Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың



жүктеу 0.74 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6

ңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Анар ҚуАНышБЕКовА

– осы жәрдемақыны алу үшін қан-

дай құжаттар өткізу керек? 

– Жәрдемақыны тағайындату үшін тұр­

ғылықты жеріндегі жәрдемақы төлеу жө­

ніндегі уәкілетті органға мынадай құ жат­

тарды ұсынады: өтініш, жеке бас куә лігін 

куәландыратын  құжат,  жәрдемақы  алу 

құқығын растайтын құжаттар, әлеу мет тік 

жеке код, азаматтарды тіркеу кі табы. бұл 

құжаттармен  қатар  жәрдемақы  алу 

құқығын  растайтын  құжаттарды  тап сы ру 

қажет.  Мысалға,  «алтын  алқа»,  «кү міс 

алқа»  белгілері,  I  және  II  дәрежелі  «ана 

даң қы»  ордендері  немесе  «батыр  ана» 

ата ғын алған көпбалалы аналар үшін ма­

ра патталғанын немесе атақ алға нын рас­

тай тын құжаттар.



– 2010 жылы тағы қандай жәрде-

мақылар көбейтіледі?

– Жаңа жылдан бастап мүгедек бала­



Бала бір жасқа толғанға 

дейін  бала күтуші аналарға 

төленетін әлеуметтік төлем 

мөлшері (2010 ж.)

1-бала – 8636 теңге 

 2-бала – 10 206  теңге 

3-бала – 11 776 теңге

4-бала – 13 346 теңге

2010 жылға бекітілген бірқатар 

есептік көрсеткіштер:

күнкөріс деңгейі – 14 952 теңге

төменгі айлық жалақы – 

14 952 теңге

АЕК – 1413 теңге 

«Алтын алқа», «Күміс алқа» 

иелеріне арнаулы мемлекеттік 

жәрдемақы мөлшері – 8478 теңге

Анар ҚуАНышБЕКовА

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

зейнеткерлікке шығу жасы қысқартылмайды

абонент төлемі қымбаттайды

Келесі жылы зейнеткерлікке шығу жасын қысқартуға байланысты қандай да бір өзгеріс 

бола ма?

Әсия омАровА, Талдырқорған қаласы

сізді  мазалаған  сауалға  еңбек  және 

аймақты  әлеуметтік  қорғау  министрі  гүлшара 

Әбдіхалықова  бақ  бетінде  былай  деп  жауап 

берген болатын:

–  біз  қазір  екі  зейнетақы  жүйесі  бойынша 

жұмыс  істеп  жатырмыз:  байырғы  мемлекеттік 

орталықтан  зейнетақымен  қамсыздандырудың 

бірыңғай  жүйесі  және  жинақтаушы  зейнетақы 

жүйесі.  соңғы  кездері  жинақтаушы  зейнетақы 

жүйесіне  қатысушылардың  саны  күрт  артып 

келеді.  бұл  еңбек  қарым­қатынастарының 

жинақтаушы зейнетақы жүйесімен бірге түзілуімен 

байланысты. Өтпелі кезең аяқталған соң, біз тек 

бір, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесімен ғана 

жұмыс істеп, сол арқылы аймақты зейнетақымен 

қамсыздандыратын боламыз. Мұндай жағдайда 

зейнеткерлікке  шығу  жасын  қысқарту  мүмкін 

емес. Ол мәселені байырғы жүйеде қарастыруға 

болатын  еді.  Өйткені  зейнеткерлікке  шығу 

жасының қысқаруы жинақтау кезеңін шектейді. 

Ол өз кезегінде азаматтарымызды толыққанды 

зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге кедергі 

келтіреді. сондықтан қазақстанда зейнеткерлікке 

шығу жасын қысқарту жоспарда жоқ.

Келесі жылдан бастап ай сайынғы абоненттік төлемнің ақысы қымбаттайды деп естідік. Сол 

жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет бере аласыздар ма?

марат ҚырыҚБАЕв, Ақтау қаласы

қазақстанның  ұлттық  байланыс  опера то­

ры  «қазақтелеком»  ақ  келесі  жылдың  1  қаң­

тарынан бастап халықаралық телефон бай ланысы 

тарифін  төмендетіп,  оның  орнына  ай  сайынғы 

абонент  төлемі  бағасын  кө тереді.  бұл  туралы 

ақпараттандыру жә не байланыс агенттігі бұйрық 

шығарған.  сол  бұйрыққа  сәйкес,  халықаралық 

бай ла нысқа  қосылған  жеке  тұлғалар  үшін  та­

риф  төмендетіледі.  нақтырақ  айтқанда,  төр тін­

ші  тариф  аймағындағылардікі  (601­ден  1000 

шақырымға  дейінгі)  5  пайызға,  ал  бе сінші 

тариф  аймағындағылардікі  (1001  шақырымнан 

жоғары)  7  пайызға  төмендейді.  Яғни  байланыс 

интервалының  әрбір  толық  және  толық  емес  10 

секундының қосымша құн салығынсыз құны 1,316 

және 1,397 теңгені құрайды. ал жеке кәсіпкерлер 

мен  заңды  тұлғалар  үшін  халықаралық  байланыс 

тарифі өзгермейді.

сонымен  қатар  тарифтерді  біріздендіру 

мақсатында  жүргізілген  шаралар  бойынша  келесі 

жылдың  1  қаңтарынан  бастап  жеке  тұл ғаларға 

арналған  ай  сайынғы  абонент  тө лемі  қалалықтар 

үшін  18  пайызға,  ауыл­ай мақ та ғылар  үшін  30 

пайызға қымбаттайды. Яғни ай са йынғы абоненттік 

төлем  жергілікті  телефон  бай­

ланысының  уақтылы  төлем 

жүйесіне  қо сыл маған  жеке 

тұлғалар үшін қалалықтар қо с­

ым ша құн салығын қоспағанда 

–  520  теңге,  қо сарланған 

телефондар  үшін  –  407,10 

теңге, ауыл дықтар қосымша құн 

салығын қоспағанда – 345,25 

теңге, ал қосарланған телефон 

бай ла ны сына 289,42 теңге төлейді.

ал  жергілікті  телефон  байланысының  уақтылы 

төлем  жүйесіне  қосылған  жеке  тұлғалар  қалалық 

жерде  257,83  теңге,  қосарланған  телефон  үшін 

181,84  теңге  төлейді.  сондай­ақ  қалалық  және 

ауылдық  жерлердегі  жеке  кәсіпкерлер  үшін  ай 

сайынғы абоненттік төлем 10 пайызға қымбаттайтын 

болады.

Асқар АҚТілЕу, 

Ақтөбе

Сұрақтан  сұрақ  туындайды. 

Аза маттық  қоғам  өкілдері  мұнай 

ком  па ниясы  тарапынан  бөлінетін 

әлеу меттік  кө мек тің  ұшқынын  да 

көре  ал май  отырмыз  деп  шулап 

жат қан да, қытайлық компанияның 

үздік болып шыға келгені қалай?! 

Жа лақы төлеудегі әлеуметтік әді-

лет сіздік «Жылдың үздік әлеуметтік 

жо басы»  аталымымен  қалай  үй-

лесіп отыр?  дивидендтерін ала ал-

май  дал  болып  соттасып  жүрген 

ак ция  иегерлерінің  мүддесін  кім 

қор ғамақ? меморандумға қол қо-

йыл мағанда, мұнай алпауыты «қа-

зақ стандық өнім, тауар мен қызмет 

түр леріне» пысқырмас па еді?! Әл-

де осыған дейін ондағы сатып алу-

да қазақстандық үлестің болмағаны 

ма?

Қалай десек те, кезінде «тө бең-

нен тө мен қарай алтын жау ды ра-

мын» деп келген ал пауыт инвестор-

лар дың  іс-әрекетіне  мем лекеттік 

те, қоғамдық та қадағалау күшеюі 

керек тәрізді.


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№223 (223) 



23.12.2009 жыл, сәрсенбі                   

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

дАТ!

АлАш АзАмАты



АлАш-АқпАрАТ

Әуесхан Жұмабеков,

 медицина ғылымының докторы, жоғары дәрежелі хирург:

– Әуесхан Төлегенұлы, ғылым 

жолына түскен адамның бар 

көрген-білгені диссертациялық 

жұмысында басымдық алып, нені 

терең меңгергенінен белгі береді. 

Сіздің соңғы ғылыми жұмысыңыз 

қай тақырыпты қамтыды?

– дұрыс айтасыз, ғылымның қай бағы-

тында  «еркін  жүзетіні»  адамның  ғылыми 

жұмысынан  да  аңғарылып  тұрса  керек. 

Сондай-ақ  менің  бір  байқағаным,  ғалым 

өз  еңбегінде  проблемасы  көп  мәселені 

көтеруді жөн санайтын сияқты. 

Мен докторлық диссертация қорғаған-

да  «Асқазан  ауруларын  емдеудің  жаңа 

принциптері»  деген  тақырыпты  таңдаға-

ным  жайдан-жай  емес.  Ертең  не  болары 

беймәлім мына алмағайып заман – кімге 

болса да қилы заман, кімге болса да қиын 

заман. Адамның жүйкесін жүдететін құбы-

лыстар  жетіп-артылады.  Ал  мұндай  жа-

ғдай,  ең  бірінші,  асқазан  ауруын  қоз ды-

рады. Осы тұста айта кетейін, жүйке ауру-

лары тек біздің елде ғана емес, дүниежүзі 

халықтарының  арасында  қарқын  алып 

келеді.


– Сіздің осыдан бірер жыл 

бұрын алматы қалалық 

денсаулық сақтау 

басқармасының бас хирургі 

болғаныңыздан хабарымыз бар. 

Демек, сіз еліміздің ең ірі 

мегаполисі саналатын алматы 

қаласының хирургия саласының 

хал-ахуалымен жақсы таныссыз. 

– Отандық хирургия қазір даму үстінде. 

Еліміздегі  хирургтердің  білім-біліктілігіне 

ешкім күмәнданбай-ақ қойса болады. Ме-

дицинасы  көш  ілгері  елдерде  жасалатын 

операциялардың  барлығы  дерлік  біздің 

елдің дәрігерлерінің де қолынан келетініне 

дәлел жетерлік. шынын айту керек, жаңа 

үлгідегі  құрал-жабдықтардан  да  құр  ала-

қан емеспіз. Сапа да анау айтқандай төмен 

емес  дер  едім.  Аса  қажет  деген  техноло-

гиялық құрылғылар жеткілікті. Әрине, жет-

пей тұрған тұстарын түгендеп жатса, жаман 

болмас еді. Ал Алматы қаласындағы жағ-

дай, өзге аймақтарға қарағанда, әлде қай-

да жақсы. 



– Десек те, жүрек-қан 

тамырлар хирургиясы кенжелеп 

тұр ғой?

–  Оны  жоққа  шығара  алмаймын.  Ол 

рас.  Алайда  бұл  мамандардың  кінәсінен 

емес, медициналық құрал-жабдықтардың 

кейбір түрлеріне қол жеткізе алмай отыр-

мыз. десек те, бұл жетістіктерімізден кем-

шіліктеріміз  басым  деген  сөз  емес,  мәсе-

лен,  қолқа-жүрек  қан  тамырына  шунт, 

стент қондыру сияқты күрделі операциялар 

жасаудан мамандар үмітті ақтап келеді. 

Өкінішке  қарай,  балалар  арасындағы 

жүрек аурулары алаңдаушылық туғызуда. 

Арқаңды аяздай қаритын бұл жағдай қазір 

басты  назарда  тұр.  Академик  А.Сызғанов 

атындағы  кардиохирургия  орталығында 

бүгінгі күндері 10-12 келі салмақтағы ба-

ла  ларға  операция  жасалынып  жүр.  Ал 

Астана  қала сындағы  жүрек  ауруларын 

емдейтін орта лық мамандары жаңа туған 

нәрес те лерге операция жасауды қолға ала 

бас тады. Нәти  же жаман емес. 

Егемендік алғалы бері отандық хирур-

гияның уақыт озған сайын жақсарып келе 

жатқандығына өз басым куә бола аламын. 

Ең бастысы, Елбасы мен Үкіметтің айрықша 

көңіл  бөлуі  қажет  болса,  ол  жағынан  еш-  

 кі мнің өкпесі болмауы тиіс. 

дүниежүзі медицинасының қатарында 

тұрмасақ  та,  бір  қадам  жақындадық.  қо-

ғам да  сын  айтушылар  көп-ақ.  Менің  бір 

түсінбейтінім,  осы  кімге  керек.  Өкінішке 

қа  рай,  әділ  баға  беруге  жоқпыз.  Жақсы 

жағын айтуға келгенде, сөзге сараң болып 

қаламыз  да,  жаман  жағын  көрсек,  тіліміз 

сала құлаштанып кетеді. 

– «Халық айтса, қалт 

айтпайды»... 

–  Халық  дәрігерлерге  сеніңкіремейді 

дегелі отырсыз ғой. Мамандардың бар лы-

ғы  бірдей  емес.  Алайда  таразыға  салсаң, 

сенімді  ақтайтын  дәрігерлердің  салмағы 

әлде қайда басым. Тіпті көрсеткіштерімізді 

алға тартатын болсақ та, отандық хирургия-

ның мақтанатын тұстары баршылық. 



– Сіз жұмыс істейтін №12 

клиникалық ауруханада 

дәрігерлердің қателігінен қаза 

болған жасөспірім баланың әкесі 

бізге хат жолдап, тиісті 

органдардың кінәлі адамдарды 

қатаң жазаға тартуын сұраған 

еді.

–  Алдымен  қылмыскер  мен  науқасы 

асқынып  қаза  болған  адамның  емдеуші 

дәрігерінің іс-әрекеттерін ажыратып алған 

дұрыс шығар. қылмыскер қылмысқа қа са-

қана, мақсатты түрде барады. Ал дәрігерде 

бөтен ой мүлде болмайды ғой. Кейде ауру 

не дәрі-дәрмекке, не дәрігерге бой бермей 

күшейе  түседі.  Ауруы  асқынып  жатқанда, 

дәрігердің  науқаспен  қоса  қиналатынын 

білсеңіздер  ғой...  Мен  –  дәрігермін.  Бұл 

жағ дай  маған  жақсы  таныс.  Өзімнің  де 

науқас  құлан-таза  айығып  кеткенше  жа-

ным  жай  таппайды.  Мен  еңбек  жолымда 

үш  мыңдай  жанға  операция  жасаппын. 

демек,  мен  осынша  рет  өзімнің  бақы-

лауым дағы  нау қас тың  денсаулығы  үшін 

арпалысқа  түстім.  Осыдан  кейін  дәрі гер-

лерді қылмыскер деуге қиясың ба? 

– мен сізден «кісі өліміне 

себепші болған дәрігерді жазалау 

біздің елде тым жеңіл емес пе?» 

деп сұрағалы отыр едім. менің 

байқауымша, сіз қолданыстағы 

жазалау тәртібіне келісетін 

сияқтысыз ғой.

–  Әрине.  Тағы  айтайын,  жазаны  кү-

шей тетіндей, дәрігер адам өліміне қасақа-

на бармайды, керісінше, науқасты өлімнен 

арашалаймын  деп  жүріп,  дәрменсіздікке 

жол беріп алуы мүмкін. Менің ойымша, қр 

қК-тегі жаза қолдану тәртібі дұрыс. Кейбір 

заңгерлер айтып жүргендей, өзгертуді қа-

жет етпейді. 

қайта  бүгінгі  ғылым,  яғни  медицина 

ғылымы,  адам  өлімін  қайтсек  азайтамыз 

деген ізденіс үстінде. 

Осы тұста айта кетейін, бұрынғы заңда 

«салғырттық танытқан» деген мәтін бо ла-

тын,  яғни  егер  дәрігердің  науқастың  ден-

сау лығына  немқұрайды  қарағаны  анық-

талса   ғана оны қылмыстық жауапкерші лікке 

тартатын.  Ал  қазіргі  қолданыстағы  заңда 

«дәрігердің  адам  өліміне  әкеп  соқтырған 

әрекеттері  үшін»  деп  көрсетілген.  демек, 

адам  өлімі  тіркелсе  болды,  дәрігер  қыл-

мыс кер деп табылады. Міне, осы екі жағ-

дайды ажыртып алу керек деп ойлаймын. 

Кейбіреулер  болмаса,  дәрігер  қолынан 

келгенін аянбайды. Алайда дерттің қандай 

күшке  де  бой  бермей,  асқынып  кететін 

түрлері болады. 

Проблема жоқ дегенге сене 

қою қиындау...

– Сапаны көтеру керек. Осы жағы «же-

тек ке  еруге  ерінуде».  Оның  үстіне,  кейінгі 

жастарды  білім-біліктілікке  итермелейтін, 

қызықтыратын күш жетіңкіремейді. қазіргі 

кезде  жалақының  аздығын  көп  айтады. 

«Итермелейтін,  қызықтыратын  күш»  деп 

мен де жалақы мәселесін айтқалы отырған 

жоқпын.  Жастарды  ынталандырудың  ақ-

шадан басқа да жолдары бар емес пе. Мә-

селен, тек медицина қызметкерлерінің ға-

на емес, әлеуметтік сектор қызметкер леріне 

Үкімет  тарапынан  қандай  да  бір  жеңіл-

діктер көрсету керек сияқты. Немесе мы са л -

ға айтайын, өз ісінің маманы деуге лайық 

жас хирург жасаған операцияның сәттілігі 

мен  оның  тәсілінің  артықшылығы  неде 

екендігін  халыққа  телевизиялық  бағдар-

ла ма арқылы жеткізіп отырсақ, оның несі 

айып? Оған қарап, тағы бір дәрігер өзінің 

қабілетін шыңдай түскісі келеді.

Жуық  арада  іске  қосылғалы  отырған 

«Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйе-

сінің»  медицина  қызметкерлері  ара сын-

дағы  мықты-мықты  деген  маман дар дың 

көрінуіне    мүмкіндік  туғызатын  тұс    та ры 

бар. Бұл да адамның талпынысын арттыра 

түсуге ықпал етпей қоймас деп ойлаймын. 



– ел аузында «еврей дәрігерге 

аурудың алдын алу үшін келеді, 

орыс ауырғанда келеді, ал қазақ 

ауруы асқынғанда келеді» деген 

шымшыма сөз бар. осы 

бірқақпай ащы шындық емес пе 

екен?

– Мен мұнымен келіспес едім. Алматы – 

еліміздің  ең  үлкен  шаһары,  оңтүстік  аста-

на сы. қай жағынан алып қарасақ та, өзге 

аймақтардан  оқ  бойы  озық.  Соған  қара-

мас тан, мәселен, соқырішекті алайық, бы-

лай қарасаңыз, соншалықты ауыр сырқат 

емес, соның өзінде кейбір адамдарда ау-

ру дың осы түрі асқынып кетеді. Осы ау ру-

мен  байланыстырып  айтсақ,  соқырішек 

ауруы асқынғандардың барлығы қазақтар 

емес, арасында түрлі ұлт өкілдері бар. дә-

рі гер  ретінде  айтсам,  қазақтың  салғырт-

тығын өз басым аңғарған емеспін. 



– біздің ата-бабаларымыз 

ешбір егусіз ұзақ жасап, тіпті 

ауруды оңай жеңе білген. Гендік 

жағынан алып қарасақ, өзге ұлт 

өкілдерімен салыстырғанда 

байқала ма осындай 

артықшылығымыз?

– Этнограф-тарихшы Алексей левшин 

өзінің «қырғыз-қайсақ ордалары мен да-

лаларының  сипаттамасы»  атты  еңбегінде 

қазақтардың  салт-санасын,  дінін,  әдет-

ғұр пын,  шаруашылық  кәсібін,  мәдениетін 

сөз ете келіп, «қазақтар табиғатпен қоян-

қолтық етене өмір сүрген, тіршілікте қана-

ғатшыл, қонақжай, жайбарақат, кең дала-

да  таза  ауамен  тыныстаған,  денсаулығы 

мықты, күшті де қуатты, аштыққа, ыстық- 

суыққа төзімді келеді» деп жазғанын ес ті-

генім бар. 

Өкінішке  қарай,  ондай  артықшылық-

тарымыздан  әлдеқашан  айырылып  қал-

ған быз.  Геннен  басқа  табиғат  бар,  өмір 

сүру салты бар. Ал қазір өздеріңіз білесіз-

дер,  барлығы  қатты  өзгеріске  ұшыраған. 

Олар мен  бірге  адамдардың  денсаулығы 

да қазір басқа. Алайда салауатты өмір сал-

тын ұстанған жанның денсаулығының мы қ -

ты болатындығын ұмытпайық. 



– ардагер дәрігерлер 

«ұрпақтар сабақтастығы жоқ» 

деп қынжылады. Жастар ақыл-

кеңес сұрамайды дегендері ғой. 

–  «Мәңгілік  құндылықтар  ұрпақтар 

сабақтастығы  арқылы  бағаланады»  деген 

жақсы сөз бар. Өзгені білмеймін, өз басым 

ұстаздарымның  көптігін  мақтан  тұтамын. 

Олармен байланысымды еш үзген емеспін. 

Керек кезде ақыл-кеңес сұрап та жүремін. 

Нағыз  сындарлы  сәтте  қызмет  еткен 

ардагер  дәрігерлердің  еңбектері  ерен. 

қазір  ғой  технологиялық  мүмкіндіктердің 

арқасында қолымыз ұзарып, жұмыс тары-

мыз едәуір жеңілденді. 

Ұстаздарым – профессорлар К.дур ма-

нов тың,  Т.Сұлтаналиевтің  есімдерін  құр-

метпен атар едім. Сондай-ақ ұйымдас тыру 

жағынан  көп  көмек  көрсеткен  про фессор 

Е.Тәжиев  пен  өзінің  мол  тәжіри бесімен 

сусындатқан  А.Гулиеваларға  айтар  алғы-

сым шексіз. 

Өткенсіз болашақ жоқ. Бұл – дәлел ден-

ген,  талай  ақылман  айтып  кеткен  ақиқат. 

Хи рургия  –  медицинаның  ең  қиын  әрі 

қайнап жатқан саласы. Күні-түні ұйық тамай 

жұмыс істейтін кездер де болады. Оқу орнын 

кеше  бітірген  жастың  бірде-бірі  аз  уақыт 

ішінде маман болып кете алмайды. Хирург    

тә жі р и  бе  жинай  жүріп  қалып та са ды.  Көп 

оқу ке рек, тер төгу керек. Оған қоса қажы-

майтын  қайрат  пен  шыдам ды лықты  қажет 

етеді.  Міне,  осы  жолда  ағала рымыз  бен 

апа  ла ры мыздың көмектері аса қажет. 

– көпшілік мамандар біздің 

елдегі трансплантация мәселесін 

қатты сынға алып жүр. «мұндай 

заң бізден басқа бұрынғы кСРо 

елдері арасында тек беларусьте, 

молдовада және Ресейде ғана 

сақталып қалған» дейді олар. 

көпшілік мамандар аталған 

заңды өзгертуді сұрайды. ал сіз 

қалай ойлайсыз? 

–  Трансплантация  жетілдіруді  қажет 

етеді. Халықаралық стандарттарға сәйкес-

тендірудің  уақыты  жетті  деп  санаймын. 

Оның өзінде де қазақстандағы трансп лан-

тацияны  адамдардың  өмірі  мен  денсау-

лықтарын сақтап қалудың құралы  бола т ы н  -

дай етіп. Сіздің нені   меңзеп  о т ы р   ғаны ңызды 

ұқтым. Кейбір мамандар қазір «мүмкін, әр 

адамның өз еркімен оның куәлігіне мекен-

жайын  көрсеткені  сияқты,  «өліп  кетсем, 

ағ замды  біреуге  алмастырып  салуға  келі-

сімімді  беремін»  деп  жазып  қою  керек 

шығар?» деген ұсыныс жасап жүр. Бәлкім, 

бір оймен олардікі дұрыс та болар. Олар-

дың  ұсыныстары  трансплантацияны  да-

мытуға  үлкен  септігін  тигізіп  жатса,  біздің 

елге аса қажет ағзалар банкін ашуымызға 

да мүмкіндік тумақ. қазір қанша адам көз-

ге зәру, қанша адам сау бүйрек қажет етіп 

жүр. Соларға зор көмек болар еді. Тағы бір 

айта кетерлігі, «сот-медицина сарап шы ла-

ры ағза сатады екен» деп күмәнданып жү р-

гендер де сабасына түсер. Осы тұста айта 

кетейін,  ел  арасында  жүрген  осы  қауесет 

тіптен негізсіз. Адамның ағзасын ұрлау еш 

мүмкін емес. Оны дер кезінде алмастырып 

үлгермесең, көп ұзамай-ақ ағза жарамсыз 

болып қалады.

Біздің  елдің  медицина  тәжірибесінде 

қайтыс болған адамның органы донор қа-

жет еткен науқастың бүйрегіне сәйкес келіп 

жатса, бүйрек алмастыру операциясы си-

рек болса да, жасалынып жатады. Алай да 

өлген адамның туысқандары артынша шу 

шығарып, тиісті орындарға шағым да нады. 

Заң  органдарының  кімнен  ілік  іздер лерін 

білмей,  іркіліп  қалатындары  бар.  Бы  лай 

қарасаң,  жәбірленушінікі  де  жөн  сияқ ты, 

дәрігердің  де  әрекетінде  заңсыз дық  жоқ. 

Алайда  марқұмның  туысқандары  «құ қы-

мыз тапталды» деп әділдік талап етсе, дә р і  -

герлер жағы тексерудің астында қала ды.

десек те, қазақстанның қолданыстағы 

трансплантация туралы заңының шикі тұс-

тары анау айтқандай тым көп те емес. Бар 

гәп  адамдардың  түйсігі  мен  түсінігінде. 

Өмір ден  кеткен  адамның  ағзасы  өзімен 

қоса  өлетінін  ұмытпайық  дегім  келеді. 

Одан да ол ағза тірі адамның қажетіне жа-

ра ғаны  әлдеқайда  жақсы  емес  пе.  Тіпті 

мен  мұны  жанашырлық,  қайырымдылық 

белгісі  деп  білемін.  Егер  жұртшылықтың 

барлығы осындай пікірде болса, бір ше ші-

мін  таппай-ақ  қойған  трансплантация 

төңі регіндегі дау осынша ушықпас па еді.



– операцияның қандай түрі 

көп тіркеледі?

–  Ең  көп  тіркеліп  жатқаны  –  жарақат 

алғандар,  мәселен,  жол  апатына  ұшы ра-

ғандар. Ал хирургиялық аурулар көрсеткіші 

бір-біріне  ұқсас.  «қарқын  алып  кетті»  не-

месе  «тым  сирек  саналатыны»  деп  еш-

қайсысы  бөліп-жарып  айтатындай  емес. 

десек  те,  солардың  ішінде  асқазанның 

ойық жарасына шалдыққандар кей кездері 

жиілеп  кетеді.  Оның  себебін  жоғарыда 

айтып өткен едім. 

– кез келген хирург 

«бісмілләсін» соқырішек 

операциясынан бастайды дейді. 

осы рас па?

– рас. Жас маман тәжірибесін со қы рі-

шекке оперция жасаудан бастайды. Негізі, 

хирург ретінде айтарым, бұл – опера ция-

ның ең күрделі түрі. Алайда жиі жасалатын 

операция  болғандықтан,  хирургтің  қолы 

жаттыға түседі. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал