Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



жүктеу 13.92 Kb.
Pdf просмотр
бет4/31
Дата02.03.2017
өлшемі13.92 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Пуховская Е.Ю. География, геополитика, пангерманизм: у истоков немецкой харизмы 
// Известия Иркутского государственного университета. – 2010. - №1 (4). - С. 106-115 
2.
 
Geoffrey  Parker.  Ratzel,  the  French  School  and  the  birth  of  Alternative  Geopolitics.// 
Political Geography. - 2000. - №19. Р. 957–969 
3.
 
Harbeck K. H. Die Zeitschrift für Geopolitik 1924-1944. – Kiel. – 1963. 
4.
 
Weigert 
H.W. 
Military 
Implications 
of 
German 
Geopolitics// 
http://www.ibiblio.org/pha/policy/1942/1942-07-06b.html 
5.
 
Ebeling F. Geopolitik. Karl Haushofer und seine Raumwissenschaft. 1919—1945. Akademie 
Verlag, 1997.  
6.
 
Рукавицын П.М. Немецкая школа классической геополитики: этапы эволюции и вклад 
в развитие науки. // Среднерусский вестник общественных наук. - 2008. - № 4. - С. 161-
167 
7.
 
Murphy  D.T.  A  sum  of  the  most  wonderful  thingsa:  Raum,  geopolitics  and  the  German 
tradition  of  environmental  determinism,  1900-1933.//  History  of  European  Ideas.  -  1999.  - 
№25. - Р. 121-133 
8.
 
Costachie S. German shool of geopolirics. Evolution,  ideas,  prospects//  Revista Română de 
Geografie Politică. - 2001. - № 2. - Р. 264-276 
9.
 
Рукавицын  П.М.  Концепция  борьбы  за  жизненное  пространство  немецкой  школы 
классической геополитики // Обозреватель. – 2008. – № 9. – С. 109-117 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмотрены  предпосылки  и  этапы  развития  геополитики  в  Германии  во  второй 
половине  XIX  –  начале  ХХ  вв.  Анализируется  зарождение  и  становление  германской  школы 
геополитики. Выявляются геополитические взгляды немецких геополитиков. 
 
RESUME 
The  article  describes  the  background  and  development  stages  of  geopolitics  in  Germany  in  the 
second  half  of  the  XIX
th
  -  early  XX
th
  centuries.  There  is  examined  the  origin  and  development  of  the 
German school of geopolitics. The geopolitical views of the German geopoliticians are revealed. 

 
 
34 
ӘОЖ 338.48:379.5 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С. Сансызбайқызы 
М. Сапарбаев атындағы 
Оңтүстік Қазақстан 
Гуманитарлық институты, 
з.ғ.к., аға оқытушы 
Қазақстандағы 
халықаралық 
туризмді дамытуға 
бағытталған 
мемлекеттік саясат 
 
Аннотация  
Мақалада  Қазақстан  Республикасының 
туризм 
саласындағы 
мемлекеттік 
саясаты 
қаралады. 
Саланы 
мемлекеттік 
басқаруда 
қолданылатын  қазіргі  тәсілдер  мен  бағыттар 
талданады. 
Түйін  сөздер:  туризм,  мемлекеттік  саясат, 
құқықтық реттеу. 
 
 
Қазақстан 
Республикасындағы 
туризм 
саласын  жандандыру  және  туризм  ісін  дамыту, 
туризмді  мемлекеттік  реттеудің  айқындылығы-
ның  жеткіліксіздігіне,  инфрақұрылымдардың 
жеткіліксіздігіне 
және 
ғылыми 
көзқарас 
тұрғысынан  туризм  саласын  толық  зерттеуге 
жете көңіл аудармауға байланысты толық жүзеге 
асырылмай  келеді.  Отандық  әдебиеттердің 
талдауы  осы  мәселенің  толықтай  ашылмай 
отырғандығын,  туризмді  мемлекеттік  реттеудің 
сипаты  мен  дәрежесін  негіздеудің  жүйелік  әдісі 
және ғылыми әдіснамасының толық  жетілмеген-
дігін 
көрсетеді. 
Осы 
тұрғыда 
туризм 
саласындағы  мемлекет  саясатын  қарастырып, 
мәселелеріне  талдау  жасап,  даму  перспектива-
ларын айқындай маңызы болып табылады. 
Ғаламдану  дәуіріндегі  әлемдік  қауым-
дастықтың 
етене 
жақындасу 
жағдайында 
мемлекеттер арасында дипломатиялық байланыс-
тармен  қатар  мәдени-экономикалық  байланысты 
күшейту  мәселесінде  туризм  саласының  алатын 
орны ерекше. 1989 жылдың 10-14 сәуірінде Гаага 
қаласында (Нидерланды) өткен Туризм жөніндегі 
парламентаралық  конференцияда  қабылданған 
Гаага декларациясында айқындалғандай, «бүгінгі 
таңда  туризм  жүздеген  миллион  адамдардың 
күнделікті өміріне енген құбылысқа айналды: ол 
адамдардың  өздері  тұратын  орындарынан  және 
жұмысынан барлық еркін қозғалысты, сондай-ақ 
сол 
кезде 
туындайтын 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыруға  арналған  қызмет  саласын 
қамтиды; ол жекелеген тұлғалардың бос уақытын 
пайдаланудың маңызды түріне айналған адамдар 
мен  қазіргі  қоғамға  қажетті  қызмет  түрі  және 
ұлттардың 
өмірінде 
туындаған 
бірігу 
нәтижесіндегі саяси, экономикалық және мәдени 
байланыстар 
арасындағы 
құрал 
болып 
табылады» [1]. 
 

 
 
35 
Осы  тұрғыдан  алғанда  мемлекет  тарапынан  туризм  ісіне  көңіл  бөліп,  туризм 
саласындағы  саясаттың  механизмдерін  жетілдіруге  бағытталған  шаралар  қабылдау, 
бүгінгі  күннің  талабынан  туындап  отырған  мәселе.  Өйткені,  туризм  мемлекеттердің 
әлеуметтік, экономикалық, білім беру салаларына және халықаралық қатынастарға тікелей 
әсер ететін, халықтардың өмірінде маңызды орын алатын қызмет [2]. 
Әлемдік  экономикадағы  халықаралық  туризмнің  ролі  жоғарылаған  сайын,  ұлттық 
экономиканың  да  туристік  қызметпен  байланысы  кеңейе  түседі.  Бұл  халықаралық 
туризмнің экономикадағы төмендегідей маңызды функцияларын орындауына:  
-
 
шетел валютасы және капиталының елге енуінің негізгі қайнар көзі болуына; 
-
 
едің төлем балансын жақсарту үшін алғышарттар жасауына; 
-
 
туризм  саласын  қамтамасыз  ететін  жаңа  секторлардың  пайда  болуына  жағдай 
жасауына; 
-
 
жұмыссыздық мәселесін шешуіне; 
-
 
халықтың табысының жоғарылауын қамтамасыз етуіне; 
-
 
халықаралық кәсіпкерлік үшін елдің тартымдылығын жоғарылатуына; 
-
 
инфрақұрылымдардың дамуына ықпал жасауына; 
-
 
жаңа  аудандарды  шаруашылық  тұрғысынан  игеруді  жандандыруына  тікелей 
байланысты [3, 38]. 
Қазіргі  таңда  халықаралық  туризмнің  тиімді  қызметі  үшін  туризмнің  дамуына 
жауапты  құрылымдар  тарапынан  жоспарлау,  реттеу,  үйлестіру  шараларын  жасау  аса 
маңызды.  Бұл  туризм  саласындағы  саясатты  әзірлеу  үшін  қажет,  ал  ол  өз  кезегінде 
мемлекеттік, аймақтық, жекелеген кәсіпорын деңгейлерінде жүзеге асырылады.  
Туризм  ісін  дамытуға  мемлекеттік  қолдау  жасау  туризм  саласының  тұрақты 
дамуының  қажетті  шарты  болып  табылады.  Жетекші  туристік  елдердің  тәжірибелерінен 
біз  туристік  инфрақұрылымдарды  дамытуға  жағдай  жасау,  қазіргі  заман  талабына  сай 
заңнамалық және нормативті-құқықтық негізді қалыптастыру кәсіпорындар және туристік 
индустрия  ұйымдарының  қызметтері  үшін  қолайлы  экономикалық  жағдайларды 
қамтамасыз  ету,  туризм  саласының  әрбір  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық 
дамуында маңызды орын алуына жағдай жасайтынын байқаймыз.  
Жалпы, туризмді дамытуды реттеу:  
1.  Дүниежүзілік  туристік  ұйымның  қолдауымен,  халықаралық  қаржылық 
ұйымдардың  қатысуымен  жүзеге  асырылатын  ғаламдық  деңгейдегі  туризмді  дамытуға 
жағдай жасау және үйлестіру; 
2.  Аймақтық  туристік  ұйымдар  және  мемлекетаралық  бірлестіктердің  арнайы 
органдары арқылы мемлекетаралық деңгейдегі туристік саясатты үйлестіру; 
3.  Арнайы  құрылған  мемлекеттік  органдар  және  туристік  ұйымдардың  қоғамдық 
бірлестіктері  арқылы  жүзеге  асырылатын,  ұлттық  және  аймақтық  деңгейдегі  туризм 
саласындағы саясатты  үйлестіру сияқты бағыттарды қамтитын көп деңгейлі  жүйе болып 
табылады. 
Туризм  саласын  мемлекеттік  реттеу  ісінде  құқық  шығармашылығы,  мемлекеттік 
қолдау,  ынталандыру,  реттеу,  үйлестіру  нысандарын  атап  өтуге  болады.  Мемлекеттік 
билік органдарының қызметі арқылы көрініс табатын мұндай нысандардың мәні төмендегі 
кестеде айқындалған: 
 
Кесте 1 Туризмді мемлекеттік реттеудің негізгі нысандары және олардың мәні 
№ 
Туризмді 
мемлекеттік 
реттеудің негізгі нысандары 
Реттеу  нысандарын  жүзеге  асыру  бойынша 
мемлекеттік билік органдарының қызметі 

Құқық шығармашылығы 
Заңдарды  және  басқа  да  нормативті-
құқықтық актілерді дайындап, жетілдіру 

Қолдау көрсету 
Туризм  саласындағы  субъектілерге  қолдау 
көрсету  

 
 
36 

Ынталандыру 
Түрлі  субъектілерді  туризм  саласына  тарту 
бойынша іс-шаралар ұйымдастыру 

Реттеу 
Қандай-да бір қызметтің тәртібін анықтайтын 
ережелерді белгілеу 

Үйлестіру 
Түрлі  субъектілерді  ортақ  міндеттерді  шешу 
барысындағы  өзара  әрекетін  ұйымдастыру, 
іс-әрекеттерді келісу 
 
Қазақстан  Республикасында  туризмнің  даму  деңгейі  мемлекет  саясатының  негізгі 
бағыттарымен  айқындалады.  Туризм  саласындағы  мемлекеттік  басқару,  туризмді  қолдау 
және  дамытуға  бағытталған  мемлекет  және  қоғам  арасындағы  өзара  іс-әрекеттің 
тәсілдерін қамтиды. 
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 
1997  жылғы  «Жібек  жолының  тарихи  орталықтарын  жандандандыру.  Түркі  тілдес 
мемлекеттердің  мәдени  мұрасын  сақтау  және  сабақтастыра  дамыту,  1997-2000  жеке 
туризм  инфрақұрылымын  құру  туралы»  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
бағдарламасын қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы 
жасалды. 
Соңғы  жылдары  елімізде,  туризм  саласындағы  саясат  серпінді  түрде  дамып  келеді 
және  мемлекеттің  осы  саладағы  мақсат,  міндеттері  айқындалып,  ұлттық  бағдарламалар 
аясында бірқатар іс-шаралар қабылданып отыр.  «Қазақстан Республикасындағы туристік 
қызмет  туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңына 
сәйкес  туристік  қызметті  мемлекеттік  реттеудің  принциптері  төмендегідей  түрде 
айқындалады:  
1. Туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;  
2. Туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;  
3.  Қазақстан  Республикасы  туралы  туризм  үшiн  қолайлы  ел  деген  түсiнiктi 
қалыптастыру;  
4.  Қазақстан  Республикасының  туристерi  мен  туристік  қызметті  жүзеге  асыратын 
тұлғаларының  және  олардың  бiрлестiктерiнiң  қауiпсiздiгiн,  құқықтарын  қорғауды 
қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау [4]. 
Аталған  заңда,  туристік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  негізгі  мақсаттары  ретінде  9 
бабта:  азаматтардың  туристiк  қызмет  саласында  демалу,  еркiн  жүрiп-тұру  құқықтарын 
қамтамасыз  ету,  қоршаған  ортаны  қорғау,  туристерге  тәрбие,  бiлiм  беруге  және  оларды 
сауықтыруға  бағытталған  қызмет  үшiн  жағдайлар  жасау,  саяхат  жасау  кезiнде 
азаматтардың  қажеттерiн  қамтамасыз  ететiн  туристiк  индустрияны  дамыту,  туристік 
индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан 
Республикасы азаматтарының табыстарын молайту, халықаралық туристiк байланыстарды 
дамыту көрсетілген.  
Қазақстан  Республикасында  туризмді  дамытудың  2007-2011  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып, аталған бағдарламаны іске асыру жөніндегі 
іс-шаралар  ауқымында  Қазақстанның  туристік  беделін  қалыптастыру,  халықаралық 
ынтымақтастық,  заңнамалық  нормативтік  актілерді  әзірлеу,  туризм  инфрақұрылымын 
дамыту,  статистиканы,  кадр,  білім  беру  және  өңірлік  саясатты  дамыту,  туризм 
саласындағы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  бірінші  кезектегі  шаралар  қойылды 
[5]. 
Қазақстан  Республикасы  туристік  индустриясының  перспективалы  бағыттарын 
дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы  11  қазандағы  №  1048  Қаулысына  сәйкес,  туризм 
индустриясын  орнықты  дамыту  және  бәсекеге  қабілетті  туристік  өнімді  қалыптастыру, 

 
 
37 
Қазақстанның  туристік  маркетингтік  стратегиясын  қалыптастыру,  туристік  инустрияның 
кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында төмендегідей бағыттарда іс-шаралар атқарылды: 
1. Туризм саласындағы қызметтердің сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету; 
2. Туризмді дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру
3. Мәдени-танымдық туризмді дамытуға жағдай жасау; 
4. Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларына қызығушылықты арттыру; 
5. Ішкі туризм жүйесін дамыту арқылы қоршаған ортаны қорғау; 
6. Экологиялық туризмді дамыту; 
7. Туристiк қызметтiң басым бағыттарын қамтамасыз ету [6]. 
Аталған  бағдарламаға  сәйкес,  бағдарламаны  2010  -  2014  жылдары  іске  асыруға 
барлығы 4 252 108 966,8 мың теңге жұмсалу жоспарланып, құрылыс үшін жер учаскесін 
бөлуге,  маркетингтік  зерттеулер  жүргізуге  көмек  көрсету,  жоғары  кредиттік  ставкалар 
бойынша  күрделі  салымдарды  қайтару,  жобаның  бастапқы  кезеңіндегі  шығындарды 
жобадан  табыс  алу  кезеңіне  жатқызу  (төлемдердің  мерзімін  ұзарту),  жобалар 
инфрақұрылымын  мемлекеттің  дамытуы,  елде  өндірілмейтін  жобалау  жабдықтарын 
жеткізу  кезіндегі  салықтық  және  кедендік  жеңілдіктер  қарастырылып,  туристік  саланың 
еңбек ресурстарына 2010 - 2014 жылдарға арналған болжамды қажеттілігі 34 мың адамды 
құраған [6]. 
Қазақстан  Республикасында  туризм  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге 
асырумен: 
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі; 
2.  Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар қалалардың,  астананың,  аудандардың, 
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
3. Туризм жөнiндегi кеңес; 
4. Туристік ақпарат орталығы айналысады. 
Қазақстан  Республикасының  туристік  саласын  дамытудың  2020  жылға  дейінгі 
тұжырымдамасының жобасында туризмді дамытудың төмендегідей кезеңдері ұсынылған: 

 
1 кезең 2013 – 2015 жылдар; 

 
2 кезең 2016 – 2018 жылдар; 

 
3 кезең 2019 – 2020 жылдар [7]. 
Бірінші  кезең  аясында  барлық  ұлттық  (ірі)  туристік  жобалар  дайындалу  және 
олардың  құрылысына  бастамашылық  ету,  басқа  (кіші)  туристік  жобаларды  әзірлеуге 
ынталандыру,  жалпы  инфрақұрылым  мен  адами  ресурстарға  инвестициялау,  маркетинг, 
ұлттық туризм бредингі және өзге де ілеспе қызмет түрлері жүйесін айқындау және енгізу, 
сондай-ақ  жылдам  нәтижелер  алуға  бағытталған  шараларды  қабылдау  қажеттілігі 
айқындалып,  1-кезең  аясында  2013  жылдан  2020  жылға  дейін  кезеңде  жалпы 
инвестициялардың 25,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады. 
2-кезең  дамудың  жалғасы  болып  табылады.  Инвестициялау  тұрғысынан  алғанда, 
негізгі  құрылыс  жұмыстарын,  атап  айтқанда,  ұлттық  туристік  жобаларды  дамыту 
шеңберінде  туристік  инфрақұрылымның  орналастыру  орындары  мен  объектілерін,  оның 
ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде орындау мүмкіндігі бар жобаларды 
орындау ұсынылады. Аталған кезең уақытында инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, 
адами  ресурстар  әлеуетін  нығайту  және  маркетинг  саласындағы  әртүрлі  жұмыстарды 
орындау  маңызды  болып  табылады.  2-кезең  аясында  2013  жылдан  бастап  2020  жылға 
дейінгі кезеңде жалпы инвестициялардың 45,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады. 
3-кезең  дамудың  қорытынды  сатысы  болып  табылады,  мұнда,  бүкіл  ел  бойынша 
туристік  жобаларды  дамыту  үшін  туристік  ұсыныстарды  әртараптандырумен  және  2-
кезеңнің  аясында  орындалатын  іс-шараларды  жүзеге  асыру,  шағын  және  орта  бизнес 
кәсіпорындарына  елеулі  қолдау  көрсетумен  жалғастырылатын  болады.  3-кезең 
шеңберінде 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін кезеңде жалпы инвестициялардың 30,0 
%-ға жуығын игеру ұсынылады. 

 
 
38 
Жоғырыда  айтылып  кеткен  мәселелерді  қорытындылау  келе,  қазіргі  халықаралық 
қауымдастықтағы  туризм  саласының  ролі  артып  келе  жатқанын  байқаймыз.  Осыған 
байланысты,  дамыған  елдер  тәжірибесі  бойынша,  нарықтық  принциптер  негізінде, 
дамыған  елдердегі  туризм  саласын  ұйымдастыру  тәжірибесіне  сүйене  отыра, 
инновациялық даму және мемлекеттің араласуымен туризмді мемлекеттік реттеу мәселесі 
аса  өзекті  мәселеге  айналып  отыр.  Сондықтан  да,  туризм  саласын  сапалық  тұрғыдан 
дамыту  еліміздің  басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Туризм  саласын  дамытуға 
мемлекет  тарапынан  көңіл  бөліп  отырғандығына  қарамастан,  туризмді  құқықтық  реттеу 
төңірегінде жетілдіруді күтіп отырған іс-шаралар жеткілікті. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Гаага  декларациясы.  (Гаага,  10-14  сәуір  1989  жыл)  //http://info-tour.kz/gaaga-
deklarasiasy.html/ 
2.
 
Манила  декларациясы  (Манила,1980  жылғы  10  қазан)  //http://info-tour.kz/manila-
deklarasiasy.html/#more-461. 
3.
 
Горбылева З.М. Экономика туризма. Минск: БГЭУ, 2004.  
4.
 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
туристік 
қызмет 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 
2001 
жылғы 
13 
маусымдағы 
№ 
211 
Заңы 
//http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000211_ 
5.
 
Қазақстан  Республикасында  туризмдi  дамытудың  2007-2011  жылдарға  арналған 
мемлекеттiк  бағдарламасы  туралы  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  2006 
жылғы  29  желтоқсандағы  №  231  Жарлығы.  Қазақстан  Республикасының  ПҮАЖ-ы, 
2006. - №47, 499-құжат. 
6.
 
Қазақстан  Республикасы  туристік  индустриясының  перспективалы  бағыттарын 
дамыту  жөніндегі  2010  -  2014  жылдарға  арналған  бағдарламаны  бекіту  туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысы. 
7.
 
«Қазақстан  Республикасының  туристік  саласын  дамытудың  2020  жылға  дейінгі 
тұжырымдамасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Жарлығының  жобасы  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  28 
ақпандағы № 192 қаулысы. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В данной статье рассматривается государственная политика Республики Казахстан в сфере 
туризма. Анализируются современные средства и направления, используемые в государственном 
управлении отрасли.  
 
RESUME 
 
This article considers the state policy of the Republic of Kazakhstan in the sphere of tourism. There 
are analyzed the latest tools and trends that are used in the public administration sector. 
 
 

 
 
39 
ӘОЖ 070:694.197(574.54)(091) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ.Қ. Нұрғалиев 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда 
мемлекеттік университеті, 
магистрант 
Сыр өңірі 
тележурналистикасы 
қалыптасуының 
кейбір қырлары 
туралы 
 
Аннотация 
Мақалада Сыр өңірі тележурналистикасының 
тарихы,телеарнаның  аймақтың  ақпараттық-саяси 
дамуындағы  орны  жөнінде  маңызды  мәселелер 
қамтылған.  «Қазақстан»  РТРК  негізінде  құрылған 
облыстық  телерадиокомпанияның  1991  жылдан 
бастап қазірге дейінгі даму тарихы қарастырылған. 
Ақпараттың  идеология  құралы  ретіндегі  орнына 
жан-жақты тоқталған. 
Түйін сөздер: Тәуелсіздік, ұлттық ақпараттық 
саясат, әлеуметтік желілер. 
 
 
«Қазіргі  журналистиканың  даму  үрдісі  мен 
ақпараттық  жаһандануы  әлемнің  барлық  елдерін 
қамтып,  экономикалық  және  саяси  қарым-
қатынастың  жедел  өсуіне  әсер  етуде.  Баспасөз, 
радио және телевизия, мультимедия, компьютерлік 
желілер 
мемлекет 
пен 
континентті 
жақындастырып,  миллиондаған  адамның  үйіне 
енді»  [1,  4-б.].  XXI  ғасырда  электронды  ақпарат 
құралдарынсыз  рухани  өмірді  былай  қойғанда, 
тұрмыстық  қатынасты  жақсарту  мүмкін  емес. 
Жұмыр 
басты 
пенде 
күнделікті 
өмірдегі 
жаңалыққа  қашанда  тәуелді.  Әсіресе  саяси-
әлеуметтік, 
қоғамдық 
маңызы 
зор 
жаһан 
жаңалықтарынан  тыс  өмір  сүру  мүмкін  емес.  Бұл 
азаматтар  теледидар  не  радио  ақпараттарына 
телміруге  мәжбүр  дегенді  білдірмейді.  Бұл  бар 
болғаны  ақпарат  құралдарының  құдыреті  мен 
мәнін аша түседі.  
Қазірде  ақпарат  тарату  мен  оны  қабылдау 
сипаты өзгерді. Көзі қарақты көрерменнің талғамы 
артып,  оқиғаға  сын  көзбен  қарай  бастады.  Кез 
келген  жаңалық  не  оқиға  көрермен  көзімен, 
парасат  ойы  арқылы  сүзгіден  өтіп,  сосын  барып 
санаға  қабылданатын  дәрежеге  жетті.  Сондықтан 
ақпарат  тарату  саясатын  өзгертуге  мамандардың 
өзі  құлықты  болды.  Оның  үстіне  ақпарат 
құралдары  шапшаң,  жылдам  дамып,  бәсекелестік 
майданға түсті. 
«Теледидар  –  тіршілік  айнасы  іспетті.  Онда 
тарих  пен  болмыс,  бүгін  мен  болашақ  астасып 
жатады.  Телеарна  тарту  еткен  әрбір  хабар  тікелей 
қоғамға  бағытталып,  адам  санасына  әсер  етеді. 
Телевидениенің 
басымдығы, 
міне, 
осында. 
Мұндағы  шығармашылық  иелерінің  өзі  боямасыз 
шындықтың  дәл  және дер  кезінде  жеткізілуіне,  әр 
сала бойынша жаңалықтарды өз деңгейінде жария 
қылуға,  бұқара  мен  билік  арасындағы  көпірдің 
мықтап қалануына септігін тигізеді» [2, 79б.]. 

 
 
40 
Рас, ақпаратсыз өмір сүру мүмкін емес. Күнделікті жаңалықты қарамай не оған мән 
бермей, өсіп-өнген ұрпақтың саяси мәдениеті төмен болатыны айтпаса да түсінікті. Тұлға 
ондай  жағдайда  қоғамнан  оқшауланып,  шеттетіліп,  ортадан  алыстайды.  Бұл  өз  кезегінде 
психологиялық  күйзеліске  алып  келеді.  Ақпарат  тарату,  оның  маңызын  сол  кезде  жіті 
түсінген  азаматтар  телеарна  бұқара  үшін  таптырмайтын  құрал  екенін  жоғары  жаққа 
жарғақ құлағы жастыққа тимей жеткізіп отырды.  
«1957  жылы  12  маусымда  Қазақ  ССР  Министрлер  Кеңесінің  Төрағасы  Дінмұхамед 
Қонаев  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетіне  арнайы  хат  жолдады.  Онда  СССР 
Министрлер  Кеңесінің  «СССР  Министрлер  Кеңесі  жанынан  Радио  хабарлары  мен 
телевидение  жөніндегі  Мемлекеттік  комитетін  құру  туралы»  Қаулысына  сәйкес  Қазақ 
ССР  Министрлер  Кеңесі  республикада  осындай  Радио  хабарлары  мен  телевидение 
жөніндегі Мемлекеттік комитетті Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан құру қажет деп 
санайтынын жеткізді. Және комитет төрағасы етіп Қанапия Мұстафин жолдасты бекітуге 
ұсыныс енгізді» - деп жазады [3, 83б.]. 
Бұл тарихи оқиға еді. Бүгінгі отандық теледидар және радио тарихының өмірге келуі 
осылай  басталды.  1958  жылы  8  наурызда  қазақстандықтар  Алматы  студиясынан  елдің 
басты жаңалығын тамашалай алды. Одан бері теледидар көрерменнің серігіне айналды.  
«Мемлекеттік  комитет  алдымен  Алматы  студиясының,  одан  қатарға  қосылған 
Қарағанды  мен  Өскемен  студияларының  жұмысына  басшылық  бағыт  көрсетті  әрі  ұдайы 
бақылады. Хабарларға баға берді. Бірсарынды, суреті сұрғылт, бұлыңғыр, дерек, қайталау 
кездесетін хабарларға ескерту жасап отырды. 
Бұл  тарихи  оқиғаның  Қазақстанның  рухани  және  мәдени  өміріндегі  орны  ерекше 
болды. Салаға жетекшілік еткен Қанапия Мұстафин КСРО-ның орталығы Мәскеуде өткен 
Қазақ  ССР-інің  өнері  мен  әдебиеті  күндерінде  Қазақтың  дәстүрлі  мәдениетін  паш  етті. 
Содан бері телестудия түрлі жанрдағы хабарлардың ұстаханасына айналды. Журналистер 
қарап қалмады, елдер арасындағы татулықты, бірлікті насихаттайтын туындылар ұсынды.  
Тың  игеруге  арналған  «Жаңа  қоныстанушылар»  атты  телеқойылым  сол  кездегі 
Қазақстандықтардың ерен еңбегі мен қайсар мінезін көрсетті.  
«1959  жылы  Алматы  телестудиясына  жылжымалы  телестанция  берілді.  Оның 
мүмкіндігі  арқылы  Абай  атындағы  опера  және  балет  театрында  жүріп  жатқан  спектакль 
көрсетілді. Ол Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы болды. Үйлерінде 
теледидары  бар  бақытты  отбасылар  алғаш  рет  театрға  бармай,  қойылымды  тамашалауға 
мүмкіндік алды. Жаңа заманның жетістігін сонда талайлар мойындап, оған таңдай қақты» 
[3, 83б.]. 
Тәуелсіздік - Қазақ теледидарына жаңа бағыт, жаңа лек, жаңа көзқарас әкелді. Осы 
жылдарда  отандық  теледидар  түрлі  сипаттағы  мазмұнды  хабарлар  тарата  бастады.  Сол 
уақыттың биігімен қарасақ, бұл үлкен жетістік болатын. Телеарнаның эфирлік сеткадағы 
тәуліктік  хабар  тарату  уақыты  -  5  сағат  көлемінде  болды.  Одан  бері  Қазақстан 
республикалық  телеради  корпорациясының  жеткен  жетістігі,  шыққан  биігі  бір  төбе. 
Жалпы,  сапалы  хабар  тарату  үшін,  мықты  шығармашылық  әлеуетпен  қатар,  жоғары 
техникалық  мүмкіндіктердің  қажет  екені  айдай  анық.  Міне,  осындай  жүйелі  құрылған 
жұмыстардың  нәтижесінде  қазір  Ұлттық  арна  атанған  «Қазақстан»  РТРК  ресми 
жаңалықтардан бастап, күнделікті өмірде әлеумет үшін аса маңызды хабарларды таратып 
көрермен  көзайымына  айналып  үлгерді.  Мемлекеттік  ақпараттық  саясаттың  нәтижесінде 
ел  аумағының  100  пайызына  жуығы  және  көршілес  Ресей  Федерациясы,  Қырғызстан, 
Өзбекстан,  Моңғолия  мен  Шыңжан-Ұйғыр  автономиялық  ауданы  аумағына  эфирлік 
жаңалықтар  тарап  отыр.  Әр  өңірде,  филиалдар,  корпункттер  бар.  Сондай  өкілдіктердің 
бірі – Тәуелсіздікпен төл құрдас «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы екені белгілі. 
«1989  жылы  Қызылорда  қаласында  теледидар  құру  туралы  әңгіме  басталып, 
алғашқы  шаралар  қолға  алынды.  Бұл  мәселе  жергілікті  газеттерде  көтеріліп,  оны 
жұртшылық қызу қуаттады. 1990 жылы күн тәртібіндегі мәселені облыс басшылары мен 

 
 
41 
республиканың  телевизия  және  радиохабары  Мемлекеттік  комитетіндегі  жанашыр 
азаматтар  қолдап,  үлкен  күш  қайрат  көрсетті.  Аталған  комитет  өз  қаражатынан  3,5 
миллион сомның техникалық құрылғыларын берсе, аймақ қоржынынан 1,8 миллион сом 
бөлінді. Осы жылдың қараша айында жаңадан құрылған телеарнаға алғашқы қызметкер – 
бас  маман  болып  инженер  Мұхамедия  Абылаев  қабылданды.  1991  жылы  30  сәуірде 
жергілікті  уақыт бойынша 21 сағат  15 минутта Қызылорда облыстық телеарнасы эфирге 
шықты.  30  минут  хабар  берілді.  Ал  ертеңіне,  яғни  1  мамыр  күні  қаланың  орталық 
алаңында  болған  еңбекшілер  шеруінен  жылжымалы  телевизиялық  станция  арқылы  бір 
жарым сағаттық тікелей репортаж көпшілік назарына ұсынылды [2, 194б.]. 
Кез  келген  бастаманың  жанашыры,  ұйытқысы  саналатын  тұлғалар  болады.  Сондай 
нар  тұлғалы  азаматтардың  қатарында  аймақтық  радионы  ұзақ  жылдар  басқарған,  КСРО 
радиосының  құрметті  қызметкері  Жақсылық  Бекқожаев  пен  Есенкелді  Шілдебаев,  Баян 
Исламбаева,  Айткүл  Шалғынбаева,  инженерлер  Бақытжан  Шөкенов,  Марат  Шалабаев, 
Жәнібек  Жұманов,  Юрий  Ефановтар  болды.  Телеарнаның  алғашқы  режиссері  қызметін 
Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш дикторы Айгүл Оразова еді. Бұл тұлғалар - Отандық 
телеиндустрияның жаңа кезеңін қалыптастырғанын айтпағанымыз тарихқа қиянат болар. 
Осылайша, бұл азаматтар облыстық теледидардың ашылуына, кейін аяқтан нық тұруына 
мұрындық болды.  
Телевизияның  алғашқы  жабдығы  -  «Кадр»  3  ПМ  маркалы  бейнемагнитофоны 
Ресейдің «Останкино» телеорталығынан әкелінсе, 1991 жылы АСБ, Ленинград қаласынан 
ПТС әкелінді [4, 16б]. 
Телеарнаның  алғашқы  тізгінін  қарымды  қаламгер,  «КСРО-ның  құрметті  радисі»  -
Жақсылық Бекқожаев қолға алды. Ерен еңбек, тынымсыз ізденістің арқасында облыстық 
телеарна аз ғана уақыттың ішінде елдің сүйікті арналарының қатарына қосылды.  
«Алғашқы еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған Жақсылық Асқарұлы саналы 
ғұмырын журналистикаға арнады.  Аймағымыздағы радионың өркендеуіне өлшеусіз үлес 
қосты.  Нәтижесінде  Қызылорда  облыстық  радиосы  республикадағы  алдыңғы  қатарлы 
радиолардың  біріне  айналды.  Үлкен  ұжымға  28  жыл  бойы  басшылық  жасай  жүріп, 
Жақсылық  Асқарұлы  шығармашылығын  дамытуға  да  уақыт  таба  білді.  Қаламгердің 
мақалалары  мен  радиоочерктері  Республиканың,  кезіндегі  кеңестік  Одақтың,  сонымен 
қатар шетел баспасөздері мен радиоларында жарияланды. Жақсылық Бекқожаев жасаған 
«Қыз  бен  дала»,  «Сыр  Сұлуы»  және  даңқты  жерлесіміз  Социалистік  Еңбек  Ері  Жадыра 
Таспамбетова жайлы сыр шертетін «Жадыра» деректі фильмдері көрермендердің жоғары 
бағасын алды» [2, 17б]. 
Кез  келген  ұжымның  жұмысын  ілгері  бастыратын  білікті  басшы  екені  айтпаса  да 
түсінікті.  Облыстық  теледидарды  кәсіби  білікті  басшылар  басқарып  отырды.  Бұл  жерде 
сабақтастық  үрдісі  сәтті  жалғасып  отырды  десек  болады.  Сол  басшылардың  бірі  - 
Әбдіжәлел  Бәкір  еді.  Ол  теледидар  басшылығына  келгеннен  соң,  арна  жаңа  кәсіби 
деңгейге  көтерілді.  Халық  сенімінен  шығатын,  шынайы  өмірді  суреттейтін  жаңа 
бағдарламалар  өмірге  келді.  Нарық  бүйірден қысып  тұрған  қиын-қыстау  кезеңнің  өзінде 
облыстық  телеарнаның  материалдық-техникалық  базасы  жаңарып,  ұжымның  келбеті 
келісті болды. 
1996-2005  жылдарда  Серік  Пірназар,  Орынбасар  Әлжік,  Амантай  Шәріп  сынды 
азаматтар  телеарнаға  жетекшілік  жасады.  Телеарнаның  қалыптасып,  дамуында  бұл 
азаматтардың өз қолтаңбалары бар. Бірі ұжымның шығармашылық әлеуетін, материалдық 
тұтастығын сақтап қалса енді бірі, кәсіби негізін қалыптастырды. 
Қазір  телеарна  тізгіні  белгілі  журналист,  кәсіби  ұйымдастырушы  Жағыппар 
Қарабаланың қолында. Аймақтық телеарна «Отау» сандық хабар тарату орталығы арқылы 
қазір  еліміздің  түкпір-түкпіріне  тарайды.  Бұл  мемлекеттік  «Ақпараттық  Қазақстан-2020» 
бағдарламасының  аясында  жасалып  жатқан  игі  бастама.  Енді  облыстық  телеарнаның 
қазіргі  аяқ  алысына  аз-кем  тоқталсақ.Телеарнаның  жұмысын  белгілі  бір  орталық  не 

 
 
42 
ведомство  да  бақылай  алады.  Қазір  мониторинг  жасап,  рейтингті  анықтайтын 
консалтингтік орталықтар да бар. Алайда одан бөлек көрермендердің шынайы көзқарасы, 
бағасының  да  маңызды.  Кадрлардың  тер  төгіп,  күні-түні  еңбек  етуінің  арқасында 
облыстық телеарна аймақтық арналардың арасында көш бастап тұр.  
Телеарна хабарлары әуелгіде аптасына 1 рет, кейіннен 2-3 рет бір сағат, онан соң үш 
жарым,  төрт  жарым  сағат  эфирге  шығып  тұрды.Кейін,  арнаның  сапалы  өнімдері 
Сырдария, Тереңөзек, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласына толықтай тарады.  
Маман  тапшылығы  қай  кезде  де,  қай  салада  да  өзекті.  Енді  қалыптаса  бастаған 
облыстық телеарнаның да базасын жасақтау оңай болмады. Басшылық радионың әлеуетін 
пайдаланып  ғана,  маман  тапшылығы  мәселесін  шешіп  отырды.  Ал  материалдық-
техникалық  базасын  жасақтауда  сол  уақытта  ең  озық  телеөнім  беретін  «Останкино» 
телеорталығымен  тығыз  байланыс  орнатылды.  Мәскеуден  әкелінген  «Кадр»  3  ПМ 
маркалы магнитофоны сол уақытта телеиндустрияның ең озық өнімі еді.  
«Алғашқы ақпараттық бағдарлама  «Ақмешіт» деп аталды. Жаңалықтар 20 минутты 
қамтыды.  Олар  қазақ  және  орыс  тілдерінде  болды.  Біршама  уақыттан  кейін  арнаға 
облыстық  радиодан  журналистер  келді.  Олардың  қатарында  Дана  Рысмұхамедова, 
Бексейіт Шайланов, Есенгелді Шілдебаев, Жалғасбек Аманов, Оразбек Мақсұтов, Гүлнара 
Құлмұратова, Баян Құлтанова, режиссерлер Гүлсара Мамбетова, Зина Есмаханова, Нағима 
Жұмабаева,  диктор  Гүләйім  Жанұзақова,  Несібелі  Рахмет,  Арсен  Дүйсенов,  Бақыт 
Қалдыбаева секілді білікті мамандар болды. Ал  бүгінгі таңдағы  «Жаңалықтарды» қазіргі 
дәрежеге көтеруде осы редакцияны жеті жыл басқарған, нақыт уақытта стилист редактор, 
журналист, жазушы Несібелі Рахмет пен орыс бөлімінің жетекшісі Бақыт Қалдыбаеваның, 
режиссер Нағима Жұмабаеваның еңбектері өлшеусіз» [2, 145-б]. 
Ал  телернаның  шығармашылық  әлеуеті-қарымды  журналистер  мен  қырағы 
операторларға  тікелей  байланысты  екенін  осы  салада  жүрген  кез  келген  маман  біледі. 
Айнұр  Тұңғышбаева,  Шолпан  Исабекова,  Қамбар  Бекенов,  Айгүл  Аханова,  Райхан 
Тәжiбаева, Ақерке Биятова, Арайлым Байжiгiтова, Аягөз Қожақова, Нұрлан Жақыпбеков, 
Ғалымжан Жұманазар сынды журналистер телеарнаның әрі қарай өсу жолында білігі мен 
білімін аяған жоқ.  
Қоғамның  түйткілдерін  көрерменге  өзгеше  жанрда  жеткізіп,  сүйікті  журналист 
атанған Бақыт Қалдыбаева сараптамалық материалдармен қатар,  «Жаңалықтар» бөліміне 
жетекшілік етіп келеді.  
Телеарна  қызметі  уақыт  көшімен  қатар,  қайта  түлеп  отыратын  салаға  жатады. 
Талғампаз көрерменді өзінен суытып алмас үшін, бәсекелестік орта қалыптастыру бүгінгі 
тележурналистиканың басты мұраты. 
Облыстық  арна  жаңа  маусымда  жұртшылық  назарына  түрлі  жанрдағы 
бағдарламаларды  тұрақты  түрде  ұсынып  отырады.  Соның  ішінде  Айткүл 
Шалғынбаеваның  «Сөз  анық»,  Қаршыға  Есімсейітованың  «Көненің  көзі  –  тарихтың  өзі» 
және  «Мирас»,  Алтынай  Молжанованың  «Біздің  ауыл»,  “Өзекжарды”  Райхан 
Тәжібаеваның  «Территория  02»,  Нұрлыбек  Қасымовтың  “Жүректен  қозғайық” 
бағдарламаларының орны бөлек.  
Эстрадалық ән орындаушылар арасында  «Сыр елінің жаңа жұлдыздары»  облыстық 
байқауы,  балалардың  «Ботақан»  телефестивалі  дәстүрлі  түрде  өтіп  тұрады.  Жыраулық 
дәстүрді  әрі  қарай  жандандырып,  Сырдың  жыршы-термешілерінің  ізбасар  ұрпақтарын 
насихаттап,халыққа  жеткізу  мақсатында  «Жыр-керуен»  байқауы  өтіп  тұрады.  Ең  іргелі 
жобалардың  бірі  -  Түркі  дүниесінің  бай  мұрасын  жинақтап,  «Қорқыт  және  Ұлы  Дала 
сазы»  атты  халықаралық  өнер  фестивалінің  телевизиялық  нұсқасы  екеніне  талас  жоқ. 
Көшенейдің шығармашылығынан «Күміс көмей Көшеней» атты тележоба әзірленіп, өнер 
сүйер қауымға жол тартып отыр.  
«Ақиқат  алаңы»,  «Ақсарай»,  «Сөз  анық»,  «Үш  таған»,  «Айқаракөз»,  «Ой-дода» 
бағдарламасы  көрермен  күтіп  отырып,  көретін  бағдарламалардың  біріне  айналды.  Әр 

 
 
43 
түрлі  жанрдағы  мұндай  бағдарламаларда  халықтың  көкейіндегіні  айтуға  журналистер 
қашанда құлықты. 
Қазір,  Қазақстан  РТРК  Қызылорда  облыстық  филиалы  Отандық  телеиндустрияның 
ауқымды бір бөлігіне айналды. Жаңалықтардың өндірісіне айналған Сыр телеарнасының 
шығармашылық  ұжымы  көрермендермен  аптасына  30-ға  жуық  хабар  арқылы  жүздеседі. 
Осылайша,  апталық  бағдарламаны  толығымен  қамтып  отыр.  Тақырыптық  хабарлар: 
ақпараттық-сараптамалық  («Түйін»,  «Кызылорда  за  неделю»,  «Сөз  анық»,  «Үш  таған»), 
экономикалық,  сараптамалық  («Салық  және  халық»),  әлеуметтік-қоғамдық  («Көзқарас»), 
танымдық-ақпараттық,  деректі-танымдық  («История  в  портретах»,  «Улицы  нашего 
города»),  өнер  тақырыбында  («Руханият»,  «Сыр  өңірінің  тұлғалары»,  «Ақсарай»), 
жастарға  арналған  («Кім  болам?»,  «Марламқаш»)  бағдарламаларды  көрермендер  асыға 
күтеді. 
«Үш таған» мен «Өзекжарды» бағдарламалары арқылы көрермендер қоғам тынысын 
сезіп,күрмеулі мәселелердің қалай шешіліп жатқанынан хабардар болады.  
Эфирден  тұрақты  шығып  жүрген  «Сыр  өңірінің  тұлғалары»  бағдарламасы  –  үздік 
жобалардың  бірі.  Қызылорда  облысының  өнері  мен  жалпы  руханиятын  дамытуға  үлес 
қосқан  тарландар  жөніндегі  бұл  10  сериялы  циклді  бағдарламаның  телеарнаның  алтын 
қорынан орын алатыны ақиқат. Бұдан өзге «Таңбалы тас», «Қорқыт», «Мұстафа Шоқай» 
сияқты  тарихи-деректі  фильмдерін  Сыр  өңірінің  этномәдениетіне  қосылған  өлшеусіз 
дүние деп бағалауға болады.  
Сыр  өңірі  телеарнасының  бүгінгі  бет  алысы  жаман  емес.  Сандық  телевизиялық 
таралымға  көшкен  арнаның  бағындырған  шығармашылық  белестері  зор.  «Қазақстан-
Қызылорда»  телеарнасы–телеөндірістің  жаңа  сапалық  форматын  ұсынып  отырған  киелі 
шаңырақ.  Ұжымдық  мүдде,  қаржылық-экономикалық  өсу  -  телеарнаның  басты 
трендтеріне айналған. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 13.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет