Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктер. Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмек



жүктеу 19.06 Kb.
бет1/3
Дата23.06.2022
өлшемі19.06 Kb.
#20675
  1   2   3
Ерекше білім беруге ажеттіліктері бар о ушыларды жалпы білім бе

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктер.


Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмек.

Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «…Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» – деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.


Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып отыр. Инклюзивті білім беру ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа және өзіне деген сенімділікке баулу.
Инклюзив” сөзі латын тілінен аударғанда – «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру –ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

жүктеу 19.06 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет