Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



жүктеу 13.94 Kb.
Pdf просмотр
бет13/23
Дата30.04.2017
өлшемі13.94 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1
 
Brubacher  J.,  Willis  R.  Higher  Education  in  Transition.  -  New  Brunswick:  Transaction 
Publishers, 2002. - 436 p. 
2
 
Winston R.В. Counseling and Helping Skills. Student Services: Handbook for the Profession. (4th 
ed.). - San Francisco: Jossey-Bass, 2003. - 564 p.  
3
 
Афанасьев В.Г. Общество: системность, познание и управление. - М: Политиздат, 1988. 
– 335 с. 
4
 
Веников  В.А.  Теория  подобия  и  моделирования:  (применительно  к  задачам 
электроэнергетики). - М.: Высш. школа, 1984. – 439 с. 
5
 
Глинский  Б.А.  Моделирование  и  когнитивные  репезентарии.  -  М.:  Альтекс,  2000.  –   
147с. 
 
 
 
 
 

 
111 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  на  основе  зарубежного  опыта  обоснована  теоретическая  модель 
академической поддержки студентов в условиях кредитной технологии обучения. В теоретической 
модели  определены  структурные  компоненты:  цели,  задачи,  содержание,  принципы,  формы, 
средства, результат академической поддержки студентов в условиях университетского обучения. 
 
RESUME 
 
In  this  article,  based  on  international  experience  there  was  substantiated  a  theoretical  model  of 
academic support of students in the conditions of credit technology.  In the theoretical model there were 
defined  structural  components:  goals,  objectives,  content,  principles,  forms,  tools,  results  of  academic 
support of students in the conditions of the university education. 
 

 
112 
ӘОЖ 614.1:17.022.1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Е.А. Абылкасимов  
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия 
ұлттық университеті,  
Ph.D докторанты 
Салауатты өмір 
салты - құндылық 
категориясы 
Аннотация 
Мақалада  салауатты  өмір  салтына  құнды 
қатысты  қалыптастыру  мәселесі  құндылық 
категориясы 
ретінде 
қарастырылған. 
Философияның  арнайы  білім  саласы  ретінде 
аксиологияны  қалыптастыру  процесі  қазіргі 
заманда  ғана  өзекті  бола  бастамағаны,  оның 
ежелгі  әлемде  құндылықтардың  сипаты  мен 
шығуы  туралы  белгілі  бір  идеялар  қалыптасқаны 
сөз етіледі.  
Түйін  сөздер:  салауатты  өмір  салты, 
аксиология, құндылық, педагогика. 
 
 
Құндылық  ұғымы  зерттеуге  қиын  көп 
жағдайда  қарама-қайшы  және  бірмәнді  емес 
құбылыс.  Бүгінгі  күнгі  осы  проблемаға  арналған 
қолда  бар  әдебиеттерге  талдау  жасау,  құндылық 
ұғымы  мен  оған  берілген  анықтамалар,  бұл 
ұғымның  мазмұнына  үлкен  назар  аударылып 
отырғандығын 
аңғартады. 
Сонымен 
қатар 
құндылықтың  мәнін  түсіну  әртүрлі  баламалы 
тұғырлар 
мен 
тұжырымдамалар 
түрінде 
ұсынылған. 
Құндылықтың философияның ерекше бөлімі 
ретінде  қалыптасу  процесі  Жаңа  заманнан 
басталған. Дегенмен құндылықтың мәні мен оның 
пайда  болуы  туралы  белгілі  бір  көзқарас  Көне 
заманның  өзінде-ақ  болған.  Көне  гректер 
дәстүрлеріндегі  құндылық  көзқарасы  оның 
тұрмысымен 
анықталып, 
ал 
құндылық 
сипаттамасы  оның  ұғымына  кірген.  Құндылық 
оның  тұрмысынан  бөлінбейтін,  басынан  бастап, 
соның  ішінде  бар  және  міндетті  нәрсе  ретінде 
қарастырылған.  
Адамдардың  рухани  жетілуінде  дін  мен 
философияны салыстырған әл-Фараби философия 
дәлелдеуді, ал дін сенуді  қажет  етеді,  бірақ екеуі 
де  адамдардың  ақиқатқа  жетуіне  көмек  бере 
алады,  деп  көрсетеді.  Философия  мен  дінді, 
жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік 
беретін  ғылым  ретінде  қараған,  ол  адам  баласын 
жаратылыстың ең ұлы құндылығы деп есептейді. 
Сондықтанда 
олардың 
арасындағы 
құнды 
қатынасты жоғары қояды [1]. 
Ұлы  ойшылдың  «Бақытқа  жету  туралы», 
«Бақытқа 
жету 
жолының 
көрсеткіші», 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» 
атты  трактаттары  осы  құндылық  мәселесіне 
арналған [2].  
 

 
113 
Әл-Фараби түсінігі бойынша: «барлық заттың өлшемі, ол – басты құндылық, адамзат 
қоғамының  бақытқа  жетуіне  деген  кәміл  сенім,  осы  кемелденудің  арқасында  адам  мен 
ғарыш арасында, адамның өзінде үйлесімдік орнайды», деп көрсетеді. Ойшылдың бұл ойы 
қазіргі білім берудегі синергетикалық тұғыр заңдылықтарына сәйкес келеді. 
Ұлы  ойшыл  «...адам  кемелденудің  шыңына  жетуге  талпынады»  деп  көрсетеді,  бұл 
бүгінгі ғылыми көзқарастағы акмеологияға («акме»  – көне грек сөзіне  «шың» кез-келген 
нәрсенің  «ең  жоғарғы  нүктесі»  деген  мағынаны  білдіреді)  сәйкес  келеді.  Оның  ойынша, 
мұндай адамда төрт ізгілік көзі болады: 
-
 
теориялық ізгілік; 
-
 
ойшылдық ізгілік; 
-
 
этикалық ізгілік; 
-
 
білімге негізделген өнер, деп тұжырымдаған [3].  
Жетілу үшін ең қажетті нәрсе жүрек қайраты мен жылуы, ал бұл  жетілудің  «басты 
құралы»,  деп  көрсетуіндегі  тұжырым,  қазақтың  ұлы  ойшылы  Абайдың  ойларына  сәйкес 
келеді. 
Ұлы  Дала  тұрғындары  ата-бабамыздың  әлемге  деген  ерекше  қарым-қатынасымен 
құндылықтық-нормативтік  жүйесін  жасауда  қазақ  жыраулары  үлкен  рөл  атқарды.  Қазақ 
жыраулары  Ұлы  Даланың  қайталанбас  болмыс  кітабын  жазды.  Көшпенділік  әлемі 
өзгелерге  ұқсамайтын  өз  мәдениетінің  номадтық  құндылықтарды  қамтитын  өзіндік 
мифологиясын дүниеге әкелді [4].  
Бақсы,  күйші,  жыраулар  құндылықтарды  тек  насихаттап  қана  қойған  жоқ,  бұл 
құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырды. 
Жыраулар  поэзиясында  оның  тәрбиелік-педагогикалық  бағытына  назар  аударған. 
Олар  құндылықтарды  жариялауды  ғана  мақсат  етпейді,  осы  құндылықтарды  тәртіптің 
мөлшері,  қажетті  принцип  ретінде  жариялады.  Жыраулар  Дала  жұртының  ұстазы  болып 
қоймай, өздері маңызды саяси қызметтің де ауыртпалығын көтере білді. 
Табиғатқа  етене  жақындық,  табиғат  пен  көшпенділердің  рухани  және  эмоциялық 
бірлігі  әлеуметтік  әріптестіктің  ерекшеліктерін,  олардың  құндылық-нормативтік 
кешендерін  анықтайды.  Көшпенділердің  өмір  салты,  шаруашылық  әрекеті,  адамгершілік 
қасиеттерге,  тұлғаның  құндылық  ұстанымдарына  ерекше  талап  қойды.  Адам  ерекше 
зеректік,  адамгершілік,  сабырлық,  төзімдік  қасиеттерінсіз  қатаң  далалық  өмір 
жағыдайында өмір сүре алмас еді [5].  
Бұлжымас  рухани  құндылықтар  мен  дәстүрлі  дүниеге  қатынас  үлгілеріне  жүгіну 
қазақ  көшпенді  қоғамының  әрбір  мүшесінің  күнделікті  өмірін  анықтады.  Көшпенділік 
әрекет  ретінде  келмеске  кеткенімен  оның  түпкілікті  мәдени  құндылықтары  белгілі  бір 
өзгерістермен,  жаңғырумен  бүгінгі  заманғы  қазақ  халқы  діннінің  өзіндік  сипаттарын 
анықтайды. 
Орта  ғасырларда  құндылықты  діни  мазмұнмен  байланыстырды.  Өрлеу  дәуірінде, 
керісінше, адам құндылығын және адами құндылықты бірінші орынға шығарды. 
Құндылықты  философияның  жеке  категориясы  ретінде  қарастыру  XIX-ғасырда 
Г.Лотценің  еңбегінен  басталды.  Құндылықтар  адамның  орындау  міндеті  сипатына  ие, 
яғни:  «құндылықтың  анықтамасы»  «адамның  толымды,  мейірімді,  адами  болу  үшін 
орындауға тиісті іс-әрекеттерді біріктіреді» [6].  
Құндылық  проблемасы  бойынша  зерттеуде  үлкен  қосқан  немістің  классикалық 
философиясының  өкілі  И.Кант.  И.Кант  бойынша  барлық  құндылықтар  (принциптер, 
идеялар)  таза  форма  болып  табылады,  яғни  ол  рухта  болатындықтан  оны  ұстап  көруге 
болмайтындықтан ол жаппай мәнділікке ие бола алады. Сонымен, «моралдық мінез-құлық 
барлық  уақытта  ол  адамның  жасағысы  келетіні  емес,  ол  сондай  болуы  керектігін 
белгілейтін  моралдық  заң  болып  табылады».  «Құндылық  пен  норма  іс-әрекеттің 
басқарушысы,  ал  кез  келген  құндылық  бұл  мақсат  болып  табылады,  ол  кез  келген 

 
114 
санадағы  норманың  құраушысы  болып  табылатын  идеал  болғандықтан  оған  жетуге 
тырысу қажет». 
Сонымен  қатар  сыртқы  әлемнің  құбылысы  (зат,  құбылыс,  оқиға,  іс-әрекет),  сезіну 
(идеал, образ, ғылыми тұжырым) дерегі де құндылық бола алады [7].  
Классикалық неміс философиясының басқа өкілі – Г.Гегель утилитарлы және рухани 
құндылықтың  екі  түрінің  аражігін  ажыратуға  баса  назар  аударды.  Утилитарлы 
(экономикалық)  құндылық  товар  ретінде  кіреді.  Бұл  құндылықтар  барлық  уақытта 
салыстырмалы,  яғни  сұранысқа,  дәміне,  әлеуметке  т.б.  байланысты  болады.  Ал  рухани 
құндылықты Г.Гегель рухтың еркіндігімен байланыстырады. Абсолютті құндылық өзінің 
табиғаты бойынша рухани болып табылады [8].  
Орыс  философиясында  да  шетелдегі  сияқты  құндылық  теориясына  деген  үлкен 
қызығушылық  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  туындады,  бірақ  құндылық  саласына 
байланысты белгілі бір идеялар оған дейін көп бұрын философтар еңбектерінде айтылған 
болатын. Құндылық проблемасы бойынша орыс философтарының зерттеулердегі ең басты 
назар аударатын мәселе құндылық  үш тағаны  – Ақиқат  (Шындық), Жақсылық, Сұлулық 
(Әдемілік). Бұл проблеманы орыстың діни философтары В.С.Соловьева, П.А.Флоренский, 
С.Л.Франк,  Н.О.Лосский  және  басқа  да  зерттеушілердің  еңбектерінде  жан-жақты 
зерттелген. 
Ал,  қазақ  жерінде  ежелгі  түріктік  заманнан  қазіргі  заманға  дейін  құндылық 
проблемасына ғұламалар, ақын-жыраулар, би-шешендер, қазақ зиялылары да басты назар 
аударған.  Олар:  Қорқыт,  әл-Фараби,  Ж.  Баласағұн,  И.А.Яссауи,  А.Иүгінеки,  М.Қашқари, 
Х.Кәтиби, С.Сарай, Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкірім т.б. ақын-жырау, би-шешендер және 
XX ғасыр зиялылары. 
Бұл  зерттеулерге  талдау  жасап,  ғалымдар  құндылық  бағдары  адам  санасын, 
әлеуметтік прогрестің алға жылжуын қамтамасыз ететін күш деген тұжырым жасаған [9]. 
Оның  негізіне  бағдарланған  мемлекет  интелектуалды  сипатта  сапалы  деңгейге 
көтерілетіндігі  байқалады.  Керісінше,  құндылық  дамуының  жеткілікті  деңгейі  болмаған 
жағыдайда  үлкен  зұламат,  күйзеліс,  зардапты  жағыдайлардың  болғандығына  тарихтан 
көптеген мысалдар келтіруге болады [10]. 
Бұдан әрі, біз зерттеп отырған проблеманың отандық ғылымда, соның ішінде жалпы 
педагогикада  пайда  болуының  тарихи  алғы  шарттарын  анықтап  алу  маңызды  болып 
көрінеді.  Тарихи  әдебиеттерге  талдау  жасау  отандық  ғалымдардың  зерттеліп  отырған 
құндылық  проблемасына  соңғы  кезде  басты  назар  аударуына  саяси  және  әлеуметтік–
мәдени жағыдайлардың әсер еткендігін, соның ішінде елдің ішкі және сыртқы саясаттын 
ырықтандыру процесімен байланысты болғандығы байқалады. Бұл процестің салдарынан 
экономикалық  және  саяси  өмірде  түбігейлі  өзгерістер  ғылымда  ізгілендіру  мен 
гуманитарландыру жүргізілді. Бұған дейінгі қол жетімсіз болған ғылыми ақпаратқа еркін 
мүмкіндіктің  ашылуы  кеңес  философтарына  құндылық  проблемасына  маркстік-лениндік 
теория тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді.  
Құндылықты  категориясын  философия  теориясы  тұрғысынан  А.Г.Здравомыслова, 
М.С.Каган,  В.А.Ядов  және  т.б.  қарастырып,  білім  берудің  аксиологиялық  бағдарын 
анықтауға үлкен үлес қосты.  
Қазіргі  кезде  педагогика  ғылымында  мәдениеттанушылық,  синергетикалық, 
аксиологиялық, акмеоллогиялық т.б. тұғырлар белгілі бір деңгейде қалыптасты [11]. 
Аксеология тұғырының сипатамасына тоқталайық. 
Біздің зерттеу мәселесі үшін жоғары атап айқандай, аксилогиялық тұғыр доминанты 
болып келеді, сондықтан оны арнайы қарастыруды жөн көрдік. 
Философия  арнайы  білімінде  саласы  ретінде  аксиологияны  қалыптастыру  процесі 
қазіргі заманда ғана өзекті бола бастады, бірақ ежелгі әлемде құндылықтарды сипаты мен 
шығу туралы белгілі бір идеялар қалыптасқан болатын. 

 
115 
Аксеологиялық  тұғыр  педагогикалық  білім  беруде  XIX  ғасырдың  аяғында  пайда 
болды.  Ұлы  педагог  К.Д.Ушинскийдің  ғылыми  көзқарасының  арқасында,  педагогикада 
«адам  ұғымы  табиғи,  әлеуметтік-мәдени,  материалдық,  денелік  және  рухани  бірлестікте 
зерттелетін ерекше феномен ретінде қарастырыла бастады. К.Д. Ушинский адамның жеке 
басының құндылығы оның санасын қалыптастырып, оған жақсылыққа жол ашатын оның 
тәрбиесінде», − деп көрсетті [12]. 
Адамның  жеке  басының  құндылығы  мен  жеке  тәрбиесімен  бірге  К.Д.Ушинский 
жалпы  адамзаттық  құндылықтармен  байланысты  ұлттық  тәрбиені  бірге  қарауды  ұсынды 
[13].  
Аксиологиялық  тұғыр  бұл  білім  беру  жүйесін  перспективті  бағытта  жетілдіруіне 
байланысты  ұсынылған  және  жеке  тұлғаны  дамыту  үшін  педагогикалық  ресурстарды 
пайдаланудың  оңтайлы  кәсіби  даму  жолын  көрсететін  философиялық-педагогикалық 
стратегия [14].  
Педагогикалық  аксиология  педагогикалық  қызметтін  адам  өмірінің  құндылығы 
ретінде  қарастыратын  педагогиканың  білім  тарауы.  Педагогикалық  аксиологияның  пәні 
жеке  тұлғаның  мінез-құлқы  және  қарым-қатынасында  құндылық  санасын  қалыптастыру. 
Педагогикалық  аксиология  құндылықты  жеке  және  қоғамдық  сананың  синтездік 
құрылымы  ретінде  қарастырады.  Бұл  құрлымдар  жеке  тұлғаның  және  қоғамның  іс-
әрекетінің  бағдары  мен  идеалды  үлгісі  болып  табылады.  Педагогикалық  аксиология 
философтардың этникалық ілімі мен құндылық туралы трактатарының теориясына сүйене 
отырып,  педагогикалық  іс-әрекеттің  құндылықтарын  бөліп  қарастырады.  Бұл 
құндылықтар  мұғалімнің  кәсіби  мәдениетінің  іргетасы  мен  гуманистік  идеалдарын 
анықтайды [15]. 
В.А. Сластении «Субъектно-деятельностный подход в образовании» атты еңбегінде 
субъектілік,  іс-әрекеттілік  тұғыр  турасында  төмендегі  пікірді  алға  тарткан: 
«Педагогикалық  аксиология  философтардың  этикалық  ілімі  және  құндылықтарды 
теориясы  түсіндіру  негізінде,  педагогикалық  білім  беру  қызметінің  құндылықтарын 
көрсете  отырып,  гуманистік  идеалдар  мен  мұғалімдердің  кәсіби  мәдениетінің  негізін 
анықтайды [16].  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Нұрмұратов С.Е. Әл-Фараби іліміндегі рухани құндылықтар // Наследие аль-Фараби и 
мировая  культура:  Материалы  Международного  конгресса  «Наследие  аль-Фараби  и 
мировая  культура»,  28-29  сентября  2000  г.  /  Гл.  Ред.  А.  Нысанбаев.  –  Алматы:  КИЦ 
ИФиП МОН РК, 2001. – 175-181 с. 
2
 
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1973. – 235 б. 
3
 
Аль-Фараби. Избранные трактаты. - Алма-Ата: Ғылым, 1994. – 298 с. 
4
 
История  Казахстана:  народы  и  культуры:  Учебное  пособие  /  Масанов  Н.Э.  и  др.  – 
Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 608 с.  
5
 
Танирбергенова  Г.Т.  Нравственные  начала  национального  самосознания.  Дисс.  … 
канд. филос. наук. – Алматы, 1996. – 98 с. 
6
 
Баева  Л.В.  Ценности  изменяющегося  мира:  экзистенциальная  аксиология  истории.  -
Астрахань: Изд-во АГУ, 2004. - 282 с.  
7
 
Казакина М.Г. Ценностные ориентации школьников и их формирование в коллективе / 
М.Г. Казакина. - JI., 1989. - С. 12-68. 
8
 
Современная  философия  науки:  Знание,  рациональность,  ценности  в  трудах 
мыслителей Запада. Хрестоматия. - 2-е изд., перераб. и доп. / Сост.: A.A. Печенкин.- 
М.: Логос, 1996. - 397 с. 

 
116 
9
 
Омаргазин  Р.  Дух  как  онтологическая  основа  духовности  //  Адам  әлемі  –  Мир 
человека.  -  2006.  -  №  3.  –  69-76  с.  [Омаргазин  Р.  Дух  как  онтологическая  основа 
духовности // Адам әлемі. – Мир человека. - 2006. - № 3. – 69-76 с.]. 
10
 
Қазақ  руханияты:  тарихи-философиялық  және  этномәдени  негіз-дер.  Ұжымдық 
монография  /  З.К.  Шәукенованың  жалпы  редакциялауымен.  –  Алматы:  ҚР  БҒМ  ҒК 
ФСДИ, 2013. – 375 б. - 6-8 бет. 
11
 
Каган М.С. Человеческая деятельность / М.С. Каган. - М., 1974. - 370 с., Ядов В.А. О 
диспозиционной  регуляции  социального  поведения  личности  /  В.А.  Ядов  // 
Методологические проблемы современной психологии. - М.: Наука, 1975. - 416 с. 
12
 
Добротворская  С.Г.  Ориентация  студентов  на  здоровый  образ  жизни  через 
осмысление  жизненных  целей  и  ценностей  /  С.Г.  Добротворская  //  Педагогическое 
образование и наука: научно - методический журнал. - 2002. - № 1. - С. 51-55. 
13
 
Васильева  О.С.  Психология  здоровья  человека:  эталоны,  представления,  установки: 
учебное  пособие  для  студентов  высших  учебных  заведений  /  О.С.  Васильева, 
Ф.Р.Филатов. - М.: Издательский центр «Академия», 2001. - 352 с.  
14
 
Артюхович  Ю.В.  «Обучение  ценностям»:  аксиологический  подход  к  проблемам 
образования  [Текст]  /  Ю.В.  Артюхович  //  Гуманитарные  науки:  Сборник  научных 
трудов. Вып. № 10. - Ставрополь: СевКавГТУ, 2003. - С. 15.  
15
 
Слонимская  Л.И.  Сформированность  потребности  здорового  образа  жизни  у 
студентов-первокурсников  педуниверситета  /  Л.И.  Слонимская,  Т.И.  Вершинина  // 
Здоровье,  образование,  спорт,  туризм:  актуальные  проблемы  на  современном  этапе 
развития  общества:  материалы  Междунар.  науч.-практ.  конф.,  посвящ.  75-летию 
БГПИ-БГУ. Улан-Удэ, 27¬28 апр. 2007 г. - Улан-Удэ: Изд-во Бурят. гос. ун-т, 2007. - 
С. 202-205. 
16
 
Сластении  В.А.  Субъектно-деятельностный  подход  в  образовании  [текст]  / 
В.А.Сластенин, Г.И. Аксенов // Научные труды / МШУ. - М.: Прометей, 2000. - 258 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  проблема  здорового  образа  жизни  (ЗОЖ)  раскрывается  не  только  как 
ценностная  категория,  но  и  как  категория  философских  знаний  общечеловеческих  ценностей, 
которая зародилась еще в глубокой древности.   
 
RESUME 
 
The  issue  of  healthy  lifestyle  is  revealed  in  the  paper  as  a  category  of  value,  as  a  category  of 
philosophical knowledge of human values which began to develop in ancient times. 
  

 
117 
ӘОЖ 378.1(5Қ) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Л. Нәби  
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау 
мемлекеттік университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
А.Н. Калжанова  
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау 
мемлекеттік университеті, 
магистрант 
 
 
Қазіргі таңда 
дуальды оқытуды 
енгізудің өзектілігі 
 
Аннотация 
Мақалада  дуальды  оқыту  жүйесінің 
өзектілігі  мен  Қазақстандағы  кәсіби  білім 
беретін  оқу  орындарына  енгізілуі  жайлы 
жазылған. 
Түйін  сөздер:  дуальды  оқыту  жүйесі, 
кәсіпорын, жоғары оқу орны, экономика. 
 
 
Қазіргі  таңда  дуальды  оқыту  жүйесі 
барлық  елдерде  өзекті  мәселелердің  бірі 
болғандықтан,  елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 
«Қазақстанның 
әлеуметтік 
жаңартылуы: 
Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20 
қадам»  атты  мақаласында:  «Дуальды  кәсіптік 
білім  беруді  дамытудың  маңызы  зор. 
Бұқаралық 
маман 
кадрларының 
жетіспеушілігін  еңсеруге  мүмкіндік  беретін 
заманауи  қолданбалы  біліктілік  орталықтары 
қажет», – деді [1]. 
Оқытудың  дуальдау  жүйесі  дегеніміз  не 
соған  анықтама  берсек:  Дуальды  оқыту 
жүйесінде  кәсіптік  білім  беру  -  өнеркәсіп 
өміріне  дайындық  жүргізу  үшін  білім 
алушының  теориялық  және  практикалық 
дағдысын 
қалыптастыру 
мақсатында 
жүргізілетін  негізгі  оқыту  жүйесі  болып 
табылады.  Дуальды  оқыту  әдісі  әлемнің 
көптеген 
ірі 
дамыған 
мемлекеттерінде: 
Германия,  Австрия,  Дания,  Нидерланды, 
Швеция,  Англия,  Оңтүстік  Корея  сияқты 
дамыған  елдерінде  жоғары  нәтиже  беріп 
жүргізіліп  келеді.  Яғни  білім  алушыны  жан-
жақты  дайындау.  Сонымен  қатар,  еңбек 
нарығындағы  жұмыссыздық  мәселесін  шешу, 
жас  білім  алушының  жаңа  технологияны 
меңгере  отырып,  еңбек  нарығында  сұранысқа 
ие 
бола 
алатындай 
жұмыс 
күшін 
қалыптастыру.  Сондықтан  дуальды  оқыту 
жүйесі 
өнеркәсіп 
саласына 
қажетті 
мамандарды 
даярлау 
мәселесін 
толық 
қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып 
табылады.  Сондай-ақ,  дуальды  оқыту  жүйесі 
арқылы,  білім  беру  мен  кәсіпорын  арасында 
тығыз  байланыстың  орнауына  да  үлкен 
септігін  тигізеді.  Осыған  орай,  бұл  оқыту 
жүйесінінің  тиімділігі  жан-жақты  талқы-
ланып,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
шетелдердің    тәжірибелерін    зерттей     келе, 

 
118 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесіне  енгізу  басшылыққа  алынды.  Сондай-ақ, 
дуальды  оқыту  жүйесінің  басымдығы  оқытуды  өндіріспен  тығыз  байланыстыруында,  ал 
қазіргі таңда елімізге бұл жүйе елбасының тапсырысымен қолданысқа ене бастады және 
де бұл оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнын айқындап берген болатын. Сондай-
ақ,  колледждерде  дуальды  оқыту  әдісін  енгізу  туралы  нақты  тапсырма  да  жүктеген. 
Осыған  байланысты  елімізде  кәсіптік-техникалық  білім  беру  саласында  жаңа  жүйе 
жасалына бастады [2]. 
Жоғары  оқу  орнын  бітірген  түлектердің  ортақ  мәселесі  тәжірибенің  аздығы 
болғандықтан,  дуальды  оқыту  жүйесі  -  бұл  оқытудың  ең  тиімді  жолы  болып  табылады. 
Бұл жүйе жаңа заманның қарқынды дамуына кадрларды жан-жақты дайындауға ықпалын 
тигізіп,  сонымен  қатар  отандық  кәсіпорындарға  керекті  жұмыс  күшін  дайындауға 
көмектеседі. 
Кәсіби  білім  берудің  дуальды  формасы  оқытудың  дәстүрлі  оқыту  мен  өндіріс 
орнындағы тәжірибе өтуімен сипатталады. Бұл процесс теорияны практикада қолданумен 
жүзеге  асады.  Дуальды  оқыту  жүйесі  дегеніміз  –  бұл  теория  мен  практиканы  біріктіру 
болып табылады, яғни әрбір студент өз оқу орнында дәріс, семинарлар, кітаптардан ғана 
ақпарат  алмай,  сонымен  қоса  кәсіпорында  алған  білімін  тәжірибеде  қолдануға  толық 
мүмкіндігі  туындайды  [3].  Қазіргі  танда  бұл  оқыту  жүйесі  жұмыссыздықпен  күресте 
тиімді  болып  келеді,  өйткені  әрбір  кәсіпорын  өзіне  қажетті  маман  дайыдауды  көздеп, 
студенттердің  жемісті  жұмыс  жасауына  қолдау  көрсетіп,  олардың  ішінен  кадрларды 
таңдайды.  Осындай  оқыту  түрінде  студенттер  білім  алудың  70-80%-ы  түрлі 
кәсіпорындарда  өткізеді  де,  20-30%-ы  ғана  оқу  орнында  теориямен  танысып, 
аудиториялық  жұмыс  атқарады.  Дуальдық  жүйе  маман  даярлауда  өндіріс,  білім 
алушының  және  мемлекеттің  мүдделерін  біріктіруге  бағытталған  кәсіптік  білім  берудің 
түрі.  Бұл  өндіріс  орны  үшін  экономикалық  жағынан  тиімді,  яғни  маманды  қайта 
даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі 
өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. 
Қалыптасқан  жағдайда  теория  мен  практиканың  арасындағы  алшақтықты  жою 
мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі кез келген кәсіпорынды білікті 
мамандармен  қамтамасыз  ету  –  бұл  жетістікке  қол  жеткізудің  кепілі.  Мұндай  жағдайда 
жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын 
қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тағылымдамадан өту, қайта даярлау 
қажеттілігі туындайды. 
Дуальды  оқыту  жүйесі  -  бұл  заман  талабы.  Дуальды  оқыту  жүйесі  дегенде,  біз 
оқытудың бір уақытты екі мекемеде жүргізілгенін түсінеміз, яғни бір оқу орны - бұл ЖОО 
болса,  ал  екінші  оқу  орын  -  бұл  кәсіпорын.  Негізінен  дуальды  оқыту  жүйесі  Германия 
елінен  бастау  алады.  Соңғы  жылдары  басқа  елдер  де  Германияның  дуальды  оқыту 
жүйесінен  үлгі  алып,  оны  өз  елдерінің  ерекшеліктеріне  сай  бейімдеуге  тырысып  жатыр. 
Өйткені  бұл  жүйе  Халыкаралық  жұмыс  күшінің  сапасын  бақылау  институтының  пікірі 
бойынша – озат оқыту жүйесі және барлық Европалық Одақ үшін үлгі болып табылады. 
Қазіргі таңда бұл жүйе әлем бойынша 60 елде енгізілген. 
Бұл  жүйе  елімізде  алғаш  рет  ол  2009  жылдан  бастап  енгізіле  бастады.  Отандық 
«КазМұнайГаз»  бұл  жүйені  алғаш  болып  енгізді.  Германия  мемлекеті  бұл  бастауда 
елімізге барынша көмек көрсетуге тырысады [4]. Дуальды оқыту жүйесін тиімді енгізудің 
жолдарын  көрсетіп,  бағыт-бағдар  беру  Германия  мен  Қазақстан  елдері  арасындағы 
ынтымақтастықтың бір көрінісі ретінде санауға болады. 
Осындай  оқыту  жүйесі  техника,  экономика  және  әлеуметттік  қамтамасыздандыру 
сияқты салаларда кең колданылады. Яғни бұл жүйе инженерлік іс, машина жасау, металл 
өндіру,  менеджмент,  туризм  сияқты  мамандықтарды  қамтиды,  бірақ  гуманитарлық 
мамандықтарда енгізу әлі күнге дейін қолға алынбай жатыр. 

 
119 
Айтылып  кеткендей,  дуальды  оқыту  жүйесі  кәсіби  білім  берудің  теория  мен 
практика арасындағы арақашықтықты жоюға көмектеседі. 
Параллельді  түрде  теория  мен  практиканы  жүргізу  келесі  мәселелерді  шешуге 
көмектеседі: 

 
машықтанушы  керекті  тәжірибе  алады.  Оқу  орнын  бітіргеннен  кейін  оған 
тұрақты жұмыс табу оңай болады; 

 
осындай  оқыту  түрін  жүргізу  кезінде  кәсіпорындар  әрдайым  жоғары 
құзыреттілігі бар мамандармен қамтамасыз етіліп отырады; 

 
студенттердің  жұмыс  істеуге  жоғары  мотивациялары  пайда  болады,  өйткені 
оларда болашақ маманның психологиясы пайда болады

 
жұмыс орнына орналасқанда жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектер ұжымда 
өздерін еркін ұстайды; 

 
ЖОО  мен  кәсіпорын  бірлесіп  жұмыс  істеген  кезде  студенттердің  практикалық 
білімдері  жоғарылайды  да,  жоғары  оқу  орнының  оқытушылары  жұмыс  берушілердің 
талаптарына сай студенттерді теориялық біліммен қамтамасыз ете алады; 

 
қызметкерлерді  оқытудың  дуальды  жүйесі  жұмысының  барысында  білім  алу 
мен  дағдыларды  қалыптастырудың  жоғары  мотивациясы  құрылады,  себебі  олардың 
білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін атқаруға тікелей қатысты;  

 
сәйкес  мекеме  басшыларының  өз  қызметкерін  практикалық  оқытуға  қатысты 
қызығушылығы;  

 
тапсырыс  берушімен  өзара  тығыз  байланыста  жұмыс  істейтін  оқу  орны  оқыту 
барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді. 
Дуальды  оқыту  жүйесінің  тиімділігі  оған  қатысып  жатқан  барлық  жақтарға: 
түлектердің жұмысқа орналасуына, ЖОО – берілген теориялық материалдың тиімділігіне 
және  мемлекеттегі  жұмыссыздықтың  азаюы  мен  экономикалық  өрлеуге  ықпал  етеді. 
Нәтижесінде  маман  дайындаудың  дуальды  жүйесі  дәстүрлі  оқыту  әдістеріндегі 
кемшіліктерді,  теория  мен  тәжірибе  арасындағы  алшақтықты  жояды,  студент  өзінің 
ертеңгі  жұмыс  орнымен  танысады,  оған  ие  болу  мүмкіндігін  сезінеді,  сондай-ақ,  ол 
бәсекеге  қабілетті  болса  ғана  кәсіби  маман  ретінде  бағаланып  лайықты  табысқа  қол 
жеткізе алатындығын түсінеді.  
Президенттің  жолдауында  білім  беруді  жаңғырту  мақсатында  осы  саланың 
қолжетімді  болуына,  түлектердің  біліктілігіне  тәуелсіз  баға  беретін  жүйе  құруға,  білім 
берудің  тәрбиелік  жағын  күшейтуге,  отаншылдық  рухты  биіктету  мәселелеріне  де 
айрықша  назар  аударды.  Бұл  орайда  тәрбие  жұмыстарының  басты  өзегі  –  жастардың 
белгілі  бір  кәсіппен  айналысуына  жол  ашуға,  жақсы  кәсіби  маман  атану  арқылы  өзінің 
материалдық жағдайын жақсартуға болатынына көзін жеткізетіндей дәрежеде болуы тиіс. 
Жаңа Қазақстандық қоғамның мақсаты - кәсіби еңгейі жоғары мамандар әзірлеу. 
Дуальды оқыту жүйесі оқытудың барлық кезеңінде компанияда өндірістік оқыту мен 
оқу  орнында  теориялық  оқытуды  біріктіреді.  Осы  орайда  озық  елдерде  енгізілген 
дуальдық  оқыту  жүйесін  қолдап,  жұмыс  берушілердің,  салалық  министрліктер,  оқу 
орындары  мен  жергілікті  атқарушы  органдардың  мүдделері  көрсетілген  «Әлеуметтік 
серіктестік»  Заңын  қабылдау  қажеттілігі  туындайды.  Оқу  орындарымен  «Әлеуметтік 
серіктестік» заңнамасы бойынша тығыз байланыста жұмыс жасайтын жұмыс берушілерді 
қорғайтын және оларға салық төлеу кезінде жеңілдіктер беретін заңнамалар қажет, себебі 
Германияда осы жүйеге қатысты 8 заң қабылданған екен. Техникалық және кәсіптік білім 
беру  мекемелеріндегі  өндіріс  шеберлерінің  біліктілігін  әлемдік  деңгейге  көтеру  қажет. 
Осы  аталған  шаралардың  нәтижесінде  қазіргі  заман  сұранысына  сай  жоғары  деңгейдегі 
аграрлық  мамандарды  даярлауда  білім  беру  мекемелері  бизнес-құрылымдармен  тығыз 
ынтымақтастықта  болса,  алдағы  жылдары  тәжірибе  жүзінде  енгізілген  дуальдық  оқыту 
жүйені еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында көреміз.  

 
120 
2011-2020  ж.ж.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  білім  беру  бағдарла-
масында:  «Еліміздің  экономикасының  барлық  салаларының  ғылым  мен  өнеркәсіппен 
ықпалдастығы  үшін  құзыретті  де,  бәсекеге  дайын  мамандар  дайындау  процесінде  ЖОО-
ның алатын орны жоғары», – деп айтылған [5].  
Жұмыс  берушілердің  көбі  ЖОО-ны  бітірген  түлектердің  алған  кәсіби  білім 
сапасымен  толыққанды  қанағаттанбайды.  Бұның  бір  себебі  ретінде  білім  беру 
бағдарламасы  мен  экономика  және  жұмыс  берушілердің  сұраныстары  арасындағы  сай 
келмеушілікті  жатқызуға  болады.  Осындай  экономикалық  жағдайда  дуальды  оқыту 
жүйесін жұмыссыздықпен күресте енгізудің маңыздылығы көрінеді. 
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 13.94 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет