Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктер. Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмек


Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері



жүктеу 19.06 Kb.
бет2/3
Дата23.06.2022
өлшемі19.06 Kb.
#20675
1   2   3
Ерекше білім беруге ажеттіліктері бар о ушыларды жалпы білім бе
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
– Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
– Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
– Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
– Барлық адам бір-біріне қажет.
– Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. – Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
– Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Елбасының қолдауымен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға мемлекет анағұрлым көп көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларын үйден оқытқаннан гөрі түзеу мекемелеріне әкелуге ұмтылуда. Көпшілік ортаға келгеннен кейін олардың өмірге деген ынтасының артуы мүмкін. Сондықтан, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне шуақ, келешегіне қанат бітіру – адамзаттың парызы. Осыған орай еліміздің әр аумақтарында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып, талай ата-ананың көңіліне демеу, қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашары мәлім.
Күннен күнге халқының саны өскен Астана үшін балаларға ар­нал­ған түзету кабинеттері же­тіспейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларды қоғамға бейім­дейтін, әртүрлі дағдыларды оқы­туға және оларды сауықтыруға қа­жетті құрал-жабдықтары бар ка­бинеттерді ашу өзекті болып тұр. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Жыл сайын арнайы психо­логиялық-педагогикалық түзе­ту қызметіне жүгінетін бала­лардың қатары артып келеді.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Дара» қайырымдылық қорының және «Болашақ» корпоративті қорының қол­дауымен бірінші, екінші, үшінші психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды. Бірінші психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде көбінесе есту қабілетінде бұзылыстары бар, ал екінші ППТК-да көру қабілетінде бұзылыстары бар, үшінші ППТК-ға аутистік диогназымен және де психикалық дамуында тежелуі бар балалар қабылданды.
Психологиялық-педагогикалық түзеу (бұдан әрі ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады.

жүктеу 19.06 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет