Әр түрлі профильдегі (гуманитарлық, математикалық) сыныптар үшін сабақтың тақырыбына байланысты математикалық есептерді таңдау және шешу. Гуманитарлық бағыт



жүктеу 50.12 Kb.
бет1/6
Дата27.03.2022
өлшемі50.12 Kb.
#18406
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
СӨЖ3
Delphi, Информатика кітап, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика, 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, instrukciya portal rus

Әр түрлі профильдегі (гуманитарлық, математикалық) сыныптар үшін сабақтың тақырыбына байланысты математикалық есептерді таңдау және шешу.
Гуманитарлық бағыт
Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша бағдарламаны жүзеге асыру математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың математикалық материалды түсінуіне және ой-өрісін дамытуға, талдау және дәлелдеу жүргізуде біліктігі мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.
Оқыту мақсаты: жалпыадами және ұлттық негізде тұлғаның жалпы интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне, логикалық, абстрактты және ықтималдық ойлауды қалыптастыруға, әрі қарай оқытудың практикалық негізін құруға бағытталған алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету.
Оқытудың міндеттері:

  1. қоғамдық өмірде маңызды рөл атқаратын жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математикаға деген қатынасын тәрбиелеу; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;

  2. ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы, құбылыстар мен процестерді модельдеу құралы ретінде математика туралы, процестерді ғылыми түсіндіруде математикалық модельдің рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру;

  3. қазіргі қоғамда және математикалық қызметке тән әр адамға қажетті ойлаудың сапасын (нақты және дәл өз ойын айта білу біліктігін, алгоритмдік мәдениетті болуын, сын тұрғыдан және логикалық ойлауын, интуициясын, қиындықтарды жеңе білу қабілетін) қалыптастыру;

  4. математикалық білім жүйесін меңгеру; практикалық қызметте, сабақтас пәндерді игеру және білімді әрі қарай жалғастыруда қажетті алгебралық есептеу біліктігін дамыту;

  5. математиканың негізгі объектісі болатын функцияны алгебра және математикалық анализ құралдары арқылы жүйелі игеру; функциямен байланысты математиканың жалпы әдістерінің қолданбалы мағынасын ашу;

  6. комбинаторлық және ықтималдық ойлауын дамыту;

  7. сөздік қорын математикалық терминологиялармен толықтыру арқылы сөйлеу біліктігін жетілдіру.

5. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.
6. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика және Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.
7. 10-сыныпта оқытудың міндеттері:

  1. тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін пысықтау;

  2. функция графиктерін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графиктерін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

  3. сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін пысықтау;

  4. күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер, тригонометриялық теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, нүктедегі функцияның үзіліссіздігі, дифференциал, кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру;

  5. тригонометриялық функциялармен, кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру;

  6. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін, туындыны игеру;

  7. тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару; элементар функциялардың, күрделі функцияның және тригонометриялық функциялардың туындысын табу біліктігін қалыптастыру;

  8. практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану; теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктігін қалыптастыру;

  9. комбинаторика элементтерімен таныстыру.

8. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Алғашқы функция және интеграл», «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер», «Ықтималдық» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын және соңында 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.
9. 11-сыныпта оқытудың міндеттері:

  1. тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару, туындыны табу, практикалық есептерде туындыны қолдану біліктігін пысықтау;

  2. функциялар графиктерін салу, график бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графигін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

  3. алғашқы функция, интеграл, п-ші дәрежелі түбір, рационал көрсеткішті дәреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;

  4. геометриялық және физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;

  5. құрамында п-ші дәрежелі түбір, рационал көрсеткішті дәреже, логарифмы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктігін қалыптастыру;

  6. иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;

  7. теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін тиянақтау;

  8. теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра және анализ бастамалары курсының әртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;

  9. ықтималдықтар теориясының есептерін шығаруда комбинаторика мен Ньютон биномын қолдану, дискретті кездейсоқ оқиғаны және оның таралу заңдылығын, кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамаларын табу біліктігін қалыптастыру.




жүктеу 50.12 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет