Еспенбетов бекмҰрат ЖҰмашұлы қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыру



жүктеу 89.13 Kb.
бет1/11
Дата13.05.2022
өлшемі89.13 Kb.
#19848
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Шалдар Алтынай Диплом 2022ж
практика пример Мырқат А, Кәсіптік окыту әдістемесі лекция

ӘОЖ 78.6:746.42/439(574 ) Қолжазба құқығында


Еспенбетов бекмҰрат ЖҰМАШҰЛЫ
Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыру
(айшықты ши тоқу мысалында)

Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттіліктерін қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан − 2030» стратегиялық Жолдауында айтылған: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденіп дамиды, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деген пікірінің мәніне үңілетін болсақ, елдің жарқын келешегінің келбетімен қатар, сол келешекке жету жолында шешілуге тиісті міндеттердің бірін айқын көре аламыз. Ол міндет − ұлттық құндылықтарымыз – бабалар дәстүрлерін сақтап әрі дамыта отырып, тәуелсіз Қазақстан экономикасын дамытатын білікті кәсіби маман даярлау болып табылады. Бұл міндеттің мәні ұлттық дәстүрлер мен өркениет жетістіктерін сабақтастыра дарытатын кәсіби құзіреттілігімен арттыратын, әрі патриот, әрі ізгі ұрпақ тәрбиесімен айқындалмақ. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «…білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруы» атап көрсетілген. Ұрпақ тәрбиесін ұлттық мүддеден, ұлттық мұраттан бөле-жара жүзеге асыру мүлдем мүмкін емес. Ел келешегінің қандай болмағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты. Ал бұл орайда назарға алынуға тиісті факторлар аз емес. Солардың бірқатары ұлттық мәдениетпен өзектесе танылады. Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері: Қ. Жарықбаевтың, С.К. Қалиевтың, К.Ж. Қожахметованың, Ж.Ж. Наурызбайдың, Ә. Табылдиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, қолданбалы салалары бойынша Қ. Бөлеевтің, Р.Қ. Дүйсембінованың, сонымен қатар Р.М. Айтжанованың, С.Қ. Әбілдинаның, Ш.М. Мұхтарованың, Қ.А. Сарбасованың, Л.С. Сырымбетованың және т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды. Бұл қатарда кезек күттірмес мәселелердің бірі халық өнерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты танып-білу, нәтижеде оның жетіле түсуіне, кең арнада дамуына жол табу болып табылады. Сонымен қатар зерттеудің негізгі идеясы «Білім туралы», «Цифрлық Қазақстан» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қағидаттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық бірлік және жүйелі реформалар-өркендеудің берік іргетасы» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары негізге алынады. Жалпы ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту міндеттерді орындаудың қажеттілігіне айналатын кез-келген кәсіби саладағыдай сәттілікке жетудің маңызды шарты болып табылады. Технологиялық құзіреттіліктің жоғары деңгейде болуы біздің заманымыздың өзекті талабы болып табылады, кәсіби педагогикалық қызметті сәтті жүзеге асырудың негізін құрайды, кәсіби сипаттағы міндеттерді орындау барысында бұл зерттеу мәселесінің өзектілігін растайды. Сондықтан, жалпы технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру замануи білім беру жүйесінің неғұрлым өзекті және маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. [1]
Халықтық өнер төңірегінде сөз қозғап, оның түрлері мен үлгілері, кәсіби-көркемдік дәстүрі, өкілдері жайында ой өрістетіп, ғылыми құнды пікірлер айтқан, дәлелді тұжырымдар тиянақтаған зерттеулердің төл топырағымызда да, іргелес елдерде де бар екендігін жоққа шығар алмаймыз. Әсіресе, қазақ халқының қолөнеріне байланысты арнайы зерттеулер жүргізіп, салиқалы ой-пікірлер түйіндеп, қоғамдық-әлеуметтік ортада халықтық өнерге деген жаңаша көзқарас туындатып, қалыптыстыруда К. Ақышевтың, Х. Арғынбаевтың, Ө. Жәнібековтың, С. Қасимановтың, Ә. Марғұланның т.б. еңбектерін ерекше атай отырып, аталған ғалымдардың ісін әрі қарай дамыта жалғастырған Ш. Әбдуалиеваның, М. Әлімбаевтың, Т. Бәсеновтың, М. Мұқановтың, К. Ыбраеваның т.б. зерттеулерінің мәні зор. Бұл ретте халықтық өнер мәселелерін еңбек және эстетикалық тәрбиемен байланыстыратын А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский сияқты белгілі орыс педагогтарының еңбектерін де ескермеске болмайды. Сондай-ақ, М.С. Каган, Б.В. Нешумов, А.Б. Салтыкова, С.М. Темерина, А.К. Чекалов т.б. да авторлардың еңбектерінде халықтық сәндік-қолданбалы өнердің тарихи-теориялық мәселелері қарастырылса, кейінгі кезеңде эстетикалық тәрбие мен кәсіби-көркемдік білім берудің теориясы мен әдістеріне байланысты ой-пікірлер Т.В. Беданың, Т.С. Комаровтың, Л.Б. Медведевтың, Н.Н. Ростовцевтың, Н.П. Сакулинаның, А.С. Хворостовтың, Т.Я. Шпикалованың зерттеулерінде кеңінен көрініс тапты. Бұл қатарда Орта Азия мен Қазақстан мектептерінің тәжірибелері негізінде мектептен және сыныптан тыс сабақтарда сәндік-қолданбалы өнердің бастапқы орнын айқындауға бағдар ұстанған Е. Асылханов, К. Әмірғазин, Ж. Балкенов, И.С. Быковченко, К.Е. Ералин, А. Қисымова, А.О. Камаков, Э. Мұрадова, А. Сарбағышов зерттеулері де өзіндік орын алары сөзсіз. Халықтық қолөнердің жалпы ғылыми-теориялық проблемалары, сондай-ақ оның жекелеген түрлері мен олардың мән-маңызы, мазмұны мен сипаты, ел өміріндегі орны сияқты мәселелер бүгінге дейінгі зерттеулерде қарастырылып келгенімен, халықтық өнерге қатысты әлі де болса зерделене қоймаған жәйттер аз емес. Солардың бірі − халықтың ұлттық қолөнеріне байланысты. Халық өнерін насихаттаумен қатар оларды білім беру жүйесінде қолдану мәселелері кеңестік кезеңде де біршама еңбектерге арқау болды. Г.Н. Волков, Е.И. Игнатьев, В.С. Кузин, Б.Ф. Ломов сияқты белгілі зерттеушілер халықтық өнер түрлерін көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында қарастырып, оларды оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың әдістемелік жолдары мен тәсілдерін ұсынды. Халық қолөнерінің педагогикалық мүмкіндіктері мәселесін талдап қарастырған зерттеулер ұлттық ғылымымызда да баршылық. Бұл тарапта М. Балтабаевтың, Ж. Наурызбайдың, Ә. Табылдиевтің, Б. Әлмұханбетовтің, Т. Самұратованың т.б. еңбектерін атап кетсек болады. [2]
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында қарастырып отырғандықтан, біздің зертеуімізге әдіснамалық бағыт – бағдар беретін жоғары оқу орындары кәсіби білім беру салаларына арналған Қ.Ж. Аганинаның, Б.Р. Айтмамбетованың, Б. Әбдікәрімұлының, Ш.Ә. Әбдіраманның, С.Т. Каргинның, Б.Т. Кенжебековтың, Қ.М. Кертаеваның, С.З. Қоқанбаевтың, Р.М. Қоянбаевтың, К.Қ. Құнантаеваның, Н.Ә. Мыңжановтың, Ж.Ы. Намазбаеваның, Д.Қ. Нұрғалиеваның, И.Н. Нұғымановтың, Т.С. Сабыровтың, А.П. Сейтешевтың, Ш.Т. Таубаеваның, Е.К. Төлемісовтың, Г.А. Умановтың, Ә.Ә. Усмановтың, Э.И. Шыныбекованың, Н.Д. Хмельдің еңбектерінің маңызы өте зор. Жоғарыда айтылғандардан түйіндейтініміз халықтық қолөнердің әлеуметтік мән-маңызы, әсіресе оны оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың педагогикалық мәселелері толық шешілді деу қиын. Бұл ретте қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі түрлі ұлттық дәстүрлер мен нақыштарының өзара үйлесімімен технологиялық құзыреттілікке баулып, шығармашылық туындатар былғарыдан бұйым жасау өнері педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалып келеді. Аталған мәселенің практикалық нақты жағдайын және ғылыми әдебиеттердегі көріну дәрежесін саралау нәтижесі бірқатар қайшылықтардың бетін ашты. Олар:
- этнопедагогикалық және этномәденилік білім беру тұжырымдамаларының жасалынуы мен болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін айшықты ши тоқу өнерінің құралдары арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерінің қажетті деңгейде зерттелмеуі арасында;
- жоғары оқу орындарында бұл проблеманы шешуге байланысты педагогика ғылымы ұсынған талаптар мен олардың оңтайлы шешімін табуға мүмкіндік беретін әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі арасында.
Бұл қайшылықтардың шешімін табуға байланысты туындаған мәселе бізге «Ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру (айшықты ши тоқу мысалында)» деген тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізуге себепші болды.

жүктеу 89.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет