Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



жүктеу 13.92 Kb.
Pdf просмотр
бет8/31
Дата02.03.2017
өлшемі13.92 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

ТҮЙІН 
  
Тікелей  шетелдік  инвестициялар  –  дамушы  елдердегі  экономикалық  өсімнің  басты 
катализаторы ретінде белгілі. Олар озық технологиялардың жетістігімен, адам капитал өндірісінің 
дамуымен,  ұлттық  капиталды  инвестициялау  және  әлемдік  нарыққа  демеушілік  көрсету  арқылы 
мемлекеттің экономикалық өсімінің құралын айқындайды.  
 
 
RESUME 
 
Foreign  direct  investment  (FDI)  is  known  as  an  important  catalyst  for  economic  growth  in  the 
developing  countries.  It  reflects  drivers  of  economic  growth  of  the  country  according  to  technology 
transfer  that  increases  development  of  human  capital  assets,  stimulates  domestic  investments  and  holds 
the global market.  
 

 
 
72 
ӘОЖ 33.025.88 (574)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К.М. Ілиясова 
ҚР БҒМ ҒК 
Мемлекет тарихы 
институты, т.ғ.к., доцент 
 
Қызылорда арнайы 
экономикалық 
аймағы – облыстық 
мұрағат 
құжаттарында
 
Аннотация 
Мақалада 
Қазақстандағы 
Арнайы 
экономикалық  аймақтар  (АЭА),  соның  ішінде 
Қызылорда  АЭА-ның  құрылу  тарихы  және  оның 
1996-1999  жылдардағы  қызметі  қарастырылады. 
Бұл аймақтың ерекшелігі, негізгі даму бағыттары 
мен 
нәтижелері 
Қызылорда 
облыстық 
мемлекеттік 
мұрағат 
құжаттары 
негізінде 
берілген. 
Түйін  сөздер:  ұлттық  экономика,  арнайы 
экономикалық  аймақ,  ҚАЭА  (Қызылорда  АЭА), 
инвестиция. 
 
 
Тәуелсіздік 
жылдарында 
нарықтық 
қатынастармен бірге арнайы экономикалық аймақ 
(бастапқыда  ЕЭА  -  еркін,  ерекше),  оффшорлық 
қызмет,  инвестиция  сияқты  жаңа  экономикалық 
ұғымдар пайда болды.  
Бұл  ұғымның  астарына  үңілетін  болсақ, 
АЭА  -  халық  шаруашылығының  өзіне  тән 
ерекшеліктері 
бар 
территориялық 
және 
экономикалық  жағынан  біртұтас  бөлігі,  ондағы 
өндіріс 
орындары 
өзінің 
экономикалық 
құрылымына, оның ішінде еңбек, экономикалық-
географиялық  жағдайына  қарай  мамандан-
дырылады.  Бұл  аймақ  шегіндегі  өндірістік 
байланыс  тұрақты  болады  және  қарқынды 
жүргізіледі.  АЭА  интегралды  және  салалық 
болып екіге бөлінеді. Интегралды (яғни меншікті) 
АЭА-та  аймақ  шаруашылығы  жиынтық  күйінде 
қаралады.  Ал  салалық  АЭА-да  шаруашылықтың 
басым  саласы  жеделдете  дамытылады  [1,  41  б]. 
Қазіргі  кезде  Қазақстандағы  АЭА-дың  жалпы 
саны - 10.  
Арнайы 
экономикалық 
аймақтарға 
валюталық-қаржылық  және  салықтық  жеңілдік-
тер  беріледі,  шетел  капиталын  тарту  көзделеді. 
Шетелден  әкелінген  өнімге  кеден  салығы 
салынбайды  не  салық  мөлшері  азайтылады, 
негізгі  қорларды  пайдалану  мерзімі  қысқар-
тылады,  ресурстарды  пайдаланғаны  үшін  төлем 
мөлшері  кемітіледі.  Сонымен  бірге  Арнайы 
экономикалық 
аймақты 
қазіргі 
заманғы 
инфрақұрылыммен  (телефон,  телефакс  т.б.), 
шикізатпен, 
еңбек 
ресурстарымен 
үздіксіз 
қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылған.  
 

 
 
73 
Өткен  ғасырдың  90-жылдарының  ортасына  қарай  әлемде  1200-ге  жуық  әр  түрлі 
еркін (арнайы) экономикалық аймақ болған, оның ішінде: 400-і еркін сауда аймағы, 400-і 
ғылыми-өнеркәсіптік  парк,  300-ден  астамы  экспорттық  өндірістік  аймақ  және  шамамен 
100  шақтысы  арнайы  мақсаттағы  аймақтар  (оффшорлық  аумақтар,  экология-
экономикалық  аймақтар,  туристік  орталықтар  және  т.б.).  Мысалы,  Қытай  Халық 
Республикасында 
жүргізілген 
әлеуметтік-экономикалық 
реформаларда 
арнайы 
экономикалық  аймақтар  маңызды  рөл  атқарды.  1997  жылы  Қытайда  бес  арнайы 
экономикалық. аймақ, 50-ге жуық  ашық  қалалар, ондаған еркін сауда, жаңа техника мен 
жоғары технологияны меңгеру, туризмді дамыту аудандары ел экономикасының серпінді 
өркендеуіне  себепші  болды.  Әлемдік  тәжірибе  ЕЭА-лар  дұрыс  құрылған  жағдайда 
өндірістің дағдарыс пен құлдыраудан шығудың, шетелдік және отандық инвестицияларды 
тарту  арқылы  экономикалық  тұрақтандырудың  тиімді  жолдарының бірі  екенін  көрсетеді 
[2].  
Ал  оффшорлық  қызмет  (орталығы  ел  аумағынан  тыс  жерде  орналасқан  кез  келген 
қаржы  ұйымын  көрсету  үшін  қолданылатын  термин)  түсінігіне  ең  жақын  мазмұндағы 
сәйкестік  отандық  тәжірибеде  арнайы  экономикалық  аймақтар  арқылы  қарастырылады 
[3].  
Аймақтардың экономикалық дамуы мен экономикалық реформаларды жүзеге асыру 
ерекшелігіне  қарай  Қазақстандағы  аймақтар  5-ке  бөлінеді:  Батыс  Қазақстан,  Солтүстік 
Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Орталық  Қазақстан.  Осы 
аймақтардың  1-кестеде  көрсетілген  сипаттамасына  назар  аударсақ  [4,  57  б  ],  бүкіл  әлем 
көз  тігіп  отырған  мұнай  мен  газдың  бай  қоры  еліміздің  батыс  аймағында  шоғырланған, 
қара  және  түсті  металлургия,  көмір  өнәркәсібі  орталық  аймақта,  химия  өндірісі,  жылу-
энергетикасы  мен  тамақ  өнеркәсібі  шығыс  пен  солтүстік  аймақта  орналасқан,  ал  бау-
бақша, мақта, күріш және тұз өндірісі оңтүстік аймаққа тиесілі.  
 
Кесте 1 Аймақтар сипаттамасы 
 
Аймақ 
Жер  аумағы,  мың 
шаршы шақырым 
Сипаттамасы 
Орталық Қазақстан 
398,8 
Құрылыс индустриясының, қара және түсті 
металлургияның, химия өнеркәсібінің және 
көмір өнеркәсібінің өндірістік-өнеркәсіптік 
орталықтары 
Шығыс Қазақстан 
277 
Түсті  металлургия,  электроэнергетика, 
химия және ағаш өңдеу өнеркәсібі 
Солтүстік Қазақстан 
600,9 
Жылу-энергетика,  кен  өндіру  салалары, 
аллюминий  және  ферроқорытпа  өндірісі, 
агроөнеркәсіптік 
кешен 
және 
тамақ 
өнеркәсібі 
Батыс Қазақстан 
728,5 
Мұнай  және  газдың  бай  кен  орындары, 
хромит,  марганец,  никель,  фосфорит, 
ферроқорытпа,  минералды  тыңайтқыштар, 
мұнай-газ химиясы, балық өнеркәсібі 
Оңтүстік Қазақстан 
712,2 
Бақшагерлік, 
жүзім, 
мақта, 
қант 
қызылшасы, 
күріш 
шаруашылықтары, 
Фосфорит,  фосфорлы  тыңайтқыштар,  тұз 
өндірудің әлемдегі ірі кешендері 
 
Республиканың  қазіргі  экономикалық  кеңістігі  әлеуметтік,  экономикалық, 
экологиялық  ерекше  проблемаларымен  сипатталатын  әртүрлі  аумақтарды  қамтиды.  Осы 

 
 
74 
тұрғыдан 
алғанда 
және 
аймақтардың 
мамандандырылу 
қағидасына 
сәйкес 
республикамыздың  аймақтарын  төрт  топқа:  шаруашылық  құрылымы  экспортқа 
бағытталған  аймақ;  индустриялық  дамыған  аймақ;  агроөнеркәсіптік  аймақ;  дағдарыстық 
аймақ деп бөліп қарастыруға болады [5, 8 б].  
Сырдария өзенінің төменгі сағасында орналасқан Қызылорда облысы – дағдарыстық 
экономикалық  аймаққа  кіреді,  яғни  –  қысылшаң  табиғи-климаттық,  әлеуметтік-
экономикалық  және  техника-технологиялық  жағдайдағы,  шаруашылықтың  салалық 
құрылымы  ұтымды  емес  дағдарыстық  аймаққа,  сонымен  қатар  экологиялық  дағдарысқа 
ұшыраған  аймаққа  жатады.  Әрине,  аймақтағы  ең  басты  мәселе  бұл  –  облыстағы 
экологиялық  ахуал  болып  табылады.  Бұған  себеп,  Арал  теңізінің  тартылуы.  Теңіз 
табанынан  ұшқан  тұзды  шаң  айнала  қоршаған  ортаны  бұзып,  аймақта  экологиялық 
диспропорцияны  тудырып  отыр.  Сонымен  қатар  «Байқоңыр»  ғарыш  айлағынан  күн  ара 
ұшырылған  зымырандар  да  аймақтың  климаттық  ерекшелігін  мүлде  өзгертті.  Ал  соңғы 
уақытта  Сырдария  өзенінің  ирригациялық  кезеңде  тартылып  қалып,  ал  қыс-көктем 
айларында  арнасынан  шығып  жақын  жатқан  елді  мекендерді  су  алуы  аймақтағы 
экологиялық ахуалды тіпті ушықтырды. Кеңес Одағы күйрегеннен кейін облыстағы бүкіл 
өндіріс тоқтап, аймақтың нарықтық экономикаға жедел кіріп кетуіне кедергілер тудырды. 
Қазақстанның  басқа  аймақтарына  қарағанда  облыста  шағын  бизнес  баяу  қарқынмен 
дамыды.  Осы  және  басқа  да  мәселелер  тізбегі  –  аймақтағы  халықтың  тұрмыс  деңгейін 
төмендетіп,  аймағымыз  халықтың  ауру-сырқаулығы,  кедейшілік,  жұмыссыздық  сияқты 
көрсеткіштер бойынша Қазақстан аймақтарының арасында соңғы орындардың бірін алды 
[5, 3 б]. 
1991,  1992,  1994,  1996  жылдары  құрылған  алғашқы  9  Арнайы  экономикалық 
аймақтар  (Жезқазған  облысындағы  Жәйрем-Атасу,  Талдықорған  облысындағы  Алакөл, 
Жаркент,  Маңғыстау,  Шығыс  Қазақстан  АЭА,  Алматы  қаласындағы  «Атакент»  еркін 
сауда  аймағы,  Қостанай  облысындағы  Лисаковск,  Қызылорда  АЭА,  Ақмола  АЭА) 
еліміздегі  ішкі  сауда,  жалпы  экономикалық,  әлеуметтік  және  ғылыми-техникалық 
мәселелерді шешу мақсатында құрылды [6,19-20 пп.].  
Осы  аймақтардың  ішінде  Қостанай  облысына  қарасты  Лисаковск  АЭА  ерекше 
аталады.  Өйткені  бұл  аймақ  режимі  қаладағы  «Лисаковская  ТКК»  АҚ  және  «Қызыл 
Октябрь  бокситті  басқару»  АҚ  секілді  негізгі  деген  екі  кәсіпорынның  жұмысын 
тұрақтандыруға ықпал етіп, ондаған жеңіл және тамақ өнеркәсібін құруға мүмкіндік берді 
[3]. 
Стратегиялық  ортақ  міндеттер  аясындағы  нарықтық  реформаларды  іске  асыру 
мақсатында 1996 жылғы желтоқсандағы Қаулыға сәйкес, Үкімет 1997 жылдан бастап төрт 
облысты  (Алматы,  Көкшетау,  Қарағанды,  Қызылорда)  тәжірибе  жүргізу  нысанына  алды 
[6,  20-21  пп].  Осы  жылдары  Қызылорда  қаласы  Сыр  бойындағы  АЭА-тың  орталығына 
айналды.  
Жалпы  Қызылорда  АЭА  1996  жылғы  8  қазандағы  №  3123  «Қызылорда  арнайы 
экономикалық аймағын құру» туралы Жарлығымен құрылған. Содан кейін оның мерзімін 
2007 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс та болған. Алайда, Қызылорда АЭА Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  1999  жылғы  31  наурыздағы  №  104  «Қазақстан 
Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері» Жарлығының 
1-пунктіне  сәйкес  Лисаковск  (Қостанай),  Жәйрем-Атасу  (Жезқазған  облысы)  арнайы 
экономикалық  аймақтарымен  бірге  таратылды.  Осы  кезде  бұл  аймақты  жою  жұмыстары 
мен  Әлеуметтік-экономикалық  даму  қорының  штатын  ұстауға  453  мың  теңгенің 
қажеттілігі анықталды [7, 5 п.].  
Қызылорда  арнайы  экономикалық  аймағының  қалыптасуы  мен  дамуы  Елбасының 
Жарлығында  көрсетілген  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  негізгі  міндеттерін  жүзеге 
асыруға  бағытталды.  Соған  сәйкес  Қызылорда  АЭА-ын  құрудың  мынадай  негізгі 
мақсаттары айқындалды:  

 
 
75 
-  Қызылорда  облысының  экономикасын  инвестиция  тарту  арқылы  жедел  дамыту 
және  кәсіпкерлік  қызметті  жандандыру,  өнімнің  жаңа  түрлерін  игеру,  сыртқы 
экономикалық байланыстарды кеңейту;  
-  табиғи  ресурстарды  кешенді  және  әрі  тиімді  игеру,  аймақтың  экспорттық 
мүмкіндігін  арттыру,  сырттан  әкелінетін  өнімдерді  ауыстыратын  өнім  шығаратын 
өндірістерді дамыту; 
- заман талабына сай өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру;  
- экологиялық қолайсыз аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу көзделді [6, 6 б ]. 
Қызылорда  АЭА-ның  қызметін  ұйымдастыру  және  басқару  үшін,  алдымен 
Әкімшілік  кеңес  құрылады.  Осы  ретте  айта  кетейік,  сол  жылдары  Қызылорда  облысын 
Бердібек Сапарбаев, ал қаланы Бақберген Досманбетов басқарды. Ал Әкімшілік кеңестің 
құрамына  жергілікті  мемлекеттік  органдар  мен  заңды  тұлғалардан  21  адам  енгізіліп, 
ҚАЭА-ның барлық қызмет уақытында Әкімшілік кеңестің 20 мәжілісі өткізілген.  
Шетелдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайту үшін Қырғызстан мен 
Ресейдің  еркін  экономикалық  аймақтарымен,  экспорттық-өнеркәсіптік  аймаққа  (ВЕПЗА) 
мүше  елдер  мен  Германия,  Канада,  АҚШ,  Ресей,  Оңтүстік  Корея,  Түркия,  Израиль,, 
Чехия,  Дания,  Болгария,  Үндістан,  Иран  және  т.б.  елдердің  кәсіпкерлерімен  және 
компанияларымен инвестициялық жобалар бойынша қарым-қатынастар жасалды. ҚАЭА-
тың бауырлас қалалары ретінде Бурса (Түркия), Буэр-Шева (Израиль) танылды.  
ҚАЭА  бекінген  қаланың  жер  аумағы  821  шаршы  километр,  яғни  1  шаршы 
километрге 232 адамнан келді.  
Аймақта мұнай, газ, кварцты құм, фосфорит, тұз, тальк, қорғасын, мырыш, ванадий 
сияқты пайдалы қазба байлықтары болды.  
АЭА-ның  әкімшілік-аумақтық  құрылымына  келсек,  Қызылорда  қаласын  қоса 
есептегенде, Тасбөгет, Белкөл қыстақтары, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қараөзек, Ақсуат, 
Ақжарма ауыл округтерін қамтитын 8 әкімшілік-аумақтық бірлік болды.  
1999  жылдың  1  қаңтарындағы  мәлімет  бойынша  аймақ  халқының  саны  190,5  мың 
адамды құраған, оның ішінде қала халқының үлесі 92% болған. Әлеуметтік-экономикалық 
факторларына географиялық жағынан қолайлы орналасқан, табиғи ресурстары мол, арзан 
жұмыс күші, қаржылық және кедендік жеңілдіктерді атауға болады. 
 
Кесте 2 Халықтың көшіп-қону көрсеткіші 
Атауы 
1996 ж. 
1997 ж. 
1998 ж. 
Жалпы өсім (шығыс) 
91 
1928 
1767 
Оның ішінде табиғи өсім 
1672 
2166 
2176 
Келушілер саны 
2708 
2290 
2141 
Кетушілер саны 
4289 
2554 
2550 
Көші-қон қалдығы (сальдо) 
-1581 
-264 
-409 
 
Қызылорда АЭА-да құрылған аралықта 1996 жылғы деңгеймен салыстырғанда (1581 
адам) көшіп қонуда қоныс аудару 4 есеге азайған [8, 10-46 п.].  
Қалалық  көші-қон  және  демография  бөлімшесіне  келген  деректер  бойынша 
Қызылорда  қаласына  1996  жылдан  бері  150-ден  астам  оралмандар  келіп  қоныстанған. 
1997  жылы  облыстық  еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  басқармасы  арқылы  11 
оралман отбасы мемлекет тарапынан пәтермен қамтамасыз етілген.  
Ал  жыл  басынан  бері  қалаға  38  оралман  келсе,  олардың  отбасыларына  облыстық 
көші-қон  және  демография  басқармасынан  бір  жолғы  жәрдемақы  берілген.  Алайда  сол 
кездегі  қалалық  көші-қон  және  демография  бөлімшесінің  аға  маманы  Л.Сапартаева 
оралмандардың  барлығы  үшін  бірдей  шешілмеген  ортақ  проблема  –  тұрғын  үй  мен 
жұмыссыздық,  зейнетақы  мен  балаларға  берілетін  жәрдемақы  мәселелері  екенін  алға 
тартып,  қала  әкімі  Б.Досманбетовтен  Әлеуметтік-экономикалық  даму  қорынан  (ӘЭДҚ) 

 
 
76 
1996  жылдан  бері  көшіп  келген  тұрмысы  төмен  оралмандар  отбасыларымен  өтетін 
кездесуге қажетті қаражат бөлуін сұраған құжаттар кездеседі [9, 18 п.]. Басқаша айтқанда, 
аймақтағы  оралмандарды  әлеуметтік  қорғау  мәселелері  ӘЭДҚ  есебінен  шешімін  тауып 
отырған.  Себебі,  ӘЭДҚ-ның  басты  мақсаты  Қызылорда  АЭА  даму  бағдарламасын 
қаржыландыру болатын.  
1997-1999 жылдары бюджеттің бос қаражаттары мен заңды және жеке тұлғалардың 
ерікті  жарналары  есебінен  Қызылорда  АЭА-тың  Әлеуметтік  және  экономикалық  даму 
қорына  1112,6  млн.  теңге  қаражат  түскен.  1997  жылы  әлеуметтік  сала  мен  ӘЭДҚ-тың 
шараларына – 13,5 млн. теңге, 1998 жылы 16,9 млн. теңге жұмсалған [8, 42 п.].  
Қысқа  мерзім  ішінде  Қызылорда  АЭА-сы  негізгі  әлеуметтік-экономикалық 
көрсеткіштер  бойынша  жетістіктерге  жеткен.  Сондай-ақ  әлеуметтік  дағдарыс  біршама 
сейілді,  аймаққа  отандық  және  шетелдік  инвистициялар  құйылды,  қаланың  әлеуметтік 
және  өндірістік  инфрақұрылымы  әлдеқайда  жақсарды.  Айталық,  Қызылорда  арнайы 
экономикалық  аймағының  1996-1998  жылдар  мен  1999  жылдың  бірінші  тоқсанындағы 
негізгі қорытындылары бойынша ілгерілеушілік байқалады [6, 14 б ]. 
 
Кесте 3 
Көрсеткіштер 
(млн. теңге) 
 
1996 
жыл 
1997 
жыл 
1998 
жыл 
1 кв. 
1999 
жыл 
1997 ж. 
1998 ж. 
салыстыр-
ғанда % 
1998 ж. 
1999 ж. 
салыстыр
-ғанда % 
Өнеркәсіп 
өнімінің 
көлемі  Нақты  баға 
салыстырмалы баға  
10937,1 
10833,2 
13653,1 
14731,1 
14728,7 
17335,0 
1902,9 
136,0 
117,7 
Негізгі  қорларды  іске 
асыру 
3083,7 
2635,8 
3554,6 
393,8 
85,5 
134,9 
Негізгі 
капиталға 
инвестиция 
– 
барлығы 
4777,4 
4060,6 
6494,2 
239,8 
85,0 
160,0 
Оның 
ішінде 
орталықтандырылған 
қаражат есебінен 
75 
616,2 
2367,2 
81,0 
821,6 
384,2 
Шетел  инвестициясы 
есебінен 

1564,2 
2990,4 
0,42 

191,2 
Кәсіпорын  мекеменің 
өз қаражаты есебінен 
4702,4 
1880,2 
1136,6 
158,4 
40,0 
60,5 
Тұрғын үй мың кв.м. 
11,6 
8,16 
818,0 
3,5 
70,3 
220,6 
Бөлшек  сауда  тауар 
айналымы 
1207,3 
3522,1 
3973,8 

291,7 
112,8 
Бюджеттік 
қаражаттардың түсуі 
1630,1 
6257,4 
6378,4 
990,4 
383,8 
102 
Орташа  еңбек  ақы, 
теңге 
11283 
11919 
12612 

105,6 
10,8 
Жұмыссыздық 
деңгейі, % 
5,9 
6,68 
5,0 
5,0 
+0,7 
-1,68 
Сыртқы  сауда  айна-
лымы, 
мың 
долл. 
АҚШ 
34103,0 
30549,7 
84515,1 
12429,1 
89,6 
276,7 
Экспорт 
4772,8 
3969,2 
7480,9 
2209,3 
83,2 
188,5 
Импорт 
29330,0 
26580,5 
77034,2 
10220,4 
90,6 
289,8 

 
 
77 
Аймақтағы  мұнайды  өндіруде  «Харрикейн  Құмкөл  Мұнай  АҚ,  Ақшабұлақ,  Қоныс, 
Бектас  кеніштерін  игеруді  көздеген  «Құмкөл  Лукойл»  АҚ,  «Қазгермұнай»  біріккен 
кәсіпорындары, 
«Қуатамлонмұнай» 
бірлескен 
кәсіпорындары, 
жылу 
және 
электрэнергиясын 
өндіруде 
«ЖЭО» 
АҚ 
«КРЭК» 
АҚ, 
машина 
жасауда 
«Қызылордарисмаш» АҚ, «Қызылорда – агрореммаш» АҚ, «КЭРМЗ-1» және «КЭРМЗ-2» 
АҚ жұмыс істеді. Ал тамақ және жеңіл  өнеркәсіп өнімдерін өңдеуде  «Айдан»  ЖШС ұн, 
нан  тағамдарын,  құс  еті  және  жұмыртқа,  тоқылмайтын  маталар  шығарушы  және 
«Ақмаржан» АҚ, «Главтара» АҚ, «Сыр шарабы» АҚ халыққа қызмет еткен.  
Қаладағы кәсіпорындар 1997-1998 жылдар мен 1999 жылдың бірінші тоқсанындағы 
көрсеткіштер бойынша жалпы көлемі 30,3 млрд. теңгенің, 1998 жылы 14,7 млрд. теңгенің 
өнеркәсіп өнімі өндірілген.  
Қызылорда  АЭА-сы  жағдайында  қолайлы  инвестициялық  климатты  қалыптастыру 
мақсатында дамудың басты бағыттары анықталды:  
-
 
Қызылорда  қаласында  сағатына  400  жолаушы  босата  алатын  кешенді 
аэровокзалы бар халықаралық аэропорт құрылысын салу
-
 
Қызылорда-Жезқазған теміржолы құрылысын салу;  
-
 
Бұқара-Нүкіс автокөлік жолы құрылысын салу;  
-
 
Халықаралық  маршрут  болып  табылатын  осы  автомагистральдарды  мотельдер, 
кемпингтер,  киіз  үй  қалашықтарын,  автомобиль  бензин  май  құю  және 
техникалық қызмет көрсету стансалары құрылысын салу;  
-
 
Қалалық  жолаушылар  тасымалдау  транспорттарының  паркін  тиімді,  маңызды 
түрлеріне жаңарту;  
-
 
Телекоммуникациялар  жүйесін  ұлғайту  және  болашақта  қазіргі  заманғы 
технологияларға сай жабдықтау.  
1997-1998 жылдары негізгі капиталға инвестиция көлемі 10794,6 млн. теңгені, оның 
ішінде 1997 жылы – 4060,6 млн. теңге, 1998 жылы  – 6494,2 млн. теңге, 1999 жылдың 1-
тоқсанында 239,8 млн. теңгені құрады.  
 
Кесте 4 1998 жылы Қызылорда қаласы экономикасын дамытуға тартылған шетел  
 инвестициялары  
Жобаның атауы 
Шетедік инвестор 
Игерілген сомасы 
млн. АҚШ 
доллары 
млн. теңге 
1.Өндіріс аралық автокөлік жол 
құрылысы мұнай өңдейтін 
орталық пункт құрылысы және 
т.б. 
Әлеуметтік инфрақұрылымды 
дамыту 
АҚ «Харрикейн-
Құмкөл-Мұнай» 
біріккен кәсіпорны 
«Құмкөл-Лукойл» АҚ 
 
 
АҚ «Харрикейн-
Құмкөл-Мұнай» 
4,1 
 
39,4 
 
8,3 
 
0,003 
330,0 
 
2949,4 
 
642,2 
 
0,3 
2. Қоныс және Бектас 
орындарынан көмерсутегін 
іздеу және өндіру 
Қонақ үй салу 
«Қуатамлон-мұнай» 
біріккен кәсіпорны 
 
 
«Қуатамлон-мұнай» 
біріккен кәсіпорны 
0,1 
 
 
 
 
0,5 
5,0 
 
 
 
 
36,1 
3. Өсімдік майын өндіру цехы 
«Аман-Ер» ЖШС 
0,2 
15 
Барлығы  
52,6 
3978,0 
 
 

 
 
78 
Арнайы  экономикалық  аймақтың  қолайлы  жағдайында  қалада  шағын  бизнес 
біршама  дамыды.  Қалада  60-тан  аса  шағын  өндіріс,  70  қызмет  көрсету  обьектілері,  200-
дей  дүкен,  70  қоғамдық  тамақтандыру  орны,  30  май  құю  станциясы,  250  майда  сауда 
нүктелері, 16 базар халыққа қызмет көрсету саласын көтерді.  
Қызылорда  АЭА-ның  1997-1999  жылғы  қызметін  талдаудың  нәтижелері  бойынша 
аймақты  дамытуда  айқындалған  және  бірінші  кезекте  мұнай  көзі  орындары  және 
инвистиция тарту арқылы мұнайды, газды терең өңдеу және аймақтың басқа да пайдалы 
қазбаларын  игеруге  бағытталған  және  кәсіпкерлік  қызметті  дамытудағы  негізгі  басты 
мақсаттарға жеткілікті қол жеткізіліп, кезең-кезеңімен іске асырылып аймақтың бүтіндей 
дамуына әсер етті. 
- АЭА-ның қолайлы жағдайының арқасында Қызылорда АЭА-ның территориясында 
олардың  өз  қызметін  ұлғайтуы  үшін  және  жаңа  өндірістерді  құруда  шетелдік  және 
отандық инвесторларды тартуда қосымша жағдайлар жасалды:  
- ҚАЭА-ға басқа да әлеуетті инвесторлар өз көзқарастарын білдірді;  
-  экономикалық  әлеуетті,  тиімді  жағрапиялық  орналасу  жағдайын  ескере  отырып, 
экологиялық  және  әлеуметтік  тоқырап  қалған  аймақты  республиканың  және  басқа  да 
мемлекеттердің  дамыған  аймақтарының  деңгейіне  көтерілуге  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
туды және өзара тиімді экономикалық қызмет етуге жолдар ашылды.  
Қызылорда  АЭА-сы  мерзімінен  бұрын  тарату  жалпы  ұлттық  ерекшелігі  бар  ұзақ 
мерзімді  міндеттерді,  мәселен  пайдалы  қазбаларды  игеру,  оңтүстік  пен  шығыс 
аймақтарды төте транспорттық байланыспен қамтамасыз ететін теміржол мен автомобиль 
жолы,  халықаралық  әуе  жолы  құрылысын,  жаңа  қайта  өңдеу  өндіріс  ашуды,  аймақты 
кіріптарлық  субвенциялық жағдайдан шығаруды және аймақтың экономикасын бүтіндей 
жедел дамытуды іске асыруға мүмкіндік бермеді.  
Кейбір  мамандардың  айтуынша,  жалпы  90-жылдары  құрылған  АЭА-лар  бұрынғы 
шаруашылық  байланыстарға  кері  әсерін  тигізіп,  отандық  тауар  өндірісін  әлсіретті  және 
арамза  бәсекелестікке  жол  ашты.  Сондықтан  Атырау,  Шығыс-Қазақстан,  Қарағанды, 
Маңғыстау еркін экономикалық аймақтарын жоюға тура келді. Оның басты факторы сол 
аймақтың  экономикалық  мүмкіндіктерінің  алдын-ала  талдау  жүргізілмеген.  Бұған  қоса 
бұл  аймақтарды  пайдаланудың  құқықтық  және  әкімшілік  механизмдері  сақталмаған. 
Мысалы,  АЭА  әкімшілігі  қаржылық,  салықтық  және  ұйымдастырушылық  жұмыстарын 
өздігінше шешуге қауқарсыз болған [10]. 
Ал, 1996-1999 жылдар  аралығында  әрекет  еткен Қызылорда АЭА-ның дамуы бүкіл 
Сыр  өңірінің  дамуына  оң  ықпалын  тигізді  деуге  болады.  Өйткені,  осы  жылдары  жұмыс 
істеп тұрған кәсіпорындар дамыды, сыртқа өнім шығаратын өндірістер құрылып, игерілді 
және оңтүстік Торғай иінінде мұнай-газ кен орындарын игеру жұмыстары жеделдетілді.  
Қызылорда АЭА-ның мәртебесі  отандық және шетелдік компаниялардың жұмысын 
қарқынды дамытты, аймақта Канада, Германия, АҚШ, Ресей, Түркия және Оңтүстік Корея 
фирмаларымен  біріккен  кәсіпорындардың  жұмыстары  нәтижесін  берді.  ҚАЭА  кезіндегі 
осы  шетелдік  компаниялардың  жұмысы  туралы  жергілікті  халық  арасында  жақсы  пікір 
қалыптасқан.  
Қорыта  айтқанда,  Қызылорда  АЭА-сының  құрылуы  экологиялық  апат  аймағының 
экономикасын  дамытуға  серпін  берді  және  жергілікті  халықтың  әлеуметтік  қорғалуын 
қамтамасыз етуге жол ашты.  
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 13.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет