелу  

(Registration) 

Білім  алушының  келесі  академиялық  кезеңдегі  оқу 

пәндеріне тіркелу процедурасы. 

Жеке оқу жоспары 

Білім алушының нақты білім алу траекториясын көрсететін, 

бекітілген  оқу  жоспарының  негізінде,  өзі  жазылған  оқу 

пәндері мен кредит саны мен академиялық сағаттардан, оқу 

пәндерінің  тізімінен  тұратын,  студенттің  академиялық 

кезеңге арнап өзі жасайтын құжаты. 

Қорытынды мемлекеттік аттестация  

(Qualification Examination) 

Нәтижесі  бойынша  мемлекеттік  үлгідегі  жоғары  білімі 

туралы  құжат  (диплом)  берілетін,  білім  алушының 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 

қарастырылған  бағдарламаларды,  білім  беру  деңгейіне 

сәйкес меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін 

процедура. 

Қорытынды бақылау  

(Final Examination) 

Емтихан  сессиясы  кезеңіндегі  пәнді  оқуды  аяқтағаннан 

кейін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру. 

Пәндер каталогі 

Ағымдағы  оқу  жылының  барлық  пәндері  туралы  қажетті 

мәліметтерді  жинақтайды;  кафедралар  мен  департамент 

директорында бар. 

Кредит                

  (Credit Hour) 

Оқытушының  /  білім  алушының  оқу  жұмысының  көлемін 

өлшеудің бірыңғайланған бірлігі. 

Оқытудың кредиттік жүйесі                           

(Credit Unit System) 

Оқу  үдерісі  аясында  білім  алудың  траекториясын  таңдау 

мен  білім  көлемін  кредит  арқылы  есептеу  негізінде  жеке, 

дербес  ізденіс  шығармашылық  пен  өздігінен  білімді 

меңгерудің дәрежесін арттыратын технология. 

Міндетті пәндер   

            (Core Subjects) 

Білім алушылардың міндетті түрде оқитын пәндері. 



 

Бағдар беру аптасы 



Білім  алушыларға  кредиттік  оқу  жүйесінің  негізгі 

ережелерін  меңгеруге  арналған  оқу  жылының  басындағы 

апта. 

Регистратор офисі 



(Office of the Registrar) 

Білім  алушыларды  оқытылатын  пәндерге  жазылуымен, 

олардың  оқу  кезеңіндегі  оқудағы  жетістіктерін  тіркеумен 

айналысатын, білімді аралық және қорытынды бақылаумен 

және  академиялық  рейтинг  есебін  ұйымдастыруды 

қамтамасыз ететін қызмет. 

Қайта тіркеу кезеңі  

(Add/Drop Period) 

Білім  алушының  бір  курстан  бас  тартып,  екінші  курсқа 

жазылып ЖОЖ-ты өзгерте алатын кезең. 

Пәнді қайта оқыту 

 (Retake) 

Қорытынды  бақылауда  «Қанағаттанарлықсыз»  («F»)  баға 

алғанда пәнді қайта оқуы. 

Пререквизиттер/Постреквизиттер 

(Prerequisites/Postrequisites) 

Оқытылатын  пәнді  игеру  үшін  қажетті  білім,  икемділіктер 

мен дағдыларды қамтитын пәндер / Кейінгі пәндерді игеру 

үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын 

пәндер. 


Силлабус (Syllabus) 

Пәннің  мақсаты  мен  міндетін,  пәннің  қысқаша  мазмұнын, 

әр  бір  сабақтың  тақырыптары  мен  ұзақтығы,  оқытушының 

талаптары,  бағалау  критериі,  жұмысты  тапсыру  мерзімі 

және әдебиеттер тізімі қамтитын жұмыс оқу жоспары. 

Үлестірме материал (Handouts) 

Білім  алушының  тақырыпты  шығармашылықпен  табысты 

игеру  үшін  үлестірілетін  көрнекі  иллюстративті  материал 

(тезистер,  дәрістер,  сілтемелер,  мысалдар,  глоссарийлер, 

өзіндік жұмысқа жұмысқа арналған тапсырмалар және т.б.) 

Ағымдағы бақылау 

Силлабусқа 

сәйкес 

ағымдағы, 



аудиториялық 

және 


аудиториядан  тыс  сабақтарда  жүргізілетін  білімді  жүйелі 

тексеру. 

1 аралық бақылау 

Оқытушының  білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін 

тексеруге  арнап  академиялық  күнтізбеге  сәйкес  теориялық 

оқытудың ортасында өткізетін тексеруі.  

2 аралық бақылау 

Оқытушының  білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін 

тексеруге  арнап  академиялық  күнтізбеге  сәйкес  теориялық 

оқытудың соңында өткізетін тексеруі. 

Білім алушының өзіндік жұмысы 

(СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ) 

Тест,  бақылау  жұмысы,  коллоквиум,  реферат,  шығарма 

және  есеп  түрінде  бақыланатын  және  оқу-әдістемелік 

әдебиет  пен  нұсқаулармен  қамтамасыз  етілетін  өзіндік 

оқуға  бөлінген  тақырыптардың  белгілі  бір  тізімі  бойынша 

жұмыс; білім алушының дәрежесіне байланысты ол СӨЖ – 

студенттің өзіндік жұмысы, МӨЖ – магистранттың өзіндік 

жұмысы,  ДӨЖ  докторанттың  өзіндік  жұмысы  болып 

бөлінеді. 

Оқытушының басқаруымен білім 

алушының өзіндік жұмысы 

(ОБСӨЖ/ОБМӨЖ/ОБДӨЖ) 

Кестеде  көрсетілген  оқытушының  басқаруымен  білім 

алушының  аудиториядан  тыс  жұмысы;  білім  алушының 

дәрежесіне  байланысты  ол  ОБСӨЖ  –  оқытушының 

басқаруымен  студенттің  өзіндік  жұмысы,  ОБМӨЖ  – 

оқытушының басқаруымен магистранттың өзіндік жұмысы, 

ОБДӨЖ - оқытушының басқаруымен докторанттың өзіндік 

жұмысы болып бөлінеді. 

GPA үлгерімнің орташа баллы 

(Grade Point Average) 

Академиялық  кезең  ішіндегі  білім  алушының  таңдаған 

бағдарлама  бойынша  оқудағы  жетістіктерінің  деңгейін 

орташа есеппен бағалау.  

Орташа  баллдың  есебі  (GPA):  пәнге  берілген  кредит 

санымен  бағалаудың  сандық  баламасы  көбейтіндісінің 

сомасы кредиттің жалпы санына бөлінеді. 

GPA есептеу мысалы: 

 


 

Пән 



Кредит 

саны 

Әріптік 

жүйе 

бойынша 

бағалау 

Сандық 

эквивалент 

Химия  

3  

А 

4.0 

Информатика   2 

В 

3.0 

Физика  





0.0 

Химия 4.0х3=12.0 

Информатика 3.0х2=6.0 

Физика 0.0х6=0.0 

Көбейтіндісінің сомасы  = 12+6+0 = 18.0 

Кредиттің жалпы саны = 3+2+6 = 11 

GPA = Есептеу сомасы / кредиттің жалпы саны = 18,0 / 11 = 

1,64 


Тьютор  

(Tutor) 


Қашықтықтан  білім  беру  технологиясын  оқыту  барысында 

білім  алушының  академиялық  кеңесшісі  рөлінде  көрінетін 

және сабақ жүргізетін оқытушы. 

Эдвайзер  

(Advisor) 

Оқыту  кезеңінде  білім  траекториясын  таңдауда  және  білім 

бағдарламасын  игеруде  білім  алушыға  ықпал  ететін,  тиісті 

пән  бойынша  білім  алушының  академиялық  мәселелері 

бойынша кеңесші қызметін орындайтын оқытушы. 

ПОӘК 


Силлабустан,  дәрістің  қысқаша  конспектісі,  зертханалық, 

тәжірибелік  және  семинарлық  сабақтардың  тапсырмалары, 

СӨЖ/ МӨЖ / ДӨЖ тапсырмалары, сабақтың тақырыптары 

мен  түрлерінің  (кейстер,  тапсырмалар  жинағы,  талдауға 

арналған  мақалалар  және  т.б.)  өзіндік  жұмыстарына 

арналған  оқу-тәжірибелік  материалдардан  тұратын  пәннің 

оқу-әдістемелік кешені. 

Оқыту түрі 

 (Forms of training) 

Іштей (күндізгі), сырттай, қашықтықтан оқу. 



Оқу үрдісін ұйымдастыру 

Білім  алушылардың  оқу  көлемі  оқу  жылының  ішінде  меңгерген  әр  пән  бойынша  кредиттер 

арқылы өлшенеді. ЕТУда оқыған кезеңде білім алушы берілген мамандықтың мемлекеттік стандарты 

анықтаған  қажетті  кредиттер  санын  меңгеруі  қажет.  Ережеге  сәйкес,  тиiстi  кредиттерді  меңгеру 

бакалавриат үшiн 4 оқу жылынан кем емес мерзімде iске асырылады.  

Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден  (семестр)  тұрады,  олардың  құрамына  білімнің  аралық 

бақылауы  және  қорытынды  бақылау  (емтихандық  сессия),  қорытынды  аттестация  (бітіруші  курсы 

үшін), практика және демалыс кіреді. Теориялық оқу семестрінің ұзақтығы 15 аптаны құрайды. 

Ұзақтығы 6 апта болатын жазғы семестрді енгізу қарастырылады, сонымен қатар пәнді қайта 

оқыту  (Retake), оның  5  аптасы  –  теориялық  оқу және  1  аптасы  – қорытынды  бақылау  (емтихандық 

сессия). Жазғы семестрге білім алушы бағдарлама бойынша меңгермеген пәндер және сонымен қатар 

басқа университеттен келген студенттер үшін басқада пәндер шығарылады.  

Толық    көлемде      курс      бағдарламасынан      өткен,        өту  балын  жинай      алмаған        білім    

алушыларға     өзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)   жоғарылатуы   үшін    жазғы семестрде белгілі 

бір  пәндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  «Қазақстан  тарихы»    пәнінен  басқа)  белгіленген 

тәртіп  бойынша,  ақылы  түрде  қайта  оқуына  және  сол  пәндерден  қайта  емтихан  тапсыруына 

мүмкіндік  беріледі.  Талап  етілген  кредиттерді  жазғы  семестрде  меңгеру  үшін    білім  алушы  жазғы 

семестрдің  басталуына  екі  аптаға  дейін  9  (тоғыз)  кредиттен  (магистранттар  –  6-8  кредит, 

докторанттар – 6 кредиттен) асырмай тіркелуіне болады. 

Әр  оқу  жылының  ұзақтығы  мен  мерзімі  Академиялық  күнтізбеде  көрсетіледі,  ол  күнтізбе 

жаңа  оқу  жылына  үш  ай  қалғаннан  кешіктірілмей  шығарылып,  білім  алушылар  мен  оқытушыларға 

хабарланады. Академиялық күнтізбе ғылыми кеңестің шешімі бойынша Ректормен бекітіледі.  



 

2014-2015 оқу жылына арналған 



Академиялық күнтізбе  

 

 

Күзгі семестр 

25 – 31 тамыз 

Бағыттаушы апта 



1 қыркүйек 

Білім күні 

1 қыркүйек – 13 желтоқсан 

Теориялық оқыту 



20 – 25 қазан 

Бірінші ағымдық бақылау 



1 желтоқсан 

Тұңғыш Президент күні (Демалыс) 

8 – 13 декабря 

 

Екінші ағымдық бақылау 



15 желтоқсан – 3 қаңтар 

Емтихандық сессия 



16 – 17 желтоқсан 

ҚР Тәуелсіздік күні (Демалыс) 

1 – 2 қаңтар 

Жаңа жыл (Демалыс) 

5 – 17 қаңтар 

Демалыс 


Барлық апта: теориялық оқыту –15 апта 

 

Көктемгі семестр 

19 қаңтар – 2 мамыр 

Теориялық оқыту 



8 наурыз 

Халықаралық әйелдер күні (Демалыс) 

9 – 14 наурыз 

Бірінші ағымдық бақылау 



21-23 наурыз 

Наурыз мерекесі (Демалыс) 

30 наурыз – 4 сәуір 

Оқу пәндеріне жазылу 



27 сәуір – 2 мамыр 

Екінші ағымдық бақылау 



1 мамыр 

Қазақстан халықтарының бірлігі күні (Демалыс) 

4 – 23 мамыр 

Емтихандық сессия 



7 мамыр 

Отан қоғаушы күні  (Демалыс) 

9 мамыр 

Жеңіс күні (Демалыс) 

1 маусым - 11 шілде 

20 шілде – 29 тамыз 

Жазғы семестр 



25 мамыр – 30 тамыз 

Демалыс   



Барлық апта: теориялық оқыту - 15 апта 

 

 



Білім алушының білім траекториясын таңдауы.Білім алушының жеке оқу жоспары 

Оқу  жоспары  және  пәндер  каталогы  негізінде  білім  алушы  өзінің  оқу  траекториясын  өз 

бетінше  құрады.  Білім  алушы  жеке  оқу  жоспарында  (ЖОЖ)  көрсетілген  міндетті  және  элективті 

түрдегі  пәндердің  қажетті  мөлшерін  таңдайды.  Білім  алушы  ЖОЖ-ны  құруда  және    мамандықтың 

жұмыстық оқу жоспарының талаптарына сәйкес, оқу курсын меңгерудің толықтығына жауапкершілік 

жүктейді.Оқуды  жеке  жоспарлау  эдвайзердің  жетекшілігімен  білім  алушының  өзі  құрастырады. 

Эдвайзерлер тізімін департамент директоры бекітеді.  

Құралған  ЖОЖ  үш  данадан  тұрады,  білім  алушы  қол  қойып,  келісу  үшін  эдвайзерге 

ұсынылады.  Бекітілгеннен  кейін  бір  данасы  білім  алушыда,  екіншісі  Тіркеу  офисіне    оқу  үрдісінде 

қолдану  үшін  беріледі,  үшіншісі  департамент  директорында  қалады  да,білім  алушының  оқу 

жоспарын орындалуын бақылау үшін негіз ретінде қолданады.  

Тіркеу Офисіне тапсырудың соңғы мезгілі - семестрдің 1-аптасы.  



Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау 

Білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін  тексеру  үшін  бақылаудың  келесі  түрлері  мен 

формалары қарастырылған: 

- ағымдағы бақылау; 

- аралық бақылау; 

- қорытынды бақылау. 



 

Ағымдағы  бақылау  – бұл  білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін жүйелі  түрде  тексеру,  оны 

оқытушы пәннің силлабусына сәйкес ағымдағы сабақтарда жүргізеді. 

Аралық  бақылау  –  бұл  теориялық  оқытудың  ортасында  және  соңында  жүзеге  асырылады, 

бұған  ағымдағы  бақылаулардың  қорытындылары  қосылып  барып,  аралық  бақылаудың 

қорытындыларыпән  ведомостіне  қойылады.Аралық  бақылаудың  саны  оқу  жұмыс  бағдарламасы 

арқылы  анықталады  және  пәннің  силлабусында  көрсетіледі.  Тіркеу  офисі  және  департамент  оқу 

құжаттарында  1-ші  аралық  бақылаудың  және  2-ші  аралық  бақылаудың  қорытындылары  тіркеледі. 

Пәннің  аралық  бақылау  бойынша  үлгерімнің  жоғары  көрсеткіші  нәтижесінде  60  пайызды  құрайды, 

мұнда әрбір аралық бақылау ағымдағы бақылаудың нәтижелерін қосқанда 30 пайыздан тұрады.  

Қорытынды  бақылау–  бұл  білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін  бақылау,  ол  пәнді  оқуды 

аяқтаған соң емтихан сессиясы кезеңінде жүргізіледі (аралық аттестаттау).  



 

Білім алушының білімін бағалау 

Білім  алушының  білімін  бағалау  100  балдық  шкала  бойынша,  халықаралық  тәжірибеде 

қабылданған  әріптік  жүйеге  (оң  бағалар  «А»  әріпінен  бастап  «D»,қанағаттанарлықсыз  «Ғ»)  және  4 

балдық  шкала  бойынша  сандық  эквивалентке  сәйкес  жүргізіледі.Қорытынды  емтиханды  өткізу 

кезінде оң баға оқу пәні бойынша емтихан тізімдемесіне және білім алушының сынақ кітапшасына 

жазылады. F «қанағаттанарлықсыз» бағасы тек емтихан тізімдемесіне қойылады. 

 

Білім алушылардың оқу үлгерімін әріптік жүйеде бағалау 

Әріптік жүйе 

бойынша баға 

Баллдың сандық 

эквиваленті 

%-қ мазмұны 



 

Дәстүрлі жүйе 

бойынша баға 

А 

4,0 



95-100 

Өте жақсы 

А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

3,0 



80-84 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық 

С 

2,0 


65-69 

С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

 

Пән  бойынша  білім  алушының  қорытынды  бағасы  семестр  бойы  аралық  және  қорытынды 



білімді  бақылаудың  балдарын  жинақтау  арқылы  құралады.  Мұнда  пән  бойынша  аралық 

аттестаттаудың  аяқталуының  міндетті  талабына  соңғы  емтихан  бойынша  оң  баға  алу  жатады. 

Семестрдің ағымдағы үлгерімінің жоғары бағасы пән бойынша қорытынды білімді бағалаудың   60% 

құрайды, және емтиханның жоғары бағасы білімді қорытынды бағалаудың 40% құрайды. 

Пән  бойынша  ағымдағы    білімін  бағалау  білім  алушының  әрбір  орындаған  жұмысының  

орташа бағасынан туындайды. 

Мысалы,  бірінші  аралық  бақылаукезінде  білім  алушы    5  БӨЖ,  4    зертханалық  жұмыстар,1 

бақылау жұмысын тапсыру керек,білім алушының оқудағы жетістіктерін 100 балдық шкала бойынша  

бағаланатынын ескере отырып, білім алушы өз тапсырған жұмыстары бойынша келесі балдар алады: 

Жұмыс  түрі 

Бірінші 

жұмыстың 

балы 

Екінші 


жұмыстың 

балы 


Үшінші 

жұмыстың 

балы 

Төртінші 



жұмыстың 

балы 


Бесінші 

жұмыстың 

балы 

БӨЖ 


80 

95 


80 

90 


85 

10 

 

Зертханалық жұмыстар 



75 

80 


95 

98 


 

Бақылау жұмысы 

90 

 

 



 

 

Сонда орташа  балл: 



(80+95+80+90+85+75+80+95+98+90)/10=87 балға тең болады 

Ары қарай,бірінші аралық бақылаудың ағымдағы бақылау бағасы пән бойынша алған қорытынды  

бағаның 30% пайызын құрайды,сонда білім алушының бағасы келесі түрде саналады: 

30%-100 балл 

Х%-87 балл 

Осыдан,  Х=30% х 87 баллға/100 баллға= 26%. 

Сонымен,білім алушы бірінші аралық бақылаудан  26% алады. 

Екінші  аралық  бақылаудың  балыда  осылай  саналады,мысалы  білім  алушы      екінші  аралық 

бақылаудан  28% алды.  

Семестрдегі  ағымдағы    бақылау  үлгерім  бағасы(өткізу    рейтингі)  пәнбойынша  алған 

қорытынды    бағаның  60%  пайызын  құрайды,сонымен  семестр  соңында  пән  бойынша  білім  алушы  

26+28=54% алды. 

Емтихан  бағасы  пән  бойынша  алған  қорытынды    бағаның  40%  пайызын  құрайды.  Мысалы, 

білім  алушы  емтиханнан  93  балл  алса,  онда    білім  алушының  қорытынды    бағасы  келесі  түрде 

саналады: 

40% - 100 балл 

Х% - 93 балл 

Осыдан, Х=40%х93баллға/100баллға=37%. 

Білім алушының емтиханда алғаны  37%. 

Барлығын қосқанда білім алушының пән бойынша қорытынды бағасы:  

54%+37%=91%(3,67;А-) болады. 

Практиканы ұйымдастыру және өткізу 

ЕТУ-да  білім  алушылардың  негізгі  және  міндетті  тәжірибесіне  –  оқу,  педагогикалық, 

өндірістік, түрлері жатады. 

Білім  алушының  оқу  тәжірибесі  ЕТУ-дың  немесе  кәсіпорындардың,  мекемелердің  және 

ұйымдардың оқу бөлімдерінде өткізілуі мүмкін. 

Білім  алушының  өндірістік,  соның  ішінде  диплом  алдындағы  тәжірибесі  ереже  бойынша 

тәжірибе базасы болып табылатын кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда өткізіледі.  

Педагогикалық  тәжірибе  білім  алушының  мамандығына  сәйкес  университеттің  мамандар 

шығаратын кафедраларында және жалпы білім беру ұйымдарында өтеді. 

Білім  алушының  тәжірибені  өткізу  нәтижесінің  бағасы  теориялық  білімінің  бағасымен 

теңестіріледі,  тәжірибе  бағасы  стипендия  тағайындау  мәселесінде  және  жалпы  GPA  есебінде, 

сонымен қатар келесі оқу жылына көшіруде ескеріледі, әрі тәжірибе тізімдемесіне қойылады.  



 

Білім алушыны қорытынды аттестаттау 

ЕТУ-да  білім  алушыны  қорытынды  аттестаттау  ЖБМС-мен  бекітілген жоғары  және  жоғары 

оқу  орнынан  кейінгі  білім  мамандықтарына  арналған  формамен  жүргізіледі  және  мамандықтардың 

оқу жоспар жұмысымен бекітілген әрі академиялық күнтізбеде көрсетілген уақытта өткізіледі. 

Қорытынды  аттестаттауға  оқу  және  жеке  оқу  жоспарына  сай  теориялық    білімін  толық 

игерген    білім  алушылар  жіберіледі.  Білім  алушының  қорытынды  аттестаттауға    жіберілуі  оның  

басталуынан  екі  апта  бұрын  департамент  директорының  өкімімен  бекітіледі  және  МАК-қа 

ұсынылады. 

Кешенді  емтихан  ауызша,  жазбаша  және  тестілеу  түрінде  кәсіби  оқу  бағдарламаларының 

көлеміне сай өткізіледі. 

Дипломдық жұмысты қорғау МАК-тың ашық отырысында өткізіледі. 


11 

 

Мемлекеттік  кешенді  емтихандардың  және    дипломдық  жұмыстардың  қорғау  нәтижесі 



өткізілген күні жарияланады. 

Қорытынды  аттестаттаудан  өткен  және  жоғары  білімнің  кәсіптік  оқу  бағдарламасын 

меңгергендігі  дәлелденген  білім  алушыға  МАК-тың  шешімімен  мамандыққа  сәйкес  «бакалавр» 

академиялық дәрежесі тағайындалады және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.  

Білім алушы емтихандар мен дифференцияланған сынақтарды А, А-  «өте жақсы», В-, В, В+ 

«жақсы» бағамен тапсырса және білім алудың барлық кезеңінде орташа үлгерім балы (GPA)3,5 тен 

төмен  емес  болса,  сонымен  қатар  барлық  мемлекеттік  емтихандарды  және  дипломдық  жұмысын 

(жоба)  А,  А-  «өте  жақсы»    бағамен  қорғаса  онда  оған  үздік  диплом  (әскери  дайындықтағы  баға 

ескерілмейді) беріледі.  

Егер «F» «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда қорытынды аттестацияның сол кезеңінде 

мемлекеттік емтихандар және/немесе диплом жұмысын қайтадан қорғауға рұқсат етілмейді. 

Академиялық транскрипт (Transcript) 

Оқу кезеңіне сай өткізілген пәндер тізімінен тұратын, кредит пен баға сан және әріп түрінде 

көрсетілетін,  белгіленген  формасы  барқұжат.Транскриптке  білім  алушының  емтихандарды  қайта 

тапсыру  кезіндегі  оң  нәтижелерін  қоса  барлық  қорытынды  бағалары  жазылады.    Транскрипт  білім 

алушының ресми құжаты болыпсаналады. 

Академиялық ұтқырлық 

Халықаралық  білім  кеңістігін  ықпалдастыру,  білім  сапасын  жетілдіру,    шет  ел 

университеттерінің  оқыту  бағдарламаларын  мойындау  және  теңестіру,  ұлт  аралық  қатынасты 

күшейту  мақсатында  ЕТУ  білім  алушылардың  академиялық  ұтқырлығын  жүзеге  асырады.Білім 

алушы  өз  еркімен  оқуын  жалғастыру  үшін  басқа  ЖОО  (мемлекет  ішінде  немесе  шет  елде)  таңдап, 

оқитын пәндер тізімін анықтап бағдарлама координаторына өтініш береді. Академиялық  ұтқырлық  

бағдарламасын ұйымдастыру шараларын университет координаторы   жүзеге асырады. 

Білім алушыны оқудан  шығару және академиялық демалыс беру 

ЕТУ білім алушысы оқудан мынадай жағдайда шығарылуы мүмкін: 

- өз еркімен; 

- басқа оқу орнына ауысуына байланысты

-оқу  тәртібін  бұзғандығы  үшін  (қайта  оқу  курсы  үшін  ауысу  бұйрығының  бекітілген 

мерзімінде  немесе  ақылы  негізде  пәнді  қайта  оқу  үшін  оқу  ақысын  төлемегендігі  үшін, 

университетпен  байланысын  үзгендігі  үшін,  оқу  сабақтарын  дәлелсіз  себептермен  үздіксіз  жіберу, 

академиялық  демалыс  мерзімі  біткеннен  кейін  немесе  шетелдік  іссапардан  соң  ұзақ  мезгіл  сабаққа 

қатыспауы (екі апталық мерзімдей); 

-  ЕТУ-дың  Жарғысы  мен  ішкі  тәртіпті  бұзғандығы  үшін  (сабаққа  мас  күйінде  келуі  немесе 

сабақта  спирттік  ішімдіктерді  пайдалануы,  университет  қабырғасында  құмар  ойындар  ойнауы, 

университет  мүлкін  бүлдіруі,  жатақханада  тұру  тәртібін  бұзғандығы  үшін,  университетте  қоғамға 

қарсы қылығы үшін, ауыр зардаптарға соқтыратын еңбек және өрт қауіпсіздігін бұзғандығы үшін). 

Білім  алушы  медициналық  анықтама  көрсетуі  бойынша  және  ҚР  Қарулы  Күштер  қатарына 

шақырылуына байланысты академиялық демалыс алуға құқығы бар. 

Білім алушыны ауыстыру тәртібі (білім алушының басқа жоғары оқу орнына 

ауысуы, университет ішінде және курстан курсқа ауысуы) 

Басқа  жоғары  оқу  орнынан  ЕТУ-ға  ауысу  тәртібінің  ең  басты  шарты,  аталған  оқу  орнында 

оқуды одан әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Білім алушыны басқа ЖОО-дан  ЕТУ-

ға  сәйкес  келетін  оқу  формасы  мен  мамандық  бойынша  ауыстыру  демалыс  кезеңінде    аралық  

аттестаттаудан өткен соң жүзеге асырылады.  

Білім алушының ауысуы кредиттік сандары және оқу жоспарларының айырмашылығын жою 

барысында  сәйкес  келетін  курсқа  ауысуы  арқылы  жүргізіледі.  Мұнда  жұмыс  оқу  жоспарындағы 

айырмашылық міндетті компонентте бакалавриата 5 пәннен аспауы керек. Болмаған жағдайда ол бір 

курс төменге ауыстырылады.  


12 

 

Білім алушының бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір формадан екінші формаға ауысуы 



университет  ішінде  жүзеге  асады.  Білім  алушының  жұмыс  оқу  жоспарларында  пайда  болған 

айырмашылықты жою үшін қажетті пәндерге тіркеледі және ағымдағы топтармен бірге оқиды. 

ЕТУ-дың білім алушылары аталған курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындағанда, 

талап  етілген  кредит  мөлшерін  игергенде  және  GPA  ауысу  балын  жинаған  жағдайда  ректордың 

бұйрығымен  келесі  курсқа  көшіріледі.  Келесі  курсқа  өткен  білім  алушыда  академиялық  қарыздары 

болған жағдайда сол пәндерді ақылы түрде оқуға міндетті. Жұмыстық оқу жоспарының талаптарын 

орындамаған  және  белгіленген  GPA  балын  жинай  алмаған  жағдайда  курсты  қайта  оқуға 

қалдырылады. 

Академиялық  қарызды  жою  мақсатында  қайта  оқуға  қалдыру  немесе  оқу  сабақтарына 

қайталап қатысу мынадай жағдайларда ауыстыру бұйрығы рәсімделеді: 

-  білім  алушының  жеке  өтінішіне  департамент  директорының  және  қаржы  проректорының 

бұрыштамасы қойылғанда; 

-  қайтарымсыз  білім  беру  қызметі  туралы  (жазғы  семестр)  жасалған  келісім  шартқа 

департамент директорының бұрыштамасы қойылғанда; 

- оқу үшін ақы төленген квитанция көшірмесі. 

Оқудың  төлем  ақысын  төлемей  немесе  қарызына  байланысты  оқудан  шығарылғын    ақылы 

негізінде оқитын сырттай оқу нысанының білім алушылары, төлем ақысын толық төлеген жағдайда 

оқу-емтихан сессиясы басталмай тұрып оқуды ары қарай жалғастыруға құқылы. 



Білім алушыны оқуға қайта кабылдау тәртібі 

Бұрын  оқудан  шығарылған  білім  алушыны  ЕТУ-дың  білім  алушылары  қатарына  қабылдау 

барлық оқу түрлері бойынша демалыс уақытында оқудан шығару мерзіміне байланыссыз ректордың 

бұйрығымен жүзеге асырылады. Оқуға оралу шартына білім алушының бірінші академиялық кезеңді 

аяқтауы  жатады.  Оқуға  оралудың  танылуына  оқу  жоспарындағы  айырмашылықты  жойып  қажетті 

кредит  мөлшерін  жинау  жатады.  Оқу  жоспарындағы  айырмашылық  міндетті  блок  бойынша 

бакалавриатта 5 пәннен, элективті пәндер бойынша кредит сандары толық сәйкес болуы керек. Білім 

алушының оқуға оралуы сәйкес курс бойынша және ақылы түрде ғана жүзеге асады. 

Қазақстан Республикасында жалпы орта  (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік  білім 

алғандар,  шетел  жоғары  оқу  орындарынан  ауысқан  немесе  қайта  оқуға  қабылданған  жағдайда, 

меңгерген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама,транскрипт),белгіленген өтпелі 

баллдан  төмен емес ҰБТ  немесе кешенді тестілеу сертификатын қөрсету керек. 

 

Шетел    білім  ұйымдарынан  ауысқан  немесе  қайта  оқуға  қабылданған  жағдайда  білім 



алушылардың  меңгерген  оқу  бағдарламалары  (академиялық  анықтама,транскрипт)  және  алдыңғы 

білім деңгейінің аяқталуытуралы құжаттар  белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасында 

нострификациядан   өту  керек. 

Оқудың төлем ақысы 

ЕТУ-да  оқудың  төлем  ақысы  ғылым  және  білім  үдерісін  қамтамасыз  етуге  кеткен  қаржы 

есебінен  қалыптасады.  Оқудың  төлем  ақысы  білім  беру  қызметінің  келісім  шартына  сәйкес 

көрсетіледі және қаржы жөніндегі проректордың құзырында болады. Оқудың төлем ақысы ЕТУ-дың 

есеп шотына банкттер немесе төлем терминалдары арқылы жүзеге асырылады.  

 

Білім алушылардың оқу үдерісі мен өзге де  сұрақтары бойынша, 

 оқу мен тұрмысқа байланысты мәселелерді қарастыратын бөлімдер 

 

Бакалавр бағдарламалары  департаменті.  

Студенттер бакалавр бағдарламалары департаментіне келесі сұрақтар бойынша жүгіне алады: 

-

 

оқуға байланысты келісімшартқа отыру және оны талқылау; 



-

 

эдвайзермен ақпарат алмасқаннан соң элективті пәндерді таңдауға өтініш жазу



-

 

студенттер жатақханасынан орын алу; 



-

 

басқа  мамандықтарға  және  өзге  де  ЖОО-ға    ауысуға  немесе  оқудан  мүлдем  бас  тартуға 



мүмкіндік алу; 

13 

 

-



 

мемлекет ұсынатын қосымша жеңілдіктерге өтініш жазуға құқылы; 

-

 

белгілі бір анықтама қағаз болған жағдайда емтиханды жеке уақытта тапсыруға рұқсат алуға 



құқылы; 

-

 



студенттік билет пен сынақ кітапшасын ала алады; 

Тіркеу офисі 

   Тіркеу  офисі  оқу  үрдісін,  барлық  білімді  бақылау  құралдарын,  академиялық  рейтингті 

сонымен қатар, тіркеу мен оқушылардың оқу ісіндегі жетістіктерді бақылауды қамтамасыз етеді; 

Студенттер тіркеу офисіне келесі сұрақтар бойынша жүгіне алады: 

-

 

транскрипт алу; 



-

 

бакалавр  бағдарламалары  департаментінің    директоры  рұқсаты  негізінде  емтихан 



сессиясына жеке кесте алу үшін; 

-

 



оқудан шығып кеткен жағдайда қайта оқуға тіркелу үшін; 

-

 



белгілі бір рұқсат қағаздар болған жағдайда академиялық демалыс алуға өтініш жазу үшін; 

-

 



белгілі  бір  құжаттар  болған  жағдайда  ҚР  БжҒМ-нің  ұсынатын  ваканттық  гранттар 

конкурсына қатысуға өтініш жазу үшін; 

-

 

оқитындығын растайтын анықтама алу үшін; 



-

 

қайта оқу қажеттілігі туындаған жағдайда жаңа келісімшартқа отыру үшін; 



-

 

академиялық  қарыздар  мен  оқу  жоспарында  өзгешеліктерді  толтыру  мақсатында  жазғы 



семестрде оқуға жазылу үшін; 

-

 



оқудан өз еркімен шығу жөнінде өтініш жазуға; 

-

 



оқудан шықты деген бұйрық шыққаннан соң кету қағазын алуға

-

 



кету қағазын толтырған соң білім алғандығы жөніндегі құжат алуға; 

Студенттерді қабылдау күнделікті сағат 14:00-ден 



Кітапхана 

Кітапхана ЕТУ құрылымдарының бірі болып саналады. 

Студенттер кітапханаға келесі сұрақтар бойынша жүгіне алады: 

-

 



мамандыққа  байланысты  оқулық  және  оқу-әдістемелік  әдебиеттерді  қағаз  жүзінде  үйге 

алуға; 


-

 

кітапхананың  оқу  залында  оқу-әдістемелік  әдебиеттер,  энциклопедиялар,  сөздіктер, 



монографиялар, диссертациялар және авторефераттармен жұмыс жасауға болады; 

-

 



мерзімді басылымдардан ақпарат алуға (журналдар, газеттер);  

-

 



кітапхананың 

электронды 

каталогтарындағы 

автоматтандырылған 

«КАБИС» 

бағдарламасынан қажетті әдебиеттерге тапсырыс беруге; 

-

 

курстық  жұмыстар  мен  дипломдық  жұмыстар  үшін  университеттің  электронды 



кітапханасынан, ғаламтордан  мәліметтер алуға; 

-

 



электронды  кітапхананадан  республикалық  ЖОО  аралық,  қысқаша  айтқанда  (РМЭБ) 

lib.kazrena.kz.  сайтынан көмекші оқу құралдарын пайдалануына болады. 

Кітапхана 8:30 дан – 17:30 ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. 

Бухгалтерия 

Бухгалтерия  ЕТУ-ң құрылымдық бөлімі. 

Білімгерлер есеп бөліміне төмендегідей сұрақтармен жүгіне алады: 

-

 



кету  қағазын  толтыру  бойынша  оқу  төлемақысының  төленгендігін,  студенттер 

жатақханасында тұратындығын растау үшін;  

-

 

академиялық анықтаманың өтініші негізінде оқу төлемақысының төленгендігін, студенттер 



жатақханасында тұратындығын растау үшін;  

-

 



кәсіпорын  тарапынан  оқып  жатқаны  жөніндегі  ақылы  қызмет  көрсету  актысын  (егер  де 

кәсіпорынмен келісімі болса), есеп алу, счет-фактура алуға; 

-

 

оқу  төлемақысына,  жатақхана  үйіне  төленген  ақыға  байланысты  даулы  мәселелелерді, 



өсімді шешу үшін; 

-

 



төлемақыны қайтару, аудару үшін (егер де Ректорға өтініші болса); 

-

 



студенттер жатақханасынан шыққандығы жөнінде тіркелуге, егер де бакалавр бағдарламасы 

департаментінің  рұқсаты  мен  жатақхана  меңгерушісінің  рұқсаты  болған  жағдайда  (басқа  жағдайда 

есептелу жалғаса береді). 

Ғылым және халықаралых байланыс бөлімі 

Ғылым және халықаралых байланыс бөлімі ЕТУ-ң құрылымдық бөлімі болып табылады. 

Білім  алушылар  Ғылым  және  халықаралых  байланыс  бөліміне  төмендегідей  сұрақтармен 

жүгіне алады: 



14 

 

-



 

министрлік,  мемлекеттік  және  жеке  кәсіпорындар  мен  компаниялар  тарапынан  болатын 

ғылыми конкурстарға қатысу үшін; 

-

 



ҚР баспа органдарының негізгі қағидаларына сай өз ғылыми зерттеулерін ұсынуға

-

 



мамандыққа сай оқу бағдарламасы бойынша курстарға қатысу; 

-

 



 шет  елдерде,  Қазақстанда,  басқа  да  білім  беру  ұйымдарында  өтетін  ғылыми 

конференциялар, форумдар мен семинарлар туралы ақпарат алуға; 

-

 

 халықаралық білім бағдарламалары, гранттар және стипендиялар жөнінде мәліметтер алу; 



-

 

 академиялық мобильділік бойынша ақпарат алу;  



-

 

 шетелге шығу кезінде құжаттарды толтыру бойынша сұрақтар; 



-

 

 Қосдипломдық білім алу сұрақтары бойынша. 



Білім алушыларды қабылдау күнделікті сағат 15:00 ден.  

Жұмысқа орналастыру және практикадан өту секторы 

Жұмысқа  орналастыру  және  практикадан  өту  секторы  ЕТУ-ң  оқу-әдістемелік  бөлімінің 

құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Білім алушылар келесідей сұрақтар бойынша жүгіне алады: 

-

 

бітірушілерді жұмысқа орналастыру



-

 

жұмысқа жолдама алу; 



-

 

практикадан өту жөніндегі сұрақтар бойынша. 



Білім алушыларды қабылдау күнделікті сағат 15:00 ден.  

Әлеуметтік жұмыстар және тәрбие жөніндегі бөлім. 

Әлеуметтік жұмыстар және тәрбие жөніндегі бөлім (ары қарай ӘЖжТЖ) ЕТУ-ң құрылымдық 

бөлімі болып табылады. 

Білім алушылар келесідей сұрақтар бойынша жүгіне алады: 

-

 

білім алушылар әлеуметтік қорғау мәселесі; 



-

 

медициналық жәрдем; 



-

 

студенттер жатақханасында тұру; 



-

 

қызығушылығы бар үйірмелерге жазылу (дебат клубы т.б.). 



Білім алушылар қабылдау күнделікті сағат 15:00 ден.  

Жастар ісі жөніндегі комитет 

Жастар ісі жөніндегі комитет ЕТУ-ң құрылымдық бөлімі болып табылады. 

Білім алушылар Жастар ісі жөніндегі комитетіне келесідей сұрақтар бойынша жүгіне алады: 

-

 



 көркем шығармашылыққа байланысты үйірмелерге қатысу; 

-

 



 республика, қала, аудан көлемінде көркемөнерпаздарға арналған конкурстарға қатысу; 

-

 



 «Жасыл Ел» отрядына жазылу. 

Білім алушылар қабылдау күнделікті сағат 15:00 ден.  



 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ 

 

ЕТУ  білім алушылары жоғары білім беру жүйесінің басты мақсатын жүзеге асыруда өз 



жауапкершіліктерін  мойындайтын  мамандық  бойынша  тұрақты  біліктіліктерін    меңгерген, 

терең  ойлау  мүмкіндіктерімен,  дүниетанымдық  мүмкіндіктерді  игерген,  кәсіби  және  мәдени 

бағытталған, сонымен қатар корпоративті басқаруды дамыту мен нығайтуды өз міндеті деп 

санайтын тұлға ретінде  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің осы  

ар-намыс Кодексін қабылдап және оның жүзеге асыруды  бұлжытпай орындауға міндетті. 

ЕТУ  білім  алушылары  Қазақстан  Республикасының  лайықты  азаматы  болуға  ұмтылады, 

таңдаған  мамандығының  кәсіби  шебері,  өз  тұлғасындағы  шығармашылық  жақсы  қасиеттерін 

дамытуға ұмтылуы тиіс. 

ЕТУ  білім  алушылары  үлкендерге  құрметпен  қарап,  айналасындағыларға  дөрекілік  мінез 

көрсетпей, әлеуметтік қорғансыз азаматтарға мүмкіндігінше қамқорлық көрсетеді.  

ЕТУ білім алушылары өнеге, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп, азғындыққа жол 

бермейді, ұлты мен дініне, жынысына қарай кемсітушілік көрсетпейді. 

ЕТУ  білім  алушылары  салауатты  өмір  салтын  ұстанып,  толығымен  зиянды  әдеттерден  бас 

тартады. 

ЕТУ  білім  алушылары  ЕТУ  қағидаларын  құрметтейді,  мүліктерін  қорғап,  Жатақханадағы 

тазалық пен ұқыптылықты сақтайды. 



15 

 

ЕТУ  білім  алушылары  пайдалы  және  қажетті  істермен  шұғылданып,  шығармашылық 



белсенділікті  арттыратын  бағыттармен  (ғылым-біліммен,  спортпен,  көркем-өнермен  т.б.),                  

ЖОО-ның ұжымдық (корпоративтік) мәдениеті мен беделін арттыруға қызмет етеді. 

ЕТУ  қабырғасынан  тыс  жерде  студент  әрдайым  жоғары  мектептің  өкілі  ретінде  беделі  мен 

абыройына нұқсан келтірмеуді ойлайды. 

ЕТУ  білім  алушылары  теріс  әрекеттердің  барлығымен  күресуді  өз  міндеті  санайды,  атап 

айтқанда олар: 

-

 

білімді бақылау кезінде басқалардан сұрауға, көшіруге; 



-

 

кез-келген  дайын  оқу  материалдарын  ғаламторды  қосқанда,  өз  еңбегі  ретінде  көрсетуге 



(реферат, курстық жұмыс, бақылау жұмысын, диплом жұмысын т.б.); 

-

 



жоғары баға алу үшін туыстық, таныстық байланыстарды қолдануға; 

-

 



себепсіз сабақтан қалуға, кешігуге болмайды. 

ЕТУ білім алушылары барлық теріс іс-әрекеттерді сапалы, бәсекеге қабілетті білім алуға жат 

әрекет, Қазақстанның бетке ұстар саяси және экономикалық дамуына нұқсан келтіреді деп есептейді. 

 

Университеттің ішкі тәртіптері 



 

Университеттің жұмыс уақыты 8:30-дан 17:30-ға дейін. Түскі үзіліс уақыты 13:00-ден   14:00 

ке дейін. 

Оқу бағдарламасы сабақ кестесіне сай жүргізіледі. Сабақтың басталуы: бірінші ауысым 8:30-

дан басталады, екінші ауысым 13:30-дан басталады. 

Оқу корпусына кіру студенттік билет арқылы жүргізіледі. Дәріс барысында оқу корпусында 

тыныштық сақталуы тиіс. Қоныраудан кейін аудиторияға кіруге рұқсат жоқ.  

Университет  ғимаратында  сырт  киім  және  бас  киім  киіп  жүруге,  шулап  жүруге,  шылым 

шегуге, спирттік сусындар пайдалануға, есірткі шегуге қатаң түрде тыйым салынады. 

 

 



 

 

 

 

 

 

  

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал