Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



жүктеу 13.92 Kb.
Pdf просмотр
бет2/31
Дата02.03.2017
өлшемі13.92 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1.
 
Заблоцка  Ю.  История  Ближнего  Востока  в  древности  (от  первых  поселений  до 
персидского  завоевания).  Пер.  с  польского.  Ответ.  редактор  Д.С.  Гальперина.  –  М.: 
Наука, 1989.  
2.
 
Першиц  А.И.,  Монгайт  А.Л.,  Алексеев  В.П.  История  первобытного  общества.  –  М.: 
Высшая школа, 1968.  
3.
 
Алексеев  В.П.,  Першиц  А.И.  История  первобытного  общества.  -  М.:  Высшая  школа, 
1990.  
4.
 
Watson  A.  The  Evolution  of  International  Society.  A  Comparative  Historical  Analysis.  - 
London – New York, 2001.  
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада  потестарлық  дәуірдегі  –  кейінгі  палеолит  уақытынан  Ежелгі  Шығыста  алғашқы 
мемлекеттердің  пайда  болуына  дейін  горизонтальдік  қауымаралық  қатынастардың  жаралуы  мен 
эволюциясы  ашып  көрсетілген.  Қоғамдық  ұйымдасудың  әртүрлі  нысандарының  (ру-тайпа-
тайпалық  одақ)  нығаюына  қарай  қауымаралық  қатынастардың  тәжерибесі  мен  атрибуттары 

 
 
12 
көбейіп  және  күрделеніп  жатты  да  кейін  келер  уақыттың  халықаралық  қатынастары  мен 
дипломатиялық қызметтінің кейбір алғышарттары ұрықтық түрде жасалынғаны көрсетіледі. 
 
RESUME 
 
In the article the author considers the process of the formation and evolution of the horizon inter-
community relations at the potestarian epoch - since the times of the late Paleolit till the appearance of the 
first states in the Far East. It was shown that in the course of strengthening different forms of the social 
organization (clan-tribe-union tribes) there grew and became comple the practice and attributes of inter-
community  relations  and  there  were  created  some  prenrises  of  international  relations  and  diplomatic 
service of the future in the initial form.  

 
 
13 
ӘОЖ 7.03(574) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғ.Т. Акпарова 
Қазақ ұлттық өнер университеті
ө.ғ.к., доцент 
 
Замандастарымыздың 
тарихи санасын 
қалыптастыруға 
қазақ мәдениетінің 
әсері  
Аннотация 
«Замандастарымыздың  тарихи  санасына 
қазақ 
мәдениетінің 
әсері» 
мақаласында 
мәдениеттің,  сонымен  қатар  оның  ауқымды 
саласы  өнердің  рухани-этикалық  тұрғыдағы 
ұлттық өрлеуге деген әсері қарастырылды. 
Ұлттық  мұрамызды  сақтап  қалудағы 
жетістіктерімізге  де  шолу  жасалды,  атап 
айтқанда,  тарих  пен  мәдениет  ескерткіштерін 
жөндеу 
жұмыстары, 
ғылыми-қолданбалы, 
археологиялық  зерттеулерді  жүргізу,  заманауи 
ескерткіштерді 
түгендеу, 
ғылыми-зерттеу 
экспедициялары,  дәстүрлі  мерекелер  мен 
фестивальдерді, 
сонымен 
қатар 
мәдени 
жұмыстардың басқа түрлері де зерделенді. 
Сонымен  қатар,  мәдениет  пен  өнер 
саласының  маңызы  да  ерекше  сипатталып, 
мәдениет  жеке  тұлғаның  ұлттық  өзін-өзі 
сәйкестендіру 
және 
қоғамның 
рухани 
жаңаруының құралы ретінде көрсетілді. 
Түйін  сөздер:  Қазақстан,  мәдениет,  өнер, 
тарихи сана. 
 
 
Президент  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан-
2050» 
стратегиялық 
– 
бағдарламасында 
Қазақстанды  2050  жылға  қарай  әлемнің  ең 
дамыған  отыз  елінің  қатарына  қосу  және 
болашақта  тәуелсіз  елімізді  «Мәңгілік  Ел»  ету 
мұраты  алға  қойылды.  Оған  жетудегі  7 
басымдықтың  бірі  –  біздің  көпұлтты  және  көп 
конфессиялы  қоғамымызда  жаңа  қазақстандық 
патриотизмді қалыптастыру [1].  
1995  жылы  құрылған  Қазақстан  Халқы 
ассамблеясы  (ҚХА)  ұлттық  бірлікті  сақтаудың 
басты  құралдардың  біріне  айналды.  Республи-
кадағы  ұлтаралық  және  конфессия  аралық 
келісімді,  қоғамдағы  тұрақтылықты  сақтауға 
жәрдемдесуде,  олардың  рухани  –  мәдени 
тұрғыда қайта дамуына ықпал етуде. 
2013  жылдың  24  сәуірінде  Қазақстан 
Республикасының Президенті, Қазақстан халқы 
ассамблеясының 
Төрағасы 
Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  қатысуымен  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы:  бір халық  –  бір  ел  –  бір  тағдыр» 
тақырыбында 
Қазақстан 
халқы 
ассамблеясының  мерей-тойлық  ХХ  сессиясы 
өтті. Сессияда сөйлеген сөзінде Елбасы: 
 

 
 
14 
«Қазақ  халқы  Қазақстандағы  барлық  этностық,  әлеуметтік  топтар  үшін  ұлттық 
мемлекеттік  қауымдастықтың  қуатты  тарихи  діңі  ретінде  көрініс  табады.  Біздің  ата-
бабаларымыз  әлемге  мәдениет  пен  руханилықтың  қуаттандырушы  үлгілерін  көрсетті  – 
біздер  олардың  істерін  жалғастыруымыз  керек!  Қазіргі  заманғы  қазақтар,  ата-баба 
дәстүрлерін  ұстана  отырып,  бірліктің,  толеранттылық  пен  патриотизмнің,  мемлекет  пен 
қоғамға  қалтықсыз  қызмет  етудің  үлгісін  көрсетуі  тиіс.  Бізге  ұлттар  үшін  ортақ  тарихи 
сана-сезім қажет. 
Ұлттық  рухты  қажетті  биіктікке  көтеру  үшін  біздің  шынайы  тарихымыздың, 
мәдениетіміздің, дініміздің қандай екенін айқын сезінуіміз қажет. 
Қазақстан  ешқашан  оқшауланған  емес.  Сондықтан  да  тарихта,  оқу  пәніндегідей, 
қазақтар  мен  өзге  халықтардың  мәдени  және  экономикалық  қарым-қатынастар  үдерісі, 
түрлі  этностардың  ел  тарихына  үлесі  лайықты  танылуы  тиіс.  Нәтижесінде 
қазақстандықтардың  тарихи  сана-сезімі  топтасуға,  өзінің  өткеніне,  қазіргісіне  және 
болашағына  патриоттық  қарым-қатынас  қалыптастыруға  жұмыс  істеуі  тиіс»,  –  деп 
Қазақстан  тарихшыларына  тапсырма  берді  [2].  Осы  тапсырманы  орындау  мақсатында  5 
маусымда  Мемлекеттік  хатшы  Марат  Тажинің  төрағалығымен  өткен  ҚР-дың  Ұлттық 
тарихын  зерделеу  жөніндегі  ведомство  аралық  жұмыс  тобының  кеңейтілген  кеңесінде 
Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.  
Марат  Тажин  «Тарихты  сақтап  қалу  –  ұлтты  сақтап  қалудың  жалғыз  жолы» 
тақырыбында жасаған баяндамасында:   «Жаһандану кезінде ұлттық бірлікті нығайту өте 
қажет,  өйткені  ұлттық  ерекшеліктер  жойылып  барады.  Ұлттың  мәдени  белгілері:  тілін, 
рухани құндылықтары, салт-дәстүрлері мен мәдениетін сақтап қалу қажет»,– деп ерекше 
атап көрсетті [3]. 
Ұлттың  тарихи  санасын  қалыптастыруда  қазақ  мәдениетінің  алар  орны  ерекше. 
Патшалықтың,  төңкеріс  дүмпуі  мен  тоталитаризмнің  барлық  ауыртпалығы  мен 
қиыншылықтарына  қарамастан,  біздің  еліміздің  аумағында  тұратын  қазақтар  және  басқа 
да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды. 
Тәуелсіздік  жылдарында,  жаһандану  мен  басқа  қиындықтарға  қарамастан,  біздің 
мәдени іргетасымыз беки түсті. 
Елбасының  бастауымен  «Халық  бірлігі  мен  ұлттық  тарих  жылы»,  «Мәдениетті 
қолдау жылы» деп белгіленіп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері қайта қаралып, құлдырап 
бара  жатқан  мәдениетімізді  сақтап  қалу  үшін  көптеген  жұмыстар  атқарылды.  Осы 
атқарылған жұмыстарды кешенді түрде жалғастыру мақсатында Президенттің 2004 жылы 
13  қаңтардағы  жарлығымен  2004-2006  жылдарға  арналған  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды. 
«Қай  халықтың  болмасын  өзге  жұртқа  ұқсамайтын  бөлек  болмыс-бітімін  даралап, 
өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, 
рухани  болмысы,  жаны,  ақыл-ойы,  парасаты.  Өркениетті  ұлт,  ең  алдымен,  тарихымен, 
мәдениетімен,  ұлтын  ұлықтаған  ұлы  тұлғаларымен,  әлемдік  мәдениеттің  алтын  қорына 
қосқан  үлкенді-кішілі  үлесімен  мақтанады»,  –  деп  атап  өткендей,  төрткіл  дүниеге  ата-
бабаларымыздан  қалған  жәдігерлер  арқылы  таныла  бастадық.  Бұған  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасының қосқан үлесі ерекше. 
Еліміздің  рухани  әлемін  дамытуда  сүбелі  үлес  болып  табылатын,  ұлттық  мәні  зор 
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  ЮНЕСКО  тарапынан  да  –  дүниеде  сирек 
кездесетін жоба, басқа елдерге де өнеге болатын құжат деп белгіленді. 
Бағдарламаны іске асыру барысында тарих пен мәдениеттің 35 ескерткішінде қайта 
жаңғырту жұмыстары аяқталып, Қазақстан аумағындағы 30 қалашықта, қоныста, тұрақта, 
обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық жұмыстар жүргізілді. 
Қытайға,  Түркияға,  Монғолияға,  Ресейге,  Жапонияға,  Египетке,  Өзбекстанға, 
Арменияға,  АҚШ  пен  Батыс  Европа  елдеріне  ғылыми-іздестіру  экспедициялары 
ұйымдастырылып, Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде еліміздің ғылыми 

 
 
15 
топтарында  бұрын  белгісіз  болып  келген  5  мыңға  жуық  қолжазбалар  мен  баспалық 
басылымдар  табылып,  сатып  алынды.  Тек  Қытайға  жасалған  экспедицияның  барысында 
ғана  Қазақстанның  тарихы  мен  мәдениеті  бойынша  бұрын  зерттелмеген  3500-ге  жуық 
дереккөз  табылды.  Оған  қоса  ұлттық  және  әлемдік  ой-сана  басылымдарының  сериялары 
бойынша барлығы 218 аталым кітап әзірленіп, жарыққа шықты.  
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  тарихи-мәдени  мұрамызды  қалпына 
келтірудің  тәрбиелік  мәні  зор.  Мемлекетіміздің  аса  маңызды  рухани  негіздерінің  бірі  – 
халықтың тарихи санасын қалыптастыруға зор үлесін қосты.  
Тәуелсіздік  жылдарында  Астана  қаласы  –  Қазақстан  халқының  мәдени  орталығына 
айналды.  Айналасы  15  жылдың  ішінде  Астана  еларалық  және  ұлттық  маңызға  ие  талай 
істің  мұрындығы  бола  білді.  ЕЫҚҰ  саммиті,  Азияда,  Ислам  конференциясы  ұйымының 
саммиті,  жыл  сайынғы  Бүкіләлемдік  экономикалық  форум  т.б.  халықаралық  деңгейдегі 
концерттер  мен  байқаулар  халықтың  тарихи  санасына  өзіндік  әсерін  тигізуде.  Биылғы 
жылы  халықаралық  стандарттарға  сай  салынған  опера  және  балет  театрының  ашылуы  -
қазақ  мәдениетінің  үлкен  жетістігі.  Астана  қаласының  15  жылдығына  жоспарланған  30 
мерекелік шаралардың 20-сы ұлттық нақыштағы дүниелер болды.  
Қазақстанның  бастамасы  бойынша  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  62-сессиясы  2010 
жылды «Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы» деп жариялағаны белгілі. Ал 
былтырғы жылды Бас Ассамблея 2013-2022 жылдарды мәдениеттер жақындастығының он 
жылдығы деп жария етті. Жуырда Астанада онжылдықтың тұсаукесері болды. 
Қазақ  мәдениетін  насихаттауда  Қазақ  Ұлттық  өнер  университеті  ұжымының  алар 
орны ерекше. Мәдениет пен өнерге байланысты Астана қаласында өткізілетін барлық іс-
шаралар  университет  ұжымының  қатынасуымен  өткізіледі.  Университетте  қазақ 
халқының  дәстүрлі  өнерін  кешенді  түрде  зерттеу,  насихаттау  мақсатында  Қорқыт 
атындағы  ғылыми-зерттеу  институты  құрылды.  Халқымыздың  руханиятын  жан-жақты 
зерделеу  фольклортану,  әдебиеттану,  мәдениеттану,  өнертану  салалары  бойынша 
жүргізілуде.  Тұтас  ұлттық  мәдениетті  зерттеуді  көздегендіктен,  қазақ  өнеріне  қатысты 
мәліметтерді іздестіру және оны зерттеу республика бойынша ғана емес, сондай-ақ алыс-
жақын  шет  елдерді  де  қамтиды.  Фольклорлық  зертхана  мұрағатта  4000-ға  жуық 
музыкалық  шығарма  жинақтады.  Медиатекаға  тапсырылған  музыкалық  шығармалар  оқу 
бағдарламаларында қолданылуда.  
Қазіргі  кезде  кітапханаларда  жоқ,  кезінде  аз  таралыммен  шыққан  ән-күйлердің 
жинақтары  қайтадан  баспаға  дайындалып,  олардың  электронды  нұсқалары  жасақталды. 
Оның нәтижесінде Моңғолияда жарық көрген «Баян Өлгий қазақтарының сыбызғы және 
домбыраға  арналған  күйлері»,  «Баян-Өлгий  қазақтарының  халық  әндері»  атты  күй 
жинақтарының  мәтіні  мен  ноталары,  Қытайда  жарияланған  «Бейсембі  күйші»,  «Күй 
толқыны»  атты  күй  жинақтарының  мәтіні  мен  ноталарының  электрондық  нұсқасы 
жасалып,  сандық  ноталары  транснотацияланды.  «Күйші  Жанғали»  күй  жинағы  20  баспа 
табақ  болып  баспадан  шықты.  Бұл  хрестоматияда  Қазақстанның  Еңбек  сіңірген 
қайраткері,  күйші  Жанғали  Жүзбаевтың  репертуарындағы  100  күй  нотаға  түсірілген, 
күйшінің өз орындауындағы 100 күй 2 музыкалық СД альбомында жинақталған, сонымен 
бірге «Іле өңірінің күйлері» атты жинақ баспаға дайындалды.  
Халқымыздың  белгілі  дәстүрлі  орындаушылары  Қабікей  Ахмерұлы,  Ғабдылхақ 
Барлықов,  Әбікен  Хасенов,  жыршы-ақындар  Жұмабай  Есекеев,  Шәкір  Әбенов 
орындауындағы  шығармалардан  СД  альбом  дайындалды,  нотаға  түсірілген  күйлерден 
хрестоматия құрастырылып, деректердің электрондық нұсқасы жасалды. 
«Қазақтың  1000  күйі»  антологиялық  жинағына  Шығыс  Қазақстан  және  Жетісу 
күйшілік мектептері өкілдерінің күйлері енгізді.  
Фольклорлы-этнографиялық 
экспедициялық 
жұмыстар 
еліміздің 
солтүстік 
(Көкшетау, Ақмола), оңтүстік (Жамбыл, Шымкент), шығыс өңірлері бойынша жүргізілді.  

 
 
16 
 «Қазақтың  ұлттық  өнері:  дәстүр  жалғастығы»  атты  жоба  бойынша  жұмыс  істеуде. 
2012 жылдың қазан-қараша айларында  «Түркі халықтарының өнері: дәстүр жалғастығы» 
тақырыбы  бойынша  «Көне  түркілердің  іргелі  және  кескіндемелі  қолданба  өнерін  түркі 
мәдени  кешенінің  қалыптасу  аясында  зерделеу»  атты  жобалар  аясында  Моңғолияның 
Баян-Өлгей,  Қобда  аймақтарына  кешенді  музыкалы-этнографиялық  экспедиция 
ұйымдастырылып,  300-ден  аса  музыкалық  фольклор  үлгілері  ауди-видеоформаттарға 
түсіріліп, жазылды. 
ҚазҰӨУ-де  Ұлттық  дәстүрлер  театры  құрылды,  2012  жылы  «Алпамыс  батыр» 
қойылымы сахналанып, көрермендер назарына ұсынылды.  
Астана  қаласында  өткізілетін  халықаралық  ЭКСПО-2017-ге  дайындық  қазақ 
мәдениетінің  дамуына  қуатты  серпін  береді.  Көрмеге  әлемнің  ондаған  елдерінен,  оның 
ішінде  қазақстандық  этностар  шыққан  елдерден  делегациялар  қатысады  және  олар 
өздерінің үлкен мәдени бағдарламасын әкеледі. 
Елбасы  ХХІ  ғасыр  Қазақстанның  «алтын  ғасыры»  боларына  сенемін,  бұл 
бейбітшіліктің,  тұрақтылық  пен  гүлденудің  ғасыры  болады,  Қазақстан  халқы  ұлы 
тарихтың  иесі  атануға  лайық  деп,  қуатты  Қазақстанның  ұлттық  идея  доктринасының 
мақсат-мүддесін  айқындап  берді.  Бұл  мақсатқа  жетуде  замандастарымыз  қазақтың 
мәдениеті мен тілін толық меңгерсе 2025 жылдары «Қазақ елі», «Мәңгілік ел» атануымыз 
айқын. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты. // Ақиқат. - 2012. - № 2.  
2.
 
Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  бір  халық  –  бір  ел  –  бір  тағдыр.  // 
Егемен Қазақстан. - 2013. - 25 сәуір. 
3.
 
Тажин  М.  Тарихты  сақтап  қалу-  ұлтты  сақтап  қалудың  жалғыз  жолы.  //  Егемен 
Қазақстан. - 2013. - 6 маусым. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  «Влияние  казахской  культуры  на  историческое  самосознание  современников» 
освещен  актуальный  вопрос  влияния  культуры  и  ее  обширной  области  –  искусства  на 
национальный подъем, понимаемый в духовно-этическом аспекте.  
Отражены  достижения  в  сохранении  национального  наследия:  реставрационные  работы 
памятников истории и культуры, проведение научно-прикладных, археологических исследований, 
проведение  инвентаризации  отечественных  памятников,  научно-исследовательских  экспедиций, 
поддержка традиционных праздников и фестивалей и других форм культурной деятельности. 
При  этом,  в  статье  актуализировано  значение  сфер  культуры  и  искусства,  где  культура 
показана  наиболее  эффективным  инструментом  национальной  самоидентификации  личности  и 
этического обновления общества. 
 
RESUME 
 
In the article «The influence of the Kazakh culture on contemporary historical consciousness» the 
high-priority question of the impact of culture and its vast area - art on the national revival, understood in 
the spiritual and ethical respects is considered. 
There are considered achievements in the preservation of the national heritage: restoration work of 
monuments  of  history  and  culture,  carrying  out  research  and  applicative,  archaeological  researches, 
conducting an inventory of national monuments, research expeditions, support of traditional holidays and 
festivals, and other forms of cultural activity. 
At the same time, the article actualized the value of culture and art, where the culture is shown as 
the most effective instrument of national self-identification and ethical renewal of society. 

 
 
17 
ӘОЖ 344.131.3 (574) (045) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Х.А. Аубакирова 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
т.ғ.к., доцент 
Кенесары Қасымұлы 
бастаған ұлт-азаттық 
қозғалысты басудағы 
сібір казактарының 
рөлі 
(1837-1847 жж.)
 
 
Аннотация 
Мақалада  патшалық  Ресейдің  отарлау 
саясаты  мен  казактардың  Кенесары  Қасымұлы 
бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыстың  барысында 
атқарған қызметі зерттеледі. Автор қозғалысты 
басуда  қазақ  даласына  жіберілген  қарулы 
күштің  әскери  қимылдарына  тоқталып,  казак-
тардың  даладағы  ұлт-азаттық  көтерілістерді 
басудағы  патша  үкіметінің  басты  тетігіне 
айналғандығын 
мұрағат 
материалдары 
негізінде талдап көрсетеді. 
Түйін  сөздер:  Кенесары  Қасымұлы,  сібір 
казактары,  патша  өкіметі,  көтерілісшілер, 
отаршылдық  саясат,  ұлт-азаттық  қозғалыс, 
казак отрядтары, бекініс, генерал-губернатор.  
 
 
Бүгінгі  таңда  отандық  тарихта  қазақ 
халқының  патша  өкіметінің  отаршылдық 
саясатына  қарсы  ұлт-азаттық  күрес  тарихына 
қатысты  көптеген  зерттеулер  жарық  көрді. 
Соған  қарамастан,  Саржан  және  Кенесары 
Қасымұлдары  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыс-
тың  маңызы  ерекше,  себебі  оның  тұлғасы 
тәуелсіздік 
идеясының 
нышаны 
болып 
табылады. 
Көтерілістің  себептері  Ресей  империясы-
ның  Қазақстандағы  ХІХ  ғасырдың  20-40 
жылдарындағы отаршылдық саясатымен байла-
нысты  болды.  Ал  осы  қозғалысты  басудағы 
негізгі күш казак әскері еді. Қазақ хандығының 
орыс мемлекетімен сыртқы саясатындағы және 
ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  қазақ-орыс  қарым-
қатынастарында  ерекше  рөл  сібір  казактарына 
тиесілі  болды.  Егер  де  тарихқа  көз  жүгіртер 
болсақ,  сібір  казактарының  тамыры  1582 
жылға,  яғни  Ермактың  Сібірге  басып  кіруінен 
басталды.  
Үш  жүз  жыл  бойы  сібір  казачествосы 
қазақ  жерінің  солтүстік,  орталық,  шығыс  және 
оңтүстік-шығыс  аудандарын  «игерді».  Патша 
өкіметі  сібір  казак  әскерін  қалыптастыра 
отырып, 
бірінші 
кезекте 
казачествоның 
полицейлік  рөлін  басшылыққа  алды.  Осыған 
қатысты  нақты  түсінікті  Ф.М.  Стариковтің 
сөзімен  келтірейік:  «Бір  мезгілде  Европамен 
соғыс  және  Сібірдің  шекарасында  көтеріліс 
болған  жағдайда  Ресей  өзінің  азиялық 
иеліктеріндегі  көтерілісті  басу  үшін  жеткілікті 
әскер шығара алмайды. Және де темір жолдың 
жоқтығынан  бұл  әскерді  дала  арқылы  жеткізу 
қиын, сонымен қатар көтеріліс болған жағдайда 

 
 
18 
Азия  өзінің  қозғалмалы  көліктерін  бермейді.  Жылдың  барлық  мезгілінде  Сібір  казак 
әскерлері өздерінің әскери және көлік құралдарымен дала арқылы жүріп өте алады» [1].  
Александр І Жарлығымен Сібір Шептік казак әскерінің ресми құрылған күні  - 1808 
жыл  19  тамыз  болып  есептеледі.  Бұл  жалпы  атаумен  Ертіс,  Есіл,  Колыван-Кузнецк 
шептері  бір  сословиеге  бірікті.  Осы кезеңде Сібір  Шептік  казак  әскерінде  барлығы  5950 
казак болды, ал кейбір деректерде бұл  көрсеткіш  6200 адамды құрайды [2]. 1808 жылғы 
Ереже Шептік казак әскерінің қалыптасуындағы негізгі заңдық акті болып табылды. 1822 
жылы  Орта  жүзге  «Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғыны»  енгізуден  бастап  Қазақстанға 
қатысты  Ресейдің  сыртқы  саясатында  сібір  казактарының  рөлі  мен  орны  тез  өседі. 
Жарғыны  енгізуде  көзделген  негізгі  міндет  жарғының  соңғы  бөлігінде  төмендегіше 
тұжырымдалған: 
«Сібір Шептері, күзет мағынасында алғанда әрдайымғы уақытқа арналған мекемелер 
емес,  бірақ  өзіміз  иеленген  қырғыз  жерлеріне  орнатылған  тәртіптің  таралуына  орай  бұл 
күзет  ілгері  жылжи  береді  де  ең  ақырында,  нақты  мемлекеттік  шекараға  жеткен  соң 
тұрақты  орын  тебетін  болады»  [3].  Жарғы  қазақтардың  саяси  дербестік  құқықтарын 
шектеуді  мақсат  етті  және  де  қазақ  даласын  империя  құрамына  қосып  алудың  алғашқы 
қадамы  болды.  Орта  жүз  жері  округтерге  бөлінді.  Ал  округтер  болыстарға,  болыстар 
ауылдарға  бөлінді.  Кейбір  округтер  шекаралық  болып,  кейбіреуі  шекараға  жақын 
орналасты. Шекараға жақын орналасқан округтер кәдімгі Сібір шептеріне ұқсады. 
Басқаша  айтқанда,  Орта  жүз  Батыс  Сібірге  қосылып,  Омбы  облысының  құрамына 
кірді.  Қазақ  жеріне  орыс  басқару  жүйесі  енгізілгеннен  кейін  қарулы  қарсылық  түріндегі 
халықтық  толқулар  бой  көтеріп,  далада  әскери  жазалаушы  күштерді  құру  қажеттілігі 
туындады.  Сібір  казачествосының  ресми  тарихшысы  Г.Е.Катанаев  атап  өткендей, 
«қырғыздар  орыс  басқармасына  қарсылықпен,  күреспен  бағынды»  және  де  дәл  сол  сібір 
казачествосы  «бүлікшілерді  басудағы  қиын  рөлді»  орындады,  атап  айтқанда,  Сартай 
Шыңғысов, Ғұбайдолла Уәлиханов, Саржан мен Кенесары Қасымовтар [4].  
Мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи деректердің көрсеткеніндей, 1837-1847 жж. 
Кенесары  Қасымов  көтерілісі  өзінің  ауқымы  жағынан  ХІХ  ғасырдағы  Қазақстандағы 
отаршылдыққа  қарсы  ең  ірі көтеріліс  болды. Көптеген  тарихшылар Кенесарының  әйгілі, 
сирек  кездесетін  күшті  тұлға  болғандығын  атап  өтеді.  Мұның  өзі  кейініректе 
Н.Л.Коншиннің  «Это  был  выдающийся  во  всех  отношениях  человек,  далеко  стояший 
выше таких вождей, как Худайменды Газин, Сиванкул Ханходжин и другие. Все они не 
были  способны  выйти  из  узкой  среды  родовых  отношений,  и  только  в  лице  Кенесары 
Касымова мы встречаем в истинном смысле народного героя, мечтавшего о политическом 
единстве всех киргиз без различия племени и даже орд» деп сипаттауына себеп болды [5].  
1837  жылдың  жазында  көтеріліс  барлық  округтерді  қамтыды.  Ал  сол  жылдың 
күзінде  сібір  өкіметі  болыстардың  Кенесары  Қасымовқа  қосылмауын  ұстап  тұру  үшін 
далаға  есаул  Чириков  бастаған  60  казакты  жіберуге  мәжбүр  болды.  Ақтау  бекінісінен 
қосымша  Симонов  бастаған  отряд  жіберілді.  Бұл  отрядтар  Кенесарыға  қарсы  бірлесе 
қимыл  жасай  отырып  «соңғы  мүмкіндігіне  дейін  оны  ойсырата  жеңуі»  тиісті  болды  [6]. 
Алайда  Қара-Ағаш  жерінде  орналасқан  көтерілісшілер  жазалаушы  отрядтан  жасырынып 
үлгіргендіктен,  Симонов  пен  Чириковтер  кейін  қайтуға  мәжбүр  болады.  Осы  аралықта 
Кенесары  өзінің  айналасына  3000  жуық  адамды  жинап  алып,  белсенді  қимылға  көшеді. 
1837  жылы  қарашаның  аяғында  оның  тобы  Петропавлдан  шыққан  керуенді  тонау 
ниетімен  керуен  жолына  шабуыл  жасайды.  Оны  естіген  патша  әкімшілігі  27  қарашада 
Ақтау бекінісінен Петропавлдан Ташкентке баратын көпес керуенін қорғау үшін офицер 
Рытовтың басшылығымен 55 казактан тұратын әскери отрядты жіберді. Бұл отряд Ақтау 
бекінісінен  керуенді  300  шақырым  қашықтыққа  шығарып  салып,  қайтар  жолда 
Кенесарының жігіттері тарапынан шабуылға ұшырайды. 
4  желтоқсанда  көтерілісшілер  Рытовтың  23  казакпен  артқа  тастап  кеткен  керуеніне 
шабуыл  жасайды.  Келесі  күні  30  казак  және  4  урядникпен  шабуылға  Рытовтың  өзі 

 
 
19 
ұшырайды. 3 күнге созылған көтерілісшілермен шайқастың нәтижесінде басына балтамен 
тиген  соққыдан  Рытов  мерт  болды,  ал  басқа  казактарды  өлімнен  шайқас  орнына 
Симоновтың  келуі  құтқарып  қалды  [7].  Тірі  қалған  казактар  «қарақшылар  тобына 
тойтарыс  беру  барысында  көрсеткен  батылдығы  мен  ерлігі»  үшін  әскери  ордендермен 
марапатталды [8].  
1838 жылы Орта жүз қазақтарының Кенесары Қасымовтың қарамағына жаппай кетуі 
байқалады.  Мәселен,  Ақмола  округтік  приказының  Омбы  облысының  басшысына 
жіберген хабарламасында барлық болыстар сұлтандар Кенесары мен Қошке Қасымовтарға 
қашып  жатқандығын  мәлімдеді.  Е.Б.Бекмахановтың  пікірі  бойынша  Ақмола  приказы 
аумағындағы мұндай жаппай қозғалыстың пайда болуы кездейсоқ емес еді. Осы уақытта 
Ақмола приказы патша отарлауының тірек пунктіне айналған-ды және де ондағы қазақтар 
патша  өкіметінің  отарлық  езгісінің  ауыртпалығын  және  олардың  тыңшылары  –  аға 
сұлтандардың  озбырлығын  өз  бастарынан  өткерген  болатын,  патша  өкіметі  қазақтардың 
жайылымдарға,  көлдер  мен  өзендерге  бай  жақсы  жерлерін  тартып  алып,  өздерін 
бекіністерде жұмыс істеуге және ауыр алым-салық төлеуге мәжбүр етті [3, 224-б].  
1838  жылы  наурыздың  11-нен  12-не  қараған  түні  Көк-Сеңгір  деген  жерде  Симонов 
отряды  Кенесары  Қасымов  тарапынан  шабуылға  ұшырады.  Кенесарының  адамдары 
казактардан  Алшын-Жағалбайлыларға  тиеселі  жылқыларды  тартып  алды.  Шайқас 
барысында екі казак мерт болды. Таң ата Симоновтың отрядына сұлтанның 12 жігіті тағы 
да шабуыл жасауға әрекеттенді. Бірақ та артиллериядан оқ атқылаудың нәтижесінде кейін 
шегіндірілді  [9].  Сібір  казактарының  әскери  күші  мен  әскери  дайындық  деңгейі 
қарсыласынан  әлдеқайда  басым  болды.  Олар  отты  қару,  снарядтармен  толық 
жабдықталды.  Даланың  жазық  болуы,  яғни  табиғи  тосқауыл  –  орман,  төбе,  таулардың 
болмауы  жазалаушыларға  барлық  бағытта  отты  қаруды  қолдануға  және  де 
көтерілісшілердің  ізіне  түсіп  қуғындауға  мүмкіндік  берді.  Көтерілісшілердің  басым 
көпшілігі,  қару-жарақпен  және  басқа  да  кәсіби  әскердің  жабдығын  айтпағанда,  әскери 
өнерге үйретілмегендер еді.  
1838  жылы  25  наурызда  Ақмола  бекінісіне  оралған  Симонов  Қареке-Алтай 
болысының  ауылдары  Кенесары  Қасымовқа  көшіп кеткендігі  туралы  жағымсыз  хабарды 
алды. 150 казактан тұратын отрядпен Симонов тағы да көшкендерді іздестіруге ұмтылды. 
27  наурызда  ол  Қызыл  –Ту  мекеніне  жетіп,  Кенесарымен  кездеседі,  онымен  шайқасуға 
батылы  жетпей,  кері  қайттады.  Симоновтың  отрядпен  далада  15  ақпаннан  1  сәуірде 
аралығында  болған  кезеңде  көтерілісшілердің  330  адамы  өлтіріліп,  казактар  153  жылқы, 
80 түйе, 400 қойды олжалады [9, 2-п]. 
Жалпы  алғанда,  көтерілістің  алғашқы  жылдарында  сібір  әкімшілігінің  Кенесарыға 
қолданған  іс-шаралары  сәтсіз  болды.  Оған  дәлел  әскери  министр  Л.Г.Черновқа  Батыс 
Сібір генерал-губернаторы П.Горчаковтың жазған мәлімдемесі болып табылады. Ол ащы 
мысқылмен  және  ашумен  Кенесары  Қасымовқа  қарсы  ең  шешімді  шара  тек  қана  «оны 
талқандау немесе Ақмола округынан уақытша аластату», бірақ та «жойып жіберу  немесе 
бағындыруға ешбір мүмкіндік жоқтығын» атап өтеді [9, 13-п].  
1839  жылдан  бастап  сібір  әкімшілігі  көтерілісшілерге  қарсы  қатаң  шаралар 
қолдануға  көшеді.  Мәселен,  сібір  қырғыздарының  шекаралық  бастығы  полковник 
М.В.Ладыженскийдің округтен көшіп кеткен болыстарды кешіріп және оларды бағынуға 
бейбіт  жолмен  көндіруге  қатысты  ұсынысына  Сібірдің  Бас  басқармасынан  «...для 
окончательного восстановления спокойствия необходимо показать над виновными пример 
строгости, слишком долго отложенный, а потому следите за мятежниками и не теряйте из 
виду  места  их  зимовки,  дабы  с  ранней  весной  устранить  и  других  колеблющихся  в 
верноподданническом повиновении» [10] деген үзілді-кесілді жауап келді. 
1839  жылдың  наурыз  айының  басында  патша  үкіметі  көтерілісті  басу  үшін  Әулие 
Петр бекінісінде ірі отрядты ұйымдастыруды бастайды. Отрядта 2 атты артиллериясы бар 
655  казак  болды.  Бас  штабтың  полковнигі  Горскийге  казактарға  басшылық  жасау 

 
 
20 
жүктелді.  Отрядтың  мақсаты:  «әйгілі  бүлікші  Кенесары  Қасымовтың  қарақшы  тобын 
талқандау»  болып  табылады  [10,  77-п].  Сұлтанға  қарсы  шаралардың  басты 
ұйымдастырушысы  Батыс  Сібір  генерал-губернаторы  П.Горчаков  1839  жылғы  әскери 
қимылдардың  қорытындысының  сәтсіз  болмағандығын  атап  өтті.  Әскери  министр 
Чернышевке  жазған  мәлімдемесінде  ол:  «Кенесарыға  қарсы  қимылдарды  қайтадан 
жалғастыра  отырып,  біздің  пайдамызға  едәуір  қадам  жасадық,  көптеген  олжаны  қолға 
түсіріп,  ол  құндылықтар  үкіметтің  қазіргі  шығынын  жауып  қана  қоймай,  1840  жылы  да 
жаңа  төтенше  шаралар  ұйымдастыруға  жеткілікті»  екендігін  айтты  [11].  Расында  да, 
қазақтардан  тартып  алынған  малдарды  сатудың  нәтижесінде  экспедицияға  жұмсалған 
мемлекеттік  қазына  шығынының  орны  толып  қана  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  бірқатар 
кіріс те алып келді.  
Полковник  Горский  Кенесары  Қасымовқа  қарсы  күрестің  нақты  жоспарын 
Горчаковқа  ұсынады.  Ол  жоспар  бойынша,  біріншіден,  барлық  болыстарды  ресей 
үкіметіне  бағындыру  жолымен  сұлтанды  «қарақшыларды  құру  мүмкіндігінен»  айыру 
қажеттігін  айтады.  Екіншіден,  болыстарды  жан-жақтан  қоршап  алу  үшін  көктем 
шығысымен  бір  мезгілде  бірнеше  бекіністерден  отрядтар  жіберу  қажет.  Үшіншіден, 
Ұлытауда  бекініс  салып,  онда  «кез  келген  бағынбаушылықты  жазалау  үшін  үнемі 
дайындықта» болуға тиісті казактарды орналастыру [11, 1-п]. Сібір басшылығы тарапынан 
полковник  Горскийдің  барлық  ұсыныстары  мен  кеңестері  есепке  алынып,  1840  жылы 
жүзеге  асырылды.  Ресей  үкіметіне  қарсы  көтерілген  қазақ  руларынан  «әскери 
контрибуцияны»  өндіріп  алу  туралы  1840  жылы  5  ақпанда  қабылданған  ереже  казак 
офицерлерінің көтерілісшілерді одан әрі қарай қудалауы үшін ресми рұқсаты болды [12]. 
Демек,  қазақ  халқының  Кенесары  Қасымов  көтерілісі  жылдарындағы  ресей 
самодержавиясының  саясатына  қарсы  күресі  сібір  казактарына  қарсы  күреспен  қабысып 
жатты. Сібір казачествосының көтерілісшілерге ымырасыз қатынасы Батыс Сібір генерал-
губернаторы  П.Горчаковтың  басшылығындағы  сібір  әкімшілігінің  ресми  саясаты  болып 
анықтады.  Нақты  тарихи  фактілердің  көрсеткеніндей,  П.Горчаков  сұлтанға  өшпенділік 
пиғылда болды және де қарудың күшімен көтерілісті басатын қатал жазадан басқа жолды 
көрген жоқ. 1837-1841 жж. қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын басу үшін Сібір казак 
әскері  офицерлері  Симонов,  Горский,  Панков,  Спиридонов,  Волков,  Лебедев,  Ребров, 
Бутаков,  Мачульскийдің  басшылығындағы  ірі  және  жақсы  қаруланған  отрядтар  қимыл 
жасайды. Бірде бір жазалаушы отряд халықтық толқуларды баса алмады, бірақ та олар бай 
олжамен кері оралып отырды. 
1842  жылдың  аяғында  П.Горчаков  Әскери  министрлікке  хат  жолдады.  Онда 
Орынбор  шебіне  жақын  орналасқан  жерлер,  Арғыната  мен  Ұлытау  таулары  қашанда 
«жыртқыштардың ұясы болды» және «сұлтан Кенесары мен оның сыбайластарының ұясы 
және  Кіші  Орда  тайпаларымен  көршілікте  болды,  оларға  ерте  көктемде  өздерінің 
шабуылдарын  Ақмола,  Аман  Қарағай  тіпті  Көкшетау  округтеріне  дейін  кеңейтуге 
мүмкіндік  берді»  деп  айтылды  [13].  Жалпыға  мәлім,  Ұлытау  аймағы  қазақ  халқының 
тарихымен  байланысты  көптеген  оқиғалардың  эпицентрі  болды.  Бұл  таудың  бөктері 
Шыңғысхан әскері шабуылының, жоңғар басқыншылығының ғана емес, сондай-ақ жалпы 
мемлекеттік  мәселені  талқылайтын  барлық  қазақ  рулары  ақсақалдары  жиынының  үнсіз 
куәгері болып табылды. 
Жаз айында Ұлытауда болу барлық қазақ хандарының дәстүрінде еді. Шынында да, 
ХІХ ғ. 20-40 жж. қазақтардың көтерілісі кезеңінде Ұлытау таулары Кенесарының қорғаны 
болды.  Сол  жаққа  патша  өкіметі  жақсы  қаруланған  отрядтарды  үнемі  жіберіп  отырды, 
бірақ  та  олар  құралақан  қайтатын.  Сондықтан  да  Батыс  Сібір  генерал-губернаторы 
көтерілісшілерге қарсы күрестің жаңа әдісін қолдануды шешті.  
Ең  алдымен  П.Горчаков  «ол  ұядан  зиянкестерді  қудалаудың»  қажеттігіне  көңіл 
аударды.  Жыл  сайын  Ұлытауға  жіберілетін  отрядтардың  жайылымдық  шөбі  жоқ  болуы 
себептен  тиімді  нәтижесі  байқалмады,  сондықтан  да  П.Горчаков  орталық  үкіметтен 

 
 
21 
«қырғыз  даласында  тұрғылықты  тұруға  Сібір  казак  әскерінің  2-ші  полкін  ауыстыруды» 
сұрады [14].  
Жоғары  билікті  ұсынылып  отырған  шаралардың  дұрыстығы  мен  қажеттілігіне 
біржолата  көндіру  үшін,  ол  1843  жылы  1  ақпанда  Әскери  министрге  Арғыната  мен 
Ұлытау тауларында бекіністер тұрғызу және онда казактарды тұрғылықты орналастыруға 
министрдің көмектесуін сұраған хат жазады. 
Батыс  Сібір  генерал-губернаторы  Әскери  министрлікке  атқарылатын  шаралардың 
нақты жоспарын ұсынды: 
1.  2-ші  полк  құрамындағы  1072  казак  отбасы  мен  3327  еркек  жыныстыларды 
орналастыру қажет: 
 
 
Отбасылар 
Еркек жыныстылар саны 
Көкшетау аймағында 
182 
567 
Атбасар аймағында 
187 
566 
Ақмола аймағында 
182 
564 
Арғыната тауларында 
177 
564 
Ұлытау тауларында 
344 
1066 
 
2.  Қоныс  аударушыларға  П.Горчаковтың  қарауындағы  реквизициялық  сомадан 
жәрдем ақы бөлу және 2 жылға жеңілдіктер беру [13, 5-п]. 
Бұл  істі  қарап  шыққан  Әскери  Кеңес  генерал-губернатордың  ұсынысын  «әбден 
орынды»,-деп  мойындап,  1843  жылдың  наурызында  жобаны  бекітті.  Далаға  Сібір  казак 
әскерінің  6  жүздік  құрамдағы  2-ші  полкін  жіберу  және  «өзінің  тәжірибесіне  қатысты 
қабілетті»  және  сенімді  адам  ретінде  әскердің  командирі  болып  старшина  Алгазинді 
тағайындау жөнінде шешім қабылданды. Казактарды былайша орналастырды: Ұлытауға – 
200  адам,  Ақмола  мен  Көкшетау  аймағына,  Атбасарға,  Арғыната  тауларына  –  100 
адамнан. Әскери штаб Атбасарда орналасты [13,10-17-пп]. 
Көктемнің  шығуымен  1843  жылы  ресей  үкіметі  тарапынан  көтерілісшілердің 
белсенді  қимылын  басу  үшін  табанды  шабуыл  басталды.  Кенесарыны  ұстау  үшін 
П.Горчаков  белсенді  науқанды  бастады  және  оны  Орынбор  генерал-губернаторы 
В.Обручев  қолдады.  Әскери  Кеңес  екі  генерал-губернатордың  келісімі  туралы  мәліметті 
алғаннан  кейін  Ұлытаудан  шығатын  сібір  казак  отрядына  көмек  көрсету  үшін 
В.Обручевке  казактарды  дайындауды  тапсырған  «Аса  маңызды  жарлық»  қабылдады. 
В.Обручев тез  арада 1843 жылы 5 маусымда Орск бекінісінен шығатын қарулы отрядты 
жасақтады. 300 адамы бар отрядқа басшылық жасау әскери старшин Лебедевке жүктелді. 
Ол Алакөл көліне қарай жылжып, сол жерде сібір казактарымен бірігуі тиісті болды [15]. 
Лебедев  отрядынан  бөлек  П.Горчаков  далаға  4  атты-артиллериялық  қаруы  бар  2  мыңға 
жуық  адамнан  тұратын  жазалаушы  экспедицияны  жіберуге  жарлық  берді.  Отрядты 
басқаруды Орал казак әскерінің полковнигі Бизяновқа тапсырды.  
Патша  әкімшілігі  көтерілістің  басшысы  Кенесары  Қасымовты  қолға  түсіруге 
барынша  әрекеттенді.  Сондықтан  да  далаға  үсті-үстіне  Рыбин,  Жемчужников,  Нюхалов, 
Казачинин,  Карбышев,  Абакумов,  Дуниковский  бастаған  Сібір,  Орынбор  казак 
отрядтарын жіберіп отырды. 
Мұрағат материалдарын талдай отырып байқағанымыз, ХІХ ғ. 20-40 жж. Саржан мен 
Кенесары  Қасымовтар  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалысты  басу  барысында  шешуші  рөлді 
Сібір  шептік  казачествосы  атқарды.  Сондай-ақ  Қазақстанның  солтүстік  аймағын 
бағындыру  мен  игеру,  отаршылдық  саясатқа  қарсы  халықтың  наразылығын  басу, 
қазақтарды  тарихи-этникалық  аумағынан  ығыстыру  мен  миссионерлік  саясат  та  сібір 
казачествосының  тікелей  қатысуымен  жүргізілгенін  ешкім  де  теріске  шығара  алмайды. 
Демек,  сібір  казачествосының  әскери-тонаушылық  әрекеттері  мен  Ресей  империясының 
даладағы басты тірегі ретіндегі рөлін зерттеу әлі де жалғаса береді деген сенімдеміз.  
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет