Есептеу-графикалық



жүктеу 80.26 Kb.
бет3/4
Дата30.07.2022
өлшемі80.26 Kb.
#20858
1   2   3   4
РГР3 (копия)
120322ЭиОУ в 1с ИС,ВТк 18-1,5 1РК КО (копия), 11 апта. ҒЗНжЖА практ (копия), Садыкжан Тумар 6лаб (копия)
2.2. Шудан қорғау
Шудан қорғау үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Шудың шығу көзіне қатысты қолданылатын шаралар – олар инженер-техникалық және ұйымдастыру-әкімшілік әдістері болып бөлінеді.

  • Шудың шығу көзінен бастап, қорғайтын нысанға дейінгі таралу жолында колданылатын шаралар – бұлар көбінесе қала салу және құрылыс-акустикалық әдістер.

  • Нысанда шудан қорғауға жургізілетін шаралар – бұған коршаған дыбысты оқшаулауды жоғарылату және жоспарлау эдістері жатады.

Кейінгі жылдары қалаларда шет елдерде шығарылатын автомашиналардың саны көбеюде. Әдетте, олар шудың деңгейі өте төмен болуымен сипатталады. Қуаттылығы 200 ат күшіне дейінгі жүк таситын машиналардың шуының деңгейі 86 дБА-дан аспайды. Бірақ пайдалану мерзімі ұзаққа созылған сайын барлық транспорттар шуының қарқындылығы жоғарылайтындығын ескерген жөн. Сондықтан Ішкі Істер Министрлігіне шудың шығу көзі болатын автокөліктердің техникалық жағдайына бақылау жүргізу жүктелген.
Елді мекеңдерді транспорттық шудан қорғау үшін қарастырлған құрылыс-акустикалық шаралар :

  • Жылдамдығы қарқынды трассалар мен жүк таситын машиналар жүретін жолдар селитебті аумақты кесіп өтпеуі керек. Олар темір жолдар бойымен, өндірістік және тұрғын аудандардың аралығымен өтуі керек. Бұл елді мекен аумағын функционалды аймақтарға бөлумен жүзеге асырылады: селитебті, өндірістік, сыртқы транспорт және басқалар.

Шудан қорғау мақсатында қала аумағын аймақтарға бөлу: 1 – әуежай; 2 – транзитті магистраль; 3 – селитебті аймақ; 4 – саябақты аймақ; 5 – спорттық аймақ; 6 – өндірістік аймақ.

  • Тұрғын құрылысты аймақтарда жылдамдығы жоғары тас жолдарды тоннельдерде немесе шуды азайтатын бедерлі жерлерге (шұңқырлы, ойлы жер) орналастыру керек.

  • Егер магистралды көшелер эстакадалар және тас табанды (насып) жерлерде болса, олар шудан қорғайтын қалқалармен қоршалуы керек немесе олардың орнына адамдар тұрмайтын ғимараттарды пайдалануға болады. Қалқаларға жақын орналасқан тұрғын ғимараттар аз қабатты болулары керек.

  • Магистралдық аумақтарды мүмкіндігінше кеңейтіп, көше қиылыстарының санын да мейлінше азайту керек.

Темір жол транспортының шуын шектеу жолдары:

  • Рельстер мен шпалдар арасында серпімді аралықтары бар түйіспейтін жолдарды салу.

  • Темір жолдарды қоршау және сөйлегенде дауыс қатты шығатын байланыс түрлерін байланыстың басқа түрлерімен алмастыру.

  • Қалаға кірмейтін транзитті жүк таситын құрам үшін айналмалы темір жолдардың болуы.

  • Техникалық стансаларды селитебті аумақтардан тыс жерлерде, ал сорттайтын стансаларды елді мекендердің сыртында орналастыру.

  • Жүк тасымалына арналған жолдар мен жаңа трассаларды тұрғын аудандардан оқшаулау.

Көлік шуымен күресуде сәулет-жоспарлау шешімдерінің, яғни құрылыстың ұтымды әдістерін және арақашықтығын сақтаудың маңызы зор. Егер аумақ ауданы шектеулі болса, шудан қорғайтын қалқалар қосылады. Оған табиғи және жасанды (жер бетіндегі шұңқырлар, қабырғалар, сайлар) қалқалар жатады. Бұл кезде негізгі заңдылықты ескерген жөн – қалқаның тиімділігі оның биіктігі мен еніне тура пропорционал және шудың шығу көзінің қашықтығы мен оның жер бетінен биіктігіне кері пропорционал. Қалқаларды шудың шығу көзіне мүмкіндігінше жақынырақ орналастыру керек. Себебі қалқа жақын орналасқан сайын оның тиімділігі биіктігіне қарамастан жоғары болады.
Шудан қорғау экрандарының схемасы: 1 – қалқан-қабырға; 2 – төмпешік; 3 – қабырғалы төмпешік; 4 – тұрғын емес ғимарат-қалқан; 5 – шұңқыр жердегі шу көзі.
Қала құрылысы тәжірибесінде тұрғын үйлердің транспорт магистралдары бойына орналасқанын жиі кездестіруге болады. Мұндай жағдайларда олардың сыртқы қабырғасының дыбысты оқшаулау сапасы жоғары болуы керек және ұйықтайтын бөлмелері қарама-қарсы жаққа бағытталуы керек. Дыбыстың изоляциясы көбінесе терезе жақтамаларының изоляциясына байланысты болады.
Кейінгі жылдары барлық елдерде авиациялық шулардың мөселесі артып отыр. Олардың әсер ететін аумағының ауданы үнемі ұлғайып отырады. Шу деңгейінің жоғарылауы әуежайдың маңыңда ғана емес, сондай-ақ 30 км қашықтықта да байқалады.

  • Авиациялық шудың алдын алу шараларының тиімділері:

1. Үш акустикалық аймақтарды бөліп шығару;

  • Бірінші аймақ – шудың деңгейі өте жоғары, әуежайға жанасқан жер. Бұл аймаққа тек өндірістік және коммуналдық мекемелерді ғана орналастыруға болады.

  • Екінші аймақ – бұл аймақ өнеркәсіп нысандарын және әкімшілік қоғамдық ғимараттарды орналастыруға арналған, тек ерекше жағдайларда ғана дыбыс изоляциясы жоғары тұрғын үйлерді орналастыруға болады.

  • Үшінші аймақ – тұрғын аудандарды шексіз орналастыра беруге болады, бірақ оның шекарасында емдеу, балалар және сауықтыру мекемелерін орналастыруға болмайды.

2. Құрылысы бұрыннан салынған жерлерде техникалық және ұйымдастыру шаралары қолданылады, бірақ бұлар барлық уақытта тиімді бола бермейді. Егер бұл шаралармен шудың деңгейін нормативті деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік болмаса, онда әуежайды қаланың сыртына көшіру туралы мәселе көтеріледі.
3. Тұрғын ауылдар авиациялық шудан акустикалық экрандар арқылы қорғалады.
4. Ұшақтардың тұратын жерлерін тұрғын аудандардан барынша қашық орналастыру керек, экрандарды, паналарды, ангарларды пайдалану керек, ал перронда ұшақтарды міндетті түрде буксирге алу керек.
5. Әуежайдың айналасында жасыл желектер мен бұталардан тығыз жолақтар орналастыру қажет.
6. Түнгі рейстердің санын азайту керек және реактивті ұшақтарды қабылдауды да шектеу керек.
Шудан қорғау кезінде ғимараттарда дыбысты изоляциялау және дыбысты сіңіру кеңінен қолданылады.

  • Дыбысты изоляциялау – бұл қоршаулар мен қалқалардың ауалық және соғылудан (жүргенде, жиһаздарды қозғаған кезде және т.б) пайда болатын шудың дыбыс энергиясын әлсірету қасиеті. Бір қабатты қоршаулардың (қабырға, есік, терезе) дыбысты изоляциялауы олардың массасына тура пропорционалды. Сондай массадағы көп қабатты қоршаулар (екі қабатты есіктер, терезелер) едәуір тиімді болады. Терезелер мен есіктер қорапшасына нықтап орналастырылулары қажет. Жабындылардың дыбысты изоляциялауы едендерді серпімді негіздерге немесе себілген заттарға орналастырған кезде нәтижелі болады. Еденнің өзі қабырғалардан ені 2 см-дей дыбысты изоляциялайтын материалдар арқылы бөлінеді, ал плинтустар еденге бекітіледі, қабырғаға бекітуге болмайды.

  • Дыбысты сіңіру шағылысқан дыбыс толқындарының энергиясын әлсірету үшін қолданылады. Дыбысты сіңіретін бетке (беткейлік жабын материалы, экран) түскен шу одан аздау энергиямен шағылысады. Беткейлік жабын материалдары ретінде минералды мақталардан, гипстен, армираланған әйнек талшықтарынан, поропластардан, құрылыс бетондарынан және т.б. жасалған тақталар қолданады. Оларды ұзын коридоры бар оқу, спорттық, ойын-сауық ғимараттарында, ауруханаларда, мейманханаларда, вокзалдардың, аэропорттардың күту залдарында және т.б. жерлерде пайдаланады. Мұндай материалдармен жабу акустикалық өңдеу деп аталады.

Санитарлық-техникалық шаралармен шуды азайту жағдайлары:

  • Желдеткіштерді виброизоляциялау және желдеткіштер мен ауа өткізгіштердің арасына солқылдақ заттарды (брезентті) орналастыру.

  • Су құбыры жүйесінде су ағынының жылдамдығын төмендету. Құбырдың диаметрі кішкене болған сайын, шу деңгейі де жоғары болады.

  • Су құйылатын багі төмен орналасқан унитаздарды пайдалану.

  • Қабырғалардың арасынан құбырларды жүргізгенде дыбысты серпімді материалдармен азайту.




жүктеу 80.26 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет