«Әр өлеңі бір әлем» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш Кештің мақсаты



жүктеу 24.48 Kb.
бет5/5
Дата09.02.2022
өлшемі24.48 Kb.
#17102
1   2   3   4   5
мұқағали мақатаев
1-жүргізуші:

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылдым.

Айналайын Қарасаз,

Қасиетінен суының!

2-жүргізуші:

Сенің әрбір бұлағың -

Менің әрбір қан тамырым емес пе?

Қасиетті тұрағым,

Қасиетінен суыңның!-деп тереңнен толғайды.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақынның жырларына берейік. Ортаға 6«Ә»,

6 «Б» сынып оқушыларын шақырамыз.

2-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түкпірінен орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ түрсек.

Ән «Сәби болғым келеді» 6 «Б» сынып оқушысы Дутын Жансая

1-жүргізуші:

Мұқағали:

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,- десе,



2-жүргізуші: замандасы, әріптесі рухани достарының бірі – Жұмекен Нәжімединов:

Күпі киген ақынның

Костюмді ойы - тамаша,

Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.

Қағып-сілкіп күпіні - шекпен алған сол ақын -

Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.



1-жүргізуші:

Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Ендігі кезекті ақынның анкетасын оқуға берейік.



Ортаға 6 «Ә»сынып оқушылары Насырбек Темірлан мен Ержанұлы Жақсылықты шақырамыз

2-жүргізуші:

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,

Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.

Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,



Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.

Ән «Көнеміз ғой». Орындайтын Абдраман Нұртуған

1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 -ден астам әндер жазылды. Мұқағали жырларына кезек берейік.

2-жүргізуші:

Мұқағали - қазақтың саңлағы,

Мұқағали - ән жырдың шаңырағы.

Шырқалғанда жырларың жаным талқып,

Жүдеу тарткан көңілім жадырады.
Мұқағали жырларына кезек берейік.

Абен Аружан

Орынбек Нұрсұлтан

Айдина

Мейірбек

1- жүргізуші: Мұқағали мәңгілік өмірі Ақын мұрасы, маржан поэзиясы мәңгілік,болашақ үрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құнар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек, Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

Саржайлау әнімен ортаға Оралбек Алтынайды шақырамыз

2-жүргізуші: Шын жыр үшін туылған шалқар едің, Шындық үшін туылған арқалы едін. Шындығыңды ұмытар кейбіреулер, Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің - деген жыр жолдарынен кешімізді аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.
жүктеу 24.48 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет