Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



жүктеу 13.81 Kb.
Pdf просмотр
бет24/25
Дата09.01.2017
өлшемі13.81 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Молдағалиев Ж. Таза бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1984. – 344 бет. 
2
 
Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 2002, - 360 б.  
3
 
Ахметов З. Портрет / Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі,1998. – 384б.  
4
 
Жұмабаев  М.  Шығармалары.  2-том:  Әңгіме,  ғылыми  еңбек,  мақалалар,  аудармалар, 
жарияланбаған өлеңдер – Алматы: Жазушы, 2013. – 376 б. 
 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  всесторонне  рассматриваются  приемы  и  особенности  создания  художественного 
образа  первого  казахского  педагога-просветителя  И.  Алтынсарина  в  романе  Ж.  Молдагалиева 
«Чистый  родник».  В  своей  работе  автор  убедительно  доказывает,  что  писатель  изображает 
И.Алтынсарина не только как педагога-наставника, но и как общественного деятеля, озабоченного 
судьбой  народа.  Большое  внимание  в  процессе  анализа  произведения  исследователь  уделяет 
достоинствам и недостаткам прозаика в создании образа великого учителя. 
 
RESUME 
 
In  the  article  receptions  and  features  of  the  creation  of  the  first  Kazakhteacher-educator 
I.Altynsarin’s artistic image in Zh. Moldagaliev's novel «Pure Spring» are comprehensively considered. 
In the work the author in a conclusive way proves, that the writer represents I. Altynsarin not only as the 
teacher-adviser, but also as the public figure anxious by the destiny of people. During the analysis of the 
novel the researcher gives great attention to merits and demerits of the prose writer in creating the image 
of the great teacher. 
 

 
204 
ӘОЖ 81:001.4 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Р.Н. Дәрменқұлова 
С.Ж.Асфендияров атындағы 
Қазақ ұлттық медицина 
университеті,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
З.А. Абдуллина 
С.Ж.Асфендияров атындағы 
Қазақ ұлттық медицина 
университеті,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Ж.С. Дәулетбекова
 
С.Ж.Асфендияров атындағы 
Қазақ ұлттық медицина 
университеті, аға оқытушы 
Көркем 
шығармаларда 
медициналық 
терминдердің 
жұмсалым нормасы 
 
Аннотация 
Медициналық  терминдердің  қазақ  тілінде 
орнымен  жұмсалуы  мен  олардың  жалпы 
халықтық сипат алуына баса назар аудару қажет. 
Медицина  саласында  қазақша  баламасы  біршама 
қалыптасқан  терминдердің  көркем  әдебиет 
тілінде  де  қазақша  нұсқасымен  қолданып, 
терминжасамға  қойылатын  талаптарға  сәйкестігі 
сақталады.  Кәсіби  медициналық  терминдердің 
ұлттық  сипаты  көркем  әдебиет  тілінен  де  айқын 
көрінеді.  
Мақалада  көркем  шығармаларда  кездесетін 
медициналық 
термин-атаулардың 
жұмсалым 
ерекшеліктері 
мен 
нормалық 
сипаты 
қарастырылған. 
Тіліміздегі 
медициналық 
терминдердің 
қолданыстағы 
көрінісі 
мен 
құрылымдық  жайы  норма  тұрғысынан  талданып, 
көркем 
шығармаларда 
стильдік 
мақсатта 
қолданылатыны 
айтылады. 
Қазақ 
тіліндегі 
медициналық 
терминдердің 
грамматикалық 
көріністері,  жұмсалу  ерекшеліктері  тек  сөйлеу 
тілінде  ғана  емес,  көркем  әдебиет  тілінде  де  әр 
қырынан  көрінетіндігі  сипатталады.  Олардың 
көркем  шығармаларда  жұмсалуына  мысалдар 
беріліп, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалады. 
 
Түйін  сөздер:  медициналық  термин,  көркем 
шығарма,  сөйлеу  тілі,  көркем  әдебиет,  құрылым, 
тілдік қолданыс, терминдер жүйесі, талдау. 
 
 
Тіл 
қоғам 
өміріндегі 
құбылыстарға, 
өзгерістерге  сай  жаңарып,  дамып,  ұлттық 
көркемділігін  арттыра  түсуде.  Қазіргі  уақытта 
ғылыми  техникалық  прогрестің  қарқынды  даму 
жағдайында 
тіліміздің 
терминологиялық 
жүйесінде  де  жан-жақты  өзгерістер  болып,  жаңа 
ұғымдар,  жаңа  атаулар,  терминдер  пайда  болып 
тілдік  қолданысқа  еніп  жатыр.  Сондықтан 
мағынасы  айқын,  нақты  термин  жасау,  оны 
қалыптастыру, 
бірізділікке 
түсіру, 
терминологияны  жүйелеу  бүгінгі  күннің  кезек 
күттірмейтін мәселелерінің бірі болып табылады.  
Бүгінгі  таңда  қоғамдық-саяси  өміріміздe 
болған  түбeгeйлі  өзгeрістeр  мен  оң  бетбұрыстар 
қазақ  тeрминологиясын  қалыптастыру 
мeн 
дамытудың  жаңа  қағидаттарын  бeлгілeудің, 
белгілі  бір  заңдылықтарды  басшылыққа  алудың 
қажeттілігін туғызып  отыр.  Заман  талабына  сай 

 
205 
кeйбір  толықтырулардың  болу  мүмкіндігінe  қарамастан,  өткен  ғасыр  ұлт  зиялылары 
жасаған  қағидаттар,  тeрминологиялық  жұмыстарды  жүргізудe  басшылыққа  алатын  жаңа 
қағидаттар қалыптастыруға нeгіз болатындығы күмән туғызбайды. 
Терминология - үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан төңкерісінен 
кейінгі  жылдарда  ілгерілеуіне  біршама  үлес  қосқан,  терминологиялық  лексиканы 
зерттеуде  және  оның  қоғам  үшін  мәнін,  маңызын  анықтауда  А.А.  Реформатский,  В.В. 
Виноградов, Н.А. Баскаков, В.И. Сифоров, Р.А. Будагов, О.С. Ахманова, Б.О. Орузбаева, 
М.Ш.  Ғасымов,  Т.  Бертағаев  және  т.б.  зерттеуші  ғалымдардың  еңбектерінің  мәні  зор 
болды. Сонымен қатар, көрнекті ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, 
Н.  Сауранбаев,  С.  Бәйішев,  Ә.  Қайдаров,  М.  Балақаев,  Ғ.  Мұсабаев,  Ш.  Сарыбаев,  Ө. 
Айтбаев,  Ә.  Әбдірахманов,  С.  Исаев,  Ш.Құрманбайұлы  және  т.б.  ғалымдардың 
еңбектерінде  термин  жасаудың  принциптері  мен  шарттары  белгіленіп,  анықталып, 
салалық термин жасау мәселесі жолға қойылды. 
Қазақстанда  тарих  пен  ғылыми  медицинаның  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңі 
туралы  материалдары  «Түркістан  уәлаятының  газеті»  (1870-1883),  «Дала  уәлаятының 
газеті»  (1888-1902),  «Қазақ»  газеті  (1913-1918),  «Айқап»  (1911-1915)  журналы  сияқты 
мерзімді баспасөз беттерінен де кездестіруге болады.  
Қазіргі таңда қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мәселесі сөз болып отырған тұста 
медициналық терминдерді орнықтыруға көркем шығармалардың да орны ерекше. Ұлттық 
медициналық  терминологиямыздың  кемістігін  толтырып,  кемшілігін  жөнге  келтіріп, 
нормаға  түсіруде  және  оны  байытуға  ақын-жазушылар  өз  шығармалары  арқылы  үлесін 
қосуда.  Осы  орайда  классик  жазушы  М.  Әуезов  «әдеби  тілді  үнемі  жетілдіріп  отыруда 
әртүрлі  жаңа атаулар  мен терминдердің дұрыс қалыптасуына көп көңіл  бөлу керектігін» 
айтады. Демек, тілдік қолданысқа еніп жатқан жаңа термин атаулардың нормасын сақтап, 
олардың қалыптасуына баса назар аударуымыз керек. 
Ғалым М.Балақаевтың айтуы бойынша, көркем әдебиет тілі өзінің даму барысында, 
стильдік  нормаларының  шыңдалу  үрдісінде  жалпы  әдеби  тілге  ықпалын  тигізіп,  оның 
құрамында  жаңа  сөздер  мен  сөз  орамдарының  қалыптасуына,  белгілі  бір  стильдік 
заңдылықтардың  тууына  әсер  етіп  отырады  [1,  74].  Жасыратыны  жоқ,  көркем  сөз 
шеберлерінің  талғамы  жоғарылаған  сайын,  олардың  да  қоғамға  деген  жаңаша  көзқарасы 
қалыптасып,  әрбір  терминдерді,  жаңа  атауларды  стильдік  мақсатпен  жұмсап,  тілдік 
қолданыста кең өріс алуына ықпал етеді. 
Көркем  шығармаға  қойылатын  шарттар  мен  талаптар  өте  көп,  соның  ең  бастысы  – 
тіл  шеберлігі.  Әрбір  жазушының  өзіндік  ерекшелігі,  кейіпкерлері  мен  образдары, 
тақырыбы  мен  идеясы  –  барлығы  да  оның  тілі  арқылы  көрінеді  [2,  104].  Көркем 
шығарманың  мазмұны  ондағы  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  айшықты  сөздермен  бейнелеп, 
суреттеп  көрсету  арқылы  түсінілетіні  белгілі.  Жазушы  тілінің  шеберлігі  оның  халықтың 
сөйлеу  тілінің  үлгілерін,  көбінесе  ауыз  әдебиетінің  мол  қазынасынан  алынған  мақал-
мәтел,  қанатты  сөздерді,  көркемдеу  құралдарын  шебер  пайдаланып,  ойнақты  өрнек, 
айшықты кестелер жасай білуінде.  
Көркем  шығармалар  тілінде  медициналық  терминдер  мен  атаулар  сөздер  және 
бірнеше компонентті сөз тіркестері түрінде кездесіп, қазақ тілінің сөздік қорын молынан 
толығуына себептігін тигізеді.Тілді өзгерту ойды өзгертумен тең дегендей тіл мәселесі аса 
жоғары  жауапкершілікпен  қарауды  қажет  етеді.  Республикамызда  денсаулық  сақтау  ісі 
мен  медицина  ғылымының  қарқынды  дамуы  көрнекті  ақын-жазушылардың 
шығармаларына өз әсерін тигізуде.  
Көркем шығарма стилі тілдің әр түрлі көркемдік тәсілдері арқылы көркем образдар 
жасауды мақсат еткендіктен, онда кездесетін кейбір медициналық терминдер нормасынан 
ауытқып  жұмсалса,  енді  бірі  халықтық  атаулармен  беріліп  жатады.  Кейбір  жағдайларда 
медициналық  аталымдардың  синонимдері  жарыса  қолданылып  жататын  тұстары  да 
байқалады. Мұндай заңдылықтың сақталуы әрі жүйе, әрі норма. 

 
206 
Төмендегі мысалдарға назар аударайық: 
1-кесте 
№ 
 
Шығарманың 
авторы, аты 
Мысалдар 
1.
 
 
Дулат Исабеков 
«Мазасыз күндер» әңгімесі 
Шешесі Танакүл қылтамақтан қайтыс болды. 
2.
 
 
Мұхтар Әуезов 
«Абай жолы» 
роман-эпопеясы 
Дәркембай қатты демігіп ап, Құнанбайдан әлі де өткір 
көзін тайдырған жоқ.  
 
3.
 
  Бердібек Соқпақбаев  
«Бурыл ат» 
әңгімесі 
 
Әйелдер  емшектегі  балаларын  ала  келіп,  жыласа 
омырауларын  жарқыратып  ашып  емізіп  отырғанын 
көресің. 
4.
 
  Тәкен Әлімқұлұлы 
«Қараой» әңгімесі 
Денесінің қызуы тарқап, көзінің домбығы басылайын 
деді. 
5.
 
  Тәкен Әлімқұлұлы 
«Қараой» әңгімесі 
Баяғыда біреудің қатыны толғақтан өлерде осы шегір 
көз шошытып, іш тастатқан деседі.  
6.
 
 
Төлен Әбдіков 
«Оң қол» әңгімесі 
Бір ғажабы қыздың жүріс-тұрысынан, сөзінен сырқат 
белгісі байқалмайды.  
7.
 
 
Сәбит Мұқанов 
«Ботагөз» романы 
-  Кім  тықты?  Не  сандалып  отыр  мынау  құрт  ауру, 
ілбиіп  өлейін  деп  отырған  неме!  –  деп  десятник 
Айбалаға ақырып тастады. 
 
Жоғарыда  келтірілген  бірінші  мысалдан  көріп  отырғанымыздай,  мұндағы 
медициналық термин (қылтамақ) халықтық атауымен берілген. 
Қылтамақ  дегеніміз  -  бұл  өңештің  қатерлі  ісігі  (тамақтан  ас  өтпей  қалатын  ауру). 
Балық  қылтықтарынан,  тым  ащы  тағамдарды  жеген  кезде  жырып  кетуінен  жара  пайда 
болады. Ол жараны қылтамақ дейді. Автор бұл ауруды өңештің қатерлі ісігі деп атамай, 
халықтық атауымен түсінікті етіп жеткізе білген. 
Екінші  сөйлемдегі  курсивпен  жазылған  демігу  сөзінің  бірнеше  синонимдік  қатары 
бар. Олар: ентігу, алқыну, демігу, солықтау, танаулау. Бұлардың барлығы аптығып жүрегі 
қысылу, өкпесі өшу деген мағынаны білдіреді [3, 94]. 
Қазіргі  көркем  әдебиетте  жарыса  қолданылып  жүрген  синонимдердің  көп  екенін 
мойындаймыз. Бұл жерде автордың өзіне тән сөз саптау ерекшелігін байқатады. 
Үшінші  қатардағы  жазушы  Б.Соқпақбаевтың  келтірген  сөйлемінен  мынаны 
байқаймыз.Сүт өндіретін ағзаны ауызекі сөйлеу тілінде «омырау»,  «кеуде» деп астарлап, 
бейнелі түрде ауыспалы атаулармен айта береді. Дегенмен медицинада бұл ағзаның нақты 
терминдік  атауы  «емшек»  екенін  барлығымыз  білеміз.  Сондықтан  медициналық  ғылым 
тілінің барынша нормаға сәйкес жұмсалуына үлкен мән берген жөн. 
Жоғарыда  берілген  төртінші  сөйлемдегі  көзінің  домбығы  деген  тіркестің  орнына 
көзінің  ісігі  деп  қолданса  да  болады.  Бұл  жерде  соңғы  нұсқасы  аурудың  белгісін  нақты 
көрсетіп  тұрғандай  көрінеді.  Ал,  бесінші  сөйлемдегі  іш  тастату  деген  тіркес  орынсыз 
жұмсалған. Мәселен, Баяғыда біреудің қатыны толғақтан өлерде осы шегір көз шошытып, 
баласы  түсіп  қалды  (немесе  түсік  тастады)  десе,  әлдеқайда  дұрыс  болар  еді.  Әйелдің 
өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр  жүк көтеру 
т.б.) байланысты болады. Сондықтан сөйлемдегі іш тастатудың (көбіне бұл тіркесті малға 
қатысты айтады) орнына түсік тастау қолданылса, әдеби тіл нормасына лайық жұмсалған 
деп айтуға болады. 

 
207 
Тілімізде кейбір сөздер (сырқат, дерт, ауру, науқас) бірінің орнына бірі қолданылып, 
көркем шығармалар тілінде де көрініс тапқаны белгілі. Оны алтыншы сөйлемнен (сырқат 
белгісі) көруге болады. 2006 жылы медицина саласы бойынша біраз терминдерді бекіткен 
болатын.  Солардың  ішінде  әр  ұғымды  өз  мағынасында  қолдану  мақсатында  сырқат-
больной, ауру, дерт-болезнь болып бекітілген болатын. Демек, «Бір ғажабы қыздың жүріс-
тұрысынан,  сөзінен  ауру  белгісі  байқалмайды»  деген  жөн  сияқты.  Демек,  бұл 
терминдердің де әрқайсысының өз орнын, өзіндік мәнін айыра білу қажет. 
Соңғы жетінші сөйлемдегі құрт ауру да бірінші сөйлемдегі қылтамаққа ұқсас болып 
келеді.  Медициналық  ғылыми  тілде  құрт  ауруын  «туберкулез»  деп  атаса,  ел  арасында 
туберкулезді «өкпе құрты», «құрт ауруы» деп атайды.  
Медициналық  терминдер  күнделікті  сөйлеу  тілімізде  болсын,  көркем  шығарма 
тілінде  болсын  әр  түрлі  стильге  байланысты  әр  дәрежеде  (бірде  жиі,  бірде  сирек) 
қолданылады. Бұл осындай терминдердің туу жайлары мен себептерін, өзгеруі мен даму 
бағытын, олардың нормаға түсу жолы мен тарихын айқындауға себебін тигізбекші.  
Құрылымы мен қызметі біртұтас жүйелі құбылыста болатын тіл- белгілі бір тұлғалар 
арқылы  дамып  отырады.  Қазақ  тіліндегі  термин-атаулардың  жасалу  заңдылықтары  мен 
олардың  өзгеру  тенденциясы,  айырым  белгілері  оның  құрамына  енетін  жеке  сөздер 
тіркесінен айқын көрінеді. 
Қазақ тіліндегі медициналық терминдердің қолданысында өзіндік бір ерекшеліктері 
де  жоқ  емес.  Олардың  барлығы  тұлғалық  көрінісінде,  қолданылу  жиілігінде  ептеген 
айырмашылық бары анықталды. 
Кейбір  медициналық  терминдердің  баспасөз  бeттeріндe  және  көркем  шығармалар 
тілінде  жарыспа  нұсқаларының  орын  алуының  өзіндік  сeбeптeрі  бар.  Медицинаның 
салалары  бойынша  үздіксіз  eніп  жатқан  жаңа  атаулар  қай  тілдe  болсын  бірдeн 
қалыптасып,  сіңісіп  кeтe  бeрмeйтіні  белгілі.  Осы  тұста  тілдік  қолданысқа  енген 
тeрминдeрді бeлгілі бір жүйeгe түсіріп, біріздeндіріп отыратын арнаулы тeрминологиялық 
комиссияның атқарар міндеті жоғары. 
Медициналық  терминдердің  дұрыс  баламасын  тауып,  оны  орынды  қолдану 
тіліміздегі  сол  саладағы  термин  сөздердің  жалпыхалықтық  түсінікті  сөзге  айналып, 
орнықты  сипат  алуына  ықпал  етеді.  Р.А.  Будаговтың  мына  пікіріне  назар  аударайық  : 
«Әдеби  тілдің  құндылығы  сол  -  оның  нормаларын  меңгерген  адам  оны  жазба  тілде  ғана 
емес, ауызекі тілде де қолдана береді. Жазушылар тілі осы нормаға бағытталса да, оның 
өзіндік көп жаңалықтары болады. Бұған қоса көркем әдебиет тілі тек қана коммуникативті 
емес, эстетикалық та мақсатты көздейді», -деген пікірі өте орынды [4, 9]. 
Қай кезде де терминдер толық мәнінде сапалы, жалпыға түсінікті, мағынасы айқын, 
нақты болуы керек. 
1.  Ә.Кекілбаевтың  «Аш  бөрі»  атты  әңгімесіндегі  мына  сөйлемге  назар  аударайық: 
Мойнын  жұлқына  бұрғанда,  өңдіршегі  сорайып,  тамағының  астындағы  күре  тамырдың 
бәрі күдірейіп шыға келді. 
2. Тәкен Әлімқұлұлының «Ақырғы қуаныш» әңгімесіндегі «Шалдың серігі - мылқау 
баласы Ыбан» деген сөйлемдегі мылқау сөзіне түсініктеме бере кетейік.  
Мылқау  естімейтін  және  сөйлей  алмайтын  адам,  құлақ  ішінің,  есту  жүйкесінің 
қабынуы салдарынан іштен туа бітуі не жүре келе пайда болуы мүмкін. 
Жоғарыда  берілген  сөйлемдердегі  күре  тамыр,  мылқау  сөздері  бірі  медициналық 
термин  болса,  екіншісі  ауруға  берілген  атау.  Сөз  етіп  отырған  медициналық  термин- 
атаулар әдеби тіл нормасына сай жұмсалып тұр. 
Медицина  терминдеріне  қатысты  таңдаулы  мақалалар  жазып  жүрген  ғалым 
М.Ахметов  айтқандай,  қазіргі  ғылыми  қазақ  тілі  даму  үстінде.  Терминологияның 
дамуына, қалыптасуына ықпал ететін, бастамашы болатын – әр саланың ғалымдары [5, 4]. 
Осы  бағытта  жұмыс  істейтін  мамандар  терминдер  мен  атауларды  медициналық 
терминологияға  сәйкестікте  қарастырып,  арнайы  талаптар  мен  нормаларға  сай  келуін 

 
208 
қадағалау  қажет.  Осы  орайда  медицина  саласына  қатысты  термин  сөздерді  бірізділікке 
түсіру мақсаты көзделеді.  
Академик  Ә.Қайдаровтың  «Қазақ  терминологиясына  жаңаша  көзқарас»  деген 
еңбегінде  қайта  түлеу  үстіндегі  әдеби  тіліміздің  болашақ  даму  үрдістерін  белгілеуде 
шешуші  рөл  атқаратын  бір  саласы  –  қазақ  терминологиясының  толғақты  мәселелерін 
жаңаша  қарастырып,  академик  мынандай  келелі  пікір  айтады:  «Егеменді  ел,  тәуелсіз 
мемлекеттің  басты  белгілерінің  (атрибуттарының)  бірі  –  мемлекеттік  тіл  десек,  оның 
негізгі  тіректерінің  бірі  –  терминологияны  жан-жақты  дамытуға,  реттеуге, 
қалыптастыруға,  кеңінен  қолдануға  сол  мемлекеттің  өзі  қамқорлық  жасауы  керек. 
Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен 
қазақ тілінің төл бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану. 
Бұл  –  термин  саласында  бұрыннан  келе  жатқан  негізгі  де  дәстүрлі  принцип.  Бірақ 
терминология мәселесінің бүгінде күн тәртібіне қайта қойылуына себеп болып отырған да 
осы негізгі принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі» [6, 9-10]. 
Осы заманғы медицина ғылымының дамуына байланысты туындаған жаңа ғылыми 
ұғымдар  мен  концепциялар  медицина  лексикасының  үнемі  жаңа  терминдермен  толығып 
отыруына  себепкер  болып  отыр.  Медициналық  терминдердің  нормадан  ауытқымай 
жұмсалуына  жазушылар  да  өз  шығармаларында  көңіл  аударады.  Қажет  жерінде 
терминдердің  қазақша  баламаларын  беріп,  олардың  тіл  заңдылықтары  негізінде 
сақталынып  отырылуы  қадағаланады.  Кейбір  жағдайда  ішкі  даму  үрдісі  негізінде, 
қоғамдық-әлеуметтік  өзгерістерге  икемділігі  арту  үшін  жаңа  ұғым,  мағына  я  образ 
жасауда  норманың  шеңберін  бұзып,  нормадан  ауытқып  та  кетеді.  Әрине,  мұндай 
ауытқулар жөнімен, оқырман сезіміне жағымды әсер ету үшін қажеттіліктен туған болып 
табылады. 
Көрнекті  ғалым  С.Исаевтың  пікіріне  назар  аударайық:  «Көркем  шығарма  тілі,  бір 
жағынан, тілдік нормаларды қалыптастырып, тұрақтандырып отырса, екінші жағынан, ол 
нормадан ауытқуға, жаңа норма жасауға да мұрындық болып, әдеби тілдің үнемі дамып, 
өзгеріп  отыруына  әсер  етеді»  [7,  29].  Көркем  шығарма  тілінің  айналымына  түскен  жаңа 
термин  болсын,  жаңа  атау  болсын  әрқайсысы  жеке  дара  өмір  сүрмей,  тілдік  қарым-
қатынас  жүйесіне  бағынып,  негізгі  көркем  стильдің  икеміне  түсіп,  соның  көлеңкесінде 
көркемдік мәнге ие болуға жұмылады. 
Жалпы айтқанда, көркем әдебиет тілінде медициналық терминдерді қолдана білудің 
шеберлігі  жазушының  айтар  ойын  да,  алға  қойған  мақсатын  да,  бағытын  да,  оның 
шеберлігін де айқын таныта алады.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы: Ғылым, 1984. - 184 б.  
2
 
ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. - Астана: Елорда, 2000. - 344 б. 
3
 
Синонимдер сөздігі. - Алматы: Дәуір, 2001. - 311 б. 
4
 
Будагов Р.А. Французская стилистика. – М., 1961. – C.9. 
5
 
Ахметов  М.  Медицина  терминдерін  аударуда  ала-құлалық  байқалады  //  Ана  тілі.  – 
2013. – № 10. (1164). - 7-13 наурыз. - 4-б. 
6
 
Қaйдaрoв Ә. Қaзaқ тeрминoлoгиясынa жaңaшa көзқaрaс. – Aлмaты: Рауан, 1993. - 43 б. 
7
 
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1989. - 192 б. 
 
 
 
 
 
 

 
209 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассмотрены  нормы  и  особенности  употребления  медицинских  терминов, 
используемые в художественных произведениях.  
 
 
RESUME  
 
In the article there were considered the norms and peculiarities of using  medical terms in literary 
works. 
 
 

 
210 
ӘОЖ 81’373;001.4 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ә.Ж. Әміров 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Б.И. Досанов 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті, аға оқытушы 
 
А.Қ. Бисенбаев 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті, аға оқытушы 
 
Терминком – 
терминологияға 
ықпал етуші 
маңызды 
факторлардың бірі 
 
Аннотация 
Терминком  өз  жұмысын  кеңес  дәуірі 
тұсынан,  нақтырақ  айтар  болсақ,  1933  жылдан 
атқарып келеді. Содан бері біршама уақыт өтсе 
де терминком тарапынан атқарылған жұмыстар 
қаншалықты  дәрежеде  оң  нәтиже  берді,  не 
болмаса  қандай  кемшіліктер  орын  алды, 
сондай-ақ  қазіргі  терминком  қандай  болуы 
керек,  қандай  істерді  жүзеге  асыруы  тиісті 
деген  сұрақтар  реті  туындайды.  Осы  орайда 
бұл  сияқты  өзекті  мәселелер  негізіндегі 
ұсыныстар 
мақалада 
ғылыми 
тұрғыда 
ұсынылады. 
Мәселен, 
біріншіден, 
терминкомда 
құзырет  болуы  тиіс  екендігі,  сол  құзырет 
негізінде  терминком  беделі  мен  өкілеттілігін 
күшейте  алатын  құжат,  негіздеме  болуы 
тиістілігі айтылды. 
Екіншіден,  ұсынылған  құзырет  пен 
негіздеме  болған  жағдайда  арнайы  штаттық 
кестесі  мен  лауазымды  қызметкерлері  бар 
мекемеге айнала алатындығы сөз болды. 
Үшіншіден,  құзыреті  бар,  қадағалау 
өкілеттілігі  бар  мекеме  ретінде  қалыптасқан 
соң,  терминкомның  терминология,  терминтану 
саласындағы 
өзекті 
мәселелерді, 
тиімді 
тетіктерді  зерттеп,  талдап,  тексеруі  міндетті 
екендігі көрсетілді.  
Түйін  сөздер:  Термин,  терминология, 
терминком,  терминком  жұмысы,  терминдерді 
реттеу, 
бекітілген 
терминдер, 
құзірет, 
терминтану ғылымы. 
 
 
Өзге 
тілдік 
қабаттар 
секілді 
терминологияға ықпал етуші тілдік және тілден 
тыс 
факторлар 
бар 
десек, 
соның 
маңыздыларының  бірі  –  терминологиялық 
комиссия 
жұмысы 
болып 
табылады. 
Терминком  –  терминдерді  реттеу,  бірізге 
түсіру, 
үйлестіру 
жұмысын 
атқаратын, 
терминдердің  қолданылуға  тиісті  нұсқасын 
бекітіп 
беріп 
отыратын 
құзіреті 
бар 
мемлекеттік  мекеме.  Терминком  терминология 
мен  арнаулы  сөздерді  қарастырып,  бекітуші 
мекеме  ретінде  барлық  елдерде  қызмет  етеді, 
бар.  Жалпы,  тілші-ғалымдар  арасында  да, 
салалық ғылымдардың зерттеушілері  арасында 
да  терминкомның  терминологияны  реттеудегі  

 
211 
рөлі үлкен мекеме болып саналады. Расында, солай ма, Қазақстандағы терминком қандай, 
ол  терминологияға  ықпал  етуші  фактор  ретінде  қарастырыла  алады  ма  деген  сияқты 
терминкомға қатысты бірнеше сұрақтар реті туындайтындығы сөзсіз. Бұл мәселелер жан-
жақты талдауды қажет ететіндігі, қазіргі қазақ терминологиясы үшін тілдік тұрғыдан да, 
тілдің,  терминологияның  әлеуметтік  жағдайы  тұрғысынан  да  маңызды.  Дегенмен, 
терминком  қызметі  мен  оның  қызметінің  қандай  болу  керектігі  бізге  дейін  ғалымдар 
тарапынан  талданып,  тұжырым  жасалып  жүрген  мәселе  [1,5].  Соған  қарамастан, 
терминкомның терминологияға ықпал етуші  фактор ретіндегі қызметін өз тарапымыздан 
да талдап өтуді жөн көрдік.  
Терминкомның – терминологияға әсер етуші әрі тілдік, әрі тілден тыс фактор ретінде 
ықпал ететіндігін айтып өтуге тура келеді. Өйткені мекеме ретінде бұл ұйым терминдерге 
қатысты  тілдік  мәселелерді  қарастырумен  бірге,  әкімшілік  ресурсы  бар  мекеме  ретінде 
тілден  тыс  ықпал  ету  қызметін  де  жүзеге  асыра  алады.  Бірақ  қазіргі  Қазақстандағы 
терминкомның  осы  қызметтерді  атқара  алып  отыруы,  болашақта  атқару  мүмкіндігі 
тоқталып өтуді керек етеді. Өйткені, шындап келсек, 1933 жылдан бері қызмет етіп келе 
жатқан  терминком  қазіргі  кезде  терминдердің  ғылыми  коммуникацияда  бірізді 
қолданылуына ықпал ете алмай, қамтамасыз ете алмай отыр.  
1933 жылдан қызмет  еткен мекеме кеңес дәуірі  тұсында қазақ терминологиясының 
өзгерістеріне өз мүмкіндігінше ықпал етіп, даму мен қалыптасуға септігін тигізді. Әрине, 
өз кемшіліктері де болды, оны да жоққа шығаруға болмас. Бірақ терминкомның көптеген 
жылдар бойы қазақ терминологиясының әр түрлі кезеңдерден өтуіне жасаған ықпалы мен 
рөлін бір жақты сызып тастап, жоққа шығару да ғылыми әдепке сай келмейді. Бір сөзбен 
айтқанда,  Қ.  Жұбановтан  бастау  алған  терминком  жұмысы,  мүмкіндігінше,  әр  кезеңде 
қазақ терминологиясының қалыптасуына ықпал ете алғандығын айтуымыз қажет.  
Алайда  қазіргі  терминком  жұмысының  қарқыны  мен  ауқымын,  құзіретін  әр  түрлі 
бағалауға  болады.  Бір  жағынан,  өз  мүмкіндігінше  терминком  терминдерді  реттеуге  үлес 
қосып жатса, екінші жағынан, бұл атқарылып жатқан жұмыстар қазіргі терминологияның 
даму  деңгейі  тұрғысынан  жеткіліксіз  болып  есептеледі.  Олай  бағалау  орынды.  Өйткені 
қазіргі терминком жұмысының бұлай бағалануы бірнеше себептермен байланысты. 
Біріншіден,  қазіргі  терминологияның  даму  деңгейін  кезіндегі  кеңестік  кезеңдегі 
және оған терминологияның даму деңгейімен салыстыруға болмайды. Терминологияның 
теориялық  және практикалық  мәселелерінің дамуымен  байланысты  шешуді  қажет  ететін 
мәселелер  реті  ұлғайды.  Кеңестік  дәуірде  терминком  да,  терминологиямен  айналысушы 
басқа  мекемелер  де  қазақ  терминологиясының  мәселелерін  зерттеуге  азырақ  көңіл 
бөлгендігін  де  ескермеуге  болмайды.  Бұдан  шығатын  тұжырым  –  қазіргі  қазақ 
терминологиясында  зерттеп,  талқылайтын  мәселелер  жинақталып  қалған.  Оның  үстіне, 
әлемдік терминтану ілімі терминдерді қарастыруда, оны реттеуде басқа дамыған, жетілген 
технологиялар  мен  тетіктерді  енгізіп  отыр.  Осы  мәселелер  тұрғысынан  келгенде,  қазіргі 
интеграциялық  кезеңде  қазақ  терминологиясындағы  атқарылып  жатқан  азды-көпті 
жұмыстардың  терминдерді  ретке  келтіру,  бірізге  түсіру  жұмыстарын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндігі  жете  бермейді.  Яғни  жасалып  жатқан  жұмыстар  реті  терминтанудың 
қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыра алмайды.  
Екіншіден,  қазіргі  қазақ  терминологиясындағы  терминдерді  аудару  ісімен. 
байланысты  қалыптасып  отырған  жағдай  көптеген  жаңа  терминдердің  өмірге  келуіне 
ықпал етіп отыр. Айына бір рет жиналатын терминком осының барлығын қарап, талдап, 
дұрыс жобасын ұсынып үлгереді деп айту қиындау екендігі түсінікті.  
Үшіншіден,  терминком  айына  небәрі  50-60  қана,  кейде  тіпті  одан  да  аз  терминдер 
санын бекітумен айналысады. Бұл қазіргі терминдерді реттеуге жеткіліксіз екендігі анық. 
Қалыптасып  отырған  жағдай  терминдерді  реттеу  ісінде  ауқымды  істердің  барлығынан 
ақпарат береді.  

 
212 
Төртіншіден, бекітілген терминдердің қолданысы бақылауды қажет ететіндігі анық. 
Өйткені  кез  келген  бұйрықтың,  заңның,  өкімнің,  қаулының,  жарлықтың  орындалуы 
құзіретті  органдар  тарапынан  зерттеліп  отырады.  Бұл  еліміздегі  заңды  мекемелердің 
барлығында  жүзеге  асырылатын  үрдіс.  Өкінішке  орай,  қазіргі  терминкомда  мұндай 
мүмкіндік  пен  құзырет  бар  деп  айта  алмаймыз.  Өйткені  бекітілген  терминдердің 
қадағалануы  заңды  күшке  ие  емес.  Әрі  айына  жиналған  комиссия  мүшелері  аздаған 
терминдерді  талқылаумен  шектелетін  комиссияның  олардың  түрлі  ғылым  салаларында 
жазылып  жатқан  монографиялар  мен  оқулықтарда,  ғылыми  еңбектерде,  бұқаралық 
ақпарат құралдарында қолданылуын бақылап, тексеріп отыратын уақыты да, мүмкіндігі де 
жоқ екендігі анық. Демек, қазіргі терминкомның терминдерді бекіту ісімен айналысуы да 
шартты үрдіс болып табылады.  
Бесіншіден,  терминдер  қолданылатын  ғылыми  еңбектердің  баспа  бетінен  жарық 
көруін  қадағалау  тетігі  де  елімізде  жоқ.  Өйткені  нарықтық  экономика  заңдылықтарына 
негізделген  баспа  ісі  еңбектің  қажеттілігі  мен  қажетсіздігін  анықтап  жатпайды.  Тек 
шартты  түрде  ғылыми  мамандардан  пікір  алумен,  ұсыныс  алумен  шектеліп,  кез-келген 
кітапты  немесе  еңбекті  қаржысына  қарай  басып  шығарумен  айналысады.  Бұл  да  – 
терминдер  қолданылатын  ғылыми  басылымдар  мен  еңбектердің  қадағалауға  кері  ықпал 
ететін факторлардың бірі болып табылады. Демек, терминкомға шыққан кітаптарға талдау 
жасаумен айналысуға тура келеді деген сөз.  
Алтыншыдан, қазіргі терминдерге байланысты сала-сала бойынша терминологиялық 
сөздіктер  көптеп  шығарылуда.  Сөздіктердің  көптеп  шығарылуы  орынды-ақ  шығар. 
Орынды  дейтін  себебіміз  –  көпшілік қажеттілігін қанағаттандыратын  сөздіктер  санының 
көп  болғаны  орынды.  Басқа  жағынан,  терминдерді  қалыптастыру  ісіне  олардың  көптеп 
шығарылуы оң ықпал етуге тиісті. Яғни көптеп шығарылған терминологиялық сөздіктер 
жаңа  терминдер  санының  сұрыпталуына,  сұрыпталған  нұсқаларының  қолданыста 
орнығуына  ықпал  етуге  тиісті.  Мысалы,  биология  саласына  қатысты  оқулықтар  мен 
ғылыми еңбектерде түрлі нұсқаларда қолданылып келген клетка термині жасуша, торкөз 
нұсқаларында әр түрлі нұсқада қолданылып келіп,қазірг оқулықтарда бірізге түсе бастады. 
Оған ғалымдардың талдау еңбектерінің үлесі де болды.  
Осы  терминком  жұмысымен  байланысты  ерекшеліктер  мен  себептердің  әрқайсысы 
терминкомның терминдерді реттеуде ықпалды мекеме бола алуға мүмкіндігі бар екендігін 
де  дәйектей  түседі.  Дегенмен,  аталған  өзекті  мәселелер  ретіне  үңіле  отырып,  қазіргі 
терминком  қандай  болуы  керек  еді,  қандай  істерді  жүзеге  асыруы  тиісті  деген  сұрақтар 
реті туындайтындығы сөзсіз. Осы ретте жоғарыдағы өзекті мәселелер негізінде ұсыныстар 
ретін ғылыми тұрғыдан ұсынған орынды деп білеміз.  
Біріншіден,  терминкомда  құзырет,  сол  құзырет  негізінде  терминком  беделі  мен 
өкілеттілігін  күшейте  алатын  құжат,  негіздеме  болуға  тиісті.  Осы  жағдайда  ғана 
терминком  қадағалаушы,  бақылаушы  органға  айнала  алады.  Осы  жағдайда  бекіту  үрдісі 
терминком үшін шартты болумен шектелмей, орындалумен байланысты бола алады. Бұл 
терминдерді реттеу ісіндегі терминкомның беделін өсіріп қана қоймай, оның терминдерді 
үйлестіру ісінде нақты қадамдарға, іс-әрекеттерге баруына мүмкіндік береді.  
Екіншіден, жоғарыда ұсынылған құзырет пен негіздеме болған жағдайда, терминком 
айына бір рет жинайтын салалық мамандар құрамымен шектеліп жұмыс істейтін мекеме 
болмай,  арнайы  штаттық  кестесі  мен  лауазымды  қызметкерлері  бар  мекемеге  айнала 
алады.  Бұл  да  терминкомның  нақты  қадамдар  жасауына,  беделін  өсіруіне,  терминдерді 
шынайы реттеуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. 
Үшіншіден,  мұндай  құзыреті  бар,  қадағалау  өкілеттілігі  бар  мекеме  ретінде 
қалыптасқан  соң,  терминкомның  терминология,  терминтану  саласындағы  өзекті 
мәселелерді,  тиімді  тетіктерді  зерттеп,  талдап,  тексеруі  міндетті  қажеттілік  ретінде 
туындайды.  Яғни  терминком  тек  бекітумен,  тексерумен  айналысатын  емес,  тиімді 
тәсілдер мен әдістерді, тетіктерді зерттей отырып, ұсынатын да мекеме ретінде қалыптаса 

 
213 
алады.  Бұл  жағдайда  терминология  саласына  қатысты  өзекті  мәселелер  арнайы 
орталықтан  зерттеліп,  әлемдік  елдердің  тәжірибесіндей  терминтануға  қатысты  орталық 
немесе  ұйым  ретінде  жұмыс  істей  алған  болар  еді.  Біздің  ойымызша,  терминкомның 
осындай  талаптар  бойынша  жұмыс  істеу  деңгейіне  жетуі  қазіргі  ғылым,  білім 
саласындағы  интеграция  үшін  де,  алдыңғы  қатарлы  әлем  елдерінің  қатарына  қосылуы 
тұрғысынан да маңызды болған болар еді.  
Зерттеу  барысында  терминком  жұмысындағы  өзекті  мәселелер  мен  сол  мәселелер 
негізіндегі ұсыныстарды, әлемдік елдердің тәжірибесін негізге ала отырып тығыз бірлікте 
талдап көрсетуді мақсат етілді. Расында, мәселе мен қажеттіліктен туындаған ұсыныс бір-
бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі айқындап отырған факторлар болып табылады. Осы 
мәселелер  ретінің  шешілмеуі  қазіргі  қазақ  терминтану  ілімінің  дамуында  кері  ықпал 
ететін  факторлар  ретінде,  ал  шешімін  тапқан  жағдайда,  терминком  болсын  немесе 
терминком  жұмыстарын  жүзеге  асыратын,  басқаша  аталатын  мекеме  болсын 
терминологияның  дамуына  ілгері  ықпал  ете  алатын  маңызды  факторлар  ретінде 
айқындалуға тиісті.  
Ғалымдар  тарапынан  қазіргі  терминкомның  кезінде  30-ға  жуық  алаш  зиялылары 
атқарған  жұмыстарды  атқара  алмай  отыр  деп  сыналуы  да,  мыңдаған  терминдерді 
қалыптастырып кеткен алаш зиялыларының ісін қазіргі ғалымдар жалғастыра алмай, 300-
дей  ғана  терминдерді  реттеумен  шектеліп  отыр  деп  талдануы  да,  терминкомды 
басқаратын  лауазымдық  тұлғалардың  әр  кезеңде  тағайындалған  министрлерден 
тұратындығы  да  негізсіз  емес.  Осының  бәрі  қазіргі  терминологиядағы  шешілмей  жатқан 
мәселелердің жиынтығына өзек болып табылады.  
Аталып өткен әлемдік елдердің тәжірибесі мәселесіне тоқталсақ, терминдерді реттеу 
арнайы  мекеме  арқылы  жүзеге  асырылып  отырғандығына  дәлелдер  келтіруге  болады. 
Мысалы,  бір  ғана  Ресейде  терминология  мен  Терминологиялық  комитет,  Стандарттау 
комитеті  және  Мәскеу  мемлекеттік  университетінің  жанынан  ғалым  В.А.  Татаринов 
құрған «Ростерм» ұйымдары жұмыс істейді. Аталған ұйымдар тек терминдерді бекітумен, 
реттеумен  айналыспай,  оның  өзекті  мәселелерін  зерттеумен  де  айналысып,  терминтану 
ғылымымен  айналысатын  зерттеушілер  біріктіретін,  шет  елдік  ұйымдармен  қарым-
қатынас жасайтын, тәжірибе алмасатын мекемелер болып табылады. 
Еуропа  елдерінің  барлығында  да  дерлік  арнаулы  лексиканы  реттеп,  зерттейтін 
мекемелер бар. Қазіргі кезде LSP бұл елдердің көпшілігіне түсінікті шартты қысқартылған 
термин атауы. Ол арнайы мақсатта қолданылатын тіл деген мағынаны білдіреді.  
Демек,  қазақ  терминтану  ілімі,  соған  сәйкес  терминдерді  реттеу  ісі  шынайы  қолға 
алыну үшін осындай мекеменің құрылуы уақыт талабынан туындаған қажеттілік, термин 
қалыптастыру  ісіне  ықпал  ететін  маңызды  фактор  болып  саналады.  Өйткені  мұндай 
мекеме  немесе  ұйым  әрі  тілдік,  әрі  тілден  тыс  факторларды  біріктіре  алатындығын 
негіздеп  өттік.  Бұл  мәселені  мемлекет  тарапынан  қолға  алу  кезек  күттірмейтін 
мәселелердің  бірі  болып  саналады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  терминком  қазақ 
терминологиясын дамыту үшін жаңа серпін алуға тиісті және міндетті.  
жүктеу 13.81 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет