Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



жүктеу 13.81 Kb.

бет15/25
Дата09.01.2017
өлшемі13.81 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы. - Астана, 2015. 
2
 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: әдістемесі. Оқулық. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. 
– 272 б.  
3
 
Нағымжанова  Қ.М.  Инновациялы-креативті  технологиялар.  –  Өскемен:  Медия-
Альянс, 2006. – 192 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  применения  технологии  критического  мышления  в 
формировании коммуникативной компетентности студентов на занятиях. В связи с этим изложены 
разные  виды  работ  учебного  процесса,  направленные  на  овладение  речевой  деятельностью, 
приобретение знаний, умений и навыков в общении.  
 
RESUME 
 
The  article  is  devoted  to  the  application  of  the  technology  of  critical  thinking  formation  of 
communicative  competence  of  students  in  the  classroom.  In  this  regard,  different  types  of  work  in  the 
educational process aimed at the mastery of speech activity, acquisition of knowledge, abilities and skills 
in communication are set out. 
 

 
119 
ӘОЖ 378. 147: 811. 512. 122(574)
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ.Қ. Мұқанова 
 
Семей қаласының Шәкәрім 
атындағы мемлекеттік 
университеті, пед. ғыл. канд, 
доцент
 
 
Білім 
алушылардың 
ғылыми-зерттеу 
қызметіндегі 
жобалап оқыту 
әдісі 
 
Аннотация 
Мақалада  білім  алушылардың  ғылыми-
зерттеу  қызметіндегі  жобалап  оқыту  әдісінің 
алатын орны қарастырылады. Білім алушылардың 
ғылыми-зерттеу  қызметін  тиімді  ұйымдастырып, 
ғылыми-ізденушілік  жұмыстарға  бағыт  беретін 
жаңа  оқыту  әдістерінің  бірі  ретінде  жобалап 
оқыту 
әдісінің 
ерекшеліктері 
мен 
артықшылықтары көрсетіледі. 
Жобалап  оқыту  әдісі  –  білім  алушының 
жеке  тұлғалық  қабілеттерін  заманауи  талаптарға 
сай 
дамытуға, 
шығармашылық, 
танымдық 
қабілеттерін  жан-жақты  жетілдіруге  жол  ашатын 
жаңа оқыту түрінің бірі ретінде қарастырылады. 
Түйін  сөздер:  білім  алушылар,  ғылыми-
зерттеу  қызметі,  ғылыми-ізденушілік,  жобалап 
оқыту,  жеке  тұлғалық  қабілет,  шығармашылық, 
танымдық қабілет.  
 
 
Білім  беру  жүйесін  қоғамның  даму 
мақсатына  сай,  шығармашылықпен  ойлауға 
дағдыланған, халықаралық деңгейде бәсекеге түсе 
алатын  білікті  мамандардың  жаңа  ұрпағын 
қалыптастыруға бағыттау және оқыту әдiстемесiн 
жетiлдiру  қажеттігі  өзекті  мәселе.  Бүгінгі  таңда 
жоғары  білім  беруде  студенттің  ғылыми-зерттеу 
жұмыс  жүргізуіне  үлкен  көңіл  бөлініп,  барлық 
білім  беру  үрдісі  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  бағытталып 
отыр.  
Жоғары  оқу  орындарында  білім  берудің 
маңызды  шарты  -  оқу  үдерісін  жаңарта  отырып, 
студенттерді  ғылыми-ізденушілік  жұмыстарға 
бағыттау,  ғылыми-зерттеу  қызметін  тиімді 
ұйымдастыру, 
шығармашылық 
қабілеттерін 
дамыту, 
олардың 
өздігінен 
білім 
алуға 
құштарлығын жетілдіру. 
Білім 
алушылардың 
ғылыми-зерттеу 
қызметін 
тиімді 
ұйымдастырып, 
ғылыми-
ізденушілік  жұмыстарға  бағыт  беретін  жаңа 
оқыту  әдістерінің  бірі  ретінде  жобалап  оқыту 
әдісін көрсетуге болады. 
Жобалап оқыту әдісі – білім алушының жеке 
тұлғалық  қабілеттерін  заманауи  талаптарға  сай 
дамытуға, 
шығармашылық, 
танымдық 
қабілеттерін  жан-жақты  жетілдіруге  жол  ашатын 
жаңа  оқыту  түрінің  бірі.  Жобалап  оқыту  әдісі 
арқылы     оқу     үрдісін     ұйымдастыру     қазіргі 

 
120 
алдындағы  міндеттер  мен  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  береді.  Бірақ  кез  келген  оқыту 
әдісінің жемісті болуы оқытушылардың жаңа технологияны қолдана алу дайындығы мен 
ынтасына, ең бастысы, оқу мекемесінің материалдық-техникалық жабдықталуына тікелей 
байланысты болатынын естен шығармауымыз керек.  
Жобалап  оқыту  әдісін  жеке  тұлғаға  бағытталған  даралап  оқыту  формасына  да, 
ұжымдық  оқыту  формасына  да  жатқызуға  болады.  Жобалап  оқыту  әдісі  оқытудың  екі 
формасын да іске асыруға мүмкіндік береді. Өйткені жоба жұмысын білімалушы жеке өзі 
орындауы  да  немесе  топпен  орындауы  да  мүмкін.  Даралық  сипатта  орындалатын  жоба 
жұмысының  өзіндік  айырмашылықтары  бар.  Жоба  жұмысы  орындалу  мерзіміне  қарай 
қысқа  мерзімді  (2-3  сабақтық,  2-3  апталық)  және  ұзақ  мерзімді  (тоқсандық  немесе 
жылдық)  болуы  мүмкін.  Ал  мазмұндық  сипаты  жағынан  ғылыми-ізденіс  және 
қолданбалы-практикалық  болып  екіге  бөлінеді.  Көпшілік  жағдайда  ғылыми-ізденіс 
жобалары ұзақ мерзімге жоспарланса, қолданбалы-практикалық жобалар қысқа мерзімде 
орындалады.  Жобаның  қандай  түрінде  болсын  зерттеушілік  пен  шығармашылық  басты 
орын алады. Шығармашылық жұмыстар білім алушылардың өз беттерімен іздену, зерттеу, 
қорытынды жасау іс-әрекетіне түрткі жасай отырып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді. 
Ғылыми-ізденіс  жобаларының  түрлеріне  зерттеу,  шығармашылық,  пәнаралық,  т.б. 
жобалар жатады.  
Жобалап  оқыту  әдісі  білім  алушылардың  ойлау  қабілеттерін  белсендіруге  жеке 
тұлғаның  өзін-өзі  шығармашылық  тұрғыда  жетілдіруге,  алған  білімдерін  іс-тәжірибеде, 
өмірде  қолдана  білуге  бағытталған.  Кез  келген  жоба  нақты  бір  мәселенің  шешімін 
білімалушының өз бетімен шешуіне негізделген іс-әрекеттер жүйесі. Сондай-ақ, жобалап 
оқыту  әдісі  арқылы  білім  алушылардың  сөйлеу  тілін,  көркем  сөйлеу  мәдениетін 
жетілдіруге, көркем ойлауын дамытуға болады.  
Жобалап оқыту әдісінің болжамы: 
- зерттеу нәтижесі арқылы шешімін табуға негізделген мәселенің болуы; 
- күтілетін нәтиженің практикалық, теориялық, танымдық маңызы; 
- білім алушының өзіндік іс-әрекеті; 
- жобаның ең маңызды тұстарын көрсете білу: 
- қорытынды жасау. 
Жобалап оқыту әдісінің тиімді іске асырылуы үшін оқытушы: 

зерттеушілік, 
ізденушілік 
әдістерді 
жақсы 
меңгерген 
болу 
керек, 
білімалушылардың зерттеу жұмыстарын жақсы ұйымдастыра білу керек
- білім алушыларды қойылған мәселенің дұрыс шешімін табуға бағыттай білу керек; 
- таңдап алынған жоба тақырыбы бойынша әр сала білімін ықпалдастыра білу керек. 
Жобалап оқыту әдісімен жұмыс істеу барысында әрбір білімалушы: 
- білімді өз ізденісі нәтижесінде игеріп, игерген білімді жаңа танымдық, тәжірибелік 
міндеттерді шешуде қолдана алуға үйренеді; 
- дұрыс, әрі еркін сөйлеу шеберлігі мен дағдысы қалыптасады; 
-  зерттеушілік  жұмыстардың  практикалық  тұстарын  игереді,  қажетті  ақпараттар 
жинайды, фактілерді талдауға үйренеді, қорытынды шығарады. 
Кез келген жоба мақсаты: 

білім  алушылардың  зерттеу  жұмысын  жүргізуге  деген,  пәнге  деген 
қызығушылығын ояту; 
-  білім  алушылардың  топпен  жұмыс  жасай  білу  дағдысын  қалыптастыруға  ықпал 
ету; 
-  материалдарды  өз  бетімен  іріктеп,  қорытынды  шығара  білу  дағдысын 
қалыптастыру; 
-  жекелеген  тақырыптар  мен  фактілерді,  құбылыстарды  өз  бетінше  оқып,  талдай 
білуге үйрену; 
- байқампаздық, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;  

 
121 
-  бір-бірімен  ынтымақтастықта  жұмыс  істеуге  дағдыландыру,  қатысымдық 
қабілеттерін дамыту. 
Жобаны ұйымдастыру үшін: 
-  жобаның  мақсаты  мен  міндетін  анықтап  алу  керек  (танымдық,  зерттеушілік, 
мәдени-әлеуметтік); 
- зерттеу саласын анықтау; 
-  жоба  тақырыбын  оқушылармен  талқылау  және  топқа  бөлу  (топ  4-5  студенттен 
апсау керек, егер жоба жұмысы жекелей орындалса, студентке нақты міндеттер қойылуы 
керек); 
- әрбір топтың міндетін анықтау
- қойылған міндетті орындауға берілетін уақыт мөлшерін анықтау; 
- әр топқа қойылған міндеттерді орындауға қажетті мәліметтер және ол мәліметтерді 
талдау, қорытындылау, нәтижеге бағыттау бойынша кеңес беру; 

жобаны  аралық  қорғау  және  талдау  жұмысын  ұйымдастыру,  онда 
білімалушылардың  қол  жеткізген  нәтижелерін  талқылау,  топ  жұмысының  кемшілік 
тұстарына түзету енгізу, оны жою жолдарын ұсыну қарастырылуы керек; 
- талдау нәтижесі бойынша түзету жұмыстарын жүргізу; 
- жоба жұмысын қорғау, нәтижесімен таныстыру (презентация) керек. 
Жобалап  оқыту  әдісі  дәстүрлі  әдістен  білім  алушылардың  жоба  жұмысын  өзіндік 
ізденісі арқылы орындап, оқытушы тек кеңесші ролінде болуымен ерекшеленеді.  
Жобалап оқыту әдісін ұйымдастыру әдістемесі бірнеше кезеңнен тұрады: 
1. Жоба жұмысын жоспарлау кезеңі (тақырып бойынша игерген білімдерімен алмасу 
кезеңі) 
- жоба жұмысы бойынша туындаған пікірлерді талқылау
- білім алушыларды қызықтыратын жоба тақырыбын іріктеу; 
- жоба тақырыбын нақтылау.  
2.  Талдау  кезеңі  (білім  алушылардың  жоба  жұмысын  зерттеп,  жаңа  білімді  өзіндік 
игеру кезеңі) 
- қойылған мақсат пен міндетті нақтылау; 
-  арнайы  әдебиеттер,  интернет  желісі,  бұқаралық  ақпарат  құралдарынан  және  т.б. 
ақпарат іздеу және жинау
- басқа адамдармен ақпарат алмасу (оқушылар, мұғалімдер, кеңесшілер, ата-аналар); 
- мәліметтерді талдау; 
- алынған мәліметтерді салыстыру, ең маңызды, қажетті материалды іріктеп алу. 
3.  Жинақтап  қорыту  кезеңі  (іріктелген  ақпарат  пен  игерілген  білім,  білік,  дағдыны 
ықпалдастыру кезеңі). 

қорытынды  нәтижені  ұсыну  үлгісін  анықтау  (реферат,  конференция, 
видеотүсірілім, мультимедиялық презентация, презентация, жарнама т.б.). 
4. Жобаны ұсыну, қорғау кезеңі (білім алушылардың зерттеушілік қызметіне талдау 
жасау). 
- жоба жұмысының нәтижесімен жұртшылықты таныстыру (презентация); 
- жоба жұмысының нәтижесін талқылау, бағалау. 
Жоба  жұмысы  көбіне  презентация  үлгісінде  орындалады.  Презентацияда  мыналар 
қамтылуы керек: 
- кіріспе сөз; 
- негізгі мәтін; 
- көтерілген мәселе бойынша ұсынылған жаңа тұжырым мен пікірге шолу жасау; 
- қолданылған сайттарға сілтеме жасау; 
- жұмысқа жалпы сипаттама: мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі; 
- графикалық, аннимациялық т.б. бейнелер
- диаграмма және графика; 

 
122 
- дәйексөз, қолданылған әдебиеттер тізімі. 
Оқытушы білім алушылардың орындаған жоба жұмыстарының эстетикалық жағына 
да  үлкен  көңіл  бөлуі  тиіс.  Біріншіден,  слайд  дизайнін  жасауға  көңіл  бөлу,  Power  Point 
презентация  жасау  бағдарламасы  дайын  дизайн  үлгілерін  пайдалануға  мүмкіндік  береді, 
оны  білімалушы  өз  қалауы  бойынша  пайдалана  алады.  Екіншіден,  слайдтың  дыбыстық 
және графикалық рәсімделуі автор жұмысының мазмұнымен үйлесуі керек.  
Өз  жобаларын  лайықты  қорғау  үшін  студенттер  әртүрлі  жаңа  технологияларды 
қолданады.  Мысалы,  ақпаратты  графикалық  немесе  мультимедиалық  жеткізу  сервері 
(мультимедиалық  коллаж,  интеллект-карта  т.б.),  PowerPoint,  Arezi  және  ISSN  5 
форматында  т.б.  өз  жобаларын  қызықты,  нәтижелі  көрсетілімдерге  айналдыра  алады. 
Бұндай  жағдайда,  тіпті  өте  енжар  студенттің  өзі  шығармашылық  топтың  құрамында 
белсенді  қатысушыға  айналады.  Ұжымда  жұмыс  жасау  студенттің  өзін  өзі  дұрыс 
бағалауға және бағасын көтеруге мүмкіндік береді.  
Жобалап  оқыту  әдісінде  білім  алушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмысына  баулып, 
олардың  танымдық  әлеуетін  көтеруге,  лингвоелтанымдық  мәдениетін  қалыптастыруға, 
теориялық  тұжырымдар  мен  қағидаларды  орынды  қолдана  алу  дағдыларын  дамытуға, 
өздігінен білім жетілдіру тәжірибесі бар, шығаршашылық белсенділігі жоғары жеке тұлға 
қалыптастыруға басымдылық береді. 
Жалпы  оқу  құзыреті  стратегиясын  тиімді  игеріп,  қалыптастыруда  бүгінгі  таңда 
жобалап  оқытудың  тиімділігі  жоғары,  өйткені  жобалап  оқыту  әр  студенттің  жеке 
шығармашылық қабілеті мен талантын ашуға мүмкіндік береді. Жоба орындау барысында 
әрбір  зерттеу  мәселелерінің  әр  студент  үшін маңыздылығы  артады,  студенттің  ой қиялы 
дамиды, олардың белсенділіктері жетіледі, өз істеген істері үшін жауапкершілігі артады, 
сондай-ақ  жоспарланған  өздік  жұмыстарды  өз  уақытында  және  сапалы  орындауға 
қалыптасады. 
Жобалап 
оқыту 
әдістемесінің 
тағы 
бір 
жағымды 
жағы, 
тәжірибеге 
бағытталғандығында,  яғни  нақты  өнім  алу,  топтық,  ұжымдық,  жекелей  жұмыс  түрлерін, 
әртүрлі  іс  әрекет  түрлерін  қамти  алатындығында.  Мақсаттылыққа,  еңбексүйгіштікке, 
табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу, топта жұмыс жасай алу және топпен тіл табыса алу 
оқу  үрдісінің  ажырамас  бір  бөлігі.  Бірінші  курс  студенттеріне  кіші  жобалармен  жұмыс 
жасату  өте  тиімді,  себебі  оқу  үрдісінде  студент  пен  оқытушының  рөлі  ауысады.  Енжар 
студент  белсенді,  қойылған  мәселелерді  өз  бетінше  анықтап,  қажетті  материалдарды 
іріктеп, талдау жасайтын белсенді студентке айналады. Студенттер кіші топтарда жұмыс 
жасауға  дағдыланады,  өйткені  жобалап  оқытудың  негізі  топтық  жұмысқа  құрылған. 
Топпен жұмыс жасауда ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін студент өз мінез-құлқын, өзінің 
жеке қасиеттерін реттеу қажеттігі туындайды.  
Бірінші курс студентінің үйренетін пән, материал бойынша өзіндік талдау жасауына 
негіз  болатын  сыни  ойлау  дағдысын  қалыптастыру  өте  күрделі.  Топпен  жұмыс  жасау 
барысында  студенттің  жауапкершілігі  артады.  Себебі  ол  өзі  жеке  орындайтын  жұмыс 
бөлігінің  нәтижесі,  басқа  кіші  топтардың  орындаған  жұмыс  нәтижесіне  әсер  етеді, 
сондықтан  студент  өз  жұмыс  бөлігін  асқан  жауапкершілікпен  орындайды.  Студентке 
топпен жұмыс жасату  барысында оның қандай командада жұмыс жасағысы келетінін де 
ескеру  қажет.  Оның  да  жұмыс  нәтижесіне  тигізетін  әсері  үлкен.  Ол  студенттердің 
психологиялық жайлы ортада жұмыс жасауына бірден-бір әсері болады. Бірақ топқа бөлу 
кезінде  үлгерімі  жақсы  студент  пен  үлгерімі  орта  деңгейдегі  студенттерді  араластырып 
аралас  топ  құру  қажеттігін  ескеру  керек.  Бірыңғай  үлгерімі  жақсы  немесе  бірыңғай 
үлгерімі төмен топ студенттерімен топ құруға болмайды.  
Жобаның қойылған мақсатқа жетіп, нәтижелі болуына көптеген факторлардың әсері 
бар.  Құрылған  топ  алдымен  бір  командаға  айналу  керек,  әр  топ  мүшесі  өзінің 
жауапкершілігін  сезінуі  керек,  жоғарыда  атап  өткендей,  әр  топ  мүшесінің  жасаған 
жұмысы басқа топ мүшелерінің жұмыс нәтижесіне тікелей әсер етеді. Ортақ мақсатқа қол 

 
123 
жеткізу үшін әрбір топ мүшесі қажетті ақпаратты жинайды, өңдейді. Жобалап оқытудағы 
негізгі  мақсат  -  студенттерге  жоба  жұмысын  орындату  арқылы  өздері  іріктеп,  талдаған 
ақпараттарын  айтып  беру  емес,  оны  іс-тәжірибеде  қолдануға  бағыттау.  Сол  арқылы 
студенттің  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  қалыптастыруға,  белсенділіктерін 
дамытуға мүмкіндік алу.  
Қорытындылай айтқанда, білім алушының белсенді зерттеушілік қызмет атқаратын 
өзіндік ғылыми ізденісіне, танымдық-практикалық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті 
мүмкіндіктер  тудыратын  жобалап  оқыту  технологиясы  бүгінгі  қоғам  талабына  сай 
бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда шешуші мәнге ие бола алады. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 

Полат Е.С. Метод проектов: история и теория вопроса 
// 
Школьные технологии. 

 2006. - 
№6
. - 
С.43
-46.  

Солопова  Н.  Шельпова  Н.  Проектная  методика  в  профильном  обучении. 
// 
Школьные технологии. –
 2005. - 
№3
. - 
С.120
-125.  

Байсалбаева  М.  Жобалау  технологиясы  бойынша  оқушылармен  жұмысты 
ұйымдастыру тәжірибесінен //
 
Қазақ тілі: әдістеме. 
- 2011. - 
№2. 

25 б.
 
4
 
Сатбекова  А.А.  Қазақ  тілін  өзгетілді  дәрісханада  жобалай  оқыту  технологиясының 
ғылыми-әдістемелік  негіздері  (гуманитарлық  бөлім)  Педагогика  ғылымдарының 
докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертацияның  авторефераты.  – 
Алматы, 2009. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  роль  проектного  обучения  в  развитии  научно-исследовательских 
способностей обучающихся. 
 
RESUME  
 
This article considers the role of project-based learning in the implementation of research abilities 
of students.  

 
124 
ӘОЖ 428'303  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Б. Шормақова  
Еуразия гуманитарлық 
институты,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
К.К. Абденова  
Астана қаласы №48 мектеп-
лицейі мұғалімі  
 
Бастауыш сыныпта 
халық ауыз 
әдебиетін үлгілерін 
оқытудың әдіс-
тәсілдері 
 
Аннотация 
Халық 
ауыз 
әдебиетінің 
үлгілері 
– 
балалардың  психологиялық  ой-өрісіне,  жас 
ерекшелігіне  сай  жазылумен  бірге,  оларды 
адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейтін ең 
сенімді 
құралы. 
Демек, 
ұлт 
болашағын 
тәрбиелеуде  халық  мұрасы  ерекше  орын  алады. 
Мақалада  бастауыш  сынып  оқушыларына  халық 
ауыз әдебиетінің үлгілерін оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдері туралы сөз болады. 
Түйін  сөздер:  Қазақ  балалар  фольклоры, 
балалар  психологиясы,  мақал-мәтел,  жұмбақ, 
жаңылтпаш,  ертегі,  ой-өрісінің  кеңеюі,  сөздік 
қорының  молаюы,  дүниетанымының  жан-жақты 
дамуы 
 
 
Балалар  фольклоры  –  ауыз  әдебиетіндегі 
бала 
тәрбиесіне 
арналған 
халықтық 
педагогиканың  өмір  тәжірибесінен  алынған 
шығармалар  жиынтығы.  Соңғы  кезде  білім  беру 
орындарында 
балаларға 
арналған 
ауыз 
әдебиетінің  үлгілерін,  оның  салаларын  оқытуға 
көп көңіл бөлінуде. Ал оқу материалдарына аңыз 
әңгімелер,  мақал-мәтелдер,  ертегілер,  шешендік 
сөздердің 
түрлерін 
балалардың 
жас 
ерекшеліктеріне  қарай  енгізіп,  оқу  үдерісінде 
үздіксіз  пайдалану  –  баланың  ой-өрісінің 
кеңеюіне, 
сөздік 
қорының 
молаюына, 
дүниетанымының  жан-жақты  дамуына  ықпал 
етеді. 
Зерттеуші  ғалым  Қ.  Матыжанов:  «Ең 
алдымен балаларға арналған халық шығармалар – 
балалар  психологиясын,  көркемдік  талғамын, 
шығармашылық  мүмкіндіктерін  танытатын  асыл 
мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, 
логикалық  жүйелілігімен,  тілінің  нәрлілілігімен, 
музыкалық 
сазымен, 
өнегелі 
мазмұнымен, 
ойындық  жеңіл  формасымен  балалардың  рухани 
азығына  айналған  бағалы  тәрбие  құралы»,  -  деп 
[1, 
45] 
ауыз 
әдебиетінің 
педагогикалық 
құндылығын танытады. 
Бастауыш 
сыныпта 
ауыз 
әдебиетінің 
үлгілерінен  төрт-түлікке  арналған  жырлар,  өтірік 
өлендер  (үзінділер),  мақал-мәтелдер  (әртүрлі 
тақырыптағы), 
жұмбақтар, 
жаңылтпаштар, 
ертегілер:  хайуанаттар  жайындағы  ертегілер  мен 
қиял-ғажайып  оқиғалы  ертегілер,  шешендік 
сөздер т.б. оқытылады  [2].  Халық  ауыз  әдебиеті 

 
125 
үлгілерінің  бала  тәрбиесіндегі  алатын  орнын  көрсетіп,  олардың  танымдық  маңызын, 
еңбекке, адамгершілікке, патриоттық, батырлық, ерлік, дене, эстетикалық тәрбие берудің 
көзі екеніне мән береміз.  
Бастауыш  сыныпта  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  оқытуда  төмендегідей 
нәтижелерге қол жеткізіледі:  
1.
 
Оқушының  сөйлеу  тілін  жетілдіріп,  ойлау  қабілетін  арттырады,  ақыл-  ойын 
дамытып, жадын жаттықтырады.  
2.
 
Ең  қарапайым  әдіс-тәсілдерден  басталған  оқу  дағдысын  қалыптастырып,  кітап 
оқуға деген қызығушылығын арттырады.  
3.
 
Білім мазмұны арқылы, табиғат, қоғам туралы түсінігін кеңейтіп, дүниетанымын 
арттырады.  
4.
 
Шығарма  мазмұны  арқылы  оқушы  адамгершілік  нормаларына  сәйкес  келетін 
мінез-құлықтарды, дағдылар мен әдеттерді, ынта-ықыластарды қалыптастырады.  
5.
 
Халқымыздың  ой-өнерінің  алтын  қоры  –  ауыз  әдебиеті  үлгілерімен  танысады, 
ертегі  мазмұнын  саналы  баяндауға,  өз  болжамы  мен  қорытындысын  айта  білуге 
үйренеді.  
Ертегілерді  оқыту.  Ертегілер  –  халық  өмірін  бейнелейтін  фантастикалық  негізге 
құрылған оқиғалы көркем шығарма [3, 31]. Ертегінің бай фантастикасы балалардың ойына 
қозғау  салып,  өмірдің  неше  алуан  сырларын  танытады,  сана-сезімі  мен  ақыл-ой 
қызметінің  дамуына,  қалыптасуына  көмектеседі.  Ертегіні  балалар  сүйсіне  тындайды, 
себебі  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  айтылып,  әбден  екшеліп,  халықтың  даналық, 
тапқырлық  ой-пікірлері  жинақталып,  көркем  әрі  жеңіл  тілмен  берілетіндігінде.  Ертегі 
оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді  де, баланың ойын 
бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді [4, 67].  
Халық  әділеттілік  пен  адамгершілікті,  ақылдылық  пен  батырлықты  ертеден-ақ  өте 
жоғары  бағалап,  әңгімеге,  ән-жырға  арқау  етіп  отырған  [5,  6].  Ертегілердің  тәрбиелік 
маңызы  орасан  зор.  Ертегілерді  оқу  арқылы  балалар  қарапайымдылық,  кішіпейілділік, 
адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен 
бейнелі тіркестерге бай болып келеді. Ертегілерді оқытуда ескерілуге тиісті жайттар:  
1.  Ертегіні  оқыту  барысында  «бұл  ойдан  шығарылған,  өмірде  кездеспейді»  деудің 
қажеті жоқ, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде 
кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.  
2.  Оқушыларды  кейіпкерлерге  қарапайым  мінездеме  бере  білуге  үйретуде 
ертегілердің пайдасы мол. 
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. 
Ертегілермен  танысқаннан  кейін  осыған  ұқсас  ертегі  құрастыру,  немесе  ренішпен, 
өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы сөз өнеріне 
үйретумен  қатар  армандауға,  қиялдауға  жетелейді.  Ертегі  құрастыру  алғашқыда  сурет 
бойынша  әңгіме  құрудан  басталады  да,  бұл  жұмыс  бірте-бірте  күрделене  түседі  [6,  25]. 
Соңғы  кезеңдерде  оқыған  ертегінің  мазмұнына  сәйкес  әңгіме  құрастыру  сияқты  болып 
жалғаса береді. Тек бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. 
Жұмбақтар  мен  мақал-мәтелдерді  оқыту.  Халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  ішінен 
жұмбақтар  мен  мақал-мәтелдерді  оқу-тәрбие  үрдісінде  үздіксіз  пайдаланып,  дәстүрге 
айналдырғанымыз  жөн.  Белгілі  ұстаз-ғалым  М.Ғабдуллин  мақал-мәтел  жөнінде:  «Қай 
мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал 
соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады», - дейді [3, 23]. 
Сондықтан  еңбек  ету,  оқу-білім,  ынтымақ-бірлік,  ерлік,  батырлық,  мінез-құлық,  әдет-
ғұрып  жайындағы  мақал-мәтелдер  арқылы  балалардың  тілін,  сөздік  қорын  дамытуды 
басты мақсат етіп аламыз. 
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, 
екінші  жағынан,  сөздік  қорын  байытады.  Жұмбақтар  бойынша  жұмыс,  негізінен,  оның 

 
126 
шешуін  табу  бағытында  жүргізіледі.  Ол  үшін  құбылыстарды,  нәрселерді  жұмбақтап 
айтылған  белгілеріне  қарай  табу  әдісі  ұсынылады.  Мұндай  жағдайда  жұмбақталған 
нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады. 
Балалардың  тілі  шебер,  ойы  орамды  болу  үшін  мақалдармен  шебер  жұмыс  жасалу 
қажет.  Үйренген  мақалдарды  орынды  қолдану  керектігі  түсіндіріліп  немесе  сурет 
бойынша мақалдар айту да баланың тілінің дамуына өз әсерін тигізеді.  
Жұмбақ, мақал-мәтелдермен сайыс сабақ өткізу оқушылардың тілін дамытудың бір 
жолы. Ол сайыс сабақ түрлерінің сипаты төмендегідей болып құрылуы тиіс:  
- Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.  
- Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айтқызу.  
Мақал-мәтелмен жұмыс «айтыс» түрінде де жалғасын табады.  
Мысалдарды  оқыту.  Мысалдарды  оқытуда  бұл  жанрдың  мынадай  өзгешеліктеріне: 
аллегориямен айтылатынына, мысалда белгілі  бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатынына, 
және оның оқылу ерекшелігіне назар аударылады. Бастауыш сынып оқушылары мысалды 
оқығанда  суреттелген  оқиғаның  тартымдылығына  қызығады,  оны  шындық  деп 
қабылдайды.  Сондықтан  балалардың  мысалдағы  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  тереңірек 
ұғына  түсуіне  жағдай  жасайтын  әдіс-тәсілдер  қарастырылады  [4,  45].  Ол  үшін  алдымен 
мысалдағы  суреттелген  оқиғаны,  қатысушы  кейіпкерлерді  шындық,  өмірде  болатындай 
етіп түсіндіру керек.  
Төрт  түлік  мал  және  жан-жануарлар  жайындағы  өлеңдерді  оқытуда  ең  алдымен, 
өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай балалармен әңгіме өткізіледі. Бұл жерде өлең 
ішінде кездесетін, балалардың ұғымына ауырлық келтіреді деген бейнелі  сөздер мен сөз 
тіркестерінің  мағынасы  түсіндіріледі.  Өлеңді  ырғағына  келтіріп,  мәнерлі  түрде  оқып 
шыққаннан  кейін  өлең  мазмұны  талданады,  өлеңнің  мазмұны  бойынша  жалпы  сұрақтар 
қойылады.  Өлеңді  екінші  рет,  қорытындылау  мақсатында,  оқуға  дайындық  жұмысы 
жүргізіледі: оқу техникасы, дауыс сазы, хормен оқу,  жеке балаға айтқызу т.б. жұмыстар 
[7, 47].  
Жалпы  алғанда,  бастауыш  сыныптарда  өтілетін  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілері 
баланың  ішкі  рухани  жан  дүниесі  байлығын  дамытуға,  адамгершілік-имандылыққа 
тәрбиелеуге,  сөз  өнерін  түсінуге,  тілін,  қиялын  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Халықтық 
педагогика  арқылы  баланың  бойында  ұлттық  мінез-құлық,  кішіпейілділік,  сыпайылық, 
рухани-адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді дарыту қажет [8]. Баланы ертеңгі ел тұтқасы 
десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.  
 
 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал