1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді қауым!
2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,-деп әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һәм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.
2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.
1-жүргізуші: Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын ақпан айында тойлана беретіні хақ.
Поделитесь с Вашими друзьями: |