Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



жүктеу 13.81 Kb.
Pdf просмотр
бет19/25
Дата09.01.2017
өлшемі13.81 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

 

 
153 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Reşid Rahmeti Arat, “Kipçak”, slam Ansiklopedisi, C. IV, İst. 1955, s.713. 
2
 
Akdes  Nimet  Kurat,  IX-XIII  Yüzyıllarda  Karadeniz  Kuzeyindeki  türk  Kavimleri  ve 
Devletleri, Ankara 1972, s. 72; Rasonyi, Tarihte Türklük, Ankara 1971, s. 137.  
3
 
Ades Nimet Kurat, a.g.e., s.73 
4
 
İbrahim  Kafesoğlu,  Türk  Milli  Kültürü,  Ankara  1977,  s.  166;  Akdes  Nimet  Kurat,  a.g.e., 
s.70; Reşid Rahmeti Arat, a.g.e., s.713.  
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматривается памятник литературы, посвященный военной тематике, созданный 
в  средние  века  кипчаками  мамлюками.  «Муниету-л-гузат»  -  «Дело,  совершенное  по  просьбе 
победителей». В рукописи описываются действия, связанные с овладением военными навыками: 
коневодство,  стрельба  из  лука,  фехтование  и  т.д.  Выводимый  нами  индекс  текста  и  грамматики 
произведения  «Муниету-л-гузат»  показал,  что  его  основу  составляет  кипчакский  язык,  это 
свидетельствует  о  значимости  памятника  в  исследовании  истории  развития  тюркского, 
следовательно,  казахского  языка.  В  частности  сведения  на  тюркском  языке,  повествующие  о 
военном  искусстве,  являются  самыми  древними,  что  позволяет  нам  говорить  о  данном  шедевре 
как об источнике истории культуры и архивных сведений. 
 
RESUME 
 
The  authors  of  the  article  considered  the  monument  of  literature  devoted  to  military  thematics, 
created in the Middle Age Kipchak Mamluks "Munietu al-Guzatov, " At the request of the winners." The 
manuscript describes the actions associated with the possession of military skills: horse-breeding, archery, 
fencing, etc. Our output index text and grammar works «Munietu al-Guzatov» showed that its foundation 
is the Kipchak language, which indicates the importance of the study of the history of the monuments of 
the Turkic hence the Kazakh language. In particular, the information in the Turkic language telling about 
the  military  art is the  most  ancient,  that allows  us  to talk  about this  masterpiece  as  a source  of  cultural 
history and historical records. 
 

 
154 
ӘОЖ 811.111.255  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.С. Жолшаева 
Сулейман Демирел атындағы 
университет, филол. ғыл. д-ры, 
доцент 
 
Тілдік құзыреттілік 
және аударма 
үдерісіндегі 
лингвомәдени 
фактор 
 
Аннотация 
Аударма  –  бір  тілдегі  мәтін  мазмұнын 
екінші  тілге  тілдік  құралдар  көмегімен  жеткізу. 
Аударма  үдерісінде  аударманың  сәтті  шығуы 
аудармашыға  қойылатын  бірнеше  құзіреттілік-
термен  байланысты:  атап  айтқанда,  тілдік, 
лингвомәдени, 
коммуникативтік 
және 
т.б. 
құзіреттіліктер.    Бұлардың  ішінде  тілдік  құзірет-
тіліктің  мәні  зор.  Екі  тілдегі  тілдік  бірліктердің 
семантикасын  инварианттық  деңгейде  білу  және 
функционалды-контекстік  жағдайда  туындаған 
бірнеше  мағыналарын  дұрыс  ажырата  алу 
аударманың  сапасына  ықпал  етеді.  Мақалада 
аудару  үдерісінде  кездесетін  лингвомәдени 
бірліктерді  аударудың  тәсілдері  тілдік  деректер 
негізінде көрсетілген.   
Тірек  сөздер:  аударма,  проза,  лингво-
мәдени  бірлік,  реалия,  аудармашының  тілдік 
құзіреттілігі. 
 
 
Қазақстанның  әлем  елдерімен  өзара  түрлі 
сипаттағы 
қоғамдық-саяси, 
рухани-мәдени, 
экономикалық,  сауда  және  т.б.  байланыстары, 
түрлі  ұлт  өкілдерінің  бір-бірін  тереңірек  танып 
білуге 
ұмтылуы 
жаңа 
мәдени-әдеби 
байланыстардың  артуына  жол  ашты.  Қайсыбір 
ұлттың  мәдениетінен  хабардар  болу,  біріншіден, 
сол  ұлт  өкілімен  қарым-қатынас  жасағанда 
қандай  да  бір  жаңсақ  әрекеттерге  тап  болудан 
сақтандырады;  екіншіден,  сол  мәдени  ортада 
өзіңді сенімді әрі еркін ұстауға ықпалын тигізеді; 
үшіншіден,  ұлттың  табиғи  болмысын  кеңірек 
ауқымда тануға мүмкіндік береді.  
Ұлт мәдениетімен танысу, оны түсінуге қол 
жеткізу  өмірде  түрлі  жолдармен:  ғаламтордағы 
ақпараттар,  тіл  үйрену,  саяхат  жасау,  әдеби 
шығармаларды оқу және тағы да басқа әрекеттер 
арқылы 
іске 
асып 
жатады 
десек, 
бұл 
айтылғандардың 
қатарында 
аударманы 
да 
қарастыруға  болады.  Өйткені  мәдениетаралық 
қарым-қатынастың  бір  көрінісі  осы  аударма 
болып табылады. 
Аударма  –  түрлі  жанрдағы  ақпаратты  бір 
тілден 
екінші 
тілге 
жеткізетін 
күрделі 
шығармашылық  процесс.  Бұл  үдерістегі  басты 
субъект  аудармашы  үшін  үлкен  қиындық  – 
түпнұсқа  мәтіндегі  ойды  оқырманға  түсінікті 
болатындай   әрі  мазмұннан  ауытқымай  жеткізу. 

 
155 
Бірақ  бұл  талап  үрдісінен  шығу  оңай  емес.  Өйткені  түпнұсқа  мәтінде  орын  алған 
ұғымдардың  барлығы  бірдей  аударылатын  тілде  ұшыраспауы  мүмкін.  Бұл  бірнеше 
факторға  байланысты:  әр  халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  болмысы,  өмір  сүру  салты  оның 
тілінде  көрініс  табады  және  әр  халықтың  өмір  сүру  салты  мен  тіршілік  болмысы  өзін 
қоршаған ортаға байланысты екендігін ескерсек, бір тілде бар ұғым-түсініктердің екінші 
тілде  болмауы  –  заңды  құбылыс.  Сондықтан  халықтың  сөздік  қоры,  грамматикалық 
құрылымы мен мәдениетіндегі айырмашылықтар аударма үдерісіне міндетті түрде ықпал 
етеді. 
Мақалада  аударма  үдерісінде  күрделі  де  қиын  мәселе  болып  табылатын  баламасыз 
лексиканың  көркем  аудармадағы  көрінісі  туралы  қарастырылды.  Аударма  теориясында 
ұлттық мәдени ерекшеліктерді білдіретін тілдік бірліктерге қатысты реалия және баламасыз 
лексика терминдері қолданылады. Бұл екі терімсөздің түсіндірмесіне келер болсақ, реалия – 
белгілі бір халықтың ұлттық болмысы мен мәдениетіне қатысты сөздер. А.В.Федоров басқа 
халықтың тұрмысы мен түсінігінде жоқ сөздерді реалия деп анықтайды [1, 283 б.].  
Баламасыз  лексиканы  түпнұсқа  тілден  екінші  тілге  аударудағы  қиындық  олардың 
мағыналық  құрамын  анықтап,  оның  мәтінде  актуалданған  семасын  білу  және  сол  сема 
арқылы  көрінетін  сөздің  семантика-стилистикалық  ерекшелігін  мүмкіндігінше  сақтай 
отырып,  екінші  тілге  оңтайлы  деген  амал-тәсілдер  арқылы  жеткізу  –  аударма  үдерісіндегі 
басты мәселе. Сонымен, баламасыз лексика дегеніміз  – басқа тілдің лексикалық қорында 
толық немесе жартылай сәйкес келетін баламасы жоқ лексикалық бірліктер.  
Халықтың тілі  – құпияға толы. Халық тіліндегі  байырғы сөз орамдарындағы сырға 
толы құпияны ашу арқылы бірнеше ақпаратқа қол жеткізуге болады. Өйткені тіл ақпарат 
алмасу,  қарым-қатынастың  құралы  ғана  емес,  ұлттың  мәдениетінен  ақпарат  беретін 
қайнар  бұлақ,  мәдениет  айнасы;  тіл  –  халықтың  бастан  кешкен  жағдайларын  өз  бойына 
жинақтаушы  тарихи  дереккөз;  тіл  –  қоршаған  дүние,  әлем  туралы  ұлттың  сан  ғасырлық 
дүниетанымының  көрінісі.  Баламасыз  лексика  осы  ұлттық  дүниетаныммен  байланысты 
болып келеді. Мәселен, баламасыз тілдік бірліктер қатарына халық тілінде сақталып қалған 
түрлі  табиғат  құбылыстарына  қатысты  айтқан  халық  есепшілері-астрономдары  қолданған 
сөздерді жатқызуға болады. Әсіресе, баламасыз лексиканы көп қажет ететін аудармадағы – 
көркем  әдебиет  жанры.  Осымен  байланысты  көркем  әдеби  шығарманы  аударуда  аударма 
мәтініне  нұқсан  келтіретін  жағдайлардың  қатарына  мәнмәтіннің,  фразаның,  абзац  пен 
макромәтіндердің  калька  немесе  еркін  аударма  тәсіліне  бойұрып  кетеді.  Міне,  осындай 
күрделі,  тілдік  семантикадан  ғана  құралмай,  мәдени  ақпаратты  да  бойында  жинақтаған 
сөздерді  аудару  тәсіліне  қатысты  зерттеушілер  пікірінде  айтарлықтай  айырмашылық  жоқ. 
Мәселен, Л.С.Бархударов баламасыз лексиканың аударма үрдісінде бес түрлі жолмен көрініс 
табатындығын  айтады:  1)  транслитерация  және  транскрипция;  2)  сөзбе-сөз  аудару,  яғни 
калька тәсілі; 3) сипаттамалы аударма; 4) жуық аударма; 5) трансформация [7, 176 б.]. 
А.К.Абишева  көптеген  зерттеушілердің  практикасында  кездесетін,  реалия-сөздерді 
берудегі  негізгі  тәсіл  ретінде  қолданылатын  мынадай  түрлерді  көрсетеді:  1)  транскрипция 
(транслитерация);  2)  ұқсату;  3)  лакунаны  компенсациялау;  4)  сипаттамалы  аударма;  5) 
калька;  6)  тек-түрлік  ауыстыру;  7)  функционалды  сәйкестік;  8)  аудармалық  түсіндірме  [8, 
154 б.].  
Баламасыз  лексиканың  үлкен  бір  тақырыптық тобын  –  түрлі  табиғат  құбылыстарына 
қатысты туындаған танымдық сипаттағы атаулар құрйды. Қазақта жыл он екі айда айналып 
соғып  тұратын  ыстық  пен  суық,  қар  мен  жаңбыр,  жел  мен  боран,  яғни  түрлі  табиғаттағы 
өзгерістер амал деп аталған және «жеті амал» бар деп саналған. Мәселен, жыл он екі айда 
болатын  табиғат  құбылыстарына  қатысты  қазақ  тілінің  лексикалық  қорында  құс  қанаты, 
киіктің матауы, құралайдың салқыны сияқты сөз орамдары кездеседі. Мәселен, құс қанаты – 
тіркесінің астарында мынандай ақпараттар бар: наурыз айының соңында жауып, суық жел 
тұрады.  Мұны  ел  «құс  қанаты»  деп  атап,  амалға  жатқызған. Сондай-ақ,  ел  арасында 
құралайдың  салқыны  деп  аталатын  кезең  мамыр  айының  соңына  қарай  өтетін  бірнеше 

 
156 
күндік  суық  желге  қатысты  болып  келеді.  Осы  кезеңде  жер  сыз,  ықтасын  болмаған  соң 
киіктердің  төлі  орнынан  тұрып,  енесіне  еріп,  аяқтанады.  Киіктердің  төлін  өргізетін  осы 
мезгілдегі  ызғар  құралайдың  салқыны  деп  аталады.  Осы  тілдік  бірліктің  көркем  әдеби 
аудармада  қалайша  берілгеніне  тоқталайық.  Жазушы  С.Елубайдың  «Ақ  боз  үй» 
романында  мынандай  сөйлем  бар:  Содан  көп  ұзамай  түстіктен  қызыл  жел  соғып,  күн 
жылып, қар шұрқ тесілді. Құралайдың салқыны өте қойлар төгіп қоздай бастады. Шаруа 
ауыл үшін сүріне аттап жүгіретін төлдің ең бір қауырт, қарбалас айы басталды [10, 67 б.].  
Орысша  аудармасы:  Несколько  дней  прошло  –  и  задул  с  севера  теплый  ветер, 
солнышко пригрело землю, снег местами прорвался, стал таять.  
После  майской  прохлады  начался  окот.  Для  скотоводческого  аула  появление 
молодняка  –  самая  суетная  пора,  когда,  считай,  все  на  ногах,  тлько  успевай  принимать 
новорожденных! [11, 51- с.]. Аудармада түпнұсқа мәтіндегі құралайдың салқыны тіркесінің 
мағынасын  беруде  сипаттамалы  тәсіл  қолданылған.  Яғни  құралай  салқыны  тіркесі  әдетте 
май  айының  соңында  өтетін  суық,  ал  аударма  мәтінде  дәл  осы  айдың  соңында  деген 
мағыналық  реңк  қамтылмай  қалған  сияқты.  Бұл  мағына  мамыр  айындағы  суықтан  кейін 
деген  жалпы  берілген.  Дегенмен  сипаттамалы  тәсіл  арқылы  аударманың  жалпы  мазмұны 
сәтті шыққан деуге болады.  
Мұндай сөздердің қатарына бесқонақ лексемасы да жатады. Бесқонақ сөзі де ұлттық 
танымға  қатысты  болып  келеді.  Егер  бесқонақ  сөзінің  бірінші  мағынасына  сай,  оны 
(бесқонақты)  отыз  күннен  тұратын  айға  «сыймай  қалған»  жылдың  соңындағы  бес  күннің 
атауы десек, әдетте қазақ жыл бастауын наурыздың жиырма екінші жұлдызынан бастайды. 
Ендеше  бесқонақ  амалы  осы  жаңа  жылдың  алдындағы  кезеңді  қамтиды.  Профессор 
Н.Уәлиев  бесқонақтың  наурыз  айының  17-21  күндері  арасында  болатын  жауын-шашынды 
күндер,  әр  жылы  соғып  өтетін  суық,  әрі  лайсаң  мезгіл  екендігін,  жұрт  осы  «бесқонақтан» 
қатты сақтанып, күтініп отыратындығын айтады [6].  
Лингвомәдени  бірлік  болып  табылатын  бесқонақ  сөзінің  аудармасына  тоқталмас 
бұрын,  бұл  сөз  бойындағы,  яғни  мағынасында  қандай  ақпараттардың  жинақталғандығын 
қарастырып  көрейік.  Қазақ  тілінің  он  бес  томдық  түсіндірме  сөздігінде  аталған  сөздің 
мағынасы  былай  анықталған:  «Бесқонақ  –  зат.  этн.  1.  Байырғы  қазақ  күнтізбесінде 
қолданылып  келген,  жыл  айларынан  тыс  алынатын  бес  күн.  Байырғы  қазақ  күнтізбесінде 
Бесқонақ үнемі жыл аяғында қосылып отырған (ҚҰЭ). Қазақ есепшілері бір жылды алты ай 
жаз,  алты  ай  қысқа  бөлген.  Әрбір  айда  отыз  күн  болған.  Жылдың  аяғында  он  екі  айдың 
есебіне кірмей қалған бес күнді бесқонақ деп атаған («Ана тілі» газеті). 2. Амал, көктемнің 
аяқ  шенінде  өтетін  бес-жеті  күндік  жаңбырлы  салқын  кез.  ...  Мен  туғанда  бесқонақтың 
сырғақ қары борапты, Құрым киіз арасына әжем мені орапты (Қ.Шаңғытбаев. Армысың.) ... 
[4, 293 б.]. Осы сөздікте берілгендей бесқонақ сөзі табиғат құбылысына қатысты халықтың 
болжамды  білдіретін  сөз  және  осыған  сай  өзара  байланысты  екі  түрлі  мағынаны  береді: 
біріншісі  –  күнтізбедегі  бес  күнді  қамтитын,  сол  бес  күннің  атауы;  екіншісі  –  сол  уақыт 
аралығында болатын табиғаттағы құбылыс, амалдың атауы.  
Осы бесқонақ сөзімен келген жазушы Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының 
«Қызыл алма» атты бірінші бөлімінде мынандай сөйлем бар: 
Бесқонақтың бес күні өткен соң, дүние жынынан айырылған бақсыдай жым-жырт бола 
қалды.  Жер  беті  айғыз-айғыз  жарылып  кетіпті.  Жарықтың  арасынан  шықса  керек,  мына 
жерде  де,  ана  жерде  де  теңкиіп-теңкиіп  тасбақалар  жатыр.  Кейбіреулерін  жер  аударып 
тастапты, төрт аяғы көктен келіп, ұялап жатыр [2, 8 б.].  
Романдағы  бұл  берілген  сөйлемдер  және  бесқонақ  сөзінің  орыс  тіліне  аударылуы 
төмендегідей болып келеді:  
Пять дней и ночей ярилась буря – предвестница благодатной весны. Потом весь мир 
враз утишился, словно обессиленный после камлания баксы-шамана. Повсюду – кучками и 
поодиночке – валялись вылезшие, должно быть, на свет божий из трещин черепахи. Ветер 

 
157 
расшвырял их как попало. Иные лежали брюхом кверху и беспомощно сучили уродливыми 
ножками [3, 10 б.].  
Осы  аудармаға,  яғни  бесқонақ  сөзінің  орыс  тіліндегі  аудармасына  талдау  жасап 
көрейік:  біріншіден,  түпнұсқа  мәтінде  бесқонақ  сөзінің  мағынасын  беруде  аудармашы 
сипаттамалы тәсілге жүгінген: Пять дней и ночей ярилась буря – предвестница благодатной 
весны.  Осы  тәсіл  арқылы  аудармада  ақпаратты  мейілінше  түпнұсқаға  жақындатуға 
тырысқан.  
Ә.Кекілбаевтың  жоғарыда  аталған  еңбегінде  табиғат  құбылысына  қатысты  өзгерісті 
сипаттайтын  тағы  бір  сөз  орамы  –  тасбақаның  дауылы.  Бұл  халық  арасында  алай-дүлей 
соққан қатты желді атайды [9, 22 б].  
Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді. Бес күн бойы қарсы алдынан 
тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған [2, 5 б.].  
Орыс тіліндегі аудармасы:  
На стыке зимы и весны здесь всегда бушуют бури. Самая свирепая и эатяжная из них, 
именуемая  в  народе  «черепашьей»,  отшумела  лишь  недавно.  Пять  суток  кряду,  словно  из 
преисподней,бил им в лицо раскаленный докрасна зной пустыни [3, 8-9 бб.].  
Осы  сөйлемнің  немесе  сөйлем  мазмұнын  екінші  тілге  аудару  барысында  аудармашы 
екі  бірдей  тәсілді  қолданған.  Аудармаға  қарасақ,  ондағы  бірінші  сөйлем  түпнұсқада  жоқ, 
яғни  аудармашы  өз  тарапынан  тасбақа  дауылы  тіркесін  түсіндіру  үшін  қосу  тәсіліне 
жүгінген,  сол  арқылы  оқырманға  бұл  туралы  түсінік  беріп,  ары  қарай  сипаттамалы  тәсіл 
арқылы түсіндірген. Егер сипаттамалы тәсілімен бере салғанда, онда оқырман үшін сөздің 
мазмұны ашылғанмен, нақтырақ жеткізу осы трансформацияның қосу тәсілі арқылы іске 
асырылған.  Осылайша  аударма  сәтті  шыққан  деуге  болады.  Тағы  бір  мысал:  Бұрын 
тасбақаның дауылы мен қазанның кірісінде жолға шықпаушы еді. Осы жолы елге қалай да 
көктем басында оралам деп амалсыз ұрынып отыр [2, 6 б.].  
Орысша аудармасы:  
Не в правилах Повелителя было отправляться в походы в весеннюю распутицу или по 
чернотропу.  На  этот  раз,  стремясь  вернуться  в  родные  края  к  началу  весны,  он  поневоле 
изменил  обячаю  [3,  9  б.].  Біздің  ойымызша,  қазақ  тіліндегі  тасбақаның  дауылы,  қазанның 
кірісі  деген  сөз  орамдары  арқылы  берілген  бейнелі  ақпарат  аудармада  өз  дәрежесінде 
көрінбей  қалған  секілді.  Дәл  осы  түпнұсқадағы  бейнелі  сөз  орамдары  аудармада  жай 
көктемгі лайсаң деген түсінікте ғана қалған.  
Сонымен,  аударманың  лингвистикалық  аспектісі  халықтың  бітім-болмысымен, 
дүниетанымымен  байланысып  жатады.  Олай  болу  себебі,  аударма  үдерісі  –  тілдік 
бірліктердің,  тілдік  құрылымдардың  мазмұнын  бір  тілден  екінші  тілге  аудару  ғана  емес, 
тілді  тұтынушы  ұлттың  әлем  туралы  тілдік  бейнесін  аударылатын  екінші  халықтың  тілі 
арқылы жарыққа шығару болып табылатын күрделі үдеріс.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Федоров А. В. Основы общей теории перевода. – М.: Высшая школа, 1983. – 400 с. 
2
 
Кекілбайұлы Ә. 12 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Өлке, 1999. Том 3. – 400 б.  
3
 
Кекильбаев  А.  Конец  легенды.  Роман  и  повести.  Перевод  с  казахского.  –  Астана: 
Аударма, 2009. – 656 с. 
4
 
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2006. 3-том. – Б-Б. – 774 б. 
5
 
Әбутәліп О.М. Амал атауларындағы этномәдени мәнділіктер, http://turkacadem.kz 
6
 
Уәлиев Н. Халқымыздың байырғы күн қайыруы // «Ана тілі» газеті. - 1992. - № 1-17.  
7
 
Бархударов  Л.С.  Язык  и  перевод:  вопросы  общей  и  частной  теории  перевода.  - 
Москва: Международные отношения, 1975. – 240 с.  

 
158 
8
 
Абишева К.М. Основы теории и практики перевода. – Астана: Туран-Астана, 2008. – 
272 с. 
9
 
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – А.: Қазақ энциклопед., 2011. 14-том. – Т-Ұ. –800 б. 
10
 
Елубай С. Ақ боз үй. Роман. – Алматы: Жазушы, 2011. - 376 б.  
11
 
Елубай С. Одинокая юрта. Перевод с казахского Л.Космухамедовой, А.Жаксылыкова. 
– Астана: Аударма, 2008. – 568 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются лексико-стилистические проблемы художественного перевода как 
творческого  процесса,  осуществление  которого  вызывает  большие  затруднения  при  передаче 
культурно-ориентированной  лексики,  особенно  национальных  слов-реалий,  представляющих 
собой  безэквивалентную  лексику.  На  конкретных  примерах  рассматриваются  пути  применения 
нескольких  способов  перевода  слов-реалий  одновременно  для  адекватной  передачи  содержания 
исходного тектса. 
 
RESUME 
 
Translation is  considered  to  be  a  complex  process  of  transferring  information  from  one  language 
into another and demands to be handled with creativity. One of the main problems for a translator firstly, 
is to deliver an essential thought in the original text, secondly, to deliver it without any deviation from the 
original text.  
This  article  is  devoted  to  the  problem  of  which  methods  can  be  applied  to  translate  realia  and 
inequivalent  lexicon  from  the  Kazakh  language  into  the  Russian  language.  It  was  also  taken  into 
consideration  that  a  translator  sometimes  has  to  use  more  than  one  method  in  order  to  transfer 
inequivalent lexicon in the text for a reader. 
 
 

 
159 
ӘОЖ 
398(4/9); 801.8(4/9) 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С.Р. Боранбаев  
Аймақтық әлеуметтік-
инновациялық университет, 
филол. ғыл. д-ры
, доцент
 
 
Н.Қ. Декембаева  
Аймақтық әлеуметтік-
инновациялық университет, 
магистрант 
 
 
Батырлар 
жырындағы 
исламдық 
танымдар 
 
Аннотация 
Мақалада  фольклордағы,  соның  ішінде 
батырлар  жырындағы  исламдық  таным-түсініктер 
мен  жыршылардың  оны  пайдалану  ерекшеліктері 
сөз болады. Кейбір батырлар жыры исламға дейін 
пайда  болғанымен  оларға  исламдық  сарындардың 
кейін  қосылғаны  және  оларды  қосудағы  авторлық 
мақсат  пен  мүдде  әр  алуан  деректер  арқылы 
дәлелденеді. 
Ал 
халқымыз 
ислам 
дінін 
қабылдағаннан  кейінгі  тұста  пайда  болған 
жырлардағы 
мұсылмандық 
қағидалардың 
көріністерін  зерттеуші  мақаласында  барынша 
нақты  талдап,  көрсете  білген.  Мақалада  тың 
деректер мен соны пікірлер де жиі кездеседі.  
Түйін  сөздер:  шариғат,  діни  мотивтер, 
фольклор, батырлар жыры, көркемдік шешім  
 
 
Халқымыздың  ғасырлар  бойғы  тағдырын, 
ерлігі  мен  елдігін,  ой-арманы  мен  мұң-мұқтажын 
бойына  жинақтаған  қаһармандық  жырлар  –  қыры 
мен  сыры  мол  аса  қымбат  қазына.  Ол  өзінің  көл-
көсір  молдығымен  де,  көркемдік-эстетикалық 
қуат-тегеурінімен  де,  тарихи  деректілігімен  де 
халқымыздың  рухани  болмысында  айрықша  орын 
алады. 
Қазақ фольклортану ғылымының бірер күнде 
туып,  жетіле  қоймағаны  секілді,  қаһармандық 
эпос, оның тарихи және этникалық арқауы туралы 
пікірлердің де бірте-бірте бой көрсетіп, күрделеніп 
отырғандығы байқалады. ХХ ғасырдың бас кезінде 
қарымды  қаламгерлік  қызметімен  танылған  аға 
буын  ағартушыларымыздың  еңбектеріне  назар 
салар  болсақ,  олардың  эпостың  тарихи  тегіне 
қатысты 
бірқатар 
ой-пікірлер 
сабақтағанын 
аңғарамыз. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың ауыз 
әдебиеті, соның ішінде эпостық жырларға қатысты 
пікірлерін  алғаш  ауызға  алар  едік.  Ғалым  қазақ 
фольклорын  жанрлық  тұрғыдан  саралаған  тұста 
оның  әрбір  саласына  өзіндік  ерекшелігі  бар 
«ертегі», «ертегі жыр» деген атауларды қолданған. 
Ол  атаулардың  қазіргі  анықтамасы  қиял-ғажайып 
ертегілер  және  эпостық  туындылар  болып 
табылады. 
Эпостық  жырдың  тарихи  арқауына  келгенде 
Ахмет 
Байтұрсынов 
«өтірік-шыны 
аралас 
қойыртпақ  әңгіме»  деген  анықтамалық  тіркес 
қолданып,  олардың  санатына 
«Қарақыпшақ 
Қобыланды»,  «Алпамыс  батыр»,  «Нәрікұлы 
Шора»,   «Ер   Тарғын»,  «Ер  Сайын»,  «Қамбар», 

 
160 
«Едіге»  жырларын  жатқызған  [1,  236-239].  Осы  негізде  батырлық  жырларды  ертегі  мен 
тарихи  эпосты  жалғап  тұрған  аралық  жанр  ретінде  таниды.  Оның  бір  басы  тарихи 
шындықпен байланысып жатса, екінші басының қиял-ғажайыптық сипаты үстем болмақ. 
Бір  сөзбен  айтқанда  эпос  –  тарих  жаңғырығы,  ел  естілігінің  жарқын  бір  көрінісі  болып 
табылады. 
Дін – жалпы адамзаттың өсіп-өркендеуіне, дамуына үлкен үлес қосқан рухани әлем. 
Сондықтан,  қай  халықтың  болмасын  фольклоры  мен  әдебиетінде  діни  қағидалардың 
көрініс  беріп  жатуы  орынды  жайт.  Әсіресе,  эпикалық  жырларда  осы  мәселе  кеңінен 
қамтылған.  Мәселен,  «Алпамыс»,  «Қобыланды»  жырларына  назар  салар  болсақ,  ондағы 
діни  қолданыстарды  шамамен  төрт  салаға  жүйелеуге  болады.  Олар:  діни  сөздердің 
қолданысы,  діни  кейіпкерлердің  кездесуі,  діни  аңыздардың  желісі,  діни  қағидалардың 
айтылуы.  Осы  мәселелер  арқылы  екі  түрлі  жағдайды  жүзеге  асыруға  болады.  Оның  бірі 
дінді насихаттау болса, екіншісі дәріптеу. Енді жырға кезекпен-кезек тоқталып өтсек: 
Қырда Қияс пайғамбар, 
Ойда Илияс пайғамбар, –  
немесе,  
Денеге оқты дарытпас, 
Дәуіт соққан жалаңқат [3, 29]. 
Деген жыр мазмұнынан ислам дінінің парыздары тыс қалмағанын көреміз. Бес уақыт 
намаз жайлы: 
Намазшам еді күн батты, 
Құптанның болды уақыты. 
Намазын оқып шам жағып, 
Бұрынғы  қылды  әдетті  [2,  232],  –  деп  намазды  қаза  қылуға 
болмайтындығын,  ата-бабадан  келе  жатқан  дәстүрге  сіңген  заңдылық  екендігін  баса 
айтады. Сонымен қоса, Алланың бұйрығын қабыл еткенді жөн көреді: 
Сізге деген құданың, 
Қабыл еттім бұйрығын [3, 59]. 
Осы тәрізді қаһармандық эпостардың көбінде жауға аттанып бара жатқан батырларға 
арнау  айтқан  артында  қалған  туған-туысқандарының  сөздерінен  діни  сипат  анық 
аңғарылады: 
Мен көкемді тапсырдым, 
Он сегіз мың ғаламның 
Падишасы өзіңе [3, 31]. 
Мұндай  Алладан  медет  тілеу  дұғасы  батырдың  жауға  шабар  алдындағы 
дайындығынан да көрінеді: 
Алладан пәрмен тіледі, 
Құйысқанын қысқартып. 
Екі айылын бек тартып, 
Енді атына мінеді [3, 39]. 
Батырлық жырлардың көбісі осылайша Аллаға сыйынумен басталып, Алладан тілек 
тілеумен тәмамдалады. Біз бұл мысалдарды ойымыз дәлелді болу үшін келтірдік. Осыдан 
келіп  шығатын  түйін  фольклордың  басты  жанрларының  барлығында,  әсіресе  батырлық 
жырларда ислам қағидаларының көрініс беріп отыратындығы.  
Жырдың  түрлі  нұсқаларына  қарап  ондағы  анимистік,  тотемдік  наным-сенім 
жүйелерінің ислам санасымен бояла бастағанын аңғарамыз. Әулие, бап, там, мола, намаз, 
құтпа, Алла секілді атаулар соның дәлелі. Осы белгісіне орай жырдағы ислам көріністерін 
эпикалық дәстүр ретінде тануға толық негіз бар. Сонымен қоса жырда Алладан бала тілеу 
мотивінің  көрініс  табуы  заңды  құбылыс.  Бұл  мотив  «Алпамыс  батыр»  жырында  сексен 
жасқа келген Байбөрінің Аллаға зарын шағып, тілек тілеуі арқылы көрінеді. 
Алмадың Құдай жанымды, 

 
161 
Бір баланың жоғынан 
Ағайын жейді малымды. 
Айналайын атыңнан, 
Жаратқан жалғыз Құдайым, 
Бір баланың жоғынан, 
Зорлық қылды маңайым [2, 228], – деп Байбөрі зар жылайды. 
Жары  Аналыққа  да  бұл  қайғы  оңайға  соқпайды.  Сөйтіп  екеуі  әулие-әмбиелерден  бала 
сұрауға аттанады. Осы тұстағы айта кететін мәселе, бұлар баланы қалай тілейді? Кімнен 
тілейді?  Алладан  ба,  әлде  әулиелерден  бе?  Осы  сұрақтардың  жауабын  табуымыз  керек. 
Жырдың  мазмұны  бойынша  бізге  олар  баланы  әулиелерден  сұрап  жүргендей  көрінеді. 
Мұндағы  мәселе  мынада  –  баланы  әулие-әмбиелер  бермейтіндігін  бабаларымыз  жақсы 
білген.  Бірақ,  Байбөрі  мен  Аналық  өздерін  күнәһар  пенде  санап,  өз  тілектерін  Алланың 
орындайтынын  не  орындамайтынын  білмегеннен  кейін,  өмір  бойы  Құдайға  құлшылық 
жасап  өткен  әулиелерге  барып,  өздері  үшін  Алладан  бала  тілеуін  өтінген.  Оны  жырдың 
өзінен де байқаймыз. Түсіне кірген әулие: 
Сен үшін бәрі қиналды, 
Бір жерге тегіс жиналды. 
Бір ұл бер деп осыған
Бір жаратқан Құдайдың 
Тура өзіне жылады [2, 233], – деп хабардар етеді. Сондықтан 
мәселенің  өзегі  баланы  қалай  сұрауында  емес,  кімнен  сұрауында  жатыр.  Сол  сұрауын 
орындауға көмек қолын созған әулие-әмбиелер көбінесе Қызыр Ілияс, Баба түкті шашты 
Әзиз  болып  келеді.  Жырда  Байбөрі  мен  Аналықтың  әулиеге  барар  жолдағы  көрген 
қиыншылықтары  былайша  баяндалады:  Олар  құла  дүз  далалардан,  асуы,  жолы  жоқ 
жапандардан,  қырық  күншілік  шөлдерден  өтеді.  Көп  қорлық  көреді,  маңдайы  күнге 
күйеді,  табаны  тасқа  тиеді,  өлдік-талдық  дегенде,  Әзіреті  сұлтанның  мазарына  келеді. 
Әкелген  мал-мүлкінің,  алтын-күміс  гауһарының  тең  жарымын  беріп,  көзінің  жасын  көл 
қылып  жеті  күн  сонда  түнейді.  Ешбір  нышан  болмағаннан  кейін  Қаратауға  барып,  Баба 
атаға түнейді. Одан да нышан байқалмаған соң олар сапарын жалғастырып, өте ғажап бір 
жерге келеді. Жалтырап жатқан бір көлді, көл жағасындағы  айналасы жалаңаш, басында 
жалғыз  қара  ағашы  ғана  бар  бұлақты  көріп  сонда  барады  да,  сол  жердің  қасиетті  жер 
екенін сезіп, сонда түнейді. Таң ата бастаған шақта Шашты Әзиз диуана кейпінде келіп, 
сексен  сегіз  сәруар  һәм  мен  тоқсан  тоғыз  машайықтың  олар  үшін  Алладан  бала 
сұрағанын, Алла олардың дұғасын қабылдап, ұлға қоса бір қыз сыйлағанын хабарлап, екі 
баланың аттарын да айтып береді де ғайып болады. Байбөрі мен Аналық Шашты Әзизден 
осылай жақсы хабар алып, еліне қайтады. Жол үстінде келе жатқанда бойына бала біткен 
Аналық қабыланның етіне жерік болады. Осы жерде назар аудара кетуге тура келетін екі 
жайт бар. Біріншіден, жырларда кездесетін «жапан түздегі жалғыз ағаш» сарынының арғы 
төркіні  көне  түркі  аңыздарындағы  киелі  ағашты  тәңірге  жетудің  жолы  деп  есептейтін 
түсінік. Яғни осы жалғыз ағашқа тәңір мен адам арасын байланыстырушы зат деп қараған. 
Сол  себептен  де  жалғыз  ағаштың  киелі  деп  саналуының  арғы  түбінде  бір  Тәңірге  сену 
және  содан  ғана  медет  күтудің  болғандығын  көреміз.  Екіншіден,  қазақ  жырларының 
көпшілігінде  перзентсіз  ата-аналардың  балалы  болуына  жәрдемдесетін  мұсылман  әулие-
әмбиелерінің, оның ішінде Баба түкті шашты Әзиз екендігі. Мысалы, «Қобыланды батыр» 
жырында да бас қаһарманның дүниеге келуіне Баба түкті шашты Әзиздің септігі тиеді. 
Бұның  жалпы  қазақ  фольклорында  кездесетін  құбылыс  екенін  Сейіт  Қасқабасов: 
«Көптеген  аңыз,  ертегі,  жырларда  болашақ  қаһарманның  ата-анасы  бала  тілеп  Аллаға 
сыйынады,  мұсылманның  қасиетті  орындарына  зиярат  етеді.  Әдетте,  перзентсіз  ата-
ананың түсіне ақ сәлделі бір шал (көбінесе Баба түкті шашты Әзиз) кіреді де, әйелдің бала 
көтеретіндігін аян етеді. Ал, кейін бала өсіп, батыр болғанда, жаңағы шал оның керемет 
қамқоршысы,  көмекшісі  болады»  [4,  254],  –  деп  аңғартқан.  Оның  есесіне  бұл  әулиенің 

 
162 
есімі  қырғыз  және  түрік  халқының  жырларында  кездеспейді.  Бұның  себебін  аталған 
әулиенің  бейіті  Қазақстанның  территориясында  екендігімен,  яғни,  бұл  әулиенің  ислам 
дінін  орнықтыруға  сіңірген  аса  зор  еңбегі  негізінен  қазақ  жеріне  байланысты 
болғандығымен түсіндіруге болатын сияқты. Қалай дегенде де, Баба түкті шашты Әзиздің 
жалпы  мұсылман  жұртшылығының,  оның  ішінде  ислам  дінін  қабылдаған  түркі 
халықтарының руханиятында айшықты із қалдырғанын тарихи деректер де айғақтайды. 
Ендігі тоқтала кететін жайт – батырдың аман-есен ер жеткен соң жауларымен айқас 
кезінде  зынданға  немесе  терең  құдыққа  тасталу  мотиві.  Бұл  мотив  жалпы  түркі 
халықтарына  ортақ  болып  келеді.  Елінен  ешкім  көмекке  келе  алмаған  осындай  қиын 
кезеңдерде  батырға  бір  көргеннен  өлердей  ғашық  болған  жау  билеушілерінің  сұлу 
қыздары,  бас  қаһарманды  дүниеге  келтіріп  қана  қоймай,  оның  әрбір  әрекетіне  қолдау 
көрсетіп келген желеп-жебеуші әулие-әмбиелері мен тұлпарлары көмек береді. Осылайша 
батырлардың жер астына тасталып, сонда көптеген жылдар бойы тұтқында болып, аман-
есен сыртқа шығуы көне дәуір адамдарының о дүние туралы және үш сатылы әлем туралы 
түсініктерінің,  инициация  ғұрпын  орындау  жоралғыларының  кейінгі  фольклорлық 
туындылардағы жаңғырығы деп ұғынған жөн. 
«Алпамыс  батыр»  жырында  зынданда  жеті  жыл  бойы  жатқан  батырға  Ғайып  Ерен 
қырық  шілтен  көмектеседі.  Ол  Алпамысқа  бір  мысық  арқылы  тамақ  жіберіп  отырады. 
Мысықтың адам баласына қамқор хайуанат екені әлем халықтарының діни әпсаналарында 
да,  қазақ  ертегілерінде  де  көп  айтылған.  Мысалы,  топан  су  жайлы  әпсанада  Нұх 
пайғамбардың  кемесін  есектің  пысқырығынан  пайда  болған  тышқан  тесейін  дегенде, 
жолбарыстың  түшкірігінен  пайда  болған  мысық  тышқанды  жеп  қойып,  бүкіл  жан 
атаулыны  өлімнен  аман  алып  қалғандығы  баяндалады.  Ал  Мұхаммед  (с.ғ.с)  Пайғамбар 
туралы  әпсаналардың  бірінде  Пайғамбарымыз  намаз  оқып  жатқан  кезде  етегінің  үстіне 
келіп ұйықтаған мысықты оятқысы келмей, тұрарында етегін кесіп, сол жерде қалдырғаны 
айтылады. 
Ғайып  Ерен  қырық  шілтен  бейнесі  «Көрұғлы»,  «Қамбар  батыр»  жырларында  да 
көрініс табады. Онда да батырға көмек қолын созушы бейне – Ғайып Ерен қырық шілтен 
болады. 
Қобыланды батыр жырында да жоғарыда айтып өткендей, баланың дүниеге келуіне 
жәрдемші  әулие  Баба  түкті  шашты  Әзиз  болады.  Сол  әулие  батырдың  дүниеге  келуіне 
жәрдем етіп қана қоймай, оған жол сілтеуші, көмекші есебінде де көрінеді. Ол батырдың 
өз  басын  ғана  қорғамайды,  батыр  жоқта  елге  төнген  қауіпті  де  сездіреді.  Демек,  пірлер 
қызметі  батырлар  жырының  рухына  сәйкес  ел  мүддесіне  бағындырылған.  Мәселен,  елін 
дер кезінде қорғап қалмаған Қобыландыға пірлері түсінде ұрысқандай болады: 
...Қыпшақты жауға бергенің 
Ол да саған өлім-ді. 
Қайғы тартқан еліңе 
Сатамысың теріңді? [3, 48]. 
Міне,  қазбалай  берсе  эпоста  бір-біріне  байланыссыз  еш  нәрсе  жоқ.  Айтып 
өткеніміздей, діни ұғым, ескі наным-сенім өз бетімен, таптық ұғым өз бетімен, батырдың 
әрекеті  өз  бетімен  еншісін  бөліп  алып,  бірінің  үстіне  бірі  жамалғандай  күйде  емес. 
Олардың  бәрі  байырғы  ұғымға  сәйкес,  тонның  ішкі  бауындай  жарасым  тауып 
қолданылады. 
Жырда Қобыланды батыр жауға аттанарда жақындары үшін дұға тілеп: 
Тоқсандағы әкем Тоқтарбай 
Құдіретіме тапсырдым. 
Алпыстағы шешем Аналық 
Фатимаға тапсырдым. 
Қарындасым Қарлыға 
Қарашашқа тапсырдым. 

 
163 
Қосақ жарым қыз Құртқа 
Палуан қызға тапсырдым. 
Сендер төртеу, мен жалғыз, 
Бір  Аллаға  тапсырдым  [3,  25-26],  –  дейді.  Мұнда  батырдың 
үлкен істі бастардағы Алланы ауызға алып, дұға тілеуі дінді дәріптеудің бірден-бір жолы 
болып  табылады.  Жырдан  Алланың,  Пайғамбарлардың  есімдерін  өте  жиі  кездестіреміз. 
Бұл тек «Қобыланды батыр» жырына ғана емес, басқа жырларға да тән. Соның бірі «Орақ-
Мамай» жыры. Бұл жырда да батыр Орақ Құдайдың қолдауымен, әулиелердің жебеуімен 
дүниеге  келеді.  Күн  санап,  ай  санап  ерекше  жылдамдықпен  ержеткен  батыр  елін,  жерін 
жаудан  азат  етуде  үлкен  ерлік  танытады.  Оны  жауға  аттанғанда,  жекпе-жек  соғыстарда 
әулие-пірлері  желеп-жебеп  жүреді.  Қаһармандық  эпостарда  кездесетін  бұл  мотив  Орақ 
бейнесіне де тән. 
Орақ  батырдың  сиынары  –  «атаның  пірі»  Баба  түкті  шашты  Әзиз,  ата-аруақ  Едіге, 
Нұраддиндер.  Олар  батырға  қысылған  сәтте  қол  ұшын  беріп,  адасқанда  жөн  сілтеп, 
шешуші  шақтарда  жанынан  табылып  желеп-жебеп  отырады.  Мәселен,  жырдың  бір 
нұсқасында  «айналасы  алты  қабат  ор,  биіктігі  алты  кез  қорғаны  бар»  Азау  қаласына 
жалғыз келіп, қаланың ішіне кірерге жол таба алмай қиналып тұрғанда көлденең жүрген 
екі  адам  кез  келеді.  Сөйтсе,  бұлар  пірлері  екен.  Олар  Ораққа  қаланы  алудың  амалын 
айтады. Солардың айтуымен Орақ таң атқанша «өзіне-өзін байлатып, өзіне-өзін айдатып» 
қалмақтарды  алып  болады.  Қалмақ  батыры  Қазанбаспен  күрескенде  де  пірлері  жәрдем 
береді.  Осындай  пірлер  жырдың  әртүрлі  нұсқаларында  әр  түрлі  бейнеде  көрінеді.  Бірі  – 
мұсылман  кейпіндегі  екі  жолаушы  түрінде  болса,  бірі  –  аспанда  ойнаған  бұлт,  арыстан, 
жолбарыс кейпінде келеді. 
Жауын аруақ, пірлердің көмегімен жеңу – бас батыр бейнесін солғындатпаса керек. 
Керісінше,  оның  ерекше  жаратылысын,  қарапайым  адамнан  бөлек  өзгеше  бітімін  тағы 
дәлелдей, бекемдей түседі. 
Қазақ фольклорындағы ислам дінін насихаттауға арналған шығармалардың қатарына 
ислам  дінімен  бірге  енген  діни  дастандарды  жатқызуға  болады.  Діни  дастандар  қазақ 
фольклорының үлкен бір бөлігін құрайды. Оның қазақ арасында пайда болуы мен таралуы 
туралы белгілі фольклортанушы ғалым Б.Әзібаева былай дейді: 
«Қазақ  даласында  ислам  дінінің  кеңінен  қанат  жаюына  діни  дастандардың  үлкен 
әсері  болды.  Себебі,  ислам  дінін  нығайту  үшін  жүргізілген  күрес  соңғы  ғасырларда  екі 
түрлі жолмен іске асып отырды: бірінші әдіс – ислам дінін таратушылардың іс жүзіндегі 
(мешіт  салу,  медресе  салу  т.б.)  үгіт-насихат  жүргізу  арқылы  жүзеге  асса,  екіншісі  – 
ақынжанды дала тұрғындарының жан-жүрегіне жыр сөздерімен (діни дастандар) әсер ету 
арқылы орындалған тәрізді. 
Діни  дастандар  өзінің  сюжеттері,  мазмұны,  шығу  тарихы,  даму,  таралу  жолдары 
жағынан  әртүрлі.  Бірақ  олардың  барлығы  идея  жағынан  бірігеді,  ол  исламдық  руханият 
құндылықтарын үгіттеу» [5, 87]. 
Мінеки, батырлық жырлардың көркемдік әлемін сөз ету барысында мұнда да діннің 
алар орнының орасан екеніне көзіміз жетті. Ондағы айтылатын әрбір оқиғаның, әрбір іс-
әрекеттің  Алланың  атымен  басталуы  жырдың  көркемдік  табиғатын  одан  әрі  көркейте, 
көріктендіре  түседі.  Дініміздің  діңгегінің  мықты  болуы  ең  алдымен  бойдағы  иманға 
байланысты.  Сол  иманды  күшейтуге  фольклорлық  мұралардың,  оның  ішінде  батырлық 
жырлардың берер пайдасы өте мол. Өйткені ондағы әрбір оқиға жас ұрпақты тәрбиелеуге, 
имандылыққа, ауызбіршілікке үйретуге жол ашатын рухани көпір. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ
2016 -> Қазіргі еліміздегі инновациялық экономиканың дамуы, оның қадамы туралы айтсаңыз?

жүктеу 13.81 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет