Етістік Етістік



жүктеу 37.49 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.04.2017
өлшемі37.49 Kb.

Етістік

 

Етістік

  -  қазақ  тіліндегі  сөз  таптарының  ішіндегі  ең  күрделі  және 

қарымы ең кең грамматикалық категория. 

Морфологиялық сипаттары 

Морфологиялық  құрылымы  жағынан  етістіктер  жалаң  етістіктер  мен 

күрделі етістіктер

 деп аталатын екі салаға бөлінеді. 



Жалаң етісітіктер

 

Жалаң  етістіктер  құрылымына  қарай  түбір  етістіктер  және  жұрнақ 

арқылы  жасалған  туынды  етістіктер  деген  екі  топқа  жіктеледі.  Жалаң 

етістіктер  мысалы:  ек,  жек,  оқы,  жаз,  кел,  аяқта,  баста,  қолда,  арала, 



сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. т. 

Түбір етістіктер

 

Түбір  етістіктер  деп  арнаулы  морфологиялық  бөлшектері  жоқ,  демек, 

қазіргі  кезде  морфологиялық  жағынан  түбір  және  жұрнақ  деп  бөлшектеуге 

болмайтындай  етістік  формалары  аталады.  Мысалы: аз,  ал,  айт,  алда,  арба, 



ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, 

ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, 

илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б. 

Бірақ,  өзге  түбір  сөздер  сияқты,  етістік  түбірі  де  тарихи  дамып 

отырғандықтан,  олардың  қатары  да  бірте-бірте  толығып,  көбейіп  отырған, 

сол  себептен  түбір  етістіктердің  ішінде  бұрын  ұзақ  замандар  бойы,  туынды 

сөз  есебінде  жұмсала-жұмсала  келіп,  бірте-бірте  түбірі  мен  жұрнағын 

ажыратуға  болмайтындай  болып  кеткен  сөздер  бар.  Мысалы,  жоғарыдағы 

етістіктердің  ішінен:  айт  (ай+т),  алда  (ал+да),  байл

а  (бай+ла,  бау+ла), 

бақырай  (бақ+ырай), жыла  (йығ+ла), баста  (бас+та) дегендерді, сондай-ақ 

тоқта  (тоқ+та),  тоқыра  (тоқ+ыра),  болыс  (бол+ыс),  сөйле  (сөз+ле),  тула 

(ту+ла),  шегін  (шек+ін),  шегер  (шек+ер)  т.  т.  тәрізді  қазіргі  шақта  түбір 

саналып  жүрген  етістіктерді  алсақ,  жақша  ішінде  көрсетілгендей,  әуелгі 

түбір 

сөздер 

мен 

ж

ұрнақтардан 

кейбіреулері 

деформалан

бай-ақ, 

кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен. 

Туынды етістіктер

 

Туынды  етістіктерге,  әдетте,  түбірлерден  арнаулы  жұрнақтар  арқылы 

жасалған  етістіктер  жатады.  Туынды  е

тістіктерді  тиісті  т

үбірге  және 

жұрнаққа  бөлшектеуге  болады,  бірақ  ол  туынды  тұлға  есебінде  қолданыла 

береді.  Мысалы:  ой+ла, 

той+ла, 

тер+ле, 

с

үр+ле, 

ем+де, 

к

өз+де, 

тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей


Есім негізді етістіктер

 

Есім  негізді  етістіктерге  етістіктерден  өзге  сөз  таптарынан  жасалатын 

етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе 

зат есімнен

сын 


есімнен

үстеулерден



еліктеуіш сөздерден

, әредік 

одағайлардан

 жасалады. 

Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар: 

1.

 

-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы; 



2.

 

-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы; 

3.

 

-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы; 



4.

 

-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы; 

5.

 

-а (-е) жұрнағы; 



6.

 

-ай (-ей, -й) жұрнағы; 

7.

 

-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы; 



8.

 

-ар (-ер, -р) жұрнағы; 

9.

 

-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы; 



10.

 

-ық (ік) жұрнағы; 

11.

 

-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары; 



12.

 

-сын (-сін) жұрнағы; 

13.

 

-сыра (-сіре) жұрнағы; 



14.

 

-ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы; 

15.

 

-ырай (-ірей) жұрнағы; 



16.

 

тек  белгілі  бір  есімдерден,  кейбіреулері  тек  санаулы ғана  есімдер  мен 



етістіктерден  туынды  етістік  жасайтын  әрі  көне,  әрі  маңдымсыз 

жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:  

o

 

-ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.) 



o

 

-шы, -ші 

o

 

-ан, -ен, -ын, -ін, -н 



o

 

-ырқа, -ірке 

o

 

-ырқан, -іркен 



o

 

-ына, -іне 

o

 

-қа, -ке, -ға, -ге 



o

 

-ди, -тый, -ти 



Етістік негізді етістіктер

 

Бұл  салаға  етістік  негіздерінен  арнааул

ы  жұрнақтар  арқылы  жасалатын 

туынды  етістіктер  енеді.  Бұл  жұрнақтарды  семантикалық  ерекшеліктеріне 

қарай екі салаға бөлуге болады. 

 



Бірінші  тобына  өзі  жалғанатын  етістік  негіздерінің  мағыналарына 

амалдың  жиілену, 

еселену,  қайталану,  үстемелену, 

солғындау 

сипаттарын  білдіретіндей  рең  жамайтын  жұрнақтар  жатады,  олар, 

шартты  түрде,  амалдың  өту  сипатын  білдіретін  ж



ұрнақтар

  деп 


аталады.  

1.

 

-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) 

2.

 

-қыла (-кіле, -ғыла, -гіле) 



3.

 

-мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле) 

4.

 

-ғышта (-қышта, -кіште, гіште) 



5.

 

-ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре) 

6.

 

-ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре) 



7.

 

-ыстрыр (-істір, -стыр, -стір) 

 

Екінші  тобына  өзі  жалғанатын  етістік  негізінің  мағынасына  амалдың 



субъектіге  қатысын  білдіретіндей  реңк  жамайтын  жұрнақтар  жатады, 

олар  етіс 



жұрнақтары

  деп 


аталады. 

Ерекшелігіне  қарай, 

бұл 

жұрнақтар 



етіс  категориясының

  арнаулы  формалары  болып  саналады 

да, етістердің көрсеткіштері делініп танылады.  

1.

 



-ыс (-іс, е) 

2.

 



 

3.

 



-тыр (-тір, -дыр, -дір) 

4.

 



-қыз (-ғыз, -кіз, -гіз) 

5.

 



-ыл (-іл, -л) 

6.

 



-ын (-ін, -н) 

Күрделі етістіктер

 

Күрделі етістіктердің түрлері: 

 

Құранды етістік 



 

Құрама етістік 



 

Сараламалы етістік 



 

Суреттеме етістік 



 

Тұрақты етістік 



Құранды

 етістік 

Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші 

етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. 

Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б. 



Құрама

 етістік 

Бұл  етістіктердің  әрбір  компонентінде өзді-өзіне  дербес  лексикалық  мағына 

бар  және  әрқайсысының  осы  мағыналары  бір-бірінен  кем  емес,  бір-бірімен 

парапар я тең түседі. 



Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып 

кет, ала кет, келіп кет т. б. 

 

Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 37.49 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет