Ерін үндестігіне



жүктеу 3.95 Mb.
Дата15.03.2022
өлшемі3.95 Mb.
#18165
ФОНЕТИКА СЕМИНАР
Семинар Метафора, СӨЖ 3 Т.Раушан ҚТӘ 302, 19 ғ семинар 1 топ, сөздік, хан СӨЖ 3 Т.Раушан ҚТӘ 202, Bibaeva, 79687, Документ Microsoft Word (3), ат бейнесі (1), Документ, Морфология. Емтихан сұрақтары (2), 6-семинар, intertekst-v-proizvedeniyah-n-erdmana, tsitata-i-ee-tipovye-raznovidnosti-k-probleme-klassifikatsii

ЕРІН ҮНДЕСТІГІНЕ
КӨЗҚАРАСТАРДЫ САРАЛАУ
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне карай үндесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, калған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйолөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты...
Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықовада ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ү,ү,у,о,о дыбыстары жэне екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сиякты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ү, ү-лерге жуықтатып естіртеді. Мысалы: кү-ліп, қү-лын, бү-гін, о-рын болып айтылады.
Еріндік дыбыстардың ыкпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсті».
Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз. Еріндіктердің орнына езуліктерді жазу — орфографиялык норма, бірізді жазу үшін қажет. Өйткені ерін үндестігінің қанша буынды камтитындығын накты білмей тұрып, еріндіктермен жазған жағдайда ала-кұлалык болмай қоймайды. Ал, жазудың орфографиялық норманың басты қағидасы — бірізділік.
Қазіргі кезде, әсіресе жастардың тілінде тіпті екінші буында да (өлең, өнер, күлкі, түлкі) сияқты создерде еріндіктерді айтпау заңдылыққа айналды деуге болады. Бұл үшін, әрине жастарды кінәлауга болмайды. Окулыктың өзі «еріндік дауысты дыбыставр үндестігі жок» десе, қарапайым тұтынушы оны кайдан ескере берсін.Еріндіктерді «бас буыннан басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» — деп жазуда шектеген А.Байтұрсынұлы екені белгілі.
Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айкындау мүлдем киын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін: « бөлтүрүк, дүрүлдө, тоқшұлұқ » түрінде жазған.
В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранскийде де: «Сонда Таргын сөйлөйдү, сөйлөгөндө бүй дейді»леп келеді. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында (дэл мэселеге байланысты) жаңсақтық, білместік бар деуге әсте аузымыз бармайды. Қайта жазуды күйттейміз деп жүріп, тіліміздегі осы бір жарасымдылықтың киюын кашырып, кұнсыз етіп алсак керек.Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у дауыссызы да өз айналасындағы кысаң дауыстыларға (жазуда — ы,і, е) азды-көпті эсер етеді.
Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін еріндік дауыстылар мен езулік дауыстылардың көрші буындарда катар тұру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сонда екі буынды сөздерде тек ашык а езулігінің гана о, ұ еріндіктерінен кейін тұру мүмкіндігінің барын көруге болады: ора, орақ, отан, қола бұта т.б.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен катар кояды: олардың тілдегі кызметі мен маңызы, қолданылуы ұксас екендігін, ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтудай-ақ айтып, дәлелдеп жүр.
Қазак тексінің айтылуын күйттеген еңбектерінде Ж. Әбуов, Ә.Жүнісбеков мұны іс жүзінде жақсы көрсетеді, еріндік дауыстылардың шідерін шешіп, тілдің табиғи болмысын танытады.Егер тілдік норма сол тілді тұтынушылардың басым көпшілігінің колдану практикасына негізделеді десек, әдетте норманы айқындауда осындай критерий алынады, онда қазіргі казақ тілінде ерін үндестігі «енді әлсіреп кұрып барады»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
жүктеу 3.95 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет