йынша...
Кәрім МӘСІМОВ:
– Барлығы... 32 нысан...
– ...
РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси
аҚпаРаттыҚ газет
№223 (223)
23.12.2009 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
? Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Халық жазушылары кімдер?
Блог деген не?
Қазақстанда қанша қаламгер Халық жазушысы атағын алған? Олардың нақты саны
мен аты-жөндерін толық бере аласыздар ма?
Ермек СӘРСЕНҰЛЫ, Ақтөбе қаласы
Бүгінде интернетті пайдаланушылардың көпшілігінде жеке блогтары
бар. Блог дегеніміз не және оны кез келген адам тегін аша ала ма?
Гүлбаршын СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Егер ештеңеміз жоқ болғанда, бізде
ешқандай мәселе де туындамас еді. Те
ледидардан берген жаңалықтардан көріп
отырмыз, депутаттар мен министріміздің
осындай заң қабылдау керек деген ұй
ғарымға келуіне түрткі болған ел арасына
тарап кеткен түрлі қазақ кинолары. Мә
селен, соның бірі, меніңше, соңғы уақытта
тұсауы кесілген «Қайрат – чемпион»
Басы 1-бетте
ОйКөКпар
Гүлнар ӘБІКЕЕВА,
кинотанушы
Смағұл ЕЛУБАЙ,
жазушы
Кабельді телеарналардың мәртебесін анықтап алмайынша,
эротикалық фильмдерге тыйым салатын заң қабылдау мүмкін бе?
болған сияқты. Себебі онда гомо сек суа
лизм, лесбияндық сынды жайттар ашық
көрсетілген. Ондай фильмдер кино
театрларда көрсетілгенімен, телеарналарда
оны насихаттау –расында да, талқылауды
қажет ететін жағдай. Мәселе бұл жерде
осы секілді эротикалық көріністерге тұнып
тұрған туындыларды қалай қадағалауға
болады дегенге кеп тұр ғой? Кинотанушы
маман ретінде мен басшылықтың кино
лардың эфирден берілуін қадағалайтын
заң қабылдау турасындағы шешіміне
қуанып отырмын. Әрине, заң арқылы
мемлекеттік телеарналарды бақылауға
болатын шығар. ал кабельді арналарды не
істеу керек? Меніңше, оны да осы заң
арқылы реттеуге болатын сияқты. Кейде
тіпті арнайы заң болмайақ, кейбір қаулы,
қарарлар арқылыақ шешуге болатын
мәселелер болады. айталық, осыдан біраз
уақыт бұрын прокатқа шығатын фильм
дерге арнайы куәлік алу жөнінде заң
намалық акт қабылданды да, сол бойынша
кез келген еліміздің территориясында да,
шетелге де прокатқа шығатын туынды тір
келіп, құжатталуға міндеттелді. Сол сияқты
кабельді арналар мәселесін де мемлекет
шешеді деген ойдамын. Бастысы біздің
отандық арналарды бір тәртіпке бағын
дыратын заң қабылданғаны – құптарлық,
қолдарлық жағдай.
Сонан соң тағы бір айта кетерлігі –
кабельдік телеарналардың көбінде қа
зақша арналар түгел емес. Олар әу баста
лицензия алатын кезде бірінші қа зақ
стандық арналар түгел болғанын қадаға
лау керек. Осы жағынан алып қарағанда,
біз, алдымен кабельді арналарды бір рет
ке келтірмей тұрып заң қабылда сақ, ол
әрине жағдайды толығымен шеше ал
майды. Неге десеңіз, мемлекеттік арналар
көрсетпегенмен, кабельді арналар ол
заңға бас имегендіктен, нендей дүниелерді
беріп, нені қоятынын өздері шешеді.
Сондықтан мемлекеттік арналар көр
сетпеген киноны қалаған адам кабельді
арнаны қосады да, көре береді. ал сіз әр
отбасына барып, «кабельді арнаңды
ағытып таста» деп бұйрық бере алмайсыз.
Сондықтан мұндай жағдайда, бірінші ке
зекте бейәдеп киноларды көрсетуге тыйым
салатын заң қабылдамас бұрын, кабельді
арналардың мәртебесін анықтап, оларды
ақпарат құралдары санатына кіргізіп,
оларды да заңға бағынатындай етіп ше шіп
алуымыз қажет. Кабельді арна дегеніңіз ол
аты ғана ақпарат құралы емес дегені бол
маса, қыпқызыл идеология құралы ғой.
Егер мемлекет оны шындап қолға ал са,
шеше алады. өйткені қандай кабельді ар
наны қосу керек, қайсыбірін қоспау ке рек
тігін шешетін әр мемлекеттің өзі. Әлем дік
тәжірибеде әр ел өзінің діни, болмаса
ұлттық ұстанымына, идеоло гиясына қарай
ақпараттық саясат жүргізеді ғой. Олай
болса біз де солай етейік. Біз түгілі демо
кратияны басты құндылық етіп ұстанатын
Батыс елдерінің өзі эротикалық, порногра
фиялық дүниелерді арнадан жібермейді.
Ол елдерде адамдар көргісі келсе, арнайы
сатып алып көреді. ал бізде бұл жағы
бетімен кеткен. Енді ғана Мә дениет және
ақпарат министрлігі, депу таттар осы жағы
на мән беріп қарап, заң қабылдау қажет
деп тауып отыр. Бұл – дұрыс қадам. Деген
мен кабельді арна лардың мәселесін бір
жақты шешіп алмай, ол қабылдаған за
ңымыздың аясы тар болып, бір есікті жап
қанмен, келесі есік ашық қалғандай бей
берекеттік жалғаса береді. Бүкіл кабельді
телеарналардың қазақ тіліне, қазақ ауди
ториясына қызмет етпейтіні тіптен намы
сымызды оятарлық жайт. Орысша бағ
дарламалардың үлесі 95 пайыз болса,
қазақша бағдарламалар 5 пайызын құрай
ма, құрамай ма... Бейәдеп көріністермен
қатар, осы жағын да реттеу керек.
Әзірлеген
Мәриям ӘБСАТТАР
Та
лға
М
Өркениет
Таяқтың екі ұшы болатыны бесенеден белгілі жайт болса,
бір мәселеге де жан-жағынан қарау – заңды құбылыс. Әсіресе,
тегеуріні мықты идеологиялық құрал – кино мен телеарна-
лар мәселесі мұқияттылықты талап етеді. Сондықтан бұл
жағдайда жеті рет өлшеп, бір рет кескеннің артықтығы жоқ.
Яғни заңды қабылдаудан бұрын, оның қолданылу аясы мен
тетіктерін дәл анықтап алу шарт сияқты.
Тү
ЙІН
Жан мен тіл тазалығын сақтаған ғалым
Есіктен кіргендегі көрініс әлі көз ал
дымда. Ұзындау келген шағын кабинеттің
төр жағында жүзінде нұр ойнап, күлім
сіреген әдемі жан отырды. Сол кездегі
Фаузия апай маған әлемдегі ең әдемі әйел
болып көрінгені өзіме ғана мәлім. Сол
алғаш көргендегі апай бейнесі күні бүгінге
дейін жанжағына нұрын шашып келе
жатқан, келісті де келбетті ұстаз әрі бә
рімізге білгенін үйретер басшы болып келе
жатыр.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры
тасысын» деп данышпан халық бекер
айтпаса керек. Қашан көрсең де, қос жа
нары мейірімге, жаны ізгілік пен жақсы
лыққа толы Фаузия апайды көрген сайын
ғафу Қайырбековтің:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы, –
деген өлең жолдары тек осы кісіге ар
налғандай әсерге бөлейді.
Ұстаздық – адам баласының жанын
нұрландырар ұғымның ұлысы! Ұстаз – әр
шәкірт, әр студент жүрегіне жол тапқан,
жүрегі бала деп соққан мейірбан жан. өз
білімі мен біліктілігін соның жолына ар
наған адам. Қалай десек те, ұстаздық –
ауыр да мехнатты жол.
Әрбір әңгімелесу кезінде, әр оты рыс
тарда ғалымұстаздың: «Болашақтағы
жаңа ғасыр жастарын көптеген қиын шы
лықтарға қарамай тәрбиелеу, сабақтың
сапасын арттыру – біздің басты міндет.
Келешекте еліміз басқа мемлекеттермен
терезесі тең өмір сүруі үшін қазақ жастарын
Осыдан біраз жыл
бұрын жұмысқа орналасу
мақсатымен алғаш рет
Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық
университетінің есігін
ашып, қазіргі қазақ тілі
теориясы және әдістемесі
кафедрасына бойымды
үміт пен күдік билеп
кіргенім есімде.
ешкімнен кем қылмай, мектеп, институт,
университет қабырғасынанақ жанжақты
білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы
басты тұлға – ұстаз. Жас ұрпаққа білім,
тәрбие беретін, бала
жанының бағбаны –
ұстаздар қандай болу
керектігі толған ды
рады. Менің ойымша,
ең алдымен, ұстаздың
ойөрісі, дүние та
нымы кең, жанжақ
ты білімді, өз ма
мандығына сай, оны
сүйетін, өз ойын ал
дында отырған білім
алушыларға анық
тұжырымдап, нақты
түсіндіре білуі керек.
Екінші жағынан, мұ
ға лімнің ары таза,
адал,
инабатты,
иман ды, парасатты,
байсалды және ке
шірімді болуы тиіс»,
– деп айтқан өнегелі
сөздері жанында
жүрген әр адамның
көкейге түйер ұста
нымы.
расында да, Тәу
ел сіз еліміздің ке ле
шек ұрпағының ин
теллектуалдық ой
өрісін дамытуда дұ
рыс тәрбие беріп,
оқыту – бүгінгі күннің
өзекті мәселесі.
Қандай озық мә
дениет болмасын,
адамға оның төл мәдениетін алмастыра
алмайды. Қазақ жастарының бойына
қазақтың бірегей, қайталанбайтын ұлттық
құндылықтарын сіңіріп өсіру де – басты
парыз. Қазақтың ұлттық әдетғұрып,
дәстүріне, ауыз әдебиеті жанрларына,
салтсанасының уызына қанбаған, оның
нәрін бойына сіңіре алмаған қазақ баласы
– рухани жарымжан. Олай болса, жеке
тұлғаның ұлттық санасезімі мен мінез
құлықтарын қалыптастыруда ұстаз қызметі
орасан зор рөл атқаратыны сөзсіз. Шын
мәніндегі ұстаз мінезімен де, ісімен де үлгі.
Фаузия апай біз үшін осындай биіктен
көрінер қадірлі ұстаз. Сондықтан оның
алғашқылардың бірі болып – «Қазақстан
республикасының үздік оқытушысы»
атағын иеленуі бізді қанаттандырды. өзге
де атақабыройы қаншама?! Міне, Фаузия
апайдың ұстаздық келбеті дегенде осындай
ойлар өзөзінен сабақтаса өріліп жатады.
Фаузия Шәмсиқызымен жұмыс істесіп
келе жатқаныма он шақты жыл болып
қалды. ал ол кісінің басшылық қабілеті –
өз алдына жеке әңгіме.
ар алдындағы басты қағида – бұл
өмірге адам болып келген соң, адамдық ат
пен қасиетке дақ түсірмеу. Осындай
өлшемдер тұрғысынан қарағанда сондай
аяулы жандардың бірі, жанымда жүрген
жақсы адам Фаузия апай дер едім. Оның
ең басты қасиеті – қарамағындағы
адамдарға деген құрметі мен ықыласы.
Әсіресе, кафедра мүшелерінің әр бі
реуінің жағдайын түсініп, дер кезінде ісі
мен де, жылы сөзімен де дем беріп, кө
мек тесу – көп басшының бойынан табыла
бермейтін қасиет. Жаның қысыл ғанда
жүгіріп барсаң, әрдайым ақылкеңесін ай
тып, сөзіңді жерге қалдырмайды. Жаның
ды, жүректегі ауыртпалық пен басыңдағы
қиыншылықтарды көзіңнен ұғатын Фаузия
апай қашанда қасыңнан табылады.
Қандай да болмасын университет,
факультет, тіпті кафедра тарапынан болған
мәдени шараларда Фаузия апай өзі мұ
Біздің төл әдебиетімізге сіңірген елеулі
еңбектері үшін осы уақытқа дейін 38 ақын
жазушыға Халық жазушысы атағы берілген.
«Қазақстан жазушылары анықтамалығына»
сүйенсек, олар:
Тахауи ахтанов, Тұрсынхан Әбдірах манова,
Дихан Әбілев, Әлжаппар Әбішев, Мұзафар
Әлімбаев, Әнуар Әлімжанов, Қалижан Бек
қожин, Хамит Ерғалиев, Сәкен Жүнісов, Қабдеш
Жұмаділов, Мак сим Зверев, Әбіш Кекілбаев,
Зейнолла Қаб долов, ғафу Қайырбеков, Мұха
мед жан Қаратаев, Мұхтар Мағауин, Сырбай
Мәуленов, Жұбан Молдағалиев, Тұман бай
Молдағалиев, ғабиден Мұстафин, Шерхан
Мұр таза, Қалтай Мұхамеджанов, ғабит Мүсі
репов, Қадыр Мырза Әли, Әзілхан Нұршайықов,
Әбдіжәміл Нұр пейісов, Фариза Оңғарсынова,
Зия Сәмә ди, Әбу Сәрсенбаев, Морис Симашко,
Дмитрий Снегин, Олжас Сүлейменов, Әбділда
Тәжібаев, Мәриям Хакімжанова, Қуандық
Шаңғытбаев, Мұхтар Ша ханов, Сафуан Шай
мерденов, Иван Щеголихин.
өте орынды сұрақ. алдымен «блог
дегеніміз не?» деген сауалға жауап
іздейік. «Блог дегеніміз – онлайн
күнделік» деп түсіндіреді. Блог туралы
ғаламторда
жазылғандарды
жинақтасақ: блогтағы хабарлар
хронологиялық тәртіпте орналасады;
блогты негізінен бір адам, бірінші
жақтан жазады; блогта автор басқа
сайттарға сілтемелер жасайды; блог
жиі жаңарып тұрады; блогтағы
хабарларға пікір қалдыруға болады;
блог арқылы оның авторы туралы
көзқарас қалыптастыруға болады;
блогты негізінен әуесқойлар (олардың
арасында кәсіби журналистер немесе
ақынжазушылар да бар) жүргізеді;
блогтарда түрлі мәтіндер, фото су
реттер, аудио, видео болуы мүмкін.
Қазіргі таңда қазақша блог жасау
шылар blogger.com және wordpress.
com сайттарына тіркелу арқылы жеке
блогтарын ашады. Блог ашу тегін және
блогты сіз өз қалауыңызша өңдеп,
түрлі суреттер, мәтіндер, бейне
жазбалалар орналастыра аласыз. Егер
сізге аталған сайт блог ашуға тегін
берген орын жетіңкіремесе, мате
риалдарыңыз сыймаса, блогыңызды
ақылы түрде кеңейте аласыз. Бірақ
блог бастағыңыз келсе, ағылшын тілін
білуіңіз керек. өйткені блогты ашу
туралы ақпараттардың барлығы дерлік
ағылшын тілінде. Сондықтан бүгінгі
таңда ең өзекті мәселенің бірі Қазақ
станда интернетке қосылу мәселе сін,
қазақша сайттарды, блогтарды да
мытуды, олар туралы ақпаратты та
ратуды дұрыс жолға қою маңызды
болып отыр.
ТүпТөрКіН
Зорлап таңылған
тарихи атаулардан
арылу қажет
Мәні бөлек жиынға алыс шетелден
тартып, еліміздегі белгілі ғалымдар мен
ғылыми ортаның өзге де белсенді өкілдері
қатысты. Жапониядағы Токио универ
ситетінің профессоры, белгілі согдолог
Ютака йошида, тарихшы, ғалым Қой шы
ғара Салғараұлы, түрколог Қаржаубай
Сартқожаұлы, р.Б.Сүлейменов атындағы
Шығыстану институтының ғылыми қыз
меткері, тарихшы, доцент, PhD докторы
Бақыт Еженқанұлы, тарихшы Тұрсынқан
Зәкен, К.ақышев атындағы археология
институтының директоры Марал Хабул
лина және т.б. тарихшы ғалымдар өз
ойларымен бөлісті. аталған семинарды
Еуразия ұлттық университеті жанындағы
Түркітану және алайтану ғылымизерттеу
орталығы бастап, оны Мәдениет және
ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қол
дауымен өтіп отырғанын да айта кетейік.
Басқосуға аталған оқу орнының про
ректоры Дихан Қамзабек пен Тіл коми
тетінің төрағасы Ербол Шәймерденов те
қатысты. Семинар тізгінін ұстаушы,
Түркітану және алайтану ғылымизерттеу
орталығының директоры Гүлнар Көлдеева
алғашқы баяндама жасау кезегін Ютака
йошида мырзаға берді. Жапондық ғалым
Орталық азиядан табылған Сеурей ескерт
кішін зерттеу жайынан мағлұмат берді. Бір
қызығы, бұл ескерткіш тасты Қаржаубай
Сартқожаұлы жапондық ғалымнан тым
ерте барып көріп, зерттеуге қатысыпты.
Ютака мырза соғды жазуымен жазылған
бұл ескерткіш тасты 1997 жылдан бері
зерттесе, Қаржекең оған 1972 және 1975
жылдары барған көрінеді. Жапон ғалымы
тастың бір бетінде соғды жазуы, екінші
бетінде қытай жазуымен жазылған сөз бар
деген жорамал айтты. Бірақ Қаржаубай
Сартқожаұлы «біз көрген кезде екінші
бетінде жазу тұрмақ, сызықтың белгісі де
жоқ» болатын деген уәж айтады. Оған
дәлел ретінде сол кезде түсірген ескі суреті
де бар екен. Десе де, екі ғалым бірбіріне
ары қарай бірге жұмыс істеуге дайын
екендіктерін білдірді. ал Қойшығара
Салғараұлы болса, көпшілікке «түркі» және
«түрік» сөздерінің ақиқаты туралы айтып
өтті. ғалымның пікірінше, «түркі» атауы –
жасанды ұғым. Оны бір кездегі Осман
түріктерінен өзге түрік баласын бөлектеу
үшін ойлап тапқан термин дегенді айтады.
анығында, бұл – кеңестік кезеңнен сіңген
сөз. Оны бізді анадолы түріктерінен
алшақтату мақсатында қолданған саяси
астары бар термин деп қараған да жөн.
Шындығында, біздің түп атауымыз – түрік.
Бұл түрік атауының аясына кіретін түрлі
түрік тайпаларының, мемлекеттерінің
жиынтық атауы. өйткені көне түрік тілінде
«ік», «ық» сөздері су, жиналған су деген
мағынада қолданылған. Мәселен, көне
түрік сөздігіндегі «қай» сөзі кебіс деген ма
ғынаны білдірсе, «ық» су дегенді меңзейді.
Сонда су кебісі, бізше, қайық деген сөз
пай да болады. ғалым осы секілді дәлел
дермен «түрік» пен «түркі» сөзін ажыратып,
өзіміздің төл атауымызды танып қолдануға
шақырды. өз кезегінде түрколог Қаржаубай
Сартқожаұлы «алтын орда» деген империя
атауының жалған атау екенін алға тартты.
Ол анығында, ЖошыҚыпшақ ұлысы бо
лып аталуы керек. «алтын орда» деген сөз
ді орыс тарихшылары ойдан тапқан. Бұл
атау тұңғыш орыс ғалымдары еңбек терінде
1564 жылы қолданылған. Одан бұрын
мұндай термин бірдебір жерде кезікпейді.
Бұған мысал ретінде ғалым тарихи ең бек
терде, мысалы, арабпарсы деректерінде
көбіне «Қыпшақ ұлысы» қала берді «Жошы
ұлысы» деп жазылатынын келтірді. ғалым
дар өзіміздің төл атаулары мызды жаңғырт
қан дұрыс деп санайды. Осыған байла
нысты филология ғылымы ның докторы
Дихан Қамзабекұлы: «Тілдің тарихи қат
парларын зерттеу де маңызды істердің
бірі. Себебі ана тілімізді тарихи тұрғыдан
байытып, толықтырып отырсақ, алдағы
бағытбағдарын айқындап отыруға үлкен
мүмкіндік ашылады», – деген ой айтады.
Поделитесь с Вашими друзьями: