Әож 94 (574): 325. 1 Қолжазба құқында



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

883 
3404 
799 
3416  - 
- 
799 
3416 
2.Красноармейск  866 
3778 
697 
3166  425 
1920  272 
1279 
3.Сталин 
550 
2168 
295 
1361  218 
1020  77 
341 
Барлығы 
2299 
9350 
179 
7976  673 
2940  1148  5036 
 
Кестенің жалғасы 5 
Аудандар 
 
 
 
Красноармейск  
ӛндіріс-артел-деріне                         
орналасқандар 
Қаланың жанында 
орналасқандар 
Жұмысқа 
ӛнеркәсіптерге 
орналасқандар 
жанұялар 
мен 
 
жалғ.ме
н   
адам басы  жанұя 
адам 
басы 
жанұя 
адам 
басы 
1.Келлеров 
776 
3331 
- 
- 
23 
85 
2.Красноармейск 
135 
673 
137 
585 
- 
- 
3.Сталин 
- 
- 
- 
- 
77 
341 
Барлығы 
911 
4024 
137 
585 
100 
426 
 
1938  жылдың  ортасында  корейлерді  орналастыру  туралы  анықталған 
мәліметтер  пайда  болды.  Облыста  2299  корей  шаруашылықтары  мен  жеке 
меншігі  бар  мекемелерде  508  шаруашылық  орналастырылды,  қалған  1791 
шаруашылықтың  958-і  таратылған  Красноармейский  совхозының  жерінде 
орналастырылды,  799  шаруашылық  Алматы  облысының  Қаратал  ауданына 
кӛшірілді,  39-ы  жұмыс  жасап  жатқан  жерлерге  орналастырылды  (есепте  бұл 
сандар  «қосымша  орналастыру»  деп  беріледі).  958  шаруашылықтан 
тӛмендегідей корей колхоздары бой кӛтерді: Макашевкада – 188 шаруашылық, 
Октярьдің 14 жылдығы - 209 шаруашылық, Қара Жарық – 256 шаруашылық, 40 
шаруашылық машинотрактор стансасына орналастырылды. 

 
61 
Сонымен  қатар  тұқым  егу  жоспары  айқындалды.  Дәнді  дақылдар    4450 
гектар  жерге  себілетін  болды.  Оларды  бӛліп  кӛрсетсек:  бидай  –  2465  гектар, 
сұлы – 1145 гектар, арпа – 285 гектар, тары – 274 гектар, күнбағыс – 98 гектар, 
картоп – 183 гектар [139


  
Корейлерді  орналастыру  ӛкіметтің  кӛз  алдында  және  Қазақстан  ХКК, 
К(Б)П  мен  ІІХК-ң  тексеруінде  болғандықтан,  Қостанайға  қарағанда  Солтүстік 
Қазақстанда, корейлерді қайта кӛшіру қызу жүргендіктен,  мағлұматтар беріліп 
отырылды [140

.
   
Бұл  жерде  біз    ілгері  аттап  кетіп  салыстыратын  болсақ,  корейлердің 
Солтүстік  аймақтан  Қазақстанның  оңтүстігіне  қоныстана  бастағанын 
байқаймыз.  Яғни  1938  жылы  Жамбыл    облысында  4  090  адам  болса,    1989 
жылы  13360  адамға  ӛскен,  керісінше  Солтүстік  Қазақстан  облысында    1939- 
жылы 4769 адам болса, 1989 жылы 337 адам  қалған, Талдықорған облысында 
1939  жылы  бір  де  бір  корей  тіркелмесе  1989  жылы  –  13  581    адам  болып 
тіркелген,  Алматы  қаласында  1939  жылы  18  адам  болса,  1989  жылы  16  073 
адамға ӛскен. 
 
Кесте 6 – Күрішші қоныс аударушылар саны туралы анықтама -  мағлұмат 
 
Аудан 
Барл. 
колхоз 
Ішінде 
күріш  
шілер 
Ішінде 
Ұйымдаспа-
ған корейлер 
Барлығы 
Балықшы 
колхозшы 
 
 
 
 
 
 
жан-
ұя 
адам 
басы 
жан-
ұя 
адам 
басы 
жан-
ұя 
адам 
басы 
жан- 
ұя 
адам 
басы 
Блюхе-
ровский 


470  2248 
65 
271 
535 
2519 
- 
- 
Летовоч-
ный 


133 
722  118 
566 
251 
1288 
56 
198 
Шортан-
динский 


43 
183 
32 
118 
75 
301 
- 
- 
Солтүст.  
Қазақстан 
облысы 
бойынша 
барлығы 
14 

646  3153  215 
955 
861 
4108 
 
 
Акмо-
линский 


151 
785 

18 
155 
803 
- 
- 
Барлығы 
20 
13 
797  3938  219 
973 
1016 
4911 
56 
198 
 
ХКК,  ХКІІ  органдарынан  жоғарғы  билік  аппараты  үзбей  есеп  сұрап 
отырды. Әрбір облыс қоныстанған корейлер, олардың тұрмыс жағдайы жайлы 
мәліметтер  беруге  тырысты.  Мәселен,  Солтүстік  облыстардағы  корей 
колхоздарында  шаруашылық  барысы,  отбасы,  үй  саны  жайында  мынадай 

 
62 
мәліметтер берілген: Қостанай облысына қарасты   «5 Декабрь»   колхозында  – 
210  үй,  «Самир»  колхозы  –  210,  барлығы  –  420  үй.    Солтүстік  Қазақстан 
облысы бойынша  - «Верность» колхозы – 154, «Октябрьге 14 жыл» колхозы – 
166, «Кривой рог» колхозы – 108, «Қаражал» колхозы – 226, «Архангельский» 
колхозы – 132. Барлығы – 786 [141

.
 
Берілген мәліметтерге қарағанда Солтүстік 
Қазақстанға орналастырылған корейлердің саны басым болғаны кӛрініп тұр.
                               
Қазақ  КСР  жер  жӛніндегі  Халық  комиссары  Құлжанов  республикада  
қоныстанған корейлер жайында ӛзінің  баяндама хатында Қостанай  облысында 
1090  корей  шаруашылығы  болып,  оның    420  шаруашылығы  дербес  колхоздар, 
101  шаруашылығы  қосымша  қоныстанғандар,  587-сі  жұмысшылар  мен 
қызметкерлер  екендігі  және  барлық  колхоздар  -  2,  қосымша  қоныстанған  17 
колхоз болғандығын келтірген.  
Корейлер  қоныстанған  колхоздардағы  егіндік  ӛсім  жоғары  болды.  Бұл 
жерлерде  7575  гектарға    тұқым  себілген.  Оның  ішінде  4693  гектарға  бидай, 
1444 га сұлы, 202 га арпа, 428 га тары, 100 га күнбағыс, 160 га картоп егілсе, ал 
Қостанайдағы колхоздарында жоғарыда аталып кеткендерден басқа 12 га жерге 
бұршақ,  36 га жерге бау - бақша дақылдары егілген
 
[142


  
Егіс  аймақтарын  ӛңдеуге  ауылшаруашылығына  техника,  құрал-саймандар 
аса  қажет  болды.  Үкімет  тарапанынан  Солтүстік  аймақтағы  корей 
колхоздарына  ауыл  шаруашылық  саймандары  берілді.  Еңбек  құралдарымен 
қамтамасыз етілу жағдайын тӛмендегі кестеден кӛруге болады. 
 
Кесте 7 –  Колхоздардағы тұрғындарды еңбек құралдарымен қамтамасыз ету 
 
 
 
Машиналар аты 
Аталған  
шаруа-шылық-ң 
мұқтажы 
 
Барлық 
берілгені 
01.01.1938 ж. 
қалдық 
1938 ж. 
қоры 1 -ші 
тӛрттік 
 
 
Соқа 
246/57 
3/196 
80/- 
83/196 
Тырма ЗИГ-ЗАГ 
216/50 
-/39 
600/700 
600/739 
Түптеуіш 
75/12 
55/11 
- 
55/11 
Дән сепкіш 
сепкішпішен 
69/16 
- 
- 
- 
Пішен шапқыш 
шапшапқыши 
60/20 
-/96 
72/72 
72/168 
Тырма 
30/10 
-/ПО 
60/60 
60/170 
Лобогрейкалари 
57/13 
- 
42/42 
42/42 
Іріктеуіш 
15/5 
-/3 
12/10 
12/13 
Триера 
- 
- 
5/4 
5/4 
Хода 
150/50 
4/-                 100/- 
104/- 
Ескерту – 
[143

 
 
Кестеден  байқағанымыз,  құрал-сайман  тапшылығы,  жұмысқа  қажетті 
еңбек  құралдарының  жетіспеушілігі  кӛрініп  тұр.  Қостанайдағы  корей 
колхоздарына Аягӛзден совсельторгтың 60 соқасы жіберілді. 
Корей халқын оңтүстік және солтүстік ӛңірлерге қоныстандырудың ӛзіндік 
мақсаты  болды.    Бұл  істің  барлығы  үлкен  іскерлікті  талап  ететін  еді.  Әрбір 

 
63 
ауданда кӛшіру мен қайта қоныстандыру жұмысында негізінен экономикалық- 
географиялық жағдайлар қарастырылды. Кӛшіру мен қайта қоныстандыруда екі 
кӛзқарас  болды:  экономикалық  тиімділік  (колхоздарда  жұмысшылар  жетпеді, 
жетекші    сала  ауыл  шаруашылығы  болды,  азық  даярлау  орындалмай  қалатын 
кездер  болды),  ал  корейлерге    келсек,  олар  еңбекқор,  шыдамды  халық,  жаңа 
орында  да  аз  ғана  уақыт  ішінде  ӛздеріне  берілген  жаңа  жерді  ӛңдеп  алады, 
себебі  олардың  этникалық  мінездемесіне  үңілсек,  бұл  халықтың  қол  қусырып 
отырып алмайтыны белгілі, олар  іске кірісіп кетеді. Екінші кӛзқарас, корейлер 
жаңа орынды игеруге мәжбүр болды, олардың басқа баламасы болған жоқ, олар 
қолға алған істерін соңына дейін дұрыстап жасауға машықтанған  халық,  демек 
жерді  жыртып,  егінді  де  егеді,  жерді  қазып,  кӛкӛністі  отырғызады,  ӛмір  сүру 
үшін қажетті  қор  мен күшті  де табады. Корейлердің осындай еңбекқорлығын 
барынша пайдалану қажет еді. 
Бұдан    соң  қосымша  кӛшірулер  етек  алды.  Қостанай  облысына  қосымша 
300 жанұя кӛшірілетін болса, Затобольский 
 ауданына  400  жанұя  кӛшірілуге 
тиіс  болды.  Бұл  19  колхозға  орта  шамамен  20  жанұядан  келді.  Меңдіқара  
ауданына  500  жанұя  кӛшірілді,  ол  32  колхозға  орта  шамамен  15  жанұядан 
есептелді. Обаған ауданының 24 колхозына 300 жанұя қоныстандырылды, әрбір 
колхозға  шамамен  15  жанұядан  келген.  Семиозерный  ауданының 
шаруашылықтарына  210  шаруашылық  19  колхозға,  Федоровск  ауданының  16 
колхозына  300  жанұя,  Жетіқара  ауданына  300  шаруашылық болып  белгіленді. 
Павлодар  облысына  кӛбінесе  қоныс  аударушылар  уақытша  кӛшірілді,  себебі 
1939  жылы  Павлодар  облысына  қоныстандыру  мәселесі  қарастарылмаған  еді. 
Сондықтан 1940 жылдан бұл жерлерге арнайы түрде қосымша қоныстандырыла 
бастады. 
Қосымша  қоныстанған  корей  колхозшылары  уақытша  жергілікті 
тұрғындардың  үйіне  орналастырылды.  Мысалы,  Ертіс  ауданына  –  230  жанұя, 
Баянауыл  –  35,  Бесқарағай  –  5,  Каганович  –  104  үй,  Куйбышевский  –  90 
шаруашылық,  Лозовской  –  50  үй,  Цюрупинский  –  518,  Горьков  –  500, 
Уряготюпский  –  350,  Павлодарский  –  290  үй  қоныстандырылған.  Бұл 
қоныстанушыларға  құрылыс  материалдарыі,  алмасу  түбіршектеріне    мал, 
құрал-сайман  берілді [144

.  
Корейлер кӛбінесе Қазақстанның солтүстік аймақтарынан басқа аудандарға 
туғандарына  қосылу,  жұмыс  іздеу,  мамандықтарына  байланысты  себептермен 
кетіп қалуға тырысты.  
Корейлердің  орыс  тілін  жетік  білмеуінен  қиыншылықтар  туындады. 
Әсіресе  егде  адамдары  сӛйлей  алмағандықтан  ӛздерінің  жерлестерінің 
арасында тұруға ұмтылғаны байқалды. Сондықтан олардың кӛпшілігі Қостанай 
облысының  Мендіқара,  Қарабалық,  Семиозерный,  Федоровский  аудандарын 
тастап,  корейлер  кӛп  қоныстанған  Қостанайға  кӛшіп  баруға  тырысты. 
Корейлердің    біразы 
Жетіқарада,  ірі  ӛндіріс  орындарының  бірі 
«Джетығаралтын»  комбинатында  тұрақтап,  шахталарда  дем  алмастан  жұмыс 
істед.  Негізінде  келген  корейлер  арасында  шахтер  де,  алтын  іздеушілер  де 
болған  жоқ,  сондықтан  жаңа  мамандықты  меңгеруге  уақыт  керек  болды.  Осы 

 
64 
себептерге  байланысты  Жетіқарадан  100  жанұя  кетіп  қалған.
 
Затобольск 
ауданында  жағдай  басқаша  болды.  1940  жылы  осы  жерге  360  шаруашылық, 
1941  жылдың  1-ші  қаңтарына  дейін  346  шаруашылық  кӛшірілді.  Ӛз  бетінше 
осы ӛңірге 232 шаруашылық келді.  
Қаптаған  бұйрықтарға,  қаулы-қарарларға  қарамастан,  биліктегілер 
кӛшірілген корейлерді аз да болса азық - түлікпен қамтамасыз етуге, үй салып 
беруге,  киім,  аяқ  киім  тауып  беруге,  оқытып,  медициналық  кӛмек  кӛрсетуге 
дайын  емес  еді.  Келген  колхозшылар  жаңа  келген  жерлерінде  де  дәнді-дақыл 
ӛсірумен айналысқандықтан қосымша тұқым қоры қажет болды [145

.
   
Жол  бойы  концентрациялық  лагердегідей  жағдайлар,  табиғи-климат 
жағдайы,  басқа  этникалық  орта,  келген  жерлерінде  дұрыс  орналастырылмауы, 
жаңа  орында  жағдайларының  болмауы  қоныс  аударушылардың  бейімделіп 
кетуіне  кедергісін  тигізді,  тіпті  қайғылы  оқиғаларға  апарып  соқты.  Кӛптеген 
қоныс аударушылар сол уақытты еске түсіреген кезде былай дейді: «Ӛте қиын 
болғандықтан,  ненің  ақ-қара  екенін  түсінбей,  Қиыр  Шығысқа  кеткіміз
 
келді. 
Сыртта  боран  соғып,  үйлердің  тӛбесіне  дейін  жауып  тастады.  Бірақ 
балаларымыз үшін осы қиындықтарға мән бермеуге тырыстық. Қайтсек те тірі 
қалу  керек  болды,  корейлер  неге,  не  үшін  қиындыққа  ұшырағанын 
түсінбегендіктен  қиыншылық  ауырлап  кеткен  секілді  болды».  Кӛшу  кезінде 
кӛбінесе балалар шетінеп, қарт адамдар, аурулар ӛліп жатты. 
 
1944  жылдан  бастап  Кӛкшетау  бӛлек,  ӛзіндік  облыс  болып  қалыптасты. 
1940  жылы  Кӛкшетау  ауданының  колхоздарына  233  корей  шаруашылықтары 
кӛшірілді. 
Билік 
орындары 
корейлерді 
қосымша 
орналастырудың 
экономикалық  тиімділігін  дәлелдеуді  талап  етті,  себебі  кӛшірілген 
шаруашылықтардың  санын  есептеу,  қосымша  қоныстандыруды  жоспарлау 
қажет еді. Басқа да ұйымдастыру шаралары қарастырылған болатын. Қосымша 
қоныстандырудың  кӛлемі  корейлердің  бір  ауданнан  екінші  бір  ауданға,  бір 
облыстан  екінші  облысқа  шаруашылықтарда  жұмысшы  қолы  жетпегендіктен 
кӛшіріліп отырғандықтарын кӛрсетеді
 
[146

.
  
Жоғарғы билік органдары корейлерді Кӛкшетауға орналастырудың себебін 
игерілмей жатқан жерлерді  солардың кӛмегімен қолға алуды жӛн деп есептеді
 
[147

.
  
Корейлер  Онтүстік  Қазақстан  облысының  Қызылорда,  Қазалы,  Шиелі, 
Жаңа Қорған аудандарына орналастырылды. 1938 жылғы 19 қаңтардағы Қазақ 
КСР  ХКК-нің  «Балық  аулаушы  корей  колхоздарын  орналастыру  жӛніндегі» 
арнайы қаулысы бойынша Арал, Каспий теңіздері және Балқаш кӛлі маңайында 
11  корей  балықшы  колхоздарын  қоныстандыру  жоспарланып,  сонымен  қатар 
сол  кезде  балық  ӛндірісінде    жұмыс  істеп  жатқан  13  корей  ауылдарының 
құрылысын анықтау бекітілді [148

.  
Корейлерді  кӛшіру  барысы  әрқилы  жағдайда  ӛтті.  Алғашқылар 
қыркүйекте,    жылы  кезде  елдің  оңтүстігіне  кӛшірілсе,  қараша-желтоқсанда 
кӛшірілгендер  суыққа,  жолдағы  қиындықтарға  тап  болды.  Қазақстанның 
тӛңірегіндегі ішкі қоныс аударушылық кӛбіне әлеуметтік жағдайға байланысты 
болды.  Яғни,  біріншіден,  жұмыспен  қамту,  әр  адамның  қабілеті  мен 

 
65 
мамандығына  байланысты  емес,  бұйрық  беру  арқылы  жүргізілді,  екіншіден, 
тұрғын  үй  мәселесі  шешімін  таппай  жатты,  балаларының  оқуына,  орта 
мектептердің  алыстығы,  киім-кешек  тапшылығы,  ана  тіліндегі  мектептердің 
жоқтығы, үшіншіден, жастардың басқа ұлт ӛкілдерімен аралысып, пікірлесетін, 
кӛңіл 
кӛтеретін, 
достасатын 
орындар-мәдениет 
ошақтары, 
клубтар, 
кітапханалар,  спорт  алаңдарының  тапшылығы,  жоқтығы,  тӛртіншіден,  жалпы 
ұлттың, 
ертеңге 
деген 
сенімсіздігі, 
яғни, 
үкіметтің 
әлеуметтік 
қамсыздандыруына  сенімсіздік,  (жалақының  тӛмендеуі,  тұрмыстық  қажетті 
тауардың  жоқтығы,  азық-түліктің  қымбаттығы,  т.б.)  туындады.  Міне,  осындай 
себептерден  де,  корейлердің  жаңа  ортаға  қалыптасуы  ӛте  қиын  жүрді  деуге 
болады.  Сондықтан  да  халық  санақтарының  кӛрсеткіштеріне  байланысты 
корейлердің  орналасуы,  Қазақстанның  бір  облысында  азайып  жатса,  бір 
облыстарында  кӛбейіп  жатқаны  байқалды.  Бұл  кей  жағдайда  облыстардың 
әкімшілік-аймақтық ӛзгерістеріне де байланысты жүріп жатты.  
Дегенмен,  1959    жылмен  1989    жылдар  аралығында,  Қазақстандағы 
корейлер  санында  айтарлықтай  ӛзгеріс  болған  жоқ.  Олар  негізінен  жер 
аударылғаннан кейін кӛбіне Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс ӛңірлеріне 
орналасып,  бейімделіп  кетті,  жергілікті  тұрғындармен  тіл  табысып,  ӛздеріне 
берілген жұмыстарын атқара білді. 
Қазақстанға  күштеп  жер  аударылған  корей  халқы  басынан  ӛткен 
қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды, бауырмал қазақ халқының аянбай кӛмек 
кӛрсеткенін  естеліктерінде  жазып  жүр.  Солардың  бірі  сол  бір  қасіретті 
жылдарды  басынан  ӛткізген  ӛз  отбасы,  ата-бабалары  туралы  «Поезд  памяти» 
естеліктер,  құжаттар  жинағында  жазған    Сергей  Югайдың    естелігінен  кӛруге 
болады.  Бұл естелікте «1937 жылы бізді Қазақстан жеріне жер аударды. Біздің 
эшелон  Ақтӛбе  жеріне  келіп  жетті.  Кӛптеген  отбасылар  бӛлініп,  әр  жерлерге 
аттандырылды. Біздің де отбасымыз бӛлінді. Шешемнің әпкесі Ақтӛбеде қалып, 
қалғандырымыз  облыс  орталығынан  250  шақырым  жердегі  Бүгітсай  ауылына 
келдік. Қараша айы еді. Күн суық. Тамақ нашар. Жағдайымыз ӛте ауыр болды. 
Сол кезде бізге кӛмектескен шопандар болды. Тіл табысып, түсінісіп, бізге қол 
ұшын берді. Осылай Қазақстан қалаларында – Ақтӛбе, Қызылорда, ең соңында 
Семейге кӛшіп бардық» деген әжесінің естелігін жариялаған [149, 89 б.


 
Қорыта  айтқанда,  30-40  жылдарда  Қазақстан  территориясына  күштеп  жер 
аударылған  корей  ұлты  кӛп  жағдайда  республиканың  игерілмеген  жерлеріне 
қоныстандырылды.  Корей  және  басқа  халықтардың  атамекендерінен  жер 
аударылуының  басты  себебі  сол  кездегі  КСРО  аумағында  қалыптасқан 
тоталитарлық тәртіптің ӛзінде жатқан еді. Ал корейлердің Қиыр Шығыстан жер 
аударылуына ең алдымен сол замандағы сыртқы саяси факторлар әсер етті.  
Корейлерді  күштеп  жер  аудару  саясатының  жүзеге  асуын  партия  мен 
үкімет  қатаң  бақылауға  алды.  Корейлердің  пасторттары    тартып  алынып,  үй 
мүліктері,  қару-жарақтары  тәркіленді.  Осылайша  тұтас  бір  халықтың  басына 
қайғының  қара бұлты үйірілді. Дегенмен корей ұлты жергілікті қазақ халқымен 
етене  араласып,  бірте-бірте  республиканың  климаттық  жағдайына  бейімделіп 
кетті.     

 
66 
2.2 Корейлердің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
дамуына қосқан үлесі 
1937-1957  жылдар  корейлердің  Қазақстанда,  Ӛзбекстанда,  Қырғызстанда 
әлеуметтік-саяси,  шаруашылық  және  мәдени-тұрмыстық  бейімделу  кезеңі 
болды.  Қазақстанға  күштеп  жер  аударылған  корей  халқы  жылдар  бойы 
жинақтап  қалыптастырған  дәстүрі  бар,  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  және 
мәдени  тұрақтылығын  сақтаған  қауым  болды.  1930-1940  жылдары 
Республикаға күштеп қоныс аударылған корейлер жан басының азаюы, рухани 
құндылықтарының  жоғалуы  сияқты  кӛп  зардап  шекті.  Олардың  қоныстанған 
жерлеріне  бейімделуіне,  үйренуіне  үлкен  кӛмек  кӛрсетіп,  суықтан,  аштықтан 
сақтап  қалған,  қол  ұшын  берген  қарапайым  қазақ  халқының  еңбегін  айтпай 
кетуге  болмайды.  Корейлер  партия,  кеңестік  және  қоғамдық  ұйымдардың 
ӛмірінде  белсенді  қызмет  атқарып,  Қазақстанның  халық  шаруашылығының 
барлық  саласына  айтарлықтай  үлес  қосты,  ерен  еңбегінің  арқасында  кӛптеген  
нәтижелерге  қол  жеткізіп,  ұлттық  мәдениеті  мен  тілі  дамыды,  зиялы  қауым 
қалыптасты.  Кӛшіп  келіп,  қоныстанған  алғашқы  жылдары  адам  тӛзгісіз  ауыр 
жағдайда  ӛмір  сүріп,  кӛптеген  қиыншылықты  бастан  кешірсе  де, 
шыдамдылығы  мен  қайсарлығының,  еңбеккерлігінің  арқасында  тұрғылықты 
халық  арасында  құрметке  ие  болып,  қоғамда  ӛз  орындарын  таба  білді.  
Соғыстан  кейін  Республикамыздың  халық  шаруашылығы  қарқынды  ӛсуін 
күшейтті.  Алайда  соғыстың  халық  шаруашылығына  салған  ауыртпашылығын 
кӛтеру  оңайға  соққан  жоқ.  Халық  шаруашылығының  ӛнеркәсіп,  транспорт 
саласында,  құрылыста,  ауыл  шаруашылығында  жұмысшы  күші,  оның  ішінде 
мамандандырылған  жұмысшылар,  жетіспеді.  Халық  тұтынатын  ӛндіріс  едәуір 
артта қалды. Құрылыс материалдары, кең қолданылатын тауарлар қысқарды.  
1940-1950  жылдары  ӛндірістік  кооперация  мекемелері  халық  тұтынатын 
тауарлардың: үй жиһаздары, ағаш ӛнімдері, тігін бұйымдары, қыш құмыралар, 
кірпіш  т.б.  ӛнімдер  шығарды.  1950  жж.  басында  ӛндіріс  орындарында  қалада 
тұратын  еңбекке  жарамды  корей  халқы  жұмыс  істеді.  Ӛндірістің  техникалық 
деңгейінің ӛсуі,  кәсіби  мамандарды  дайындаудың  сапасын  кӛтеру,  жастардың, 
соның  ішінде  корей  ұлтының  жастарының  да  белсенділігін  арттырды. 
Шаруашылықты орналастыру кезеңінде корейлер негізінде әртүрлі, кәсіби емес 
еңбекке  тартылса,  уақыт  ӛте  келе  қажеттілікке  сай  кәсіптік-техникалық  білім 
алуға талпынды. 50-жылдардың бас кезінде Талдықорған облысында 18 ӛндіріс 
артельдері,  3  тау-кен  ӛндірісі  комбинаты,  13  ӛндіріс  тұрмыстық  комбинаты, 
Қызылорда  облысында    -  21  артель,  2  қалалық  тұрмыстық  комбинаты,  8 
аудандық  ӛндіріс  комбинаты  жұмыс  істеп,  онда  қаладағы  еңбекке  жарамды 
корей ұлтының кӛпшілігі еңбектенді. Артельдер мен ӛндіріс комбинаттары 60-
жылдардың  басына  дейін  жұмыс  істеп,  оның кейбіреуі  дәстүр  бойынша  корей 
ұлтының  ӛкілдері  кӛпшілік  болғандықтан,  «корей»  комбинаттары  деп  аталып 
жүрді. 
Корей  ұлтының  ер-азаматтары  металл  ӛндіру  ісінде:  механик,  қорытушы, 
слесарь, токарь, құрылыста: аға шебері, қорытушы, әртүрлі жұмысшы міндетін 
атқару,  т.б.    жұмыс  істегенді  қалады.  Ал  әйелдерінің  кӛпшілігі  тігінші  және 

 
67 
трикотаж  ӛнімдерін  шығару    жұмысында  істеді.  40-50  жылдары  ӛндіріс 
комбинаттары  кӛпшілік  тұтынатын  әртүрлі  ӛнімдер  шығарды:  үй  жиһаздары, 
ағаш, металл ӛнімдері, кірпіш, қыштан жасалған бұйымдар, әк т.б.  
Ӛндіріс кооперацияларындағы корей еңбеккерлері социалистік жарыстарға 
қатысып, жаңашылдар, рационалдық ұсыныстар енгізу  ісіне белсене араласты. 
1957  жылы  Қызылорда  облысында    22  рационализаторлық  ұсыныстар  енгізіп, 
оның  20-сы  қабылданып,  75  мың  пайда  келтірді.  Белсенді  рационализаторлар 
ішінде    Сон  И.,  Ти  Мун  Сен,  Мун  Бен  У,  Цой  Сон  Хак  т.б.  болды.  Олар  әк 
ӛндіруде,  алюминий  ыдыстарды  шығарудағы  жаңа  жүйені  пайдалану,  металл 
ӛнімдерді  ӛндірудің  тиімділігін  арттыру  сияқты  жаңалықтар  енгізді. 
Корейлердің басым кӛпшілігі  механика заводында, тері ӛңдеу, кірпіш заводы, 
Қызылордадағы аяқ киім фабрикасында еңбек етті. 
1953-жылы  СОКП  Орталық  Комитетінің  қыркүйектегі  Пленумында 
шаруашылықтарға  экономикалық  және  саяси  қысым  кӛрсетуді  бәсеңдету 
туралы  мәселе  қаралды.  Үкімет  ауылды  жерді,  ауылшаруашылығын  одан  әрі 
әлсіретіп,  «Бәрі  отан  үшін!»  деп,  ылғи  ұрандатып  халықты  тонай  берудің 
шегіне жеткенін ұққандай болды. Сондықтан да мемлекеттік салықты азайтты, 
ауылшаруашылығына үкімет тарапынан қомақты қаржы құйылу жоспарланды, 
шаруашылықтың ӛсірген ӛнімін сатып алу мен дайындалған ӛнімдердің бағасы 
ӛсті.  Яғни  ӛнім  ӛндірушілерге  бетбұрыс  жасалып,  оларды  қолдау  қажеттілігі 
ӛмір сахнасына шықты.  
Үкіметтің бұл  шарасына  шаруалар  нақты  іспен  жауап  берді.  Алпысыншы 
жылдары  ауыл  шаруашылығы  ӛнімдері  28%-ға,  совхоз-колхоздардағы  еңбек 
ӛнімділігі  1,8  есеге  ӛсті.  Республика  үлкен  ауыл  шаруашылығы  ауданына 
айналып, КСРО- да ӛндірілетін ауыл шаруашылығы ӛнімдерінің 11% берді. Ал, 
осы  Пленумға  дейінгі  жылды  алатын  болсақ,  КСРО-да  нан  тапшылығы 
байқалған. Яғни 1953 жылы  - 31 миллион тонна астық дайындалса, жұмсалған 
астық мӛлшері - 32 миллион тонна болған. Бір миллион тонна астық жеткіліксіз 
болып, астық тапшылығы халықты күйзеліске ұшыратты [150

.  
  
Соғыстың аяқталғанына біраз уақыт болса да ауылшаруашылығы халықты 
азық-түлік  ӛнімдерімен,  басқа  да    шикізаттармен  әлі  де  болса  қамтамасыз  ете 
алмады.  Халық  шаруашылығында,  оның  ішінде  ауылдық  әлеуметтік-мәдени 
ісін  ӛркендету  барысында  біршама  қиындықтармен    қатар  келеңсіз  кедергілер 
де  болып  отырды.  Бұны  шешу  қаржы  мәселесіне  келіп  тірелді.  Ал  жер 
аударылған халықтардың негізгі бӛлігі ауылдық жерлерге қоныстандырылғаны 
белгілі.  Олардың  колхоздарға  орналастырылғандары  кӛбінесе  егіс  жинауға, 
дәнді-дақылдарды,  мақта,  темекі  егістігі күтіміне,  мал  шаруашылығында  және 
басқа  салада  жұмыс  істеді.  Мысалы,  корейлер  қоныс  аударылғаннан  кейін 
келген  жерлерінде  кӛбіне  күріш  егу,  кенеп  пен  кендір  ӛсіріп,  мал 
шаруашылығы  мен  басқа  да  бақша  шаруашылықтарымен  айналысты  [151,  44 
б.


  
Жер-жерлерде  қызу  еңбек  жүргізіліп  жатты.  Аса  мол  қазба  байлықтарға 
толы  жерлердің  бірі,  ірі    индустрия  орталығы  Маңғыстау  еді.  Маңғыстау  мен 
Үстіртте  құрылыстан  басқа  бетон  жасауға,  цемент,  мал  мен  құсқа  керекті 

 
68 
минералды  азық  алуға,  сонымен  бірге  химия,  кӛмір,  мұнай  ӛңдеу,  былғары 
илеу, тоқыма ӛнеркәсіп орындарына аса қажет ұлутас орындары ашылды. Оның 
Жетібайдан 28 924 мың текше метр, Форт- Шевченко қаласының терістігінен 24 
154 мың т/м., осы қаланың оңтүстік шығысынан 15 307 мың т/м., «Бейнеуден» 1 
53 683 мың текше метр, «Қызылтұраннан» 11 миллион текше метр,  «Ералиев» 
поселкесінің жанынан 333 мың  текше метр, «Қаратүйе» жанынан он миллион 
текше метр қоры бар ӛте бай кен орындары ашылды [152


  
Халық  шаруашылығының  қарқынды  ӛркендеуіне  экономикамымыздың 
негізгі тірегі ретінде, жұмысшы күшінің мол болуы қажет еді. Қалпына келтіру 
жұмыстары  –  Қазақстан  ӛнеркәсібінің тез  ӛркендеуіне  жол  ашты.  Ең  алдымен 
тез ӛркендеуіміз үшін ауыр интустрияны ірі құрал - саймандармен қамтамасыз 
ету  керек  болды.  Мысалы,  сол  кездің  ӛзінде  республикада  жоғары  ӛнім  бере 
алатын машина - механизмдермен жақсы жабдықталған кӛптеген ірі карьерлер, 
яғни Қоңырат, Жезқазған, мыс кендері, Зырянов, Андреев, Гүлшат, Қарағайлы, 
Қасқа  айғыр,  Ақжал  поликендері,  Кемпірсай  никель  кендері,  Донской  хром 
кендері,  Соколов-Сарыбай,  Қашар,  Аят,  Лисаков,  Атасу  темір  кендері, 
Ақшатау,  Белая  гора,  Казалово  сирек  металл  кендері,  Екібастұз,  Қушоқы, 
Құсмұрын,  Обаған  кӛмір  кендері,  Қарасу  фосфорит  кендері,  Торғай  боксит 
кендері, Жетіқара асбест кендерін ашық әдіспен қазып алу технологиясы жақсы 
дамып, үлкен жұмыстар жүргізілді 
 
[153


 
Қарағанды  облысында  күштеп  жер  аударылған  корейлердің  Ұлы  Отан 
соғысы  кезінде  еңбек  армиясына  шақырылуына  байланысты  және  тұратын 
жерлерін  таңдау  құқықығы  шектелгендіктен  1954  ж.  дейін  кен  байыту 
орындарында жұмыс жасауға мәжбүрленді. Мұрағат құжаттарына сүйенсек, 50-
жылдың екінші жартысынан бастап тау-кен орындарында жұмыс істеген корей 
халқының  санының  кемігенін  кӛреміз.  60-жылдардың  басында  бірқатар  корей 
азаматтарына,  «Құрметті  шахтер»  атағы  берілгенін,  соның  ішінде 
«Сталинуголь»  тресінде  16  жыл  бойы  жер  астында  үздіксіз  жұмыс  істеп, 
нормасын  133  пайызға  орындап  жүрген  Ким  Хак  Су,    №31  «Кировкӛмір» 
тресінің  электрдәнекерлеушісі А. Хван, «Октябркӛмір» №1 тау-кен комбинаты  
тресінің  машинисі  В.  Цой  «Қазақ  КСР-нің  Еңбек  сіңірген  шахтері  атағына  ие 
болды. І-ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» атағына О.В. Ким, Цой Ги Хен, Ким Ген 
Хо  т.б.  ие  болды.  40-50  жылдары    Қарағандылық  кӛптеген  корей  шахтерлары  
Кеңес  Одағының  ордендері  мен  медальдарымен,  мақтау  грамоталарымен 
марапатталды [154, 144 б.

.   
Осы  кезеңде  корей  шахтерлерінің  кәсіптік  деңгейі  ӛсті.  Кезінде  жүк 
тасушы,  бекітуші,  вагон  жӛндеуші,  әртүрлі  қаражұмыс  істеуші  болса,    уақыт 
ӛте  келе  тәжірибе  жинақтап,  кәсіптік-техникалық  білім  алды.  Олардың 
кейбіреулері  жақсы  маман,  тәжірибелі  ұйымдастырушы,  ірі  ӛндіріс 
мекемелерінде жетекшілікке дейін ӛсті. Мысалы, С.В. Пак– Алматы мақта-мата 
комбинатының  бас  инженері,  Майқұдық  шахтасының  бастығы    А.И.  Кан  – 
КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Г.Н.  Ли  –  Талдықорған 
коммуналдық  құралдар  заводының  директоры  А.Н.  Кам,  Үштӛбе  жӛндеу-

 
69 
механикалық  заводының  директоры,  П.И.  Цой  –  Жамбыл  қаласының  №1 
автопаркінің  директоры  т.б.  1970  жылғы  Бүкілодақтық  халық  санағының 
мәліметтеріне  қарасақ,  Қызылорда  облысында  141  корей  азаматтары  –  ірі 
ӛнеркәсіп мекемелерінің директоры қызметіне дейін ӛскен
 
[154, 145 б.


 
Міне,  осы  арада  корейлер  Қазақстанның  оңтүстік  облыстарындағы 
(Жамбыл,  Шымкент,  Қызылорда,  Талдықорған)  аудандарында  кӛп  орналасқан 
десек,  осы  жерлердегі  елді  -  мекендердің    колхоз-совхоздарында  ерен  еңбек 
еткен  корей  жанұяларының  қарқынды  жұмыстарын,  сол  кездердегі  жергілікті 
бұқаралық ақпарат құралдары атап ӛтіп жатты. 
Осы  кезеңде  Қазақстанда  корейлердің:  104  ауылшаруашылығы 
колхоздарында  6175  жанұясында  30856  адамы  болды.  13  балықшы 
колхоздарында – 1109 жанұя – 5350 адам, кәсіпкер балықшы жанұясы – 3305 – 
15327 адам, мамандырылған жұмысшылар – 2470 жанұя – 10782 адам, 4  балық 
аулайтын  кәсіптік  артель  –  229  жанұя  –  1167  адам,  қара  жұмыстағылар  371 
жанұя  –  1492  адам,  қызметкерлер  3248  жанұя  –  15047  адам  болды.  Корей 
жанұяларындағы адам саны орта есеппен тӛрт – жеті адамнан тұратын еді [155

.
  
Жер  аударылғандардың  арасында  бұрынғы  Қиыр  Шығыста,  тіпті  одан  да 
әрі    Кореяның  ӛзінде  атадан    балаға  қалып  келе  жатқан  мамандық  иелері  еді. 
Олар  –  тігінші,  шаштараз,  наубайшы,  аспаз,  аяқ  киім  тігуші,  ағаш  шеберлері, 
ұста,  колӛнер  мамандары,  кірпіш  жасау  шеберлері,  т.б.  Бұл  мамандықтардың 
кӛбі  Қазақстанда  іске  аспай  қалды.  Ӛйткені  олар  қаласын  қаламасын,  шет 
аймақтардағы  колхоздарға  орналастырылып,  егін  егіп,  жер  жыртуға  қарап 
қалды. Осының салдары ішкі кӛшіп- қонуға да, шаруашылықты ұйымдастыруға 
да кесірін тигізіп жатқаны айқын еді
 
[156


 
Жоғары  білімді  мамандар  ӛз  кәсібімен  айналысуға  жергілікті  жерде 
мүмкіндігі  болмаса,  басқа  жаққа  баруға  кӛптеген  құжаттар  толтырып,  рұқсат 
алулары  керек  болатын.  Міне,  мұның  бәрі  тұрмыс  тауқыметін  тудырды. 
Олардың жағдайларын   тӛмендетті. 
1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанда 
үлкен  ӛзгерістер  болып  жатты.  Оның  саяси,  экономикалық  және  экологиялық 
(топырақтың  жалаңдануы)  тағы  басқа  жағымды  -  жағымсыз  жағын  ашып 
кӛрсету,  бӛлек  тақырып.  Біз  қарастырып  отырған  мәселеге  келер  болсақ,  осы 
кезде,  жоғарыда  атаған  таза  корей    колхоздары  не  бірігіп,  не  басқалармен 
қосылып  үлкейіп,  әйтеуір,  ӛзгеріске  ұшырап  жатты.  Ал,  ұранды  бастамамен 
кӛтерілген ауыл шаруашылық мәселесі еңбек жігерін туғызды [157


 
Күштеп  жер  аударылған  халықтарды  Орта  Азия  мен  Қазақстанның 
оңтүстік  аудандарына  орналастыру  олардың  дәстүрлі  ауылшаруашылығы: 
күріш  пен  кӛкӛніс  ӛсіру  ісімен  айналысуында  болды.  Мысалы,  Қызылорда 
облысындағы  Сырдария,  Талдықорған  облысындағы  Қаратал,  Гурьев 
облысындағы  Жайық  ӛзендерінің  бойына  қоныстандырылған  корейлердің  ата 
кәсібі – күріш ӛсірумен айналысуына жағдай жасалынады. 
1957-жылы  Николай  Иосифович  Цойдың  (колхоз  тӛрағасы)  «Красный 
партизан»  колхозындағы  кӛкӛніс  ӛндіру»  атты  Казмембаспадан  шыққан 

 
70 
кітабында озат кӛкӛніс ӛсірушілердің жетістіктері мен звено басшылары Мун О 
Деб, Цой Сын Гебтердің ерен еңбектері баяндалған  [158, 4 б.

.
 
1956 жылы бұл 
колхоздың ақшалай кірісі 3 миллион 493 мың рубль болып «миллионер колхоз» 
аталған екен. 
 
Қостанай  бидай  совхозының  директоры  болған  Пак  Алексей  Андреевич 
Социалистік  Еңбек  Ері,  Қазақ  КСР-І  Жоғарғы  Кеңесінің  ІVжәне  V- 
шақырылуының  депутаты,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  ауыл  шаруашылық 
комиссиясының мүшесі болды [159


 
Осы  кезде  Оңтүстік  облыстардағы  таза  корей  шаруашылықтарының 
табыстары мен басшы қызметкерлерінің жұмысы да қомақты болды. Корейлер 
еңбекқорлығының  арқасында  жергілікті  тұрғындармен  де,  басқа  ұлт 
ӛкілдерімен  де  тіл  табысып,  ӛздерін    беделге  ие  етті.  Кӛпшілігі  КСРО-ның 
орден, медальдарымен марапатталып,  лауазымды органдарға сайланып жатты. 
Жер  ауып  келгендер  қандай  жұмыс  болмасын  адал  атқарып,  ӛз  еңбектерінің 
шебері бола білді. Мысалы, жер аударылған корейлер негізгі кәсіптері – күріш 
ӛсіруді  келген  жерлерінде  іске  асырып,  жергілікті  халықпен  ӛз    тәжірибелерін 
бӛлісе білсе, мал бағу ісінде жергілікті халықтан тәжірибе жинақтады. Мысалы, 
корей ұлтының ӛкілі Ким Ман Сам күріш ӛсіру шеберлігін Ыбырай Жақаевпен 
бӛлісіп,  олар  күріш  ӛсіруде  рекордтық  кӛрсеткіштермен  танылды.  Ким  Ман 
Сам  1941  жылы  «Құрмет  белгісі»  орденімен  марапатталды.  Оның 
жетекшілігімен  колхоздың  тәжірибелік стансасында күріштің 21  түрі ӛсірілді. 
Үнемі ізденісте болған 1942 жылы күріш ӛсіруден дүниежүзілік рекорд жасап – 
бір  гектардан  150  центнер  күріш  алып,  ӛзінің  жинаған  қаржысынан 
«Қызылорда  колхозшысы»  атты  танк  колоннасының  құрылысына  105  мың 
рубль  бӛлді.  Киммансанның  әдісі  бойынша  күріш  ӛсіру  бүкіл  Қазақстанға 
тарады.  Колхоздарда  ондаған,  жүздеген  киммансан  звенолары  құрылды.  1945-
1946  жылдары  ол  екі  дүркін  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен  марапатталып,  1947 
жылы  Сталиндік  сыйлыққа  ие  болды.  Кейіннен  Қызылорда  облысы  Шиелі 
ауданының  «Авангард»  колхозы    КСРО  -  да  алдыңғы  қатарлы  шаруашылыққа 
айналды.  Оның  тӛрағасы  Ким  Хон  Бин  бастаған  12  адам  50  -  жылдары  
Социалистік Еңбек Ері атанды.   
1946 
жылы 
Алматы 
киносудиясында 
күріш 
ӛсіру 
мен 
мал 
шаруашылығында  жоғары  жетістіктерге  жеткен    «Авангард  корей  колхозы» 
жӛнінде  фильм  түсірілді.  1948  жылы  тек  Қаратал  ауданының  ӛзінде  21  корей 
азаматтарына  егін  мен  қызылша  ӛсіруден  жоғары  ӛнім  алғаны  үшін 
Социалистік  Еңбек  Ері  атағының  берілуі  соғаыс  жылдары  және  соғыстан 
кейінгі  жылдары  Талдықорған  облысының  Қаратал  аумағында  корейлердің 
қызылша шаруашылығы мен егін ӛсіруді дамытуға үлкен үлес қосқандарының 
айғағы  болды.  1949  жылы  осы  ауданда  екі  корей  азаматына  егіннен  жоғары 
ӛнім алған жетістіктері үшін, ал біреуіне – жылқы ӛсірумен айналысқаны үшін 
осы  жоғары  атақ  берілді.  1950  жылы  бұл  тізімге  тағы  да  екі  адам  қосылды, 
оның біреуі – комбайнер, екіншісі егін ӛнімінен  жоғары жетістіктерге жеткені 
үшін аталған жоғары атаққа ие болды.  

 
71 
Осылайша 1948-1949 жылдары Қазақстанның екі облысында – Қызылорда 
мен Талдықорған облыстарында корей ұлтынан 57 адам Социалистік Еңбек Ері 
атағына  ие  болды.  1950  жылы  Жамбыл  облысынан  екі  корей  ұлты  ӛкіліне 
бақша ӛнімдерін алудан жоғары кӛрсеткіштерге жеткені үшін осы атақ берілді. 
Марапатталғандар  ішінде  колхоз  тӛрағалары,  бригадилер,  агрономдар, 
мұраптар  (суғарушылар),  т.б.  болды.  Күріш  ӛсірудің ӛзіндік  ережелері,  тәртібі 
бар  болғандықтан  бұл  істе  де  үлкен  тәжірибені  талап  етті.  Олар  –  мұраптар 
(суғарушылар)  ӛнімнің  ӛсуі  мен  дамуын  жіті  қадағалап,  қажетті  мӛлшерде 
суғарып,  судың  баруын  тексеріп  отыруы  қажет  болды.  Мұндай  тәжірибелі 
суғарушылар 
барлық 
звенолар 
мен 
бригадаларда, 
күріш 
ӛсіруші 
шаруашылықтарда  болды.  Мысалы  Қызылорда  облысының  Қармақшы 
ауданыныдағы  «Ш  Интернационал»  колхозында  Син  Дек  Су,  Нам  Алексей,  
Ким Алексей, «Авангард» колхозында Социалистік Еңбек Ері  Ким Ик Се, Ким 
Хи  Хак,    Ким  Чан  Ден,  «Гигант»  колхозында  Хан  Ен  Хо,  Ким  Матвей,  Цой 
Петр,  Сырдария  ауданының  «Жамбыл»  атындағы  колхозда  15  жыл  бойы 
суғарушы  болған  Ким  Петр  жоғарғы  кӛрсеткіштері  үшін  1952-55  жж.  
Бүкілодақтық  ауылшаруашылық  кӛрмесіне  делегат  болып  барды.    Сонымен 
қатар  корейлер  еңбектегі  жетістіктері  үшін  басқа  да  орден,  медальдармен 
марапатталып,  олардың  тәжірибесі  Қазақстанда  ғана  емес,  бүкіл  Кеңестер 
Одағында  да  насихатталды.  КСРО  халық  шаруашылығы  жетістіктерінің 
кӛрмесіне  қатысып,  олардың  аты  Қазақстанның  Құрметті  Алтын  кітабына 
енгізілді [160

.
 
 
1950  жылдары  Шымкент  облысындағы  Жетісай  аумағы  мақта  егу 
жұмыстарын  жүргізу  бастады.  Осы  кезде  Талдықорған  мен  Қызылорда 
облыстарынан  227  адаммен  41  корей  шаруашылығы,    «Прогресс»,  «Путь  к 
социализму»,  1952  жылы  576  адаммен    208  отбасы    Ворошилов  колхозынан 
кӛшіп  келіп,  мақта  даласында  қызу  еңбек  істеді.  Кейіннен  осы  жерлерде 
кӛпшілігін корей халқы құраған алдыңғы қатарлы мақта шаруашылықтары бой 
кӛтерді.  Осындай  жетістіктермен  қатар  мақта  ӛсіруде  қиыншылықтар  да 
кездесті.  Мақтаны  ӛсіруде  негізінен  қол  еңбегі  пайдаланылды.  Суғарушы 
машиналар,  жер  жыртатын  тракторлар,  бульдозер,  экскаватор  сияқты  арнайы 
техника жеткіліксіз болды. Әсіресе, мақта жинайтын машиналар тапшы болды. 
Бос жатқан далада жайлы үйлер салынды. Мақта ӛсіруден жоғары ӛнім алғаны 
үшін  корей ұлтының тӛрт азаматына Социалистік Еңбек  Ері атағы берілді. Іле 
ӛзенінің  бойында  Бақбақты  күріш  совхозын  құру  туралы  шешім  қабылданып, 
оған  Социалистік  Еңбек  Ері  С.Г.  Хван  басшылық  етті.  Осылайша  тізе  берсек 
Қазақстанның  ауыл  шаруашылығын  дамытуда  корей  халқының  аянбай  еңбек 
етіп, үлкен жетістіктерге жеткенін кӛреміз.      
Сондай-ақ,  озат  атанған  корей  азаматтарының    саны  Солтүстік  ӛңірлерде 
де 
жеткілікті 
еді. 
Мысалы, 
Солтүстік 
Қазақстан 
ӛңірінің 
шаруашылықтарындағы  тӛраға,  орынбасар,  бас  маман  (агроном,  инженер,  мал 
маманы,  мал  дәрігері),  бригадир  болып    -  он  тӛрт  корей  еңбек  еткен.  Олар 
облыстар  бойынша былай бӛлініпті: Кӛкшетау облысында - екі адам, Қостанай 
облысында  бес  адам,  Целиноград  облысында  -  үш  адам.  Бұлардың  бәрі  де 

 
72 
КСРО  -  ның  жоғары  наградаларымен  марапатталған.  Мысалы,  алғашында 
Қостанай  облысы,  Қамысты  ауданының  «Бестӛбе»  совхозының  мал  маманы 
болып,  кейін  «Таран»  құс  фабрикасының  директоры  болған  (1963-1975)  –  Ли 
Ен  Беем  Социалистік  Еңбек  Ері  атанды.  Бұған  ҚКСР-і  Жоғарғы  Кеңесінің 
депутаттары,    СОКП  съезінің  делегаттары  Чжен  Моисей  Алексеевич,  Хван 
Николай Григорьевичті, тағы басқаларын қосуға болады. 
1970 жылы жарияланған  «Қазақстандық Социалистік  Еңбек  Ерлері» деген 
анықтамалықта ерлік еңбегімен  осындай жоғары атаққа ие болған 67  корейдің 
ӛмірбаяндық деректері берілген. Олардың ішінде атақты күрішшілер Ким Ман 
Сам  мен  Пак  Чан  Ир,  кӛкӛніс  ӛсірушілер  Кан  Тю  Хон  мен  ПанХон  Сик, 
мақташылар  Кан  Ли  мен  Ли  Гым  Нен,  механизаторлар  Пой  За  Ир  және  Цой 
Фир  Му  т.б.  бар.  Корей  әйелдері  де  ӛмірге,  еңбекке  белсене  араласа  бастады. 
Медицина,  ӛнер,  педагогикалық  қызметтерде  олар  қол  жеткізген  табыстар  аз 
емес [161, 43 б.

.  
 
Қазақстанда,  осы  кезеңде  Ӛскемен  гидроэлектр  стансасы,  Жамбыл  мен 
Жезқазған  жылу  электр  орталықтары,  Қарағанды  мен  Шымкент  жылу  электр 
орталықтары, бар күшінде жұмыс істеп, электр қуатын пайдалану бес есе ӛсті. 
1940 жылға қарағанда 1960 - жылдары ӛнеркәсіп ӛнімдерін ӛндіру 73,2%-ға 
ӛсті.  Соколов-Сарыбай  тау-кен  байыту  комбинаты,  Павлодар  қалайы  зауыты, 
тағы басқалары қатарға  қосылды. Осыларда еңбек еткендердің арасында КСРО 
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен марапатталғандардың арасында 
М.И. Мин, В.Н. Цойлар бар [162,
 
80 б.

.  
Осындай  жетістіктерге  қол  жеткенімен  қарапайым  халықтың  тұрмысы  әлі 
де  ӛте  тӛмен  еді.  Оқу  -  ағарту  саласында,  медицинада,  әдеби  -  мәдени  (қатаң 
цензура,  т.б.)  салаларда  кемшіліктер  жетіп  артылатын.  Қаншалықты  қоғамдық 
жағдай  қалыпқа  түсе  бастады    дегенмен,  үй  -  тұрмыстық  мәселелер  қиын 
қалпында  қалды.  Мысалы,  1939-жылғы  үй  құрылысы  қоры  жоспары  бойынша 
әр корей жанұясын үймен қамтамасыз етуі керек еді. Нақтылы дәлел келтіретін 
болсақ, Қостанай облысында - 86 үй, Солтүстік Қазақстан облысында – 219 үй 
салынып  беруге  тиіс  болса,  шаруашылықтарын  түзетуге  3  980  адам  12  623 
рубль  несие  алған.  Осының  ӛзінен-  ақ  байқалып  отырғаны  -  бұл  кӛмектердің 
түкке  тұрмайтын  аздығы.  Оның  үстіне  корейлерге  несие  алу  мүмкіндігі  мен 
құқықтарын  ешкім,  егжей  -  тегжейлі  түсіндіріп  те  жатқан  жоқ.  Корейлер  жер 
аударылып келе жатқанда да, одан кейін де кӛп уақыт, медицина кӛмегін алып 
кӛрмеген.  Егер  ауырғандары  болса  эшалоннан  алып  қалған,  кейін  ол 
адамдардан хабар-ошар болмаған. Жер  аударылғандардың арасында балгерлер 
секілді  –    коре  юсалар  адам  қарап,  жәрдем  жасаған,  олардың  кӛмегіне  баруға 
корейлер кейінгі кезде де мүдделі болып отырған.               
 
 
 
 

 
73 
Кесте  8  – Халық шаруашылығын дамытуға ат салысып жүрген және оған жасы 
жетпеген,  асып  кеткендерін  қоса  есептегенде  Қазақстандағы  корейлердің 
кӛрсеткіші 
 
Жасы 
  
                         Қазақстан 
Барлығы 
Ерлер 
Әйелдер 
Барлығы 
 
103 315 
51 111 
52 204 
Оның  ішінде 
жасы бойынша 
 
 
 
0-4 
10 118 
5 139 
4 979 
5-9 
10 115 
5 095 
5 020 
10-14 
9 564 
4 881 
4 683 
15-19 
7 569 
3 864 
3 705 
20-24 
5 833 
2 929 
2 904 
25-29 
8 123  
4 103 
4 020 
30-34 
9 825 
5 033 
4 792 
35-39 
10 682 
5 239 
5 303 
40-44 
6 339 
3 439 
5 303 
45-49 
4 777 
2 445 
2 332 
50-54 
5 443 
2 224 
3 119 
54-59 
4 708 
2 302 
2 406 
60-64 
2 210 
   677 
1 533 
65-69 
3 868 
1 732  
2 413 
70 
және 
одан 
жоғары 
4 085 
1 575 
2 570 
Еңбекке  жарамды 
жас тұрғындар 
31 511 
15 965 
15 542 
Еңбекке  жарамды 
тұрғындар 
13 076 
4 430 
8 646 
 
Яғни 35 жастан бастап әйелдер саны күрт ӛсе түседі. Сондай-ақ ер адамдар 
әйелдерден  аз  жасайтыны  байқалған.  Оның  себебі,  отағасы  колхоз  жұмысын 
істесе, әйелдер үйде болған. Яғни ауыр жұмыс, ішкі мұң, тамақтың тапшылығы, 
жүйкенің жұқаруы, жұмыстағы жарақат, медициналық кӛмектің жоқтығы, жұқа 
киім  (суық  ӛту)  т.б.  болуы  мүмкін.  Міне,  осындай    қиындықтарға  қарамай 
корейұлтының  ӛкілдері,  Қазақстан  экономикасын  кӛтеруге  аз  күш  жұмсаған 
жоқ. 
Бұл  жерде  шаруашылық  туралы  тағы  бір  үлкен  мәселе,  бұрынғы  тарап 
кеткен совхоздар туралы болуы керек. Міне, сол тараған совхоздарды қалпына 
келтіріп,  Отанға  ауыл  шаруашылығы  ӛнімдерін  беру  үшін  1938  жылдың  20 
сәуірінде  Қазақ  КСР  ХКК-нің  «Таратылған  совхоздардың  мүліктерін 
пайдалану» туралы Қаулысы шықты [163


 

 
74 
Осы  қаулы  бойынша  корей  колхозшыларының  жанұясына  таратылған 
колхоздардың  мал-мүліктерін  және  тұрғын  үйлерін  жекеменшік  пайдалануға 
беру керек болды. 1938  жылдың 23 қазанында Қазақ КСР-і ХКК - нің № 34 – 
«Корей  қоныс  аударушыларына»  арнайы  құрылыс  салған  үйлерді  пайдалануға 
беру» Қаулысы шықты. Бұл қаулы бойынша үйдің барлық несиелік құнының 35 
пайызын  мемлекеттік  бюджеттен,  65  пайызын  кӛп  жылдық  несиемен  үй  иесі 
тӛлеуі қажеттілігі қаралды
 
[164


 
 
Бұл  жерде  корей  жер  аударылғандардың  үй-  жай  алғанымен  бірге,  сол 
тарап  кеткен  колхоздарды  ілгері  қатарлы  шаруашылыққа  айналғандырғанын 
айтпақпыз.  Олар  қай  облыста  болса  да,  сол  елді  мекеннің  жер  жағдайына 
байланысты дақылдардан ӛнім алып, үлкен кӛрсеткіштерге жетті. Соның бірі  - 
кезінде  бүкіл  Кеңес  Одағына  әйгілі  болған  совхоз    тӛрағасы  А.А.  Пак,  бас 
экономисі  ауыл  шаруашылығының  кандидаты  М.А.  Угай  (Қостанай  совхозы) 
болды. 
Корейлердің кӛптеп қоныс аударуы жапон отаршылдығы кезеңінде, Корея 
және  корей  халқы  егемендігінен  айырылған  кезде  басталды  десек,  сол 
кӛшкендер  негізінен  Корей  түбегімен  шектес,  кӛрші  ірі  мемлекеттерге- 
Қытайға, Ресей мен Жапонияға қоныс аудару кең кӛлемде орын алған. Осының 
ішінде,  Ресейдің  Қиыр  Шығысына  паналап  барған  корейлердің  тағдыры  қалай 
болғанын, біз жоғарыда келелі сӛз қылдық. 
Қазіргі корей қоныс аударушылары ӛз елі – Корея Республикасынан қоныс 
аударғандар, ал Солтүстік Корея томаға-тұйық мемлекет қалпында қалып отыр. 
ХХ ғасырдың аяғындағы соғыстан кейінгі Солтүстік Кореядағы экономикалық 
дағдарыс,  азық-түліктің  тапшылығы,  елді  жайлаған  ашаршылық  жүздеген 
тұрғындарды Қытайға қашып баруға мәжбүр етіп, олар сол жерде аман қалды. 
Зерттеліп  отырған  кезеңде  қазіргі  қоныс  аударудың  ауқымы  мен  бағыттары 
ӛзгерді.  Қазіргі  уақытта  корейлер  әлемнің  барлық  елдерінде  дерлік  бар. 
Бұрынғы  кездегі  тӛрт  елге  (Қытай,  АҚШ,  Жапония,  КСРО)  қоса  Канадада, 
Австралияда, Жаңа Зеландияда, Латын Америкасы елдерінде саны едәуір корей 
қауымдастықтары қалыптасты. Қазіргі заманғы корей қауымдастықтары Батыс 
Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде бар. Корейлер Таяу, 
Орта  Шығыста,  Африка  құрлығында,  яғни  Корея  түбегінен  географиялық 
тұрғыдан  едәуір  шалғай  ӛңірлерде  тұрады.  Қазіргі  қоныс  аударушыларының 
жас, жыныстық және әлеуметтік құрылымы елеулі ӛзгерістерге ұшыраған. Егер 
бастапқы  кезеңде  Корей  түбегінен  халықтың  неғұрлым  кедей  және  сауатсыз 
топтары  ӛз  еркімен  немесе  мәжбүрліктен  кеткен  болса,  бұдан  соң  негізінен 
корей  қоғамының  орташа  топтарына  жататын,  дәулеті  біршама  мол  адамдар 
кете  бастады.  Бастапқы  қоныс  аударушылардың  арасында  еңбекке  қабілетті 
жастағы,  отбасын  құрмаған,  жаңа  жерде  тұрмыстың  қиыншылығына  тӛзуге 
тәуекел  еткен  ер  адамдар  басым  болды.  Ал  қазіргі  Оңтүстік  Кореядан  қоныс 
аударушылар  ірі  қалалық  мекендерден  шыққандар  және  бірінші  және  екінші 
ұрпақ  қала  тұрғандары  болғандықтан,  олар  ӛнеркәсіп  ӛндірісінің,  техниканың, 
ғылым  мен  мәдениеттің қазіргі  жетістіктерімен  таныс,  қалалық  ӛмір  салтынан 
тәжірибесі мол адамдар.  

 
75 
Біз  ілгеріде,  корейлер  ірі қалаларға  орналасуға  бет  бұрды  дедік.  Енді  осы 
сӛзімізді  деректер  арқылы  дәлелдейік.  Бұл  жерде  біз  1970,  1999  жылдардағы 
Қазақстан Республикасында жүргізілген санақ материалдарына жүгінейік. 
1970  жылы  Қазақстанда  корейлердің  81 598  адамы,  осының  ішінде 
ауылдық  жерде  21 665  адам,  қалаларда  59 933  адамы  орналасса,  1999  –  жылы 
барлығы  99 665  адам,  ауылдық  жерде  13 328-і,  ал  қалаларда  86 337  адам 
орналасқан.  1989  жылғы  халық  санағының  мәліметтері  бойынша  Қазақстана 
110  мыңнан  аса  корейлер  тұрып  жатыр.  Олар  Алматы,  Жамбыл,  Қарағанды, 
Қызылорда,  Талдықорған  және  Шымкент  облыстарында  орналасты.  Бұл 
жерлерде  Қазақстандағы  корейлердің  76  пайызы  шоғырланған.  1959  жылғы 
Бүкілодақтық халық санағының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстандағы ұлттар 
тізімінде  корейлер  сан  жағынан  жетінші  орында  тұрса,  1989  жылғы  санақ 
бойынша  тоғызыншы  орында  болып,  корей  халқының  84,2  пайызы  қалаларда, 
ал қалған 15,8 пайызы ауылды жерлерде тұрды. 
Енді  осындай  кӛрсеткіштерімізді  облыстар  бойынша  жалғастырайық:  
Алматы  облысында  1970  жылы  ауылдық  жерлерде  –  9 769,  қалаларда  –  6 835 
адам  орналасса  1999  жылы  -  ауылдық  жерлерде  7 122,  қалаларда  10 366  адам 
тұрған. Қарағанды облысында 1970-жылы ауылдық жерлерде – 593, қалаларда 
– 12,811 адам орналасса 1999 жылы ауылдық жерлерде – 473, қалаларда – 13624 
адам  мекендеген.  Жамбыл  облысында  1970  жылы  ауылдық  жерлерде  –  2135, 
қалаларда  –  6085  адам  орналасса,  1999  жылы    ауылдық  жерлерде  –  1677, 
қалаларда  – 12323 адам тұрған. 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  1970-жылы  ауылдық  жерлерде  –  3193, 
қалаларда  –  6669  адам  орналасса,  1999    жылы  ауылдық  жерлерде  –  1311, 
қалаларда    –  8,469  адам  болды.  Қызылорда  облысында  1970  жылы  ауылдық 
жерлерде  –  3150,  қалаларда  –  10279  адам  орналасса,  1999  жылы    ауылдық 
жерлерде  –  629,  қалаларда  –  8353  адам  тұрды.  Ал  Қостанай  облысында  1970-
жылы  ауылдық  жерлерде 

  491,  қалаларда  –  2368  адам  орналасса  1999  жылы 
ауылдық жерлерде – 431, қалаларда  – 3729 адам орналасты. 
Атырау облысында 1970 жылы ауылдық жерлерде – 341, қалаларда – 2246 
адам  орналасса  1999  жылы  –  ауылдық  жерлерде  84,  қалаларда  2516  адам 
тұрған.  Шығыс  Қазақстан  облысында  1970  жылы  ауылдық  жерлерде  -  294, 
қалаларда  –  1487  адам  орналасса,  1999  жылы  ауылдық  жерлерде  –  232, 
қалаларда  1342  адам  мекен  еткен.  Ақмола  облысында  1970  жылы  ауылдық 
жерлерде – 624, қалаларда – 703 адам орналасса, 1999 жылы ауылдық жерлерде 
–  762,  қалаларда  –  727  адам  тұрған.  Ақтӛбе  облысында  1970-жылы  ауылдық 
жерлерде  –  377,  қалаларда  –  756  адам  орналасса,  1999  жылы    ауылдық 
жерлерде – 131, қалаларда – 1252 адам тұрған. Павлодар облысында 1970-жылы 
ауылдық  жерлерде  –  51,  қалаларда  –  474  адам  орналасса,  1999жылы  ауылдық 
жерлерде  – 58, қалаларда – 955 адам мекендеген. 
Батыс  Қазақстан  облысында  1970-жылы  ауылдық  жерлерде  –  175, 
қалаларда – 262 адам орналасса, 1999 жылы ауылдық жерлерде – 167, қалаларда 
564  адам  тұрған.  Маңғыстау  облысында  1970  жылы  ауылдық  жерлерде  –  3, 
қалаларда – 398 адам орналасса, 1999 жылы ауылдық жерлерде  – 8, қалаларда – 
708  адам  тұрған.  Солтүстік  Қазақстан  облысында  1970  жылы  ауылдық 

 
76 
жерлерде – 469, қалаларда – 234 адам орналасса, 1999 жылы ауылдық жерлерде 
– 243, қалаларда 291 адам тұрған [165,
 
243  б.

.  
Жетпіс жылдан астам ӛмір сүрген «құдіретті» КСРО-да 20-50-жылдардағы 
саяси  қуғын-сүргін  құрбаны  болған  халықтар,  жер  аудару  науқанына  душар 
болды.  Бұл  халықтар:  неміс,  корей,  шешен,  ингуш,  қарашай,  балкарлар  ұзақ 
жылдар  бойында  жергілікті  қазақ  халқының  ашық,  қонақжайлығын  кӛріп, 
әлеуметтік  жағдайын  жақсартты,  ӛсіп-ӛнді,  жұртымыз  болып,  тату-тәтті  ӛмір 
кешті. Бүгінде олардың  кейінгі  толқын  ұрпақтары  тәуелсіздігіне қол жеткізген 
қазақстандықтар  қатарында,  ӛздері  қоғамдық  татулықпен  саяси  тұрақтылық 
жағдайында  ӛмір  сүруде.  Жер  аударылған  халықтар  ӛз  ұрпақтарын  ӛсіріп-
оқыту  арқылы,  адамзаттық  қызметіне  құлшына  отырып,  жаңғыруға,  ӛткеннің 
бәріне  жаңаша  кӛзбен  үңілу,  екшеу  -  таразылау,  шынайы  ақиқат  пен  әділетті 
қалпына келтіру, есею тұрғысында ізденіс, серпіліс қам- қаракетіне бел шешкен 
зиялы-әлеуметтік  орта  қалыптастырды.  Олар  ой    еңбегімен  шұғылданушы  – 
білімді,  кеңінен  және  арнайы  білім  саласы  бойынша  дайындығы  жоғары 
топтардан  құралғандар,    айталық,  немістер,  адамдарды  емдеу  мамандығын 
жетік  меңгерген  дәрігер  ретінде  жақсы  танылды.  Жастарға  білім  беру, 
ағартушылық  мамандығына  берілген  мұғалімдер  қатары    кӛптеп  саналды. 
Мысалы,  корейлер,  ӛздерінің  қоғамда  саяси  статусына  қарай,  ӛзіндік  кәсіби 
мамандығына сәйкес қалауы болмағандықтан кӛбінесе агроӛндіріс кешендеріне 
кӛптеп  тартылды,  білім  беру  мен  басқа  кәсіптерде  басым  болды.  Қандай  бір 
кәсіпте болмасын, олар қолға алған істі тиянақты да, тындырымды атқара білді 
десек, кәсіби шеберлігін жоғары деңгейдегі нәтижеге қол жеткізді. Бұл жүйелі 
білім  игеру,  тәжірибе  мен  икемділік  нәтижесі  және  прогресс  ӛмірге  адамды 
дайындауда  қажетті  жағдай  [13,  428  б.

.  Міне,  білімнің  терең  мағынасында 
ықшамдап айтқандағы анықтамасы осындай.   
Корейлер ӛз білек күштерін әртүрлі ауыл шаруашылығы секторында тиімді 
пайдалана білді, немістер оқу - білім беру  саласында, дәрігерлік жәрдем беруде 
белсенділігімен  танылды.  Корейлер  халыққа  білім  беру  ісіне  жіберілді. 
Сондықтан  да  олар  рухани  немесе  ауыл  шаруашылығы  ӛндірісі    бойынша 
маман  -  кадрлар-  гуманитарлық  интеллигенция  болып  басымдылық  танытты. 
1930 жылдарда ұлттық қазақ интеллигенциясын ӛтірік жаламен жазалау, кінәсіз 
құрбан  ету  жағдайында  корейэлиталық  ұрпағынан  шыққан  интеллигенцияны 
дайындау маңыздылығын арттыруға бағыт ұстанды. Корей ұлты мұғалімдеріне,  
бұл  мамандықты  басқаларға  да    оқыту  және  тәрбиелеу,  әсіресе  соғыс 
жылдарында киын да күрделі болды. Мәскеуден, Ленинградтан (қазіргі Санкт-
Петербург  –  

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет