Əрбір сауапты іс жамағАТҚа жасалады



Pdf просмотр
бет1/9
Дата21.01.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

10 шілде, бейсенбі, 2014 жыл

№28 (456)

Біздің оқырман

индекс

66250


Игі амал

Бүгінгі күні елімізде 

Бүгінгі күні елімізде 

келешектің тізгінін ұстар 

жастарға барынша 

жастарға барынша 

қолдау көрсетіліп

қолдау көрсетіліп, 

олардың арманның 

олардың арманның 

сан-қырлы әлеміне 

сан-қырлы әлеміне 

еркін самғауына 

еркін самғауына 

игі жақсылықтар 

игі жақсылықтар 

жасалуда. Білім 

жасалуда. Білім 

алу жолында өз 

алу жолында өз 

қатарластарын баса озған 

дарабоздарға ел танып, 

әлемдік деңгейде білім 

алсын деп шет елдерге 

жіберген жастардың 

алды елге қызмет 

алды елге қызмет 

етуде. Қазақтың рухани 

байлығымен сусындап 

өскен, әрі содан қуат ала 

білген жас талап – еліміздің 

ғаламдық деңгейде ой 

толғай білетін жарқын 

болашағы болары хақ. 

4-бет

6-бет


7-бет

ƏРБІР САУАПТЫ ІС ЖАМАҒАТҚА ЖАСАЛАДЫ

Ғалия ЕЛГЕМБАЕВА,

облыстық «Жас ұлан» 

балалар мен жасөспірімдер 

ұйымының төрайымы

Бар мен жоқ



«Хантау цемент зауыты» 

алғашқы клинкерін шығарды

«Хантау цемент зауыты» – шалғайда 

орналасқан Мойынқұм ауданындағы құрылыс 

индустриясының екінші ірі кәсіпорны болып 

отыр. Оның қуаты жылына 500 мың тоннаға 

 

жететін болады. Іргетасы 2007 жылы қалана 



бастаған бұл өндіріс орнының әр түрлі 

себептермен құрылыс жұмыстарының тасы бір 

өрге домалай қойған еді.

Облыс әкімдігінде

Шөлге  төзімді  əрі  отындыққа  тиімді 

сексеуіл  шөлейтті  жерлерде  құм  көшкінін 

ұстап тұруға да сеп бола алады екен. Оған 

қоса,  оның  емдік  қасиеті  де  бар  көрінеді. 

Адам  баласына  берер  пайдасы  орасан 

сексеуілді жапыра отауға заңмен тосқауыл 

қойылғанымен,  оған  көз  тігушілер  енді 

заңсыз  отауға  кіріскен.  Ал,  бұл  ағашты 

өсіріп, жетілдіру оңай емес. 

Біздің  өңіріміз  табиғатынан  сексеуіл 

көп өсетін аймақ. Бірақ, жамбылдықтар да 

сексеуілді қажетіне таба алмайтын халде. 

Əрине,  оның  бірден  бір  себебі – заңсыз 

оталып, сыртқа сатылуынан. 

Дəл осы заңсыздықтың орын алуынан 

өткен жылы 246 қылмыстық іске барғандар 

құрықталған. Олардан мемлекетке тигізген 

зияндарын  өтеулері  үшін 2 миллион 55 

мың теңге айыппұл талап етіліпті. Алайда, 

олардың  тек 226-сынан  ғана 1  миллион 

781  мың  теңгесі  өндіріліпті.  Сондай-

ақ,  олардан 191,9 текше  метр  сексеуіл 

тəркіленген. 

Ал,  келтірілген  залалдарды  өндіру 

үшін 216 заң бұзушыларға 2 миллион 365 

мың  теңге  айыппұл  салынып, 1 миллион 

400  мың  теңгесі  ғана,  яғни 59 пайызы 

өндіріліпті.  

Заңсыз  ағаш  кескені  үшін 50 іс 

құжаттары  құқық  қорғау  органдарына 

өткізіліп, 45-не  қылмыстық  іс  қозғалып, 

оның 18-і  сотпен  қаралған.  Соттың 

шешімімен 17 табиғатқа  тағыдай  тиген 

қылмыскер  бас  бостандығын  шектеу 

түрінде жазаланған. Тағы осындай сексеуіл 

ұрлаушылардан 22 автокөлік  мемлекет 

пайдасына тəркіленіпті. 

Ал,  биылғы  жылдың  бүгінге  дейінгі 6 

айында əмбебап ағашқа құмартушылықтан 

заң  бұзғандарға 570 мың  теңге  айыппұл 

салынып, оның 380 мыңы ғана өндірілген. 

Мемлекеттің  ортақ  қазынасына  сексеуіл 

ұрлығымен  залал  келтірілген 400 мың 

теңгенің  350 мыңы  қайтарылған.  Ал, 

өрескел  заңсыз  əрекетке  барған 17 

«сексеуілдің  жауларына»  қылмыстық  іс 

қозғалып, 3-уі  сотта  қаралған.  Олардан 

айғақ  зат  ретінде 2 автокөлік, 25 текше 

метр  сексеуіл  тəркіленген.  Осы  сандық 

көрсеткіштер  қаншама  сексеуілдердің 

қолды 

болып 


кеткенін, 

орнына 


қайтарылмағанын айтып тұр. 

Сексеуілі  сыңсыған  даласы  бар 

өңіріміздегі  пайдасы  орасан  ағашты 

өсіру  жұмысы  қандай  қарқында  екенін 

облыстық  табиғи  ресурстар  жəне  табиғат 

пайдалануды 

реттеу 

басқармасы 



бастығының  орынбасары  Серік  Қойбақов 

бізге былайша түсіндірді:

–  Үстіміздегі  жылдың  ерте  көктемінде 

1400  гектар  алқапқа  шөлге  төзімді 

сексеуіл,  жүзген,  қарағаш  көшеттері 

отырғызылса, күз айында 5100 га алқапта 

сексеуіл  тұқымын  жинап,  себу  көзделіп 

отыр. Бұл жұмыстарға 49,9 миллион теңге 

қарастырылды.  

СЕКСЕУІЛ САТУШЫЛАР ТЕК СОТТА ҒАНА ЖАУАП БЕРЕДІ

СЕКСЕУІЛ САТУШЫЛАР ТЕК СОТТА ҒАНА ЖАУАП БЕРЕДІ

Сексеуіл  отын  ретінде  ең  тиімді  ағаш.  Сол  себепті  де  мол  сұранысқа 

ие.  Оның  бірден  лапылдап  жанып  кетпей,  шоқтанып  тұрып-ақ  жақсы 

қыздыратын  қасиеті  өз  алдына,  көміртектес  ерекшелігімен  отындардың 

ішіндегі  зоры  саналады.  Оны,  əсіресе,  бүгінгі  таңда  жиі  пісірілетін  əуес 

астардың  бірі  кəуап  дайындағанда  қолдану  қолайлы.  Сондықтан  да 

нарықтың  қыспағы  басталған  əуелгі  кезеңдерде  көмір  қымбаттағанда, 

сексеуілге «шабуыл» артқан. Тіпті, көбі тамырымен қопарылып та кетіпті. 

Мамандар бір кездері қаптап тұрған сексеуіл алқаптары соңғы 20 жылда 4 

есеге кемігенін айтады.

Қамар ҚАРАСАЕВА

«ТӨРТІНШІ БИЛІКПЕН»

«ТӨРТІНШІ БИЛІКПЕН» КЕЙБІР 

 КЕЙБІР 

БАСҚАРМАЛАР ƏЛІ ТҮСІНІСЕ АЛМАЙ ЖҮР

БАСҚАРМАЛАР ƏЛІ ТҮСІНІСЕ АЛМАЙ ЖҮР

Жергілікті  атқарушы  органдардың  бұқаралық  ақпарат 

құралдарымен  жіті  жұмыс  жасауы  маңызды.  Өйткені, 

əлемді  ақпарат  билеген  бүгінгі  заманда  телеарналар 

мен газеттер  билік пен бұқараның арасындағы алтын 

көпір  болып  табылады.  Осыған  орай,  дүйсенбі  күні 

өткен  облыс  əкімдігінің  аппарат  жиынында  билік  пен 

БАҚ  өкілдері  арасындағы  байланысы    күн  тəртібіне 

көтеріліп, талқыға түсті.

Бірден  айта  кету  керек,  аталмыш  мəселе  облыс  əкімдігінде 

бұған дейін де бірнеше мəрте айтылғанымен əлі де болса бауын 

тапса, байлауын таппай тұрған тұстары аз емес екен. Оған дəлел,  

жартыжылдыққа  бекітілген  кестеге  сəйкес  басқарма  басшылары  

өткізуі    қажет 13 брифингтің    бүгінде 10-ы  ғана  өткен.  Баспасөз 

өкілдерімен  баспасөз  мəслихатын  өткізуге  облыс  əкімдігінің 

жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар мен  

дене  шынықтыру  жəне      спорт  басқармасы  құлық  танытпапты. 

Сондай-ақ, үш басқарма басшысы мен төрт аудан əкімі бекітілген 

кесте  бойынша  «Тікелей  эфирден»  атқарылған  жұмыстары 

жайында  ақпар  беруге  немқұрайды  қараған.  Ал,  жыл  басынан 

облыстық  мерзімді  басылымдарда  басқармалар  тарапынан 41 

материал  жарық  көрсе,  бұл  жұмыстарға  атсалысқан  мекемелер 

саусақпен  санарлықтай.  Атап  айтсақ,  денсаулық  сақтау,  жастар 

саясаты мəселері, тілдерді дамыту, ауыл шаруашылық, кəсіпкерлік 

жəне индустриалды-инновациялық дамыту, құрылыс, жолаушылар 

көлігі жəне автомобиль жолдары, энергетика жəне коммуналдық-

шаруашылық,  дін  істері,  мəдениет,  мұрағат  жəне  құжаттама  мен 

білім  басқармалары  ғана  ақпарат  таратудан  ақсамаған.  Қалған 

басқармалар  тарапынан  облыстық  басылымдарда  бірде-бір 

материал жарияланбаған екен.



2-бет

7-бет

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

рман


ар 

ар 


 озған

 озған


нып,

нып,


м

ім

ге



ге

ни

ни 



ап 

ап 


т ала 

т ала 


іміздің 

іміздің 


ой

ой

нн



қ.

қ. 


дер

Мазасы қашқан Меркі ауылы

Меркі ауылындағы олқылықты көзбен көріп, 

«әттеген-ай» деп негізгі бағытымыз Ақарал ауылына 

атбасын тіредік. Өз дәуірінде біршама гектар 

аумаққа алма, жүзім өсіріп, жай-жағдайы жақсы 

деңгейде болған. Бүгінде ақаралдықтардың 

басты мұңы – ауыз су.

11-бет


Bye-bye, Бразилия!

Bye-bye, Бразилия!

Әлемдік мундиалдың жартылай 

финалдық ойындары нағыз «трагедиямен» 

басталды. Бразилия өз алаңында  Германия 

құрамасынан 1:7 есебімен ұтылды. Мұндай 

есеп  жалпы жартылай финалдық ойындар 

тарихында кездеспеген екен. Алаң иелері 

Бразилия құрамасы үшін нағыз қорқынышты 

түс болды.  

ШАБЫНДЫҚТАРДЫҢ ШАМА-ШАРҚЫ

Тəтті түбір егудегі ащы кедергілер

Тəтті түбір егудегі ащы кедергілер

Қазіргі  таңда облысымыз бойынша 

еңбеккерлердің  дала жұмыстарына деген 

құлшыныстары жаман емес. Дегенмен, 

диқандар   қызылша өсіруге  қызығушылық 

танытпай отыр.  Оның  өзіндік себептері бар. 

Әсіресе, облыс орталығының іргесіндегі 

аудандардың өзі тәтті түбірді  өсіруге құлықты 

емес.  

ЖАҢА


ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

7-бет

сары жейделілер «неміс машинасынан» оңбай ұтылды

Рамазан – жақсы  амал  жасайтын, 

Алланың  ризашылығына  бөленіп,  сауап 

жинайтын  ай.  Рамазан – Құран  түскен  ай.  

Бұл  айда  жасалған  жақсы  істердің  бірнеше 

есе  еселеніп  көбейетінін  ескерсек,  ораза 

ұстаушы  жамағатты  құрметтеудің  маңызы 

қаншалықты  зор  екенін  аңғару  қиын  емес. 

Елбасымыздың  қолдауымен  еліміз  бейбіт 

күнде Құдайға  құлшылығын жасап, бірлік пен 

татулықты ту етуде. 

Жақсы айдағы игі істер барлық аймақтарда 

жүзеге  асып  отыр.  Имандылыққа  кеңінен 

бет  бұрған  елімізде  иманның  бес  парызын 

орындауға ниетті кісілердің көбейгені қуаныш.

Кеше облыс əкімі  Кəрім Көкірекбаев Тараз  

қаласындағы    «Сəтті»  мейрамханасына 

жүздеген  жамағатты  жинап,  Ұлық  айды 

ардақтаған көпшілікке ауызашар берді. Бұл іс-

шара ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі Данияр 

Жұмабаевтың  құран  оқуымен  басталды. 

Келесі  сəтте  облыс  əкімі  Кəрім  Нəсбекұлы 

сөз алып, сауабы мол осынау қасиетті айдың 

ерекшелігіне,  көпшілікке  тағылымы  мен 

тəлімі  мол  екеніне  тоқталып,  облысымызда 

жылдан  жылға  ауыз  бекітуші  кісілердің 

қатары көбейіп отырғанын айтып өтті. Облыс 

басшысы  бұл  айда  қасиетті  Қадыр  түні  бар 

екеніне,  Рамазан  кештерінде  ауызашар 

дастарханын  жайып,  елге    дəм  ұсыну  игі  іс 

екеніне,  мұндай  амал  көрші  мен  көршіні, 

ағайын-туыс,  жекжатты  ынтымаққа,  бірлікке 

шақыратынына  тоқталып,  ораза  ұстаушы 

қауымға  «Ниет  қабыл  болсын!»  деген  ақ 

тілегін  арнады.  Елбасымыздың  қолдауымен, 

сара саясатымен елімізде сəт сайын өркенді 

істер жүзеге асса, біздің облыстағы даму мен 

өрлеу  ынтымағы  жарасқан,  ақ  ниетті  халық 

барда жалғаса беретінін айтып өтті. 

Келесі 


сəтте 

облыстық 

ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Тілеуқабыл  Төребеков 

сөйлеп,  ақ  ниетін  білдірді.  Байзақтық 

ардагер  Кемал  Беспайұлы,  Қордай  ауданы 

ақсақалдарының  атынан  Төле  Сүгірбай, 

таластық 

қария 

Мақсұт 


Сатымбеков, 

облыс  жастары  атынан  Серікбол  Берікқожа 

сөз 

сөйлеп, 


қасиетті 

айдағы 


мұндай 

басқосулардың  тəрбиелік-тəлімдік  мəні  зор 

екеніне  тоқталып,  облыс  басшысына  алғыс 

айтты.  


Облысымыздың  бас  имамы    Данияр 

Жұмабаев  көпшілікке    діни  насихатын 

арнап,  жұртты  жақсы  амалдар  жасауға,  ізгі 

жолдармен жүруге шақырды. Құран аяты мен 

Пайғамбардың  хадистерінен  дəлел  келтіріп 

айтқан  жақсы  насихат  барша  көңілдерді 

нұрландырып, жүректерге жетіп жатты. 

Жиын соңында соғыс жəне еңбек ардагері 

Уəтай  Əлімходжаев  дастарханға  бата  беріп, 

Рамазаннан  рамазанға  аман  жете  берейік 

деген  тілегін  білдірді.  Сауапты  дастарханға 

жиналған  көпшілік    бір-біріне  «Ниет  қабыл 

болсын!»  деген  тілектерін  айтып,  жақсы 

көңілмен тарқасты. 



Есет ДОСАЛЫ

eset_77_09@mail.ru

Науқан


Биылғы қысқа мал азығын дайындау қай деңгейде?

10 шілде

№28 (456)

2

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ «ЖЕЛКЕНІН» КЕРГЕНДЕР ЖАЗАСЫН АЛУДА

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ «ЖЕЛКЕНІН» КЕРГЕНДЕР ЖАЗАСЫН АЛУДА

АЛУАН АҚПАРАТ

Мереке


БАҚЫЛАУ БАР ЖЕРДЕ ӨРЛЕУ БАР

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ 

ФИЛИАЛЫ МƏЖІЛІС ЗАЛЫНДА «НҰР ОТАН» 

ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ 

КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ   ОТЫРЫСЫ БОЛЫП 

ӨТТІ. БАСҚОСУҒА ОБЛЫС ƏКІМІ, «НҰР ОТАН» 

ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ 

ТӨРАҒАСЫ КƏРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ТӨРАҒАЛЫҚ 

ЖАСАДЫ. БЮРО ОТЫРЫСЫНА ПАРТИЯ 

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІ 

БЮРОСЫНЫҢ, САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ, БАҚЫЛАУ-

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ, 

ПАРТИЯ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ 

ТӨРАҒАЛАРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МƏСЛИХАТТАҒЫ 

ДЕПУТТАТТЫҚ ФРАКЦИЯНЫҢ МҮШЕЛЕРІ, 

ПАРТИЯ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ 

БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ, ЖЕМҚОРЛЫҚҚА 

ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ 

МҮШЕЛЕРІ ЖƏНЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ. 

Есет  ДОСАЛЫ

  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі 

бюросының   отырысын  Кəрім Нəсбекұлы ашып, күн тəртібімен 

таныстырды.  Күн  тəртібіне  сəйкес  алдымен  «Нұр  Отан» 

партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі 

аймақтық  жоспарда  айқындалған  «Қолжетімді    тұрғын  үй – 

2020»  бағдарламасының  орындалу  барысы  туралы  облыс 

əкімінің  бірінші  орынбасары  Бекболат  Орынбеков  есепті 

баяндама  жасады.  Бекболат  Серікбекұлы  халықты  тұрғын 

үймен қамту мəселесінде жетістіктер де, олқылықтар да бар 

екеніне  тоқталып,  Тараз  қаласы  «Арай»  алқабына  салынуы 

тиіс  төрт  көпқабатты  тұрғын  үйдің  құжаттары  əлі  дайын 

емес  екенін  ерекше  айтып  өтті.  Баяндамашы  айтқандай 

тұрғын  үй  салу  аумағы  Жамбыл,  Т.Рысқұлов  аудандарында 

былтырғы  көрсеткіштен  төмен  болса,  тұрғындарды  жер 

телімдерімен қамтуда   Байзақ, Қордай аудандары белсенді 

екен.  Баяндамадан  соң  жарыссөзге  Сарысу  ауданының 

əкімі  Қанатбек  Мəдібек  көтеріліп,  өзі  басқаратын  ауданда 

1186 адам тұрғын үй кезегінде тұрғандығын, соңғы жылдары 

үй  кезектегілердің 50 пайызы    баспанамен  қамтамасыз 

етілетінін,  Жаңатастағы  бұзылған  үйлерді  қалпына  келтіру 

жұмысы да сергек жүріп жатқанын тіліне тиек етті. Бұл мəселе 

бойынша облыстық мəслихат депутаты Талғат Құлжабаев сөз 

сөйлеп, өз ойын ортаға салды. 

Партияның  Шу  аудандық  филиалы  төрағасы,  аудан 

əкімі  Бақытжан  Нүркеновтың  есепті  баяндамасында  да  ішкі 

партиялық  тəртіпті  нығайту,  партия  мүшелері  арасында 

жемқорлыққа  қарсы  төзімділік    қасиетті  қалыптастыру 

бағытындағы жұмыстардың нақты орындалуы айтылды. 

Жиын барысында партия облыстық филиалы жанындағы 

Жемқорлыққа  қарсы  əрекет  жөніндегі  қоғамдық  кеңестің 

бірінші  жарты  жылдықта  атқарған  жұмысы  жайлы  қоғамдық 

кеңес  төрағасы  Сембек  Сейдазімов,  партияның  облыстық 

филиалы партиялық бақылау-комиссиясының биылғы жарты 

жылдықта атқарған жұмыстары жөнінде комиссия төрағасы, 

Меркі  ауданының  əкімі  Бақтияр  Көпбосыновтар  есепті 

баяндама жасады.

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы 

партиялық-бақылау  комиссиясының  төрағасы  Б.Көпбосынов 

басқа  жұмысқа  ауысуына  байланысты    бұл  қоғамдық 

қызметтен  босатылып,  облыстық  филиалы  партиялық-

бақылау  комиссиясының  төрағалығына  облыстық  мəслихат 

депутаты Асаубай Майлыбаев сайланды.

Басқосуда 2014 жылдың  ІІІ  тоқсанына  арналған  іс-шаралар  жоспары  жəне  партия  облыстық 

филиалы Саяси кеңесі Бюросының жұмыс регламенті бекітілді. Сондай-ақ, облысымызға белгілі 

азаматтарға жаңа үлгідегі партия билеттері табыс етілді.    

ЕЛОРДА КҮНІ ТАРАЗДА ДА ТОЙЛАНДЫ



ТҰЛПАРДЫҢ 

ТҰЯҒЫ, 

СҰҢҚАРДЫҢ 

ҚАНАТЫ ТАЛАТЫН 

КЕҢ БАЙТАҚ ҚАЗАҚ 

ЖЕРІНІҢ КІНДІГІНДЕ 

ОРНАЛАСҚАН 

ЕЛІМІЗДІҢ БАС 

ҚАЛАСЫ – АСТАНА 

16 ЖАСҚА ТОЛДЫ. 

АЙТУЛЫ КҮН 

РЕСПУБЛИКА 

БОЙЫНША ҮЛКЕН 

САЛТАНАТПЕН 

АТАЛЫП ӨТТІ.  

Сарыарқа  төсін  сазға  бөлеген  дүбірлі  той  Тараз 

қаласында да тойланды. 

Шілденің алтыншы жұлдызында қала қонақтары 

мен  тұрғындары  Қазақстан  Республикасы  тұңғыш 

Президенті  саябағында  Астана  күніне  орай 

ұйымдастырылған  «Əн-жырым  Астанам!»  атты 

мерекелік  шараны  тамашалады.  Бұл  күні  саябақта 

мəдени  танымдық  іс-шаралар  молынан  өткізілді. 

Жас  қолөнершілер  арасында  өткен  «Өнерім  саған 

Астана»  атты  дода 30 метрлік  қағазға  Астана 

қаласының ғимараттарының əсем көрінісін бейнелеп, 

кілем  бетіне  түрлі  ою-өрнектер  жабыстыруымен 

ерекшеленді.

Сонымен қатар салтанатты кеште экран арқылы, 

облысымыздың мақтанышы, былғары қолғап шебері 

Олжас Сəттібаев жəне де үлкен өмір табалдырығын 

аттағалы  тұрған  № 12 мектеп-гимназиясының 

түлектері, №33 «Айсəуле» балабақшасының балғын 

бүлдіршіндері  жүрекжарды  лебіздерін  жеткізді. 

Дəл  осы  күні  некеге  тұруға  өтініш  берген  бес  жас 

жұбайларға қала əкімі Нұржан Календеров құттықтау 

қағаздарын  беріп,  арнайы  сыйлық  табыс  етті. 

Астана  қаласының  логотипі  бейнеленген  бас  киім 

киген  сұлулар  халыққа  арнайы  дайындалған  торт 

пен  тəттілер    таратып,  жас  жұбайлар  əсем  əуеннің 

ырғағында тербеле билеп, кештің ажарын аша түсті. 

Əрі қарай салтанатты кеш облыстық филармонияның 

əншілері 

əзірлеген 

концерттік 

бағдарламаға 

жалғасты.

Талғат НҰРХАНОВ

Кері кеткен

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ АРМАНЫ 

ОРЫНДАЛДЫ



АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЛАМЫЗДАҒЫ  140 ОТБАСЫ 

БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ. «ҚОЛЖЕТІМДІ  БАСПАНА – 2020» 

БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША, «БƏЙТЕРЕК» МӨЛТЕК 

АУДАНЫНАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ, 

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ, АТА-АНА 

ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ПƏТЕРДІҢ 

КІЛТІН  ОБЛЫС ƏКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ 

ОРЫНБЕКОВ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫС ЕТТІ.   

Қуанышты  сəтте  сөз  алған 

Бекболат 

Серікбекұлы 

пəтер 

иелерін  қоныс  тоймен  құттықтап, 



пайдалануға 

берілген 

тұрғын 

үйлердің 



жобалық-сметалық 

құжатын  уақытынан  кешіктірмей, 

дер  кезінде  даярлаған    «Арстан-

Сервис  компаниясы»  мен  мердігер 

компаниялар 

«Агроспецсторй» 

жəне  «Комстроймонтаж»  ЖШС-нің 

басшылығына  алғысын  білдірді. 

Сонымен  қатар,  жиында  облыс 

əкімінің  орынбасары 2014 жылы 

256, 5 мың  шаршы  метр  тұрғын 

үй  алаңдарын  салатындықтарын, 

екінші  жарты  жылдықта  бес  үйді 

пайдалануға    беретіндіктерін  де 

ұмыт қалдырмады. 

Жаңа 


пəтер 

алушылардың 

атынан  сөз  алған  Ауған  соғысының 

ардагері 

Елубай 

Аймаханов 



көпшілікті  Астана  күнімен  құтықтап, 

облыс 


басшылығына 

өзінің 


ризашылығын білдірді. 

Айтпақшы, дəл осы күні Қаратау 

жəне 

Жаңатас 


қалаларында 

да    ардагерлер  мен  əлеуметтік 

топ  өкілдеріне 120 пəтерлі  үй 

пайдалануға берілді.



Т.БЕРІКБАЙҰЛЫ.

Қаншалықты қызу 

күрес жүргізілсе де 

қоғамнан түбегейлі 

жойыла қоймайтын індет – 

жемқорлық. Оны қоғамнан 

мүлде жою мүмкін емес, 

əрине, алдын алу арқылы 

күресумен бармақ басты, 

көз қысты əрекеттен аз да 

болса арыла алармыз. 

Елбасы 2012 жылдың  қаңтарында  халыққа 

жолдаған  Жолдауында  «Мемлекет  пен  қоғам 

жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. 

Жемқорлық – жай  құқық  бұзушылық  емес.  Ол 

мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді 

жəне  ұлттық  қауіпсіздікке  төнген    тікелей 

қатер  болып  саналады.  Біз  түпкі  мақсатымыз 

–  жемқорлықты  құбылыс  ретінде  жою  үшін 

жемқорлыққа  қарсы  заңнамаларды  жетілдіру 

арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз 

керек»  деп,  сыбайластықтың  жолын  кесетін 

жаңа  стратегия  əзірлеуді  Үкіметке  тапсырған 

болатын. Сонымен қатар, Елбасы экономикалық 

қылмысқа,  жемқорлыққа  қарсы  күресте  тек 

пара  алушыны  анықтап,  оны  жазалаумен  ғана 

шектелмей,  сыбайласа  отырып,  қара  бастың 

құлқынын  күйттейтін  əрекеттердің  алдын  алу 

бағытында  жаңа  құқықтық  механизмдерді 

қалыптастыру керектігін баса айтқан еді.

Қоғамдағы 

сенімді 


сетінететін 

сыбайластықпен күрестің тағы бір жолы ретінде 

қаржы  полициясы  бармақбастылыққа  барған 

қылмыскер  туралы  хабар  берген  кісіні  ақшалай 

сыйақымен  марапаттауды  да  қолға  алды. 

Айталық,  облысымыздағы  қаржы  полициясы 

2013 жылы осындай ақпар берген 12 адамды 

марапаттауға  жалпы 1 315 560 теңге,  ал 

биыл бүгінге дейін 7 адамды 796 360 теңге 

көлемінде  сыйақы  жұмсаған.  Облыстық 

қаржы полициясына 1 жылда жемқорлыққа 

байланысты 174 хабар  түскен  екен.  Ал, 

биыл соңғы бес айда сыбайлас жемқорлық 

сипатында  барлығы 99 қылмыстық  іс 

қозғалған.  Атап  айтсақ,  Талас  ауданы  ІІБ-ның 

бастығының  міндетін  атқарушы,  полиция 

подполковнигі  А.Сыдықов 2014 жылы 18 

ақпанда  Өзбекстан  Республикасының 

азаматтарына  Қазақстан  Республикасы 

аумағында жүру мерзімін ұзарту жəне жоғалған 

мигарциялық  карточкасын  қайта  беру  үшін 

азамат  П-дан  жалпы  сомасы 50 000 теңге 

парадан  қалған 9 000 теңгені  алу  барысында 

ұсталған. 

 

Қордай 


ауданы 

бойынша 


Салық 

басқармасы 

басшысының 

орынбасары 

Ж.Байжанов  лауазымды  адам  бола  тұрып, 

үстіміздегі  жылдың 13 наурызында  азамат 

К.Тоқсанбаевтан  «Айгерім»  ЖК-тің  камералды 

тексеруі  бойынша  оңтайлы  шешім  қабылдау 

жəне  жалпы  қамқорлығы  үшін  одан 270 000 

теңге  пара алған. 

ҚР ҰҚК ШҚ №2038 əскери бөлімі штабының 

анықтау 


жəне 

əкімшілік-құқықтық 

жұмыс 

бойынша тобының бастығы майор Б.Керімбаев 



та  лауазымды  адам  бола  тұрып,  осы  жылдың 

21 қаңтарында азамат А-дан «Қордай» кеденінің 

«Қордай»  кеден  бекетінде  ұсталған «Lexus» 

RX300 маркалы автокөлікті ұстау фактісі туралы 

тергеуге  дейінгі  тексеру  материалы  бойынша 

оңтайлы шешім шығару үшін бірнеше рет жалпы 

сомасы 4 500 АҚШ  долларын  пара  ретінде 

делдалдар  өзінің  қызметтік  тобының  жауапты 

орындаушысы  Б.А.Джамбулатов  жəне  азамат 

М.Валиев арқылы алған.

Өткен 

жылдың 


осындай 

мерзімімен 

салыстырар  болсақ,  биыл  экономикалық 

қылмыс  фактісі  бесеуге  артып  отыр.  Яғни, 

2013  жылдың 5 айында 94 жемқорлық 

сипатында  қылмыстық  іс  қозғалған.  Мұнда  да 

ең бастыларына тоқтала кетейік. Тараз қаласы 

ІІБ-ның 1-ПБ-нің  аға  тергеушісі,  полиция  аға 

лейтенанты М.Телтаев 2013 жылы 28 наурызда 

азамат П-дан қылмыстық іс бойынша қылмыстық 

қудалауды  қысқарту  үшін  сомасы 100 000 

теңгені  пара  ретінде  алса,  Жамбыл  облыстық 

сот  актілерін  орындау  Департаментінің  Тараз 

қаласының  аумақтық  №1  бөлімнің  мемлекеттік 

сот  орындаушысы  Жақашов 8 қаңтар  күні 

азамат  С-дан  автокөлікті  тыйым  салудан 

шығару  үшін  жалпы  сомасы 60 000 теңгесін 

бармақбастылықпен иеленген.

Тараз  қаласы  ІІБ-ның  жол  патрульдік 

полиция  арнайы  батальонының  инспекторы, 

полиция сержанты С.Рахманқұлов 15 мамырда 

азаматша  И-дан  автокөлікті  мас  күйінде 

басқарғаны үшін оны əкімшілік жауапкершілікке 

тартпауға 35 000 теңге пара алған. 

Құқық  қорғаушылар  қатарынан  шыққан 

мұндай  əрекеттерден  кеденшілер  де  қалыс 

қалмапты.  Жамбыл  облысы  бойынша  КБД-

нің  «Қордай»  кедені  «Қарасу»  кеден  бекетінің 

1  дəрежелі  маманы  Е.Байменов 15 жəне 18 

наурыз күндері азаматша Т-дан  ҚР мемлекеттік 

шекарасынан  кедергісіз  өткізгені  жəне  жалпы 

қамқорлығы үшін сомасы 30 000 теңгені жүйелі 

түрде  пара  ретінде  «олжаласа»,  дəл  осындай 

қамқорлығы  үшін  Жамбыл  облысы  бойынша 

ҚР  ҚМ  КБК-нің  «Қордай»  кедені  «Қордай» 

кеден  бекетінің 2 дəрежелі  жетекші  маманы 

А.Əділбаев та азамат О-дан 21 000 теңге алған.

Мемлекеттік  қызметтер  атқаруға  уəкілетті 

адамдарға  теңестірілген  тұлға  бола  тұрып, 

сыбайластықпен  пайда  көздегендер  де  бар. 

Мəселен,  ЗТМО  ЖОФ-ның  Меркі  аудандық 

бөлімшесінің 

бастығы 

Е.Ахтанбердиев 

азаматша  М-дан  қөтеріңкі  зейтнетақы  төлеу 

үшін 60 000 теңге пара алыпты.  

Байзақ  ауданы  Бұрыл  ауылдық  округі 

əкімінің орынбасары  Р.Букешов 18 наурызында 

азамат  Е.Ракишевті  Байзақ  ауданы  Көктал 

ауылдық  округі  əкімі  У-ға  конкурстық  аукцион 

жеңімпазы  ретінде  танып,  жеке  кəсіпкерлік 

шаруашылыққа  жер  телімін  беру  үшін 105 000 

теңгені пара ретінде беруге азғырған. 


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет