Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



жүктеу 13.92 Kb.
Pdf просмотр
бет5/31
Дата02.03.2017
өлшемі13.92 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Шындалиева М. Шетел журналистикасы. – Астана: «Фолиант», 2013. - 384 б. 
2.
 
Сырдың сырлы сандығы. - Қызылорда: «Тұмар», 2011. - 222 б. 
3.
 
Омашев Н. Қазақ журналистикасы. - 2-том. - Алматы: «Таймас», 2008. - 352 б. 
4.
 
Қазақ телевизия энциклопедиясы. 1-том. - Алматы: «Қазақпарат», 2009. - 640 б.  
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  описывается  история  развития  Кызылординской  областной  телерадиокомпании, 
основанной на базе РТРК «Қазақстан», и ее роли в формировании современной информационной 
политики.  А  также  в  материале  рассказывается  о  становлении  отечественной  телеиндустрии  и 
важности  электронных  СМИ.  В  статью  включены  и  архивные  материалы  о  разных  жанрах, 
которые играли важную роль в жизни телеканала.  
 
RESUME 
 
In the article it is written about the history of the development of Kyzylorda regional broadcasting 
company based on the Republic TV& Radio Corporation "Kazakhstan" and about its role in creating of 
modern information policy. Also in the material it is told about the formation of the domestic TV industry 
and  importance  of  electronic  mass  media.  The  article  included  also  archival  materials  about  different 
genres which played an important role in the TV channel life.  

 
 
44 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Юриспруденция 

 
 
45 
ӘОЖ 342.042 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
И.С. Сактаганова 
Еуразия гуманитарлық 
институты, з.ғ.к., доцент 
 
Г.С. Сактаганова 
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті
аға оқытушы 
Қазақстанның 
сыртқы саясатының 
басты мақсаты елдің 
ұлттық мүддесін 
қорғауға және 
фискалды саясатты 
дамытуға 
бағытталады 
 
Аннотация 
Бұл 
мақалада 
Қазақстанның 
сыртқы 
саясатын  саяси  және  экономикалық  тұрғыда 
толыққанды  интеграциялаудың  және  ұлттық 
мүддені  ілгерілету  мен  қорғаудың  ұзақ  мерзімді 
стратегиясын жасауға назар аударылады. Ұлттық 
мүддені  мемлекет  көшбасшылары  қызметінде 
мемлекет  қажеттіліктерін  түйсінуі  және  соны 
көрсетуге  мемлекетімізді  үдемелі  дамытуға 
бағытталған  қазіргі  кездегі  дипломатиялық 
тұрғыда белсенді қолдауды талап ететін бірнеше 
басты экономикалық міндеттерді  атап көрсетеді. 
Еліміздің сыртқы саясатының басты принциптері 
болып  табылатын  белсенділік,  жан-жақтылық, 
тепе-теңдік, 
прагматизм 
және 
көпжақты 
ынтымақтастық  принциптерін  басты  мақсат 
ретінде ұстайды.  
Түйін  сөздер:  ұлттық  мүдде,  мемлекет, 
фискалды  саясат,  әлеуметтік  саясат,  экономика-
лық мүдде. 
 
 
Ұлттық  мүдде  –  ұлттың  рухни  әлеуметтік 
қоғамдық  дамуында  шешуші  роль  атқаратын 
ұлттың  өзін-өзі  сақтауына,  дамуына  және 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуіне  деген  саналы 
қажеттілігі.  Мұны  көпұлтты  да,  этникалык 
біртекті  де  мемлекеттерге  жатқызуға  болады. 
Шын  мағынасында  ұлттық  мүдде  ретінде 
ұлттық-мемлекеттік мүдде түсініледі.  
Ұлттық 
мүддеміздің 
негізі 
болып 
саналатын 
тәуелсіздігіміздің, 
жеріміздің, 
тіліміздің,  дініміздің  жағдайы,  ұлттық  мүддені 
қорғау саяси биліктің тікелей міндеті болуға тиіс. 
Осы 
жағдайларда 
ұлттық 
мүдде 
мемлекеттің  тіршілік  етуіндегі  ішкі  тұрақтылық, 
экономикалық 
ауқаттылық, 
қоғамның 
ар-
ұждандық  дұрыстығы,  қауіпсіздік  қолайлы 
сыртқы саяси орта, халықаралық аренадағы даңқ 
пен  бедел  секілді  жағдайларды  құрусыз 
қамтамасыз етілмейді.  
«Ұлттық  мүдде»  түсінігі  бірмәнді  емес. 
Бірақ  ұлттық  өзгешелікті  ұлттық  мүддеге  қарсы 
қоятындардан  гөрі,  ұлттық  өзгешелікті  ұлттық 
мүдденің  элементі  ретінде  көретіндер  ақиқатқа 
жақын [1, 112 б.].  
Ұлттық  мемлекеттік  мүдденің  дәстүрлі 
түсінігі  негізіне  географиялық,  мәдени,  саяси 
және  экономикалық  факторлар  жатады.  Ұлттық-
мемлекеттік мүдде мынадай негізгі элементтерді 
қамтиды: мемлекет егемендігін сақтап, қорғауды 

 
 
46 
қарастыратын  әскери  қауіпсіздік,  конституциялық  құрылыс  және  құндылықтар  жүйесі, 
экономикалық гүлдену мен дамуды білдіретін елдің және оның халқының әл-ауқаты, еркін 
келісімдерді,  айырбастауды  және  ынтымақтастықты  болжайтын  қауіпсіз  және  қолайлы 
халықаралық орта [2, 255 б.]. 
 
Бұл үдерістерде экономикалық мүдделер маңызды орын алады.  
Экономикалық 
мүдделердің 
мемлекеттік 
қызметкерлер, 
саясаткерлер, 
экономистердің сөздік қорына нық енгеніне және экономикалық теория мен іс-тәжірибеде 
негізгілердің  бірі  болып  табылатынына  қарамастан,  ұлттық-экономикалық  мүдделер 
бірдей  мағынада  тұжырымдала  бермейді.  Ұлттық  экономикалық  мүдделер  және  оның 
жүйесіндегі  фискалдық  саясат  туралы  білімді  кеңейту  мен  тереңдетудің  өте  маңызды 
тәжірибелік  маңызы  бар,  себебі  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  даму 
стратегиясын таңдауды жүзеге асыру, оны іске асыру кезеңдерін дәл айқындауға, сондай-
ақ  мемлекеттің  экономикалық  саясатының  келешектік  және  ағымдағы  мақсаттары  мен 
міндеттерін  анықтауға,  оны  өмірге  енгізудің  тәсілдері  мен  құралдарын  нақтылауға 
мүмкіндік береді.  
Ұлттық экономикалық мүдделер жүйесіндегі фискалдық саясат проблемасы отандық 
және шетелдік зерттеушілердің әрқашанда назарында болып келді.  
Батыс  экономикалық  ғылымында  мүдде  теориясы  А.  Смиттің  және  неоклассик  – 
М.Фридменнің, институционалдық теория өкілдері – Р. Коуз, Д. Норт, Дж. Бьюекененнің 
жұмыстарында белгілі бір шамада көрініс тапты. Бірақ та олардың барлығы кәсіпкерлерді 
ынталандыруға  назар  аудара  отырып,  мүдделердің  жеке  тұрпаттарын,  басымдықты 
қарастырған.  
XXғ.  90-жылдарындағы  әлеуметтік-экономикалық  қайта  құрулар  ұлттық-
мемлекеттік экономикалық мүдделерді талдауға арналған ғалымдар зерттеулерінің пайда 
болуына  себепші  болды.  Бірқатар  зерттеулер  ұлттық-мемлекеттік  экономикалық 
мүдделерді түсіндіруге маңызды үлес қосты. Соның өзінде әдіснамалық маңыздылығына 
қарамастан,  ұлттық-мемлекеттік  экономикалық  мүдделер  мен  олардың  фискалдық 
саясатпен байланысына қатысты мәселе қажетті деңгейде ашылған жоқ.  
Экономикалық  мүдделер  -  бұл  қоғамдық  өндіріс  жүйесіндегі  жұмысшының  алатын 
орны мен олардың қажеттіліктері арасындағы байланысты көрсететін адамдар қызметінің 
объективті оятушы себептері.  
Сонымен,  экономикалық  мүдде  –  шаруашылық  қызмет  субъектілерінің  (жұмысшы, 
корпорация,  кооперация,  тұтынушы,  мемлекет)  экономикалық  қажеттіліктер  жүйесі. 
Барлық  экономикалық  қажеттіліктердің  бірлігін  көрсете  отырып,  мүдденің  заттық 
мақсаттарға  (нанға,  аяқ  киімге,  машинаға  және  т.б.)  бағдарларған  қажеттіліктерден 
өзгешелігі  экономикалық  қатынастарға,  тұтастай  өмірлік  жағдайларға  бағытталған. 
Сондықтан мүдде экономика субъектісінің шаруашылық мінез-құлқы мен іс-қадамдарына 
анықтай отырып, қызметінің ынталандырушысы ретінде жүреді.  
Ұлттық экономикалық мүдде мемлекет өзінің келесі функцияларын орындағанда іске 
асады: экономикалық қатынастардың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету; ақша жүйесін 
құру  мен  реттеу;  экономиканың  үстінен  бақылау;  қоғамдық  тұтыну  үшін  тауарлар  және 
қызмет  көрсетілімдерімен  қамтамасыз  ету.  Бұл  функцияларды  іске  асыруда  мемлекеттік 
экономикалық мүдде көрініп, экономиканың әлеуметтік бағдарлануы қамтамасыз етіледі.  
Ашық  экономика  бағытын  таңдап,  дамып  келе  жатқан  Қазақстан  Республикасына 
ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет.  
Қазақстанда  2012  жылы  «Ұлттық  қауіпсіздік  туралы»  заңында  берілген  мүдделер 
тізімі  мен  оның  мазмұны  Қазақстан  халқы  мен  қазақстандық  қоғамды  бүтіндігінде 
қарастыратынын  көрсетеді.  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мүдделері  –  іске 
асырылуына  мемлекеттің  адам  мен  адамзаттың  конституциялық  құқықтарын,  Қазақстан 
қоғамы құндылықтарын, түп қазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету 
қабілетіне  байланысты  болатын  Қазақстан  Республикасының  саяси,  экономикалық 

 
 
47 
әлеуметтік және басқа да қажеттерінің жиынтығы болып табылады [3]. Соған қарамастан, 
отандық  терминологияны  халықаралық  қатынастар  ғылымына  сай  келтіру,  аударуда 
Қазақстан мүдделерін «ұлттық –мемлекеттік» мағынада айтқан дұрыс.  
Осы  айтылғанның  негізінде  қоғамдық  мүддені  субъектілердің  өмір  сүру  мен 
әрекетінен  туындаған  саналы  қажеттіліктері  ретінде  анықтауға  болады.  Ал  «мүдде» 
ұғымы  одан  ауқымды  жағдайды  қамтып,  «қоғам,  әлеуметтік  топтар,  индивидтер 
қалыптастырылған  саналы  қажеттіліктер»  [4,  15  б.]
 
ретінде  көрініс  табады.  Сондықтан 
ұлттық мүдде мемлекет қайраткерлерінің ел мүддесіне байланыстырылған қызметі болса, 
бұл  мәселе  көп  ұлтты,  этникалық  бірыңғайлылығы  жоқ  мемлекеттерге  қатысты 
болғандықтан, ұлттық мүдде дегенде «ұлттық-мемлекеттік мүдде» ретінде түсініледі.  
Экономикалық  мүдделерді  қалыптастыру,  оны  жүзеге  асыру  мәселесі  мемлекет 
құзырында  болғандықтан,  ұлттық  экономикалық  мүдделер  басқа  субъектілердің 
экономикалық мүдделеріне қайшы келуі мүмкін [5, 35 б.]. 
М.  Спановтың  экономикалық  мүдделерге  берген  анықтамасында  «әлеуметтік  -
экономикалық  даму  және  ұлттық  экономиканың  халықаралық  экономикалық  жүйеге 
қатысу  ерекшеліктеріне  байланысты  мемлекет  пен  қоғамның  объективті  экономикалық 
қажеттіліктері»  [7,  15  б.]  деп  көрсетілген.  Ұлттық  мүдделер  мен  ұлттық  мақсаттарды 
жүзеге асыру барысында мемлекеттердің өз потенциалын ғана емес, басқа мемлекеттердің 
қуатын пайдалану мүмкіндігін де ескеруі қажет. 
Ұлттық  экономикалық  мүдделер  түсінігі  Қазақстан  Республикасының  «ҚР  ұлттық 
қауіпсіздігі  туралы»  заңының  4-бабында  Қазақстан  Республикасының  «ұлттық 
экономикалық  мүдделеріне  -  Қазақстанның  бүкіл  халқының  игілігі  үшін  экономикалық 
даму»  ретінде  белгіленген.  Ұлттық  мүдделерді,  оның  ішінде  экономикалық  мүдделерді 
жүзеге  асыруда  мемлекет  қолында  бар  экономикалық,  саяси,  идеологиялық, 
дипломатиялық, әскери, ақпараттық және т.б. құралдарын кеңінен қолданады. 
Мемлекет  халық  үшін  мемлекеттік  кепілдіктер  жүйесін  құру  механизмі  арқылы 
ұлттық экономикалық мүддені іске асырады.  
Мемлекеттік кірісті қайта бөлу құралдары, сонымен қатар экономикалық қызмет пен 
экономикалық  саясатты  мемлекеттік  реттеудің  басты  механизмдері  мемлекеттік  бюджет 
пен  салық  болып  саналады.  Бұл  өзара  тығыз  байланысты  экономикалық  категориялар, 
сондықтан  да  нарықтық  экономикада  бюджет  –  салық  саясаты  туралы  айтылады. 
Экономикалық  әдебиеттер  мен  кезеңдік  басылымдарда  «бюджет-салық»  терминінің 
орнына оның синонимі «фискалды» сөзін пайдаланады. 
Салықтар  мен  мемлекеттік  шығындар  фискалды  саясатты  жүзеге  асырудың  негізгі 
құралдары  болып  табылады.  Фискалды  саясат  ұлттық  экономиканың  тұрақтылығына 
қолайлы да қолайсыз да әсер етуі мүмкін. 
К.А.Аттарханов фискалды саясатқа төмендегіше анықтама береді: «Фискалды саясат 
-  экономиканың  макроэкономикалық  тұрақтылығына  қол  жеткізудегі  маңызды  құрал». 
Фискалды саясат анықтамасын басқа да ғалымдар осылайша сипаттайды.  
Фискалды  саясатқа  мемлекеттік  бюджеттік  қаражаттарды  пайдалану  жөніндегі 
қызметін  жатқызады.  Бұл  қызметтің  бір  жағы  салық  салу  жүйесі  арқылы  қаражаттарды 
жинаумен,  келесі  жағы  оларды  жұмсаумен  байланысты.  Мемлекет  осы  қаражаттар 
есебінен  ұлттық  қауіпсіздік  сұрақтарын  шешеді,  халықтың  қоғамдық  игіліктер  мен 
қызметтерге  деген  қажеттілігін  қанағаттандырады,  экологиялық,  әлеуметтік  және 
басқалай көптеген мәселелерді шешеді [9, 96 б.].  
Мемлекеттің  фискалды  саясаты  -  мемлекеттің  жалпы  экономикалық  саясатының 
маңызды құраушысы, ол әлеуметтік-экономикалық дамудың басым тапсырмаларын шешу 
үшін салық-бюджет құралдарын тиімді пайдалануға ықпал етеді.  
Фискалды саясаттың мақсаты бюджетті әлсіз теңдестіру емес, толық жұмыспен қамту 
мен  экономикалық  өсуге  әсер  ету  болып  табылады.  Осылайша  фискалды  саясатты 

 
 
48 
экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде түсіну Дж.М.Кейнс пен кейнсиандықпен 
тығыз байланысты. (Р.Харрод, Э.Хансен және т.б.). 
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мүдделерінің  ішіндегі  экономикалық 
мүдделерді бөліп көрсететін болсақ, олардың негізгісін төмендегілер құрайды: 
-
 
Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму; 
-
 
экономикалық  қауіпсіздікті  толық  көлемде  қамтамасыз  ететін  агроөнеркәсiптiк, 
отын-энергетика кешендері, көлік және өндірістік салалар, қаржы жүйесі субъектiлерiнiң 
тұрақты жұмыс iстеуi; 
-
 
бәсекеге  қабілетті  және  қорғалған  ұлттық  ақпараттық  кеңістікті  қолдау  және 
дамыту. 
Бюджет-салық  саясаты  (қазыналық  (фискалдық)  саясат)
  - 
мемлекеттік  бюджет 
жағдайын,  салық  салуды  және  мемлекеттік  шығындардың  өзгерісін  реттеу  мақсатында 
үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар.  
Экономикалық мүдде шаруашылық қызмет субъектілерінің (жұмысшы, корпорация, 
кооперация,  тұтынушы,  мемлекет)  экономикалық  қажеттіліктер  жүйесі  ретінде  де 
қарастырылады.  Барлық  экономикалық  қажеттіліктердің  бірлігін  көрсете  отырып, 
мүдденің  заттық  мақсаттарға  (нанға,  аяқ  киімге,  машинаға  және  т.б.)  бағдарларған 
қажеттіліктерден  өзгешелігі  экономикалық  қатынастарға,  тұтастай  өмірлік  жағдайларға 
бағытталған. Сондықтан мүдде экономика субъектісінің шаруашылық мінез-құлқы мен іс-
қадамдарына анықтай отырып, қызметінің ынталандырушысы ретінде жүреді.  
2009  жылмен  2012  жылдың  аралығындағы  кезеңде  ҚР  мемлекеттік  бюджетінің 
шығысы  59,9%-ды  құрады  және  3,4  трлн.  тг  -  ден  5,7  трлн.  теңгеге  өсті.  Әлеуметтік 
шығыстардың  меншікті  салмағы:  оның  ішінде  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік 
көмек орташа талданған кезеңде барлық мемлекеттік бюджеттің 50%-ын құрайды. Ең көп 
шығыстар  әлеуметтік  көмек  және  әлеуметтік  қамсыздандыру  және  2012  жылы  1,1  млрд. 
теңгені құрады, жалпы шығыстар 22%-ды құрайды, өсу қарқыны 4 жылда 81%-ды құрады.  
Бөлінетін  қаржының  белгілі  деңгейде  артқанына  қарамастан,  ҚР  экономикалық 
мүдделеріне қол жеткізуде маңызды орын алатын келесідей назар аударуды қажет ететін 
мәселелер де бар: 
-
 
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қаржылық қолдаудың АҚШ әйелдер 
мен  мүгедектерді  кәсіпкерлікке  тарту  бойынша  қабылданған  көптеген  бағдарламаларға 
ұқсас құжаттар қабылдау және несие беру және салық салу бойынша жеңілдіктер беру; 
-
 
әлеуметтік мүдделер ұлттық экономикалық мүдделерді іске асыруда маңызды рөл 
атқаратындықтан,  оның  негізгі  бағыттары  болып  табылатын  білім  және  білімді 
жетілдіруге  ғылым  сыйымдылықты  және  жоғары  білімді  қажет  ететін  жоғары 
технологиялы салаларға қажетті мамандар дайындауға қаржыны жеткілікті деңгейде бөлу; 
-
 
денсаулық 
сақтауда 
адамның 
негізгі 
құндылығы 
денсаулық 
болып 
табылатындықтан,  денсаулық  сақтау  саласына  бөлінетін  қаржыны  арттыру  қажет. 
Сонымен қатар, Қазақстан үшін жоғарғы деңгейде тұрған ана мен бала өлімін төмендету 
мақсатында медициналық қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру [8, 6 б.].  
10%  мөлшерлемесінің  барлығына  бірдей  табыс  көлемін  есепке  алмай  салынуына 
байланысты, біздің пікірімізше, іріктелген жүйені қолдану қажет. Сонымен, осы берілген 
ұсыныстар  есепке  алынған  жағдайда  мемлекеттік  қаржыны  тиімді  пайдалануға, 
фискалдық  саясатты  ұлттық  мүдделерге  сәйкес  құруға  және  экономикалық  мүдделердің 
әлеуметтік мүдделермен ұштастырылуына белгілі деңгейде мүмкіндік туады.  
 
 
 
 
 
 

 
 
49 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Поздняков Е.А. Системный подход в международных отношениях. - M.: Наука, 1976. 
- 220 с. 
2.
 
Цыганков  П.А.  Международные  отношения:  Учебное  пособие.  -  М.:  Новая  школа, 
1996. – 320 с.
  
3.
 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылы 6 қантардағы 
(№527-IVKRZ) Қазақстан Республикасының Заңы.  
4.
 
Прохошева  A.A.  Общая  теория  национальной  безопасности.  Учебник.  -  М.:  Изд-во 
РАГС, 2002. - 340 б.  
5.
 
Елемесов Р.Е. Глобализация и национальные экономические интересы. - А., 2011.  
6.
 
Национальная  экономика 
в 
векторе  глобального 
развития: 
Материалы 
международной  научно-практической  конференции.  Ч.1.  -  Алматы:  Қазақ  ұлттық 
университеті, 2005. - 35-38 бет. 
7.
 
Спанов М.У. Экономическая безопасность Казахстана:  теоретико-методологическая 
основа и механизм реализации: Дис. док. экон. наук. - Алматы, 1999. - 150 с.  
8.
 
Молдабаева  С.Д.  Экономика  және  құқық  //Академиясының  ғылыми  еңбектері.  - 
2010. - №02 (19). - 95-101 б. 
9.
 
Аттарханов 
К.А. 
Фискальная 
система 
государства: 
роль 
и 
вопросы 
совершенствования. - Алматы: «Ғылым», 1999. - 89 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассмотрены  главные  цели  внешней  политики  Казахстана  относительно  защиты 
национальных  интересов,  а  также  проанализированы  некоторые  вопросы  бюджетной  политики, 
изучены существующие проблемы и дана правовая характеристика данному институту. 
 
RESUME 
 
In  this  article  there  are  discussed  main  goals  of  foreign  policy  of  Kazakhstan  regarding  the 
protection  of  the  national  interests  and  some  questions  of  fiscal  policy,  additionally,  international  and 
legal characteristics of the mentioned questions are considered.
 
 
 

 
 
50 
ӘОЖ 369.012.2 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қызметі үшінші 
тұлғаларға зиян 
келтіру қаупімен 
байланысты 
объектілер иелерінің 
жауапкершілігін 
міндетті 
сақтандыруды 
құқықтық реттеу 
 
Аннотация 
Бұл  ғылыми  мақала  қызметі  үшінші 
тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен  байланысты 
объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкерші-
лігін  міндетті  сақтандыруды  құқықтық  реттеу 
мәселелеріне  арналған.  Мақалада  сақтандыру 
шартының  негізі,  сақтандыру  сомасы  мен 
сақтандыру  сыйақыларының  мөлшері,  сақ-
тандыру жағдайының туындауы қарастырылған. 
Түйін  сөздер:  қызметі  үшінші  тұлғаларға 
зиян  келтіру  қаупімен  байланысты  объектілер 
иелерінің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін 
міндетті сақтандыру, сақтандырушы, сақтанушы, 
сақтандыру полисі, тәуелсіз сарапшы.  
 
 
Қызметі  үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру 
қаупімен  байланысты  объект  иесінің  азаматтық-
құқықтық  жауапкершілігі  дегеніміз  үшінші 
тұлғалардың 
өміріне, 
денсаулығына 
және 
мүлкіне  қауіпті  өндірістік  фактор  келтірген 
зиянды жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан 
Республикасының 
азаматтық 
заңнамасында 
белгіленген  өтеу  міндеті  болып  табылады.  Бұл 
орайда,  қызметі  үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру 
қаупімен 
байланысты 
объект 
иелерінің 
азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін  міндетті 
сақтандыру  Қазақстан  Республикасы  Конститу-
циясына 
негізделеді 
және 
Қазақстан 
Республикасы  Азаматтық  кодексінен,  «Қызметі 
үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен 
байланысты  объектілер  иелерінің  азаматтық-
құқықтық  жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру 
туралы»  Қазақсан  Республикасы  Заңынан  және 
өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерінен 
тұрады.  Осыған  орай,  объектiлер  иелерiнiң 
жауапкершiлiгiн 
мiндеттi 
сақтандырудың 
мақсаты  қауіпті  өндірістік  фактор  өмiрiне, 
денсаулығына  және  мүлкiне  зиян  келтірген 
үшiншi  тұлғалардың  мүлiктiк  мүдделерiн 
қорғауды  сақтандыру  төлемдерiн  жүзеге  асыру 
арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкіметі 
белгілейтін  тәртіппен  мемлекеттік  тізілімде 
тіркелуге  жататын,  қызметі  үшін  тұлғалардың 
өміріне,  денсаулығына  немесе  мүлкіне  зиян 
келтіруі  ықтимал  қауіпті  объектілер  иелерінің 
жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру  объектісі 
үшінші  тұлғалардың  өміріне,  денсаулығына 
немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеуіне орай 
объект    иесінің   Қазақстан    Республикасының 
И.С. Сактаганова 
Еуразия гуманитарлық 
институты, з.ғ.к., доцент 
 
Г.С. Сактаганова 
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті, 
аға оқытушы 

 
 
51 
азаматтық  заңнамасында  белгіленген  міндетіне  байланысты  мүліктік  мүддесін 
нысаналайды.  Объектілер  иелерінің  жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру  «Қызметі 
үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен  байланысты  объектілер  иелерінің  азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 
және  сақтанушының  өтінішіне  сәйкес  үшінші  тұлғалардың  пайдасына  сақтанушы  мен 
сақтандырушының арасында жасалатын міндетті сақтандыру шартының негізінде жүзеге 
асырылады.  Бұл  орайда  қызметі  үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен  байланысты 
объектінің иесі біреуден көп болған кезде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті 
сақтандыру  шарты  объектінің  барлық  иелерін  сақтандырушылар  ретінде  сақтандыру 
полисінде  міндетті  түрде  көрсете  отырып,  олардың  кез келген  біреуімен  жасасылады  [1, 
323-325 бб.].  
Объектiлер  иелерiнiң  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру  шарты  мiндеттi 
сақтандырудың  осы  түрi  бойынша  қызметтi  жүзеге  асыру  құқығына  лицензиясы  бар 
сақтандырушымен  ғана жасасылады.  Сақтанушы  сақтандырушыны  таңдауға  ерiктi. 
Сақтандырушы сақтанушымен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру 
шартын  жасасудан  бас  тартуға  құқылы  емес.  Бұл  ретте  сақтанушы  объектiлер  иелерiнiң 
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге 
мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға заңда 
белгiленген тәртiппен және мерзiмде тиісті мөлшерде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға 
мiндеттенедi.  Демек,  объектілер  иелерінің  жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру 
шартында  қызметі  үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен  байланысты  объектідегі 
аварияның  салдарынан  үшінші  тұлғаның  өміріне,  денсаулығына  немесе  мүлкіне 
келтірілген  зиянның  зардабынан  туындайтын  міндеттемелер  бойынша  сақтандыру 
төлемін жүзеге асыру нысаналанады [2, 228 б.].  
Объектiлер 
иелерiнiң 
жауапкершiлiгiн 
мiндеттi 
сақтандыру 
шарты 
сақтандырушының  сақтанушыға  сақтандыру  полисiн  беруi  арқылы  жазбаша  нысанда 
жасалады.  Осы  сақтандыру  полисі  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексінің  826-
бабында тізбелеп көрсетілген шарттылықтардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандырy 
жағдайы бойынша жауапкершiлiгінiң шектi көлемiнiң мөлшерiн қамтуға тиiс.  
Объектілер  иелерінің  жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру  бойынша  сақтандыру 
полисін  ресімдеу  жөніндегі  талаптар  Қазақстан  Республикасының  сақтандыру  және 
сақтандыру  қызметі  туралы  заңдарымен  белгіленеді.  Сақтандыру  полисi  жоғалған 
жағдайда  сақтандырушы  сақтанушының  жазбаша  өтiнiшi  негiзiнде  оған  сақтандыру 
полисiнiң  телнұсқасын  беруге  мiндеттi.  Сақтандыру  полисi  бланкiсiн  дайындауға  және 
оның  телнұсқасын  ресiмдеуге  жұмсалған  шығыстарды  сақтанушы  өтейдi,  бұл  ретте 
өтелетін  шығыстардың  жалпы  сомасы  өтініш  берген  күнгі  тиісті  қаржы  жылына 
арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңмен  белгіленген  0,1  айлық  есептiк 
көрсеткiштен аспауға тиiс. 
Қауіпті  объектiлер  иелерiнiң  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру  шартының 
талаптарында  өзгеше  көзделмесе,  объектiлер  иелерiнiң  жауапкершiлiгiн  мiндеттi 
сақтандыру  шарты  сақтанушы  бірінші  сақтандыру  жарнасын  төлеген  кезден  бастап 
күшiне  енедi  және  тараптар  үшiн  мiндеттi  болады.  Объектілер  иелерінің 
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан 
аспайтын мерзімге жасалады. 
Объектiлер  иелерiнiң  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру  шарты  бойынша 
сақтандыру  сыйлықақысының  мөлшерi  қызметi  үшiншi  тұлғаларға  зиян  келтiру 
қаупiмен  байланысты  объектiнiң  қауіптілік  деңгейіне  қарай  сақтандыру  сомасы 
мөлшерiнiң  0,72  процентiнен  2,02  процентiне  дейiнгi  шекте  тараптардың  келiсiмi 
бойынша 
белгiленедi. 
Сақтандыру 
сыйлықақылары 
объектілер 
иелерінің 
жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру  шарты  жасалғаннан  кейін  он  күннің  ішінде  бір 
мезгілде төленеді. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты кез 

 
 
52 
келген  негіздер  бойынша  өзгерген  кезде  жаңадан  есептелген  және  бұрын  төленген 
сақтандыру  сыйлықақылары  арасындағы  айырма  он  бес  күн  ішінде  қосымша  төленуге 
(қайтарылуға) тиіс [3]. 
Қызметі  үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен  байланысты  объектідегі  қауіпті 
өндірістік  фактор  үшiншi  тұлғаның  өмiрiне,  денсаулығына  және  мүлкiне  келтірген 
зиянды  өтеу  жөнiндегi  сақтанушының  азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгiнiң  басталу 
фактiсi  объектiлер  иелерiнiң  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру  шарты  бойынша 
сақтандыру  жағдайы  деп  танылады.  Сақтандыру  жағдайының  туындауына  байланысты 
сақтандырушы  немесе  тәуелсiз  сарапшы  сақтандыру  төлемiнiң  мөлшерiн  аварияның, 
инциденттің  себептерiн  тексеру  актiсiнiң,  сот  шешiмдерiнiң  және  келтiрiлген  зиянның 
мөлшерi туралы деректер қамтылған басқа да материалдардың негiзiнде айқындайды [4, 
469 б.]. 
Осы орайда заң жүзінде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру 
шарты  бойынша  сақтандыру  сомасының  мынадай  ең  төменгі  мөлшерлері  тиісті  қаржы 
жылына  арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгіленген  айлық  есептік 
көрсеткіштермен: 
1)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің ең жоғары ықтимал саны төрт мың адамнан асса – 600 мың;  
2)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің ең жоғары ықтимал саны екі мыңнан асатын адамды құраса, бірақ төрт мың 
адамнан аспаса – 350 мың;  
3)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің ең жоғары ықтимал саны бір жарым мыңнан асатын адамды құраса, бірақ 
екі мың адамнан аспаса – 225 мың; 
4)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жеті жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ бір 
жарым мың адамнан аспаса – 115 мың; 
5)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің ең жоғары ықтимал саны үш жүзден асатын адамды құраса, бірақ жеті жүз 
елу адамнан аспаса – 50 мың; 
6)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ үш жүз 
адамнан аспаса – 30 мың айлық есептік көрсеткішті; 
7)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің  ең  жоғары  ықтимал  саны  жетпіс  бестен  асатын  адамды  құраса,  бірақ  жүз 
елу адамнан аспаса – 12 мың; 
8)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің  ең  жоғары  ықтимал  саны  оннан  асатын  адамды  құраса,  бірақ  жетпіс  бес 
адамнан аспаса – 5 мың; 
9)
 
егер  қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің  салдарынан  зардап 
шеккендердің ең жоғары ықтимал саны он адамға дейін болса, өзге де декларацияланған 
қауіпті өндірістер үшін 1 мың айлық есептік көрсеткішті құрайды. 
Әрбiр  үшiншi  тұлғаның  өмiрi  мен  денсаулығына  келтiрiлген  зиян  үшiн  төленетiн 
сақтандыру  төлемiнiң  мөлшерi  республикалық  бюджет  туралы  заңда  тиісті  қаржы 
жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгiленедi және:  
1)
 
қаза тапқан кезде - 1000; 
2)
 
мүгедектiк  белгiленген  кезде:  Iтоптағыларға  -  800;  II  топтағыларға  -  600;  III 
топтағыларға - 500; мүгедек балаға – 500. 
3)
 
мертiгу,  жарақаттану  немесе  денсаулықтың  өзге  де  зақымдануы  кезiнде 
мүгедектiк  белгiленбей  -  амбулаториялық  және  стационарлық  емделуге  жұмсалған  iс 
жүзiндегi шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден аспайтындай мөлшердi құрайды. Бұл ретте 

 
 
53 
сақтандыру  төлемiнiң  мөлшерi  әрбiр  стационарлық  емделу  күнi  үшiн  кемiнде  2  айлық 
есептiк көрсеткiштi құрауға тиiс [3]. 
Үшінші  тұлғаның  мүлкіне  келтірілген  зиянның  мөлшерi  оны  қалпына  келтiру 
құнының  есебi  негiзге  алынып,  сақтандыру  жағдайы  басталғанға  дейiн  мүлiктiң  орын 
алған тозуы ескерiле отырып анықталады. Ал мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның 
мөлшерi  мүлiктiң  нақты  құны негiзге  алынып,  мүлiктiң  сақтандыру  жағдайы  басталған 
күнгi  тозуы  ескерiле  отырып  айқындалады. Бұл  кезде  мүлiктi  қалпына  келтiру  құны 
сақтандыру жағдайы басталған кезде қолданылған орташа нарықтық баға мен тарифтер 
негiзiнде  айқындауға  болады.  Сақтандыру  жағдайының  басталуы  нәтижесiнде  әрбiр 
үшiншi  тұлғаның  мүлкiне  келтiрiлген  зиянның  мөлшерiн  сақтанушының  немесе  пайда 
алушы  болып  табылатын  өзге  тұлғаның  өтiнiшi  бойынша  сақтандырушы  айқындайды. 
Келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды қажет болған кезде тәуелсiз сарапшы жүргiзе 
алады. 
Сақтандырушы  келтiрiлген  зиянның  мөлшерiн  айқындау  мақсатымен  қосымша 
тексеру  жүргiзуге  құқылы.  Осыған  байланысты  ол  мемлекеттiк  органдардан  аварияны, 
инцидентті техникалық тексеру материалдарын, зиян келтiруге байланысты құжаттарды, 
медициналық  құжаттарды,  шығын  болған  (бүлiнген,  жойылған)  мүлiктiң  құны, 
жүргiзiлген  жұмыстардың,  келтiрiлген  шығындардың  құны  туралы  талқылауға 
мүмкiндiк беретiн шоттарды, сондай-ақ өзге де қажеттi құжаттарды талап етуге құқылы. 
Сақтандыру  төлемдерi  объектiлер  иелерiнiң  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру 
шартында белгiленген сақтандыру сомасының шегiнде жүргiзiледi. Объектiлер иелерiнiң 
азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгi  бiрнеше  сақтандырушыда  сақтандырылған  кезде 
әрбiр  сақтандырушы  өзiмен  жасалған  шарт  шегiнде  сақтанушының  алдында 
жауапкершiлiкте  болады,  алайда  сақтанушының  барлық  сақтандырушылардан  алған 
сақтандыру  төлемдерiнiң  жалпы  сомасы  нақты  нұқсаннан  аспауға  тиiс. Бұл  ретте 
сақтанушы  өзiмен  жасалған  шартта  көзделген  сақтандыру  сомасының  көлемiнде  кез 
келген  сақтандырушыдан  сақтандыру  төлемiн  алуға  құқылы.  Егер  алынған  сақтандыру 
төлемi  нақты  нұқсанды  жаппаған  жағдайда,  сақтанушы  жетпейтiн  соманы  басқа 
сақтандырушыдан алуға құқылы. 
Келтiрiлген  зиянды  басқа  тұлғалар  да  өтеген  жағдайларда,  сақтандырушы 
объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру 
төлемiнiң  сомасы  мен  басқа  тұлғалар  өтейтiн  соманың  арасындағы  айырманы  ғана 
төлейдi. Сақтанушы өзiне белгiлi болған, басқа тұлғалардың үшiншi тұлғаларға зиянды 
өтеуге жүргiзген төлемдерi туралы сақтандырушыға хабарлауға мiндеттi. 
Сақтандырушыға  сақтандыру  төлемi  туралы  талапты  сақтанушы  не  пайда  алушы 
болып табылатын өзге тұлға мынадай құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда 
ұсынады: 
1)
 
объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;  
2)
 
пайда  алушының  келтiрiлген  зиян  мен  оның  мөлшерiн  растайтын  құжаттарды 
қоса  тiркеп,  зиянды  өтеу  туралы  сақтандырушы  мойындаған  талаптары  немесе  қауіпті 
өндірістік  фактор  үшінші  тұлғалардың  өміріне,  денсаулығына  және  мүлкіне  келтірген 
зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген сот шешiмi; 
3)
 
зиянды  болдырмау  немесе  мөлшерiн  азайту  жөнiнде  шаралар  қолдануға 
байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (болған жағдайда).  
Сақтандырушы сақтандыру төлемiн құжаттарды алған күнiнен бастап отыз күннен 
кешiктiрмей жүргiзедi. 
Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне 
келтірген,  сақтандыру  жағдайы  деп  сақтандырушы  таныған  немесе  соттың  шешімімен 
танылған  зиянды  өтеу  туралы  өтініштерді  қанағаттандыру  олардың  түсу  ретімен,  ал 
бірнеше  өтініш бір  мезгілде  түскен  кезде  мынадай кезектілікпен  жүзеге  асырылады:  1) 
бiрiншi  кезекте  жеке  тұлғалардың  өмiрiне  және  денсаулығына  келтiрiлген  зиянды  өтеу 

 
 
54 
туралы  талаптар  қанағаттандырылады; 2)  екiншi  кезекте  жеке  тұлғалардың  мүлкiне 
келтiрiлген зиян өтеледi; 3) үшiншi кезекте заңды тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян 
өтеледі. 
Бұл  ретте  сақтандыру  төлемдеріне  байланысты  ескеретін  маңызды  жайт, 
сақтандыру  жағдайы  әскери  іс-қимылдар,  азаматтық  соғыс,  кез  келген  халықтық 
толқулар,  жаппай  тәртіпсіздік  немесе  ереуілдер  салдарынан  басталса,  сақтандырушы 
сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатылады [5].  
Сонымен, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер 
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жеке немесе заңды 
тұлғалардың  –  қауіпті  объектілер  иелерінің  Қазақстан  Республикасының  азаматтық 
заңнамасында  белгіленген,  қызметі  үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен 
байланысты  объектілеріндегі  аварияның  салдарынан  үшінші  тұлғалардың  өміріне, 
денсаулығына  және  мүлкіне  келтірілген  зиянды  өтеу  міндетіне  орай  пайда  алушының 
өміріне,  денсаулығына  және  мүлкіне  келтірілген  залалды  сақтандыру  төлемін  толық 
көлемде  жүзеге  асыру  жолымен  өтеу  жөніндегі  сақтанушы  мен  сақтандырушының 
арасындағы шарттық қатынастар ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-
бабының  1-тармағына,  6-бабының  2-тармағына,  15-бабының  1-тармағына,  24-бабының 
2-тармағына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 40-бабы, «Сақтандыру 
қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағына, 2-бабының 
1-тармағына,  4-бабының  1-тармағына,  6-бабының  3-тармағының  12)  тармақшасына,  6-
тармағына,  7-бабының  9-тармағына,  11-1-бабының  1-тармағына,  «Қызметі  үшінші 
тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен  байланысты  объектілер  иелерінің  азаматтық-құқықтық 
жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  2-6,  8-
19, 21-24 баптарына негізделеді. 
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 13.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет