Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



жүктеу 13.81 Kb.

бет16/25
Дата09.01.2017
өлшемі13.81 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  2-том.  1-кітап.  -  Алматы:  ҚазССР  ҰҒА  баспасы,  1961.  –    
227 б. 
2
 
Рахметова  С.,  Жаманқұл  П.К.,  Қабатай  Б.Т.,  Мадиева  А.Т.  2-4  сыныптарға  арналған 
«Әдебиеттік оқу» пәнінен оқу бағдарламасы, 09.07.2010 ж. 
3
 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: «Санат» 1974. – 320 б.  
4
 
Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. – Алматы: Рауан, 1990. – 200 б.  
5
 
Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: Білім, 1998, – 290 б.  
6
 
Қуанәлі М., Көмекова А., Бестаева А. Ертегіні қолдану – тәрбиешінің педагогикалық-
психологиялық негізгі техникалық құрылымы // Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. – 
2013. - № 6. - 25-28 бб.  
7
 
Мектепте көркем шығарма талдаудың әдістемелік негіздері. – Алматы, 2009. – 265 б. 
8
 
Құрманбаева  Г.,  Дүйсебаев  С.  Дарыту,  дамыту,  интеграция.  –  Алматы:  РБК,  2009.  – 
106 б. 
9
 
Әдебиеттік оқу. 2-сынып. – Алматыкітап, 2011. 

 
127 
10
 
Әдебиеттік оқу. 3-сынып. – Алматыкітап, 2011. 
11
 
Әдебиеттік оқу. 4-сынып. – Алматыкітап, 2011. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ  
 
В  статье  рассматриваются  эффективные  методы  обучения  учащихся  начальных  классов 
посредством  произведений  устного  народного  творчества,  которые  развивают  психологическое 
мышление детей и прививают им нравственные ценности.  
 
RESUME 
 
The authors of the article consider the effective methods of teaching the pupils of a primary school 
through  the  works  of folk creation,  which  develop  the  psychological thinking  of  children  and  inoculate 
moral values in them.  
 

 
128 
УДК 81.11 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Білімгерлердің 
гуманистік 
көзқарасын 
қалыптастырудағы 
педагогикалық 
тұжырымдар жүйесі 
 
Аннотация 
Ғылыми 
мақалада 
педагогикалық 
тұжырымдар  мен  қағидалар  негізін  жүиелей 
отырып, 
студенттердің 
гуманистік 
көзқарастарын 
қалыптастырудың 
амал-
тәсілдері  берілген.  Сондай-ақ  гуманистік 
көзқарас  туралы  ғалымдардың  пікірлері  мен 
еңбектері жан-жақты талданған.  
Түйін  сөздер:  ғалым,  тәрбие,  аспекті, 
ғылыми еңбек, педагогика. 
 
 
Әлемдік  жаһандану  мен  ел  тәуелсіздігі 
бетпе-бет  келіп  отырған  бүгінгі  таңда  ұлттық 
болмысымызды  сақтау  үшін  болашағымыз 
жастарға  терең  білім  мен  дұрыс  тәрбие  беру, 
олардың  бойына  ұлттық  құндылықтарды 
сіңіру  сияқты  алдымызға  күрделі  міндеттер 
қойылып,  мойнымызға  үлкен  жауапкершілік 
жүктеліп 
отыр. 
Ел 
ертеңі 
болашақ 
мамандарымыздың 
гуманистік 
көзқараста 
тәрбиеленген, білімді де білікті азамат  болып, 
құзыретті  маман  ретінде  даярлануы  – 
мемлекет  дамуының  басты  алғы  шарты.  ХХІ 
ғасырдағы 
өркениетті 
даму 
қоғамды 
ізгілендірумен, 
жастарға 
дұрыс 
тәрбие 
берумен 
тікелей 
байланысты. 
Ел 
тәуелсіздігінің  тірегі  болар  зиялы  қауымды 
қалыптастыру,  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынас 
мәдениетін 
жетілдіру, 
өмірлік 
құндылықтардың 
белгілі 
бір 
жүйесін 
орнықтыру,  шайқалмас  берік  шаңыраққа  ие, 
ақылды ана, абзал әке болар ұрпақ тәрбиелеу – 
гуманистік 
көзқарасты 
қалыптастырумен 
тікелей байланысты болып табылады. 
Гуманистік  көзқарасты  қалыптастыруда 
педагогика  ғылымында  ұсынылған  теориялық 
ұстанымдар  мен  түрлі  көзқарастар  бар. 
Мұндай  ұстанымдардың  бірі  –  тұлғалық-
бағдарлы  білім  беру  идеясы.  Педагогикадағы 
тұлғалық-бағдарлы 
білім 
беру 
идеясын        
В.В.  Сериков,  К.  Роджере,  О.С.  Газман,      
Ш.И.  Амонашвили,  И.С.  Якиманская  сынды 
ғалымдар 
қолдайды. 
Тұлғалық-бағдарлық 
тәрбие  беруде  жек  тұлғаның  даралық 
ерекшеліктері тек сыртқы факторларға тәуелді 
болмайды, 
тәрбиеленуші 
орта 
ретінде 
адамның өзі алынады. Бұл идея өзін кез келген  
Б. Жанайхан 
Сүлейман 
Демирел 
атындағы 
университет, PhD докторанты 
 
Б. Хасен 
Сүлейман 
Демирел 
атындағы 
университет, филол. ғыл. канд., аға 
оқытушы 
 

 
129 
ортада  игере  алатын  азамат  тәрбиелеуге  негізделген.  Жаһандану  кезеңінде  кез  келген 
ұлттың мұндай тұлғаға зәрулігі талас тудырмайды.  
Қазіргі  таңда  қоғам  өндірісті  барынша  арттыра  отырып,  өнімдерді  пайдалануды 
басты мақсат етіп ұстанатын дәрежеге жетті. Яғни тіршілік ету үшін тамақтанатын емес, 
тамақ үшін күн өткізетін күйге жеттік. Басымдылықты материалдық құндылықтарға беріп, 
ата-бабаларымыздың қасиет тұтқан құндылықтарына құлықсыз қарап, ақша үшін қандай 
арсыздықтан тайынбайтын материалистік түсініктерге бой алдырдық. Және жеке тұлға өз 
жауапкершілігін сезінбей, бойындағы кемшілікті қоғамға жаба салатын, кемшілікті өзінен 
емес,  қоғамнан  іздейтін  "заманың  түлкі  болса,  тазы  боп  шал"  деген  ұстаныммен  өмір 
сүретін  жағдайға  түстік.  Қазіргі  қоғамда  кездесетін  демократияны  желеу  етіп,  шектен 
шығушылық,  сыйластықты  өміріне  ұстам  еткен  қазақ  қоғамына  мүлдем  жат.  Қоғамның 
гумансыздануын  бәсеңдетіп,  тәрбиедегі  дағдарыс  жағдайынан  шығу  үшін  танымал 
тұлғалардың  гуманистік  идеяларын  қалқан  етіп,  сыртқы  әсерден  қорғану  үшін  ұлттық 
иммунитетті ұлттық құндылықтар арқылы арттырудың маңызы зор. 
Белгілі  психолог  ғалым  Л.М.Фридман  жеке  тұлғаның  динамикалық  сипаты  өзіндік 
даму және өзін-өзі пайдалана алу процестерімен деген пікір білдіреді. Яғни жеке адамға 
гуманитарлық тәрбие бергенде өзін-өзі дамытуға жағдай туғызу керек дейді [1]. Ал кейбір 
ғалымдар  гуманистік  тәрбиенің  мақсаты  әлемдік  сана  мен  бүкіладамзаттық  мәдениеттің 
элементтерін қалыптастыру деген ой айтады. 
Тәрбие  беруде  өзіндік  жаңа  көзқарасы  бар  ғалым  Н.Е.  Щуркова  басты  гуманистік 
құндылықтар  ретінде  қайырымдылықты,  шыншылдықты,  әділдікті,  еркіндікті  таниды. 
Бүгінгі  қоғамдық  өмірдің  күрделі  талаптарына  сәйкес  тәрбиедегі  құндылықтарды  қайта 
анықтау керектігін ескертеді [2]. Ал  ғалым  Б.Т.Лихачев  тәрбиедегі  адамның  сапалық 
қасиеттерін  бағалай  отырып,  жаңа  гуманистік  анықтамасын  берген  дұрыс  дейді.  Бұл 
жерде  тәрбие  –  адамның  сапалық  деңгейін  көтеруші,  өмір  сүру  әдістерінің  өзгеруінен 
туындайтын педагогикалық әсердің нәтижесі деген ой қорытады [3]. 
Н.П.  Дубинин  "Адам  деген  кім?"  атты  еңбегінде  берілетін  кез  келген  білімге  адам 
және  рухани  сипат  беру  арқылы  білімгерлердің  жалпыадамзаттық  құндылықтар  туралы 
білімдері мен көзқарасын қалыптастыруға болатынын айтады. Ғалымның пайымдауынша, 
оқу-тәрбие  процесін  гуманитарландыра  отырып,  болашақ  маманға  бүкіладамзаттық 
құндылықтарды  дарыту  арқылы,  әрбір  білім  алушының  тек  білімі  мен  біліктілігін  ғана 
емес,  адамгершілік  қасиеттерін  дамытуға  болады.  Демек,  сапалы  маман  дайындау  үшін 
білімгерді тек кәсіби білім, іскерлікпен ғана емес, адами құндылықтармен де қаруландыру 
керек [4]. 
Тәрбиеге  гуманистік  мазмұн  беру  үшін,  Г.С  Батишев  –  адам  адамға  өзін-өзі  танып 
білу мен өз қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін беру қажет дейді [5].  
Г.С. Батишевтің ескерткеніндей өз қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін білімгердің 
қолына  тұтас  беріп  қойсақ,  жаһандану  кезеңінде  жеке  тұлғаның  бойындағы  ұлттық 
құндылықтар көмескіленіп кетуі мүмкін. Күн сайын теледидар, ғаламтор арқылы үздіксіз 
лек-легімен  келіп  жатқан  ақпараттарға  тосқауыл  болу  мүмкін  емес.  Жастарға  қандай 
жолмен  болса  да,  түрлі  мәліметтер  жетеді.  Бұл  жердегі  басты  мәселе,  ұлттық 
құндылықтарды жастардың бойына сіңіре отырып, оларға келген ақпаратты саналы түрде 
елей алатындай білім мен тәрбие беруіміз керек. 
Тәрбие  беру  процесінде  біздің  мақсатымыз  айқын  болу  керек.  Педагогика 
ғылымында  тәрбие  мақсатын  анықтауға  арналған  әдіснамалық  зерттеу  жұмыстарын  үш 
деңгейлік  жіктеумен  жүзеге  асырып  жүр.  Үшінші  деңгей  гуманистік  тұрғыдан 
қарастырыла  отырып,  адам  өмірінің  мақсаты  өз  мүмкіндіктерін  көрсету  деп  танылады. 
Адам  алған  тәлім-тәрбие  мазмұнын  құр  қайталап  бермей,  өз  тәжірибесінде  қолданып, 
өзгелерге  де  ықпал  етумен  ерекшелену  керек.  Адамдардың  тығыз  қарым-қатынасынан 
тұратын қоғамда, әрбір адам өз айналасына әсер етеді. Педагогиканың бір мақсаты  – сол 
әсерді оңды, пайдалы ету. 

 
130 
Гуманистік  тәрбие  беруде  тәрбиелеуші  тәрбиеленушінің  ішкі  дүниесімен  санасу 
керек.  Сондай-ақ  білімгер  бойына  адамзаттық  құндылықтарды  сіңіруде  тәрбиелеуші  тек 
сөзімен ғана емес, ісімен де әсер етуі керек. Орыс халқының философы И.А. Колесникова: 
"Жер бетіндегі өлшемге сәйкес адамзатқа лайықтап берілген өмірлік рөлдерді орындамай 
тұрып,  яғни  жақын  адамына  сүйіспеншілік  көрсетпей  тұрып,  туыстық  пен  жолдастық, 
шәкірт  қатынасын,  Отаны  мен  өз  халқының  тағдырына  жауапкершілікті,  дінді  сезіну 
мүмкін  емес"  –  дейді  [6].  Философтың  айтпағы  "отан  отбасынан  басталады"  дегенге 
саяды.  
Жеке  тұлғаның  бойында  гуманистік  көзқарас  пен  иманды,  сенімді  қалыптастыру  – 
күрделі  әрі  ұзақ  процесс.  Гуманистік  идеялар  педагогикалық  және  философиялық  ой-
пікірлерде өте ертеден қалыптасқан. Ұстаз бен шәкірттің, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің 
өзара  қарым-қатынасының  гуманистік  негізін  нақты  айқындаған  философтардың  бірі  – 
қытай  философы  Конфуций  (557-479  б.з.д).  Конфуцийдің  гуманистік  принципі  "өзіңе  не 
тілемесең, басқаға да оны тілеме, жасама" – деген мазмұнға негізделген. 
Осы  орайда  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.):  "өзің  үшін  жақсы  көрген  нәрсені  басқалар 
үшін де жақсы көрмейінше кемел иманға жете алмайсыңдар" деген хадисі ойға оралады. 
Қазақ ойшылы Абайдың төмендегі өлеңі айтылған пікірлермен үйлесіп жатыр: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және хақ жол осы деп әділетті. 
Осы үш сүю болады имани гүл 
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл. 
Ойландағы үшеуін таратып бақ, 
Басты байла жолына, малың түгіл [7]. 
Хакім  Абай  мұнда  адамның  әуелі  жаратқан  иесі  Алланы,  сосын  барша  адамзатты 
және  әділеттікті  сүюді,  яғни  осы  үш  сүюдің  жиынтығын  "имани  гүл"  деп  атағанын 
көреміз.  Шындығында,  осы  үш  махаббаттан  адамгершіліктің,  адами  қасиеттердің  негізі 
имандылықтың пайда болатынына тоқталған. Ал біреудің алдында ағаттық жасасақ, оны 
да  кешіргенін  күтеміз.  Ендеше,  біздің  де  басқалардың  қателіктері  мен  кемшіліктерін 
кешіре білуіміз де – әділдік. Сондай-ақ, өзіміз үшін тілегенді айналамыздағыларға да тілей 
білу  – бұл  да әділдік. Мысалы, адам қиыншылықтан тезірек құтылуды, жаманшылықтан 
аулақ  жүруді  қалайды.  Ендеше,  басқаның  қиналғанын  көріп,  жүрегіңнің  сыздай  білуі  де 
әділдікті сүйгеннен туындайды. Абай гуманизмі адамзатты тұтас сүюге шақырады.  
Гуманистік  ойлар  мен  принциптерді  тәлім-тәрбие  процесінде  жүзеге  асыру  белгілі 
педагог-ғалымдар  мен  ағартушылар  Я.А.  Коменский,  И.Ф.  Гербарт,  К.Д.  Ушинскии 
еңбектерінде қарастырылып, гуманистік тәрбиенің маңыздығы тілге тиек етілген.  
Өткен  ғасырдың  соңындағы  қайта  құру  педагогикалық  шығармашылыққа  еркіндік 
беруге  ықпал  етті.  Базалық  білім  берудің  модельдерін  өзгерту  күн  тәртібіне  қайта 
қойылды. Ш.И. Амонашвили ұсынған " беделді – императивті және гумандық педагогика" 
[95-96  б.],  И.А.  Колесникова  ұсынған  "  дәстүр  педагогикасы  мен  гумандық  педагогика", 
Е.А. Ямбург ұсынған "когнитивті және гумандық педагогика" сол кезеңдерде қалыптасты. 
Ш.И.Амонашвили ұсынған бедел – императивті педагогика кеңестік педагогиканың нағыз 
үлгісі  еді.  Педагогиканың  үстемдігін,  болымдылығын  қуаттайтын  бұл  педагогиканың 
басты кемшілігі – тәртіпті сақтауға оқушыларды мәжбүрлеу, яғни баланың белсенділігінің 
үлкендер тарапынан шектелуі. Кеңес дәуіріндегі педагог беделінің жоғары болуы осындай 
педагогикалық  ұстанымдар  негізінде  жүзеге  асты.  Бұл  жерде  ұстазды  сыйлау  жүзеге 
асырылғанмен, үнемі біреудің нұсқауымен, айдауымен өмір сүретін, жалтаңдап отыратын 
жалпақай, өз көзқарасы шектеулі ұрпақты тәрбиеледі. Ой еркіндігі мен пікір бостандығы 
тұншықтырылып  отырылды.  Сол  кездегі  саясат  үшін  мұндай  тұлғаның  тиімді  болғанын 
кейін тарих дәлелдеп көрсетті. 

 
131 
Тұлғаның гуманистік тәрбиесін қалыптастыру табиғаттың өте күрделі ұзақ процесс 
екендігі, бірақ рухани дамудың аса маңыздылығы ғылыми әдебиеттерде айқын көрсетіліп 
отыр.  Рухани  құндылықтар  арқылы  жан-жақты  білім  беру  арқылы,  оқу-тәрбие  процесін 
гуманитарландырып,  жеке  тұлғаның  гуманистік  көзқарасын  қалыптастыру  қоғамды 
ізгілендіретіндігі айтылып отыр.  
Орта  ғасырдағы  түркі  мәдениетінің  көрнекті  өкілі,  "Екінші  ұстаз"  атанған  Әл-
Фарабидің  (873-950)  педагогикалық  ой-пікірлерінде  гуманистік  дүние  таным  басым 
болды. " Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" деп, тәрбиенің маңыздылығына 
баса  көңіл  бөлген.  Ұстаз  жастар  бойына  имандылық  нормаларын  қалыптастыру  және 
оларға ғылым, кәсіп, өнерді, меңгертудің қажеттілігіне назар аударған. Адамның жоғары 
жетістіктерге  жетуіне,  бақытты  болуына  имандылық  тәрбие  негіз  болды  дейді.  Ал 
имандылық тәрбие орта мен тәрбие арқылы қалыптасатынын айтады. Ғалымның ойынша 
гумандық адамға төрт түрлі кедергі бар: тәртіпсіздік, имансыздық, құбылмалылық, адасу. 
Аталған  бұл  кедергілерді  жеңу  үшін  адам  алдымен  өзі-өзі  танып  білу  тиіс.  Және  тәрбие 
арқылы жағымды қасиеттерді қалыптастыруға болады дейді. 
Гуманистік  тәрбие  беру  туралы  қазақ  ғалымдарының  да  ғылыми  еңбектері  бар. 
Философ  ғалымдар  И.  Ерғалиев,  А.  Қапышев,  С.  Колчигин  зерттеулері  гуманистік 
тәрбиеге  бағытталған.  И.  Ерғалиев  адамның  гуманистік  көзқарасы  тек  эстетикалық, 
этикалық,  теоретикалық  формалардың  байлығымен  ғана  анықталмайтындығын,  оның 
жеке адам болмысымен астасатынын айтады. Адамның руханилануы махаббат, нұр және 
жақсылық,  шапағат  сияқты  қасиеттермен  байланыстығына  тоқталады.  Яғни  адамның 
руханилығы  тек  өз  іс-әрекетінің  айналасында  қалып  қалмай,  қоршаған  ортаны  өзгертуге 
ықпал етуі керек деген ой түзеді [8].  
Қазақстанда  білім  берудің  даму  жолдарын  айқындауға  және  педагогикалық  ой-
пікірлерді  жандандыруға  К.Б.  Бержанов,  Т.Т.  Тәжібаев,  Ә.И.  Сембаев,  Г.А.  Уманов,      
Қ.Б.  Жарықбаев,  С.К.  Қалиев,  Ж.Ж.  Наурызбаев,  А.К.  Көбесов,  К.Қ.  Құнантаева,            
А.С.  Ұзақбаева,  А.Н.  Ильясова,  Г.М.  Храпченков,  К.Б.  Сейталиев,  И.Б.  Мадин,              
К.Ж.  Ибраева,  М.Т.  Есеева,  Ш.Т.  Таубаева,  К.Ж.  Қожахметова,  Ш.Т.  Таубаева,              
А.К.  Рысбаева  сынды  ғалымдарымыздың  үлесі  зор.  Гуманистік  көзқарасты 
қалыптастыруда  көркем  әдебиеттің  тиімді  тәрбие  құралы  қызметін  атқаратыны  туралы 
Абай мұрасындағы рухани-имандылық идеяларды зерттеген А.С. Елемесова, І. Халитова, 
Дулат  Бабатайұлының  тәлім-тәрбиелік  идеяларын  зерттеген  ғалым  Ш.Ж.  Жұматаева  да 
қазақ  халқының  гуманистік  идеяларын  ашып  көрсете  білген,  сондай-ақ  зерттеуші         
А.К. Меңжанова "Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және 
еңбекке тәрбиелеу" еңбегінде, ғалым С. Қалиев "Халық педагогикасың ауыз әдебиетіндегі 
көрінісі" еңбектерінде гуманистік көзқарас, гуманистік тәрбиеге аса назар аударып, жан-
жақты талданып, көрсете білген.  
Қорыта  келе,  жоғары  оқу  орындарының  студенттерінің  гуманистік  көзқарасын 
қалыптастыру  –  жоғары  мектеп  педагогикасының  өте  маңызды  міндеттерінің  бірі.  Осы 
мақсатта  гуманистік  көзқарастың  құрылымдық  бөліктерін  анықтап,  сол  арқылы  студент 
жастарды  ізгілікке  тәбиелеуде  көркем  әдебиетті  пайдалану  табысты  нәтиже  береді  деп 
ойлаймыз.  
Қазақ  әдебиетінің  бай  мұрасындағы  педагогикалық  ой-пікірлерді  зерделегенде, 
олардың  тек  тәлім-тәрбиелік  мазмұнына  ғана  талдау  жасамай,  оларды  жастар  бойына 
қалай  сіңіруге  болады  деген  мәселені  де  назардан  тыс  қалдыруға  болмайтындығын  баса 
айтқымыз келеді. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Фридман Л.М. Педагогический опыт глазами психолога. – М., 1987. – С. 77-79. 

 
132 
2
 
Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры. – М., 1998. – С.58-63.  
3
 
Лихачев Б.Т. Философия воспитания. – М.: Прометей, 1995. – С. 141-143. 
4
 
Дубинин Н.П. Что такое человек. - М., 1983. – С. 257-258.  
5
 
Батишев  Г.С.,  Леведов  Н.Н.  К  философской  проблематике  нового  педгогического 
мышления // Вестн.высш.шк. – М., 1989. – С.177-182. 
6
 
Колесникова И.А. Педагогическая реальность:опыт межпарадигмальной рефлексии. – 
СПб., 1999. – С. 158-160. 
7
 
Құнанбаев  А.  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.  ІІ  том.  -  Алматы:  Жазушы,  1986.  – 
200б. 
8
 
Ергалиев  И.  Формирование  духовности  человека  и  философия  //  Казахстансая 
философия в конце ХХІ века. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – С. 88-89. 
9
 
Қалиев С. Этнопедагогика. – Алматы: Дәуір, 2014. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  способы  формирования  гуманистических  взглядов  студентов, 
систематизированы  основы  педагогических  концептов  и  принципов.  А  также  приведены  мнения 
ученых о гуманистических взглядах. 
 
RESUME 
 
Based  on  the  pedagogical  conceptions  and  principles,  the  activities  that  develop  tho  learner's 
humanistic views are provided in this article. At the same time humanistic views  of scientists' opinions 
and works were analyzed. 
 

 
133 
UDC 378.14.014.13 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
R.F. Zhussupova  
The L.N. Gumilyov Eurasian 
National University, Candidate  
of Pedagogical Science, Docent 
 
A.Z. Kussayinova  
The L.N. Gumilyov Eurasian 
National University, the Master 
Degree student 
Methodological 
Development of 
Kazakhstani 
Component for 
Teaching the English 
Speaking Language 
 
Annotation 
The  paper  is  devoted  to  one  of  the  urgent 
problems  in  training  a  foreign  language,  namely  to 
use the Kazakhstani component in conversation in the 
English  speaking  language  and  its  practical 
significance  in  teaching  because  it  has  valuable 
points  such as being  a  significant  factor for personal 
development  of  the  useful  tool  in  teaching  the 
English  language  in  the  cultural  environment,  ethnic 
aspects of education.  
Keywords:  Kazakhstani  component,  ethnic 
aspects  of  education,  conversation  in  the  English 
speaking language. 
 
 
Knowledge of three languages should become a 
standard  practice  for  us.  Nowadays  we  are  teaching 
(these  languages  to)  our  children  starting  from  their 
first  year  at  school.  President  Nazarbayev  has  called 
Kazakhstan to follow the example of India, Singapore 
and Malaysia and develop three languages - Kazakh, 
Russian and English. Nazarbayev emphasized that all 
the  Kazakhstan  citizens  should  strive  to  know  their 
national  language.  “Lifting  of  one  nation  through 
humiliation of another nation is unacceptable. That is 
why I am talking about trilingualism," he said [1].  
Kazakhstan has to know its official language  – 
the  Kazakh  language.  The  government  applies  a 
selective  approach  to  various  regions  of  Kazakhstan 
based  on  their  populations'  language  preferences. 
Over  70%  of  people  in  Kazakhstan  are  ethnic 
Kazakhs,  and  predominantly  Kazakh  regions  should 
start  transferring  office  administration  and  records 
into  the  Kazakh  language.  We  have  the  areas  where 
there are few Kazakh speaking people and we should 
maintain the workflow management in two languages 
(Kazakh  and  Russian)  in  these  regions.  But  even 
predominantly  the Russian regions have a town with 
predominantly  Kazakh-speaking  population.  Records 
management  in  the  Kazakh  language  can  be 
introduced in such locations as well. 
The  Russian  language  is  the  language  of  our 
big  neighbor  and  one  of  the  six  UN  languages.  This 
language enabled us to access the great literature, the 
great culture. That is why we should not forget it, or 
put it aside, every language is the wealth for a person. 
It  is  quite  likely  that  in  years  to  come  we  will  be 
learning  the  Chinese  language  if  China  becomes  the 
main source of technologies in future. But in case the  
 

 
134 
knowledge and technologies are going to be coming from Russia some day, we should know the 
Russian language [2]. 
We need the English language to enter the global arena. Out of 10 million books published 
in the world 85% are in English. The science, all the new developments and information - are all 
in  English  nowadays.  There  are  3.500  foreign  companies  in  Kazakhstan  and  the  local  citizens 
need English to communicate with them and use the equipment they bring into the country.  
Only  Kazakhstan  out  of  the  entire  post-Soviet  space  was  able  to  maintain  a  culture  of 
multiple languages. The Ukraine, the Caucasus republics and even our neighbors in Central Asia 
speak oney their native language. 
Learning the new language is not only good for a native but also provides an opportunity to 
communicate  with  local  people  of  different  countries.  Conversations  complete  the  circle  of 
communication:  you listen, speak, give back feedback, and listen again.  Gestures can also help 
you convey  your meaning and ask  for clarification.  In fact,  being able to  stop  the conversation 
and  start  again  to  get  clarification  or  feedback  is  the  reason  that  the  conversation  is  the  most 
useful technique for acquiring a new language. 
An interesting aspect is getting to know somebody from another country. It's necessary to 
learn  about  their  culture.  One  way  to  do  this  is  to  compare  the  differences  between  the  two 
countries, such as pace of life, type of jobs, quality of life, cuisine, drinking habits, how people 
spend their spare time, ethnic makeup, social structure, climate, topography, educational system. 
Conversation  is  one  of  the  most  important  English  speaking  language  skills  teachers  can 
equip  students  with.  Moreover,  students  will  actually  enjoy  a  well-developed  ESL 
communication class. 
Communication is, after all, why most of students are learning English. They want to meet 
new people in their travels and discuss new ideas while gaining various new perspectives on the 
world.  Conversation  is  the  ESL  tool  that  will  take  students’  noses  out  of  textbooks  and 
notebooks, letting them build the English language confidence in a more natural way [3]. 
Regional material  brings  the English  language communication to  the personal  experience 
of students, allowing them to operate the facts and information that they encounter in their daily 
lives and in the academic conversation. 
The use of regional material is multifunctional as far as the patriotic education and general 
political  education  expand  the  horizons  of  students  and  the  development  of  their  cognitive 
interest. Filling the content of the texts with regional material can enrich their learning process of 
the  valuable  component  and  regional  knowledge  about  local  history,  customs,  traditions  and 
culture of their local people, the information about the outstanding people of the area [4].  
The  regional  material  provides  for  an  opportunity  to  introduce  into  the  teaching  process 
materials  related  to  traditions,  culture  of  a  given  region  which  defines  values,  area  studies  and 
knowledge.  These  issues  of  the  regional  material  can  be  conveyed  only  with  the  help  of 
language.  It  is  possible  that  the  regional  material  can  expand  the  horizons  of  students  and  the 
development  of  their  cognitive  interest  and  on  the  other  hand,  it  is  a  useful  tool  for  practicing 
vocabulary and grammar exercises. This paper will touch upon the advantages of a Kazakhstani 
component in teaching the English language. 
The  Kazakhstani  component  in  teaching  foreign  languages  can  be  considered  to  be  the 
principal  feature  of  education  incorporating  important  issues  like  regional  ethnic,  cultural 
traditions and language, and how cultures have developed nowadays. 
The  Kazakhstani  system  of  education  needs  to  take  into  account  ethnic  traditions,  the 
specific  features  and  mentality  of  the  Kazakh  people  who  live  in  a  given  territory;  it  needs  to 
foster the ideas of developing the ethnic culture and the Kazakh folk pedagogical experience in 
order  to  inculcate  a  sense  of  caring  and  love  for  the  natural  environment  in  Kazakhstan 
conservation  mindedness.  The  study  of  the  local  folk  pedagogical  culture  makes  it  possible  to 
pick out the relevant components of it that can be utilized in the present-day teaching-upbringing 
practice. The ethnocultural component, which is organically built into the content of education, 

 
135 
makes  it  possible  to  correlate  the  process  of  instruction  with  the  ethnopsychological 
characteristics  of  the  students  and  to  create  conditions  favorable  for  the  development  of  the 
children’s cognitive processes of perception, memory and thinking. 
It is necessary that the content of school subjects gives students the opportunity to learn the 
basic  concepts  and  categories  of  cultural  education  as  originality,  uniqueness,  spiritual  culture, 
national  identity,  world  culture,  the  common  roots  of  crops,  interaction  of  cultures,  cultural 
communication,  culture  of  an  interethnic  dialogue,  conflict,  mutual  understanding,  cooperation 
and tolerance. 
Cultural  education  is  examined  on  employment  as  a  special  method  of  forming 
communicative  abilities,  allowing  to  the  graduating  student  of  a  high  school  to  carry  out 
intensive cross-cultural cooperation. 
Thus,  the  current  schools  practice  in  Kazakhstan  shows  that  the  content  of  the  texts  in  a 
foreign  language  does  not  contain  regional  issues.  This  could  be  seen  from  the  experience  of 
some teachers working at Universities. 
The  Kazakhstani  component  can  be  considered  as  the  principal  feature  of  education, 
considering important issues such as the ethnic and cultural tradition of language, and the level 
of  modern  cultural  developments.  Therefore,  below  we  demonstrate  some  suggestions  for 
conversation  that  would  guide  to  achieve  this.  We  decided  to  choose  the  theme  «Fashion  in 
Kazakhstan» because it is not sufficiently trained in the English classroom. These tasks are for 
students of the ninth form in Kazakhstan comprehensive schools.
 
Fashion show 
Do you know Kazakhstani fashion brands? 
What can you say about these brands and designers? (picture -1) 
 picture -1 
Read the text about fashion 
Fashion in Kazakhstan 
Fashion is a kind of art. Nowadays the theme of fashion is the most important topic in the 
world. Now we speak about the fashion of Kazakhstan. The Fashion of Kazakhstan is developing 
every year. And each time it gets better and more popular.  
The  fashions  of  Kazakhstan  are  shown  on  the  world  stage  by  such  designers  as  Saltanat 
Baimukhametova  (Salta),  Jadyra  Sahieva  (Jado),  Aida  Kaumenova,  Saida  Azikhan,  Erlan 
Joldasbek,  Saken  Jaksybayev  and  others.  They  move  our  fashion,  our  art,  and  our  traditions 
forward. The fashion week is organized in Astana and Almaty where the most famous designers 
of  our  country  show  their  new  collections.  We  hope  our  country  will  be  the  most  popular  and 
will be the center of the world fashion. 
Explain new words: 
1.
 
Develop – 
2.
 
Show – 
3.
 
A world stage – 
4.
 
Designer – 
5.
 
Move forward –  
6.
 
Hope – 
True or False:  
1.
 
Fashion is not a kind of art. 

 
136 
2.
 
The Fashion of Kazakhstan is develops every year. 
3.
 
The Fashion of Kazakhstan gets better and more popular. 
4.
 
These designers do not show our fashion on the world stage. 
5.
 
These designers show our fashion, our art and our traditions. 
Speaking: 
1.
 
In two groups prepare the dialogue about the fashion in KZ. 
2.
 
And  now  you  can  see  the  pictures  of  the  Kazakhstan  Fashion  Week,  describe  the 
clothes and say what you think about it (pictures - 2, 3, 4). 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал