Әож 94 (574): 325. 1 Қолжазба құқында


  «ҚАЙТА  ҚҰРУ»  ЖӘНЕ  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  АЗ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3  «ҚАЙТА  ҚҰРУ»  ЖӘНЕ  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  АЗ 
ҰЛТТАРДЫҢ  ҚАТЫНАСТАРЫ (1980-2009 ЖЖ.) 
 
3.1 Аз ұлттардың әлеуметтік саяси тағдыры  
ХХ  ғасырда  Қазақстанға  қоныстанған  халықтар  тарихына  ден  қойып,  оны 
зерттеу,  мәселенің  құқықтық  жағын  ашу,  кешегі  кеңестік  тарихи-құқықтық 
тарихнамада  кеңінен  алынып,  әсіресе,  Қазақстандық  кеңестік  әдебиетте  жете 
ашылмаған, тіпті, арнайы ғылыми зерттеулерде, сарапталмаған. Кеңестік құқық 
мәселесі,  тарихи  заңнама  әдебиетте,  орталық  билік  мүддесі  басымдылыққа  ие 
болғанын,    бұл  адамдарға,  біртұтас  кеңес  халықтарына  берген  артықшылық 
емес,  сондықтан,  бүгінгі  ұрпақ  үшін  сараптайтын,  жете  ашатын,  әлі  де  болса 
жан-жақты тереңдеп зерттеуді қажет ететін нәрсе. 
Кеңес Одағы басшылары ашықтай іске асырған, қол астындағы халықтарға 
қарсы  күштеп  қоныс  аудару-қылмыс  деп  қарау,  ХХ  ғасырдың  50-жылдарында 
басталды. Бұл үрдіс қылмыс ретінде қаралып, қоғамымызға  қаншалық кесірін 
тигізгені, зұлымдық, қатал іс екендігін мойындау жеткіліксіз екені, басы ашық 
мәселе  ретінде  нақты  материалдар  негізге  алынбай,  жете  ғылыми  арнайы 
зерттелмей  келеді.  Біз    халықтарды  (неміс,  корей,  поляк,  шешен,  ингуш  т.б.) 
заңсыз  қуғын-сүргінге  зорлықпен  жерінен  қоныс  аударудың,  олардың 
құқықтарының  қорғалмауына  үстірт  қарап  келдік.  Шындығында  сол  кездегі 
билік,  олар  жүргізген  ашық,  шектелмеген  заңсыздық,  ауыр  қылмыстық  іс-
әрекеттері  болғаны,  әлі  де  ашылмады.  Ӛйткені  сол  кезең  тарихта 
тоталитаризмнің «салтанат» құруымен сипатталды.  
Тарихи  болмыста,  ақиқатты  қалпына  келтіру,  кеңес  одағында    партияның 
ХХ  съезі  шешіміне  сәйкес  кӛтерілгенімен,  мәселені  ашу  «жылымығы»  ӛз 
жалғасын одан әрі таппады. Қазақстан Республикасында ол тарих әдебиеті мен 
заңдық жазбаларда арнайы қойылып, зерттеу нысанына арнайы айналмай келді. 
Мәселе, жалпы кеңестік ұстаным үстірт баяндалып, баға берілмей келеді.  
Кеңестік жүйе халықтарды бӛлу, қарсы қоюды - саясатқа айналдыруды 30-
жылдардан бастап жүргізді. Арнайы комиссия шешімдері бойынша халықтарды 
қудалау  30-жылдары  басталып,  40-50-жылдары  жалғасты.  Мемлекеттік 
органдар:  БСББ  (Біріктірілген  саяси  Бас  Басқарма),  ІІХК  (Ішкі  істер  Халық 
Комиссариаты),  МҚМ  (Мемлекеттік  қауіпсіздік  министрлігі)-нің  заңсыз 
шешімдері  негізсіз  екендігі  мойындалды  және  зорлық  құрбандарының 
құқықтарын  қалпына  келтіру  актілері  қабылданбады,  алайда,  мәселе  арнайы 
ғылыми  зерттеу  арқылы  сарапталды  деп  айту  қиын,  әрі  негізсіз.  Туып  ӛскен, 
бауыр басқан ортадан қол үздірген кеңестік саясат үстемдігі және одан кейін де 
күштеп  жер  аударылғандарға  ӛз  құқықтарын  қорғау  мүмкін  болмады.  Мұндай 
ахуал Кеңес Одағында ұзақ  мерзімге созылып, құпиялықта ұсталды. Әкімшіл-
әміршіл  басқару  жүйесінің  сеңі  қозғалған  «қайта  құру»  мен  жаңаша  ойлау 
үрдісі  1985  жылдың  сәуір  Пленумынан  басталды.  Қайта  құруды  бастамағанда 
елді  жайлаған  кешегі  30-шы  жылдардан  басталған  халықтар  басындағы  орын 
алған апатты жолдың қайда апарып соғары белгісіз еді.  
Ұлттық  тарихи  жадының  тапталып  қалуы,  ата  салтын  ұмытып,  дәстүрдің 
алыстатылуын, бір сӛзбен айтқанда «мәңгүртизм», деп атасақ, Кеңес Одағында 

 
96 
бұл  дертке  шалдықпаған  халық  жоқ  десе    болады.  Ұзақ  жылдар  бойы  біздегі 
идеология  барша  халықты    тек  осы  бағытта  жұмыс  істеуге    тәрбиеледі. 
Коммунизмге  тезірек  жету  үшін,  ұлттық  белгілерді  жылдам  адам  санасынан 
жойып, біртұтас «кеңес халқы» деген атақ алуымыз керек болды. Нәтижесінде, 
болашағы  кесілген,  Кеңес  адамдары  ештеңегеге  сенбейтін,  ештеңені  қасиет 
тұтпайтын тобырға айнала бастады. 
Адами  ақыл-ой  жеңісіне  жете  алмай,  түбі  шикі,  алдамшы  да,  залым 
саясатын  ақыры  қай  жерден  шығарын  білгісі  келсе  де,  ӛзінің  азаматтық 
құқығын білмей, ұйқыда боп, арманда ӛткен жандар, тұтас халық қаншама.  Сол 
80-90-жылдары 
ұлттардың 
ӛзін-ӛзі 
басқару 
құқығымен, 
одақтас 
республикалардың мемлекеттік дербестігі деген мәселе кӛтерілді. Бұл  үрдістің 
жалғасы  іспеттес  ендігі  бір  мәселе,  «20-50  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргін 
тұзақтарының  қиянаты  мен  әуре-сарсаңына  ұшырағандар  құқығын  қалпына 
келтіру  жайында»  КСРО  Бас  хатшысы  М.С.  Горбачевтің  Жарлығында,  1990 
жылдың 13 тамызында «Правда» газетінде жарияланды. 
Бүгінгі күні Қазақстанда тұрып жатқан халықтарды құптайтынымыз - саяси 
тізгінін ӛз қолына ұстаған, ӛз ісін ӛзі басқаратын, ӛз қазынасына ӛзі ие болатын, 
ерікті,  татулықтағы,  бірліктегі  Қазақстан  халқы  -  Республика  Президентінің 
ішкі  және  сыртқы  саясатын  бірауыздан  қолдайтындығында.  Ескінің  барлығын 
естен  шығарып,  халықты    жадынан  жаңылдыратын,  талай  дауыл  соғып  ӛтті 
деуге тарихтың ащы сабағы куә. 
Енді  ресми  құжат  мазмұнына  аздап  тоқталып  кетейік.  Ӛткеннің  ауыр 
«мұрасы»  жаппай  репрессия,  зұлымдық  және  заңсыздық,  кешегі  күнгі 
басшылық жағдайында, революция, партия, халық атынан іске асырылғандығы. 
20-жылдары басталған саяси қуғын-сүргін, халықты кемсітіп, қорлап, нелер бір 
бұзушылық  іс-шаралар  бірнеше  ондаған  жылдарға  созылған  еді.  Мыңдаған 
адамдар,  тіпті  тұтас  халықтар  моральдық,  дене-тәндік  жағынан  қорланды, 
кӛпшілігінің  кӛзі  жойылды.  Олардың  жанұяларының  ӛмірі  мен  жақындары 
нелер бір зұлым қыспаққа түсті. Жазықсыз тепшілікте күн кешті. Кеңес халқын 
еркінен айырған шексіз билік ӛз үстемдігін тоқтаусыз, еш аяусыз іске асырды. 
Демократиялық қоғамда адам еркі табиғи жаратылыстан бӛлінбейді. 
Жаппай  қуғын-сүргін  Кеңес  Одағында  сәтсіз,  басқаша  айтқанда  ерекше 
мәжіліс шешімі деген желеу арқылы, адамдарды айыптап жазалау-ату жолымен 
іске асырылды. Былайша, әдебиетте, «үштік», «екіліктер», коллегиялық шешім 
деп кӛрсетілді. Сот ӛндірісінде адамдардың әлеуметтік нормалары бұрмаланды, 
бірқатар  істерді  қарауда  құқық  ешқандай  сақталмай,  адамдардың  ауыр 
жазалануына  ашықтай  жол  берілді.  Әділеттілікті  қалпына  келтіру  мәселесі 
Кеңес  Одағы  Коммунистік  партиясының  ХХ  съезінен  басталды.  Алайда, 
мәселені дұрыс қойып шешуде сабақтастық сақталмады. Бұл іске негізінен 60-
жылдардың  екінші  жартысынан  тоқталды  десе  болады.  Құрылған  арнайы 
комиссия,  қосымша  мәселеге  қайта  оралып,  саяси  қуғын  -  сүргін 
материалдарын  қарап  зерттеу  барысында,  жаппай  қуғынға  ұшыраған,  кінәсіз 
мыңдаған  жазаланушыларды  ақтады,  заңсыздық  актілерінің  күшін  жойды  - 
халықтарды  зорлап  кӛшірген  туған  жерлерінен,  сотсыз  БСББ,  ІІХК,  МҚМ  

 
97 
мемлекет органдарының  шешімдері заңсыз деп күшін жойды. Сонымен қатар, 
құқықтықты қалпына келтіруде басқа да заңсыз актілердің күшін жойды.  
Қазірге  дейін  мыңдаған  іс  қаралмай,  шаң-тозаң  қалпында  жатқанын 
кӛпшілік ашық айтып, баспасӛз құралдары жазып  жатыр. Демек, Кеңес Одағы 
адамдарына тағылған «күйе» негізсіз айыптау алынбауы былай тұрсын, жерінен 
аластатылғандар,  сотталғандар,  олардың  жанұяларының  адами  құқығынан 
айрылып,  күн  кӛрістің  ауыр  зардабын  кӛргендер  ақталмауда.  Ондай  жанұялар 
тізімі  еш  жерде  жарияланбай  келеді.  Тіпті  кесілген  жаза  мерзімі  де 
жарияланбағаны,  ашық  мәселе  болып  қалуда.  Діни  ұстанымына  қарай 
қудаланған  дін  басылары  және  осы  пиғылдағы  азаматтар  ақталуы  тиіс.  Билік 
ұстанған  саясат  мәнін  ашу,  біздер  үшін  үлкен,  аса  маңызды  мәселе  екенін 
ұмытпаумыз  керек.  Баршамызға,  жалпы  қоғамға,  қазіргі  және  болашақ  ұрпақ 
алдындағы  жоғарғы  жауапкершілігімізді  сезіне  отырып,  моральдық  қайта 
жаңғыруда ӛткеннің сабағын оқып, зерттеген абзал. 
Ресми  Жарлықтың  1  тармағында    (1990  жыл  13  тамыз)  «Кеңес  Одағының 
зорлық-зомбылыққа,  қуғын-сүргінге  ұшыраған  барлық  халықтарының 
азаматтық құқығын  қайта  қалпына  келтіру  керек  делінген.  Күштеп  кӛшірілген 
халықтардың  құқықтарының  сақталмауының  және  ұлттық  мемлекеттік 
автономияларының  жойылуына  негіз  болып  отырған,  мемлекеттің  Жоғарғы 
органдарының ақтілері күшін жойды, ӛзгертілді. Оларда қойылған еріктен  тыс 
талаптар  мен  шектеулер  алынып  тасталды.  Алайда,  сол  кезең  әділетсіздігінің 
ақтаңдақтары  бүгінге  дейін  толық  аталмай,  олардың  ұрпағы  -  «халық  жауы» 
ұрпағы   деген тіркемесін сақтап келеді.  
Қазақстанға  зорлап  жер  аударылған  халықтар  легі  30-40-жылдары 
басымшылық  алды.  Еңбекпен  түзеу  лагерлеріне  орналастырылған  аз  ұлттарға 
арналған ереже 1941 жылдың 28 сәуірінде  жарық кӛріп, онда лагерден қашқан 
жағдайда РКФСР-дің қылмыстық кодексінің 58-14бабы бойынша ауыр қылмыс 
деп  табылып,  ату  жазасына  кесілетіндігі  келтірілді.  Бұл  адам  баласының 
құқығын  аяққа  таптау,  олардың  жағдайын  елемеу  еді.  Негізінде  бұл  заңның 
ӛзіндік  мәні  болды.  Лагерде  орналасқан  (бұлардың  арасында  күштеп 
қоныстанған,бірақ  «саяси  сенімсіз»  деп  табылғандардан  басқа  ауыр  қылмыс 
жасап  немесе  контрреволюциялық  әрекеттермен,  тонаушылық  әрекеттерімен 
ұсталғандар  болған  –  С.Х.)  аз  ұлт  ӛкілдерін  жуасыту  арқылы  қатаң  тәртіпке 
үйрету  болатын.  Бұл  жер  аударылған  халықтар  «Ішкі  Істер  Халық 
комиссариатының 
арнайы 
комендатуралық 
ережесі» 
және 
«жер 
аударылғандардың  құқықтық  жағдайлары  туралы»  құжаттары  бойынша 
орналасуы  тиіс  болды.  Жер  аударылған  ұлттар    жартылай  болса  да,  құқыққа 
сай, 
күнделікті 
белгіленуі 
керек 
және 
ӛздері 
орналастырылған 
территорияларынан  комендатураның  рұқсатынсыз  шығу  мүмкін  болмайды 
деген  Заң  талабынан  босатылды.  Бұл,  оларды  белгіленген  территориядан 
рұқсатсыз кетіп қалып, яғни қашты деген айыптан құтқарып, жазықсыз жазадан 
арашалау еді.  
1945  ж.  8  наурызда  КСРО  ХКК-нің  «Арнаулы  қоныстанушылардың 
құқықтық  жағдайы»  туралы  қаулысы  жарық  кӛрді.  Бұл  заң  бойынша  барлық 
жер  аударып  келгендер  КСРО  азаматтарының  құқығын  пайдалана  алатын 

 
98 
болды.  Еңбекке  жарамдылары  жұмыспен  қамтамасыз  етіліп,  одан  бас 
тартқандар  заң  жүзінде  жазаланды.  Дегенмен,  осы  қаулы  негізінде  олардың 
құқықтарына шектеуліктер де қойылды. Атап айтсақ, арнайы ІІХК-ның арнайы 
комендатурасының  тұқсатынсыз  тұрып  жатқан  жерінен  басқа  жаққа  кӛшуге 
немесе  кетуге  тыйым  салынды.  Ӛз  бетімен  кету  «қашу»  деп  есептеліп, 
қылмыстық іспен қаралатын болды [200, 113 б.

 
1945  жылы  25  шілдеде  «жер  аударылған  халықтарға  кепілдіктер  туралы» 
арнайы  қаулы  шықты.  Онда  жер  аударылған  халықтардың  тұрмыстық 
жағдайына  байланысты  ауыл  шаруашылығы  қажеттіктерінен  кӛмек-жәрдем 
беру  ұйымдастырылу  қажеттігі  айтылды.  Жер  аударылғандарды  орналасқан 
территориясында мәңгі қалдыру туралы 1948- жылдың 26-қарашасы мен 1951-
жылдың  9-қазанында,  олардың  жұмыс  істеген  орнында  құрылыс  біткенше 
қалдырылатыны  туралы  қаулылар  шықты.  Олар  қашқан  жағдайда,  10  жылдан 
20  жылға  бас  бостандығынан  айырылатын  болды.  Қаулымен  танысқан  жеке 
адамдардан қолхат алынды [200;  121, 92 б.


 
Жоғарыда  аталған  қаулылардың  тұжырымына  ӛзгертулер  1954-жылдан 
бастап  еңгізілді.  Онда  назар  аударатын  мәселенің  бірі  -  жер  аударылған 
халықтардың  1941-1945-жылдары  соғыста  қираған  елді-мекендер  мен 
қалаларды  қалпына  келтіруі,  жалпы  халықтық  іске  ӛз  үлестерін қосуда  аянбай 
еңбектену  мен  жергілікті  тұрғындарға  қосылып,  халық  шаруашылығын 
ӛркендетуге  жұмыла  кіріскендігі.    Арнайы  жер  аударылғандардың  құқықтық 
жағдайларынан  кейбір  шектеулерінің  алынуы  турасында,  «1954  жылдың 
бесінші  шілдесінде  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  қаулысында  оларға 
қолданылған  бұрынғы  құқық  нормаларының  шектеулерін  қажетсіз  деп  тауып, 
осы қаулыға сәйкес мынандай мәселелерден шектеулерді  алды:  
Жер  аударылғындардың  есебінде  тұрған,  қоғамдық  пайдалы  еңбектермен 
айналысатын  адамның  қарамағына  қазіргі  облыс,  аймақ,  республика  ішінде 
тұруға,  ал  қызметтік  іс-сапарда  жалпы  елдің  кез-келген  орнына  ерікті  түрде 
баруына құқылы. 
1.  Тұрып  жатқан  жерлерінде  жер  аударылғандардың  ішіндегі  қоғамдық 
пайдалы  еңбектермен  айналыспайтын,  қалыпты  қоғамдық  тәртіпті  бұзған 
адамға бұл құқық таратылмайды. 
2.  Қолданылып  отырған  тәртіпке  ӛзгерісті,  жер  аударуда  жүрген 
адамдардың  ӛздерінің  КСРО  Ішкі  Істер  Министрлер  органына  тіркелуге 
жылына  бір  рет  келетіндерге  орнату.  Тұрғылықты  орнын  жиі  ауыстырып 
тұратын  адамдар,  арнайы  комендатурадан  есептен  шығуы  керек  және  КСРО 
ІІМ органында, жаңа тұратын орны бойынша есепке тұруы керек. 
3. КСРО ІІМ органынан жер аударылған балалардың 16 жасқа дейінгілерді 
қоса  санағанда,  оларды  әкімшілік  қадағалаудан  босату  және  жер 
аударылғандарға қойылған кейінгі шектеулерді оларға қолданбау. 
4. Арнайы жер аударылғандардың 16 жастан жоғарғы балаларды және оқу 
орындарына жіберілгендер мен қабылданғандарды есептен шығару, оларға кез-
келген елге оқуға баруға рұқсат беру. 

 
99 
5.  Арнайы  жер  аударылғандарға  тұратын  жерлерінде  қалыптасқан  жүйені 
бұзғаны  үшін  берілген  әкімшіліктік  шара  ретінде  қолданылған  айыпты  және 
тұтқындауды алып тастау  
Бұған  одақтық  және  автономдық  республикалардың  Министрлер  Кеңесін   
міндеттеу,  облыстық  және  аймақтық  Атқару  Комитеттері  Кеңесінің  еңбек 
депутаттарына  арнайы  жер  аударылғандар    арасында  қоғамдық  -саяси  ӛмірге 
белсенді тарта отырып, саяси жұмыстарды күшейту.  
Арнайы  жер  аударылғандар,  басқа  еңбеккерлер  сияқты  кәсіподақтың, 
комсомолдық  органдарға  қатыстырылуы  керек.  Сол  сияқты  жұмыстарда 
еңбектегі  жетістіктері  үшін  марапаттау  және  олардың  білімдері  мен 
мамандықтарына байланысты жұмысқа пайдалану кӛзделді [200, 126 б.

.  
Осы  қаулы  шыққанан  кейін  республика  бойынша  шешендер  мен 
ингуштердің  кӛшу  үрдісі байқалды.  1955  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысына 
2415 арнайы жер аударылғандар отбасымен: 343 – немістер, 1009 – шешен, 150 
–  ингуш,  547  –  қарашай,  295  –  грек,  370  –  тәжік  және  121  адам  басқа  ұлт 
ӛкілдері кӛшіп келген [68, 235 б.

.  
Қаулы  аса  ауыр  мемлекеттік  қылмыс  жасағандарға  және  жазасы 
ӛтелгеннен  кейін  жер  аударылуға  жіберілген  адамдарға  қолданылмайды, 
сонымен бірге кӛрсетілгендерді арнайы жер аударылғандар дәрежесіндегілерге 
ғана қолдану тапсырылды. 1955 жылы жер аударылған ұлттар мен этностардың 
құқықтық жағдайларының бірқалыпқа келтіріліп, кейбір шектеулерінің алынуы 
туралы  қаулы  шықты.  Осы  қаулы  қабылданғаннан  кейін  кейбір  ұлттар 
арасында бір облыстардан екінші облыстарға, туған туыстарына жақынырақ, ӛз 
атамекендеріне  кӛшу  басталды.  Жер  аударылған  халықтарға  қойылған  кейбір 
шектеулерінің  алынғанына  қарамастан,  олардың  арасында  үгіт-насихат 
жұмыстары жүргізіліп, қоныстанған жерлерінде қалдыруға тырысты.
 
Қазақ  КСР-нда  орналастырылған  жер  аударылғандар  арасында  еңбек  ету 
кезінде,  ерекше  жетістіктерге  жетіп,  алдыңғы  қатарлы  еңбек  озаттары,  құрмет 
тақтасының  иелері,  Социалистік  Еңбек  Ерлері  жұмыстарын  тастап 
атамекендеріне кетпесе де, басқа облыстарға кетіп жатты немесе жұмыстан бас 
тартып,  жеке  шаруашылықтарын    жасауды  кӛздеді.  Бұл,  жергілікті 
басшылардың  да,  колхоздардың  да  жақсы  еңбектегі  кӛрсеткіштеріне  кедергі 
келтірді.  Кейбір  шешен-ингуштердің  арасынан  жұмыстан  бас  тартқандар 
кездесті.  Олар  жеке  жер  шаруашылығымен  айналысқылары  келетіндіктерін 
ашық  айтты.  Сондай-ақ,  Еңбекшіқазақ  ауданы  бойынша  кетуге  ұйымдастыру 
комитетінің  келісімін  алған,  құрамында  1 295  адамы  (223  отбасы)  Алматы 
стансасынан    бұрынғы  мекендеріне  қайта  оралған.  Оларға  (168  отбасына)  үй 
берілді,  ал  40  отбасы  ведомствалық  пәтерлерге  орналасса,  олардың  ішінен  10 
отбасы жер алып үй салуға кіріскен. 219 отбасына сиырлары қайтарылды, ал 4 
отбасы  кетер  кездерінде,  малдарын  сатып  кеткендіктен  мал  үлестірілмеді. 
Барлық  кетуге  қамданған  жер  аударылған  отбасылар,  ӛздерінің  тұрақтаған 
жерлеріне  қайта  қоныстандырылды.  Олардың  414  еңбекке  жарамды  адамның, 
132-і,  колхоздарға  мүшелікке  кірмеген,  ал  совхоздар  мен  мекемелерде  53  адам 
жұмысқа шықпаған [201


 

 
100 
Тұрып  жатқан  жерлерінен  кетіп  қайта  оралғандардың  бәріне  бұрынғы 
үйлері  беріліп,  үй  жанындағы  жерлерін  малдарымен  қайта  қамтамасыз  ету 
шаралары үздіксіз жүргізілді. 
1955  ж.  10  наурызда  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  «Арнайы  жер 
аударылғандарға  тӛлқұжат  беру  туралы»  қаулысының  шығуы  маңызды  оқиға 
болды.  Ал  осы  жылдың  23  наурызда  «Арнайы  жер  аударылғандарды  әскер 
қатарына шақыру» туралы қаулы шықты. 
 1954 жылы  күштеп  кӛшірілгендерден кейбір шектеулер алынғаннан кейін 
1955 жылғы 13 желтоқсандағы Жоғарғы Кеңесінің  жарлығының 2- тармағында 
«Алыс  жерлерге  жер  аударылған  немістер  және  олардың  отбасыларына 
қойылған  еріктен  тыс  талаптар  алынып  тасталсын»  делінген  құқықтық 
еркіндіктер берілген заңдар шықты [200, 192 б.

.  
1955 ж. 13 желтоқсандағы  күшіне енген Жоғарғы  Кеңес  Президиумының 
қаулысымен
 
Оңтүстік  Қазақстан  облысынан  арнайы  комендатурадан  8960 
немістер  босатылды  [202

.    Осы  жылдың  24  желтоқсанында  1941-1945 
жылдардағы  соғысқа  қатысқандар,  Отан  соғысында  орден  мен  медальдармен 
марапатталғандар,  соғыста  қаза  болғандардың  отбасы  және  оқу  орындарының 
оқытушылары т.б. арнайы комендатура құрығынан босатылады [203

.  
Жер  аударылғандардың    шектеулерінің  алыну  шараларын  іске  асыруда, 
жергілікті
 
партия  ұйымының  хатшылары  және  ұйымдастыру,  мекеме, 
кәсіпорын  басшылары  белсенді  жұмыс  жүргізді.  Олар  республиканың  барлық 
кәсіпорын,  мекеме,  колхоз,  МТС,  совхоз,  аудан  орталықтарында  жер  
аударылған  халықтарға  арнап  жиындар  ӛткізіп,  құқықтық  шектеулері  
алынғандығы  туралы  қаулылармен  таныстырып  отырды.  Шектеулердің  
алынуын,  жер  аударылған  халықтар  қуанышпен  қарсы  алды.  Олар  ӛздері 
орналастырылған  тұрақты  елді  мекендерінде
 
қалды.  1957  жылдың  8 
маусымында  Қазақстан  КП  ОК    бюросының  «шешен  –  ингуш  халықтарының, 
республикадан кетуін уақытша тоқтату туралы» қаулысы шықты [204

.  
Осы  қаулыға  байланысты  Қазақстан  жеріне  тұрақтап  қалған  аз  ұлттарды 
республикадан  шығармай,  олардың  қызметтерін  ӛсіріп,  әлеуметтік-тұрмыстық  
жағдайын түзеуге кӛмек кӛрсету шаралары жүргізіле бастады.  
1956  ж.  19  наурызда  КСРО  Бас  прокуроры,  Ішкі  Істер  министрлігі  және 
МҚК-нің  тӛрағасының  қол  қоюымен  қабылданған  35  сс  /  0066/  00124  нӛмірлі 
бұйрықта  барлық  жер  аударылғандарды  бостау,  оларды  ІІМ-нің  бақылауынан 
алу,  босатылғандарға  тӛлқұжаттарын  беру,  тұрған  жерлерінен  қашып 
кеткендерді іздестіруді тоқтату қажеттігі кӛтерілді [200, 121-122 б.

.  
1955-1956  жж.  заңды  түрде  құқықтық  шектеулері  алынып,  бұрынғы 
Автономиялық  республикалары  мен  облыстары  қалпына  келтірілген  шешен, 
ингуш,  балқар,  қарашай,  қалмақ  халқының  ӛкілдері  ӛз  тарихи  отандарына, 
туып-ӛскен  жерге  қайтуға  мүмкіндік  алды.  Тағылған  айыпты  жоққа 
шығарғаннан кейін 50 мың адам ӛз отанына оралушылар болып атамекендеріне 
қайта сапарға бет бұрды. 
 

 
101 
Кесте  9  –  Аудандар  бойынша  тарихи  отандарына  қайту  жӛнінде  мәліметтер 
тӛмендегідей болды:  
 
Аудан 
Есептен 
шыққан 
Кеткендер 
Қалғанда
р 
 
Алматы 
12 адам 
4 адам 
8 адам 
Жамбыл 



Қаскелең 
14 
14 

Іле 



Шелек 



Еңбекшіқазақ 



Ленин  (қазіргі 
атауы) 



Сталин 
(қазіргі атауы) 
16 
14 

Фрунзе 
(қазіргі атауы) 



Каганович(қаз
іргі атауы) 



 
Олардың  атамекендеріне  қайтуына  жол  ашылғаннан  кейін  облыстарда 
партия  органдарындағы  мүшеліктегі  коммунистер  есептен  шығып,еліне  кету 
науқаны  жүрді.
 
Мысалы,  1957  ж.  барлығы  84  адам  есептен  шығып,  оның  52-і  
кетіп, 32 адам қалды [205

.  
Қазақстан  жерінде  немістердің  саны  басым  болғандықтан  (936  мың  адам) 
Целиноград  облысының  Ерейментау  ауданынан  жер  бӛлініп,  Неміс 
автономиясын құру  жӛнінде мәселе жоспарланады [200, 126-б.

.  Осыдан  кейін 
«Қазақ  КСР-нің  құрамында  Неміс  Автономиялы  облысын  құру  туралы»  15 
пункттен  тұратын  Жарғының  бірінші  тармағында  «КСРО-ның  Жоғарғы 
Кеңесінің  сессиясына  дейінгі  7-8  күннің  ішінде  Қазақ  КСР-нің  Жоғарғы 
Кеңесінің Президиумының Неміс автономиялы облысын құру туралы шешімін 
дайындау  қажет» деп белгіленді.  
Мұндай  ішінара  шешіліп  жатқан  түсіндірулер  мен  қабылданған  қаулылар 
жергілікті  қазақ  халқының  пікіріне  қарсы  келетін  еді.  Бұл  жергілікті 
тұрғындардың  намысы  мен  құқығына  қол  сұғу  болып  табылды.  Немістерге 
автономия  берілетіндігін  шешіп,  Қазақ  КСР  заңында  «Қазақ  КСР-нің 
құрамында  Неміс  Автономиялы  облысын  құру  туралы»,  -  деп,  және  оның 
екінші  тармағында  «Павлодар,  Целиноград  облыстарының  шекараларын 
ӛзгертіп,  Неміс  Автономиялы  облысының  құрамына  кіргізу  керек»  делінген 
шешімді ӛзгерістер енгізілетіндігі айтылған [60, 169 б.

.  
Жоғары  билікке  жауап  ретінде  Целиноградта  үш  күнге  созылған 
«Қазақстан бӛлінбейді» деген кӛтерген қазақ жастарының кӛпшілік шеруі ӛтті. 
Бұл  шерудің  негізгі  мақсаты,  қазақтардың  тоталитарлық  жүйеге  алғаш  рет 

 
102 
жауап ретінде ӛз атамекендерінің ішкі шекарасын сақтап қалу шаралары болды 
және  ол  іске  асты  да.  Шектеулері  алынғаннан  кейін  Шешен-Ингуш  және 
Кабардин-Балқар республикалары қалпына келтірілді, Карашай-Черкес облысы 
қайта  құрылғанымен,  отанына  барушыларға  бұрынғы  барлық  жерлері 
қайтарылған  жоқ.  Оған  басты  себеп,  олардың  бұрынғы  атамекендеріне 
қоныстанған  шовинистік  элементтердің  үйымдастырған  қарсылық 
 
қозғалысы 
еді.  Заңды  ӛз  атамекендерін  талап  еткен  халықтардың  сұрауын  орындау, 
орталық  және  жергілікті  органдарының  да  жұмысын  үлкен  сарсаңға  түсірді 
деуге  болады.  Ӛйткені  оны  орындау  барысында  ұлттар  арасындағы 
қақтығыстар  ӛріс  алып,  ел  тыныштығын  бұзып  алу  қаупі  айдан  анық  кӛрініс 
тауып тұрды. 
1989 жылы 14 қарашада «күштеп жер аударылған халықтарға қарсы қуғын-
сүргін  актілерінің  заңсыздығын  мойындау    және  олардың  құқықтарын 
қамтамасыз ету  жӛнінде КСРО Жоғарғы кеңесінің Декларациясы  қабылданды. 
Ал 1990 жылғы 11 желтоқсанда РКФСР халық депутаттарының съезі «РКФСР-
дағы  саяси  қуғын-сүргін  құрбандары»  жайында  қаулы  қабылдады.  Келесі 
жылдың  26  сәуірінде  РКФСР  Жоғарғы  Кеңесі  «Қуғын-сүргінге  ұшыраған 
халықтарды ақтау» жӛнінде заң қабылдады.  
1993  жылғы  14  сәуірде  қабылданған  Қазақстан  Респубюликасының 
«Жаппай  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  ақтау»  жӛніндегі  қаулысының 
негізінде  шешен-ингуштер  саяси  қуғын-сүргін  құрбандары  болып  есептеліп, 
ақталынды.  Саяси  қуғын-сүргінге  ұшыраған  ұлттар  мен  этностар  сталиндік 
зобалаң  нәтижесінде  небір  қиыншылықтардың  басынан  кешіріп,  тек  ӛздерінің 
жігерінің,  қайсарлығының,  еңбеккерлігінің  арқасында  ғана  үлкен  жеңістерге 
жетті.  
Корей ұлтының ӛкілі Сергей Югайдың естеліктерінде Хабаровскіде қуғын-
сүргін азабын  тартып,  атылғандардың  қабірі  болғанын,  1990  жылы  20  қазанда 
сол  жасырын  болып  келген  қабірдегі  қуғын-сүргін  құрбандарына  арналған 
ескерткіштің ашылу салтанаты болғанын. еске алу жиыны болғанын, сол жерде 
тақтайшада:  «Кінәсіз  ӛлтірілгендерді  мәңгі  естен  шығармаймыз»  деген  жазу 
болғанын  айта  келе:  «Ескерткіш-тақтайшада  қатыгездігі  жағынан  ӛте 
қорқынышты,  кӛлемі  жағынан  үлкен  шығынға  алып  келген  жарияланбаған 
соғыс  болды.  Онда  орыстар,  укриндықтар,  немістер,  татарлар,  еврейлер, 
корейлер  .....  т.б.  ұлттар  жерленген.  Ал  бірнеше  онжылдықтардан  кейін 
репрессия  құрбандарын  толықтай  ақтау  шараларымен  бірге  оларға  халықтың 
сүйіспеншілігі мен мойындауы, қайғыруы келді» - деп жазған [149, 94 б.

.  
1985 жылы Кеңес Одағының үкімет басына, Сталин империясын күйретуге 
әзір болған Горбачев келді. Бұл кезде Орталық және Шығыс Европадағы, Кеңес 
Одағының  ықпалы  бар  елдердің  бәрінде  революциялық  ахуал  қалыптасқан 
болатын.  Польшада  Ярузельскийдің  үкіметі,  елдегі  экономикалық  күйреуді 
қанша жерден реформалау арқылы кӛтермекші болғанымен, халық  қолдамаған 
оның  бағдарламасы  1987  жылғы  жалпы  ұлттық  референдумда  сәтсіздікке 
ұшырады. Ярузельский партия басшылығынан кетті, Польшаға Европалық одақ 
арнайы  тӛтенше  қор  ұйымдастырып,  азық-түлік  сатып  алуына  жәрдемдесті. 
Сӛйтіп  Польшаның  Батыс  елдеріне  қарызы  35,5  млрд.  доллар  болды.  (1989 

 
103 
жылдың басында Венгрияның қарызы – 13,7 млрд. доллар, Шығыс Германия – 
7,6  млрд.  долл.,  Болгария  –  5,4  млрд.долл.,  Чехославакия  –  4  млрд.  долл., 
Румыния – 3,9 млрд. долл., Югославия – 17,6 млрд. долл.) [206, 371-372 б.

.  
Бұл  кезеңде  Польша  шығыста  Ресеймен  бейбіт  қатынас  орнатқанмен, 
болашақ  тағдырын  Литва,  Белорусь,  Украинамен  сабақтастыруды  кӛздеді.  Ал, 
Венгрия  болса,  социалистік  жұмысшы  партиясы  атын,  социалистік  партияға 
ӛзгертіп,  оған  қарсы  екі  партия  шыққан  еді:  бірі  -  Батыс  Европа  христиан 
демократтарына жақын-Венгр демократиялық форум оңшылорталық партиясы, 
екіншісі Тәуелсіз Демократтар одағы. 
Жалпы  90  жылдардағы  бірін  бірі  ауыстырған  Венгр  Үкіметтерінің  басты 
мақсаты  –  Батыстың  кӛмегімен  ел  экономикасын  кӛтеру  болды.  Осы  кездегі 
Берлин  қабырғасының  күйреуі  екі  Германияның  бірігуіне  жол  ашты.  Бұл 
шақтағы  қабырғаның  күйреуі,  Шығыс  Германия  экономикасының  күйреуімен 
түспа-тұс келген еді. Коммунистік басшылардың ішінде Хонеккердің беделі ең 
тӛмені  болды.  Енді  ол  халықты  күшпен  басып-жаншу  мүмкін  емес  екенін 
түсінді.  Осындай  себептер  Чехославакияда  Густав  Гусактың  да  Бас 
секретарьлық  қызыметінен  кетуіне  итермеледі  және  үлкен  мемлекет  екіге 
бӛлінді. 
Венгрияны  ұзақ  басқарған  Кадардан  да,  үкімет  басында  кӛбірек  болған 
Тодор  Живков,  Болгарияны  басқаруының  соңғы  кезінде,  ел  тӛңірегіндегі  аз 
ұлттарға  қысым  кӛрсетумен  шектелді.  Кейін  Хонеккер    секілді  Живков  та 
тұтқындалып мемлекетке қарсы іс-әрекеті үшін айыпталды. 
Румынияда  коммунистік  диктатураның  құлауы  қанды  оқиғамен  аяқталды. 
Партияны  жанұялық  тирандыққа  айналдырған  Николае  Чаушеску  Сталинге 
ұқсап  бағуға  тырысты.  Тыңшылары,  жеке  армиясы  оны  халық  алдында 
беделден  айырды.  Брашове,  Тимишоаредегі  халықтың  толқуы,  оның  тағын 
түпкілікті  шайқалтып,  ақыры  әйелі  екеуі  атып  ӛлтірілді.  Бұларды  айтып 
отырған  себебіміз,  Варшава  шартына  қол  қойған  мемлекеттердің  тірегі  болып 
отырған КСРО-ның да, бұл кезде шаңырағы шайқала бастаған еді. 
Демократиялық  қоғамға  кӛшу  қажеттігі  Орталық  пен  одақтас 
республикалар  арасындағы,  сол  сияқты  республикалардың  ӛзара  қарым-
қатынастарында қалыптасқан жағдайларды қайта қарауды, осы қатынастардың 
мемлекеттік-құқықтық  негіздерін  ӛзгертуді  талап  етті.  1988  жылдан  бастап, 
алдымен  Балтық  бойындағы  ұлттық-демократиялық  қозғалыстар  тарапынан 
жаңа одақтық шарт жасау  туралы мәселе қойыла бастады. Бұл мәселені КСРО 
халық  депутаттарының  І  съезінде  жекелеген  халық  қалаулылары  да  кӛтерген 
болатын.  
Қайта құру идеаларын іске асыру оңайға соқпады.  1989 жылдың жазынан 
былайғы  кезеңдегі  КСРО  шеңберіндегі  саяси  оқиғалар,  орталықтандырылған 
жүйені  бұзып,  тоталитарлық  рухтың  кӛзін  жойып,  түбегейлі  құрылымдық 
ӛзгерістер  жасамайынша  реформаларды  жалғастыруға  болмайтынын  кӛрсетті. 
Жаңадан  сайланған  халық  депутаттарының  1989  жылғы  маусымда  ӛткен  І 
съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін талдауға талпыныс 
жасалды.  Онда  партиялық  және  мемлекеттік  органдар  міндеттерінің  арасына 
меже  қою  туралы,  экономика  саласында  нарықтық  қатынастарға  кӛшу,  жеке 

 
104 
меншікті енгізу, тоталитарлық империяның орнына демократиялық, азаматтық 
және құқықтық қоғам орнату жӛніндегі мәселелер ашық сӛз болды. 
КСРО-дағы реформалардың жүргізілу барысындағы түбегейлі бетбұрыстар 
осы  кезеңнен  басталды.  Ӛз  елдерінің  тәуелсіздігіне  қол  жеткізу  үшін  алдымен 
Балтық  жағалауындағы  республикалар  –  Латвияның,  Литваның,  Эстонияның, 
кейінірек  Украинаның,  Қырғызстанның,  Ресейдің  парламенттері  мемлекеттік 
тәуелсіздік туралы декларациялар қабылдады. Олардың үлгісімен 1990 жылдың 
күзінде  бұрынғы  КСРО  құрамындағы  республикалар  бірінен  соң  бірі  ӛз 
егемендіктерін жариялай бастады. Одаққа мүше республикалардың егемендікке 
ұмтылысы,  олардың  ӛз  мәселелерін  ӛз  еркімен  шешуге  деген  талпыныстары 
одақтық  деңгейдегі  билік  жүйесінен  түсіністік  пен  қолдау  таппады.  Ұлттық 
республикалардың  тәуелсіздікке  бағытталған  әр  қадамын  орталық  басшылары 
сепаратизм және жершілдік, тіпті ұлтшылдық деп бағалауға бейім тұрды. 
1989  жылы  КСРО-ны  тұрақты  одақ  ұстанымдары  негізінде  қайта  құру 
мүмкіндіктері  болған  еді.  Республикалар  ӛздерінің  мемлекеттік  құрылысын 
ӛздері  белгілеу,  ӛзін-ӛзі  билеу  туралы  мәселені  батыл  қоя  бастады.  Орталық 
теледидар, «Правда», «Советская Россия» сияқты газеттер «Балтық бойындағы 
республикаларда  адам  құқығы  бұзылуда,  олардан  үлгі  алған  КСРО-ның  басқа 
құрамдас  бӛліктері  «халықтар  достығына»  қарсы  жолға  түсуі  ықтимал»  деген 
шу  кӛтерді.  Кеңес  Одағының  басшылығы,  алдымен,  Балтық  бойы 
республикаларына  қарсы  экономикалық  және  саяси  жазалау  шараларын 
қолданды.  КСРО  басшылығы  ел  ӛмірінде  орын  алған  күрделі  ӛзгерістерді 
түсініп,  бағалауда  дәрменсіздік  кӛрсетіп,  республикалар  алдындағы  беделінен 
айырылды.  Ресей  Федерацияның  ӛз  тәуелсіздігін  жариялауы  кеңестік  жүйеге 
ауыр соққы болып тиді. Ӛйткені Ресей КСРО-ның ең үлкен республикасы және 
оның арқа сүйер тірегі болатын. 
1990  жылы  сәуірде  республиканың  Жоғарғы  Кеңесінің  ұйғаруымен  Қазақ 
КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Жоғарғы Кеңестің сол мәжілісінде 
тұңғыш  президент  болып  Нұрсұлтан  Назарбаев  сайланды.  Қалай  болғанда  да, 
ӛкімет  билігінің  әлсіреп,  экономиканың  шұғыл  күйреуі  жағдайында 
Қазақстанда  саяси  және  экономикалық  ӛмірді  тұрақтандыруға  тұтқа  болатын 
президенттік  басқарудың  енгізілуі  заңды  құбылыс  еді.  Ол  кезде  мұндай 
шешімдердің  қабылдануы  да,  оның  іс  жүзіне  асырылуы  да  кӛзді  ашып-
жұмғанша  тез  жүріп  жатты  және  бұрынғы  одақтас  республикалар  бірінің 
істегенін бірі қайталап отырды. 
Мемлекет  басшылығына  келген  Н.Ә.  Назарбаев  КСРО-ның  келешегі 
туралы айтыс-тартыстар жүріп жатқан кезде жаңарған федерация ұстанымдары 
негізінде  одақты  сақтап  қалу  үшін  белсенді  күрес  жүргізді.  Кейінірек 
Қазақстанның жетекшесі  конфедерациялық құрылым  ұсынысын  кӛтерді.  Бірақ 
елде орталықтан іргені аулақтату тенденциясы үстемдік ала берді. 
Қазақстанда да күн ӛткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап 
етушілер  күшейе  бастады.  Қоғамдық  қозғалыстар  1990  жылғы  қазан  айында 
айрықша  белсенділік  кӛрсетті.  Күн  сайын  Жоғарғы  кеңес  үйінің  алдында 
(Алматыдағы  бұрынғы  Ленин  атындағы    алаңда)  таңертеңнен  кешке  дейін 
саяси  митингілер  ӛтіп  жатты.  Ал  Алматы  қалалық  партия  комитеті  үйінің 

 
105 
алдында  жастар  пикет  ұйымдастырып,  аштық  жариялады.  Қазақстанның 
тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, 
Кеңес  Армиясын  тез  арада  реформалауды  талап  етті.  Республикадағы  саяси 
жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған 
казачество  ұйымдарының  қазақ  халқының  намысын  қорлайтын  әрекет  ретінде 
бағалануы,  оған  қоғамдық  қозғалыстардың  бірлесе  соққы  беруі  үлкен  түрткі 
болды.  Осындай  жағдайда  Жоғарғы  Кеңестің  сессиясындағы  бірқатар  айтыс-
тартыстардан  кейін,  бұрынғы  кеңестік  республикалардың  соңғыларының  бірі 
болып,  «егемендік  шеруіне»  Қазақстан  да  қосылды.  1990  жылғы  25  қазанда 
Жоғарғы  Кеңес  «Қазақ  Кеңес  Социалистік  Республикасының  мемлекеттік 
егемендігі туралы Декларация» қабылдады. 
1991  жылдың  желтоқсаны  ірі  саяси  оқиғаларға  толы  болды.  Олардың  ең 
бастысы – КСРО-ның ыдырауы еді. Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан 
үш  славян  мемлекеттерінің  басшылары  ӛзара  келісіп,  1922  жылғы  КСРО-ны 
құру туралы шарттың ӛз күшін жойғанын жариялады. 
«Біз, - деп кӛрсетілген ол құжатта, - Беларусь, Ресей, Украина 1922 жылғы 
Одақтық  шартқа  қол  қоюшы,  яғни  КСР  Одағының  құрылтайшылары  болған 
мемлекеттер  ретінде  КСР  Одағының  халықаралық  құқық  субъектісі  ретінде 
және геосаяси ақиқат тұрғысында ӛзінің ӛмір сүруін тоқтатқанын мәлімдейміз». 
Қол қоюшылар дайындаған бұл құжатта КСРО заңдарының күшін жойғандығы, 
одақтық органдардың жұмысын тоқтататындығы да атап кӛрсетілді.  
Сонымен қатар, аталған үш мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер 
Одағының (ТМО)  құрылғандығы  туралы мәлімдеді. 1991 жылғы  13 желтоқсан 
күні Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері бас 
қосты. Олар Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындықтарын білдірді. 
Осылайша,  дүние  жүзіндегі  аса  ірі  отаршыл  империялардың  соңғысы  – 
Кеңес  Одағы  құлады.  Нәтижесінде  Армения,  Әзірбайжан,  Беларусь,  Грузия, 
Қазақстан,  Қырғызстан,  Латвия,  Литва,  Молдова,  Ӛзбекстан,  Тәжікстан, 
Түрікменстан,  Украина,  Эстония    мемлекеттері  ғасырлар  бойы  аңсаған 
азаттыққа қол жеткізді. Бұлардың бәрі мыңдаған жылдық қалыптасқан тарихы 
бар,  ұлттық  экономикасы,  мәдениеті  дамыған  ірі  елдер  болатын.  Мұндай 
елдердің  ӛзгенің  табанында  жаншылып,  ұлттық  мемлекеттігін  жойып  алуы 
тарихи әділеттілікке жатпас еді. 
1991  жылы  Совет  Одағы  құлағаннан  кейін,  Закавказье  республикалары 
тәуілсіз мемлекет болды. Бұрынғы барлық дерлік Автономиялық облыстар мен 
республикалар Ресей Федерациясы құрамындағы Автономиялық республикалар 
статусын  алды.  Ал  шешен  бұл  статусты  қабылдаудан  бас  тартты,  олардың 
мақсаттары тәуелсіздік алу еді және де соны талап етті. 1992 жылы Шешенстан 
мен  Ингушетияның  кӛпжылдық  одағы  құлады.  1993  жылы  желтоқсандағы 
Ресейдің  жаңа  Конституциясында  құрамындағы  республикалар  дербес  деп 
белгіленбеген,  олар  тек  орыс  облыстарымен  тең  құқылы  ретінде 
сақталатындағы айтылған. 
Сондықтан  бұл  халықтар    ӛздерінің  тарихи  отандарына  қайту  құқығын  
қалпына  келтіру  жолында,  қанша  арызданғанмен  одан  ешқандай  нәтиже 
болмайды.  Немістерге,  қырым  татарлары  мен  түріктерге  ерік  берілген  жоқ. 

 
106 
Демократиялық  қозғалыс  кезінде,  қоғамдық  күштерінің  қысымы  мен  КСРО 
Жоғарғы  Кеңесі  түріктер  мен  қырым  татарлары  туралы  1989  ж.    14  қарашада  
арнайы мәлімдеме жасап, кезінде орын алған саяси қуғын-сүргінді айыптады.  
Депортацияға  ұшыраған  халықтарды  реабилитациялау  барысында  ұлттық 
сананың  қалыптасуына  байланысты  кӛптеген  проблемалар  туды.  1991  жылы 
КСРО  құлағаннан  кейін  қуғынға  ұшыраған  халықтар  мен  азаматтардың 
еркіндікке  қозғалысы  жандана  бастады.  Алайда  олардың  бұрыңғы  құқығын 
қалпына  келтіруге  әлі  де  нақты  дайын  емес  еді.  Дегенмен  1991  жылдың  7 
наурызда  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  қаулы  қабылдап,  онда  күштеп  кӛшірілген 
кейбір  халықтардың  құқығының  сақталуын  және  олардың  бұған  дейінгі 
қабылданған    ұлттық-мемлекеттік  актілерінің  күшін  жоюды  қамтамасыз  ету 
шаралары  белгіленді.  Куғын  сүргінге  ұшыраған  халықтың  заңды  құқын 
қалпына  келтіру,  олардың  отбасыларына  белгілі  бір  жеңілдіктер  тағайындау, 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  «жұмысшы  колонияларында»  болғандарын 
анықтап, оларға материалдық жағдайлар жасау қарастырылды. 
Қоғамдық ұйымдардың қысымы нәтижесінде 1991 жылы 7 наурызда КСРО 
Жоғары Кеңесі, олардың тұрған жерлеріне оралуына ерік беру, оларды кезінде 
күштеп  кӛшіру,  Ата  Заңға  (Конституцияға)  жат  саясат,  зорлықпен  қоныс 
аударылғандардың  мемлекет  тарапынан  шеккен  залалдарын  ӛтеу,  1941  жылға 
дейін  тұрған  жерлеріне  барған  күштеп  қоныстанушыларға,  ешкім  де  кедергі 
жасамауы ашық айтылды. Осы Қаулыдан кейін әртүрлі ұлттар мен этностардың 
басым  кӛпшілігі    тарихи  отандарына  қайтуына  байланысты  1999  жылғы  санақ 
бойынша  қарастырсақ,  гректер  саны  –  72,5  пайызға,  немістер  –  62,7  пайызға, 
шешендер  –  35,2  пайызға,  поляктар  –  20,3  пайызға,  ингуштер  –  13,5  пайызға, 
әзірбайжандар  –  12  пайызға  қысқарған  [207,  106-б.

.  Олардың  негізгі  бӛлігі 
Орта Азия мен Қазақстанда үйренісіп, үйлі-жайлы болған жерлерінде орнығып 
қалды.  
 
Кесте  10  –  1989-1999  жылғы  халық  санақтары  бойынша  Қазақстандағы 
жекелеген ұлттардың саны 
  
Ұлттар 
1989ж. (мың адам) 
1999 ж. (мың адам) 
немістер 
946,9 
353,4 
корейлер 
100,7 
99,7 
әзірбайжандар 
89,0 
78,3 
түріктер 
49,6 
75, 9 
поляктар 
59,4 
47,3 
күрдтер 
25,4 
32,8 
шешендер 
49,1 
31,8 
ингуштер 
19,5 
16,9 
гректер 
46,3 
12,7 
қарашайлар 
2,1 
1,4 
 

 
107 
Санақ  мәліметтеріне  салыстырып  қарасақ,  Қазақстандағы  ұлттар  мен 
этностардың  ішінде  немістердің  саны  азайғанын  (олардың  ішінде  отанына 
қайтқандары,  ӛмірден  озғандары  бар),  корейлерден  бір  мың  адам  ғана  еліне 
оралған, ал түріктер, шешендер, ингуштердің саны 1999 жылы ӛскенін кӛреміз 
[207,  136-137-бб.

.  Ал,  соңғы  халық  санағы  бойынша,  олардың  Қазақстан 
республикасында  тұрақтап  қалғандары  -  немістер  –  353  441  адам,  татарлар  - 
48 952 адам, корейлер - 9 657 адам, әзірбайжандар - 78 295 адам, күрттер - 2 764 
адам,  шешендер  -  1 799  адам,  ингуштер  -  6 893  адам    есепке  алынған  [208,  11 
б.

.  
Елді  езіп-жаншып,  жұртты  жүдеткен  тоталитарлық жүйе,  жер  аударылған 
халықтардың  толықтай  атамекендеріне  оралуына  шектеу  жасап,  олардың 
ӛміріне,  рухани  дүниесіне,  тілінің,  салт-дәстүрінің  дамуына  қиянат 
жасағандығын, дерек кӛздері айқындап, айғақтап берді деуге болады. 
Күштеп  қоныс  аударған  корей  халқының  Қазақстанда  алғаш  тұрақтаған 
ӛңірі  солтүстік  облыстар  дедік.  Қазақстанның  солтүстік  аймағында  корейлер, 
тұрғылықты  тұрмыс  жағдайына  орналасқан  елді  мекендеріне  қарай,  үш  топты 
құрады.  Бірінші  топ  –  корейлер  сан  жағынан  басым  кӛпшілігі    КСРО  -  ның 
Қиыр  Шығыс  ӛлкесінен  қоныс  аударғандар  ұрпағынан  болды,  екінші  топты  – 
корей жанұялары  Достастық елдерден кӛші-қонмен келгендер құрады, әсіресе, 
Қырғызстаннан,  Ӛзбекстаннан  шыққан  еді.  Бұлар  ӛздерін  Корей  адамымыз 
дейтіндер. Қазіргі әлемде  кӛп ұлт ӛкілдерінің жер бетіне орналасуында, ортақ 
жалпы  заңдылыққа  тартылу  процесі  жүруде.  Бұл  үрдіс  ӛзара  байланысқа 
кӛзделуде, әрі уақыт ӛткен сайын нығаюда. 
Қазақстаннан  КСРО  ыдырағаннан  кейін  ӛз  Отандарына  кеткен 
этностардың  арасынан  әлі  күнге  дейін  ӛзара  қазақ  тілінде  сӛйлейтіндерді 
кездестіруге  болады.  А.А.  Гунашев  пен  Л.Н.  Сапонованың  жазуынша, 
Қазақстан  жеріне  30-40  жылдары  қоныстанған  шешендердің  (вайнахтар)  бір-
бірімен  қазақ  тілінде  сӛйлесіп,  қазақша  ән  айтып,  олардың  кейбір  салт-
дәстүрлеріне  құрметпен  қараған.  Осы  күні  Қазақстан    территориясында  50 
мыңдай шешендер мен 17 мыңдай ингуштер ӛмір сүруде [209, 19 б.


 
Сонымен,  бүгінгі күнде, күні кеше  жер аударылғандардың екінші Отаны- 
Тәуелсіз  Қазақстанда  тұрақтап  қалғандары  да  баршылық.
 
Олар  Қазақстан 
халқының  тең  құқықты  азаматтары  ретінде  қазақ  халқымен  туысқан  болып 
етене  араласып,  татулық  пен  бірлікте  бейбіт  ӛмір  кешіп  отыр.  Олардың 
білімін,тілін,  мәдениетін,  салт-дәстүрін    дамытуға  немесе  атамекендеріне 
оралуларына  немесе  мемлекеттіктерін  қайтаруға  Қазақстан  үкіметі  тарапынан 
бар мүмкіндіктер қарастырылуда. 
«Тоталитарлық  режимнің  біздің  халықтарымызға    түзетуге  келмейтін  зиян  
келтіргеніне  қарамастан  тіпті  сол  жылдардың  ӛзінде  экономиканың  дамуы, 
мәдениеттің,  ғылым  мен  білімнің  бірін  бірі  байыту  үрдісі  жүріп  жатты.  Біз 
халықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарында ӛзінің бостандығы  мен тәуелсіздігін 
бірлесіп  сақтап  қалғанын,  қираған  шаруашылықты  тез  қалпына  келтіргенін, 
космосқа  шыққанымызды  әрқашан есте сақтауымыз керек»  [210


 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет