Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



жүктеу 13.94 Kb.
Pdf просмотр
бет11/23
Дата30.04.2017
өлшемі13.94 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

И.Б. Имангаликова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
аға оқытушы 
 
Д.Г-С. Токтрбаев 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
PhD докторы, доцент м.а. 
 
А.Б. Мейрманов 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 

 
96 
әрбір азаматтың денінің саулығы, бұл мемлекеттің де саулығы болып табылады. Бұрын -
соңды денсаулықты күту әр адамның жеке шаруасы деп қарастырылса, қазіргі таңда бұл 
мемлекеттік  деңгейге  дейін  көтерілген  проблема  болып  отыр.  Себебі  соңғы  жылдары 
экономикалық және экологиялық себептерге байланысты. 
Қазақстан азаматтарының денсаулығы нашарлап кеткені белгілі. Бұл орайда елімізде 
азаматтардың  денсаулығын  түзетуге  үлкен  жұмыстар  атқарылуда.  Емханалар  салынып, 
спорттық  кешендер  мен  мектептер  ашылуда.  Сонымен  қатар  мемлекеттік  бюджеттен 
қаржы  құйылып,  көптеген  жұмыстар  атқарылуда.  Теледидарлар  арқылы  спирттік 
ішімдіктердің,  нашақорлық  пен  темекінің  зияны  мен  әкелетін  қасіреті  жөнінде 
жарнамалар мен роликтер және т.б. көптеген нұсқаулар көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың 
санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде.  
Сондықтан  да  атқарылып  жатқан  шаралар  мен  алдағы  уақытта  атқарылатын 
жұмыстар  мемлекетіміздің  саулығының  кепілі  деуге  болады.  Дүниежүзілік  денсаулық 
сақтау  ұйымының  жарғысында  «денсаулық»  ұғымы  физикалық,  рухани,  әлеуметтік 
игіліктердің  толық  жағдайы  ретінде  қарастырылады.  Көптеген  ғалымдар  денсаулықты 
адамның  күтінуі  нәтижесінде  жақсаратын  және  сақталатын  ағзаның  ерекше  жағдайы 
ретінде анықтайды. 
Бұл  –  физикалық  жаттығулардың  жеткілікті  саны,  тамақ  пен  судың  қалыптылығы 
және  еңбек  пен  демалыстың  тиімді  режимі  [5,  116].  Әрбір  қоғам  өзінің  құрамында 
физикалық, психикалық, әлеуметтік дені сау, сәйкесінше, моральдік, зияткерлік жағынан 
мықты адамның болғанын дұрыс көреді. Бірақ сауығу тек адам өзінің өмірін табиғаттың 
қарапайым  заңдылықтарына  бағына  құрғанда  ғана  болады,  жекелеп  алғанда  ағзаның 
табиғи күшін қалыптастыруға  мүмкіндік береді. Және бұған осы сапалардың гормондық 
сыртқы  қалыптасуын  қосуға  болады,  өйткені  адам  өзінің  іс-әрекеттерімен, 
эмоцияларымен,  сезімдерімен,  ойларымен  қалыптастырған  қоршаған  ортамен  тікелей 
қарым-қатынаста  өмір  сүреді.  Психологиялық  қайта  құрылу  дискомфорттық 
жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады.  
Жасөспірімдердің 
мінез-құлқы 
тұрақсыздықпен, 
жылдам 
жәбірленгіш, 
өкпешілдікпен  сипатталады.  Осы  кезеңде  жолдастар  тауып,  топ  құрып  жүру  қажеттілігі 
жоғары  болады.  Сонымен  қатар  жасөспірімдер  тобында  өздерінің  бағалайтын  бағыт, 
пікірлері,  демалыс  уақыттарын  өткізу,  көптеген  қиын  жағдайларды  шешу  тәсілдері 
қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, 
ата-аналары  мен  педагогтердің  ескертпелері  оның  еркіндігіне,  құқығына  қарсылық 
көрсету  сияқты  қабылданып,  көбінесе  олардың  мінез-құлқына  кері  әсер  етуі  мүмкін. 
Сондықтан  оларды  бір  жақты  тыңдауға  мәжбүр  ету  олардың  қарсылығын  туғызып,  өз 
бетімен кетуіне әкеліп соғады. 
Осылайша,  «денсаулық»  барлық  өмір  формасының  гармондық  дамуының  заманауи 
концепция  негізінде  кешенді  және  жүйелі  орындалуының  интегралды  ұғымы  [7,  78-б]. 
Педагогтердің,  психологтердің  және  адамның  дамуының  профилактикалық  бұзылу 
облысы  және  ауруға  шалдығу  жағдайында  жұмыс  істейтін  дәрігерлердің негізгі  мақсаты 
қоршаған ортамен байланыса отырып, салауатты өмір салтын тұрақты ұстануға үгіттеу.  
Мұндай  жағдайлардың  нәтижесінде  адамның  денсаулық  жағдайы  жақсарады  және 
өзінің  еңбек  жетістіктеріне  жету  үшін  шығармашылық  энергиясы  пайда  болады, 
туыстарымен, достарымен, әріптестерімен қарым-қатынасы жақсарады, қоғамға, қоршаған 
ортаға  пайдасы,  қажеттілігі  артады.  Бұл  мақсаттың  табысының  негізгі  тәсілі  білім  беру 
және ағарту  саласында қызмет  атқарады, нәтижесінде әрбір  адам өзінің денсаулығы мен 
өмірінің  қалыптастырушысы  ретінде  таныла  алады  [6,  327].  Балалардың  денсаулығы  – 
қоғамның  экономикалық,  әлеуметтік  және  саналы  жетістіктерін  сипаттайтын  маңызды 
көрсеткіштердің  қатарына  жатады.  Қазақстандағы  мектеп  оқушыларының  денсаулық 
деңгейлері  қоғамның,  әсіресе  дәрігерлер  және  мұғалімдер  арасында  дабыл  қағуда. 
Ақпарат  құралдарының  материалдары  және  статистикалық  деректердің  көрсетуінше  ХХ 

 
97 
ғасырдың  аяғында,  XXІ  ғасырдың  басында  мектеп  оқушыларының  денсаулықтары  күрт 
төмендеген.  Балалардың  денсаулық  деңгейлерінің  көрінісі  көпшілік  жағдайда 
мектептердің жауапкершілігінде деп көрсетіледі.  
Демек,  мектепте  оқушылардың  денсаулығы  ерекше  өзекті  мәселе.  Статистикалық 
деректер  бойынша  жалпы  мектепті  бітірушілердің  68%-ның  дені  сау,  әрбір  екінші 
жеткіншек морфофункционалдық патология, 42%-ы созылмалы сырқат деп танылуда. Жас 
балалардың маскүнемділік деңгейлері де жиі байқалып келеді.  
Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына 
мектеп  оқушыларының  оқу  сабақтарымен  артықша  жүктелулерін,  педагог  пен 
оқушылардың  арасындағы  авторитарлық  қарым-қатынастықты,  оқыту  мен  тәрбиелеудегі 
баланың 
тұлғалық 
және 
жас 
ерекшеліктерін 
қажетті 
деңгейде 
есепке 
алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап көрсетуге болады. Мектептердегі оқу-
тәрбие  жұмысын  қазіргі  заманның  талаптарына  сәйкес  жүргізу,  оқушының  денсаулығын 
сақтау  мен  нығайту  мәселелерін  тиімді  шешу  медициналық  қызметкерлер  мен 
мұғалімдердің  бірлескен  нәтижелі  еңбектеріне  байланысты.  Педагогика  ғылымында  осы 
туындаған  мәселені  шешудегі  тиімді  жолдары  мен  құралдарын  негіздеу  қажеттілігі 
туындайды.  
Денсаулық  мәдениеттілігінің  төменділігі,  денсаулыққа  қарамаушылық  себептері, 
оқушылардың арасында 40%-ы салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп 
саналады.  Демек,  қазіргі  кезде  оқушылардың  салауатты  өмір  салтын  тәрбиелеу 
қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады: 
Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір  салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне 
мына төмендегілер жатады; 
-
 
халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-
дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.); 
-
 
мектеп  оқушысының  бойында  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  тиімді 
психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану; 
-
 
«салауатты өмір салты» - ұғымын қалыптастыру; 
-
 
салауатты өмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру
-
 
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету; 
-
 
өз 
денсаулықтарын 
сақтауда, 
салауатты 
өмір 
сүру 
дағдыларында 
жауапкершіліктерін қалыптастыру. 
-
 
арнайы  денсаулық  сақтау  технологиясы  арқылы  салауатты  өмір  сүру  дағдыларын 
қалыптастыру. 
Барша  азаматтардың  денсаулығын  нығайту,  салауатты  өмір  салтына  бағытталған 
елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын 
сүрлеу десе болады 
Соңғы  кездері  дәрігерлер  мен  қоса  сырқаттардың  да  саны  өсіп  келеді.  Осыған 
байланысты  әр  түрлі  ғылым  салаларына  бағытталған,  адам  денсаулығының  өзгерулеріне 
байланысты  әркелкі  денсаулық  сақтау  технологиялвры  іздестірілуде,  ойластырылуда. 
Баланс – кез келген жүйенің арасындағы тепе-теңдік, гармония (үйлесім).  
Стихиялар  – бұл бізді қоршаған ортада орналасқан әр түрлі  жағдайда пайда болған 
табиғи объектілер. 
«Стихия» сөзінің 4 мағынасын ашып қарастыруға болады: 
1. Еш  нәрсе  қарсы  тұра  алмайтын  табиғат  құбылыстары.  Мысалы:  найзағай,  жер 
сілкінісі, цунамилер, циклондар, су тасқыны.  
2. Ежелгі  шығыс  философиясында  табиғаттың  негізгі  элементтерінің  бірі  болды. 
Мысалы,  Қытай  философы  У  –  Синнің  айтуындағы  5  табиғат  элементі  (ағаш,  от,  жер, 
металл, су).  
3. Салыстырмалы  түрде  әлеуметтік  ортаға  әсер  ететін  берекесіз  күш.  Мысалы: 
қозғалыс, революция, эпидемия және т.б. 

 
98 
4. Қоршаған үйреншікті орта.  
Осылайша,  Стихия  озінің  айналасына  әсер  ететін  және  артынын  ізін  қалдыратын 
табиғи құбылыс, объект, процес. 
Бұл стихияның параметрлеріне тәуелді, адамның бақылауындағы және басқаруында 
болуы мүмкін оқиға [3, 240]. 
Табиғаттың  4-ші  стихиясының  күші  жайында  табиғаттың  пайда  болуы  туралы 
айтуларда,  аңыздарда,  тарихи  жазбаларда  кездестіруге  болады.  Осымен  байланысты  4 
стихия  балансын  –  ол  адамның  өзінде,  табиғатта,  қоғамда,  әріптестерінің  (достарының, 
туған-туыстарының,  қызметтестерінің)  арасындағы  тепе-теңдік  жағдайын  сақтауы  деп 
болжам жасауға болады. 
4  стихия  балансы  сауықтыру  технологиясы  от,  жер,  ауа,  су  жүйесі  мысалы 
табиғаттың әрекеттестігінің элементі ретінде қарастырылады. Әрекеттестік нәтижесінде 5і 
стихия  (5-ші  элемент)  пайда  болады.  Бұл  өмірлік  жолдың  жүйесінің  белгісі 
ретінде(мысалы  адамның)  Өмір  Ағашы  болуы  мүмкін.  От  -  өмір  жүйесінің  даму 
мақсатының бағдарламасын кейіптейді (мысалы, адамда, ғаламшарда). 
Жер  –  өткен  тәжірибе  және  бұрынғы  жетістіктер  жүйесі,  келешектегі  дамудың 
ресурсы.  
Ауа – жүйенің қоршаған ортамен әрекеттестігінің белсенділігі [4, 21-23].  
Су  –  әрекеттестіктің  нәтижесі,  өмірлік  тәжірибе  алмасу  мен  өмір  ағыны.  4  стихия 
адам өмірінің аясын қалыптастыруды дамытудың 4 бағыты сияқты болып келеді. 
Адам  есті  немесе  ессіз,  бірақ  ұдайы  үлкен  биікке  ұмтылады,  тұтастыққа,  өмірін 
жарасымды  дамытуға  тырысады.  Бұл  дамуды  біржақты  басқарудың  маңызды  шарты. 
Және бұл процеске инновациялық сауықтыру технологиясы көмектеседі.  
Сауықтырудың  дәстурлі  емес  әдісі  оқу-тәжірибелік  сағаттарға  сенімді  түрде  кіріп, 
дәстүрлі  әдістерді  толықтырады,  студенттердің  дене  шынықтыру  пәніне  деген 
қызығушылығын  арттырады  және  денсаулықтарын  нығайтады.  Бұл  мақалада  4-ші 
стихияның  балансы  сауықтыру  технологиясының  кейбір  аспектілері,  психологиялық 
қайта құрылу дискомфорттық жағдайлары қарастырылған. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Апанасенко Г.Л., Попова Л.А. Медицинская валеология /Серия «Гиппократ». - Ростов 
н/Д.: Феникс, 2000. - 248 с. 
2
 
Здоровье и здоровый образ жизни / Сост. И.М. Егорова - Мн.: ВЭВЭР, 2006. - 160 с. 
3
 
Лебедев Н.В. Жизнь природных стихий. – М.: Белые альвы, 2000. – 240 с. 
4
 
Дикаревич  Л.М.  Жизненные  циклы  развития  человека.  Философия  и  практика 
здорового  образа  жизни  для  молодёжи  /Материалы  международной  конференции 
25/26  апреля  2009  г.  Смольный  университет  Российской  Академии  образования.  – 
Спб., 2009. - С. 21-23. 
5
 
Поляков  В.А.  Баланс  4-х  Стихий.  Моделирование  здорового  образа  жизни.  -  Мн.: 
ВЭВЭР, 2006. - 116 с. 
6
 
Поляков  В.А.,  Полякова  И.Ю.,  Панова  О.И.,  Меньшова  А.Ю.  Психосистемология: 
Теория  и  практика  /3-е  издание,  дополненное  и  переработанное  -  М.:  РНАУМПКП 
2006. – 327 с. 
7
 
Экология  детства.  Сборник  научно-практических  разработок  Центра  психолого-
медико-социального  сопровождения  ЭЗУО  г.  Москвы  /  Сост.  И.Г.Дмитриева, 
Л.Н.Гозунова, Н.Б.Котомина, В.А.Панов. - М., 2002. - 78 с. 
 
 
 
 

 
99 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  деятельность  педагогов,  психологов  и  врачей,  работающих  в 
области профилактики отклонений в развитии человека. Выделяются факторы, которые приводят 
к  формированию  устойчивой  мотивации  к  здоровому  образу  жизни  (ЗОЖ),  как  к  способу 
достижения гармонии (баланса) с окружающим миром. 
 
RESUME 
 
The primary goal of the teachers, psychologists and doctors, working in the area of preventing of 
deviation  in  the  development  of  man.  There  are  the  factors  which  lead  to  the  formation  of  stable 
motivation for the healthy lifestyle as a way of achieving harmony (balance) with the outer world. 
 

 
100 
ӘОЖ 378.147:811.111 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Д.Е. Сагимбаева 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
Г.З. Тажитова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті, магистр 
 
Ж.И. Арыстанбекова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті, магистр 
 
Ағылшын тілі 
сабақтарында 
сыни тұрғыдан 
ойлауды сөйлеуге 
бағытталған іс 
әрекетте қолдану 
 
Аннотация 
Қазіргі  таңда  жоғары  оқу  орнына  түскен 
тілдік  емес  мамандықтардың  бірінші  курс 
студенттері  ағылшын  тілінде  ойларын  білдіруде, 
берілген 
тақырыпты 
талдауда, 
шешімдер 
қабылдауда, жалпы еркін сөйлеуде қиындықтарға 
тап  болып  отыр.  Мақалада  ағылшын  тілі 
сабақтарында 
сыни 
тұрғыдан 
қолдану 
студенттердің  сөйлеу  қабілеттерін  қаншалықты 
артқаны  жайлы  баяндалды.  Мақала  авторлары 
шет  тілін  үйренуде  сыни  тұрғыдан  ойлануды 
қолданудың маңыздылығын атап көрсетеді.  
Түйін  сөздер:  ағылшын  тілі,  сыни  ойлау, 
дамыту, маңыздылық, шығармашылық. 
 
 
Еліміздің  экономикасы  жылдан  жылға 
артып  әлемдік  кеңістікке  бет  бұруда.  Шет 
елдермен  байланыстар  ашылып,  халықаралық 
қатынастар 
артуда. 
Шет 
мемлекеттермен 
байланыс  орнатуда  қолданылатын  тіл  ағылшын 
тілі  болғандықтан  оны  оқытуға  талап  және  оны 
үйренуге деген сұраныс күшейіп отыр.  
Еңбек  нарығы  тек  қана  кәсіби  шебер 
мамандарды  ғана  емес,  сонымен  қатар  шет  тілін 
кәсіби  мақсатта  пайдалана  алатын,  атап  айтсақ, 
кәсіптік 
конференцияларда, 
семинар, 
талқылауларда  шетелдік  мамандармен  еркін 
сөйлесе  алатын,  түрлі  баяндамалар  жасап, 
шетелдік 
әріптестерімен 
хат 
жазысып, 
халықаралық жобаларға және басқа маңызды іс – 
шараларға  қатыса  алатын  мамандарды  қажет 
етеді.  
Елімізде  ағылшын  тілін  оқытудың  негізгі 
мақсаттарының  бірі  бәсекеге  қабілетті  кәсіптік 
бағытта  шет  тілін  еркін  меңгерген  жастарды 
оқыту  болып  табылады.  Білім  беру  орындарында 
ағылшын  тілі  маңызды  пәндердің  бірі  болып 
табылады. Тілді оқыту оқытушыдан жоғары білік 
пен  дағдыны  талап  етсе,  оны  үйрену  оқушыдан 
үлкен дайындық пен жауапкершілікті қажет етеді.  
Орта  мектепті  бітірген  оқушылар  ағылшын 
тілінің 
грамматикасын 
жақсы 
меңгерген, 
ағылшын тіліндегі  оқу, тыңдау материалдарымен 
жұмыс  істей  алады.  Алайда  оқушылар  үшін 
ағылшын  тілінде  еркін  сөйлей  алу  қиындық 
туғызады. 

 
101 
Жоғары оқу орындарында тілдік емес мамандықтардың бірінші курс студенттерінің 
ағылшын тілі сабақтарында студенттердің сөйлеу қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі 
әдіс  тәсілдер  қолдану  өте  маңызды.  Осындай  тиімді  тәсілдердің  бірі  сабақтарды  сыни 
ойлауды қолдану.  
Сыни ойлауды қолдану төмендегі біліктіліктерді арттыруға себеп болады:  
-
 
әр салада үнемі көбейіп және жаңарып отыратын ақпаратпен жұмыс жасау;  
-
 
басқа тұлғалараға қатысты немесе ортаға байланысты шынайы ойын білдіру;  
-
 
өзінің жеке идеяларының, тәжірибесінің негізінде өз ойын дамыта алу;  
-
 
қиын мәселелерді шешу;  
-
 
өз бетімен дайындалуға бейімделу;  
-
 
топпен жұмыс істеуге, дұрыс қарым – қатынас жасауға бағытталу.  
Сыни  ойлау  жаттығулары  студенттерді  қарым-қатынас  жасауда  кездесетін 
мәселелерді  шешуге  септігін  тигізеді.  Сыни  ойлау  студенттердің  тілді  үйренуге  деген 
жағымды  көзқарасын  оятады,  сөйлеуге  бағытталған  мүмкіндіктерін  ашады.  Егер 
студенттерімізге газет-журналдар, мақалалар кітаптар оқуға берсек немесе жаңа сөздерді 
жаттауды  ұсынсақ,  олар  бұл  ұсынысымызға  жағымсыз  қарап,  аса  көңіл  бөлмейді.  Егер 
сыни ойлау әдісін жаңа сөздерді меңгеру мақсатында қолдансақ немесе оқу материалына 
сыни ойлауды енгізсек, олардың көзқарасы және нәтижесі өзгеше болады. 
Ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлауды енгізу студенттердің әрқайсысының жеке 
тұлға  ретінде  қарауларына  көмегін  тигізеді.  Сыни  ойлау  тапсырмаларын  орындауда 
бірнеше  жауаптар,  нәтижелер  және  шешімдер  болуы  мүмкін.  Оқытушы  өзін  көмекші 
ретінде немесе әртүрлі идеялар туындағанда  өзінің дұрыс және әділ баға беруші ретінде 
әрекет жасауы тиіс.  
Берілген зерттеу жұмысымызды тілдік емес мамандықтардың ағылшын тілін оқитын 
екі топтың студенттерінің ағылшын тілінде сөйлеу деңгейі негізінде жүргіздік. Зерттеудің 
бастапқы  деңгейінде  және  соңғы  деңгейінде  екі  топ  студенттерімен  ағылшын  тіліндегі 
сөйлеу деңгейлерін тексеру мақсатында сұхбат алынды.  
Бұл  мақалада  тілдік  емес  мамандықтардың  ағылшын  тілі  сабақтарында  сөйлеу 
әрекетінде  сыни  ойлауды  қолдану  арқылы  студенттердің  ағылшын  тілінде  сөйлеу 
қабілеттерін арттырғанымызды баяндаймыз.  
Соңғы жылдары білім беруде сыни ойлауды қолдану жайлы көп еңбектер жазылып, 
талқылануда,  атап  айтсақ,  оны  жаңашылдығы  және  шет  тілдерін  үйренудегі  қажеттілігі, 
пайдасы. Дегенмен сыни ойлаудың тамыры тереңде жатыр. Ғалымдар Р.Пол және Л.Елдер 
сыни  ойлау  ежелгі  Грециядан  бастау  алып  Сократтың  кезеңінде  жалғасын  тапқан  деген 
шешімге  келеді  [1].  Сократтың  сыни  ойлау  жайлы  идеяларын  батыстың  және  советтік 
ғалымдар  қолдауын  тапқан.  Мысалы,  Л.Выготский  «Білім  беру  психологиясы»  атты 
еңбегінде  кез  келген  ойлау  белгілі  бір  қиындықтарды  шешуге  байланысты  табылған 
жауап екендігін атап көрсетеді [2]. Көптеген батыс зерттеушілері Д.Халперн [3], Ч.Темпл 
[4],  С.Уолтер  [5],  орыс  зерттеушілері  И.Загашев  [6],  И.Муштавинская  [7]  сыни  ойлауды 
оқытушы мен студенттің зерттеу мәдениетінің жоғары деңгейі деп анықтайды.  
С.И.Заир- Бек сыни ойлау технологиясы студенттің шығармашылығына жол ашады 
деп  айтса  [8],  Н.Бордовская  [9]  және  А.Риан [9]  сыни  ойлауды  жаттығудың  бір  түрі  деп 
пайымдайды. А.Рианның ойынша сыни ойлау: 
Біріншіден, студенттердің өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылықтарын дамытуға 
көмектеседі; 
Екіншіден, сыни ойлау ашық, терең, өз бетімен ойлауды арттырады;  
Үшіншіден, әртүрлі ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге себебін тигізеді; 
Американдық ғалым Д.Клустер білім алу  еске сақтаумен ғана байланысты емес, ол 
сонымен  қатар  өз  бетімен  ойлауға  тікелей  байланысты  деп  шешеді.  Автордың  ойынша, 
түсіну сыни ойлаудың алғышарты болып табылады [10]. Д.Клустер сыни ойлаудың төрт 
ерекшелігін атап көрсеткен: 

 
102 

 
Сыни ойлау - өз бетімен ойлау; 

 
Түсінбей, ойламай ақпарат жаңа білім алу мүмкін емес; 

 
Сыни ойлау сұрақ қоюдан және мәселелерді шешуден басталады;  

 
Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау; 
Жоғарыда  берілген  ғалымдардың  сыни  ойлау  туралы  айтқан  шешімдерін 
қорытындыласақ,  сыни  ойлау  студенттерді  шешім  қабылдауға  және  шығармашылық 
қабілеттерін дамытуға көмектесетін тиімді тәсіл болып табылады.  
Университетте  ағылшын  тілі  жалпы  міндетті  модуль  ретінде  барлық  тілдік  емес 
мамандықтарда  жүргізіледі.  Суденттердің  ағылшын  тілі  деңгейлері  әртүрлі  болып 
табылады.  Олардың  кейбіреулері  арнайы  мектептерде  оқып,  ағылшын  тілі  жетік 
меңгерген  болса,  басқалары  жалпы  білім  беретін  орта  мектептерді  тәмамадап  ағылшын 
тілінен білім деңгейлері орташа болып келеді.  
Эксперименттік  жұмысымызды  студенттердің  ағылшын  тілінде  сөйлеу  деңгейлерін 
тексеру  мақсатында  ағылшын  тіліндегі  сұхбаттан  бастадық.  Сұхбатқа  радиоэлектроника 
және  биология  мамандықтарының  50  студенті  қатысты.  Олардың  сөйлеу  деңгейлері 
ағылшын  тілінде  еркін  сөйлеу,  өз  ойларын  білдіру,  грамматикалық  ережелерді  дұрыс 
қолдану,  тілдік  құрылымдарды  пайдалану,  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  тексерілді. 
Студенттер  10  баллдық  шкала  бойынша  бағаланды.  Студенттердің  деңгейлері  лексика  – 
грамматикалық  тест  арқылы  анықталды.  Сұхбат  нәтижесін  төмендегі  кестеден  көруге 
болады.  
 
Кесте 1 Студенттердің сөйлеу дағдыларын тексеру нәтижесі 
Деңгей 
Төмен 
деңгей 
Төмен 
деңгей 
Орта деңгей  Орта 
деңгей 
Жоғары 
деңгей 
Жоғары 
деңгей 
Топ 
БТ 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 
Еркін сөйлеу 
31,25 
43,75 
50 
43,75 
18,75 
12,5 
Өз ойын білдіру  37,5 
43,75 
31,25 
50 
31,25 
6,25 
Грамматика 
43,75 
50 
50 
37,5 
6,25 
6,25 
Тілдік құрылым  43,75 
50 
50 
43,75 
6,25 
6,25 
Сұрақтарға 
жауап 
41,25 
48,75 
45 
42,5 
13,75 
8,75 
 
Жоғарыда  берілген  кестеден  екі  топтағы  студенттердің  ағылшын  тілінде  сөйлеу 
деңгейлері төмен екендігін байқадық.  
Бақылау тобында сабақтар дәстүрлі әдістер арқылы жүргізілді. Эксперименттік топта 
сабақтарымызда  сыни  тұрғыдан  ойлау  жаттығуларын  енгізудің  үш  сатысын  қолдандық. 
Олар: ой толғау, қабылдау және қолдану. 
Бірінші  сатыда  миға  шабуыл,  тақырыпты  алдын  ала  болжау,  кластер  немесе 
проблемалық сұрақтар қолдандық.  
Миға шабуыл – кез келген тақырып бойынша бұрыннан белгілі ақпарат;  
Тақырыпты  алдын  ала  болжау-  кез  келген  тақырып  бойынша  меңгерілетін  білімді 
болжау; 
Кластер – оқу материалын график түрінде жүйелеу, топтау; 
Проблемалық  сұрақтар  –  кез  келген  тақырып  бойынша  шешімі  табылмаған 
сұрақтарға жауаптар іздеу;  
Жоғарыда  көрсетілген  тапсырмалар  студенттердің  жаңа  тақырыпқа  деген 
қызығушылықтарын  арттырып,  берілген  тақырыптар  бойынша  бастапқы  білімдерін 
анықтады.  Студенттер  бұрын  меңгерген  білімдерін  жаңадан  алған  ақпаратпен 
байланыстыра алды. Студенттер жаңадан алған білімдеріне сыни түрде ойланып, алғашқы 
қорытындылар жасай алады. 

 
103 
Екінші  сатыда  студенттер  түсінбеген  материалға  көңіл  бөліп,  бұрын  меңгерген 
білімдерін жаңа ақпаратпен ұштастырып, салыстырып, сұрақтар қойып немесе сұрақтарға 
жауап  беріп,  ненің  қажет  немесе  пайдалы  екендігін  анықтап,  талдау  жасауға  және 
салыстырып,  өз  ойларын  білдіруге  дайындалады.  Бұл  кезеңде  орындаған  жаттығуларға 
идеал, ой картасы, инсерт жатады.  
Идеал – берілген ақпараттан ең дұрысын таңдап, өзінің жауабын дәлелдеу
Ой картасы – берілген ақпарат негізінде мақсатқа жету үшін өз ойын жүйелеу; 
Венн  диаграммасы  –  екі  затты  алып,  олардың  ерекшеліктері  мен  ұқсастықтарын 
салыстыру;  
Үшінші  кезең  бойынша  студенттер  бастапқы  екі  кезеңде  орындаған  жаттығулар 
арқылы  меңгерген  жаңа  білімдері  жайлы  ойланып,  топтағы  студенттермен  пікірталасқа 
түсіп,  өздерінің  жеке  ойларын  білдіріп,  тақырыпты  талдауға  қатысып,  проблемаларды 
шешуге қатысады.  
Эксперименттік  жұмыс  соңында  бақылау  және  эксперименттік  топ  студенттерімен 
зерттеуіміздің  практикалық  бөлімінің  бастапқы  кезеңінде  жүргізілген  сұхбат  қайта 
жүргізілді.  Сұхбат  нәтижесі  бойынша  бақылау  тобының  студенттерінің  білім  деңгейі  
18%-ға  артқан,  эксперименттік  топ  студенттерінің  сөйлеу  қабілеттері  әлдеқайда 
артқандығын байқадық. Сұхбат нәтижесін төмендегі кестеден көруге болады.  
 
Кесте 2 Студенттердің сөйлеу дағдыларын тексеру нәтижесі 
Деңгей 
Төмен 
деңгей 
Төмен 
деңгей 
Орта деңгей  Орта 
деңгей 
Жоғары 
деңгей 
Жоғары 
деңгей 
Топ 
БТ 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 
Еркін сөйлеу 
18,75 
37,5 
56,25 
50 
25 
12,5 
Өз ойын білдіру  18,75 
37,5 
56,25 
50 
25 
12,5 
Грамматика 
12,5 
37,5 
62,5 
43,75 
25 
18,75 
Тілдік құрылым  25 
43,75 
50 
43,75 
25 
12,5 
Сұрақтарға 
жауап 
25 
43,75 
43,75 
50 
31,25 
6,25 
 
Берілген  кестеден  эксперименттік  топ  студенттерінің  ағылшын  тілінде  сөйлеу 
деңгейлерінің  артқаныдығын  көре  аламыз.  Ағылшын  тілі  сабақтарында  студенттердің 
ағылшын тілінде сөйлеу деңгейлерін көтеру мақсатында сыни ойлауды қолдану олардың 
жаңа  ақпаратты  меңгерулеріне,  бұрынғы  білімдерін  пысықтап,  жаңа  материалмен 
ұштастырып,  өздігінше  шешім  қабылдай  алуға,  ағылшын  тілінде  өз  ойларын  еркін 
білдіріп, тақырыпты талдауға қатысуға жол ашады. Сабақтарда сыни ойлау төменгі деңгей 
студенттерінің ашылуына, өз беттерімен жұмыс істеуге талпынуларына себебін тигізеді.  
Зерттеу  жұмысымызды  қорытындылай  келе,  ағылшын  тілі  сабақтарында  сыни 
ойлауды студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу деңгейлерін көтеру  мақсатында қолдану 
тиімді  тәсілдердің  бірі  болып  табылады.  Сабақтарда  үш  сатылы  жаттығуларды  енгізу 
студенттердің  ағылшын  тілінде  еркін  сөйлеп  үйренулеріне,  жаңа  тілдік  материалды 
меңгерулеріне, өз ойларын білдіріп, тақырыпты талқылауға қатысуларына септігін тигізді. 
Алайда  біз  ұсынған  жаттығулар  ағылшын  тілін  төмен  деңгейде  меңгерген  студенттердің 
білім  деңгейлерін  сәл  көтеруге  себеп  болғанымен,  аталған  жаттығуларды  орындау  олар 
үшін  қиын  болды.  Сондықтан  әрдайым  студенттердің  білімін  көтеруге  және  олардың 
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді іздегеніміз жөн.  
 
 
 
 
 
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет