Ерлер есімі – ел есінде Бірінші әңгіме «Қазақтың Ленинграды»



жүктеу 105.73 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.03.2017
өлшемі105.73 Kb.

Ерлер есімі – ел есінде 

 

Бірінші әңгіме 

 

«Қазақтың  Ленинграды»  атанған  Торғай  даласында  халық  батыры 



Амангелді  Иманов  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілістің  100  жылдығы 

алдында туған дала көне тарих сырын шерткендей. Кең байтақ өңір сырлы 

сазға бөленгендей. Батырды көзі көрген көнекөз қариялар сарбаздар айтар 

еді:  «Бұл  жұмыр  жерде  Париж  барикадасында  көтерілген  қызыл    ту, 

Аврора  крейсерінде  көтерілген  Қызыл  ту,  одан  кейін  Торғай  даласында 

Аманкелді  Имановтың  сарбаздары  көтерген  Қызыл  туды  адамзат  тарихы 

ешуақытта ұмытпас» деп.  

Бүгінгі  бақытты  өмір  мен  нұрлы  болашақ  жолында  толарсақтан  саз 

кешіп  қу  толағай  жастанған  ерлер  есімі  Торғай  аспанында  мәңгілік 

шырағдандай  маздайды.  Ол  есімдердің  мәртебесі  биік.  Адам  – 

жаратқанның  перзенті  емес,  жаратылыс  перзенті  екенін,  зұлымдықты 

жеңбесе  қуаныш  та  көрмейтінін  танытты.  Адамның  өмірге  жәбір-жапа 

көруге  емес,  таудай  қасіретке  де  қарсы  тұрып  оны  жеңуге  келгенін 

дәнелдеді.  Сол  құдыреттілердің  бірі  –  Амангелді  Иманов.  Ол  –  халық 

батыры,  ол  ел  деп  туған  халық  перзенті.  Амангелді  1916  жылы  патша 

үкіметіне  қарсы  шығып  халық  көтерілісін  бастағаны  мәлім.  Бірдің  мыңға 

татитыны бар емес пе, Амангелді – әділетті аңсаған қара халықты күреске 

жұмылдырған  ердің  ері.  Көтерілісшілер  армиясы  азаттық  үшін  ата 

жауымен арпалысқа түсті. Олар қандайда берік қамал ішінен қирайтынын 

ұқты. Сосын қынына қарай қылыш суырды.  

Дәл бұл шақта патшаның «Июнь жарлығы» бойынша қазақтан әскер 

құрастыру  басталған  кез  еді.  «Халықты  патша  қырды  не,  табиғат  дүлейі 

қырды  не,  өлімнің  аты  –  өлім»,  –  деген  Құрманғазы.  «Дүниеге  еркелей 

келіп босқа кетпеу үшін, келер ұрпақ өсер төл бақытты болашақ жолында 

салиқалы  өмірін  сарп  етпеген  адам  адам  ба?»  дескен  сарбаздар  1916 

жылдың қыркүйегінен бастап иығына қару іліп атқа қонды. Халық батыры 

Амангелдінің  туы  астына  жиналып  Қаратоғай,  Сарытоғай,  Көртоғай, 

Қайдауыл  болыстарында  мыңбастылар,  жүзбастылар  сайланып,  патша 

әскерімен  соғысуға  әзірлік  өте-мөте  қызу  жүргізілді.  Ажалдан  да 

тайынбауға  бекінді.  Сарбаздардың  болашаққа  деген  шынайы  сезімі 

шытынаған жоқ. Соғысқа лағнет айтылды. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас 

шығарды.  Жақсылық  пен  ар-намыс  –  ердің  көркі,  ерлік  өлмейді  деп  ұран 

салды. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер 

ме?»  деп  ерлік  туын  жоғары  көтерушілердің  қатарын  да  Сарытоғай 



болысында  мыңбасы  Оспан  Құтыбаев,  жүзбасы  Батырбас  Садырбайұлы 

бар  еді.  Ал  Қайдауыл  болысында  мыңбасы  Әлжан  Қорабаев,  Көртоғай  

болысында  Дәуіт  Ержанов  деген  жігіттер  еңіреген  ерлерін  соңына  ертіп 

сапқа  тұрды.  Әулие-әмбиелер  мен  қырықшілтен  ғайып  еренге  сыйынып 

тірі тұрғанда ешбір азаға көнбейтінін білдірді. Көргені жақсы көш бастап, 

әр болыста атты әскермен соғысқа әзірлік ұйымшылдықпен өтіп жатты.  

Амангелді  сарбаздары  екі  бірдей  жаумен  алысуға  тура  келді.  Екі 

бірдей  жаумен  бетпе-бет  кездесті.  Ел  ішінде  патша  үкіметімен  ауыз 

жаласқан  бай  шонжарлар  қияңқысын,  жасырын  түрде  қатерін  аяған  жоқ. 

Олардың арасында жік тудыруға сарбаздардың бағытынан барлық әрекетін 

істеп бақты. Бірақ оның бәрі ұлы жігерді ұлы күресті тудыратынын ұққан 

сарбаздардың  сағын  тындырып,  жігерін  мұқата  алмады,  қайта  жауға  кек 

қайнады.  Ашу-ызаға  булыққан  халық  толқынын  ешқандай  күш  бөгей 

алмайтынын  көрсетті.  Өйткені  ер  егесте  шынығып,  сесті  батырлар 

болаттай суырылып жатты. Торғай өңірін сілкіндіріп ел қорғаудың дауылы 

басталды.  Жарлы-жақыбайлар  өзінің  қолбасшысы  Амангелді  Имановтың 

соңынан осылай ерді.  

1916  жылдың  қарашасы  Торғай  даласы  осы  күнді  әлі  ұмыта  қойған 

жоқ.  Қазақ  даласында  бірінші  рет  еркіндікті  аңсаған  әділетті  оқ  атылды. 

Бірінші  рет  атылған  оқ.  Сарбаздар  патша  әскерімен  бірінші  рет  соғыста 

айқасты. Қара халықтың сондағы тау жыққандай екпіні-ай шіркін. Осынау 

тасқын  күшті  дүниеде  ешнәрсе  тоқтата  алмайтынын  дәнелдеді.  Азаттық 

соғысы Күйік қопасында Құмкешуде, Сарықопа, кейін Амангелді бастаған 

қалың  қол  Доғал  жерінде  патша  әскерлерімен  кескілесе  күресті.  Ерлер 

белдескен  жауды  белден  басты.  Осынау  ұрыстың  қай-қайсында  да  екі 

жақтан  да  шығын  аз  болған  жоқ.  Әсіресе,  Күйік  соғысында  сарбаздар 

жаудың  басым  күшін  тас-талқан  етіп  өздерінің  ерлігін  таныта  білді.  Сол 

алғашқы  уақыттарда-ақ  Амангелді  жауды  жеңуге  айласы  алтау,  ақылы 

жетеудей  алғыр  қолбасшылығын  танытты.  Қандай  да  соғыс  қиындығын 

айлалы  ғана  жеңетінін  сол  қиындықты  отты  жүректі  қайратты  ғана 

жеңетініне  сендірді.  Әйтпесе  сарбаздар  саны  көп  болғаны  мен  олардың 

алғашқы айқастарында қолындағы қару-жарағы әлсіз еді. Әсіресе алыстан 

көздеп  ататын  зеңбірек  сияқты  қарулары  болған  жоқ.  Дәл  сол  Доғал 

соғысында  екі  жақтан  да  адам  шығыны  көп  еді.  Бірақ  бұл  сарбаздар 

өмірдегі ең күшті ең елеулі оқиға.  

Осынау  шайқаста  халық  батыры  Амангелді  Торғай  өзенінің  бойын 

өрлей,  әр  жерден  күшті  тосқауыл  қойып,  жауды  алға  бастырмады,  қылт 

еткенін  қиып  түсірді.  Мерген  сарбаздар  өте-мөте  шеберлік  көрсетіп,  жау 

қатарын  сирете  берді.  Әйтсе  де  оқ-дәрінің  жеткіліксіздігі  мылтықтың 


санаулылығы  қол  күрмеу  жасады.  Ал  сарбаздардың  басым  көпшілігі 

қылыш,  найза,  айбалта  сияқты  қарулармен  ғана  жасақтанған  еді.  Олар 

жаумен  қолма-қол  араласқанда  болмаса  патша  әскерлерінің  зеңбірек 

пулеметі  қолданып  алыстан  қимыл  көрсетуіне  төтеп  беруі  қиынға  түсті. 

Сондықтан  да  олар  жауды  айламен  жеңіп,  қарулануды  көздеді.  Ерліктің 

көзін тауып, жеңістің жолын табуда осы еді. 

Міне,  Доғалдағы  қатты  соғысты  қазіргі  тірі  сарбаздар  есінен 

шығарған жоқ. Ол ұмытылмайды. Қанды қырғын еді ғой ол. Сарбаздардың 

біразы оққа ұшты. Ер боп туып ел қорғаны болып өлді олар. Сондықтан да 

мәңгі  тірі  бабалар.  Көптеген  адамдардың  аты  оққа  ұшып,  әр  тұста 

жаяушылықпен  қиындық  кешті.  Ер  белгісі  қынында  болған,  қапияда  жау 

қолында  қалған  сарбаздар  Тыныбай  көлін  паналайды.  Патша  солдаттары 

бар  жаулығын  аямай  өзеннің  екі  бетіне  өрт  қояды.  Пулемет,  зеңбірекпен 

атқылап,  бораған  оқтың  астына  алады.  Осындай  өрттің  ішінде  сарбаздар 

жаумен  қолма-қол  шайқасқа  кіріседі.  Елінің  жақыннан  қорған,  алыстан 

айбары  болатын  ерлері  тайсалмады  қаскей  жаудан.  Айбалта,  найза 

қылышпен  сарбаздар  жаудың  біразын  шығынға  ұшыратты.  Езгіге 

көнбейтін  ежелден  қалыптасқан  өшпенділік  маңызы  тереңде  еді.  Туған 

жерін  қорғауға  деген    сүйіспеншілік  күші  нағыз  ерлік  еді.  Олар  өліспей 

беріскен жоқ. Бірақ күші басым жау қолынан біраз сарбаз жарық дүниемен 

қоштасты.  Ел  дегенде  езіліп,  жұрт  дегенде  жұмылған  елдер  рухы  бәрібір 

төмен  түскен  жоқ.  Қайта  мәңгілікке  жарқырап  аспандай  берді.  Мәңгілік 

сөнбес жұлдыздай жымыңдап еркіндік жарығына құлшынды.. 

Осынау тұста Амангелдінің мыңбасылары Батырбас Сандырбайұлы, 

Әмірбек Орынбекұлы, Мырзабек Арысұлы тағы басқа сарбаздар ерлікпен 

көз  жұмды.  Келесі  күні  сарбаздар  жауын  қайта  шегіндіреді.  Жеңіске  ие 

болады. Соғысқұмар жаудың біразы құрып тынады. Осы азаттық тынысы 

кезінде қаза  тапқан  сарбаздарды  ел  боп  Үрпек басындағы  зиратқа  арулап 

жерледі.  

 



 Олар  нағыз  ер  еді  ғой.    Олар  біздің  көз  алдымызда  мына  бүгінгі 

ұрпақтың көз алдында тірі рух. Өйткені ер есімін ер ұмытпайды ешқашан, 

– дейді мыңбасы болған Шойбас Тәйкин қария.  

Сарбаздар  Үмбет  Досымбетов,  Мұхаметжан  Күнеділов,  Ізмағамбет 

Баймағамбетовтер  осынау  алғашқы  айқасты  сарбаздардың  нағыз  ерлігін 

бүгінгі  ұрпаққа  жыр  етіп  айтады,  сыр  етіп  шертеді.  Тірі  тарих  деген 

осылар.  Ерлердің  өлмес  даңқын  ел  көкірегінде  сақтатқан  да  осылар. 

Сарбаздардың  айтуына  қарағанда  Батырбастың  42  жерден  жараланғанын 

жаумен арпалыста бір өзі үлкен ерлік көрсеткенін дәлелдеді. Қар үсті қып-

қызыл жосадай  қанға  бөккен  деседі.  Бір  жерде  сынған  найза,  құндағынан 



үзілген  ондаған  мылтық  жойқын  соғыстың  куәсі  боп  жатқан  деседі.  Осы 

шайқаста  патша  солдаттарының  оннан  астамы  ерлер  қолынан  өлген. 

Қоршауда  қалған  Батырбас  тобы  алғашқы  шайқаста  жауды  үлкен 

жеңіліске  ұшыратқан.  Бірақ  соңынан  солдаттарға  үстеме  күш  қосылып, 

жау күші басымдап кеткен деседі. 

Иә,  Амангелдінің  Батырбас  секілді  сенімді  серіктері,  сүйеніш  тірегі 

он  сан  болған.  Олардың  бірқатары  азаттық  жолында  отқа  түсті,  шыбын 

жанын  арнады.  Бірақ  ел  есінде  Сарбаздар  ауылында  жыр  болып  ерлік 

даңқымен ел жадында жатталып қала білді.  

Солардың  бірі  Батырбас  Садырбайұлының  ерлігі  белгілі  деректер 

болмағандықтан,  әлі  күнге  тарихта  өз  орнын  ала  алмай  кенжелеп  келеді 

екен. Ал Сәт сияқты сарбаз ақын:  

 

Әскербасы Батырбас, 



Жағаласты жаумен шойынбай. 

Жауыз патша дұшпанға 

Кім күш қылады осындай, –  

 

деген  өлеңі  ел  ауызында  әлі  күнге  сақталып  қалған.  Ендеше  ердің  атын 



өлтірмейтін ақынның осынау хаты болса керек.  

–  Бізде  Амангелді  сарбаздары  атанған  тірі  қарттар  көп,  –  дейді 

Көшекбай  Оспанов.  Расында  Доғал  соғысында  ерлік  көрсеткен  сарбаздар 

Сейдалы  Тоқсанов,  Ахмет  Дүйсенов,  Мұхамеджан  Күнеділов,  Айтбай 

Жүсіпов, Үмбет Досымбетовтей абзал ерлер бүгінгі ұрпаққа тарихтың тірі 

куәлары іспеттес. 

Патша  жендеттерімен  жанқиярлықпен  күрескен  сарбаз  батырдың 

көбінің қара шаңырағы құлаған жоқ. Қандай қатыгез жау да қазақтың қара 

шаңырағын құлата алмады. Халық күші каһарлы екенін танытты. Мұндай 

ерлік  бабалардан  жалғасып  ешқашанда  жоғалып  кетпейтінін  дәлелдеді. 

Ерлердің  ошақ  оты  әлі  маздаулы.  Ол  от  мәңгі  сөнбейді.  Оған  дәлел 

Батырбастың  әйелі  Бошай  алты  бала  өсірді.  Бәрін  де  ел  қатарына 

теңестірді.  Алты  үй  алты  өмір  жалғасып  жатыр  шат  заманда.  Әмірбектің 

әйелі  Ажаргүл  үш  бала  өсіріп,  терезесі  теңеліп  кетті.  Тұлпарлар  тұяқсыз 

емес.  Орны  бар  оңалып  өсті.  Бүгінгі  бақытты  өмірге  әкелері  әперген 

еркіндік  теңдікке  ие  болды.  Ерлік  ерлік  эстафетасын  жалғастырып 

ғарыштарға қол созып барады.  

Жас та болса ат жалын тартып мінген, Аманкелді сарбазы атанып ең 

соңғы  Сарықопа  төңірегіндегі  соғысқа  қатысқан  Социалистік  Еңбек  Ері 

Қошан Есболов былай деп сыр шертеді: «Амангелді Иманов халқымыздың 



қадырлы  батыры  еді.  Торғай  соғысына  мен  қатысқан  жоқпын.  Бірақ 

Сарықопа  соғысына қатыстым. Алғашқы көргенім   Қарасай деген жерден 

солдаттары  келді  патшаның.  Сарықопа,  Қалыңқопа  біздің  қалың 

сарбаздардың  етек-жеңін  жинақтап  тосыннан  шабуылға  шығуға 

дайындаған  Амангелді  сол  қалың  қопаға  қамады,  тығылып  тұрдық.  Ар 

жағынан патша әскері қаптап келе жатты. Солдаттардың алдында үш атты 

оқшау  көзге  түсті.  Соның  бірін  Амангелді  көздеп  атты  да  оққа  ұшырды. 

Осы кезде солдаттардың біразы иіріліп, тұйыққа тірелгендей болып кейін 

шегіне  бастады.  Содан  барып  өздері  соғысуға  бата  алмай  біраз  тұрды. 

Мылтық  атып  еді,  қопаның  арасындағы  сарбаздарға  тигізе  алмады. 

Сарбаздардың  бәрі  де  аман  болды.  Содан  түстен  кейін  олар  Қарасайға 

кетіп  отырды.  Сарбаздар  жаудың  бетін  қайырды.  Сол  менің  Амангелді 

сарбаздардың патша әскерлерімен қақтығысын өз көзіммен көргенім».  

Ауылдың  абзал  қарты  Қошан  қазір  де  ұлын  ұяға,  қызын  қияға 

қондырды.  Еңбекпен  бақыт  тапты.  Батырлар  салтын  ерлік  еңбекпен 

жалғастыруда.  Ұзақ  жыл  «Коммунизм  жолы»  совхозында  жылқышы 

болып,  елеулі  қызмет  етті.  Ол  өзінің  еңбек  жолынан  қысқаша  әңгіме 

қозғады:  

–  Әуелі  серіктік  болдық,  мен  екі  жыл  сиыр  фермасын  басқардым. 

Одан  бергі  жерде  жылқышы,  әрі  ферманы  басқардым.  Алғашында  66 

жылқы  алып  едім,  соны  1949  жылға  дейін  800-900-ге  жеткіздім.  1948 

жылы еңбегім бағаланып Социалистік Еңбек Ері атағын берді.  

Иә, халық батыры Амангелді Имановтың осындай он сан сарбаздары 

ел есінде өздерінің ерлік тұлғасымен сақталған. Ер жігіт өлер жеріне дейін 

күліп барды, ерлік туын қолдан түсірген жоқ. Сонда олар бүгінгі бақытты 

тірлікке сенген екен-ау. Жалпақ еліміздің даңқын шығарған сол батырлар 

рухына  бас  иеді  бүгінгі  ұрпақ.  Өйткені  олар  елін  өрге  сүйреп,  даңқын 

асырып кетті. Ерлер қайратын ел қалай ғана ұмытады. Сондықтан да мәңгі 

тірі  есімдер  олар.  Көздеген  мақсаттары  еркіндік,  туған  жерін  жауға 

таптатпау қасиетті парыз еді. 

 

Екінші әңгіме 

 

Адамның  жүрген  жері  абат  дейді  халық  даналығы.  Жақсы  жігіт 

жүрген  жеріне  кент  салмаушы  ма  еді.  Халық  батыры  Аманкелдінің 

сарбаздарының негізгі мақсаты бақытты өмірді аңсау, соған қара халықтың 

қолын  жеткізу  еді.Ресей  патшалығының  өңкей  зұлымдығы,отарымыз  деп 

қыспаққа  салып,  қазақ  жерін  тұтас  иеленуге  жанталасуы  өшпенділік 

туғызбай  ма?Ұлтазаттық  көтерілісінің  етек  алуы  басқыншылықа  төзбеуі 


еді. Сол Аманкелдінің қалың сарбаздарының бірі «Құрмет Белгісі» орденді 

Әбдрахман  Ыбыраев  қарт  сарбаз  қыран  тұлғасын  елестетеді.  Оның  өткір 

қос  қарашығынан  өткен  жолы  сырлы  саз  шерткендей.  «Жолын  тапқан 

жолбарысты  да  ерттеп  мінеді»  сенің  шебер  қолың  мың  жауға  да  төтеп 

береді,  дейді  екен  сардар.  Әбекеңнің  балалық  жастық  шағы  Сужарғанда 

өтеді.  Торғай  селосының  жанында  Әбдрахмен  ес  білгенде  жоқшылық, 

аштық  шырмауына  түсті.  Әкесі  Ыбырай  кедей  адам  болған.  Ал  жасынан 

зерек Әбдрахман зергер ұсталыққа бейімделіп өседі. Елдің дуалы аузында: 

шебер  жігіт,  он  саусағынан  өнер  тамған  атанады.  Үйренсе  біліктіден 

үйренген  ол  өнерді  өбектеп,  талмай  үйреніп,ұғымы  артық,  түсінуі  зерек 

болған.  

Бұл  өңірде  Аманкелді  бастаған  халық  көтерілісі  дүр  сілкіндіріп, 

ауыздан-ауызға тез тарап, байтақ ел құлақтанған кезде әкесі Ыбырай:  

-

 



Ұлым,  елінде  есімі  озған  ер,  түбінде  озады,  Аманкелді 

сарбаздарының  қатарына  қосыл,  басқыншықықа  төзбе,-  дейді.  Он  тоғыз 

жасар  Әбдрахман  оған  қарсылық  білдірген  жоқ.  Өмір  деген  күрес,  адам 

баласының  алғыр  келетініне  сенді.Көзін  ащар  көпшілікпен  бірге  болуды 

діттеді. 

Міне, барлық ұста дүкендерінде ондаған шеберлер күндіз түні қару-

жарақ  соғып  жатады.  Солардың  қатарында  Әбдрахман  да  іске  кіріседі. 

Шебердің  қолы  ортақ  атанған  ұсталар  тез  арада  сарбаздарды  қару-

жарақпен қамтамасыз етеді. Ізгі істің бәрі еңбекпен істеліп жатады. 

Бір күні Аманкелді ұсталарға:  

-

 

Алуан  жол  алда.  Соның  алдамайтын,  адастырмайтынын 



таңдадық  –  дейді  де:  жаудан  қолға  түсірген  пулемет  бар.  Соны  кім  іске 

қосып түзей алады – деген сауал қояды. Мұндай жауапты істі міндетке алу 

әрине оңай емес еді. Біраз үнсіздіктен кейін Әбдрахман: 

-

 



Лұқсат  болса  қай  жері  бұзылғанын  байқап  көрейік,  өзін-өзі 

сенімділік  сынай  танытып.  Сардардың  меңзеген  ойы  іске  асыруға 

дайынмын деген адал ойын білдіреді.  

-

 



Кәне қараңдар! 

Осынау  сынған  пулементті  іске  қосқаннан  бастап  Әбдрахманның 

есімі  сарбаздармен шеберлер  арасында  ілтипатқа бөленді. Бұрын  жас  қой 

деп ойлаушы еді, енді кейбірі іскерлігіне көзі жетті. Оның шеберлігін енді 

байқап  ден  қояды  бәрі  де.  Бір  өзі  көтеріліске  қатысқандарға  150  найза 

соғып береді. Қаншама сынған мылтықты қалпына келтірді десеңші.  

Батырдың үлкен сеніміне ие болған Әбдрахманға бірде:  

-

 



Сен  пулеметші  бол.  Істеуін  білгенде  атуында  білесің.  Әрі  оқ-

дәрі сақтайтын қойманың кілтін ал! – дейді сардар. Сенімді ақтау үшін он 



тоғыз 

жастағы 


Әбдрахмен 

ерлік 


істер 

атқаруға 

омыраулай 

кірісті.Айтқанды ілтипатпен тыңдады Еркіндік жолында ерінбеді. Бар ынта 

– ықыласын аяған жоқ. Барлық соғыста батырдың сенімді серігі болған ол 

талай рет жаумен қымқуыт шайқаста ерліктің үлгісін көрсетеді. Оның өзі 

бір  үлкен  хикая.  Игі  істер  өлген  жоқ.  Ізгі  ойлар  өшкен  жоқ.  Соның  куәсі 

болды ол.  

Ал  Әбдрахмен  күнмен  талас  тұрған  алтын  дәурен  құрған  заманды 

көппен  бірге  аңсады.  Совет  өкіметін  орнатуға  да  елеулі  еңбегін  сіңірді. 

1920  жылдан  1929  жылға  дейін  Торғай  әскери  соғыс  комисариатында 

қызмет  істейді.  Жігерленген  ерлер  жауын  жеңді,  совет  үкіметін  орнатты. 

Отызыншы  жылдары  ол  Алматы  қаласында  транспорт  Одағының 

министрлігіне  жұмысқа  шақыртылады.  1932  жылдан  1936  жылға  дейін 

Қазақ  АССР-і  транспорт  одағы  министрлігі  басқармасын  басқарады. 

Әбдрахман  бірінші  Қазақстан  шоферлер  одағының  съезіне  делегат  болып 

қатысады.  Иә  оның  қуанышты  күні  құс  әнімен  басталатындай  революция 

көктемінде салған сарбаздар әні Совет өкіметі жылдарында жұмыр жерге 

құлақ жара асқақтады. 

Абзал  қарт  сарғыш  тартқан  қағаздар  арасынан  еңбек  кітапшасын 

тауып алды. Сонау 1920 жылдан 1958 жылға дейін үздіксіз Отанымыздың 

өсіп-өрлеуіне қызмет еткен сарбаздың еңбектегі өмір жолында жазылмаған 

жыр,  айтылмаған  сыр  іспеттес.  Өйткені  ол  ескіні  өз  қолымен  қиратысты, 

жаңалық атаулыны өз қолымен жинатысты. 

Сол  еңбек  жолының  кейбір  қазақ  кинофикациясына  арнаған  1940 

жылы  Алатау  кинотеатрының  негізін  қалаушылардың  бірі.  Ол  осында 

директор болып біраз уақыт еңбек сіңірген.  

-  1942  жылға  дейін,  –  деді  ол  әңгіме  арасында,  –  Қазақстанда  кино 

көрсету  баяу  жүргізілді.  Осыған  сәйкес  туысқан  республикалар  үлкен 

қамқорлыққа  алды.  Дыбыс  арқылы  кино  көрсететін  аппарат  жетіспейтін 

еді. 1942 жылы Ленинград қаласынан 45 жаңа аппарат әкеліп Алматы және 

басқа  облыстардың  кино  театрларына  орналастырдық.Қалың  халық  кино 

көруге құмар, тым ынтық кез еді ғой. 

Әбдрахман Түркістан, Алматы, Талдықорған облыстық кинофикация 

бөлімдерін  ұзақ  жыл  басқарып,  халыққа  қызмет  етті.  Содан  1958  жылы 

осы  мамандығы  бойынша  заңды  пенсияға  шықты.  Ия  жасынан  жұмысқа 

ширақ,  оның  қолындағы  игілікті    ісі  құмары  қанбайтындай 

жақсылықтармен  осылай  жалғасады.  Ерлік  жолы  шынықтырғанын 

жадынан шығармайды. 

Аманкелді  сарбазы  оның  ерлік  дәстүрін  жалғастырушы,  1929 

жылдан КПСС мүшесі, Әбдрахман Ыбыраевты сөзге тарттық.  


-

 

1916  жылдың  7  декабрінен  бастап  Аманкелді  көтерілісіне 



қатыстым. Содан 17 декабрь күні Аманкелді Бетпақараға кетті. Оған қарсы 

Орынбордан  патшаның  жендент  әскері  келді  соғысқа.Қырып  салуды 

ойлады. Соны түгел жеңіп шықты сарбаздар.  

Аманкелді реввоенкомның председателі болды. Қарауында 350 –дей 

әскері  бар  соны  үйретеді.  Аманкелді  Торғайда  үлкен  қалалық  әскери 

мектепті казарма қылып тұрады.  

Әбдрахман  отбасы  бақытын  көрген  адам.  Үлкен  ұлы  Тасболат 

Москва  қаласында  биохимия  институтында  ғылыми  қызметкер,  Болат 

Аманкелді  ауданындағы  байланыс  бөлімін  басқарады.  Біз  әңгімелесіп 

отырғанда  тұлымшағы  желбіреген  ақ  сары  бала:  -ата  мені  Бибігүл  ұрады 

деп аузын томпайтып  алдына отырды. Абзал қарт оның маңдайынан аялы 

алақанымен  сипап.  Қос  қарлығашы  Ерсұлтан,  Бибігүл  немересі  өз 

балаларынан  ыстық  қартқа.  Осы  балаларының  есімін  де  өзі  қойған.  Бірін 

Бибігүлдей  әнші  болсын  десе,  екіншісін  Динадай  күйші  болсын  деп 

атандырды.  Болар  бала  бесікте  бұлқынады  деген  бар.  Бибігүл  жетіге 

толмай жатып ән салуға құмар-ақ. 

Ал  Әбекеңнің  Сайлаубайы  Қазақтың  мемлекеттік  университетінде, 

Серігі ауыл шаруашылығы институтында оқып жүр. Әбекеңнің мен атқара 

алмаған істі осылар атқарсын, бүгінгі ұрпақтың аспаны ашық болсын деп 

райсыз ойын білдіретіні бар.  

-Сарбаздар  нағыз  ер  ғой.  Еменнің  иілгені  сынғаны,  Аманкелдінің 

сарбаздары  иілген  жоқ.  Ендеше  бүгінгі  ұрпақ  бабасы  бас  имеген  жерде, 

тізісін бүгуге қақысы жоқ.Елін сүйе білгендер ештеңеден тайынбайды. 

 

Үшінші әңгіме 



 

Арқаның  аршын  түсі,  қырмызыдай  гүл  даласы  бұл  күндері  мереке 

құшағына бөленгендей. Өмірге орай өлеңі шырқалып, жеріне қарай желегі 

жайқалған  көне  Торғай  қайта  жайнаған  кезі-тін.  Сонда  бабалардың 

еңбегінің  ғасырларға  кеткенін  ұғасың,  ұғасың  да  батыр  бабаларды  ұлы 

адам, тау сияқты екен –ау дейсің. Арқаның ақ иық ақындарының бірі Ғафу 

Қайырбеков:  

«Алдымда аппақ шырақ жанған маздап

Барады шымырлатып қанды қозғап. 

Естимін дауыстарын, ат дүбірін 

Ұлдары бастандықтың илғи боздақ. 

Соңында Аманкелді дабыл қаққан

Солардың даңқтары қалай тозбақ», - дегім келеді. 


Рас Торғайда әлі де қаймағы ашылмаған сырлар көп. Шежіре тарих 

көп.  Ол  шежірелердің  қайнар  басы  сарбаздардың  әңгімесінен  өрімдей 

өрледі.Небір күңгірт сәулелері де жарқырап ашылады. 

-

 



Зерттеулер  мен  тарихтардың  ішінде    Шошқалыдағы  қақтығыс 

өнжулы көрсетілмеген- деді қарт сарбаздың бірі Сабыржан Ыбыраев. 

Қазіргі  тірі  сарбаздардың  айтуымен  қарағанда  Шошқалыдағы 

Аманкелді сарбаздардың патша әскерлерімен алғашқы қақтығысы расында 

да  мәні  бар  оқиға  екен.  Торғай  өңіріндегі  көтерілісшілердің  бірінші  рет 

патшаның  жазалаушы  отрядымен  айқас  алаңында  кездесуі  де  осы  жерде 

болған.  Ендеше  мұның  маңызы  осал  еместігі  мәлім.  Ал  Сабыржан 

Ыбыраев  1937  жылы  комсомолдар  жорығын  ұйымдастырып  Аманкелді 

сарбаздарының соғыс болған жерлерінен деректер жинауға қатысқан адам. 

Олар онда біраз қажетті материалдар жинаған екен.  

Патшаның июнь жарлығына қарсы Торғай даласының кедейлерімен 

қатар  Наурызым  бойындағы  жарлы-жақыбайларда  бірлесе  көтеріліске 

шықты.  Атбасардан  Майкотов  бастаған  сарбаздар  да  қарап  қалған 

жоқ.Олар  өздеріне  шақ  қару,жарақтарын  сайлады.  Бір  жағадан  бас,  бір 

жеңнен  қол  шығарып,  жауға  қарсы  әділеттік  оғын  жаудыруға  қатысты. 

Дәмді өзенінің бойында сарбаз ұйымдастырып, патшаға әскер беруге үзілді 

кесілді  қарсылық  білдіреді.  Бұл  сарбаздардың  құрамы  күн  сайын  көбейе 

түсті. Олардың саны аз уақыттың ішінде 2 мыңнан асады. Сарбаздар Дәмді 

өзені,  Күйік  қопасы,  Сулымен  Шоқалыдағы  елдің  басын  құрап,  патша 

әскеріне қарсы шығуға үн тастағандар Жапалақ Құлабаев, Оспан Өтеулин, 

Тәкей  Өтековтердің  есімдері  ұлт-азаттық  тарихында  ұмытылмақ  емес. 

Олардың  елеулі  қайраты,  сіңірген  еңбегі  мол  еді.  Сарбаздар  Бетпаққара 

маңында  қарулы  көтеріліске  қызу  дайындалып  жатқан  Аманкелдімен 

үзбей  байланыс  жасап,  халық  батыры  оларға  ақыл  кеңесін  беріп  тұрды. 

Аманкелді  Иманов  Наурызым  бойындағы  сарбаздарға  елеулі  екі  міндет 

тапсырады.  Оның  біріншісі  қару  жарақ  дайындау,  ол  үшін  ұсталардың 

басын  бір  орталыққа  біріктіру  болса,  екіншісі  Орынбор-Атбасар  арқылы 

Ақмоламен    байланыстыратын  телеграф  байланыстарын  дереу  істен 

шығару  еді.  Осындай  үлкен  екі  міндетті  де  Дәмді  бойының  сарбаздары 

мүлтіксіз орындады. Сонымен қатар олар ауыл-ауылды  аралап, қолда бар 

мылтықтарды  жинастыруда  елеулі  қызмет  атқарды.  Ұсталар  жүздеген 

қылыш,  найза  айбалта  дайындап  үлгерді.  Сарбаздар  Аманкелдінің 

тапсырмасына  үн  қоса  отырып  Қостанай-Торғай  аралығында  патшаның 

жазалаушы отрядының жолын қырағылықпен күзетеді. 

Декабрь айының ызғырық бір күнінде сарбаздар Қостанайдан 150-ге 

жуық жазалаушы патша әскерінің келе келе жатқан хабарын алды. Дәл осы 



уақытта  сарбаздар  Шошқалы  маңында  соғыс  әдісін  үйренуге  жаттығу 

жасап  жатқан  кезі  екен.  Бұл  хабар  дереу  Аманкелдіге  жеткізіледі. 

Сарбаздардың  басым  көпшілігі  Торғайға  баратын  үлкен  жолдың  бойына 

топтасқан  болатын.  Ал  патша  әскерлерінің  бағыты  Ақсуат  вокзалына, 

содан  Шошқалы  кемеріне  бет  алып  жүрген  жерін  шаңытып,  ойрандап 

қиратпақ,  қырып,жоймақ  еді.  Олардың  құзғындық  ойын  сарбаз 

қарауылшылары  тез  аңғарады.  Осыдан  кейін  біртоп  сарбаздар 

Қарашіліктегі  жазалаушы  әскердің  солдаттарын  қоршауға  алады.  Осы 

жерде  екі  жақтың  алғашқы  ұрысы  басталады.  Патша  әскерлері  алысқа 

ататын  қару-жарақпен  толық  қамтылған.  Демек,  ұрыстың  өзінде  олардың 

күші басымдығына көз жеткен сарбаздар барлық қопыға өрт қоюға мәжбүр 

болады.  Бұл  кезде  Аманкелді  Иманов  өзінің  бір  топ  мергендерімен 

Шошқалыға  келіп  үлгереді.  Дереу  қолбасшы  барлық  сарбазбен  кеңесіп 

Сулы  көлінің  қалың  қамысын  жағалап  өтетін  Торғай  жолын  тосып 

кенеттен  шұғыл  шабуыл  жасаудың  ең  тиімділігін  тауып  шаппа-шап 

айқаста  патша  жендеттерін  талқандап  үлкен  нәтижеге  жетті.  Сабыржан 

Ыбыраев толғаныспен жеңіс оңайға түспегенін айтты: 

-  Осы  жағдайға  сай  Аманкелді  шұғыл  соғыс  советін  шақырып, 

жазалау  отрядына  батыл  тойтарыс  беру  мәселесін  талқылайды. 

Көтерілісшілерді  екі,  үш  жерге  бөліп  қораны  қалың  қарды  бекініс  етіп, 

сарбаздарын  жау  келетін  жолға  бөліп  қойып  қояды.  Бастапқы  халықты 

қырғынға  ұшыратпас  үшін  ұрыс  ауданынан  көшіреді.  Сөйтіп  зеңбірек, 

племет,  винтовкамен  қаруланған  патша  әскеріне  қарсы  соғысқа  дайын 

тұрады.  Көтерілісшілерді  азаттық  жолындағы  күрес  сезімі,  жауды 

мейлінше жек көрушілік сезімі жігерлендіргені соншалық барлауда жүріп 

қоршауда қалған екі сарбаз жекпе-жек ұрыста бірнеше дұшпанын өлтіріп, 

тірі қолға түспес үшін аяғында өздерін атып өлтіреді, тағы бір сүйсінерлік 

нәрсе 12 жастағы  екі бала Шайділда мен Досымбек өлімнен сескенбестен 

Бетпаққараға  келіп  орналасқан  патша  әскерін  және  оның  қару-жарақтары 

жөнінде  Үрпектегі  көтерілісшілер  штабына  түнде  мәлімет  әкеліп  табыс 

етеді»  (1943 жылы Аманкелді экспедициясы материалынан, 2 папка 9-11 

бет).  


 

Табыл Құлыс, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 105.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет