ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 240 б.
2
Мағауин М. Шақан шері. - Алматы: Атамұра, 2005. - 288 б.
3
Мағауин М. Тазының өлімі. - Алматы: Атамұра, 2004. - 256 б.
РЕЗЮМЕ
В данной статье описаны влияние глобализации на изменения в личности литературного
героя и роль литературы периода независимости в раскрытии художественного образа.
RESUME
In the article the authors described globalization influence on changes in personality of a literary
hero as well as the role of literature of the independence period in revealing the artistic image.
288
ӘОЖ 82-1/-9
М. Қойшыбайұлы
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
магистрант
Ақын Жұматай
Жақыпбаев
жырларындағы
«дәстүр» немесе
«ат» ұғымы
Аннотация
Бұл мақалада Жұматай Жақыпбаевтың
жырларындағы көркемдік, эстетикалық ләззәт,
ұлттық болмыстың көрінісі қарастырылған.
Сондай-ақ, мақала авторы өз тарапынан ақынның
атбегілік,
сал-серілік
пендауи-поэтикалық
қырлары жайында нақты мысалдар келтіре білген.
Мақалаға ақын жырларындағы «дәстүр» және «ат»
ұғымы түп негіз болып, біршама ашылып
жазылып отыр.
Түйін сөздер: «Дәстүр» мәселесі, «Ат»,
«Көкпар» ұғымы, ирониялық мағына, даралық
стиль, мазмұндық форма.
Кеңестік дәуірдің 80-90 жылдарындағы
әдеби процестегі жыр құдыретінің бірегейі,
телегейі саналатын Жұматай Жақыпбаев – өз
буынына жататын бір шоғыр ақындардың ішінен
суырылып шығып, өзін көрсете білген ақын. Ол
саналы шығармашылық ғұмырында өзі өмір
сүрген қоғамды және тәбиғатты жыр өрнегімен
суреттеді, түгесе түгелдей жырлады. Ал, бүгін
ақынның бастан кешкен өмірі, тұлғалық болмысы,
қуатты
ақындығы
туралы
естеліктер
легі
толастамай айтылып, жазылып та жатыр. Жазыла
да
береді.
Өйткені
Жұматай
жырындағы
мөлдірлік, асқақтық ұлттық өміршеңдікке ие.
Кезінде Тұманбай Молдағалиев: “Жұматай!
Сен қазақтың болашақ ұлы ақындарының бірісің!”
– десе, өзара сырлас, көп жағдайда тағдырлас та
болған Асқар Сүлейменов: “Оның өлеңдері табиғи
бітімі, концепциялық айшықты ойы жағынан да
ұлттық поэзиямыздың айтулы олжасы, оқшау
құбылысы. Әр шығармасы шыңыраудан су
шығарғандай көрінеді”, – деп өз таңданысын
жасыра алмағаны шығармашылық ортаға мәлім.
Міне, жоғарыда үзіндісін келтірген Асқар
Сүлейменовтың осы ойын ары қарай өрбітетін
болсақ, расымен де оның жырларының түп
тамыры ұлттық болмыстан басталады. Қазақтың
әдет-ғұрпы, дәстүрін ақын поэзиясында өз
орнымен қолданады. Ақынның «Көкпар» [1]
өлеңіндегі:
Адуын қайсар мінез, темір білек,
Шыдамай кей жігіттер шайқас тілеп.
Додаға тайсақтамай тез кірсін деп,
Ысқыртып атты бұтқа алды білеп.
289
Қағысып астындағы жылқы малы,
Көкпарға тебініп жұрт ұмтылады.
Тақымға орай басып тартқан кезде
Көк еті көк серкенің жыртылады,
- деп өрілетін өлең жолдарын оқып отырғанда, ауылдағы қарапайым тіршілік, аттарын
жаратып, білектерін сыбанып топқа кірген жігіттердің түр-сипаты, қамыс құлақтарын
айқастырып, жұлқынып тұрған сәйгүліктер, қиқу салған көпшіліктің этноболмысынан
тұратын қазақтың көкпар ойыны көз алдыңызға суреттей бір елестеп өтері анық.
Осы өлеңнің финалдық шоғыры:
Дода боп әдет жанды қысты ма екен,
Қасиет қанға сіңген ыстық екен.
…Көкпарда қазақ өзін сынайтұғын,
Әйтпесе, тышқақ лақ ныспы ма екен?! - деп түйінделеді, оқырманға қазақы қанға
сіңген ойынының бар болмысын айқара ашып көрсетеді. Шынымен де, бір тышқақ лақты
жиналып тартып, артынан бөліп әкеткен де тұрған не бар деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ,
оның астарында атадан ұрпақтар бойына сіңген әдет-ғұрып, салт-дәстүр жатыр. Сондай ақ
ат жарату, ауыл-ауылға бөлініп додаға түсетін намыс, жігіттердің білек күштерінің
сыналуы, шеберлік, ептілік, сәйгүліктердің жүйіріктігі сынға түсіп, көркем образбен
суреттеліп тұрған жоқ па?! Бұл жерде ақын осы құндылықтарды тұщына қанып ішкені
аңғарылады. Жеке басының құр сырттай қызықтаушы болмай, ат жаратып, білек сыбанып
көкпар да тартқаны білінеді. Оған Жұматай ақынның осы тақырыпта жазылған өлеңдерін
әдеби дәлел ретінде келтіре аламыз. Осындай әдеби факті:
Суық тер төккізетін,
Тау жаман қияметтен.
Аттар бар өткізетін,
Қорым тас қия беттен.
Жол барда ор табылар,
Тұяққа жүгіретін.
Аттың да қорқағы бар,
Сақсынып сүрінетін-деп басталатын «Ат туралы» жырында баяндалады. Ат сипатын
сөз арқылы бейнелеген ақын туындыларынан жеке ғұмырындағы атбегілік қасиеті айқын
сезіледі. Ұлттық әдебиетіміздің тарихында біз сөз еткен тақырыптың Ақан сері сияқты
сал-серілер шығармашылығынан да, тіпті, Абай туындыларынан орын алғаны белгілі. Осы
орайда: «Бұл – тек ақындық шеберлікпен ғана емес, сонымен бірге табиғат сырына қанық
хабардарлықпен де келетін білік», - [2, 232] дейді Абай шығармашылығын зерттеген
ғалым Ж.Ысмағұлов ұлы ақынның ат сыны туралы өлеңі жөнінде.
Сонымен қатар ақын өміріндегі пендеуи қуанышының бірі болған Кенежирен
тұлпары туралы жазылған жырлары оның өлеңдерін елеулі бір тобын құрайды. Өзінің
ғұмырындағы тақымына басқан сүйікті тұлпарына арналған «Кенежирен», «Кенежиренді
Шора сатып жібергенде», «Кенежирен. Түн.» өлеңдерінен басқа да көптеген
туындыларында өзінің қанаты болған сенімді серігін тебірене еске алып отырады. Ақын
түсінігінше жүйрік ат міну нағыз жігіттің ажырамас қасиеті болуы тиіс. Оны ол серілік
салты деп ұғады. Бұл әрине халық арасында бұрыннан келе жатқан ұғым.
Жыр елі, күй еліне
Ат болған алғаш арман.
Мұсаның сүйегіне
Жаяулық таңба салған.
Барына ат алдырған
Атама мұрагерін.
Ақанды Ақан қылған
Тағдыры Құлагердің.
290
Тайында жыр қып түге,
Мәпелеп жастан баққан.
Атының жүйріктігі
Жігітті аспандатқан [3, 235],- дейді ол «Ат туралы» деген келесі бір өлеңінде.
Жұматай сүйікті атын кейде «Алаяқ ат» деп еске алып отырады. Ақынның аяулы атынан
айырылған кездегі күйінішін бейнелейтін «Кенежиренді Шора сатып жібергенде» деп
аталатын өлеңнен ақын басына түскен трагедиялық хал-ахуалдың бір кезеңі көрінеді. Бұл
өлеңдегі қымбатынан айырылған лирикалық қаһарман қайғысын белгілі ақын
Ж.Нәжімеденов «Құлагерін жоқтап, зарлаған Ақан-сері сияқты емес пе?!,» - деп тарихта із
қалдырар трагедия ретінде жоғары бағалайды [4].
Тұлпарынан айырылған сері мінезді жанның ішкі әлеміндегі рухани күйзелісті ақын
«Мұсаның күніндей» деген өлеңінде айнытпай бере білген. Бұл өлеңнің ұзын бойында ат
жөнінде тікелей айтылған сөз жоқ. Бірақ мәтіннен танылатын ой сілемі арқылы оқырман
мұнда қанатты серігінен айырылып, еңсесі түскен жанның көңіліндегі ауыр күйзелісті
аңғара алады. Өлеңнің атына түп негіз болып тұрған Байжанның Мұсасының астындағы
атынан айырылып, кейін Жаяу Мұса атанған әйгілі композитордың өзімен егіз қоңыр
тағдыры екенін де аңғарамыз. Ақын сүйікті тұлпарынан айырылған лирикалық қаһарман
бейнесін бүкіл өнер адамының тағдырына ортақ типтік жағдай ретінде көрсетіп, осынау
көңіл күй қалыбын символдық дәрежеге көтереді.
Санаса, кегі келелі,
Сансырай бермей мұндар боп,
Мұңаймай ақын келеді,
Мұсаға туар күн бар деп [5, 120].
Ақынның өлеңдерінде Кенежирен есімі сезімге әсері мол ең бір нәзік тұстарда
ауызға алынуы- шығармашылық иесінің қиялында аяулы тұлпарының оның эстетикалық
идеалының біріне баланғандығын байқатады. «Эстетикалық идеал-тілек немесе болуы
тиіс нәрсе жөніндегі көркем түсінік, дәлірек айтқанда, солай болуы тиіс сұлулықты
бейнелеу». Ақын лирикасында Кенежирен бейнесі нақты мән иеленумен бірге, өнер
адамының тағдырын танытатын және оның тазалықпен, дарындылықпен туыстас екенін
аңғартатын да тұспал мәндік жосығында қамтиды. Мәселен, ақын күзгі ауыл бейнесін
суреттей келе
Айырмен жұпар шөп түйреп,
Алаяқ атқа салғанда [5, 33], -
деуі болмаса:
Желекті жермен жирен жұлдызша заулайтын
Жирен қасқаның абыройы да бір бөлек [5, 63],
Немесе:
Жалғыз атты жадау күй жарлы кешкен!
Аңсағаным атамнан арғы кештен –
Жарқ еткенде жиреннің маңдай шамы,
Нокдаунға кеткендей тандым естен [5, 72].
Болмаса:
Жалы артық, қандағайлы қолтығы,
Жирен аттан басқа досым жоқ күні [5, 108].
Немесе:
Жәукен тойға жаратқан
Жаны мөлдір ақындар
Жырға қосқан
Ай маңдай
Жұматайдың жиренін [6, 60], -
деген әр түрлі өлең жолдарында жарқ еткен Кенежирен бейнесін көріп қаламыз.
291
Бұлардан басқа да жалпы тұлпарлар жөнінде немесе бәйге, көкпар турасында
жазылған жырларынан да Жұматайдың атбегілік қасиетін тануға әбден болады. Мұндай
өлеңдердің қатарында “Көк жорға”, “Саздауыт”, “Арман”, “Көкпар”, “Сарноқайға
сәлемдеме” жыр шоғырындағы кейбір өлеңдерді, «Той. Саржайлау» сияқты туындыларды
атауға болады. «Бір жігіт айтыпты» деген өлеңінде тұлпар бейнесі өнердің символы
ретінде айшықтала бейнеленеді. Бұл өлеңін ақын:
Мені көрмей ұйықтап тұрсаң оян ел,
Өзің болсаң жолыңды бер,ноян ер.
Жұрттың аты жетпегенде қоя бер,
Жұрттың сөзі өтпегенде қоя бер! [5, 55], -
деп түйіндейді.
Автор бойындағы серілік сипат белгі оның көп қырлы өнер иесі екендігінен ғана
емес, лирикалық қаһарманның мінез ерекшелігінен де танылады. Сал-серілерге тән ең
басты мінез ерекшелігі олардың күнделікті күйкі тіршілікке, ұсақ-түйекке мойын
бұрмайтындығы. «Сал қашанда мырза жомарт, мәрт мінезі болуы шар» [7, 210], - дейді
сал-серілер шығармашылығын зерттеген фольклорист Ш. Керімов.
Ж. Жақыпбаевтың өмірде де сал-серіге тән мінезбен ғұмыр кешкендігін жоғарыда
айтылған естеліктерден көреміз. Ж. Жақыпбаевтың өмірлік тұлғасының осы қырын ашып
көрсете алған Ә. Ақпанбетұлы: «Қашан көрсең – төрт жағы, дүниесі түгел, мыңды айдаған
бай мырзадай, Сырдың суы сирағынан келмей, аяғын асықпай басып, миығынан күліп
келе жатар еді», - дейді [8] ақын туралы өз жазбаларында.
Өлеңнің басты шарты – шынайлылық. Яғни, оқырманды реалды болмыс арқыл
иландыру. Өлеңдегі образ иірімінде адамзаттың тұрмыс-тіршілігі буырқанып қайнап
жатуы керек. Біз осы ұлттық қағидаларды сараптай келе Жұматай ақынның жыры «Ат»
образына арқа сүйеп, мәдени құндылықтарыздың ішіндегі ең бойы озығы жігіттің мәрт
бейнесін танытатын сал-серілік этноқұндылығымызбен тығыз қабысып тұрғанын
аңғардық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Жақыпбаев Ж. Ләйлә. Жыр кітабы. – Алматы: Атамұра, 2002. -
30-29 б.
2
Жұмаділов Қ. Жазушының тағдыры // Қазақ әдебиеті. – 1999. - 29 қазан.
3
Жақыпбаев Ж. Көктемгі хаттар. Жыр кітабы. – Алматы: Жалын, 1992. – 287 б.
4
Ысмағұлов Ж. Абай: Ақындық тағлымы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 280 б.
5
Жақыпбаев Ж. Көктемгі хаттар. Жыр кітабы. – Алматы: Жалын, 1992. – 287 б.
6
Жақыпбаев Ж. Шұғұнық гүл төркіні: Өлеңдер. - Алматы: Жалын, 1984. - 80 б.
7
Қазақ елі, 1995, қазанның 5-і, № 15.
8
Керімов Ш. Сал-серілер салтанаты // Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. – Алматы:
Қазақстан, 1991. - 256 б.
РЕЗЮМЕ
В этой статье отображены красота, эстетическое удовольствие, получаемые от поэзии
Жуматая Жакыпбаева, проявление национального колорита. Также автор статьи сумел показать
достоверные примеры мастерства и остроумия поэта. Основой статьи стали понятия «традиция» и
«имя» в работах поэта, которые раскрыты в полной мере.
RESUME
This article displays the beauty, aesthetic pleasure and national color of Zhumatay Zhakypbaev’s
poetry. Also, the author was able to show significant examples of skill and wit of the poet. The basis of
the article were the concepts of "tradition" and "horse" in the works of the poet and they were disclosed in
full.
292
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ
Абаганова А.О.
старший преподаватель кафедры русской филологии ЕНУ
им. Л.Н. Гумилева, магистр
Абильдина А.Б.
магистрант кафедры социальной педагогики и самопознания ЕНУ
им. Л.Н. Гумилева
Абдыханова Б.А.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының PhD
докторанты
Абуев Қ.Қ.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Отан
тарихы және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының
профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Алимбаев А.Е.
старший преподаватель кафедры казахской и русской филологии
Евразийского гуманитарного института, магистр педагогических наук
Алимбекова Л.Т.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
педагогикалық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, тарих
магистрі
Альбекова А.Ш.
доцент кафедры казахского и русского языков КазАТУ
им. С.Сейфуллина, кандидат филологических наук
Амантаева А.Б.
доцент кафедры общественных дисциплин, основ права и экономики
Костанайского
государственного
педагогического
института,
кандидат философских наук
Антаев Ж.Т.
старший преподаватель кафедры общественных дисциплин, основ
права и экономики Костанайского государственного педагогического
института, магистр экономических наук
Ауанасова А.М.
главный научный сотрудник Института истории государства КН
МОН РК, доктор исторических наук, профессор
Аубакирова Қ.Қ.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті шетел
тілдері және аударма кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі
Ауезова А.Т.
доцент кафедры русской филологии ЕНУ им. Л.Н. Гумилева,
кандидат педагогических наук
Ақназаров С.Б.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
педагогикалық ғылымдар кафедрасының доценті
Әбдуәлиұлы Б.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының докторы
Әбілдинa C.Қ.
Е.A. Бөкетoв aтындaғы Қарағанды мемлекеттік универcитеті
бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының
прoфеccoры, педагогика ғылымдарының докторы
Базарбекова Д.М.
доцент кафедры казахского и русского языков КазАТУ
им. С.Сейфуллина, кандидат филологических наук
Байсеитова Ж.Б.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты педагогика
кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты
Бейcенбекoвa Г.Б.
Е.A. Бөкетoв aтындaғы Қарағанды мемлекеттік универcитеті
мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық
кафедрасының дoценті, педагогика ғылымдарының кандидаты
Ғабдуллин Р.С.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті физика
және математика кафедрасының PhD докторанты
Данияров Т.Ә.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
педагогикалық ғылымдар кафедрасының доценті, педагогика
ғылымдарының кандидаты
Джампеисова Ж.М.
доцент кафедры истории Казахстана ЕНУ им. Л.Н.Гумилева,
кандидат исторических наук
293
Доскеева Ш.А.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті филология
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Дүйсенбаев А.Қ.
Қазақ-Орыс халықаралық университеті психология, филология және
аударма кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының
кандидаты
Ерғалиева С.Ж.
Кемеров мемлекеттік университетінің аспиранты
Ерғалиев Қ.С.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология
ғылымдарының кандидаты
Жапанова М.Е.
доцент кафедры русской филологии ЕНУ им. Л.Н. Гумилева,
кандидат филологических наук
Жумабеков М.К.
доцент кафедры журналистики КарГУ им. Е.А.Букетова, кандидат
филологических наук
Жумагулов С.Б.
профессор кафедры казахской литературы ЕНУ им. Л.Н.Гумилева,
доктор филологических наук
Жумсакбаев А.Т.
преподаватель кафедры русской филологии ЕНУ им. Л.Н.Гумилева,
магистр педагогических наук
Жолшаева М.С.
Сулейман Демирель атындағы университеттің қазақ филологиясы
кафедрасының
қауымдастырылған
профессоры,
филология
ғылымдарының докторы
Жумабаева З.Е.
Павлодар мемлекеттік педагогика институты мектепке дейінгі және
бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, педагогика
ғылымдарының кандидаты
Исмагулова Г.К.
доцент
кафедры
иностранных
языков
Костанайского
государственного
педагогического
института,
кандидат
филологических наук
Исмаилова А.С.
декан экономического факультета Казахского агротехнического
университета им. С. Сейфуллина, кандидат экономических наук,
доцент
Кабакова М.П.
и.о. профессора кафедры общей и прикладной психологии КазНУ
им. аль-Фараби, кандидат психологических наук
Кажекенова Н.К.
доцент кафедры русской филологии ЕНУ им. Л.Н. Гумилева,
кандидат педагогических наук
Канафина М.А.
доцент кафедры русской филологии ЕНУ им. Л.Н. Гумилева,
кандидат филологических наук
Кeнджaeвa Б.Б.
Қ.A.Ясaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрік унивeрситeті жaлпы
aкaдeмиялық aғылшын тілі кaфeдрaсының қaуымдaстырылғaн
профeссор м.a., педагогика ғылымдарының кандидаты
Кенжемуратова C.К.
заведующий кафедрой казахского и русского языков КазАТУ
им.С.Сейфуллина, кандидат филологических наук, доцент
Кененбаева М.А.
Павлодар мемлекеттік педагогика институты мектепке дейінгі және
бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, педагогика
ғылымдарының кандидаты
Киккаринов Е.Б.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Отан
тарихы және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының
оқытушысы, тарих магистрі
Кулуспаева С.Б.
старший преподаватель кафедры русской филологии ЕНУ
им. Л.Н.Гумилева
Кульбаева Б.Т.
доцент
кафедры
иностранных
языков
Павлодарского
государственного
педагогического
института,
кандидат
филологических наук
Кульгильдинова Т.А.
профессор кафедры методики иноязычного образования Казахского
университета международных отношений и мировых языков
им. Абылай хана, доктор педагогических наук
Културсынова Ф.Б.
старший преподаватель кафедры русской филологии ЕНУ
им. Л.Н.Гумилева, магистр
294
Қадыров Ж.Т.
М.
Қозыбаев
атындағы
Солтүстік
Қазақстан
мемлекеттік
университеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология
ғылымдарының кандидаты, профессор
Керімбекова Б.
Сулейман Демирель атындағы университеттің қазақ филологиясы
кафедрасының ассистент профессоры, филология ғылымдарының
кандидаты
Кішібаева Д.Ж.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
педагогикалық ғылымдар кафедрасының доценті, педагогика
ғылымдарының кандидаты
Қойшыбайулы М.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының
магистранты
Қоңыратбаева Ж.М.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасының
профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты
Көпбаева М.Р.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті филология
және
журналистика
кафедрасының
меңгерушісі,
филология
ғылымдарының докторы, профессор
Қостангелдинова А.А.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
информатика және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Құлманов Қ.С.
Л.Н.Гумилев
атындағы
ЕҰУ-дың
практикалық
қазақ
тілі
кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
Құрманбаева Ш.Қ.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының
профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
Құрманова Ә.Ж.
«Тұран-Астана»
университеті
психология
және
әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі
Мелешенко Н.Н.
заведующая кафедрой экономики Казахского агротехнического
университета им. С. Сейфуллина, кандидат экономических наук,
доцент
Мoлдaбaевa Р.A.
Е.A. Бөкетoв aтындaғы Қарағанды мемлекеттік универcитеті
психология кафедрасының aғa oқытушысы, әлеуметтік ғылымдардың
магистры
Мустафева А.А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Таяу Шығыс және
Оңтүстік Азия кафедрасының доценті, PhD
Мухамедина А.А.
профессор кафедры переводческого дела и иностранных языков
Кокшетауского университета им. А.Мырзахметова, кандидат
филологических наук
Нурахметов Е.
профессор кафедры иностранной филологии ЕНУ им. Л.Н.Гумилева,
доктор филологических наук
Нұртазина М.Б.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың теориялық және қолданбалы
лингвистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының
докторы
Омaров Б.С.
Қ.A.Ясaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрік унивeрситeті дeнe
тәрбиeсі кaфeдрaсының қaуымдaстырылғaн профeссор м.a, PhD
Полевая О.Н.
старший преподаватель учебно-воспитательного центра языковой
подготовки
Костанайского
государственного
педагогического
института, магистр педагогических наук
Разуваева М.В.
старший преподаватель кафедры общественных дисциплин, основ
права и экономики Костанайского государственного педагогического
института, магистр права
Ризулла А.А.
PhD докторант кафедры общей и прикладной психологии КазНУ
им аль-Фараби
Рысбекова Л.Қ.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
педагогикалық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы
Сагимбаев А.А.
доцент
кафедры
дизаина
Актюбинского
регионального
государственного университета им. К. Жубанова, кандидат
295
педагогических наук
Сарекенова Қ.Қ.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының
доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Сeйдaхмeтов E.E.
Қ.A.Ясaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрік унивeрситeті дeнe
тәрбиeсі кaфeдрaсының мeңгeрушісі, профeссор
Сағидолда Г.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының докторы
Сұлтанбек М.Ж.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
педагогикалық ғылымдар кафедрасының PhD
Сұлтанова А.А.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының PhD
докторанты
Таласпаева Ж.С.
М.
Қозыбаев
атындағы
Солтүстік
Қазақстан
мемлекеттік
университеті тіл және әдебиет институтының директоры, филология
ғылымдарының кандидаты, профессор
Ташимова Ф.С.
профессор кафедры общей и прикладной психологии КазНУ им. аль-
Фараби, доктор психологических наук
Тналина Н.Х.
старший
преподаватель
кафедры
дизаина
Актюбинского
регионального государственного университета им. К. Жубанова
Тлеулесова А.Ш.
Павлодар мемлекеттік педагогика институты мектепке дейінгі және
бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Тусупбекова М.Ж.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың шетел тілдері кафедрасының
доценті, педагогика ғылымының кандидаты
Хамидова А.Х.
доцент кафедры русской филологии ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, кандидат
филологических наук
Шавалиева З.Ш.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты педагогика
кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты
Шарипова А.Б.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Отан
тарихы және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының
оқытушысы, тарих магистрі
Шукеева А.Т.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Отан
тарихы және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының PhD
докторанты
Чакликова А.Т.
профессор кафедры методики иноязычного образования Казахского
университета международных отношений и мировых языков им.
Абылай хана, доктор педагогических наук
Ярочкина Е.В.
заведующий кафедрой общественных дисциплин, основ права и
экономики
Костанайского
государственного
педагогического
института, кандидат исторических наук, доцент
Шамильоглу Ю.
Висконсин-Мэдисон Университетінің (АҚШ) профессоры, доктор
Arenova M.
Associate Professor of the Department of Foreign Philology of the
L.N.Gumilyov Eurasian National University, Candidate of Philological
Science
Daniyarova A.
Master of Science, Kyzylorda Humanitarian College Named After
M.Mamedova
Doganay Ya.
PhD, Assist. Professor, Suleyman Demirel University, Almaty
Manackbayeva K.
Master Degree student, Suleyman Demirel University,
Almaty
Zobnina A.
Master Degree student of the Department of Theoretical and Applied
Linguistics of the L.N. Gumilyov Eurasian National University
Поделитесь с Вашими друзьями: |