Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



жүктеу 13.81 Kb.

бет3/25
Дата09.01.2017
өлшемі13.81 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Пан  Гуан.  Энергетическая  политика  Китая  и  обеспечение  энергетической 
безопасности в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. - 2007. - № 6. - С. 98–
107. 
2
 
Denison M. Game Over? Shifting Energy Geopolitics in Central Asia // Central Asia Policy 
Brief. 
October 
2012. 
No. 

// 
http://www.ourenergypolicy.org/wp-
content/uploads/2013/08/Central-Asia-policy.pdf 
3
 
Параманов В., Строков А. Энергетические интересы и энергетическая политика Китая 
в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. - 2010. - № 3. - С. 21- 35. 
4
 
Бутаев А.М. Каспий: Зачем он Западу? // http://www.caspiy.net/knigi/kaspij-zachem-on-
zapadu/42-kaspij-zachem-on-zapadu-3-kaspij-protiv-opek.html 
5
 
Воскресенский А.Д. «Большая Восточная Азия»: Мировая политика и энергетическая  
безопасность. - М.: ЛЕНАНД, 2006. - С. 101. 
6
 
Парамонов В., Строков А. Энергетическая политика Китая в Центральной Азии и ее 
современное  значение  для  России  //  Центральная  Евразия.  27.07.2011// 

 
19 
http://ceasia.ru/energetika/energeticheskaya-politika-kitaya-v-tsentralnoy-azii-i-ee-
sovremennoe-znachenie-dlya-rossii.html 
7
 
Программа  по  устойчивой  энергетике  для  Центральной  Азии:  возобновляемые 
источники энергии – энергоэффективность (срок выполнения 01/02/2013 - 31/01/2016) 
// http://www.inogate.org/projects/75?lang=ru 
8
 
John Mitchell, Valérie Marcel, and Beth Mitchell, What Next for the Oil and Gas Industry? 
// London: Royal Institute of International Affairs, 2012.  
9
 
BP Statistical Review 2012. 
10
 
An  Unconventional  Bonanza:  Special  Report  on  Natural  Gas,”  The  Economist,  July  14 
2012. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада Орталық Азия елдерінің энергетикалық саясаты және Батыс Еуропа елдері, АҚШ, 
Ресей,  Қытай  мемлекеттерінің  осы  аймақтағы  энергетикалық  ресурстарға  қызығушылықтары 
жайында мәліметтер қарастырылған. Еңбек жазба деректердің негізінде дайындалған. 
 
RESUME 
 
In  the  article  the  energetic  policy  of  the  countries  of  Central  Asia  is  considered,  including  the 
interests of Western Europe, the USA, Russia, China about energy resources of the countries of Central 
Asia. This article is prepared on the basis of written works. 
 

 
20 
ӘОЖ 374.7:341.232.7(574.22)(045) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Р. Абишева  
С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық университеті,  
тар. ғыл. канд., аға оқытушы 
 
Б.Б. Еңсепов  
С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық университеті,  
тар. ғыл. канд., аға оқытушы 
 
Сыр бойында 
жадидизмнің таралуы 
 
Аннотация 
Мақалада 
патша 
үкіметінің 
қазақ 
даласында орыс-түзем мектептерін ашу арқылы 
жүргізген  миссионерлік  саясатына  қарсы 
тұрған,  өздерін  «жәдидттер»  деп  атаған  жаңа 
идеологиялық  мәдени-ағартушылық  бағыттағы 
қозғалыс пен Сыр бойындағы жәдидтік ілімнің 
таралу ерекшеліктері талдап көрсетіледі. 
Түйін  сөздер:  Шоқындыру,  оқу-ағарту, 
мұсылман  діні,  білім  беру,  жәдидшіл,  молда, 
имам,  православие  діні,  орыс-түземдік  мектеп, 
уезд. 
 
 
Патшалық  Ресей  ХІХ  ғасырдың  аяғы  ХХ 
ғасырдың  басында  Оңтүстік  өңірді  әскери 
отарлаумен  қатар  жергілікті  қазақ  халқын 
рухани  бодандықта  ұстап,  ұлттық  келбеті  мен 
тілінен,  дәстүрлі  дінінен  айыру  арқылы 
орыстандыру 
мен 
шоқындыру 
ісінің 
стратегиялық жоспарын жүзеге асыра бастады. 
Ең  алдымен  патша  әкімшілігінің  ұстанған 
стратегиялық бағытын жүзеге асыру үшін білім 
ошақтарын  қалыптастыру  керектігі  назарға 
алынды.  Мәселен,  Түркістан  өлкесіндегі  оқу-
ағарту  ісінінің  «белсенді  ұйымдастырушысы» 
Н.Остроумов жаулап алынған жерлердегі білім 
беру  ошақтарының  негізгі  міндеттері  мен 
мақсаты  «Түркістан  өлкесінде  орыс  мектебі 
арқылы  орыстандыру  саясаты  басшылыққа 
алынуға  тиіс»  [1,  с.40],  -  деп  атап  көрсетті. 
Отарлаушылар мұсылман халықтардың ұлттық 
рухын  қалайда  жою  ниетінде,  олардың  ұлттық 
санасын  тұмшалап,  дінінен,  тілінен,  дәстүр-
салтынан  айыру  бағытындағы  шараларды  іске 
асыруға 
ұмтылды. 
Алдымен 
мұсылман 
халықтарын 
түгелдей 
шоқындырып, 
орыстармен  сіңістіріп  жіберу  мәселесіне 
ерекше мән берді. Патша өкіметі отарлау үрдісі 
барысында  ислам  дінінің  орыс-православиелік 
үстемдікке 
қарсы 
рухани-қарсылық 
ұйымдастырушы  күш  міндетін  атқаратынын 
жақсы  түсінді.  Сондықтан  да  ислам  дінінің 
мұсылман  халықтарының  өміріндегі  ықпалын 
әлсіретіп,  соңында  оны  жоюға  үлкен  ынта 
қойды.  Осы  мақсатта  1868  жылы  қазақтардың 
діни  істері  Орынбор  мүфтилігі  қарауынан 
шығарылып тасталды [2, 15 б.]. 
 

 
21 
Сырдария  облысындағы  алғашқы  орыс  мектептері  Қазалы  және  Перовск 
форттарында ашылды.  1858 жылдың 28 тамызында Орынбор-Орск  шіркеуінің жетекшісі 
Тимашев  1  Форт  шіркеуінің  қызметкері  Александр  Победоносовқа  мектеп  ашу  құқығын 
берді.  Бұл  оқу  орны  тікелей  Орынбор  және  Уфа  епископтығы  арқылы  басқарылды. 
Осылайша  Қазалыда  алғаш  орыс  оқу  орны  1860  жылдың  21  қаңтарында  ашылды.  50 
орындық мектепке 31 ер және 2 қыз бала қабылданды. Ал Перовскіде алғаш мектеп 
1860 
жылдың  14  сәуірінде  ашылып,  оның  алғашқы  мұғалімі  болып  дін  қызметкері  Андрей 
Евграфович Малов бекітілді. 
Қазалы мен Перовскі мектептерінде білім берудің Ланкостр 
тәсілі  қолданылды.  Бұл  тәсіл  бойынша  мұғалім  тек  белсенді  оқушыларға  сабақты 
түсіндіріп,  оларды  дәріс  беруге  дайындады.  Дәрістерді  толық  меңгерген  белсенді 
оқушылар  кейіннен  мұғалімнің  бақылауымен  басқа  оқушыларға  сабақты  түсіндіруі  тиіс 
болды. Бұл тәсіл оқушылардың жалпы білімдерін көтеруде үлкен келеңсіздіктер келтіріп, 
тиімсіз оқыту әдісі деп танылды. Патша әкімшілігінің орыс мектептерін ашу барысындағы 
мақсаты  –  бұратана  балаларын  сауаттылыққа  үйретіп,  оларға  білім  нәрін  беру  емес, 
керісінше,  орыс  әкімшілігіне  қажетті  қызметшілердің  төменгі  сатыдағы  кадрларын 
дайындау арқылы отарлау ісіне пайдалану еді. Бұны 1881 жылы Н.И. Ильминскийдің бір 
әріптесіне  жазған  хатынан  көруге  болады.  Онда:  «Қырғыздардың  (қазақтар-авт.)  өз 
грамматикасын оқып білгендері  астамшылық болар. Сондықтан оларды белгілі  дәрежеге 
дейін  оқыту  қажет»  [3,  25  б.],  –  делінген.
 
Патша  өкіметі  орыстандыру  құралы  ретінде 
қараған орыс-түзем мектептеріне бұратана балаларын көптеп тартуға мүдделі еді. Алайда 
орталық үкіметтен берілген нұсқаулар өз дәрежесінде орындалмай жатты. Мәселен, 1908 
жылы Сырдария облысы бойынша орыс-түзем мектептерінің жалпы саны 35, ал олардағы 
оқушылар саны 1171 [4, 176 п], яғни әр мектепте небәрі 33 оқушыдан болды.  
1901  жылы  Ақмешіт  қаласында  орыс-түземдік  училище  ашылып,  1911  жылы  онда 
оқитын оқушылардың саны 82-ге жетті. Оның 63-і қазақ балалары еді. Облыс аумағында 
Қазан  төңкерісі  қарсаңында  небәрі  28  мектеп,  оның  ішінде,  18  мектеп  қалалар  мен 
станциялар жанындағы қыстақтарда, 10 мектеп ауылдық жерлерде жұмыс істеді. Мұның 
көпшілігі үшжылдық бастауыш мектептер (приходская школа) болатын. Бұл мектептерде 
барлығы  400-дей  бала  оқыды.  Онда  көбінесе  хатшылар  мен  тілмаштар  даярланды. 
Сонымен  бірге  Сыр  өңірінде  «Аламесек»  және  «Хан»  мектептері  жұмыс  істеді.  Бұл 
мектептерде  38  бала  оқыды  [5,  178-179  бб.].  Мұсылман  балаларын  орыс-түзем 
мектептерінде  орыстық  «білім  нәрімен  сусындатуға»  бағытталған  жұмыстарының 
сәтсіздікке ұшырауы, билік орындарын осы мәселенің астарын іздестіруге жетеледі. 
 
Өлкеде  жергілікті  қазақ  балаларын  орыстық  білім  беретін  мектептерге  оқуға 
тартудағы  сәтсіздіктің  бірден  бір  себебі,  мұсылмандық  оқу  орындарының  кеңінен 
таралуымен  байланысты  еді.  Халықтың  арасында  имамдар  мен  молдалар  жастардың 
ислам  дінінің  ұстанымдары  негізінде  тәрбиеленуін  насихаттап,  орыс-тузем  мектептерін 
«шоқындырудың»  ошағы  деп  есептеп,  мұсылман  балаларын  мұндай  оқу  орындарына 
бермеуге  үгіттеді.  Жыл  өткен  сайын  Сырдария  облыстық  халық  ағарту  басқармасына 
орыс-түзем  мектептеріндегі  мұсылман  балаларының  сабаққа  қатысу  пайызы  күрт 
төмендеп бара жатқандығы туралы хаттар көптеп түсе бастады. Мұсылман балаларының 
орыс-түзем  мектептерінде  білім  алғысы  келмейтіндіктері  саяси  және  діни  мәселемен 
түсіндірілді.  Оның біріншісі  – жергілікті мұсылман көшбасшыларының орыстарға қарсы 
күреске  шақырудағы  үгіт-насихат  жұмыстарының  жемісі  болса,  екіншісі  –  орыс-түзем 
мектептерінің  білім  беру  мазмұны  мұсылмандардың  діни  ұстанымына  мүлдем  жат 
болуында жатыр.  
Патшалық  Ресейдің  жаулап  алушылығына  дейін  де  қазақ  даласында  мұсылмандық 
білім беру жүйесі кеңінен таралған болатын. Қазақ балалары мектептер мен медреселерде 
білім  алды.  Мысалы,  Сырдария  облысында  (Ташкент  қаласын,  Шымкент,  Әулиеата, 
Түркістан,  Перовск  және  Қазалы  уездерін,  Әмудария  бөлімін  қоса  алғанда)  1892  жылы 
27082  оқушысы  бар  1497  мектеп  пен  35  медресе,  1895  жылы  28298  оқушысы  бар  88 

 
22 
мектеп пен 34 медресе қызмет етті. Мектептерде көбінесе 6 мен 15 жасқа дейінгі балалар 
оқыса, медреселерде мектептен алған білімін тереңдетуге тілек білдірген балалар оқыды. 
Орыстық  білім  беру  жүйесіне  дейін  де  жергілікті  қазақ  халқы  өз  балаларының 
мұсылманша  білім  алуына  жағдай  жасап,  исламдық-мұсылмандық  өркениет  жолындағы 
даму  үрдісін  ұстанғанын  мұрағат  құжаттарынан  байқауға  болады.
 
1909  жылы  Сырдария 
облысының  әскери  губернаторы  орталық  үкіметке  берген  есебінде  облыста  2097  мектеп 
пен  медресе,  ондағы  оқушылардың  саны  38487,  алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  өсім 
1945 балаға артқандығын айта отырып, ер балалардың санын – 32563, ал қыз балалардың 
санын - 5924 етіп көрсетеді [6, 75 п].  
Патшалық  Ресейдің  түпкі  мақсатын  сезінген  халық,  соның  ішінде,  қазақтар  патша 
өкіметінің  орыстандыру  мен  шоқындыру  саясатына  қарсы  күреске  шығады.  Ресей 
империясы  құрамындағы  мұсылмандар  ой-санасын  еркіндік  үшін  күреске  бағыттайды. 
Осындай  жағдайда  Ресей  империясының  отарлық  саясатына  қарсы  ұлт-азаттық  күресті 
бастайтын жаңа тұрпатты қоғамдық-саяси әрі әлеуметтік күш қажет болды. Мұндай күш – 
алғашында ана тілінде сауат ашып, өз ұлтының тарихы мен ұлттық ерекшеліктерін жете 
меңгерген,  кейіннен  орыс  оқу  орындарында  білім  алып,  патшалық  отарлау  аппаратында 
қызмет  жасаған  түрік  халықтарының  зиялылары  еді.  Міне,  осы  кезеңнен  бастап  өздерін 
«жәдидттер»  деп  атаған  жаңа  идеологиялық  мәдени-ағартушылық  бағыттағы  қозғалыс 
дүниеге  келді.  Жәдидшілердің  ағартушылық  реформалары  қоғамдық  өмірде  өз  орнын 
алған  феодалдық  тәртіп  пен  патшалық  Ресейдің  отаршылдық  саясатына  қарсы 
бағытталды.  Олар  баспасөз  беттерінде:  «Біз  мұсылман  халықтарының  өздерінің  завод, 
фабрикаларымен  қатар  дамыған  оқу  орындары  болып,  олардың  ерікті,  әрі  өркениетті 
болғанын қалаймыз», - деп ойларын ашық білдірді [7, 100 б.]. Ал патша өкіметі болса бұл 
идеяға  қарсы  шығып,  «мұсылмандар  еуропалық  өркениетке  тек  орыстанып  барып  жете 
алады»  деген  пікірде  болды.  Жәдидшілдер  бұл  пікірге  қарсы  шығып,  ұлттық  болмысын 
сақтай  отырып,  өркениетті  елдер  қатарына  жете  алатындығын  дәлелдеуге  тырысты  [8, 
с.133]. Отарлық езгідегі түрік тілдес мұсылман халықтарының ерікті, өркениетті болуын, 
басқа  азат  халықтармен  тең  тұруын  қалады.  Осы  себепті  олардың  қызметі  үш  бағытта 
жүргізілді:  жаңа  оқу  әдісіндегі  жәдидтік  мектептер  ашу  арқылы  ұлттық  рух  пен  сана-
сезімді көтеру; дарынды, жігерлі жастарды шетелдерде оқыту, қайырымдылық қорларын 
құру және ұлттық басылымдар шығару арқылы мықты саяси партия құруға әзірлену.  
Жәдидтік  ілімнің  негізін  Маржан  қаласында  дүниеге  келген  Шаһабуддин 
Багауиддинұлы қалады [9, 20 б.]. Ол араб, парсы, түрік елдерінде болып, отанына қайтып 
келген  соң  жәдидтік  бағыттағы  «Ғалия»  медресесін  Қазан  қаласынан  ашады. 
Ш.Маржанидің жолын ұстанған баспагер Каюм Насыри мен Исмағұл Гаспралы оны одан 
әрі дамытып, орыс езгісінен құтылу жолында бүкіл ислам әлеміндегі рухани тұтастықты 
пайдалана отырып, тарихи тұтастыққа қол жеткізу үшін күрес жүргізді. Яғни бүкіл түрік 
халықтарын оятуға, өткен тарихы арқылы өзін танытуға, ортақ мүдде жолында тұтас түрік 
қозғалысын  ұйымдастыру  жолында  аянбай  еңбек  етеді.  Әсіресе  Исмағұл  бек  Гаспралы 
түрікшілдіктің  басында  тұрған  дара  тұлға  болды.  Ол  мектеп-медреселерде  діни 
сабақтармен  қатар,  дүниетану  ғылымдары  –  математика,  жағрафия,  тарих,  биология 
секілді пәндерді оқыту заман талабы екенін насихаттады. Осы мақсатқа жету үшін ол ең 
алдымен  араб  әліпбиін  түркі  халықтарының  тіліне  лайықтап,  дыбыстық  естілу 
ерекшеліктеріне  сәйкес  бір  ізге  түсірілген  жазуға,  яғни  ескі  «Қадымшылықтан»  «усул-
жәдидке» көшу керектігін ұсынды. Оның жәдидтік ілімі қазақ даласында мешіттерде дәріс 
берген  шәкірттері  арқылы  тарады.  Әлбетте,  ерте  отарланған  татар  ұлтының  зиялылары 
жаңаша  күрес  бағытын  қалыптастыруда  ерекше  рөл  атқарды.  Демек,  татарлар  арасында 
патшалық  Ресейдің  саяси-экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени-рухани  отарлауына 
қарсы азаттық қозғалыстың қалыптасуы заңды құбылыс еді. Сондықтан да патша өкіметі 
татарлар мен қазақтарды араластырмауға барлық күшін салды. 

 
23 
Түркістан генерал-губернаторы А.В. Самсонов 1909 жылдың 14 наурызында Халық 
ағарту  министріне  жолдаған  құпия  мәліметінде,  жаңа  бағыттағы  мұсылмандық  оқу 
орындарында зайырлы білім негіздерімен қатар діни пәндер оқытылып жатқандығын айта 
келіп, былай деп хабарлайды:  «Мұндай пәндердің оқытылуымен бірге жастардың бойын 
да сепаратистік, тар ұлттық сипаттағы идеялар сіңірілуде. Бұдан әрі осылай жалғаса берсе 
мұсылмандық  оқу  орындар  тек  панисламизмнің  ғана  емес,  пантюркизмнің  ошағына 
айналуы  мүмкін»  [10,  72  п].  Самсоновтың  бұл  үрей-қорқынышының  негізі  де  жоқ  емес 
еді.  Өйткені  заманауи  талаптарға  сай  білім  беретін  мектептер,  әлемдік  құндылықтармен 
бірге  жалпы  түркілік  бірлікті  уағыздаған  болатын.  Осы  жылдары  Оңтүстік  өңірде 
түрікшілдік  идеясы  кеңінен  етек  жая  бастады.  Түркістан  өлкесіндегі  түрікшілдік 
қозғалысының  негізін  қалауда  Мүнәууар  қари  Абдурашидханов  зор  рөл  атқарады.  1908 
жылы  Мүнәууар  қари  «Шухрат»  атты  газет  шығарып,  Ресей  империясындағы  басқару 
жүйесіне  қарсылығын  ашық  білдіреді.  Оқу-ағарту  саласына  қатысты,  ол:  «Біздерді, 
мұсылмандарды, тұтқын шынжырынан азат ету үшін бір-ақ нәрсе қажет. Ол біздерді және 
балаларымызды ағарту»,
 
- деп қадап айтады.  
1909  жылдың  тамыз  айында  Ташкент  қаласында  Сырдария  облысының 
мұсылмандарына  материалдық  және  рухани  қолдау  көрсету  мақсатында  «Көмек» 
мұсылмандар  қоғамы  құрылып,  Жарғысы  бекітілді.  Жарғы  негізінде  Сырдария 
облысының  әрбір  уезінде  қоғамның  бөлімшелері  ашылып,  ағарту  саласына  қаржылық 
көмек беріп тұрады. Қоғамның құрылтайшылары Ташқожа Тұяқбаев, Низан-Қары Молда 
Хусайнов,  Молда  Абдулла  Ауляни,  Мүнәууар  қары  Абдурашидханов,  Баширулла  және 
Асадулла Ходжаевтар болды
.
  
Жоғарыда  аты  аталған  жәдидшілердің  бастамасымен  ХХ  ғасырдың  басында 
Сырдария  облысында  жаңа  әдіс  негізіндегі  мектептер  көптеп  ашыла  бастайды.  Олардың 
қатарында  Әулиеата  қаласындағы  «Шамсие»  мектебі,  Қазалы  қаласындағы  «Хусаинов» 
татар  мектебі,  Перовскі  қаласындағы  «Шаги  Ахмет  Валиуллинов»  атты  жаңа  әдісті 
мектептер  мұсылман  балаларына  білім  берумен  айналысты
.
  Ал  жалпы  Сырдария 
облысында 1914 жылы 16 жаңа әдісті мектеп жұмыс істеп, онда 1650 шәкірт білім алды. 
Оның  ішінде,  Перовскіде  3,  Қазалы  қаласында  3  мектеп  жұмыс  жасаған  [11,  7  п]. 
Жәдидтік  оқу  орындары  халық  тарапынан  кең  қолдауға  ие  болды.  Тарихи  деректердің 
бірінде: «Соңғы жылдары жаңа әдістік (усули-джедад) мектептері кеңінен таралуда, олар 
халық  арасында  үлкен  беделге  ие  және  мектептерді  ерікті  түрде  өз  ақшаларына 
қаржыландырады»,  -  делінген.  Жоғарыда  келтірілген  деректерге  сүйене  отырып, 
«империялық»  білім  беру  ісі  жергілікті  қазақ  халқы  тарапынан  жоғары  бағаланбағанын 
байқауға болады. Керісінше, мұсылмандық білім беру дәстүрі, уақыт талабына сай қайта 
құру  кезеңін  еңсеріп,  халықтың  дәстүрлі  әрі  заманауи  білімге  деген  сұранысын  өтей 
бастағандығын көреміз. 
Отарлық  әкімшілік  орындары  мұсылман  мектептерін  Түркістан  халықтарын  діни 
негізде  біріктіретін  рухани  күш  ретінде  қарап,  оның  қызметін  тежеу  жолындағы  айла-
әрекеттерге көшеді. Мәселен, мұсылмандық мектептерде орыс тілін оқытуды қатаң талап 
етіп қойып, оны орындамаған жағдайда мектептерді жабуға дейін барды. Сонымен қатар, 
Ресей  мемлекеті  құдіреттілігінің  символы  ретінде  мектеп-медреселерде  император 
суретінің ілініп тұруын қатаң талап етті.  
Патша өкіметінің жергілікті халықтарды «сауаттандыру ісінде» әкімшілік орындарға 
ең  жақын,  жанашыр  көмекшілері  православтық  шіркеу  мен  оның  миссионерлері  болды. 
Түркістан  өлкесінде  белсенді  миссионерлік  әрекетімен  көзге  түскен  «ағартушылардың 
бірі»  Н.И.  Ильминский  1860  жылы:  «Қазақтар  мұсылман  емес,  олар  шамандар.  Сол 
себептен оларды христиан дініне кіргізу оңай болады», – деп орталық үкіметке баяндаған 
болатын.  
1886 жылы Н.П. Остроумов православ миссионерлері кеңесінің жиырма жылдығына 
арналған  «Көшпелі  халықтар  христан  діні  мен  мәдениетін  қабылдауды  қалай  ма?»  атты 

 
24 
жиында:  «Ресейге  бағынатын  азиялық  көшпелілердің  адамдық  және  мәдени  тұрғыдан 
жетілуі мен православтық орыс халқымен бірігуі үшін, христиандықты қабылдаудан басқа 
жолы  жоқ.  Егер  азиялық  көшпелілер  христиан  дінін  қабылдамайтын  болса, 
мұсылмандықты  қабылдап,  еліміздің  дамуын  тежейді,  саяси  үстемдік  пен  тұтастыққа 
қатер төндіреді» [12, 15-17 бб.], – деген болатын. 
Ресей  патшалығының  өлкедегі  шоқындыру,  орыстандыру  саясаты  туралы 
Қ.Кемеңгерұлы  «Қазақ  тарихы»  атты  еңбегінде:  «Қазақты  шоқындыру  саясаты  туды. 
Мұны  орындау  үшін  ел  арасына  миссионерлер  шыға  бастады.  Бұлардың  ісі  ұлттыққа 
зияндығы  сезіле  бастаған  соң,  қазақтар  қарсы  құрал  қылып,  исламға  өте  бейімделді. 
Дүниеге  қызығып  шоқынған  орыс  қалаларындағы  қазақ  жұмыскерлерден,  ашаршылық 
жылдарда  өлім  халіне  жеткендерден,  рудан  пана  таба  алмағандардан  бірен-саран 
шоқынғандар  болды»  [13,  25-26  бб.],  -  деп  жазды.  Православ  дініне  өтіп  жатқандардың 
негізі  кедей  қазақтар  екендігін  Ресей  әкімшілігі  де  мойындайды.  Мәселен,  1902  жылы 
«Землевладение»  газетінде  жарық  көрген  И.М.  Головачевтың  мақаласында:  «...олар 
отырықшылыққа,  егіншілікке  және  православияға  өте  аз  көлемде  өтуде.  Православияны 
көбінесе кедей қазақтар қабылдауда», – деп атап өтеді. 
Патша  әкімшілігі  жергілікті  халыққа  христиан  дінін  қабылдаттыру  үшін  түрлі 
артықшылықтар  жасап,  оларға  қолдау  көрсетіп  отырды.  Православие  дініне  өткендерге 
патша  үкіметі  ақшалай  сыйақы  да  беріп  отырды.  Жергілікті  халықты  шоқындыру  ісі 
барысында  патша  әкімшілігі  әрбір  уезд,  облыс  басшылығына  өз  қарамағындағы 
тұрғындардың  діни  наным-сенімдерін  зерделеп  отыруды  тапсырған  болатын.  Мәселен, 
1899  жылы  Қазалы  уезі  тұрғындарының  діни  ұстанымын  зерделеуге  арнайы  тапсырма 
берілді.  Жоғары  басшылықтың  тапсырмасына  орай,  Қазалы  уезінің  әкімшілігі  «Қазалы 
уезіндегі  мұсылман  халқының  рухани  жағдайы»  атты  мәлімдеме  дайындады.  Онда: 
«Қазалы  уезінің көшпелі қазақтары арасында мұсылмандық діни ағымдар, Ферғана және 
Самарқан  облыстарының  отырықшыларына  қарағанда  айқын  көрінбейді.  Көшпелі 
қазақтардың өмір салты, отырықшы мұсылмандардан ерекшелеу болғандықтан, жергілікті 
қазақтар  мұсылмандық  діннің  ұйымдастырылуы  мен  басшылары  туралы  біле  бермейді, 
тек  бірен-саран  адамдардың  ғана  мұсылмандық  діни  ағымдардан  хабары  бар.  Бірақ 
барлығы  өздерін  сунниттер  екенін  біледі.  Мұсылмандардың  түрік  сұлтанын  жақтауы, 
христиандардың  саяси  ұстанымына  қайшы  келеді.  Осы  себепті  мұсылмандықты  басқа 
саяси  ағымдар  секілді  мейлінше  шектеу  керек,  өйткені  олардың  барлық  ой-арманы  мен 
мақсаты  біздің  мемлекеттілікке  қылмысты  болып  келеді»  [14,  2-6  пп],  –  делінген. 
Осылайша  отарлық  әкімшілік  шенеуніктері  мұсылмандықты  Ресей  мемлекеттілігінің 
негіздеріне  нұқсан  келтіреді  деп  түсініп,  онымен  күресуге  тырысты.  Бұл  жөнінде  Алаш 
қозғалысы көсемдерінің бірі М.Дулатов: «Енді патша шенеуніктері біздің дінімізге, атадан 
мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға тиісе бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды», 
- деп империялық саясатты айыптаған болатын. 
Ресей  жаулап  алушылығымен  бірге  Түркістан  өлкесінде  түрлі  діни  ағымдар  мен 
сектанттар  да  пайда  болды.  Бұл  православ  миссионерлеріне  «жемісті  жұмыс» 
жүргізулеріне  үлкен  кедергі  келтірді.  Сектанттар  орыс  шаруаларының  қоныстарынан 
бөлек  жерлерге  орналасып,  жергілікті  халыққа  өз  діни  ұстанымдарын  уағыздаумен 
айналысты.  Өлкедегі  сектанттар  мен  раскольниктер  негізінен  Сырдария  облысының 
Қазалы, Әулиеата және Шымкент уездеріне қоныс тепкен болатын. Қазалы уезінде түрлі 
дін өкілдерінің саны аз емес-тін. 1899 жылы болған Түркістан епархиясының оқытушылар 
кеңесінің қорытынды хаттамасында:  «раскольниктік тұрғындарының 394-і ер, 361-і әйел, 
мектеп жасына жеткен ер балалар 117, қыз балалар саны 201. Рим-католиктердің 8-і ер, 8-і 
әйел, олардың мектеп жасындағы балаларының 6-ы ер, 3-і қыз. Еврейлердің 38-і ер, 36-і 
әйел,  олардың  мектеп  жасына  жеткен  ер  балаларының  саны  18»  [15,  14-18  пп],  -  деп 
көрсетілген.  Осылайша  Сыр  өңірінде  көпэтникалық  қоғамның  негіздері  қалыптаса 
бастаған еді. Патша әкімшілігінің қысымына қарамастан, ХІХ ғасырдың екінші жартысы 

 
25 
мен  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  балалары  Қазан  қаласындағы  «Мухамедия»,  Уфадағы 
«Ғалия»,  Орынбордағы  «Хусайния»  медреселерінде  білім  алды.  Уфадағы  аталмыш 
медреседе 1907-1917 жылдар аралығында білім алған 950 шәкірттің 154-і қазақ балалары 
болған.  Олардың  арасында  59-і  мүфтилікке  емтихан  тапсырып  қорғаса,  51-і  мүдәріс,  8-і 
имам хатиб мұғалімі болып шыққан. 
Сыр  елінен  шыққан  діни-ағартушы  ұстаздар  философия,  грамматика,  лингвистика, 
шығыс  тарихы  мен  әдебиеті,  астрономия  және  т.б.  жаратылыстану  салалары  бойынша 
кәсіби  білім  алды.  Олар  негізінен  Мекке,  Медине,  Бағдат,  Шам,  Ыстанбұл,  Каир, 
Самарқанд секілді ислам мәдениеті орталықтарында білім алып, ағартушылық қызметтер 
атқарды.  Ағартушылық  қызмет  жүргізу  арқылы  ұлт  мүддесін  қорғаған  қайраткерлер 
қатарында Марал ишан Құрманұлын, Құлболды ишанды, Мырзабай ахунды, Қалжан ахун 
Бөлекбайұлын,  Алдашбай  ахун  Ерназарұлын,  Ақмырза  ишан  Төсұлын  және  т.б.  ерекше 
атап  өтуге  болады  [16,  7-10  бб.].  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  олардың  халыққа 
идеологиялық  ықпалы  басым  болды.  Діни  қызметкерлердің  халық  арасындағы  беделі 
туралы  мұрағат  деректерінде:  «Ишандар,  ахундар,  молдалар  халық  арасында  үлкен 
құрметке  және  беделге  ие,  олардың  көптеген  жақтастары  бар.  Олар  қоғамдық  пікірді 
білдіруші  әрі  тасымалдаушы,  кейбір  жағдайларда  бұқара  халықтың жетекшісі.  Бұлармен 
қарапайым  халықтың  барлығы,  сонымен  қатар,  анағұрылым  сауатты  жергілікті  ақсүйек 
өкілдері  де  санасады»,  -  делінген.  Түркітанушы  ғалым  В.В.  Радлов  ислам  дінінің  қазақ 
қоғамына  тигізген  әсері  туралы:  «Сөзсіз,  мұсылман  дінінің  әсері  арқылы  қазақтарға 
үйлерінің  жинақтылығы  мен  киім-кешектерінің  тазалығы,  отбасылық  қарым-
қатынастарының дұрыс реттестірілуі  және де  уақыт талабына сай қалыптасқан этикалық 
болмысы  тән»,  –  деп  көрсетеді.  Осылайша,  патшалық  билік  өкілдерінің  миссионерлік 
саясаты  алғашқы  жоспарланғанындай  жоғары  нәтижелерге  жетпеді.  Бұның  бірден-бір 
себебі, қазақ халқының жаулап алушыларға деген ішкі қарсылығының пайда болуы, ал ол 
өз кезегінде ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге негізделген түркі-
мұсылмандық жүйеге сүйенген еді.  
Жалпы  алғанда,  жаңадан  ашылған  жәдидшіл  мектептер  «ескі»  оқу  әдістерінен  бас 
тартып,  жаңа  оқу  жүйесіне  бет  бұрды.  Онда  мұсылмандық  ілімдермен  қатар,  заманауи 
білімдер  де  оқытылды.  Бұл  мектептер  орыстық  оқу  жүйесіне  қарсы  тұрып  бәсекелесе 
алатын  қуатты  күшке  айналды  [3,  26  б.].  Жаңа  әдістік  мектептер  беделінің  артуы 
нәтижесінде  қазақ  халқы  балаларын  білім  алуға  осындай  мектептерге  берді,  ал  орыс 
әкімшілігінің қолдауымен ашылған орыс-түземдік мектептердің оқушылары жаңа әдістік 
мектептерге  ауысып,  білімдерін  жалғастырды.  Орыс  ағарту  ісі  бәсекеге  шыдай  алмай 
көптеген мектептері қаңырап бос қалды. Оңтүстік өңірде жарты ғасырға жуық өмір сүрген 
патшалық билік жүйесі көп ұзамай-ақ өзінің осал жақтарын айқынырақ көрсетті.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал