Еткеннің 2016 жыл №72 (7992)



жүктеу 64.57 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі64.57 Kb.
#12967

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

ТАҒДЫРҒА 

ТӘУ 

ЕТКЕННІҢ


2016 ЖЫЛ

№72 (7992)

14 ҚЫРКҮЙЕК

СӘРСЕНБІ

Қасиетті күні аудан басшысы адамзатқа па-

рыз  етілген  Құрбан  айт  намазын  оқуға  сапқа 

тұрды.  Одан  кейін  жаңақорғандықтарды  Ұлық 

мерекемен құттықтады.

–  Ізгілік  пен  мейірбандықтың,  имандылық 

пен инабаттылықтың нышаны болатын мереке 

адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа 

үндейді. 

Мереке 


адамдар 

жүрегіне 

жақындарына  деген  сүйіспеншілікті  ұялатып, 

адамгершілік 

құндылықтарды 

нығайтып, 

көмекке  мұқтаж  жандарға  қамқорлық  жасауға 

жетелейді. Ең  бастысы рухани дәстүрлерге ба-

улиды.  Сондықтан,  айт  мерекесін  мемлекеттік 

қызметкерлер  ерекше  атап  өтуге  бастамашы 

болуды ниет тұтты, – деді Ғ.Әмреев.

Аудандық  орталық  мешіттің  бас  има-

мы  Сайдулла  қажы  Омаров  аудан  басшылығы 

қайырымдылық  пен  қомқорлықты  насихат-

тайтын  мерекеге  ерекше  ықылас  танытуы 

жақсылықтың нышаны екенін сөз етті. Сондай-

ақ, Ұлық мерекеге орай аудан әкімі тұңғыш рет 

көпшілікке дастархан жайып, ас беретінін айт-

ты.

Аудан 


тұрғындарын 

мерекемен 

құттықтаушының  бірі  –  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Зинабдин  Шермағамбетов. 

Құрметті  ақсақал  Құрбан  айт  мейірімділікке, 

мейірбандылыққа  шақыратын  мереке  екенін 

айтып,  Ұлық  күні  жасаған  игі  амалдар  сауап-

ты  болуын,  ағайын-туыс  арасындағы  береке-

бірліктің арта түсіп, Қазақстанның кемелді бо-

луын сөз етті.

Айт 

мейрамы 


адамдар 

арасындағы 

бауырмалдылық  қасиетін  аттырып,  рухани 

тұтастықты  күшейтудің  жолы.  Осы  мақсатта 

аудан  басшысы  өз  жеке  қаржы  есебінен 

қайырымдылық  акциясына  ұйытқы  болып,  ау-

дан орталығындағы аз қамтылған отбасыларды 

азық-түлікпен қамтыды. 

Сондай  жанның  бірі  татар  ұлтының  өкілі, 

жалғыз  басты  қарт  –  Мазина  Нафикова.  Қарт 

анаға сәлем бере барған Ғалым Махмұтбайұлы:

– Мейрам құтты болсын!

– Рақмет, қарағым.

– Денсаулығыңыз қалай?

– Құдайға шүкір! 

– Сізге қарап тұратын әлеуметтік қызметкер 

бар ма?

–  Муза  Оразалиева  деген  күтуші  қажетті  



жуып-шайып, ас әзірлеп береді.

–  Айт  игі  іс  жасауға  үндейтін  мереке  ғой! 

Осы себепті қажетті азық-түліктерді тарту етуді 

мақсат еттік. 

– Жалпы, қазақ қоғамы жомарт, қайырымды 

келеді. Оны өмірде көріп те, сезініп те келемін. 

Қайырымды  басшының  ізгілікті  ісі  көпке  үлгі 

болсын. Өрге жүзген өнегелі ісімен істе қалатын 

басшы болуыңызға тілектеспін. Басшы мен қарт 

осылайша емін-жарқын әңгіме-дүкен құрды.

Жалпы, қайырымдылық акциясы аясында 30 

отбасыға  (аз  қамтылған  отбасы  мен  мүмкіндігі 

шектеулі жан және жалғыз басты қарт) ұн, қант 

және күнбағыс майы таратылды.

Айта  кететіні,  Құрбан  айт  мерекесіне  орай 

кент  орталығындағы  Хорасан  ата,  Хиссамид-

дин  Сығанақи  және  Құм  сақаба  мешітінің 

жамағаты  орталық  алаңға  киіз  үй  тігіп, 

жұртшылыққа  ас  берді.  Сонымен  қатар,  бір 

күн бойы орталық саябақ пен орталық алаңда 

барша  бүлдіршіндерге  тегін  ойын  алаңы 

ұйымдастырылып,  сыйлықтар  мен  тәттілер  та-

ратылды.  Ал,  кент  тұрғындары  үшін  күн  бойы 

3 микроавтобус пен 10 такси халыққа тегін 

қызмет етті. Осындай қайырымдылық шара-

ны ұйымдастырған иманжүзді азаматтарға 

Ғалым  Махмұтбайұлы  өз  ризашылығын 

білдірді. 



ХАЛЫҚТЫҢ ПЕЙІЛІ

Айт  –  ағайын  арасын  жақындастыра 

түсетін,  адамзат  баласын  имандылыққа 

ұйытып,  қанағат  пен  тәубеге  шақыратын 

ұлық  мейрам.  Бұл  күндері  барша 

мұсылман құрбан шалумен ғана емес, Ұлы 

Аллаға  ұнамды  әрбір  ізгі  амалы  арқылы 

Раббысының 

разылығына, 

рақымына 

жақындай  түседі.  Биыл  осындай  игі 

шараларға куә болдық.

Сондай  игі  шараның  бірі  Қожакент 

ауылындағы  «Молдахан  ата»  мешітінде  айт 

намазы  оқылғаннан  кейін,  мешіт  жанынан 

құрбандық шалынды. Кәсіпкер Изатулла Үсенов 

бір  ірі  қара,  Мейрам  Әбітаев  екі,  Шакон  Ма-

дияров  пен  Өтеген  Нақышпанов  бір-бірден 

уақ  мал  сойып,  30  отбасыға  (тұрмысы  төмен 

және  жалғыз  басты  аналар,  асыраушысынан 

айырылған  отбасылар)  таратты.  Сондай-ақ, 

Жанка  Шыныбеков  мешіт  жанында  дастархан 

жайып,  ас  берді.  Ауылдық  округтегі  маңызды 

шаралардың  жоғары  деңгейде  өтуіне  Мұқай 

(Мұхтар) Бұрханов атсалысты. Бұл күні мешітте 

тек  қайырымдылық  шарасы  ғана  емес,  қазақ 

күресі, қол күрес, арқан тарту мен шағын фут-

болдан мықтыларды анықтады. 

Мұндай игілікті шаралар ауылдық округтер-

де  де  көрініс  тапты.  Атап  айтқанда,  ақүйіктік 

Рахымбаба  Құтыбаев,  Дәуіт  Мейірбек,  Еркін 

Қалекеев  пен  Бақыт  Берділлаев  уақ  мал-

ды  құрбандыққа  шалып,  ауылдастарына  та-

ратты.  Көпшіліктің  тілеуін  алуға  асыққанның 

бірі  төменарықтық  Оразәлі  Шәдімхан.  «Биыл 

ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығымен  орайлас 

келген  мүбәрак  мерекенің  орны  бөлек.  Бұл  – 

елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен 

қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан 

шалу  кісіні  шүкіршілік  пен  тәубаға,  аманатқа 

адалдық  пен  сертке  беріктікке  шақырады. 

Бұл  күнгі  амалдарға  мол  сауап  жазылады. 

Сондықтан,  шалынған  құрбандықты  көрші-

қолаңға үлестіріп бердім», – деді О.Шәдімхан. 

Айта 

кетерлігі, 



жаңақорғандық 

кәсіпкерлердің  әлеуметтік  жауапкершілігі  ар-

тып  келеді.  Оның  дәлелі,  жас  кәсіпкер  Ораз-

ай Қалымбетов 40  дана жазғы аяқ киімді №3 

мектеп-интернатының оқушыларына сыйлады. 

– Кәсіптің өркендеуі елдің ыстық ықыласына, 

қолдап,  демеуіне  байланысты  өркендейді. 

Осы  себепті,  өндірістен  шыққан  аяқ  киімдерді 

балғындарға  сыйға  тарттым.  Алда  қысқы  топ-

тамамен  шыққан  аяқ  киімдермен  қамтамасыз 

етемін.  Әрі  қыз  балаларға  арнайы  тіктірем,  – 

деді жаны жомарт кәсіпкер. 



ТҮЙІН.  Қайырымдылық  –  тек  қоғамда 

әлеуметтік ынтымақтастық атмосферасын құру 

үшін  ғана  маңызды  емес.  Қайырымдылық  – 

Қазақстанның  болашағы  үшін  өте  маңызды 

болып  табылатын  экономикаға  әлеуметтік 

сипат  беретін  әкімшілік  тәсілмен  либералдық-

нарықтық  балама.  Олай  болса,  Қазақстанның 

«Мәңгілік  Ел»  ретінде  өмір  сүруге  қақы  бар. 

Себебі, қайырымды қоғам қалыптасып келеді.

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН 

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР АЙРЫҚША ДАЙЫНДА-

ЛЫП, ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ. ЖЕР-ЖЕРДЕ ІРІ 

ҚАРА МЕН УАҚ МАЛ ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫ-

НЫП, АҒАЙЫН-ТУЫС, КӨРШІ-ҚОЛАҢҒА ТАРА-

ТЫЛДЫ. МҰНДАЙ ИГІ ШАРАҒА АУДАН ӘКІМІ 

ҒАЛЫМ ӘМРЕЕВ ОРТАҚТАСЫП, ТҰРМЫСЫ 

ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗДЫ. 

ЕРІНГЕ ТИЕДІ

ЕРІНГЕ ТИЕДІ

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ, 

Ерубай ҚАЛДЫБЕК. 

Күз – ырысты, берекелі мезгіл. Себебі кет-

пен шау¬ып, орақ орған шаруа алажаздайғы 

табан  ақы,  маңдай  терінің  өнбегін  өндіретін 

шақ. Бір сөзбен айтқанда, жиын-терім қызған 

науқан  тұсы.  Бұл  –  тауық  пен  балапанды, 

балық  пен  шабақты  және  тағы  басқаны  са-

найтын  сәт.  Қоңыр  күз  кірпік  қаққан  шақта 

Қыркеңсе ауылына жол түсті. Ондағы мақсат – 

аудандағы ірі ауылшаруашылық құрылымның 

бірі «Мырзабай» шаруа қожалығына қарасты 

күріштіктің  бітімі  қалай,  қырманға  қанша 

дәнді  дақыл  жиналғанын  көзбен  көріп, 

көңілге тоқу.

 

МАҚАЛАНЫҢ 



ТОЛЫҚ 

НҰСҚАСЫН 

ГАЗЕТТІҢ КЕЛЕСІ НӨМІРІНЕН ОҚИСЫЗДАР

АҢДАТПА

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ:

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 

САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС

ТҮЙЕ

1392

12260

245744

2015 жылы аудан 

кәсіпкерлері «Сыбаға» 

бағдарламасына 

қатысу көрсеткіші бой-

ынша республикада – 

26, облыста – 1 орынға 

тұрақтады.



ҚОЙ МЕН ЕШКІ

52357

МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА

ЖЫЛҚЫ

2015  жылдың  қорынтындысы  бойынша  қой  басы  –  110,3, 

жылқы басы – 111,9, түйе басы – 108,2 пайызға көбейген.

ТАУЫ БИІК



Өмір деп аталатын өзен-

ағыста қанағатынан қасиет тау-

ып, қарапайым ғана ғұмыр кешіп 

жатқан отбасылар бар. Олардың 

жасампаздығы сонда, жағалауы 

бір, жалауы ортақ кемеде бір 

тілекпен, бір мүддемен бас 

біріктіріп, бақыт мекеніне бағыт 

түзейді. Сондықтан да болар

мұндай жанұялардың түтіні түзу, 

керегесі нық, келешегі де кемел. 

Баян ҮСЕЙІНОВА.

Қуатты  қоғамның  қазығын  қадайтын 

дәстүріне  берік  әлеуетті  әулеттердің  көп  бо-

луы  егемен  еліміздің  көсегесін  көгертіп, 

босағасын  бекемдей  түсері  хақ.  Соңғы 

жылдары  ұйымдастырылып  келе  жатқан 

республикалық  «Мерейлі  отбасы»    ұлттық 

байқауы  осы  мақсатты  көздейді.  Байқау 

мақсаты  –  көп  балалы,  үлгілі,  өмір  өткелінде 

өнегесі  мол,  танымал  тұлғаларды  тәрбиелеп 

шығарған шаңырақтарды анықтап, мәртебесін 

көтеру болып табылады. 

Биылғы 

байқаудың 



ақтық 

кезеңі 


қыркүйектің  12  жұлдызында  мәреге  жетті. 

Біздің  ауданнан  Астанаға  жолдама  алған 

Сыздықовтар  отбасы  облыс  бойынша  сынға 

түскен  29  отбасы  арасынан  топ  жарып, 

жүлдегер  атанған  болатын.  Республика  бой-

ынша  14  облыс  және  Астана,  Алматы  қаласы 

бойынша  16  жүлдегер  қатарында  Қызылорда 

облысы атынан Сыздықұлы Әбілпатта атамыз 

немересі екеуі Астананың төрінде Мемлекеттік 

хатшы    Гүлшара  Әбдіхалықованың  қолынан 

«Мерейлі  отбасы»  Ұлттық  байқауының 

жеңімпазы  сертификаты  мен  дипломын  және 

Тұңғыш  Президент  қорынан  тағайындалған 

300  мың  теңге  сыйақыны  еншіледі.  Марапат-

тау  рәсімінде  14  ұл-қыз    өрбіген  отбасының 

мүшесі,  республикаға  белгілі  айтыскер 

ақын  Әбілқайыр  Сыздықовтың  есімі  ерекше 

дәріптеліп, Астана жұртшылығын елең еткізді. 

«Баласы бәйге шапса, анасы тақымын қысар» 

дегендей,  атағымыз  аспандап,  атымыз  озып 

жатқанға  біз  де  шаттанып,  мерейіміз  өсіп 

қалды. Бір өкініштісі, байқаудың басы-қасында 

алтын босағасының жеңісіне ақ тілеуімен тая-

ныш болған отбасының отанасы – Асма апаға 

бұл қуанышты күнді көруді тағдыр жазбапты. 

Бірақ, шаңырақтың туы сол биігінде. 

Ұзақ  жылдар  аудандық  су  шаруашылығы 

мекемесінде  абыройлы  еңбек  еткен,  бүгінде 

қадірменді  зейнеткер  Әбілпатта  атамыз: 

Өмірімде атақты болуды, ат шығаруды мақсат 

еткен емес едім, бірақ халық қолдап-қоштап, 

қошеметтеп жатқанда жанарыма жас үйіріліп, 

өмір  бойы  көрген  бейнетім  ұмытылғандай 

болғаны  рас.  Менің  отбасымның  өнегесі 

озық  өмір  талабымен  өзектесіп,  туған  жердің 

даңқын асырып жатса, одан асқан мәртебе бар 

ма? Мен осыған қуанамын, – дейді ағынан жа-

рыла.


Иә, 46 немере, 26 шөбере өсіп-өніп жатқан 

үлкен әулеттің бақытты күндері әлі алда. 

Кентте  қазақ  руханияты  мен  мәдениетіне  өлшеусіз  үлес  қосқан 

Бексұлтан  Байкенжеевтің  атында  көше  бар.  Орталық  стадионға  қарай  ба-

рар  жолдағы  тозығы  жеткен  көшенің  ой-шұқыры  тұрғындардың  ең  басты 

мәселесіне  айналғаны  қащан?  Өз  кезегінде  атқарушы  билік  мәселеге  бей-

жай қарамайтынын аңғартып, жолды заманауи тұрпатқа сай жөндеуге кірісті. 

Шыны керек, көптен күттірген көшедегі техниканың тынысы тұрғындардың 

көңіліндегі күдікті сейілтті.    

Иә,  «бітер  істің  басынан  жақсы  табылар  қасынан»  демекші  аталмыш 

мекен  жұмысының  мән-жайын  білмекке  кент  әкімшілігіне  бас  сұқтық.  Кент 

әкімінің  бас маманы Болат Айдарбековтың айтуынша, көшеге орташа жөндеу 

жұмыстары  жүргізілу  үшін  жергілікті  бюджеттен  көше  құрылысына  23  млн. 

815  мың  теңге  бөлініпті.  Бүгінгі  таңда  жол  бойында  жөндеу  жұмыстары  

қарқынды жалғасуда. 

– Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Ақ жол» ЖШС жеңімпаз 

атанды. Әрине, мердігер компания белгіленген талапқа сай жұмысты жүйелі 

атқаратынына сенім мол.    

Сондай-ақ, жоспарға сай «Қошқаров» пен «Аманкелді» (Құм сахаба зи-

ратына  дейін  аралық)  көшесіне  де  жөндеу  жұмысы  жүргізіледі.  Нақтырақ 

айтсақ, Қошқаров көшесіне 25 млн. 702 мың теңге қаралып отыр. «Өлі разы 

болмай тірі байымайды» демекші Құм сахаба зиратына барар жолға бюджет-

тен 12 млн. 11 мың қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмысы толық жүргізіледі, 

– деді бас маман.

Осындай  сәтті  пайдаланып  тұрғындардың  қуанышымен  бөліскенді  жөн 

көрдік. 


–  «Б.Байкенжеев» көшесінде тұратыныма 20 жылдай болды. Кейінгі кез-

де жолдың келбеті көңілді көншітпей жүр еді.  Бұған шексіз қуаныштымыз. 

Әсіресе,  қыс  және  күз  айында    балалардың  аяқ  киімі  балшыққа  шыдас 

бермейтін. Енді, биылдан бастап жаңа жолмен жүретін болады, – дейді көше 

тұрғыны Айгүл Өтегенова.

Иә,  көпшілік  халық  жөндеуін  күткен  Б.Байкенжеев  көшесі  де  жаңаруға 

жақын.  Алысты  жақындатқан  көше  тұрғындарының  бойынан  қуаныштың 

жылы лебін байқадық. Алдағы уақытта жөндеу толық аяқталысымен,  күре 

жолдың бойы кенттің одан әрі көркін келтіре түспек. 

Айта кететіні, кент орталығындағы сан жылдардан бері тегіс жол төселіп, 

асфальт  көрмей,  тозығы  жеткен    М.Әуезов    көшесі  де  бүгін  адам  таныма-

стай  жаңа  кейіпте.  Ұзына  бойы  созылған  үлкен  көшеге  бүгінде  бастан-аяқ 

асфальт төселіп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Қашанда бұрқыраған 

шаңымен  көрінетін  аталмыш  көшенің  жөндеу  жұмысы  үшін  тұрғындардың 

айтқан алғысы алғаусыз. 

Бұл ғана емес, «Асанов» пен «Ордакент» көшесін жөндеуге тиісті қаржы 

бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

P.S.: Мақсат – жан-жақты дамыған, жаңарған Жаңақорғанға қол жеткізу 

болса, бүгінде бұл межені бағындыруға бар күш-жігер салынуда. Жергілікті 

билік кент көшелерінің сәні салтанатына сай болуы үшін аянып жатқан жоқ. 

Мұның айқын белгісі – кенттегі жаңарған көрікті көшелер. 

КЕНТТІҢ           

    КӨРКІ 

       КЕҢ

КӨРІКТІ КӨШЕ – КЕНТ КӨРКІ. РАСЫНДА АУДАН 

ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ САНАЛАТЫН КЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІ 

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫНА ЫҢҒАЙЛЫ БОЛЫП, 

ЗАМАНҒА САЙ АБАТТАНЫЛУЫ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ. БҰЛ 

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕНІ ОБЛЫС БАСШЫСЫ ҮНЕМІ НАЗАРДА 

ҰСТАП, КЕРЕКТІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ БЕРІП КЕЛЕДІ. БҮГІНДЕ 

АТАЛМЫШ ТАЛАПҚА САЙ БІРҚАТАР ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТЕР  

НӘТИЖЕСІН БЕРДІ. ОНЫҢ ДӘЛЕЛІ, ҚОНЫСТАҒЫ БІРНЕШЕ 

КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, 

КЕЙБІР КӨШЕЛЕРГЕ АЛҒАШ РЕТ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ. ЕНДІ 

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ЕСКІ ЖОЛДЫҢ ӘЛЕГІНЕН ҚҰТЫЛЫП, 

ЖАҢА ЖОЛДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРЕ  БАСТАДЫ.

КӨШЕ

Ханзада ДОШАН.

Дән – дария



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> -
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 64.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет